Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықақысын есептеу үшін "бонус-малус" жүйесі бойынша коэффициентті есептеу және қолдану қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 30 мамырдағы № 140 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 14 шілдеде № 13928 болып тіркелді.

      Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 23.11.2022 № 102 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 23.11.2022 № 102 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. "Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықақысын есептеу үшін "бонус-малус" жүйесі бойынша коэффициентті есептеу және қолдану қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 23.11.2022 № 102 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілерінің құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Қаржы нарығының әдіснамасы департаменті (Әбдірахманов Н.А.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына:

      Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға;

      Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізіліміне, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізуге жіберуді;

      3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары О.А. Смоляковқа жүктелсін.

      6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұлттық Банк
Төрағасы
Д. Ақышев

  Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкінің Басқармасының
2016 жылғы 30 мамырдағы
№ 140 қаулысымен
бекітілді

Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықақысын есептеу үшін "бонус-малус" жүйесі бойынша коэффициентті есептеу және қолдану қағидалары

      Ескерту. Қағидалар жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 27.12.2024 № 87 (ресми жарияланған күнінен кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Осы Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықақысын есептеу үшін "бонус-малус" жүйесі бойынша коэффициентті есептеу және қолдану қағидалары (бұдан әрі – Қағида) "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 43-бабының 18-2) тармақшасына және "Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы заңы) 19-бабының 10-тармағына сәйкес әзірленген және көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру (бұдан әрі – көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру) бойынша сақтандыру сыйлықақысын есептеу үшін "бонус-малус" жүйесі бойынша коэффициентті есептеу және қолдану тәртібін айқындайды.

      Қағидаларда пайдаланылатын ұғымдар мен терминдер Заңда және Көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы заңда көрсетілген мағыналарда қолданылады.

      "Бонус-малус" жүйесі бойынша коэффициенттерді анықтау мақсатында (бұдан әрі – коэффициент) Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын жеке тұлға, міндетті автомобильдік сақтандыру шарты (бұдан әрі – міндетті сақтандыру шарты) жасалған кезде оның азаматтығы және (немесе) жеке басы төмендегі құжаттармен расталады және (немесе) куәландырылады:

      1) Қазақстан Республикасы азаматтының жеке куәлігі;

      2) Қазақстан Республикасы азаматының паспорты;

      3) Қазақстан Республикасында туу туралы куәлік;

      4) шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат;

      5) азаматтығы жоқ адамның куәлігі.

      2. Сақтандыру шарты жасалған кезде тиісті сыныпты (бұдан әрі – сынып) бере отырып, "бонус – малус" жүйесі бойынша коэффициенттер (бұдан әрі – коэффициент) Қағидаларға қосымшаға сәйкес сақтанушы (сақтандырылушы) үшін белгіленеді.

      Сақтандырушының коэффициенттерді қолдануы үшін сақтанушының (сақтандырылушының) кінәсінен болған сақтандыру жағдайы (сақтандыру жағдайлары) туралы ақпарат не сақтандыру жағдайы (сақтандыру жағдайлары) туралы ақпараттың болмауы, сондай-ақ сақтандырушы сақтандыру жөніндегі бірыңғай дерекқордан (бұдан әрі – дерекқор) және (немесе) дерекқор арқылы мемлекеттік дерекқордан сақтандырушы алған, Қағидаларда көзделген өзге де ақпарат негіз болып табылады.

      3. Сақтанушыға (сақтандырылушыға) сынып тағайындалған кезде оның кінәсінен болған сақтандыру жағдайы (сақтандыру жағдайлары), сондай-ақ осының алдында сынып өзгертілген күннен бастап жасалған міндетті сақтандыру шарттарының санына қарамастан, көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты бойынша (бұдан әрі – міндетті сақтандыру шарты) сақтанушының (сақтандырылушының) азаматтық-құқықтық жауапкершілігі сақтандырылған күндер және Қағидаларда көзделген өзге ақпарат есепке алынуға тиіс.

      Сақтанушының (сақтандырылушының) кінәсінен болған сақтандыру жағдайының (сақтандыру жағдайларының) болуы Қағидалардың 6, 9, 10, 11, 12 және 13-тармақтарында белгіленген талаптарды ескере отырып, Қағидаларға қосымшаға сәйкес сақтанушының (сақтандырылушының) сыныбының төмендеуіне әкеп соғады. Бұл жағдайда ең төменгі сынып M2 сыныбы болып табылады.

      Сыныпты одан жоғары сыныпқа өзгерту бір уақытта мынадай шарттар орындалған кезде жүзеге асырылады:

      дерекқорды қалыптастыруды және жүргізуді жүзеге асыратын ұйымда сақтанушының (сақтандырылушының) кінәсінен болған сақтандыру жағдайы (сақтандыру жағдайлары) туралы және сыныптың соңғы өзгерген сәтінен бастап дерекқорда есепке алынған ақпараттың болмауы;

      жасалған міндетті сақтандыру шарттарының санына қарамастан, сақтанушының (сақтандырылушының) міндетті сақтандыру шарты бойынша азаматтық-құқықтық жауапкершілігі сақтандырылған сыныптың соңғы өзгерген күнінен бастап кемінде күнтізбелік 270 (екі жүз жетпіс) күн туралы дерекқорда ақпараттың болуы.

      Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған адамдар үшін сыныптар бұл құқықтан айыру мерзімі ішінде көтерілмейді.

      Көлік құралын басқару құқығынан айырылған жағдайда сыныпты неғұрлым жоғары сыныпқа өзгерту үшін міндетті сақтандыру шарты бойынша сақтанушының (сақтандырылушының) азаматтық-құқықтық жауапкершілігі, жасалған міндетті сақтандыру шарттарының санына қарамастан, көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған күнге дейін сақтандырылған сыныптың соңғы өзгерген күнінен бастап күндер ескеріледі.

      4. Міндетті сақтандыру шартын жасасу кезінде Қағидалардың 5-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, сақтанушыға (сақтандырылушыға) алғаш рет А сыныбы беріледі.

      Егер дерекқорда сақтанушы (сақтандырылушы) бұрын жасасқан міндетті сақтандыру шарттары туралы ақпарат болмаса, міндетті сақтандыру шарты алғаш рет жасалған болып есептеледі.

      5. Қазақстан Республикасының аумағына уақытша кірген (алып келінген) көлік құралдарының иелерімен міндетті сақтандыру шартын жасасу кезінде 13-сынып беріледі.

      6. Зардап шегушінің қайтыс болуына әкеп соққан сақтанушының (сақтандырылушының) кінәсінен болған сақтандыру жағдайының болуы сақтанушының (сақтандырылушының) сыныбының ең төменгі сыныпқа – М2-ге төмендеуіне әкеп соғады.

      7. Қағидалардың 8-тармағында көзделген адамдарды қоспағанда, заңды тұлғамен, жеке кәсіпкермен және шаруа қожалығымен міндетті сақтандыру шартын жасасу кезінде 3-сынып беріледі.

      8. Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші жеңіл автомобильдер мен жеңіл автокөлік құралдарын жалдау, жеңіл автомобильдер мен жеңіл автокөлік құралдарының лизингі, автобуспен тасымалдау, сондай-ақ такси қызметін жүзеге асыру жөніндегі қызметтерге сәйкес келетін заңды тұлғамен, жеке кәсіпкермен және шаруа қожалығымен міндетті сақтандыру шартын жасасу кезінде А сыныбы беріледі.

      9. Сақтанушының (сақтандырылушының) кінәсінен болған сақтандыру жағдайын Көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы заңның 22-2-бабына сәйкес реттеудің оңайлатылған тәртібі арқылы реттеу кезінде сақтанушыға (сақтандырылушыға) Қағидаларға қосымшада көзделген сыныптан 1 сыныпқа артық сынып беріледі.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінің ережесі мынадай:

      бір міндетті сақтандыру шарты шеңберінде сақтанушының (сақтандырылушының) кінәсінен болған екі немесе одан да көп сақтандыру жағдайлары болған жағдайда;

      сақтанушының (сақтандырылушының) қолданыстағы сыныбы М1 немесе М2 болған жағдайда;

      13-тармақтың ережелерін қолданған жағдайда қолданылмайды.

      10. Нәтижесінде зардап шегушінің (зардап шегушілердің) мүлкі бойынша сақтандыру төлемінің сомасы 200 айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сақтанушының (сақтандырылушының) кінәсінен болған сақтандыру жағдайы болған кезде сақтанушыға (сақтандырылушыға) Қағидаларға қосымшада көзделген сыныптан 1 сыныпқа артық сынып беріледі.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінің ережесі мынадай:

      бір міндетті сақтандыру шарты шеңберінде сақтанушының (сақтандырылушының) кінәсінен болған екі немесе одан да көп сақтандыру жағдайлары болған жағдайда;

      сақтанушының (сақтандырылушының) қолданыстағы сыныбы М1 немесе М2 болған жағдайда;

      егер сақтанушының (сақтандырылушының) кінәсінен туындаған сақтандыру оқиғасы өлімге әкеп соқса;

      көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы Заңның 22-2-бабына сәйкес сақтандыру жағдайын реттеудің оңайлатылған тәртібін қолданған жағдайда;

      13-тармақтың ережелерін қолданған жағдайда қолданылмайды.

      11. Сақтанушының (сақтандырылушының) кінәсінен көлік құралын тіркеу аумағынан тыс жерде орын алған сақтандыру жағдайы болған кезде сақтанушыға (сақтандырылушыға) Қағидаларға қосымшада көзделген сыныптан 1-сыныпқа кем сынып беріледі.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінің ережесі мынадай:

      егер Көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы заңның 19-бабының 3-тармағында көзделген, сақтандыру жағдайы орын алған көлік құралын тіркеу аумағы бойынша коэффициенттің мөлшері көлік құралы тіркелген көлік құралын тіркеу аумағы бойынша коэффициенттен төмен болған жағдайда;

      бір міндетті сақтандыру шарты шеңберінде сақтанушының (сақтандырылушының) кінәсінен болған екі немесе одан да көп сақтандыру жағдайлары болған жағдайда қолданылмайды.

      12. Сақтанушының (сақтандырылушының) кінәсінен болған сақтандыру жағдайы (жағдайлары) болған кезде және сақтанушыда (сақтандырылушыда) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі (бұдан әрі – Кодекс) бойынша жауапкершілік көзделген, мынадай жол жүрісі қағидаларын жиынтығында үш және одан да көп бұзушылық болған кезде, сақтанушыға (сақтандырылушыға) Қағидаларға қосымшада көзделген сыныптан 1 сыныпқа кем сынып беріледі:

      1) Кодекстің 592-бабының 3-бөлігінде жауапкершілік көзделген, көлік құралының белгіленген қозғалыс жылдамдығының сағатына қырықтан алпыс километрге дейінгі шамаға артуы;

      2) Кодекстің 592-бабының 3-1-бөлігінде жауапкершілік көзделген, көлік құралының белгіленген қозғалыс жылдамдығының сағатына алпыс және одан да көп километрден астам шамаға артуы;

      3) Кодекстің 592-бабының 4-бөлігінде жауапкершілік көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған көлік құралының белгіленген қозғалыс жылдамдығының сағатына жиырмадан қырық километрге дейінгі шамаға немесе сағатына қырықтан алпыс километрге дейінгі шамаға артуы;

      4) Кодекстің 592-бабының 5-бөлігінде жауапкершілік көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған көлік құралының белгіленген қозғалыс жылдамдығының сағатына алпыс және одан да көп километрден астам шамаға артуы;

      5) Кодекстің 596-бабының 3-бөлігінде жауапкершілік көзделген, жол жүрiсi қағидаларында тыйым салынған жағдайларда, жолдың жүру бөлiгiнiң қарсы бағытта жүруге арналған жағына, оның ішінде кері бұрылып немесе бұрылыс жасап шығу;

      6) Кодекстің 599-бабының 1-бөлігінде жауапкершілігі көзделген, Кодекстің 607-бабының 1-бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, бағдаршамның тыйым салу сигналына немесе реттеушінің тыйым салу қимылына жол жүру;

      7) Кодекстің 599-бабының 2-бөлігінде жауапкершілік көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған, Кодекстің 607-бабының 1-бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, бағдаршамның тыйым салу сигналына немесе реттеушінің тыйым салу қимылына жол жүру;

      8) Кодекстің 600-бабының 1-бөлігінде жауапкершілік көзделген, қозғалыста артықшылыққа ие көлік құралдарының жүргізушілерін қоспағанда, жаяу жүргіншілерге немесе жол жүрісіне өзге де қатысушыларға жол беру туралы жол жүрісі қағидаларының талаптарын орындамау;

      9) Кодекстің 600-бабының 2-бөлігінде жауапкершілік көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған, Кодекстің 600-бабының 1-бөлігінде жауапкершілік көзделген, қозғалыста артықшылыққа ие көлік құралдарының жүргізушілерін қоспағанда, жаяу жүргіншілерге немесе жол жүрісіне өзге де қатысушыларға жол беру туралы жол жүрісі қағидаларының талаптарын орындамау;

      10) Кодекстің 606-бабының 1-бөлігінде жауапкершілік көзделген, жол жүрісіне қатысушының авариялық жағдай туғызуға әкеп соққан жол жүрісі қағидаларын бұзуы, яғни қозғалыстың басқа қатысушыларын қозғалыс жылдамдығын, бағытын күрт өзгертуге мәжбүрлеуі;

      11) Кодекстің 606-бабының 2-бөлігінде жауапкершілік көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған, Кодекстің 606-бабының 1-бөлігінде жауапкершілік көзделген, жол жүрісіне қатысушының авариялық жағдай туғызуға әкеп соққан жол жүрісі қағидаларын бұзуы, яғни қозғалыстың басқа қатысушыларын қозғалыс жылдамдығын, бағытын күрт өзгертуге мәжбүрлеуі;

      12) Кодекстің 590-бабының 5-бөлігінде жауапкершілік көзделген, Кодекстің 590-бабының 6-бөлігінде көрсетілген жағдайларды қоспағанда, техникалық регламенттердің, ұлттық стандарттардың талаптарына жауап бермейтін көлік құралдарын басқару, сондай-ақ көлік құралдарын пайдалануға тыйым салынатын ақаулар немесе жағдайлар болған кезде;

      13) Кодекстің 590-бабының 6-бөлігінде жауапкершілік көзделген, тежегіш жүйесінің, рульдік басқарудың, тартқыш-тіркеме құрылғысының ақаулары бар көлік құралдарын басқару.

      Осы тармақтың ережелерін қолдану үшін әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулылар және (немесе) айыппұл төлеу қажеттілігі туралы нұсқамалар алдыңғы сыныптың өзгерген күнінен бастап, міндетті сақтандыру келісімдерінің санына қарамастан, заңды күшіне енген мерзімде ескеріледі.

      13. Сақтанушының (сақтандырылушының) кінәсінен болған сақтандыру жағдайы (жағдайлары) болған кезде және сақтанушыда (сақтандырылушыда) Кодекспен немесе Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі (бұдан әрі – Қылмыстық кодекс) бойынша жауапкершілік көзделген, мынадай жол жүрісі қағидаларының бірін бұзу орын алған кезде, сақтанушыға (сақтандырылушыға) ең төменгі сынып – М2 беріледі:

      1) Кодекстің 608-бабының 1-бөлігінде жауапкершілік көзделген, көлік құралын жүргізушінің алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын басқаруды алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде тұрған адамға беру;

      2) Кодекстің 608-бабының 3-бөлігінде жауапкершілік көзделген, көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық мас күйінде басқарған жүргізуші, сондай-ақ көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық мас күйіндегі адамға басқаруға беру нәтижесінде жәбірленушінің денсаулығына зиян келтіру немесе қылмыстық жазаланатын әрекет белгілері жоқ көлік құралдарына, жүктерге, жол және өзге де құрылыстарға не басқа да мүлікке зақым келтіру;

      3) Кодекстің 608-бабының 3-1-бөлігінде жауапкершілік көзделген, көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық мас күйінде басқарған жүргізуші, сондай-ақ көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық мас күйіндегі адамға басқаруға беру, әкімшілік жаза мерзімі өткеннен кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған жағдайларда;

      4) Кодекстің 608-бабының 3-2-бөлігінде жауапкершілік көзделген, көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық мас күйінде басқарған жүргізуші, сондай-ақ көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық мас күйіндегі адамға басқаруға беру нәтижесінде жәбірленушінің денсаулығына зиян келтіру немесе қылмыстық жазаланатын әрекет белгілері жоқ көлік құралдарына, жүктерге, жол және өзге де құрылыстарға не басқа да мүлікке зақым келтіру, әкімшілік жаза мерзімі өткеннен кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған жағдайларда;

      5) Қылмыстық кодекстің 345-1-бабында жауапкершілік көзделген, жол қозғалысы ережелерін немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық мас күйінде басқарған адамдардың бұзуы.

      Осы тармақтың ережелерін қолдану үшін әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулылар және (немесе) айыппұл төлеу қажеттілігі туралы нұсқамалар алдыңғы сыныптың өзгерген күнінен бастап, міндетті сақтандыру келісімдерінің санына қарамастан, заңды күшіне енген мерзімде ескеріледі.

      14. Қағидалардың 9, 10, 11 және 12-тармақтарында айқындалған бірнеше шарттарға сәйкес келетін сақтанушының (сақтандырылушының) кінәсінен болған сақтандыру жағдайы болған кезде осы тармақтардың ережелері Қағидалардың 9, 10 және 11-тармақтарында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, бір мезгілде қолданылады.

      15. 13-сыныпта 5 жылдан астам үздіксіз тұрған сақтанушы (сақтандырылушы) жеке тұлғалар үшін сақтандырушы тәуекелдерді және (немесе) деректер базасында қамтылған деректерді өзіндік бағалау негізінде айқындалатын коэффициентті қолданады. Бұл ретте қолданылатын коэффициент 13-сынып үшін Қағидаларға қосымшада белгіленген мәннен аспауы және нөлге тең болмауы тиіс.

      13-сыныпта 5 жылдан астам үздіксіз тұрған сақтанушы (сақтандырылушы) жеке тұлғалар үшін сақтандырушының тәуекелдерін меншікті бағалау сақтандыру жағдайының туындау ықтималдығына әсер ететін параметрлерге негізделеді және сақтандырушының директорлар кеңесі бекітеді.

      Егер 13-сыныпта 5 жылдан астам үздіксіз тұрған сақтанушы (сақтандырылушы) жеке тұлғалар үшін қолданылған коэффициент 13-сыныпқа арналған Қағидаларға қосымшада белгіленген коэффициенттің мәніне тең болмаған жағдайда, қолданылған коэффициентті сақтандырушы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әрбір сақтанушы (сақтандырылушы) бойынша дерекқорға енгізеді.

  Көлік құралдары иелерінің
азаматтық-құқықтық
жауапкершілігін міндетті
сақтандыру бойынша
сақтандыру сыйлықақысын
есептеу үшін "бонус-малус"
жүйесі бойынша есептеу
және коэффициентті
қолдану қағидаларына
қосымша

Міндетті сақтандыру шартын жасасу кезінде тиісті сыныпты бере отырып, "бонус-малус" жүйесі бойынша коэффициенттер:

Сынып

Коэффициент мөлшері

Сақтанушының (сақтандырылушының)кінәсінен сақтандыру жағдайларының болуын есепке ала отырып, міндетті сақтандыру шартын жасасу кезіндегі сынып

сақтандыру жағдайы 0

сақтандыру жағдайы 1

сақтандыру жағдайы 2

сақтандыру жағдайы 3

сақтандыру жағдайы 4 және одан көп

1

2

3

4

5

6

7

М2 сыныбы

3,50

М1

M2

M2

M2

M2

М1 сыныбы

3,00

М

M2

M2

M2

M2

М сыныбы

2,45

0

M2

M2

M2

M2

0-сынып

2,30

1

M2

M2

M2

M2

A сыныбы

1,80

3

M1

M2

M2

M2

1-сынып

1,55

2

М

М1

М2

M2

2-сынып

1,40

3

1

М

М1

M2

3-сынып

1,00

4

1

М

М1

M2

4-сынып

0,95

5

2

0

М1

M2

5-сынып

0,90

6

3

0

М

M2

6-сынып

0,85

7

4

1

М

M2

7-сынып

0,80

8

4

1

М

M2

8-сынып

0,75

9

5

2

М

M2

9-сынып

0,70

10

5

2

0

M2

10-сынып

0,65

11

6

3

0

M2

11-сынып

0,60

12

6

3

0

M2

12-сынып

0,55

13

6

3

0

M2

13-сынып

0,50

13

7

3

0

M2

  Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкінің Басқармасының
2016 жылғы 30 мамырдағы
№ 140 қаулысына
қосымша

Күші жойылды деп танылған Қазақстан Республикасының нормативтік
құқықтық актілерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының
кейбір нормативтік құқықтық актілерінің құрылымдық
элементтерінің тізбесі

      1. "Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру жөніндегі қызметті ұйымдастыруды және жүзеге асыруды реттейтін нормативтік құқықтық актілерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2010 жылғы 1 наурыздағы № 27 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6159 тіркелген, 2010 жылғы 7 шілдеде Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағының № 12 жарияланған).

      2. "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі көрсететін мемлекеттік қызметтердің бизнес-процестерін оңтайландыру және автоматтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 261 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10211 тіркелген, 2015 жылғы 26 ақпанда "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі көрсететін мемлекеттік қызметтердің бизнес-процестерін оңтайландыру және автоматтандыру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 5-тармағы.

      3. "Қазақстан Республикасының қаржы нарығы және қаржы ұйымдары мәселелері бойынша кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 12 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13308 тіркелген, 2016 жылғы 14 наурызда "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасының қаржы нарығы және қаржы ұйымдары мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 3-тармағы.

Об утверждении Правил расчета и применения коэффициента по системе "бонус-малус" для расчета страховой премии по обязательному страхованию гражданско-правовой ответственности владельцев транспортных средств

Постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 30 мая 2016 года № 140. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 14 июля 2016 года № 13928.

      Сноска. Заголовок - в редакции постановления Правления Агентства РК по регулированию и развитию финансового рынка от 23.11.2022 № 102 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с Законом Республики Казахстан "Об обязательном страховании гражданско-правовой ответственности владельцев транспортных средств" Правление Национального Банка Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      Сноска. Преамбула - в редакции постановления Правления Агентства РК по регулированию и развитию финансового рынка от 23.11.2022 № 102 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      1. Утвердить Правила расчета и применения коэффициента по системе "бонус-малус" для расчета страховой премии по обязательному страхованию гражданско-правовой ответственности владельцев транспортных средств.

      Сноска. Пункт 1 - в редакции постановления Правления Агентства РК по регулированию и развитию финансового рынка от 23.11.2022 № 102 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      2. Признать утратившими силу нормативные правовые акты Республики Казахстан, а также структурные элементы некоторых нормативных правовых актов Республики Казахстан по перечню согласно приложению к настоящему постановлению.

      3. Департаменту методологии финансового рынка (Абдрахманов Н.А.) в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) совместно с Юридическим департаментом (Сарсенова Н.В.) государственную регистрацию настоящего постановления в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) направление настоящего постановления в республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Республиканский центр правовой информации Министерства юстиции Республики Казахстан":

      на официальное опубликование в информационно-правовой системе "Әділет" в течение десяти календарных дней после его государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      для включения в Государственный реестр нормативных правовых актов Республики Казахстан, Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан в течение пяти рабочих дней со дня его получения Национальным Банком Республики Казахстан после государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      3) размещение настоящего постановления на интернет-ресурсе Национального Банка Республики Казахстан после его официального опубликования.

      4. Управлению по защите прав потребителей финансовых услуг и внешних коммуникаций (Терентьев А.Л.) обеспечить направление настоящего постановления на официальное опубликование в средствах массовой информации в течение десяти календарных дней после его государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан.

      5. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя Председателя Национального Банка Республики Казахстан Смолякова О.А.

      6. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

Председатель


Национального Банка

Д. Акишев


  Утверждены
постановлением Правления
Национального Банка
Республики Казахстан
от 30 мая 2016 года № 140

Правила расчета и применения коэффициента по системе "бонус-малус" для расчета страховой премии по обязательному страхованию гражданско-правовой ответственности владельцев транспортных средств

      Сноска. Правила - в редакции постановления Правления Агентства РК по регулированию и развитию финансового рынка от 27.12.2024 № 87 (вводится в действие по истечении трех месяцев после дня его официального опубликования).

      1. Настоящие Правила расчета и применения коэффициента по системе "бонус-малус" для расчета страховой премии по обязательному страхованию гражданско-правовой ответственности владельцев транспортных средств (далее – Правила) разработаны в соответствии с подпунктом 18-2) статьи 43 Закона Республики Казахстан "О страховой деятельности" (далее – Закон) и пунктом 10 статьи 19 Закона Республики Казахстан "Об обязательном страховании гражданско-правовой ответственности владельцев транспортных средств" (далее – Закон об обязательном страховании ответственности владельцев транспортных средств) и определяют порядок расчета и применения коэффициента по системе "бонус-малус" для расчета страховой премии по обязательному страхованию гражданско-правовой ответственности владельцев транспортных средств (далее – обязательное страхование ответственности владельцев транспортных средств).

      Понятия и термины, используемые в Правилах, применяются в значениях, указанных в Законе и Законе об обязательном страховании ответственности владельцев транспортных средств.

      Для целей установления коэффициентов по системе "бонус-малус" (далее – коэффициент), физическим лицом-резидентом Республики Казахстан признается лицо, гражданство и (или) личность которого при заключении договора обязательного страхования ответственности владельцев транспортных средств (далее – договор обязательного страхования) подтверждается и (или) удостоверяется следующими документами:

      1) удостоверение личности гражданина Республики Казахстан;

      2) паспорт гражданина Республики Казахстан;

      3) свидетельство о рождении в Республике Казахстан;

      4) вид на жительство иностранца в Республике Казахстан;

      5) удостоверение лица без гражданства.

      2. Коэффициенты устанавливаются и соответствующие классы присваиваются страхователю (застрахованному) при заключении договора обязательного страхования (далее – класс) в соответствии с приложением к Правилам.

      Основанием для применения страховщиком коэффициентов является информация о страховом случае (страховых случаях), либо отсутствие информации о страховом случае (страховых случаях), произошедшем (произошедших) по вине страхователя (застрахованного), а также иная информация, предусмотренная Правилами, полученная страховщиком из единой базы данных по страхованию (далее – база данных) и (или) государственных баз данных посредством базы данных.

      3. При присвоении класса страхователю (застрахованному) учету подлежит (подлежат) страховой случай (страховые случаи), произошедший (произошедшие) по его вине, а также дни, в течение которых гражданско-правовая ответственность страхователя (застрахованного) по договору обязательного страхования была застрахована, со дня предыдущего изменения класса, вне зависимости от количества заключенных договоров обязательного страхования, и иная информация, предусмотренная Правилами.

      Наступление страхового случая (страховых случаев), произошедшего (произошедших) по вине страхователя (застрахованного), влечет снижение класса страхователя (застрахованного) согласно приложению к Правилам, с учетом требований, установленных пунктами 6, 9, 10, 11, 12 и 13 Правил. При этом самым минимальным классом является класс M2.

      Изменение класса на более высокий класс осуществляется при одновременном выполнении следующих условий:

      отсутствие в организации, осуществляющей формирование и ведение базы данных, информации о страховом случае (страховых случаях), произошедшем (произошедших) по вине страхователя (застрахованного) и учтенном (учтенных) в базе данных с момента последнего изменения класса;

      наличие информации в базе данных о не менее 270 (двухсот семидесяти) календарных днях со дня последнего изменения класса, в течение которых гражданско-правовая ответственность страхователя (застрахованного) по договору обязательного страхования была застрахована, вне зависимости от количества заключенных договоров обязательного страхования.

      Для лиц, лишенных права управления транспортными средствами, классы не повышаются в течение срока лишения этого права.

      В случае лишения права управления транспортным средством для изменения класса на более высокий класс учитываются дни со дня последнего изменения класса, в течение которых гражданско-правовая ответственность страхователя (застрахованного) по договору обязательного страхования была застрахована, вне зависимости от количества заключенных договоров обязательного страхования до дня лишения права на управление транспортными средствами.

      4. При заключении договора обязательного страхования впервые страхователю (застрахованному) присваивается класс А, за исключением случая предусмотренного пунктом 5 Правил.

      Договор обязательного страхования считается заключенным впервые в случае, если в базе данных отсутствует информация о ранее заключенных страхователем (застрахованным) договорах обязательного страхования.

      5. При заключении договора обязательного страхования с владельцами транспортных средств, временно въехавших (ввезенных) на территорию Республики Казахстан, присваивается класс 13.

      6. Наступление страхового случая, произошедшего по вине страхователя (застрахованного) и повлекшего гибель, влечет снижение класса страхователя (застрахованного) на самый минимальный класс – М2.

      7. При заключении договора обязательного страхования с юридическим лицом, индивидуальным предпринимателем и крестьянским хозяйством, за исключением лиц, предусмотренных пунктом 8 Правил, присваивается класс 3.

      8. При заключении договора обязательного страхования с юридическим лицом, индивидуальным предпринимателем и крестьянским хозяйством, общий классификатор видов экономической деятельности которых соответствует услугам по предоставлению аренды легковых автомобилей и легких автотранспортных средств, лизингу легковых автомобилей и легких автотранспортных средств, перевозке автобусами, а также осуществлению деятельности такси, присваивается класс А.

      9. При урегулировании страхового случая, произошедшего по вине страхователя (застрахованного), посредством упрощенного порядка урегулирования страхового случая в соответствии со статьей 22-2 Закона об обязательном страховании ответственности владельцев транспортных средств, страхователю (застрахованному) присваивается класс на 1 класс больше класса, предусмотренного приложением к Правилам.

      Положение части первой настоящего пункта не применяется в случаях:

      наступления двух или более страховых случаев, произошедших по вине страхователя (застрахованного), в рамках одного договора обязательного страхования;

      если действующий на момент присвоения класс страхователя (застрахованного) является М1 или М2;

      применения положений пункта 13 Правил.

      10. При наступлении страхового случая, произошедшего по вине страхователя (застрахованного), в результате которого сумма страховой выплаты по имуществу потерпевшего (потерпевших) не превышает 200 месячных расчетных показателей, страхователю (застрахованному) присваивается класс на 1 класс больше класса, предусмотренного приложением к Правилам.

      Положение части первой настоящего пункта не применяется в случаях:

      наступления двух или более страховых случаев, произошедших по вине страхователя (застрахованного), в рамках одного договора обязательного страхования;

      если действующий на момент присвоения класс страхователя (застрахованного) является М1 или М2;

      если страховой случай, произошедший по вине страхователя (застрахованного), повлек гибель;

      применения упрощенного порядка урегулирования страхового случая в соответствии со статьей 22-2 Закона об обязательном страховании ответственности владельцев транспортных средств;

      применения положений пункта 13 Правил.

      11. При наступлении страхового случая, произошедшего по вине страхователя (застрахованного), вне территории регистрации транспортного средства, страхователю (застрахованному) присваивается класс на 1 класс меньше класса, предусмотренного приложением к Правилам.

      Положение части первой настоящего пункта не применяется в случаях:

      если размер коэффициента по территории регистрации транспортного средства, предусмотренный пунктом 3 статьи 19 Закона об обязательном страховании ответственности владельцев транспортных средств, в котором произошел страховой случай, ниже, чем коэффициент по территории регистрации транспортного средства, в котором зарегистрировано транспортное средство;

      наступления двух или более страховых случаев, произошедших по вине страхователя (застрахованного), в рамках одного договора обязательного страхования.

      12. При наступлении страхового (страховых) случая (случаев), произошедшего (произошедших) по вине страхователя (застрахованного), и одновременном наличии у страхователя (застрахованного) в совокупности три и более нарушений следующих правил дорожного движения, по которому Кодексом Республики Казахстан об административных правонарушениях (далее – Кодекс) предусмотрена ответственность, страхователю (застрахованному) присваивается класс на 1 класс меньше класса, предусмотренного приложением к Правилам:

      1) превышение установленной скорости движения транспортного средства на величину от сорока до шестидесяти километров в час, ответственность за которое предусмотрена частью 3 статьи 592 Кодекса;

      2) превышение установленной скорости движения транспортного средства на величину от шестидесяти и более километров в час, ответственность за которое предусмотрена частью 3-1 статьи 592 Кодекса;

      3) превышение установленной скорости движения транспортного средства на величину от двадцати до сорока километров в час или от сорока до шестидесяти километров в час, совершенное повторно в течение года после наложения административного взыскания, ответственность за которое предусмотрена частью 4 статьи 592 Кодекса;

      4) превышение установленной скорости движения транспортного средства на величину от шестидесяти и более километров в час, совершенное повторно в течение года после наложения административного взыскания, ответственность за которое предусмотрена частью 5 статьи 592 Кодекса;

      5) выезд на сторону проезжей части дороги, предназначенную для встречного движения, в случаях, если это запрещено правилами дорожного движения, в том числе сопряженный с разворотом или поворотом, ответственность за которое предусмотрена частью 3 статьи 596 Кодекса;

      6) проезд на запрещающий сигнал светофора или на запрещающий жест регулировщика, за исключением случаев, предусмотренных частью 1 статьи 607 Кодекса, ответственность за которое предусмотрена частью 1 статьи 599 Кодекса;

      7) проезд на запрещающий сигнал светофора или на запрещающий жест регулировщика, за исключением случаев, предусмотренных частью первой статьи 607 Кодекса, совершенный повторно в течение года после наложения административного взыскания, ответственность за которое предусмотрена частью 2 статьи 599 Кодекса;

      8) невыполнение требований правил дорожного движения уступить дорогу пешеходам или иным участникам дорожного движения, за исключением водителей транспортных средств, пользующихся преимуществом в движении, ответственность за которое предусмотрена частью 1 статьи 600 Кодекса;

      9) невыполнение требований правил дорожного движения уступить дорогу пешеходам или иным участникам дорожного движения, за исключением водителей транспортных средств, пользующихся преимуществом в движении, совершенное повторно в течение года после наложения административного взыскания, ответственность за которое предусмотрена частью 2 статьи 600 Кодекса;

      10) нарушение участником дорожного движения правил дорожного движения, повлекшее создание аварийной обстановки, то есть вынудившее других участников движения резко изменить скорость, направление движения, ответственность за которое предусмотрена частью 1 статьи 606 Кодекса;

      11) нарушение участником дорожного движения правил дорожного движения, повлекшее создание аварийной обстановки, то есть вынудившее других участников движения резко изменить скорость, направление движения, совершенное повторно в течение года после наложения административного взыскания, ответственность за которое предусмотрена частью 2 статьи 606 Кодекса;

      12) управление транспортными средствами, не отвечающими требованиям технических регламентов, национальных стандартов, а также при наличии неисправностей или условий, при которых запрещается эксплуатация транспортных средств, за исключением случаев, указанных в части шестой статьи 590 Кодекса, ответственность за которое предусмотрена частью 5 статьи 590 Кодекса;

      13) управление транспортными средствами, имеющими неисправности тормозной системы, рулевого управления, тягово-сцепного устройства, ответственность за которое предусмотрена частью 6 статьи 590 Кодекса.

      Для применения положений настоящего пункта учитываются постановления по делу об административном правонарушении и (или) предписания о необходимости уплаты штрафа, вступившие в законную силу со дня предыдущего изменения класса, вне зависимости от количества заключенных договоров обязательного страхования.

      13. При наступлении страхового (страховых) случая (случаев), произошедшего (произошедших) по вине страхователя (застрахованного), и одновременном наличии у страхователя (застрахованного) нарушения одной из следующих правил дорожного движения, по которому Кодексом или Уголовным кодексом Республики Казахстан (далее – Уголовный кодекс) предусмотрена ответственность, страхователю (застрахованному) присваивается самый минимальный класс – М2:

      1) управление транспортным средством водителем, находящимся в состоянии алкогольного, наркотического и (или) токсикоманического опьянения, а равно передача управления транспортным средством лицу, находящемуся в состоянии алкогольного, наркотического и (или) токсикоманического опьянения, ответственность за которое предусмотрена частью 1 статьи 608 Кодекса;

      2) управление транспортным средством водителем, находящимся в состоянии алкогольного, наркотического и (или) токсикоманического опьянения, а равно передача управления транспортным средством лицу, находящемуся в состоянии алкогольного, наркотического и (или) токсикоманического опьянения, повлекшее причинение потерпевшему вреда здоровью, не имеющие признаков уголовно наказуемого деяния, или повреждение транспортных средств, грузов, дорожных и иных сооружений либо иного имущества, ответственность за которое предусмотрена частью 3 статьи 608 Кодекса;

      3) управление транспортным средством водителем, находящимся в состоянии алкогольного, наркотического и (или) токсикоманического опьянения, а равно передача управления транспортным средством лицу, находящемуся в состоянии алкогольного, наркотического и (или) токсикоманического опьянения, совершенное повторно в течение года после истечения срока административного взыскания, ответственность за которое предусмотрена частью 3-1 статьи 608 Кодекса;

      4) управление транспортным средством водителем, находящимся в состоянии алкогольного, наркотического и (или) токсикоманического опьянения, а равно передача управления транспортным средством лицу, находящемуся в состоянии алкогольного, наркотического и (или) токсикоманического опьянения, повлекшее причинение потерпевшему вреда здоровью, не имеющие признаков уголовно наказуемого деяния, или повреждение транспортных средств, грузов, дорожных и иных сооружений либо иного имущества, совершенные повторно в течение года после истечения срока административного взыскания, ответственность за которое предусмотрена частью 3-2 статьи 608 Кодекса;

      5) нарушение правил дорожного движения или эксплуатации транспортных средств лицами, управляющими транспортными средствами в состоянии алкогольного, наркотического и (или) токсикоманического опьянения, ответственность за которое предусмотрена статьей 345-1 Уголовного кодекса.

      Для применения положений настоящего пункта учитываются постановления по делу об административном правонарушении и (или) предписания о необходимости уплаты штрафа и (или) приговоры суда, вступившие в законную силу со дня предыдущего изменения класса, вне зависимости от количества заключенных договоров обязательного страхования.

      14. При наступлении страхового случая, произошедшего по вине страхователя (застрахованного), который соответствует нескольким условиям, определенным пунктами 9, 10, 11 и 12 Правил, положения данных пунктов применяются одновременно, с учетом исключений, предусмотренных пунктами 9, 10 и 11 Правил.

      15. Для страхователей (застрахованных) физических лиц, находящихся в 13-классе непрерывно более 5 лет, страховщик применяет коэффициент, который определяется на основе собственной оценки рисков и (или) данных, содержащихся в базе данных. При этом применяемый коэффициент не может превышать значения, установленного приложением к Правилам для 13-класса, и не может быть равен нулю.

      Собственная оценка рисков страховщика для страхователей (застрахованных) физических лиц, находящихся в 13-классе непрерывно более 5 лет, основывается на параметрах, которые влияют на вероятность наступления страхового случая, и утверждается советом директоров страховщика.

      В случае если коэффициент, примененный для страхователей (застрахованных) физических лиц, находящихся в 13-классе непрерывно более 5 лет, не равен значению коэффициента, установленного приложением к Правилам для 13-класса, примененный коэффициент вводится страховщиком в базу данных по каждому страхователю (застрахованному) в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

  Приложение
к Правилам расчета
и применения коэффициента
по системе "бонус-малус"
для расчета страховой премии
по обязательному страхованию
гражданско-правовой
ответственности владельцев
транспортных средств

Коэффициенты по системе "бонус-малус" с присвоением соответствующего класса при заключении договора обязательного страхования:

Класс

Размер коэффициента

Класс при заключении договора обязательного страхования с учетом наступления страховых случаев по вине страхователя (застрахованного)

0 страховой случай

1 страховой случай

2 страховых случая

3 страховых случая

4 и более страховых случая

1

2

3

4

5

6

7

Класс М2

3,50

М1

M2

M2

M2

M2

Класс М1

3,00

М

M2

M2

M2

M2

Класс М

2,45

0

M2

M2

M2

M2

Класс 0

2,30

1

M2

M2

M2

M2

Класс A

1,80

3

M1

M2

M2

M2

Класс 1

1,55

2

М

М1

М2

M2

Класс 2

1,40

3

1

М

М1

M2

Класс 3

1,00

4

1

М

М1

M2

Класс 4

0,95

5

2

0

М1

M2

Класс 5

0,90

6

3

0

М

M2

Класс 6

0,85

7

4

1

М

M2

Класс 7

0,80

8

4

1

М

M2

Класс 8

0,75

9

5

2

М

M2

Класс 9

0,70

10

5

2

0

M2

Класс 10

0,65

11

6

3

0

M2

Класс 11

0,60

12

6

3

0

M2

Класс 12

0,55

13

6

3

0

M2

Класс 13

0,50

13

7

3

0

M2

  Приложение
к постановлению Правления
Национального Банка
Республики Казахстан
от 30 мая 2016 года № 140

Перечень нормативных правовых актов Республики Казахстан,
а также структурных элементов некоторых нормативных правовых
актов Республики Казахстан, признаваемых утратившими силу

      1. Постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 1 марта 2010 года № 27 "Об утверждении нормативных правовых актов, регулирующих организацию и осуществление деятельности по обязательному страхованию гражданско-правовой ответственности владельцев транспортных средств" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 6159, опубликованное 7 июля 2010 года в Собрании актов центральных исполнительных и иных центральных государственных органов Республики Казахстан № 12).

      2. Пункт 5 Перечня нормативных правовых актов Республики Казахстан по вопросам оптимизации и автоматизации бизнес-процессов государственных услуг, оказываемых Национальным Банком Республики Казахстан, в которые вносятся изменения и дополнения, утвержденного постановлением Правления Национального Банка Республики Казахстан от 24 декабря 2014 года № 261 "О внесении изменений и дополнений в некоторые нормативные правовые акты Республики Казахстан по вопросам оптимизации и автоматизации бизнес-процессов государственных услуг, оказываемых Национальным Банком Республики Казахстан" (зарегистрированным в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 10211, опубликованным 26 февраля 2015 года в информационно-правовой системе "Әділет" республиканского государственного предприятия на праве хозяйственного ведения "Республиканский центр правовой информации Министерства юстиции Республики Казахстан").

      3. Пункт 3 Перечня нормативных правовых актов Республики Казахстан по вопросам финансового рынка и финансовых организаций, в которые вносятся изменения и дополнения, утвержденного постановлением Правления Национального Банка Республики Казахстан от 28 января 2016 года № 12 "О внесении изменений и дополнений в некоторые нормативные правовые акты Республики Казахстан по вопросам финансового рынка и финансовых организаций" (зарегистрированным в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 13308, опубликованным 14 марта 2016 года в информационно-правовой системе "Әділет" республиканского государственного предприятия на праве хозяйственного ведения "Республиканский центр правовой информации Министерства юстиции Республики Казахстан").