"Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының м.а. 28.01.2022 № 3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Қоса беріліп отырған Көлік статистикасы көрсеткіштерін қалыптастыру бойынша әдістемесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Қызмет көрсету және энергетика статистикасы басқармасы Заң басқармасымен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспасөз басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жіберілуін;
3) тіркелген бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде баспа және электрондық түрде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Қызмет көрсету және энергетика статистикасы басқармасы осы бұйрықты жұмыс бабында басшылыққа алу және пайдалану үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің құрылымдық бөлімшелеріне және аумақтық органдарына жеткізсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының орынбасарына (Ж.Ә. Жарқынбаев) жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы | |
Ұлттық экономика министрлігі | |
Статистика комитетінің төрағасы | Н. Айдапкелов |
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Төрағасының 2016 жылғы 15 шілдедегі № 145 бұйрығымен бекітілген |
Көлік статистикасы көрсеткіштерін қалыптастыру бойынша әдістеме
Ескерту. Әдістеме жаңа редакцияда - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының м.а. 28.01.2022 № 3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Көлік статистикасы көрсеткіштерін қалыптастыру бойынша әдістеме (бұдан әрі – Әдістеме) халықаралық стандарттарға сәйкес қалыптастырылатын және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес бекітілетін статистикалық әдіснамаға жатады.
2. Көлік статистикасында көрсеткіштер жалпы көліктің барлық түрлері бойынша және әрбір көлік түрі бойынша жеке қалыптастырылады.
3. Көлік статистикасы бойынша деректерді қалыптастырудың ақпараттық базасы:
1) жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың алғашқы статистикалық деректері;
2) әкімшілік дереккөздердің әкімшілік деректері болып табылады.
2-тарау.Теміржол көлігі статистикасын қалыптастыру
4. Жалпы пайдаланымдағы теміржол көлігіндегі статистикалық байқаудың объектілері жолаушылармен жүктерді тасымалдау, жылжымалы құрам, жол және жол шаруашылығы, тасымалданатын жүктердің сақталуы, тасымалдау қызметінен түскен қаржылық нәтижелер болып табылады.
5. Жалпы пайдаланымдағы теміржол көлігіндегі статистикалық байқаудың бірлігі теміржол, теміржол бөлімшесі, станция, теміржол көлігі кәсіпорны болып табылады.
6. Айлық және жылдық кезеңділіктегі жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың алғашқы статистикалық деректері теміржол көлігі статистикасы бойынша деректерді қалыптастыру үшін ақпараттық база болып табылады.
7. Тасымалдау көлемін есепкеалу мынадай үлгіде жүзеге асырылады:
1) теміржол көлігімен жүктерді тасымалдау жүктің келуімен есепке алынады;
2) жөнелту деп бір пунктіден екінші пунктіге жөнелтілген және тасымалдау құжаттарымен ресімделген жекеменшік (меншікті) және бос күйінде жалға алынған вагондардағы жүктің, жолжүгінің, жүк-жолжүгінің жеке партиясын айтады;
3) тоннамен есептегендегі тасымалданған жүктер саны жүк ыдысының салмағын, сонымен қатар тасымалдау кезінде қолданылатын барлық аспаптар мен жабдықтардың салмағын қоса алғанда, тасымалдау құжаттарында көрсетілген салмаққа сүйене отырып анықталады;
4) тоннамен есептегендегі тасымалданған жекеменшік (меншікті) немесе бос күйінде жалға алынған вагондардың саны әрбір вагон ыдысының салмағына сүйене отырып анықталады;
5) теміржол көлігіндегі жүкайналымы жекеменшік (меншікті) және бос күйінде жалға алынған вагондардың жүрісін есепке алумен көрсетіледі, тасымалдау арақашықтығына тоннамен әрбір жөнелтудің салмағы көбейтіндісінің сомасы ретінде есептеледі, тонна километрмен өлшенеді;
6) жолаушыларды тасымалдау жөнелтілген, транзиттік және келген жолаушылардың сомасын қамтиды. Жолаушыларды тасымалдау статистикасындағы байқау бірлігі жолаушылар-сапар болып табылады. Жолаушылар санын есепке алу объектісі бір бағыттағы екі пункт арасындағы бір жолаушының әрбір сапары болып табылады. Жолаушыларды жөнелту топтық билеттер, жүк құжаттары, абонементтік билеттер бойынша жасалған, осы кезеңге келетін жолаушылар сапарларын ескере отырып, осы есепті кезеңде сатылған және тегін берілген билеттердің саны бойынша айқындалады;
7) теміржол көлігіндегі жолаушылар айналымы жолаушы-километрмен есептегендегі жол бөлімшесінің, теміржолдың және желінің жолаушылар тасымалы бойынша орындалған жұмыс көлемін сипаттайды, ол тасымалданған жолаушылар санын есепке алынған тасымалдау арақашықтығына көбейтумен есептеледі;
8) жүк тасымалдарынан түскен табыс тасымал төлемінен, жекеменшік (меншікті) және жалға алынған вагондардың бос жүрісі үшін төлемнен, қосымша алымдардан, теміржол әкімшіліктері арасындағы жүк тасымалдары үшін есептесулерден қалыптасады;
9) жолжүкті тасымалдаудан түскен табыс тасымал төлемі және жолжүгі түбіртегінде көрсетілген қосымша алымдар сомасы бойынша анықталады;
10) жолаушылар тасымалынан түскен табыстар тасымал төлемі және жылдамдық, жатын орын, купелі, жұмсақ вагонда жол жүру үшін әртүрлі қосымша төлемдер сомасын қамтиды. Жолаушылар тасымалынан түскен табыстарға жолаушыларды тасымалдау бойынша көрсетілген қызметтерге бөлінген дотациялар және субсидиялар қосылады.
11) темір жол көлігіндегі қосалқы көлік қызметінен алынатын кірістерге мыналар кіреді:
маневрлік және тіркеп сүйреу темір жол көлігінің қызметтері;
темір жол көлігіне арналған өзге де қосалқы қызметтер (темір жол вокзалдары мен станцияларының қызметтері, жылжымалы темір жол құрамына техникалық қызмет көрсету және ұсақ жөндеу жөніндегі қызметтер);
жүктерді көліктік өңдеу жөніндегі қызметтер (контейнерлерді өңдеу, жүктер мен жолжүкті тиеу және түсіру, жүкті бекіту және түсіру (стивидорлық жұмыстар) жөніндегі қызметтер;
жүктерді тасымалдауды ұйымдастыру жөніндегі қызметтер (жүк экспедициясы, көлік құжаттамасын және жол парақтарын дайындау, кеден агенттерінің қызметтері).
8. Теміржол көлігінің инфрақұрылымы негізгі, екінші дәрежелі және запастағы теміржолдарға бөлінетін магистральдық теміржолдарды қамтиды.
9. Жылжымалы құрам локомотивтерді, автомотрисаларды, жүк және жолаушылар вагондарын қамтиды.
3-тарау. Ішкі су көлігі статистикасын қалыптастыру
10. Ішкі су көлігінде статистикалық байқаудың объектілері жүктер мен жолаушыларды тасымалдау, флоттың, өзен және көл айлақтарының болуы,ішкі су кеме жолдарының ұзындығы, тиеу жұмыстары, өзен және көл кемелерін пайдалану көрсеткіштері, тасымалдау қызметі және ішкі су көлігінде көлік үдерісін жүзеге асырумен байланысты қызметтің қаржылық нәтижелері болып табылады.
11. Ішкі су көлігінде байқау бірліктері ішкі су көліктері кәсіпорындары (кемежайлар, пороход ісін жүргізу,кеме жолдары компаниялары), сонымен қатар тасымалдау, көлік – экспедиторлық және коммерциялық негізде ішкі су көлігінде қызметті жүзеге асыратын экономиканың басқа салаларындағы кәсіпорындар болып табылады.
12. Айлық және жылдық кезеңділіктегі жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың алғашқы статистикалық деректері ішкі су көлігі статистикасы бойынша деректерді қалыптастыру үшін ақпараттық база болып табылады.
13. Тасымалдау көлемін есепке алу мынадай үлгіде жүзеге асырылады:
1) жүктерді тасымалдау жөнелту бойынша есепке алынады. Жөнелту деп бір пунктіден екіншісіне жіберілген және тасымалдау құжаттарымен ресімделген жүктің жеке партиясы саналады;
2) тоннамен есептегендегі жөнелтілген жүктер саны ыдыстың, сондай-ақ тасымалдау кезеңінде қолданылатын барлық құралдар мен жабдықтардың салмағын қоса алғанда, тасымалдау құжаттарында көрсетілген салмаққа сүйене отырып анықталады. Жүктерді тасымалдауда паромдарда жүктерді тасымалдау да есепке алынады;
3) кәсіпорындардың, ұйымдардың жекеменшік айлақтарында олардың күштерімен және қаражаттарымен кемелерге (кемелерден) тиелген және түсірілген жүктердің көлемі жеке және жалға алынған кемелер бойынша есепке алынады;
4) ішкі су көлігінде контейнерлердегі жүктерді тасымалдау есепке алынады. Кез келген контейнерлердегі, пакеттердегі, түпқоймалардағы, шоғырлардағы, байламдардағы жүктердің салмағы контейнерлердің брутто салмағымен немесе түйіншектеу құралдарының салмағының есебімен есепке алынады;
5) ішкі су көлігінде қауіпті жүктерді тасымалдау есепке алынады;
6) тиеу-түсіру жұмыстарының көлемі кемежай және кооперацияланған жұмыстардың орындалған көлемдерін қамтиды. Кемежай жұмыстарына ішкі су көлігімен жүктерді тасымалдау кезінде айлақ орындаған тиеу жұмыстары жатады. Кооперацияланған жұмыстарға Қазақстанның басқа көлік түрлерімен және басқа елдердің барлық көлік түрлерімен тасымалданатын жүктерді кемежай құралдары арқылы қайта тиеумен байланысты жұмыстар жатады;
7) ішкі су көлігінің жүк айналымы тоннамен есептегендегі жүкті жөнелту салмағын тасымалдау арақашықтығына көбейту және барлық жөнелтулер бойынша алынған нәтижелерді қосу арқылы анықталады;
8) ішкі су көлігінде жолаушыларды тасымалдауға тиісті жол жүру құжаттарымен (ақылы және жеңілдік берілген жолаушылар билеттері, топтық тасымалдау құжаттары - әскери, экскурсия) ресімделген, барлық жөнелтілген жолаушылар, паромдармен тасымалдауды жүзеге асыратын жолаушылар енгізіледі;
9) ішкі су көлігінің жолаушылар айналымы жөнелтілген жолаушылар санын әрбір жолаушыны тасымалдау қашықтығына көбейтіп, алынған нәтижелерді қосу арқылы әрбіржолаушыны жөнелту пунктінен бастап межелі пунктіне дейін тасымалдау қашықтығына және жолаушылар санына сүйене отырып, әрбір сапар бойынша анықталады;
10) тасымалдау қызметінен түскен табыстар тасымалдау құжаттары бойынша орындалған тарифтердің қолданыстағы түрлері бойынша жүктер мен жолаушыларды тасымалдау үшін есеп беретін кәсіпорынға аударылған табысты қамтиды;
11) ішкі су көлігінде қосалқы көлік қызметінен түскен табыстарға мыналар кіреді:
жүктерді өңдеуден басқа, ішкі су жолдарын пайдалану жөніндегі қызметтер;
лоцмандық қызметтер және кемелерді ішкі суларда айлаққа қою жөніндегі қызметтер;
ішкі суларда батып кеткен кемелерді құтқару және көтеру жөніндегі қызметтер;
жүктерді көліктік өңдеу жөніндегі қызметтер (контейнерлерді өңдеу жөніндегі қызметтер, жүктер мен жолжүкті тиеу және түсіру, жүкті бекіту және түсіру (стивидорлық жұмыстар);
өзге де қосалқы көлік қызметінің қызметтері (терминалдардың қызметтері (өзен порттары, кемежайлар), шлюздердің, арналардың қызметтері, навигациялық қызметтер, маяктардың қызметі);
жүктерді тасымалдауды ұйымдастыру қызметтері (жүктерді жіберу, көлік құжаттарын және жол парақтарын дайындау, кеден агенттігінің қызметтері).
14. Ішкі су кеме жолдары қатынасының пайдаланылатын ұзындығы қызмет көрсетілетін кеме жолдарының осьтік желісі (фарватерлер) бойынша өлшенеді, кемелер қозғалысы мен салдарды сүйреу жүргізілетін өзендер, көлдер, арналар, көлік жолдары, су қоймалары және Арал теңізінің ұзындығы жиынтық ретінде анықталады.
Ішкі су кеме қатынасы жолдары табиғи кеме қатынасы жолы бойынша табиғи немесе жасанды жолмен жасалған қатынас жолдары болып бөлінеді.
Табиғи су кеме жолдарына кеме жүзетін табиғи жолдар жатады.
Жасанды су кеме қатынасы жолдарына каналдар, су қоймалары мен өзендер, оларға салынған, ағынды реттеу үшін салынған және өзеннің ұзындығы бойына немесе оның жекелеген учаскелерінде тіреу болатын гидротехникалық құрылыстармен едәуір өзгерген олардың ағу режимі мен деңгейлері жатады.
Ішкі су кеме қатынасы жолдары кеме жүрісінің белгіленген габариттерін қамтамасыз ету бойынша мыналарға бөлінеді:
кепілдік берілген тереңдіктері бар ішкі су кеме қатынасы жолдары, оларға барлық навигация бойында немесе оның бөлігінде кеме жолының бекітілген габариттері қамтамасыз етілетін жолдар жатады;
кепілдендірілмеген тереңдіктері бар су кеме қатынасы жолдары, оларға барлық навигация бойында немесе оның бөлігінде кеме жолының бекітілмеген габариттері қамтамасыз етілетін жолдар жатады.
Ішкі су кеме қатынасы жолдары жағалаулық және қалқыма сигналдық құрылғы қондырғыларының қолда бары бойынша мыналарға бөлінеді:
жарықтандыратын және жарықты шағылыстыратын белгілері бар жолдарға түнгі уақытта кеме жолының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін, жарықтандыру, жарықты шағылыстыратын белгілері бар жағалау және жүзбелі дабыл құрылғылары орналастырылған жолдар жатады;
кеме қатынасы жағдайының басқа белгілері бар және кеме қатынасы жағдайының белгілері жоқ жолдар.
15. Пайдаланымдағы кемелерді пайдалануды есепке алу кеме саны бойынша; олардың қуаттылығы; жүк көтергіштігі; жолаушылар сыйымдылығы бойынша көрсеткіштер жүргізіледі.
Көлік кемелеріне өздігінен жүретін, жүктер мен жолаушылар тасымалдауға арналған өздігінен жүретін кемелер жатады.
4-тарау. Теңіз көлігі статистикасын қалыптастыру
16. Теңіз көлігінде статистикалық байқаудың объектілері жүктер мен жолаушыларды тасымалдау, флоттың, теңіз айлақтарының болуы, тиеу жұмыстары, теңіз кемелерін пайдалану көрсеткіштері, тасымалдау қызметі және теңіз көлігінде көлік үдерісін жүзеге асырумен байланысты қызметтің қаржылық нәтижелері болып табылады.
17. Теңіз көлігінде байқау бірліктері теңіз көлігі кәсіпорындары (кемежайлар, пароход ісін жүргізу, кеме жолдары компаниялары) және тасымалдау, көліктік-экспедиторлық және коммерциялық негізде теңіз көлігінде басқа қызметті жүзеге асыратын экономиканың басқа салаларындағы кәсіпорындар болып табылады.
18. Айлық және жылдық кезеңділіктегі жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың алғашқы статистикалық деректері теңіз көлігі статистикасы бойынша деректерді қалыптастыру үшін ақпараттық база болып табылады.
19. Тасымалдау көлемін есепке алу мынадай үлгіде жүзеге асырылады:
1) теңіз тасымалы теңізде рейстерді толықтай немесе ішінара жасайтын сауда кемелерін пайдаланумен жүктер және/немесе жолаушыларды кез келген тасымалдауды қамтиды. Басқа кемежайға соқпайтын тасымалдаулар да енгізіледі (жағалаудағы суларда орналасқан құрылғыларға жүктерді тасымалдау не қалдықтарды теңізге тастау немесе теңіз түбінен алынатын және кемежайларға түсірілетін жүктерді тасымалдау үшін);
2) кемежайға кемеге бункерлік отынды және қорды қабылдау алып тасталады, бірақ жағалаудағы аймақтарда кемелермен бункерлік отынды жеткізу бойынша операциялар енгізіледі. Өзендер мен теңіздер бойынша теңізде жүзетін кемелермен жүктерді тасымалдау енгізіледі. Ішкі су кемелерінде жүктерді тасымалдау алып тасталады (олар ішкі су жолдары бойынша тасымалдарға жатады). Бір айлақтың әртүрлі бассейндері немесе доктары арасындағы жүктерді ішкі тасымалдау алынып тасталды;
3) коммерциялық теңіз тасымалы коммерциялық мақсаттарда не төлем үшін (жалдау бойынша және сыйақы), едәуір кең экономикалық қызмет шеңберінде кәсіпорынның меншік есебінен жүргізілетін теңіз тасымалын қамтиды;
4) жүктерді тасымалдау жөнелту бойынша есепке алынады. Бір пункттен екіншісіне жөнелтілген және тасымалдау құжаттарымен ресімделген жүктің бөлек партиясы жөнелту деп саналады;
5) тоннамен есептегендегі жөнелтілген жүктің саны ыдыстың салмағын, сонымен қатар тасымал кезінде қолданылатын барлық құралдар мен жабдықтың салмағын қоса алғанда тасымалдау құжаттарында көрсетілген салмаққа сүйене отырып анықталады. Жүктерді тасымалдауда паромдармен жүктерді тасымалдауда есепке алынады;
6) теңіз көлігінің жүк айналымы тоннамен есептегендегі жүктің жөнелту салмағын тасымалдау ара қашықтығына көбейту арқылы, алынған нәтижелерді барлық жөнелтулер бойынша қосындылаумен анықталады;
7) теңіз көлігінде жолаушыларды тасымалдауға тиісті жол жүру құжаттарымен (ақылы және жеңілдік берілген жолаушылар билетімен, топтық тасымалдау – әскери және экскурсиялық құжаттармен) ресімделген, барлық жөнелтілген жолаушылар, сонымен қатар паромдарда тасымалдарды жүзеге асыратын жолаушылар енгізіледі. Теңіз кемесі экипажының мүшелері алынып тасталады;
8) теңіз көлігінің жолаушылар айналымы жөнелтілген жолаушылар санын әрбір жолаушыны тасымалдау қашықтығына көбейтіп, алынған нәтижелерді қосу арқылы әрбір жолаушыны жөнелту пунктінен бастап межелі пунктіне дейінгі тасымалдау қашықтығына және жолаушылар санына сүйене отырып, әрбір сапар бойынша анықталады;
9) тасымалдау қызметінен түскен табыстар тасымалдау құжаттары бойынша орындаған тарифтердің қолданыстағы түрлері бойынша жүктер мен жолаушыларды тасымалдағаны үшін есеп беретін кәсіпорынға аударылған табысты қамтиды;
10) теңіз көлігінде қосалқы көлік қызметінен түскен табыстарға мыналар кіреді:
теңіз және жағалау суларында, жүктерді өңдеуден басқа, кемежайлар мен су жолдарын пайдалану жөніндегі қызметтер;
лоцмандық қызметтер және кемелерді теңіз және жағалау суларындағы айлаққа қою жөніндегі қызметтер;
теңіз және жағалау суларында батып кеткен кемелерді құтқару және көтеру жөніндегі қызметтер;
жүктерді көліктік өңдеу жөніндегі қызметтер (контейнерлерді өңдеу жөніндегі қызметтер, жүктер мен багажды тиеу және түсіру, жүкті бекіту және түсіру (стивидорлық жұмыстар);
басқа да қосалқы көлік қызметінің қызметтері (терминалдардың қызметтері (теңіз кемежайлары, кеме тұрақтар), шлюздердің, арналардың қызметтері, навигациямен байланысты қызметтер, маяктардың қызметі);
жүктерді тасымалдауды ұйымдастыру қызметі (жүк экспедициясы, көлік құжаттарын және жол парақтарын дайындау, кеден агенттерінің қызметі).
20. Сауда флотының жүк кемелері есепке алуға жатады, олар тасымалданатын жүктердің түрлеріне байланысты құрғақ жүк және құймалы, қозғалтқыш түріне қарай өзі жүретін және өздігінен жүрмейтін жүк кемелері және сүйретпелер болып бөлінеді.
5-тарау. Автомобиль және қалалық электр көлігі статистикасын қалыптастыру
21. Автомобиль көлігіндегі статистикалық байқаудың объектілері жүктер мен жолаушыларды тасымалдау, жылжымалы құрам, оны пайдалану, көлік жұмысының қаржылық нәтижелері болып табылады.
22. Автомобиль және қалалық электр көлігіндегі статистикалық байқау бірлігі автокөлік құралдарын пайдаланатын, трамвайлармен, троллейбустармен, метрополитенмен және көліктің өзге де түрлерімен (фуникулерлер, қалалық және қала маңындағы көлік жүйесінің бөлігі болып табылатын әуе-аспалы жолдар) тасымалдауды жүзеге асыратын заңды тұлғалар, жүктер мен жолаушыларды коммерциялық тасымалдауды жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер болып табылады.
23. Айлық, тоқсандық және жылдық кезеңділіктегі жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың алғашқы статистикалық деректері автомобиль және қалалық электр көлігі статистикасы бойынша деректерді қалыптастыру үшін ақпараттық база болып табылады:
1) заңды тұлғалардың ай сайынғы және жылдық кезеңділіктегі статистикалық байқаулары;
2) дара кәсіпкерлердің тоқсандық кезеңділіктегі статистикалық байқаулары;
3) мемлекеттік органдардың көлік құралдарының паркі, автомобиль жолдарының ұзындығы, жол-көлік оқиғалары туралы әкімшілік деректері.
24. Тасымалдау көлемін есепке алу мынадай үлгіде жүзеге асырылады:
1) автобустармен жолаушыларды тасымалдау қала, қала маңы, қалааралық және халықаралық қатынастарда, қолданылатын тарифіне қарамастан автобустармен тасымалданған барлық жолаушылардың, тегін жол жүру немесе кәсіпорындар (ұйымдар) төлеген жол жүру құжаттарын пайдаланатын жолаушыларды қоса алғандағы олардың қосындысы ретінде есептеледі;
2) жолаушыларды таксимен тасымалдау олардың автомобиль шақырымдағы ақылы жүрісін жеңіл таксидегі жолаушылардың орташа санына көбейту және нәтижені жолаушыларды тасымалдаудың орташа қашықтығына бөлумен анықталады. Жеңіл таксиде жолаушыны тасымалдаудың орташа қашықтығы қала маңындағы қатынастағы автобустың жолаушыны тасымалдауының орташа қашықтығына тең деп алынады;
3) трамвай, троллейбус, метромен жолаушыларды тасымалдау ақылы жол жүру және тегін жол жүру құқығын пайдаланатындар санын қамтиды;
4) автобустардың жолаушылар айналымы тасымалданған жолаушылар санының жол жүрудің орташа қашықтығына көбейтіндісімен анықталады;
5) таксидің жолаушылар айналымы жеңіл таксидің ақылы жүрісін тасымалданған жолаушылардың орташа санына көбейтумен анықталады;
6) трамвай, троллейбус, метролардың жолаушылар айналымы тасымалданған жолаушылардың санын жолаушының орташа жол жүру қашықтығына көбейтумен анықталады;
7) автомобильді жүк көлігімен тасымалдаулар жүк автомобильдері, пикаптар және жеңіл автомобильдердің шассиіндегі фургондар және автотіркемелермен орындалған жиынтық көлемді қамтиды. Тасымалданған жүктерді есепке алу келген уақыты бойынша жүргізіледі. Тасымалданған жүктердің көлемі әрбір жүруге ыдыстың салмағын (кіру), контейнер салмағын есепке алумен тасымалданған жүктердің нақты салмағы бойынша көрсетіледі;
8) автомобиль көлігіндегі жүк айналымы әрбір жүруге тасымалданған жүктің (автотіркемелерде тасылған жүкті қоса алғанда) салмағын жүру қашықтығына көбейтумен, бұдан кейін барлық жүрулер бойынша көбейтінділерді қосындылаумен анықталады;
9) барлық қатынастарда автобустармен жолаушыларды тасымалдаудан түсетін табысқа жол жүру билеттерінің барлық түрлерін сатудан (жеке жолаушыларға, сонымен бірге ұйымдар мен кәсіпорындарға) түскен нақты түсімнің жалпы сомасы және жолаушыларды тапсырысты автобустармен тасымалдаудан кірістер енгізіледі;
10) жеңіл таксилермен жолаушыларды тасымалдаудан түскен табысқа, жеңіл таксилермен жолаушыларды тасымалдаудан түскен түсімнен басқа, (телефон бойынша таксиге алдын-ала тапсырыстан табысты есепке алумен), байланыс кәсіпорындарының мерзімді баспасөз басылымдарын және пошта тасымалдаудан қолма-қол емес есеп айырысудан түскен табыстар да енгізіледі;
11) трамвай, троллейбустар, метромен жолаушыларды тасымалдаудан түскен табысқа жол жүру құжаттарының барлық түрлерін жеке азаматтарға, кәсіпорындар мен ұйымдарға сатудан нақты түсімнің жалпы сомасы енгізіледі. Қалалық жолаушылар көлігінің жұмысы атқарушы билік органдары мен тиісті көлік кәсіпорындарының арасындағы экономикалық өзара қарым-қатынас негізінде ұйымдастырылған қалаларда табыстарын кәсіпорынның есеп айырысу тарифі бойынша жолаушыларды тасымалдау бойынша нақты орындалған жұмысы үшін алған кірісі көрсетіледі (100 орын-километрге).
Ескертпе:
Жеңіл таксидегі жолаушылардың орташа саны екі жолаушыға тең деп қабылданады.
Жолаушы сапарының орташа қашықтығы осы қалада жолаушылар ағынын бір реттік тікелей зерттеу (5 жылда 1 рет) негізінде есептеледі;
12) автомобиль көлігіндегі қосалқы көлік қызметінен түскен кірістерге мыналар кіреді:
жүктерді көліктік өңдеу және сақтау жөніндегі көрсетілетін қызметтер (жүктер мен жолжүкті тиеу және түсіру, жүкті бекіту және түсіру (стивидорлық жұмыстар), тауарлардың барлық түрлеріне арналған қойма қызметтері, тауарларды сыртқы сауда аймақтарында сақтау);
өзге де қосалқы көлік қызметі (терминалдар қызметтері (автобус вокзалдары мен станциялары), автомобиль жолдарын пайдалану жөніндегі қызметтер, азаматтарға тиесілі көлік құралдарын сақтау жөніндегі қызметтер);
жүктерді тасымалдауды ұйымдастыру жөніндегі қызметтер (жүк экспедициясы, көлік құжаттамасын және жол парақтарын дайындау, кеден агенттерінің қызметтері).
25. Жүктерді тасымалдау (жүк айналымы), жолаушыларды тасымалдау (жолаушылар айналымы) көрсеткіштері бойынша автомобиль көлігі статистикасы бойынша деректерді қалыптастыру заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлердің статистикалық байқауларының нәтижелері бойынша алынған салалық көрсеткіштердің тиісті көлемдерін қосу арқылы жүзеге асырылады.
Автомобиль көлігі статистикасы бойынша ай сайынғы деректерді қалыптастыру мынадай түрде жүзеге асырылады:
Заңды тұлғалардың жүк тасымалдарының (жүк айналымының), жолаушылар тасымалдарының (жолаушылар айналымының) көлемдері ай сайынғы статистикалық байқау негізінде қалыптастырылады.
Дара кәсіпкерлердің жүк тасымалдарының (жүк айналымының), жолаушылар тасымалдарының (жолаушылар айналымының) көлемдері тоқсан сайынғы іріктемелі статистикалық байқау негізінде қалыптастырылады. Дара кәсіпкерлердің ай сайынғы статистикалық деректері тоқсандық зерттеуде алынған көлемнің 1/3 бөлігін құрайды.
Жүктерді, жолаушыларды тасымалдаудан түсетін кірістер заңды тұлғаларды тексеруден түсетін ай сайынғы кірістерді және жеке кәсіпкерлерді тексеруден түсетін тоқсандық кірістердің 1/3-ін қосу арқылы қалыптастырылады.
Автомобиль көлігі статистикасы бойынша жылдық деректерді қалыптастыру мынадай түрде жүзеге асырылады:
Заңды тұлғалардың жүк тасымалдарының (жүк айналымының), жолаушылар тасымалдарының (жолаушылар айналымының) көлемдері жылдық статистикалық байқау негізінде қалыптастырылады.
Дара кәсіпкерлердің жүк тасымалдарының (жүк айналымының), жолаушылар тасымалдарының (жолаушылар айналымының) көлемдері тоқсан сайынғы іріктемелі статистикалық байқау негізінде қалыптастырылады.
Жүктерді, жолаушыларды тасымалдаудан түсетін кірістер заңды тұлғаларды жылдық тексеру кірістерін және дара кәсіпкерлерді тоқсандық тексеру кірістерін қосу арқылы қалыптастырылады.
26. Автомобиль көлігінің жұмысы келесі көрсеткіштермен сипатталады:
1) автомобильдердің жалпы жүк көтергіштігі әрбір маркалы жүк автомобильдерінің тізімдік санын дайындаушы зауыттың төлқұжаты бойынша олардың жүк көтергіштігіне көбейтуден алынған көбейтіндіні қосумен анықталады;
2) автобустардың жалпы жолаушылар сыйымдылығы әрбір бір маркалы автобустардың тізімдік санын отыруға арналған орын саны бойынша олардың сыйымдылығына көбейтуден алынған көбейтінділерді қосумен анықталады;
3) автомобилдер паркін пайдалану коэффициенттері жылжымалы құрамның жұмыста болған автомобиль - күнінің шаруашылықта болған күнінің қатынасы ретінде анықталады:
мұнда:
Кпқ - автомобилдер паркінпайдалану коэффициенттері;
АКж- жылжымалы құрамның жұмыста болған автомобиль-күні;
АКш - жылжымалы құрамның шаруашылықта болған автомобиль-күні.
4) жүк автомобильдерінің және автобустар, жеңіл таксилердің жүрген жолын пайдалану коэффициенті,тиісінше, жүк және жолаушылармен жүрген жолын жалпы жүргенжолға бөлумен анықталады:
мұнда:
К жп – жүк автомобильдерінің және автобустар, жеңіл таксилердің жүрген жолын пайдалану коэффициенті;
Жж/ж – жүкпен жүрген жол, жолаушылармен жүрген жол;
ЖЖ – жалпы жүрген жол.
5) автомобильдердің кәсіпорын қарауында болған уақыты есепті кезең ішінде әрбір жеке автомобильдің барлық шаруашылықта болғанбарлық күнтізбелік күндерін, оның ішінде демалыс, мереке күндерін қосу арқылы анықталады;
6) жұмыста болған автомобиль күнін тәулік бойы жұмыспен өтелген ауысым санына қарамастан есепті кезеңнің әрбір күні үшін гараждан жолаққа жіберілген автомобильдер санын қосындылаумен анықтайды. Қайтып келу себебіне қарамастан белгіленген мерзім басталғанға дейін жолақтан гаражға қайтып келген автомобиль (ауысым аяқталғанға дейін) жұмысын өтеген бір күн ретінде есептеледі;
7) автомобильдердің жалпы жүрген жолы барлық автомобильдердің жүкпен (жолаушылармен) жүрген жолынан, такси жүрген жолдан, бос және нөлдік жүрген жолдан алынады. Бір күндегі жалпы жүргенжол шамасы спидометр арқылы анықталады;
8) жүкпен жүрген жол деп тасымалданған жүктер (жолаушылар) санына қарамастан автомобильдерге тиеу және түсіріп алу (немесе жолаушыларды отырғызу және түсіру) жүргізілген пунктілер арасында жүк тиелген автомобильдердің жүрген жолы есептеледі, жеңіл таксилердің ақылы жүрген жолы таксометр көрсеткіштері бойынша белгіленеді.
6-тарау. Құбыр жол көлігі статистикасын қалыптастыру
27. Құбыржол көлігіндегі статистикалық байқау обьектілері жүк тасымалдау (газ, мұнай, мұнай өнімдері) және магистральды құбыржолдары болып табылады.
28. Статистикалық байқау бірлігі магистральды құбыржолдарының иесі - кәсіпорындары болып табылады.
29. Айлық және жылдық кезеңділіктегі жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың алғашқы статистикалық деректері құбыржол көлігі статистикасы бойынша деректерді қалыптастыру үшін ақпараттық база болып табылады.
30. Тасымалдау көлемін есепке алу мынадай үлгіде жүзеге асырылады:
1) құбыржолы көлігі үшін жүк тасымалдау көлемі дегеніміз мұнайды (мұнай өнімдерін, газ) қайта айдауды білдіреді; яғни жүкті құбыр арқылы тасымалдау құбыржолы көлігі кәсіпорындары өндіру (өндіріс) ауданынан немесе шекарадан (бастапқы базалар, қайта өңдеу бойынша кәсіпорындар тарату станциялары, вагон цистерналарға құю пунктілері, танкерлік кемелер, автомобиль-цистерналар) жеткізу үшін қабылдаған жүкті бастапқы жөнелту. Құбырға айдау кезіндегі жүк шығыс өлшеуіштері мен есептеуіштер бойынша анықталады. Табиғи газды қайта айдау көлем бірлігімен есепке алынады және көлем бірлігіне (салмақ) келесі арақатынас арқылы аударылады:1 текше метр = 0,8 кг немесе 1000 текше метр газ = 0,8 тонна немесе 1 тонна = 1250 текше метр;
2) құбыр көлігінің жүк айналымы - мұнай, мұнай өнімдері және газды магистральды құбыржолдары арқылы өткізу бойынша жұмыс көлемі. Мұнайды (мұнай өнімдерін, газды) тоннамен бас сорғы станциясының кіреберіс коллекторынан зауыттың, құю пункті, мұнай базасы, газ тарату желісінің кіреберіс коллекторына дейін айдау ара қашықтығына айдау көлемдері көбейтіндісінің қосындысы ретінде анықталады. Жалпы барлық құбыржолдары бойынша және мұнай құбырлары, өнім құбырлары (мұнай өнімдерінің түрлері бойынша) және газ құбырлары бойынша жеке анықталады;
3) мұнайды және мұнай өнімдерін тасымалдаудан түскен табыс осы жүктерді қайта айдау, тиеу және құю үшін төленетін тарифтік ақымен анықталады. Газ құбыры көлігінде түскен табыстар 1000 текше метр газды тасымалдау бойынша тарифті тасымалдау көлеміне көбейту арқылы анықталады;
4) құбыржолы ұғымына мыналар кіреді: газқұбыры, газ конденсаты құбыры, мұнай құбыры, мұнай өнімдері құбыры, көмір құбыры. Құбыржол кез келген жүк жөнелтушілер мен жүк қабылдаушылардың жүктерін тасымалдауға арналған.
31. Магистральды құбыржолдардың ұзындығы мынадай үлгімен есептеледі:
1) мұнай құбырлары мен мұнай өнімдері құбырлары – ұзындығы ел аумағында орналасқан мұнай мен мұнай өнімдерін айдау үшін магистральды құбыр кесінділерінің ұзындықтарының қосындысымен есептеледі. Бір ұзындықтағы километрлермен өлшенеді;
2) газ құбырлары – газды сорғыш станцияларынан елдің таратушы және өнеркәсіптік кәсіпорындарына жеткізетін газ құбырларының жекелеген тарамдары бөліктерінің желілік ұзындығының қосындысымен анықталады.
Ескертпе:
Газ құбырларының ұзындығы деректер газды тұрмыстық тұтынушыларға жеткізетін газ тарату желілерінің ұзындығын қамтымайды. Бір ұзындықтағы километрмен өлшенеді.
7-тарау. Әуе көлігі статистикасын қалыптастыру
32. Әуе көлігіндегі статистикалық байқау объектілері: жолаушыларды, жолжүкті, жүкті және почта жөнелтілімдерін тасымалдау (әуемен тасымалдау); авиациялық жұмыстарды орындау; оқу, спорттық, мәдени-ағарту іс-шараларын жүргізу, техникалық шығармашылықты дамыту; әуе кемесін пайдаланушының жеке қажеттіліктерін қанағаттандыру; іздестіру-құтқару және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу, дүлей зілзала болған жағдайда көмек көрсету, әуе кемелеріне аэронавигациялық қызмет көрсетуді, оларға техникалық қызмет көрсетуді және жөндеуді ұсыну, әуежай қызметін және (немесе) аэродромдық (тікұшақ айлағы) қызмет көрсетуді жүзеге асыру; аэродромдар мен азаматтық авиация объектілерін жобалау мақсатында пайдаланылатын азаматтық авиация болып табылады;
33. Статистикалық байқау бірлігі кестеге бағынатын және бағынбайтын әуе көлігі кәсіпорындары (тұрақты және тұрақсыз тасымалдаушылар) болып табылады.
34. Айлық және жылдық кезеңділіктегі жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың алғашқы статистикалық деректері әуе көлігі статистикасы бойынша деректерді қалыптастыру үшін ақпараттық база болып табылады.
35. Тасымалдау көлемін есепке алу мынадай үлгіде жүзеге асырылады:
1) әуе көлігімен тасымалданған жолаушылар саны есепті кезеңде көлік авиациясы ұшақтарымен тасымалданған барлық жолаушылар санының қосындысымен есептеледі;
2) әуе көлігіндегі жолаушылар айналымы әрбір ұшу учаскесінде тасымалданған жолаушылар санын осы учаскеге сәйкес келетін пайдалану қашықтығына көбейту сомасымен анықталады;
3) әуе көлігінде тасымалданған жүктер саны есепті кезеңде ұшақпен тасымалданған барлық жүк, пошта және ақылы жолжүк салмағының қосындысымен есептеледі;
4) әуе көлігінің жүк айналымы әрбір ұшу учаскесінде тасымалданған жүк және пошта тоннасының санын осы учаскеге сәйкес пайдалану арақашықтығына көбейтіндісінің қосындысымен анықталады;
5) көлік авиациясынан табыс халықаралық әуе жолақтары, ішкі қатынас жолақтары бойынша жолаушы, пошта және жүк тасымалынан түсімдерді қамтиды;
6) әуе көлігіндегі қосалқы көлік қызметінен табыстарға мыналар кіреді:
жүктерді өңдеуден басқа әуежайлардың қызметтері;
әуе кемелеріне жерде қызмет көрсету;
әуежайларда жолжүгін уақытша сақтау;
әуежайларда өрт сөндіру және өртке қарсы шаралар жөніндегі қызметтер;
әуе кемелерін сүйрету;
ангар қызметтері;
әуе қозғалысын басқару жөніндегі қызметтер;
авиабилеттерді сату бойынша кассалардың қызметтері;
жүктерді көліктік өңдеу жөніндегі қызметтер (жүктер мен жолжұктерді тиеу және түсіру, жүкті бекіту және түсіру (стивидорлық жұмыстар);
жүк тасымалдауды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтер (жүкті экспедициялау, көлік құжаттамалары мен жол парақтарын дайындау, кеден агенттіктерінің көрсетілетін қызметтері).
36. Әуе көлігімен ұшу тұрақты және тұрақты емес болып бөлінеді:
1) әуе көлігімен тұрақты тасымалдаушыларға тұрақты негізде, шарттық негізде жолаушыларды, жүктер мен поштаны тасымалдауды жүзеге асыратын авиа кәсіпорындар жатады;
2) тұрақты авиа тасымалдауларға (кесте бойынша) төлемге жарияланған кестеге сәйкес жоспарланған және орындалатын ұшулар, немесе орындары кез келген агенттіктерде брондалған жүйелі түрде орындалатын ұшу сериялары есептелетін айтарлықтай жиі ұшулар және тұрақты рейстердің шамадан тыс жүктемелігінен туындаған қосымша ұшулар жатады;
3) әуе көлігіндегі тұрақты емес тасымалдаушыларға жүктер мен жолаушыларды тұрақты тасымалдауларда: чартерлі (тапсырысты) ұшулар, арнайы рейстер, туристік маршруттарда ("инклюзив тур") көрсетілмеген, тек тұрақты емес шарт негізінде коммерциялық тасымалдауды жүзеге асыратын кәсіпорындар жатады;
4) тұрақты емес (чартерлі) авиатасымалдауларға блок чартерлі тасымалдаулар жатады (әуе кемесінің барлық сыйымдылығы кестеде тұрақты ретінде көрсетілген, алайда сол немесе соған ұқсас маршруттар мен кестелер бойынша чартерлі ұшулар ретінде жүзеге асырылатын чартерлі тасымалдаулар үшін жолданған тасымалдаулар). Тасымалдау көрсеткіштерін анықтау үшін әрбір рейстік "Ұшуға тапсырмаларында" және тиісті ілеспе тасымалдау құжаттарында көрсетілген деректер пайдаланылады.
37. Кодтарды бірлесе пайдаланумен пульдік келісімдер шегінде блок-чартерлі тасымалдаулар қағидаты бойынша орындарды блоктау туралы келісімдер аясында, бірлесіп қызмет көрсетілетін рейстер және жалға алынған әуе кемелерімен тасымалдау жағдайында тасымалдаулар туралы мәліметті рейсті нақты орындайтын, яғни "Пайдаланушы сертификатына" аталған тасымалдар орындалған әуе кемелері қосылған авиатасымалдаушылар ұсынады.
38. Әуе кемелері ұшуының тұрақтылығы кестемен салыстырғанда кешігусіз орындалған келулер санының кестемен көзделген келулер санына арақатынасымен сипатталады.
39. Әуе көлігінің жұмысы келесі көрсеткіштер бойынша сипатталады:
1) жолаушы орындықтарын пайдалану коэффициенті нақты жолаушы айналымын шекті жолаушы айналымына бөлу арқылы қозғалыс бағыты бойынша пайдаланылатын ұшақтың осы түрінде орнатылған жолаушы орындықтарының санына сүйене отырып (пошталық лимиті бар рейстерді қоспағанда) анықталады:
мұнда:
Кжолп–жолаушы орындықтарын пайдалану коэффициенті;
Жн – нақты жолаушы айналымы;
Жш – шекті жолаушы айналымы.
2) Ұшақтардың жүк көтергіштігін пайдалану коэффициенті нақты тонна - километрді нормативті тонна километрге бөлу арқылы анықталады:
мұнда:
Кжүкп – ұшақтардың жүк көтергіштігін пайдалану коэффициенті;
Жн – нақты жүкайналым;
Жм – мөлшерлі жүкайналым.
3) авиатасымалдаулардың ұшақ-километрлері барлық түрлердегі әуе кемелерінің орындалған ұшу кезеңдерінің санын тиісінше әрбір тасымалдар бойынша тиісті кезең ұзақтығына көбейту арқылы алынған нәтижесіндегі көбейтінділердің қосындысымен анықталады;
4) ұшу уақыты – әуе кемесінің ұшу жолағымен ұшқан кезде оның қозғалысының басталған сәтінен бастап және тежелген сәтке дейін және ұшу аяқталғаннан кейін рульдеу жолына өткенге дейінгі ұшуда болу сағатының жалпы саны. 1 тізімдік ұшаққа нақты ұшу әуе кемесінің осы түрінде жалпы коммерциялық ұшу сағатының осы типтес әуе кемелерінің орташа тізімдік санына арақатынасы;
5) орындалған жолаушы тонна-километр жолаушы айналымды жолаушының орташа салмағынан шыға отырып 90 кг-ға тең деп қабылданған 0,09 қол жүгінің коэффицентіне көбейту арқылы анықталады:
мұнда:
Ожткм– орындалған жолаушы тонна-километр;
ОЖ – орындалған жолаушыайналым;
0,09– жолаушының орташа салмағы қол жүгін қоса алғанда 90 кг.
6) орнатылған кресло-километр ұшудың әрбір кезеңіне сатуға ұсынылған креслолардыңтасымалдаудыңәрбір түрі бойынша тиісті кезеңнің ұзақтығына көбейтінділерін қосындылаумен анықталады. Қолданыстағы кресло-километрді (шекті жолаушылар айналымын) есептеу кезінде қосымша отынның немесе басқа жүктің салдарынан жолаушыларды тасымалдау үшін іс жүзінде ұсынылған креслолар есепке алынбайды;
7) орындалған тонна-километрлер ұшудың әрбір кезеңіндегі тоннадағы тасымалданған жүктер (тиісінше пошта) санын кезең ұзындығына көбейтуден туындыларды қосындылаумен айқындалады. Ұшу кезеңіндетасымалданған жүк, поштасаны ұшудың осы кезеңіндеәуе көлігінің бортында болған жүк, поштаның санына тең;
8) орнатылған тонна-километр ұшудың әрбір кезеңіндегі тоннамен есептегендегі орнатылған коммерциялық жүктеудің әрбір түрі бойынша тиісті кезеңнің қашықтығынакөбейтінділерін қосындылау арқылы анықталады.
8-тарау.Жол-көлікоқиғалары статистикасын қалыптастыру
40. Жол-көлік оқиғалары (бұдан әрі - ЖКО) статистикасын қалыптастыру әкімшілік дереккөздің деректері бойынша жүзеге асырылады.
41. ЖКО статистикасының негізгі көрсеткіштері: оқиғалар саны, қайтыс болғандар мен жараланған адамдар саны болып табылады.
ЖКО оқиғалардың мынадай түрлеріне бөлінеді: көлік құралдарының соқтығысуы, жаяу жүргіншіні қағып кету, кедергіні қағып кету, тоқтап тұрған көлік құралдарын қағып кету, жануарларды қағып кету, велосипедшілерді қағып кету, аударылу салдары, жолаушының құлау салдары.
Сонымен қатар ЖКО оқиға болған орны бойынша есепке алынады: елді мекендерде, республикалық, халықаралық маңызы бар жолдарда және облыстық, аудандық маңызы бар жолдарда.
ЖКО: жылдамдықты арттыру, жаяу жүргіншілер жолын өтіп бара жатқанда, қарама-қарсы қозғалыс жолағына шығып кету, жаяу жүргіншілердің белгіленбеген орында жолдан өтуі және алкогольдік және есірткіге масайған жағдайда жасалған оқиғалар себептері бойынша есепке алынады.
ЖКО уақыт аралығында есепке алынады: жыл уақыты бойынша, апта бойынша, айлар бойынша.
ЖКО жарықтандыру мен ауа райы жағдайларын ескере отырып есепке алынады.
Зардап шеккендердің (қайтыс болғандар мен жараланғандар) саны жасы мен жыныстық тиістілігі бойынша есепке алынады.
42. Жариялау үшін келесі есептік көрсеткіштер пайдаланылады:
1) халықтың 100000 адамына шаққандағы орын алған ЖКО саны мына формула бойынша анықталады:
мұндағы:
ЖКО– халықтың 100000 адамына шаққандағы ЖКО саны, бірлік;
Кесеп. жыл– есепті жылдағы ЖКО саны, бірлік;
Хорт. жыл– халықтың орташа жылдық саны, адам.
2) уақыт бойынша орын алған оқиғалар жиілігі келесі формула бойынша анықталады:
мұндағы:
С – орын алған оқиғалардың жиілігі сағатпен;
О – орын алған оқиғалар саны, бірлік.
мұндағы:
М - орын алған оқиғалардың жиілігі минутпен;
О – орын алған оқиғалар саны бірлік.
9-тарау. Дара кәсіпкерлердің автомобиль көлігімен жүк және жолаушылар тасымалдарын іріктемелі зерттеу
43. Дара кәсіпкерлердің қызметін зерттеу жалпымемлекеттік статистикалық байқаулар бойынша жүзеге асырылады.
Негізгі көрсеткіштер жүктерді тасымалдау, жүк айналымы, жолаушыларды тасымалдау, жолаушылар айналымы, жүктерді, жолаушыларды тасымалдаудан түсетін кірістер және автокөлік құралдарының саны болып табылады.
Зерттеу бірліктері жүк және жолаушылар тасымалы үшін жүк автомобильдерін, автобустарды және жеңіл автомобильдерді (таксиді) пайдаланатын дара кәсіпкерлер болып табылады.
44. Зерттеу үшін бас жиынтық ретінде дара кәсіпкерлер туралы деректер тізбесін қамтитын Статистикалық бизнес тіркелімі пайдаланылады.
45. Дара кәсіпкерлердің іріктемелі жиынтығы қызметінің негізгі және қосалқы түрі коммерциялық негізде автомобиль көлігімен жүк және жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыру болып табылатын кәсіпкерлер қатарынан қалыптастырылады.
ДК тасымалдау қызметін іріктемелі зерттеу шеңберінде коммерциялық негізде орындалатын тасымалдаулар қарастырылады, себебі олар көлік статистикасында ескеріледі.
Зерттеу "ауытқымалы режимде" есепті жыл бойы өтеді. Мұндай тәсілдің артықшылығы жыл бойы тасымалдау көлемі едәуір төмендеген және артқан кезеңдерді, мереке күндерінен немесе қолайсыз ауа райы жағдайларына байланысты ұзақ тоқтап тұруларды қосқанда, жүк пен жолаушыларды тасымалдау ісінің шынайы жағдайын барабар көрсетуді білдіреді. Іріктемелі жиынтыққа түскен әрбір дара кәсіпкер жылына бір рет бір апта бойы зерттеледі.
Іріктемелі жиынтықтың мөлшері бас жиынтықтың 25%-ын құрайды.
Зерттеу нәтижелері тоқсан сайын әзірленеді.
46. Стратификация мынадай белгілер бойынша жүзеге асырылады:
Әкімшілік-аумақтық объектілер жіктеуішіне (ӘАОЖ) сәйкес дара кәсіпкерді тіркеу аумағы;
Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішінің (бұдан әрі - ЭҚЖЖ) кодтарына сәйкес негізгі және қосалқы қызмет түрлері 49.4, 49.31.1, 49.31.9, 49.32.0, 49.39.0.
47. Жиынтық деректерді қалыптастыру тоқсан қорытындылары бойынша зерттеу нәтижелері бойынша алынған деректерді байқау объектілерінің базалық жиынтығына тарату арқылы жүзеге асырады.
10-тарау. "Көлік" саласы өнімінің жалпы шығарылымын есептеу
48. Көліктің жалпы өнімі барлық қызметтерді өндірушілер көрсеткен көлік қызметтерінің құнын білдіреді, оларға кез келген ұйымдық-құқықтық нысандағы және меншіктің кез келген нысанындағы көлік қызметін жүзеге асыратын, көлік қызметтерін көрсетуге маманданған заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлер жатады, бақыланбайтын экономика саласында қалыптастырылатын қызметтердің құны қосылады.
Жалпы өнімнің құрамына мыналар кіреді:
1) "Көлік және қоймалау" қызметінің негізгі және қосалқы түрі бар кәсіпорындардың жалпымемлекеттік статистикалық байқауларының жиынтық деректері негізінде қалыптастырылатын жүктер мен жолаушыларды тасымалдаудан, қосалқы көлік қызметінен Көлік қызметтерінің көлемі (кіріс) және автомобиль көлігімен жүктер мен жолаушыларды тасымалдау жөнінде қызметтер көрсететін дара кәсіпкерлер;
2) бақыланбайтын экономика (бұдан әрі – ББЭ) саласында қалыптастырылатын көлік қызметтерінің көлемі.
Көліктік көрсетілетін қызметтер шығарылымы жүк және жолаушылар тасымалдары және жүктерді қоймаға қою, қосалқы көлік қызметі бойынша көрсетілген қызметтер үшін төлем ретінде алынатын қаражаттардықосындылаумен (табыстарды) есептеледі және мынадай қызмет түрлері бойынша жүргізіледі:
теміржол көлігі;
автомобиль көлігі;
қалалық электр көлігі;
құбыржолы көлігі;
ішкі су жолы көлігі;
теңіз және жағажай көлігі;
әуе көлігі;
жүктерді қоймаға қою және қосалқы көлік қызметі.
Көлік қызметі өнімдерінің жалпы шығарылымы мынадай формула бойынша есептеледі:
мұндағы:
Vк – көлік қызметінің көлемі бойынша жалпы шығарылым;
Vкәс – шағын, орта және ірі көлік кәсіпорындардың жалпы шығарылымы;
Vдк – автомобиль көлігіндегі дара кәсіпкерлердің өнімнің жалпы шығарылымы;
Vеб –есеп бермеген көлік қызметі саласындағы кәсіпорындарының көлемі
Vбрқ– бейресми көлік қызметінің көлемі.
49. Көлік секторы бойынша ББЭ саласындағы жалпы шығарылым көлік жұмысының көлемі және бейресми көлік қызметінің көлемі туралы мемлекеттік статистика органдарына мәліметтер ұсынбаған ресми тіркелген заңды тұлғалардың қызметін қамтиды.
Есеп бермеген көлік қызметтері саласындағы кәсіпорындардың көлемін есептеу рәсімі мынадай формуламен көрсетіледі:
мұндағы:
Vеб – есеп бермеген көлік қызметі саласындағы кәсіпорындардың көлемі
I - қызмет түрінің индикаторы,
J - кәсіпорын өлшемінің индикаторы,
X - 1 кәсіпорынға арналған агрегаттың орташа мәні,
U - есеп бермеген кәсіпорындар саны.
Бейресми сектордағы жалпы шығарылым "Халықтың жұмыспен қамтылуын іріктеп зерттеу сауалнамасы" Т-001 сауалнамасы бойынша үй шаруашылықтарын зерттеу қорытындылары бойынша қалыптастырылады.
50. Көлік қызметтері өнімдерінің жалпы шығарылымының көлемін есептеу ай сайынғы, тоқсан сайынғы және жылдық негізде жүргізіледі.
Көлік қызметтері өнімдерінің жалпы шығарылымы ай сайын (тоқсан сайын) мынадай формула бойынша есептеледі:
мұндағы:
Vк – көлік қызметінің көлемі бойынша өнімнің жалпы шығарылымы;
– темір жол көлігі кәсіпорындары өнімінің жалпы шығарылымы;
– автомобиль көлігі кәсіпорындары өнімінің жалпы шығарылымы;
– автомобиль көлігінің дара кәсіпкерлері өнімінің жалпы шығарылымы;
– құбыр көлігі кәсіпорындары өнімінің жалпы шығарылымы;
– әуе көлігі кәсіпорындары өнімінің жалпы шығарылымы;
– ішкі су көлігі кәсіпорындары өнімінің жалпы шығарылымы;
– теңіз көлігі кәсіпорындары өнімінің жалпы шығарылымы;
– жүктерді қоймаға қою, қосалқы көлік қызметі бойынша кәсіпорындар өнімінің жалпы шығарылымы;
Vеб– есептер бермеген көлік қызметі саласы кәсіпорындарының көлемі;
Vбрқ – бейресми көлік қызметінің көлемі;
Жылдық негізде көлік қызметтері өнімдерінің жалпы шығарылымы мынадай формула бойынша есептеледі:
мұндағы:
Vк – көлік қызметінің көлемі бойынша өнімнің жалпы шығарылымы;
– темір жол көлігі кәсіпорындары өнімінің жалпы шығарылымы;
– автомобиль көлігі кәсіпорындары өнімінің жалпы шығарылымы;
– автомобиль көлігінің дара кәсіпкерлері өнімінің жалпы шығарылымы;
– құбыр көлігі кәсіпорындары өнімінің жалпы шығарылымы;
– әуе көлігі кәсіпорындары өнімінің жалпы шығарылымы;
– ішкі су көлігі кәсіпорындары өнімінің жалпы шығарылымы;
– теңіз көлігі кәсіпорындары өнімінің жалпы шығарылымы;
– жүктерді қоймаға қою, қосалқы көлік қызметі бойынша кәсіпорындар өнімінің жалпы шығарылымы;
Vеб – есеп бермеген көлік қызметі саласы кәсіпорындарының көлемі;
Vбрқ – бейресми көлік қызметінің көлемі;
11-тарау. Көлік статистикасы бойынша нақты көлем индексін есептеу
51. Көлік статистикасы бойынша нақты көлем индексі есепті кезеңдегі жолаушы және жүк тасымалының сандық көлемінің базистік кезеңмен салыстырғанда өзгеруін сипаттайды және жүк пен жолаушы тасымалынан түскен табыстың орташа салмақталған өсу қарқыны негізінде есептеледі.
52. Есептеу кезінде базистік кезең табысының үлесі пайдаланылады:
d1 - республикалық жүк тасымалынан (жолаушылар тасымалынан) табыстың жалпы сомасында әрбір жеке көлік түрінің жүк (жолаушылар) тасымалдары табысының үлесі;
d2 - республикадағы тасымалдаудан түскен жалпы табыстардағы республика бойынша жүк және жолаушы тасымалдары табысының үлесі.
Республика бойынша нақты көлем индексін есептеу кезінде алдымен d1 үлесі бойынша әрбір көлік түрі бойынша жүк пен жолаушы тасымалынан түскен табыс бойынша өсу қарқыны салмақталады, содан кейін олар қосындыланып, d2 үлесі бойынша салмақталады. Нақты көлем индексі екі кезеңде салмақталған жүк және жолаушылар тасымалынан түскен табыстар бойынша қарқындарды қосындылау арқылы республика бойынша есептелінеді.
53. Нақты көлем индексін есептеу мынадай тізбекпен жүзеге асырылады:
1) жүк және жолаушылар тасымалынан түскен табыс көлемі ағымдағы жыл табысын тиісті кезеңнің баға индекстерімен дефляторлау арқылы (есепті кезеңнің көрсетілген көрсеткіштері көлемінің баға өзгерісін есепке ала отырып базистікке арақатынасы) салғастырылатын бағаларға келтіріледі. Бұл ретте көлік түрлері бойынша, жүк және жолаушылар тасымалдары бойынша баға индекстері пайдаланылады:
мұндағы:
- жекелеген көлік түрінің жүк тасымалдауы бойынша түскен табысының нақты көлем индексі;
- жекелеген көлік түрінің жолаушылар тасымалдауы бойынша түскен табысының нақты көлем индексі;
- көліктің жекелеген түрінің тисінше есепті және базистік кезеңдердегі жүк тасымалынан түскен табысы;
- көліктің жекелеген түрінің тисінше есепті және базистік кезеңдердегі жолаушылар тасымалынан түскен табысы;
- көліктің жекелеген түрінің жүк тасымалына баға индексі;
- көліктің жекелеген түрінің жолаушылар тасымалына баға индексі.
2) әрбір көлік түрімен жүк тасымалы табысының үлесі республикалық жүк тасымалында және әрбір көлік түрімен жолаушылар тасымалы табысының үлесі республикалық жолаушылар тасымалында анықталады:
мұндағы:
- әрбір көлік түрімен жүк тасымалынан түскен табыс үлесі;
- әрбір көлік түрімен жолаушылар тасымалынан түскен табыс үлесі;
- алдыңғы жылдың тиісті кезеңіндегі әрбір көлік түрімен жүк тасымалынан түскен табыс;
- алдыңғы жылдың тиісті кезеңіндегі әрбір көлік түрімен жолаушылар тасымалынан түскен табыс;
- алдыңғы жылдың тиісті кезеңіндегі барлық көлік түрімен жүк тасымалынан түскен табыс;
- алдыңғы жылдың тиісті кезеңіндегі барлық көлік түрімен жолаушылар тасымалынан түскен табыс.
3) жүк және жолаушы тасымалынан түскен табыстың салмақталған нақты көлем индексі әрбір көлік түрінің жүк (жолаушы) тасымалынан түскен табыстың республикалық жүк (жолаушылар) тасымалындағы үлесі бойынша есептеледі, яғни d1 үлесі бойынша:
мұндағы:
- республикалық жүк тасымалындағы әрбір көлік түрінің жүк тасымалынан түскен табыстың үлесі бойынша жүк тасымалдаудан түскен табыстың салмақталған нақты көлем индексі;
- республикалық жолаушылар тасымалындағы әрбір көлік түрінің жолаушылар тасымалынан түскен табыстың үлесі бойынша жолаушылар тасымалдаудан түскен табыстың салмақталған нақты көлем индексі;
- әрбір көлік түрімен жүк тасымалынан түскен табыс үлесі;
- әрбір көлік түрімен жолаушылар тасымалынан түскен табыс үлесі;
- көліктің жекелеген түрінің жүк тасымалдауы бойынша түскен табысының нақты көлем индексі;
- көліктің жекелеген түрінің жолаушылар тасымалдауы бойынша түскен табысының нақты көлем индексі.
4) жүк және жолаушылар тасымалы табыстарының нақты көлем индексі жеке-жеке анықталады:
мұндағы:
- көліктің жекелеген түрінің жүк тасымалдауы бойынша түскен табысының нақты көлем индексі;
- көліктің жекелеген түрінің жолаушылар тасымалдауы бойынша түскен табысының нақты көлем индексі;
- жүктер тасымалынан түскен табыстардың нақты көлемініңсалмақталған индексінің сомасы;
-жүктер тасымалынан түскен табыстардың нақты көлемінің салмақталған индексінің сомасы.
5) барлық көлік түрлері бойынша жүк тасымалы табысының жүк және жолаушылар тасымалынан түскен жалпы табыстағы үлесі мен барлық көлік түрлері бойынша жолаушылар тасымалы табысының жүк және жолаушылар тасымалынан жалпы табыстағы үлесі айқындалады:
мұндағы:
- республика бойынша жүк тасымалынан түскен табыстар үлесі;
- республика бойынша жолаушылар тасымалынан түскен табыстар үлесі;
- республика бойынша алдыңғы жылдың тиісті кезеңіндегі жүк тасымалынан түскен табыстар;
- республика бойынша алдыңғы жылдың тиісті кезеңіндегі жолаушылар тасымалынан түскен табыстар;
- республика бойынша алдыңғы жылдың тиісті кезеңіндегі жүк және жолаушылар тасымалынан түскен табыстар.
6) республика бойынша жүк және жолаушылар тасымалынан түскен табыстардың салмақталған нақты көлем индексі республикалық тасымалда барлық көлік түрлерінің жүк (жолаушылар) тасымалынан түскен табыстар үлесі бойынша, d2 үлесі бойынша есептеледі:
мұндағы:
- республика бойынша жүк тасымалынан түскен табыстар үлесі;
- республика бойынша жолаушылар тасымалынан түскен табыстар үлесі;
- жекелеген көлік түрінің жүк тасымалдауы бойынша түскен табыстарының нақты көлем индексі;
- жекелеген көлік түрінің жолаушылар тасымалдауы бойынша түскен табыстарының нақты көлем индексі;
- жүк тасымалынан түскен табыстардың нақты көлемініңсалмақталған индексі;
- жолаушылар тасымалынан түскен табыстардың нақты көлемінің салмақталған индексі.
7) республика бойынша нақты көлем индексі айқындалады (көмекші және қосымша көлік қызметі бойынша индексін қамтитын):
мұндағы:
- республика бойынша нақты көлем индексі;
- жүк тасымалынан түскен табыстардыңнақты көлемінің салмақталған индексі;
- жолаушылар тасымалынан түскен табыстардыңнақты көлемінің салмақталған индексі.
12-тарау. "Көлік" саласының жалпы өңірлік өнімін есептеу
54. Көлік статистикасы бойынша ұлттық шоттар жүйесі үшін жалпы өңірлік өнімді есептеу үшін облыстар бойынша шығарылым деректері мен нақты көлем индекстері қалыптастырылады:
Аталған көрсеткіштер мынадай қызмет түрлері бойынша қалыптастырылады:
1) теміржол көлігімен жүк тасымалынан шығарылым (облыстар бойынша бөлінеді);
2) теміржол көлігімен жолаушылар тасымалынан шығарылым (облыстар бойынша бөлінеді);
3) автомобиль көлігі жүктерін тасымалдаудан шығарылым (айлық кезеңділікті жалпымемлекеттік статистикалық байқау бойынша кәсіпорындардың есепті деректері бойынша және тоқсандық кезеңділікті жалпымемлекеттік статистикалық байқау бойынша дара кәсіпкерлердің есепті деректері бойынша облыстар бойынша бөлінеді);
4) жолаушыларды автомобиль және қалалық электр көлігімен тасымалдаудан шығарылым (айлық кезеңділікті жалпымемлекеттік статистикалық байқау бойынша кәсіпорындардың есепті деректері бойынша және тоқсандық кезеңділікті жалпымемлекеттік статистикалық байқау бойынша дара кәсіпкерлердің есепті деректері бойынша облыстар бойынша бөлінеді);
5) құбыржол көлігімен жүк тасымалынан шығарылым (облыстар бойынша бөлінеді);
6) әуе көлігімен жүк тасымалдаудан шығарылым (кәсіпорындардың жалпымемлекеттік статистикалық байқау кезеңділігі айлық бойынша есепті деректері бойынша облыстар бойынша бөлінеді);
7) әуе көлігімен жолаушылар тасымалынан шығарылым (кәсіпорындардың жалпымемлекеттік статистикалық байқау бойынша кезеңділігі айлық есепті деректері бойынша облыстар бойынша бөлінеді);
8) су көлігімен жүк тасымалынан шығарылымы (кәсіпорындардың жалпымемлекеттік статистикалық байқау бойынша кезеңділігі айлық есепті деректері бойынша облыстар бойынша бөлінеді);
9) су көлігімен жолаушы тасымалынан шығарылымы (кәсіпорындардың жалпымемлекеттік статистикалық байқау бойынша кезеңділігі айлық есепті деректері бойынша облыстар бойынша бөлінеді);
10) теңіз көлігімен жүк тасымалынан шығарылым (кәсіпорындардың жалпымемлекеттік статистикалық байқау бойынша кезеңділігі айлық есепті деректері бойынша облыстар бойынша бөлінеді);
11) теңіз көлігімен жолаушылар тасымалынан шығарылым (кәсіпорындардың жалпымемлекеттік статистикалық байқау бойынша кезеңділігі айлық есепті деректері бойынша облыстар бойынша бөлінеді);
12) қосалқы көлік қызметінен шығарылым (кәсіпорындардың тиісті көлік түрлерінің жұмысы туралы жалпы мемлекеттік статистикалық байқау бойынша кезеңділігі жылдық есепті деректері бойынша облыстар бойынша бөлінеді, жылдың айларына пропорционалды - 1/12 бөлінеді).
55. Көлік қызметінің нақты көлем индексі жоғарыда келтірілген көліктік көрсетілетін қызметтің әрбір түрі бойынша жеке, әрбір облыс бойынша жеке есептеледі:
1) көлік қызметінің әрбір түрі бойынша тиісті нақты көлем индексін салмақтау арқылы әрбір облыс бойынша жалпы көлік бойынша нақты көлем индексі есептеледі:
мұндағы:
НКИ – белгілі бір қызмет түрі бойынша нақты көлем индексі;
Ш1, Ш0 – есепті және базистік кезеңдердегі шығарылым;
Иб – базистік кезеңге есепті кезеңдегі баға (тариф) индексі.
мұндағы:
НКИобл – әрбір облыс бойынша көлік статистикасы бойынша салмақталған нақты көлем индексі;
НКИқт1, НКИқт n– белгілі бір қызмет түрінің нақты көлем индексі;
Үқт1, Үқт n – базистік кезеңдегі облыс шығарылымының жалпы көлеміндегі белгілі бір қызмет түрінің үлесі.
2) бұдан кейін жалпы республика бойынша көлік статистикасы бойынша нақты көлемінің салмақталған индексі есептеледі:
мұндағы:
НКИ кс - жалпы көлік статистикасы бойынша нақты көлем индексі;
НКИобл1, НКИобл.n - жалпы көлік статистикасы бойынша әрбір облыс бойынша нақты көлем индексі;
Үобл 1, Үобл n - базистік кезеңдегі республика жалпы шығарылымының көлеміндегі әрбір облыстың үлесі.
13-тарау. Әдістеменің өзгеруіне байланысты динамикалық қатарларды қайта есептеу
56. Осы Әдістеменің өзгерістерін ескере отырып, көлік статистикасы бойынша көрсеткіштерді қалыптастыру 2022 жылғы қаңтардан бастап жүзеге асырылады. Әдістемеде автомобиль көлігіндегі жеке кәсіпкерлер қызметінің негізгі көрсеткіштерін есептеуде жаңа тәсілдер, тиісінше осы көрсеткіштер мен оларды құраушылар бойынша қолданыстағы динамикалық қатарлар қайта есептелетін болады. Қайта есептеу тарихи бастапқы деректері бар кезеңдер үшін және сол құрамдастар бойынша жүзеге асырылатын болады.
14-тарау.Теміржол және құбыржол көлігі бойынша көліктік көрсетілетін қызметтердің көлемін аумақтық бөлу ерекшеліктері
57. Мультиөңірлік бірліктер көлемдерінің аумақтық бөлінуі екі кезеңде іске асырылады:
1) бас кәсіпорын бойынша көрсеткіштерді қалыптастыру;
2) облыстар бойынша бас кәсіпорын көрсеткіштерінің есебі (бөлу).
Аумақтық бөлу әрбір кәсіпорын бойынша жеке орындалады.
Теміржол және құбыржол көлігінің қызметін аумақтық бөлуді қамтамасыз ету үшін "жоғарыдан төмен" әдісі қолданылады. "Жоғарыдан төмен" әдісі облыстар бойынша деректерді бөлу кезінде жанама статистикалық көрсеткіштер пайдаланылған кезде қолданылады.
58. Көлік статистикасы бойынша өнім (қызмет) шығарылымы (бұдан әрі - шығарылым) облыстар бойынша "азаймалы" әдіспен, "жоғарыдан төмен" әдісімен бөлінеді. Шығарылым алдымен бас кәсіпорын бойынша қалыптастырылады, содан кейін тиісті облыстар бойынша бөлінеді.
Тиісті облыстар бойынша бөлудің алдында кәсіпорындар бойынша шығарылым екі бөлікке бөлінеді: жалақының негізгі қор өтеліміне қатынасына пропорционалды. Шығарылымды құрамдас бөліктерге бөлу еңбек статистикасы бойынша (жалақы қоры) және қаржы статистикасы бойынша (негізгі қорлар өтелімі айсайынғы есеп айырысулар бойынша жыл айларына пропорционалды – 1/12, себебі жылдық көрсеткіш болып табылады) деректер негізінде жүзеге асырылады.
Бұл тәсілде есептеудің мынадай алгоритмі пайдаланылады:
1) шығарылымды сипаттайтын коэффициенттер еңбек және капитал көрсеткіштерінің арақатынасы арқылы есептеледі:
мұндағы:
Ке – еңбек бойынша шығарылым коэффициенті;
Е – еңбек бойынша көрсеткіш (жалақы қоры);
К – капитал бойынша көрсеткіш (негізгі қордың өтелімі).
Мұндағы:
Кк – капитал бойынша шығарылым коэффициенті;
Ке – еңбек бойынша шығарылым коэффициенті.
2) еңбекпен және капиталмен құрылған шығарылым көлемдерін анықтаймыз:
мұндағы:
Ве – еңбекпен құрылған шығарылым көлемі;
Вr – шығарылым көлемі, барлығы;
Ке – еңбек бойынша шығарылым коэффициенті.
мұндағы:
Вк –капиталмен құрылған шығарылым көлемі;
Вr –шығарылым көлемі, барлығы;
Ве – еңбекпен құрылған шығарылым көлемі.
3) еңбекпен құрылған шығарылым (Вт), осы облыстар бойынша жалақының үлес салмағына пропорционалды қалыптасқан облыстар бойынша бөлінеді:
мұндағы:
Веi – еңбек көрсеткіштері бойынша бөлінген i–облыстарының шығарылымы;
Ве – еңбекпен құрылған шығарылым көлемі;
Кеi – i-облысында жұмыскерлер мен қызметшілердің есепті кезеңдегі жалақысының үлес салмағы.
4) капиталмен құрылған шығарылымды бөлу үшін салмақтау ретінде теміржол (құбыржол) ұзындығының көрсеткіші қолданылады:
мұндағы:
Вкi – капитал көрсеткіштері бойынша бөлінген i - облыстарының шығарылымы;
Вк – капиталмен құрылған шығарылым көлемі;
Кпi – есепті кезеңде теміржол (құбыржол) ұзындығының үлес салмағы.
5) шығарылым жалпы әрбір облыс бойынша есептеледі:
мұндағы:
Вi – i - облысындағы шығарылым, барлығы;
Веi – еңбек көрсеткіштері бойынша бөлінген i - облыстарының өнімі;
Вкi – капитал көрсеткіштері бойынша бөлінген i – облысындағы шығарылым.
Жүк (жолаушылар) тасымалы және жүк айналымы (жолаушылар айналымы), көрсеткіштерін аумақтық бөлу үшін жоғарыда көрсетілген әдіс пайдаланылады.