Курортология ғылыми орталықтарының табиғи минералды суларды пайдалануға бальнеологиялық қорытындылар беру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2016 жылғы 17 маусымдағы № 268 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 22 шілдеде № 13965 болып тіркелді.

      "Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-тармағының 14) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Курортология ғылыми орталықтарының табиғи минералды суларды пайдалануға бальнеологиялық қорытындылар беру қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің баспа және электрондық түрде мерзімді баспа басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялануға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы


Ұлттық экономика министрінің


міндетін атқарушы

М. Құсайынов


  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
міндетін атқарушының
2016 жылғы 17 маусымдағы
№ 268 бұйрығымен
бекiтiлген

Курортология ғылыми орталықтарының табиғи минералды суларды
пайдалануға бальнеологиялық қорытындылар беру қағидалары
Тарау 1. Жалпы ережелер

      1. Осы Курортология ғылыми орталықтарының табиғи минералды суларды пайдалануға бальнеологиялық қорытындылар беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және курортология ғылыми орталықтарының табиғи минералды суларды пайдалануға бальнеологиялық қорытындылар беру тәртібін айқындайды.

      2. Қағидалар Қазақстан Республикасының аумағында өндірілетін емдік және емдік-асханалық табиғи минералды суларға (бұдан әрі – емдік сулар), Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын емдік суларға қолданылады және ведомcтволық тиістілігі мен меншік нысанына қарамастан, емдік суларды өндірумен және (немесе) өткізумен айналысатын жеке және заңды тұлғаларға бальнеологиялық қорытындылар беруді жүзеге асыратын курортология ғылыми орталықтарына арналған.

      3. Қағидалар ауыз суларға қолданылмайды.

      4. Осы Қағидаларда пайдаланылатын терминдер мен анықтамалар:

      1) бальнеологиялық қорытынды – курортология ғылыми орталықтары беретін табиғи емдік ресурстардың құрамы мен қасиеттерін медициналық-биологиялық, органолептикалық, микробиологиялық, санитариялық-химиялық, токсикологиялық, радиологиялық зерттеулер негізінде оларды емдеу, медициналық оңалту және аурулардың алдын алу мақсатында пайдалану мүмкіндігі туралы құжат;

      2) тапсырыс беруші – су көзіне бальнеологиялық қорытындыларды алу үшін курортология ғылыми орталықтарына бастамашылық тәртіппен жүгінген, оны қаржыландыруды жүзеге асыратын, сондай-ақ осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен қажетті құжаттамаларды ұсынатын жеке және (немесе) заңды тұлғалар.

Тарау 2. Бальнеологиялық қорытындылар беру тәртібі

      5. Емдік суларды пайдалануға бальнеологиялық қорытындылар беру жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша судың емдік қасиеттерін медициналық-биологиялық бағалау, емдік судың органолептикалық, микробиологиялық, санитариялық-химиялық, токсикологиялық және радиологиялық көрсеткіштеріне санитариялық-эпидемиологиялық сараптаманың оң нәтижелері негізінде жүргізіледі.

      Емдік суларды медициналық-биологиялық бағалау клиникаға дейінгі және клиникалық зерттеулерді жүзеге асыратын мамандандырылған ғылыми мекемелердің және (немесе) ұйымдардың базаларында орындалған клиникаға дейінгі және клиникалық зерттеулердің нәтижелері бойынша беріледі.

      6. Емдік суларды пайдалануға бальнеологиялық қорытындылар беруді осы Қағидаларда айқындалатын тәртіппен курортология ғылыми орталықтары (бұдан әрі – Орындаушы) жүзеге асырады.

      7. Бальнеологиялық қорытындыларды алу үшін тапсырыс беруші Орындаушыға мынадай құжаттарды:

      1) емдік суды пайдаланудың негізгі мақсаты көрсетіле отырып, еркін нысанда жазылған өтінішті;

      2) пайдалану ұңғымасына гидрогеологиялық паспортты;

      3) су тұтқыш қабатының тереңдігін, судың молдығын (пайдаланылатын қорларды) көрсете отырып, жерасты суларының гидродинамикалық және гидрохимиялық режимін сипаттай, санитариялық қорғаныш аймақтарын есептей және негіздей отырып, емдік немесе емдік-асханалық табиғи минералды сулардың гидрогеологиялық жағдайлары туралы мәліметтерді;

      4) емдік судың органолептикалық, микробиологиялық, санитариялық-химиялық, токсикологиялық және радиациялық көрсеткіштеріне санитариялық-эпидемиологиялық сараптама нәтижелерін;

      5) клиникалық базаның басшысы, жауапты Орындаушы қол қойған және ұйымның мөрімен расталған емдік суды медициналық-биологиялық бағалау бойынша ғылыми-зерттеу жұмысы туралы есепті;

      6) "Минералды табиғи емдік-асханалық ауыз суы және емдік сулар. Жалпы техникалық шарттар" ҚР СТ 452-2002 Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандартына сәйкес технологиялық нұсқаулықты;

      7) жер қойнауын пайдалану бойынша операциялар жүргізуге арналған келісімшарттың немесе емдік сулардың кен орындарында арнайы су пайдалануға арналған рұқсаттың көшірмесін;

      8) егер тапсырыс беруші жер қойнауын пайдаланушы болып табылмаған жағдайда, қайталама су пайдалануға арналған шартты;

      9) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі берген кен орындарының санитариялық қорғаныш аймақтары аумақтарының санитариялық-эпидемиологиялық жай-күйі туралы қорытындыны жібереді.

      8. Тапсырыс берушінің емдік сулардың кен орындары, судың сапасы мен қасиеттері туралы қосымша мәліметтер беруі қажет болған жағдайда, Орындаушы тапсырыс берушіге алдын ала берілген бальнеологиялық қорытындылар деректерімен танысуға мүмкіндік береді.

      9. Осы Қағидалардың 7-тармағында көрсетілген құжаттардың топтамасын толық ұсынбау оларды 5 жұмыс күні ішінде Тапсырыс берушіге пысықтауға қайтару үшін негіз болып табылады.

      10. Ұсынылған материалдар негізінде Орындаушы тапсырмалардың талаптарына және жүргізу мерзімдеріне сәйкес оған берілген сараптама объектілерін зерделейді және бағалайды.

      11. Бальнеологиялық қорытындыларда: жерасты немесе жерүсті көздерінің (ұңғыманың, бұлақтың, су айдынының) нөмірі немесе аты; кен орындарының аты және көздердің орналасқан жері; олардың негізінде қорытынды жасалған құжаттар мен зерттеулердің тізбесі; емдік сулар көздерінің гидрогеологиялық жағдайлары, су тұтқыш қабатының тереңдігі, су сыйдыратын жыныстардың литологиялық құрамы туралы қысқаша ақпарат; көздің каптажы, суды көтеру құралдары, суды өндірудің және өңдеудің технологиялық схемасы туралы мәліметтер; негізгі иондық құрамын және құрамындағы биологиялық белсенді элементтерді көрсете отырып, судың химиялық құрамы туралы мәліметтер; судың бальнеологиялық тобын және гидрохимиялық типіне арналған нұсқау; Аурулардың халықаралық жіктемесіне (АХЖ-10) сәйкес медициналық көрсетілімдер және қарсы көрсетілімдер, егер мұндайлар белгіленсе жанама әсерлер; әртүрлі ауруларды емдеу кезінде суды қолдану әдістемесі; суды ішке немесе сыртқа қолдану кезінде емдеудің сараланған әдістемелерін әзірлеуге арналған нұсқаулар қамтылады.

      12. Құжаттарды және үлгілерді қарау нәтижелері бойынша Орындаушы тапсырыс берушіге бальнеологиялық қорытындылар береді, материалдарды пысықтауға қайтарады немесе судың бальнеологиялық қасиеттерінің жоқ екендігі туралы дәлелді жауап жібереді.

      13. Мынадай:

      1) тапсырыс беруші анық емес мәліметтер ұсынған;

      2) тапсырыс беруші емдік сулардың қауіпсіздігін айқындау және оны медициналық-биологиялық бағалау үшін қажетті сынақтарды жүргізуден бас тартқан;

      3) емдік сулардың санитариялық-эпидемиологиялық сараптамасының нәтижелері бойынша қауіпсіздік көрсеткіштері сәйкес келмеген және (немесе) судың емдік қасиеттері болмаған;

      4) егер емдік суларға және оны дайындау жағдайларына қатысты қауіпсіздік талаптары белгіленбеген, емдік суда және қоршаған ортада қауіпті факторларды айқындау және өлшеу әдістемелері болмаған;

      5) емдік суларды өндіру, қолдану (пайдалану) кезінде олардың адам денсаулығына зиянды әсерін болдырмау жөнінде тиімді шаралар болмаған немесе бұл шаралар қамтамасыз етіле алмаған жағдайларда бальнеологиялық қорытындылар берілмейді.

      14. Орындаушы берген бальнеологиялық қорытындыларды тіркеу осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша бальнеологиялық қорытындыларды тіркеу журналында жүргізіледі.

      15. Бальнеологиялық қорытындылар ыдыстарға құйылғандарды қоса алғанда, ішке қолдануға арналған емдік суларға 5 жыл, сауықтыру ұйымдарында (сауықтыру орындарында, санаторийлерде, курорттарда) пайдаланылатын сыртқа қолдануға арналған емдік суларға 10 жыл мерзімге беріледі.

      Бальнеологиялық қорытындылардың қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін және қызметін жалғастырған жағдайда, тапсырыс беруші осы Қағидалардың 7-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсына отырып, қорытындыны ұзартуға өтініш береді.

      16. Емдік суларды пайдалануға бальнеологиялық қорытынды беру және оны ұзарту үшін Орындаушының құжаттарды қарау мерзімі құжаттар келіп түскен күннен бастап бір айдан аспайды. Осы Қағидалардың 8-тармағында көзделген жағдайларда, қарау мерзімі ұзартылады, бірақ үш айдан аспайды.

      17. Қайтадан қарау кезінде бальнеологиялық қорытындылар беру мерзімі Орындаушыға құжаттарды тапсырған күннен бастап 15 жұмыс күнінен аспайтын мерзімге белгіленеді.

      18. Бальнеологиялық қорытындылардың қолданылуын тұтынушыларға өткізілетін өнімдер мен көрсетілетін қызметтер бойынша, сондай-ақ тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы техникалық регламенттерде және нормативтік құжаттарда белгіленген талаптардың сақталуын бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыратын халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның ведомствосы мынадай:

      1) емдік суды өндіру немесе қолдану кезінде оның кері және (немесе) жанама әсерлері, бұрын мәлім болмаған қауіпті қасиеттері туралы қосымша мәліметтер алған;

      2) тапсырыс беруші санитариялық-эпидемиологиялық нормалаудың мемлекеттік жүйесінің құжаттарында көзделген талаптарды бұзған жағдайларда, оның іске асырылу сатысында 6 айға дейінгі мерзімге тоқтата тұрады.

  Курортология ғылыми
орталықтарының табиғи минералды
суларды пайдалануға
бальнеологиялық қорытындылар
беру қағидаларына
қосымша

      Нысан

Бальнеологиялық қорытындыларды тіркеу журналы

р/с №

бланктің №

өтінішті қабылдау күні

кімге берілді

мекенжайы

қорытындының мазмұны

қорытындыны беру күні

1

2

3

4

5

6

7









Об утверждении Правил выдачи научными центрами курортологии бальнеологического заключения на использование природных минеральных вод

Приказ и.о. Министра национальной экономики Республики Казахстан от 17 июня 2016 года № 268. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 22 июля 2016 года № 13965.

      В соответствии с подпунктом 14) пункта 2 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 21 июля 2007 года "О безопасности пищевой продукции", ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила выдачи научными центрами курортологии бальнеологического заключения на использование природных минеральных вод.

      2. Комитету по защите прав потребителей Министерства национальной экономики Республики Казахстан обеспечить в установленном законодательством порядке:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) направление копии настоящего приказа в печатном и электронном виде на официальное опубликование в периодические печатные издания и информационно-правовую систему "Әділет" в течение десяти календарных дней после государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан, а также в Республиканский центр правовой информации в течение пяти рабочих дней со дня получения зарегистрированного приказа для включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства национальной экономики Республики Казахстан;

      4) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Юридический департамент Министерства национальной экономики Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктом 1), 2) и 3) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра национальной экономики Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении двадцати одного календарного дня после дня его первого официального опубликования.

Исполняющий обязанности


Министра национальной экономики


Республики Казахстан

М.Кусаинов


  Утверждены
приказом и.о. Министра
национальной экономики
Республики Казахстан
от 17 июня 2016 года № 268

Правила
выдачи научными центрами курортологии бальнеологического
заключения на использование природных минеральных вод
Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила выдачи научными центрами курортологии бальнеологического заключения на использование природных минеральных вод (далее – Правила) разработаны в соответствии с Законом Республики Казахстан от 21 июля 2007 года "О безопасности пищевой продукции" и определяют порядок выдачи научными центрами курортологии бальнеологического заключения на использование природных минеральных вод.

      2. Правила распространяются на лечебные и лечебно-столовые природные минеральные воды (далее – лечебные воды) производимые на территории Республики Казахстан, на лечебные воды, импортируемые на территорию Республики Казахстан и предназначены для физических и юридических лиц, независимо от их ведомственной принадлежности и форм собственности, занимающихся производством и (или) реализацией лечебных вод, научных центров курортологии, осуществляющих выдачу бальнеологического заключения.

      3. Правила не распространяются на питьевые воды.

      4. Термины и определения, используемые в настоящих Правилах:

      1) бальнеологическое заключение – документ, выдаваемый научными центрами курортологии на основании медико-биологических, органолептических, микробиологических, санитарно-химических, токсикологических, радиологических исследований состава и свойств природных лечебных ресурсов, о возможности их использования в целях лечения, медицинской реабилитации и профилактики заболеваний;

      2) заказчик – физические и (или) юридические лица, обратившиеся в инициативном порядке в научные центры курортологии за получением бальнеологического заключения на источник воды, осуществляющие ее финансирование, а также представляющие необходимую документацию в порядке, установленном настоящими Правилами.

Глава 2. Порядок выдачи бальнеологического заключения

      5. Выдача бальнеологического заключения на использование лечебных вод проводится по заявлениям физических и юридических лиц на основании медико-биологической оценки лечебных свойств воды, положительных результатов санитарно-эпидемиологической экспертизы лечебной воды на органолептические, микробиологические, санитарно-химические, токсикологические и радиологические показатели.

      Медико-биологическая оценка лечебных вод представляется по результатам доклинических и клинических исследований, выполненных на базах специализированных научных учреждений и (или) организаций осуществляющих доклинические и клинические исследования.

      6. Выдача бальнеологического заключения на использование лечебных вод осуществляется научными центрами курортологии (далее – Исполнитель) в порядке, определяемом настоящими Правилами.

      7. Для получения бальнеологического заключения заказчик направляет Исполнителю следующие документы:

      1) заявление, написанное в произвольной форме, с указанием основной цели использования лечебной воды;

      2) гидрогеологический паспорт на эксплуатационную скважину;

      3) сведения о гидрогеологических условиях источника лечебных или лечебно-столовых природных минеральных вод с указанием глубины залегания водоносного горизонта, водообильности пород (эксплуатационных запасов), описанием гидродинамического и гидрохимического режима подземных вод, расчетом и обоснованием зоны санитарной охраны;

      4) результаты санитарно-эпидемиологической экспертизы на органолептические, микробиологические, санитарно-химические, токсикологические и радиологические показатели лечебной воды;

      5) отчет о научно-исследовательской работе по медико-биологической оценке лечебной воды, подписанный руководителем клинической базы, ответственным Исполнителем и заверенный печатью организации;

      6) технологическую инструкцию в соответствии с Государственным стандартом Республики Казахстан СТ РК 452-2002 "Воды минеральные природные питьевые лечебно-столовые и лечебные. Общие технические условия";

      7) копия контракта на проведение операций по недропользованию или разрешения на специальное водопользование на месторождении лечебных вод;

      8) договор на вторичное водопользование, в случае, если заказчик не является недропользователем;

      9) заключение о санитарно-эпидемиологическом состоянии территории зоны санитарной охраны месторождения, выданное территориальным подразделением ведомства государственного органа в сфере санитарно-эпидемиологического благополучия населения.

      8. Исполнитель предоставляет возможность заказчику ознакомиться с предварительными данными бальнеологического заключения в случае необходимости предоставления заказчиком дополнительных сведений о месторождении лечебных вод, качестве и свойствах воды.

      9. Представление неполного пакета документов, указанных в пункте 7 настоящих Правил является основанием для возврата их Заказчику на доработку в течении 5 рабочих дней.

      10. На основании представленных материалов Исполнитель изучает и оценивает представленные ему объекты экспертизы в соответствии с требованиями задания и сроков проведения.

      11. Бальнеологическое заключение включает в себя: номер или название подземного или поверхностного источника (скважины, родника, водоема); название месторождения и места расположения источника; перечень документов и исследований, на основании которых составлено заключение; краткую информацию о гидрогеологических условиях источника лечебных вод, глубине залегания водоносного горизонта, литологическом составе водовмещающих пород; сведения о каптаже источника, водоподъемном оборудовании, технологической схеме добычи и обработки воды; сведения о химическом составе воды с указанием основного ионного состава и содержания биологически активных элементов; указание на бальнеологическую группу и гидрохимический тип воды; медицинские показания и противопоказания в соответствии с Международной классификацией болезней (МКБ-10), побочные эффекты, если таковые установлены; методику применения воды при лечении различных заболеваний; указания на разработку дифференцированных методик лечения при внутреннем и наружном применении воды.

      12. По результатам рассмотрения документов и образцов Исполнитель выдает заказчику бальнеологическое заключение, возвращает материалы на доработку или направляет заказчику мотивированный ответ об отсутствии бальнеологических свойств воды.

      13. Бальнеологическое заключение не выдается в случаях:

      1) представления заказчиком недостоверных сведений;

      2) отказа заказчика от проведения испытаний, необходимых для определения безопасности и медико-биологической оценки лечебных вод;

      3) несоответствия показателей безопасности по результатам санитарно-эпидемиологической экспертизы лечебных вод и (или) отсутствия лечебных свойств воды;

      4) если в отношении лечебных вод и условий ее изготовления не установлены требования безопасности, отсутствие методик определения и измерения в лечебной воде и в окружающей среде опасных факторов;

      5) отсутствие эффективных мер по предотвращению вредного воздействия лечебной воды на здоровье человека при их производстве, применении (использовании), или эти меры не могут быть обеспечены.

      14. Регистрация бальнеологического заключения, выданного Исполнителем, ведется в журнале регистрации бальнеологических заключений по форме согласно приложению к настоящим Правилам.

      15. Бальнеологическое заключение выдается сроком на 5 лет – на лечебные воды для внутреннего применения, включая расфасованные в емкости, на 10 лет – на лечебные воды для наружного применения, используемые в оздоровительных организациях (здравницы, санатории, курорты).

      После окончания срока действия бальнеологического заключения и в случае продолжения деятельности, заказчик подает заявление на продление заключения с представлением документов, указанных в пункте 7 настоящих Правил.

      16. Срок рассмотрения документов Исполнителем для выдачи и продления бальнеологического заключения на использование лечебных вод не превышает одного месяца со дня поступления документов. В случаях, предусмотренных пунктом 8 настоящих Правил, срок рассмотрения продлевается, но не более трех месяцев.

      17. Срок выдачи бальнеологического заключения при повторном рассмотрении устанавливается не более 15 рабочих дней со дня сдачи документов Исполнителю.

      18. Действие бальнеологического заключения приостанавливается ведомством государственного органа в сфере санитарно-эпидемиологического благополучия населения, осуществляющим функции контроля и надзора за соблюдением требований, установленных техническими регламентами и нормативными документами по продукции и услугам, реализуемым потребителям, а также в области безопасности пищевой продукции на стадии ее реализации, сроком до 6 месяцев в случаях:

      1) получения дополнительных сведений об отрицательных и (или) побочных действиях лечебной воды, ранее неизвестных опасных свойствах при ее производстве или применении;

      2) нарушения заказчиком требований, предусмотренных документами государственной системы санитарно-эпидемиологического нормирования.

  Приложение
к Правилам выдачи научными
центрами курортологии
бальнеологического заключения
на использование природных
минеральных вод

      Форма

Журнал регистрации бальнеологических заключений

№ п/п

№ бланка

дата приема заявления

кому выдано

адрес

содержание заключения

Дата выдачи заключения

1

2

3

4

5

6

7