Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне сақтандыру нарығын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2022 жылғы 23 қарашадағы № 102 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 25 қарашада № 30733 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз.

      Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығын реттеу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі бекітілсін (әрі қарай - Тізбесі).

      2. Сақтандыру нарығы және актуарлық есеп айырысу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күнінің ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізілетін Тізбенің 3-тармағын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және дамыту
Агенттігінің Төрағасы
М. Абылкасымова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Стратегиялық жоспарлау және

      реформалар агенттігі

      Ұлттық статистика бюросы

  Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту Агенттігінің
Басқармасының
2022 жылғы 23 қарашадағы
№ 102 Қаулыға
қосымша

Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығын реттеу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі

      1. "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының шығындылықты (шығындылық коэффициенті, шығындар коэффициенті, аралас коэффициент) сипаттайтын коэффициенттерін есептеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 19 желтоқсандағы № 240 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13056 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының шығындылықты (шығындылық коэффициенті, шығындар коэффициенті, аралас коэффициент) сипаттайтын коэффициенттерін есептеу қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) есепті кезең – есепті күннің алдындағы он екі ай;

      2) комиссиялық сыйақы төлеу бойынша таза шығыстар – қайта сақтандырушыдан алынған комиссиялық сыйақыларды шегергенде, сақтандыру қызметі бойынша комиссиялық сыйақы төлеу бойынша шығыстар;

      3) қайта сақтандырушыдан алынған комиссиялық сыйақылар – қайта сақтандырушыдан алынған, есепті кезеңде есептелген, есепті кезеңнің басында қайта сақтандырушыдан кейінге қалдырылған комиссиялық сыйақылар шамасына көбейтілген және есепті кезеңнің соңында қайта сақтандырушыдан кейінге қалдырылған комиссиялық сыйақылар шамасына азайтылған комиссиялық сыйақылар;

      4) қайта сақтандырушының үлесі ескерілмеген шеккен шығындар – төлемдердің таза сомасы, сақтандыру шығындарын реттеу бойынша шығыстар, сондай-ақ шығындар резервтеріндегі өзгерістердің таза сомасы;

      5) сақтандыру қызметі бойынша комиссиялық сыйақы төлеу бойынша шығыстар – есепті кезеңде есептелген, есепті кезеңнің басында кейінге қалдырылған комиссиялық сыйақылар шамасына көбейтілген және есепті кезеңнің соңында кейінге қалдырылған комиссиялық сыйақылар шамасына азайтылған сақтандыру қызметі бойынша комиссиялық сыйақы төлеу бойынша шығыстар;

      6) сақтандыру шығындарын реттеу бойынша шығындар – сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының сараптамалық, консультациялық немесе сақтанушының сақтандандыру жағдайларына байланысты туындаған мүліктік мүдделерге келтірілген шығын (зиян) мөлшерін және төмендеуімен байланысты өзге қызметтерге ақы төлеу үшін шеккен шығындарының сомасы;

      7) таза еңбек сіңірілмеген сыйлықақы резерві – қайта сақтандырушының үлесі ескерілмеген еңбек сіңірілмеген сыйлықақы резерві;

      8) таза шығыстар – комиссиялық сыйақы төлеу бойынша шығыстар, жалпы және әкімшілік шығыстар, сондай-ақ Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13504 тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 41 қаулысымен (бұдан әрі – № 41 қаулы) бекітілген қаржы ұйымдарының қаржылық есептілікті ұсынуы қағидаларына 10-қосымшада көзделген ұқсас шығыстар баптарына сәйкес келетін басқа да шығыстар;

      9) төлемдердің таза сомасы – қайта сақтандырушының үлесі ескермегендегі және регрестік талап қою бойынша өтеуді шегергендегі сақтандыру төлемдерінің сомасы;

      10) уәкілетті орган – қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

      11) шеккен шығындар – сақтандыру төлемдері, реттеуге арналған шығыстар, сондай-ақ шығындар резервтеріндегі өзгерістер;

      12) шығындар резервтеріндегі өзгерістердің таза сомасы – қайта сақтандырушының үлесі ескерілмеген шығындар резервтеріндегі өзгерістер;

      13) шығыстар – сақтандыру қызметі бойынша комиссиялық сыйақы төлеу бойынша шығыстар, жалпы және әкімшілік шығыстар, корпоративтік табыс салығын қоспағандағы салықтар және № 41 қаулыда көзделген ұқсас шығыстар баптарына сәйкес келетін өзге шығыстар.";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Қайта сақтандырушының үлесін ескермегенде есепті кезең үшін шығындылық коэффициенті сақтандырудың әрбір сыныбы (түрі) бойынша жеке және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының барлық сақтандыру портфелі бойынша мына формуламен есептеледі:

Қайта сақтандырушының үлесін ескермегенде есепті кезең үшін шығындылық коэффициенті

=

Қайта сақтандырушының үлесін ескермегенде шеккен шығындар
________________________
Таза еңбек сіңірілген сақтандыру сыйлықақылары

*100%.

      Қайта сақтандырушының үлесін ескермегендегі есепті кезең үшін шығындылық коэффициентін есептеу үшін пайдаланылатын таза еңбек сіңірілген сақтандыру сыйлықақылары қайта сақтандырушының үлесі ескерілмей және сақтандыру шарттарын бұзуға байланысты шығыстар және қайта сақтандыруға берілген шарттарды бұзуға байланысты кірістер ескеріле отырып есепті кезеңде есептелген, есепті кезең басталғанда таза еңбек сіңірілмеген сыйлықақы резервінің шамасына ұлғайтылған және осы кезеңнің соңында таза еңбек сіңірілмеген сыйлықақы резервінің шамасына азайтылған сақтандыру сыйлықақылары ретінде есептеледі.

      Қайта сақтандырушының үлесін ескермегенде есепті кезең үшін шығындылық коэффициентін есептеу кезінде қайта сақтандырушының үлесін ескермегенде шеккен шығындар және таза еңбек сіңірілген сақтандыру сыйлықақылары бір есепті кезеңге жатады.

      Таза еңбек сіңірілген сақтандыру сыйлықақыларын есептеу кезінде еңбек сіңірілмеген сыйлықақылар резервіндегі қайта сақтандырушының үлесі қайта сақтандырушыдан алған комиссиялық сыйақыны есептемей толық көлемде ескеріледі.";

      мынадай мазмұндағы 14-1-тармақпен толықтырылсын:

      "14-1. Қайта сақтандырушының үлесін ескермегенде шығындылық коэффициентін актуарий сақтандыру тарифтерінің есебін қайта қараған кезде Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4204 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 наурыздағы № 85 қаулысымен бекітілген Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының сақтандыру сыныптары (түрлері) бойынша сақтандыру тарифтерін бағалау әдістері мен есептеу қағидаттарына қойылатын талаптар туралы нұсқаулығының талаптарын ескере отырып талдайды.";

      17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. Қайта сақтандырушының үлесін ескермегенде полистер бойынша шығындылық коэффициенті сақтандырудың әрбір сыныбы (түрі) бойынша жеке және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының барлық сақтандыру портфелі бойынша мына формуламен есептеледі:

Қайта сақтандырушының үлесін ескермегенде полистер бойынша шығындылық коэффициенті

=

Қайта сақтандырушының үлесін ескермегенде шеккен шығындар *100%.
________________________
Таза еңбек сіңірілген сақтандыру сыйлықақылары

      Таза еңбек сіңірілген сақтандыру сыйлықақылары қайта сақтандырушының үлесін ескермегенде есепті кезеңнің алдындағы 12 (он екі) ай ішінде заңды күшіне енген сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша және сақтандыру шарттарын бұзуға байланысты шығыстарды және қайта сақтандыруға берілген шарттарды бұзуға байланысты кірістерді ескере отырып, есепті кезеңнің алдындағы 12 (он екі) ай ішінде заңды күшіне енген сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша есепті күні таза еңбек сіңірілмеген сыйлықақылардың резерві шамасына азайтылған сақтандыру сыйлықақылары ретінде есептеледі.

      Қайта сақтандырушының үлесін ескермегенде шеккен шығындар және таза еңбек сіңірілген сақтандыру сыйлықақылары есепті кезеңнің алдындағы 12 (он екі) ай ішінде күшіне енген сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша есептеледі.

      Қайта сақтандырушының үлесін ескермегенде полистер бойынша шығындылық коэффициентін есептеу кезінде шеккен шығындар және таза еңбек сіңірілген сақтандыру сыйлықақылары есепті кезеңнің алдындағы соңғы 2 (екі) жыл үшін есептеледі.

      Еңбек сіңірілген таза сақтандыру сыйлықақыларын есептеу кезінде еңбек сіңірілмеген сыйлықақылар резервіндегі қайта сақтандырушының үлесі қайта сақтандырушыдан алған комиссиялық сыйақыны есептемей толық көлемде ескеріледі.".

      2. "Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша сақтанушыға (сақтандырылушыға) берілетін сыныпты "бонус-малус" жүйесі бойынша есептеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 30 мамырдағы № 140 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13928 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықақысын есептеу үшін "бонус-малус" жүйесі бойынша коэффициентті есептеу және қолдану қағидаларын бекіту туралы";

      кіріспесі және 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықақысын есептеу үшін "бонус-малус" жүйесі бойынша коэффициентті есептеу және қолдану қағидалары бекітілсін.";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша сақтанушыға (сақтандырылушыға) берілетін сыныпты "бонус-малус" жүйесі бойынша есептеу қағидаларында:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықақысын есептеу үшін "бонус-малус" жүйесі бойынша коэффициентті есептеу және қолдану қағидалары";

      1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықақысын есептеу үшін "бонус-малус" жүйесі бойынша коэффициентті есептеу және қолдану қағидалары (бұдан әрі – Қағида) "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) және "Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы заңы) сәйкес әзірленген және көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықақысын есептеу үшін "бонус-малус" жүйесі бойынша коэффициентті есептеу және қолдану тәртібін айқындайды.

      Қағидаларда пайдаланылатын ұғымдар мен терминдер Заңда және Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы заңда көрсетілген мағыналарда қолданылады.

      2. Сақтандыру мерзімі аяқталған соң тиісті сыныпты (бұдан әрі - сынып) бере отырып, "бонус-малус" жүйесі бойынша коэффициенттер Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы заңның 11-бабының 5-тармағында және 12-бабының 5-тармағында көзделген жағдайларда азаматтық-құқықтық жауапкершілігі басталған жеке тұлғаларды және заңды тұлғаларды қоспағанда, Қағидаларға қосымшаға сәйкес сақтанушы (сақтандырылушы) үшін белгіленеді.

      Көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты жасалған кезде сақтанушыға алғаш рет 3-сынып беріледі.";

      Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығын реттеу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) 1-қосымшаға сәйкес редакцияда қосымшамен толықтырылсын.

      3. "Актуарийлерді оқытудың ең қысқа міндетті бағдарламасын, халықаралық актуарийлер қауымдастықтарының тізбесін және оларға қойылатын талаптарды, Міндетті актуарлық қорытындының мазмұнына және табыс етілу тәртібіне қойылатын талаптарды, Актуарийдің біліктілігін растауға қойылатын талаптарды, Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының штатында тұрған актуарийдің қызметін тексеру үшін тәуелсіз актуарийді тарту, тәуелсіз актуарийдің сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының штатында тұрған актуарий жүргізген есептеулердің шынайылығын тексеру нәтижелерін жіберу қағидаларын және мерзімдерін, Сақтандыру нарығындағы актуарлық қызметтi жүзеге асыру құқығына лицензия беру қағидаларын, Тестілеу өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 тамыздағы № 191 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17618 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Актуарийлерді оқытудың ең қысқа міндетті бағдарламасы Тізбеге 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      осы қаулымен бекітілген Актуарийдің біліктілігін растауға қойылатын талаптарда:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Лицензияланған актуарийдің біліктілігін растау үшін есепті кезеңде КДБ бағдарламасы бойынша 1200 біліктілік балын алады.

      КДБ бағдарламасының 4, 5, 6, 7, 10, 11, 12 немесе 15-тармақтарының мақсаттары үшін халықаралық актуарлық қауымдастықтың мүшесі болып табылатын ұйым жүргізген әрбір іс-шара бойынша бал саны 100 балға ұлғаяды.";

      1-қосымша Тізбеге 3-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      осы қаулымен бекітілген Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының штатында тұрған актуарийдің қызметін тексеру үшін тәуелсіз актуарийдi тарту, тәуелсіз актуарийдiң сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының штатында тұрған актуарий жүргізген есептеулердің шынайылығын тексеру нәтижелерін жіберу қағидалары және мерзімдерінде:

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Тәуелсіз актуарийді штаттық актуарийді тексеру үшін тартуға мынадай жағдайларда:

      1) тәуелсіз актуарий тексерілетін штаттағы актуарийдің, оның акционерлері және (немесе) басшы қызметкерлері тұрған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының үлестес тұлғасы және штаттағы актуарийдің туысы болып табылған;

      2) тәуелсіз актуарийдің қызметіне қатысты штаттағы актуарий тәуелсіз актуарий ретінде тексеру аяқталған күнге дейін күнтізбелік 1 (бір) жыл ішінде немесе көрсетілген күндердің қайсысы кеш болуына байланысты есепті жылдың алдындағы жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша тексеру жүргізілген;

      3) тәуелсіз актуарий соңғы күнтізбелік 2 (екі) жыл ішінде штатында тексерілетін штаттағы актуарий тұрған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында қызметін жүзеге асырған болса жол берілмейді.

      Тәуелсіз актуарий қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органға (бұдан әрі – уәкілетті орган) Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес 1-нысан бойынша актуарийдің үлестес тұлғалары туралы мәліметтерді және 2-нысан бойынша актуарлық қызметті жүзеге асыру туралы ақпаратты ұсынады.";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Актуарлық қызметті жүзеге асыру құқығына лицензия беру қағидаларында:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Сақтандыру нарығында актуарлық қызметті жүзеге асыру құқығына лицензия беру қағидалары";

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Мемлекеттік қызметті алу үшін жеке тұлға (бұдан әрі – өтініш беруші) Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесіне сәйкес құжаттарды ұсынады.";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Уәкілетті органның электрондық құжатты қабылдауға және тіркеуге уәкілетті қызметкері өтініш түскен күні оны қабылдауды, тіркеуді және мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты уәкілетті органның бөлімшесіне (бұдан әрі – жауапты бөлімше) орындауға жіберуді жүзеге асырады. Өтініш беруші Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      Жауапты бөлімшенің қызметкері өтінішті тіркеген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Ұсынылған құжаттардың толық болмау дерегі және (немесе) мерзімі өткені анықталған жағдайда, жауапты бөлімшенің қызметкері көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан жазбаша дәлелді бас тартуды дайындайды және өтініш берушіге жібереді.

      Ұсынылған құжаттардың толық болу дерегі анықталған кезде жауапты бөлімшенің қызметкері мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі ішінде құжаттардың Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес "Актуарлық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағының талаптарына сәйкес келуін қарайды.

      Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде жауапты бөлімшенің қызметкері өтініш берушіге мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ өтініш берушіге алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігін беру үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.

      Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабарланған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

      Өтініш беруші ұсынған құжаттарды қарау, тыңдау нәтижелері бойынша жауапты бөлімше бұйрықтың және лицензияның жобаларын не лицензия беруден бас тартуды дайындайды, уәкілетті органның уәкілетті лауазымынан мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелеріне (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі) қол қояды.

      Жауапты бөлімшенің қызметкері уәкілетті орган лицензияны қайта ресімдеу, телнұсқаларын беру (беруден, қайта ресімдеуден бас тарту) туралы шешім қабылдағаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде өтініш берушіге мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін уәкілетті органның уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін өтініш берушінің "жеке кабинетіне" жібереді.";

      1-қосымша Тізбеге 4-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      2-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышындағы мәтін мынадай редакцияда жазылсын:

  "Сақтандыру нарығында
актуарлық қызметті жүзеге
асыру құқығына лицензия
беру қағидаларына
2-қосымша";

      3-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышындағы мәтін мынадай редакцияда жазылсын:

  "Сақтандыру нарығында
актуарлық қызметті жүзеге
асыру құқығына лицензия
беру қағидаларына
3-қосымша".

      4. "Сақтандыру портфелін беру қағидаларын және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы соттың шешімі заңды күшіне енген күнінен бастап, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын консервациялау немесе лицензиядан айыру кезінде сақтандыру портфелін берудің ерекшеліктерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 29 қазандағы № 262 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17885 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру портфелін беру қағидаларын, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын лицензиядан айыру кезінде сақтандыру портфелін берудің ерекшеліктерін және Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының сақтандыру портфелін беру қағидаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын лицензиядан айыру кезінде сақтандыру портфелін берудің ерекшеліктерін бекіту туралы;

      кіріспесі және 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Мыналар:

      1) Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру портфелін беру қағидалары, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын лицензиядан айыру кезінде сақтандыру портфелін берудің ерекшеліктері;

      2) Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының сақтандыру портфелін беру қағидалары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын лицензиядан айыру кезінде сақтандыру портфелін берудің ерекшеліктері бекітілсін.";

      Сақтандыру портфелін беру қағидалары және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы соттың шешімі заңды күшіне енген күнінен бастап, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын консервациялау немесе лицензиядан айыру кезінде сақтандыру портфелін берудің ерекшеліктері Тізбеге 5-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      Сақтандыру портфелін беру қағидалары және Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы лицензиядан айырылған күннен бастап сақтандыру портфелін берудің ерекшеліктері Тізбеге 6-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      5. "Сақтандыру резервтерін қалыптастыруға, есептеу әдістемесіне және олардың құрылымына қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 31 қаңтардағы № 13 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18290 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Сақтандыру резервтерін қалыптастыруға, есептеу әдістемесіне және олардың құрылымына қойылатын талаптарда:

      мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:

      "3-1. Сақтандыру резервтерін есептеу нәтижелері оның сұрау салуы бойынша қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға (бұдан әрі – уәкілетті орган) және Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19927 болып тіркелген "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы мен сақтандыру брокері есептілігінің тізбесін, нысандарын, табыс ету мерзімдерін және оны ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 275 қаулысымен белгіленген нысан бойынша ұсыну кезеңділігі мен мерзімдеріне сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне беріледі.";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Актуарий есептік тоқсаннан кейінгі айдың 10 (оныншы) жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде қағаз тасымалдағышта еркін нысанда сақтандыру резервтерін есептеу негіздемесін жасайды, оған актуарий қол қояды және сақтандыру ұйымында сақталады.

      Сақтандыру резервтерін есептеу негіздемесінде:

      әрбір өлшем бойынша негіздемелер қоса берілген резервтік базистің өлшемдері;

      басталу кезеңдерін есептеуде ескерілетін шығындар саны, шығындардың мерзімділігі, шығындардың дамуы коэффициентін таңдау, ірі шығындарды деңгейлестіру, Талаптардың 16-тармағына сәйкес қосымша міндеттемелер мен түзету коэффициентін есептеу бойынша ақпаратты жазумен, орын алған, бірақ мәлімделмеген шығындар резерві (бұдан әрі – ОМШР) мен орын алған, бірақ әлі мәлімделмеген шығындар резервін (бұдан әрі – ОӘМШР) есептеу әдісін таңдау бойынша негіздеме;

      мәлімделген талаптар бойынша сақтандыру төлемдерінің мөлшерін қарауға және реттеуге байланысты болжамды шығыстардың сомалары бойынша негіздеме;

      ірі мөлшердегі шығындарды анықтау бойынша негіздеме (бар болса);

      Талаптардың 22-тармағына сәйкес төленген талаптардың орташа (орташа нарықтық) мәнін есептеу кезінде ескерілетін зиянды түзету бойынша негіздеме (олар есепті кезеңде болған кезде);

      Талаптардың 11-1 және 15-тармақтарына сәйкес полистер бойынша шығындылық коэффициентін, актуарлық әдістермен ОМШР және (немесе) ОӘМШР есептеу кезінде шығынды түзету бойынша негіздеме (олар есепті кезеңде болған кезде);

      орын алған, бірақ әлі толық мәлімделмеген шығындар резервін (бұдан әрі – ОТМШР) есептеу кезінде қолданылатын қайта өтіну ықтималдылығын анықтау бойынша негіздеме;

      сақтандыру резервтерін қалыптастыру кезінде көзделмеген жасалған сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша қосымша тәуекелдерді есептеу күніне туындауына байланысты сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы міндеттемелері сомасының негіздемесі және есебі;

      шығындар резервтерінің барабарлығына, оның ішінде әрбір сақтандыру сыныбы бойынша жеке-жеке және жалпы алғанда сақтандыру портфелі бойынша соңғы 12 (он екі) айдағы деректер негізінде ретроспективті талдауға жүргізілген тест нәтижелері;

      сақтандыру резервтерінің жеткіліктілігі (жеткіліксіздігі) туралы қорытындылар және сақтандыру резервтері жеткіліксіз болған жағдайда жеткіліксіздік себептерін талдау;

      сақтандыру сыйлықақыларының 80 (сексен) пайызынан астам беру көзделетін қайта сақтандыру шарттары бойынша қайта сақтандырушының сақтандыру резервтеріндегі үлесін қалыптастырған кезде – Талаптардың 53-тармағында көзделген, өкілеттіктеріне қайта сақтандыру бөлімшесінің мәселелеріне жетекшілік ету кіретін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басшы қызметкері қол қойған қайта сақтандырушының (қайта сақтандырушылардың) растауының болуы туралы қайта сақтандыру бөлімшесінің қорытындысы;

      сақтандыру резервтерін және қайта сақтандырушының сақтандыру резервтеріндегі үлесін есептеу кезінде актуарий пайдаланған өзге болжамдар мен жорамалдар, сондай-ақ актуарийдің пікірі бойынша негіздемеде көрсету үшін қажет мәліметтер болады.";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қалыптастыруы міндетті сақтандыру резервтері мыналарды қамтиды:

      1) еңбек сіңірілмеген сыйлықақылар резерві (бұдан әрі – ЕСР) – есептеу күнінен кейінгі сақтандыру қорғаудың қолданысы кезеңіне қатысты, келесі есепті кезеңдерде туындауы мүмкін төлемдерді қамтамасыз ету жөніндегі міндеттемелерді орындауға арналған сақтандыру (қайта сақтандыру) шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысының (жарналарының) бөлігі (еңбек сіңірілмеген сыйлықақы);

      2) орын алмаған шығындар резерві (бұдан әрі - ОАШР) – сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының есептеу күні орын алмаған сақтандыру жағдайлары бойынша сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі міндеттемелері;

      3) шығындар резервтері:

      ОМШР – сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының есепті кезеңде немесе оның алдындағы кезеңдерде орын алған, басталуы фактісі туралы Қазақстан Республикасының заңында немесе шартта белгіленген тәртіппен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымымен есепті кезеңде немесе оның алдындағы кезеңдерде мәлімделмеген сақтандыру жағдайларына байланысты туындаған шығындарды реттеу бойынша шығыстарды қоса алғандағы сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі міндеттемелерінің бағалауы болып табылады;

      мәлімделген, бірақ реттелмеген шығындар резерві (бұдан әрі - МРШР) – сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының есеп беру күніне шығындарды реттеуге шығыстарды қоса алғандағы сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру бойынша орындалмаған немесе толық орындалмаған міндеттемелерінің бағалауы болып табылады.";

      11-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11-1. Полистер бойынша шығындылық коэффициенті сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша еңбек сіңірілген сақтандыру сыйлықақыларына келтірілген шығын шамасының, оның ішінде шығынды реттеу бойынша, тиісті қаржы жылында күшіне енген аталған сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша шығыстың қатынасы ретінде есептеледі.

      Полистер бойынша шығындылық коэффициентін есептеу кезінде шығындарды реттеу жөніндегі шығыстарды қоса алғанда, келтірілген залалдар және еңбек сіңірілген сақтандыру сыйлықақылары есепті күнге дейін аяқталған қаржы жылдары бойынша ескеріледі.

      Сақтандыру резервтерін есептеу кезінде қолданылатын полистер бойынша шығындылық коэффициентін есептеу кезінде актуарий қажет болған жағдайда сақтандыру (қайта сақтандыру) шарты бойынша ірі болып табылатын шығынды түзету жүргізеді.";

      14 және 15-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру сыныбы бойынша ОМШР екі бөліктен тұрады және мынандай формула бойынша айқындалады:

      ОМШР = ОӘМШР + ОТМШРУ, мұнда:

      ОӘМШР Талаптардың 11-тармағында көрсетілген актуарлық әдістермен есептеледі. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру сыныбы бойынша қызметін 3 (үш) жылдан кем жүзеге асырған не Талаптардың 11-тармағында көрсетілген әдістермен ОӘМШР есептеу үшін деректер жеткіліксіз болған жағдайда, ОӘМШР есептеу күнінің алдындағы соңғы он екі айда күшіне енген осы сынып бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары және сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарына қосымша келісімдер бойынша есептелген сақтандыру сыйлықақы сомасының 5 (бес) пайызынан кем емес болады.

      Актуарий шығын келтірілгенде сақтандырушының міндеттемелерін бөлген жағдайда актуарлық әдістермен ОӘМШР есептеген кезде Талаптарға 9-қосымшаға сәйкес Тізбекті баспалдақ әдісі бойынша инфляцияға түзетусіз орын алған, бірақ мәлімделмеген шығындар резервін есептеудің жинақталған шығындар кестесі Талаптарға 12-қосымшаға сәйкес Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының міндеттемелерін бөлудің Келтірілген шығындар негізінде жинақталған шығындар кестесіне сәйкес мәлімделген, бірақ реттелмеген шығындардың және жинақталған шығындар үшбұрышын жасау үшін пайдаланатын шығындар басталған әр кезең аяғында жинақталған төлемдер шамасын (төленген шығындар) қосу арқылы құрылады.

      Актуарий шығын келтірілгенде сақтандырушының міндеттемелерін бөлген кезде актуарлық әдістермен ОӘМШР есептеген кезде Талаптарға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Тізбекті баспалдақ әдісі бойынша инфляцияға түзетумен орын алған, бірақ мәлімделмеген шығындар резервін есептеуінің Өткен кезеңдердегі инфляцияға түзетумен жинақталған шығын кестесі Талаптарға 12-қосымшаға сәйкес Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының міндеттемелерін бөлудің Келтірілген шығындар негізінде жинақталған шығындар кестесіне сәйкес мәлімделген, бірақ реттелмеген шығындардың және жинақталған шығындар үшбұрышын жасау үшін пайдаланатын шығындар басталған әр кезең аяғында жинақталған төлемдер шамасын (төленген шығындар) қосу арқылы құрылады.

      Актуарий шығын келтірілгенде сақтандырушының міндеттемелерін бөлген кезде актуарлық әдістермен ОӘМШР есептеу кезінде Талаптарға 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Борнхьюттера-Фергюсон (Bornhuetter-Ferguson) әдісімен орын алған, бірақ мәлімделмеген шығындар резервін есептеуінің жинақталған шығындар кестесі Талаптарға 12-қосымшаға сәйкес Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының міндеттемелерін бөлудің Келтірілген шығындар негізінде жинақталған шығындар кестесіне сәйкес мәлімделген, бірақ реттелмеген шығындардың және жинақталған шығындар үшбұрышын жасау үшін пайдаланатын шығындар басталған әр кезең аяғында жинақталған төлемдер шамасын (төленген шығындар) қосу арқылы құрылады;

      ОТМШР - КЕЖЖ дәрежесін белгілеуге және Азаматтық кодекстің 940-бабына сәйкес қызметкердің қайтыс болуы салдарынан залал шеккен адамдарға зиянды өтеуге байланысты сақтандыру төлемі жүзеге асырылған пайда алушылар бойынша есептеледі.

      ОТМШР сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша КЕЖЖ дәрежесін ұзартуға (қайта куәландыруға) және Азаматтық кодекстің 940-бабына сәйкес қызметкердің қайтыс болуы салдарынан залал шеккен адамдарға зиянды өтеуге байланысты күтілетін міндеттемелерді бағалау мақсатында қалыптасады.

      ОТМШР КЕЖЖ дәрежесі белгіленген және ол бойынша қайта ұзарту (қайта куәландыру) күтілетін әрбір пайда алушы бойынша жеке айқындалатын КЕЖЖ дәрежесін ұзартуға (қайта куәландыруға) байланысты және Азаматтық кодекстің 940-бабына сәйкес қызметкердің қайтыс болуы салдарынан залал шеккен адамдарға зиянды өтеуге байланысты болжанып отырған төлем сомасына тең.

      ОТМШР есептеу Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6156 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010 жылғы 1 наурыздағы № 28 қаулысымен бекітілген Аннуитет шарты бойынша аннуитеттік төлемдерді есептеу ережесіне және аннуитет шарты мен сақтандырушының жасалатын аннуитет шарттары бойынша істі жүргізуге арналған шығыстарының жол берілетін деңгейіне қойылатын талаптарға сәйкес жүзеге асырылады.

      Әрбір пайда алушы бойынша болжанған төлемдерді бағалау мақсатында КЕЖЖ дәрежесін белгілеу мерзімін ұзарту, 100 (жүз) пайыз төлемді жүзеге асыру ықтималдылығымен "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген зейнетақы жасына жеткенге дейін жүзеге асырылады.

      Болжанған төлемдерді бағалау мақсатында ОТМШР 100 (жүз) пайыз ықтималдылығымен Азаматтық кодекстің 940-бабына сәйкес қызметкердің қайтыс болуы салдарынан залал шеккен адамдарға зиянды өтеуге құқығы бар әрбір адам бойынша қалыптастырылады.

      Егер сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына пайда алушының КЕЖЖ дәрежесін қайта ұзартуға (қайта куәландыруға) байланысты аннуитет шартын жасасу жөніндегі өтініш аннуитет шартының қолданылу мерзімі өткеннен кейін 2 (екі) жыл ішінде түспесе және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы:

      1) аннуитет шартының қолданылу мерзімі өткеннен кейін пайда алушының КЕЖЖ дәрежесін ұзарту (қайта куәландыру) туралы ақпараты болмаса, онда актуарий қажет болған жағдайда ОТМШР есебінен пайда алушы бойынша болжанатын төлемдердің келтірілген сомасын алып тастайды;

      2) аннуитет шартының қолданылу мерзімі өткеннен кейін пайда алушының КЕЖЖ дәрежесін ұзарту (қайта куәландыру) туралы ақпаратқа ие болса, онда актуарий болжанатын төлемдерді бағалауды пайда алушының кәсіби пайымын негізге ала отырып, актуарий есептеген қайта өтінішінің ықтималдығын ескере отырып жүзеге асырады.

      Қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы заңға сәйкес жасалған сақтандыру шарттары бойынша міндеттемелерді қайта сақтандыруға қабылдаған және (немесе) берген кезде қайта сақтанушы Қазақстан Республикасының резиденті-қайта сақтандырушыға қайта сақтандыру шартында және (немесе) делдалдар арқылы жасалатын шартта сондай өлшемдерді көрсете отырып, ОТМШР есептеу кезінде қолданылатын резервтік базис өлшемдерін ұсынады.

      Қазақстан Республикасының резидент-қайта сақтандырушысы ОТМШР есептеу кезінде қолданатын резервтік базис өлшемдерінің мәні Қазақстан Республикасының резиденті-қайта сақтандырушының резервтік базисі қайта сақтанушының резервтік базисіне қарағанда консервативті болып табылатын жағдайды қоспағанда, қайта сақтанушының ОТМШР есептеу кезінде қолданатын резервтік базис өлшемдерінің мәніне сай келеді.

      15. Актуарий актуарлық әдістермен ОМШР және (немесе) ОӘМШР есептеу кезінде шығындардың даму факторларын теңестіру мақсатында, қажет болған жағдайда, сақтандыру (қайта сақтандыру) шарты бойынша ірі болып табылатын шығындарды түзетуді жүргізеді.";

      21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "МРШР қайсы күн ертерек басталуына орай сақтанушының (сақтандырылушының, пайда алушының) сақтандыру оқиғасы және (немесе) сақтандыру жағдайы басталғаны туралы және (немесе) сақтандыру төлемін жүзеге асыру туралы өтінішін алған күннен бастап, қайсы күн ертерек басталуына орай сақтандыру төлемін жүзеге асыру не сақтандырушының сақтандыру төлемін жүзеге асырудан бас тарту туралы шешім шығару не сақтанушының сақтандыру төлемін алудан жазбаша бас тарту күніне дейін әрбір мәлімделген, бірақ реттелмеген шығын бойынша жеке қалыптастырылады.

      Мәлімделген, бірақ реттелмеген шығын бойынша Талаптардың 25-тармағында белгіленген МРШР қалыптастыру үшін негіздер болмаған жағдайда сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сақтанушының (сақтандырылушының, пайда алушының) сақтандыру оқиғасы және (немесе) сақтандыру жағдайы басталғаны туралы және (немесе) сақтандыру төлемін жүзеге асыру туралы өтінішін алған күннен бастап 3 (үш) жыл өткен соң мемлекеттік білім беру сақтандыру жүйесі шеңберінде өмірді сақтандыру шарты бойынша қалыптастырылған МРШР қоспағанда, МРШР-ды есептен шығаруға құқылы.";

      33 және 34 тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "33. Резервтік базис өлшемдерінің мәні резервтік базис тарифтік базиске қарағанда консервативті болып табылғандағы жағдайды қоспағанда, тарифтік базистің өлшемдерінің мәнімен сәйкес келеді.

      Резервтік базис тарифтік базиске қарағанда консервативті болып табылған жағдайда:

      резервтік базистің жылдық тиімді пайыздық мөлшерлемесі, тарифтік базистің жылдық тиімді пайыздық мөлшерлемесіне қарағанда аз;

      резервтік базистің өмірді сақтандыру шарттары бойынша өлім-жітім, ауру, мүгедектік кестесінің коэффициенттері тарифтік базистің барлық жас ерекшеліктері бойынша тиісті кестесінің коэффициенттерінен жоғары;

      резервтік базистің аннуитеттік сақтандыру шарттары бойынша өлім-жітім, науқастық, мүгедектік кестесінің коэффициенттері тарифтік базистің барлық жас ерекшеліктері бойынша тиісті кестесінің коэффициенттерінен төмен;

      резервтік базистің әкімшілік шығыстарының мөлшерлемесі тарифтік базистің тиісті мөлшерлемесінен асады;

      резервтік базистің индекстеу мөлшерлемесі тарифтік базистің индекстеу мөлшерлемесінен жоғары.

      Осы тармақ мыналарға:

      2011 жылғы 1 қаңтарға дейін Қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы заңға сәйкес жасалған аннуитет шарттарына;

      2015 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған "өмірді сақтандыру" саласы бойынша басқа да шарттарға қолданылмайды.

      Осы тармақтың жылдық тиімді пайыздық мөлшерлемесі бөлігіндегі күші мемлекеттік білім беру сақтандыру жүйесі шеңберінде өмірді сақтандыру шарты бойынша қолданылмайды.

      34. Білім беруді жинақтап сақтандыру шартын қоспағанда, қолданыстағы барлық шарттар бойынша сақтандыру резервтерін есептеген кезде актуарий:

      1) егер сақтандыру валютасы шетел валютасы болып табылса 4 (төрт) пайыздан;

      2) егер 2023 жылдың 1 қаңтарына дейін жасалған шарттар бойынша сақтандыру валютасы ұлттық валюта болып табылса 6 (алты) пайыздан аспайтын жылдық тиімді пайыздық мөлшерлемесін пайдаланады.

      3) егер 2023 жылдың 1 қаңтарынан кейін жасалған шарттар бойынша сақтандыру валютасы ұлттық валюта болып табылса 8 (сегіз) пайыздан аспайтын жылдық тиімді пайыздық мөлшерлемесін пайдаланады.

      Мемлекеттік білім беру сақтандыру жүйесі шеңберінде өмірді сақтандыру шарты бойынша сақтандыру резервтерін есептеу үшін пайдаланылатын тиімді жылдық пайыздық мөлшерлеме 2 (екі) пайыздан аспайтын тарифтік базистің тиімді жылдық пайыздық мөлшерлемесіне тең және 10 (он) пайыздан аспайды.

      Мемлекеттік білім беру сақтандыру жүйесі шеңберінде өмірді сақтандыру шарты бойынша сақтандыру резервтерін есептеу үшін консервативтік тәсілді пайдаланған кезде резервтік базистің жылдық тиімді пайыздық мөлшерлемесі тарифтік базистен төмен болады.";

      мынадай мазмұндағы 38-1-тармақпен толықтырылсын:

      "38-1. Мемлекеттік білім беру сақтандыру жүйесі шеңберінде Талаптардың 38-тармағына сәйкес есептелген өмірді сақтандыру шарты бойынша МШР оны инвестициялаудан түскен кірісті есепке алумен мемлекеттің есептеген сыйлықақысының сомасына ұлғайтылады.".

  Өзгерістер мен толықтырулар
енгізілетін
Қазақстан Республикасының
сақтандыру нарығын реттеу
мәселелері бойынша
нормативтік құқықтық актілері
тізбесіне
1-қосымша
Көлік құралдары иелерінің
азаматтық-құқықтық
жауапкершілігін міндетті
сақтандыру бойынша
сақтандыру сыйлықақысын
есептеу үшін "бонус-малус"
жүйесі бойынша есептеу
және коэффициентті
қолдану қағидаларына
қосымша

Сақтандыру мерзімі аяқталғаннан кейін тиісті сынып бере отырып "бонус-малус" жүйесі бойынша коэффициенттер:

Сақтандыру мерзімі басындағы сыныбы Коэффициент мөлшері Сақтанушының (сақтандырылған тұлғаның) кінәсінен сақтандыру жағдайының болуын есепке алғанда сақтандыру мерзімі аяқталғандағы сыныбы
сақтандыру жағдайы 0 сақтандыру жағдайы 1 сақтандыру жағдайы 2 сақтандыру жағдайы 3 сақтандыру жағдайы 4 және одан көп
1 2 3 4 5 6 7

М сыныбы

2,45

0

М

М

М

М

0-сынып

2,30

1

М

М

М

М

1-сынып

1,55

2

М

М

М

М

2-сынып

1,40

3

1

М

М

М

3-сынып

1,00

4

1

М

М

М

4-сынып

0,95

5

2

1

М

М

5-сынып

0,90

6

3

1

М

М

6-сынып

0,85

7

4

2

М

М

7-сынып

0,80

8

4

2

М

М

8-сынып

0,75

9

5

2

М

М

9-сынып

0,70

10

5

2

1

М

10-сынып

0,65

11

6

3

1

М

11-сынып

0,60

12

6

3

1

М

12-сынып

0,55

13

6

3

1

М

13-сынып

0,50

13

7

3

1

М

  Өзгерістер мен толықтырулар
енгізілетін
Қазақстан Республикасының
сақтандыру нарығын реттеу
мәселелері бойынша
нормативтік құқықтық актілері
тізбесіне
2-қосымша
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2018 жылғы 27 тамыздағы
№ 191 қаулысына
1-қосымша

Актуарийлерді оқытудың ең қысқа міндетті бағдарламасы

      1. Актуарийлерді оқытудың ең төменгі міндетті бағдарламасы мына алты курстан тұрады:

      1-курс. Мынадай тақырыптарды қамтитын өмірді сақтандырудағы пайыздық мөлшерлемелер мен кездейсоқ процестер теориясы:

      қарапайым және күрделі пайыздардың негіздері;

      қаржы аннуитеттері;

      қарыздар және оларды өтеу кестелері;

      борыштық бағалы қағаздар;

      өмір сүру кестесі;

      сақтандыру аннуитеттері;

      жеке өмірді сақтандыру теориясы;

      бірлескен өмірді сақтандыру теориясы;

      зейнетақы сақтандыру.

      2-курс. Мынадай тақырыптарды қамтитын актуарлық қағидаттар және олардың көшірмелері:

      пайыздық мөлшерлеме теориясын практикалық қолдану;

      сақтандыру аннуитеттерін актуарлық бағалау;

      өмірді сақтандыру: өнімді әзірлеу, маркетинг және андеррайтинг негіздері;

      резервтерді бағалау және өмірді сақтандырудағы капитал бойынша ең төменгі талаптар;

      өмірді сақтандыру өнімдерінің табыстылығын талдау және бағалау;

      жалпы сақтандыру: сақтандыру өнімдері, баға белгілеу және резервтерді бағалау негіздері;

      қайтыс болу және еңбекке қабілетінен айырылу жағдайына ұжымдық сақтандыру: сақтандыру бағдарламалары, үлкен және шағын топтардың андеррайтинг негіздері, баға белгілеу және резервтерді бағалау негіздері;

      ұжымдық медициналық сақтандыру: сақтандыру өтеулердің түрлері, басқарылатын медициналық бағдарламалар, баға белгілеу және резервтерді бағалау негіздері;

      қайта сақтандыру;

      зейнетақы бағдарламалары және әлеуметтік қамсыздандыру;

      сақтандыру экономикасына шолу;

      инвестицияларды басқару негіздері.

      3-курс. А және В бөлігін қамтитын жалпы сақтандыру және қайта сақтандыру.

      А бөлігі. Жалпы сақтандыруда актуарлық модельдер мынадай тақырыптарды қамтиды:

      пайдалылық теориясы және сақтандыру экономикасы;

      жеке тәуекелдер теориясы;

      ұжымдық тәуекелдер теориясы;

      шығын модельдері;

      ықтимал шығындарды бөлу сипаттары;

      ықтимал шығындарды бөлуді бағалау;

      сенімділік теориясы.

      В бөлігі. Жалпы сақтандыру және қайта сақтандыру мынадай тақырыптарды қамтиды:

      жалпы сақтандыру түрлері, сақтандыру өнімдері, тәуекел факторлары және андеррайтинг, сақтандыруды өтеу бойынша шектеулер;

      баға белгілеу, сақтандыру сыйлықақыларын түзету әдістері;

      тәуекел топтарын жіктеу және сақтандыру сыйлықақыларының мөлшерлемелерін саралау;

      резервтерді бағалау: деректерді жинау және ұйымдастыру, резервтерді бағалаудың базалық және арнайы әдістері;

      қайта сақтандыру бағдарламалары қағидаттары мен түрлері;

      жалпы сақтандыруда қайта сақтандыру бағдарламасын таңдау.

      4-курс. А және В бөліктерін қамтитын өмір мен денсаулықты сақтандыру.

      А бөлігі. Өмірді сақтандыруда актуарлық модельдер мынадай тақырыптарды қамтиды:

      актуарлық бақылау циклі;

      өмірді сақтандыру өнімдерінің түрлері, өнімдерді әзірлеу, андеррайтинг, бизнес-ортаның әсері, тәуекел факторлары, тәуекел-менеджмент;

      өмірді сақтандыруда актуарлық модельдеу қағидаттары;

      стратегия және баға белгілеу әдістері;

      кірістілікті талдау және тестілеу;

      өмірді сақтандыруда салық салу;

      өлім-жітім кестелерін құру.

      В бөлігі. Резервтерді бағалау және өмірді сақтандыруда капитал бойынша талаптар, өмірді ұжымдық сақтандыру, медициналық сақтандыру мынадай тақырыптарды қамтиды.

      өмірді сақтандыруда резервтерді бағалау әдістері;

      капитал бойынша талаптар;

      инвестициялар;

      активтер мен міндеттемелерді басқару;

      төлем қабілеттілігі және капиталдың жеткіліктілігін бағалау;

      пайданы бөлу;

      қаржылық есептілік;

      нақты тәжірибені ескере отырып, мониторингтеу және түзетулер;

      қайтыс болу және еңбек ету қабілетінен айырылу жағдайында ұжымдық сақтандыру: тәуекел факторлары, андеррайтинг, баға белгілеу және резервтерді бағалау;

      жеке және ұжымдық медициналық сақтандыру: андеррайтинг, баға белгілеу және резервтерді бағалау;

      қайта сақтандыру;

      актуарий жұмысындағы кәсібилік мәселелері.

      5-курс. А және В бөліктерін қамтитын зейнетақымен қамсыздандыру және әлеуметтік сақтандыру.

      А бөлігі. Зейнетақы бағдарламалары мен әлеуметтік қамсыздандыру бағдарламаларын бағалаудың актуарлық әдістері мынадай тақырыптарды қамтиды:

      зейнетақы бағдарламаларына шолу, зейнетақы кірісі деңгейінің салыстырмалы және абсолютті стандарттары;

      әкімшілендіру түрі бойынша бағдарламалардың түрлері (мемлекеттік, корпоративтік, жеке);

      зейнетақы бағдарламаларының әртүрлі дизайндары (белгіленген төлемдермен, белгіленген жарналармен, гибридтермен);

      қаржыландыру әдісі бойынша бағдарламалардың түрлері (ортақ, жинақтаушы, гибридтік);

      белгіленген төлемдер мен жарналар бар бағдарламалардың артықшылықтары мен кемшіліктері, тәуекел факторлары, тәуекелдерді бағалау, бағдарламаның дизайны, бағдарламаны таңдау өлшемшарттары;

      корпоративтік зейнетақы бағдарламаларының түрлері,

      белгіленген төлемдермен зейнетақы бағдарламаларын қаржыландыруға аударымдар мөлшерін бағалаудың актуарлық әдістері;

      белгіленген төлемдермен зейнетақы бағдарламаларын актуарлық бағалау процесінің кезеңдері (бағалау өлшемдерін айқындау; деректерді жинау, талдау және келісу; актуарлық жол берулер; бағалау; сезімталдықты талдау, есептілік);

      белгіленген төлемдері бар корпоративтік зейнетақы бағдарламалары бойынша қаржылық есептілікке қойылатын талаптар;

      белгіленген жарналармен зейнетақы жоспарлары бойынша төлемдерді актуарлық бағалау;

      зейнетақы активтерін инвестициялау;

      әлеуметтік қамсыздандыру жүйелерінің қағидаттары мен типтері, зейнетақы кірісі мөлшерінің реттеуші формуласы және ауыстыру коэффициенті, бағдарламаның дизайны (бағдарламаның шарттары мен өлшемдері);

      мемлекеттік әкімшілендірумен зейнетақы бағдарламаларын қаржыландырудың әртүрлі әдістерінің артықшылықтары мен кемшіліктерін салыстырмалы талдау;

      реттеуші, қаржылық және макроэкономикалық өлшемдердің болжамдарын, халықтың және еңбек ресурстарының серпінін пайдалана отырып, әлеуметтік қамсыздандыру бағдарламаларын қаржыландыру құнын актуарлық бағалау;

      Монте-Карло әдісін қолдану экономикалық жүйелердің тәуекелдерін модельдеу.

      В бөлігі. Актуарлық бағалауда пайдаланылатын өлшемдерді эконометриялық модельдеу негізінде макроэкономикалық болжау мынадай тақырыптарды қамтиды:

      желілік регрессиялық модель;

      бір теңдеу моделін қолдана отырып болжау;

      үлестірілген лагы бар модельдер;

      сызықтық емес бағалау және максималды ықтималдылық әдісі;

      бірлескен теңдеулер жүйесін қолдана отырып бағалау;

      уақыт қатарларын талдау: уақыт қатарларын тегістеу және экстраполяция;

      стохастикалық уақыт қатарлары;

      сызықтық уақыт қатарлары;

      уақыт қатарларының модельдерін қолдана отырып бағалау және болжау.

      6-курс. Сақтандыру ұйымдары мен зейнетақы қорлары: А және В бөліктерін қамтитын қаржыландыру және инвестициялау.

      А бөлігі. Сақтандыру ұйымдары мен зейнетақы қорлары: қаржыландыру және инвестициялау мынадай тақырыптарды қамтиды:

      инвестициялық қызметтегі этикалық және кәсіби стандарттар;

      инвестицияларды бағалаудың сандық әдістері;

      микроэкономика негіздері;

      макроэкономика негіздері және макроэкономикалық факторлар мен мемлекеттік реттеудің қор нарықтарына әсері;

      қаржылық есептілік және қаржы-шаруашылық қызмет нәтижелерін қаржылық талдау;

      корпоративтік қаржы негіздері;

      инвестиция түрлері: акциялар, тұрақты кірісі бар бағалы қағаздар, валюта нарығының құралдары, туынды құралдар, балама инвестициялық құралдар;

      инвестициялар портфелін басқару және қаржы ресурстарын жоспарлау:

      тәуекел және кірістілік;

      сақтандыру ұйымдарының, зейнетақы қорларының, әлеуметтік сақтандырудың трасттық қорларының активтері мен инвестициялары;

      сақтандыру ұйымдарының инвестициялық тәуекелдері;

      сақтандыру ұйымдары үшін қаржылық жоспарлау: активтер мен міндеттемелер арасындағы арақатынас;

      В бөлігі. Сақтандырудағы мемлекеттік реттеу және қаржылық есептілік мынадай тақырыптарды қамтиды:

      сақтандыру ұйымдарының қаржылық есептілігі;

      ерте ден қою коэффициенттерін пайдалана отырып қаржылық талдау;

      сақтандыру ұйымдары үшін қаржылық жоспарлау: активтер мен міндеттемелер арасындағы арақатынас;

      тәуекелді бағалау негізінде сақтандыру ұйымдарын капиталдандыруға қойылатын талаптар;

      сақтандырудағы қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттары;

      Еуропалық Одақтың I төлем қабілеттілігі және II төлем қабілеттілігі жүйелеріне шолу;

      сақтандыруды қадағалаудың халықаралық қағидаттары;

      тәуекелді бағалау негізінде сақтандыруды қадағалау жүйесінің қағидаттары, мақсаттары, сипаттамалары және артықшылықтары;

      сақтандыру саласын пруденциялық реттеудегі актуарийлердің рөлі;

      Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі, салық салу, сақтандыру нарығындағы бухгалтерлік есеп туралы заңнамасы.

      2. Осы сақтандыру ұйымдарына қатысты қолданылатын Актуарийлерді оқытудың ең қысқа міндетті бағдарламасының ережелері "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, Қазақстан Республикасының аумағында ашылған Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру ұйымдарының филиалдарына қолданылады.

      3. Актуарийлерді оқытудың ең қысқа міндетті бағдарламасы бойынша оқыту (емтихандар) кестесін халықаралық актуарлық қауымдастығының мүшесі болып табылатын ұйым өзінің ресми интернет-ресурсында оқыту басталғанға дейін (емтихан күні) кемінде үш ай бұрын жариялайды.

      4. Актуарийлерді оқытудың ең қысқа міндетті бағдарламасының курстарын тыңдаған және (немесе) табысты тапсырған адамдар туралы өзекті ақпаратты халықаралық актуарлық қауымдастығының мүшесі болып табылатын ұйым сақтайды және оның ресми интернет-ресурсында жарияланады.

  Өзгерістер мен толықтырулар
енгізілетін
Қазақстан Республикасының
сақтандыру нарығын реттеу
мәселелері бойынша
нормативтік құқықтық
актілерінің тізбесіне
3-қосымша
Актуарийдің біліктілігін
растауға қойылатын талаптарға
1-қосымша

Кәсіби даму бағдарламасы

Қызмет бағыты Балл саны

1

Шетел басылымында актуарлық қызмет жөнінде мақала жариялау

600

2

Мерзімді баспасөз басылымдарында актуарлық қызмет жөнінде мақала жариялау

500

3

Халықаралық актуарийлер конгресіне қатысу

1000

4

Актуарлық қызмет жөніндегі халықаралық конференцияға, шетелдегі семинарға қатысу

800

5

Қаржылық қызмет жөніндегі халықаралық конференцияға, шетелдегі семинарға қатысу

700

6

Актуарлық қызмет жөніндегі республикалық конференцияға, семинарға қатысу

600

7

Қаржылық қызмет жөніндегі республикалық конференцияға, семинарға қатысу

400

8

Актуарлық қызмет жөніндегі семинарға, шетелдердегі оқуға қатысу

500

9

Сақтандыру қызметі жөніндегі семинарға, шетелдердегі оқуға қатысу

400

10

Актуарлық қызмет бойынша Қазақстан Республикасының аумағында немесе шетелде семинарларға, вебинарларға, мастер-класстарға, онлайн оқытуға қатысу

200

11

Қазақстан Республикасының аумағында немесе шетелде сақтандыру қызметі бойынша семинарларға, вебинарларға, мастер-класстарға, онлайн оқытуға қатысу

150

12

Актуарлық пәндер бойынша оқытушылық қызметті жүзеге асыру (семестрдегі)

800

13

SOA (Society of Actuaries (Сосайити оф Актуариес)) (USA), CAS (Casualty Actuarial Society (Кэжуалти Актуариал Сосайити)) (USA), Institute and Faculty of Actuaries (Институт оф Актуариес) (United Kindom), Actuaries Institute (Актуариал Институт) (Australia), Canadian Institute of Actuaries (Канэйдиан Институт оф Актуариес) (Canada), CFA (Chartered Financial Analyst (Чартеед Файнаншл Аналист)), FRM (Financial Risk Manager) ( Файнаншл риск менеджер) актуарлық емтихандардың бірін ойдағыдай тапсыру

1200

14

"Актуарий" мамандығы бойынша магистерлік диссертациялардың жетекшісі ретіндегі қызметті жүзеге асыру

500

15

Қазақстан Республикасының аумағында немесе шетелде семинарларға, вебинарларға, мастер-класстарға, онлайн оқытуға оқытушы ретінде қатысу

600

  Өзгерістер мен толықтырулар
енгізілетін
Қазақстан Республикасының
сақтандыру нарығын реттеу
мәселелері бойынша
нормативтік құқықтық
актілерінің тізбесіне
4-қосымша
Актуарлық қызметті жүзеге
асыру құқығына лицензия
беру қағидаларына
1-қосымша

"Актуарлық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы

Актуарлық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрлерінің атауы

Актуарлық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру
Лицензияның телнұсқасын алу
Лицензияны қайта ресімдеу

1

Уәкілетті органның атауы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (әрі қарай – уәкілетті орган)

2

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері (қол жеткізу арналары)

Барлық кіші түрлер бойынша:
"Электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал).

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

лицензияны берген кезде - жиырма жұмыс күні ішінде
лицензияны қайта ресімдеген кезде - үш жұмыс күні ішінде;
лицензияның телнұсқаларын берген кезде – екі жұмыс күні ішінде.

4

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Барлық кіші түрлер бойынша:
Электрондық (толығымен автоматтандырылған)

5

Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі

Кіші түрлер бойынша:
1) актуарлық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру - актуарлық қызметті жүзеге асыруға лицензия;
2) лицензияның телнұсқасын алу - актуарлық қызметті жүзеге асыруға лицензия;
3) лицензияны қайта ресімдеу - актуарлық қызметті жүзеге асыруға лицензия.
Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы негізді жауап.

6

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны өндіріп алу тәсілдері

Кіші түрлер бойынша:
1) актуарлық қызметті жүзеге асыру құқығына лицензия берілгені үшін лицензиялық алым 10 (он) айлық есептік көрсеткішті құрайды;
2) лицензияны қайта ресімдеу үшін лицензиялық алым лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 10 (он) пайызын құрайды;
3) лицензияның телнұсқасын беру үшін лицензиялық алым лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 100 (жүз) пайызын құрайды.
Лицензиялық алымды төлеу екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол ақшамен немесе қолма-қол ақшасыз нысанда, сондай-ақ "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы қолма-қол ақшасыз нысанда жүзеге асырылады.

7

Жұмыс кестесі

Жұмыс кестесі:
1) портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталған соң, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының заңына (бұдан әрі – Мерекелер туралы заң) сәйкес демалыс және мереке күндері өтініш білдірген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
2) уәкілетті орган – Кодекске және Мерекелер туралы заңға сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбіден жұмаға дейін 9.00-ден 18.30-ға дейін.

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін өтініш берушіден талап етілетін құжат мен мәліметтердің тізбесі

Актуарлық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру үшін:
1) Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжаттың электрондық көшірмесі (Республикасының бейрезидент – жеке тұлғалары үшін);
3) жоғары білімі туралы дипломның нотариаттық куәландырылған көшірмесі (электрондық көшірмесі ұсынылады;
4) "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы төлем жағдайларын қоспағанда, лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
5) халықаралық актуарийлер қауымдастығының мүшесі болып табылатын ұйым және (немесе) университет берген, "Актуарий" мамандануы бойынша оқу бағдарламасы актуарийлерді оқытудың ең төменгі міндетті бағдарламасына сәйкес келетін және өтініш берушінің актуарийлерді оқытудың қазіргі таңдағы ең төменгі міндетті бағдарламасында көзделген курстар бойынша оқытудан өткенін және емтихандарды табысты тапсырғанын куәландыратын құжаттардың электрондық көшірмесі. және (немесе) емтихан тапсырудың электрондық көшірмесі: "Актуарий" мамандануы бойынша іскерлік әкімшілендіру магистрі дипломының (қосымшаларымен бірге) немесе "Актуарий" мамандануы бойынша "Қаржы" мамандығы бойынша экономика және бизнес магистрі дипломының оқу және емтихан тапсыру сәтінде қолданыстағы актуарийлерді оқытудың міндетті ең төмен бағдарламасына жататын әрбір курс бойынша кемінде сексен пайыз рейтингі бар дипломының көшірмесі;
6)
Қазақстан Республикасының бейрезидент жеке тұлғалары үшін - осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес бекітілген Халықаралық актуарийлер қауымдастықтарының тізбесіне және оларға қойылатын талаптарға сәйкес жеке басын куәландыратын құжаттың электрондық көшірмелері, актуарийдің мәртебесін және халықаралық актуарийлер қауымдастықтарында мүшелігін растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері;
7) өтініш берушінің лицензия алуға осы қаулыға
1-қосымшаға сәйкес бекітілген актуарийлерді оқытудың ең төменгі міндетті бағдарламасының талаптарына сәйкес келетін халықаралық емтихандарды тапсырғанын растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері (бар болса).
Осы қаулыға 1-қосымшада көзделген актуарийлерді оқытудың ең төменгі мiндеттi бағдарламасының мазмұнына енгізілген бөлімдердің ең төменгі тізбесін жабатын емтихандар халықаралық емтихандар болып танылады;
8) қаржы ұйымдарында, уәкілетті органда актуарлық зерттеулер және (немесе) актуарлық есептер жүргізу саласында кемінде бір жыл жұмыс тәжірибесінің болуын растайтын құжаттың электрондық көшірмесі.
Актуарлық қызметті жүзеге асыруға лицензия "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасының заңы (бұдан әрі – Заң) 40-бабының 3-тармағында көзделген талаптар сақталған жағдайда беріледі.
Лицензияның телнұсқасын алу үшін (егер бұдан бұрын берілген лицензия қағаз нысанында ресімделген болса):
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу.
Лицензияны қайта ресімдеу үшін:
1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
2) ақпараты мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған құжаттарды қоспағанда, лицензияны қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер туралы ақпараты бар құжаттардың электрондық көшірмелері.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға негіздер

Актуарлық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру:
1) ұсынылған құжаттардың Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келмеуі;
2) Заңның 60-бабы 1-тармағының 2-1), 2-2) және 3) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша лицензиядан айыру туралы деректердің болуы;
3) уәкілетті орган жүргізген тестілеудің теріс нәтижесі мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға негіз болып табылады.
4) "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге ұсынылатын келісімінің болмауы.
Лицензияны қайта ресімдеу:
уәкілетті орган мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағында көрсетілген құжаттар тиісінше ресімделмеген жағдайда, лицензияны қайта ресімдеуден бас тартады.

10

Мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар

Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары және мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында орналастырылған.
Өтініш берушінің мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", сондай-ақ бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
Порталда іркіліс не техникалық ақаулықтар анықталған жағдайда мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығына хабарласу қажет.
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777 немесе 1414.

  Өзгерістер мен толықтырулар
енгізілетін
Қазақстан Республикасының
сақтандыру нарығын реттеу
мәселелері бойынша
нормативтік құқықтық
актілерінің тізбесіне
5-қосымша
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2018 жылғы 29 қазандағы
№ 262 қаулысына
1-қосымша

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру портфелін беру қағидалары, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын лицензиядан айыру кезінде сақтандыру портфелін берудің ерекшеліктері

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру портфелін беру қағидалары, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын лицензиядан айыру кезінде сақтандыру портфелін берудің ерекшеліктері (бұдан әрі – Қағидалар) "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру портфелін беру тәртібін және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын лицензиядан айыру кезінде сақтандыру портфелін берудің тәртібі мен ерекшеліктерін айқындайды.

      2. Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

      1) әлеуетті сақтандырушы-алушы – сақтандыру портфелін қабылдауға мүдделілік танытқан сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы;

      2) сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесіне енгізілген сақтандырудың кепілдік берілетін сыныптары (түрлері) бойынша сақтандыру ұйымдары таратылған жағдайда сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерін төлеуге кепілдік беретін ұйым;

      3) сақтандыру портфелін беру – сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, уақытша әкімшіліктің сақтандыру портфелін беру сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша, оның ішінде қолданылу мерзімі өткен, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы міндеттемелерді өзіне алатын не сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша қабылданған тәуекелдер бойынша міндеттемелерінен тұратын сақтандыру портфелін беруі сақтанушылар (сақтандырылғандар, пайда алушылар, қайта сақтанушылар) алдындағы міндеттемелердің келешекте, берілетін сақтандыру сыныбы (сыныптары) бойынша лицензиясы бар басқа сақтандыру ұйымына (ұйымдарына) беруі;

      4) сақтандырушы-алушы – сақтандыру портфелін қабылдайтын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы;

      5) уақытша әкімшілік – уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын басқаруды қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыра отырып, мүліктің сақталуын қамтамасыз ету мақсатында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына берілген сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын лицензиядан айыру кезінде тағайындайтын орган;

      6) уәкілетті орган – қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган;

      7) уәкілетті тұлға (уәкілетті тұлғалар) – сақтандыру портфелін ішінара (бір немесе бірнеше сақтандыру сыныптары, қызмет түрі бойынша) немесе толық беру туралы шешім қабылдау құқығы бар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тұлғасы (тұлғалары).

      8) кепілдік берілетін сақтандыру сыныптары – "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес кепілдік берілетін сақтандыру сыныптары;

      9) сақтандырудың өзге сыныптары – кепілдік берілетін сақтандыру сыныптарынан өзге сыныптар.

      3. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру портфелін беруі мынадай жағдайларда жүзеге асырылады:

      1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының лицензиясынан сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акционерлерінің жалпы жиналысының шешімі және (немесе) уәкілетті органның шешімі негізінде сақтандырудың жекелеген сыныптарын және (немесе) қызмет түрін алып тастау;

      2) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акционерлерінің жалпы жиналысының шешімі негізінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру саласын өзгерту;

      3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акционерлерінің жалпы жиналысының шешімі негізінде сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыруға лицензияны ерікті түрде қайтару;

      4) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акционерлерінің жалпы жиналысының оны ерікті түрде тарату туралы шешім қабылдауы;

      5) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акционерлерінің жалпы жиналысының оны сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асырмайтын заңды тұлғаға ерікті түрде қайта ұйымдастыру туралы шешім қабылдауы;

      6) уәкілетті органның сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының кепілдік берілген сақтандыру сыныптары бойынша сақтандыру портфелін мәжбүрлеп беру туралы шешім қабылдауы;

      7) уәкілетті органның сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыруға арналған және (немесе) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын сақтандырудың жекелеген сыныптары бойынша лицензиядан айыру туралы шешім қабылдауы.

      4. Сақтандыру портфелін беру кезінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы:

      1) сақтандырудың кепілдік берілетін сыныптары бойынша сақтанушыларды (қайта сақтанушыларды) сақтандыру портфелін қабылдаған сақтандыру ұйымы (ұйымдары) туралы міндетті түрде хабардар ете отырып, сақтандыру портфелін басқа сақтандыру ұйымына (ұйымдарына) беруді жүзеге асырады;

      2) сақтандырудың өзге сыныптары бойынша сақтанушының (қайта сақтанушының) жаңа сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын таңдауға келісімі болған кезде сақтандыру портфелін басқа сақтандыру ұйымына (ұйымдарына) беруді немесе Заңның 37-1-бабы 4-тармағының талаптарына сәйкес хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде сақтанушының (қайта сақтанушының) сақтандыру портфелін беруге жазбаша қарсылығын алған жағдайда сақтанушымен (қайта сақтанушымен) сақтандыру (қайта сақтандыру) шартын бұзады;

      3) қайта сақтандыру бойынша - қайта сақтандыру бойынша лицензиясы бар басқа сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының (ұйымдарының) сақтандыру портфелін беруді қайта сақтанушының (цеденттің) осындай беруге келісімі болған кезде ғана жүзеге асырады.

      5. Сақтандыру портфелін Қағидалардың 3-тармағының 1)-5) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша беру сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының шешім қабылданған күнгі сақтандыру портфелі бойынша міндеттемелерді қамтамасыз ету үшін активтері жеткілікті болған кезде ғана мүмкін болады.

      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы активтерінің сақтандыру портфелін беру үшін жеткіліктілігі қабылданған міндеттемелерге сәйкес қалыптастырылған сақтандыру резервтерінің мөлшерін негізге ала отырып айқындалады.

      6. Сақтандыру портфелін беру туралы шешім еркін нысанда жазбаша түрде ресімделеді, оған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уәкілетті тұлғасы (уәкілетті тұлғалары) қол қояды.

      7. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акционерлері жалпы жиналысының Қағидалардың 3-тармағында көзделген шешімдерін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы шешім қабылданған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде уәкілетті органға жібереді.

      Уәкілетті органға жіберілген шешімге мыналар қоса беріледі:

      сақтандыру сыныптарының және (немесе) сақтандыру портфелі берілетін қызмет түрлерінің тізбесі;

      сақтандыру сыныптары және (немесе) қызмет түрі бойынша бөлінген сақтандыру портфелі бойынша беруге болжанатын міндеттемелердің мөлшері;

      баланста көрсетілген не бағалау (ол болған кезде) құнын көрсете отырып, сақтандыру портфелінің құрамында беру болжанатын активтердің тізбесі;

      сақтандыру портфелін беруді жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралардың орындалу мерзімдері көрсетілген тізбесі.

      8. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы уәкілетті органның жазбаша сұрау салуы бойынша сақтандыру портфелін беруге байланысты түсіндірмелер мен растайтын құжаттарды ұсынады.

2-тарау. Сақтандырушы - алушыны таңдау

      9. Сақтандырушы – алушыны таңдау мынадай өлшемшарттар бойынша жүзеге асырылады:

      1) уәкілетті органның сақтандыру портфелі берілетін сақтандыру сыныптарын және (немесе) қызмет түрін жүзеге асыруға лицензиясының (лицензияларының) болуы;

      2) сақтандыру портфелін алдағы қабылдауды ескере отырып, соңғы есепті күнге пруденциялық нормативтерді және сақталуға міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді және төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілігі нормативінің және келесі 2 (екі) жылға жоғары өтімді активтердің жеткіліктілігі нормативінің болжамды мәндерін (бұдан әрі – пруденциялық нормативтердің болжамды мәндері) орындау;

      3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру портфелін қабылдау ниеті туралы өтініш (бұдан әрі - өтініш) берген кезде уәкілетті орган қолданған қадағалап ден қоюдың қолданыстағы шараларының және (немесе) санкциялардың болмауы;

      4) сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесіне қатысу (кепілдік берілген сақтандыру сыныптары бойынша сақтандыру портфелін беру кезінде).

      10. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру портфелін қабылдау туралы ұсыныс хатты сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы әлеуетті сақтандырушы-алушыға ұсыныс хатты алғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей қарау және жауап беру мерзімімен жібереді.

      Ұсыныс хатта берілетін сақтандыру портфелі бойынша міндеттемелердің және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының активтерінің болжамды көлемі көрсетіледі.

      Ұсыныс хатқа еркін нысанда жасалған сақтандыру портфелін қабылдау мүмкіндігін қарауға байланысты алынған ақпараттың конфиденциалылығын сақтау және жария етпеу туралы келісім (міндеттеме) қоса беріледі.

      11. Сақтандыру портфелін қабылдау туралы ұсыныс хатты алған кезде сақтандырушылар-алушылар конфиденциалдылықты сақтау және сақтандыру портфелін қабылдау мүмкіндігін қарауға байланысты алынған ақпаратты жария етпеу туралы келісімге (міндеттемеге) қол қояды және оны сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына Қағидалардың 10-тармағында көрсетілген мерзімде жібереді.

      12. Ұсыныс хат алған сақтандырушы-алушының сұрау салуы бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сұрау салуды алған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күнінен кешіктірмей, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді жария етпеу туралы Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген талаптарды сақтай отырып, қосымша ақпарат береді.

      13. Қағидалардың 10-тармағының бірінші бөлігінде көзделген мерзім ішінде ұсыныс хат алған әлеуетті сақтандырушылар-алушылар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына жауап береді. Ұсыныс хатта көрсетілген шарттар қабылданған кезде сақтандырушы-алушы Қағидалардың 9-тармағында көзделген ақпаратты көрсете отырып және мынадай құжаттарды қоса бере отырып, еркін нысанда жасалған өтініш жібереді:

      1) әлеуетті сақтандырушы-алушы уәкілетті тұлғасының сақтандыру портфелін қабылдауы туралы шешімінің көшірмелері;

      2) сақтандыру портфелін алдағы қабылдауды ескере отырып, келесі 2 (екі) жылға арналған пруденциялық нормативтердің болжамды мәндері.

      14. Өтініштер жіберген және Қағидалардың 9-тармағының талаптарына сәйкес келетін екі және одан да көп әлеуетті сақтандырушы- алушылар болған кезде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы пруденциялық нормативтердің болжамды мәндерінің ең жақсы көрсеткіштерімен сақтандырушы-алушыны таңдайды.

      Пруденциялық нормативтердің бірдей болжамды мәндерін ұсынған екі және одан да көп әлеуетті сақтандырушы-алушы болған кезде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы соңғы есепті күнге активтерінің ең көп мөлшері бар әлеуетті сақтандырушы-алушыны таңдайды.

      15. Сақтандырудың кепілдік берілген сыныптары бойынша сақтандыру портфелін беру кезінде, егер:

      "өмірді сақтандыру" саласы бойынша қызметті жүзеге асыратын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының ешқайсысы Қағидалардың 9-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келмесе не "өмірді сақтандыру" саласы бойынша қызметті жүзеге асыратын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының ешқайсысы сақтандыру портфелін қабылдау ниеті туралы мәлімдемесе, сақтандыру портфелін беру мемлекеттің қатысуымен "өмірді сақтандыру" саласы бойынша қызметті жүзеге асыратын қайта сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы жүзеге асырады;

      "жалпы сақтандыру" саласы бойынша қызметті жүзеге асыратын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының ешқайсысы Қағидалардың 9-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келмесе не "жалпы сақтандыру" саласы бойынша қызметті жүзеге асыратын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының ешқайсысы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру портфелін қабылдау ниеті туралы мәлімдемесе, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сақтандырушылар- алушылардың жоқ екендігі туралы уәкілетті органды хабардар етеді. Бұл жағдайда сақтандыру портфелін беруді "жалпы сақтандыру" саласы бойынша қызметті жүзеге асыратын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы соңғы есепті күнге сақтандырушылар-алушылардың активтері мөлшерінің шамасын және пруденциялық нормативтерді орындауды негізге ала отырып, уәкілетті органның шешімі бойынша жүзеге асырады.

      16. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру портфелін беру жүзеге асырылатын сақтандырушы-алушыны таңдау туралы шешімі 3 (үш) жұмыс күні ішінде уәкілетті органның назарына жазбаша жеткізіледі.

      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы уәкілетті органды хабардар еткен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей сақтандыру портфелі берілетін сақтандырушы-алушыны таңдау туралы хабарландыруды Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын екі мерзімді баспасөз басылымда қазақ және орыс тілдерінде және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының интернет-ресурсында жариялайды.

3-тарау. Сақтанушылардың сақтандыру портфелін беруге келісімі

      17. Сақтандырудың кепілдік берілетін сыныптары бойынша сақтандыру портфелін беру кезінде сақтанушылардың (қайта сақтанушылардың) сақтандыру портфелін беруге келісім алуы талап етілмейді және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сақтандыру портфелін беруді Қағидалардың 4-тармағы 1) тармақшасының талаптарына сәйкес жүзеге асырады.

      Сақтандыру портфелін сақтандырудың және (немесе) қайта сақтандырудың өзге сыныптары бойынша беруді сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы Қағидалардың 4-тармағы 2) және 3) тармақшаларының талаптарына сәйкес сақтанушылардың және (немесе) қайта сақтанушылардың келісімі (цедент) болған кезде жүзеге асырады.

      18. Қағидалардың 4-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген сақтандыру сыныптары бойынша сақтанушыларды (сақтандырылушыларды, пайда алушыларды, қайта сақтанушыларды) хабардар ету мақсатында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сақтандыру портфелін беру туралы шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын екі мерзімді баспасөз басылымында және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының интернет-ресурсында сақтандыру портфелін беру туралы хабарландыруды қазақ және орыс тілдерінде жариялайды.

      Хабарландыруда осы хабарландыру жарияланған күннен бастап 10 (он) күнтізбелік күнді құрайтын қарсылықтарды ұсыну тәртібі, мерзімі және Қағидалардың 4-тармағы 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген сақтандыру сыныптары (қызмет түрі) бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын берумен келіспеген жағдайда, сақтанушылардың (қайта сақтанушылардың) қарсылықтары қабылданатын мекенжайлар көрсетіледі.

      Осы тармақтың екінші бөлігінде белгіленген мерзім ішінде сақтанушының (қайта сақтанушының) жазбаша қарсылығының болмауы Қағидалардың 4-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген сақтандыру сыныптары (түрлері) бойынша сақтандыру портфелін беруге сақтанушының (қайта сақтанушының) келісімі ретінде қаралады.

      19. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы Қағидалардың 18-тармағының екінші бөлігінде белгіленген мерзім өткен күннен бастап күнтізбелік 5 (бес) күн ішінде сақтанушының (қайта сақтанушының) өтініші негізінде олар бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бұзылуға жататын сақтандыру портфелін беруге келіспейтін сақтанушылардың (қайта сақтанушылардың) тізімін қалыптастырады.

4-тарау. Сақтандыру портфелін беру тәртібі

      20. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша сақтандыру портфеліне жататын ақпарат пен құжаттарды (бұдан әрі - Сақтандыру портфелі жөніндегі ақпарат) қалыптастырады.

      Сақтандыру портфелі бойынша ақпарат ондағы ақпараттың өзгеруіне немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) шартының бұзылуына, сақтанушының (қайта сақтанушының) сақтандыру (қайта сақтандыру) шартын беруге келісім алуына немесе бас тартуына, сақтандыру жағдайы туралы өтініш алуына, сақтанушының сақтандыру сыйлықақысын төлеуіне, сақтандыру төлемін жүзеге асыруына және басқа да себептерге байланысты жаңа ақпарат алуына қарай жаңартылады өзгерістер.

      21. Сақтандыру портфелі бойынша Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17462 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 тамыздағы № 198 қаулысымен бекітілген Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары үшін тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидаларында көзделген сақтандыру ісі қалыптасады.

      22. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сақтандыру портфелі бойынша сақтандыру резервтері мөлшерінің алдын ала есебін жүргізеді.

      Сақтандыру резервтерінің құрамына мыналар кіреді:

      еңбек сіңірілмеген сыйлықақы резерві;

      болған, бірақ мәлімделмеген шығындар резерві;

      өмірді сақтандыру шарттары бойынша болмаған шығындар резерві;

      аннуитет шарттары бойынша болмаған шығындар резерві;

      мәлімделген, бірақ реттелмеген шығындар резерві.

      Сақтандыру резервтерін есептеу Заңның 47-бабының 3-тармағына сәйкес уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген сақтандыру резервтерін қалыптастыруға, есептеу әдістемесіне және олардың құрылымына қойылатын талаптарға сәйкес жүргізіледі.

      23. Беру болжанатын сақтандыру міндеттемелеріне сәйкес келетін сақтандыру резервтерінің алдын ала мөлшері айқындалғаннан кейін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сақтандыру портфелімен бірге беру болжанатын активтердің тізбесін жасайды.

      Активтер тізбесінде мыналар бар:

      сақтандыру портфелінің құрамында берілетін активтердің мөлшері, түрі және тізбесі (сақтанушылардың дебиторлық берешегі және басқа да активтер);

      сақтандыру резервтерін жабуға қабылданатын активтерге сәйкес келетін активтердің мөлшері, түрі және тізбесі;

      жетіспейтін сомаға өзге активтердің мөлшері, түрі және тізбесі және оларды сақтандыру резервтерін жабуға қабылданатын активтерге сәйкес келетін активтерге ауыстыру нұсқалары (беруге болжанатын сақтандыру міндеттемелеріне сәйкес келетін сақтандыру резервтерінің мөлшеріне қатысты сақтандыру резервтерін жабуға қабылданатын активтерге сәйкес келетін активтердің мөлшері жеткіліксіз болған жағдайда).

      Қағидалардың 20-тармағының екінші бөлігінде көзделген оқиғаның басталуына қарай берілетін сақтандыру портфелі бойынша міндеттемелердің (сақтандыру резервтерінің) мөлшерін қайта бағалау жүргізіледі.

      24. Берілетін сақтандыру портфелі бойынша міндеттемелердің (сақтандыру резервтерінің) мөлшерін бағалауды сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының штаттық актуарийі және (немесе) сақтандырушы-алушының штаттық актуарийі жүзеге асырады.

      Қажет болған кезде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандырушы-алушы сақтандыру портфелін беру күніне берілетін сақтандыру портфеліне сәйкес келетін сақтандыру резервтерінің мөлшерін есептеу үшін тәуелсіз актуарийді тартады.

      25. Сақтандыру портфелімен берілетін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының активтері сәйкес келмеген және оларды сақтандырушы-алушы қабылдамаған кезде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы көрсетілген активтерді ауыстыруға бағытталған қажетті іс-шараларды (сатып алу-сату, айырбастау және басқа да операциялар) жүргізеді.

      26. Сақтандыру портфелін беру туралы шарт жазбаша нысанда жасалады.

      27. Сақтандыру портфелін беру туралы шарт мыналар туралы мәліметтерді қамтиды:

      1) сақтандыру сыныптарына және (немесе) сақтандыру портфеліне енгізілетін қызмет түріне оларды беру күнін көрсете отырып, сақтандыру сыныптары және (немесе) қызмет түрі бойынша бөлінген;

      2) сақтандыру портфелін беру күніне сақтандыру портфелі бойынша құқықтар мен міндеттер (төленбеген сақтандыру сыйлықақысының мөлшері, мерзімін ұзартуды немесе бөліп төлеуді ескере отырып, сақтандыру сыйлықақысын төлеу мерзімдері, сақтандыру сыйлықақысын төлеудің мерзімі өткен күндерінің саны, жүргізілген сақтандыру төлемдері, мәлімделген, бірақ реттелмеген шығындар);

      3) берілетін сақтандыру портфелі бойынша құжаттар мен ақпаратты, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарының орындалуын көрсететін құжаттарды (сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарының түпнұсқалары, сақтандыру (қайта сақтандыру) сыйлықақысының (сақтандыру жарналарының) төленгенін растайтын құжаттар, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сақтандыру жағдайларын реттеу кезінде жинаған құжаттар, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары жинаған құжаттар, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша сақтандыру сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруды растайтын құжаттар, реттелмеген сақтандыру жағдайлары бойынша құжаттар) сақтандыру портфелін беру күніне;

      4) сақтандыру портфелін бергеннен кейін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына келіп түскен берілген сақтандыру портфелі бойынша құжаттар мен ақпаратты беру тәртібі мен мерзімдері;

      5) сақтандыру сыныптары бөлінісінде сақтандыру портфелі бойынша сақтандыру резервтерінің мөлшері;

      6) берілетін активтердің мөлшері, құрамы мен құны және оларды беру мерзімі;

      7) активтерді ауыстыру мүмкіндігі;

      8) сақтандырудың кепілдік берілетін сыныптары (түрлері) бойынша сақтандыру жарналарын төлеу. Сақтандыру портфелін беру туралы шартта көрсетілген ақпарат болмаған кезде сақтандырудың кепілдік берілетін сыныптары (түрлері) бойынша сақтандыру жарналарын төлеу сақтандырушы- алушыға жүктеледі.

      28. Егер сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына сақтандыру портфелін беру туралы шарттың барлық елеулі талаптары белгілі болса, оны беруге тиісті келісім алынса және сақтандыру портфелін беру үшін қажетті барлық талаптар сақталса, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы бір немесе бірнеше сақтандырушыға сақтандыру портфелін беру туралы шарт жасасу туралы ұсыныспен, оның ішінде жария оферта арқылы оферта жібереді.

      29. Егер сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сақтандыру портфелін беруге ниет білдірсе, бірақ берілетін сақтандыру портфелінің құрамына енгізілуге жататын құқықтар мен міндеттердің түпкілікті көлеміне қатысты сақтандыру портфелін беру туралы шарттың талаптары айқындалмаса, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және сақтандырушы-алушы сақтандыру портфелін беру туралы алдын ала шарт жасасады.

      Сақтандыру портфелін беру туралы алдын ала шарт бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және сақтандырушы-алушы алдын ала шартта көзделген талаптармен болашақта сақтандыру портфелін беру туралы шарт (негізгі шарт) жасасу міндеттемесін қабылдайды.

      Алдын ала шарт жазбаша нысанда жасалады, онда шарттың нысанасын белгілеуге мүмкіндік беретін талаптар, сондай-ақ Тараптардың оны жасасуға міндеттенетін мерзімін көрсете отырып, сақтандыру портфелін беру туралы шарт тараптарының басқа да талаптары қамтылады.

      30. Сақтандыру портфелін беру туралы шарт жасалған және Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сақтандыру портфелін беру туралы шарт бойынша құжаттарды қабылдау-өткізу актісіне (бұдан әрі-қабылдау-өткізу актісі) қол қойылған күннен кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы көрсетілген құжаттардың көшірмелерін уәкілетті органға жібереді.

      31. Сақтандыру портфелін беру туралы шарт жасалған және қабылдау-өткізу актісіне қол қойылған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сақтандыру жөніндегі дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымға берілетін сақтандыру портфелінің сақтандыру сыныптары (қызмет түрі) туралы мәліметтерді және сақтандыру портфелінің берілгенін растайтын құжаттардың көшірмелерін қамтитын ресми хабарлама жібереді.

      32. Сақтандыру портфелін беру туралы шарт жасалғаннан кейін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сақтандыру портфелін беру туралы шарттың талаптарына сәйкес сақтандырушы-алушыға тараптар сақтандыру портфелін беру туралы шартта келіскен мерзімдерде, тәртіппен және талаптарда сақтандыру портфеліне жататын барлық құжаттарды, берілетін сақтандыру міндеттемелеріне сәйкес келетін сақтандыру резервтері мөлшеріндегі активтерді, ақпаратты және басқа да мәліметтерді, құжаттарды береді.

      33. Егер бір сақтандыру шартынан сақтандыру міндеттемелерінен басқа өзге де міндеттемелер туындаса, онда сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының құқықтары мен міндеттерін беру Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен оның өзге міндеттемелер бойынша құқықтары мен міндеттерін бір мезгілде бере отырып жүзеге асырылады.

      34. Сақтандыру портфелін беру кезінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының берілетін сақтандыру портфелі бойынша құқықтары мен міндеттері алушы сақтандырушыға сақтандыру портфелін беру күніндегі сол көлемде және сол талаптарда ауысады.

      Сақтандырушы-алушының сақтандыру портфелі бойынша құқықтары мен міндеттері өзіне ауысқан күннен бастап барлық тоқтатылмаған құқықтары болады және ол сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының барлық тоқтатылмаған міндеттерін атқарады.

      35. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сақтандыру портфелін беру туралы шартта тараптармен келісілген талаптарда сақтандырушы-алушыға сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына сақтандыру портфелі берілгеннен кейін келіп түскен барлық құжаттар мен ақпаратты береді.

      36. Сақтандыру портфелін беруді жүзеге асыру туралы хабарландыруды сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру портфелін сақтандырушы-алушы қабылдау-өткізу актісі бойынша қабылдаған күннен кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының тұтастай аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында қазақ және орыс тілдерінде және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының интернет-ресурсында жариялайды.

      Хабарландыру:

      сақтандыру портфелінің берілген күні туралы;

      сақтандырушы-алушының атауы, филиалдары мен өкілдіктерін ескере отырып оның орналасқан жері, байланыс телефондары туралы ақпаратты қамтиды.

      37. "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 61-4-бабында көзделген операцияны жүзеге асырған бас банктің еншілес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының арасында сақтандыру портфелін беру сақтанушының (қайта сақтанушының) келісімін алмай-ақ жүзеге асырылады.

      38. Сақтанушыларды (пайда алушыларды) алдағы уақытта болатын бас банктің еншілес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының арасында сақтандыру портфелін беру туралы хабардар ету шешім қабылданған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының тұтастай аумағында қазақ және орыс тілдерінде таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында және сақтандыру ұйымының интернет-ресурсында сақтандыру портфелін беру туралы хабарландыру жариялау арқылы жүргізіледі.

5-тарау. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын лицензиядан айыру кезінде сақтандыру портфелін берудің ерекшеліктері

      39. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын лицензиядан айыру кезінде сақтандыру портфелін сақтандырудың кепілдік берілетін сыныптары бойынша басқа сақтандыру (сақтандыру) ұйымына (ұйымдарына) беруді уақытша әкімшілік жүзеге асырады.

      Уақытша әкімшілік сақтандыру портфелін кепілдік берілетін сақтандыру сыныптары бойынша беруді Қағидалардың 4-тармағының 1) тармақшасының талаптарына сәйкес жүзеге асырады.

      Сақтандырушы-алушыны таңдауды және сақтандыру портфелін беруді уақытша әкімшілік осы тарауда көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, Қағидалардың 2 және 4-тарауларына сәйкес жүзеге асырады.

      40. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы лицензиясынан айрылған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде уақытша әкімшілік "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры турады" Қазақстан Республикасының заңына сәйкес кепілдік берілетін сақтандыру сыныптары (түрлері) бойынша дерекқорын қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымның және таратылатын ұйымның дерекқорынан қалыптастырылатын таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы шарттарының тізілімдерін құрады және төлемдерге кепілдік беру жөніндегі ұйымға береді.

      41. Сақтандыру портфелін беру лицензиядан айрылған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

      Қажет болған кезде уақытша әкімшілік өтінішхатта сақтандыру портфелін берудің жаңа мерзімін және ұзарту себебін көрсете отырып, сақтандыру портфелін беру мерзімін ұзарту туралы өтініш жасайды.

      Уақытша әкімшіліктің сақтандыру портфелін беру мерзімін ұзарту туралы өтінішхаты өтінішхатта көрсетілген сақтандыру портфелін беру мерзімін ұзарту себептері құжаттамалық расталған кезде қанағаттандырылады.

      Уәкілетті орган өтінішхатты өтінішхат келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қарайды және сақтандыру портфелін беру мерзімін ұзарту туралы өтінішхатты қараудың нәтижелері туралы хат арқылы уақытша әкімшілікке хабарлайды.

      42. Сақтандырудың кепілдік берілген сыныптары сақтандыру портфелін беру төлемдерге кепілдік беру жөніндегі ұйымның есебінен жүзеге асырылады.

      Қағидалардың 22-тармағына сәйкес жүргізілген сақтандыру резервтері (міндеттемелері) есептерінің дұрыстығын тексеру қажет болған кезде төлемдерге кепілдік беру ұйымы тәуелсіз актуарийді тартады.

      43. Уақытша әкімшілік сақтандыру портфелін беру үшін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын (сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын) таңдау туралы қабылданған шешімді осындай шешім қабылданған күннен кейінгі бірінші жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті органға келісуге жібереді, сондай-ақ осылай беру аяқталған күннен кейінгі бірінші жұмыс күнінен кешіктірмей сақтандыру портфелін берудің аяқталғаны туралы хабарлайды.

      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын (сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын) таңдау туралы шешімге мыналар қоса беріледі:

      сақтандыру портфелі берілетін сақтандыру сыныптарының тізбесі;

      сақтандыру сыныптары (түрлері) бойынша бөлінген сақтандыру портфелі бойынша берілуі болжанатын міндеттемелердің мөлшері;

      орындалу мерзімдерін көрсете отырып сақтандыру портфелін беруді жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар тізбесі;

      сақтандыру портфелін беру туралы шарттың жобасы.

      44. Уәкілетті орган уақытша әкімшіліктің сақтандыру портфелін беру үшін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын (сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын) таңдау туралы шешімін оны алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қарайды.

      Уәкілетті органның уақытша әкімшіліктің қабылдаған шешімін келісуден бас тартуының негізі сақтандыру портфелін қабылдайтын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының Қағидалардың талаптарына сәйкес келмеуі, оның ішінде қайтадан қабылданатын сақтандыру портфелін есепке алмай да, сондай-ақ есепке алу арқылы да пруденциялық нормативтерді және сақталуы тиіс өзге де нормалар мен лимиттердің орындалмауы болып табылады.

      45. Уақытша әкімшілік уақытша әкімшіліктің сақтандыру портфелін беру үшін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын (сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын) таңдау туралы шешімін уәкілетті орган келіскен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей сақтандыру портфелі берілетін сақтандырушы-алушыны таңдау туралы хабарландыруды Қазақстан республикасының барлық аумағында таратылатын екі мерзімді баспасөз басылымында және сақтандыру ұйымының интернет-ресурсында қазақ және орыс тілдерінде жариялайды.

      46. Сақтандыру портфелін беру туралы шешім еркін нысанда жазбаша түрде ресімделеді, оған басшы немесе басшының уәкілетті тұлғасы, уақытша әкімшілік мүшелері қол қояды.

      47. Уәкілетті органның жазбаша сұрау салуы бойынша уақытша әкімшілік сақтандыру портфелін беруге байланысты түсіндірмелер мен растайтын құжаттарды ұсынады.

      48. Уақытша әкімшілік Қазақстан Республикасының барлық аумағында таратылатын екі мерзімді баспасөз басылымында және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының интернет-ресурсында сақтандыру портфелін беру туралы хабарландыруды қазақ және орыс тілдерінде жариялайды.

      49. Соттың сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы шешімі күшіне енген күннен бастап мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымымен жасалған сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген сақтандырудың кепілдік берілетін түрлері (сыныптары) бойынша шарттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде айқындалған тәртіппен өзінің қолданысын тоқтатады.

  Сақтандыру (қайта сақтандыру)
ұйымының сақтандыру
портфелін беру қағидаларына,
сондай-ақ сақтандыру
(қайта сақтандыру) ұйымын
лицензиядан айыру кезінде
сақтандыру портфелін
берудің ерекшеліктеріне
1-қосымша
Нысан

Сақтандыру портфелі бойынша ақпарат


Сақтандыру шартының (сақтандыру полисінің нөмірі) Сақтандыру шартының жасалған күні Сақтанушының, сақтандырылушының атауы немесе тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) Сақтанушының, сақтандырылушының жеке сәйкестендіру нөмірі немесе бизнес сәйкестендіру нөмірі Сақтандыру сыныбы Сақтандыру шартының қолданыла бастаған күні Сақтандыру шартының қолданылуының аяқталған күні Сақтандыру сомасының мөлшері

1

2

3

4

5

6

7

8

9










      кестенің жалғасы:

Сақтандыру сыйлықақысының мөлшері

Сақтандыру сыйлықақысының төленген күні

Төленген сақтандыру сыйлықақысының мөлшері

Сақтандыру жағдайы туралы өтініштің келіп түскен күні

Сақтандыру жағдайының басталған күні

Сақтандыру төлем (төлемдері) жүргізілген күн (күндер)

Жүргізілген сақтандыру төлемінің (төлемдері-нің) мөлшері (мөлшер-лері)

Жүргізілмеген сақтандыру төлемін (төлемдерін) төлеу мерзімдері

Жүргізіл-меген сақтанды-ру төлемінің (төлем-дерінің) мөлшері (мөлшер-лері)

10

11

12

13

14

15

16

17

18










      кестенің жалғасы:


Сақтандыру шарты бойынша қалыптастырылған сақтандыру резервінің мөлшері (мөлшерлері):

Сақтандыру портфелін беруге келісім алу туралы мәліметтер (заңнамада белгіленген жағдайларда)

Сақтандыру төлемінен (төлемдерінен) бас тартқан күн (күндер)

Еңбек сіңірілмеген сыйлықақы резерві

Орын алған, бірақ мәлімделмеген шығындардың резерві

Мәлімделген, бірақ реттелмеген шығындардың резерві

Өмірді сақтандыру шарттары бойынша орын алмаған шығындардың резерві

Аннуитет шарттары бойынша орын алмаған шығындардың резерві

19

20

21

22

23

24

25








      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының бірінші басшысының немесе оның орнындағы тұлғаның қолы

      ______________________________________________________ (қолы)

      Қол қойылған күні 20___жылғы "___" ___________________

      Ескертпе: Сақтандырушы-алушының жауапкершілігі осы қосымшада көрсетілген сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарымен шектелмейді.

  Сақтандыру (қайта сақтандыру)
ұйымының сақтандыру
портфелін беру қағидаларына,
сондай-ақ сақтандыру
(қайта сақтандыру) ұйымын
лицензиядан айыру кезінде
сақтандыру портфелін берудің
ерекшеліктеріне
2-қосымша
Нысан

Сақтандыру портфелін беру туралы шарт бойынша құжаттарды қабылдау-өткізу актісі ____________________________________________ (шарттың жасалған күні және нөмірі көрсетіледі)

____________ қаласы

20____ жылғы "___" ___________

      Сақтандыру портфелін беретін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы

      ____________________________________________________________,________

      (атауы) __________________________________________________________

      __________________________________________________________ (тұлғаның

      өкілеттіктерін айқындайтын құжаттың деректемелері) негізінде әрекет ететін

      __________________________________________________________ арқылы, (тегі, аты,

      әкесінің аты (бар болса)) бұдан әрі "1-Тарап" деп аталып бір жағынан және сақтандыру

      портфелін қабылдайтын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________, (атауы)

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________ (тұлғаның өкілеттіктерін

      айқындайтын құжаттың деректемелері) негізінде әрекет ететін

      ________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________

      арқылы, (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

      бұдан әрі "2-Тарап" деп аталып екінші жағынан, ал бірігіп "Тараптар" деп аталып, осы

      Сақтандыру портфелін беру туралы шарт бойынша құжаттарды қабылдау-өткізу

      актісіне (бұдан әрі - Акт) қол қою арқылы мыналарды:

      1) осы Актіге қосымшаға сәйкес 1-Тараптың құжаттарды бергенін, ал 2-Тараптың

      қабылдағанын;

      2) 2-Тараптың осы Актіге қосымшада көрсетілген құжаттардың тізбесіне

      талап-шағымының жоқ екенін;

      3) Толтыруға арналған мәліметтер:

      ________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________

      _________________________________________________________________________

      (сақтандыру портфеліне кіретін сақтандыру сыныптарының және (немесе) қызмет түрінің

      тізбесі, сақтандыру сыныптары және (немесе) қызмет түрі бойынша бөлінісінде

      сақтандыру портфелі бойынша берілетін міндеттемелердің мөлшері;

      ________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________

      _________________________________________________________________________

      _________________________________________________________________________

      (сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атауын, түгендеу нөмірін, баланстық

      (бағалау – бар болса) құнын, меншік құқығын растайтын құжаттарды көрсету арқылы

      сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының берілетін активтерінің мөлшері, тізбесі

      және түрлері; _____________________________________________________________

      _________________________________________________________________________

      _________________________________________________________________________

      _________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      дебиторлардың тегі, аты, әкесінің атын (бар болса) немесе атауын, дебиторлық берешек

      сомасы есепке алынған шоттардың нөмірлерін, дебиторлық берешектің туындау

      негіздемелерін көрсету арқылы дебиторлық берешек бойынша берілетін талап ету

      құқықтарының құны және тізбесі;

      _________________________________________________________________________

      _________________________________________________________________________

      _________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      (берілетін құжаттар (шарттар, куәліктер және басқа да құжаттар).

      4) Актінің күші бірдей екі данада жасалғанын және қол қойылғанын;

      5)______________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      растайды. (қосымша мәліметтер (бар болса).

1-Тарап:

(қолы)

2-Тарап:

(қолы)

  Өзгерістер мен толықтырулар
енгізілетін
Қазақстан Республикасының
сақтандыру нарығын реттеу
мәселелері бойынша
нормативтік құқықтық
актілерінің тізбесіне
6-қосымша
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2018 жылғы 29 қазандағы
№ 262 қаулысына
2-қосымша

Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының сақтандыру портфелін беру қағидалары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын лицензиядан айыру кезінде сақтандыру портфелін берудің ерекшеліктері

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының сақтандыру портфелін беру қағидалары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын лицензиядан айыру кезінде сақтандыру портфелін берудің ерекшеліктері (бұдан әрі – Қағидалар) "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасының заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының сақтандыру портфелін беру тәртібін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын (бұдан әрі – филиал) лицензиядан айыру кезінде сақтандыру портфелін беру ерекшеліктерін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

      1) әлеуетті сақтандырушы-алушы - сақтандыру портфелін қабылдауға мүдделілік танытқан сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы (филиал);

      2) төлемдерге кепілдік беру жөніндегі ұйым – сақтандыру ұйымдарын, филиалдарды мәжбүрлеп тарату кезінде сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесіне енгізілген сақтандырудың кепілдік берілген сыныптары (түрлері) бойынша сақтанушыларға (сақтандырылғандарға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйым;

      3) сақтандыру портфелін беру – филиалдың, уақытша әкімшіліктің сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша, оның ішінде қолданылу мерзімі өткен, филиал міндеттемелер мойнына алатын не сақтанушылар (сақтандырылушылар, пайда алушылар, қайта сақтандырушылар) алдында міндеттемелердің туындау ықтималдығы бар сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша қабылданған тәуекелдер бойынша филиалдың міндеттемелерінен тұратын сақтандыру портфелін, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының (сақтандыру (қайта сақтандыру (ұйымдар) берілетін сақтандыру сыныбы (сыныптары) бойынша лицензиясы (лицензиялары) бар басқа сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына, басқа филиалына (филиалдарына) беру;

      4) сақтандырушы-алушы – сақтандыру портфелін қабылдайтын сақтандыру ұйымы (филиал);

      5) уәкілетті орган – қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган;

      6) уақытша әкімшілік – уәкілетті орган филиалды сақтандыру портфелін беру рәсімі аяқталғанға дейін сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына лицензиядан айыру және сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын бұзған кезде тағайындайтын орган.

      3. Филиал, уақытша әкімшілік сақтандыру портфелін беруді Заңның 72-1-бабының 1-тармағында көзделген негіздер бойынша филиал қызметі тоқтатылған жағдайларда жүзеге асырылады.

      4. Мыналар сақтандыру портфелін беру үшін негіздер болып табылады:

      1) Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органының рұқсаты негізінде Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының шешімі не тиісті мемлекеттің қаржылық қадағалау органының заңнамасы бойынша мұндай рұқсат Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына талап етілмейтіні туралы өтініші;

      2) уәкілетті органның лицензиядан айыру туралы шешімі;

      3) уәкілетті органның сақтандырудың жекелеген сыныптары бойынша филиалды лицензиядан айыру туралы шешімі;

      4) Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органының Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына арналған лицензиядан айыру туралы шешімі.

      5. Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалдың сақтандыру портфелін беру туралы шешімі филиалдың міндеттемелері бойынша есеп айырысу үшін Қазақстан Республикасының бейрезиденті-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының активтері жеткілікті болған кезде қабылданады.

      Сақтандыру портфелін беру үшін активтердің жеткіліктілігі қабылданған міндеттемелерге сәйкес қалыптастырылған сақтандыру резервтерінің мөлшерлеріне қарай айқындалады.

      6. Қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын филиалдың сақтандыру портфелін беру резерв ретінде қабылданған филиал активтерінің және филиал қызметін жүзеге асыру үшін ашылған банктік шоттардағы ақшаның есебінен жүргізіледі.

      Резерв ретінде қабылданған филиал активтері және филиал қызметін жүзеге асыру үшін ашылған банктік шоттардағы ақша жеткіліксіз болған кезде сақтандырудың кепілдік берілетін түрлері (сыныптары) бойынша сақтандыру портфелін беру төлемдерге кепілдік беру жөніндегі ұйымның қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      7. Сақтандыру портфелін беру туралы шешім еркін нысанда жазбаша түрде ресімделеді, филиалдың уәкілетті тұлғасы (уәкілетті тұлғалары), уақытша әкімшіліктің төрағасы мен басшылары қол қояды.

      8. Филиал қызметін ерікті түрде тоқтату туралы шешім қабылданған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде қабылданған шешім туралы уәкілетті органды хабардар етеді, оған мыналар қоса беріледі:

      сақтандыру портфелі берілетін сақтандыру сыныптарының және (немесе) қызмет түрлерінің тізбесі;

      сақтандыру сыныптары және (немесе) қызмет түрі бойынша бөлінген сақтандыру портфелі бойынша берілуі болжанатын міндеттемелердің мөлшері;

      олардың баланста көрсетілген құнын не бағалау құнын (бар болса) көрсете отырып сақтандыру портфелінің құрамында беру болжанатын активтер тізбесі;

      орындалу мерзімдерін көрсете отырып сақтандыру портфелін беруді жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар тізбесі;

      сақтандыру портфелін беру туралы шарттың жобасы.

      9. Филиал сақтандырушыларды (пайда алушыларды) хабардар ету мақсатында Қазақстан Республикасының барлық аумағында таратылатын екі мерзімді баспасөз басылымында және филиалдың интернет-ресурсында алдағы уақытта сақтандыру портфелінің берілетіні туралы хабарландыруды филиал қызметін ерікті түрде тоқтату жөнінде шешім қабылданғаны туралы уәкілетті органды хабардар еткен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей қазақ және орыс тілдерінде жариялайды.

      Филиал сақтандыру портфелін берген кезде хабарландыруда қарсылық беру тәртібі, мерзімі және келіспеген кезде олар бойынша сақтандыру шартын беруге байланысты сақтанушылардың (қайта сақтанушылардың) қарсылықтары қабылданатын мекенжайлар көрсетіледі.

      10. Уәкілетті органның жазбаша сұратуы бойынша филиал, уақытша әкімшілік түсіндірмелер және сақтандыру портфелін беруге байланысты растайтын құжаттар береді.

      11. Филиалдың, уақытша әкімшіліктің сақтандырушы-алушыны таңдауы және сақтандыру портфелін беруі осы қаулымен бекітілген сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру портфелін беру қағидаларында, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының лицензиядан айырылған жағдайда сақтандыру портфелін беру ерекшеліктерінде көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.

2-тарау. Сақтандыру портфелін беру тәртібі және Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын лицензиядан айыру кезінде сақтандыру портфелін берудің ерекшеліктері

      12. Филиал, уақытша әкімшілік Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сақтандыру портфеліне қатысты ақпарат пен құжаттарды (бұдан әрі – Сақтандыру портфелі бойынша ақпарат) дайындайды.

      Сақтандыру портфелі бойынша ақпарат ондағы ақпараттың өзгеруіне немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) шартының бұзылуына, сақтанушының (қайта сақтанушының) сақтандыру (қайта сақтандыру) шартын беруге келісім алуға немесе бас тартуына, сақтандыру жағдайы туралы өтініш алуына, сақтанушы сақтандыру сыйлықақысын төлеуіне, сақтандыру төлемінің төленуіне және басқа да өзгерістерге байланысты жаңа ақпараттың алуына қарай жаңартылады.

      13. Сақтандыру портфелін беру тәртібі осы қаулымен бекітілген сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру портфелін беру қағидаларының, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы лицензиядан айырылған жағдайда сақтандыру портфелін берудің ерекшеліктерінің 4-тарауына сәйкес жүзеге асырылады.

  Қазақстан Республикасының
бейрезидент-сақтандыру
(қайта сақтандыру) ұйымы
филиалының сақтандыру
портфелін беру қағидаларына,
сондай-ақ Қазақстан
Республикасының
бейрезидент-сақтандыру
(қайта сақтандыру) ұйымының
филиалын лицензиядан айыру
кезінде сақтандыру
портфелін берудің
рекшеліктеріне
1-қосымша
Нысан

Сақтандыру портфелі бойынша ақпарат

Сақтандыру шартының (сақтандыру полисінің) нөмірі Сақтандыру шартының жасалған күні Сақтанушының, сақтандырылғанның атауы не тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) Сақтанушының, сақтандырылғанның жеке сәйкестендіру нөмірі немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірі Сақтандыру сыныбы Сақтандыру шартының қолданысы басталатын күн Сақтандыру шартының қолданысы аяқталатын күн Сақтандыру сомасының мөлшері
1 2 3 4 5 6 7 8 9









      кестенің жалғасы:

Сақтандыру сыйлықақысының мөлшері

Сақтандыру сыйлықақысы төленген күн

Төленген сақтандыру сыйлықақысының мөлшері

Сақтандыру жағдайы туралы өтініштің келіп түскен күні

Сақтандыру жағдайы басталған күн

Сақтандыру төлемі (төлемдері) жүргізілген күн (күндер)

Жүргізілген сақтандыру төлемінің (төлемдерінің) мөлшері (мөлшерлері)

Жүргізілмеген сақтандыру төлемін (төлемдерін) төлеу мерзімдері

Жүргізілмеген сақтандыру төлемінің (төлемдерінің) мөлшері (мөлшерлері)

10

11

12

13

14

15

16

17

18










      кестенің жалғасы:


Сақтандыру шарты бойынша қалыптастырылған сақтандыру резервінің мөлшері (мөлшерлері):

Сақтандыру портфелін беруге келісім алу туралы мәліметтер (заңнамамен белгіленген жағдайларда)

Сақтандыру төлемінен (төлемдерінен) бас тартқан күн (күндер)

Еңбек сіңірілмеген сыйлықақы резерві

Орын алған, бірақ мәлімделмеген шығындар резерві

Мәлімделген, бірақ реттелмеген шығындар резерві

Өмірді сақтандыру шарттары бойынша орын алмаған шығындар резерві

Аннуитет шарттары бойынша орын алмаған шығындар резерві

19

20

21

22

23

24

25








      Филиалдың бірінші басшысының немесе оның орнындағы тұлғаның, уақытша

      әкімшілік басшысының қолы,

      _______________________________________________________________

      (қолы) Қол қойылған күн 20___жылғы "___" ___________________.

      Ескерту: Сақтандырушы-алушының жауапкершілігі осы қосымшада көрсетілген

      сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарымен шектелмейді.

  Қазақстан Республикасы
бейрезидент-сақтандыру
(қайта сақтандыру) ұйымы
филиалының сақтандыру
портфелін беру қағидаларына,
сондай-ақ
Қазақстан Республикасы
бейрезидент-сақтандыру
(қайта сақтандыру) ұйымының
филиалын лицензиядан айыру
кезінде сақтандыру портфелін
берудің ерекшеліктеріне
2-қосымша
  Нысан

Сақтандыру портфелін беру туралы шарт бойынша құжаттарды қабылдау-өткізу актісі ___________________________________________ (шарттың жасалған күні және нөмірі көрсетіледі)

____________ қаласы

20____ жылғы "___" ___________

      Сақтандыру портфелін беретін_______________________________________________

      филиалы, (атауы) бұдан әрі "1-тарап" деп аталатын,

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      _________________________________________________________________________,

      (тұлғаның өкілеттіктерін айқындайтын құжаттың деректемелері) негізінде әрекет

      ететін _________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) арқылы бір жағынан және сақтандыру портфелін

      қабылдайтын______________________________________________________________

      ___ филиалы (атауы) (сақтандыру ұйымы), бұдан әрі "2-тарап" деп аталатын,

      __________________________________________________________________________

      _________________________________________________________________________,

      _________________________________________________________________ негізінде

      (тұлғаның өкілеттіктерін айқындайтын құжаттың деректемелері) әрекет ететін

      _________________________________________________________________ арқылы

      (тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)

      екінші жағынан бірлесіп "Тараптар" деп аталатын, осы Сақтандыру портфелін беру

      туралы шарт бойынша Құжаттарды қабылдау-өткізу актісіне (бұдан әрі – Акт) қол қою

      арқылы:

      1) осы Актіге қосымшаға сәйкес 1-тараптың құжаттарды бергенін, ал 2-тараптың

      қабылдағанын;

      2) 2-тараптың осы Актіге қосымшада көрсетілген құжаттар тізбесіне

      наразылықтарының жоқ екенін;

      3) Толтыру үшін мәліметтер:

      ____________________________________________________________

      ____________________________________________________________

      ____________________________________________________________

      ____________________________________________________________

      ____________________________________________________________

      ____________________________________________________________

      ___________________________________________________________ (атауы, түгендеу

      нөмірі, баланстық (бар болса – бағалау) құны, филиалдың меншік құқығын растайтын

      құжаттар көрсетіле отырып филиалдың берілетін активтерінің мөлшері, тізбесі және

      түрлері (тарату комиссиясының сақтандыру портфелін беруін қоспағанда);

      ____________________________________________________________

      ___________________________________________________________

      ___________________________________________________________

      ___________________________________________________________

      ___________________________________________________________

      ___________________________________________________________

      ____________________________________________________________

      (дебиторлардың тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) немесе атауы,

      дебиторлық берешектің сомасы ескерілген шоттардың нөмірлері, берешектің

      туындауына негіздеме көрсетіле отырып дебиторлық берешек бойынша берілетін талап

      ету құқығының құны мен тізбесі;

      ____________________________________________________________

      ___________________________________________________________

      ___________________________________________________________

      ___________________________________________________________

      (берілетін құжаттар (шарттар, куәліктер мен басқа да құжаттар).

      4) Акт күші бірдей екі данада жасалғанын және қол қойылғанын растайды;

      5) __________________________________________________________

      ____________________________________________________________.

      (қосымша мәліметтер (олар бар болса).

1-тарап: _________________ (қолы)

2-тарап: _________________ (қолы)


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады