Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 258 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 10 тамызда № 14097 болып тіркелді.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің өзгерістер енгізілетін бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға, сондай-ақ бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Ауыл шаруашылығы министрі

А. Мырзахметов

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Ақпарат және коммуникациялар министрі

      _______________ Д. Абаев

      2016 жылғы 11 шілде

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрі

      ____________ Б. Сұлтанов

      2016 жылғы "____"________

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      _______________ Қ. Бишімбаев

      2016 жылғы 9 шілде



  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2016 жылғы 13 маусымдағы
№ 258 бұйрығымен бекітілген

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің өзгерістер енгізілетін бұйрықтарының тізбесі

      1. "Ормандарды молықтыру мен орман өсіру және олардың сапасына бақылау жасау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 22 желтоқсандағы № 18-02/681 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10119 болып тіркелген, 2015 жылғы 3 сәуірде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ормандарды молықтыру мен орман өсiру және олардың сапасына бақылау жасау қағидаларында:

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Ормандарды молықтыру жөніндегі жұмыстардың көлемі орман орналастыру жобасында орман көмкермеген алқаптардан тұратын мемлекеттік орман қорының барлық учаскелерінде, сондай-ақ тексеріс кезеңінің кеспеағаш қорын құрайтын учаскелерде ормандарды молықтыру тәсілі көрсетіле отырып, тексеру кезеңіне көзделеді.";

      27-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) алаңқайлар, селдір ормандар, сондай-ақ пайдалы қазбалары алынғаннан кейін орман өсіруге жарамды жағдайға келтірілген жерлер;".

      2. "Аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерiн бекiтiп беру жөнiнде конкурс өткiзу қағидаларын және конкурсқа қатысушыларға қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 18-04/245 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11227 болып тіркелген, 2015 жылғы 25 маусымда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерiн бекiтiп беру жөнiнде конкурс өткiзу қағидаларында:

      16-тармақтың 2) тармақшасының алтыншы абзацы алып тасталсын;

      47-тармақтың 2) тармақшасының бесінші абзацы алып тасталсын;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру жөніндегі конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптарында:

      1-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) салық берешегінің, міндетті зейнетақылық жарналар, міндетті кәсіби зейнетақылық жарналар және әлеуметтік аударымдар бойынша берешектің болмауы. Конкурс ұйымдастырушысы салық төлеушінің салық берешегінің, міндетті зейнетақылық жарналар, міндетті кәсіби зейнетақылық жарналар және әлеуметтік аударымдар бойынша берешектің болмауы (болуы) туралы мәліметтерді "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.";

      2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) салық берешегінің, міндетті зейнетақылық жарналар, міндетті кәсіби зейнетақылық жарналар және әлеуметтік аударымдар бойынша берешектің болмауы. Конкурс ұйымдастырушысы салық төлеушінің берешегінің, міндетті зейнетақылық жарналар, міндетті кәсіби зейнетақылық жарналар және әлеуметтік аударымдар бойынша берешектің болмауы (болуы) туралы мәліметтерді "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады;";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары Аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру жөнінде конкурс өткізу қағидаларының 58 және 59-тармақтарында айтылған жағдайларға қолданылмайды.".

      3. "Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман ресурстарын ұзақ мерзімді орман пайдалануға беру жөнінде тендерлер өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің

      2015 жылғы 7 қазандағы № 18-02/896 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12247 болып тіркелген, 2015 жылғы 26 қарашада "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман ресурстарын ұзақ мерзімді орман пайдалануға беру жөнінде тендерлер өткізу қағидаларында:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Сүрек дайындау үшiн орман ресурстарын ұзақ мерзiмдi орман пайдалануға бекітіп беру жөніндегі тендерге қатысуға мынадай талаптарға сай келетін жеке және заңды тұлғалар жіберіледі:

      1) меншік немесе сенімгерлік басқару құқығында мынадай материалдық-техникалық базасының болуы: Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 маусымдағы № 18-02/596 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11894 болып тіркелген) бекітілген Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ағаш кесу қағидаларында белгіленген кеспеағаш жұмыстарын жүргізу кезінде ағаш кесудің белгіленген жыл сайынғы көлемінің және орман шаруашылығы-экология талаптарының орындалуын қамтамасыз ететін сүрек құлатуға, сүйретуге, тиеуге және тасып әкетуге арналған техника мен жабдықтар;

      2) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 23 қазандағы № 18-02/942 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12351 болып тіркелген) бекітілген Ормандардағы өрт қауіпсіздігі қағидаларында көзделген өрт сөндіру жабдықтары мен сөндіру құралдарының болуы;

      3) мамандығы (ағаш дайындау, орман-инженерлік ісі, ағаш өңдеу, орман шаруашылығы) бойынша жоғары кәсіптік білімі немесе тиісті орта кәсіптік білімі және мамандығы бойынша кемінде екі жыл жұмыс өтілі бар инженерлік-техникалық жұмыскер – жауапты орындаушының болуы;

      4) ағаш құлату, бұтақ шабу, сүрек сүйреу, тиеу және тасып әкету жұмыстарын жүргізу үшін оқытылған персоналдың болуы;

      5) еңбекті қорғауға және қауіпсіздік техникасына жауапты маманның болуы;

      6) іс-шараларды қаржыландыру көздері көрсетілген, сүрек дайындау мен өңдеуді ұйымдастыру жөніндегі перспективалық бес жылдық жоспардың болуы;

      7) салық берешегінің, міндетті зейнетақылық жарналар, міндетті кәсіби зейнетақылық жарналар және әлеуметтік аударымдар бойынша берешектің болмауы. Конкурс ұйымдастырушысы салық төлеушінің берешегінің, міндетті зейнетақылық жарналар, міндетті кәсіби зейнетақылық жарналар және әлеуметтік аударымдар бойынша берешектің болмауы (болуы) туралы мәліметтерді "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Орман пайдаланудың жекелеген түрлерiне өтiнiм-лоттарды қалыптастыру мына ерекшелiктердi ескере отырып жүзеге асырылады:

      1) сүрек дайындау үшiн орман ресурстары ұзақ мерзiмдi орман пайдалануға берілген жағдайда, орман пайдаланушыға мемлекеттiк орман қорының учаскесiнде орман орналастыру материалдарына сәйкес сүрек ресурстарын үздіксіз және таусылмайтындай дәрежеде пайдалануды қамтамасыз ететiн алаңдағы, бірақ орманшылық алаңынан аспайтын алаңдағы сүрек ресурстары беріледі.

      Орман ресурстарын ұзақ мерзiмдi орман пайдалануға беру осы аумақта тұратын халықтың мүдделерін ескере отырып, жария түрде жүзеге асырылуға тиіс.

      Лоттар арнайы мақсаттағы плантациялық екпелер құру үшiн орман пайдаланушыға мемлекеттiк орман қорының аумағында қосымша учаске беру мүмкіндігін көздеуі мүмкін;

      2) аңшылық шаруашылығының мұқтаждары үшiн мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн ұзақ мерзiмдi орман пайдалануға беру туралы ұсыныс дайындалған жағдайда, учаскелер "Қазақстан Республикасы аумағында шаруашылықаралық аңшылық ісін ұйымдастыру қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 17 ақпандағы № 25-03-01/63 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7472 болып тіркелген) сәйкес iрiктеп алынады;

      3) мемлекеттік орман қоры жерлерінде құрылыс объектілеріне учаскелер беру Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 26 қаңтардағы № 18-02/39 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10751 болып тіркелген, 2015 жылғы 15 мамырда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) бекітілген Орман ресурстары сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік және спорттық мақсаттар, аңшылық шаруашылығының мұқтаждықтары; жанама орман пайдалану үшін ұзақ мерзімді орман пайдалануға берілген мемлекеттік орман қоры жерлерінде орман пайдаланушыларға құрылыс объектілерін салуға учаскелер беру қағидаларының 5-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.";

      13-тармақтың 2) тармақшасының алтыншы абзацы алып тасталсын;

      27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "27. Тендер комиссиясының шешiмiмен келiспеген жағдайда, тендер нәтижелерiне 2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің 292-бабының 1-тармағына сәйкес шағымдануға болады.".

О внесении изменений в некоторые приказы Министра сельского хозяйства Республики Казахстан

Приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 13 июня 2016 года № 258. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 10 августа 2016 года № 14097.

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемый перечень приказов Министра сельского хозяйства Республики Казахстан, в которые вносятся изменения.

      2. Комитету лесного хозяйства и животного мира Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан направление его копии на официальное опубликование в периодические печатные издания и в информационно-правовую систему "Әділет", а также в течение пяти рабочих дней в Республиканское государственное предприятие "Республиканский центр правовой информации" для размещения в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан и интранет-портале государственных органов.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра сельского хозяйства Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении двадцати одного календарного дня после дня его первого официального опубликования.

Министр сельского хозяйства


Республики Казахстан

А. Мырзахметов

      "СОГЛАСОВАН"

      Министр информации и

      коммуникаций Республики Казахстан

      ________________ Д. Абаев

      "11" июля 2016 года

      "СОГЛАСОВАН"

      Министр финансов

      Республики Казахстан

      ______________ Б. Султанов

      "____" __________ 2016 года

      "СОГЛАСОВАН"

      Министр национальной экономики

      Республики Казахстан

      ________________ К. Бишимбаев

      "09" июля 2016 года



  Утвержден
приказом Министра
сельского хозяйства
Республики Казахстан
от 13 июня 2016 года № 258

Перечень приказов Министра сельского хозяйства
Республики Казахстан, в которые вносятся изменения

      1. В приказе Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 22 декабря 2014 года № 18-02/681 "Об утверждении Правил воспроизводства лесов и лесоразведения и контроля за их качеством" (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 10119, опубликованный 3 апреля 2015 года в информационно-правовой системе "Әділет"):

      в Правилах воспроизводства лесов и лесоразведения и контроля за их качеством, утвержденных указанным приказом:

      пункт 5 изложить в следующей редакции:

      "5. Объемы работ по воспроизводству лесов лесоустроительным проектом предусматриваются на ревизионный период на всех участках государственного лесного фонда, представленных не покрытыми лесом угодьями, а также на участках, составляющих лесосечный фонд ревизионного периода, с указанием способа воспроизводства лесов.";

      подпункт 5) пункта 27 изложить в следующей редакции:

      "5) прогалины, редины, а также земли после разработки полезных ископаемых, приведенные в состояние, пригодное для лесовыращивания;".

      2. В приказе Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 19 марта 2015 года № 18-04/245 "Об утверждении Правил проведения конкурса по закреплению охотничьих угодий и рыбохозяйственных водоемов и (или) участков и квалификационных требований, предъявляемых к участникам конкурса" (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 11227, опубликованный 25 июня 2015 года в информационно-правовой системе "Әділет"):

      в Правилах проведения конкурса по закреплению охотничьих угодий и рыбохозяйственных водоемов и (или) участков, утвержденных указанным приказом:

      абзац шестой подпункта 2) пункта 16 исключить;

      абзац пятый подпункта 2) пункта 47 исключить;

      в Квалификационных требованиях, предъявляемых к участникам конкурса по закреплению охотничьих угодий и рыбохозяйственных водоемов и (или) участков, утвержденных указанным приказом:

      подпункт 4) пункта 1 изложить в следующей редакции:

      "4) отсутствие налоговой задолженности, задолженности по обязательным пенсионным взносам, обязательным профессиональным пенсионным взносам и социальным отчислениям. Сведения об отсутствии (наличии) налоговой задолженности налогоплательщика, задолженности по обязательным пенсионным взносам, обязательным профессиональным пенсионным взносам и социальным отчислениям, организатор Конкурса получает из соответствующих государственных информационных систем через шлюз "электронного правительства".";

      подпункт 1) пункта 2 изложить в следующей редакции:

      "1) отсутствие налоговой задолженности, задолженности по обязательным пенсионным взносам, обязательным профессиональным пенсионным взносам и социальным отчислениям. Сведения об отсутствии (наличии) налоговой задолженности налогоплательщика, задолженности по обязательным пенсионным взносам, обязательным профессиональным пенсионным взносам и социальным отчислениям, организатор Конкурса получает из соответствующих государственных информационных систем через шлюз "электронного правительства".";

      в пункт 4 внесены изменения в тексте на государственном языке, текст на русском языке не меняется.

      3. В приказе Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 7 октября 2015 года № 18-02/896 "Об утверждении Правил проведения тендеров по предоставлению лесных ресурсов на участках государственного лесного фонда в долгосрочное лесопользование" (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 12247, опубликованный 26 ноября 2015 года в информационно-правовой системе "Әділет"):

      в Правилах проведения тендеров по предоставлению лесных ресурсов на участках государственного лесного фонда в долгосрочное лесопользование, утвержденных указанным приказом:

      пункт 3 изложить в следующей редакции:

      "3. К участию в тендере по закреплению в долгосрочное пользование лесных ресурсов для заготовки древесины допускаются физические и юридические лица, соответствующие следующим требованиям:

      1) наличие материально-технической базы на праве собственности либо в доверительном управлении: техники и оборудования для валки, трелевки, погрузки и вывозки древесины, обеспечивающей выполнение установленного ежегодного объема рубок и лесоводственно-экологических требований при проведении лесосечных работ, установленных Правилами рубок леса на участках государственного лесного фонда, утвержденными приказом Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 30 июня 2015 года № 18-02/596 (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 11894);

      2) наличие пожарного оборудования и средств тушения, предусмотренных Правилами пожарной безопасности в лесах, утвержденными приказом Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 23 октября 2015 года № 18-02/942 (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 12351);

      3) наличие инженерно-технического работника – ответственного исполнителя, имеющего высшее профессиональное образование по специальности (лесозаготовка, лесоинженерное дело, деревообработка, лесное хозяйство), или соответствующее среднее профессиональное образование и стаж работы по специальности не менее двух лет;

      4) наличие персонала, обученного для производства работ по валке деревьев, обрубке сучьев, трелевке, погрузке и вывозке древесины;

      5) наличие специалиста, ответственного за охрану труда и технику безопасности;

      6) наличие перспективного пятилетнего плана по организации заготовки и переработки древесины, с указанием источников финансирования мероприятий;

      7) отсутствие налоговой задолженности, задолженности по обязательным пенсионным взносам, обязательным профессиональным пенсионным взносам и социальным отчислениям. Сведения об отсутствии (наличии) налоговой задолженности налогоплательщика, задолженности по обязательным пенсионным взносам, обязательным профессиональным пенсионным взносам и социальным отчислениям, организатор Конкурса получает из соответствующих государственных информационных систем через шлюз "электронного правительства".";

      пункт 6 изложить в следующей редакции:

      "6. Формирование лот-заявок на отдельные виды лесопользования осуществляется с учетом следующих особенностей:

      1) в случае передачи лесных ресурсов в долгосрочное лесопользование для заготовки древесины лесопользователю передаются древесные ресурсы на участке государственного лесного фонда площадью, позволяющей обеспечить непрерывное и неистощительное пользование древесными ресурсами в соответствии с материалами лесоустройства, но не превышающей площади лесничества.

      Предоставление лесных ресурсов в долгосрочное лесопользование осуществляется гласно с учетом интересов населения, проживающего на данной территории.

      Лоты могут предусматривать возможность предоставления лесопользователю дополнительного участка на территории государственного лесного фонда для создания плантационных насаждений специального назначения;

      2) в случае подготовки предложения о предоставлении в долгосрочное лесопользование участков государственного лесного фонда для нужд охотничьего хозяйства участки подбираются в соответствии с приказом Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 17 февраля 2012 года № 25-03-01/63 "Об утверждении Правил по межхозяйственному охотоустройству на территории Республики Казахстан" (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 7472);

      3) предоставление участков под объекты строительства на землях государственного лесного фонда осуществляется в соответствии с пунктом 5 Правил предоставления лесопользователям участков под объекты строительства на землях государственного лесного фонда, где лесные ресурсы предоставлены в долгосрочное лесопользование для оздоровительных, рекреационных, историко-культурных, туристских и спортивных целей, нужд охотничьего хозяйства, побочного лесного пользования, утвержденных приказом Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 26 января 2015 года № 18-02/39 (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 10751, опубликованный 15 мая 2015 года в информационно-правовой системе "Әділет").";

      абзац шестой подпункта 2) пункта 13 исключить;

      пункт 27 изложить в следующей редакции:

      "27. В случае несогласия с решением тендерной комиссии результаты тендера могут быть обжалованы в соответствии с пунктом 1 статьи 292 Гражданского процессуального кодекса Республики Казахстан от 31 октября 2015 года.".