БҰЙЫРАМЫН:
1. «Автожанармай құю станциясындағы мұнай өнімдерінің қозғалысын есепке алу журналының нысанын және оны жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 136 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10592 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 13 сәуірде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Автожанармай құю станцияларында және мұнай өнімдері базасында мұнай өнімдерінің қозғалысын есепке алу журналының нысанын және оны жүргізу қағидаларын бекіту туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мыналар:
1) бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес автожанармай құю станцияларында және мұнай өнімдері базасында мұнай өнімдерінің қозғалысын есепке алу журналдарын жүргізу қағидалары;
2) бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес автожанармай құю станциясында мұнай өнімдерінің қозғалысын есепке алу журналының нысаны;
3) бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес мұнай өнімдерінің базасында мұнай өнімдерінің қозғалысын есепке алу журналының нысаны бекітілсін.»;
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген автожанармай құю станцияларында мұнай өнімдерінің қозғалысын есепке алу журналын жүргізу қағидалары, осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген автожанармай құю станцияларында мұнай өнімдерінің қозғалысын есепке алу журналының нысаны, осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес 3-қосымшамен толықтырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (Д.Е. Ерғожин):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жолдануын;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінен алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оны Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдануын;
4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі Б. Сұлтанов
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2016 жылғы 28 маусымдағы
№ 344 бұйрығына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2015 жылғы 27 ақпандағы
№ 136 бұйрығына
1-қосымша
Автожанармай құю станцияларында және мұнай өнімдері базаларында мұнай өнімдерінің қозғалысын есепке алу журналын жүргізу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Автожанармай құю станцияларында және мұнай өнімдері базаларында мұнай өнімдерінің қозғалысын есепке алу журналын жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы» 2011 жылғы 20 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 12) тармақшасына сәйкес әзірленген.
2. Осы Қағидалар мұнай өнімдерін бөлшек сауда арқылы өткізушілер, мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берушілер, импорттаушылар, мұнай өнімдерін өндірушілер (бұдан әрі – мұнай өнімдері нарығының субъектілері) ресімдейтін автожанармай құю станцияларында және мұнай өнімдері базаларында мұнай өнімдерінің қозғалысын есепке алу журналдарын жүргізу тәртібін айқындайды және автожанармай құю станцияларында және мұнай өнімдері базаларында мұнай өнімдерінің қозғалысы туралы мәліметтерді көрсетеді.
2-тарау. Автожанармай құю станцияларында және мұнай өнімдері базаларында мұнай өнімдерінің қозғалысын есепке алу бойынша журналдарды жүргізу тәртібі
1-параграф. Автожанармай құю станцияларында және мұнай өнімдері базаларында мұнай өнімдерінің қозғалысын есепке алу бойынша журналдарын жүргізу
3. Мұнай өнімдері нарығының субъектілері осы бұйрықпен бекітілген нысан бойынша автожанармай құю станцияларында және мұнай өнімдерінің базаларында мұнай өнімдерінің қозғалысын есепке алу журналын толтырады.
4. Автожанармай құю станцияларында және мұнай өнімдерінің базаларында мұнай өнімдерінің қозғалысын есепке алу журналдары нөмірленеді, тігіледі және мұнай өнімдері нарығының субъектілерінің қолымен және мөрімен куәландырылады және оны жүргізуге тағайындалған жауапты адам қол қояды.
2-параграф. Автожанармай құю станцияларында мұнай өнімдерінің қозғалысын есепке алу бойынша журналды ресімдеу және толтыру
5. 1-бағанда мұнай өнімдерін сатып алу (орнын ауыстыру) немесе өткізу жасалған күні, айы көрсетіледі.
6. 2-бағанда мұнай өнімінің коды – дербес сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.
7. 3-бағанда жұмыс күні басында мұнай өнімдері нарығының субъектілерінде бар мұнай өнімдерінің қалдығы (мөлшері) (тоннамен, килограммен) көрсетіледі. Тәулік бойы жұмыс істеу режимінде – ауысымның басында.
Бұл көрсеткіш алдыңғы жұмыс күнінің немесе ауысымның соңындағы қалдықтардан көшіріледі.
Автожанармай құю станцияларынан мұнай өнімдерін бөлшек саудада сату бойынша қызметін алғаш бастаған мұнай өнімдері нарығының субъектілері осы бағанды толтырған кезде мұнай өнімдерінің нөлдік қалдығын көрсетеді (қызметін бастаған күніне).
8. 4-бағанда мұнай өнімдерінің сатып алынған (мұнай өнімдері базасы немесе резервуарлардан ауыстырылған) мөлшері (тоннамен, килограммен) көрсетіледі.
9. 5-бағанда мұнай өнімдерінің отын-үлестіру колонкалары арқылы сатылған мөлшері (тоннамен, килограммен) көрсетіледі.
10. 6-бағанда жұмыс күнінің соңына мұнай өнімдері нарығының субъектілерінде бар мұнай өнімдерінің қалдығы (мөлшері) көрсетіледі (тоннамен, килограммен). Тәулік бойы жұмыс режимінде - ауысымның соңында.
11. 7-бағанда мұнай өнімдерін жеткізушінің атауы көрсетіледі.
12. 8-бағанда мұнай өнімдерін жеткізушінің жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі - ЖСН) немесе бизнес сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі - БСН) көрсетіледі.
13. 9-бағанда мұнай өнімдеріне ілеспе жүк құжатының нөмірі көрсетіледі.
14. 10-бағанда мұнай өнімдеріне ілеспе жүк құжатының күні (күні, айы және жылы) көрсетіледі.
15. 11-бағанда ілеспе жүкқұжатына сәйкес сатып алынған (мұнай өнімдері базасынан немесе резервуарлардан ауыстырылған) мұнай өнімдерінің мөлшері (тоннамен, килограммен) көрсетіледі.
16. 12-бағанда көрсетілген журналды жүргізуге жауапты тұлғаның Т.А.Ә (бар болған кезде) көрсетіледі, қолы қойылады.
17. Тұрақты, контейнер және жылжымалы түрде автожанармай құю станцияларынан мұнай өнімдерін бөлшек саудада сатуды жүзеге мұнай өнімдері нарығының субъектілері мұнай өнімдерін бөлшек саудада сату жөніндегі операцияларды жүргізген кезде автожанармай құю станциясында мұнай өнімдерінің қозғалысын есепке алу журналын толтырумен бір мезгілде тұрақты және контейнер түріндегі автожанармай құю станцияларында отын-үлестіру колонкаларының есептеуіштерінің көрсеткіштері бойынша мұнай өнімдерінің қозғалысын есепке алу журналына қосымшаны толтырады.
3-параграф. Тұрақты және контейнер түріндегі автожанармай құю станцияларында отын-үлестіру колонкаларының есептеуіштерінің көрсеткіштері бойынша мұнай өнімдерінің қозғалысын есепке алу журналына қосымшаны толтыру
18. 1-бағанда отын-үлестіру колонкалары арқылы мұнай өнімдерін сатып алу (орнын ауыстыру) немесе сату жүзеге асырылған күні және айы көрсетіледі.
19. 2-бағанда мұнай өнімдерінің түрлері көрсетіледі.
20. 3 және 4-бағандарда жұмыс күні басына отын-үлестіру колонкаларын есептеуіштерінің көрсеткіштері көрсетіледі. Тәулік бойы жұмыс режимінде - ауысымның басына.
Аталған көрсеткіштер мұнай өнімдері нарығының субъектілеріндегі отын-үлестіру колонкаларының санына байланысты көрсетіледі, қажет болған жағдайда аталған бағандар көбейеді (азаяды).
21. 5 және 6-бағандарда жұмыс күні соңында отын-үлестіру колонкалары есептеуіштерінің көрсеткіштері көрсетіледі. Тәулік бойы жұмыс режимінде - ауысымның соңына.
Бұл көрсеткіштер мұнай өнімдері нарығының субъектілеріндегі отын-үлестіру колонкаларының санына байланысты көрсетіледі, қажет болған жағдайда бұл бағандар көбейеді (азаяды).
22. 7 және 8-бағандарда жұмыс күні (ауысым) ішінде отын-үлестіру колонкаларының есептеуіштері арқылы сатылған мұнай өнімдерінің мөлшері көрсетіледі.
23. 9-бағанда көрсетілген журналды жүргізуге жауапты тұлғаның Т.А.Ә (бар болған кезде) көрсетіледі, қолы қойылады.
4-параграф. Мұнай өнімдерінің базаларында мұнай өнімдерінің қозғалысын есепке алу журналын ресімдеу және толтыру
24. 1-бағанда мұнай өнімдерін сатып алу (орнын ауыстыру) немесе сату жүзеге асырылған күн және ай көрсетіледі.
25. 2-бағанда мұнай өнімдерінің түрлері көрсетіледі.
26. 3-бағанда дербес сәйкестендіру нөмірі - мұнай өнімдерінің түрлері коды көрсетіледі.
27. 4-бағанда жұмыс күні басындағы мұнай өнімдері нарығының субъектілерінде бар мұнай өнімдерінің қалдығы (мөлшері) (тоннамен) көрсетіледі. Тәулік бойы жұмыс істеу режимінде – ауысымның басында.
Бұл көрсеткіш алдыңғы жұмыс күнінің немесе ауысымның соңындағы қалдықтардан көшіріледі.
Қызметін алғаш бастаған мұнай өнімдері нарығының субъектілері осы бағанды толтырған кезде мұнай өнімдерінің нөлдік қалдығын көрсетеді (қызметін бастаған күніне).
28. 5-бағанда мұнай өнімдерінің сатып алынған мөлшері (тоннамен) көрсетіледі.
29. 6-бағанда мұнай өнімдерінің сатылған мөлшері (тоннамен) көрсетіледі.
30. 7-бағанда жұмыс күнінің соңына мұнай өнімдері нарығының субъектілерінде бар мұнай өнімдерінің қалдығы (мөлшері) көрсетіледі (тоннамен). Тәулік бойы жұмыс режимінде - ауысымның соңында.
31. 8-бағанда мұнай өнімдерін жеткізушінің атауы көрсетіледі.
32. 9-бағанда мұнай өнімдерін жеткізушінің ЖСН немесе БСН көрсетіледі.
33. 10-бағанда мұнай өнімдеріне ілеспе жүк құжатының нөмірі көрсетіледі.
34. 11-бағанда мұнай өнімдерін алушының атауы көрсетіледі.
35. 12-бағанда мұнай өнімдерін алушының ЖСН немесе БСН көрсетіледі
36. 13-бағанда мұнай өнімдеріне ілеспе жүк құжатының нөмірі көрсетіледі.
37. 14-бағанда көрсетілген журналды жүргізуге жауапты тұлғаның Т.А.Ә (бар болған кезде) көрсетіледі, қолы қойылады.
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2016 жылғы 28 маусымдағы
№ 344 бұйрығына
2-қосымша
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2015 жылғы 27 ақпандағы
№ 136 бұйрығына
2-қосымша
Нысан
20__ жыл үшін автожанармай құю станцияларында мұнай өнімдерінің қозғалысын есепке алу журналы
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(атауы, орналасқан жері)
*____________________________________________________________________
Күні |
Мұнай өнімінің пин-коды |
Мұнай өнімдерінің қозғалысы (тоннада) |
|||
Жұмыс күнінің (ауысымның) басындағы мұнай өнімдерінің қалдығы (мөлшері) |
Сатып алынған мұнай өнімі (мұнай өнімдері базасынан не резервуардан орны ауыстырылған) |
Отын-үлестіру колонкалары арқылы сатылған мұнай өнімдері |
Жұмыс күнінің (ауысымның) соңындағы мұнай өнімдерінің қалдығы (мөлшері) |
||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
кестенің жалғасы
Мұнай өнімдерін жеткізушілер туралы мәліметтер |
Журналды жүргізуге жауапты жеке немесе заңды тұлғаның Т.А.Ә.(бар болған кезде) |
||||
Мұнай өнімдерін жеткізушінің атауы |
Жеткізушінің СТН және бар болған кезде ЖСН/БСН |
Ілеспе жүк- құжатының нөмірі |
Ілеспе жүк-құжатының күні |
Ілеспе жүк-құжаты бойынша мөлшері (тоннамен) |
|
7 |
8 |
9 |
10 |
11 |
12 |
Ескертпе * жылжымалы түрдегі автожанармай құю станцияларынан мұнай өнімдерін бөлшек саудада сатуды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғалар меншік иесін (жалға берушіні), автокөлік құралының мемлекеттік тіркеу нөмірі белгісін және қауіпті жүк тасу қызметімен айналысу құқығына лицензияның нөмірін көрсетеді.
Автожанармай құю станциясындағы
мұнай өнімдерінің қозғалысын
есепке алу журналына
қосымша
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(атауы, орналасқан жері)
Отын-үлестіру колонкаларындағы (ОҮК) есептеуіштердің көрсеткіштері |
Жауапты жеке немесе заңды тұлғаның Т.А.Ә., қолы |
|||||||
Күні |
Мұнай өнімдерінің түрлері |
ОҮК есептеуіштің көрсеткіштері жұмыс күнінің (ауысымның) басында |
ОҮК есептеуіштің көрсеткіштері жұмыс күнінің (ауысымның) соңында |
Жұмыс күні (ауысымда) ОҮК арқылы сатылған мұнай өнімдерінің мөлшері, литрмен |
||||
ОҮК № 1 |
ОҮК № 2 |
ОҮК № 1 |
ОҮК № 2 |
ОҮК № 1 |
ОҮК № 2 |
|||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
Ескертпе * отын-үлестіру колонкаларының есептеуіштері арқылы өткізілген мұнай өнімдерінің мөлшері = жұмыс күні (ауысым) соңында отын-үлестіру колонкалары есептеуіштерінің көрсеткіштері - жұмыс күні (ауысым) басында отын-үлестіру колонкалары есептеуіштерінің көрсеткіштері
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2016 жылғы 28 маусымдағы
№ 344 бұйрығына
3-қосымша
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2015 жылғы 27 ақпандағы
№ 136 бұйрығына
3-қосымша
Нысан
20__ жыл үшін мұнай өнімдерінің базаларында мұнай өнімдерінің қозғалысын есепке алу журналы
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(атауы, орналасқан жері)
күні |
мұнай өнімдерінің түрлері |
Мұнай өнімінің пин-коды |
Мұнай өнімдерінің қозғалысы (тоннада) |
Мұнай өнімдерін жеткізушілер туралы мәліметтер |
Мұнай өнімдерін алушылар туралы мәліметтер |
журналды жүргізуге жауапты тұлғаның Т.А.Ә(бар болған кезде) қолы |
|||||||
Жұмыс күнінің (ауысымның) басындағы мұнай өнімдерінің қалдығы (мөлшері) |
Сатып алынған мұнай өнімі (мұнай өнімдері базасынан не резервуардан орны ауыстырылған) |
сатылған мұнай өнімдері (мұнай өнімдері базасына не резервуардан орны ауыстырылған) |
Жұмыс күнінің (ауысымның) соңындағы мұнай өнімдерінің қалдығы (мөлшері) |
Мұнайөнімдерін жеткізушінің атауы |
Жеткізушінің ЖСН/БСН |
Ілеспе жүк-құжатының нөмірі |
мұнай өнімдерін алушының атауы |
алушының ЖСН/ БСН |
ілеспе жүкқұжатының нөмірі |
||||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
11 |
12 |
13 |
14 |