Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 29.12.2018 № 721 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 6) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартын (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17669 болып тіркелді) іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 24.09.2020 № 412 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес ерекше білім беруге қажеттілігі бар (сөйлеу тілі жалпы дамымаған) балаларға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес ерекше білім беруге қажеттілігі бар (көру қабілеті бұзылған) балаларға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес ерекше білім беруге қажеттілігі бар (есту қабілеті бұзылған) балаларға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес ерекше білім беруге қажеттілігі (зерде бұзылыстары) бар балаларға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы;
6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес ерекше білім беруге қажеттілігі бар (тірек-қимыл аппараты бұзылған) балаларға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы;
7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес ерекше білім беруге қажеттілігі (дамуында күрделі бұзылыстары) бар балаларға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 29.12.2018 № 721 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Мектепке дейінгі және орта білім департаменті (Ж.А. Жонтаева) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялау үшін электрондық тасымалдағышта елтаңбалы мөрмен куәландырылған қағаз данасын қоса бере отырып жолдауды;
3) тіркелген осы бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мөрімен расталған және осы бұйрыққа қол қоюға уәкілетті адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған баспа және электрондық түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жолдауды;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі және халықаралық ынтымақтастық департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Э.А. Суханбердиеваға жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушы |
Э. Суханбердиева |
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 12 тамыздағы № 499 бұйрығына 1-қосымша |
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің 14.10.2022 № 422 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабының 6-тармағына және 14-бабының 1-тармағына, "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29031 болып тіркелген) (бұдан әрі - Стандарт) талаптарына сәйкес әзірленді.
2. Бағдарламаның мақсаты әр баланың қызығушылықтарын, ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескере отырып, жалпы адами және ұлттық құндылықтар негізінде оларды толыққанды дамыту мен әлеуетін ашу болып табылады.
3. Бағдарламаның міндеттері мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқыту үшін жайлы және қауіпсіз білім беру жағдайларын жасау, баланың даралығы мен субъективтілігін қолдауға бағытталған дамытушы заттық-кеңістіктік ортаны, оның ішінде арнайы ортаны құру, олардың жас ерекшеліктеріне сәйкес біліктері мен дағдыларын қалыптастыру, мектепке дейінгі білім берудің сабақтастығы мен үздіксіздігі ұстанымдарын қамтамасыз ету, балалардың физикалық дамуы, коммуникативтік, танымдық, зияткерлік, шығармашылық дағдыларын, зерттеушілік қабілеттерін дамыту, әлеуметтік-эмоционалдық дағдыларын қалыптастыру, баланың зияткерлік, әлеуметтік дағдыларын және тұлғасын дамыту үшін инновациялық әдістер мен технологияларды қолдану, оқыту, дамыту және тәрбиелеу міндеттерінің бірлігін қамтамасыз ету, балаларды қазақ халқының ұлттық құндылықтарына, отбасылық құндылықтарға, отаншылдыққа, Отанға деген сүйіспеншілікке, мәдени-әлеуметтік нормаларға баулу, балаларды дамыту мен тәрбиелеу үшін отбасы мен мектепке дейінгі ұйымның күш-жігерін біріктіру, баланың мектепте оқуға физикалық, психологиялық, эмоционалдық, әлеуметтік дайындығы үшін тең бастапқы мүмкіндіктерді беру болып табылады.
4. Бағдарламаның мазмұны:
дені сау баланы тәрбиелеуді, өз денсаулығына саналы түрде қарауды, салауатты өмір салты негіздерін, қауіпсіз өмір сүру дағдыларын қалыптастыруға;
балалардың жеке ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескере отырып, ауызекі сөйлеуді, сөздік қорды қалыптастыруды, өмірде әртүрлі жағдайлардағы қарым-қатынас дағдыларын меңгертуге, қолдың ұсақ моторикасын, командада жұмыс істеу дағдыларын дамытуға;
тәрбиеленушілердің қоршаған әлеммен өзара қарым-қатынас жасауына қажетті танымдық және зерттеушілік әрекеттің қарапайым дағдыларын меңгертуге;
өнер туындыларын қабылдау мен түсіну дағдыларын қалыптастыру, қоршаған әлемді эмоционалды тану, тәрбиеленушілердің өзіндік шығармашылық іс-әрекеті үшін жағдай жасауға;
тәрбиеленушілерді, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оң әлеуметтендіру, оларды әлеуметтік-мәдени нормаларға, қоғам және мемлекет, отбасы дәстүрлеріне баулу, рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыруға;
мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту және бастауыш білім беру арасындағы оқыту, дамыту және тәрбиелеу міндеттерін ескере отырып, сабақтастық пен үздіксіздік қағидаларын қамтамасыз етуге;
бастауыш білім беру ұйымдарында мектеп жасына дейінгі тәрбиеленушілерді оқыту үшін тең бастапқы мүмкіндіктер беруге бағытталған.
5. Бағдарламаның мазмұны балалардың физикалық және психикалық дамуының жас кезеңдерін ескере отырып, келесі жас топтарында іске асырылады:
ерте жас тобы – 1 жастағы балалар;
кіші топ – 2 жастағы балалар;
ортаңғы топ – 3 жастағы балалар;
ересек топ – 4 жастағы балалар;
мектепалды топ, мектептегі (лицейдегі, гимназиядағы) мектепалды сынып – 5 жастағы балалар.
6. Бағдарламаның мазмұнын меңгеру мерзімі – 5 жыл, бір жас тобында – 1 жыл.
7. Педагог балаға:
ненің "дұрыс" және ненің "бұрыс" екенін түсінуді;
сыпайы және мейірімді болуды;
дос болуды, құрметтеуді, көмектесуді, бөлісуді;
қызығушылық танытуды, қоршаған әлемді бақылауды және зерттеуді;
тыңдауды, түсінуді және саналы сөйлеуді;
қауіпсіз мінез-құлық ережелері мен салауатты әдеттерді сақтауды;
физикалық белсенділікке, соның ішінде белсенді қимыл ойындарын ойнауды;
өзі ойнауды;
ересектерге көмектесуге, еңбекқорлыққа;
ата-анасына, достарына, туған өлкесіне деген сүйіспеншілік пен қамқорлық көрсете білуді, отбасын бағалауды;
өзіне қамқорлық жасауға және ниетін білдіруге үйретеді.
8. Бағдарлама меншік нысанына қарамастан мектепке дейінгі ұйымдарда және мектептердегі (лицейлердегі, гимназиялардағы) мектепалды сыныптарда іске асырылады.
1-тарау. Ерте жас тобы (1 жастағы балалар)
1-параграф. Физикалық қасиеттерді дамыту
9. Физикалық дамыту балалардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, күн сайын ойын түрінде және дене шынықтыру ұйымдастырылған іс-әрекеті арқылы жүзеге асырылады.
10. Мақсаты денсаулықты сақтау технологиясын қолдана отырып, балалардың денсаулығын нығайтатын, ағзаны шынықтыратын, негізгі қимыл түрлерін дамытатын жағдайлармен қамтамасыз ету болып табылады.
11. Міндеттері:
балалардың өмірін қорғауға және денсаулықты нығайтуға, ағзаның үйлесімді психофизикалық дамуы үшін жағдай жасау;
дененің өсуі мен дамуының табиғи процестерін жетілдіру, қимыл-қозғалыстарға деген биологиялық қажеттіліктерін қанағаттандыру, дене белсенділігін дамытуға жағдай жасау;
балалардың күн тәртібіне, қоршаған орта жағдайларына бейімделуі үшін жағдайлар жасау;
жүру, жүгіру, өрмелеу, лақтыру, секіру, тепе-теңдікті жетілдіруге мүмкіндік беретін негізгі қимыл түрлерін дамыту;
денсаулықты нығайтуға ықпал ететін мәдени-гигиеналық дағдыларды қалыптастыру;
дене шынықтыру мен дене белсенділігіне қатысуға, дербес қимыл әрекетін орындауға қызығушылықты арттыру;
қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтау.
12. Күтілетін нәтижелер:
негізгі қимыл түрлерінің бастапқы дағдыларын, өзіне-өзі қызмет көрсету дағдыларын меңгерген;
дене жаттығуларын орындауға ықылас танытады, ересектердің көмегімен өзін ретке келтіреді;
тазалық пен ұқыптылыққа қанағаттанған сезімін білдіреді;
тура жолдың бойымен жүреді;
ересектің көмегімен гимнастикалық тақтай бойымен жүреді;
негізгі қимыл түрлерін жетілдіруге арналған қимылды ойындарға қызығушылық танытады;
заттардың арасымен жүреді;
жұмсақ модульге немесе гимнастикалық скамейкаға көтеріледі және одан түседі;
допты шағын төбешіктен домалатады;
қимылды үйлестірудің бастапқы дағдыларына ие;
ересектердің көрсетуімен жалпы дамытушы жаттығуларды орындайды;
ересектердің көмегімен өзіне-өзі қызмет көрсетудің қарапайым дағдыларын сақтайды.
13. Дене шынықтыру (1 жастан 1 жас 6 айға дейін).
14. Негізгі қимылдар.
Жүру және тепе-теңдік сақтау жаттығулары. Еденде жатқан жолдың бойымен тура бағытта топпен жүру. Нысанаға дейін тура жолдың бойымен (ені 25-30 сантиметр, ұзындығы 2–3 метр) жүру, ересектің көмегімен гимнастикалық тақтай бойымен (ені 25-30 сантиметр) жүру, ересектің көмегімен модульге (биіктігі 10–15 сантиметр) шығу және одан түсу, еденде жатқан лентадан (арқаннан) аттап өту.
Еңбектеу, өрмелеу. Арқанның (биіктігі 50 сантиметр), доғаның, орындықтың астынан төрт тағандап еңбектеп өту, 2 метр қашықтыққа дейін бөренеден аттап өту, құрсаудан еңбектеп өту. Шағын саты бойымен жоғары өрмелеу (биіктігі 1 метр).
Домалату, лақтыру. Допты бір қолмен және екі қолмен ұстау, көлемдері әртүрлі доптар мен шарларды жинау, оларды өз бетінше себетке (жәшікке) салу, шарларды домалату, допты екі қолмен алға лақтыру, допты алға домалату (отырып, тұрып), допты (диаметрі 6–8 сантиметр) төменге, қашықтыққа лақтыру.
15. Мәдени-гигиеналық дағдыларды және өзіне-өзі қызмет көрсету дағдыларын қалыптастыру.
16. 1 жастан 1 жас 6 айға дейін.
Баланың дербестікке ұмтылысын қолдау, әрбір баланы күн тәртібіне біртіндеп үйрету.
Тамақтану алдында және лас болған кезде қолын жууға, 1 жас 1ай - 1 жас 3 айда қою тамақты қасықпен өз бетінше жеуге, ал 1 жас 6 айда – сорпа тамақты ішуге үйрету (нанды сорпамен бірге ішу, тек өз тәрелкесіндегі тамақты ішу), ересектің көмегімен майлықты қолдану, тамақтан соң ересектерге ілтипат білдіру.
Балаларды шынықтыруды ауа, су шараларымен, серуен кезінде ультракүлгін сәулелердің әсерлерімен жүзеге асыру, 2-3 минут бойы жылы құмның үстінде жалаң аяқ жүргізу, ауа ванналарын күніне бірнеше рет киіну-шешіну кезінде қолдану (ауа ванналарының ұзақтығын 2-3 минуттан, 6-10 минутқа дейін ұзарту).
17. 1 жас 6 айдан 2 жасқа дейін.
Гигиеналық талаптарды сақтау бойынша жұмысты жалғастыру.
Үстел басына қолды жуғаннан кейін отыру, орындыққа өзі отырып, одан өзі тұру, тамақты төгіп-шашпай ұқыпты ішу, тамақтанып болғаннан кейін майлықты қолдану, орындықты жылжыту, алғыс айту.
Жуыну кезінде қолдарын (алақандарын бір-біріне үйкелеу) және бетін алақандарымен жуу, ересектердің көмегімен беті-қолдарын сүрту.
Киініп-шешіну кезінде киімдерін белгілі тәртіппен шешу және кию, оларды дұрыс бүктеу.
Түбекке сұрану, өз түбегінің орнын білу, тек өз түбегіне отыру.
Ескерткен кезде қол орамалды қалтасынан өзі алып, мұрнын сүрту және қайта салу.
18. Дене шынықтыру (1 жас 6 айдан 2 жасқа дейін).
Жүру және тепе-теңдік сақтау жаттығулары. Еденнен бір шеті 15–20 сантиметр жоғары қойылған тақтайдың үстімен (ені 20 сантиметр, ұзындығы 1,5–2 метр), текшелердің, кегльдердің, құрсаулардың, таяқтардың арасымен топпен жүру; құрсаудан құрсауға өтуге үйрету; жұмсақ модульге немесе гимнастикалық скамейкаға көтерілуге және одан түсуге үйрету. Еденнен 12–18 сантиметр жоғары көтерілген арқаннан немесе таяқтан аттап жүру.
Еңбектеу, өрмелеу. Бөренеден (диаметрі 15-20 сантиметр) аттап өту, 35-40 сантиметр жоғары қойылған арқанның астынан еңбектеу, құрсаудан еңбектеп өту (диаметрі 45 сантиметр).
Домалату, лақтыру. Допты шағын төбешіктен домалату; допты тәрбиешіге, балаға домалату және лақтыру; допты алға, жоғары лақтыру, бала кеудесінің деңгейінде тартылған лентадан допты асыра лақтыру.
19. Жалпы дамытушы жаттығулар: қолды жоғары көтеріп, төмен түсіру, қолды алға созу, қолды арқаға қою, бүгу және қайта жазу, қолдың білектерін сермеу, айналдыру, қолдың алақандарын жоғары, төмен қарату, саусақтарды жұмып, ашу, ұсақ заттарды саусақтарымен іліп алу, отырып және тұрып оңға, солға бұрылу, заттарды бір-біріне беру, алға еңкею және түзу тұру, таяныштан ұстап, жүрелеп отыру, секіру.
20. Сауықтыру-шынықтыру шаралары.
Сауықтыру-шынықтыру шараларын табиғи факторларды (ауа, күн, су) пайдаланып, жүргізу. Топ бөлмелерінде тұрақты ауа температурасын (+21-22°С) сақтау, балаларға жеңіл киімдер кигізу.
Ұйқыдан кейін және күні бойы киініп-шешіну кезінде балаларды шынықтыруды жүзеге асыру. Ауа-райы жағдайын ескере отырып, күн сайын серуендер ұйымдастыру. Жауын-шашынды күндері балалармен жабық қысқы бақта қимылды ойындар ұйымдастыру. Жылдың жылы мезгілінде серуенде балалардың күн сәулесінің астында (3-5 минут) болуын қамтамасыз ету, құмның үстімен жалаң аяқ 2-3 минут жүргізу (алдын ала оның тазалығы мен қауіпсіздігіне көз жеткізу). Жаз мезгілінде серуеннен кейін жуыну және аяқты жуу кезінде гигиеналық және шынықтыру шараларын үйлестіру, әр баланың денсаулық жағдайын және оның судың әсеріне бейімделу деңгейін ескеру.
Арнайы шынықтыру шараларын ата-аналардың қалауымен, мектепке дейінгі ұйымның әкімшілігі мен медициналық қызметкерлері шешімімен жүргізу.
2-параграф. Коммуникативтік дағдыларды дамыту
21. Коммуникативтік дағдыларды дамыту балалардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, күн сайын ойын түрінде және сөйлеуді дамыту, көркем әдебиет ұйымдастырылған іс-әрекеттері арқылы жүзеге асырылады.
22. Мақсаты балалардың ауызекі сөйлеуін дамыту арқылы әлеуметтік-коммуникативтік дағдыларды дамыту үшін жағдайлармен қамтамасыз ету болып табылады.
23. Міндеттері:
коммуникативтік дағдыларды дамыту үшін тілдік қарым-қатынас ортасын құру;
сөйлеуді және фонематикалық естуді дамыту;
баланың түсінетін және белсенді сөздік қорын қалыптастыру;
ересектердің, құрдастарының сөзіне еліктеу қабілетін дамыту;
балаларды алғашқы қарым-қатынас құралдарын (вербалды және вербалды емес) қолдануға үйрету;
үй жануарларының дыбыстарына еліктеу, дыбыстарды қайталау арқылы дыбыстау мәдениетін қалыптастыру;
2-3 сөзден тұратын тіркестерді құрастыруға, грамматикалық түрлерді қолдануға үйрету.
24. Күтілетін нәтижелер:
суреттерден айтылған сөзге сәйкес келетін ойыншықтарды, заттарды табады және көрсетеді;
ойыншық жануарлардың дене мүшелерін, тұрмыстық және ойын әрекеттерін, заттардың түстерін, өлшемдері мен пішіндерін көрсетеді және атайды;
қарапайым сөз тіркестерін түсінеді, екі сөзден тұратын сөйлемді айтады;
өтініштерді орындайды;
ойыншықтармен күрделі емес бейнелі ойындарды ойнайды;
өзінің, жақын адамдарының есімдерін, атауларын (ана, әке, ата, әже) күнделікті жиі қолданатын таныс заттар мен ойыншықтардың атауларын, тағамдардың атауларын, белгілі қимылдарды біледі және оларды айтуға тырысады;
эмоционалды көңіл-күйді түсінеді және өзінің эмоциясын ым-ишарамен көрсетеді;
дыбыстық тіркестерді еліктеп, дұрыс қайталайды;
ересектерді тыңдайды, түсінеді, тапсырманы орындайды;
заттардың атын, түсін, мөлшерін, көлемін, орнын біледі және атайды;
сөзбен немесе қысқа сөз тіркестерімен өз өтінішін білдіреді;
дұрыс сөйлеуге талпынады;
қарапайым сұрақтарға жауап береді;
екі-үш сөзден тұратын сөйлемдерді айта алады;
шағын, мазмұны түсінікті әңгімелерді, тақпақтар мен өлеңдерді қызығушылықпен тыңдайды және түсінеді;
жалпақ және көлемді иллюстрацияларымен кітаптарды қарайды;
көрнекіліксіз таныс шығармаларды тыңдайды;
таныс шығармалардағы сөздерді қайталайды;
кітаптардағы суреттерді өз бетінше қарайды, ондағы таныс кейіпкерлерді көрсетеді;
оқылған таныс өлеңдердегі сөздер мен сөз тіркестерін айтады;
шағын өлеңдерді, ертегілер мен әңгімелерді эмоционалды қабылдайды және қимыл-әрекет арқылы көрсете алады;
шағын драмалық ойындарға, қойылымдарға қатысады, ондағы игерген тәжірибелерін еркін ойындарда қолданады.
25. Сөйлеуді дамыту (1 жастан 1 жас 6 айға дейін).
26. Сөзді түсіну.
Суреттерден ересектің айтқан сөзіне сәйкес келетін ойыншықтарды, заттарды, киімдерді, ыдыс-аяқтарды табу және көрсету.
Өз дене мүшелерін және ойыншық жануарлардың дене мүшелерін (қол, аяқ, бас, ауыз, көз, құлақ), тұрмыстық және ойын әрекеттерін (жуыну, қыдыру); заттардың түстерін (қызыл, көк), қарама-қарсы өлшемдерді (үлкен, кіші), фигураларды (текше, кірпіш) білдіретін сөздерді түсіну.
Күнделікті өміріне байланысты қарапайым сөз тіркестерін түсіну, өтініштерді орындау, ойыншықтармен күрделі емес бейнелі ойындар ойнау, тұрмыстық жағдаяттарды суреттейтін 1-3 әрекетті көрсету.
27. Белсенді сөйлеуді дамыту
Дыбыстық тіркестер мен сөздерге еліктей отырып, дыбыстау.
Белсенді сөздікті жақын адамдардың атауларымен (ана, әке, ата, әже), күнделікті жиі қолданатын таныс заттар мен ойыншықтардың, тағам атауларымен (ботқа, су, сүт), белгілі қимылдарды (ал, бер, аш, тұр, жібер, ұйықта, бар) білдіретін сөздермен толықтыру.
Ересектердің сөздерін тыңдауға, "Бұл кім?", "Бұл не?", "Не істеді?" деген қарапайым сұрақтарға жауап беруге, ыммен, қимылдар арқылы көрсетуден біртіндеп сөзбен айтуға көшуге, екі сөзден тұратын сөйлемдерді айтуға баулу.
28. Сөйлеуді дамыту (1 жас 6 айдан 2 жасқа дейін).
29. Сөзді түсіну.
Түсінетін сөздер қорын кеңейту. Заттардың түсін (қызыл, көк, сары, жасыл), өлшемін (үлкен, кіші), заттардың күйін (таза, кір), мерзімдік (қазір), сандық (біреу, көп) қатынастырады, қалауларын білдіруге қажетті сөздерді (тамақ ішу, ұйықтау, су ішу), дене мүшелерін білдіретін сөздерді түсіну.
Таныс заттарды ересектердің көмегімен түсі бойынша таңдау.
Жануарлардың қимылын (лақ секіреді, құс ұшады), дыбыстауын (қозы маңырайды: мәәә, бұзау мөңірейді: мөөө, мысық мияулайды), адамның қимылын (жүреді, жүгіреді, билейді) білдіретін сөздерді түсіну және дыбыстық тіркестерді атау.
30. Белсенді сөйлеу.
Дыбыстық тіркестерді жалпы қолданыстағы сөздермен ауыстыруға (бәәә -бота, мәәә - қозы, мөөө - бұзау, мәәә - лақ, мияу - мысық, аб-аб - ит), туыстық атауларды (аға, апа, тәте, көке), төрт түліктің (ат, тай, бота), жиі қолданылатын азық-түлікті (нан, шәй, май, сүт, көже) білдіретін жеңіл сөздерді айтуға баулу.
Сөздік қорды ойыншықтар, киімдер, ыдыстар, көлік түрлерін білдіретін зат есімдермен, тұрмыстық (киіну, жуыну), ойын (ойнау, салу, домалату, тебу) әрекеттерін білдіретін, қарама-қарсы мағыналы (ашу-жабу, бару-келу, алу-салу) етістіктермен, заттардың түсін, пішінін, білдіретін сын есімдермен толықтыру.
Ересектермен, құрдастарымен қарым-қатынаста алғашқы әдеп нормаларына сәйкес сөздерді қолдануды үйрету (амандасу, қоштасу, рахмет айту).
Күнделікті өмірдегі, суреттегі заттардың атын атау, ересектер мен құрдастарынан көмек сұрау, өтініш білдіру, еліктеу бойынша жаңа сөздерді, екі-үш сөзден тұратын сөйлемдерді айту, қарапайым сұрақтарға жауап беру.
Айналасындағы адамдардың сөзін тыңдау, олардың ауызша айтылған талаптарды орындау.
Ересектердің сөзін қайталау арқылы дұрыс сөйлеу дағдыларын, ана тілінің грамматикалық нормаларын ескеріп, сөйлемдерді құруды қалыптастыру.
31. Көркем әдебиет (1 жастан 1 жас 6 айға дейін).
Көркем әдебиетті қабылдауға қызығушылықты ояту.
Шағын, мазмұны түсінікті өлеңдерді, әңгімелерді, тақпақтарды, бесік жырларын тыңдату, шығарманы оқып беруді суреттер, ойыншықтар, әрекеттерді көрсетумен (әңгімелеу) сүйемелдеу. Оқылатын шығарма мазмұнының баланың жасына сәйкестігіне және мәнерлеп оқылуына мән беру.
Жалпақ және көлемді иллюстрациялары бар кітаптарды қарауға тарту.
32. Көркем әдебиет (1 жас 6 айдан 2 жасқа дейін):
Көрнекіліксіз таныс мазмұны қарапайым шығармаларды тыңдау, олардың мазмұнына эмоциямен жауап беру, шығарма мәтінінің кейбір сөздерін қайталау және мазмұнында айтылатын қарапайым әрекеттерді, дыбысқа еліктеу мен ойын әрекеттерін орындау.
Ересектің көмегімен тақпақтарды, қысқа өлеңдерді және әңгімелер мен ертегілердің мазмұнын қайталап айту, көркем шығарма мазмұны бойынша қойылымдарға қатысу.Таныс шығармалар мазмұнына сәйкес ойын әрекеттерін орындау, драмалық ойындарға, қойылымдарға қатысуға баулу, ондағы игерген тәжірибелерін еркін ойындарда қолдануға мүмкіндік беру. Үстел үсті, саусақ театрларын өз бетінше ойнау.
Кітаптардағы суреттерді өз бетінше қарауға, ондағы таныс кейіпкерлерді көрсетуге мүмкіндік беру. Көркем сөзге, мәнерлеп сөйлеуге қызығушылықты ояту.
3-параграф. Танымдық және зияткерлік дағдыларды дамыту
33. Танымдық және зияткерлік дағдыларды дамыту балалардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, күн сайын ойын түрінде және сенсорика ұйымдастырылған іс-әрекеті арқылы іске асырылады.
34. Мақсаты қоршаған әлеммен өзара әрекет ету үшін қажетті танымдық іс-әрекеттің қарапайым дағдыларын меңгеруге жағдай жасау болып табылады.
35. Міндеттері:
заттарды өзіне тән қасиеттері бойынша зерттеу;
заттардың қасиеттері бойынша ұғымдарды қалыптастыру;
сенсорлық қабілеттерін қалыптастыру;
көру-есту түйсігін, қабылдау, есте сақтау, көрнекі-әрекеттік ойлау, қиял, зейінді дамыту;
түрлі балалар әрекеттерінде көз бен қол үйлесімділігін, қолдардың ұсақ моторикасын дамыту;
интелектуалды сезімді тәрбиелеу (жаңаны тануда қуанышқа бөлену).
36. Күтілетін нәтижелер:
заттармен әртүрлі әрекеттер орындайды;
түсі, өлшемі бойынша заттарды ажыратады;
заттарды өлшемі немесе пішініне қарай сәйкес ұяларға орналастырады;
заттық әрекеттерді орындауға болатын қарапайым заттар мен құралдарды қолданады;
біртекті заттарды ортақ белгісі (өлшемі, пішіні) бойынша топтастыра біледі;
ересектің көмегімен 4-5 сақинадан (үлкенінен кішіге қарай) тұратын пирамиданы жинайды;
тиісті пішіндегі (дөңгелек, шаршы) қораптар мен қобдишаларға қақпақтарды таңдайды;
күрделі заттармен әрекеттерді орындайды;
негізгі төрт түсті (қызыл, көк, сары, жасыл) ажыратады;
дидактикалық ойыншықтармен, шағын және ірі құрылыс материалдарымен өз бетінше ойнайды.
37. Сенсорика (1 жастан 1 жас 6 айға дейін).
Заттарды өлшемі немесе пішініне қарай сәйкес ұяларға орналастыруға арналған тапсырмаларды орындау, түрлі өлшемдегі 2–3 сақинадан тұратын конустық негіздегі (өзекшесі) пирамидаға, кейіннен тік өзектегі пирамидаға бір өлшемді бірнеше сақинаны, содан кейін түрлі өлшемді екі топтағы сақиналарды белгілі реттілікпен жинау.
Заттардың көлеміне (үлкен, кіші), түсіне (қызыл, көк) бағдар жасай отырып, әртүрлі әрекеттер (ашу - жабу, өткізу - шығару, домалату, қадау, сабақтау, қою, байлау, төсеу) жасау.
38. Сенсорика (1 жас 6 айдан 2 жасқа дейін).
Балалардың сенсорлық тәжірибесін байытуды жалғастыру.
Өлшемі бойынша заттарды ажырата білу, ересектің көмегімен 4-5 сақинадан (үлкенінен кішіге қарай) тұратын пирамиданы жинау.
Тиісті пішіндегі (дөңгелек, шаршы) қораптар мен қобдишаларға қақпақтарды таңдау, екі бөліктен тұратын қиылған суреттерді жинау.
Күрделі заттармен әрекеттерді орындау – сақиналары бар таяқшамен, торлы дорбамен, күрекшемен сәйкес келетін ойыншықтар мен шарларды жылжыту, алу және орындарын ауыстыра білу, қазықшаларды ылғал құмға балғамен қағып, кіргізе білу.
Біртекті заттарды ортақ белгісі: пішіні, түсі бойынша топтастыру, саусақтардың ұсақ моторикасын дамыту үшін заттармен әрекет жасау, дидактикалық ойындар барысында және тұрмыста балалардың сенсомоторлық "көз бен қолды" үйлестіру.
Естуді дамыту үшін әртүрлі дыбыс шығаратын заттардың (қоңыраулар, аспалы металл таяқшалар, шиқылдайтын ойыншықтар, музыкалық ойыншықтар) дыбысын тыңдау, қабылдауды дамыту үшін бір мезгілде екі қасиетті: түс пен өлшемді, пішін мен өлшемді, пішін мен түсті, негізгі төрт түсті (қызыл, көк, сары, жасыл) ажырату.
Дидактикалық ойыншықтармен, шағын және ірі құрылыс материалдарымен өз бетінше ойнауға мүмкіндік беру.
4-параграф. Балалардың шығармашылық дағдыларын, зерттеу іс-әрекетін дамыту
39. Тәрбиеленушілердің шығармашылық дағдыларын, зерттеу іс-әрекетін дамыту балалардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, күн сайын ойын түрінде және мүсіндеу, музыка ұйымдастырылған іс-әрекеттері арқылы іске асырылады.
40. Мақсаты балалардың танымдық, шығармашылық, музыкалық қабілеттерін қалыптастыру болып табылады.
41. Міндеттері:
шығармашылық әрекет түрлеріне қызығушылықтарын ояту;
балалардың байқампаздығын дамыту;
көрнекі-қимылдық ойлауды, есті, қиялды, зейінді, қабылдауды дамыту;
қоршаған орта туралы түсініктерін байыту.
42. Күтілетін нәтижелер:
ермексазды, сазбалшықты алақан арасында домалата алады;
жалпақ, дөңгелек пішіндерді мүсіндейді;
тәрбиешінің көрсетуі бойынша алынған пішіндерді құрастыра біледі;
музыкаға, ән салуға, музыкалық-ырғақтық қимылдарға қызығушылық танытады;
музыканы эмоционалды қабылдайды;
музыкамен жүре алады;
ересектердің орындаған әндерін тыңдайды;
музыканың сүйемелдеуімен ойын әрекеттерін орындайды;
таныс музыкалық шығарманы көтеріңкі көңіл-күймен қабылдайды, оны соңына дейін тыңдайды;
ересекпен қосылып әннің кейбір сөздерін айтады;
балалар музыкалық аспаптарымен ойнайды;
жалаушаны желбіретеді, сылдырмақты сылдырлатады;
ересектердің көрсетуі бойынша қарапайым би қимылдарын орындайды;
қимылдарды дыбыстармен және сөздермен сүйемелдеп, ойындар ойнайды.
43. Мүсіндеу (1 жастан 1 жас 6 айға дейін).
Балалардың мүсіндеуге қызығушылығын ояту. Сазбалшықпен таныстыру. Ермексаздың, сазбалшықтың кесектерін алақан арасында домалатып, "шарлар" жасау, жалпақ, дөңгелек пішіндерді мүсіндеу.
44. Мүсіндеу (1 жас 6 айдан 2 жасқа дейін).
Балаларды жалпақ, дөңгелек пішіндерді мүсіндей білуге, өз қалауы бойынша алынған пішіндерді құрастыруды, материалдарды ұқыпты қолдана білуге үйрету.
45. Музыка.
Музыкаға, ән салуға, музыкалық-ырғақтық қимылдарға қызығушылықты қалыптастыру.
46. Музыка (1 жастан 1 жас 6 айға дейін).
Көңілді және баяу музыкамен таныстыру.
Балаларға мазмұны бойынша жақын әндерді тыңдауды, олардың көңіл-күйін эмоционалды қабылдауды, ересектің көрсетуі бойынша сәйкес қимылдармен сүйемелдеуді, қосылып ән айтуды үйрету (айта алуына қарай).
Музыкамен жүруге, қарапайым би қимылдарын көрсетуге (аяқты топылдату, аяқтан аяққа ауысу, қол шапалақтау, сылдырмақты сылдырлату) үйрету.
Ойындарда кейіпкерлердің қимылдарын (құс, аю, қоян) көрсетуге ынталандыру.
47. Музыка (1 жас 6 айдан 2 жасқа дейін).
Балалардың музыканы есте сақтауын дамыту, таныс музыкалық шығарманы көтеріңкі көңіл-күймен қабылдауға баулу, оны соңына дейін тыңдауға үйрету.
Музыка тыңдау.
Әннің әуені мен сөздерін тыңдау, музыкалық шығарманы, көңілді және баяу сипаттағы әндерді эмоционалды қабылдау.
Ән айту.
Айналадағы дыбыстарға еліктеу арқылы ән айтуға қызығушылықты ояту (мысалы: мысық мияулайды, ара ызыңдайды). Ән айту кезінде балаларды белсенділік танытуға ынталандыру, ересектің орындауындағы әннің сөздерін бірге қосылып айту (дыбыстарға еліктеу, сөз тіркестерін қайталау).
Музыкалық ырғақты-қимылдар.
Музыкамен жүру, жүгіру, заттармен қарапайым қимылдар орындау: жалаушаны жоғары көтеру, оларды желбірету, сылдырмақты сылдырлату, ересектердің көрсетуі бойынша қарапайым би қимылдарын орындау.
Қимылдарды ойын әрекеттерінде қайталау, оларды дыбыстармен және сөздермен сүйемелдеу.
Балалар музыкалық аспаптарында ойнау.
Қоңырау, сылдырмақ, асатаяқ аспаптарын сылдырлатып ойнауға (қатты-ақырын сылдырлату) үйрету. Барабан және ағаш қасықтарды соғып ойнау.
5-параграф. Әлеуметтік-эмоционалды дағдыларды қалыптастыру
48. Әлеуметтік-эмоционалды дағдыларды қалыптастыру балалардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, күн сайын ойын түрінде және қоршаған ортамен таныстыру ұйымдастырылған іс-әрекеті арқылы іске асырылады.
49. Мақсаты әртүрлі өмірлік және ойын жағдаяттарында әлеуметтік қатынастар жүйесіне ену негізінде баланың әлеуметтік тәжірибесін, жеке қасиеттерін қалыптастыру болып табылады.
50. Міндеттері:
балалардың қоршаған ортамен танысуына, бейімделуіне, ересектермен және құрдастарымен мейірімді қарым-қатынас орнатуына жағдай жасау;
баланың өз отбасының мүшесі екенін сезінуіне ықпал ету;
қоршаған ортаның заттары мен табиғат құбылыстары жайлы бастапқы түсініктерді қалыптастыру;
тіршілік иелерін бақылау және оларға қамқорлық жасауға баулу;
балаларды әлеуметтендіру үшін икемді дамытушы заттық-кеңістіктік орта құру;
баланы әрекет түрлеріне, ойын арқылы өзіне - өзі қызмет көрсетуге, адамгершілік құндылықтарға баулу;
айналасындағы заттық ортаға қызығушылықты қалыптастыру;
мінез-құлық мәдениетінің қарапайым дағдыларын (амандасу, қоштасу, алғыс айту), құрдастарымен өзара әрекеттің бастапқы дағдыларын қалыптастыруға ықпал ету.
51. Күтілетін нәтижелер:
фотосуреттерден өзін таниды;
өзіне жақын адамдарға күлімсірейді, басын изейді, қолын бұлғайды;
қоршаған ортаның заттары мен табиғат құбылыстарына қызығушылық танытады;
сумен, құммен ойнайды;
гүлдеп тұрған өсімдікке қызығушылық танытады;
жануарларға қызығады, олардың дауыстарын салады;
өзіне жақын отбасы мүшелерін таниды,
ересектердің дауысын тыңдайды, олардың қимылдарына еліктейді, оған көмекке жүгінеді;
мінез-құлық мәдениетінің дағдыларын меңгерген: амандасады, қоштасады, алғыс айтады;
құрдастарына және ересектерге мейірімділік танытады;
қоршаған ортаның заттары мен табиғат құбылыстарына қызығушылық танытады;
өлі табиғат заттарын (су, құм, тас) біледі;
гүлдеп тұрған өсімдікті бақылайды және оның бөліктерін көрсетеді;
кейбір көгөністер мен жемістердің шынайы өзін, суретін таниды және атайды;
қоршаған ортадағы жануарларға, құстарға қызығады, олардың дене бөліктерін көрсетеді, дауыстарын салады, қимылдарын ойындарда қайталайды;
өсімдіктер мен жануарларға қызығушылық танытады, оларға қамқор болуға тырысады;
"болады", "болмайды", "қауіпті" сөздерінің мағынасын түсінеді;
серуенде қауіпсіз мінез-құлықтың қарапайым ережелерін сақтайды.
52. Қоршаған ортамен таныстыру.
53. 1 жастан 1 жас 6 айға дейін.
Баланың өзіне деген қызығушылығын қалыптастыру. Фотосуреттерден өзін, құрдастарын тану. Өзіне жақын ересектер мен құрдастарына жағымды қарым-қатынас таныту (күлімсіреу, басын изеу, қолын бұлғау).
Қоршаған ортаның заттары мен табиғат құбылыстарына қызығушылықты ояту. Өлі табиғат заттарымен (су, құм, тас) таныстыру, олармен әрекет етуді көрсету (сумен жуыну, құммен ойнау, тастарды жинау).
Гүлдеп тұрған өсімдікті бақылау, оның бөліктерін (гүл, жапырақ) көрсету.
Қоршаған ортадағы жануарларды көрсету, олардың дауыстарын (қозы - мәәә, бұзау - мөөө, мысық - мияу, ит – аб-аб) келтіру.
Өсімдіктер мен жануарларға деген қызығушылықтарын ояту, оларға қамқор болуға баулу.
54. 1 жас 6 айдан 2 жасқа дейін.
Ата-анасы мен өзіне жақын отбасы мүшелерін (анасы, әкесі, ағасы, апасы, әжесі, атасы) тану, қоршаған кеңістікті (бөлме – пәтер, үй – кіреберіс, аула-балалар алаңы) бағдарлау, күнделікті тұрмыста жиі қолданылатын заттарды тану.
Ересектермен (дауысын тыңдау, қимылына еліктеу, одан көмек сұрау) және құрдастарымен (әрекетін бақылау, ойнап отырған құрдасының жанына бару, ойыншықтарын алмастыру, өзара келісім бойынша оларды тартып алмай, сұрап алу) өзара әрекет етуге баулу, балалар мен ересектердің бірлескен ойындарына жағдай жасау (доппен, құммен, сумен ойнау).
Мінез-құлық мәдениетінің дағдыларын қалыптастыру: амандасу, қоштасу, алғыс айту. Баланың құрдастарына деген мейірімді қарым-қатынасын үлгі ету. Жанашырлық пен елгезектік танытуға баулу.
Құрдастары мен айналасындағы ересектердің көңіл-күйіне сәйкес жауап беру (күлімсіреу – қуаныш, жылау – реніш).
Өлі табиғат заттарының қасиеттерін (су, құм, тас) ойын арқылы түсіну (суды құю, төгу, шашу, құмды салу, шашу, жинау, мүсіндеу, тасты жинау, қалау).
Табиғаттағы ауа-райы құбылыстарын бақылау (жаңбыр, жел, күннің жарқырауы, қар).
Көгөністер (қызанақ, қияр, сәбіз) мен жемістердің (алма, алмұрт, шие, өрік) сыртқы түрін тану және атауларын білу. Өсімдіктердің (ағаш, жапырақ, гүл) өзін немесе оларды суретінен тану және атау.
Қоршаған ортадағы жануарларға (лақ, бота, құлын), құстарға (тауық, үйрек, қаз) қызығушылықты ояту, олардың дене бөліктерін (басы, көздері, құлақтары, құйрығы, аяқтары, қанаттары) табу, дауыстарын салу, қимылдарын бақылау, қимылдарды ойындарда қайталау.
Серуенде қауіпсіз мінез-құлықтың қарапайым ережелерімен таныстыру (өсімдіктерді, бөгде және лас заттарды ұстамау, ауызға салмау, сондай-ақ құммен және сумен ойындарда лас суды ішпеу және төкпеу, құмды, топырақты шашпау).
Өсімдіктер мен жануарларға деген қызығушығын дамыту, оларға қамқор болуға баулу.
Айналасындағы заттармен қауіпсіз әрекет ету ережелерімен таныстыру, "болады – болмайды", "қауіпті" сөздерінің мағынасын түсіндіру.
2-тарау. Кіші топ (2 жастағы балалар)
1-параграф. Физикалық қасиеттерді дамыту
55. Физикалық дамыту балалардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, күн сайын ойын түрінде және дене шынықтыру ұйымдастырылған іс-әрекеті арқылы жүзеге асырылады.
56. Мақсаты денсаулық сақтау технологиясын қолдана отырып, балалардың физикалық біліктері мен дағдыларын қалыптастыру және негізгі қимыл түрлерін жетілдіру болып табылады.
57. Міндеттері:
негізгі қимыл түрлерін жетілдіру: жүру, жүгіру, өрмелеу, лақтыру, секіру, тепе-теңдік сақтау;
жалпы дамытушы жаттығуларды, ұлттық, қимылды, саусақпен ойналатын ойындарды, шынықтыру шараларын қолдану арқылы балалардың денсаулығын нығайту;
салауатты өмір салты туралы бастапқы түсініктерін қалыптастыру және құрдастарымен бірлесіп әрекет етуге дайындау.
58. Күтілетін нәтижелер:
әртүрлі бағытта және берілген бағытта шеңбер бойымен қолдарын әртүрлі қалыпта ұстап жүреді;
шағын топпен және бүкіл топпен қарқынды өзгертіп жүреді;
белгі бойынша тоқтап жүреді;
жүруде тепе-теңдікті сақтайды;
заттардың бойымен, астымен еңбектейді;
ересектермен бірге дене жаттығуларын орындай алады;
спорттық жаттығуларды орындау техникасын біледі;
шананы жібінен сүйретеді, ойыншықтарды шанамен сырғанатады;
допты нысанаға лақтырады;
доптарды заттардың арасымен, бір-біріне домалатады;
жеке гигиенаның бастапқы дағдыларын меңгерген;
шынықтыру шараларын өткізу кезінде жағымды көңіл-күй танытады;
қимылды ойындарды қуана ойнайды;
қимыл белсенділігіне жағымды эмоция білдіреді;
бұрын меңгерген қимылдарды өз бетінше орындайды;
бетін, қолдарын өз бетінше жуады;
жеке заттарды қолданады;
белгілі бір ретпен киінеді және шешінеді;
үстел басындағы мәдениеттің қарапайым дағдыларын біледі.
59. Дене шынықтыру.
60. Негізгі қимылдар.
Жүру. Әртүрлі бағытта және берілген бағытта шеңбер бойымен, қолдарын әртүрлі қалыпта ұстап, бір-бірінің қолдарынан ұстап, аяқтың ұшымен жүру, шағын топпен және бүкіл топпен қарқынды өзгерте отырып, белгі бойынша тоқтап, иректелген лентаның бойымен жүру.
Тепе-теңдік сақтау жаттығулары. Тура жолмен, сызықтармен шектелген (ені 20-25 сантиметр, ұзындығы 2-2,5 метр) жіптің бойымен, гимнастикалық скамейканың үстімен жүру, заттарға шығу (гимнастикалық скамейкаға, жұмсақ модульге): тұру, қолдарын жоғары көтеру, түсу; заттардан (биіктігі 10-15 сантиметр): құрсаудан құрсауға аттап өту; тақтайдың үстімен 20 сантиметр арақашықтықта орналасқан бірнеше кедергілерден (ленталардан, текшелерден және тағы басқа) аттап жүру, орнында баяу айналу.
Жүгіру. Бірқалыпты, шашырап, берілген бағытта, әртүрлі қарқынмен, заттардың арасымен, аяқтың ұшымен, белгі бойынша тоқтап, бірінің соңынан бірі (20 метр дейін) шағын топқа бөлініп және бүкіл топпен жүгіру; бағытты өзгертіп, шашырап, 30-40 секунд бойына тоқтамай жүгіру, жүруден жүгіруге және керісінше ауысу.
Еңбектеу, өрмелеу. Шектеулі жазықтың, көлбеу тақтайдың бойымен, доғаның, гимнастикалық скамейканың астынан, әртүрлі заттардың: арқанның астынан нысанаға дейін төрттағандап (алақанымен, тіземен тіреп) еңбектеу. Биіктігі 10 сантиметр, ауданы 50 х 50 сантиметр модульге өрмелеу.
Домалату, лақтыру. Екі қолмен, әртүрлі тәсілдермен әртүрлі бастапқы қалыпта 0,5-1,5 метр арақашықтықтағы нысанаға (төмен, жоғары) лақтыру; отырып және тұрып, түрлі заттардың астынан 0,5-1,5 метр арақашықтыққа доптарды домалату, доптарды бір-біріне домалату.
Секіру. Бір орында тұрып қос аяқпен секіруге, алға қарай ұмтыла қос аяқпен затқа дейін (10-15 сантиметр) секіруге, 10-15 сантиметр биіктіктен секіруге, еденде жатқан секіргіштен, лентадан (қатар қойылған 2 арқаннан) аттап секіруге үйрету.
61. Жалпы дамытушы жаттығулар.
Қолдың білектерін, иық белдеуінің бұлшық еттерін дамытуға және нығайтуға арналған жаттығулар. Қолды алға, жоғары, екі жаққа көтеру; қолды кеуде тұсында айқастыру және екі жаққа жазу. Қолды артқа қою; оларды бүгіп, жазу, қолды шапалақтау, қолдарды алға-артқа сермеу, саусақтарды бүгу және ашу.
Арқаның бұлшық еттерін және омыртқаның иілгіштік қасиетін дамытуға және нығайтуға арналған жаттығулар. Жанында тұрған (отырған) адамға қолындағы заттарды беріп, оңға-солға бұрылу. Алға және екі жаққа еңкею. Еденде отырып, аяқтарды кезекпен бүгу және жазу. Шалқасынан жатқан қалыпта аяқтарын көтеру және түсіру. Тізерлеп тұрып, өкшеге отыру және тұру.
Іштің және аяқтың бұлшық еттерін дамытуға және нығайтуға арналған жаттығулар.
Орнында жүру. Бастапқы қалыпта тұрып, сол (оң) аяқтың тізесін (заттан ұстап) бүгу. Таяныштан ұстап отыру, аяқтың ұшымен тұрып, тартылу. Аяқтың өкшесін алға қою. Аяқтың бақайларын қимылдату (отырып).
62. Қимылды ойындар.
Балаларды ересектермен бірге қимылдары жеңіл, мазмұны қарапайым қимылды ойындар ойнауға ынталандыру. Балалардың ойынға қызығушылығын дамытуға ықпал ете отырып, негізгі қимылдарды (жүру, жүгіру, лақтыру, домалату) жетілдіру. Қимылдарды үйлесімді орындауға, кейбір кейіпкерлердің қарапайым әрекеттерін жеткізе білуге үйрету (қоян сияқты секіру; аю сияқты қорбаңдап жүру).
63. Спорттық жаттығулар.
Шанамен сырғанау: шанаға отырып, төбешіктен сырғанауға, шананы жібінен сүйретуге, ойыншықтарды шанамен сырғанатуға үйрету.
Велосипед тебу: үш дөңгелекті велосипедке отыруға, одан ересектердің көмегімен және көмегінсіз түсуге, ересектердің көмегімен және өз бетінше рөлді басқаруға үйрету.
Мұзды жолдармен сырғанау: балаларды қолынан жетелеп сырғанату.
64. Дербес қимыл белсенділігі.
Ересектің бақылауымен ойын әрекеттерін (спорттық, би) орындауға, қимыл белсенділігіне жағымды эмоция білдіруге, бұрын меңгерген қимылдарды өз бетінше орындауға ықылас танытуға баулу.
65. Мәдени-гигиеналық дағдыларды қалыптастыру.
Ересектің бақылауымен бетін, қолдарын ластанған кезде және тамақтың алдында өз бетінше жуу, беті мен қолын жеке орамалмен құрғатып сүрту, ересектің көмегімен өзін ретке келтіру.
Жеке заттарды қолдану (қол орамал, майлық, орамал, тарақ, түбек), киіміндегі олқылықты байқау және оны өз бетінше, ересектердің көмегімен ретке келтіру, белгілі бір ретпен киіну және шешіну, әртүрлі ілгектерді қолдана білу, ұйықтар алдында киімдерін шкафқа немесе орындыққа ұқыпты бүктеп қою.
Үстел басындағы мәдениеттің қарапайым дағдыларын қалыптастыру: нанды үгітпеу, тамақты ауызды жауып шайнау, тамақ ішкенде сөйлемеу, үстел басында дұрыс отыру.
66. Сауықтыру-шынықтыру шаралары.
Жыл бойы медицина қызметкерінің жетекшілігімен балалардың денсаулығы мен жергілікті жағдайлар ескеріліп, табиғи факторлар: ауа, күн, суды пайдалана отырып, шынықтыру шараларының кешенін жүзеге асыру.
Балаларды топта жеңіл киінуге үйрету. Күн тәртібіне сәйкес олардың таза ауада болу ұзақтығын қамтамасыз ету.
Серуенде қимылды ойындарға қатысуға және жаттығуларды орындауға қызығушылық пен ықылас танытуға баулу.
Шынықтыру шараларын өткізу кезінде балалардың денсаулық жағдайын ескеріп, жеке тәсілді жүзеге асыру.
2-параграф. Коммуникативтік дағдыларды дамыту
67. Коммуникативтік дағдыларды дамыту балалардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, күн сайын ойын түрінде және сөйлеуді дамыту, көркем әдебиет ұйымдастырылған іс-әрекеттері арқылы жүзеге асырылады.
68. Мақсаты сөздік қорды байыту, сөйлеу дағдыларын, әдеби шығармалар мен халық ауыз әдебиеті шығармаларына қызығушылықты қалыптастыру болып табылады.
69. Міндеттері:
көрнекілікке сүйенбей айналасындағылардың сөзін түсіну қабілетін дамыту;
дыбыстарды дұрыс айтуды дамыту;
қолжетімді халық ауыз әдебиеті, көркем әдебиет шығармаларына, театр әлеміне баулу;
кітаптарға қызығушылықты дамыту;
пассивті және белсенді сөздік қорды байыту;
түрлі балалар әрекетінде қазақ халқының мәдениетімен, салт-дәстүрлерімен таныстыру арқылы балалардың ауызша және байланыстырып сөйлеуін дамыту.
70. Күтілетін нәтижелер:
ересектердің сөзін тыңдайды және түсінеді;
жеке дауысты және дауыссыз дыбыстарды, еліктеу сөздерін айта алады;
сөздерді және қарапайым сөз тіркестерін (2-4 сөз) қайталап айтады;
ойыншық, киім, аяқкиім, ыдыс, жиһаз, көгөніс пен жеміс, үй жануарлары мен олардың төлдерінің атауларын, көлік құралдарын және жеке бас гигиенасы заттарын білдіретін сөздерді атайды;
еңбек әрекетін (жуу, суару, құю), қарама-қарсы мәндес әрекеттерді (ашу-жабу, кию-шешу, алу-салу), адамдардың қарым-қатынасын (құшақтау, көмектесу), көңіл-күйін (қуану, күлу, ренжу) білдіретін сөздерді біледі;
сөйлегенде заттарды сипаттау үшін зат есімдер мен етістіктерді, сын есімдерді қолданады;
қазақ халқының құндылықтарына қызығушылық танытады;
меңгерілген сөздерді ауызша сөйлеуде өз бетінше қолданады;
ересектердің сөзін түсінеді, өз ойын айтады;
шағын әңгімелерді көрнекі сүйемелдеусіз тыңдап, қарапайым сұрақтарға жауап береді;
кітаптағы суреттерді қарайды, олардың мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді;
кейіпкерлердің әрекеттерін (қимылдарын) қайталап ойнайды;
артикуляциялық жаттығуларды орындайды;
көркем шығармаларды эмоционалды қабылдайды;
бесік жырларын, халық әндерін, ертегілерді, авторлық шығармаларды тыңдайды;
оқылған шығармадағы жекелеген сөздерді қосылып қайталап айтады;
таныс шығармаларды көрнекіліксіз тыңдайды;
кітаптардағы иллюстрацияларды қарайды, суреттердің мазмұны бойынша қойылған сұрақтарға жауап береді,
ойындарда кейіпкерлердің бейнелерін қарапайым түрде бере алады;
педагогтің көмегімен шағын тақпақтарды қайталап айтады.
71. Сөйлеуді дамыту.
72. Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті.
Жеке дауысты және дауыссыз дыбыстарды, еліктеу сөздерін, сөздерді және қарапайым сөз тіркестерін (2-4 сөз) дұрыс қайталап айтуға үйрету. Артикуляциялық және дауыс аппаратының, сөйлеу кезінде тыныс алу, есту қабілетінің дамуына ықпал ету.
Сөйлеу қарқынын, дауыстың жоғарылығы мен күшін ескеріп, дыбыстардың, сөздер мен сөз тіркестерінің анық айтылуына назар аудара отырып, дауыс аппаратын дамыту, артикуляциялық гимнастика жасау.
73. Сөздік қорды қалыптастыру.
Балалардың сөздік қорын:
ойыншық, киім, аяқкиім, ыдыс, жиһаз, көгөніс пен жеміс, үй жануарлары мен олардың төлдерінің атауларын, көлік құралдарын және жеке бас гигиенасы заттарын білдіретін зат есімдермен;
еңбек әрекетін (жуу, суару, құю), қарама-қарсы мәндес әрекеттерді (ашу-жабу, кию-шешу, алу-салу), адамдардың қарым-қатынасын (құшақтау, көмектесу), көңіл-күйін (қуану, күлу, ренжу) білдіретін етістіктермен;
заттардың түсін, көлемін, пішінін, дәмін білдіретін сын есімдермен байыту.
Қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрлеріне баулу, балаларды бесікпен таныстыру, қуыршақты бесікке бөлеп, бесік жырын айтып отырып ойнату арқылы балаларды қамқорлыққа баулу, балаларға бесік жырын күнделікті ұйықтар алдында тыңдатуды әдетке айналдыру, топтағы барлық баланы ересектердің жақсы көретінін сездіру.
Меңгерілген сөздерді ауызша сөйлеуде өз бетінше қолдануға ықпал ету.
74. Тілдің грамматикалық құрылымы.
Балаларды зат есімнің көпше түрін қолдануға, сын есімді зат есіммен, етістіктің өткен шағымен байланыстыру, сөз тіркестерін құра білуге (сын есім + зат есім, зат есім + етістік), сөздердің дұрыс айтылуын, зат есімдердің көпше түрде дұрыс қолданылуын ескеріп, сын есімдерді зат есімнің көпше түрімен сәйкестендіру.
75. Байланыстырып сөйлеу.
Ересектердің сөзін түсінуге, шағын әңгімелерді көрнекі сүйемелдеусіз тыңдауға, қарапайым сұрақтарға (Кім? Не? Не істейді?) және неғұрым күрделі (Не әкелді? Кімге әкелді? Неге әкелді? Қашан әкелді?) сұрақтарға жауап беруге, өз ойын айтуға үйрету.
Кітаптардағы суреттерді қарау, ондағы таныс заттарды атау, педагогтің өтініші бойынша суреттен заттарды тауып, сұрақ қою: "Бұл кім (не)?", "Не істеді?". Қарапайым сюжеттік суреттердің мазмұнын айтып беру. Кейіпкерлердің әрекеттерін (қимылдарын) қайталатып ойнату.
76. Көркем әдебиет.
Балалардың жастарына сәйкес көркем шығармалар оқу.
Балаларды бесік жырларын, халық әндерін, ертегілерін, авторлық шығармаларды тыңдауға үйрету.
Оқып беруді ойыншықтарды, суреттерді, үстел үсті театрының кейіпкерлерін және басқа да көрнекі құралдарды көрсетумен сүйемелдеу, сонымен қатар көрнекіліксіз көркем шығарманы тыңдау.
Балаларды педагогтің көмегімен өлеңді толық қайталауға ынталандыру.
Таныс өлеңдерді оқыған кезде балаларға сөздерді, сөз тіркестерін қосылып айтуға мүмкіндік беру.
Балалардың назарын кітапты қарап отырған балаға аудару. Балалармен бірге балалар әдебиетінің шығармаларына арналған иллюстрацияларды қарау.
Суреттердің мазмұны бойынша қойылған сұрақтарға жауап беруді дамыту.
3-параграф. Танымдық және зияткерлік дағдыларды дамыту
77. Танымдық және зияткерлік дағдыларды дамыту балалардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, күн сайын ойын түрінде және сенсорика ұйымдастырылған іс-әрекеті арқылы іске асырылады.
78. Мақсаты балалардың танымдық қабілеттерін, білуге құштарлығын, қиялын, зейінін, есте сақтауын, байқағыштығын дамыту болып табылады.
79. Міндеттері:
қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру;
түрлі сенсорлық әсерлермен байыту;
қоршаған ортада бірлесіп әрекет етуді дамыту;
түрлі балалар әрекеттерінде көз бен қол үйлесімділігін, қолдардың ұсақ моторикасын дамыту;
заттарды түсі, көлемі, пішіні бойынша өз бетінше зерттеу.
80. Күтілетін нәтижелер:
үлгі мен ауызша нұсқауға сүйеніп, тапсырмаларды орындайды;
қимылдарды, қолдың ұсақ моторикасын үйлестіру дағдыларын меңгерген;
ересектердің нұсқауымен түсі, өлшемі бойынша заттарды табады;
түрлі көлемдегі геометриялық фигураларды негізгі қасиеттері бойынша салыстырады;
қарапайым көру-қимыл үйлесімділігін меңгерген;
көлемі, пішіні, түсі бойынша ұқсас біртекті заттарды топтастырады;
заттардың көлемін, түсін және пішінін білдіретін сөздерді түсінеді;
заттардың санын ажыратады (біреу-көп);
түсі, көлемі, пішіні бойынша заттарды өз бетінше зерттейді және салыстырады.
81. Сенсорика.
Заттар мен құралдарды қолдану дағдыларын қалыптастыру, ауызша нұсқау мен үлгіге сүйене отырып, тапсырмаларды орындауды, қимылдардың үйлесімділігін, қолдың ұсақ бұлшық еттерін, "көз бен қолдың" сенсомоторлық кеңістіктік үйлесімділігін дамыту.
Өлшемдері әртүрлі геометриялық фигураларды, өлшемі, пішіні, түсі бойынша ерекшеленетін біркелкі заттарды топтастыруды, түрлі көлемдегі геометриялық фигураларды негізгі түсі, неғұрлым ұқсас қасиеттері бойынша салыстыру және іріктеуді жетілдіру.
Берілген заттардың 3-4 сенсорлық қасиеттеріне байланысты таңдауды жүзеге асыра отырып, түсі, көлемі, өлшемі бойынша әртекті заттарды салыстыру, заттардың санын ажырату (біреу-көп), әртүрлі көлемдегі заттарды атау.
Заттарды түсі, көлемі, пішіні бойынша өз бетінше зерттеу және салыстыруға мүмкіндік беру.
4-параграф. Балалардың шығармашылық дағдыларын, зерттеу іс-әрекетін дамыту
82. Тәрбиеленушілердің шығармашылық дағдыларын, зерттеу іс-әрекетін дамыту балалардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, күн сайын ойын түрінде және сурет салу, мүсіндеу, жапсыру, құрастыру, музыка ұйымдастырылған іс-әрекеттері арқылы жүзеге асырылады.
83. Мақсаты балалардың эстетикалық қабылдауын қалыптастыру, дербес тәжірибелік және шығармашылық әрекетті дамыту болып табылады.
84. Міндеттері:
бейнелеу өнеріне, музыкаға, ән айтуға, қарапайым аспаптарда ойнауға шығармашылық қызығушылықты қалыптастыру;
материалға ұқыпты қарауға, оны дұрыс қолдана білуге үйрету;
балаларды музыкалық шығармашылыққа, әсемдікті сезінуге тәрбиелеу;
көркемдік қабылдауды дамыту, балаларды бейнелеу өнерінің шығармаларын түсінуге, музыка мен әнді қабылдауға баулу;
заттар туралы түсініктерді, бейнелеу және құрастыру әрекеттерін нақтылау үшін көру және сипап-сезу (тактилді) зерттеу әдістерін қалыптастыру;
құрылыс материалдарынан құрастыруға баулу;
желімсіз жапсыру техникасын игеру;
өз өмірінің қауіпсіздігі туралы алғашқы ұғымдарды қалыптастыру, заттармен қауіпсіз әрекет ету ережелерімен таныстыру.
85. Күтілетін нәтижелер:
қаламды дұрыс ұстайды, тік және тұйықталған дөңгелек сызықтарды қағаз бетінде жеңіл жүргізеді;
түстерді ажыратады және оларды дұрыс атайды;
өзінің салған суретіне қуанады, онда не бейнеленгенін айтады;
қағаз бетін бағдарлайды;
қағаз бетіне бояулармен сызықтар, жақпалар салады;
дөңгелек, ұзын пішіндерге ұқсас заттарды бейнелейді;
қағаздың қасиеттерін біледі;
қағазға және құмға сурет салудың бастапқы техникасын меңгерген;
сазбалшықтың, ермексаздың қасиеттерін біледі;
сазбалшықпен, ермексазбен жұмыстың бастапқы дағдыларына ие;
мүсіндеудің қарапайым тәсілдерін меңгерген (кесектерді үлкен бөліктерден бөліп алады, оларды біртұтас етіп біріктіреді, сазбалшықты өздігінен илей алады);
мүсіндейтін заттарды зерттейді;
кесе, тостаған, табақты мүсіндеуде пішіннің жоғары бөлігін саусақпен басып, тереңдетеді;
дайын болған бұйымды тұғырға орналастырады, жұмыстан кейін материалдарды жинастырады;
мүсінделген заттардың пішіндерін таныс заттармен салыстырады;
қағазды қолданудың қарапайым әдістерін (ұсақтау, жырту, бүктеу) біледі;
бейнелерді фланелеграфта (сызықтарда, шаршыда), қағаз бетіне қояды және құрастырады;
фланелеграфта қарапайым композицияларды орналастырады және құрастырады;
симметриялық пішіндерді, ою-өрнектерді орналастырады;
құрылыс материалдарынан және конструкторлардың ірі бөлшектерінен құрастыра алады;
қарапайым құрылысты үлгі бойынша құрастырады;
құрылыс материалдарын (текшелер, кірпіштер) ажырата алады;
тұрғызылған қарапайым құрылыстарды атайды және ойыншықтарды қолдана отырып, олармен ойнайды;
өз бетінше құрастыруға тырысады;
қорапқа құрылыс бөлшектерін жинастырады;
табиғи материалдармен (құм, су, тас) ойнайды;
тұрғызылған қарапайым құрылыстарды атайды;
музыканы эмоционалды көңіл-күймен қабылдайды;
музыкалық шығармалардың сипатын ажыратады (баяу және көңілді әндер);
қоңыраулардың жоғары және төмен дыбысталуын, фортепианоның дыбысталуын ажыратады;
педагогтің дауыс ырғағына, сөздердің созылыңқы дыбысталуына еліктей отырып, жекелеген сөздер мен буындарды қосып айтады;
әндегі сөз тіркестерін айтады (ересектермен бірге);
музыкалық аспаптарды ажыратады (барабан, бубен, сылдырмақ, асатаяқ);
бұрын естіген әндерді таниды;
ересектердің көрсеткен қимылдарын қайталайды (шапалақтайды, аяқтарын тарсылдатады, қолдың білектерін айналдырады);
әртүрлі кейіпкерлердің қимылдарын ойындарда көрсетеді (қоян секіреді, құс ұшады);
музыкалық-ырғақтық қимылдарды: денені оңға, солға бұру, басты оңға, солға ию, қолдарды сермеуді орындайды.
86. Сурет салу
Балалардың бейнелеу әрекетіне деген қызығушылығын ояту, көркемдік қабылдауларын дамыту.
Бейнелерді парақ бетінде орналастыра отырып, түрлі-түсті дақтарды қарама-қарсы үйлестіру арқылы бере білу, дөңгелек және толқын тәрізді сызықтарды бейнелеу, дәстүрлі емес әдістермен суреттер салу.
Ересектермен бірлескен әрекеттерге қызығушылықты ояту. Қағазға, құмға саусақпен сурет салу, ересектер салған суретті толықтыру.
Белгілі бір ережелерді орындау: дұрыс отыру, қағазды умаждамау, қаламды тарсылдатпау, жұмысты ұқыпты жасау.
Қаламды үш саусақпен, қатты қыспай ұстау, суреттің қарапайым элементтері ретінде тік және тұйықталған дөңгелек сызықтарды қағаз бетінде жеңіл жүргізу.
87. Мүсіндеу.
Балалардың сазбалшық, ермексаз және оның қасиеттері туралы білімдерін қалыптастыру, сазбалшықты дұрыс қолдануды жетілдіру.
Мүсіндеудің қарапайым тәсілдерін (кесектерді үлкен бөліктерден бөліп алу, оларды біртұтас етіп біріктіру, сазбалшықты өздігінен илеу) үйрету.
Қарапайым және күрделі пішінді заттарды мүсіндеудің техникалық дағдыларын қалыптастыру: кесені, тостағанды, табақты мүсіндеуде пішіннің жоғары бөлігін саусақпен басып, тереңдету, кесектерді біріктіру, қуыршаққа арналған әшекейлерді (білезік, жүзік, қол сағат) мүсіндеу, заттардың ұқсастықтарын табу.
Мүсіндеуге арналған материалдарды қолдану, қолды дымқыл шүберекпен сүрту, дайын болған бұйымды тұғырға орналастыру, жұмыстан кейін материалдарды жинауға үйрету.
88. Жапсыру.
Жапсыруға қызығушылықты ояту. Материалдардың (қағаз) қасиеттері туралы түсінік қалыптастыру және оларды қолданудың қарапайым әдістерін (ұсақтау, жырту, бүктеу), жапсыру жұмыстарын жасау тәсілдерін (желімсіз) үйрету.
Балаларды бейнелерді фланелеграфта (сызықтарда, шаршыда), қағаз бетіне қойып, құрастыруға, кескінді конструктивті тәсілмен жасауға (жекелеген бөліктерден), ересектермен бірге түстерді таңдауға (қарама-қарсы түстер) үйрету.
Фланелеграфта геометриялық фигураларды, машиналарды, үйлерді, доптарды, шарларды, гүлдерді, қазақтың ұлттық ою-өрнектерін орналастыру.
89. Құрастыру.
Балаларды ойын барысында үстел үсті және еден үсті құрылыс материалдарымен (текшелер, кірпіштер, үш қырлы призма, пластина, цилиндр), жазықтықтағы құрылыстың орналасу нұсқаларымен таныстыру.
Қарапайым құрылысты үлгі бойынша, ересектің көмегімен, өз бетінше құрастыру, кеңістік қатынастарды түсіну, құрылыс масштабына сәйкес сюжеттік ойыншықтарды, табиғи материалдарды (құм, су, тас) қолданып, ойнауға мүмкіндік беру.
Тұрғызылған қарапайым құрылыстарды атау, қорапқа құрылыс бөлшектерін ұқыптылықпен жинау.
Құрдастарымен бірге құрастыруға баулу, олармен ойнау, қарапайым құрастыру дағдыларын бекіту: үстіне, жанына қою.
90. Музыка.
Музыкаға деген қызығушылықты ояту, музыка тыңдауға, ән айтуға, қарапайым би қимылдарын орындауға баулу.
Музыка тыңдау.
Музыканы тыңдауға қызығушылықты қалыптастыру, музыканы эмоционалды көңіл-күймен қабылдау, оны тыңдау, дыбысталу ерекшеліктерін ажырата білу.
Баяу және көтеріңкі дыбысты, музыкалық шығармалардың сипатын (баяу және көңілді әндер) ажырата білу.
Әннің мағынасын түсіну, қоңыраулардың жоғары және төмен дыбысталуын, фортепианоның дыбысталуын ажырата білу, әртүрлі музыкалық аспаптарда орындалған таныс әуендерді тыңдау, бұл әуендерді тани білу.
Музыкалық иллюстрациямен сүйемелденетін әңгімелерге қызықтыру. Кейіпкерді иллюстрациялар, әңгімелер бойынша тану және музыканы есте сақтау.
Балаларды кейбір музыкалық аспаптардың (барабан, бубен, сылдырмақ), оның ішінде қазақ халқының ұлттық аспаптарының (асатаяк, сырнай) дыбыстарымен таныстыру.
Ән айту.
Ән айтуға деген қызығушылықтарын ояту, жекелеген сөздер мен буындарды айту, педагогтің дауыс ырғағына, сөздердің созылыңқы дыбысталуына еліктей отырып, ересекпен қосылып ән айту.
Әнді жеке және топпен айту, әуенді интонациямен және ырғақты дұрыс жеткізу.
Ересектің дауыс интонациясы мен аспапқа бейімделе отырып, әннің қайталанатын сөздерін, музыкалық сөз тіркестерінің соңын бірге айтуға ынталандыру.
Музыкалық-ырғақтық қимылдар.
Музыканың сүйемелдеуімен топпен және шеңбер бойынша қол ұстасып жүру және жүгіру дағдыларын қалыптастыру.
Қарапайым би қимылдарын орындау: қолдың білектерін айналдыру, шапалақтау және аяқты тарсылдату, жүрелеп отыру, аяқтарын қозғау, айналу; денені оңға, солға бұру, басты оңға, солға ию, қолдарды сермеу.
Әртүрлі кейіпкерлердің қимылдарын ойындарда көрсету (қанатын жайып ұшқан құстар), ойындар мен әндерді сахналау.
Қимылдарды музыкалық аспаптармен (бубенмен, сылдырмақпен, маракаспен) орындау дағдысын дамыту.
Сюжетті музыкалық ойындарда музыканың сипатына сәйкес кейіпкерлердің қимылдарын көрсету арқылы ойынның бір эпизодынан келесіге өту және қимылдарды бере білу.
5-параграф. Әлеуметтік-эмоционалды дағдыларды қалыптастыру
91. Әлеуметтік-эмоционалды дағдыларды қалыптастыру балалардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, күн сайын ойын түрінде және қоршаған ортамен таныстыру ұйымдастырылған іс-әрекеті арқылы жүзеге асырылады.
92. Мақсаты балаларды әлеуметтендіру, экологиялық мәдениет негіздерін қалыптастыру болып табылады.
93. Міндеттері:
қарым-қатынас барысында бір-бірінің атын атауға, достарының аттарын есте сақтауға баулу;
аты мен жынысына сәйкес өзін-өзі тануға баулу;
өзгелерге құрметпен қарауға тәрбиелеу;
отбасы дәстүрлеріне баулу, рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру;
әртүрлі өмірлік және ойын жағдаяттарында баланың әлеуметтік қатынастар жүйесіне енуі негізінде әлеуметтік тәжірибесін, жеке қасиеттерін қалыптастыру;
табиғат құбылыстарына қызығушылықты ояту;
өсімдіктер мен жануарларға қамқорлық жасауға, олардың әсемдігін байқауға үйрету;
табиғаттағы қауіпсіз мінез-құлықтың қарапайым ережелерімен таныстыру (бейтаныс жануарларға жақындамау, оларды сипамау; өсімдіктерді аузына алмау және жұлмау).
құрдастарымен және ересектермен өзара әрекет етуі және бірлескен ойындарға қатысуы үшін жағдайлар жасау.
94. Күтілетін нәтижелер:
есімін атағанда жауап береді, өзін айнадан және фотосуреттерден таниды;
ата-анасын және өзіне қарап отырған басқа ересектерді таниды, олардың аттарын атайды;
өздері тұратын үйін және пәтерін таниды;
заттарды және олармен әрекет етуді біледі, оларды суреттен таниды;
құрдастарымен бірге ойнай алады;
ересектердің еңбек әрекеттерін бақылайды;
ересектердің әрекеттеріне қызығушылық танытады;
тұрмыстық қарапайым әрекеттерді орындай отырып, ересектерге еліктейді;
жақындарына жанашырлық, қамқорлық танытады;
дәмі, сыртқы белгілері бойынша көгөністер мен жемістерді ажыратады және атайды;
жануарлардың дене бөліктерін ажыратады және атайды, олардың мінез-құлқына, сыртқы түріне назар аударады;
үй құстарын таниды және атайды;
табиғаттың маусымдық өзгерістерін атайды;
табиғи материалдардың қасиеттері туралы түсініктері бар;
өсімдіктер мен жануарларға қамқорлық танытады: оларды жақсы көреді, сипайды;
басқа балалармен бірге, келісіп ойнайды, бір-біріне көмектеседі және жетістіктеріне бірге қуанады;
ненің "дұрыс" немесе "дұрыс емес", "жақсы" немесе "жаман" екенін түсінеді;
серуенде, сумен, құммен ойындарда қауіпсіздік ережелерін біледі;
көлік, көше, жол туралы бастапқы түсініктері бар, көлік құралдарының кейбір түрлерін біледі;
жолдардағы қауіпсіздіктің қарапайым ережелерін біледі.
95. Қоршаған ортамен таныстыру.
96. Бала, оның отбасы, үйі.
"Мен" бейнесі. Есімін атағанда жауап беру, өзін айнадан және фотосуреттерден тану.
Өзінің есімін және жасын атау, үйін және пәтерін тану, отбасы мүшелерінің аттарын атау.
Баланың жеке тұлғасының қалыптасуына ықпал ету, оның мүдделеріне, қажеттіліктеріне, қалауына, мүмкіндігіне құрметпен қарау, оны ересектердің басқа балалар сияқты жақсы көретініне сенім қалыптастыру.
97. Заттық әлем.
Заттарды және олармен әрекеттерді атау, оларды суреттерден тану. Заттық-бағдарлық әрекеттерді (қарау, тигізу, бұрау, ашу, белгілі бір объектіге арналған нақты әрекеттерді (допты домалату, машинаны итеру, қуыршақты жатқызу, пирамиданы жинау және бөлшектеу, бір текшені екіншісіне қою) орындауға баулу.
Екі қолмен бір уақытта заттармен әрекет ету, баланың бақылауы мен түсінуіне қол жетімді өмірлік жағдайлардың үзінділерін көрсететін көрнекі заттық-ойын әрекеттерін қолдану.
98. Көлік.
Көліктер, көше, жол туралы бастапқы түсініктерді қалыптастыру. Көлік құралдарының кейбір түрлерімен таныстыру.
99. Еңбекке баулу.
Ересектердің еңбегіне қызығушылық тудыру. Кейбір еңбек әрекеттерін білуге және атауға (тәрбиешінің көмекшісі ыдыс жуады, тамақ әкеледі, сүлгілерді ауыстырады) үйрету. Ересектердің еңбегін бақылауға баулу, ересектердің әрекеттерді қалай орындап жатқанына балалардың назарын аудару. Ересектерге көмектесу ниетін қолдау.
100. Адамгершілік тәрбиесі.
Балалардың жалпы қабылданған моральдық-адамгершілік нормалар мен құндылықтарды меңгеруіне ықпал ету. Дөрекілікке, сараңдыққа теріс көзқарас қалыптастыру; басқа балалармен бірге, келісіп ойнауға, бір-біріне көмектесуге және жетістіктеріне, әдемі ойыншықтарға бірге қуануға баулу. Ненің "дұрыс" немесе "дұрыс емес", "жақсы" немесе "жаман" екені туралы қарапайым түсініктерді қалыптастыру.
Жақын адамдарының жағдайын эмоционалды қабылдай білуге тәрбиелеу (жанашырлық, қамқорлық таныту). Ата-аналарын сыйлауға баулу.
101.Табиғат әлемі.
Балалардың табиғат пен табиғат құбылыстарына қызығушылықтарын қалыптастыру. Қоршаған ортадағы өсімдіктермен таныстыру. Сыртқы белгілері бойынша көгөністер (қызанақ, қияр, картоп) мен жемістерді (алма, алмұрт) ажырату.
Жануарлар әлемі туралы бастапқы түсініктерді қалыптастыру. Үй жануарлары және олардың төлдерімен (қозы, лақ, бота), аңдармен (аю, қасқыр, қоян) және құстармен таныстыру, оларды ажырату және атау, сипаттамалық ерекшеліктерін ажырата білу. Өсімдіктер мен жануарларға қамқорлық жасауға тәрбиелеу.
Табиғат құбылыстарына қызығушылық таныту. Табиғаттағы маусымдық өзгерістер туралы алғашқы түсініктерді қалыптастыру: қар, жаңбыр, жел.
Аулаға ұшып келетін құстарды (торғай, көгершін, қарға), үй құстарын (тауық, қаз, үйрек), маусымға тән табиғат құбылыстарын бақылау.
Өлі табиғат (жылы, суық су, құрғақ, ылғал құм, домалақ, қатты тас, суық қар) және олармен әрекет ету түрлері (су құю, құм тасу, төгу, жинау, мүсіндеу, қарды домалату, тасты жинау, қалау) туралы түсініктерді қалыптастыру, олармен ойнау және эксперимент жасау.
"Дұрыс", "дұрыс емес", "қауіпті" түсініктерімен, серуенде және сумен, құммен ойындарда қауіпсіздік ережелерімен (лас суды ішпеу, құмды шашпау, тастарды лақтырмау) таныстыру, өсімдіктер мен жануарларға сүйіспеншілік таныту және қамқорлық жасау.
Жолдардағы қауіпсіздіктің қарапайым ережелерін біледі. Көліктер, көше, жол туралы бастапқы түсініктерді қалыптастыру. Көлік құралдарының кейбір түрлерімен таныстыру.
3-тарау. Ортаңғы топ (3 жастағы балалар)
1-параграф. Физикалық қасиеттерді дамыту
102. Физикалық дамыту балалардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, күн сайын ойын түрінде және дене шынықтыру ұйымдастырылған іс-әрекеттері арқылы жүзеге асырылады.
103. Мақсаты денсаулық сақтау технологиясын қолдана отырып, балалардың денсаулығын нығайту, қимыл белсенділігін дамыту, салауатты өмір салтын қалыптастыру болып табылады.
104. Міндеттері:
дене жаттығуларын орындауға қызығушылықтарын ояту;
негізгі қимыл түрлері: жүру, жүгіру, секіру, лақтыру мен қағып алу, еңбектеу мен өрмелеуді орындаудың қарапайым дағдыларын жетілдіру;
мәдени-гигиеналық дағдыларды қалыптастыру;
қимылдарды белсенді орындауды дамыту және қимылдарды үйлестіру, дене жаттығуларына қызығушылыққа баулу;
денсаулықты нығайтуға ықпал ететін дене сапаларын: ептілік пен шапшаңдықты дамыту;
құрдастарымен қимылды ойындарды бірге ойнауға, өзара оң қарым-қатынас жасауға баулу;
спорттық жабдықтарды қолдануда қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
105. Күтілетін нәтижелер:
бірқалыпты, аяқтың ұшымен, тізені жоғары көтеріп жүреді;
қол ұстасып, жартылай отырып, заттарды айналып жүреді;
жүруде тепе-теңдікті сақтайды;
бірқалыпты, аяқтың ұшымен, әр түрлі бағытта жүгіреді;
сапта бір-бірлеп, шеңбер бойымен, шашырап, заттарды айналып жүгіреді;
тұрған орнында қос аяқпен, алға қарай жылжып, биіктіктен және ұзындыққа секіреді;
оң және сол қолмен қашықтыққа, көлденең нысанаға, тік нысанаға заттарды лақтырады;
допты жоғары-төмен лақтырады, қағып алады;
заттардың арасымен еңбектейді, гимнастикалық қабырғаға өрмелейді және одан түседі;
бір-бірден сапқа, шеңберге тұрады, сапта өз орнын табады;
жалпы дамытушы жаттығулардың орындалу ретін сақтайды;
қимылды ойындарды қызығып ойнайды;
күнделікті гигиеналық дағдыларды сақтау қажеттігін біледі;
өзіне-өзі қызмет көрсетудің бастапқы дағдыларына ие;
салауатты өмір салты туралы түсініктерге ие;
үстел басында мәдениетті тамақтану дағдыларын біледі;
бірлескен қимылды ойындарға қатысады;
үш дөңгелекті велосипед тебу дағдыларын меңгерген;
шанамен бір-бірін сүйреп ойнайды;
суға түседі, суда ойнайды.
106. Дене шынықтыру.
107. Негізгі қимылдар.
Жүру. Бірқалыпты, аяқтың ұшымен, тізені жоғары көтеріп, сапта бір-бірден, екеуден (жұппен) жүру; әртүрлі бағытта: тура, шеңбер бойымен, "жыланша", шашырап, тапсырмаларды орындай отырып жүру: қол ұстасып, арқаннан ұстап, тоқтап, жартылай отырып, бұрылып, заттарды айналып жүру, еденге қойылған заттардан аттап жүру, жан-жаққа баяу айналу.
Тепе-теңдікті сақтау. Тепе-теңдікті сақтай отырып, бір қырымен қосалқы қадаммен көлбеу тақтай (20-30 сантиметр), арқан бойымен жүру, тура жолмен, бір-бірінен 10 сантиметр қашықтықта орналасқан тақтайшалардың, қырлы тақтайдың бойымен жүру.
Жүгіру. Бірқалыпты, аяқтың ұшымен, сапта бір-бірден, алаңның бір жағынан екінші жағына, әр түрлі бағытта: тура, шеңбер бойымен, "жыланша", шашырап жүгіру; белгілі бір тапсырмаларды орындау арқылы: тоқтап жүгіру, белгі бойынша көрсетілген жерге жүгіру; қарқынды өзгертіп, жылдам (10-20 метрге дейін), тоқтамай баяу қарқынмен (50-60 секунд ішінде) жүгіру.
Домалату, лақтыру, қағып алу. Заттарды оң және сол қолмен қашықтыққа лақтыру (2,5-5 метр қашықтық), төменнен екі қолмен көлденең нысанаға, оң және сол қолмен (1,5–2 метр қашықтықтан) допты кеуде тұсынан лақтыру, оң және сол қолмен тік нысанаға (нысана биіктігі-1,2 метр) лақтыру (1-1,5 метр қашықтық), аяқтарын алшақ қойып, отырып, 1,5–2 метр қашықтықтан допты бір-біріне, заттардың арасымен, қақпаға домалату. Допты жоғары лақтыру, төмен - еденге (жерге) соғу, қағып алу.
Еңбектеу, өрмелеу. 4-6 метр қашықтыққа тура бағытта, заттарды айналып және заттардың арасымен еңбектеу, еденге қойылған тақтай бойымен, арқанның, доғаның астымен (биіктігі 40 сантиметр), көлбеу модуль бойымен, туннель арқылы еңбектеу; саты бойымен өрмелеу, гимнастикалық қабырғаға өрмелеу және одан түсу (биіктігі 1,5 метр).
Секіру. Тұрған орнында қос аяқпен, 2-3 метр қашықтыққа алға қарай жылжып, құрсаудан құрсауға, заттарды айналып және заттардың арасымен секіру, 15-20 сантиметр биіктіктен секіру, ілініп тұрған затқа қолды тигізіп, тұрған орнынан жоғары секіру, сызықтан секіру, тұрған орнынан ұзындыққа 40 сантиметр қашықтыққа секіру.
Сапқа тұру, қайта сапқа тұру. Бірінің артынан бірі сапқа тұру, бір-бірінің жанына сапқа тұру, шеңберге тұру (көзбен бағдарлау бойынша). Саптағы, шеңбердегі өз орнын табуға үйрету.
Ырғақтық жаттығулар. Таныс, бұрын үйренген жаттығуларды және қимылдарды музыканың сүйемелдеуімен орындау.
108. Жалпы дамытушы жаттығулар.
Қол және иық белдеуіне арналған жаттығулар:
қолды жоғары, алға, жан-жаққа көтеру және түсіру (бірге немесе кезекпен);
заттарды бір қолынан екінші қолына салу, алдына, артқа апару, басынан жоғары көтеру;
қолдарын алдына немесе басынан жоғары, артына апарып шапалақтау;
қолды алға, жан-жаққа созу, алақандарын жоғары қарату, қолды көтеру, түсіру, саусақтарды қозғалту, қол саусақтарын жұму және ашу.
Кеудеге арналған жаттығулар:
допты бір-біріне басынан жоғары (артқа және алға) беру, жан-жаққа (солға- оңға) бұрылу;
солға, оңға бұрылу (отырған қалыпта);
аяқты көтеру және түсіру, аяқтарды қозғалту (шалқасынан жатқан қалыпта);
аяқты бүгу және созу (бірге және кезекпен), шалқасынан жатқан қалыптан бұрылып, етпетінен жату және керісінше; иықтарды жоғары көтеріп, қолды жан-жаққа созып еңкею (етпетінен жатқан қалыпта).
Аяққа арналған жаттығулар:
аяқтың ұшына көтерілу, аяқты алға қарай қою, аяқты жан-жаққа, артқа қою;
қолдарды алға созып, жартылай отыру, тізені қолмен ұстап, басты төмен иіп, кезекпен тізені бүгіп, аяқты көтеру;
отырып құм салынған қапшықтарды аяқтың бақайларымен қысып ұстау, таяқтың, білікшенің (диаметрі 6-8 сантиметр) бойымен қосалқы қадаммен жүру.
109. Қимылды ойындар
Қимылды ойындарға баулу, балаларды қарапайым ережелерді сақтауға, қимылдарды үйлестіруге, кеңістікті бағдарлауға, "жүгір", "ұста", "тұр" белгілеріне сәйкес әрекет етуге үйрету, қимыл түрлерін өзгерте отырып, ойындарға күрделі ережелерді енгізу. Қимылды ойындарды ойнату.
110. Дербес қимыл белсенділігі.
Қимылдарды орындауда балалардың дербестігін, белсенділігі мен шығармашылығын дамыту. Арбалар, автомобильдер, велосипедтер, доптар, шарлармен өз бетінше ойнауға ынталандыру. Өрмелеу, еңбектеу дағдыларын, ептілікті, жылдамдықты дамыту, қимылдарды мәнерлі орындауға баулу.
111. Спорттық жаттығулар.
Шанамен сырғанау. Шанамен бір-бірін сырғанату; биік емес төбеден сырғанау.
Велосипед тебу. Үш дөңгелекті велосипедті тура, шеңбер бойымен, оңға және солға бұрылып тебу.
Жүзу және гидроаэробика элементтері. Суға түсу, жүгіру, ойнау, суда билеу. Жүзуді үйрету (тиісті жағдайлар болған кезде).
112. Мәдени-гигиеналық дағдыларды қалыптастыру.
Күнделікті өмірде гигиеналық дағдыларды сақтау қажеттігін білу. Тамақтанар алдында қолды жуу, таңертең және кешке тісті тазалау дағдыларын қалыптастыру.
Мәдени-гигиеналық дағдыларды жетілдіру, тамақтану, жуыну кезінде қарапайым мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру.
Балаларды сыртқы келбетін бақылауға үйрету; сабынды дұрыс қолдануды, қолды, бетті, құлақты тазалап жууды, жуынғаннан кейін құрғатып сүртуді, орамалды орнына ілуді, тарақты және қол орамалды пайдалануды үйрету.
Үстел басында мәдениетті тамақтану дағдыларын қалыптастыру: ас қасық пен шәй қасықты, шанышқыны, майлықты дұрыс қолдану; нанды үгітпеу, тамақты ауызды жауып, шайнау, ауызды толтырып сөйлемеу.
113. Өзіне-өзі қызмет көрсету дағдылары.
Өзіне-өзі қызмет көрсетуге деген ұмтылысын қолдау: белгілі реттілікпен киінуге және шешінуге, тісті тазалауға, ұқыптылыққа, киіміндегі олқылықтарды байқауға, оларды ересектің көмегімен немесе өз бетінше реттеуге, ас ішу құралдарын орнымен қолдануға баулу.
114. Салауатты өмір салты дағдыларын қалыптастыру.
Сезім мүшелерін ажыратуға және атауға (көз, құлақ, мұрын, ауыз) үйрету, олардың ағзадағы рөлі және оларды қалай қорғауға, күтуге болатыны туралы түсінік беру (ұсақ заттарды құлаққа, мұрынға тықпау).
Денсаулықтың құндылығы туралы түсінікті дамыту; ауырмауға, денсаулықты сақтауға ынталандыру, "салауатты өмір салты" және оны ұстану туралы алғашқы түсініктер беру.
Адамның денсаулығына пайдалы (көгөністер, жемістер, сүт өнімдері) және зиянды тағамдар (тәттілер, бәліштер, тәтті газдалған сусындар) туралы бастапқы түсініктерді қалыптастыру.
Дене белсенділігі (таңертеңгі жаттығу, шынықтыру, спорттық және қимылды ойындар) мен ұйқының пайдасы туралы түсінік қалыптастыру.
Дене мүшелері мен ағза жүйесін нығайтатын жаттығулармен таныстыру.
Өзінің денсаулық жағдайы туралы ересектерге айту, науқастанған кезде дәрігерге қаралып, емделу қажеттігін білу.
115. Сауықтыру-шынықтыру шаралары.
Балалардың денсаулығын және жергілікті жағдайларды ескере отырып, табиғи факторлар: ауа, күн, суды пайдалана отырып, шынықтыру шараларының кешенін жүзеге асыру.
Балаларды үй-жайда жеңіл киіммен жүруге үйрету. Күн тәртібіне сәйкес олардың таза ауада болу ұзақтығын қамтамасыз ету.
Серуенде қимылды ойындар мен дене жаттығуларына қатысуға қызығушылықты арттыру.
Шынықтыру шараларын жүргізуде балалардың денсаулық жағдайын ескере отырып, жеке тәсілді жүзеге асыру. Шынықтыру шараларын жүргізу, жаттығулар мен массаж жасау.
Күн тәртібіне сәйкес балалардың күнделікті таза ауада болуын қамтамасыз ету. Ересектің көмегімен шынықтыру тәсілдерін орындау дағдыларын қалыптастыру. Тыныс алу жаттығуларын жасау.
2-параграф. Коммуникативтік дағдыларды дамыту
116. Коммуникативтік дағдыларды дамыту балалардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, күн сайын ойын түрінде және сөйлеуді дамыту, көркем әдебиет, қазақ тілі ұйымдастырылған іс-әрекеттері арқылы жүзеге асырылады.
117. Мақсаты инновациялық әдістер мен технологияларды қолдана отырып, әлеуметте қарым-қатынас жасау үшін тілді меңгеру және коммуникативтік дағдыларды дамыту болып табылады.
118. Міндеттері:
балаларды өз бетінше сөйлеуге үйрету;
түрлі балалар әрекетінде балалардың бір-бірімен сөйлесуіне жағдай жасау;
әрбір баланың қызығушылығына мән беру, сұрақтарына жауап беру, жеке сөйлесу;
дидактикалық және дамытушы ойындарды, жаттығуларды қолдану арқылы сөздік қорды байыту;
шешендікке, әдеби тілде сөйлеуге баулу;
артикуляциялық және дауыс аппаратының, есту қабілетінің дамуына ықпал ету;
қазақ халық ауыз әдебиеті шығармаларымен, салт-дәстүрлерімен, мәдениетімен таныстыру;
қарым-қатынас мәдениетіне, көркем қабылдау мен эстетикалық талғамға тәрбиелеу;
балалар әдебиетіне, театр әлеміне қызығушылықты қалыптастыру.
119. Күтілетін нәтижелер:
дауысты және кейбір дауыссыз дыбыстарды анық айтады;
дұрыс сөйлеу қарқынына ие;
қоршаған ортаға қатысты әртүрлі сұрақтарға жауап береді;
қажетті сөздер мен сөз тіркестерін қолданады;
сөздерді жіктелуіне, септелуіне қарай байланыстырады;
зат есімдерді үстінде, астында, артында, жанында тәрізді көмекші сөздермен бірге қолданады;
ересектердің сөзін тыңдайды және түсінеді, өз ойын айтады;
бір-бірімен, ересектермен сөйлеседі;
естігені, көргені, өзі қолдан жасаған заттары туралы айтады;
қазақ халқының құндылықтарына қызығушылық танытады;
кітаптардағы суреттерді өз бетінше, басқа балалармен бірге қарастырады;
көрген суреттері бойынша өз ойын айтады;
әдеби шығармалардың мазмұнын тыңдайды және түсінеді;
әдеби шығарма кейіпкерлерінің дауыс ырғағы мен мәнерлігін оларға еліктеп, жеткізеді;
сюжетті эмоционалды қабылдайды, кейіпкерлерге жанашырлық танытады;
ересектермен бірге ертегілерді, қарапайым көріністерді ойнайды;
еркін ойындарда таныс кейіпкерлердің рөлін сомдайды;
оқылған шығармадан қызықты үзінділерді, сөздер мен қарапайым сөз тіркестерін қайталап айтады;
тақпақтарды, өлеңдерді мәнерлеп жатқа айтады;
қазақ тіліне тән дыбыстарды, осы дыбыстармен берілген сөздерді айтады;
өзіне айтылған сөздерді ынта қойып тыңдайды және түсінеді;
алынған ақпаратқа сәйкес өзінің ойын білдіреді;
күнделікті жиі қолданылатын сөздердің мәнін түсінеді және оларды ауызекі сөйлеуде өз бетінше дұрыс қолданады;
туыстық қатынасты білдіретін сөздерді түсінеді және атайды;
сөз тіркестерінің мәнін түсінеді, оларды өз бетінше құрайды;
қысқа тақпақтар мен санамақтар, жаңылтпаштарды жатқа айтады;
сөйлегенде бұйрық райлы етістіктерді жеке қолданады;
кітаптағы суреттерді, ойыншықтар мен заттарды қарастыра отырып, сұрақтарға жауап береді, оларды жай сөйлемдермен сипаттайды;
таныс ертегілер мен шағын шығармалардың мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді, мазмұнын өз бетінше қайталап айтады.
120. Сөйлеуді дамыту.
121. Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті.
Дауысты (а, ә, е, о, ұ) және кейбір дауыссыз (п-б, к-қ, т-д, ж-ш, с-з) дыбыстарды анық айту, дыбыстардың артикуляциясын нақтылау және бекіту, артикуляциялық аппаратты дамыту, сөйлеу қарқынын өзгерту қабілетін дамыту: баяу сөйлеу, жаңылтпаштар айту.
122. Сөздік қор.
Балалардың сөздік қорын ойындар мен ойын жаттығулары арқылы кеңейту, сөздік қорды заттардың сапасы мен қасиеттерін білдіретін, заттарды жалпы (ойыншықтар, киім, аяқ киім, ыдыс, жиһаз) және ерекше белгілері бойынша жалпылаушы сөздермен байыту, қарама-қарсы мағынадағы сөздерді - антонимдерді енгізу.
Балаларға тұсау кесу дәстүрімен таныстыру арқылы олардың алғашқы қадамы ересектерді қуанышқа бөлейтінін жеткізу және оларды ересектердің жақсы көретінін білдіру, дәстүрге байланысты балалармен ән айту, би билету, жұмбақ шешкізу, жаңылтпаш, санамақ айтқызу, сөздік қорларын жаңа сөздермен байыту.
123. Тілдің грамматикалық құрылымы.
Сөздерді жіктелуіне, септелуіне қарай байланыстыру, зат есімдерді үстінде, астында, артында, жанында тәрізді көмекші сөздермен бірге қолдану, зат есімдерді жекеше, көпше түрде, етістіктерді келер және өткен шақта қолдану.
124. Байланыстырып сөйлеу.
Суреттерді, заттарды қарастыруда, тірі және өлі табиғат нысандарын бақылау кезінде, шығармаларды тыңдағаннан, мультфильмдер, ертегілер көргеннен кейін балаларды алған әсерлерімен бөлісуге, өз ойын айтуға үйрету.
Ересектердің сөзін тыңдау және түсіну, сөйлеу әдебінің тиісті формаларын дұрыс қолдану, ересектермен диалог құру, берілген сұрақтарды тыңдау және толық жауап беру.
Кейіпкерлерді сипаттау үшін дауыс ырғағының мәнерлі қарапайым тәсілдерін қолдану, таныс ертегілерді ойнауға және сахналауға ынталандыру, қызығушылығын ояту.
125. Көркем әдебиет.
Кітаптарға қызығушылықты ояту.
Таныс кітаптардағы суреттерді балалармен бірге қарастыру, оларға суреттердің мазмұны туралы эмоционалды түрде айту, балалардың пікірлерін тыңдау.
Жаңа ертегілерді, әңгімелерді, өлеңдерді тыңдай білуге, олардың мазмұнындағы әрекеттердің дамуын бақылауға, шығарманың кейіпкерлеріне жанашырлық танытуға тәрбиелеу. Балалармен кейіпкерлердің әрекеттері мен олардың әрекеттерінің салдарын талқылау.
Оқылған шығармадан ең қызықты, мәнерлі үзінділерді қайталау, балаларға сөздер мен қарапайым сөз тіркестерін қайталап айтуға мүмкіндік беру.
Ересектермен бірге ертегілерді, қарапайым көріністерді ойнауға, бірлескен ойындарға қатысуға ықпал ету, онда жеке репликаларды, кейіпкерлердің эмоционалды образын беруге баулу.
Балаларды тақпақтар мен шағын өлеңдерді жатқа айтуға үйрету.
126. Қазақ тілі.
127. Тілдік дамытушы орта.
Балалардың ересектермен және құрдастарымен қарым-қатынас жасауына жағдай жасау: бір-бірімен күнделікті еркін ойында, дербес әрекеттерде ауызекі сөйлесуге, бірлескен әрекеттері туралы келісуге, ортақ тақырыпта әңгімелесуге, сұрақтарға жауап беруге, өз бетінше кітаптарды қарауға, өзінің алған әсері мен қалауын білдіруге, сәлемдесуде, өтінішін, ырзашылығын білдіруде сыпайы сөйлеу әдебін сақтауға, құрдастарын есімімен толық, дұрыс атауға баулу.
128. Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті.
Артикуляциялық және дыбыстық аппаратты, сөйлеу кезінде тыныс алуды, естуді дамыту. Көрнекілікпен немесе көрнекіліксіз өзіне айтылған сөзді тыңдау және түсінуді дамыту. Қазақ тіліне тән ә, ө, қ, ү, ұ дыбыстарын өздігінен дұрыс айтуға баулу.
129. Сөздік қор.
Ауызекі сөйлеуде түрлі балалар әрекеттерінде қоршаған орта заттары мен табиғат нысандарының атауларын өздігінен қолдануды қалыптастыру.
Қоршаған ортадағы күнделікті жиі қолданылатын туыстық қатынасқа байланысты сөздерді ("бөпе", "аға", "апа", "іні", "қарындас"), тұрмыстық заттардың, жемістердің, жануарлардың, төрт түліктің атауларын айту және түсіну дағдыларын қалыптастыру.
Баланың сөздік қорын дамытуда, санамақтар, тақпақтар, жаңылтпаштарды жаттауға баулу.
130. Тілдің грамматикалық құрылымы.
Жуан және жіңішке түбір сөздерді ажырату, оларды көпше түрде қолдануға үйрету. Бұйрық райлы етістіктерді жекелей қолдануға баулу (бар, кел, айт).
Сөздерді байланыстырып, сөз тіркестерін құрастыруға (зат есім және сын есім, зат есім және етістік) үйрету.
131. Байланыстырып сөйлеу.
Ауызекі сөйлеудің қарапайым түрлерін меңгерту, балалардың өздеріне айтылған сөзді, пікірді түсінуін қалыптастыру, алдын ала үйретілген сөйлеу үлгілерін есте сақтап, әңгімелесе білуге баулу.
Ойыншықтар мен заттарды қарастыра отырып, сұрақтарға жауап беруге, оларды жай сөйлемдермен сипаттап айтып беруге баулу.
Таныс ертегілер мен шағын шығармалардың мазмұны бойынша алдымен сұрақтарға жауап беруге, кейіннен өздігінен қайталап айтуға баулу.
3-параграф. Танымдық және зияткерлік дағдыларды дамыту
132. Танымдық және зияткерлік дағдыларды дамыту балалардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, күн сайын ойын түрінде және математика негіздері ұйымдастырылған іс-әрекеті арқылы іске асырылады.
133. Мақсаты инновациялық әдістер мен технологияларды қолдана отырып, балалардың интеллектуалдық қабілеттерін, логикалық ойлауын дамыту болып табылады.
134. Міндеттері:
қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру;
бақылау арқылы қоршаған орта заттарының санын, пішінін, шамасын, олардың кеңістікте орналасуын ажыратуға үйрету;
заттарды зерттеуге қызығушылықты ояту, жаңаны тануға, өзіне сенімділікке баулу;
командада жұмыс істей білуге дағдыландыру;
көрнекі-қимылдық ойлауды және шығармашылық қиялдауды дамыту.
135. Күтілетін нәтижелер:
"бір", "көп" ұғымдарын ажыратады;
жаңаны тануға ұмтылады, заттарды қызығып, қуанып зерттейді;
біртекті заттарды топтастырады және олардың біреуін бөліп көрсетеді;
қоршаған ортадан бір немесе бірнеше бірдей затты табады;
тең және тең емес заттар тобын салыстырады;
екі затты белгілі өлшемі бойынша салыстырады;
ұзындығы, ені, биіктігі, жалпы шамасы бойынша заттарды салыстырады;
ұстау және көру тәсілдері арқылы геометриялық фигураларды зерттейді, атайды;
өзіне қатысты кеңістік бағыттарын анықтайды;
қарама-қарсы тәулік бөліктерін біледі.
136. Математика негіздері.
137. Сан.
"Көп", "бір" ұғымдары туралы түсініктерді қалыптастыру, заттардың санын ажыратуға үйрету: көп-біреу (біреу-көп), біртекті заттарды топтастыру және олардың біреуін бөліп көрсету, қоршаған ортадан бір немесе бірнеше бірдей затты табу, "қанша? неше?" сұрағына жауап беру.
Заттарды салыстыру: заттарға қосу немесе заттардан алу тәсілдері арқылы тең және тең емес заттар тобын салыстыру, "Тең бе?", "Қайсысы артық (кем)?" сауалдарына жауап беру.
138. Шама.
Екі затты өлшемі бойынша (ұзын-қысқа, биік-аласа, артық-кем) салыстыру. Өлшемдері қарама-қарсы және бірдей заттарды салыстыру, заттарды салыстыруда шаманың берілген белгісі бойынша (ұзындығы, ені, биіктігі, жалпы шамасы бойынша) бір затты екінші затпен беттестіру және жанына қою тәсілдері арқылы салыстыру, салыстыру нәтижелерін ұзындығы бойынша ұзын-қысқа, бірдей, тең, ені бойынша кең-тар, бірдей, тең, биіктігі бойынша биік-аласа, бірдей, тең, жалпы шамасы бойынша үлкен-кіші сөздерімен белгілеу.
139. Геометриялық фигуралар.
Балаларды геометриялық фигуралармен: үшбұрыш, шаршы, дөңгелекпен таныстыру, ұстау және көру тәсілдері арқылы аталған фигураларды зерттеуге мүмкіндік беру.
140. Кеңістікті бағдарлау.
Өзінің дене мүшелерін бағдарлау және осыған байланысты өзіне қатысты кеңістік бағыттарын анықтау: үстінде-астында, алдында-артында, оң-сол.
141. Уақытты бағдарлау.
Қарама-қарсы тәулік бөліктерін бағдарлау: күндіз-түнде, таңертең-кешке.
4-параграф. Балалардың шығармашылық дағдыларын, зерттеу іс-әрекетін дамыту
142. Тәрбиеленушілердің шығармашылық дағдыларын, зерттеу іс-әрекетін дамыту балалардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, күн сайын ойын түрінде және сурет салу, мүсіндеу, жапсыру, құрастыру, музыка ұйымдастырылған іс-әрекеттері арқылы іске асырылады.
143. Мақсаты балалардың жеке ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескере отырып, шығармашылық дағдыларын, зерттеу қабілеттерін, көркем-эстетикалық талғамын дамыту үшін ұлттық мәдениетке баулу болып табылады.
144. Міндеттері:
музыкаға, бейнелеу өнеріне қызығушылықты қалыптастыру, шығармашылық ойлауы мен қиялдауын дамыту;
бейнелеу әрекеті мен оның нәтижесіне эмоционалды жағымды қарым қатынас орнату;
бейнелеу әрекетін балалардың қызығушылықтарын ескере отырып, ұйымдастыру, балаларға бейнелейтін заттарды өз бетінше зерттеуге мүмкіндік беру;
қарапайым заттарды, құбылыстарды, пішіндерді, түстерді, бөліктердің орналасуын бере отырып, бейнелеу дағдыларын қалыптастыру, көз бен қолдың үйлесімін дамыту;
балалардың қалауы бойынша материалдарды, бейнелеу техникасын (саусақпен, алақанмен, мақтамен, сазбалшықпен, ермексазбен, қағазбен) таңдауға мүмкіндік беру;
қазақ халқының өнер туындыларымен, сәндік-қолданбалы өнерімен таныстыру;
өнер туындыларына, қоршаған шынайы әлемнің эстетикалық жағына қызығушылықты тәрбиелеу;
бейнелеу әрекеті барысында қауіпсіздікті сақтауға және еңбекқорлыққа, ұқыптылыққа баулу.
145. Күтілетін нәтижелер:
сурет салу бойынша:
сурет салу техникасының бастапқы дағдыларына ие;
сызықтарды, штрихтарды, дақтарды, бояуларды ретімен қолдана біледі;
негізгі түстерді дұрыс атайды;
қарапайым сюжеттік композицияларды құрайды;
тұтас қағаз бетіне бейнені орналастыра алады;
пішіндерді бояудың бастапқы дағдыларын игерген;
сурет салудың дәстүрден тыс техникасына қызығушылық танытады;
сурет салуда салуда ұқыптылық танытады, қауіпсіздікті сақтайды;
мүсіндеу бойынша:
заттарды мүсіндеуге қызығады;
сазбалшықтың және ермексаздың қасиеттерін біледі;
мүсіндейтін затты зерттейді;
мүсіндеудің әртүрлі тәсілдерін пайдаланады;
мүсіндеуге қажетті негізгі техникалық дағдыларды игерген;
бірнеше бөліктерді қосу, қысу, біріктіру арқылы өсімдіктерді және жануарларды мүсіндейді;
қазақ халқының әшекей бұйымдарын біледі;
заттар мен бұйымдарды өз бетінше мүсіндей алады;
жеке жұмыстарын ұжымдық композицияларға біріктіреді;
мүсіндеу барысында қауіпсіздікті сақтайды;
жұмысты ұқыпты жасауға тырысады;
жапсыру бойынша:
желімдеу техникасының бастапқы дағдыларын игерген;
бейнеленетін заттарға сәйкес түрлі-түсті қағаздардан дайын пішіндерді таңдай алады;
ересектер даярлаған ірі және ұсақ элементтерді орналастырады және желімдейді;
оюдың әсемдігін, оның орналасуын байқайды, олардың элементтерін бөліп көрсетеді;
қазақ халқының ыдыс-аяқтары мен тұрмыстық заттарын біледі;
ұжымдық жұмыстарға қатысады және оларды қызығып жасайды;
геометриялық фигураларды ажыратады, оларды ою-өрнектермен безендіреді;
желім қалдықтарын сүрту үшін майлықты пайдаланады;
құрастыру бойынша:
құрастыруды қызығушылықпен орындайды;
құрастырылатын құрылысты қарапайым сызбаларға, суреттегі үлгісіне қарап, зерттейді;
құрылыс бөліктерін ажыратады және атайды;
әртүрлі түстегі және пішіндегі бөлшектерден қарапайым құрылыстар тұрғызады;
ұжымдық құрылыс жасауға қатысады;
өзі құраған құрылысымен ойнайды;
ірі және ұсақ құрылыс материалдарынан, үлгі бойынша, ойдан құрастыра алады;
ойнап болған соң құрылыс бөлшектерін жинайды;
музыка бойынша:
музыкалық шығармаларды эмоционалды қабылдайды;
музыканы тыңдау дағдыларын меңгерген;
музыка жанрлары: ән мен маршты, биді таниды;
музыкалық шығарманы соңына дейін тыңдайды, музыканың сипатын түсінеді;
музыкалық және шулы ойыншықтардың, балалар аспаптарының дыбысталуын ажыратады, оларды атайды, қарапайым ырғақпен соғады;
әннің қарқынына сәйкес топпен қосылып ән айтады, әнді барлығымен бірге бастайды және аяқтайды;
сөздерді дұрыс және анық айтады, әннің сипатын береді (көңілді, мұңды, ойнақы, әуенді);
музыкалық сүйемелдеумен және сүйемелдеусіз ре-ля бірінші октаваның диапазонында ән айтады;
қазақ халқының қарапайым би қимылдарын біледі;
билейтін әуендерге сәйкес қимылдарды өз бетінше орындайды;
музыкалық шығармалар мен ертегі кейіпкерлерінің қимылдарын ойындарда мәнерлі және эмоционалды жеткізеді;
балалар музыка аспаптарын біледі, оларда ойнайды.
146. Сурет салу.
Көлденең және тік сызықтарды салу, олардың қиылысуын жүргізе білу, әр түрлі пішіндегі (көгөністер мен жемістер, ыдыс-аяқ, ойыншықтар, жануарлар), дөңгелек пішінді (шарлар, бұлттар, күн) заттарды бейнелеу, бірнеше көлденең және тік сызықтардан тұратын заттарды бейнелеу.
Сурет салу кезінде қарындашты, қылқаламды қатты қыспай, дұрыс ұстауды үйрету. Қылқаламмен бояуда оны бояуға ақырын батыруды, алынған артық бояуды құтының шетіне қылқаламды ақырын басынан басып, ағызып жіберіп бояуды, бояудың келесі түсін қолдану үшін қылқаламды басқа түске салмас бұрын жақсылап суға шайып алып қолдануды, жуылған қылқаламды жұмсақ матамен немесе қағаз майлықпен сүртіп кептіруді үйрету.
Бір заттың немесе түрлі заттардың суретін салуды қайталай отырып, қарапайым сюжеттік композициялар жасауға үйрету, тұтас қағаз парағына бейнені орналастыру, қызыл, сары, жасыл, көк, қара, ақ негізгі түстер мен олардың реңктерін (қызғылт, көгілдір, сұр) қолдану.
Қазақ ою-өрнектерінің қарапайым элементтерін қайталап салуға баулу.
Құмға таяқшалармен, асфальтқа бормен, өз бетінше ойдан сурет салуға мүмкіндік беру.
Сурет салуда қауіпсіздікті сақтауға, ұқыптылыққа баулу.
147. Мүсіндеу.
Сазбалшықтан, ермексаздан мүсіндеуге қызығушылыққа баулу. Сазбалшық, ермексаз кесектерінен бөліп алу, домалату, ширату, созу, жаю тәсілдерін пайдалана отырып, көгөністер мен жемістерді, кейбір заттарды, азық-түлік тағамдарын мүсіндеуге үйрету.
Кесектерді алақандарының арасында домалату, есу, жаю тәсілдері арқылы заттарды мүсіндеу (ыдыстар, ойыншықтар).
Бірнеше бөліктерді қосу, қысу, біріктіру арқылы өсімдіктерді және жануарларды мүсіндеу дағдыларын қалыптастыру.
Қазақ халқының әшекей бұйымдарымен (білезік, жүзік, балдақ, сырға, тұмар) таныстыру. Мүсіндеу тәсілдерін қолдана отырып, өзіне ұнаған бұйымдарды мүсіндеу, оларды таяқшамен безендіру.
Жеке жұмыстарын ұжымдық композицияларға біріктіру дағдыларын қалыптастыру.
Мүсіндеу барысында қауіпсіздікті сақтауға, ұқыпты болуға баулу.
148. Жапсыру.
Балалардың жапсыруға қызығушылығын арттыру. Қағаз бетінде көлемі, түсі, пішіні бойынша әртүрлі дайын пішіндерді белгілі реттілікпен орналастыра отырып, ойдан немесе берілген тапсырма бойынша заттардың бейнесін жасау, содан соң пайда болған бейнені қағазға жапсыру.
Желімдеудің техникасын үйрету: желімді қылқаламға, мұқият жағып алу, жаймадағы дайын үлгіге жағу, желімнің қалдықтарын сүртуге майлықты қолдану.
Қазақ халқының ұлттық ыдыс-аяқтарымен, тұрмыстық заттарымен таныстыру. Ұнаған дайын заттардың пішіндерін қазақ оюларының қарапайым элементтерімен безендіру. Заттардың пішіні мен олардың түсі туралы білімді бекіту.
Жапсыруда табиғи материалдарды және қағазды түрлендіру әдістерін (жырту, умаждау, бүктеу, қатпарлау) қолдану.
Балаларды ересектер дайындаған ірі және ұсақ элементтерді қағаз бетіне орналастыру және жапсыру арқылы ұжымдық композиция құрастыруға баулу.
Геометриялық фигуралардың (дөңгелек, шаршы, үшбұрыш) ортасына, бұрыштарына дайын ою-өрнектерді жапсыру арқылы киіз, кілем, көрпе, алаша орамал жасау.
Жапсыру барысында қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтауға, ұқыпты болуға баулу.
149. Құрастыру.
Балалардың құрастыруға қызығушылығын арттыру, конструкторлардың түрлерімен таныстыру.
Құрастыру дағдыларын дамыту, негізгі құрылыс бөлшектерін: текшелер, кірпіштер, цилиндрлер, үшбұрыштар, призмаларды ажырата білуге, атауға және қолдануға үйрету, бұрын алынған дағдыларды: төсеу, бекіту, қою қолдана отырып, жаңа ғимараттар салу.
Құрастырылатын құрылысты қарапайым сызбаларға, суреттегі үлгісіне қарап зерттеуге және кірпіштерді, тақтайшаларды тігінен қатарға орналастырып, бір-бірімен мықтап бекіту тәсілдерін қолданып, өз бетінше құрастыруға мүмкіндік беру, өзінің тұрғызған құрылысын талдауға баулу.
Құрастырған құрылыспен сюжетті ойыншықтарды қолданып ойнату.
Ұжымдық құрылыс жасауға баулу, алдын ала келісе отырып, құрылыс бөліктерін жеке дайындау, өздерінің құрастырған бұйымдарын біріктіре отырып, дайын болған құрылыспен бірге ойнату.
Құрастыруда бөлшектерді орналастыру және кірпіштерді қалау, пластиналарды тік бағытта және көлденең орналастыру тәсілдерін қолдану, ірі және ұсақ құрылыс материалдарынан, үлгі бойынша, ойдан құрастыру.
Ойнап болғаннан кейін бөлшектерді жинауға, қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтауға, ұқыптылыққа баулу.
150. Музыка.
Музыканы эмоционалды көңіл-күймен қабылдауға баулу. Музыкалық жанрлар: ән, би, маршпен таныстыру.
Музыка тыңдау.
Музыкалық шығарманы соңына дейін тыңдауға, музыканың сипатын түсінуге, музыкалық шығарманың неше бөлімнен тұратынын білуге және ажыратуға үйрету.
Музыкалық ойыншықтар мен балалар музыка аспаптарының (музыкалық балға, сылдырмақ, барабан, металлофон, маракас, асатаяқ, тұяқ, сырнай) дыбысталуын ажырата білуді жетілдіру.
Түрлі сипаттағы әндердің мазмұны мен көңіл күйін қабылдай білуді қалыптастыру; әннің мазмұнын түсіну.
Әртүрлі аспапта орындалған әндерді тыңдауға, оларды есте сақтауға және білуге; шығарманы соңына дейін тыңдауға үйрету.
Музыкалық шығарманы иллюстрациялармен салыстыра білуді қалыптастыру.
Балалар аспаптарының, музыкалық ойыншықтардың дыбысталуын ажыратуға үйрету; оларды атай білу.
Ересектердің орындауындағы және аудио-бейнежазбадан музыка тыңдауға үйрету.
Музыкалық шығарманың көркем құралдарын: дауысы (ақырын-қатты), қарқыны (жылдам-баяу), көңіл-күйі (мұңды, көңілді ) байқауға үйрету.
Ән айту.
Ән айту дағдыларын дамытуға ықпал ету: ре (ми) — ля (си) диапазонында, барлығымен бір қарқында әнді таза айту, сөздерді анық айту, әннің сипатын жеткізу (көңілді, созып, ойнақы айту).
Аспаптың сүйемелдеуіне, ересектердің дауысына ілесе отырып, олармен бірге ән айту, әнді бірге бастап, бірге аяқтау.
Музыкалық-ырғақтық қозғалыстар.
Музыкамен жүру мен жүгіруді ырғақты орындау, шеңбер бойымен бірінің артынан бірі жүру және шашырап жүруге үйрету.
Музыканың басталуы мен аяқталуына сәйкес қимылдарды орындау, қимылдарды өз бетінше бастау және аяқтау.
Би қимылдарын орындау сапасын жақсарту: кезек-кезек екі аяқпен және бір аяқпен секіру. Заттармен және заттарсыз музыкалық шығарманың қарқыны мен сипатына сәйкес бір-бірден, жұппен ырғақты қимылдар орындау.
Музыкалық шығармалар мен ертегі кейіпкерлерінің қимылдарын мәнерлі және эмоционалды жеткізу дағдыларын дамыту: аю қорбаңдап жүреді, қоян секіреді, құстар ұшады.
Қазақ халқының би өнерімен таныстыру. Музыкалық сүйемелдеумен қазақ би қимылдарының қарапайым элементтерін орындау, ойындарда таныс би қимылдарын қайталау.
Балалардың билейтін музыкаға сәйкес би қимылдарын өз бетінше орындауына, таныс би қимылдарын ойындарда қолдануына мүмкіндік беру.
Балалар музыкалық аспаптарында ойнау.
Балаларды музыкалық аспаптармен: сыбызғы, металлафон, қоңырау, сылдырмақ, маракас және барабанмен, сондай-ақ олардың дыбысталуымен таныстыру.
Балаларға арналған музыкалық аспаптарда және металлофонда (бір пластинада) ырғақпен қағып ойнаудың қарапайым дағдыларын меңгеруге ықпал ету.
5-параграф. Әлеуметтік-эмоционалды дағдыларды қалыптастыру
151. Әлеуметтік-эмоционалды дағдыларды қалыптастыру балалардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, күн сайын ойын түрінде және қоршаған ортамен таныстыру ұйымдастырылған іс-әрекеті арқылы іске асырылады.
152. Мақсаты балаларды, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оң әлеуметтендіру, оларды әлеуметтік-мәдени нормаларға, қоғам және мемлекет, отбасы дәстүрлеріне тарту, рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру болып табылады.
153. Міндеттері:
балаларды қоршаған ортадағы заттардың атауларымен және олардың міндеттерімен таныстыру, таныс заттарды ажыратуға үйрету;
отбасына, туған өлкесіне, Отанға деген сүйіспеншілікке, ересектерге құрмет көрсете білуге, кішілерге жанашыр болуға тәрбиелеу;
еңбектің нәтижесіне құрметпен қарауға тәрбиелеу, көмек көрсету ниеттерін қолдау;
тірі және өлі табиғат туралы білімдерін байыту;
табиғатта қауіпсіздікті сақтау (саңырауқұлақтар мен жидектер жемеу, жануарларға тиіспеу);
құммен, сумен, қармен, ұсақ заттармен ойындарда қауіпсіз әрекет ету дағдыларын қалыптастыру (оларды ауызға алмау, құмды шашпау, заттарды құлаққа, мұрынға тықпау);
табиғатқа сүйіспеншілікке және қамқорлық жасауға баулу.
154. Күтілетін нәтижелер:
отбасы мүшелері мен өзіне жақын адамдардың есімдерін атайды;
сюжетті-рөлдік ойындарда отбасы мүшелерінің рөлдерін сомдайды;
әртүрлі ойындарды өз бетінше ойнай алады;
дербестік танытады: киінеді, жуынады және тісін тазалайды;
қазақ халқының тұрмыстық заттарын атайды;
көлік құралдарын атайды;
жаяу жүргіншілерге және жолаушыларға арналған қарапайым ережелерді біледі;
балабақша және балабақша қызметкерлері туралы түсінігі бар;
тұратын қаласы мен ауылы туралы, Қазақстан Республикасының бас қаласы, мемлекеттік рәміздері туралы бастапқы түсініктерге ие;
қазақ халқының дәстүрлі киіз үйін біледі;
"дұрыс" немесе "дұрыс емес", "жақсы" немесе "жаман" әрекеттер (қылықтар) туралы қарапайым түсініктерге ие;
тірі және өлі табиғат заттары мен құбылыстарына қызығушылық танытады;
туған өлкенің кейбір өсімдіктері туралы түсініктерді меңгерген;
кейбір көгөністер мен жемістерді дәмінен ажыратады және атайды;
үй жануарлары мен жабайы жануарларды таниды;
табиғат бұрышын мекендеушілерді бақылайды;
табиғатқа қамқорлық танытады;
табиғаттағы маусымдық өзгерістерді байқайды және атайды;
топта, серуенде және табиғатта қауіпсіз мінез-құлық ережелерін сақтайды;
әдептілік танытады: амандасады, қоштасады, көмектескені үшін алғыс айтады;
балабақшаның үй-жайлары мен ауласында тазалық сақтайды.
155. Қоршаған ортамен таныстыру.
156. Бала, оның отбасы, үйі.
"Мен" бейнесін, құрдастарын, өзін балалар қоғамының бір мүшесі ретінде сезінуге, әртүрлі ойындарды өз бетінше ойнауға үйрету, өз іс-әрекеттерін оң бағалау және өзін-өзі бағалауын, ойында туындаған мәселелерді шешу тәсілдерін дамыту.
Балаларды отбасы бейнеленген фотосуреттерді қарауға, отбасы мүшелерін, олардың іс-әрекеттерін атауға, өзінің отбасы, отбасылық қарым-қатынас туралы әңгімелеп беруге, жақындарына қамқорлық танытуға баулу.
Дербестікті қалыптастыру: киіну, жуыну, тісін тазалау.
157. Заттық әлем.
Заттардың айырмашылықтары мен атауларын, олардың көлемін, түсін, пішінін қарастыру мен зерттеу дағдыларын қалыптастыру, заттардың сапалары мен қасиеттерін: сипап сезу, дәмін көру, есту арқылы тануды қалыптастыру.
Қазақ халқының тұрмыстық заттарымен таныстыру. Заттар, ойыншықтар, кітаптар және ыдыстарға ұқыптылықпен қарауға тәрбиелеу. Әртүрлі заттардың атауларын сөйлегенде белсенді қолдану, заттардың атқаратын қызметтерін түсіну, заттардың тобын білдіретін түсініктерді меңгеру.
Қоршаған ортаны қабылдау, кеңістікті бағдарлауға үйрету.
158. Көлік, байланыс құралдары.
Көлік құралдарының түрлерімен және ауада ұшатын қозғалыс құралдарымен таныстыру. Жаяу жүргіншілерге және жолаушыларға арналған қарапайым ережелермен таныстыру.
159. Еңбекке баулу.
Таныс мамандық иелеріне құрметпен қарау, олардың еңбек нәтижелеріне қамқорлық таныту. Балаларды ересектердің еңбегін бақылау негізінде ойын әрекетіне ынталандыру. Мүмкіндіктеріне қарай күтушіге, аула сыпырушыға көмек көрсетуді ұйымдастыру. Өзгенің еңбегінің нәтижесіне құрметпен қарауға тәрбиелеу, көмек көрсету ниеттерін қолдау.
Қарапайым тапсырмаларды өздігінен орындауға, түрлі балалар әрекетіне қажетті материалдарды, құрал-жабдықтарды дайындауға, қолданып болған соң ойыншықтарды, кітаптарды, заттарды орнына жинауға баулу.
Өзінің, құрдастарының шығармашылық жұмыстарының нәтижелеріне, суреттеріне, бұйымдарға құрметпен қарауға, оларға ұқыптылықпен қарауға баулу.
160. Адамгершілік және патриоттық тәрбие.
Балаларда "дұрыс" немесе "дұрыс емес", "жақсы" немесе "жаман" әрекеттер (қылықтар) туралы қарапайым түсініктерді дамыту, әлеуметтік және эмоционалды зиятты тәрбиелеу: балалардың назарын адамның жеке қасиеттеріне (мейірімді, жанашыр, қамқор, сезімтал және іскер, еңбекқор, ұқыпты) аудару, жақсы және жаман әрекеттерді дұрыс бағалау тәжірибесін қалыптастыру.
161. Менің Отаным – Қазақстан.
Балалар тұратын қала мен ауыл, еліміздің астанасы, Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы білімдерін қалыптастыру. Қазақ халқының дәстүрлі киіз үйімен таныстыру. Балаларды айналасындағы ересектердің жақсы көретінін, оған әрқашан қамқорлық танытатынын білдіре отырып, өзінің туған жеріне, Отанына деген сүйіспеншілік сезімін ояту.
Балалардың жалпы қабылданған ережелер мен нормаларды меңгеруіне ықпал ету. Балабақшада, үйде, көшеде тәртіп сақтауға баулу. Балаларды әдепті қарым-қатынасқа үйретуді жалғастыру (амандасуға, қоштасуға, көмек көрсеткені үшін алғыс айтуға үйрету). Балабақшаның үй-жайлары мен ауласында тәртіп пен тазалық сақтауға үйрету.
Тірі және өлі табиғат заттары мен құбылыстарына қызығушылықтарын қалыптастыру.
162. Өсімдіктер әлемі.
Туған өлкенің кейбір өсімдіктері туралы қарапайым түсініктерді қалыптастыру. Ағаштардың, дала гүлдерінің, кейбір көгөністер мен жемістердің, бөлме өсімдіктерінің 2-3 түрін тану және атау, өсімдік бөліктерін тану.
163. Жануарлар әлемі.
Үй жануарлары мен олардың төлдері туралы білімдерін бекіту. Қазақстанды мекендейтін жабайы жануарлар жайлы түсініктерін қалыптастыру, табиғат бұрышын мекендеушілерді бақылау дағдыларын қалыптастыру.
164. Табиғаттағы маусымдық өзгерістер.
Ауа-райының жағдайын анықтау (суық, жылы, ыстық), табиғат құбылыстарын бақылау (маусымдық), бақылау күнтізбесінде жылдың қысқы, көктемгі, жазғы және күзгі мезгілдеріндегі ауа-райының жай-күйін белгілеу.
165. Табиғатта қауіпсіз мінез-құлық ережелерін сақтау (саңырауқұлақтар мен жидектерді жемеу, жануарларға тиіспеу, қоқыс қалдырмау, қоқысты жинау, бұтақтарды сындырмау), топта (терезенің алдына шықпау, розеткаларды ұстамау, баспалдақпен көтерілгенде және түскенде таяныштан ұстау), серуенде (отпен ойнамау, жолға шықпау) ойын алаңында және құммен, сумен, қармен, ұсақ заттармен ойындарда қауіпсіз әрекет ету дағдыларын қалыптастыру (оларды ауызға алмау, құмды шашпау, ұсақ заттарды құлаққа, мұрынға тықпау).
4-тарау. Ересек топ (4 жастағы балалар)
1-параграф. Физикалық қасиеттерді дамыту
166. Физикалық дамыту балалардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, күн сайын ойын түрінде және дене шынықтыру ұйымдастырылған іс-әрекеті арқылы жүзеге асырылады.
167. Мақсаты баланың денсаулығын сақтау және нығайту, дене шынықтыруға қызығушылықты арттыру, денсаулық сақтау технологиясын қолдана отырып, қимыл-қозғалыс тәжірибесін байыту, дене сапаларына және қимыл белсенділігіне қажеттілікті дамыту болып табылады.
168. Міндеттері:
балалардың денесін үйлесімді дамыту, спорттық, қимылды ойындарға, спортпен айналысуға қызығушылықты арттыру;
дене сапаларын: күш, жылдамдық, төзімділік, ептілік, икемділікті қалыптастыру;
негізгі қимыл түрлерін: жүру мен жүгіруді, секіру мен лақтыруды, қағып алуды, еңбектеу мен өрмелеуді, жеке мәдени-гигиеналық дағдылары жетілдіру;
дене шынықтыру жаттығуларын орындауға қызығушылықты ояту, салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу;
әртүрлі ұлттық қимылды ойындарға, жарыс сипатындағы ойындарға қызығушылыққа баулу;
ойын барысында, спорт жабдықтарын қолдануда қауіпсіздікті сақтау.
169. Күтілетін нәтижелер:
өкшемен, аяқтың сыртқы қырымен, адымдап жүреді;
жүруді жүгірумен, секірумен алмастырып, бағытты және қарқынды өзгертіп жүреді;
сызықтардың, арқанның, тақтайдың, гимнастикалық скамейканың, бөрененің бойымен тепе-теңдікті сақтап, жүреді;
аяқтың ұшымен, тізені жоғары көтеріп, адымдап, сапта бір-бірінің артынан, әртүрлі бағытта жүгіреді;
түрлі тапсырмаларды орындай отырып, шапшаң және баяу қарқынмен, жетекшіні ауыстырып жүгіреді;
табан мен алақанға сүйеніп, төрттағандап еңбектейді;
гимнастикалық скамейка бойымен қолдарымен тартылып, еңбектейді;
гимнастикалық қабырғаға жоғары-төмен ауыспалы қадаммен өрмелейді;
алға ұмтылып, ұзындыққа қос аяқпен секіреді;
доптарды домалатады, заттарды қашықтыққа лақтырады, доптарды кедергілер арқылы лақтырады және қағып алады;
екеуден, үшеуден қатарға қайта тұрады;
шынықтыру түрлерін, өзіне-өзі қызмет көрсету дағдыларын меңгерген;
шанамен сырғанайды және мұзды жолдармен өз бетінше сырғанайды;
ересектердің көмегімен шаңғыны киеді және шешеді, шаңғымен бірінің артынан бірі жүреді;
екі, үш дөңгелекті велосипед тебеді, оңға, солға бұрылады;
таныс ойындарды ұйымдастыруда бастамашылдық, дербестік танытады;
қимылды ойындарда физикалық қасиеттерді: жылдамдық, күш, шыдамдылық, икемділік, ептілік көрсетеді;
доптармен, секіргіштермен, құрсаулармен қимылды ойындарды ойнайды;
өз бетінше ойнайды және спорттық ойындардың ережелерін сақтайды;
жеке гигиенаның бастапқы дағдыларын сақтайды;
өзінің сыртқы келбетін өз бетінше реттейді;
салауатты өмір салты туралы бастапқы түсініктерге ие;
өзінің жасаған іс-әрекетінің ағзаға әсерін, тістерді тазалаудың пайдасын, суық тимеудің алдын-алуға болатынын түсінеді;
дене белсенділігі мен ұйқының қанық болуының пайдасы туралы біледі;
адамның өмірі мен денсаулығы үшін дене шынықтырудың маңыздылығын түсінеді.
170. Дене шынықтыру.
171. Негізгі қимылдар.
Жүру: өкшемен, аяқтың сыртқы қырымен, адымдап, жан-жаққа қосалқы қадаммен (оңға және солға), сапта бір-бірден жүру, жүруді жүгірумен, секірумен алмастырып, бағытты және қарқынды өзгертіп жүру, қол мен аяқ қимылдарын үйлестіру.
Тепе-теңдікті сақтау: сызықтардың арасымен (арақашықтығы 15 сантиметр) жүру, сызықтардың, арқанның, тақтайдың, гимнастикалық скамейканың, бөрененің бойымен жүру, қолды екі жаққа созып, басқа қапшық қойып, заттардан аттап өту, бұрылу; қырлы, көлбеу тақтай бойымен (ені 2 сантиметр, биіктігі 30-35 сантиметр) жүру; қолдарды әртүрлі қалыпта ұстап, еденнен 20 – 25 сантиметр жоғары қойылған сатының таяқшаларынан, үрленген доптардан (бір-бірінен қашық қойылған 5–6 доп арқылы кезекпен) аттап өту.
Жүгіру: аяқтың ұшымен, тізені жоғары көтеріп, адымдап жүгіру, сапта бір-бірден, шеңбер бойымен, "жыланша", шашырап жүгіру; түрлі тапсырмаларды орындай отырып: шапшаң және баяу қарқынмен, жетекшіні ауыстырып жүгіру, 1–1,5 минут ішінде баяу қарқынмен жүгіру, орташа жылдамдықпен жүруді кезектестіре отырып, 40–50 метрге жүгіру.
Еңбектеу, өрмелеу: 10 метрге дейінгі қашықтықта заттардың арасымен тура бағыт бойынша, көлбеу тақтай бойымен төрттағандап еңбектеу; етпетімен жатып, гимнастикалық скамейка бойымен қолдарымен тартылып, алға қарай еңбектеу; табан мен алақанға сүйеніп, төрт тағандап еңбектеу, 50 сантиметр биіктікте ілінген арқанның астынан еңбектеу; құрсаудан еңбектеп өту; гимнастикалық қабырғаға жоғары-төмен ауыспалы қадаммен өрмелеу, бөрене және гимнастикалық скамейкадан аттап өту.
Секіру: бір орында тұрып, қос аяқпен секіру, 2–3 метр қашықтыққа алға ұмтылып қос аяқпен секіру, бір орында тұрып, оңға, солға бұрылып секіру; аяқты бірге, алшақ қойып, бір аяқпен (оң және сол аяқты алмастыру) секіру, 4–5 сызықтан аттап (сызықтардың арақашықтығы 40–50 сантиметр) секіру, 20–25 сантиметр биіктіктен секіру, орнынан ұзындыққа (шамамен 70 сантиметр), қысқа секіргішпен секіру.
Лақтыру, домалату, қағып алу: заттардың арасымен доптарды, құрсауларды бір-біріне домалату; заттарды қашықтыққа лақтыру (3,5–6,5 метрден кем емес), оң және сол қолымен көлденең қойылған нысанаға (2–2,5 метр қашықтықтан), 1,5 метр қашықтықта тігінен қойылған (нысана ортасының биіктігі 1,5 метр) нысанаға лақтыру; допты бір-біріне төменнен және бастан асыра лақтыру (1,5 метр қашықтықта), қағып алу; допты кедергілер арқылы бастан асыра екі қолымен және бір қолымен лақтыру (2 метр қашықтықтан); допты жоғары лақтыру және екі қолымен қағып алу (қатарынан 3–4 рет).
Сапқа тұру, сап түзеу, сапқа қайта тұру. Бір-бірден сапқа тұру, бір-бірінің жанына сапқа және шеңберге тұру. Екеуден, үшеуден бірінің артынан бірі қатарға тұру, бағыт бойынша түзелу; оңға, солға бұрылу, орнында айналу; араларын алшақ ұстау және жақын тұру.
Ырғақтық жаттығулар. Таныс, бұрын үйренген жаттығуларды және қимылдарды музыкамен сүйемелдеу арқылы орындау.
172. Жалпы дамытушы жаттығулар.
Қол және иық белдеуіне арналған жаттығулар.
Қолды алға, екі жаққа, жоғары көтеру (бір уақытта, кезекпен), төмен түсіру, қолдарын арқасына апару: қолдарды төмен түсіру; белге қою, кеуде тұсына қою; қолдарын алға-артқа сермеу; қолды иыққа қойып, шынтақтарын бүгіп, қолдарын айналдыру. Қолды алға созып, саусақтарды жұму және ашу, қолдың білектерін айналдыру. Қолды кеуденің алдына қою, желкеге қою, иықтарды түзеп, екі жаққа бұрылу. Жаттығуларды заттармен және заттарсыз орындау.
Кеудеге арналған жаттығулар.
Екі қолды белге қойып, оңға-солға бұрылу (жылдам және бір қалыпты). Оңға, солға еңкею, шалқаю. Тұрған қалыпта екі аяқ бірге (алшақ), алға еңкейіп, қолдың саусақтарын аяқтың ұшына жеткізіп, заттарды қою және жоғары көтеру. Тізерлеп отырып, допты өзінен айналдыра домалату. Бір аяқты жоғары көтеріп, жоғары көтерілген аяқтың астынан затты бір қолдан екінші қолға беру. Отырған қалыпта екі аяқты жоғары көтеру, бүгу және жазу, төмен түсіру. Екі аяқты айқастырып, отыру және тұру. Тізерлеп тұрып, алға еңкею және артқа шалқаю, екі аяқты кезек бүгу және жазу, көтеру және түсіру. Қолына зат ұстап, шалқасынан жатып, қолды созу және осы қалыпта етпетінен бұрылып жату. Етпетінен жатқан қалыпта иықтарын, басын, қолдарын алға созып көтеру.
Аяққа арналған жаттығулар.
Аяқтың ұшына көтерілу және тұру. Екі аяқты кезекпен алға қою, алдымен өкшені, содан кейін аяқтың ұшын қою, тарсылдату. Қатарынан 4-5 рет жартылай отыру. Екі қолды белге қойып, екі жаққа созып, отыру. Тізені бүгу, алға созу, қайтадан бүгу және түсіру. Аяқтың ұшын созу, өкшені айналдыру. Аяқтың бақайларымен жіпті жинау, құм салынған қапшықтарды өкшелермен қысып алып, бір орыннан екінші орынға қою. Өкшемен таяқтың, арқанның үстінен бір қырымен жүру. Түрегеліп тұрып, аяқтың бақайларымен орамалдарды, тағы басқа ұсақ заттарды іліп алып, басқа орынға ауыстыру. Тізені бүгіп, екі аяқты кезек көтеру.
173. Спорттық жаттығулар.
Шанамен сырғанау: төбешіктен сырғанау; бір-бірін сырғанату, шанамен төбешікке көтерілу, төбешіктен түскенде тежеу. Мұз жолмен өз бетінше сырғанау.
Шаңғымен жүру: шаңғымен бірінің артынан бірі жүру; ересектердің көмегімен шаңғыны киіп, шешу.
Велосипед тебу: екі немесе үш дөңгелекті велосипед тебу; оңға, солға бұрылу.
Жүзу: суға түсу, суда ойнау; суда отырып, аяқтарын жоғары және төмен көтеріп қимылдар орындау; иекке дейін суда отыру, судан шығу; бетін суға малу; еркін әдіспен жүзуге талпыну.
174. Қимылды ойындар.
Қимылды ойындарға қызығушылықты дамыту. Таныс ойындарды ұйымдастыруда бастамашылдық, дербестік танытуға баулу. Ойындарда физикалық қасиеттерді (жылдамдық, күш, шыдамдылық, икемділік, ептілік) дамыту. Қимылды ойындарда жетекші рөлді орындауға үйрету, ойын ережелерін саналы түрде сақтауға баулу. Доптармен, секіргіштермен, құрсаулармен ойындарда балалардың белсенділігін дамыту.
175. Дербес қимыл белсенділігі.
Балалардың доптармен, қозғалатын ойыншықтармен, құрсаулармен ойындарын қолдау, дене шынықтыру құралдарын, спорттық және қимылды ойындарға арналған атрибуттарды пайдалануға ынталандыру. Балаларды педагогпен бірге жаттығуларды орындауға, қимылды ойындарға қатысуға тарту. Балалардың жас және жеке ерекшеліктерін ескере отырып, ағзаға түсетін салмақты реттеу. Ауа-райының жағдайларын ескеріп, таза ауада балалардың қимылдарды орындауы үшін жағдайлар жасау.
176. Салауатты өмір салтын қалыптастыру.
Балаларға адамның дене және сезім мүшелері, олардың ағзадағы рөлі және оларды қалай қорғауға, күтуге болатыны туралы түсінік беру.
Тамақтану тәртібін сақтаудың және көгөністер мен жемістердің, дәрумендердің адам ағзасына пайдасы туралы түсінік беру.
"Денсаулық - зор байлық" сөзінің мәнін түсіну, өзінің жасаған іс-әрекетінің ағзаға әсерін, тістерді тазалаудың пайдасын, суық тимеудің алдын-алуға болатынын түсіну. Салауатты өмір салты туралы ұғымдарды кеңейту.
Дене белсенділігі (таңертеңгі жаттығу, шынықтыру, спорттық және қимылды ойындар) мен ұйқының қанық болуының пайдасы туралы түсінікті кеңейту. Құлап қалған кезде өзіне қарапайым көмек көрсетуге, науқастанған кезде ересектерге жүгінуге баулу.
177. Мәдени-гигеналық дағдыларды жетілдіру.
Балаларды ұқыптылыққа, тазалыққа, өзінің сыртқы келбетін қадағалауды әдетке айналдыруға баулу. Тамақтанар алдында, дәретханаға барғаннан кейін, ластанған кезде қолды өз бетінше сабынмен жууға, тісін тазалауға үйрету. Тарақты, қол орамалды пайдалана білуді бекіту.
Тамақтану әдебін сақтау. Тамақты асықпай шайнау, асхана құралдарын (қасық, шанышқы), майлықты дұрыс қолдану, тамақтанып болғаннан кейін ауызды шаю.
178. Өзіне-өзі қызмет көрсету дағдылары.
Өзіне-өзі қызмет көрсету дағдыларын: өз бетінше киіну мен шешінуді, тісін тазалауды жетілдіру. Киімдерді жинау, ілу, ересектің көмегімен оларды тазалау, құрғату. Бейнелеу әрекетінен соң құтыларды, қылқаламдарды жуу, үстелді сүрту.
179. Сауықтыру-шынықтыру шаралары.
Шынықтырудың барлық түрлерін, жалпы және жергілікті су шараларын жүргізу: дымқыл шүберекпен сүртіну, аяқтарды, денені шаю, әрбір тамақтанғаннан кейін ауызды шаю. Жалпақ табандылықтың алдын-алу үшін түрлі жолдармен, жылы күндері шөптің, құмның үстімен жалаң аяқ жүру. Қимылдауға ыңғайлы, жеңіл киіммен желдетілген бөлмеде дене жаттығуларын орындау. Тыныс алу жолдарын шынықтыру.
2-параграф. Коммуникативтік дағдыларды дамыту
180. Коммуникативтік дағдыларды дамыту балалардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, күн сайын ойын түрінде және сөйлеуді дамыту, көркем әдебиет, қазақ тілі ұйымдастырылған іс-әрекеттері арқылы жүзеге асырылады.
181. Мақсаты инновациялық әдістер мен технологияларды қолданып, әлеуметте ауызша қарым-қатынас жасау, диалог құру дағдыларын қалыптастыру болып табылады.
182. Міндеттері:
ересектермен және балалармен еркін қарым-қатынас жасау дағдыларын қалыптастыру;
Қазақстан халқының мәдениетімен, салт-дәстүрлерімен таныстыру арқылы түрлі балалар әрекетінде балалардың ауызша сөйлеуін дамыту;
балаларды өздігінен сипаттау және баяндау әңгімелерін құруға баулу;
баланың айналасындағы өзін қоршаған ортадан тыс заттар мен құбылыстар туралы ақпараттарды алуында оның қажеттіліктерін қанағаттандыру, оларды құрдастарымен талқылау;
балаларға жастарына сәйкес тыңдауға, сахналауға, тәрбиелік мәні бар әдеби шығармаларды ұсыну;
балалар әдебиетіне, театр әлеміне қызығушылықты дамыту.
183. Күтілетін нәтижелер:
сөйлеуді дамыту бойынша:
дауысты, дауыссыз дыбыстарды дұрыс айтады;
ақырын, жылдам сөйлейді;
сөздер мен сөз тіркестерін дұрыс, анық айтады;
естіген дыбыстарды дұрыс айтады;
белгілі дыбысқа ауызша сөздерді табады;
сөйлегенде сөйлемдердің түрлерін (жай және күрделі), сын есімдерді, етістіктерді, үстеулерді, қосымшаларды қолданады;
өзін қоршаған ортадан тыс заттар мен құбылыстардың атауларын біледі;
адамдардың мамандықтарын білдіретін зат есімдерді, еңбек әрекетін білдіретін етістіктерді біледі;
тұрмыстық заттар және қоршаған табиғат заттарының мәнін түсінеді;
қазақтың ұлттық тұрмыстық заттарын таниды, атайды;
қазақ халқының құндылықтарын құрметтейді;
тұрмыстық электротехника заттарын таниды және атайды;
зат есімдерді жекеше және көпше түрде айтады;
сан есімдерді ретімен атайды, оларды зат есімдермен септіктерде, жекеше және көпше түрде байланыстырып айтады;
зат есімдерді сын есімдермен байланыстырып айтады;
өзі зерттеген заттарды, суреттерді сипаттайды;
бейнелеген суреттері, бұйымдары бойынша әңгімелер құрастырады;
шығармалардың, ертегілердің қызықты үзінділерін қайталап айтады;
бейтаныс заттар, құбылыстар, оқиғалар туралы ақпаратты қызығушылықпен талқылайды;
ұсынылған сюжеттер бойынша қойылымдарды сахналайды;
көркем әдебиет бойынша:
көркем шығармаларды эмоционалды қабылдайды;
таныс ертегілер мен әңгімелердің мазмұнын қайталап айтады;
әдеби кейіпкерлердің әрекеттерін бағалай алады;
шығарма мазмұнын қайталап айтуда сюжет желісінің реттілігін сақтайды;
тақпақтарды, санамақтарды, өлеңдерді мәнерлеп, жатқа айтады;
ересектермен бірге ертегі мен әңгіменің басын, соңын ойдан құрастырады;
кітаптағы иллюстрацияларды өз бетінше қарап, ертегі, әңгіме құрастырады;
дауыс күшін өзгерте отырып, әртүрлі интонацияларды жаңғыртады;
әдеби кейіпкерлердің әрекеттеріне өз көзқарасын білдіреді;
сахналық қойылымдарға қатысады;
образды бейнелеу үшін мәнерлілік құралдарын қолданады;
еркін ойындарда таныс кейіпкерлердің образын өздігінен сомдайды;
еркін ойындарда таныс кейіпкерлерді басқа қырынан көрсетуге тырысады;
рөлді, сюжетті таңдауда бастамашылық пен дербестік танытады;
қазақ тілі бойынша:
айналасындағы өзін қоршаған ортадан тыс заттар мен құбылыстар туралы біледі;
ұжымдық әңгімеге қатысады, әңгімелесушінің сөзін бөлмей, кезекпен сөйлейді;
еркін ойындарда және сахналық қойылымдарда адамдар мен жануарлардың эмоционалды көңіл-күйін жеткізеді;
түрлі балалар әрекеттерінде өзінің және құрдастарының әрекетін түсіндіреді және дәлелдейді;
қазақ тіліне тән ө, қ, ү, ұ, і, ғ дыбыстарын жеке, сөз ішінде анық айтады;
туыстық қарым-қатынасты білдіретін сөздерді біледі;
өзінің отбасы, отбасылық мерекелер, отбасындағы қызықты оқиғалар, салт-дәстүрлер туралы айтады;
төрт түлікті бағатын адамдардың кәсіпшілік атауларын біледі;
төрт түліктің төлдерін дауыстап шақыра алады;
өлеңдер, санамақтар, жаңылтпаштар, тақпақтарды жатқа айтады;
жұмбақтардың жауабын табады;
шешендік өнерге, айтыс өнеріне қызығушылық танытады;
шығарма кейіпкерлеріне жанашырлық танытады;
кейіпкердің іс-әрекетіне өз ойын білдіреді;
шығарма кейіпкерлерінің бейнесін сахналық қойылымдарда жеткізеді;
еркін ойындарда кейіпкерлердің бейнесін басқа қырынан көрсетуге тырысады;
сөздерді жіктеп, тәуелдеп, септеп қолданады;
өз ойын жай және жайылма сөйлемдермен жеткізеді;
қарым-қатынас барысында балаларды қойылған сұрақтардың сипатына сәйкес хабарлы, лепті, бұйрықты сөйлемдермен жауап береді;
өзі мен құрдастарының жауабындағы қателіктерді және жауаптың дұрыстығын ажырата алады;
бір-бірімен еркін диалог құрады;
таныс немесе бейтаныс ертегілер мен шағын көркем шығармалардың мазмұнын иллюстрациялар бойынша, өз бетінше ретімен қайталап айтады;
өзінің тәжірибесіне сүйеніп, суреттер бойынша әңгіме құрастырады;
ойыншықтар мен заттарды 4-5 сөйлеммен сипаттайды;
берілген сурет бойынша оған дейінгі және одан кейінгі оқиғаны ойлап табады.
184. Сөйлеуді дамыту.
185. Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті.
Дауысты, дауыссыз дыбыстарды дұрыс айту дағдыларын бекіту, ызың және үнді (р, л) дыбыстарды анық айтуға жаттықтыру. Артикуляциялық аппаратты жетілдіру.
Сөйлеу қарқынын өзгертуді бекіту: ақырын, жылдам сөйлеуді меңгерту үшін тақпақтар мен жаңылтпаштар айтқызу. Дикция бойынша жұмысты жалғастыру: сөздер мен сөз тіркестерінің дұрыс айтылуын жақсарту.
Фонематикалық естуді дамыту: белгілі бір дыбыстан басталатын сөздерді есту арқылы ажырата білуге және атауға үйрету.
186. Сөздік қор.
Айналасындағы заттармен сөздік қорды кеңейту: тұрмыстық заттар және қоршаған орта заттарының қолданылу маңыздылығын түсіну, заттардың атауларын, олардың бөліктері мен бөлшектерін, олар жасалған материалдарды, материалдардың белгілі және белгісіз қасиеттерін сөйлеуде қолдану.
Баланың сөздік қорын айналасындағы өзін қоршаған ортадан тыс заттар мен құбылыстардың атауларымен кеңейту, аталған заттардың қолданылу аясы туралы балалармен талқылау.
Сөздік қорды ересектердің мамандықтарын білдіретін зат есімдермен, еңбек әрекетін білдіретін етістіктермен толықтыру.
Сөйлеуде күнделікті көп қолданылатын сын есімдерді, етістіктерді, есімдіктерді қолдану.
Сөздік қорды заттар тобын білдіретін жалпылаушы сөздермен (ойыншықтар, киім, аяқ киім, ыдыс, жиһаз), заттардың орналасқан жерін (сол, оң, қатар, жанында, арасында), тұрмыстық электротехника заттарының және ұлттық тұрмыстық заттардың атауларын білдіретін және мағынасы қарама-қарсы антоним сөздермен байыту.
Балаларды қазақ халқының қонақжайлылық дәстүрімен таныстыру, қонақты күтіп алу, төрге отырғызу, "қонақ кәде", "сыбаға", ас қайыру, бата беру, қонақты шығарып салу дәстүрлерін үйрету арқылы үлкендерді сыйлауға, дастархан басында әдептілікті сақтауға баулу.
187. Тілдің грамматикалық құрылымы.
Сөйлемдегі сөздерді байланыстыруға, көмекші сөздерді дұрыс қолдануға үйрету, зат есімдерді жекеше және көпше түрде, сан есімдерді ретімен атауға, оларды зат есімдермен септіктерде, жекеше және көпше түрде, зат есімдерді сын есімдермен байланыстыруға, етістіктерді бұйрық райымен қолдана білуге үйрету (отыр, жүр, жүгір).
188. Байланыстырып сөйлеу.
Диалогтік сөйлеуді жетілдіру: әңгімеге қатысуға баулу, диалогке қатысушы үшін түсінікті сұрақтар қоюға және қойылған сұрақтарға дұрыс, толық жауап беруге баулу.
Балаларды әңгіме айтуға үйрету: затты, суретті өз бетінше қарап, сипаттауға, түрлі балалар әрекеттерінде бейнелеген суреттері, бұйымдары бойынша әңгімелер құрастыруға, шығармалардың, ертегілердің қызықты үзінділерін қайталап айтуға, бейтаныс заттар, құбылыстар, оқиғалар туралы ақпаратты талқылауға баулу.
Ұсынылған сюжеттер бойынша қойылымдарды сахналауға үйрету.
189. Көркем әдебиет.
Балалардың түрлі әрекеттерінде ертегілерді, әңгімелерді, өлеңдерді тыңдауға, көркем сөзге, кітапқа қызығушылыққа баулу.
Тыңдалған шығарманың мазмұнын қайталап айтуға, қысқа өлеңдерді, санамақтарды жатқа айтуға, шығарма мазмұны мен сипатына сәйкес тақпақтарды, өлеңдерді жаттауда түрлі интонацияларды, үзілістерді, логикалық екпінді қолданып, оларды есте сақтауға, шығарма мазмұнын дұрыс қабылдауға, кейіпкерлеріне жанашырлық танытуға баулу.
Әдеби шығармаларды мұқият тыңдау, кейіпкерлерге жанашырлық таныту, ондағы әрекеттердің дамуын қадағалау, мазмұнын түсінуге және олардың мазмұнын қайталап айтуда сюжет желісінің реттілігін сақтауға, автор сөздерін айту, кейіпкерлердің мінезін беру, шығарма мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беруге, ересектермен бірге ертегі мен әңгіменің басын, соңын ойдан құрастыруға баулу.
Балалардың кітаптағы иллюстрацияларды өз бетінше қарастырып, ертегі, әңгіме құрастыруына мүмкіндік беру.
Шешендікке, сөз өнеріне баулу, халық ауыз әдебиеті шығармаларымен таныстыру, санамақ, жаңылтпаш айту, жұмбақ шешу, айтыс өнеріне баулу.
Сахналық қойылымдарға қатысуға, таныс әдеби шығармалар, ертегілер бойынша қарапайым қойылымдарды ойнауға, образды бейнелеу үшін мәнерлілік құралдарын (интонация, ым-ишара, қимыл) қолдануға, еркін ойындарда таныс кейіпкерлердің образын өздігінен сомдауға, оларды басқа қырынан көрсетуге (қатыгез-мейірімді, ақкөңіл-салмақты) ынталандыру.
190. Қазақ тілі.
191. Тілдік дамытушы орта.
Айналасындағы өзін қоршаған ортадан тыс заттар мен құбылыстар, оқиғалар туралы ақпараттарды алуға және оларды талқылауға мүмкіндік беру.
Ұжымдық әңгімеге қатысуға, әңгімелесушінің сөзін бөлмей, кезекпен сөйлеуге, бейнелеу құралдарын қолдана отырып, еркін ойындарда және сахналық қойылымдарда адамдар мен жануарлардың эмоционалды көңіл-күйін жеткізуге, сөйлесу барысында әңгімелесушінің назарын өзіне аудару үшін интонациямен сөйлеу мәнерін өз бетінше қолдануға, түрлі балалар әрекеттерінде өзінің және құрдастарының әрекетін түсіндіруге және дәлелдеуге баулу.
192. Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті.
Артикуляциялық және дауыс аппаратын, сөйлеуде тыныс алуды, фонематикалық естуді, анық және қалыпты қарқынмен сөйлей білуді дамыту.
Қазақ тіліне тән ө, қ, ү, ұ, і, ғ дыбыстарын жеке, сөз ішінде анық айтуға баулу.
193. Сөздік қор.
Қоршаған ортадағы заттар мен өсімдіктердің, жануарлардың, құстардың, табиғат құбылыстарының, тұрмыстық заттардың атауларын білдіретін сөздерді түсіну және атау дағдыларын қалыптастыру.
Туыстық қарым-қатынасты ("сіңлі", "жеңге", "жезде", "нағашы", "жиен", "бөле") білдіретін сөздерді үйрету. Өзінің отбасы, отбасылық мерекелер, отбасындағы қызықты оқиғалар, салт-дәстүрлер туралы айтуға баулу.
Төрт түлікті бағатын адамдардың кәсіпшілік атауларын таныстыру: "қойшы", "жылқышы", "түйеші", "сиыршы" аталған атаулардың олардың еңбегімен байланыстылығын түсіндіру. Төрт түлік иелерінің төлдерді қалай шақыратынын балалардың өздеріне айтқызу.
Шағын өлеңдер, санамақтар, жаңылтпаштар, тақпақтар жаттату, жұмбақтар шешкізу. Шығарманы жеткізуде оның мазмұны мен сипатына сәйкес түрлі интонацияларды, үзілістерді, логикалық екпінді қолданып, мәнерлеп айтуға баулу.
Кітаптан ертегілер, көркем шығармалар оқып беруде олардың мазмұнын дұрыс қабылдауға, кейіпкерлеріне жанашырлық танытуға, кейіпкердің іс-әрекетіне өз ойын білдіруге баулу.
Тыңдалған шығарма кейіпкерлерінің бейнесін сахналық қойылымдарда жеткізе білуге, еркін ойындарда кейіпкерлердің бейнесін басқа қырынан көрсете білуге мүмкіндік беру.
194. Тілдің грамматикалық құрылымы.
Сөздерді жіктеп, тәуелдеп, септеп қолдана білуге үйрету. Етістіктің болымсыз түрін немесе есім сөздермен қолданылатын "емес" шылауын қолдана білуге үйрету, үлгі бойынша жай, жайылма сөйлемдер құра білуге үйрету. Өз ойын жай және жайылма сөйлемдермен жеткізуге мүмкіндік беру.
195. Байланыстырып сөйлеу.
Қарым-қатынас барысында балаларды қойылған сұрақтардың сипатына сәйкес хабарлы, лепті, бұйрықты сөйлемдермен жауап беруге, өзі мен құрдастарының жауабындағы қателіктерді және жауаптың дұрыстығын ажырата білуге және дұрыс жауабын ұсынуға, бір-біріне неге, не үшін деген зерттеу сипатындағы сұрақтарды қоюға, бір-бірімен еркін диалог құруға, еркін талқылауға мүмкіндік беру.
Бұрыннан таныс немесе бейтаныс ертегілер мен шағын көркем шығармалардың мазмұнын иллюстрациялар бойынша қайталап айтуға, өз бетінше ретімен қайталап айтуға, өзінің тәжірибесіне сүйеніп, суреттер бойынша әңгіме құрастыруға, ойыншықтар мен заттарды 4-5 сөйлеммен сипаттауға, берілген сурет бойынша оған дейінгі және одан кейінгі оқиғаны ойлап табуға баулу.
3-параграф. Танымдық және зияткерлік дағдыларды дамыту
196. Танымдық және зияткерлік дағдыларды дамыту балалардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, күн сайын ойын түрінде және математика негіздері ұйымдастырылған іс-әрекеті арқылы іске асырылады.
197. Мақсаты математикалық, конструктивтік ойлау дағдыларын, танымдық, интелектуалдық қабілеттерін дамыту болып табылады.
198. Міндеттері:
заттарды зерттеу барысында олардың пішінін, көлемін көзбен өлшеу, қолмен ұстау арқылы көрнекі-бейнелік ойлауды, есте сақтауды, қиялдауды, сөйлеуді, қолдың ұсақ моторикасын дамыту;
танымдық қызығушылықты дамыту, себеп-салдарлық байланыстарды орнату, талдау жасай білуге, қорытынды шығаруға баулу;
сенсорлық қабілеттерін, бастапқы ойлау операцияларын, жиын туралы қарапайым түсініктерін қалыптастыру;
сыни ойлау дағдыларын қалыптастыру, ұжыммен жұмыс істей білуге үйрету;
эстетикалық талғамды қалыптастыру, балалардың ой-өрістерін кеңейту;
тірі және өлі табиғат объектілеріне ұқыпты қарауға тәрбиелеу.
199. Күтілетін нәтижелер:
5 көлемінде санай алады, сандарды ретімен атайды;
теңдік және теңсіздік туралы ұғымдарға ие;
екі затты ұзындығы, ені, және биіктігі, жуандығы бойынша салыстырады;
бірнеше затты өсу және кему ретімен орналастырып, салыстырады;
шаманы салыстыруда үстіне және қасына қою тәсілдерін қолданады;
геометриялық фигураларды және геометриялық денелерді ажыратады және атайды;
геометриялық фигураларды көру және сипап сезу арқылы зерттейді;
сөйлеуде сын есімдерді қолданып, салыстыру нәтижелерін атайды;
тәулік бөліктерін ажыратады, олардың сипаттамалық ерекшеліктерін біледі;
"бүгін", "кеше", "ертең" ұғымдарын ажыратады;
кеңістіктегі заттардың өзіне қатысты орнын анықтайды;
берілген бағытта қозғалады;
қарапайым себеп-салдарлық байланысты орнатады.
200. Математика негіздері.
201. Жиын.
Балаларға жиын, оның әртүрлі түстегі, пішіндегі, өлшемдегі заттардан тұратындығы туралы түсінік беру, заттарды жұппен қою арқылы оларды санамай-ақ салыстыру негізінде тең немесе тең еместігін анықтай білу.
202. Сан, санау.
5-ке дейін реттік санау дағдыларын дамыту, реттік сан есімдерді атау, сандарды реті бойынша атауға "нешінші?" сұрағына жауап беруге және қорытынды санды атауға, "барлығы қанша?" сұрағына жауап беруге үйрету.
Екі қатарда орналасқан заттар тобын салыстыруды үйрету, теңдік және теңсіздік туралы ұғымдарды қалыптастыру. Тең ұғымын екі тәсілмен саны бойынша кем топқа бір затты қосу немесе артық топтан алып тастау арқылы қалыптастыру, "қанша болды?", "қаншасы қалды?" сұрақтарына жауап беруге үйрету.
5 көлемінде тура және кері санауға жаттықтыру.
203. Шама.
Заттар шамасы бойынша әртүрлі болатындығы жайлы түсінік беру.
Ұзындығы, ені, және биіктігі бойынша екі затты салыстыру, екі затты үстіне және қасына қою тәсілдерін қолданып, жуандығы бойынша заттарды салыстыру, салыстыру нәтижелерін ұзын-қысқа, енді-енсіз, биік-аласа, жуан-жіңішке сын есімдермен белгілеу. Бірнеше затты өсу және кему ретімен орналастырып, салыстыру.
204. Геометриялық фигуралар.
Балаларды геометриялық фигураларды (дөңгелек, үшбұрыш, төртбұрыш) және денелерді (куб, шар, цилиндр) танып, атай білуге үйрету, геометриялық пішіндерді көру және сипап сезу арқылы зерттеу, сөйлеуде сын есімдерді қолданып, салыстыру нәтижелерін атау (ұзындау-қысқалау, кеңдеу-тарлау, жоғары-төмен, қалың-жұқа немесе ұзындығы, ені, биіктігі, қалыңдығы бойынша тең).
205. Кеңістікті бағдарлау.
Кеңістік бағыттарын өзіне қатысты анықтау, берілген бағытта қозғалу (алға-артқа, оңға-солға, жоғары-төмен), заттарды оң қолмен солдан оңға қарай орналастыру, заттардың өзіне қатысты орналасуын сөздермен белгілеу (менің алдымда үстел, сол жағымда орындық тұр).
206. Уақытты бағдарлау.
Тәулік бөліктері (таңертең, күндіз, кеш, түн) олардың сипаттамалық ерекшеліктері мен реттіліктері, "бүгін", "кеше", "ертең" туралы ұғымдарын кеңейту.
4-параграф. Балалардың шығармашылық дағдыларын, зерттеу іс-әрекетін дамыту
207. Тәрбиеленушілердің шығармашылық дағдыларын, зерттеу іс-әрекетін дамыту балалардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, күн сайын ойын түрінде және сурет салу, мүсіндеу, жапсыру, құрастыру, музыка ұйымдастырылған іс-әрекеттері арқылы іске асырылады.
208. Мақсаты балалардың қызығушылықтарын ескере отырып, ұлттық мәдениетке баулу арқылы патриотизмге тәрбиелеу, олардың өзіндік шығармашылық іс-әрекеті үшін жағдай жасау болып табылады.
209. Міндеттері:
түрлі балалар әрекетінде балалардың көркем-шығармашылық қабілеттерін, дербестігін, белсенділігін дамыту;
өнер түрлері туралы ұғымдарды кеңейту, заттарды қарау және қолмен ұстап зерттеуді дамыту;
өнер туындыларын қабылдау мен түсіну дағдыларын қалыптастыру;
қоршаған ортадағы әсемдікті қабылдауға баулу, шығармашылық ойлау мен қиялды дамыту;
өзінің және басқа балалардың жұмыстарын бағалау арқылы көркем-эстетикалық талғамды дамыту;
қазақ халқының ұлттық бейнелеу өнеріне баулу арқылы патриотизмге тәрбиелеу;
балаларға тыңдауға, айтуға жастарына сәйкес, тәрбиелік мәні бар әндерді ұсыну;
балаларды қауіпсіздікті сақтауға, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
210. Күтілетін нәтижелер:
сурет салу бойынша:
жеке заттарды және сюжеттік композицияларды салады;
қазақ халқының және басқа халықтардың өнер туындыларына қызығушылық танытады;
заттарды пішінін, түсін ескере отырып салады;
қазақ оюларының элементтерін салады, оларды қағаз бетінде дұрыс орналастырады;
қоңыр, қызғылт сары, ашық жасыл реңктерді таниды;
сурет салуда әртүрлі түстерді қолданады, көп түске назар аударады;
суреттерді қылқаламмен, қаламмен бояу тәсілдерін біледі;
қылқаламды үстінен баса отырып, жуан сызықтарды ал қылқаламның ұшымен жіңішке сызықтарды жүргізеді;
бейнелейтін заттарды қарайды, қолмен ұстап зерттейді;
әрбір затқа тән ерекшеліктерді, олардың бір-біріне арақатынасын жеткізеді;
өзінің және басқа балалардың жұмыстарын бағалайды;
мүсіндеу бойынша:
мүсіндеуді қызығушылықпен орындайды;
ермексаз, сазбалшық, пластикалық кесектерден әртүрлі тәсілдерді қолданып, бейнелерді мүсіндейді;
мүсінделген заттың, фигуралардың бетін тегістейді;
бірнеше бөліктен тұратын заттарды пішіндейді, олардың орналасуын ескере отырып, пропорцияларды сақтай отырып, бөліктерді байланыстырады;
мүсіндеуде қысу, тарту, басу тәсілдерін қолданады;
мүсіндеуде кескішті қолданады;
ертегілер мен қоршаған өмір тақырыптарына қарапайым композициялар құрастырады;
ұжымдық жұмысқа қатысады;
қазақ халқының тұрмыстық заттарын мүсіндеуге қызығушылық танытады;
мүсіндейтін затты қолына алып, зерттейді оның өзіне тән ерекшеліктерін беруге тырысады;
мүсіндеуде қауіпсіздік ережелерін сақтайды;
жапсыру бойынша:
қайшыны дұрыс ұстайды және оны қолдана алады;
қысқа және ұзын жолақтарды қияды;
текшеден дөңгелек пішін, тікбұрыштан бұрыштарын бүктеу арқылы сопақша пішіндерді қияды;
жемістерді, көгөністерді, гүлдерді, оюларды түрлі тәсілдермен қияды;
бірнеше бөліктерден тұратын заттарды орналастырады және желімдейді;
қазақ оюларының бөліктерінен, өсімдік және геометриялық пішіндерден өрнектер жасайды, оларды кезектестіріп ретімен желімдейді;
ұлттық ою-өрнекті қолданып, тұрмыстық заттарды, ыдыстарды безендіреді;
ұжымдық жұмыстарды орындауға қатысады;
заттарды дайын пішіндердің көмегімен және өз бетінше ойдан қиып жапсырады;
жапсыруда қауіпсіздік ережелерін сақтайды, жұмысты ұқыптылықпен орындайды;
құрастыру бойынша:
құрылыс бөлшектерін ажыратады және атайды, оларды құрылымдық қасиеттерін ескере отырып пайдаланады;
заттарды өз бетінше сапасы, көлемі мен пішіні бойынша таңдайды;
құрастырылған құрылыс бөлшектерінің кеңістікте орналасуын айқындайды;
дайын құрылыспен түрлі ойындар ойнайды;
өз бетінше ойдан құрастырады;
қағаз парағын түрлендіреді;
бөлшектерді өзара желімдеп, композиция құрастырады;
"оригами" үлгісі бойынша қарапайым пішіндер құрастырады;
қазақ халқының табиғи материалдардан жасалған бұйымдарымен, тұрмыстық заттарын, олардың қандай материалдан жасалғанын біледі;
табиғи және қалдық заттардан құрастырады;
заттарды өз бетінше таңдап, ойдан композиция құрастырады;
құрастыруда шығармашылық танытады;
музыка бойынша:
музыканы тыңдау мәдениетін сақтайды (музыкалық шығармаларды алаңдамай соңына дейін тыңдайды);
таныс шығармаларды таниды, олардың мазмұны туралы айтады;
тыңдалған музыкадан алған әсерлерімен бөліседі;
қазақтың ұлттық аспабы домбыраны біледі, оның даусын таниды;
әнді мәнерлеп, созып, қимылдармен үйлестіріп (ре-си бірінші октава шегінде) айтады;
қысқа музыкалық фразалар арасында тыныс алуды біледі;
әнді созып, сөздерін анық айтады, таныс әндерді сүйемелдеумен және сүйемелдеусіз орындайды;
әнді топпен бірге бастап, бірге аяқтайды;
марш сипатын ырғақты жүрумен береді, музыканың қимылдық сипатын жеңіл, ырғақты жүгірумен береді;
музыканың ырғағымен жүреді, қимылдарды музыкамен сәйкестендіреді, музыканың екінші бөлігінде қимылдарды өзгертеді;
музыканың ырғағын нақты береді, қос аяқпен еркін және жеңіл секіреді;
музыканың сипатына сәйкес ойын әрекеттерін орындайды;
қимылдарды орындауда шапшаңдық пен ептілік танытады;
музыканың сипатына сәйкес қимылдарды орындайды;
ұлттық би өнеріне қызығушылық танытады, би қимылдарын орындайды;
музыка жанрларын анықтайды;
ағаш қасықтар, сылдырмақтар, асатаяқ, сазсырнай, домбырада қарапайым әуендерді ойнайды.
211. Сурет салу.
Жеке заттарды және бірдей заттарды қайталап салу және олардың қасына басқа заттарды бейнелеу арқылы сюжеттік композицияларды салу. Сюжетті композицияларды салу кезінде әрбір затқа тән ерекшеліктерді, олардың бір-біріне арақатынасын беру.
Қоршаған ортаның әсемдігіне, қазақ халқының және басқа халықтардың өнер туындыларына, киіз үйге, оның жабдықтарына, тұрмыстық заттарға, ойыншықтарға, сәндік-қолданбалы өнерге қызығушылықты дамыту.
Заттардың пішіні: дөңгелек, сопақ, шаршы, тікбұрыш, үшбұрыш, көлемі бөліктерінің орналасуы туралы түсініктерді бекіту. Заттардың көлемі бойынша арақатынасын беруге үйрету: ағаш биік, бұта ағаштан аласа, гүл бұтадан аласа.
Дөңгелек, сопақ, шаршы, үшбұрыш пішіндегі қазақ оюларының элементтерін: "құс қанаты", "бүршік", "қызғалдақ", "қошқар мүйіз", "қой ізі", "құс тұмсық", "бота мойын", "ботакөз", "ирек", "су" суретін салу, элементтердің орналасу ретін, олардың арасындағы қашықтықты сақтау.
Балалардың гүлдер, қоршаған заттар мен табиғат объектілерінің түстері мен реңктері туралы ұғымдарын байыту. Қоңыр, қызғылт сары, ашық жасыл реңктермен таныстыру және ол түстерді өз бетінше жасауға ынталандыру (қажетті түсті шығару үшін бояуларды араластыру).
Сурет салуда әртүрлі түстерді қолдануға, көп түске назар аударуға деген ұмтылысты қолдау.
Пішінін ескере отырып, ою-өрнекті орналастыру, элементтер бірізділігін, олардың арасындағы арақашықтықтарды сақтау, 2-3 элементтерді түсі мен пішіні бойынша ұлттық оюларды ашық түстермен кезектестіру дағдыларын қалыптастыру. Қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнері туралы білімдерін кеңейту.
Балаларды суреттерді қылқаламмен, қаламмен бояуға үйрету, заттарды бояуда сызбалар мен жақпаларды бір бағытта жоғарыдан төменге немесе солдан оңға пішіннің шеткі сызығынан шықпай ырғақты түрде бояу. Қылқаламды үстінен баса отырып, жуан сызықтарды ал қылқаламның ұшымен жіңішке сызықтарды жүргізу.
Сурет салуда еңкеймей, арқаны тік ұстап, дұрыс еркін отыруға, жұмыс орнын таза ұстауға, ұқыпты болуға, қауіпсіздікті сақтауға баулу.
212. Мүсіндеу.
Ермексаз, сазбалшық, пластикалық кесектерден әртүрлі тәсілдерді қолданып, бейнелерді мүсіндеу, әртүрлі пішіндегі таныс заттарды өзіне тән ерекшеліктерін ескере отырып, заттардың толық пішіні пайда болғанға дейін немесе жайылған пішіннің жиектерін ию, жеке бөліктерді тұтас бөліктен созу, майда бөлшектерді қысу сияқты тәсілдермен мүсіндеу. Мүсінделген заттың, фигуралардың бетін тегістеуге үйрету.
Бірнеше бөліктерден заттарды мүсіндеу, оларды орналастыру, пропорцияларды сақтау, бөліктерді біріктіру.
Балалардың көлемді пішіндер мен қарапайым композицияларды мүсіндеуге қызығушылығын арттыру.
Мүсіндеуде қысу, тарту, басу әдістерін қолдану. Кескішті қолдануды үйрету, оның көмегімен жасалған бұйымды безендіруге ынталандыру.
Ертегілер мен қоршаған өмір тақырыптарына сюжеттік композициялар құру, ұжымдық жұмыстарды орындауда міндеттемелерді өзара бөлісу.
Қазақ халқының тұрмыстық заттарымен таныстыру, оларды мүсіндеуге баулу. Дайын мүсінді дөңгелек, сопақ, шаршы, үшбұрыш пішіндегі қазақ оюларының элементтерімен безендіру.
Мүсіндеуде қауіпсіздік ережелерін сақтау.
213. Жапсыру.
Жапсыру мен шығармашылық әрекетке қызығушылықты, шығармашылық қабілетті, қиялды дамыту.
Қайшыны дұрыс ұстауды және пайдалана білуді қалыптастыру. Түзу сызық бойымен алдымен қысқа, кейін ұзын жолақтарды қиюды үйрету.
Текшеден дөңгелек пішін, тікбұрыштан бұрыштарын бүктеу арқылы сопақша пішіндерді қиып алуға, бұл тәсілді жемістерді, көгөністерді, гүлдерді, оюларды қиюда қолдану.
Тар жолақтарды көлденеңінен қиюды, шаршының бұрыштарын қиюды үйрету.
Дайын пішіндерден жануарлар, құстар, гүлдердің пішінін қию және ол заттарды қағаз бетіне орналастыру дағдыларын қалыптастыру. Композицияны құрастыру кезінде заттар мен нысандардың көлемі бойынша арақатынасын ескеру. Ұсақ элементтерді ересектердің көмегімен желімдеу, алдымен қағаз бетінде заттың бейнелерін құрастырып, содан кейін оны желімдеу.
Қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнерімен, киіз үй оның жабдықтарымен, сандық, кебежемен, қоржынмен таныстыру.
Геометриялық пішіндерден, өсімдіктерден әзірленген ою-өрнектерді жолаққа бірізділігін ескере отырып, жапсыру дағдыларын қалыптастыру.
Элементтердің ретін, олардың арасындағы арақашықтықты сақтауды, пішінін ескере отырып, ұлттық ою-өрнекті қолданып, тұрмыстық заттарды, ыдыстарды безендіру дағдыларын дамыту.
Ұжымдық сюжетті композицияны құрастыру дағдыларын қалыптастыру. Композицияны құрастыруда дайын пішіндердің көмегімен заттарды қиюға немесе өз бетінше ойдан қиып жапсыруға мүмкіндік беру. Шығармашылық қиялды дамыту.
Жапсыруда қауіпсіздік ережелерін сақтау, жұмысты ұқыптылықпен орындау.
214. Құрастыру.
Құрылыс материалдарынан, "лего" конструкторлардан құрастыру
Орналастыру тәсілдерін қолдана отырып, пластиналарды тігінен және кірпіштерді, бөлшектерді көлденеңінен орналастыру, құрастыруға қолданған құрылыс бөлшектерін ажырату (текше, пластина, кірпіш, блок) және атау, оларды сапасы, көлемі мен пішіні бойынша таңдау, өз бетінше ойдан құрастыруға мүмкіндік беру, құрастырылған құрылыс бөлшектерінің кеңістікте орналасуын айқындау. Дайын құрылыспен түрлі ойындар ойнауға ынталандыру.
Құрылыс бөлшектеріне ұқыптылықпен қарау, ойнап болған соң оларды жинау және орнына қою, құрастыру барысында қауіпсіздік ережелерін сақтау.
Ұжымдық құрастыруға қызығушылықты ояту, құрылыс жобасын бірлесіп ойластыру, құрдастар арасында міндеттерді бөлісу, түрлі құрылымдық тәсілдерді қолдану, командамен бірге нәтижеге қол жеткізу, дайын құрылысты талдау.
Қағаздан құрастыру.
Қағаздан құрастыруға үйрету: қағаздың парағын ортасынан бүктеп, шиыршықтап, көлемді пішіндерге, орамдарға, ілмекке айналдыра білу, бұрыштарын және қырларын біріктіру, желімдеу, бөлшектерді өзара желімдеп, композиция құрастыру, "оригами" үлгісі бойынша қарапайым пішіндер құрастыру.
Табиғи, қалдық материалдардан құрастыру.
Қазақ халқының табиғи материалдардан жасалған бұйымдарымен (ер-тұрман, киіз үйдің жабдықтары, әшекей бұйымдары), тұрмыстық заттарымен (күбі, мес, келі, тостаған, ожау, астау, диірмен) таныстыру, олардың қандай материалдан жасалғанын зерттеу. Табиғи (мақта, жүн, жіп, асық, қағаз, тері, кенеп, мата, дәннің түрлері) және қалдық (қақпақтың түрлері, пластик, қораптар, кір қыстырғыштар) заттардан құрастыру. Табиғи материалдардан түрлі композиция жасауға ынталандыру. Шығармашылық қиялды дамыту, көрнекілікке сүйене отырып және құрастыратын материалдарды өз бетінше таңдап, ойдан құрастыруға мүмкіндік беру.
Ұқыптылыққа тәрбиелеу. Қауіпсіздік ережелерін сақтау.
215. Музыка.
Балалардың музыкаға деген қызығушылығын тудыру, оны тыңдауға ынталандыру, музыкалық шығармаларды эмоционалды қабылдауды дамыту.
Музыка тыңдау.
Музыканы тыңдау мәдениетін сақтау (музыкалық шығармаларды алаңдамай соңына дейін тыңдау). Музыканың сипатын сезінуге үйрету, таныс шығармаларды білу, тыңдалған музыкадан алған әсерлері туралы әңгімелеу, музыкалық шығарманың мәнерлі құралдарын байқауға үйрету (ақырын, қатты, баяу, жылдам), жоғары дыбыстарды ажырату (секста, септима шегінде жоғары, төмен), әндерді иллюстрацияларды көрсетумен және қимылдармен сүйемелдеу, қазақтың ұлттық аспабы домбырамен орындалған әндер мен күйлерді тыңдату.
Ән айту.
Балаларды мәнерлеп ән айтуға үйрету, әнді созып, қимылдармен үйлестіріп айтуды қалыптастыру (ре-си бірінші октава шегінде). Қысқа музыкалық фразалар арасында тыныс алуды дамыту. Әуенді таза және сөздерді анық айтуға, музыканың сипатын жеткізе білуге үйрету. Аспаптың сүйемелдеуімен және сүйемелдеуінсіз ән айтуға баулу (тәрбиешіні көмегімен).
Музыкалық-ырғақты қимылдар.
Би қимылдарын, ойындағы музыкалық қимылдарды орындауға қызығушылық тудыру, марш сипатын ырғақты жүріспен беру, музыканың қимылдық сипатына қарай жеңіл, ырғақты жүгіру; музыканың ырғағын нақты бере отырып, қос аяқпен еркін және жеңіл секіру, қимылдарды музыкамен сәйкестендіре отырып, жүрелеп отыру, музыканың екінші бөлігінде қимылдарды өзгерту, музыканың көңілді, ойнақы сипатын қабылдау, мазмұны бойынша таныс әндерді сахналауға баулу, музыканың ырғағына сәйкес әртүрлі қарқынмен секіру.
Балалар музыкалық аспаптарында ойнау.
Таныс әндерді орындауда балаларға арналған әртүрлі шулы музыкалық аспаптарды қолдану.
Ағаш қасықтармен, сылдырмақтармен, асатаяқ, домбыра, сазсырнайда, барабан және металлофонмен қарапайым әуендерді ойнау.
Балалар музыкалық аспаптарын тану және атау.
Билер.
Әуеннің көңілді сипатын қабылдауға үйрету, музыканың кіріспесін ажырату, кіріспеден кейін қимылдарды бастау, музыканың сипатына сәйкес қимылдарды ауыстыру, би қимылдарының, билердің атауларын есте сақтау.
Жеңіл, ырғақпен қозғалу; жұппен би қимылдарын орындау; билерде ойындағы музыкалық қимылдарды қолдану.
Музыканың сипатына сәйкес ойын әрекеттерін орындау, шеңбер бойымен ән айтып жүру, қимылдарды өзгерту, шапшаңдық пен ептілік таныту, музыканың көңілді, ойнақы сипатын ажырата білу, атрибуттармен би қимылдарын орындау.
Қазақтың ұлттық би өнерімен таныстыру. "Қамажай" биін үйрету.
5-параграф. Әлеуметтік-эмоционалды дағдыларды қалыптастыру
216. Әлеуметтік-эмоционалды дағдыларды қалыптастыру балалардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, күн сайын ойын түрінде және қоршаған ортамен таныстыру ұйымдастырылған іс-әрекеті арқылы іске асырылады.
217. Мақсаты жалпы адами нормалар мен ережелер және экологиялық білім негізінде тұлғаның әлеуметтік дағдыларын қалыптастыру болып табылады.
218. Міндеттері:
ересектердің еңбегі, оның қоғамдық өмірдегі рөлі туралы, жалпы қабылданған нормалар мен ережелер негізінде құрдастарымен және ересектермен өзара қарым-қатынастары туралы білімдерін кеңейту;
отансүйгіштік сезімдерін, еліміздің жетістігіне мақтаныш сезімін тәрбиелеу;
құрдастарымен сыпайы қарым-қатынас жасауға баулу;
туған өлкеге, өзінің еліне және оның тарихына сүйіспеншілікке тәрбиелеу;
тірі және өлі табиғат туралы білімдерін кеңейту;
танымдық қызығушылықтары мен шығармашылық қиялды қалыптастыру;
табиғатты сақтауда адамның рөлі туралы білімдерін қалыптастыру;
қоршаған ортада, табиғатта қауіпсіздікті сақтау.
219. Күтілетін нәтижелер:
бала өзінің "Мен" бейнесін көрсетеді, ойын ашық айтады, өзінің пікірін білдіреді, өзімен санасқанды, өзін құрметтегенді ұнатады;
өзінің туған жерін біледі және атайды;
отбасының ересек мүшелерінің еңбегі туралы біледі;
әскердің міндеті туралы түсініктерге ие;
отбасындағы үлкендерді сыйлайды, құрметтейді, кішілерге қамқорлық танытады;
жақын туыстарын біледі, олардың есімдерін атайды, отбасындағы сүйікті адамдары, отбасылық мерекелер, салт-дәстүрлер туралы әңгімелейді;
еңбек етуге қызығушылық танытады;
тапсырманы жауапкершілікпен орындауға тырысады;
бастаған ісін аяғына дейін жеткізеді;
ойыншықтарды жинауда тәрбиешіге көмектеседі;
кезекшілердің міндеттерін өз бетінше орындайды;
ересектердің және отбасы мүшелерінің мамандықтары, еңбегі туралы біледі, оларға қызығушылық танытады;
өзара көмек беруге дайын, ренжіген балаға жанашырлық танытады;
басқа балалармен бірге, келісіп ойнайды, құрдастарының өтініші бойынша ойыншықтарымен бөліседі;
айналасында болып жатқан жағдайларды ой елегінен өткізіп, өзінің әділ пікірін білдіреді;
ренжіткені үшін құрдасынан кешірім сұрайды;
материалды ескере отырып, заттар мен нысандарды таниды;
ойыншықтарға, кітаптарға, ыдыстарға ұқыпты қарайды;
кейбір мамандықтардың маңызын, атауларын біледі;
Мемлекеттік рәміздерге (ту, елтаңба, әнұран) құрметпен қарайды;
өз Отанын – Қазақстан Республикасын мақтан тұтады;
жолда жүру ережелерін біледі;
көлік түрлері мен жол түрлерін атайды;
қоғамдық көліктегі мінез-құлық мәдениетінің ережелерін біледі;
мінез-құлық мәдениетінің және айналасындағылармен әдепті қарым-қатынас негіздерін біледі;
ересектердің әңгімесіне араласпайды;
сыпайы түрде өз өтінішін білдіреді, көрсеткен қызметі үшін алғыс айтады;
өз өмірінің қауіпсіздігінің қарапайым дағдыларына ие;
көшеде, аулада, алаңда, мектепке дейінгі ұйым аумағында қауіпсіз мінез-құлық ережелерін сақтайды;
қоршаған ортадағы қарапайым мінез-құлық ережелерін біледі, сақтық танытады;
табиғат құбылыстарын атайды және ажыратады;
бақылау күнтізбесінде ауа райын белгілейді;
ауа-райындағы және табиғаттағы маусымдық өзгерістерде қарапайым байланыстар орната алады;
жабайы аңдарды, олардың сыртқы түрі, қозғалуы, тіршілік ету ортасы, азығы, қысқа бейімделуін біледі;
өсімдіктердің өсуі үшін жер, топырақ, су, күн, жарық, ылғал, жылудың қажеттілігін түсінеді;
жануарлар әлеміндегі маусымға тән көріністерді салыстырады, олардың тіршілік етуіне қажетті жағдайларды біледі;
өсімдіктер мен жануарларға күтім жасаудың қарапайым әдістерін біледі;
қарапайым тәжірибеге қызығушылық пен әуестік танытады;
қоршаған ортада, табиғатта қауіпсіздікті сақтайды.
220. Қоршаған ортамен таныстыру.
221. Бала, оның отбасы, үй.
Баланың "Мен" бейнесін қалыптастыру. Баланы өсіп, жетілген ересек бала ретінде қабылдау, оның ойын ашық білдіруге мүмкіндік беру, келісім білдіру, жеке басын құрметтеу. Оның өсуі мен дамуы, өткені, бүгіні және болашағы туралы түсініктерді қалыптастыру ("Мен кішкентай болдым, мен өсіп келемін, мен ересек боламын"). Мектеп туралы бастапқы түсініктерді қалыптастыру (мектепке баруға ынтасын, қызығушылығын арттыру). Өзінің атын, тегін, жасын, жынысын атай білуге үйрету, өзін құрметтеуге, өз қадір-қасиетін сезінуге, өзіне деген сенімділікке тәрбиелеу.
Отбасы туралы, отбасының ересек мүшелерінің еңбегі туралы білімдерін жетілдіру. Отбасындағы үлкендерді сыйлауға, құрмет көрсетуге, кішілерге қамқорлық жасауға, отбасын, отбасылық дәстүрлерді бағалауға баулу. Жақын туыстарын білуге, олардың есімдерін атауға үйрету, отбасындағы сүйікті адамдары, отбасылық мерекелер, салт-дәстүрлер туралы әңгімелеу, өзінің жақындарына мақтаныш сезімін білдіру.
222. Заттық әлем.
Балаларды заттық әлеммен таныстыру және онымен әрекет жасау дағдыларын қалыптастыру. Жақын маңайдағы заттарды ажыратып, атай білуді жетілдіру.
Қоршаған орта заттары, олардың қасиеттері және қолданылуы туралы түсініктерін кеңейту. Қазақ халқының ұлттық киімдерімен, әшекейлерімен таныстыру. Көлік түрлерінің қолданысын (әуе, су, жерде жүретін көліктер) ажырата білу, оның түрлері және қолданылуы машинаның жабдықтарына байланысты екені туралы (жедел жәрдем, өрт сөндіру машинасы) білу, телефон, компьютер, теледидардың қолданылуы және оларды пайдаланудың кейбір қарапайым ережелері туралы білу.
Адамдарға еңбектері үшін алғыс айтуға және еңбектің нәтижесіне құрмет көрсете білуге тәрбиелеу.
223. Байланыс және қозғалыс құралдары.
Қозғалыс ортасын ескере отырып, көлік құралдарын танып және атай білу дағдыларын қалыптастыру. Әртүрлі көлік құралдары мен оларды басқаратын адамдар туралы білімдерін жетілдіру. Көлікте жұмыс істейтін адамдарға сыйластық танытуға тәрбиелеу.
224. Еңбекке баулу.
Балалардың еңбек етуге деген оң көзқарасын тәрбиелеу, берілген тапсырмаға жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру: бастаған істі аяғына дейін жеткізе білу, оны жақсы орындау. Топты және ойын алаңын таза ұстауға, ойыншықтарды жинауда тәрбиешіге көмектесуге баулу.
Топта кезекшілердің міндеттерін өз бетінше орындауға үйрету: нан салғыштарды, кружкаларды, тәрелкелер мен майлықтарды, ас құралдарын (қасықтар, шанышқылар) ретімен қою. Шамасы келетін жұмысты орындау кезінде балалардың бастамасын қолдау: бөлме өсімдіктеріне күтім жасау, оларды суару, жапырақтарды жинау, ауладағы гулдерді суару, қыстайтын құстарды қоректендіру.
Жақындарының мамандықтарымен таныстыру, олардың атқаратын қызметінің маңызын түсіну, ата-анасының мамандықтарына қызығушылықты қалыптастыру. Айналаны қоршаған заттар, ойыншықтар – адамдардың еңбегімен жасалғаны туралы түсінік беру, оған ұқыпты қарауға баулу.
Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің еңбегі, (қаламен ауылдың байланысы), диқанның еңбегі туралы білімді қалыптастыру. Нанға және азық-түлік өнімдеріне ұқыпты қарауға тәрбиелеу. Өзгенің еңбегінің нәтижесіне құрметпен қарауға тәрбиелеу, ересектерге көмек көрсету ниеттерін қолдау.
225. Адамгершілік және патриоттық тәрбие.
Балаларды адамгершілікке, өзара көмек беруге, ренжіген балаға жанашырлық танытуға және ренжіткен баланың әрекеттерінің әділдігіне көз жеткізіп себебін анықтауға, әділ болған жағдайда әрекет еткен баланың әрекеттерін қолдауға, бірге, келісіп ойнауға, құрдастарының өтініші бойынша ойыншықтарымен бөлісуге, айналасында болып жатқан жағдайларды ой елегінен өткізіп, өзінің әділ пікірін білдіруге баулу. Қарапайымдылыққа, мейірімділікке және әділдікке, ересектерге құрмет көрсетуге, кішілерге көмектесуге тәрбиелеу. Жағымсыз қылықтары үшін ұятты сезіне білуге, ренжіткені үшін құрдасынан кешірім сұрауға баулу.
226. Менің Отаным – Қазақстан.
Отанымыз – Қазақстан Республикасына деген сүйіспеншілікті және мақтаныш сезімін ояту. Балаларды мемлекеттік мерекелерге қатысуға баулу. Мемлекеттік рәміздерге (ту, елтаңба, әнұран) құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Отан қорғаушылар, Қазақстан Республикасының әскері туралы ұғымдарын кеңейту. Отанды сүюге, патриотизмге тәрбиелеу.
Қазақстан Республикасының бас қаласы – Астана қаласы, республикадағы қалалар мен ауылдардың атаулары, олардың көрікті жерлері, ауыл мен қала өмірінің ерекшеліктері туралы ұғымдарын дамыту.
227. Жолда жүру ережелері.
Көлік түрлері, жол бөліктері (тротуар, жолдың жүру бөлігі мен жаяу жүргіншілер өтетін жол және жерасты жолдары, велосипедке арналған жол), бағдаршам белгілері, жолда жүру ережелері туралы білімдерін қалыптастыру.
Бағдаршам түстерінің белгілеріне сәйкес көшеден өту дағдыларын жетілдіру. Жаяу жүргіншілерге арналған ережелер, "Жаяу жүргінші өткелі", "Қоғамдық көлік аялдамасы" жол белгілері туралы ұғымдарын кеңейту.
Балаларды жол қозғалысы ережелерін саналы түрде сақтауға үйрету. Сюжетті-рөлдік ойындар барысында жол қозғалысы ережелері туралы білімді бекіту.
Өз өмірінің қауіпсіздігінің қарапайым дағдыларын қалыптастыру: ойын, ойын жабдықтарын пайдалану, бейтаныс адамдармен қарым-қатынас жасау. Балалардың өз есімін, тегін, жасын, ата-аналарының атын білуді бекіту, кездейсоқ жағдайларда (адасып қалу, құлау) өзін дұрыс ұстауға үйрету.
228. Өлі табиғат құбылыстары мен заттары.
Табиғат құбылыстары туралы ұғымдарын (жел, жаңбыр, тұман, қар, бұршақ, кемпірқосақ, боран) кеңейту.
Бақылау күнтізбесінде ауа райын белгілеу (суық, жылы, күн шуақты, қар, жаңбыр жауды, жел соқты), соған сәйкес киіну.
Қарапайым себеп-салдарлық байланыстарды бақылау және анықтау (жел соғып, жапырақтар түсті, күннің суықтығынан жердегі қар мұзға айналды), ойын, еңбек, эксперимент барысында құм, қар, су, мұз, тас, саздың қасиеттерін анықтау.
Ауа райы мен климаттық жағдайлардың өзгеруін бақылау. Қазақстанның түрлі аймақтарында ауа райының түрліше болуы туралы түсінік беру.
229. Өсімдіктер әлемі.
Өсімдіктер, оларға күтім жасау (жерді қопсыту, суару, жапырақтардың шаңын сүрту) туралы түсінікті дамыту. Бақылау, эксперимент және еңбек ету барысында өсімдіктердің тірі тіршілік иелері екендігін, өсімдік тұтастығының мәнін, олардың өсуі үшін жер, топырақ, су, күн, жарық, ылғал, жылудың қажеттілігін анықтау.
Өсімдіктердің даму кезеңдері (тұқым, көшет, сабақ, жапырақ, гүл, тұқым) туралы бастапқы түсініктерді қалыптастыру.
Өсімдіктердің жіктелуі туралы түсініктерді кеңейту: жемістер, көгөністер, жидектер (орман, бақша), гүлдер (бөлме, бақша, шабындық), бұталар және ағаштар (бақша, орман).
Бөлме өсімдіктеріне және табиғат бұрышындағы жануарларға күтім жасау, адамның табиғатқа қамқорлық танытуының маңызы туралы білімдерін қалыптастыру.
230. Жануарлар әлемі.
Төрт түлік және оның төлдері (мінезіндегі ерекшеліктер, қозғалысы, қоректенуі, адамдарға пайдасы), оларға күтім жасаудағы ересектердің еңбегі туралы ұғымдарын кеңейту.
Жабайы аңдар, олардың сыртқы түрі, қозғалуы, тіршілік ету ортасы, азығы, қысқа бейімделуі туралы ұғымдарын байыту.
Бақылау барысында жануарлар әлеміндегі маусымға тән көріністерді: күзде – көбелектердің, қоңыздардың, кейбір құстардың болмауы, қыста - құстарды қоректендірудің қажеттігі, көктемде көбелектер, қоңыздардың пайда болуы, құстардың көбеюі, олардың сайрауы, шықылықтауы, шиқылдауы, ұя салуы, балапан шығаруы, жазда көбелектер, қоңыздар, инеліктер, құстардың көбеюін салыстыру, олардың тіршілік етуіне қажетті жағдайларды: азық, су, жылу, жарық, мекендейтін орнын анықтау.
Жәндіктер туралы (қоңыз, көбелек, шыбын, құмырсқа), қыстап қалатын және жыл құстары туралы ұғымдарын кеңейту.
231. Балалардың жалпы қабылданған мінез-құлық ережелері мен нормаларын меңгеруіне ықпал ету.
Қоғамдық орындардағы мінез-құлық ережелері туралы түсініктерді кеңейту. Қоғамдық көліктегі мінез-құлық мәдениеті дағдыларын қалыптастыру.
Балаларда мінез-құлық мәдениеті мен сыпайы қарым-қатынас негіздерін қалыптастыруды жалғастыру; амандасу, қоштасудың қажеттігі туралы еске салу, ересектердің әңгімесіне араласпау, өз өтінішін сыпайы түрде білдіру, көрсеткен қызметі үшін алғыс айту.
Қоршаған ортада және табиғатта қарапайым тәртіп ережелерін сақтау, қарапайым экологиялық білімдерін қалыптастыру және жануарлар мен өсімдіктерге күтім жасауға (өсімдіктерді қорғау, қыстап қалған құстарға жем беру) баулу.
Өз өмірінің қауіпсіздігінің қарапайым дағдыларын меңгеру (электр құралдарынан сақ болу, өз бетінше от жақпау, сіріңкемен ойнамау, терезенің алдына шықпау, баспалдаққа көтерілгенде және түскенде таяныштан ұстау ); қоршаған ортада, табиғатта қарапайым тәртіп ережелерін білу (қоқыс тастамау, өздігінен от жақпау).
5-тарау. Мектепалды топ, мектептегі (лицейдегі, гимназиядағы) мектепалды сынып (5 жастағы балалар)
232. Мектепалды топта, мектептегі (лицейдегі, гимназиядағы) мектепалды сыныпта тәрбиелеу-білім беру процесін ұйымдастыру үшін педагог мектепке дейінгі ұйымдағы мектепалды тобына/мектептегі (лицейдегі, гимназиядағы) мектепалды сыныбына (5 жастағы балалар) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 557 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8275 болып тіркелген) Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспары негізінде оқу жылына арналған ұйымдастырылған іс-әрекеттің перспективалық жоспарын әзірлейді, апта сайын циклограмма құрады, біліктер мен дағдылардың қалыптасу деңгейін қадағалау үшін оқу жылына арналған баланың жеке даму картасын әзірлейді.
Аптасына ұйымдастырылған іс-әрекеттің саны 20 сағатты, мектепалды жастағы балалардың құзыреттіліктерін қалыптастыру бойынша бір ұйымдастырылған іс-әрекеттің ұзақтығы 20-25 минутты құрайды.
Мектепке дейінгі ұйымдардағы мектепалды топтарда балалардың қызығушылықтары ескеріліп, ұйымдастырылған іс-әрекетті өткізу күні бойы кіріктірілген түрде немесе жеке жоспарланады.
Мектептегі (лицейдегі, гимназиядағы) мектепалды сыныптарда балалардың қызығушылықтары ескеріліп, ұйымдастырылған іс-әрекетті өткізу күннің бірінші немесе екінші жартысында білім беру ұйымының оқу-тәрбиелеу процесінің кестесіне сәйкес кіріктірілген түрде немесе жеке жоспарланады.
1-параграф. Физикалық қасиеттерді дамыту
233. Физикалық дамыту балалардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, күн сайын ойын түрінде және дене шынықтыру ұйымдастырылған іс-әрекеті арқылы жүзеге асырылады.
234. Мақсаты денсаулық сақтау технологиясын қолданып, балалардың негізгі қимыл түрлерін меңгеруі арқылы мәдени-гигиеналық дағдылар, қимыл-қозғалыс тәжірибесін қалыптастыру, дене сапаларын және қимыл белсенділігіне қажеттілікті дамыту болып табылады.
235. Міндеттері:
балалардың денсаулығын сақтау және қорғау, физикалық үйлесімді дамыту;
спортқа деген қызығушылықты арттыру, салауатты өмір салты дағдыларын дамыту;
дене шынықтыруға баулу, дененің физикалық сапаларын: күш, жылдамдық, шыдамдылық, икемділікті дамыту;
дене шынықтырудың әртүрлі нысандарында шығармашылық, танымдық және сөйлеу қабілеттерін дамыту;
балалардың дене қалыптарының дұрыс дамуына, қимылдарының үйлесімді қалыптасуына, жалпақ табандылықтың алдын алуға медициналық-педагогикалық бақылау жүргізу және ұлттық қимылды ойындар өткізуге жағдайлар жасау.
236. Күтілетін нәтижелер:
сапта бір-бірден, екеуден, үшеуден жүреді, белгі бойынша заттардан бір қырымен аттап жүреді;
ересектің белгісімен тоқтап, қозғалыс бағытын өзгертіп, заттардың арасымен, жіптерден аттап жүреді;
жүруде тепе-теңдікті сақтайды;
әртүрлі жылдамдықпен – баяу, жылдам, орташа қарқынмен тоқтамай жүгіреді;
белгіленген жерге дейін жылдамдыққа жүгіреді;
заттардың арасымен төрттағандап еңбектейді;
әртүрлі тәсілдермен заттардан еңбектеп өтеді;
бір гимнастикалық қабырғадан екіншісіне ауысып, өрмелейді;
заттардың арасымен секіреді, оң және сол аяқты алмастыра отырып, арқаннан, сызықтан секіреді;
тұрған орнында айналып секіреді;
допты жоғары, жіптің үстінен лақтырып бір қолымен қағып алады;
допты еденге бір қолмен ұрып, екі қолмен қағып алады;
бір қатарға бір-бірден тұра алады, бір орында бұрылады;
үш қатарға сап түзеп қайта тұра алады;
музыкамен сүйемелденетін қимылды ойындарда музыкаға сәйкес әртүрлі қарқында қимылдар жасайды;
қимылды ойындарды ұйымдастыруда бастамашылдық танытады, ойын ережелерін сақтайды;
ұлттық қимылды ойындар, жарыс элементтері бар ойындар мен эстафеталық ойындарға белсенділікпен қатысады;
қимылды ойындарды өз бетінше ұйымдастыруда белсенділік танытады;
ойындарда физикалық қасиеттерді: жылдамдық, күш, шыдамдылық, икемділік, ептілік көрсетеді;
төбешіктен бір-бірлеп және екі-екіден шанамен сырғанай алады;
өз бетінше мұзды жолмен сырғанайды;
шаңғымен оңға және солға бұрылады, айналады;
екі дөңгелекті велосипед, самокат тебеді;
суда жүзуге тырысады, әртүрлі ойындар ойнайды;
спорттық ойындар мен жаттығуларда белсенділік танытады;
гигиеналық шараларды өз бетінше орындайды;
шынықтыру шараларының маңызы мен қажеттілігін түсінеді;
гигиеналық шараларды жүргізуде бір-біріне көмектеседі;
өзіне – өзі қызмет көрсету және киіміне күтім жасау дағдыларын біледі;
салауатты өмір салтының құндылығын түсінеді.
237. Дене шынықтыру.
238. Негізгі қимылдар.
Жүру: сапта бір-бірден, екеуден, үшеуден жүру; аяқтың ұшымен, аяқтың ішкі және сыртқы қырымен жүру; тізені жоғары көтеріп жүру, заттардан бір қырымен аттап жүру; белгі бойынша басқа бағытқа бұрылып жүру, қолдың бастапқы қалыптарын өзгерте отырып, әртүрлі қарқында секіргіштен аттап жүру; ересектің белгісімен тоқтап, қозғалыс бағытын өзгертіп, шашырап жүру; заттардың, кегльдердің арасымен, жіптерден аттап жүру; қосалқы қадаммен алға қарай жүру.
Тепе-теңдікті сақтау: заттардан аттап жүру, шектелген жазықтықтың үстімен қосалқы қадаммен, аяқтың ұшымен жүру; скамейканың үстіне қойылған текшелерден аттап жүру, арқан бойымен бір қырымен, қосалқы қадаммен (өкшені арқанға, аяқ ұшын еденге қою) жүру, әр қадам сайын допты алдынан немесе артынан қолдан-қолға ауыстыра отырып, кедір-бұдыр тақтай, гимнастикалық скамейка бойымен жүру; гимнастикалық скамейканың бойымен екі қадам қашықтықта орналасқан іші толтырылған доптардан аттап өту; қолдарынан ұстап, жұптарымен айналу.
Жүгіру: шашырап, жұппен, қатармен бір-бірден, екеуден, үшеуден тізені жоғары көтеріп жүгіру; бір сызыққа қойылған заттардың арасымен, кедергілердің арасымен өту арқылы "жыланша" жүгіру, кедергілерден өту арқылы әртүрлі жылдамдықпен – баяу, жылдам, орташа қарқынмен 1,5–2 минут тоқтамай жүгіру; жүрумен алмастыра отырып, 100-120 метр арақашықтықта жүгіру; белгіленген жерге дейін жылдамдыққа (ұзындығы 20 метр) жүгіру.
Еңбектеу, өрмелеу: жүру мен жүгіруді алмастырып, заттардың арасымен "жыланша" төрттағандап еңбектеу, кедергілер арасынан еңбектеу; допты басымен итеріп, төрттағандап еңбектеу (арақашықтығы 3-4 метр); гимнастикалық скамейка бойымен қолымен тартылып, иықтары мен тізелеріне сүйене отырып, етпетімен өрмелеу; бірнеше заттардан еңбектеп өту, әртүрлі тәсілдермен құрсаудың ішіне еңбектеп өту, гимнастикалық қабырғамен өрмелеу және бір гимнастикалық қабырғадан екіншісіне ауысып өрмелеу.
Секіру: бір орында тұрып, алға қарай 3–4 метр қашықтыққа жылжу арқылы секіру, екі тізенің арасына қапшықты қысып алып, түзу бағытта (арақашықтығы 6 метр) қос аяқпен секіру; қос аяқпен заттардың арасымен (арақашықтығы 4 метр), оң және сол аяқты алмастырып, заттардың арасымен (арақашықтығы 3 метр), бір орында тұрып биіктікке секіру (6-8 метр); бір аяқпен және қос аяқпен құрсаудан құрсауға секіру (арақашықтықтығы 40 сантиметр), алға айналдыра отырып, ұзын және қысқа секіргіштен секіру, оң және сол аяқты алмастыра отырып, арқаннан, сызықтан секіру, тұрған орнында айналып секіру; биіктіктен секіру, 20 сантиметр дейінгі биіктіктікке секіру.
Лақтыру, қағып алу, домалату: допты жоғары, жіптің үстінен лақтыру және екі қолымен, бір қолымен (оң және сол қолын алмастыру) қағып алу; допты бір қатарға қойылған заттардың арасымен домалату, допты қабырғаға лақтыру және екі қолымен қағып алу; 2–2,5 метр арақашықтықтағы нысанаға құм салынған қапшықты, асықты лақтыру, допты екі қолымен бір-біріне (арақашықтығы 1,5–2 метр) басынан асыра лақтыру, допты екі қолымен заттардың арасымен (арақашықтығы 4 метр) жүргізу, допты лақтыру және алға қарай жылжып, екі қолымен қағып алу (арақашықтығы 4–5 метр).
Сапқа тұру, сап түзеу, сапқа қайта тұру: сапқа бір, екі, үш қатармен тұру, бір-бірінің жанына және бір-бірінің артынан сапқа тұру, орнында айналу, оңға, солға бұрылу, сап түзеп, бір және екі, үш қатармен қайта тұру.
239. Музыкалық-ырғақтық қимылдар.
Таныс дене жаттығуларын музыка әуенімен әсем және ырғақты орындау. Қимылдардың ырғағын музыкалық сүйемелдеумен үйлестіру. Түзу бағытта адымдап жүру. Жұбымен шеңбер бойымен жүру.
240. Жалпы дамытушы жаттығулар.
Қол және иық белдеуіне арналған жаттығулар. Қолды кеуде тұсына қою, екі жаққа созу; қолды жоғары көтеру және екі жаққа созу, қолды желкеге қою. Саусақтарды айқастырып, алға-жоғары көтеру (қолды сыртқы жағымен ішке қарай бұру). Қолды кезек жоғары-артқа көтеру.
Кеудеге арналған жаттығулар. Допты жоғарыдан (алға және артқа) бір-біріне беру. Қолды алға көтеріп оңға, солға бұрылу. Гимнастикалық қабырғаға қарап тұрып, белінің тұсындағы тақтайшаны ұстап, алға еңкею. Гимнастикалық қабырғаға арқасымен сүйеніп тұрып, белінің деңгейіндегі рейкадан ұстап, аяқты кезектестіре бүгу және тік көтеру. Алға еңкейіп, алақанын еденге тигізу. Қолдарын айқастырып желкеге қою, қолды жазып, екі жаққа созу. Алға қарай еңкейіп, алақанды еденге тигізу; артқы жағынан қолды айқастырып көтеру; қолды жоғары көтеріп, жан-жаққа бұрылу. Отырып алға қарай еңкею, тізерлеп тұрып алға еңкею.
Қолдың күшін жетілдіруге арналған жаттығулар. 3-5 метр қашықтықта екі қолын жерге қойып, жүру (бір бала екінші баланы аяғынан ұстайды).
Іштің бұлшық еттеріне арналған жаттығулар: екі бала жұптасып жасайды: бірінші бала қолын желкесіне қойып, шалқасынан жатып, денесін көтереді, екінші бала оның аяғына отырады (5-6 рет); гимнастикалық қабырғада қолдарымен тартылып тұрып, аяқтарын көтеру (5-6 рет).
Арқаға арналған жаттығулар: отырып алға, артқа еңкею (5–6 рет), стретчинг элементтері бар жаттығуларды орындау, қолдың көмегімен етпетінен жатып еңбектеу (3 метр).
Аяққа арналған жаттығулар: аяқтың ұшына көтерілу, қолды алға созып, жартылай отырып-тұру (2-3 рет); қолды тізеге қойып отырып-тұру; аяқтың ұшымен ұсақ заттарды жылжыту.
241. Спорттық жаттығулар.
Дене шынықтыру мен спортқа қызығушылықты ояту және дене шынықтырумен, спортпен айналысуға баулу. Спорт түрлерімен таныстыруды жалғастыру. Спорт залда және спорт алаңында қауіпсіздікті сақтауға баулу.
Шанамен сырғанау. Бір-бірін шанамен сырғанату, төбешіктен бір-бірлеп және екі-екіден шанамен сырғанау.
Сырғанау. Өз бетінше мұзды жолмен сырғанау, жүгіріп келіп сырғанау.
Шаңғымен жүру. Бірінің артынан бірі ауыспалы қадаммен алға жылжу, оң және сол аяқтарымен сырғанау. Бір орнында тұрып оңға, солға бұрылу, айналу.
Велосипед, самокат тебу. Шеңбер бойымен және тура жолмен өз бетінше екі дөңгелекті велосипед тебу. Оңға және солға бұрылу.
Жүзу. Судың таяз жерінде отырып және жатып аяқпен қимылдар жасау (жоғары және төмен). Судың ішінде қолымен алға, артқа жүру (аяғы денесінің деңгейінде созылған). Иек, көз деңгейіне дейін судың ішінде отыру, суға бетін малу, суға үрлеу; суда жүзу.
Судағы аэробика. Бұрылыстар жасай отырып, суда қимылдар жасау.
242. Спорттық ойындар.
Баскетбол элементтері. Кеуде тұсынан екі қолымен допты бір-біріне лақтыру. Допты оң және сол қолмен алып жүруге жаттықтыру.
Бадминтон. Воланды ракеткамен белгілі бір жаққа бағыттай отырып лақтыру.
Футбол элементтері. Берілген бағытқа допты оң және сол аяқпен тебу. Допты заттарды айналдыра жүргізу. Допты қақпаға тебу. Допты бірнеше рет аяқпен қабырғаға тебу.
Хоккей элементтері. Берілген бағытта қақпаға хоккей таяқпен шайбаны сырғанату, оны қақпаға кіргізу.
243. Қимылды ойындар.
Ынта мен шығармашылық таныта отырып, таныс қимылды ойындарды өз бетінше ұйымдастыруға мүмкіндік беру. Ұлттық қимылды ойындарды ойнату. Балаларды жарыс элементтері бар ойындар мен эстафеталық ойындарға қатысуға баулу.
244. Дербес қимыл белсенділігі.
Қимылды ойынның дамуына ықпал ететін әртүрлі құралдар мен спорттық жабдықтары бар ортаны құру. Балалардың құрдастарымен қимылды ойындарды өз бетінше ұйымдастыруына жағдай жасау, олардың жарыстар ұйымдастыруға деген белсенділігін қолдау.
Балалардың дербес қимыл белсенділігін ұйымдастыруда, меңгерген қимыл дағдыларын жетілдіру үшін серуен өткізілетін орынды жабдықтау, ойын алаңында балалардың жүруіне арналған кедергі жолдар жасау.
Қыс мезгілінде мұзды жолдармен сырғанауға, шаңғымен жүруге, хоккей ойындарына, шанамен сырғанауға, ал көктем, жаз мезгілдерінде велосипед тебуге, футбол, бадминтон, баскетбол ойындарына жағдай жасау.
245. Салауатты өмір салтын қалыптастыру.
Адам ағзасы және оның қызметінің ерекшеліктері туралы түсініктерді кеңейту. Балалардың назарын ағзасы мен денсаулығының ерекшеліктеріне аудару. Салауатты өмір салтының маңызды компоненттері: дұрыс тамақтану, қимылдар, ұйқы және күн, ауа мен су және денсаулыққа зиян келтіретін факторлар туралы түсініктерді кеңейту.
Адамның денсаулығы дұрыс тамақтануға байланысты екені туралы түсініктерді жетілдіру. Адамның денсаулығына гигиена мен күн тәртібінің ықпалы туралы түсініктерді кеңейту. Науқасқа күтім жасау дағдыларын қалыптастыру: оған қамқорлық жасау, шуламау, оның өтініштері мен тапсырмаларын орындау. Науқастарға жанашырлық танытуға тәрбиелеу.
Өзінің көңіл-күйін сипаттай білуге үйрету. Балаларды дені сау адамның мүмкіндіктерімен таныстыру, олардың салауатты өмір салтына деген қажеттілігін қалыптастыру.
246. Мәдени-гигиеналық дағдыларды жетілдіру.
Мәдениетті тамақтану және асхана құралдарын еркін қолдану дағдыларын жетілдіру.
Жеке гигиена ережелерін орындауда өзін-өзі бақылауды дамыту: дененің тазалығын бақылау, қол-аяғын жуу, тістерін мұқият тазалау, тамақтанғаннан кейін ауызды шаю, қол орамалды пайдалану, белге дейін дымқыл сүлгімен сүртіну. Осы шараларды жүргізудің және жеке гигиена заттарын пайдаланудың қажеттілігін түсіну.
Гигиеналық шараларды жүргізуде балалардың өзара көмегін қолдау.
Өзіне-өзі қызмет көрсету және киіміне күтім жасау дағдыларын жетілдіру.
Шамасы келетін еңбек тапсырмаларын, асханада кезекшілердің міндеттерін орындауға, түрлі балалар әрекеттеріне қажетті құралдарды дайындауға баулу.
Қоғамдық орындарда гигиена ережелерін сақтау дағдыларын қалыптастыру.
247. Сауықтыру-шынықтыру шаралары.
Су температурасын біртіндеп төмендете отырып, қарапайым шараларды өз бетінше жүргізуге дағдыландыру, балалардың денсаулығын, шынықтыру құралдарының әсерлеріне бейімделу деңгейін ескеріп, қарама-қарсы температурадағы сумен шайыну, таңертеңгі жаттығуды орындауға қызығушылық тудыру, дене бітімін қалыптастыру және өкшелерді нығайту.
2-параграф. Коммуникативтік дағдыларды дамыту
248. Коммуникативтік дағдыларды дамыту балалардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, күн сайын ойын түрінде және сөйлеуді дамыту, көркем әдебиет, сауат ашу негіздері, қазақ тілі ұйымдастырылған іс-әрекеттері арқылы жүзеге асырылады.
249. Мақсаты балалардың түрлі іс-әрекетінде Қазақстан халқының мәдениетімен, салт-дәстүрлерімен таныстыру арқылы ауызекі байланыстырып сөйлеуді, сөйлеудің дыбыстық мәдениетін дамыту, сауат ашудың алғышарттарын қалыптастыру болып табылады.
250. Міндеттері:
сауат ашудың алғышарттарын қалыптастыру арқылы қолды жазуға дайындау;
ересектермен және балалармен еркін қарым-қатынас жасау дағдыларын жетілдіру;
коммуникативтік дағдыларды дамыту: әңгімелесушіні тыңдауға, диалог жүргізуге, өз пікірін айтуға үйрету;
түрлі балалар әрекетінде қазақ халқының мәдениетімен, салт-дәстүрлерімен таныстыру арқылы ауызекі сөйлеуді дамыту;
балалардың заттар мен жағдайды нақты сипаттауда қарапайым тұжырымдар мен өз ойларын басқаларға түсінікті жеткізуге баулу;
балалардың тәжірибесіне сүйене отырып және олардың қалауын ескере отырып, тәрбиешімен және құрдастарымен келесі талқылаумен тәуелсіз қабылдау үшін көрнекі материалдарды таңдау;
әндер мен билерді қолдана отырып, көркем бейнені құруда шығармашылық дербестікті дамыту.
251. Күтілетін нәтижелер:
сөйлеуді дамыту бойынша:
ана тіліндегі барлық дауысты дыбыстарды анық айта алады;
сөздегі дыбыстардың орнын анықтайды;
айтылуы және дыбысталуы ұқсас дауыссыз дыбыстарды анық айтады;
артикуляциялық жаттығуларды жасауға қызығушылық танытады;
сөздерге дыбыстық талдау жасай алады;
сөйлегенде зат есімдерді, сын есімдерді, үстеулерді, көп мағыналы сөздерді, синонимдер мен антонимдерді қолданады;
зат есімдерді сан есімдермен және сын есімдерді зат есімдермен байланыстырып айтады;
қазақ халқының құндылықтарын құрметтейді;
хабарлы, сұраулы, лепті сөйлемдерді қолданады;
құрдастарымен өз бетінше қарым-қатынас жасай алады, әртүрлі ойындарды бірге, келісіп ойнайды;
әңгімелесушіні мұқият тыңдап, сұрақтарды дұрыс қояды және қойылған сұрақтарға қысқаша немесе толық жауап береді;
негізгі ойды дұрыс тұжырымдайды, өз пікірін айтады;
әңгімелерді бірізді айтып береді;
ересектердің көмегімен әңгіменің жалғасын және соңын ойдан шығарады;
бақылаулар мен сюжеттік суреттер бойынша әңгімелер құрастырады;
әңгімелесу кезінде өзін мәдениетті, әдепті ұстайды;
көркем әдебиет бойынша:
шығармалардың мазмұнын эмоциямен қабылдайды;
себеп-салдарлық байланыстарды, әдеби жанрларды ажыратады;
өлеңдерді мәнерлеп, интонациямен оқиды;
мазмұнның бірізділігін сақтай отырып, шығарма мазмұнын қайталап айтады;
кітаптарға қызығушылық танытады;
кейіпкердің ерекшеліктерін жеткізу үшін мәнерлілік құралдарын қолданады;
кейіпкерлерге және олардың әрекеттеріне өз көзқарасын білдіреді;
көркем шығарманы рөлдерге бөліп, сахналауға қатысады;
рөлдерде кейіпкердің көңіл күйі мен мінезін, бейненің қимылын, интонациясы мен мимикасын береді;
қойылымдағы өзінің рөлін мәнерлі, дербес орындайды;
түрлі дереккөздерден алған ақпараттарымен, әсерлерімен бөліседі;
айналасында болып жатқан оқиғаларға өзінің көзқарасын білдіреді;
сөйлегенде мақал-мәтелдерді қолданады;
сауат ашу негіздері бойынша:
сөздің мағынасын түсінеді;
сөздерге дыбыстық талдау жасайды: сөздегі дыбыстардың ретін, дауысты және дауыссыз дыбыстарды анықтайды;
сөздерді буындарға бөледі, олардың саны мен ретін анықтайды;
берілген буынға сөз құрастырады;
сөздегі буындардың санын анықтайды;
үш-төрт дыбыстан тұратын сөздерге дыбыстық талдау жасайды;
сөйлем сөздерден тұратынын біледі;
берілген сөздерден жай сөйлемдер құрастырады;
қаламды дұрыс ұстай алады;
жазу парағында бағдарлай біледі, жазу жолы мен жоларалық кеңістікті ажыратады;
дыбыстардың белгілерін ажыратады (дауысты/дауыссыз);
геометриялық фигуралардың, көгөністер, жеміс-жидектердің дайын суреттерінің сыртын контурдан шықпай бастырады, бояйды;
түрлі сызықтарды салады;
қолды жазуға дайындауға берілген тапсырмаларды қызығушылықпен орындайды;
қазақ тілі бойынша:
қоршаған ортаға өзінің қарым-қатынасын білдіреді;
ауызекі сөйлеуде көркем сөздерді қолданады;
қазақ тіліне тән ә, ө, қ, ү, ұ, і, ғ, ң, һ дыбыстарын, осы дыбыстардан тұратын сөздерді дұрыс айтады;
сөздегі дыбыстардың орнын ажыратады;
қазақ халқы қолөнер шеберлерімен жасалған бұйымдарды біледі;
киіз үйдің заттарын және тұрмыстық заттарды білдіретін сөздерді біледі;
азық-түлік атауларын атайды;
аңшылық кәсіпке, мал өсіруге байланысты, егіншілік кәсіпке байланысты сөздерді біледі және оны ауызекі тілде өз бетінше қолданады;
туыстық қарым-қатынасты білдіретін сөздерді біледі;
өзінің бауырлары, туыстары, ағайындары, отбасылық мерекелер, басқосулар, тойлар, салт-дәстүрлер туралы айтады;
өлеңдер, санамақтар, жаңылтпаштар, тақпақтарды жатқа айтады;
жұмбақтардың жауабын табады;
шешендік өнерге, айтыс өнеріне қызығушылық танытады;
сөздерді жіктеп, тәуелдеп, септеп қолданады;
интонациясы бойынша сөйлемдерді (хабарлы, сұраулы, лепті) ажыратып, сөйлегенде қолданады;
өз ойын жайылма сөйлемдермен жеткізуге тырысады;
өз бетінше қарым-қатынас жасауға, әңгімелесуге тырысады, әңгімелесушінің сөзін мұқият тыңдайды;
әңгімелесушіге сұрақтарды дұрыс қояды, оған қысқа және толық нақты жауап береді;
таныс немесе бейтаныс ертегілер мен шағын көркем шығармалардың мазмұнын иллюстрациялар бойынша қайталап айтады;
тыңдалған көркем шығарма мазмұнын ретімен, жүйелі түрде жеткізеді;
кейіпкерлердің диалогын мәнерлі интонациямен береді;
шығарманы рөлдерге бөліп сомдайды, кейіпкерлердің мінез-құлқын жеткізеді;
тыңдалған шығарманы еркін талқылауға қатысады;
бір-бірімен еркін диалог құрады;
өзінің тәжірибесіне сүйеніп, суреттер бойынша әңгіме құрастырады;
ойыншықтар мен заттарды 5-6 сөйлеммен сипаттайды;
заттар мен ойыншықтар, сюжетті суреттерді сипаттауда сөздерді дәл және дұрыс қолданады;
берілген мәтіннің басталуын және соңын ойдан құрастырады;
ересектермен қарым-қатынас жасауда өз ойын еркін жеткізеді.
252. Сөйлеуді дамыту.
253. Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті.
Ана тіліндегі дауысты және айтылуы және дыбысталуы ұқсас дауыссыз б-п, г-ғ, к-қ, ж-ш, з-с, н-ң, р-л дыбыстарды дұрыс, анық айтуды үйрету.
Фонематикалық естуді дамыту, сөздегі дыбыстардың орнын анықтау (басы, ортасы, соңы). Артикуляциялық жаттығулар жасау.
Сөйлеуде интонациялық мәнерлілік құралдарын қолдану: дауыс қарқынын, логикалық үзіліс пен екпінді реттеу.
254. Сөздік қор.
Балалардың сөздік қорын тұрмыстық заттарды білдіретін зат есімдермен, заттардың қасиеттері мен сапасын сипаттайтын сын есімдермен, адамдардың қарым-қатынасын, олардың еңбекке қатынасын білдіретін үстеулермен байыту.
Сөйлегенде көп мағыналы сөздерді, синонимдер мен антонимдерді қолдану, белгілі бір затқа белгілерді, әрекеттерді және берілген әрекетке заттарды таңдай білу.
Алуан түрлі заттарды сипаттауға, қарым-қатынас жасауға қажетті сөздерді қолдану және түсіну, оларды сөйлегенде белсенді қолдану дағдыларын қалыптастыру.
Зат есімдер мен жалпылаушы сөздерді дұрыс қолдана білуді дамыту.
Балаларға сөздерді мағынасына сәйкес қолдануға көмектесу.
Қазақ халқының салт-дәстүрлерімен таныстыруды жалғастыру, "Асар", "Сүйінші сұрау" дәстүрлерінің мәнін түсіндіру, балаларды бір-біріне көмек қолын созуға, бірлесіп, келісіп ойнауға, тапсырманы орындауға, бір-бірінің қуанышына ортақтаса білуге, бір-біріне қамқор болуға баулу.
255. Тілдің грамматикалық құрылымы.
Сөйлемдердегі сөздерді: зат есімдерді сан есімдермен және сын есімдерді зат есімдермен үйлестіре білуді жетілдіру.
Түбірлес сөздерді жасау және қолдана білу, етістіктерді жалғаулармен қолдану, сөйлеу әдебін, жай және жайылма сөйлемдерді қолдану дағдыларын қалыптастыру.
Интонациясы бойынша сөйлемдерді (хабарлы, сұраулы, лепті) ажыратып, сөйлегенде қолдана білуді дамыту.
256. Байланыстырып сөйлеу.
Айналасындағылармен өздігінен диалогті бастауға ынталандыру, әңгімелесушіні мұқият тыңдап, сұрақтарды дұрыс қоюға және қойылған сұрақтарға қысқаша немесе толық жауап беруге баулу, әңгімелесу кезінде өзін мәдениетті ұстау, әдепті және сабырлы болу.
Негізгі ойды дұрыс жеткізе білу, монологты байланыстырып құра білу, әңгімені бірізді айту, шағын логикалық және хабарлау сипатындағы әңгімелерді құрастыру. Ойыншықтарды, заттарды, сюжеттік суреттер, табиғат құбылыстарын сипаттауда заттар мен нысандардың ерекшеліктерін білдіретін сөздерді дұрыс таңдау, сын есімдер мен үстеулерді қолдану.
257. Шығармашылықпен сөйлеу әрекеті.
Шығармашылықпен әңгімелеп беруді жетілдіру: ересектердің көмегімен әңгіменің жалғасын және соңын ойдан шығару, бақылаулар мен суреттер бойынша сипаттау және хабарлау әңгімелерін құрастыру, өзара байланысты бірізді сюжет құрастыру, сөйлегенде бейнелі сөздерді, эпитеттерді, салыстыруларды қолдану.
258. Көркем әдебиет.
Балаларды қол жетімді көркем шығармалар мен фольклорға, театр әлеміне баулу, кітапқа деген қызығушылығын дамыту.
Әдеби шығармаларды эмоционалды қабылдауына ықпал ету, олардың мазмұнын түсіну, себеп-салдарлық байланыстарды, жанрларды (ертегі, әңгіме, өлең) ажырату, тілдің көркемдігін сезіну (эпитеттер, сипаттамалар, образды сөздер), шығарма кейіпкерлерінің іс-әрекетін бағалау.
Шығарма мазмұнын сюжеттің бірізділігін сақтай отырып, эмоциямен, қисынды қайталап айтып беру, диалогтік сөйлеуді дамыту, кейіпкерлерге және олардың әрекеттеріне өз көзқарасын білдіру. Әдеби кейіпкердің белгілі бір әрекетін өзінің қалай қабылдағаны туралы айту, кейіпкерлердің жасырын әрекетін түсіну.
Өлеңді жатқа, мәнерлеп, интонациямен айту. Көркем шығарманы рөлдерге бөліп, сахналау, рөлдерде кейіпкердің көңіл күйі мен мінезін, бейненің қимылын, интонациясы мен мимикасын беру, қойылымдағы өзінің рөлін мәнерлі дербес орындау.
Балалардың назарын кітаптың безендірілуіне, иллюстрацияларына аудару.
Баланың басқа құрдастарымен және ересектермен түрлі дереккөздерден: ғаламтордан, теледидардан, жақындарының әңгімесінен алған ақпараттарымен, әсерлерімен бөлісуіне мүмкіндік беру. Айналасында болып жатқан оқиғаларға өзінің көзқарасын білдіруге құлшынысын дамыту, сөйлегенде мақал-мәтелдерді қолдануға баулу.
Шешендікке, сөз өнеріне баулу, санамақ, жаңылтпаш айту, жұмбақ шешу, айтыс өнеріне баулу.
Сахналық қойылымдарға қатысуға баулу, онда рөлді, сюжетті таңдауда бастамашылық пен дербестік танытуға ынталандыру, белгілі образды сомдауда эксперимент жасауға, түрлендіруге мүмкіндік беру.
259. Сауат ашу негіздері.
Әрбір сөздің мағынасы болатыны туралы түсінік қалыптастыру, сөздің мағынасына қызығушылыққа баулу. Сөздерді дыбыстық талдау: сөздегі дыбыстардың ретін, дауысты және дауыссыз дыбыстарды анықтау.
Буын туралы ұғымдарды қалыптастыру, сөздерді буындарға бөлу, олардың саны мен ретін анықтау. Буындардан сөздер құрастыруға (ауызша) үйрету.
Сөйлем туралы бастапқы түсініктерді қалыптастыру (грамматикалық анықтамасыз), сөйлем сөздерден тұратынын түсіну. Сөйлемді ауызша талдау: жай сөйлемдерді сөздерге бөлу, сөйлемдегі сөздердің ретін, санын анықтау. берілген сөзге сөйлем құрастыру.
Қолды жазуға дайындау. Жазу кезінде арқаны дұрыс ұстау ережелерімен таныстыру. Жазу парағында бағдарлай білу, жазу жолы мен жоларалық кеңістікті ажырата білуге үйрету.
Геометриялық фигуралардың, көгөністер, жеміс-жидектердің дайын суреттерінің сыртын шетке шығармай бастыру, бояу. Әртүрлі бағыттағы тігінен, көлденең, қысқа, ұзын, толқынды, ирек сызықтарды, нүктелерді, тамшы тәрізді пішіндерді олардың арасындағы арақашықтықты сақтап, алдымен үлгі бойынша және кейіннен өз бетінше жазуға мүмкіндік беру.
Жазуды көзбен қадағалай отырып, қаламды немесе қарындашты дұрыс, еркін ұстап, үстінен қатты қысып күш түсірмей, саусақтармен біркелкі жоғарыдан төменге, солдан оңға қимылдарды орындап, сызықтарды үзбей салу.
260. Қазақ тілі.
261. Тілдік дамытушы орта.
Ауызекі сөйлеуді қарым-қатынас құралы ретінде дамыту. Қазақ халқының тұрмыстық заттарымен, киім-кешегімен, азық-түлік өндірудегі тұрмыстық кәсібімен, тұрмыста, аң аулауда, мал өсіруде және егіншілікке қажетті құрал жабдықтары, туған өлкенің көрнекі жерлері, әсем табиғаты, тарихи орындары туралы суреттер, фотолар, альбомдармен жабдықталған орта құру.
Балалардың қоршаған ортаға өзінің қарым-қатынасын білдіруге, ауызекі сөйлеуде мақал-мәтелдерді, көркем сөздерді қолдануына қолдау көрсету, ынталандыру.
262. Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті.
Тілдік және артикуляциялық аппаратты, тыныс алуды және таза дикцияны дамыту, қазақ тіліне тән ә, ө, қ, ү, ұ, і, ғ, ң, һ дыбыстарын, осы дыбыстардан тұратын сөздерді дұрыс айтуға дағдыландыру. Фонематикалық естуді дамыту, сөздегі дыбыстардың орнын анықтау (басы, ортасы, соңы).
263. Сөздік қор.
Қазақ халқы қолөнер шеберлерімен жасалған киіз үйдің заттарын және тұрмыстық заттарды білдіретін (кереге, уық, шаңырақ, ағаш керует, кебеже, сандық, кілем, сырмақ, алаша, ши, бау, басқұр, арқан, жіп), азық-түлік атауларын (бидай, күріш, арпа, жүгері, талқан, тары, жент, құрт, сүзбе, шұбат, қымыз, айран), аңшылық кәсіпті (аң, аңшы, орманшы, қорықшы), мал өсіруге байланысты (қора, жайлау, қыстау, жем, астау, соғым, сыбаға), егіншілік кәсіпке байланысты (дән, тұқым, суару, отау, ору, диірмен, орақ, кетпен, шалғы, айыр, күрек, тырма, соқа) сөздермен толықтыру.
Туыстық қарым-қатынасты ("бауыр", "немере", "шөбере", "ағайын", "туысқан", "жеті ата") білдіретін сөздерді үйрету. Өзінің бауырлары, туыстары, ағайындары, татулық, жақындық, отбасылық мерекелер, салт-дәстүрлер туралы айтуға баулу.
Шағын өлеңдер, санамақтар, жаңылтпаштар, тақпақтар жаттату, жұмбақтар шешкізу. Балаларды шешендік өнерге, айтыс өнеріне баулу.
264. Тілдің грамматикалық құрылымы
Сөздерді жіктеп, тәуелдеп, септеп қолдана білуді, интонациясы бойынша сөйлемдерді (хабарлы, сұраулы, лепті) ажыратып, сөйлегенде қолдана білуді жетілдіру. Өз ойын жайылма сөйлемдермен жеткізуге мүмкіндік беру.
265. Байланыстырып сөйлеу.
Өз бетінше қарым-қатынас жасауға, әңгімелесуге, әңгімелесушінің сөзін мұқият тыңдауға, сұрақтарды дұрыс қоюға, оған қысқа және толық нақты жауап беруге баулу.
Таныс немесе бейтаныс ертегілер мен шағын көркем шығармалардың мазмұнын иллюстрациялар бойынша қайталап айтуға, тыңдалған көркем шығарма мазмұнын ретімен жүйелі түрде жеткізуге, кейіпкерлердің диалогын мәнерлі интонациямен беруге, шығарманы рөлдерге бөліп сомдауға, кейіпкерлердің мінез-құлқын жеткізуге баулу, шығарманы еркін талқылауға мүмкіндік беру.
Балалардың түрлі әрекеттерінде бір-бірімен еркін диалог құруға мүмкіндік беру, өзінің тәжірибесіне сүйеніп, суреттер бойынша әңгіме құрастыруға, ойыншықтар мен заттарды 5-6 сөйлеммен сипаттауға, берілген сурет бойынша оған дейінгі және одан кейінгі оқиғаны ойлап табуға баулу. Заттар мен ойыншықтар, сюжетті суреттерді зат, сын, сан есімдерді қолдана отырып, сипаттауда сөздерді дәл және дұрыс қолдануға, берілген мәтіннің басталуын және соңын ойдан құрастыруға баулу.
3-параграф. Танымдық және зияткерлік дағдыларды дамыту
266. Танымдық және зияткерлік дағдыларды дамыту балалардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, күн сайын ойын түрінде және математика негіздері ұйымдастырылған іс-әрекеті арқылы іске асырылады.
267. Мақсаты балалардың қоршаған әлеммен өзара қарым-қатынас жасауына қажетті танымдық және зерттеушілік әрекеттің қарапайым дағдыларын меңгерту, коммуникативтік-танымдық қабілеттерді, математикалық және логикалық ойлауды дамыту болып табылады.
268. Міндеттері:
танымдық қызығушылықтарын, білуге құмарлықты, оқу әрекетіне қызығушылықты дамыту, мектепте оқуға ынтасын арттыру;
зейінді, есте сақтауды, бақылауды, зерттеуді, талдау жасай білуді, себеп - салдарлық байланыстарды орнату, қорытынды жасауды дамыту;
балаларды зерттеу барысында жаңа ақпараттарды алуға, обьектілерге зерттеу жүргізу үшін өз әрекетінің алгоритмін жасауға баулу;
математикалық және интелектуалды-шығармашылық қабілеттіліктің алғышарттары көрінуіне ықпал ету.
269. Күтілетін нәтижелер:
жиынды сапасы бойынша әртүрлі элементтерден құрады;
жиындарды бөліктерге бөледі және оларды қайта біріктіреді;
10 көлеміндегі сандарды тура және кері санауды біледі;
"Қанша?", "нешінші?" сұрақтарын ажыратады, оларға дұрыс жауап береді;
теңсіздіктен теңдік немесе теңдіктен теңсіздік шығарады;
әртүрлі белгілері бойынша заттарды салыстыра алады (түсі, пішіні, өлшемі, материалы, қолданылуы);
заттардың ұзындығын, биіктігін, ені мен жуандығын анықтайды;
заттарды шамасына қарай өсу және кему ретімен орналастырады;
заттарды салыстыруда беттестіру, қасына қою және жұппен салыстыру тәсілдерін қолданады;
геометриялық пішіндерді (дөңгелек, сопақша, үшбұрыш, шаршы, тіктөртбұрыш) ажыратады және атайды;
қоршаған ортадан геометриялық фигураларға ұқсас заттарды тауып, олардың пішіндерін анықтайды;
қағаз бетінде бағдарлай біледі, апта күндерін, жыл мезгілдері бойынша айларды ретімен атайды;
заттарды кеңістікте орналастырады, қозғалыс бағыттарын біледі;
пазлдарды жинайды, логикалық ойын тапсырмаларын орындайды;
түрлі сызықтарды салады.
270. Математика негіздері.
271. Жиын.
Жиынды сапасы бойынша әртүрлі элементтерден (түсі, өлшемі, пішіні, дыбысы, қимылы, қолданылуы бойынша заттардан) құру, жиындарды бөліктерге бөлу және оларды қайта біріктіру, бүтін жиын мен оның әр бөлігі арасында байланыс орнату, жиынның бөліктен үлкен екенін, бөліктің жиыннан кіші екенін, жиынның бөліктерін санау және элементтердің (заттардың) бір-біріне қатынасы негізінде салыстыру.
"Бір" сөзінің мағынасы, ол тек бір затты ғана емес, сондай-ақ жиынның бір бөлігі ретінде заттардың тобын білдіретінін түсіндіру.
272. Сан және санау.
10 көлеміндегі сандарды тура және кері санауға жаттықтыру. Көрнекілік арқылы 6, 7, 8, 9, 10 сандарының пайда болуымен, 0 ден 9 дейінгі цифрмен таныстыру. "Қанша?", "Нешінші?" сұрақтарын ажырату, оларға дұрыс жауап беру.
10 көлеміндегі сандарды салыстыру, саны кем затқа бір зат қосу арқылы теңсіздіктен теңдік немесе саны көп заттан біреуін алып тастау арқылы теңдіктен теңсіздік шығару.
Теңдік туралы түсінік қалыптастыру, әртүрлі заттардан тұратын топтардың санын анықтау, топтарды санау және салыстыру негізінде сандық мәндерді дұрыс жалпылау.
Заттардың саны олардың көлеміне, арасындағы қашықтыққа, пішінге, орналасуына, сондай-ақ санау бағытына байланысты емес екенін түсіндіру.
273. Шама.
Заттардың (5 және одан артық) ұзындығын, биіктігін, ені мен жуандығын анықтай білу, заттарды шамасына қарай өсу және кему ретімен орналастыру. Шамасы бойынша заттардың арасындағы қатынастарды білдіретін математикалық терминдерді қолдану.
Заттарды әртүрлі белгілері бойынша (түсі, пішіні, өлшемі, материалы, қолданылуы) салыстыра білуге үйрету. Шартты өлшемнің көмегімен заттардың ұзындығын, енін, биіктігін өлшеу және осы өлшемдер бойынша бірнеше заттарды салыстыру.
Беттестіру, тұстастыру және жұппен салыстыру тәсілдерін қолдана отырып, заттарды салыстыру, заттар тобынан 2-3 белгілері бойынша сәйкес келмейтін затты бөліп алу.
274. Геометриялық фигуралар.
Шеңбермен және тіктөртбұрышпен салыстыру арқылы сопақша пішінмен таныстыру. Геометриялық фигуралар (дөңгелек, сопақша, үшбұрыш, шаршы, тіктөртбұрыш) мен денелерді (шар, текше, цилиндр) дұрыс атап, оларды ажырата білуге жаттықтыру.
Танымдық-зерттеушілік қызығушылықты, ойлауды, алдына қойылған міндетті шешуде не істеу, қалай істеу керек екенін түсінуге, күрделі формадағы заттарды өз бетінше зерттеуге мүмкіндік беру, қоршаған ортадан геометриялық фигураларға ұқсас заттарды табу, олардың пішіндерін анықтау.
Пішіннің бір формасынан екіншісін қалай жасау керектігі туралы ұғымдарды дамыту, қағаз парағын тең және тең емес бөліктерге бөлу, бүтін мен бөлікті салыстыру, 8-10 бөліктерден пішіндерді жинап, құрастыру.
275. Кеңістікті бағдарлау.
Кеңістік туралы түсініктерді бекіту: заттарды кеңістікте орналастыру (сол жақта, оң жақта, жоғарыда, төменде); қозғалыс бағыттары: сол жақтан оң жаққа, оң жақтан сол жаққа, жоғарыдан төменге, алға, артқа.
Сөйлеуде белгілі бір заттың өзіне немесе басқа затқа қатысты орнын көрсете білуге үйрету. Берілген бағытта, оны белгі бойынша өзгерте отырып, бағдарлауын қалыптастыру. Қағаз парағын бағдарлай білуді бекіту.
276. Уақытты бағдарлау.
Әртүрлі оқиғалардың, апта күндерінің, тәулік бөліктерінің реті туралы білімді бекіту. Айлар, жыл мезгілдері туралы түсініктерді қалыптастыру, олардың ретін білу және атау, циферблат бойынша уақытты анықтау.
Тәулік бөліктерінің ауысуын ("кеше", "бүгін", "ертең"), оқиғалардың ретін ("алдымен – содан кейін", "бұрын – кейінірек") анықтау.
Заттар мен құбылыстардың математикалық мәнін тануға қызығушылық пен эмоционалды көзқарасты, ойлау мәдениетін, таным процесін ерікті реттеу, шыдамдылық, ұқыптылық, өзіне деген сенімділікті қалыптастыруға баулу.
Нүктелерді, өрнектерді салуға, тік және көлбеу таяқшаларды, қисық және қиғаш сызықтарды дәптердің тор көзінде сызуға үйрету.
4-параграф. Балалардың шығармашылық дағдыларын, зерттеу іс-әрекетін дамыту
277. Тәрбиеленушілердің шығармашылық дағдыларын, зерттеу іс-әрекетін дамыту балалардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, күн сайын ойын түрінде және сурет салу, мүсіндеу, жапсыру, құрастыру, музыка ұйымдастырылған іс-әрекеттері арқылы іске асырылады.
278. Мақсаты балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, қиялдауын, қоршаған әлемді бейнелі қабылдауын қалыптастыру, өзінің түсініктерін, ойларын, сезімдерін көркем түрде жеткізе білуге үйрету болып табылады.
279. Міндеттері:
балалардың өнер шығармаларын эмоционалды қабылдау қабілетін қалыптастыру;
балалардың шығармашылық қабілеттерін, қоршаған ортаны эстетикалық тұрғыдан қабылдауын дамыту;
қоршаған әлемді эмоционалды тану, өнер түрлері туралы түсінігін қалыптастыру;
өзінің, құрдастарының жұмыс нәтижелерін бағалай білуге, жұмысты ұжыммен орындауға баулу;
музыкаға, өнердің түрлеріне, өнер туындыларына ұқыптылықпен қарауға тәрбиелеу;
балалардың жеке ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескере отырып, ұлттық мәдениетке баулу арқылы патриотизмді тәрбиелеу үшін жағдай жасау; балалардың түрлі әрекеттерінде қауіпсіздікті сақтау.
280. Күтілетін нәтижелер:
сурет бойынша:
заттардың жазықтықта әртүрлі орналасуы мүмкін екендігін түсінеді;
тірі табиғат заттарының бейнелерін күрделі емес қимылдар мен қалыптар арқылы жеткізеді;
түстерді өз қалауы бойынша таңдайды;
бояуларды қолдануды, бояғышта акварельді сумен араластыруды, қанық түстер алу үшін қарындашты түрліше басып бояуды біледі;
өз жұмысының нәтижелерін бағалай алады;
сурет салуда әртүрлі техниканы қолданады;
парақтың ортасын, бұрыштарын, жоғарғы, төменгі, оң және сол жақтарын ажыратады;
жаңа түстер (күлгін) және реңктерді (көк, қызғылт, қою жасыл) бояуды араластыру арқылы шығарады;
қазақ ою-өрнектерінің түрлерін біледі;
ою-өрнектермен қазақтың ұлттық киімдерін салады;
оюды өз бетінше ойдан салады;
ұжыммен бірге жұмыс істейді, міндеттерді өзара келісіп орындайды;
ою-өрнек элементтерін пішіндердің ортасында және шеттеріне салады;
қазақ оюларының элементтерін салады және олармен киімдерді, тұрмыстық заттарды безендіреді;
сюжеттік суреттерді салады;
ұжымдық жұмыстарды орындайды, ойдан сурет салады;
суретті бейнелеуде мәнерлі құралдарды, қазақ оюларының элементтерін қолданады;
сурет салуда ұқыптылықты, қауіпсіздікті сақтайды;
мүсіндеу бойынша:
сазбалшық, ермексаз және пластикалық массадан мүсіндеу ерекшеліктерін біледі;
шынайы бейнесіне қарап және ойдан пішіндері мен өлшемі әртүрлі таныс заттарды мүсіндейді;
қарапайым пропорцияларды сақтай отырып, адам мен жануардың пішіндерін мүсіндейді;
мүсіндеудің әртүрлі әдістерін қолданады;
қазақ халқының түрлі ыдыс-аяқтарын, тұрмыстық заттарын, зергерлік бұйымдарын мүсіндейді және оларды ою-өрнектермен және қосымша заттармен безендіреді;
біртекті заттардан сюжеттер құрастырады, бірнеше пішінді бір тұғырға орналастырады;
ертегілер мен әңгімелердің мазмұны бойынша сюжеттік композицияларды құрады;
ортақ композиция құру үшін ұжыммен мүсіндеу дағдыларын меңгерген;
мүсіндеген заттарымен түрлі ойындар ойнайды;
жұмысты ұқыпты орындайды, қауіпсіздік ережелерін сақтайды;
жапсыру бойынша:
қайшымен түрлі геометриялық пішіндерді қияды;
таныс немесе ойдан әртүрлі бейнелерді, қатпарланып бүктелген қағаздан бірдей бірнеше пішіндерді және екіге бүктелген қағаздан симметриялы пішіндегі заттарды қияды;
қазақ халқының тұрмыстық заттарын, киіз үйдің жабдықтарын таниды, оларды қиып жапсырады, ою-өрнектермен безендіреді;
жұмыс тәсілдерін таңдайды және түсіндіреді;
бірнеше бөліктерден бейнелерді құрастырады;
сюжеттік композициялар жасайды, оларды сәнді бөлшектермен толықтырады;
жұмысты жеке және топпен бірлесіп жасайды, топтық жұмыста міндеттерді келісіп атқарады;
сюжеттік жапсыруда заттардың өлшеміне қарай арақатынасын, әртүрлі заттардың бөліктерінің пішінін, олардың құрылымын, пропорцияларын береді;
шаблондар мен трафареттермен, дайын үлгілермен жұмыс істейді;
геометриялық элементтерден құрастырады, заттарды қазақ ою-өрнектерімен безендіреді;
қайшы мен желімді дұрыс қолданады;
еңбек қауіпсіздігі мен жеке гигиена ережелерін сақтайды;
құрастыру бойынша:
ұсынылған тақырыпқа, өз бетінше ойдан құрастырады;
құрдастарымен бірлесіп, шығармашылықпен құрастырады;
өзінің құрастырған құрылысын талдау арқылы тиімді конструктивті шешімдерді табады, оларды құрастыруда қолданады;
бейнені кескіні бойынша қияды;
қалдық және табиғи материалдан құрастырады;
көрнекілікке сүйене отырып, елестетуі, ойлауы бойынша қолдан бұйымдар жасайды;
қазақ халқының табиғи материалдардан жасалған бұйымдарын, киіз үйдің жасауларын, тұрмыстық заттарын, ыдыстарын таниды, олардың қандай материалдан жасалғанын ажыратады;
ойынға қажетті құрылысты бірлесіп ойдан құрастырады, жұмысты бірге келісіп орындайды, дайын құрылыспен ойнайды;
ұжыммен бірге жұмыс істейді;
жазық қағаз пішіндерді көлемді пішіндерге өзгертеді;
жұмыс орнында қауіпсіздік ережелерін сақтайды;
музыка бойынша:
музыкаға қызығушылық пен сүйіспеншілік танытады;
музыкалық шығармаларға көзқарасын білдіреді, оның сипаты, мазмұны туралы айтады;
қарапайым музыкалық жанрларды ажыратады (күй, ән, би, марш);
әннің басында, музыкалық фразалардың арасында тыныс алуды біледі, бірінші октаваның "ре" екінші октаваның "до" диапазонында жеңіл дауыспен ән айтады;
әннің сөзін анық айтады, музыка сипатын қабылдайды және жеткізеді;
шығарманың жеке фрагменттерін (кіріспе, қайырмасы, соңы) ажырата алады;
қазақ халқының күйші, композиторларын біледі;
таныс әндерді өз бетінше музыкалық сүйемелдеумен және сүйемелдеусіз орындайды;
әртүрлі сипаттағы әндерді өз бетінше және шығармашылықпен орындайды;
музыкалық аспаптарда қарапайым әуендерді ойнайды;
марш сипатын анық ырғақты жүрумен, музыканың қимыл сипатын – жеңіл және орташа (жоғары-төмен) ырғақпен береді;
заттармен қимылдар жасайды, сюжетті ойындарды сахналайды;
музыканың сипатына сәйкес қимылдарды орындайды;
балаларға арналған музыкалық аспаптарда ойнаудың қарапайым дағдыларын меңгерген.
281. Сурет салу, мүсіндеу, жапсыру, құрастыру балалардың қызығушылықтары ескеріле отырып, шағын топтармен ұйымдастырылады және кезектестіріліп өткізіледі.
282. Сурет салу.
Заттардың, ертегі кейіпкерлерінің бейнесін өзіне тән ерекшеліктерімен салу, сюжеттерде қарапайым мағыналы байланыстарымен ондағы заттардың арасындағы кеңістіктік қатынастарды жеткізе білу.
Парақта кеңістіктегі заттардың қалпын беру, заттардың жазықтықта әртүрлі орналасуы мүмкін екендігін түсіндіру (тұрады, жатады және қалпын өзгерте алады), тірі табиғат заттарының бейнелерін күрделі емес қимылдар мен қалыптар арқылы беру (өсімдіктер, жануарлар, құстар).
Заттардың пішіндеріне, бөліктердің салыстырмалы өлшеміне және олардың орналасуына сүйене отырып, түстер мен олардың реңктерін беру, негізгі пішінді, заттар мен олардың бөліктерінің пропорцияларын мәнерлеп жеткізе білу, түстерді өз қалауы бойынша таңдау.
Бояулармен жұмыс жасауды жетілдіру (бояғышта акварельді сумен араластыру, қажетті түсті алу), қанық түстер алу үшін қарындашты түрліше басып бояу, бейнелеу, түсті қанық беру үшін қағаздың фонын таңдау және бояуларды үйлестіру, өз жұмысының нәтижелерін бағалау.
Бейнелеу әдістерін (штрихтар, бояуларды араластырып, кляксография, жіппен) қолдану.
Жаңа түстер (күлгін) және реңктерді (көк, қызғылт, қою жасыл) бояуды араластыру арқылы шығару (гуашпен сурет салу кезінде).
Түзу, ирек, жіңішке, жалпақ сызықтарды, түрлі көлемдегі дөңгелектерді, жақпаларды, нүктелерді ырғақты орналастыра отырып, қарапайым пішінді өрнектерді құрастыра білуді бекіту, түрлі өлшемді өрнектерді біріктіру, ақ және түрлі-түсті фондарды қолдана отырып, түсті таңдау.
Қазақ ою-өрнектерінің түрлері ("түйетабан", "құсқанаты", "құстұмсық", "жапырақ", "жауқазын", "жетігүл", "жұлдызгүл") туралы түсінігін кеңейту, өзіне тән элементтерді пайдалана отырып, оларды құрастыра білуін дамыту. Қазақ ою-өрнектерінің сипатын, колоритін жеткізе отырып, көлемді пішіндерді бояу, парақтың ортасын, бұрыштарын, жоғарғы, төменгі, оң және сол жақтарын ажырату, тік сызықтардың әртүрлі үйлесуімен құрылған қазақ ою-өрнегінің элементтерін салу.
Ою-өрнектермен қазақтың ұлттық киімдерін (орамал, шапан, қамзол) салу, оларды пішіндердің ортасында және шеттерінде орналастыру. Ою-өрнекті өз бетінше ойдан салуға мүмкіндік беру. Ұжыммен бірге жұмыс істеу, міндеттерді өзара келісіп орындау, салынған суретпен түрлі ойындар ойнау.
Суретті қарапайым қаламның көмегімен жеңіл ырғақпен үстінен қатты баспай бейненің сұлбасын салу, бірнеше заттардың өлшеміндегі айырмашылықтарды беру, геометриялық пішіндегі заттарды салу.
Бояумен сурет салу кезінде қылқаламды бояуға батыру, қағазға жуан сызықтарды сызарда қылқаламды көлденең, ал жіңішке сызықтар мен нүктелерді сызу үшін тігінен ұстап, суреттерді бояғанда бір бағытта солдан оңға қарай, жоғарыдан төмен қарай, қиғашынан жүргізу.
Балалардың суретте қарапайым сюжеттерді: әлеуметтік оқиғаларды, қоршаған өмірдегі оқиғаларды, мерекелерді, адамдардың еңбегін, ертегілердің, өлеңдердің, әндердің желісін жеткізе білуін жетілдіру.
Қазақ халқының өмірін, еңбегін, тұрмысын көрсете отырып, қазақ ертегілерінің желісі бойынша сурет салу. Ұжымдық жұмыстарға, өз бетінше ойдан сурет салуға мүмкіндік беру.
283. Мүсіндеу.
Сазбалшық, ермексаз және пластикалық массадан мүсіндеудің ерекшеліктерін білу.
Шынайы бейнесіне қарап және ойдан пішіндері мен өлшемі әртүрлі таныс заттарды: көгөністерді, жемістерді, ойыншықтарды, ыдыстарды мүсіндеу, оларға тән ерекшеліктерді беру, қолдың және саусақтардың қимылдарын жетілдіру, қарапайым пропорцияларды сақтай отырып, адам мен жануардың пішіндерін мүсіндеу.
Бақылаған заттың бейнесін бере білу, затты әртүрлі қалыптарда мүсіндеу, пішіннің бетін дымқыл шүберекпен тегістеу және кескішті пайдалану.
Адамның бейнесін, жануарлардың қимылдарын, қол-аяқтардың қалпын дұрыс мүсіндеу. Заттардың ұзын және қысқа, жуан және жіңішке белгілерін көрсете білу, бөліктердің салыстырмалы көлемдерін сақтау, мүсінделген пішіндердің бөліктерін бір-біріне қосып, біріккен жерлерін тегістеу.
Мүсіндеудің әртүрлі әдістерін қолдану: құрылымдық (жеке бөліктерден) және мүсіндік (негізгі бөліктерді тұтас кесектен жасау). Затқа қарап мүсіндеуде ойыншықтарды, пішіні шағын мүсіндерді, халық шеберлерінің бұйымдарын қолдану.
Қазақ халқының түрлі ыдыс-аяқтарын (қазан, астау, табақ, тостаған, керсен, ожау, күбі торсық), тұрмыстық заттарын (керует, үстел, ер-тұрман, ошақ, кебеже, диірмен), зергерлік бұйымдарымен (білезік, сырға, сақина, тұмар, шашбау), туған өлкедегі мәдени мұра ескерткіштерімен таныстыру, аталған заттардан қалауы бойынша мүсіндеу және оларды ою-өрнектермен және қосымша заттармен (моншақ, дән) безендіру, жұмыс барысында әртүрлі пішінді кескіштерді қолдану, олардың бетіне бедерлер жасау.
Біртекті заттардан сюжеттер құру, бірнеше пішінді бір тұғырға орналастыру, сюжеттерде пішіннің, қимылдың ерекшеліктерін жеткізе білу, кейіпкерлердің өзіне тән бөлшектерін мүсіндеу, композицияларды қосымша заттар мен элементтердің көмегімен көркемдеп жеткізу. Ертегілер мен әңгімелердің мазмұны бойынша сюжеттік композицияларды құру дағдыларын жетілдіру.
Ойдан өз бетінше мүсіндеуге, ұжымдық жұмыстарды орындауға баулу. Мүсіндеген заттарымен түрлі ойындар ойнау.
Жұмысты ұқыпты орындау, заттарды жинау, қауіпсіздік ережелерін сақтау.
284. Жапсыру.
Қайшыны қолдануды бекіту: жолақтардан тікбұрышты пішіндер, шаршылардан үшбұрышты пішіндер, шаршы немесе тікбұрыштың бұрыштарын қию арқылы дөңгелек және сопақша пішіндерді қиып алу.
Қағаздан таныс немесе ойдан әртүрлі бейнелерді, қатпарланып бүктелген қағаздан бірдей бірнеше пішіндерді және екіге бүктелген қағаздан симметриялы пішіндегі заттарды қию.
Жапсырудың түрлі әдістері (симметриялы, сыңарлы симметриялы, сұлбалы) мен тәсілдерін (тура, қисық қию, ою, флористика элементтерін) қолдану, түрлі материалдардан (қағаз, мата, табиғи материалдар) жапсыру.
Қазақ халқының тұрмыстық заттарымен (кілем, алаша, сырмақ, ши, көрпе, жастық), киіз үйдің жабдықтарымен (кереге, уық, шаңырақ, сықырлауық, басқұр) таныстыру, аталған заттардан қалауы бойынша қиып жапсыру, оларды ою-өрнектермен безендіру.
Сюжеттік композициялар жасау, оларды сәнді бөлшектермен толықтыру, жеке және топпен бірлесіп жасау, онда міндеттерді келісіп атқару.
Сюжеттік жапсыруда заттардың өлшеміне қарай арақатынасын, әртүрлі заттардың бөліктерінің пішінін, олардың құрылымын, пропорцияларын беру, әлеуметтік оқиғаларды, балалар өміріндегі оқиғаларды бейнелеу, шаблондармен, трафареттермен, дайын үлгілермен жұмыс істеу, композиция ережелеріне, перспективаға сәйкес бейнелерді құрастыру.
Қайшы мен желімді дұрыс қолдану дағдыларын жетілдіру, еңбек қауіпсіздігі мен жеке гигиена ережелерін сақтау.
285. Құрастыру.
Құрылыс материалдарынан, конструктор бөлшектерінен құрастыру: ауызша сипаттау бойынша ұсынылған тақырыпқа, өз бетінше ойдан құрастыруға, құрдастарымен бірлесіп, шығармашылықпен құрастыруға баулу. Құрастырылған құрылысы мен құрылыстың шынайы бейнесі арасында байланыс орнату.
Қағаздан құрастыру.
Қағаз цилиндрлерден қазақ халқының ұлттық бас киімдерін (тақия, сәукеле, кимешек) және ыдыстарын құрастыру, оларды жіппен, ою-өрнектермен безендіру. Пішіндердің түрлі қалыптарын бере білуді, оларды күрделі емес композицияларға біріктіруді қалыптастыру. Өзінің құрастырған құрылысын талдау арқылы тиімді конструктивті шешімдерді табу, оларды құрастыруда қолдану. Дербестікті, шығармашылықты, бастаманы қолдау.
Ұжыммен сюжетті құрастыруға баулу.
Шығармашылық ойлауды және қиялды дамыту. Қағаздан құрастыру әдістерін қолданып, жазық материалды көлемді пішінге өзгерте білуді бекіту.
Дайын үлгілермен және қарапайым сызба бойынша жұмыс істеу, бейнені кескіні бойынша қию үшін қайшыны қолдану.
Табиғи, қалдық материалдардан құрастыру.
Табиғи материалдарды дұрыс пайдалануға үйрету. Табиғи және қалдық материалдармен жұмыс жасау кезінде өзінің әрекетін жоспарлау дағдыларын жетілдіру, дербестік пен шығармашылық танытып, мақсатты түрде жұмыс жасай білу. Шығармашылық қиялды дамыту, көрнекілікке сүйене отырып, елестетуі, ойлауы бойынша қолдан бұйымдар жасай білу.
Қазақ халқының табиғи материалдардан жасалған бұйымдарымен, киіз үйдің жасауларымен, тұрмыстық заттарымен, ыдыстарымен таныстыру, олардың қандай материалдан жасалғанын зерттеу.
Табиғи (ағаш, мақта, жүн, жіп, асық, қағаз, тері, кенеп, мата, дәннің түрлері) және қалдық заттардан құрастыруға баулу.
Ойынға қажетті құрылысты бірлесіп ойдан құрастыруға, алдағы жұмысты бірге жоспарлауға, бір-бірімен келісіп орындауға, дайын құрылыспен ойнауға мүмкіндік беру.
286. Музыка.
Музыкаға қызығушылық пен сүйіспеншілікті қалыптастыру. Классикалық, халықтық және заманауи музыкамен таныстыру негізінде музыка мәдениетін қалыптастыру.
Музыка тыңдау.
Балаларды шығармалардың эмоционалды мазмұнын, олардың сипатын, көңіл-күйін, динамикалық ерекшеліктерін ажырата білуге үйрету. Музыкалық шығармаға көзқарасын білдіру, оның сипаты, мазмұны туралы айту.
Музыканың сипатын бейненің мазмұнымен, оның көңіл-күйімен байланыстыра білуді қалыптастыру.
Өмірдің кейбір құбылыстарын бейнелеу тәсілі ретінде әлемдік және қазақ музыка өнерінің шығармаларымен таныстыру.
Музыкалық шығармалардың жанрларын ажыратуға (ән, күй, марш, би) үйрету. Шығармалардың жеке фрагменттері бойынша (кіріспе, қорытынды, музыкалық фразалар) әуендерді тану арқылы музыканы есте сақтауды жетілдіру.
Қазақ халық аспаптары: домбыра мен қобыз үнінің тембрлік ерекшеліктерімен, "күй" жанрымен, күйші-композиторлар: Құрманғазының, Қорқыттың, Тәттімбеттің, Дина Нұрпейісованың, Дәулеткерей Шығайұлының, Ықылас Дүкенұлының шығармаларымен таныстыру.
Лирикалық, вальс ырғағындағы баяу әуендерді қабылдау, әннің (шығарманың) сипатына сәйкес би қимылдарын орындай білу, әннің қарқынының өзгеруін байқау, шығармаларды сипаттай білу.
Қазақ халқының әндері мен би әуендерінің үздік үлгілерін тыңдауға баулу.
Ән айту.
Ән айтуда дауыспен вокалдық-есту қабілетін үйлестіруді жетілдіру.
Ән айту дағдыларын қалыптастыру, бірінші октаваның "ре", екінші октаваның "до" диапазонда жеңіл дауыспен ән айту, ән айтар алдында, музыкалық фразалар арасында тыныс алу, әннің сөздерін анық айту, орташа, қатты және ақырын дауыспен ән айту. Музыкалық сүйемелдеумен және сүйемелдеусіз жеке ән айту дағдыларын дамыту. Әртүрлі сипаттағы әндерді өз бетінше және шығармашылықпен орындауға баулу. Әнді музыкалық талғаммен орындауға жаттықтыру.
Музыкалық-ырғақтық қимылдар.
Музыканың және оның бөліктерінің сипатындағы өзгерістерге сәйкес қимылдарды өзгерте отырып, жаттығуларды орындауға үйрету: марш сипатын анық ырғақты жүрумен; музыканың қимыл сипатын жеңіл және ырғақпен жүгіру, жүрелеп отыру арқылы бере білу.
Би қимылдарын: қосалқы және ауыспалы қадам жасауды, әртүрлі бағытта жүгіруді және секіруді меңгеру.
Билер.
Музыкаға сәйкес орындалатын би қимылдарын білу; би қимылдарының элементтерін жеңіл, еркін орындау; қозғалыс бағытын музыкалық фразаларға сәйкес өзгерту.
Қазақ халқының би өнерімен таныстыру, қазақтың халықтық би өнері ерте заманнан қалыптасқандығын, ол халқымыздың аса бай ауыз әдебиетімен, ән-күйлерімен, дәстүрлі тұрмыс салтымен біте қайнасып келе жатқан ел мұрасы екенін, би өнері өзінің эстетикалық болмысында қазақ жұртының жалпы дүниетанымына сай арман-мұраттарын бейнелейтін қимылдар жүйесін құрайтынын түсіндіру, балаларға "Қаражорға" биін билету.
Би шығармашылығы.
Таныс би қимылдарын қолдана отырып, музыканың сипатына сәйкес ойдан би қимылдарын шығару, мәтінге сәйкес әнді сахналау; шығармашылық тапсырмаларды орындауға ынталандыру.
Балалардың музыкалық аспаптарында ойнау.
Балалар музыкалық аспаптарында қарапайым, таныс әуендерді жеке және шағын топпен орындауға үйрету, балалар шығармашылығын дамыту, оларды белсенділікке, дербестікке баулу.
Музыкалық (дауылпаз, асатаяқ, сазсырнай, тұяқтас, қоңырау, сыбызғы, домбыра, металлофон, ксилофон, бубен, барабан, маракас, румба) және шулы аспаптарда ойнау тәсілдерімен таныстыру.
5-параграф. Әлеуметтік-эмоционалды дағдыларды қалыптастыру
287. Әлеуметтік-эмоционалды дағдыларды қалыптастыру балалардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, күн сайын ойын түрінде және қоршаған ортамен таныстыру ұйымдастырылған іс-әрекеті арқылы іске асырылады.
288. Мақсаты тәрбиеленушілердің, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың әлеуметтік дағдыларын дамыту, оларды әлеуметтік-мәдени нормаларға, қоғам және мемлекет, отбасы дәстүрлеріне тарту, рухани-адамгершілік құндылықтарға баулу, қоршаған әлемнің заттары мен құбылыстары туралы ұғымдарын байыту болып табылады.
289. Міндеттері:
әлеуметтік-эмоционалды дағдыларды қалыптастыру, қоғамның әлеуметтік және этикалық нормалары мен дәстүрлеріне, жалпы адами құндылықтарға баулу; дербестікке тәрбиелеу;
Отанның тарихы мен мәдениетін білу және оған құрметпен қарауды қалыптастыру, туған жер туралы түсініктерін кеңейту;
еңбек түрлеріне және әртүрлі мамандық иелеріне құрметпен қарауды қалыптастыру;
табиғат әлеміне танымдық қызығушылықты, табиғаттың тірі объектілеріне жанашырлық сезімін дамыту, қоршаған ортаға қатысты кейбір әрекеттерінің қарапайым салдарын көре білу;
экологиялық мәдениеттің негіздерін қалыптастыру және табиғатта өзін қауіпсіз ұстау.
290. Күтілетін нәтижелер:
өзінің болашағына, табысты болу үшін білімнің қажеттігін түсінеді;
еңбекқорлық пен жауапкершіліктің маңызын түсінеді;
өз күші мен мүмкіндіктеріне сенеді;
туыстық байланыстарды түсінеді, жеті атасын біледі;
үлкендерді сыйлайды, кішіге қамқорлық танытады;
қолынан келгенше көмектесуге тырысады;
отбасы мүшелерін жақсы көреді, оларға алғыс айтады, сыпайы сөйлейді;
өз ойын түсінікті жеткізеді, өзінің пікірін айтады;
заттардың қандай материалдардан жасалғанын өз бетінше анықтайды және олардың сапалары мен қасиеттерін сипаттайды;
ұялы телефон, смартфон, компьютер, ғаламтор, теледидардың қолданылуын біледі;
айналадағы заттар, ойыншықтар адамның еңбегімен жасалғанын біледі және оларға ұқыпты қарауға тырысады;
еңбек ардагерлерін, қарттарды құрметтейді, үлкенді сыйлайды, олардың еңбегін бағалайды;
мемлекеттік рәміздерді біледі;
мемлекеттік мерекелердің маңыздылығын түсінеді, оларға белсенділікпен қатысады;
Қазақстанның тұңғыш ғарышкерлерін біледі, оларды құрметтейді;
Қазақстанның әсем табиғаты, көрнекі жерлері мен тарихи орындарының маңыздылығын түсінеді;
қазақ халқының құндылықтарын құрметтейді;
өз Отанын жақсы көреді, Қазақстан әскері туралы түсінігі бар;
Кеңес Одағының батырларын біледі, оларды құрметтейді;
өз іс-әрекеттері мен басқа адамдардың іс-әрекеттерін бағалай біледі;
еңбек етуде, шығармашылық әрекеттерде жақсы нәтижеге жетуге ұмтылады;
сеніп тапсырған тапсырмаларды жауапкершілікпен орындауға тырысады;
айналасындағыларға әрқашан әділ болуға, оларға қолдау көрсетуге, көмек беруге тырысады;
балабақшаның үй-жайларында, жақын маңдағы шағын ауданда еркін бағдарлайды;
арнайы көлік құралдарының қолданылуы туралы біледі;
өлі табиғат заттарын адамның қолымен жасалған заттардан ажыратады;
тірі және өлі табиғат, табиғат құбылыстары арасындағы себеп-салдарлық байланыстарды бақылайды және түсінеді;
заттар мен құбылыстардың өзіне тән, сипаттамалық белгілерін бақылайды, талдайды, салыстырады, ажыратады;
туған өлкенің ағаштарын, бұталарын, гүлдерін, шөпті өсімдіктерін таниды және ажыратады;
өсімдіктерді бақылап, себеп-салдарлық байланыстарды ажыратады;
өсімдіктерге күтім жасау әдістерін біледі;
жануарларды әртүрлі белгілері бойынша топтастырады;
таныс материалдармен өз бетінше эксперимент жасай алады;
нанға ұқыпты қарайды, адамдардың еңбегін құрметтейді;
Қазақстан аумағында мекендейтін жануарлар мен олардың төлдерін ажыратады және атайды;
төрт түліктің пайдасын біледі, оларды күтіп-баптайды;
жыл құстары мен қыстайтын құстарды ажыратады, құстардың пайдасын біледі, оларға қамқорлық жасайды;
адамның табиғаттың бір бөлігі екендігін біледі;
табиғатты қорғау, сақтау, күн мен ауаның адам, жануарлар мен өсімдіктер өміріндегі маңызы туралы біледі;
тірі объектілердің өсуі мен дамуы үшін су, жарық, ауа, қорек және айналасындағылардың қамқорлығы қажет екенін түсінеді;
қоршаған ортадағы тірі және өлі табиғат объектілеріне қамқорлық танытады;
ата-анасының, жақындарының мамандықтары туралы әңгімелейді, ересектердің еңбегін құрметтейді және бағалайды;
үй жұмыстарына көмектеседі;
кезекшінің міндеттерін, топта және балабақша ауласында шамасы келетін тапсырмаларды өз бетінше орындайды;
ересектердің еңбегін құрметтейді;
Қазақстан Республикасының Президентін біледі, оны мақтан тұтады;
жол қозғалысының қарапайым ережелерін біледі;
қоршаған ортада, табиғатта тәртіп ережелерін біледі;
өз өмірінің қауіпсіздігін түсінеді және сақтайды;
қоғамдық орындарда мінез-құлық ережелерін сақтайды;
ненің "дұрыс" немесе "дұрыс емес", "жақсы" немесе "жаман" екенін түсінеді және ажыратады;
үйдегі, балабақша тобындағы міндеттерді біледі;
ұялы телефон, смартфон, компьютер, ғаламтор, теледидардың қолданылуын біледі.
291. Қоршаған ортамен таныстыру.
292. Бала, оның отбасы, үйі.
Өзінің жасына сәйкес өмірінде болатын өзгерістерді, балабақшаға баруы, мектепке баруы, ересек азамат болып ержетуі мен еңбек етуі, болашақта табысты болуы үшін білімнің қажеттігін түсінуіне, болашақта мектепте оқуға ынтасын арттыру, жаңаны тануға, өз өміріне қажетті дағдыларды игеруге ықпал ету.
Өзінің болашағына, біліміне, денсаулығына, қызметіне, жетістіктеріне сенімді болуға, қоғамға пайдасын тигізуге баулу. Еңбекқорлық пен жауапкершіліктің маңызын түсіну, өзін-өзі құрметтеу, өз күші мен мүмкіндіктеріне деген сенімділікті арттыру.
Туыстық байланыстарды түсіну (өз жұрты, атасы мен әжесі, жақын туыстары, нағашы жұрты), өзінің жеті атасын білу. Үйде отбасы мүшелеріне қамқорлық жасау, үлкендерді сыйлау, кішіге ізет көрсету, үй шаруасына көмектесу, отбасы мүшелеріне жақсы көретінін білдіру, алғыс айту, сыпайы сөйлеу.
293. Заттық әлем, кеңістікті бағдарлау.
Заттар, олардың белгілерін нақтылау және бейтаныс заттардың қолданылуын түсіну. Заттардың қандай материалдардан жасалғанын өз бетінше анықтау және талдау, олардың сапалары мен қасиеттерін сипаттау.
Үй-жайларда, балабақша ауласында, жақын маңдағы шағын ауданда еркін бағдарлай білу.
294. Көлік, байланыс құралдары.
Арнайы көлік құралдарының түрлерін, белгілі бір жұмыс түрін орындау үшін олардың жабдықталуын түсіну, ұялы телефон, смартфон, компьютер, ғаламтор, теледидардың қолданылуын білу, оларды қолдануда қауіпсіздікті сақтау.
295. Еңбекке баулу.
Әртүрлі мамандықтар, балабақша қызметкерлерінің еңбегі туралы түсініктерін кеңейту, еңбектің мазмұны, сипаты және нәтижесінің маңызын, түсіну және бағалау.
Ата-ана еңбегін түсіну, адамдардың еңбектеріндегі өзара байланыстарды байқау. Еңбек ардагерлерін, қарттарды құрметтеу, үлкенді сыйлау, олардың еңбегін бағалау.
Шамасы келетін, бірлескен еңбек әрекетіне қатысуға, бастаған ісін аяғына дейін жеткізуге, дербестік пен жауапкершілікке баулу. Топта тазалық сақтауға, ойыншықтарды сүртуге, табиғат бұрышындағы тіршілік иелеріне күтім жасауға, кезекшілік міндеттерін жауапкершілікпен атқаруға, жоспарланған нәтижеге жетуге, өзі мен құрдастарының еңбегінің, шығармашылық әрекеттерінің нәтижелерін бағалауға және құрметпен қарауға, кішілерге көмек көрсетуге, қажет болған жағдайда оларға жүгінуге баулу. Айналадағы заттар, ойыншықтар адамның еңбегімен жасалғанын түсіну және оларға ұқыпты қарау.
296. Адамгершілік және патриоттық тәрбие.
Балаларды адамгершілік құндылықтарға, өз іс-әрекеттері мен басқа адамдардың іс-әрекеттерін бағалай білуге, өзінің іс-әрекетіне басқалар пікірін білдірген жағдайда ол пікірді дұрыс қабылдауға, өз ісіне адал болуға, еңбек етуде, шығармашылық әрекеттерде нәтижеге жетуге ұмтылуға, сеніп тапсырған тапсырмаларды жауапкершілікпен орындауға, айналасындағыларға әрқашан әділ болуға, оларға қолдау көрсетуге, көмек беруге, жалған сөйлемеуге, өзінің педагогтерін, үлкендерді сыйлауға, кішіге қамқор болуға баулу. Өз құрдастарын тарта отырып, ұлттық ойындар ойнау, Қазақстан мемлекетінің рәміздеріне құрмет көрсету.
Туған өлке, ел, Отан, мемлекеттік және халықтық мерекелер, еліміздің рәміздері, оның маңызы туралы білімдерін кеңейту. Қазақстан Республикасының Президенті, оның халық үшін атқаратын қызметінің маңыздылығын түсіну.
Мемлекеттік мерекелердің (Жаңа жыл, Халықаралық әйелдер күні, Наурыз мейрамы, Қазақстан халқының бірлігі мерекесі, Отан қорғаушы күні, Жеңіс күні, Астана күні, Қазақстан Республикасының Конституциясы күні, Республика күні), ұлттық мереке (Тәуелсіздік күні) маңыздылығын түсіну, оларға белсенді қатысу. Қазақстанның тұңғыш ғарышкерлері Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаевті білу, оларды құрметтеу.
Қазақстан Республикасының бас қаласы – Астана, республикадағы қалалар мен ауылдардың атаулары, олардың көрікті жерлері, ауыл мен қала өмірінің ерекшеліктері туралы ұғымдарын байыту.
Тірі және өлі табиғаттың, Қазақстанның әсем табиғаты, көрнекі жерлері мен тарихи орындарының, мәдени мұрасының маңыздылығын түсіну. Қазақ халқының киіз үйінің маңыздылығын, оның құрылысы мен ішкі жабдықтарын білу. Қазақ халқының салт-дәстүрлерін білу және құрметтеу, қазақ халқының құндылықтарына құрмет таныту.
Өз Отанын жақсы көру, оны қорғаудың, Қазақстан әскерінің маңыздылығын түсіну. Ұлы Отан соғысы жылдарында Отанын қорғаған қазақстандық жауынгерлердің - Кеңес Одағының батырлары Бауыржан Момышұлының, Әлия Молдағұлованың, Мәншүк Мәметованың, Халық қаһарманы Рахымжан Қошқарбаевтың ерліктері туралы білу, оларды құрметтеу.
297. Жол қозғалысы ережелері.
Жолда қауіпсіздік ережелерін сақтау. Жол белгілерін (жүру бөлігі, жаяу жүргіншілер өткелі, тротуар, велосипед, электросамокат, гироскутер, сигвейге арналған жол) білу, бағдаршамның белгілеріне сәйкес жолдан өту. Жол қозғалысының қарапайым ережелерін, жаяу жүргіншілер мен велосипедшілердің қозғалыс ережелерін сақтау.
"Балалар", "Трамвай аялдамасы", "Автобус аялдамасы", "Метро аялдамасы", "Тройллебус аялдамасы", "Жаяу жүргіншілер жолы", "Велосипедке арналған жол (электросамокат, гироскутер, сигвей)" жол белгілерімен таныстыруды жалғастыру.
298. Табиғатпен таныстыру
Тірі және өлі табиғат құбылыстары туралы білімдерін кеңейту. "Өлі табиғат" ұғымымен таныстыру (су, ауа, мұз сүңгілері, күн, бұлт, қар, тастар, жел, жаңбыр); өлі табиғат заттарын адамның қолымен жасалған заттардан ажырата білу.
Тірі және өлі табиғат, табиғат құбылыстары (маусым, өсімдік, адам еңбегі) арасындағы себеп-салдарлық байланыстарды бақылау және түсіну.
Балалардың зерттеу әрекеті үшін жағдай жасау, табиғатпен таныстыру барысында заттар мен құбылыстардың өзіне тән, сипаттамалық белгілерін бақылау, талдау, салыстыру, ажырату.
Адам өмірі үшін судың, құмның, күн, ай сәулесінің, саздың, тастардың маңызын түсіну.
299. Өсімдіктер әлемі.
Туған өлкенің өсімдіктері (ағаштар, бұталар, гүлдер, шөпті өсімдіктер) туралы түсініктерін кеңейту, "орман", "шалғын" және "бақша" ұғымдарымен таныстыру.
Өсімдіктердің тірі тіршілік иесі екендігін бақылау және себеп-салдарлық байланыстарды ажырату: өсімдік жапырақтары, сабақтарының қозғалуы, гүлдердің күн шыққанда жапырақтарының ашылуы және кешке жабылуы, тамырдың суды сорып, сабағы арқылы су өткізіп, басқа бөліктерін қоректендіруі, өсімдіктердің өсуі үшін ылғалдың, жарықтың, жылу мен тыңайтқыштың қажеттігі олардың жылуды, суықты, күнді немесе бұлтты ауа-райын сезуі, олардың өсуі және көбеюі.
Өсімдіктерге қажеттіліктеріне сәйкес күтім жасау әдістерін білу: оларды суару, түбін қопсыту, жапырақтың шаңын сүрту.
Нанға ұқыпты қарауға, бидайды өсіруге және өндіруге қатысатын адамдардың еңбегін құрметтеуге тәрбиелеу.
300. Жануарлар әлемі.
Қазақстан аумағын мекендейтін жануарлар мен олардың төлдерін атау және олардың өздеріне тән белгілері бойынша ажырату.
Бақылау арқылы төрт түліктің пайдасын білу, оларды күтіп-баптау, жылдың әр мезгілінде олардың сыртқы түрі мен тіршілік ету ерекшеліктерін сипаттау, жыл құстары мен қыстайтын құстарды ажырата білу, құстардың пайдасы туралы білу, оларға қамқорлық жасау.
Жануарлардың тірі тіршілік иесі екендігін бақылау және себеп-салдарлық байланыстарды ажырату: жануарлар қозғалады (жүреді, жүгіреді, секіреді, ұшады, қозғалады); қоректенеді (өсімдіктердің жапырақтары, сабағы, бұтақтары, қабығы, шырыны, тұқымдарымен, етпен, жәндіктермен); өседі және көбейеді, қоршаған ортаны көз, мұрын, тіл, құлақ, тері көмегімен сезе білу.
Жануарларды әртүрлі белгілері бойынша: құстар, балықтар, жануарлар, аңдар, жәндіктер, мекендеу орны (орман, шалғын, су айдыны, бақша, бақ, алаң); қозғалу тәсілі (жүгіру, ұшу, секіру, жүзу ); табиғи-климаттық аймақтар (ақ аю, итбалық, пингвин, жираф, піл, маймыл) бойынша топтастыру.
301. Қарапайым экологиялық ұғымдарды, адамның табиғаттың бір бөлігі екенін және оны қорғау, сақтау керек екенін, күн мен ауаның адам, жануарлар мен өсімдіктер өміріндегі маңызы туралы, табиғатпен қарым-қатынас барысында денсаулықты нығайтуды, табиғатты сақтауда жауапкершілікті сезіне білу.
302. Қоғамдық орындарда мінез-құлық ережелері туралы; үйдегі, балабақша тобындағы міндеттері туралы түсініктерін кеңейту. Ненің "дұрыс" немесе "дұрыс емес", "жақсы" немесе "жаман" екенін түсінуге және ажырата білуге үйрету.
303. Балаларды жалпы қабылданған нормалар мен ережелерді саналы түрде орындауға баулуды жалғастыру. Ережелер барлығына жақсы болуы (қарапайым, жайлы, қауіпсіз) үшін жасалатынын балалардың түсінуі маңызды. Егер белгілі бір ережелер сақталмаған жағдайда не болатынын балалармен талқылау.
304. Қоршаған ортада, табиғатта тәртіп ережелерін білу; өз өмірінің қауіпсіздігін сақтау (бейтаныс адамдармен сөйлеспеу, ойнамау, бөтен машиналарға отырмау, бейтаныс адамдардың өтініштерін орындамау, олардың соңынан ермеу).
305. Мобильді құрылғыларды қолдану кезінде қарапайым қауіпсіздік ережелерін білу (күніне ата-аналардың рұқсатымен 30 минуттан артық емес мобильді құрылғыларды қолдану).
6-тарау. 1 жастан бастап 1-сыныпқа қабылданғанға дейін балалардың біліктері мен дағдыларының тізбесі
Рет № | Дағдылар тізбесі |
Бөбек жасы |
Мектепке дейінгі жас | |||
Ерте жас тобы (1жастағы балалар ) | Кіші топ (2 жастағы балалар) | Ортаңғы топ (3 жастағы балалар) | Ересек топ (4 жастағы балалар) |
Мектепалды топ, мектептегі (лицейдегі, гимназиядағы) | ||
Физикалық қасиеттерді дамыту | ||||||
1 | Мәдени-гигиеналық дағдыларды және өзіне-өзі қызмет көрсету дағдыларын қалыптастыру |
Үстел басына отырады, |
Жеке гигиенаның бастапқы дағдыларын меңгерген; | Күнделікті гигиеналық дағдыларды сақтау қажеттігін біледі; киімін өз бетінше киеді және шешеді. | Гигиеналық шараларды орындау ретін біледі; өз бетінше киімін киеді және шешеді, ересектердің көмегімен киімдерін жинайды. | Гигиеналық шараларды өздігінен орындайды; шынықтыру шараларының маңыздылығын және қажеттілігін түсінеді. |
2 | Дене шынықтыру | Ересектердің саусақтарынан ұстайды. Заттарға ұмтылып, екі қолымен ұстайды, заттарды қолдан қолға ауыстырады. | Берілген бағытта жүре алады, жүгіре алады. Баспалдақпен жоғары көтерілгенді және төмен түскенді ұнатады. | Жүгіру, өрмелеу және секірудің алғашқы дағдыларын меңгереді. | Негізгі қимыл түрлерін орындаудың қарапайым дағдыларын меңгереді. | Негізгі қимыл түрлерін өздігінен орындай алады. |
3 | Дербес қимыл белсенділігі | Өздігінен жүре алады.Ересектердің көрсетуі бойынша қимылдарды қайталайды. | Ересектердің бақылауымен ойын әрекеттерін орындайды. | Бірлескен қимылды ойындарға қатысады. | Өз бетінше түрлі ұлттық ойындарды ойнайды, ойын ережелерін сақтайды және ойындардың барлық ережелерін сақтайды. | Қимылды ойындарды ұйымдастыруда бастамашылдық танытады, ойын ережелерін сақтайды. |
4 | Сауықтыру-шынықтыру шаралары | Күн тәртібін орындайды. | Шынықтыру шараларын өткізу кезінде жағымды көңіл-күй танытады және қауіпті жағдайда сақтық танытады. |
Салауатты өмір салтының қарапайым ережелерін біледі, | Салауатты өмір салтының қарапайым ережелерін біледі және сақтайды, ересектердің көмегімен тыныс алу жолдарын шынықтырады. | Шынықтыру шараларының маңыздылығы мен қажеттілігін түсінеді; салауатты өмір салты туралы бастапқы түсініктерге ие. |
Коммуникативтік дағдыларды дамыту | ||||||
1 | Сөзді түсіну | Үлкендерді тыңдайды, түсінеді, тапсырманы орындайды. | --------- | -------- | ---------- | ------------- |
2 |
Белсенді сөз |
Әдепті сөйлеуге талпынады; | ------------- | -------- | -------- | ------------- |
3 |
Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті | ------------- | Жеке дауысты және дауыссыз дыбыстарды дұрыс дыбыстай алады. |
Дауысты және кейбір дауыссыз дыбыстарды анық айтады қазақ халқының құндылықтарына қызығушылық танытады; |
Фна тілінің барлық дыбыстарын дұрыс айтады ересектердің сөзін тыңдайды және түсінеді, өз ойын айтады; | Дұрыс, мәнерлі сөйлей алады. интонациялық мәнерлеудің түрлі тәсілдерін қолданады. |
4 |
Сөздік қорды қалыптастыру | ----------- |
Ойыншық, киім, аяқкиім, ыдыс, жиһаз, көгөніс пен жеміс, үй жануарлары мен олардың төлдерінің атауларын, көлік құралдарын және жеке бас гигиенасы заттарын білдіретін сөздерді атайды. | Барлық қимылдарды, заттар мен құбылыстарды, олардың белгілері мен сапасын атайды. |
Сөйлеуде күнделікті көп қолданылатын сын есімдерді, етістіктерді, қолданады. |
Сөйлеуде антоним, синоним сөздерді қолдана отырып, тілдегі сөздің көп мағыналығын түсінеді |
5 | Тілдің грамматикалық құрылымы | ----------- |
Қазақ халқының құндылықтарына қызығушылық танытады; өз ойын айтады | Қажетті сөздер мен сөз тіркестерін қолданады. | Сөйлемдегі сөздерді байланыстырады, көмекші сөздерді дұрыс қолданады. | Түбірлес сөздерді жасап қолдана біледі, етістіктерді жалғаулармен қолданады, сөйлеу әдебін, жай және жайылма сөйлемдерді қолданады. |
6 |
Байланыстырып сөйлеу | ------------. |
Ересектердің сөзін түсінеді, қарапайым және неғұрлым күрделі сұрақтарға жауап береді. |
Ересектердің сөзін тыңдайды және түсінеді, сұрақтарға түсінікті жауап береді. | Сөйлегенде сөйлемдердің түрлерін (жай және күрделі), сын есімдерді, етістіктерді, үстеулерді, қосымшаларды қолданады; түсінікті сұрақтар қойып және қойылған сұрақтарға дұрыс, толық жауап береді. |
Негізгі ойды дұрыс жеткізеді, өз пікірін айтады |
7 | Көркем әдебиет |
Тиісті суреттерді қолдана отырып, шағын әңгімелерді, өлеңдерді, тақпақтарды тыңдайды және түсінеді; кітаптардағы суреттерді өз бетінше қарайды. |
Таныс шығармаларды көрнекіліксіз тыңдайды; кітаптардағы иллюстрацияларды қарайды, суреттердің мазмұны бойынша қойылған сұрақтарға жауап береді, халық ауыз әдебиеті туындыларына эмоционалды үн қатады. |
Әдеби шығармалардың мазмұнын тыңдайды және түсінеді; | Таныс ертегілер мен әңгімелердің мазмұнын қайталап айтады; кітаптағы иллюстрацияларды өз бетінше қарайды, ертегі әңгіме құрастырады, өзіне ұнайтын бірнеше шығармаларды атай алады, әдеби кейіпкерлерді ойында қолданады. |
Өлеңдерді мәнерлеп, интонациямен оқиды; сюжеттің бірізділігін сақтай отырып, |
8 | Қазақ тілі | ----- | ----- |
Қазақ тіліне тән дыбыстарды, осы дыбыстармен берілген сөздерді айтады; |
Айналасындағы өзін қоршаған ортадан тыс заттар мен құбылыстар туралы біледі; |
Қоршаған ортаға өзінің қарым-қатынасын білдіреді; |
9 | Сауат ашу негіздері | ----- | ----- | ----- | ----- |
Сөздерді буындарға бөледі, олардың саны мен ретін анықтайды; берілген буынға сөз құрастырады; сөздегі буындардың санын анықтайды; |
Танымдық және зияткерлік дағдыларды дамыту | ||||||
1 | Сенсорика | Заттармен әртүрлі әрекеттер (ашу-жабу, өткізу-шығару, домалату, қадау, сабақтау, қою, байлау, төсеу) орындайды; біртекті заттарды ортақ белгісі (өлшемі, пішіні) бойынша топтастыра біледі. |
Үлгі мен ауызша нұсқауға сүйеніп, тапсырмаларды орындайды; заттарды негізгі түсі, көлемі, пішіні бойынша ажыратады. | ----------- | ----------- | ----------- |
2 | Математика негіздері | ----------- | ----------- |
"Көп", "бір" ұғымдарын ажыратады; қоршаған ортадан бір немесе бірнеше бірдей затты табады; салыстыру (қатар қою, беттестіру) тәсілімен заттарға тән айырмашы-лықтарды таниды және атайды. |
5 көлемінде санай алады, сандарды ретімен атайды; |
10 көлеміндегі сандарды тура және кері санауды біледі; |
Балалардың шығармашылық дағдыларын, зерттеу іс-әрекетін дамыту | ||||||
1 | Сурет салу | ----------- |
Дөңгелек, ұзын пішіндерге ұқсас заттарды бейнелейді; түстерді ажыратады және оларды дұрыс атайды. |
Сызықтарды, штрихтарды, дақтарды, бояуларды ретімен қолдана біледі; негізгі түстерді дұрыс атайды. |
Пішіні мен түсін ескере | Бояулармен қолдануды, бояғышта акварельді сумен араластыруды, қанық түстер алу үшін қарындашты түрліше басып бояуды біледі. |
2 | Мүсіндеу |
Жалпақ, дөңгелек пішіндерді мүсіндейді. |
Мүсіндеудің қарапайым тәсілдерін (кесектерді үлкен бөліктерден бөліп алады, оларды біртұтас етіп біріктіреді, сазбалшықты өздігінен илей алады) қолданады. |
Бірнеше бөліктерді қосу, қысу, біріктіру арқылы өсімдіктерді және жануарларды мүсіндейді; жеке жұмыстарын ұжымдық композицияларға біріктіреді. |
Бірнеше бөліктен тұратын заттарды пішіндейді, олардың орналасуын ескере отырып, пропорцияларды сақтай отырып, бөліктерді байланыстырады; мүсіндеуде қысу, тарту, басу тәсілдерін қолданады; ертегілер мен қоршаған өмір тақырыптарына қарапайым композициялар құрастырады; |
Сазбалшық, ермексаз және пластикалық массадан мүсіндеу ерекшеліктерін біледі; шынайы бейнесіне қарап және ойдан пішіндері мен өлшемі әртүрлі таныс заттарды мүсіндейді. |
3 |
Жапсыру | --------------- |
Фланелеграфте геометриялық фигураларды, машиналарды, үйлерді, шарларды, гүлдерді орналастырады. |
Ересектер даярлаған ірі және ұсақ элементтерді орналастырады және желімдейді. |
Қайшыны дұрыс ұстайды және оны қолдана алады; | Таныс немесе ойдан әртүрлі бейнелерді, қатпарланып бүктелген қағаздан бірдей бірнеше пішіндерді және екіге бүктелген қағаздан симметриялы пішіндегі заттарды қияды; жапсыруда заттардың өлшеміне қарай арақатынасын, әртүрлі заттардың бөліктерінің пішінін, олардың құрылымын, пропорцияларын береді. |
4 |
Құрастыру | ----------- |
Қарапайым құрылысты үлгі бойынша құрастырады. |
Ірі және ұсақ құрылыс материалдарынан, үлгі бойынша, ойдан құрастыра алады. |
Құрылыс бөлшектерін ажыратады және атайды, оларды құрылымдық қасиеттерін ескере отырып пайдаланады; қағаздан, табиғи және қалдық материалдан құрастырады. |
Қалдық және табиғи материалдан құрастырады; |
5 | Музыка |
Әннің әуені мен сөздерін тыңдайды; айналадағы дыбыстарға еліктейді; музыкамен жүреді; қарапайым би қимылдарын орындайды; барабан және ағаш қасықтарды соғып ойнайды. |
Әнді тыңдайды және оның мағынасын түсінеді; әннің жекелеген сөздері мен буындарын қосып айтады; |
Музыкалық шығарманы соңына дейін тыңдайды; ересектердің дауысына ілесе отырып, олармен бірге ән айтады; билейтін әуендерге сәйкес қимылдарды өз бетінше орындайды. |
Музыкалық шығармаларды алаңдамай соңына дейін тыңдайды; әуенді таза және сөздерді анық айтады; музыканың сипатына сәйкес қимылдарды орындайды. |
Қарапайым музыкалық жанрларды ажыратады (ән, күй, марш, би); |
Әлеуметтік-эмоционалды дағдыларды қалыптастыру | ||||||
1 |
Қоршаған ортамен таныстыру |
Фотосуреттерден өзін таниды; |
Есімін атағанда жауап береді, өзін айнадан және фотосуреттерден таниды; |
Отбасы мүшелері мен өзіне жақын адамдардың есімдерін атайды; |
Бала өзінің "Мен" бейнесін көрсетеді, ойын ашық айтады, өзінің пікірін білдіреді, өзімен санасқанды, өзін құрметтегенді ұнатады; |
Өзінің болашағына, табысты болу үшін білімнің қажеттігін түсінеді; |
2 | Қауіпсіздік |
"Болады", "болмайды", "қауіпті" сөздерінің мағынасын түсінеді; |
Серуенде және сумен, құммен ойындарда қауіпсіздік ережелерін біледі; | Топта, серуенде және табиғатта қауіпсіз мінез-құлық ережелерін сақтайды. |
Ойын барысында, спорт жабдықтарын қолдануда қауіпсіздікті сақтайды; өз өмірінің қауіпсіздігінің қарапайым дағдыларына ие; |
Өз өмірінің қауіпсіздігін түсінеді және сақтайды; |
Ескерту: Ерекше білім беруге қажеттіліктері бар, оның ішінде ақыл-есі кемістігінің жеңіл және баяу дәрежесіндегі балалар үшін біліктер мен дағдылардың тізбесі Стандарттың 1-тармағының 2) тармақшасының талаптарына сәйкес әзірленген жеке және арнайы үлгілік оқу бағдарламаларына сәйкес анықталады.
7-тарау. Қазақ тілін меңгерту үшін қажетті сөздік қоры
Жас топтары | Ерте жас тобы | Кіші топ | Ортаңғы топ | Ересек топ | Мектепалды даярлық тобы/сыныбы |
Жалпы ережелер | Балалардың сөздік қоры отбасы мүшелерінің атауларын, күнделікті жиі қолданатын таныс заттар мен ойыншықтардың атауларын, тағамдардың атауларын, белгілі қимылдарды білдіретін сөздермен толықтырылады. Балалар таныс заттардың атауын есте сақтап, қайталауға үйренеді. | Балаларды педагогтің сөзін түсінуге үйрету. Адамның дене мүшелерін (қол, аяқ, бас), тұрмыстық және ойын әрекетін (қыдыру, тамақтану), әртүрлі өлшемді (үлкен, кіші) білдіретін сөздерді түсінуге, зат есімдерді етістікпен байланыстыруға баулу. | Үш жастағы баланың сөйлеуі екі жасар баланың сөйлеуінен ерекшеленеді. Бұл жаста баланың сөздік қоры толықтырылады. Осы жастағы баланың сөздік қоры шамамен 1000 сөзді құрайды. Бала адамдар, заттар мен құбылыстар туралы қарапайым тұжырымдар жасай алады, жаңа сөздерді есте сақтайды, оларды түрлендіреді (айтылымын өзгертеді, сөз тіркестерін ойлап табады). |
4 жастағы баланың сөздік қоры шамамен (1000-1500) сөзбен толықтырылады. Бала өз ойын ересек адамға анық және нақты жеткізе білуі, сөйлеуде жай және жайылма сөйлемдерді қолдана білуі керек. Бұл жаста балалар күнделікті өзінің қатысуымен болып жатқан оқиғаларды айта алады. |
5 жаста баланың сөздік қоры шамамен 3000 мың сөзді құрауы мүмкін, сонымен қатар байланыстырып сөйлеуі жетіледі. Бала сөйлеу барысында негізгі ұғымдарды еркін қолдана алады. |
Сөздік | Отбасы | ||||
Ана, ата апа. | Ана, әке, ата, апа, әже, мен, сен, ол. | Ана, әке, ата, апа, әже, аға, іні, әпке, мен, сен, ол. | Ана, әке, ата, апа, әже, аға, іні, әпке, мен, сен, ол, біз, сіз, олар. | Ана, әке, ата, апа, әже, аға, іні, қарындас,әпке, сіңлі, мен, сен, ол, біз, сіз, олар. | |
Күнделікті жиі қолданылатын тұрмыстық сөздер | |||||
Су, ауа, топ. | Су, ауа, жел, таза, топ, сабын, күт, қар, жер. | Балабақша, сабын, су, кір, таза, билейік, ән айтамыз, ауа, қар, жел, жаңбыр, суық, ыстық, жылы, жылы киінеміз, жеңіл киінеміз, үстел, орындық, топ, байқа, асықпа, күт, көмектес, жер, орамал. | Балабақша, үй, есік, терезе, дүкен, емхана, сабын, су, кір, таза, билейік, ән айтамыз, ауа, қар, жел, жаңбыр, суық, ыстық, жылы, жылы киінеміз, жеңіл киінеміз, үстел, орындық, топ, байқа, асықпа, күт, көмектес, итерме, таласпа, қала, көше, жол, жолда абайла!, қағаз, қайшы, бояу, кітап, желім, қатты, жұмсақ, жер, мұз, ауа, шеңбер, қалам, қылқалам, сурет, төсек, шана, аққала, орамал. |
Балабақша, үй, есік, терезе, дүкен, емхана, сабын, су, кір, таза, билейік, ән айтамыз, ауа, қар, жел, жаңбыр, суық, ыстық, жылы, жылы киінеміз, жеңіл киінеміз, үстел, орындық, топ, байқа, асықпа, күт, көмектес, итерме, таласпа, қала, ауыл, көше, жол, жолда абайла! баспалдақтан байқап түс, қағаз, қайшы, бояу, кітап, желім, қатты, жұмсақ, жер, мұз, ауа, шеңбер, қалам, қылқалам, сурет, төсек, шана, аққала, орамал | |
Сыпайы сөздер | |||||
Сәлеметсіз бе! Сау болыңыз! Рақмет! | Сәлеметсіз бе! Сау болыңыз! Рақмет! | Сәлеметсіз бе! Сау болыңыз! Рақмет! кешірші, мен олай қайталамаймын, татуласыңдар, бірге ойнайық, алуға бола ма ? | Қайырлы таң! Сәлеметсіз бе! Сау болыңыз! Рақмет! кешірші, мен олай қайталамаймын, татуласыңдар, бірге ойнайық,алуға бола ма ? | Қайырлы таң! Қайырлы күн! Қайырлы кеш! Сәлеметсіз бе! Сау болыңыз! Рақмет! Кешіріңіз! кешірші, мен олай қайталамаймын, татуласыңдар, бірге ойнайық, алуға бола ма? Рұқсат па? Ренжімеңіз! | |
Азық-түлікке қатысты сөздер | |||||
Нан, су, сүт, сорпа, ботқа, алма, шие. | Нан, су, сүт, шәй, май, тоқаш ботқа, сорпа, алма, банан, шие. |
Нан, бауырсақ, шәй, май, ірімшік, сүт, айран, су, тоқаш,сусын, сорпа, ботқа, тамағыңды іш, ас болсын! |
Нан, бауырсақ, шай, май, ірімшік, сүт, қаймақ, тоқаш, айран, жұмыртқа, су, сусын, сорпа, ботқа, дәмді, ащы, тұз, тәтті, қант, айран, ет, балық, тамағыңды іш, ас болсын! |
Нан шәй, май, ірімшік, сүт, қаймақ, айран, жұмыртқа, су, сусын, сорпа, тоқаш, ботқа, дәмді, ащы, тұз, тәтті, қант, ет, балық, тамағыңды іш, ас болсын! | |
Көліктер | |||||
Көлік. | Көлік, кеме. | Автокөлік, кеме, ұшақ, тік ұшақ, пойыз, бесік арба (коляска), велосипед, самокат, жүргіншілер жолы, бағдаршам. |
Автокөлік, ұшақ, тік ұшақ пойыз, велосипед, самокат, жүргіншілер жолы, бағдаршам. |
Автокөлік, ұшақ, тік ұшақ, пойыз, трактор, метро, велосипед, самокат, жедел жәрдем көлігі, жүк көлігі, өрт сөндіргіш көлік, автобус, троллейбус, аялдама, жүргіншілер жолы, бағдаршам. | |
Ойыншықтар | |||||
Доп. | Доп, асық. | Қуыршақ, доп, текше, асық, күрек, шелек. | Доп, текше, қонжық, қуыршақ, асық, шелек, күрек, бесік арба (коляска). | Доп, текше, қонжық, куыршақ, секіртпе, асық, шелек, күрек, бесік арба (коляска), шымылдық. | |
Ыдыстар | |||||
Кесе. | Кесе. | Кесе, қасық, тәрелке. | Кесе, тәрелке, қасық, шанышқы, шәйнек. | Кесе, тәрелке, қасық, шанышқы, пышақ, шәйнек. | |
Дене мүшелері | |||||
Бас, қол, көз. | Бас, қол, аяқ, бет, іш, көз. | Дене, бет, бас, көз, мұрын, ауыз, тіл, тіс, құлақ, шаш, іш, бел, аяқ, қол, саусақ, алақан. | Дене, бет, маңдай, бас, көз, мұрын, ауыз, тіл, тіс, ерін, құлақ, шаш, бет, іш, бел, аяқ, қол. | Дене, бет, маңдай, бас, көз, мұрын, ауыз, тіл, тіс, ерін, құлақ, шаш, бет, іш, бел, аяқ, қол, саусақ, алақан, мойын, иық, арқа, тізе,өкше. | |
Түстер атауы | |||||
Ақ. | Ақ, қара. | Ақ, көк, қара, қызыл, сары, жасыл. | Ақ, көк, қара, жасыл, сары, қызыл, қоңыр. | Ақ, көк, қара, жасыл, сары, қызыл, қызғылт, қызғылт сары, қоңыр, көгілдір. | |
Іс-қимылды білдіретін сөздер | |||||
Бар, бер, кел, жу, апар. | Бар, бер, кел, жу, жүр, отыр, тұр, іш. |
Жүр, отыр, тұр, бар, апар, бер, іш, жу, кел, секір, жүгір, ұйықта, ойна, тығыл, қаш, қу, ұста, жина. | Жүр, отыр, тұр, бар, апар, бер, ал, әкел, іш, жуу, кел, секір, жүгір, қуып жет, ұйықта, ойна, тығыл, қаш, қу, ұста, жина, сапқа тұру, ауыздарыңды жауып шайнаңдар, әбден шайнап жеңдер, майлықпен сүртіңдер, төкпей-шашпай ішіңдер, төсекке байқап міну (тұсу), түймені дұрыс тағу, гүлге су құю, сырғанау. | Жүр, отыр, тұр, бар, апар, бер, ал, әкел, іш, жуу, кел, секір, жүгір, қуып жет, қуып жет те ұста, ұйықта, ойна, тығыл, қаш, қу, ұста, жина, сапқа тұру, ауыздарыңды жауып шайнаңдар, әбден шайнап жеңдер, майлықпен сүртіңдер, төкпей-шашпай ішіңдер, екі топқа бөлініңдер, билендер, тез киіну (шешіну), жолдасына көмектесу, киімдерін ұқыпты жинау, төсекке байқап міну (тұсу), түймені дұрыс тағу, гүлге су құю, сырғанау. | |
Кеңістікті бағдарлау сөздері | |||||
Оң, сол. |
Оң, сол, үстінде, астында, қасында, артында. | Оң, сол, жоғары, төмен, үстінде, астында, қасында, артында, жанында. | Оң, сол, жоғары, төмен, алыс, жақын, үстінде, астында, қасында, артында, жанында, ішінде. | ||
Заттардың санын білдіретін сөздер және реттік сан есімдер | |||||
Аз. |
Аз, көп. | Бір, екі, үш, төрт, бес, аз, көп, бірінші, екінші, үшінші, төртінші, бесінші. | Бір, екі, үш, төрт, бес,алты, жеті, сегіз, тоғыз, он, аз, көп, бірінші, екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы. | ||
Табиғат әлемі | |||||
Ат, ит. | Ат, ит, аю, қар, жел, жылы. |
Күз, қыс, көктем, жаз. |
Күз, қыс, көктем, жаз. |
Күз, қыс, көктем, жаз. | |
Киім-кешек | |||||
Тон, етік. | Тон, етік, шалбар. | Шалбар, көйлек, жемпір, тон, етік. | Шалбар, көйлек, жейде, кеудеше, жемпір, ішкиім, малақай, тон, қолғап, етік. | Шалбар, көйлек, жейде, кеудеше, жемпір, ішкиім, малақай, тон, қолғап, етік, пима, шәлі. |
Ескерту: Қазақ тілін меңгерту үшін қажетті сөздік қоры тәрбиеленушілердің қазақ тілінде ауызекі байланыстырып сөйлеуін түрлі балалар әрекетінде дамыту, сондай-ақ қазақ халқының мәдениетімен, салт-дәстүрлерімен таныстыру, белсенді сөздікті байыту, сөздік нормаларды, мәдениетті қарым-қатынасты игерту үшін қолданылады.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 12 тамыздағы № 499 бұйрығына 2-қосымша |
Сөйлеу тілі жалпы дамымаған балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы
Ескерту. Бұйрық 2-қосымшамен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 29.12.2018 № 721 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Түсіндірме жазба
1. Сөйлеу тілі жалпы дамымаған балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5 және 14 - баптарына сәйкес әзірленді.
2. Бағдарламаның мақсаты сөйлеу тілі жалпы дамымаған (бұдан әрі - СТЖД) балаларда бастауыш мектеп бағдарламасы бойынша әрі қарай ана тілін меңгеруге сапалы дайындыққа және қоршаған ортада әлеуметтік бейімделуге, жалпы дамуына ықпал ететін, қарым-қатынас мәдениетін және сөйлеу белсенділігінің базалық үрдістері мен қызметін қалыптастыру.
3. Бағдарлама міндеттері:
1) қарым-қатынасты қажетсіну деңгейін жоғарылату және қоршаған ортадағы адамдарға қызығушылығын тәрбиелеу;
2) импрессивті және экспрессивті сөйлеуді дамыту (енжар және белсенді сөздікті жүйелендіру және байыту);
3) ауызша байланыстырып сөйлеуді дамыту (диалогтық және монологтық);
4) ауызша коммуникацияның лексико-грамматикалық құралдарын белсендендіру және қалыптастыру;
5) қызығушылықтарын үйлестіруге бағытталған ересектер және құрбыластарымен түрлі өмірлік жағдайлардағы вербалды және вербалды емес құралдарды дамыту;
6) байланыстырып сөйлеудің түрлі бейнелерін және оның белгілерін тани алу икемділігін, әңгімені құрастыру және қайталап айту дағдысын қалыптастыру;
7) артикуляциялық моторика қозғалыстарының кинестетикалық және кинетикалық негіздерін қалыптастыру;
8) толыққанды дыбыс айту дағдыларын (сақталған дыбыстарды нақтылау, жоқ дыбыстарды шығару, бұрмаланып айтылатын дыбыстарды түзету, автаматтандыру және сөйлемдегі басқа дыбыстардан ажырату);
9) шартты түрде есту және көру арқылы қабылдау мен назарды қалыптастыру;
10) фонематикалық есту мен фонематикалық қабылдауды дамыту;
11) сөйлеу кезінде интонациялық құралдарды меңгеру дағдыларын жетілдіру;
12) коммуникативті, ойындық және түрлі әрекеттер процесінде ұйымдастырушылық әрекеттерді, дербестікті, белсенділікті дамыту;
13) мектепке деген ынтаны қалыптастыру және мектепке дайындық.
4. Бағдарлама сөйлеу бұзылыстары бар балаларда ауызша байланыстырып сөйлеудің дамуына, қарым-қатынастың лексико-грамматикалық және фонетико-фонематикалық құралдарының қалыптасуына, сөйлеу кемістіктерін дұрыстауға, эмоционалды-еріктік және танымдық аймақтарының жетілмеуін түзетіп, ЖСТД бар мектепке дейінгі балаларды мектепке оқуға дайындауға және мектепте туындаған мәселелердің алдын алуға ықпал етеді.
5. Әр саладағы күтілетін нәтижелер сабақтардағы оқу мақсаттарының жүйесі арқылы беріледі.
6. Бағдарламаның мазмұны балалардың дене және психологиялық дамуының жас кезеңдерін қамтиды:
1) бірінші кіші топ - 2 - 3 жастағы балалар;
2) екінші кіші топ - 3 - 4 жастағы балалар;
3) ортаңғы топ - 4 - 5 жастағы балалар;
4) мектепке дейінгі ұйымдағы ересектер - 5 - 6 жастағы балалар;
5) жалпы білім беретін мектептегі, лицейдегі, гимназиядағы мектепалды даярлық сыныбы - 6 - 7 жастағы балалар.
2-тарау. Бірінші кіші топ (2-3 жастағы балалар)
1-параграф. "Коммуникация" білім беру саласы
7. "Коммуникация" білім беру саласының базалық мазмұны бұл топта тіл дамыту арнайы түзеу оқу қызметінде жүзеге асырылады.
8. Мақсаты қолжетімді сөйлеу құралдарымен сөйлеу қарым-қатынас дағдыларын және қоршаған ортадағы адамдардың сөйлеуіне қызығушылықты дамыту болып табылады.
9. Міндеттері:
1) сөйлеуді түсінуді дамыту;
2) енжар және белсенді сөздікті кеңейту;
3) тілдің лексико-грамматикалық құралдарын қалыптастыру;
4) түрлі формалар және іс-әрекет түрлерінде ауызша байланыстырып сөйлеудің алғышарттарын қалыптастыру;
5) балаларды бір-бірімен қарым-қатынасқа итермелеу.
2-параграф. 1-жартыжылдық
10. Тіл дамыту: импрессивті сөйлеуді дамыту, экспрессивті сөйлеуді қалыптастыру, фонематикалық түсініктердің алғышарттарын қалыптастыру, жалпы сөйлеу дағдыларын тәрбиелеу.
11. Импрессивті сөйлеуді дамыту:
1) қолжетімді лексикалық тақырыптар бойынша енжар сөздікті жинақтау және қоршаған ортадағы адамдардың сөзін түсіну көлемін кеңейту;
2) заттар мен әрекеттерді олардың ауызша атауымен сәйкестендіре алуға үйрету, түрлі әрекеттерді түсіне алуды қалыптастыру;
3) "ма, ме" демеулік шылауларын пайдаланып болымды және болымсыз етістік бұйрықтарын дифференциациялау;
4) "үстінде" және "жанында" үстеулерін қолдануды үйрету;
5) зат есімнің жекеше және көпше түрін ажырата алуды дамыту;
6) жай сөйлемдерді түсіне алуды дамыту: "бастауыш+баяндауыш", "бастауыш+толықтауыш+баяндауыш";
7) жанама септіктер сұрақтарын түсінуді қалыптастыру;
8) заттық және сюжеттік суреттер бойынша қарапайым сұрақтарды түсінуін балаларға оқыту.
12. Экспрессивті сөйлеуді қалыптастыру (бұнда сөйлеудің кез-келген фонетикалық рәсімделуі рұқсат етіледі):
1) қысқа сөйлемдермен, сөз тіркестерімен, сөздермен ересектердің сөйлеуіне еліктеу қажеттілігін тудыру;
2) ашық буынды бір буынды, екі буынды, үш буынды сөздерді айта алуды дамыту;
3) өзінің есімін, топтағы балалардың, туғандарының есімдерін, лексикалық тақырыптар бойынша заттарды атай алуды дамыту;
4) етістіктер сөздігін кеңейту;
5) заттарды сипаттау үшін сын есімдердің көмегімен түсін, көлемін, дәмін атай алуды дамыту;
6) қарапайым сұрақтарға жауап бере алуға оқыту;
7) сұрақтар бойынша сөз тіркестерін құрастыра алуды қалыптастыру: "Қандай?";
8) "үстінде" және "жанында" үстеулерін қолдануды үйрету;
9) кішірейткіш-еркелету мәніндегі зат есімдерді құрастырып жасауға арналған жаттығу; зат есімдермен "менікі" есімдігін келістіруге арналған жаттығу;
10) суреттер бойынша сөз тіркестерін сын есім + зат есім; зат есім+етістік сызбалары бойынша құрастыруды үйрету;
11) кішігірім балалар тақпақтарының және өтірік өлеңдердің сөздерін аяқтап айта алуды үйрету;
12) сұрақтарға қысқа сөз тіркесімен немесе 2-3 сөзден тұратын қарапайым сөйлеммен жауап бере алуды қалыптастыру.
13. Фонематикалық түсініктердің алғышартын қалыптастыру:
1) дыбыстың орнын және оның бағытын анықтай алу білігін қалыптастыру;
2) дыбысталып жатқан заттың сипатын ажырата алуды дамыту;
3) тілдік және тілдік емес дыбыстарға еліктеуге оқыту.
14. Жалпы сөйлеу біліктерін тәрбиелеу:
1) балаларға қарым-қатынас орнатушы сұрақтарды түсінуді үйрету;
2) қарым-қатынастың вербалды емес құралдарын түсіне алуды дамыту: таңдану, тәнті болу, өкіну интонациясы, қарапайым эмоция, ым-ишара, қимыл-қозғалыс және мимика бар сұрақтар интонациясы;
3) қолмен еліктеу қимыл-қозғалыстарын орындай алуға үйрету; ым-ишарамен сәлемдесу немесе қоштасу; интонация: ым-ишараға және мимикаға сәйкес, балаларға қолжетімді вербалды құралдарды белсендендіру.
15. Күтілетін нәтижелер:
1) құрбыластарымен қарым-қатынасқа түсе алады, ересектердің сөзіне құлақ салады және оның мазмұнын түсінеді;
2) қарым-қатынастың қарапайым вербалды емес құралдарын түсінеді: таңдану, тәнті болу, өкіну интонациясы, сұрақ қою интонациясы;
3) өткен лексикалық тақырыптар бойынша заттардың белгіленуін, тұрмыстық ойын әрекеттерін, заттарды сипаттау кезіндегі қарама-қарсы сапаларды білдіретін сөздерді түсінеді (үлкен-кіші);
4) қарапайым қарым-қатынасты-орнатушы сұрақтарды түсінеді;
5) сюжеттік, заттық суреттер бойынша қарапайым сұрақтарлы түсінеді;
6) жанама септіктердің сұрақтарын түсінеді;
7) атау септігіндегі зат есімдердің жекеше және көпше түрін ажыратады;
8) бұйрық және ашық райдағы қарапайым етістіктерді сөйлеу кезінде қолданады;
9) аса қарапайым сөйлемдерді түсінеді;
10) қарапайым заттар мен әрекеттерді олардың сөйлеу белгілеуімен сәйкестендіре алады;
11) тұрмыстық орта және өтілген лексикалық тақырыптар бойынша заттарды, топтағы балалардың, туған-туысқандардың, өзінің есімін атай алады;
12) кез-келген фонетикалық рәсімделуінде қысқа сөйлемдермен, сөз тіркестерімен, сөздермен ересектердің сөйлеуіндегі тілдік және тілдік емес дыбыстарға еліктейді.
3-параграф. 2-жартыжылдық
16. Тіл дамыту: импрессивті сөйлеуді дамыту, экспрессивті сөйлеуді дамыту, фонематикалық түсініктер алғышарттарын қалыптастыру, жалп сөйлеу дағдыларын тәрбиелеу.
17. Импрессивті сөйлеуді дамыту:
1) лексикалық тақырыптар бойынша енжар сөздікті жинақтауды жүзеге асыру және қоршаған ортадағы адамдардың сөзін түсіну көлемін кеңейту;
2) заттарды белгілейтін сөздерді олардың күнделікті өмірдегі әрекетімен сәйкестендіре алуды бекіту;
3) "астында", "артында" үстеулерінің мәнін түсінуді қалыптастыру;
4) оқылған ертегінің мазмұны бойынша қарапайым сұрақтарды түсіне алуды балаларға оқыту;
5) өткен шақтағы етістіктердің түрін сөйлеуде ажырата алуға арналған жаттығу.
18. Экспрессивті сөйлеуді қалыптастыру (сөйлеудің кез-келген фонетикалық рәсімделуімен):
1) "астында", "артында" үстеулерін қолдану икеміне үйрету;
2) ересектердің қарапайым сұрақтарына балалардың қысқа сөз орамдарымен жауап беруі негізінде сөйлеудің диалогтық түрін дамыту;
3) сөйлеуге үстеулерді енгізу: "анда-мында";
4) екі-үш сөзді сөйлемдерді қолдана алуды бекіту;
5) ересекпен басталған сөйлемдерді аяқтай алуға үйрету (көруге сүйену негізінде);
6) дыбыс еліктеуден тұратын, қарапайым өтірік өлеңдер мен тақпақтарды жаттау.
19. Фонематикалық түсініктердің алғышартын қалыптастыру:
1) заттардың дыбысталу ретін есте сақтай алуды қалыптастыру;
2) балалардың дауысын, жануарлардың дауысын ажырата алуды дамыту;
3) дыбысқа еліктеу тізбегін есте сақтай алуға оқыту.
20. Жалпы сөйлеу біліктерін тәрбиелеу:
1) сөйлеудің ритмикалық бейнесін, интонациясын сәйкесінше айтуға үйрету;
2) буындарда, сөздерде, сөз орамдарында ерте онтогенез дыбыстарын және дауысты дыбыстарды айту дағдыларын қалыптастыру;
3) сәлемдесу және қоштасу кезінде әдептілік формаларын қолдану дағдысын дамыту;
4) суреттегі эмоциялық жағдайды және дене тұрысын, ым-ишара, мимика мағынасын анықтай алу икемін қалыптастыру;
5) қарым-қатынастың вербалды құралдарын белсендендіру.
21. Күтілетін нәтижелер:
1) қоршаған ортадағы адамдардың сөзін түсінеді және құрдастарымен қарым-қатынасқа түседі;
2) енжар қолданыста қарапайым әрекеттерді бейнелейтін сөздер және кейбір лексикалық тақырыптар бойынша сөздер бар;
3) тұрмыстық қолданысты заттарды бейнелейтін сөздермен, олардың күнделікті өмірдегі әрекетімен сәйкестендіре алады;
4) сөйлеудің қарапайым грамматикалық формаларын түсінеді;
5) оқылған ертегінің мазмұны бойынша сұрақтарды түсінеді;
6) балалардың дауыстарын, жануарлардың дауыстарын, дауысқа еліктеулерін ажырата алады;
7) буындарда, сөздерде және сөз тіркестерінде ерте онтогенездегі дауысты және дауыссыз дыбыстарды айта алады;
8) дыбысқа еліктеуі бар өтірік өлеңдер мен қарапайым тақпақтарды жаттай алады;
9) өзі туралы, отбасы туралы, сүйікті ойыншықтары туралы сұрақтарға жауап бере алады;
10) екі құрамды сөйлемдермен және бірнеше сөздерден құралған сөйлемдермен қолданады.
3-тарау. Екінші кіші топ (3-4 жастағы балалар)
1-параграф. "Коммуникация" білім беру саласы
22. Бұл топтағы "Коммуникация" білім беру саласының базалық мазмұны тіл дамыту арнайы түзеу оқу қызметінде жүзеге асырылады.
23. Мақсаты қоршағандардың сөйлеуіне қызығушылықты және ауызша байланыстырып сөйлеуді дамыту, сөздік қорды кеңейту болып табылады.
24. Міндеттері:
1) сөйлеуді түсінуді дамыту;
2) тілдің лексико-грамматикалық құралдарын қалыптастыру;
3) фонематикалық естуді және сөйлеудің дыбыстық мәдениетін дамыту;
4) байланыстырып сөйлеудің қарапайым дағдыларын қалыптастыру;
5) балаларды құрдастармен қарым-қатынас жасауға ниеттендіру.
2-параграф. 1-жартыжылдық
25. Тіл дамыту: импрессивті сөйлеуді дамыту, экспрессивті сөйлеуді қалыптастыру, байланыстырып сөйлеуді дамыту, фонематикалық түсініктер алғышарттарын қалыптастыру, қарым-қатынас дағдыларын дамыту.
26. Импрессивті сөйлеуді дамыту:
1) лексикалық тақырыптар бойынша енжар сөздікті әрі қарай дамыту. "бір-көп" түсінігін сәйкестендіре алуды қалыптастыру;
2) жекеше және көпше түрдегі зат есім мен етістіктерді түсіне алуды балаларға үйрету;
3) кішірейткіш-еркелету мәніндегі сөздерді пайдалануды үйрету;
4) жағдаяты бойынша ұқсас, іс-әрекет мағынасы және белгілері бойынша қарама-қарсы әрекеттерді ажырата алуға оқыту;
5) тәуелдік сын есім түсінігіне оқыту;
6) зат есім және етістіктердің жекеше және көпше түрдегі грамматикалық категорияларын түсінуді қалыптастыру.
27. Экспрессивті сөйлеуді қалыптастыру:
1) тұтас заттың бөліктерін атауды және ажырата алуды қалыптастыру;
2) жалпы белгілері бойынша заттарды топтастыра алуға үйрету;
3) заттардың сапасын және ерекшеліктерін бейнелейтін сөздермен балалардың сөйлеу тілін молайту;
4) екі буынды сөздерді екпінді бірінші буынға қоюмен айтуға үйрету;
5) бір буынды сөздерді айтуға үйрету;
6) екі құрамды сөйлемдер және бірнеше сөздерден құралған сөйлемдермен қолдана алуға үйрету;
7) сөзжасамның алғашқы дағдыларына оқыту;
8) кішірейткіш-еркелету мәніндегі заттарды атау мен ажырату;
9) зат есімнің септік түрін меңгеруге оқыту (табыс, ілік, барыс, көмектес, жатыс септіктер);
10) сөйлеуде бұйрық түрдегі етістіктерді қолдану және түсіну;
11) зат есімдердің сын есіммен жақ түрінде, жекеше, көпше түрінде үйлестіре алуына үйрету ("үлкен доп", "жаңа кітаптар").
28. Байланыстырып сөйлеуді қалыптастыру (сөйлеудің кез-келген фонематикалық рәсімделуімен):
1) екі құрамды сөйлемді меңгеруге оқыту ("Анам отыр", "Әкем жүріп келеді");
2) балалардың күнделікті әрекеті, сурет бойынша, қимыл-қозғалыстарды демонстрациялау негізінде қарапайым сөйлемді құрастыруға үйрету;
3) сұрау сөйлемдерін құрастыруды оқыту "Бұл не?", "Бұл кім?", "Сенің есімін қалай?";
4) тақпақтар, өтірік өлеңдерді айтуды аяқтайтын жаттығуларды орындау.
29. Фонематикалық түсініктердің алғышартын қалыптастыру:
1) тілдік және тілдік емес дыбыстарды ажырата алуды тәрбиеле;
2) қарапайым артикуляциялық жаттығуларды орындауды үйрету;
3) дұрыс айтылатын дыбыстардан құралатын, ашық және жабық буынды бір,екі,үш буынды сөздерді айта алуға үйрету.
30. Коммуникативтік дағдыларды дамыту:
1) ситуативті-іскерлік қарым-қатынас түрінде вербалды және вербалды емес құралдарды жаңғыртуға және қабылдай алу икемділігіне оқыту;
2) ойын жағдаяттарын қолдана отыра, вербалды айқын сұрақтар бойынша диалогтік қарым-қатынасқа оқыту;
3) қатынас орнатушы сұрақтарды қолдануды және түсіне алуды оқыту;
4) мимика және пантомимика көмегімен достық сезімін білдіру, сыпайы түрде өтіну, алғыс білдіру формулаларға оқыту.
31. Күтілетін нәтижелер:
1) ересек адамдармен қарым-қатынасқа жасайды;
2) заттарды олардың сапалық белгілері және функционалдық тағайындалуымен сәйкестендіре алады;
3) кішірейткіш-еркелету, тәуелдік мәніндегі сын есімдерді ажырату;
4) мағынасы бойынша қарама-қарсы және жағдайы бойынша жақын әрекеттер мен белгілерді ажырата алады;
5) кейбір көмекші сөздердің, табыс, ілік, барыс, көмектес, жатыс септіктердің, зат есім және етістіктің жекеше, көпше түрінің грамматикалық категорияларын түсінеді;
6) сөз тіркестерін, екі құрамды және қарапайым сөйлемдерді қолданады;
7) сұрау сөйлемдерін құрастырады;
8) қарапайым артикуляциялық жаттығуларды орындайды;
9) дұрыс айтылатын дыбыстардан құралатын, ашық және жабық буынды бір,екі,үш буынды сөздерді айта алады;
10) тақпақтар, өтірік өлеңдерді аяқтап айта алады.
3-параграф. 2-жартыжылдық
32. Тіл дамыту: ипрессивті сөйлеуді дамыту, экспрессивті сөйлеуді қалыптастыру, байланыстырып мөйлеуді дамыту, фонематикалық түсініктер алғышарттарын қалыптастыру, коммуникативтік дағдыларын дамыту.
33. Импрессивті сөйлеуді дамыту:
1) дидактикалық жаттығулар және ойын үрдісінде лексикалық тақырыптар бойынша енжар сөздік қорды кеңейту, нақтылау;
2) жақтық және өздік етістіктері айқын әрекеттерді ажырата алуға оқыту;
3) жекеше түрдегі өткен шақтағы етістіктерді ажырата алу икемін қалыптастыру;
4) зат есімнің кейбір септік түрлерін түсіне алуды дамыту;
5) етістіктердің мағынасын өзгертетін қосымшаларды түсігн алды дамыту;
6) етістіктердің мағынасын өзгеруіне әсер ететін тәуелдік сын есімдерді, кішірейткіш-еркелету мәніндегі сөздерді ажырата алу икеміне үйрету.
34. Экспрессивті сөйлеуді қалыптастыру:
1) дидактикалық жаттығулар және ойын арқылы лексикалық тақырыпты меңгеру үдерісінде белсенді сөздікті молайту;
2) екінші буынға екпінді қоя отыра екі буынды сөздерді айтуға үйрету;
3) үш буынды сөздерді айтуға үйрету;
4) жай сөйлеммен ертегі мазмұны және сурет сюжеті бойынша сұрақтарға жауа бере алуды дамыту;
5) жекеше түрдің 2 жағындағы бұйрық түріндегі етістіктерді осы шақ етістігіне өзгерте алуды қалыптастыру;
6) екі сөзді және екі құрамды сөйлемдерде меңгерілген етістік формаларын қолдану;
7) сөйлеуде "ішінде", "үстінде", "артында" үстеулерін қолдануға үйрету.
35. Байланыстырып сөйлеуді қалыптастыру, бірақ балалардың сөйлеуінде морфологиялық элементтердің болуына көңіл аудару:
1) жайылма сөйлемді құра алуға оқыту: ілік септігінің жалғауы және заттық суреттер мен сұрақтарға сүйене отыра басқа септіктердің жалғауларының көмегімен;
2) қысқа тақпақтарды жаттау.
36. Фонематикалық түсініктердің алғышартын қалыптастыру:
1) жеке дыбыстардың айтылуы және жануарлардың дауысқа еліктеуін ажырату;
2) дыбысты-буындық құрылымы бойынша ұқсас сөздерді естуге дифференциациялауға оқыту ("үйшік-күшік", "ойнайды-орайды");
3) түрлі дыбыстық топтасудағы екі-үш буынды сөздерді айтуға үйрету.
37. Коммуникативтік дағдыларды дамыту:
1) сюжеттік бейнелеу кейіпкерлерінде эмоционалдық жағдайды анықтай алуға үйрету: сюжеттік бейнелеу кейіпкерлерінің эмоционалдық жағдайын қабылдай және көрсете алу икемділігі;
2) ойын ситуацияларын қолдана отыра, отбасы мүшелерімен қарым-қатынас жағдайында коммуникативтік дағдыларды белсендіру;
3) отбасы мүшелерінің іс-әрекетін және өзінің жеке іс-әрекетін сипаттап бере алу икемділігіне оқыту;
4) ойын ситуациларын құра отырып, құрдастарымен қарым-қатынасқа балаларды итермелеу;
5) мимика және пантомимика көмегімен қатынас-орнатушы сұрақтарды қолдану және түсіну, достық сезімін білдіру, сыпайы түрде өтіну, алғыс білдіру дағдыларын бекіту.
38. Күтілетін нәтижелер:
1) өзі туралы, отбасы туралы, сүйікті ойыншықтары туралы мағлұматты сұрақтарға жауап береді;
2) кейбір жай көмекші сөздердің, етістіктердің ашық және бұйрық райдағы грамматикалық категорияларын түсінеді;
3) етітіктің мғынасын өзгертетін қосымшаларды ажыратады;
4) қарапайым сұрақтарды қояды;
5) қарапайым ақпаратпен бөліседі;
6) толықтыруларды пайдаланып жайылма сөйлемді қолданады;
7) түрлі дыбыстық топтасудағы екі-үш буынды сөздерді айтады;
8) саусақ гимнастикасының мәтіндерін, өтірік өлеңдер, қысқа тақпақтарды жаттайды.
4-тарау. Ортаңғы топ (4- 5 жастағы балалар)
1-параграф. "Коммуникация" білім беру саласы
39. Бұл топтағы "Коммуникация" білім беру саласы бағдарламасының базалық мазмұны "Тіл дамыту" арнайы түзету оқу әрекетінде жүзеге асырылады.
40. Мақсаты - тілдің лексико-грамматикалық құралдарын белсендендіру болып табылады.
41. Міндеттері:
1) үстеу, сын есім, етістік, жалпы қолданыстағы зат есімдер есебінен балалардың енжар және белсенді сөздіктерін байыту;
2) тілдің грамматикалық құралдарын белсендендіру;
3) ересек адамдармен және балалармен еркін қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыру;
4) диалогтік фразалық сөйлеуін дамыту.
2-параграф. 1-жартыжылдық
42. Тіл дамыту: импрессивті сөйлеуді дамыту, экспрессивті сөйлеуді қалыптастыру, байланыстырып сөйлеуді дамыту, сөйлеудің дыбыстық мәдениетін дамыту, қарым-қатынастың вербалды және вербалды емес құралдарын дамыту.
43. Импрессивті сөйлеуді дамыту:
1) болымды және болымсыз бұйрықтарды түсіне алуға оқыту;
2) мағынасы бойынша қарама-қарсы әрекеттерді ажырата алуға үйрету;
3) мағынасы бойынша қарсы сын есімдердің орнын түсіну.
44. Экспрессивті сөйлеуді дамыту:
1) сөйлеу тілінде жай сөйлемдерді қолдана алуға үйрету;
2) сөйлеу тілінде септікті қолдану икемін дамыту;
3) "мен" жіктеу есімдігін зат есіммен келістіруді балаларға үйрету;
4) жекеше, көпше түрінде зат есімнің сын есіммен келістіру дағдысын дамыту;
5) тәуелдік сын есімді құрастыра алуды дамыту.
6) мағынасы бойынша қарама-қарсы сын есімдерді қолдануды дамыту;
7) кішірейткіш-еркелету мәніндегі заттарды атауды үйрету икемін бекіту.
45. Байланыстырып сөйлеуді дамыту:
1) өзіндік фразалық сөйлеуді қолдануға үйрету;
2) пысықтауыш, анықтауыш, көмекші сөздер және көмекші сөздерсіз толықтаулармен сөйлемдерді жайылта алу икемін дамыту;
3) кішігірім әңгіме немесе ертегі мазмұны бойынша сөз орамдар және сөйлемдерде сөздерді аяқтап айтуға оқыту;
4) ертегілерден үзінді, көлемі бойынша үлкен емес, өтірік өлеңдер, тақпақтарды жатқа алу икемін дамыту.
46. Сөйлеудің дыбыстық мәдениетін дамыту:
1) сөйлеудің айтылым жағынын және фонематикалық түсініктердің алғышарттарын дамыту;
2) берілген буындық құрылымдағы сөздерді айтуға үйрету: сөздің басында дауысты дыбысы бар сөздер "кітап", сөз ортасында "ыстық", сөз аяғында "қарт".
47. Қарым-қатынастың вербалды және вербалды емес құралдарын дамыту:
1) бала басқа балаларды тыңдай алатын, балалар, ересек адамдармен қарым-қатынас орната алатын жағдайлар жасау;
2) диалог барысында сұрақтар қоя білуін және оларға жауап қайтара алуын бекіту, өтініш және алғыс білдіру кезінде қарапайым сыпайылықты көрсету алуға үйрету;
3) диалогқа дер кезінде түсуді және әңгімені аяқтауды дамыту.
48. Күтілетін нәтижелер:
1) диалогтік- қарым-қатынастың негізгі түрін қолданады;
2) үлкендерге "сіз" деп айта отыра, сұрақтарға және өтініштерге жауап береді, құрбыластарымен және ересек адамдармен қатынасқа түсе алады;
3) мағынасы бойынша қарама-қарсы етістіктер мен сын есімдердің орнын түсінеді;
4) үстеу, сын есім, етістік, жалпы қолданыстағы зат есімдерді қолданады;
5) жекеше, көпше түрінде есімдікті зат есіммен, сын есімді зат есіммен келістіре алады;
6) кейбір артикуляциялық жаттығуларды орындай алады;
7) берілген буындық құрылымдағы сөздерді айтады: сөздің басында, сөз ортасында, сөз аяғында дауысты дыбысы бар сөздер;
8) жайылма сөйлемдерді құрастыра алады.
3-параграф. 2-жартыжылдық
49. Тілді дамыту: импрессивті сөйлеуді дамыту, экспрессивті сөйлеуді қалыптастыру, байланыстырып сөйлеуді дамыту, өйлеудің дыбыстық мәдениетін дамыту, қарым-қатынастың вербалды және вербалды емес құралдарын дамыту.
50. Импрессивті сөйлеуді дамыту:
1) жалпылама сипаттағы сөздермен енжар сөздікті толықтыру: тәулік бөліктері, жыл мезгілдерінің атауы;
2) көмекші есімдермен "астында", "жанында" айқындалған, кеңістік қатынасын түсінуіне үйрету;
3) "астында-үстінде", "алдында-артында-жанында", "алыс-жақын" үстеу мәндерін түсінуді үйрету;
4) ұқсас жағдайларды белгілейтін, іс-әрекеттерді ажырата алуды қалыптастыру;
5) етістіктің болымды және болымсыз түрін ажыратуға үйрету.
51. Экспрессивті сөйлеуді қалыптастыру:
1) лексикалық тақырыптар бойынша үстеу, сын есім, етістік, жалпы қолданыстағы зат есім есебінен белсенді сөздікті молайту;
2) сөйлеуде септікті сөз түрлендіруді қолдана алуды дамыту;
3) үш көлемінде сан есімдерді зат есімдермен келістіруді, өздік етістіктерді құра алуға үйрету.
52. Байланыстырып сөйлеуді дамыту:
1) берілген графикалық схема бойынша сөйлемдерді құра алуға оқыту: "кім? - сипаты- зат - әрекет";
2) "және", "содан соң" жалғаулық шылаулары бар салалас құрамалас сөйлемдерді құра алуға оқыту;
3) схема және тірек суреттері бойынша қысқа сипатта әңгімелерді құрастыра алуға үйрету;
4) схема және тіреу суреттері бойынша кішігірім ертегілер мен әңгімелерді қайта айтып беруге оқыту;
5) ертегі ішінен ұсынылған сюжет бойынша сахналауға үйрету.
53. Сөйлеудің дыбыстық мәдениетін дамыту:
1) сөйлеудің айтылым жағынын және фонематикалық түсініктердің алғышарттарын дамыту;
2) дауыссыз дыбыстары үйлескен екі - үш буынды сөздерді айтуға үйрету.
54. Қарым-қатынастың вербалды және вербалды емес құралдарын дамыту:
1) сөз сөйлеуді өз мағынасы және логикалық екпіні бар, сөйлеу бөліктеріне бөлуді үйрету;
2) қарым-қатынастык элементарлы ситуацияларына үйрету.
55. Күтілетін нәтижелер:
1) құрбыластарымен және ересек адамдармен қатынасқа түседі, олардың өтініштерін орындайды;
2) кейбір үстеулерді мағынасын түсінеді; ұқсас жағдайларды белгілейтін іс-әрекеттерді ажыратады;
3) кейбір сөз жасам біліктерін меңгерген;
4) дауыссыз дыбыстары үйлескен екі - үш буынды сөздерді айтады;
5) сөйлеу тілінді жай көмекші сөздерді, жайылма сөйлемдерді қолданады;
6) сюжетті суреттер бойынша сөйлемдер құрастырады, сипаттама бойынша қысқа әңгімелерді құрастырады және қайта айтып береді.
5-тарау. Ересектер тобы (5-6 жастағы балалар)
1-параграф. "Коммуникация" білім беру саласы
56. Бұл топтағы "Коммуникация" білім беру саласының базалық мазмұны тіл дамыту, сауат ашу және жазу негіздері, дыбыс айту қабілеті арнайы түзеу оқу қызметтерінде жүзеге асырылады.
57. Мақсаты ауызша байланыстырып сөйлеуді және балалардың шығармашылық белсенділігін дамыту, фонемтикалық есту мен толыққанды айту дағдыларын дамыту, оқудағы қарапайым дағдыларын қалыптастыру болып табылады.
58. Міндеттері:
1) ауызша коммуникацияның лексико-грамматикалық құралдарын белсендендіру;
2) қоршаған орта адамдарымен еркін қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыру;
3) түрлі іс-әрекетте ауызша байланыстырып сөйлеуді дамыту (диалогтік және монологтік);
4) дұрыс дыбыс айтуды қалыптастыру;
5) фонетикалық-фонематикалық түсініктерді қалыптастыру;
6) қолдарды жазуға даярлау;
7) түрлі тұрмыстық жағдайларда қарым-қатынас және жүріс-тұрыс мәдениетін тәрбиелеу;
8) коммуникативті, ойын және түрлі іс-әрекет барысында шығармашылық белсенділікті, дербестікті, ұйымдастырушылық әрекетті дамыту.
2-параграф. 1-жартыжылдық
59. Тілді дамыту: импрессивті және экспрессивті сөйлеуді ары қарай дамыту, дамыту, байланыстырып сөйлеуді дамыту (диалогтік және монологтік), комммуникативтік дағдларды дамыту.
60. Импрессивті және эксперссивті сөйлеуді әрі қарай дамыту:
1) қоршаған ортадағы түрлі заттарды сипаттау үшін қажетті заттардың атауын, әрекетін, сипаттамасын қолдана алуды дамыту;
2) антонимдер, синонимдер, заттардың топталуы бойынша жалпылама сөздерді қолдану және түсіне алуды үйрету;
3) лексикалық тақырыптар бойынша белсендікті сөздікті кеңейту, молайту және жалпылау;
4) балаларды барлық сөз таптарын қолдануға ынталандыру;
5) арнайы сөздер - терминдерді қолдануды және түсіне алуды үйрету, мысалы: "қайта айту", "сөйлем";
6) белгілі бір затқа сипаттамалар мен әрекеттерді және берілген әрекетке заттарды таңдай алу икеміне үйрету.
61. Диалогтік және монологтік байланыстырып сөйлеуді дамыту:
1) сипаттама әңгімелеуді, заттарды салыстыру әңгімелеуін сюжетті сурет бойынша әңгімелеуді құрастыру және қайта айтуды, оқылған мәтінді қайта айтуға оқыту;
2) әңгімені үлгі бойынша, жоспар бойынша, орындалған сурет құрастыруға үйрету;
3) сызбаға сүйене отыра байланыстырылған, бірізді монологтік сөз айтуды құруға оқыту;
4) кейіпкердің эмоционалдық күйін көрсете отыра, рөл бойынша оқылған шығарманың сюжетін ойнап бере алуды дамыту;
5) ересек адамның көмегімен әңгіменің жалғасын және соңынын ойдан құрастыра алуға үйрету, қарапайым жайылма сөйлемдерді құрастыруға жаттығу;
6) тәуелдік жалғаулы есімдіктерді қолдануды үйретуді дамыту;
7) түрлі материалдар, өсімдіктер, азық-түлікке сәйкестендіру мағынасымен қатыстық сын есімдерді жасай алу икеміне оқыту;
8) "үстінде", "астында", "ішінде", "одан", "оған", "сонымен" шылауларын зат есіммен қоса қолдану дағдыларын бекіту;
9) сөйлемді бірыңғай мүшелермен жазуды қалыптастыру, сөйлемде жекеше және көпше түрдегі, септіктегі сөздерді келістіре алуды бекіту;
10) етістіктерді қосымшалармен құрастыру білігіне үйрету;
11) дауыс ырғағы бойынша сөйлемдерді ажырата алуға үйрету: сұрау, лепті, хабарлау дауыс ырғақтары;
12) көпше түрдегі зат есімнің ілік септігінде дұрыс қолданылуын бекіту.
62. Коммуникативтік дағдыларды дамыту:
1) 3-4 сөзден тұратын сұрақтар бойынша диалогтік қарым-қатынасты дамыту;
2) сөз сөйлеуді өз мағынасы және логикалық екпіні бар, сөйлеу бөліктеріне бөлуді дамыту;
3) сөйлеу ағымында сұрау дауыс ырғағын ажырата алуды, сөйлеу кезінде сұрау сөздерін қолдана алуды үйрету.
63. Күтілетін нәтижелер:
1) жалпылама мағынасы бар сөздерді қолданады;
2) дербес сөйлеу тілінде жай және күрделі сөйлемдерді қолданады;
3) қатыстық сын есімдерді жасай алады;
4) сөйлеу ағымында дауыс ырғағы бойынша сөйлемдерді ажыратады: үйрету: сұрау, лепті, хабарлау дауыс ырғақтары;
5) жай және кейбір күрделі көмекші сөздерді қолданады;
6) бірыңғай мүшелері бар сөйлемді құрастырып жаза алады;
7) көрнекі материалдарға сүйене отыра сюжетті сурет бойынша хабарлы әңгімелерді, заттар және құбылыстар жайлы сипаттама және салыстырмалы әңгімелерді құрастырады және қайта айтып бере алады;
8) сөйлеуді өз мағынасы және логикалық екпіні бар, сөйлеу бөліктеріне бөле алады;
9) кейіпкердің эмоционалдық күйін көрсете отыра, рөл бойынша оқылған шығарманың сюжетін ойнап бере алады.
64. Жазу мен сауат ашу негіздері: сөйлеудің бірлігі ретінде дыбыс туралы түсініктерді қалыптастыру, сөйлем құрылымын түсінуді қалыптастыру, ырғақ сезімін тәрбиелеу, сөздерді буынға бөлумен таныстыру, фонметикалық талдаудың қарапайым формаларын дамыту, фонематикалық түсініктерді қалыптастыру, дыбыстарды интонациялық ерекшелеу.
65. Дыбыстың сөйлеу бірлігі ретінде түсінігін қалыптастыру:
1) тілдік емес дыбыстарға назарын аудару, балаларда дыбысқа ерекше назарын аударуды қалыптастыру, дыбыстың шығып жатқан орнын анықтай алу икемділігіне үйрету;
2) дыбысталуы бойынша бір-біріне жақын және қарама-қарсы тілдік емес дыбыстарды салыстыра алуға үйрету. Дыбысқа еліктеу, музыкалық аспаптар, шиқылдауыш ойыншықтарды қолданумен түрлі қаттылықтағы (қатты-ақырын), жоғарылықтағы (жоғары-төмен) дыбыстарды қабылдау кезіндегі есту зейінің дамыту;
3) музыкалық аспаптарды қолдану арқылы "ұзын" және "қысқа", "қатты" және "ақырын дыбыстау" түсініктерін қалыптастыру, өйлеуге есту зейінін тәрбиелеу, есту зейініне, сөздің дыбыстық қатпарына есту зейінін дамыту, сөйлеу дыбыстарын тануға үйрету;
4) дыбыстың нақты есту бейнесін қалыптастыру;
5) бір сөзді қатты және ақырын айтуға болатыны жайлы түсінігін қалыптастыру, сөздер бірдей және әр түрлі айтылуы туралы түсініктерін қалыптастыру;
6) дыбысталуы бойынша бірдей және әр түрлі "дос" сөздерді таңдай алуға балаларды үйрету, балаларды дыбыстың мағына ажыратушылық қызметімен таныстыру: сөздер бір-бірінен бір-ақ дыбыспен айырмашылықта болатынын түсіндіру.
66. Сөйлем құрылымын түсінуін қалыптастыру:
1) сөйлемдегі сөздерді естуге ажыратуын, олардың санын және ретін анықтай алуын қалыптастыру;
2) жеке сөздерді көрнекі бейнелейтін, көмекші орнын басушы құралдар ретінде - ұсақ текшелер, қолдана алуын үйрету.
67. Ырғақ сезімін тәрбиелеу.
1) музыканың орындалу сипатына сәйкес ырғақ қимылдарына оқыту, еліктеу бойынша қарапайым ырғақты қолмен шапалақтау. Екі-үш ырғақты белгі материалынан есту зейінің және есту есін дамыту (бес ырғақты белгіге дейін);
2) ауызша нұсқау және үлгі бойынша ырғаққа баға беруге және жаңғыртуға, қабылдауға үйрету, ұзын және қысқа паузалармен бөлінген, ерекше көрсетілмеген ырғақтық құрылымдарды бағалау және қабылдауға үйрету, және оларды ауызша нұсқау және үлгі бойынша жаңғырту;
3) балалар әндерінің ырғағын тықылдатып ойнау, ырғақтық және музыкалы-ырғақтық ойындарда ырғақ сезімін дамыту.
68. Сөздердің буындық бөлінуімен танысу.
1) дауысты дыбыстарды белгілеу негізінде сөздердің буынға бөліну түсінігін балаларға үйрету;
2) балаларды сөздердің буындық бөлінуіне, сөз ішінен буындарды белгілеуге, сөздердегі екпін белгісін қоюға, екпінді буынды табуға үйрету;
3) балаларды "буын" терминімен және буынға бөлінудің графикалық жазбасымен таныстыру;
4) бір буынды және екі буынды сөздерді ажырата алуға балаларды үйрету, балаларды қол шапалағымен, адыммен сөздің созылыңқылығын (сөздің буындық құрамын) анықтау икемділігіне үйрету;
5) сөз жасам және сөз түрлендіруді қолдану негізінде сөздің дыбыстық қатпарының өзгеруі оның созылыңқылығының (буындар саны) және мағынасының өзгеруіне әсер ететіні жайлы балалардың түсініктерін қалыптастыру;
6) келесі реттегі алдымен ашық, кейіннен ашық және жабық буындардан құралатын, екі буынды сөздердегі ырғақтық сурет және екпінді буынды дұрыс айтумен сөздің дыбысты буындық құрылымын қалыптастыру: дауысты дыбысқа екпінмен [А], [У], [И], [О], [Ы];
7) бірге айтып және қолмен шапалақтап қарапайым сөздердің ырғағын жаңғырту және қабылдау;
8) етістіктер жұбын айту кезінде 3-ші жақтың осы шақтағы жекеше түрдегі ашық рай формасындағы етістіктердің дыбыс буындық құрылымын жаңғыртуға үйрету. Бір, екі, үш буынды сөздердің ырғақты-буындық құрылымын тықылдату немесе адымдау, қолмен шапалақтау арқылы сөздерді бөліктерге бөлу кезінде арнайы дидактикалық ойындарды қолдану.
69. Фонематикалық қабылдауды дамыту:
1) сөздегі дыбыстың болуын анықтай алу икемділігін қалыптастыру;
2) дыбысталуы бұзылмаған дыбыстарынын, кейіннен түзету жұмысы жүргізілген дыбыстардың есту және есту айту дифференциациясын жүзеге асыра алуын қалыптастыру. Атауы нақты берілген материалды, ажыратылатын дыбыстарды кірістіретін заттық суреттерді бөле алуға үйрету.
70. Фонематикалық талдаудың қарапайым формаларын дамыту:
1) айтқаннан сөзді ерекше белгілеп, сонан соң сөзді буындарға бөлу, сосын - жеңіл айқындамадағы сөз аясында бір дыбысты ерекше ажырату арқылы қарапайым фонематикалық талдау дағдысын қалыптастыру;
2) сөздің басында екпінді дауысты дыбысты айқындап көрсету; сөзден дыбысты айқындап көрсету, сөздегі соңғы және бірінші дыбысты анықтау;
3) дыбысты белгілеу үшін арнайы белгілермен балаларды таныстыру (бейтарап түсті текшелер: ақшыл сары немесе сұр), сөздің фонематикалық (дыбыстық) құрылымының негізгі ерекшеліктерімен балаларды таныстыру;
4) П.Я. Гальперин бойынша ақыл-ой әрекеттерінің кезеңмен қалыптасуын ескере отырып, екі дауысты дыбыс тіркесі мен дауысты-дауыссыз және дауыссыз-дауысты түріндегі екідыбысты сөздерге фонематикалық талдау мен жинақтауды жасауға үйрету: графикалық сызбалар және текшелерге сүйене отыра фонематикалық талдаудың әрекетін орындау, сурет, дайын графикалық сызба, текшелер қолдану;
5) жақын таныс сөздерді талдау кезінде дыбыстарды ретімен көрсетуге және торларды текшемен жаба алу икемділігіне балаларды үйрету;
6) балаларды "дауысты" және "дауыссыз" дыбыстарды ажырата алуға үйрету. Дыбыстау кезінде ауа ауыз қуысынан еркін шығатын, дауыспен созып айтуға келетін, ән айтуға келетін "сиқырлы" дыбыстармен балаларды таныстыру ("ән айтуға келетін" (дауысты) дыбыстар). "Дауысты дыбыс" терминін және оның белгіленуі - қызыл текшені енгізу. Балаларда дыбыстау кезінде ауа кедергіге ұшырайтын (тіл, тіс, ерін) ән айтуға келмейтін "дауыссыз" дыбыстар жайлы түсініктерін қалыптастыру;
7) дауыстың қатысуы бойынша дыбысты дифференциациялауға балаларды үйрету (қатаң-ұяң);
8) жуан және жіңішке дыбыстарды естуге ажырату бойынша алғашқы біліктерін қалыптастыру;
9) дыбысталуы бойынша сөздерді салыстыра алуға, дыбыс жұптарын жуандығы және жіңішкелігі жағынан ажырата алып, оларды "үлкен" және "кіші ағайындылар" деп атауына үйрету;
10) балаларда "үлкен мотор" жуан (р-р-р) деп дыбысталатынын, ал "кішісі" - жұмсақ (рь-рь-рь) деп әндететіндігі жайлы түсініктерін қалыптастыру. Сөздердің атауында бар, берілген дыбыстарға сәйкес оларды топтастыра, балалардың заттық суреттерді негізге алатын ойын тапсырмасы және ойында аталған тапсырмасын шешу үшін қолдану;
11) сөздің дыбыстық талдауын жасау кезінде сілтеу таяқшасын, текшелерді, сөздің дыбыстық құрылымының суретті-сызбасын қолдана алу икемділігіне үйрету;
12) балаларда ересек адамның бақылауында түрлі күрделіліктегі шартты-белгілік модельді құра алуды қалыптастыру.
71. Фонематикалық түсініктерін қалыптастыру: педагогпен берілген дыбыстарға сөздерді таңдауына және іріктей алуына үйрету.
72. Дыбыстарды интонациялық ерекшелеп белгілеу:
1) созылыңқы айтуға келетін дыбыстардың айтылуына назарын аударту: ысқырық, ызың, үнді және басқалары, аталған дыбыстарды созылыңқы айтуға балаларды үйрету;
2) дауыспен созып айтуға келмейтін дыбыстардың айтылуына назарын аударту: үзілмелі, еріндік.
3) кез-келген сапалы сипаттағы дыбысты ажыратуға мүмкіндік беретін, сөздердегі дыбыстарды интонациялық ерекшелеп белгілеуінің жалпылама тәсіліне балаларды үйрету;
4) балаларға қолжетімді кішігірім тақпақ диалогтарын, арнайы ойындар, хормен жүру арқылы сөйлеу тілін интонациялы бейнелеу, еркін мәнерлеп сөйлеу, дауысты модульдеудің шығармашылық бастамашылдығын дамыту.
73. Күтілетін нәтижелер:
1) "дыбыс", "сөз", "сөйлем" терминдері жайлы алғашқы түсініктері бар;
2) сөздерді буындарға бөле алады;
3) қазақ тілінің екі негізгі тобының - дауысты және дауыссыз, айрықша, танымды сипаттары жайлы алғашқы түсініктері бар;
4) ересек адамның көмегімен сөздегі дыбыстың ретін орната алады;
5) белгілі дыбыстық құрылымдағы сөздердің және екі дыбысты сөз тіркестерінің дыбыстық талдауын жүргізе алады;
6) сөздің және дыбыстың ақырын және қатты, жоғары және төмен дыбысталу ерекшеліктерін талдай алады;
7) сөздердің және сөйлемдердің модельдерін (сызбаларын) қолданады және түсінеді;
8) дыбыстарды көрсету үшін бейтарап және қызыл түсті текшелер арнайы белгілерді қолданады және түсінеді.
74. Дыбыс айту: сөйлеу тіліндегі негативизмді жою, еркін есту арқыла қабылдау мен зейінді қалыптастыру, фонематикалы қабылдауды дамыту, жалпы және қол моторикасының даму процесінде қозғалыстың кинестетикалық және кинетикалық негіздерін қалыптастыру, артикуляциялық қозғалыстардың кинестетикалық негіздерін қалыптастыру, сөйлеу кезінде тыныс алуына үйрету, дауыс күшін дамыту, дыбыс айтуды қалыптастыру, сөздің буындық құрылымын қалыптастыру, фонематикалық анализ бен синтезге үйрету.
75. Сөйлеу тіліндегі негативизмді жою:
1) баламен эмоционалды қатынас орнату;
2) баланы бірлескен әрекетке тарту және өзара әрекеттену дағдысын қалыптастыру. Баланы өз күшіне деген сенімділікке тәрбиелеу. Ойын әрекетіне деген қызығушылықты және ойынға қатыса білуді қалыптастыру;
3) артикуляция мүшелерін дамыту.
76. Еркін есту арқылы қабылдауды және зейінді қалыптастыру:
1) сөйлеу тілдік емес дыбыстарға назар аудару:зейінін дыбысқа шоғырландыру; дыбыстың шығу көзін анықтау;
2) дыбысталуы бойынша қарама-қарсы сөйлеу тілдік емес дыбыстарды салыстыру, дыбысталуы бойынша жақын сөйлеу тілдік емес дыбыстарды салыстыру;
3) дыбыстың шыққан көзін және оның бағытын анықтау;
4) заттардың дыбысталу дәйектілігін есте сақтау;
5) есту зейінін ауыстыра білуді, әрекетті сигналдың әр түрлі дыбысталуына қарай орындау икемділігін дамыту;
6) 2 сигналдың ішінен тұрмыстық шуды тани және ажырата білу икемділігін дамыту;
7) музыкалық аспаптың ақырын және қатты дыбысталуын жіктей білу;
8) музыкалық аспаптардың дыбысталу қарқынын (жылдам-баяу) жіктей білу, музыкалық аспаптардың дыбысталуының басталуы мен аяқталуына деген әсерін бекіту.
77. Фонематикалық қабылдауды дамыту:
1) контраст принципі бойынша оқшауланған дауысты дыбыстарды ажырату;
2) артикуляциясы бойынша ұқсас оқшауланған дайысты дыбыстарды ажырату;
3) дыбысталуы бойынша жақын буындарды ажырату,дыбысталуы бойынша ұқсас дыбыс еліктеулерді ажырату;
4) екі буыннан құралған, дыбысталуы бойынша ұқсас сөздерді ажырату;
5) басқа дауысты дыбыстар арасында дауысты дыбыстарды белгілеу.
78. Жалпы және қол қимыл-қозғалысын дамыту процесінде қозғалыстың кинестетикалық және кинетикалық негіздерін қалыптастыру:
1) қалып праксисін дамыту (еліктеу бойынша);
2) арнайы жаттығуларда қол қимылын дамыту: қысу, жазу, сілкілеу, қимыл амплитудасын арттыра отырып, біртіндеп қол басын бұлғау.
79. Артикуляция мүшелерін дамыту:
1) аркуляциялық аппараттың негізгі мүшелері туралы түсініктерді бекіту;
2) артикуляциялық аппаратты еліктеу бойынша орындалатын артикуляциялық ойын жаттығуларын орындау процесінде дыбысты дұрыс айтуды қалыптастыруға дайындау;
3) еліктеу бойынша мимикалық бұлшық ет қимылын дамыту.
80. Артикуляциялық қимылдың кинестетикалық негізін қалыптастыру:
1) ерін қалпы туралы түсінікті нақтылау, дауысты дыбыстардың артикуляциясындағы ерін қалпын анықтау, дыбыстарының артикуляциясындағы ерін қалпының өзгеруін анықтау;
2) дыбыс туралы көру-есту түсініктерін тірек ете отырып, көтерілген және төмен түскен тіл ұшының қалпы туралы кинестетикалық түсінікті нақтылау,[а] дыбысын айтқан кездегі тіл ұшының қалпын анықтау,[д] дыбысын айтқан кездегі тіл ұшының қалпын анықтау, [ад] буынын айтқан кездегі тіл ұшының қалпының өзгеруін анықтау;
3) артикуляциялық қозғалыстардың кинетикалық негіздерін қалыптастыру: қозғалыстың қажетті көлеміне бағытталған артикуляциялық моториканы дамыту бойынша статикалық жаттығуларды үйрету: ерінге арналған артикуляциялық жаттығулар, тілге арналған артикуляциялық жаттығулар;
4) артикуляциялық аппарат мүшелерінің қозғалмалылығын дамыту;
5) логопедтің үлгісі бойынша артикуляциялық қалыптарды орындау.
81. Сөйлеу тынысын алуға үйрету:
1) физиологиялық дұрыс тыныс алуды қалыптастыру: еліктеу бойынша көкеттік кеуде-қабырғалық дұрыс тыныс алуға үйрету (бақылау үшін баланың алақанын пайдалану);
2) ауыздық тыныс шығаруды дамыту. Мақсатты бағыттылған ауыздық тыныс алудың ұзақтығын дамыту, ауыздық және мұрындық жіктелген тыныс алуды шығару;
3) бағытталған ауа ағынын қалыптастыру.
82. Дауыс күшін дамыту:
1) ақырын және қатты дауысты пайдалана білуді дамыту;
2) дауыс күшін өзгертуге үйрету, бір тыныс алғанда дауыскүшін ақырыннан қаттыға дейін өзгерту икемділігін бекіту.
83. Дыбыс айтуды қалыптастыру:
1) дауысты дыбыстардың дұрыс айтылуын нақтылау.
2) дауысты дыбыстар қатарын жеке, буында, сөзде, сөйлемде дауыс пен интонацияның әр түрлі күшімен қатты және ақырын айту икемділігін бекіту; әр түрлі фонетикалық жағдайларда ауыстырып, шатастырып алуы мүмкін дауысты дыбыстардың дұрыс айтылуын автоматтандыру және жіктеу;
3) ерте онтогенездегі дауыссыз дыбыстарды дұрыс айтуды нақтылау: м, м', н, н’, п, п’, т, т’, к, к’, ф, ф’, д, д’, в, в’, б, б’, г, г’, әр түрлі фонетикалық жағдайларда дауыссыз дыбыстардыңдұрыс айтылуын автоматтандыру және жіктеу;
4) жоқ немесе бұрмаланып айтылатын х, х’, л’, й, ы, с, с’, з, з’, л дауыссыз дыбыстардың дұрыс артикуляциясын қалыптастыру, қойылған дыбыстардыңдауыстыларменжеке, ашық буында, тұйық буында, бітеу буында, сөзде, сөйлемде тоғысуын автоматтандыру;
5) түрлі фонетикалық жағдайларда дауыссыз дыбыстарды ажырату.
84. Сөздің буындық құрылымын қалыптастыру:
1) қарапайым меңгерілген сөздердің қарқынын қабылдауға және шығаруға (бір мезгілде айту және шапалақтау) үйрету;
2) буындардың үйлесуін әр түрлі екпінде, интонацияда, дауыс күшінде айту;
3) сөздерді бір мезгілде айта және шапалақтай отырып, таза айтуға берілген буындарды дыбыстауға үйрету;
4) екі ашық буыннан құралатын сөздердегі ырғақтық суретті дұрыс бере отырып, сөздің буындық құрамын қалыптастыру;
5) үш ашық буыннан құралатын сөздердегі ырғақтық суретті дұрыс бере отырып, сөздің буындық құрамын қалыптастыру;
6) бір буынды сөздердегі ырғақтық сурет пен екпінді буынды дұрыс айта отырып, сөздің буындық құрамын қалыптастыру.
85. Фонематикалық талдау мен жинақтауға үйрету:
1) сөз құрамынан басындағы екпіні дауысты дыбыстарды ажырату;
2) сөздің соңында естілетін дауысты дыбысты ажырату;
3) сөздің ортасына естілетін дауысты дыбысты ажрату;
4) екі дауысты дыбыстан тұратын дыбыс қатарын талдау.
86. Күтілетін нәтижелер:
1) дыбыстың шығу көзін анықтайды;
2) дыбысталуы бойынша қарама-қайшы және жақын сөйлеу тілдік емес дыбыстарды салыстырады;
3) есту зейінін қосады,әрекетті сигналдың әр түрлі дыбысталуына сәйкес орындайды;
4) 2 сигналдың ішінен тұрмыстық шуды таниды және ажыратады;
5) музыкалық аспаптардың ақырын және қатты дыбысталуын жіктейді;
6) музыкалық аспаптардың дыбысталу қарқынын (жылдам-баяу) жіктейді;
7) жеке дыбыстарды ажыратады;
8) дыбысталуы бойынша жақын буындарды жіктейді;
9) дыбысталуы бойынша ұқсас дыбысқа еліктеуді, сөздерді ажыратады;
10) дауысты дыбысты басқа дауысты дыбыстардың ішінен ерекшелейді;
11) арткуляциялық аппарттың негізгі мүшелерін біледі;
12) ерінге арналған жаттығуды орындайды;
13) тілге арналған жаттығуды орындайды;
14) логопедтің үлгісі бойынша артикуляциялық жаттығу кешенін орындайды;
15) мақсатты бағытталған ауыз арқылы ұзақ дем шығаруды орындайды;
16) ақырын және қатты дауысты пайдалана біледі;
17) дауысты дыбыстарды дұрыс айтады;
18) ерте онтогенездің дауыссыз дыбыстарын дұрыс айтады;
19) бір, екі, үш буынды сөздерде ырғақтық суретті шығарады.
3-параграф. 2-жартыжылдық
87. Тілді дамыту: импрессивті сөйлеуді ары қарай дамыту, монологтік және диологтік байланыстырып сөйлеуді дамыту, коммуникативтік дағдыларды дамыту.
88. Импрессивті сөйлеуді әрі қарай дамыту;
1) құбылыстың немесе тұтас заттың бөлігін атауды, түрлі логикалық топтарға жататын жалпылама сөздерді қолдана алуды дамыту;
2) барлық сөз таптарын тәжірибеде қолдануға үйрету;
3) белсенді сөйлеу кезінде антонимдер, синонимдер, арнайы-термин сөздерді қолдана алу икеміне оқыту;
4) сөйлеу тілінде көпмағыналы сөздерді қолдана алуды қалыптастыру;
5) түрлі жолдармен сөзді жасай алуды бекіту және оны белсенді сөйлеу тілінде қолдану;
6) сөздерді текте, түрде, септікте келістіре отыра, жай және күрделі сөйлемдерді қолдана және құрастыра алуға үйрету;
7) салалас құрамалас және сабақтас құрмалас сөйлемдердің қолжетімді құрылымдарын қолдану дағдыларын дамыту;
8) бір түбірлі сөздерді жасай алу икеміне оқыту;
9) дауыс ырғағы бойынша сөйлемдерді ажырату икемін бекіту және сөйлеу кезінде қолдану.
89. Диалогтік және монологтік байланыстырып сөйлеуді дамыту:
1) сюжетті сурет бойынша әңгімелеуді, ес бойынша және схемаға сүйене отыра, заттарды салыстыру әңгімелеуін, сипаттама әңгімелеуді дербес құрастыру және қайта айту икемін дамыту;
2) әңгімеге атау ойлап таба алады, негізгі ойды тұжырымдай алады;
3) диалогті құрастыру кезінде сөйлеу этикетінің формаларын қолдануды әрі қарай үйрету;
4) өзіндік ой пікірлерін бірізді құруды бекіту. Монологтік сөйлеуді әрі қарай жетілдіру;
5) берілген тақырыпқа әңгімені ойдан шығарып жалғастыруды және аяқтауды дамыту;
6) сөйлеу тілінде бейнелі сөздерді, эпитеттерді, салыстыруларды қолдану үйрету;
7) танымайтын адамдардың алдында сөз сөйлеуге, әңгімені әрі қарай жалғастыруға оқыту.
90. Коммуникативтік дағдыларды дамыту:
1) көрнекі материалды қарастыру кезінде талқылауға, ұжымдық әңгімеге қатыса алуға оқыту;
2) толық пікір айту формасында бір немесе бірнеше тұлғаларға команда, бұйрық бере алуға үйрету;
3) өзінің және басқалардың іс-әрекетін сипаттап бере алуға оқыту;
4) диалог барысында байсалдылық және такт білдіре отыра, әңгімелесушінің ой пікірін мақұлдауға немесе бас тартуға, келісуге, қарсы болу икеміне үйрету.
91. Күтілетін нәтижелер:
1) тегінде, түрінде, септікте сөздерді келістіре отыра, жай және күрделі сөйлемдерді құрастыра және қолдана алады;
2) салалас құрмалас және сабақтас құрмалас сөйлемдердің неғұрлым қолжетімді құрылымдарын қолданады;
3) түрлі сөз таптарының сөз жасаушы түрлерін қолданады;
4) сюжетті сурет бойынша әңгімелеуді, ес бойынша және схемаға сүйене отыра, заттарды салыстыру әңгімелеуін, сипаттама әңгімелеуді дербес құрастыру және қайта айта алады;
5) оқиғаға, ертегіге, әңгімеге жалғасын және соңынын, әңгімеге атауын ойлап таба алады, негізгі ойды тұжырымдай алады;
6) танымайтын адамдардың алдында сөз сөйлейді, әңгімені әрі қарай жалғастырады;
7) диалог барысында әңгімелесушінің ой пікірін мақұлдай немесе бас тарта алады, келіседі, қарсы бола алады;
8) өзінің және басқалардың қылығы жайлы жай баға беру пікірін білдіре алады.
92. Сауат ашу мен жазу негіздері: дыбыстың сөйлеу бірлігі ретінде түсініктерін қалыптастыру, сөйлем құрылымын түсінуді қалыптастыру, ырғақ сезімін тәрбиелеу, сөздерді буынға бөлумен таныстыру, фонематикалық қабылдауды дамыту.
93. Сөйлеу бірлігі ретінде дыбыс туралы түсінікті қалыптастыру:
1) есту зейінің белсендендіру, сөйлеудің дыбыстық жағына балалардың назарын дамыт;
2) сөйлеу тілінің айтылуын қабылдауға бағытталған балалардың дыбысты тани алу икемділігін әрі қарай жетілдіру;
3)дыбысталуы бойынша сөздерді салыстыра алу икемділігін дамыту;
4) сөйлеу материалын дұрыс тыңдауға және естуге балаларды үйрету;
5) дыбыстың нақты есту бейнесін қалыптастыру;
6) балаларды ұзақтықтығы және дауыс қаттылығы әртүрлі дыбыстауларды графикалық белгілермен белгілеуге үйрету.
94. Сөйлем құрылымын түсінуін қалыптастыру:
1) "сөйлем" түсінігімен танысу;
2) балаларда сөйлемді құра алуын, соның ішінде берілген сөздер санымен құра алуын қалыптастыру;
3) сөйлемнің графикалық сызбасын құра алуды үйрету (қарапайым көмекші сөзсіз екі құрамды сөйлем, көмекші сөзсіз үш-төрт сөзден құралған қарапайым сөйлем, көмекші сөзбен үш-төрт сөзден құралған қарапайым сөйлем).
95. Ырғақ сезімін тәрбиелеу:
1) ауызша сөйлеу нұсқауы бойынша (көру қабылдауына сүйенбей) ырғақты бағалауға, қабылдауға (алты ырғақты белгіге шейін) және оларды жаңғыртуға оқыту,
2) ауызша нұсқау және үлгі бойынша ерекше көрсетілген және ерекше көрсетілмеген ырғақтық құрылымдарға баға беруге, қабылдауға және оларды жаңғыртуға балаларды үйрету: қатты дыбыс, - ақырын дыбыс қайда;ұзақ дыбысталу, қысқа дыбыстау қайда.
96. Сөздердің буындық бөлінуімен танысу:
1) сөз орамдарынан сөздерді ажырату және сөздерді буыңға бөлу дағдыларын ары қарай жетілдіру, "буын" және "сөз" түсініктерін бекіту (сөздің бөлігі ретінде);
2) балалардың сөздердің және сөйлемдердің модельдері (сызбалары) жайлы білімдерін бекіту;
3) көмекші тәсілдерге сүйене отыра сөздің буындық құрамын анықтау: шапалақ, тарсылдату;
4) дауысты дыбыстарға сүйене отыра сөздің буындық құрамын анықтау;
5) іштей сөйлеудегі буындарды санын анықтау;
6) балаларда: сөздің буындық құралымының ұстанымын жете түсінуін (айтылуы және жазылуы сәйкес келетін сөздер материалдарында); сөздегі дауыстыларды ести алуын, буындар санын атауын, олардың ретін анықтауын; берілген буындардан сөздерді құруды: ашық буындардан құралатын (қара, қала), ашық және жабық буынан құралатын екі буынды сөздерді (мысық, қасық), ашық буындардан құралатын (шағала, тамаша), бір буынды сөздерден құралатын (бас, жаз) үш буынды сөздерді қалыптастыру;
7) екпінді буынды белгілеумен сөздің сызбасын құрастыра алуды оқыту, графикалық сызбаны сәйкес келетін сөзге таңдауды, графикалық сызбаға сәйкес келетін сөзді таңдай алуды қалыптастыру;
8) бір дыбысты немесе сөзді өзгерту есебінен сөзді өзгерте алу икемділігі оқыту. Дауыстының өзгеруі кезінде дауыссыз дыбыстың дыбысталуын бақылай отыра, бір дауыссыздың әр түрлі дауысты дыбыстармен байланысуын буындық жаттығуларда қолдану.
97. Фонематикалық қабылдауды дамыту:
1) есту арқылы жуан және жіңішке дауыссыз дыбыстарды ажырата алуға оқыту;
2) белгісі: қатаң - ұяң; жуан- жіңішке бойынша дыбыстарды нақты ажыратуы негізінде фонематикалық қабылдауды қалыптастыру;
3) өзінің және өзге адамның сөйлеуіндегі дыбысталудың дұрыс үлгісін ажырата және бағалай алуды қалыптастыру;
4) балаларды алдымен дыбысталуы бойынша әр түрлі буындарды, содан соң дыбысталуы ұқсас буын қатарларын естуге ажырата алуына оқыту;
5) есту қабілетіне сақталған дыбыстарды дифференциациялау (айтпай): жуан - жіңішкелігі бойынша, қатаң-ұяңдығы бойынша, бітеу буындарда, в обратных слогах,екі дауыссыз кездескен буындарда, сөздерде және сөз орамдарында.
98. Фонематикалық талдаудың қарапайым формаларын жетілдіру және фонематикалық талдаудың күрделі формаларын дамыту:
1) фонематикалық талдаудың қарапайым формаларын жетілдіру;
2) сөздің және дыбыс тіркесуінің фонематикалық анализ және синтез дағдысын жетілдіру;
3) сөздегі дыбыстың орнын және позициясын анықтай алуын, екпінді дыбысты белгілеуін, сөздегі буындардың санын, сөйлемдегі сөздердің санын анықтауын әрі қарай жетілдіру;
4) балаларды дыбыстарды олардың сапалық сипаттамалары бойынша (дауысты, жуан және жіңішке дауыссыздар, қатаң және ұяң дауыссыздар) салыстыра алуға, сөздерді дыбыстық құрамы бойынша сәйкестендіруге оқыту;
5) "жуан" және "жіңішке дауыссыз" түсінігін және көк және жасыл текшелермен олардың белгіленуін кірістіру;
6) фонематикалық талдаудың қарапайым формаларын жүзеге асыру қабілетін қалыптастыру: сөздегі дыбыстың орнын анықтай алуға балаларды оқыту(басында, ортасында, аяғында);
7) ақыл-ой әрекеттерінің кезеңмен қалыптасуын ескере отыра (П.Я. Гальперин бойынша) сөздегі дыбыстардың санын және ретін анықтай алуын қалыптастыру: ұсыну бойынша сөздердің дыбыстық құрамын талдайды;
8) сөздегі дыбыстың тұру ретін анықтау алу икемділігін қалыптастыру;
9) белгілі бір дыбыстың алдында немесе одан кейінгі тұрған дыбыстарды анықтай алу икемділігін балаларға оқыту;
10) екі буынды, бір буынды, ашық және бітеу буынды сөздердің дыбыстық анализ және синтез дағдыларын балаларда қалыптастыру.
11) түрлі дыбыстық құрылымдағы үш дыбысты және төрт дыбысты сөздердің дыбыстық талдауын жасай алуды қалыптастыру;
12) сөздің дыбыстық құрамының сызбаларын және модельдерін қолдануын әрі қарай жетілдіру: белгілі модельге сөздерді таңдай алуын дамыту;
13) балаларды фонематикалық синтезді жүзеге асыруға оқыту: дыбыстардың берілген ретімен сөз құрастыру.
99. Фонематикалық түсініктерін қалыптастыру:
1) балаларда сөздегі буындар санын, сөздегі дыбыстың белгілі бір орнымен, белгілі бір дыбысқа, заттар сипатына, заттар, әрекеттер атауын білдіретін сөздерді атау және таңдай алу икемділігін қалыптастыру;
2) фонематикалық түсініктерді әрі қарай жетілдіру (ұсыну және суреттер бойынша).
100. Дыбыстарды интонациялық ерекшелеп белгілеу:
1) балаларда сөздегі берілген дыбыстарды интонациялық ерекшелеп белгілей алуды әрі қарай жетілдіру.
2) сөздегі дыбысты ерекшелеп белгілей алу икемділігін қалыптастыру.
101. Күтілетін нәтижелер:
1) дауысты дыбыстарды ажырата алады (екпінді және екпінсіз);
2) жуан және жіңішке дауыссыз дыбыстарды ажырата алады;
3) дыбысталуы бойынша сөздерді салыстыра алады, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын таба алады;
4) сәйкес дыбыстарға текшелерден сөздерді құрастыра алады;
5) екпінді буынды ести алады және ерекшелеп белгілейді;
6) сөздегі дыбыстардың орнын анықтай алады;
7) сөздегі буындардың санын анықтай алады;
8) сөйлемдегі сөздердің санын анықтайды;
9) берілген дыбысқа сөздерді таңдай алады;
10) түрлі дыбыстық құрылымдағы үш дыбысты сөздердің дыбыстық талдауын жасау алады;
11) дыбыстың дыбысталуы және айтылуы ерекшеліктеріне талдау жасай алады;
12) дыбыстарды сипаттай алады;
13) сөздің дыбыстық құрамының және сөйлемдердің дайын сызбаларын, модельдерін қолдану және өздігінен құрастыра алу дағдылары бар.
102. Дыбысты айту: сөйлеу тілдік негативизмді жою, еркін есту арқылы қабылдауды және зейінді қалыптастыру, фонематикалық қабылдауды дамыту, фонематикалық түсініктерді қалыптастыру, артикуляция мүшелерін дамыту, артикуляциялық қозғалыстардың кинестетикалық негіздерін қалыптастыру, сөйлеу тынысын алуға дамыту, сөздің буындық құрылымын қалыптастыру, фонематикалық талдау мен жинақтауға оқыту.
103. Сөйлеу тілдік негативизмді жеңу:
1) баланы бірлескен әрекетке тарту және өзара әрекеттену дағдысын қалыптастыру;
2) баланы өз күшіне деген сенімділікке тәрбиелеу;
3) ойын әрекетіне деген қызығушылықты және ойынға қатыса білуді қалыптастыруды жалғастыру.
104. Еркін есту арқылы қабылдауды және зейінді қалыптастыру:
1) есту зейінін ауыстыра білу, әрекетті сигналдың әр түрлі дыбысталуына қарай орындау біліктерін бекіту. 3-4 нұсқада берілген дыбыстық сигналдарды тани және ажырата білуді дамыту;
2) музыкалық аспаптың ақырын және қатты дыбысталуын жіктеу,дыбыстың биіктігін қолмен көрсету біліктерін бекіту;
3) дауыстың төмендеуі мен жоғарылауын ажырату біліктерін бекіту;
4) минорлық және мажорлық мелодияларды ажырату (көңілді-көңілсіз).
105. Фонематикалық қабылдауды дамыту:
1) дыбысталу жағынан ұқсас сөздерді ажырату;
2) берілген дауысты дыбысты басқа дауысты дыбыстардың ішінен ерекшелеу;
3) сөйлеу тіліндегі сақталғандауыссыз дыбысты басқа дауыссыз дыбыстардың ішінен ерекшелеу;
4) сөйлеу тіліндегі сақталған дауыссыз дыбыстармен қатар бұзылысы бар дауыссыз дыбысты ерекшелеу;
5) екпінді буынның өзгерісімен буындық қатарды шығару;
6) бір дауысты және әр түрлі дауыссыздардың буындық үйлесімділігін шығару;
7) қатаң-ұяң дауыссыз дыбыстардың ажыратылуы бойынша буындық үйлесімділіктерін айту (екеуден);
8) жуан-жіңішке дауыссыз дыбыстардың ажыратылуы бойынша буындық үйлесімділіктерін айту (екеуден).
106. Фонематикалық түсініктерді дамыту:
1) берілген дыбысқа сөз таңдау. Берілген дыбысқа екі буыннан тұратын сөз таңдау;
2) берілген дыбысқа сурет таңдау.
107. Жалпы және қол қимылдарын дамыту процесіндегі қимылдардың кинестетикалық және кинетикалық негіздерін қалыптастыру:
1) қалып праксисін дамыту (сөздік нұсқау бойынша);
2) арнайы жаттығуларда қол қимылын дамыту: қысу, жазу, сілкілеу, қимыл амплитудасын арттыра отырып, біртіндеп қол басын бұлғау.
108. Артикуляция мүшелерін дамыту:
1) аркуляциялық аппараттың негізгі мүшелері туралы білімді бекіту;
2) артикуляциялық аппаратты еліктеу бойынша орындалатын артикуляциялық ойын жаттығуларын орындау процесінде дыбысты дұрыс айтуды қалыптастыруға дайындау;
3) еліктеу бойынша мимикалық бұлшық ет қимылын дамыту;
4) ерінді, тілді, ұртты нығайтуға арналған массаж.
109. Артикуляциялық қимылдың кинестетикалық негізін қалыптастыру:
1) ерін қалпы туралы түсінікті бекіту, дауысты дыбыстардың артикуляциясындағы ерін қалпын жіктеу;
2) дыбыс туралы көру-есту түсініктерін тірек ете отырып, көтерілген және төмен түскен тіл ұшының қалпы туралы кинестетикалық түсінікті нақтылау;
3) артикуляциялық қимылдың кинетикалық негізін қалыптастыру: қажетті қимыл көлемін шығаруға бағытталған артикуляциялық қимылды дамыту бойынша статикалық жаттығуларға үйрету: ерінге арналған артикуляциялық жаттығулар, тілге арналған артикуляциялық жаттығулар;
4) артикуляциялық аппараттың мүшелерінің қозғалғыштығын, қимылға көшу қабілетін дамыту, артикуляциялық мүшелерді берілген қалыпта ұстап тұру икемділігін дамыту, санау бойынша, сөздік нұсқау бойынша артикуляциялық жаттығулар кешенін логопедтің үлгісі бойынша орындау.
110. Сөйлеу тынысын алуға үйрету:
1) физиологиялық дұрыс тыныс алуды қалыптастыру: еліктеу бойынша көкеттік-қабырғалық дұрыс тыныс алуға үйрету;
2) ауыздық тыныс шығаруды дамыту: мақсатты бағыттылған ауыздық тыныс алудың ұзақтығын дамыту, ауыздық және мұрындық жіктелген тыныс алуды шығару (мұрын арқылы дем алу, дем шығару, ауыз арқылы дем алу, дем шығару, ауызбен дем алу, мұрын арқылы шығару), бағытталған ауа ағынын қалыптастыру.
111. Дауыс күшін дамыту:
1) ақырын және қатты дауысты пайдалана білуді дамыту;
2) дауыс күшін өзгерту, бір тыныс алғанда дауыстың күшін ақырыннан қаттыға дейін өзгертуге үйрету.
112. Дыбыс айтуды қалыптастыру:
1) дауысты дыбыстарды әр түрлі фонетикалық жағдайларда автоматтандыру және жіктеу;
2) ерте онтогенез дауыссыз дыбыстарын сөйлемдер мен шағын мәтіндерде дұрыс айту дағдысын бекіту, ерте онтогенез дауыссыз дыбыстарын әр түрлі фонетикалық жағдайларда дұрыс айтылуын автоматтандыру және жіктеу;
3) к, к’, г, г’, х, х’, л’, й, ы, с, с’, з, з’, л дауыссыз дыбыстарының ұрыс артикуляциясын нақтылау;
4) жоқ немесе бұрмаланып айтылатын дауыссыз дыбыстардың [ц, ш, ж, ч, щ] дұрыс артикуляциясын қалыптастыру, қойылған дыбыстардың: жеке, ашық буында,бітеу буында, тұйық буында, сөзде, сөйлемдедауыстылармен тоғысуын автоматтандыру;
5) сақталған қатаң және үнді дауыссыз дыбыстарды есту арқылы жіктеу. Сақталған қатаң және ұяң дауыссыз дыбыстардыесту арқылы жіктеу.
113. Сөздің буындық құрылымын қалыптастыру:
1) қарапайым меңгерілген сөздердің ырғағын қабылдауға және шығаруға (бір мезгілде айту және шапалақтау) үйрету;
2) сөздерді бір мезгілде тақпақтарда айта және шапалақтай отырып, таза айтуға берілген буындарды дұрыс айтуға үйрету;
3) дауыссыздың тоғысуымен екі буыннан құралатын сөздердегі ырғақтық сурет пен екпінді буынды дұрыс айта отырып, сөздің буындық құрамын қалыптастыру;
4) үш буыннан құралатын,бітеу буыны бар сөздердегі ырғақтық сурет пен екпінді буынды дұрыс айта отырып, сөздің буындық құрамын қалыптастыру;
5) үш буыннан құралатын сөздердегі ырғақтық сурет пен екпінді буынды дұрыс айта отырып, сөздің буындық құрамын қалыптастыру;
6) дауыссыз дыбыстардың тоғысуын айту.
114. Фонематикалық талдау мен жинақтауға үйрету:
1) сөз құрамындағы дауысты дыбысты (басында, ортасында, соңында) ерекшелеу икемділігін бекіту;
2) дыбыс ағынындағы дауыссыз дыбысты ерекшелеу: сөз басында естілетін дауыссыз дыбысты ерекшелеу, сөз соңында естілетін дауыссыз дыбысты ерекшелеу, сөз ортасында естілетін дауыссыз дыбысты ерекшелеу;
3) дауысты және дауыссыз дыбыстар туралы түссініктерді қалыптастыру;
4) буындағы, сөздегі және сөйлемдердегі дауысты және дауыссыз дыбыстарды ажырату. Дауысты-дауыссыз дыбыстардың үйлесімділігіндегі дыбыстардың саны мен дәйектілігін анықтау;
5) сөздегі дыбыс сандарын анықтай білуге үйрету.
115. Күтілетін нәтижелер:
1) есту зейінін қосады, әрекетті сигналдың әр түрлі дыбысталуына сәйкес орындайды;
2) 3-4 сигналдың ішінен тұрмыстық шуды таниды және ажыратады;
3) сөйлеу тілінің ақырын және қатты дыбысталуын ажыратады;
4) сөйлеу тілінің дыбысталу қарқынын (баяу-жылдам) ажыратады;
5) жеке фонемаларды ажыратады;
6) дыбысталу бойынша жақын буындарды жіктейді;
7) дыбысталуы бойынша ұқсас дыбысқа еліктеуді, сөздерді ажыратады;
8) берілген дауысты дыбысты басқа дауысты дыбыстардың ішінен ерекшелейді;
9) артикуляциялық аппарттың негізгі мүшелерін біледі;
10) ерінге арналған жаттығуды орындайды;
11) тілге арналған жаттығуды орындайды;
12) логопедтің үлгісі бойынша артикуляциялық жаттығулар кешенін орындайды;
13) мақсатты бағытталған ауыз арқылы ұзақ дем шығаруды орындайды;
14) ақырын және қатты дауысты пайдалана біледі;
15) дауысты дыбыстарды дұрыс айтады;
16) ерте онтогенездің дауыссыз дыбыстарын дұрыс айтады;
17) шақырылған дауыссыз дыбыстарды буында, сөзде, сөйлемде дұрыс пайдаланады;
18) үннің қатысына қарай қатаң, ұяң, үнді болып ерекшеленетін дауыссыз дыбыстарды есту арқылы ажыратады;
19) үннің қатысына қарай қатаң, ұяң, үнді болып ерекшеленетін сақталған дауыссыз дыбыстарды есту арқылы ажыратады;
20) бір, екі және үш буынды сөздердегі ырғақтық суретті шығарады;
21) сөз құрамындағы дауысты дыбысты (басында, ортасында, соңында) ерекшелейді;
22) сөз құрамындағы дауыссыз дыбысты (басында, ортасында, соңында) ерекшелейді;
23) дауысты және дауыссыз дыбыстар туралы түсінігі бар.
5-тарау. Жалпы білім беретін мектептегі, лицейдегі, гимназиядағы мектепалды даярлық сыныбы (6-7 жастағы балалар)
1-параграф. "Коммуникация" білім беру саласы
116. Мақсаты - толыққанды дауыс айту дағдыларын қалыптастыру, балалар әрекетінің әр түрлі формалары мен түрлеріндегі лексикалық және грамматикалық тілдік құралдарды адекватты таңдай білуді дамыту, одан басқа ЖСТД балалардың оқу мен жазу дағдыларын меңгеруге дайындау.
117. "Коммуникация" білім беру саласында келесі сабақ түрлері ұсынылады:
1) тіл дамыту;
2) жазу және сауат ашу негіздері;
3) дыбыс айту.
2-параграф. Тіл дамыту
118. Мақсаты - әр түрлі формалар және балалар әрекетінде қажетті лексикалық және грамматикалық тілдік құралдарды сәйкесінше таңдай алу икемін дамыту болып табылады.
119. Міндеттері:
1) тілдің лексика-грамматикалық қатарын жетілдіру;
2) сөйлеу қарым-қатынас дағдыларын дамыту (диалог, монолог);
3) қоршаған орта іс-әрекетіне, өзінің жүріс-тұрысына талдау жасау және адекватты бағалау әрекетін дамыту;
4) коммуникативті, ойын және басқа іс-әрекет барысында шығармашылық белсенділікті, дербестікті, ұйымдастырушылық әрекетті дамыту;
5) ситуативті емес - тұлғалық қарым-қатынас формасын қалыптастыру;
6) сөйлеу этикеті нормаларын дағдыландыру.
120. "Тіл дамыту" сабағының мазмұны оқыту бөлімдері бойынша ұйымдастырылған, күтілетін нәтижелер түрінде оқытудың мазмұнын мақсатын өзінде кірістіретін бөліктерден құралады. Әр бөлік ішінде бірізді ұйымдастырылған оқытудың мақсаты, педагогтарға өз жұмысын жоспарлауға және балалардың жетістіктерін бағалауға, сонымен қатар оқытудың келесі кезеңдері жайлы ақпараттандыруға мүмкіндік береді.
121. Оқу бағдарламасының мазмұны келесі бөлімдерді қосады:
1) лексика;
2) грамматикалық қатар;
3) байланыстырып сөйлеу.
122. "Лексика" бөлімі келесі бөлімшелерді қамтиды:
1) сөздік қорды кеңейту және нақтылау;
2) тілдің лексикалық құралдарын белсендендіру.
123. "Грамматикалық қатар" бөлімі келесі бөлімшелерді қамтиды:
1) тілдің грамматикалық категорияларын жетілдіру;
2) тілдің нормаларына сәйкес тәжірибелік меңгеру.
124. "Байланыстырып сөйлеу" бөлімі келесі бөлімшелерді қамтиды:
1) диалогтік сөйлеуді дамыту;
2) монологтік сөйлеуді дамыту.
125. "Лексика" бөлімінің мазмұны келесіні қарастырады:
1) сөздік қорды кеңейту және нақтылау. Қаратылған сөйлеуді тыңдай алады. Сөзге қызығушылық және көңіл білдіреді. Сөздердің лексикалық мағынасы мен ұғымын түсінеді және түсіндіреді, белсенді сөйлеуде оларды қолданады. Сөз айту кезінде жай салыстыруларды, антонимдер, синонимдер және көп мағыналы сөздерді, түрлі сөз таптарын қалай қолдануды біледі және түсінеді. Заттардың тақырыптық топтары бойынша жалпылама сөздерді қолданады. Мектепте оқуға қатысты арнайы терминология сөздерін қолданады;
2) тілдің лексикалық құралдарын белсендендіру. Қоршаған орта заттарының сапасын және ерекшеліктерін, сипатын, әрекетін, заттарын белгілеу үшін сөздерді таңдай алады. Сөздерге неғұрлым келетін антонимдер, синонимдерді іріктейді. Айтылғанды жалпылау үшін тілдің лексикалық құралдарын қолданады, байланыстырушы, сұрау сипаттағы сөздерді кірістіреді. Сұрау,лепті хабарлы дауыс ырғақтары бойынша сөздер мен сөйлемдерді ажырата аладыжәне сөйлеу тілінде қолданады.
1-кесте
Бөлімше | Оқыту мақсаттары |
1.1 Сөздік қорды кеңейту және нақтылау | 0.1.1.1 сөздердің лексикалық мағынасы мен ұғымын түсіну және түсіндіре алу, белсенді сөйлеуде оларды қолдана алу |
0.1.1.2 ауыспалы мағыналы сөйлемшелерді және кейбір сөздерді, жалпылама сөздердің лексикалық мағынасын мен ұғымын түсіну, өзінің сөз пікірінде оларды қолдану | |
1.2 Тілдің лексикалық құралдарын белсендендіру | 0.1.2.1 мағынасы бойынша жақын және қарама-қарсы сөздерді түсіну, оларды сөйлеу тілінде қолдану |
0.1.2.2 заттарды, олардың ерекшелігін және функционалдық тағайындалуын белгілеу үшін барлық сөз таптарына қатысты сөздерді қолдану және түсіну |
126. "Грамматикалық қатар" бөлімінің мазмұны келесіні қарастырады:
1) тілдің грамматикалық категорияларын жетілдіру. Сөйлеу тілінде грамматикалық категорияларды қолданады: зат есім және сын есімдердің аналық, аталық тегін, жекеше және көпше түрді, септіктерді, етістіктің шақ және рай түрін, көмекші сөздерді, соның ішінде күрделісін. Сөз түрлендіру және сөз жасам дағыдыларын меңгерген. Бірыңғай анықтауыш, баяндауыш, толықтауыштарды таңдауда, туыстас сөздерді, күрделі сөздерді жасауда жаттығады. Тәуелдік және қатыстық сын есімдерді құрастырады, етістіктен сын есімдердің, зат есімдердің салыстырмалы шырайын жасай алуда жаттығады. Сан есімнің зат есіммен, сын есім мен сан есімдердің зат есіммен келістіруінде жаттығады;
2) тілдің нормаларына сәйкес тәжірибелік меңгеру. Сөйлем құрастыру кезінде сөздерді текте, түрде, септікте келістіре алады. Заттардың кеңістікте орналасуын, бірлескен әрекетті көрсету үшін көмекші сөздерді қолданады. Бірыңғай анықтауыш, баяндауыш, толықтауышпен сөйлем құрастыруда жаттығады. Тілдің нормаларына сәйкес қолжетімді құралымдағы салалас құрмалас және сабақтас құрмалас, жайылма сөйлемдерді құрастыра алады.
2-кесте
Бөлімше | Оқыту мақсаттары |
2.1 Тілдің грамматикалық категорияларын жетілдіру | 0.2.1.1 грамматикалық категориялар жайлы түсініктердің болуы, оларды сөйлеу тілінде қолдана алу |
0.2.1.2 сөз түрлендіру және сөз жасамның түрлі формалары жайлы түсініктерінің болуы, оларды сөйлеу тілінде қолдануға жаттығу | |
2.2 Тілдің нормаларына сәйкес тәжірибелік меңгеру | 0.2.2.1 сөйлемді құрастыру кезінде барлық сөз таптарын келістіре алу |
0.2.2.2 қолжетімді құралымдағы салалас құрмалас және сабақтас құрмалас, жайылма сөйлемдерді құрастыра алу дағдысына ие болу |
127. "Байланыстырып сөйлеу" бөлімінің мазмұны келесіні қарастырады:
1) диалогтік сөйлеуді дамыту. Диалогтік сөйлеу тілін меңгерген. Қаратылған сөйлеуді тыңдайды және түсінеді. Әңгімелесуге қатыса алады, берілген тақырыптағы диалогке қатысады. Қарым-қатынастың өзгеруі жағдайында тілдік құралдарды қолданады. Диалогті көздейтін, жаңа ойын және тұрмыстық жағдайларда қалыптасқан коммуникативті-сөйлеу дағдыларын қолданады. Қалыпты ырғақта сөйлей алады, өз мағынасы және логикалық екпіні бар сөйлеуді сөйлеу бөліктеріне бөле алады, диалог барысында өзін мәдениеті және әдепті ұстайды. Сөйлеу кезінде "сиқырлы сөздерді" қолданады, сөйлеу этикетінің элементарлы нормаларын меңгерген;
2) монологтік сөйлеуді дамыту. Байланыстырып сөйлеу үлгілерін тани алады. 5-тен кем емес сөйлемнен әңгіме құрастырады. Ұсыну бойынша, схема, суреттер сериясы, сюжетті сурет бойынша сипаттама, салыстырмалы және хабарлы әңгімелерді мазмұндап айтады. Өзі 4-5 сөйлемнен берілген тақырыпқа әңгіме құрастыра алады. Кейіпкердің эмоционалдық күйін және көңіл-күйін көрсете отыра, берілген ертегі немесе әңгіменің сюжетін ойнап бере алады. Оқиғаға, ертегіге, әңгімеге жалғасын және соңынын, әңгімеге атауын ойлап таба алады, шығармашалық айту дағдыларына ие. Іс-әрекет уақытын, басын және аяғын, басты тұлғаны өзгерте отыра, мәтінді шығаршылық айтуда жаттығады. Әңгіме, ертегі кейіпкерлерінің іс-әрекетіне элементарлы баға бере алады, өз ойын білдіре алады. Санамақтар, мақалдар, өтірік өлеңдер, қысқа тақпақтарды жатқа айтады.
3-кесте
Бөлімше | Оқыту мақсаттары |
3.1 Диалогтік сөйлеуді дамыту | 0.3.1.1 берілген тақырыпқа диалог барысында сұрақтарды қоя алу және жауап қайтара алу |
0.3.1.2 сөйлеу этикетін сақтай отыра қарым-қатынастың түрлі жағдайларына қатысу | |
3.2 Монологтік сөйлеуді дамыту | 0.3.2.1 сюжетті иллюстрация, схема, суреттер сериясы, бейнелеу, дербестік бойынша сипаттама, салыстырмалы және хабарлы әңгімелерді құрастыру және қайта айту |
0.3.2.2 кейіпкердің эмоционалдық күйін және көңіл-күйін көрсете отыра, берілген ертегі немесе әңгіменің сюжетін ойнап бере алу, шығармашалық айту дағдыларына ие болу |
3-параграф. Жазу және сауат ашу негіздері
128. Мақсаты жалпы сөйлеу тілі дамымауы бар балаларды тілдің фонетикалық және графикалық жүйелерін игеру процесі кезінде оқу және жазу дағдыларына дайындау болып табылады.
129. Міндеттері:
1) фонематикалық есту және фонематикалық қабылдауды әрі қарай жетілдіру;
2) баспа әріптерін графикалық сызу дағдыларын қалыптастыру;
3) балаларды сөздерді, сөйлемдерді және қысқа мәтіндерді буындап бірге оқуға үйрету;
4) балаларда қарапайым дұрыс жазудың білімдерін қалыптастыру: сөйлемдегі сөздердің жеке жазылуы, сөйлем соңындағы нүкте, леп белгісі, сұрақ белгісі, сөйлемнің басында бас әріпті қолдану;
5) дисграфия және дислексияның пайда болуының алдын алу;
6) мектепке оқуға уәждемесін қалыптастыру;
6) қолды жазуға дайындау.
130. Жазу және сауат ашу негіздері сабағының мазмұны оқыту бөлімдері бойынша ұйымдастырылған, күтілетін нәтижелер түрінде оқытудың мақсатын өзінде кірістіретін бөлімшелерден құралады Әр бөлімшенің ішінде бірізді ұйымдастырылған оқытудың мақсаты, педагогтарға өзін жұмысын жоспарлауға және балалардың жетістіктерін бағалауға, сонымен қатар оқытудың келесі кезеңдері жайлы ақпараттандыруға мүмкіндік береді. Жалпы сөйлеу тілі дамымауы бар мектеп жасына дейінгі балаларда жазу және сауат ашу негіздеріне оқыту процесінде келесі шарттарды ескерген жөн:
1) оқыту дұрыс айтылатын дыбыстар мен сөздерде ғана жүргізіледі; сөйлеу патологиясы жоқ балаларды сауат ашуға оқыту әдістемелерімен салыстырғанда әріптер мен дыбыстарды оқудың өзгеше реті ұсынылады;
2) барлық дыбыстарды өту қарқыны біршама баяу;
3) сөздің дыбысты-буындық құрамында тез бағдарлана алу дағдысы дамиды; барлық ауызша сөйлеу материалы балаларға таныс;
4) морфологиялық жалпылауларды қалыптастыру бойынша терең жұмыс жүргізіледі;
5) сөйлеу материалын жүйелі қайталау және бекіту жүреді;
6) дыбыстар мен әріптерді оқумен қатар грамматика және дұрыс жазудың қарапайым ережелері беріледі;
7) бір дыбыс және әріп оқытылады;
8) жаңа әріппен танысу оның элементтерін талдау жолымен жүзеге асырылады;
9) кеспелі әліппемен талдау-жинақтау жұмыстары кеңінен жүргізіледі: дауысты және дауыссыз әріптермен танысады; дыбыстық анализ және синтез жолы бойынша сөздер, буындар кеспелі әліппе әріптерінен құрастырылады; дыбыстарды қосу, орнын ауыстыру, өзгерту жолымен сөздерді түрлендіреді; қарапайым сөз орамдарының мағынасын түсініп оқуды меңгереді.
131. Әріптерді құрастыру, баспа түрін жазу және оқу келесі бірізділікпен жүргізіледі:
1) дауысты дыбыстарды белгілейтін екі әріптен құралған тіркес;
2) тұйық буындағы дауыстының дауыссызбен тіркесуі;
3) ашық буындағы дауыссыздың дауыстымен тіркесі;
4) дауыссыз-дауысты-дауыссыз түрі бойынша бір буынды сөз;
5) ашық буындардан құралған екі және үш буынды сөздер;
6) ашық және бітеу буыннан құралған екі және үш буынды сөздер;
7) дауыссыз дыбыстары қатар келген екі буынды сөздер;
8) дауыссыз дыбыстары қатар келген үш буынды сөздер;
9) ашық буыннан құралған, көмекші сөзбен және көмекші сөзсіз екі-үш сөзден құралған сөйлем.
132. Оқу бағдарламасының мазмұны келесі бөлімдерді қамтиды:
1) фонематикалық есту;
2) оқу;
3) жазу.
133. "Фонематикалық есту" бөлімі келесі бөлімшелерді қамтиды:
1) сөйлеудің дыбыстық жағында бағдарлау;
2) сөздің буындық құрылымында бағдарлау;
3) сөйлем құрылымында бағдарлау.
134. "Оқу" бөлімі келесі бөлімшелерді қамтиды:
1) оптико-кеңістік белгілері бойынша әріптерді дифференциациялау;
2) бірқалыпты буындап оқу дағдыларын меңгеру;
3) оқығанның мағынасын түсіну.
135. "Жазу" бөлімі келесі бөлімшелерді қамтиды:
1) кинетикалық ұқсастықтары бойынша әріптерді дифференциациялау;
2) орфографиялық және тыныс белгілердің нормаларын сақтау;
3) қолды жазуға дайындау.
136. Оқыту мақсатының жүйесі. "Фонематикалық есту" бөлімінің мазмұны келесіні қарастырады:
1) сөйлеудің дыбыстық жағында бағдарлау. Сөйлеу ағымынан дыбыстарды белгілейді, олардың белгілерін ажыратады: екпін/екпінсіз дауысты дыбыстар; жуан/жіңішке, қатаң/ұяң дауыссыз дыбыстар, жуан және жіңішке дауыссыз дыбыстарды салыстырады, оларды дұрыс айтады, белгілі бір дыбыспен сөздерді атайды. Сөздің соңында дауыссыз дыбыстың жуан және жіңішке айтылуын естуге ажырату дағдылары бар. Сөздегі буындар санын және ретін анықтайды, сөздерді буындарға бөледі, буын, сөз, екпін жайлы алғашқы түсініктері бар. Сөздердегі екпінді анықтайды. Бір буынды сөздердің, ашық, тұйық, бітеу буындардың дыбысты-буындық талдау және жинақтауды түсінеді. Екі, үш, төрт сөздерден құралған сөйлемдердің және екі буынды, үш буынды сөздердің, дауыссыз дыбыстары қатар келген буындардың дыбысты-буындық талдау және жинақтау жасай алады. Шартты белгілік модельдермен ұстанады: түрлі-түсті орнын басушы текшелерден сөздердің дыбыстық модельдерін құрастырады, түрлі дыбыстық модельдерге сәйкес үш, төрт, бес дыбыстан құралатын сөздерді таңдайды. Логикалық құрастырылған сұрақтар және сөздің берілген дыбыстық құрылымы көмегімен педагогпен немесе баламен жасырылған сөзді таба алады. Дауысты дыбыстардың сөз жасаушы рөлі жайлы түсініктері бар;
2) сөздің буындық құрылымында бағдарлау. Буындық құрамы бойынша сөздерді салыстырады. Дыбыстар мен буындардың орнын ауыстыру, оларды толықтыру немесе алып тастау көмегімен, бір буындарды екіншісімен ауыстыру жолымен сөздерді ауыстыру дағдысына ие. Ересек адамның көмегімен басқа сөздерден буындық фрагменттерді белгілеу жолымен жаңа сөздерді құрастыра алады. Әріптерді қосу, орнын ауыстыру, өзгерту жолымен буындарды өзгерту жайлы түсініктері бар. Белгілі бір буындар санымен сөздерді ойлап таба алады. Ретсіз берілген буындардан сөз құрастыра алады. Буындарды бірізді айтылу ретімен берілген сөздерді таниды. Сызбалар және модельдер бойынша сөздерді таңдай алады. Жаңа сөз алу үшін сөздегі буындарды орнын ауыстыра алу дағдысы бар. Сөздегі буындардың санына сәйкес суреттерді үлестіру дағдылары бар;
3) сөйлем құрылымында бағдарлау. Сөздер және сөйлемдерді ажырата алады, сөздердің мәнісін және сөйлемдердің мағынасын түсінеді. Кішігірім мәтіндердің мазмұны бойынша қарапайым сұрақтарға жауап бере алады. Интонация бойынша сөйлемдерді ажырата алады. Сөйлеу ағымын сөйлемдерге, сөйлемдерді - жеке сөздерге бөледі. Сөйлемдегі сөздердің санын және олардың ретін анықтайды. Белгілі бір сөздер санын құралатын сөйлемдерді ойлап табады. Сөйлемдегі сөздердің ретін бейнелейтін графикалық жазбаны жасайды. 3-5 сөзден құралатын сөйлемдердің талдауын меңгерген. Тақтада және қағаз бетінде сөйлемдердің сызбасын графикалық бейнелей алады. Жалғаулықтар және көмекші сөздер кіретін, 3-5 сөзден құралған сөйлемдерге талдау жасай алады, сөйлемдерді бас әріппен жазу қажеттігін, көмекші сөздердің жеке жазылуы жайлы ережелерді біледі. Түрлі тыныс белгілерін қолдана отыра, берілген сызба бойынша сөйлемдерді құрастыру дағдысын меңгерген. Хабарлы, сұраулы және бұйрық сөйлемдердің интонациясын көрсете алады.
4-кесте
Бөлімше | Оқыту мақсаттары |
1.1 Сөйлеудің дыбыстық жағына бағытталу | 0.1.1.1 сөйлеу дыбыстарын естуге қабылдау, оларды сөз ағымынан ажырату және сөзден тыс айту |
0.1.1.2 сөздерде дыбыстарды белгілеу және олардың белгілерін ажырату, оларды дұрыс айту (екпінді/екпінсіз дауысты дыбыстар, жуан/жіңішке, қатаң/ұяң дауыссыз дыбыстар) | |
0.1.1.3 сөздердің және буындардың дыбысты-буындық анализін және синтезін өткізу | |
0.1.1.4 сөздің дыбыстық құрамының шартты символдық сызбаларын және модельдерін қолдану | |
1.2 Сөздің буындық құрылымында бағытталу | 0.1.2.1 сөздерді буынға бөлу, сөздегі буындардың ретін және санын анықтау |
0.1.2.2 екпінді буынды анықтау | |
0.1.2.3 белгілі бір дыбысқа және берілген буындар санына сөздер құрастыру | |
1.3 Сөйлем құрылымында бағытталу |
0.1.3.1 сөйлемдегі сөзді есту қабілетіне ажырату, олардың ретін және санын анықтау |
137. "Оқу" бөлімінің мазмұны келесіні қарастырады:
1) оптико-кеңістік белгілері бойынша әріптерді дифференциациялау. Дыбысты оның әріппен белгіленуін салыстыра алады, дыбыстың буынан қандай айырмашылығы болатыны жайлы түсінігі бар. Баспаны қолдана отырып дыбысты әріппен белгілейді. Дауысты және дауыссыз дыбыстарға сәйкес әріптердің белгіленуін түсінеді. Әріп бейнесін шынайы заттармен сәйкестендіре алады. Әріп қандай элементтерден құралатынын анықтайды. Түрлі сюжеттік материалдарда әріп бейнесін табады, қолдағы бар материалдардан әріп бейнесін құрастырады немесе сомдап шығарады. Сөздер құрамынан дауысты және дауыссыз әріптерді ажыратады, сөздегі орнын анықтай алады. Оптико-кеңістік белгілері бойынша әріптерді дифференциациялайды. Сөйлемдерде берілген әріптермен сөздерді таба алады. Сөздердегі тастап кетілген әріптерді таба алады. Элементтері жетіспей бейнеленген әріптерді; әріптердің бірінің үстіне бірі бейнесін тани алады. Дұрыс және теріс бейнеленген әріптер қатарынан таныс әріптерді таба алады. Сөздегі тастап кетілген әріпті анықтауға жаттығулар орындайды. Бір-біріне басылған әріптерді, дұрыс және дұрыс емес басылған әріптерді ажыратады, әр түрлі қаріптегі әріптерді тани алады. Сөздің әріптік талдауын көрсететін сызбаларды толтырады, жаттығуларды орындайды;
2) бірқалыпты буындап оқу дағдыларын меңгеру. Кеспелі әліппемен жұмыс жасау кезінде алғашқы оқу дағдылары бар. Ауызша талдау жолымен кеспелі әліппе әріптерінен сөздер құрастыра алады, берілген буындарды жетіспей жатқан әріптермен толықтыра алады. Бір буынды өзгерту есебінен жаңа сөздерді түрлендіре алады. Йотты дауысты сөздердің әріптік құрамын анықтайды. Буындардан сөз құрастыру, буындарды оқу дағдысы бар. Дауыссыз байланысқан буындар және сөздер, сөйлемдерді оқи алады. Ашық, жабық, тұйық буындарды оқу дағдысын меңгерген. Дауыссыздар байланысымды сөздер мен буындарды оқи алады; оқығаны туралы сұрақтарға жауап бере алады, сұрақтарды қоя алады, оқығанды қайта айтып бере алады. Буындар, сөздер, мәтіндерді бірқалыпты буындап оқу жайлы түсініктері бар. Сөздерді нақты, қатты айтуда барлық дыбыстарды дұрыс айтумен берілген күрделіліктегі сөздерді және одан да күрделі жеке сөздерді буындап оқу дағдысы бар. Оқу кезінде нүктелерде үзілістерді сақтайды;
3) оқығанның мағынасын түсіну. Ашық, жабық, тұйық буындарды оқуын түсінеді. Оқығанның мағынасын түсінеді, ересек адамның бақылауы және көмегімен оқығаны бойынша сұрақтарға жауап береді және оқыған мәтінін қайталап айтып береді. Ересек адамның көмегімен оқығанын айтып береді. Оқыған сөйлемді жетіспей жатқан сөздермен толықтыру бойынша түрлі тапсырмаларды орындай алуға қабілетті.
5-кесте
Бөлімше | Оқыту мақсаттары |
2.1 Оптико-кеңістік белгілері бойынша әріптерді дифференциациялау | 0.2.1.1 дыбысты оның әріптік белгіленуімен сәйкестендіру |
0.2.1.2 әріптің графикалық бейнесін бірінін үстіне бірі жазылған жағдайларда тану | |
2.2 Бірқалыпты буындап оқу дағдыларын меңгеру | 0.2.2.1 буындардан сөз құрастыру, буындарды оқу дағдысына ие болу |
2.3 Оқығанның мағынасын түсіну | 0.2.3.1 оқығанды түсіну,оқығаны бойынша сұрақтарға жауап беру және оқыған мәтінді айтып беру |
138. "Жазу" бөлімінің мазмұны келесіні қарастырады:
1) кинетикалық ұқсастықтары бойынша әріптерді дифференциациялау. Дұрыс жазудың барлық меңгерілген ережелерін қолдана отыра, түрлі буындық құрамды, сөйлемді кеспелі әліппе әріптерінен жинайды және басып шығарады. Кеспелі әліппені қолданумен әріптерді қосу, орнын ауыстыру жолымен буындар, сөздер түрленуі жайлы түсініктері бар. Оптико-кинетикалық белгілері бойынша әріптерді дифференциациялай алады; сөздердегі тастап кетілген әріптерді таба алады. Оқылып қойған әріптердің графикалық және
оптико-кеңістік белгілерін ажырата алады. Әріптердің жетпей қалған элементтерінің суретін сала алады;
2) орфографиялық және тыныс белгілердің нормаларын сақтау. Екпінді емес дауыстыларды жазу жайлы түсініктері бар: ересек адамның бақылауында сөздерді ауыстыру жолымен екпінді емес дауыстыны тексереді. Сөздің соңындағы қатаң және ұяң жұпты дауыссыздардың жазылуы жайлы түсініктері бар: аса қарапайым жағдайларда көршілес сөздердің көмегімен және сөздердің ауысуы есебінен қатаң және ұяң дауыссыздардың жазылуы тексеріледі. Жазылуы ережелермен тексеруге келмейтін, кейбір сөздердің жазылуы жайлы түсініктері бар. Сөздер және сөйлемдердің жазылуының негізгі ережелерін біледі: сөзде әріптер бірге жазылады, сөйлемде сөздер жеке жазылады. Көмекші сөздердің бөлек жазылуы туралы, адамдардың есімдері бас әріппен жазылуы түсініктері бар, сөйлемдерді жазудың негізгі ережелерімен таныс. Сөйлем соңында тыныс белгілерін қояды: нүкте, лепті, сұрау белгілері;
3) қолды жазуға дайындау. Кеңістіктегі өзара қарым-қатынасты, жазықтыққа бағдарлануды орнатады. Таяқшалардан әріптерді құру, бау және мозаиканы қатарлап шығару, ермексаздан мүсіндеу, ауада және жұқа ұнтақ жарма қабатында "сурет салу" дағдысы бар. Шектеуішке сүйене отыра және оның көмегінсіз трафарет көмегімен сызықшаларды салу дағдысы бар. Жұмыс жолына берілген биіктігі, ұзындығы, ені және санына сәйкес әріптерді жазу. Жеке элементтерден жазба әріптерді құрастыра алады. Жазу кезінде арқа мен қолдың дұрыс қалпымен таныс. Жазу кезінде қарындашты немесе қаламды дұрыс ұстау дағдылары бар. Жазу кезінде қозғалыс актілерінін барысын қадағалайды және бақылайды. Шатастырылатын әріптерді, оларға сәйкес белгіленетін дыбыстарды ажырататын, сигналдық, "тірек" сипаттары жайлы түсініктері бар. Ересек адамның қадағалауымен графикалық белгінің құрылысына және құрамына; олардың элементтерінің жинақтауына; әріптердің салыстырмалы талдауына жаттығулар орындайды. Баспаны қолдана отырып дыбысты әріп етіп белгілейді.
6-кесте
Бөлімше | Оқыту мақсаттары |
3.1 Кинетикалық ұқсастықтары бойынша әріптерді дифференциациялау | 0.3.1.1 ұсынылған модельдер негізінде немесе модельдеу көмегімен оларды жазу, сөздердің, сөйлемдердің сызбаларын құрастыру |
3.2 Орфографиялық және тыныс белгілердің нормаларын сақтау | 0.3.2.1 орфографияның қарапайым ережелерін сақтау |
0.3.2.2 сөйлем соңында тыныс белгілерін қою: нүкте, сұрақ белгісі, леп белгісі | |
3.3 Қолды жазуға дайындау | 0.3.3.1 жазба парағында бағдарлану, жұмыс жолын және жоларалық кеңістігін ажырату; әріп элеметтерін жазу, тор/жолақ жұмыс дәптеріне басып шығару |
0.3.3.2 жазу кезінде қарындашты немесе қаламды дұрыс ұстау |
4 - параграф. Дыбыс айту
139. Мақсаты толыққанды айту дағдыларын қалыптастыру: сақталған дыбыстарды нақтылау, жоқ дыбыстарды қою, бұрмаланған дыбыстарды түзету; фонематикалық есту мен фонематикалық қабылдауды, фонетикалық-фонематикалық түсініктерді қалыптастыру болып табылады.
140. Міндеттері:
1) сөйлеу тілі іс-әрекетіне эмоционалды жағымды қатынасты дамыту;
2) еркін есту арқылы қабылдауды және зейінді дамыту;
3) еркін көру арқылы қабылдауды және зейінді, жадты дамыту;
4) артикуляциялық қимылдың кинестетикалық және кинетикалық негіздерін дамыту;
5) ырғақтық суреттерді қабылдау және шығару процесінде есту-көру және есту-қимылдық өзара әрекеттенуді дамыту;
6) сақталған дауысты және дауыссыз дыбыстардың айтылуын нақтылау;
7) жоқ дыбыстарды шақыру;
8) бұрмаланып айтылған дыбыстарды түзету;
9) буындардағы, сөздердегі дыбыстарды айтуға машықтандыру;
10) сөйлемдердегі, байланыстырылған сөйлеу тіліндегі дыбыстарды айтуға машықтандыру;
11) сөздің дыбыстық-буындық құрылымын қалыптастыру;
12) сөйлеу тілдік тыныс алуға үйрету;
13) дауысты дамыту;
14) интонациялық мәнерлілікті, сөйлеу тілінің ырғақтылығын дамыту;
15) өз күшіне деген сенімділікке тәрбиелеу.
141. "Дыбыс айту" сабағының мазмұны оқыту мақсаты мен күтілетін нәтижені қамтитын бөлімшелерден құралатын оқыту тараулары бойынша ұйымдастырылған. Әрбір бөлімшенің ішінде бірізділікпен ұйымдастырылған оқыту мақсаттары педагогтарға өз жұмыстарын жоспарлауға және балалардың жетістіктерін бағалауға, сондай-ақ оқытудың келесі кезеңдері туралы хабарлауға мүмкіндік береді:
1) оқылатын дыбыстың дұрыс айтылуын бекіту кезеңіне лексикалық материалдарды таңдағанда оның сан алуандылығын, үйретілетін дыбыстың мол болуын, сондай-ақ мүмкіндігіне қарай бұзылған және араласқан дыбыстардың болмауын қарастыру қажет. Балалардың меңгерген лексикалық-грамматикалық категорияларды, сондай-ақ байланыстырылған сөйлеу тілін дамытуға бағытталған жұмыстардың әр түрлі түрлерін қолдануға арналған жаттығуларды қосу ұсынылады. Дыбыстарды дұрыс айтуға үйрету процесінде логопед балаларды үйретілетін дыбыстарды салыстыруға, артикуляциялық тәртіп бойынша олардың арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтар туралы белгілі бір қорытынды жасауға, оларды артикуляциялау және айту тәсілдеріне үйретеді;
2) дыбысты буындарда бекіту кезеңінде, бекітіліп отырған дауыссыз дыбыстарды дауысты дыбыстармен төмендегі дәйектілікпен қосамыз: тік буындарда, кері буындарда, дыбыс дауысты дыбыстардың арасында болатын буындарда, тұйық буындарда, дауыссыз дыбыстар қатар келген буындарда;
3) жіңшке дыбыстар жуан дыбыстрдан кейін, дәл осы ретпен бекітіледі. Екпіндерінің ауысуымен, біртіндеп буындардың көбеуімен буындық жаттығулар қоланылады.
142. Оқу бағдарламасының мазмұны келесі бөлімдерді қамтиды:
1) фонематикалық есту;
2) сөйлеу тілінің просодиялық жағын қалыптастыру;
3) сөйлеу тілінің айтылу жағын қалыптастыру.
143. "Фонематикалық есту" бөлімі келесі бөлімшелерді қамтиды:
1) есту арқылы қабылдау;
2) фонематикалық қабылдау;
3) фонематикалық түсініктер;
4) фонематикалық талдау мен жинақтау;
5) сөздің буындық құрылымы.
144. "Сөйлеу тілінің просодиялық жағын қалыптастыру" бөлімі келесі бөлімшелерді қамтиды:
1) сөйлеу тілдік тыныс алуды дамыту;
2) дауысты дамыту.
145. "Сөйлеу тілінің айтылу жағын қалыптастыру" бөлімі келесі бөлімшелерді қамтиды:
1) қол моторикасының қимылының кинестетикалық және кинетикалық негізін қалыптастыру;
2) артикуляция мүшелерін дамыту;
3) айтылуды қалыптастыру.
146. "Фонематикалық есту" бөлімінің мазмұны келесіні қарастырады:
1) есту арқылы қабылдау. Есту зейінін қосады, әрекетті сигналдың әр түрлі дыбысталуына сәйкес орындайды. 3-4 сигналдың ішінен тұрмыстық шуды таниды және ажыратады. Ақырын және қатты дыбысталуды ажыратады. Дыбысталудың қарқынын ажыратады. Сөйлеу тілінің басталуы мен аяқталуына деген әсері болады;
2) фонематикалық қабылдау. Дыбысталу жағынан ұқсас сөздерді ажыратады.Берілген дауысты дыбысты басқа дауысты дыбыстардың ішінен ерекшелейді.Сақталған сөйлеу тіліндегі дауыссыз дыбысты басқа дауыссыз дыбыстардың ішінен ерекшелейді. Бір буынды және екі буынды ұқсас сөздерді (мак-бак-так) айтады.Суретте бейнеленген сөздің дұрыс айтылуын қате айтылуынан ажыратады. 3-4 сөздің ішінен дыбыстық құрамы бойынша басқаларынан ерекшеленетінді анықтайды;
3) фонематикалық түсініктер. Суреттерді берілген дыбысқа сәйкес таңдайды. Берілген дыбысқа екі буынды сөздерді таңдайды. Берілген дыбысқа үш буынды сөздерді таңдайды. Берілген дыбыс сөздің басында естілетін сөзді таңдайды. Берілген дыбыс сөздің соңында естілетін сөзді таңдайды. Берілген дыбыс сөздің ортасында естілетін сөзді таңдайды;
4) фонематикалық талдау мен жинақтау. Дауысты және дауыссыз буындар туралы түсінігі бар, дауысты және дауыссыз дыбыстарды жіктейді. Дыбысталуы мен артикуляция жағынан ұқсас дауыссыз дыбыстарды жіктейді. Аталған дыбыстың сөздегі орнын анықтайды, сөздегі дыбыстардың дәйектілігін анықтайды. Сөздердің дыбыстық үлгілерін түсті шекемтастардан құрастырады, әр түрлі дыбыстық үлгілерге сәйкес сөздерді таңдайды. Сұрақтардың және берілген дыбыстық құрылымды сөздердің көмегімен педагогтың немесе баланың ойлаған сөзін табады;
5) сөздің буындық құрылымы. Дауыссыз дыбыстардың тоғысуын айту. Дауыссыз дыбыстардың тоғысуын айтады және оған сәйкес сөздерді таңдайды. Дұрыс айтылатын дыбыстардан құралатын күрделі буындық құрылымды қабылдау және айту дағдысы бар, бітеу буыны бар үш буынды сөздерді айта алады, дауыссыз дыбыстар қатар келген үш буынды сөздерді айтады. "Буын", "сөз" туралы түсініктері бар, екі және үш буынды сөздерді буынға бөледі. Дауыссыз дыбыстары қатар келген үш және төрт буынды сөздерді буынға бөледі. Буын құрылымы күрделі сөздерді айтады. Сөздерді, сөйлемдерді айтқанда лепті, хабарлы, сұраулы интонацияларды пайдаланады.
7-кесте
Бөлімше | Оқыту мақсаттары |
1.1 Есту арқылы қабылдау | 0.1.1.1 есту зейінін қосу, әрекетті сигналдың әр түрлі дыбысталуына сәйкес орындау |
0.1.1.2 3-4 нұсқадағы дыбыстық сигналдарды тану және ажырату | |
0.1.1.3 сөйлеу тілінің дыбысталуының басталуы мен аяқталуына деген әсері болу | |
1.2 Фонематикалық қабылдау | 0.1.2.2 дыбысталу жағынан ұқсас сөздерді ажырату |
0.1.2.3 берілген дауысты дыбысты басқа дауысты дыбыстардың ішінен ерекшелеу | |
0.1.2.4 сақталған сөйлеу тіліндегі дауыссыз дыбысты басқа дауыссыз дыбыстардың ішінен ерекшелеу | |
0.1.2.5 бір буынды және екі буынды ұқсас сөздерді айту(мак-бак-так) | |
0.1.2.6 суретте бейнеленген сөздің дұрыс айтылуын қате айтылуынан ажырату | |
0.1.2.7 3-4 сөздің ішінен дыбыстық құрамы бойынша басқаларынан ерекшеленетінді анықтау (мак-бак-так-банан) | |
1.3 Фонематикалық түсініктер | 0.1.3.1 суреттерді берілген дыбысқа сәйкес таңдау |
0.1.3.2 берілген дыбысқа екі буынды сөздерді таңдау | |
0.1.3.3 берілген дыбысқа үш буынды сөздерді таңдау | |
0.1.3.4 берілген дыбыс сөздің басында естілетін сөзді таңдау | |
0.1.3.5 берілген дыбыс сөздің соңында естілетін сөзді таңдау | |
0.1.3.6берілген дыбыс сөздің ортасында естілетін сөзді таңдау | |
1.4 Фонематикалық талдау мен жинақтау | 0.1.4.1 дауысты және дауыссыз дыбыстарды жіктеу |
0.1.4.2 дауысты-дауыссыз дыбыстар тіркесіндегі дыбыстардың санын және дәйектілігін анықтау | |
0.1.4.3 сөздегі дыбыстар санын анықтау | |
0.1.4.4 екі аталған сөзден бірдей дыбыстарды анықтау | |
0.1.4.5 аталған дыбыстың сөздегі орнын анықтау | |
0.1.4.6 дыбыстардың сөздегі дәйектілігін анықтау | |
0.1.4.7 берілген дыбыстар санына сөз құрау | |
0.1.4.8 дауыссыз дыбыстарды құрылу орны бойынша жіктеу | |
0.1.4.9 дауыссыз дыбыстарды акустикалық белгілері бойынша жіктеу | |
0.1.4.10 "буын", "сөз" мағыналарын түсіну | |
1.5 Сөздің буындық құрылымы | 0.1.5.1 дауыссыз дыбыстардың тоғысуын айту |
0.1.5.2 дауыссыз дыбыстардың тоғысуын айту және оларға сөздер таңдау; | |
0.1.5.3 бітеу буыны бар үш буынды сөздерді айту; | |
0.1.5.4 дауыссыз дыбыстары тоғысқан үш буынды сөздерді айту | |
0.1.5.5 үш және төрт буынды сөздерді буынға бөлу | |
0.1.5.6 дауыссыз дыбыстары тоғысқан үш және төрт буынды сөздерді буынға бөлу | |
0.1.5.7 буындық құрылымы күрделі сөздерді айту | |
0.1.5.8 әр түрлі интонацияларды пайдалану |
147. "Сөйлеу тілінің просодиялық жағын қалыптастыру" бөлімінің мазмұны келесіні қарастырады:
1) сөйлеу тілдік тыныс алуды қалыптастыру. Бақылау үшін алақанды пайдалана отырып көкеттік-қабырғалық тыныс алуды пайдаланады. Сөйлеу тілінің қатысуынсыз, сөйлеу тілінің қатысуымен қысқа жайлы дем алуды және жайлы ұзақ дем шығаруды орындай алады. Ауыздық және мұрындық тыныс алуды ажыратады. Тіркестерді айтқанда сөйлеу тілдік дем шығаруды біртіндеп ұзарта отырып, буындар мен сөз қатарын бір тыныста айтады;
2) дауысты дамыту. Дауыс күші мен биіктігін ажыратады. Дауыс күшін еркін өзгертеді: сыбырлап, ақырын, қатты айта алады.
8-кесте
Бөлімше | Оқыту мақсаттары |
2.1 Сөйлеу тілдік тыныс алуды дамыту | 0.2.1.1 көкеттік-қабырғалық тыныс алуды пайдалану (бақылау үшін баланың алақанын пайдалану) |
0.2.1.2 сөйлеу тілдің қатысуынсыз қысқа жайлы дем алуды (ұртын толтырмай, иығын көтермей) және жайлы ұзақ дем шығару | |
0.2.1.3 сөйлеу тілдің қатысуымен қысқа жайлы дем алуды (ұртын толтырмай, иығын көтермей) және жайлы ұзақ дем шығару | |
0.2.1.4 ауыздық және мұрындық тыныс алуды жіктеу (ауызбен дем алу мұрынмен дем шығару; мұрынмен дем алу ауызбен дем шығару) | |
0.2.1.5 буындар мен сөз қатарын бір тыныста айту | |
0.2.1.6 тіркестерді айтқанда сөйлеу тілдік дем шығаруды ұзарту | |
2.1 Дауысты дамыту | 0.2.2.1 дауыс күшін ажырату (ақырын-қатты) |
0.2.2.2 дауыс биіктігін ажырату (жоғары-төмен) | |
0.2.2.3 дауыс күшін еркін өзгерту: сыбырлап, ақырын, қатты айту |
148. "Сөйлеу тілінің айтылу жағын қалыптастыру" бөлімінің мазмұны келесіні қарастырады:
1) қол моторикасының қимылының кинестетикалық және кинетикалық негізін қалыптастыру. Көру арқылы қабылдауда саусақтарды дамытуға арналған әр түрлі жаттығуларды орындайды, сөздік нұсқау бойынша әр түрлі саусақтық қалыпты ұстап тұрады. Қол білезіктеріне арналған арнайы жаттығуларды орындайды: қимыл амплитудасын біртіндеп арттыра отырып қолды жұму, ашу, сілку және бұлғау. Дәйектілікпен ұйымдастырылған қимыл мен құрылымдық праксис процесінде саусақтарымен әр түрлі қимылдарды орындайды: конструктормен ойындар, мозаикадан өрнектер құрастыру, таяқшалар көмегімен заттарды бейнелеу, қиылған суретті жинау, жиектеу, бояу, трафаретті штрихтау;
2) артикуляция мүшелерін дамыту. Артикуляцияның негізгі мүшелерін біледі. Артикуляциялық жаттығулар кешенін логопедтің үлгісі, санауы және сөздік нұсқауы бойынша орындайды. Артикуляциялық қалыпты ұстап тұрады, ерінге, тілге арналған артикуляциялық ойын жаттығуларын орындайды. Артикуляция мүшелерінің қозғалғыштығы мен артикуляция мүшелерінің ауысуына арналған жаттығуларды орындайды. Әр түрлі дыбыстарды айтқан кездегі тілдің қалпының өзгеруін анықтайды. Сөздік нұсқау бойынша мимикалық жаттығуларды орындайды: көзді қатты жұму, ұртты ауаға толтыру;
3) айтылуды қалыптастыру. Дауысты дыбысты буында, сөзде, сөйлемде және шағын әңгімелерде дұрыс айтады. Сөзде, сөйлемдерде және қысқа әңгімелерде естілген және айтылған дауыссыз дыбыстарды дұрыс жіктейді. Естілген және айтылған дауыссыз дыбыстарды ұяң-қатаң, жуан-жіңішкелігі бойынша жіктейді.
9-кесте
Бөлімше | Оқыту мақсаттары |
3.1 Қол моторикасының қимылының кинестетикалық және кинетикалық негізін қалыптастыру | 0.3.1.1 саусақтарды дамытуға арналған әр түрлі жаттығуларды орындау |
0.3.1.2 әр түрлі саусақтар қалпын ұстап тұру | |
0.3.1.3 қол басына арналған жаттығуларды орындау | |
0.3.1.4 үлгі бойынша таяқшалардан пішіндер құрастыру | |
0.3.1.5 әр түрлі штрихтау әрекетін орындау | |
3.2 Артикуляция мүшелерін дамыту | 0.3.2.1 артикуляцияның негізгі мүшелерін білу |
0.3.2.2 артикуляциялық тәртіпті логопедтің үлгісі бойынша, санау, сөздік нұсқау бойынша орындау | |
0.3.2.3 артикуляциялық қалыпты ұстап тұру | |
0.3.2.4 ерінге арналған артикуляциялық жаттығуларды орындау | |
0.3.2.5 тілге арналған артикуляциялық жаттығуларды орындау | |
0.3.2.6 артикуляциялық мүшелердің ауысуына берілген жаттығуларды орындау | |
0.3.2.7 артикуляциялық аппараттың нақты және жіктелген қимылын орындау | |
0.3.2.8 сөздік нұсқау бойынша мимикалық жаттығуларды орындау | |
3.3 Айтылуды қалыптастыру | 0.3.3.1 дауысты дыбыстарды естілгенде және айтылғанда дұрыс айту |
0.3.3.2 ерте онтогенез дауыссыз дыбыстарды сөзде, сөйлемде дұрыс айту | |
0.3.3.3 әр түрлі фонетикалық жағдайларда ауыстырып, шатастырып алуы мүмкін дауысты дыбыстарды [а-о-у-и]; [а-ә], [о-ө], [у-ү], [у-ұ], [ү-ұ], [ы-і] дұрыс айту | |
0.3.3.4 дауысты, дауыссыз дыбыстарды жіктеу | |
0.3.3.5 қатаң, ұяң, үнді дыбыстарды естілгенде және айтылғанда дұрыс айту | |
0.3.3.6 жуан және жіңішке дыбыстарды естілгенде және айтылғанда дұрыс айту | |
0.3.3.7 әр түрлі фонетикалық жағдайларда ауыстырып, шатастырып алуы мүмкін дауыссыз дыбыстарды [ш-с], [ж-з], [с’-щ,], [м-н], [б-п], [к-қ], [г-ғ], [т-д], [к-т], [ғ-қ], [н-ң], [м-н-ң], [х-һ], [с- з], [ш ж], [л-р], [в-б] дұрыс айту | |
0.3.3.8 қойылған дыбыстардың дауыстылармен жеке, ашық буында тұйық буында, бітеу буында, сөзде, сөйлемде тоғысуы |
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 12 тамыздағы № 499 бұйрығына 3-қосымша |
Көру қабілеті бұзылған балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы
Ескерту. Бұйрық 3-қосымшамен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 29.12.2018 № 721 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Түсіндірме жазба
1. Көру қабілеті бұзылған балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5 және 14 - баптарына сәйкес әзірленді.
2. Бағдарламаның мақсаты - балалардың жастық және жекелей мүмкіндіктері мен қажеттіліктеріне сәйкес арнайы түзетуші-компенсаторлық және әлеуметтік-бейімдік дағдылар мен икемдерді қалыптастыру; оқу, ойын, тұрмыстық іс-әрекеттің алуан түрлеріне өз бетімен қатысуға даярлау, әлеуметтік жағдайларға бейімдеу.
3. Бағдарламаның міндеттері:
1) әртүрлі құрылымы мен көріну дәрежесі көру патологиясы бар балаларға коррекциялық көмекті ұйымдастыруда дара-дифференциалды тұғыр қағидасымен қамтамасыз ету;
2) коррекциялық, алдын алу және дамытушы міндеттердің бірлігін қамтамасыз ету;
3) емдік-қалпына келтіру процесімен түзете-дамыту жұмысының өзара байланысын қамтамасыз ету;
4) қоршаған ортаны қабылдауда балалардың сенсорлы мүмкіндіктеріне адекватты коррекциялық-дамытушы ортаны құру;
5) тифлопедагог пен баланың жақын әлеуметтік аймағының ынтымақтастығы.
4. Бағдарама оқу-танымдық іс-әрекеттің мотивациялық компонентін қалыптастыруға, қоршаған әлемнің объектілеріне зерттеу тұғырын, ойлау іс-әрекеті мен сөйлеуді дамытуға ықпал етеді.
5. Күтілетін нәтижелер сабақтар бойынша оқыту мақсаттарының жүйесімен ұсынылған.
6. Бағдарламаның мазмұны балалардың дене және психикалық дамуының жас кезеңдерін қамтиды:
1) бірінші кіші топ - 2-3 жастағы балалар;
2) екінші кіші топ - 3-4 жастағы балалар;
3) орта топ - 4-5 жастағы балалар;
4) мектепке дейінгі ұйымдағы ересектер тобы - 5-6 жастағы балалар;
5) жалпы білім беретін мектептегі, лицейдегі, гимназиядағы мектепалды даярлық сыныбы - 6-7 жастағы балалар.
2-тарау. Бірінші кіші топ (2-3 жастағы балалар)
1-параграф. "Таным" білім беру саласы
7. "Таным" білім беру саласының базалық мазмұны арнайы түзеу оқу қызметінде жүзеге асырылады - көру түйсігі (көзі көрмейтін балалармен көру түйсігін дамытудың орнына сезіну және сипап сезуді дамыту бойынша түзеу оқу қызметі жүргізіледі), кеңістікте бағдарлау.
8. Мақсаты ретінде қоршаған әлем туралы адекватты ақпарат алу үшін сақталған анализаторларды және зақымдалған көруді қолдану біліктілігін қалыптастыру алынады.
9. Міндеттері:
1) мақсатты бағытталған көру және түйсіну арқылы қабылдау тәсілдерін қалыптастыру;
2) қоршаған әлем, объектілердің қасиеттері мен сапалары туралы түсініктерін қалыптастыру және дамыту;
3) кеңістік және кеңістіктік қатынастар туралы түсініктерін қалыптастыру.
2-параграф. 1- жартыжылдық
10. Көру түйсігі келесіні қамтиды: көру-ізденістік іс-әрекеті, сенсорлы эталондар (пішін, көлем, түс), заттар және заттық бейнелер, кеңістікті қабылдау, көру-моторлы координациялар.
11. Көру-ізденістік іс-әрекет қоршаған кеңістіктің объектілерін іздеу, табу, қоршаған орта нысандарын оқшаулау барысында дамиды. Қабілеттерді қалыптастыру:
1) жақын кеңістіктегі заттарға көз қырын салу;
2) басқалардың арасында берілген объектіні көру арқылы оқшаулау.
12. Сенсорлы эталондар пішінде, көлемде, түсте көру арқылы бағдарлауды қалыптастыруды және дамытуды, зейін мен ойлауды дамытуды қамтиды. Балаларды оқыту:
1) көлемді дөңгелек және бұрышты пішіндерді көру-түйсіну арқылы зерттеу тәсілдері (шар, текше);
2) біртекті көлемді пішіндерді өзара салыстыра алу;
3) 2 пішіннің арасынан таңдауды жүзеге асырып, үлгінің айналасындағы біртекті көлемді пішіндерді топтастыра алу;
4) біртекті заттарды көлемі бойынша (үлкен-кішкентай) жазықтық заттарды қабаттастыру, көлемді заттарды салу және ішіне салу тәсілдерімен салыстыра алу;
5) негізгі түстерді ажырата алу (қызыл, сары, жасыл, көк);
6) жақын кеңістікте түстердің эталондарын қоршаған заттардың түстерімен салыстыра алу.
13. Заттар және заттық бейнелер. Балаларды оқыту:
1) жақын аймақтағы және суреттегі заттарды тану;
2) қарапайым кескіндемедегі көлемді затқа заттық картинаны таңдай алу.
14. Кеңістікті қабылдау. Балаларды оқыту:
1) жақын кеңістіктегі үш заттың сызықтық орналасуының бірізділігін ажырату;
2) үлгі және нұсқау бойынша жақын кеңістіктегі 3 затты бірізді (сызықтық) орналастыру білігі.
15. Көру-моторлы координациялар. Балаларды оқыту:
1) қолдың әрекетін көзбен бақылау;
2) көру бақылауы бойынша сұқ саусақпен тік, көлденең, көлбеу сызықтарды айналдыра қоршау біліктілігі.
16. Күтілетін нәтижелер:
1) затқа көз қырын салады;
2) үлгі бойынша көру-түйсіну арқылы зерттеу әрекетін орындайды;
3) біртекті көлемді пішіндерді көру арқылы салыстыра алады;
4) 2 пішіннің арасынан таңдау жасап, ұсынылған көлемді пішіндерді іріктейді;
5) көлемі бойынша екі біртекті затты салыстыра біледі;
6) негізгі түстерді ажыратады;
7) негізгі түстердің өзара арақатынасын салыстыра алады;
8) таныс заттарды көру арқылы таниды;
9) үлгі бойынша 3 затты бірізді түрде орналастыра алады;
10) көру бақылауында сызықтарды қолмен қадағалай біледі.
17. Түйсіну және ұсақ моторика қамтиды: объектілерді түйсіну арқылы зерттеуге қолдың дайындығы, сипап-сезу арқылы зерттеу тәсілдері, заттық-практикалық іс-әрекет.
18. Объектілерді сипап-сезу арқылы зерттеуге қолдың дайындығы, қолдың құрылымы мен мүмкіндіктері туралы ұғымдарды қалыптастыру және дамыту, қолдың саусақтары мен білезіктерінің ұсақ қозғалыстарын дамыту барысында қамтамасыз етіледі.
19. Балаларды мыналармен таныстыру:
1) қолдың құрылысы (алақан, саусақтар);
2) қолдың мүмкіндіктері.
20. Орындауды оқыту:
1) қолдың білезігін сипалау, алақандарды бір-біріне соғу және сылау тәсілдерімен қолға өзіндік массажды (уқалау) орындау;
2) қолдың білезіктерімен көлденең және тік қимылдарды орындау;
3) бір қолмен, екі қолмен затты ұстап алу және ұстап тұру;
4) қолдың қабырғалық қырымен ("тостағанша", "тәрелке") білезіктерін біріктіру;
5) екі қолдың саусақтарын қиылыстыру ("құлып");
6) сұқ саусақпен басқа қолдың алақанына айналмалы қимылдарды орындау, қолдың саусақтарымен бүгу (жұдырық) және жазу қимылдарын орындау.
21. Сипап-сезу зерттеу тәсілдері. Балаларды оқыту:
1) форманы сипап-сезу арқылы тексеру тәсілдері (шар, текше), заттардың сипап сезу белгілерінің шамасы (үлкен-кішкентай), заттардың сипап-сезу белгілері (жұмсақ-кедір-бұдыр, қатты-жұмсақ);
2) зерттеуге белсенді сипап-сезуді біріктіріп, қалдық көруді енгізу;
3) жазықтықтың пішіні, көлемі, сапасы бойынша біртекті заттарды салыстыру білу;
4) қарапайым симметриялық заттарды сипап-сезу арқылы зерттеу тәсілдері;
5) екі заттан қарапайым пішіндегі заттың ұқсас үлгісін таңдау біліктілігі.
22. Пәндік-тәжірибелік қызмет ойын, өнімдік қызметтегі затар операциясын жүзеге асырудағы сипап сезуді пайдалану дағдыларын қалыптастыруды қамтиды. Балаларды оқыту:
1) пішінді ескеріп, конструктордың бөлшектерін топтастыру;
2) тігінен және көлденең бойынша құрастырудың бөлшектерін орналастырумен құрылысты салу;
3) жабыстырудың қарапайым тәсілдері (илеу, опыру, қол алақанымен жаймалау);
4) умаждалған қағазды илеу және жазу, қағазды жырту;
5) оң қол мен сол қолды кезектестіріп таяқшаларды бір қорапшадан екіншісіне салу;
6) жіпті арқауға (шарғыға) орау;
7) жабысқақ-ілгектермен әрекет ету.
23. Күтілетін нәтижелер:
1) қолдың құрылысы туралы түсініктері бар (алақан, саусақ);
2) қолдың білезігімен оңға-солға, жоғары-төмен қарай қимылдарды орындайды; қолдың саусақтарымен бүгуші және жазушы қимылдарды орындайды;
3) бір қолымен, екі қолымен заттарды ұстап алады және ұстап тұрады;
4) көлемді геометриялық пішіндерді саралайды, біртекті заттардың жазықтығының әртүрлі сипп-сезуші қасиеттерін саралайды;
5) көлемі бойынша екі біртекті затты салыстырудың сипап-сезу тәсілдерін қолдануды біледі;
6) тифлопедагогтың көмегімен заттық-практикалық әрекеттерді орындайды.
24. Кеңістікте бағдарлауды қамтиды: дененің сызбасында бағдарлауды, өзіне қатысты бағдарлауды, қозғалыс техникасын, сақталған анализаторлардың көмегімен бағдарлауды, Жабықталған кеңістікте бағдарлауды, микрожазықтықта бағдарлау.
25. Дененің сызбасында бағдарлау. Балаларды оқыту:
1) өз денесінің бөліктерін ажырату және атау;
2) олардың кеңістіктік орналасуын анықтау (жоғары-төмен, алды-арты).
26. Өзіне қатысты бағдарлау. "Өзінен бастап" есептеу нүктесінен кеңістіктік бағыттарды ажырату және көрсету біліктерін қалыптастыру: жоғары-төмен, алға - артқа.
27. Қозғалыс техникасы. Балаларды оқыту:
1) табандарды дұрыс қоюды, жүру барысында дененің қалпын дұрыс ұстау;
2) ересектермен жұптасып, көрмейтін балалармен қимыл-қозғалысқа түсу.
28. Сақталған анализаторлардың көмегімен бағдарлау. Дағдыларға үйрету:
1) көрудің көмегімен таныс кеңістіктегі заттарды тану, олардың бағытымен қозғалу;
2) қоршаған адамдарды дауыстары бойынша ажырату, дауыстың қозғалмайтын көзінің бағытын оқшаулау.
29. Жабық кеңістікте бағытталу.
30. Білімді қалыптастыру:
1) топтық бөлмелердің орналасуы туралы;
2) топтың кеңістігін толтыратын заттар туралы.
31. Тікелей сезімдік қабылдау негізінде топтың бөлмелерінде бағытталуға үйрету.
32. Микрожазықтықта бағдарлау. Дағдыларға үйрету:
1) көру және сипап-сезудің көмегімен үстелдің ортасын, шетін анықтау және көрсету;
2) үлгіге сәйкес және нұсқау бойынша үстелдің жазықтығына заттарды орналастыру.
33. Күтілетін нәтижелер:
1) өз денесінің бөліктерін біледі;
2) "жоғары-төмен", "алға-артқа" кеңістіктік бағыттарын ажырата алады;
3) бағдарлауда таныс кеңістіктің заттарын бағдар ретінде қолданады;
4) қоршаған адамдарды дауыстары бойынша ажырата алады, дауыс бойынша бағытты жинақтайды;
5) топтың бөлмелерінде бағдарланады;
6) үстелде бағытталу дағдылары бар.
3-параграф. 2 - жартыжылдық
34. Көру арқылы қабылдау қамтиды: көру-ізденістік іс-әрекеті, сенсорлы эталондар (пішін, көлем, түс), заттар және заттық бейнелер, кеңістікті қабылдау, көру-моторлы координациялар.
35. Көру-ізденістік іс-әрекеті. Қабілеттерді дамыту:
1) көру өрісінде көру стимулын ұстап тұру;
2) берілген объектіні басқалардың арасынан көру арқылы оқшаулау.
36. Сенсорлы эталондар.
37. Біліктерді дамыту:
1) біртекті көлемді пішіндерді (шар, куб) салыстыру және топтастыру;
2) біртекті заттарды көлемі бойынша жазық заттарды қабаттастыру, көлемді заттарды салу және ішіне салу тәсілдерімен салыстыру;
3) қоршаған кеңістікте (затқа дейінгі қашықтықты арттырумен) негізгі түстерді тану және атау.
38. Біліктерді үйрету:
1) көлемі бойынша біртекті заттарды топтастыру;
2) берілген түсті негізгі түстерден (2 түстен таңдау) оқшаулау;
3) үлгінің айналасында заттарды түстері бойынша топтастыру (2-4 түстің арасынан таңдау).
39. Заттар және заттық бейнелер. Дағдыларды дамыту:
1) қоршаған кеңістікте, картинкаларда таныс заттарды табу;
2) затты және оның бейнесін салыстыру.
40. Кеңістікті қабылдау. Дағдыларды дамыту:
1) кеңістіктік (сызықтық) орналасу ретімен заттарды ажырату және көрсету;
2) олардың орналасу орнының өзгеруін анықтау.
41. Көру-моторлы координациялар. Берілген нүктеден тік сызықтарды жүргізу білігін үйрету.
42. Күтілетін нәтижелер:
1) үлгі бойынша көру-сипап-сезу зерттеу әрекетін орындайды;
2) заттардың пішінін, көлемін және түсін білдіретін сөздерді түсінеді;
3) берілген сенсорлы белгісі бойынша біртекті заттарды салыстыруды біледі;
4) сенсорлы белгілердің бірі бойынша үлгінің айналасындағы заттарды топтастыруды жүзеге асырады;
5) негізгі түстерден берілген түсті ажыратып оқшаулай алады;
6) заттық-практикалық іс-әрекетте заттардың сенсорлы қасиеттерін есепке алады;
7) бейнені затпен салыстыра біледі.
43. Сипап-сезу және және ұсақ моторика қамтиды: объектілерді сипап-сезу арқылы зерттеуге қолдың дайындығы, сипап-сезу арқылы зерттеу тәсілдері, заттық-практикалық іс-әрекет.
44. Объектілерді сипап-сезу арқылы зерттеуге қолдың дайындығы. Мыналарды орындауды оқыту:
1) жұдырықтарды бір-біріне соғу тәсілімен, алақанның арасынан бедерлі қабырғасы бар қарындашты сырғыту тәсілімен, қолдың өзіндік уқалауды (массаж) орындау;
2) қолдың білезігімен ішке және сыртқа қарай айналмалы қимылдарды орындау;
3) екі, үш саусақпен затты ұстау;
4) қолдың білезіктерін алақанның түзу жағдайында біріктіру;
5) саусақтар мен алақаннан ("жалауша") қарапайым пішіндерді құрастыру;
6) әрбір саусақты кезектесіп бүгу және жазу.
45. Сипап-сезу арқылы зерттеу тәсілдері. Балаларды оқыту:
1) біртекті заттарды пішін, көлемі бойынша, жазықтықтың сипап-сезу белгісі бойынша топтастыру;
2) заттардың жасалған материалын анықтау біліктілігі (қағаз, ағаш);
3) қарапайым ассиметриялық заттарды сипап-сезу арқылы зерттеу тәсілдері;
4) екі заттан ассиметриялық пішіндегі затқа ұқсас затты таңдау біліктілігі.
46. Заттық-практикалық іс-әрекет. Балаларды оқыту:
1) алақанның айналмалы қимылдарымен пластикалық материалды жазу;
2) нүктелі мозаикамен әрекет етуді орындау: нүктені ішіне салу, шығару, жұмыс өрісін ерікті тәртіпте фишкалармен толтыру;
3) фланелеграфта 2 дайын бөліктен жапсырмаларды шығару;
4) бұрыштар мен қырларды қиылыстырмай, қағаз бетін бүгу;
5) қолмен бірге бау жіпті, басқа қолмен ұстап тұру арқылы үлкен тесікке кіргізе алуы.
47. Күтілетін нәтижелер:
1) қолдың білезігімен және алақанымен уқалаудың (массаж) қарапайым тәсілдерін орындайды;
2) заттарды екі, үш саусақтарымен ұстай алады;
3) тифлопедагогтың көмегімен заттарды сипап-сезу арқылы зерттей алады;
4) тифлопедагогтың жетекшілігімен жазықтықтың пішіні, көлемі, сипап-сезу белгісі бойынша біртекті заттарды топтастырады;
5) материалдарды саралайды (ағаш, қағаз);
6) заттық-практикалық іс-әрекетте заттардың сипап-сезу қасиеттеріне бағдарланады.
48. Кеңістікте бағытталу мыналарды қамтиды: дененің сызбасында бағытталу, өзіндік бағытталу, заттық-кеңістіктің қатынастарды модельдеу, қозғалыс техникасы, сақталған анализаторлардың көмегімен бағдарлау, Жабық және еркін кеңістіте бағдарлау, микрожазықтықта бағдарлау.
49. Дене сызбасында бағытталу. Өз денесінің бөліктерінің кеңістіктік орналасуында бағытталу дағдыларын бекіту (жоғары-төмен, алға-артқа).
50. Өзіне байланысты бағдарлау. Біліктерді оқыту:
1) өз денесінің бағыттарымен (жоғары-төмен, алдында-артында) қоршаған кеңістіктің объектілерін орналастыруды салыстыру;
2) үлгі және нұсқау бойынша өзінің айналасындағы жақын кеңістікте заттарды табу және орналастыру.
51. Заттық-кеңістіктік қатынастарды модельдеу. Үлгі, нұсқау бойынша 2,3-текшелерден, ойыншықтардан қарапайым кеңістіктік қатынастарды модельдеуге балаларды үйрету.
52. Қозғалыс техникасы. Балаларды оқыту:
1) ойыншық-сырғытқылармен қозғалуда дұрыс позаны сақтау;
2) таяныштан ұстап, баспалдақпен көтерілу және түсу білігі.
53. Сақталған анализаторлардың көмегімен бағдарлау. Дағдыларға үйрету:
1) бағдарлар ретінде әртүрлі түстегі, пішіндегі және көлемдегі заттарды қолдану арқылы кеңістікте қозғалу;
2) ойыншықтардың дыбыстары, олармен жасалатын әрекеттері бойынша ажырату;
3) дыбыстың қозғалмайтын көзінің бағытын жинақтау, оның бағытымен қозғалу.
54. Жабық және еркін кеңістікте бағдарлау.
1) топтың бөлмелерінде бағдарлау дағдыларын бекіту;
2) серуенге арналған кеңістікті толтыратын заттар туралы білімді қалыптастыру;
3) тікелей сезімдік қабылдау негізінде серуенге арналған бөлікте бағдарлауға үйрету.
55. Микрожазықтықта бағдарлау:
1) үстелде бағдарлау дағдыларын бекіту;
2) иллюстрацияларды қарауда кітапта бағдарлау дағдыларын қалыптастыру.
56. Күтілетін нәтижелер:
1) өз денесінің бөліктерінің кеңістіктік орналасуын анықтайды (жоғары-төмен, алға-артқа);
2) өз денесінің бағытталуымен қоршаған кеңістіктің объектілерінің орналасуын салыстыра біледі;
3) үлгі бойынша кубиктерден, ойыншықтардан қарапайым заттық-кеңістіктік қатынастарды модельде й алады;
4) бағдар ретінде әртүрлі түстегі, пішіндегі және көлемдегі заттарды қозғалыста қолдана алады;
5) дыбыстары бойынша ойыншықтарды таниды, дыбыстың қозғалмайтын көзінің бағытында қозғала алады;
6) серуенге арналған аумақта бағдарлай алады;
7) кітапта бағытталу дағдылары бар.
4-параграф. "Әлеумет" білім беру саласы
57. "Әлеумет" білім беру саласының базалық мазмұны әлеуметтік-тұрмыстық бағдар арнайы түзеу оқу қызметінде жүзеге асырылады.
58. Мақсаты ретінде, барлық сақталған анализаторларды ұтымды қолданумен, тұрмыстық және әлеуметтік іс-әрекеттің қарапайым түрлерінде бағдарлау дағдыларын қалыптастыру алынады.
59. Міндеттері:
1) жақын аймақтағы заттар туралы түсініктерін қалыптастыру;
2) қарапайым әлеуметтік-тұрмыстық жағдаяттар туралы түсініктерін қалыптастыру;
3) әлеуметтік-тұрмыстық мінез-құлықтың қарапайым дағдыларын қалыптастыру.
5-параграф. 1-жартыжылдық
60. Әлеуметтік-тұрмыстық бағдар қамтиды: заттық әлем, өзі туралы түсініктер, жеке гигиена, көшедегі мінез-құлық ережесі, ересектердің еңбегі, мінез-құлық пен қарым-қатынас мәдениеті.
61. Заттық әлем:
1) бұзылған көру мен сақталған анализаторлар негізінде, балалардың күнделікті өмірде әрекет ететін заттардың қасиеттері мен сапалары, қызметі туралы түсініктерін қалыптастыру; заттардың қызметтері туралы;
2) қызметіне сәйкес, заттармен әрекет ету тәсілдерін үйрету.
62. Өзі туралы түсініктері. Балалардың өз есімдерін, тегін, жынысын атауға үйрету.
63. Жеке гигиена. Білімді қалыптастыру:
1) жеке қолданатын заттар мен олардың қызметі туралы;
2) жуынудың гигиеналық процедурасын орындаумен, сырт бейнесіне қараумен байланысты әрекеттер туралы.
64. Көшедегі мінез-құлық ережелері:
1) серуенге арналған аумақта қауіпсіздік көздері туралы, серуенге арналған аумақтағы қауіпсіз мінез-құлық ережелері туралы білімдерін қалыптастыру;
2) көру мен сақталған анализаторларға сүйеніп, серуенге арналған аумақта қауіпсіз қозғалуға үйрету.
65. Ересектер еңбегі. Білімді қалыптастыру:
1) балабақшадағы тәрбиешінің және тәрбиеші көмекшісінің еңбегі, оның маңызы туралы;
2) еңбек заттарын және қарапайым еңбек әрекеттерін тану білігі.
66. Мінез-құлық және қарым-қатынас мәдениеті.
67. Балаларды таныстыру:
1) қоршаған адамдармен өзара қатынастың қарапайым ережелерімен;
2) сәлемдесу мен қоштаусудың вербальды формаларымен.
68. Дағдыларға үйрету:
1) ым-ишара қимылдарының мәнін анықтау: "иә", "жоқ", "сау бол";
2) үлгі бойынша ым-ишара қимылдарын қайта жаңғырту.
69. Күтілетін нәтижелер:
1) жақын аймақтағы заттар мен гигиена заттарының қызметін түсінеді;
2) өзінің есімін біледі, өзін белгілі жынысқа жатқызады;
3) гигиеналық процедураларды орындаумен байланысты әрекеттерді түсінеді;
4) тәрбиеші мен оның көмекшісінің қарапайым еңбек әрекеттерін таниды;
5) сәлемдесу мен қоштасудың вербальды формаларын біледі және қолданады;
6) ым-ишара қимылдарының мәнін түсінеді ("иә", "жоқ", "сау бол"), оларды үлгі бойынша қайта жаңғыртады.
6-параграф. 2 - жартыжылдық
70. Әлеуметтік-тұрмыстық бағдар қамтиды: заттық әлем, өзі туралы түсініктері, жеке гигиена, көшедегі мінез-құлық ережесі, ересектердің еңбегі, мінез-құлық және қарым-қатынас мәдениеті.
71. Заттық әлем:
1) полисенсорлы негізде жақын аймақтағы заттардың қасиеттері, қызметі туралы ұғымдарды қалыптастыру және дамыту;
2) заттардың қызметіне сәйкес, олармен әрекет ету тәсілдерін бекіту.
72. Бала және қоршаған адамдар:
1) балалардың өздері туралы (есімі, тегі, жынысы, жасы) тұлғалық ұғымдарын дамыту;
2) өз денесінің бөліктері мен олардың қызметі туралы ұғымдарды қалыптастыру;
3) басқа балалардың жыныстық қатыстылығын сыртқы белгілері бойынша анықтау білігін үйрету.
73. Жеке гигиена. Дағдыларға оқыту:
1) көру және сақталған анализаторлардың көмегімен жеке қолданыстағы заттардың сипаттамалық белгілерін ажырату;
2) оларды басқа заттардың арасынан тану.
74. Көшедегі мінез-құлық ережесі:
1) серуенге арналған аумақта қауіпсіз мінез-құлық ережесін бекіту;
2) көру және сақталған анализаторларға сүйеніп, серуенге арналған аумақта және балабақшаның жолдарымен қимыл-қозғалыс жасауға жаттығу.
75. Ересектердің еңбегі. Білімді қалыптастыру:
1) балабақшадағы ересектердің еңбегі, олардың маңызы туралы;
2) олардың еңбек заттары мен қарапайым еңбек әрекеттері.
76. Мінез-құлық және қарым-қатынас мәдениеті.
77. Біліктерге үйрету:
1) ым-ишара қимылдарының мәнін анықтау: "тыныш", "сонда", "бер";
2) адамдардың айқын көрінетін эмоционалды күйлерін және олардың мимикадағы сырт көрінісін түсіну;
3) мимикалық және ым-ишара қимылдарын қайта жаңғырту.
78. Басқа балалармен танысу ережесімен және бірлескен ойын ережесімен таныстыру.
79. Күтілетін нәтижелер:
1) жақын аймақтағы заттарды біледі, олармен қызметіне сәйкес әрекет етеді;
2) өзінің тегін, жасын, өз денесінің бөліктерін біледі;
3) басқа заттардың арасынан жеке гигиеналық заттарды таниды;
4) серуенге арналған аумақта қауіпсіз мінез-құлықтың қарапайым ережесін түсінеді;
5) еңбек заттарын және аула сыпырушы, аспаздың қарапайым еңбек әрекеттерін таниды;
6) басқа балалармен танысу ережесін біледі;
7) адамдардың эмоционалды күйлерін және ым-ишара қимылдарының мәнін ("тыныш", "сонда", "бер") түсінеді, оларды үлгі бойынша қайта жаңғыртады.
3-тарау. Екінші кіші топ (3 - 4 жастағы балалар)
1-параграф. "Таным" білім беру саласы
80. "Таным" білім беру саласының базалық мазмұны - көру арқылы қабылдау (көрмейтін балалармен - түйсіну және ұсақ моторика), кеңістікте бағдарлау арнайы түзеу оқу қызметінде жүзеге асырылады.
81. Мақсаты ретінде, полисенсорлы қабылдау негізінде қоршаған әлемді тануда іс-әрекеттің арнайы тәсілдерін қалыптастыру.
82. Міндеттері:
1) танымдық іс-әрекетте бұзылған көрудің, сипап-сезудің және басқа анализаторлардың ұтымды өзара әрекетінің біліктері мен дағдыларын қалыптастыру;
2) заттардың қасиеттері мен сапалары туралы ұғымдарды дамыту;
3) кеңістіктік ұғымдарды меңгеру арқылы, кеңістікте бағытталу қабілетін дамыту.
2-параграф. 1 - жартыжылдық
83. Көру арқылы қабылдау мыналарды қамтиды: көру-ізденістік іс-әрекет, сенсорлы эталондар (пішін, көлем, түс); заттар және заттық бейнелер, кеңістікті қабылдау, көру-моторлы координациялар, адам өміріндегі көру.
84. Көру-ізденістік іс-әрекет. Қабылдау өрісінде (макро және микро кеңістікте) көру арқылы объектілерді табу дағдыларын қалыптастыру.
85. Сенсорлы эталондар. Біліктерді дамыту:
1) түстердің эталондарын шынайы заттардың түстерімен салыстыру;
2) көпшіліктен таңдау жасалатын, оқшауланатын объектілердің көлемін бірте-бірте азайтумен және көбейтумен негізгі түстерді оқшаулау (3 түстен таңдау);
3) түстің бегісі бойынша біртекті және әртекті заттарды топтастыру.
86. Біліктерді үйрету:
1) жазық геометриялық фигуралардың пішінін көру және сипап-сезудің көмегімен зерттеу;
2) шеңбер, шаршы, үшбұрыш сияқты геометриялық фигураларды тану және атау;
3) біртекті геометриялық фигураларды өзара салыстыру;
4) силуэттік бейнелеуде берілген геометриялық фигураларды жинақтау;
5) үлкен кеңістікте көлемі бойынша екі заттан кішкентай немесе үлкен затты таңдау;
6) 3 заттан көлемі бойынша екі бірдей затты таңдау;
7) көлемнің азаюы және артуы ретімен үш-бес заттан қатар құру.
87. Заттар және заттық бейнелер. Балаларды оқыту:
1) қоршаған әлемнің объектілерін жоспарлы көру арқылы зерттеу, көру ақпаратын нақтылау және толықтыруға арналған сақталған анализаторларды қолдану;
2) силуэттік және контурлы бейнелеуде қарапайым кескіндегі заттарды тану, тану белгілерін ажырату;
3) шынайы, силуэттік және контурлы бейнелеуді салыстыра білу;
4) заттарды салыстыра білу, жалпы және айрықша белгілерді ажырату.
88. Кеңістікті қабылдау. Біліктерге үйрету:
1) 3 заттан құралған заттар тобында заттың кеңістіктік орналасуын көру тәсілімен ажырату, бір заттың орналасуын екінші затпен арақатынаста бағалау;
2) үлгі және нұсқау бойынша заттар тобындағы заттың орналасуын өзгерту.
89. Көру-моторлы координациялар:
1) көру бақылауында әртүрлі сызықтарды қолмен және көрсеткішпен қадағалау біліктерін жетілдіру; әртүрлі бағыттағы тік сызықтарды айналдырып белгілеу және суретін салу;
2) шекаралар арасындағы сызықтарды жүргізу біліктерін үйрету.
90. Адам өміріндегі көру. Балаларды қоршаған әлемді танудағы көрудің рөлімен таныстыру.
91. Күтілетін нәтижелер:
1) бірізді ұсынылған нұсқау бойынша көру-сипап-сезу зерттеу әрекеттерін орындайды;
2) "түс", "пішін", "көлем" ұғымдары туралы түсініктері бар;
3) шеңбер, шаршы, үшбұрыш сияқты геометриялық фигураларды және негізгі түстерді біледі және атайды;
4) үлгі бойынша көлемнің артуы немесе азаюы ретімен бірнеше заттардан қатар құра біледі;
5) сенсорлы белгілердің бірі бойынша заттарды топтастыру дағдылары бар;
6) силуэттік және контурлы бейнелеудегі заттарды таниды;
7) заттар тобындағы заттың кеңістікте орналасуын анықтайды;
8) әртүрлі бағытта тік сызықтарды қадағалау және жүргізу дағдылары бар;
9) адам өміріндегі көрудің рөлі туралы түсініктері бар.
92. Сипап-сезу және және ұсақ моторика қамтиды: объектілерді сипап-сезу арқылы зерттеуге қолдың дайындығы, сипап-сезу арқылы зерттеу тәсілдері, заттық-практикалық іс-әрекет, тифлографика.
93. Қолдың объектілерді сипап-сезу арқылы зерттеуге дайындығы.
94. Біліктерді бекіту:
1) қолдың білезігімен тік, көлденең және айналмалы қимылдарды орындау;
2) қолдың саусақтарын жұдырыққа түю және жазу (бір мезгілде екі қолмен және әрбір қолмен кезектестіріп), әрбір саусақты кезектесіп бүгу және жазу.
95. Балаларды оқыту:
1) қолдың саусақтарын атау, нұсқау бойынша өз қолындағы әрбір саусақты жеке ажырату;
2) алақанды жазу тәсілімен қолдың өзіндік уқалауын (массаж) орындау;
3) екі затты екі қолмен бір мезгілде ұстап алу және ұстап тұру;
4) алақанның көлбеу қалпында қолдың білезіктерін біріктіру;
5) екі қолдың аттас саусақтарын біріктіру.
96. Сипап-сезу арқылы зерттеу тәсілдері. Біліктерді бекіту:
1) үлгі және нұсқау бойынша симметриялы және күрделі емес ассиметриялы заттарды сипап-сезу арқылы зерттеуді орындау;
2) зерттеуге белсенді сипап-сезумен бірлесіп, қалдық көруді енгізу.
97. Біліктерге оқыту:
1) сипап-сезудің көмегімен геометриялық фигураларды ажырату және атау (шеңбер, шаршы, үшбұрыш);
2) біртекті геометриялық фигураларды салыстыру және топтастыру;
3) көлемі бойынша әртекті заттарды салыстыру;
4) заттың кеңістігінің алуан түрлі сипап-сезуші қасиеттерін (ылғал-құрғақ), температураны (суық-ыстық) ажырату.
98. Заттық-практикалық іс-әрекет. Балаларды таныстыру:
1) қағаз түрлерімен: майлық, әжетхана, альбомдық;
2) ілгек түрлерімен: түймелер, батырмалар, сыдырмалар, жабысқыш ілгектер.
99. Балаларды оқыту:
1) конструктор бөлшектерінен жиһаздың жекеленген заттарын құрастыру;
2) алақанның арасында шарикті жаншылау тәсілмен қарапайым заттарды жабыстыру;
3) ермексазды ағаш тақтайға, картонға саусақтармен жағу;
4) магнитті тақтада таяқшалардан тік, көлденең (баған, жол) қатарларды құрастыру;
5) шарғыға ірі тесіктері бар моншақтарды ілу;
6) әртүрлі ілгектермен әрекеттер;
7) әртүрлі қағаз түрлерімен әрекеттер (жырту, мыжу, тегістеу).
100. Тифлографика көрмейтін балаларды бедерлі суреттерді және олардың бейнесін тифлографикалық аспаптардың көмегімен оқуға үйретуді қамтиды.
101. Бедерлі бейнелерді оқу:
1) қағаз бетінде бағдарлау дағдыларын қалыптастыру;
2) бедерлі суретті зерттеу тәсілдерімен таныстыру;
3) нақты заттың (жарма, құм, бисер) мысалында нүкте туралы ұғымдарды қалыптастыру;
4) сызықтық және бейнелеуші жазықтықтың әртүрлі бөліктерінде орналасқан, бірдей және әртүрлі диаметрдегі нүктелерді оқуға үйрету.
102. Бедерлі-графикалық іс-әрекет:
1) бедерлі сурет салуға арналған приборлармен және аспаптармен, олармен жұмыстың қарапайым тәсілдерімен таныстыру;
2) прибордың жұмыс өрісінде бағдарлауға үйрету;
3) приборды жұмысқа дайындау дағдыларын қалыптастыру;
4) нүктелерді қадауды оқыту.
103. Күтілетін нәтижелер:
1) нұсқау бойынша қолындағы әрбір саусақты жеке ажыратады;
2) екі қолымен екі затты ұстай алады және ұстап тұра алады;
3) сипап-сезудің көмегі арқылы геометриялық фигураларды ажырата алады (шеңбер, шаршы, үшбұрыш);
4) заттарды көлемі, жазықтықтың құрылымы бойында заттарды салыстырудың сипап-сезуші тәсілдерін қолдануды біледі;
5) тану деңгейінде сипап-сезу түйсіктерін саралайды;
6) бейнелеуші жазықтықта нүктелердің бедерлі бейнелерін табады;
7) қолында грифельді ұстап тұра алады;
8) тифлопедагогпен бірлесіп, нүктелерді қадай алады.
104. Кеңістікте бағытталу мыналарды қамтиды: дененің сызбасында бағытталу, киімде бағдарлау, өзіне қатысты бағдарлау, заттық-кеңістіктік қатынастарды модельдеу, қозғалыс техникасы, сақталған анализаторлардың көмегімен бағдарлау, жабық және еркін кеңістікте бағдарлау, микрожазықтықта бағдарлау.
105. Дененің сызбасында бағдарлау. Біліктерге үйрету:
1) өз денесінің, қуыршақ денесінің жұп бөліктерін анықтау;
2) олардың кеңістіктік орналасуын бағдарлау.
106. Киімде бағытталу. Дағдыларға үйрету:
1) киімнің бөлшектерін ажырату және атау;
2) өз киімінің бөлшектерін кеңістіктік орналастыруда бағдарлау.
107. Өзіне қатысты бағдарлау. Біліктерге үйрету:
1) кеңістіктің жұптық-қарама-қарсы бағыттарын: алға-артқа, жоғары-төмен, солға-оңға анықтау және сөзбен белгілеу;
2) өзіне қатысты жақын кеңістікте заттардың орналасуын анықтау.
108. Заттық-кеңістіктік қатынастарды модельдеу. Үлгі және нұсқау бойынша бірнеше ойыншықтардан кеңістіктік қатынастарды модельдеу білігін жетілдіру.
109. Қозғалыс техникасы:
1) тұрақты бағдардың айналасында өз бетімен қозғалу дағдыларын дамыту (баспалдақтың сүйеніші, қабырға);
2) көрмейтін балаларды көретін қатарластармен жұптасып қозғалуға үйрету.
110. Сақталған анализаторлардың көмегімен бағдарлау.
111. Біліктерді жетілдіру:
1) кеңістіктік бағдарлауда көру бағдарларын қолдану;
2) дыбыстың қозғалмайтын көзінің бағытын жинақтау (көру бақылауымен және онсыз) және сол бағытта қозғалу.
112. Біліктерге үйрету:
1) дыбыстары және олармен жасалатын әрекеттері бойынша заттарды тану, дыбыстың көзінің бағытын жинақтау;
2) бөлмеде еденнің қатты және жұмсақ төсемін аяқтың табанымен ажырату, кеңістіктік бағдарлауда сипап-сезу бағдарларын қолдану (едендік төсемнің сипаты).
113. Жабық және еркін кеңістікте бағдарлау.
114. Білімді қалыптастыру:
1) өз тобының, музыка және спорт залдарының, көз дәрігерінің кабинетінің балабақшаның кеңістігінде кеңістіктік орналасуы туралы; балабақшаның аумағында серуенге арналған телім туралы;
2) кеңістікті толтыратын заттар туралы, олардың кеңістіктік орналасуы туралы.
115. Практикалық бағдарлауда бағдар ретінде осы заттарды қолдануға үйрету.
116. Микрожазықтықта бағытталу. Біліктерге үйрету:
1) микрожазықтықтың қырлары мен ортасын анықтау;
2) микрожазықтықта заттардың кеңістіктік орналасуын анықтау.
117. Күтілетін нәтижелер:
1) өзіне қатысты кеңістіктің бағыттарын біледі, өзіне қатысты заттардың кеңістіктік орналасуын анықтайды;
2) заттардың жұптық-қарама-қарсы қырларын анықтай біледі;
3) үлгі және нұсқау бойынша бірнеше ойыншықтардан кеңістіктік қатынастарды модельдей алады;
4) балабақшаның таныс бөлмелерінің кеңістіктік орналасуы туралы біледі;
5) кеңістіктік бағдарлауда көру, сипап-сезу, дыбыстық бағдарларды қолдануды біледі;
6) микрожазықтықтың қырлары мен ортасын анықтайды.
3-параграф. 2 - жартыжылдық
118. Көру арқылы қабылдау қамтиды: көру-ізденістік іс-әрекеті, сенсорлы эталондар (пішін, көлем, түс), заттар және заттық бейнелер, кеңістікті қабылдау, көру-моторлы координациялар.
119. Көру-ізденістік іс-әрекет. Көру шегінде көру түрткісін табу және ұстап тұру білігін дамыту.
120. Сенсорлы эталондар. Біліктерді жетілдіру:
1) силуэттік және контурлы бейнелеуде шеңбер, шаршы, үшбұрыщ сияқты геометриялық фигураларды тану;
2) силуэттік және контурлы бейнелеуде геометриялық фигураларды және көлемді денелерді (шар, куб) көпшіліктің арасынан оқшаулау.
121. Біліктерге үйрету:
1) эталондық пішіндерді (шар, куб, шеңбер, шаршы, үшбұрыш) шынайы заттардың және қарапайым кескіндемедегі жазық бейнелердің пішінімен салыстыру, заттың негізгі пішінін анықтау;
2) пішіннің белгісі бойынша заттарды және олардың бейнесін топтастыру;
3) ұзындығы, биіктігі бойынша екі контрастілі және бірдей затты салыстыру;
4) ұзындығы, биіктігі бойынша біртекті заттарды топтастыру;
5) түрлі-түсті гаммаға жақын түстерді саралау;
6) оқшауланатын объектілердің көлемін бірте-бірте азайтумен және таңдау жасалатын көпшілікті арттырумен түрлі-түсті гаммаға жақын (2-3 түстен таңдау) түстерді оқшаулау;
7) қоршаған әлемнің заттарының қасиеттері мен сапаларын талдауда сенсорлы эталондарды қолдану.
122. Заттар және заттық бейнелер:
1) әртүрлі модальдықта (натуралды зат, шынайы, силуэттік, контурлы бейне) қабылдауға ұсынылған заттарды тану білігін дамыту;
2) ортақ және айрықша белгілері бойынша заттарды салыстыру;
3) әртүрлі ракурста (алдынан, артынан) затты және оның бейнесін тану білігін үйрету;
4) жалпылаушы ұғымдарды қалыптастыру.
123. Кеңістікті қабылдау. Жақын және үлкен кеңістікте 2 затқа дейін олардың арасындағы қашықтықты біртіндеп азайтумен, өзінен арақашықтықты көру тәсілімен анықтау білігін қалыптастыру.
124. Көру-моторлы координациялар. Геометриялық фигуралардың, қарапайым кескіндегі заттардың бейнелерінің тіректі нүктелері, трафарет, контуры бойынша айналдырып белгілеу білігін үйрету.
125. Адам өміріндегі көру:
1) балаларды көзілдіріктің қызметімен таныстыру;
2) оларды күнделікті өмірде пайдалану қажеттілігіне адекватты қатынасты қалыптастыру.
126. Күтілетін нәтижелер:
1) силуэттік және контурлы бейнелеуде геометриялық фигураларды оқшаулай біледі;
2) қарапайым кескіндегі заттардың пішіндерін анықтайды;
3) түр-түс гаммасына жақын түстерді саралайды;
4) ұзындығы, биіктігі бойынша біртекті заттарды салыстыра біледі;
5) сенсорлы белгілері бойынша заттар арасындағы қарапайым қатынастарды орната біледі;
6) қарапайым кескіндегі затты оның контурлы, шынайы, силуэттік бейнесімен салыстыра алады;
7) көрудің көмегі арқылы өзінен екі заттың қашықтығын анықтайды;
8) контур, трафарет бойынша күрделі емес бейнелерді айналдырып қоршау дағдылары бар;
9) күнделікті өмірде көзілдірік тағудың қажеттілігін түсінеді.
127. Сипап-сезу және ұсақ моторика қамтиды: объектілерді сипап-сезу арқылы зерттеуге қолдың дайындығы, сипап-сезу зерттеу тәсілдері, заттық-практикалық іс-әрекет, тифлографика.
128. Объектілерді сипап-сезу арқылы зерттеуге қолдың дайындығы. Балаларды оқыту:
1) алақанды "аралау" тәсілімен және басқа қолдың алақанының қабырғасымен, қолдың сыртқы жағымен өзіндік уқалауды (массаж) орындау;
2) серпімділігі, жазықтықтың фактурасы бойынша әртүрлі доптармен, білікшелермен алақанды уқалауды (массаж) орындау;
3) жоғары қарай түзетілген екі қолдың саусақтарын қиылыстыру;
4) 2, 3 саусақтан статикалық позаны ұстап тұру;
5) баяу және жылдам қарқында әртүрлі бағыттарда екі саусақпен (сұқ саусақ және ортаңғы саусақ) үстелмен "жүру";
6) әртүрлі пішіндегі және көлемдегі заттармен әрекет ету барысында алақандық және саусақпен ұстауды орындау.
129. Сипап-сезу арқылы зерттеу тәсілдері:
1) симметриялы және ассиметриялы заттарды сипап-сезу арқылы зерттеу тәсілдерін бекіту;
2) геометриялық фигуралар туралы білімді бекіту (шеңбер, шаршы, үшбұрыш).
130. Біліктерге үйрету:
1) ұсынылған үлгі және нұсқау бойынша берілген көлемдегі затты таңдау (3 заттан);
2) көлемнің артуы немесе азаюы ретімен үш заттан қатар құру (жалпы көлем бойынша);
3) материалдарды ажырату (қағаз, ағаш, шыны, пластмасса), әртүрлі материалдардан жасалған заттардың жазықтығын анықтау;
4) ортақ сипап-сезу белгісі бойынша заттарды топтастыру.
131. Заттық-практикалық іс-әрекет. Біліктерді бекіту:
1) жиһаздың жекеленген заттарын құрылыс конструкторының бөлшектерінен жинау;
2) бұрыштар мен қырларды біріктірмей қағаз бетін бүктеу.
132. Біліктерге үйрету:
1) бөлшектерді біріктіру орнын жапыру және тегістеу, таяқшалардың соңын бір-бірімен біріктіру арқылы заттарды жабыстыру;
2) қарапайым пішіндегі заттың бейнесін ортасынан бастап бедерлі контурдың сызығына дейін ермексазбен толтыру;
3) батырмалы мозаиканың бөлшектерінен көлденең және тік (жол, баған) сызықтарды құрастыру;
4) магниттік тақтада таяқшалардан геометриялық фигураларды құрастыру;
5) бау жіпті (жаңбыр) қиылыстырусыз жоғарыдан төменге қарай дайындаманы байлау;
6) бүктелуі бойынша қағаз бетін жырту;
7) әрбір бетті түсіру тәсілімен жазықбаспалы кіткаптың беттерін парақтау.
133. Тифлографика. Рельефті бейнені оқу:
1) "сызық" ұғымын қалыптастыру;
2) рельефті суреттің түрлерімен (аппликациялық, контурлы) таныстыру;
3) сызықтарды нүктелермен, тұтас сызықтармен, пунктирмен бейнелеу тәсілдерімен таныстыру;
4) көлденең және тік сызықтар туралы ұғымдарды қалыптастыру;
5) әртүрлі материалдардан (қағаз, лавсан пленка) әртүрлі тәсілдермен орындалған көлденең және тік сызықтарды оқуға үйрету.
134. Рельефті-графикалық іс-әрекет:
1) приборды жұмысқа дайындау білігін дамыту;
2) геометриялық фигуралардың ішкі трафаретінде нүктелерді түйреуге үйрету;
3) трафарет бойынша көлденең және тік сызықтарды жүргізу дағдыларын қалыптастыру.
135. Күтілетін нәтижелер:
1) үлгі және нұсқау бойынша қолдың білезігімен және саусақтарымен қимылдарды орындай алады;
2) заттардың пішіні мен көлемін есепке алып, соған сәйкес заттарды ұстап қолдануды біледі;
3) үлгі бойынша заттарды сипап-сезу арқылы зерттеу тәсілдерін қолданады;
4) сипап-сезу белгісі бойынша объектілердің ұқсастығы мен айырмашылығын табады;
5) көлемнің артуы және азаюы ретімен үш объектіден қатар құруды біледі;
6) үлгі және нұсқау бойынша заттық-практикалық іс-әрекеттің алуан түрлерін орындай алады;
7) тифлопедагогтың көмегімен приборды жұмысқа дайындайды;
8) еркін тәртіпте нүктелерді қадай алады;
9) көлденең және тік сызықтарды саралайды, олардың бейнесін әртүрлі материалда (қағаз, пленка) табады.
136. Кеңістікте бағдарлау қамтиды: дененің сызбасында бағдарлау, киімде бағдарлау, өзіне қатысты бағдарлау, заттардың кеңістіктік белгілерінде бағдарлау, заттық-кеңістіктік қатынастарды модельдеу, қозғалыс техникасы, қозғалыс барысында бағдарлау, сақталған анализаторлардың көмегімен бағдарлау, түйық және еркін кеңістікте бағдарлау, микрожазықтықта бағдарлау.
137. Дененің сызбасында бағдарлау. Өз денесінің, қуыршақ денесінің жұптық-қарама-қарсы бөліктерінің кеңістіктік орналасуын анықтау білігін жетілдіру.
138. Киімде бағдарлау. Өз киімінің бөлшектерін кеңістіктік орналастыруда бағдарлау білігін дамыту.
139. Өзіне қатысты бағдарлау:
1) өзіне қатысты заттардың кеңістіктік орналасуын және кеңістіктің бағыттарын анықтау білігін бекіту;
2) "алыс-жақын" ұғымдарын қалыптастыру;
3) өзінен бастап жақын кеңістіктегі 2 әртүрлі қашықтықтағы заттарға дейін арақашықтықты (жақын-алыс) көру-сипап-сезу тәсілімен анықтау білігін үйрету.
140. Заттардың кеңістіктік белгілеріне бағытталу. Бір заттың бөліктері арасындағы кеңістіктік қатынастарды анықтау білігін үйрету.
141. Заттық-кеңістіктік қатынастарды модельдеу. Балаларды сурет жоспары бойынша кеңістіктік қатынастарды модельдеуге үйрету.
142. Қозғалыс техникасы. Әртүрлі ойыншықтардың бір мезгілде қозғалтумен өзіндік қозғалу техникасын дамыту.
143. Қозғалу процесінде бағдарлау. Біліктерді үйрету:
1) өзіндік қозғалыстың бағытын анықтау;
2) берілген бағытта қозғалу, қозғалыстың бағытын сақтау және өзгерту.
144. Сақталған анализаторлардың көмегімен бағдарлау. Біліктерге үйрету:
1) дыбыстың жылжитын көзінің бағытын жинақтау (көру бақылауымен және онсыз), дыбыстық сигналдарға қозғалыс барысында бағдарлану;
2) серуенге арналған аумақта аяқтың табандарымен төсемді ажырату (шөп, жер), кеңістіктік бағдарлауда сипап-сезу бағдарларын қолдану.
145. Жабық және еркін кеңістікте бағдарлау. Балабақшаның таныс бөлмелерінде және серуенге арналған бөлікте өз бетімен бағдарлау дағдыларын жетілдіру.
146. Микрожазықтықта бағытталу. Үстелдің, қағаз бетінің, фланелеграфтың микрожазықтығында бағытталу білігін жетілдіру.
147. Күтілетін нәтижелер:
1) өз киімінің бөлшектерінің кеңістіктік орналасуында бағдарланады;
2) жақын кеңістікте өзіне қатысты заттардың қашықтығын көру-сипап-сезу тәсілімен анықтайды;
3) бір заттың бөліктері арасындағы кеңістіктік қатынастарды анықтайды;
4) картинка-жоспар бойынша кеңістіктік қатынастарды модельдей біледі;
5) балабақшаның таныс бөлмелерінде және серуенге арналған аумақта өз бетіменбағытталу дағдылары бар;
6) сақталған анализаторлардың көмегімен алынатын ақпаратты бағдарлау барысында есепке алады;
7) микрожазықтықтың берілген бағыттарында заттарды таба алады және орналастыра алады.
4-параграф. "Әлеумет" білім беру саласы
148. "Әлеумет" білім беру саласының мазмұны әлеуметтік-тұрмыстық бағдар арнайы түзеу оқу қызметінде жүзеге асырылады.
149. Мақсаты ретінде, күнделікті өмірде қажетті әлеуметтік-тұрмыстық біліктіліктер мен дағдыларды қалыптастыру алынады.
150. Міндеттері:
1) адам өмірінің тұрмыстық және әлеуметтік салалалары туралы бастапқы ұғымдарын қалыптастыру;
2) қоршаған әлемнің заттары туралы ұғымдарды дамыту және жүйелеу;
3) балалардың өздері туралы тұлғалық ұғымдарын қалыптастыру және дамыту;
4) қоршаған адамдармен қарым-қатынас және өзара әрекеттесу дағдыларын қалыптастыру.
5-параграф. 1-жартыжылдық
151. Әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлау қамтиды: заттық әлем, өзі туралы ұғымдар, жеке гигиена, көшедегі мінез-құлық ережесі, ересектердің еңбегі, мінез-құлық және қарым-қатынас мәдениеті.
152. Заттық әлем. Біліктерді дамыту:
1) қоршаған жақын аймақтағы заттарды ажырату және атау;
2) полисенсорлы қабылдау негізінде олардың қасиеттерін ажырату;
3) оларды қызметі бойынша пайдалану;
4) жалпылаушы ұғымдарды қолдану.
153. Бала және қоршаған адамдар:
1) өзінің есімін, тегін, жасын, жынысын атау білігін бекіту;
2) өз денесінің негізгі бөліктері мен мүшелерінің функциялары туралы ұғымдарын қалыптастыру;
3) өз отбасының мүшелерін атау білігін үйрету.
154. Жеке гигиена. Білімді қалыптастыру:
1) жеке гигиенаның мәні туралы;
2) жеке гигиенаның заттары мен олардың қызметі туралы;
3) гигиеналық процедураларды және тазалықты ұстауды орындаумен байланысты әрекеттер туралы.
155. Көшедегі мінез-құлық ережесі. Балаларды таныстыру:
1) "көше", "тротуар" ұғымдарымен;
2) тротуар бойымен қозғалу ережесімен.
156. Ересектердің еңбегі:
1) балабақшада ересектердің еңбегі, оның мәні туралы ұғымдарын дамыту;
2) еңбек құралдарын тану және атау біліктерін, еңбек әрекеттерін үйрету; оларды орындау тәртібін ажырату.
157. Қарым-қатынас және мінез-құлық мәдениеті:
1) сәлемдесу, қоштасу, өтініш, кешірім сұрау, рақмет айту көрінісінің вербальды формалары туралы ұғымдарын қалыптастыру және дамыту;
2) мимикалық, ым-ишара және пантомимикалық қимылдарды қайта жаңғыртуға қатысатын бұлшық ет аппаратын дамыту;
3) адамдардың эмоционалды күйлері және оларды мимика, ым-ишара, позалар арқылы көрсету тәсілдері туралы ұғымдарын дамыту.
4) адамның суреттегі статикалық және динамикалық позаларын тану білігін қалыптастыру;
5) қарым-қатынастың вербальды және вербальды емес құралдарын көрсетуге арналған жаттығу.
158. Күтілетін нәтижелер:
1) полисенсорлы қабылдау негізінде заттардың белгілерін ажыратуды біледі, жақын аймақтағы заттардың қызметін түсінеді;
2) өз денесінің негізгі бөліктері мен мүшелерінің функцияларын біледі;
3) жеке гигиенаны сақтаудың қажеттілігін түсінеді;
4) тротуар бойымен қозғалу ережесін біледі;
5) сәлемдесу, қоштасу, өтініш, кешірім сұрау, рақмет айту көрінісінің вербальды формаларын біледі;
6) негізгі эмоционалды күйлерді сырттай көрсетудің сипаттамалық ерекшеліктерін түсінеді.
6-параграф. 2-жартыжылдық
159. Әлеуметтік-тұрмыстық бағдар қамтиды: заттық әлем, өзі туралы ұғымдар, жеке гигиена, көшедегі мінез-құлық ережесі, ересектердің еңбегі, мінез-құлық және қарым-қатынас мәдениеті.
160. Заттық әлем:
1) ойыншықтарды, кітаптарды, киімді, аяқ-киімді сақтау ережелерімен таныстыру;
2) өз заттарының сипаттамалық белгілері бойынша ажырату біліктерін қалыптастыру, оларды басқа заттардың арасынан тану;
3) жалпылаушы ұғымдарды бекіту;
4) заттармен әрекет ету тәсілдерін жаттықтыру.
161. Бала және қоршаған адамдар:
1) өзінің сырт бейнесінің ерекшеліктері туралы ұғымдарды қалыптастыру;
2) өз отбасының мүшелерін атау білігін дамыту, туыстық өзара қатынастарды түсіну.
162. Жеке гигиена. Жуынуда, ауыз қуысын күтуде, сырт бейнесін күтуде әрекеттің бірізділігін айқындау білігн қалыптастыру.
163. Көшедегі мінез-құлық ережесі. Балаларды таныстыру:
1) "жол жүретін бөлік" ұғымымен таныстыру;
2) жаяу жүргінші мен көліктің қозғалысында сигналдардың мәнімен.
164. Ересектердің еңбегі:
1) балабақшадағы мейірбике мен кір жуушының еңбегі, олардың маңызы туралы білімді қалыптастыру;
2) еңбек бұйымдарын, жекеленген еңбек әрекеттерін тану және атау білігін үйрету.
165. Мінез-құлық және қарым-қатынас мәдениеті:
1) балабақшада мәдени-тұрмыстық мінез-құлық ережесі туралы түсініктерді кеңейту;
2) бет сызбасын қабылдау алгоритмін қалыптастыру;
3) мимикалық, ым-ишара және пантомимикалық қимылдарды қайта жаңғыртуға қатысатын бұлшық ет аппаратын дамыту.
166. Қабылдауға және қайта жаңғыртуға үйрету:
1) бет қимылы: қорқыныш;
2) ым-ишара: бұл мен, болмайды, үлкен, кішкентай;
3) пантомимикалық қимылдар: бетімді және қолымды жуамын, сорпа ішемін, қуыршақты ұйықтатамын, машина айдаймын, кітапты парақтаймын, сыбызғыда ойнаймын;
4) объектілі картинада кейіпкердің бет қимылының, ым-ишарасының, позасының маңызын түсіну білігін үйрету.
167. Күтілетін нәтижелер:
1) басқа заттардың арасынан өз заттарын сипаттамалық белгілері бойынша таниды;
2) өзінің сырт келбетінің бірқатар ерекшеліктері туралы түсініктері бар;
3) жуынуда, тістерін тазалауда, сырт бейнесін күтуде әрекеттің бірізділігін біледі;
4) бағдаршам сигналдарының мәнін түсінеді;
5) балабақшадағы ересектердің негізгі еңбек әрекеттерінің мазмұнын және маңызын түсінеді; еңбек қаруларын біледі және атайды;
6) мәдени-тұрмыстық мінез-құлықтың негізгі ережесін біледі;
7) объектілі картинадағы кейіпкердің бет қимылының, ым-ишарасының, позасының маңызын түсінеді;
8) қарапайым эмоцияларды, ым-ишараларды, позаларды қайта жаңғырта біледі.
4-тарау. Орта топ (4-5 жастағы балалар)
1-параграф. "Таным" білім беру саласы
168. "Таным" білім беру саласының базалық мазмұны арнайы түзеу оқу қызметінде жүзеге асырылады - көру арқылы қабылдау (көрмейтін балалармен - сипап-сезу және ұсақ моторика), кеңістікте бағдарлай білу.
169. Мақсаты - сенсорлы емес психикалық функциялардың дамуымен бірлікте, бұзылған көру мен сақталған анализаторлардың жүйелі өзара әрекеттестігі негізінде балалардың танымдық қабілеттерін түзету және дамыту.
170. Міндеттері:
1) заттардың маңызды белгілерін бақылау, салыстыру, ажырату біліктерін қалыптастыру негізінде танымдық тәжірибені байыту;
2) ұғымдарды қалыптастыру мақсатында білімді топтастыру, жіктеу және жалпылау тәсілдерін үйрету;
3) перцептивті әрекеттерді қалыптастыру негізі ретінде, заттық-практикалық іс-әрекетті дамыту;
4) кеңістіктік бағдарлау дағдыларын дамыту.
2-параграф. 1 - жартыжылдық
171. Көру арқылы қабылдау қамтиды: көру-ізденістік іс-әрекет, сенсорлы эталондар (пішін, көлем, түс); заттар және заттық бейнелер, сюжеттік бейнелер, кеңістікті қабылдау, көру-моторлы координациялар, адам өміріндегі көру.
172. Көру-ізденістік іс-әрекеті. Қоршаған кеңістікте көру мотивтерін іздеуді жүзеге асыру және оларды көз қырында ұстап тұру білігін жетілдіру.
173. Сенсорлы эталондар. Дағдыларға бекіту:
1) геометриялық фигураларды (шеңбер, шаршы, үшбұрыш) және көлемді денелерді (куб, шар, цилиндр) ажырату және атау;
2) ұзындығы және биіктігі бойынша заттарды салыстыру;
3) ұзындық пен биіктіктің артуымен қоршаған кеңістікте негізні түстерді ажырату.
174. Балаларды таныстыру:
1) цилиндрмен;
2) "түстің реңкі" ұғымымен.
175. Біліктіліктерді үйрету:
1) тік және кері контраста жазық геометриялық фигуралардың силуэттік және контурлы бейнелерін қабылдау;
2) геометриялық фигуралар мен геометриялық денелердің өзара арақатынасын салыстыру;
3) ұзындық пен биіктіктің артуы мен азаюы ретімен, үш заттан қатар құру;
4) негізгі түстердің ашық және қою реңктерін ажырату;
5) шынайы заттардың түсімен негізгі түстерді және олардың реңктерін салыстыру;
6) тура және кері контраста негізгі түстердің реңктерін (2 реңктен) жинақтау.
176. Заттар мен заттық бейнелер. Дағдыларға бекіту:
1) заттарды және олардың бейнесін жоспар бойынша қарау;
2) әртүрлі ракурста затты және оның бейнесін тану (алдынан, артынан, қырынан);
3) силуэттік және контурлы бейнедегі заттарды тану.
177. Біліктерге үйрету:
1) күрделі кескіндегі заттың контурлы және силуэттік бейнесін қиылыстыру;
2) ортақ және айрықша белгілері бойынша затты және оның бейнесін салыстыру.
178. Сюжеттік бейнелер. Балаларды оқыту:
1) бір композициялық жоспары бар сюжеттік бейнені бірізді қабылдау;
2) сюжетті ашатын информативті белгілерді ажыратып көрсету білігі;
3) қарапайым логикалық өзара байланыстарды орнату білігі.
179. Кеңістікті қабылдау:
1) топта үш-бес заттан кеңістіктік қатынастарды анықтау білігін жетілдіру;
2) жабық және еркін кеңістікте (алыс-жақын, жоғары-төмен) өзінен екі-үш затқа дейін қашықтықты көру арқылы саралауға арналған жаттығу.
180. Көру-моторлы координациялар. Дағдыларды үйрету:
1) сызықтар жүйесіндегі сызықтарды қадағалау (әртүрлі түстегі 2-3 сызық);
2) әртүрлі бағыттарда тура сызықтармен нүктелерді біріктіру;
3) контур, трафарет бойынша қарапайым және күрделі кескіндегі суретті айналдырып белгілеу.
181. Адам өміріндегі көру. Балалардың көру мүмкіндіктері туралы ұғымдарды қалыптастыру.
182. Күтілетін нәтижелер:
1) ұсынылған жоспар бойынша объектілерді бірізді қарай біледі;
2) "түстің реңкі" ұғымының мәнін түсінеді;
3) тану, атау, әрекет ету деңгейінде сенсорлы эталондарды қолданады (салыстыру, жинақтау, топтастыру);
4) әртүрлі ракурста, силуэттік және контурлы бейнелеуде объектілерді таниды;
5) сюжетті түсінеді, оны тифлопедагогтың сұрақтары бойынша сипаттайды;
6) контур, трафарет бойынша қарапайым және күрделі кескіндегі суретті айналдырып қоршай біледі;
7) өзіндік көру мүмкіндіктері туралы түсініктері бар.
183. Сипап-сезу және ұсақ моторика қамтиды: объектілерді сипап-сезу арқылы зерттеуге қолдың дайындығы, сипап-сезу арқылы зерттеу тәсілдері, заттық-практикалық іс-әрекет, тифлографика.
184. Қолдың сипап-сезу арқылы зерттеуге дайындығы.
185. Қолдың құрылымы мен мүмкіндіктері туралы ұғымдарды дамыту.
186. Біліктерге үйрету:
1) бір қолдың алақанымен ортасынан басқа қолдың үлкен саусағының ұштарына дейін сылау тәсілімен, қолдың және басқа қолдың алақанының сыртқы жағымен шымшу тәсілімен қолдың өзіндік уқалауын (массаж) орындау;
2) бір қолымен екі шағын затты ұстап алу;
3) қолдың саусақтарының тіркесуінің алуан түрлі тәсілдерін орындау;
4) оң қолдың саусақтарын бір мезгілде және кезектестіре сол қолдың аттас саусақтарына тигізуді орындау.
187.Сипап-сезу арқылы зерттеу тәсілдері. Объектілерді сипап-сезу арқылы зерттеуде екі қолдың өзара әрекеттесу тәсілдерін бекіту.
188. Дағдыларға қалыптастыру:
1) сипап-сезудің көмегімен көлемді пішіндерді (шар, куб, цилиндр) және жазық геометриялық фигураларды (шеңбер, шаршы, үшбұрыш) ажырату;
2) қарапайым кескіндегі заттардың пішінін анықтау;
3) ұзындығы, биіктігі бойынша біртекті заттарды салыстыру;
4) жазықтықтықтағы заттардың қарама-қарсы және аралық сипап-сезу сипаттамаларын дененің алуан түрлі бөліктерімен ажырату (тегіс-қатпарлы-тікенекті; қатты-жұмсақ, мамық; құрғақ-ылғал-дымқыл), температураны (суық-жылы-ыстық), салмақты (жеңіл-ауыр).
189. Заттық-тәжірибелік іс-әрекет. біліктерге үйрету:
1) берілген жағдайларға сәйкес бір объектінің құрылысын салу (биік және төмен мұнаралар, ұзын және қысқа жолдар);
2) әртүрлі тәсілдермен конструктордың бөлшектерін бекіту;
3) жалпиған пішіндегі шеттерді жазу, қысу, жалпиту, жымқыру тәсілдерін қолданумен қарапайым пішіндегі заттарды илеу;
4) бірнеше дайын бөліктерден заттардың аппликациясын фланелеграфта құрастыру;
5) бұрыштары мен қырларын қиылыстырумен қағаз парағын бүктеу.
190. Тифлографика көрмейтін балаларды бедерлі суреттерді және олардың бейнесін тифлографикалық аспаптардың көмегімен оқуға үйретуді қамтиды.
191. Рельефті бейнелерді оқу:
1) "контур" ұғымын қалыптастыру;
2) контурды құрастыру тәсілдерімен таныстыру;
3) бағыттары, ұзындығы бойынша әртүрлі сызықтың түрлерімен (көлденең, тік, көлбеу) таныстыру;
4) әртүрлі жазықтықта әртүрлі тәсілдерімен орындалған, әртүрлі бағытта орналасқан сызықтарды үйрету;
5) әртүрлі жазықтықта әртүрлі тәсілдермен орындалған геометриялық фигуралардың рельефті бейнелерін (шеңбер, шаршы, үшбұрыш) оқуға үйрету.
192. Рельефті-графикалық іс-әрекет. Біліктерді бекіту:
1) геометриялық фигуралардың ішкі трафаретінде нүктелерді қадау;
2) трафарет бойынша көлденең және тік сызықтарды жүргізу.
193. Біліктіліктерді үйрету:
1) табиғи материалдың, таяқшаның көмегімен фигуралардың контурын құру;
2) трафарет бойынша геометриялық фигуралардың контурларын грифельмен ою.
194. Күтілетін нәтижелер:
1) қолдың саусақтарымен статикалық және динамикалық қимылдарды орындайды;
2) заттардың сипап-сезуші белгілерін, көлемнің пішінін ажыратудың сипап-сезу тәсілдерін біледі және қолдана алады;
3) жазықтықтың құрылымы, пішіні, көлемі бойынша заттарды салыстыруды және топтастыруды біледі;
4) бірізді ұсынылған нұсқау бойынша объектілерді сипап-сезу арқылы зерттеуді орындайды;
5) заттық-практикалық іс-әрекетте сипап-сезуді қолдана біледі;
6) бағыты бойынша және оларды бейнелеу тәсілдері бойынша рельефті сызықтардың түрлерін біледі;
7) әртүрлі тәсілмен орындалған, әртүрлі бағыттағы сызықтарды, геометриялық фигураларды (шаршы, тік төртбұрыш, үшбұрыш) оқиды;
8) табиғи материалдан, таяқшалардан геометриялық фигуралардың контурын құрай біледі;
9) трафарет бойынша көлденең және тік сызықтарды жүргізе біледі;
10) тифлопедагогпен бірлесіп, ішкі трафаретте фигуралардың контурларын оя алады.
195. Кеңістікте бағдарлау қамтиды: дененің сызбасында бағдарлау, өзіне қатысты және затқа қатысты бағдарлау, заттардың кеңістіктік белгілерінде бағдарлау, заттық-кеңістіктік қатынастарды модельдеу, қозғалыс техникасы, сақталған анализаторлардың көмегімен бағдарлау, түйық және еркін кеңістікте бағдарлау, микрожазықтықта бағдарлау, кеңістіктіктің сызбасында бағдарлау.
196. Дененің сызбасында бағдарлау. Өз денесінің жұптық-қарама-қарсы бағыттарын алдында тұрған баланың бағыттармен салыстыру білігін үйрету.
197. Өзіне қатысты және затқа қатысты бағдарлау:
1) өзіне қатысты қоршаған кеңістіктегі заттардың орналасуын анықтау білігін бекіту;
2) қашықтықты қадамдармен өлшеумен, қоршаған кеңістіктегі өзінен бастап 2 әртүрлі қашықтықтағы заттарға дейін арақашықтықты (жақын-алыс) анықтау қабіетін дамыту;
3) заттар арасындағы кеңістіктік қатынастарды анықтау білігін үйрету.
198. Заттардың кеңістіктік белгілерінде бағдарлау. Заттардың жұптық-қарама-қарсы қырларын анықтай алуды үйрету (алдыңы-артқы, жоғарғы-төменгі, оң-сол).
199. Заттық-кеңістіктік қатынастарды модельдеу. Жабық кеңістікті және заттар арасындағы кеңістіктік қатынастарды онда орналасқан қуыршақ жиһазының көмегімен модельдеуге үйрету.
200. Қозғалыс техникасы. Үлкен заттарды зерттеуде, баланың бойынан төмен немесе жоғары тұратын заттарды зерттеуде дұрыс позаны қабылдау білігін үйрету.
201. Қозғалу процесінде бағдарлау. Біліктерді қалыптастыру:
1) өзіндік қозғалыс барысында бағыттарды анықтау;
2) кедергілерді жеңумен қозғалу.
202. Сақталған анализаторлардың көмегімен бағдарлау.
203. Кеңістіктік бағдарлауда көрудің маңызы мен сақталған анализаторлар туралы ұғымдарды қалыптастыру.
204. Біліктерді жетілдіру:
1) әртүрлі нұсқада көрсетілген белгілер бойынша қоршаған заттарды көрудің көмегімен ажырату (әртүрлі көлемдегі, пішіндегі және түстегі біртекті заттар);
2) қоршаған кеңістіктің дыбыстарын ажырату (адамның дауысы, әрекеті, табиғат дыбыстары), жабық және еркін кеңістікте дыбыстың қозғалмайтын және ауыспалы көзін жинақтау;
3) сақталған анализаторлардың көмегімен алынатын ақпаратты бағдарлау процесінде қолдану білігін жетілдіру.
205. Біліктерді қалыптастыру:
1) бөлмедегі еден төсемінің сипатын аяқтың табандарымен ажырату, нақты белгілерді бөлмелермен салыстыру;
2) серуенге арналған аумақта төсемді аяқтың табандарымен ажырату (асфальт, құм, шөп, жер, қар);
3) тұрмыста кездесетін иістерді иіс сезудің көмегімен анықтау.
206. Жабық және еркін кеңістікте бағдарлау:
1) балабақшаның бөлмелерінде және аумағында практикалық бағдарлау негізінде балалардың кеңістіктік ұғымдарын дамыту;
2) қозғалу жолдары туралы әңгімелеу білігін үйрету.
207. Микрожазықтыққа бағытталу:
1) микрожазықтықтың бағыттарын (қырлары, ортасы, бұрышы) және заттың микрожазықтықта кеңістіктік орналасуын анықтау білігін дамыту;
2) микрожазықтықтың аталған бағыттарында заттарды орналастыру білігін үйрету.
208. Кеңістіктің сызбасы бойынша бағытталу:
1) заттардың қарапайым сызбалы, шартты белгілері туралы ұғымдарды қалыптастыру;
2) заттарды олардың шартты белгілерімен салыстыру білігін үйрету;
3) кеңістіктің қарапайым сызбасы туралы түсініктерді қалыптастыру (үстел, орындық - жоғарыдан қараған түрі).
209. Күтілетін нәтижелер:
1) заттар арасындағы кеңістіктік қатынастарды анықтайды;
2) қуыршақ жиһазындағы заттардың көмегімен онда орналасқан заттар арасындағы кеңістіктік қатынастарды және Жабық кеңістікті модельдеу дағдылары бар;
3) кеңістіктік терминдерді түсінеді және қолданады;
4) қоршаған заттардың белгілерін сақталған анализаторлардың көмегімен ажыратады, оларды бағдар ретінде пайдаланады;
5) тифлопедагогтың сұрақтары бойынша қозғалу жолдары туралы әңгімелейді;
6) микрожазықтықтың бағыттарын және микрожазықтықта заттың кеңістіктік орналасуын анықтайды;
7) заттарды олардың шартты белгілерімен салыстыра біледі.
3-параграф. 2 - жартыжылдық
210. Көру арқылы қабылдау қамтиды: көру-ізденістік іс-әрекет, сенсорлы эталондар (пішіні, көлем, түс), заттар және заттық бейнелер, сюжеттік бейнелер, кеңістікті қабылдау, көру-моторлы координациялар, адам өміріндегі көру.
211. Көру-ізденістік іс-әрекет. Қозғалатын көру мотивін табу және көз қырында ұстау білігін қалыптастыру.
212. Сенсорлы эталондар. Балаларды үйрету:
1) күрделенген жағдайда жазық геометриялық фигуралардың (шеңбер, шаршы, үшбұрыш) контурлы бейнесін тану білігі (контурды жабу);
2) әртүрлі кеңістіктік қалыпта ұсынылған геометриялық фигуралар мен денелерді жинақтау білігі;
3) ені, тығыздығы бойынша біртекті заттарды салыстыру және топтастыру білігі;
4) негізгі түстердің 3 реңкін ажырату;
5) негізгі түстердің реңктері бойынша заттарды топтастыру;
6) ахроматикалық түстермен (қара, ақ), қоңыр түс, сары жасыл түстерді ажырату және атау;
7) қоңыр-қызыл, қоңыр-қызғылт сары, қоңыр-қара түстерді саралау;
8) 2-3 түстің арасынан қоңыр түсті оқшаулау;
9) Жабық және еркін кеңістіктегі заттардың түсімен қоңыр және қызғылт-сары түстің эталондарын салыстыру.
213. Заттар және заттық бейнелер. Біліктіліктерді үйрету:
1) күрделенген жағдайда заттардың бейнелерін тану (контурды жабу, түстіліктің болмауы);
2) қозғалатын заттарды ажырату және тану;
3) берілген белгілері бойынша заттарды жалпылау және жіктеу.
214. Сюжеттік бейнелер:
1) бір композициялық жоспары бар сюжеттік бейнені бірізді қабылдау білігін бекіту;
2) информативті белгілерді ажырату негізінде себепті-салдарлы байланыстар мен қатынастарды орнату білігін дамыту;
3) мазмұны бойынша екі сюжеттік картинаны салыстыру білігін үйрету.
215. Кеңістікті қабылдау. Жабық және еркін кеңістікте объектілердің қашықтығын, өзара орналасуын анықтауға арналған жаттығу .
216. Көру-моторлы координациялар:
1) сызықтар жүйесінде сызықтарды қадағалау білігін дамыту (бірдей және әртүрлі түстегі 2-4 сызықтар);
2) қарапайым кескіндегі заттардың бейнесін қою сызықпен сызуды орындау білігін үйрету.
217. Адам өміріндегі көру. Көруді сақтау ережелері туралы ұғымдарды қалыптастыру.
218. Күтілетін нәтижелер:
1) ахроматикалық (қара, ақ) және хроматикалық (қызыл, сары, жасыл, қызғылт-сары, көк, қоңыр) түстерді, негізгі түстердің реңктерін ажыратады және атайды; геометриялық фигуралардың және көлемді денелердің пішінін ажыратады және атайды;
2) "ені", "тығыздығы" ұғымдары туралы түсініктері бар;
3) берілген сенсорлы белгісі бойынша салыстыру, жинақтау, топтастыру барысында объектілердің тәуелділігін орната біледі;
4) күрделенген жағдайларда (контурды жабу, түстіліктің болмауы) объектілердің бейнесін таниды;
5) затты белгілі топқа жатқызады, жалпылаушы ұғымдарды қолданады;
6) информативті белгілерді ажырату негізінде сюжеттік картинадағы логикалық өзара байланыстарды орнатады;
7) кеңістікте объектілердің қашықтығын, өзара орналасуын анықтайды;
8) сызықтар жүйесіндегі сызықтарды қадағалау, қою сызықпен белгілеу дағдылары бар;
9) көруді сақтаудың қарапайым ережесі туралы түсініктері бар.
219. Сипап-сезу және ұсақ моторика қамтиды: объектілерді сипап-сезу арқылы зерттеуге қолдың дайындығы, сипап-сезу арқылы зерттеу тәсілдері, заттық-практикалық іс-әрекет, тифлографика.
220. Қолдың сипап-сзеу арқылы зерттеуге дайындығы. Біліктерді үйрету:
1) саусақтың ұшынан алақанға қарай бағытта саусақтардың жастықшасын сылау тәсілімен қолды өзіндік уқалауды (массаж) орындау;
2) бір-біріне сыртқы жағымен сығылған алақанның қалпында екі қолдың саусақтарын қиылыстыру;
3) үлкен саусақпен саусақтардың жастықшаларын кезектесіп жеке-дара жанасуды, саусақтарды үлкен саусаққа кезектесіп біріктіруді орындау;
4) бір статикалық позаны басқа позаға өтуді орындау.
221. Сипап-сезу арқылы зерттеу тәсілдері. Дағдыларды дамыту:
1) материалдарды ажырату (қағаз, ағаш, шыны, пластмасса, металл, мата), әртүрлі материалдардан жасалған заттардың бетін анықтау;
2) жазықтықтың түйсінуші белгісі, көлемнің белгіленген параметрі, пішіннің белгісі бойынша заттарды топтастыру.
222. Біліктіліктерді үйрету:
1) кескіні қарапайым пішінді қамтитын заттың бөлшектерінің пішінін анықтау;
2) ұзындығы, биіктігінің артуы мен азаюы ретімен үш заттан қатар құру;
3) шынайы жағдайда бағдарлау процесінде түйсінуді қолдану (қабырғаның фактурасы, едендік төсемнің сипаты).
223. Заттық-практикалық іс-әрекет. Біліктерді жетілдіру:
1) әртүрлі тәсілдермен конструктордың бөлшектерін біріктіру және бекіту;
2) әртүрлі бағыттарда сызықтарды фишкалармен салу;
3) магниттік тақтада таяқшалардан геометриялық фигураларды құрастыру;
4) тесіктердің санын бірте-бірте арттырумен бау жіпті қиылыстырусыз жоғарыдан төмен қарай байлауды орындау;
5) жазық баспалы кітаптың басынан аяғына дейін және кері ретте әрбір бетін түсіру тәсілімен қалыңдығы әртүрлі материалдан жазық баспалы кітаптың беттерін парақтау.
224. Балаларды үйрету:
1) 2 бөліктен құралатын заттарды илеу;
2) қарапайым пішіндегі рельефті сурет салуға арналған ермексаздан жасалған дайын бөлшектерді іріктеу, ермексазды рельефтің контуры шегінде жағу білігі;
3) бүктелген сызықты бүгу және жазу тәсілімен қағаздан қарапайым ұсақ бұйымдарды орындау білігі (ашықхаттар, альбом).
225. Тифлографика көрмейтін балаларды бедерлі суреттерді және олардың бейнесін тифлографикалық аспаптардың көмегімен оқуға үйретуді қамтиды.
226. Рельефті бейнені оқу:
1) әртүрлі жазықтықта әртүрлі тәсілдермен орындалған геометриялық фигуралардың (шеңбер, шаршы, үшбұрыш) рельефті бейнесін оқу білігін жетілдіру;
2) пішіні бойынша сызықтардың түрлерімен таныстыру (тура, толқын тәрізді, сынық);
3) әртүрлі жазықтықта әртүрлі тәсілдермен орындалған әртүрлі сызықтарды оқуға үйрету; сызықтардан қарапайым суреттерді; геометриялық пішіні бар заттардың суреттерін оқуға үйрету;
4) қарапайым рельефті бейнелерді шынайы объектілермен (модель) салыстыру білігін үйрету.
227. Рельефті-графикалық іс-әрекет:
1) трафарет бойынша геометриялық фигуралардың контурын грифельмен тесу білігін бекіту;
2) трафарет, тіректі нүктелер бойынша әртүрлі сызықтардың жүргізу;
3) трафарет бойынша геометриялық фигураларды айналдырып белгілеу (пленкадағы қаламмен).
228. Күтілетін нәтижелер:
1) қолдың білезігімен және саусақтармен алуан түрлі қимылдарды орындай алады;
2) сипау, ұрғылау, сылау, шымшу тәсілдерімен қолды өзіндік уқалауды (массаж) орындай алады;
3) тану, атау, әрекет ету деңгейінде түйсінуші сенсорлы эталондарды қолданады;
4) 2 қарапайым пішіннен құралған заттың пішінін талдайды;
5) үлгі және нұсқау бойынша жалпы көлем, ұзындық, биіктіктің артуы мен азаюы ретімен үш заттан қатар құра алады;
6) заттық-практикалық іс-әрекетте сипап-сезу түйсіктерін қолдану дағдылары бар;
7) формасы бойынша рельефті сызықтардың түрлерін біледі;
8) сызықты берілген нүктеден тыс сипап-сезу арқылы қадағалау дағдысы бар;
9) қарапайым барельефтер мен аппликациялық бейнелерді шынайы объектілермен салыстырады;
10) трафарет бойынша әртүрлі рельефті сызықтарды жүргізу дағдысы бар;
11) тифлопедагогпен бірлесіп ішкі трафаретте фигуралардың контурын қаламмен айналдырып белгілейді.
229. Кеңістікте бағдарлау қамтиды: дененің сызбасында бағдарлау, өзіне қатысты және затқа қатысты бағдарлау, заттық-кеңістіктік қатынастарды модельдеу, қозғалыс техникасы, қозғалыс барысында бағдарлау, сақталған анализаторлардың көмегімен бағдарлау, Жабық және еркін кеңістікте бағдарлау, микрожазықтықты бағдарлау, кеңістіктің сызбасында бағдарлау.
230. Дененің сызбасында бағдарлау. Өз денесінің және алдында тұрған баланың кеңістіктік бағыттарын арақатынаста ұстау білігін дамыту.
231. Өзіне қатысты және затқа қатысты бағдарлау:
1) үлгі және нұсқау бойынша өзіне және затқа қатысты кеңістікте бағдарлаумен байланысты практикалық әрекеттерді орындау білігін жетілдіру;
2) бір кеңістіктік бағытта орналасқан өзінен 3 затқа дейін қашықтықты (жақын-алыс) көру арқылы саралауды дамыту;
3) көру мен естудің көмегі арқылы, өзіне қатысты қозғалатын заттардың бағыттарын анықтау білігін қалыптастыру.
232. Заттық - кеңістіктік қатынастарды модельдеу. Құрылыс конструкторының бөлшектерінің көмегімен заттар арасындағы кеңістіктік қатынастарды және жабық кеңістікті модельдеуге үйрету.
233. Қозғалыс техникасы. Кедергілерді табу және жеңудегі дұрыс позаны сақтауға үйрету.
234. Қозғалыс барысында бағдарлау. Берілген қарқында әртүрлі бағыттарда қозғалу дағдыларын қалыптастыру (жылдам, баяу).
235. Сақталған анализаторлардың көмегімен бағытталу.
236. Біліктіліктерді жетілдіру:
1) сипап-сезудің көмегімен әртүрлі жазықтықтарды тану (алақанмен, қол саусақтарымен, аяқтың табандарымен);
2) қоршаған кеңістіктің дыбыстарын ажырату.
237. Дағдыларды қалыптастыру:
1) тұрмыстық иістерді олардың қайнар көздерімен салыстыру;
2) кеңістіктегі иістің қайнар көзінің бағытын оқшаулау;
3) практикалық бағдарлауда көру, сипап-сезу, иіс сезу, дыбыстық алуан түрлі бағдарларды қолдану.
238. Жабық және еркін кеңістікте бағдарлау:
1) полисенсорлы қабылдау негізінде бағдарлау дағдыларын жетілдіру (бөлмелердің кеңістігін толтыратын балабақшаның әртүрлі бөлмелері мен заттарының; дәліздер, баспалдақтар, шығатын есіктер; серуенге арналған аумақтар, спорттық аймақ);
2) қозғалу жолдары туралы әңгімелеу білігін дамыту.
239. Микрожазықтықта бағытталу. Микрожазықтықтың аталған бағыттарында және бір-біріне қатысты белгілі қалыпта заттарды орналастыру білігін үйрету (қатар, астында, үстінде, арасында, жанында).
240. Кеңістіктің сызбасында бағдарлау:
1) кеңістіктің қарапайым сызбасы туралы ұғымдарды дамыту;
2) сызбада көрсетілген белгі бойынша шынайы кеңістікте заттарды орналастыру білігін үйрету.
241. Күтілетін нәтижелер:
1) өз денесінің жұптық-қарама-қарсы бағыттарын алдында тұрған баланың бағыттарымен салыстыра алады;
2) өзіне және затқа қатысты кеңістікте бағдарлаумен байланысты практикалық әрекеттерді орындайды;
3) орын алмастырушы заттардың көмегімен заттар арасындағы кеңістіктік қатынастарды және Жабық кеңістікті модельдеу дағдылары бар;
4) әртүрлі бағдарларды қолданумен бағдарлау дағдылары бар;
5) балабақшаның әртүрлі бөлмелерінің және серуенге арналған аумақтың, таныс кеңістікті толтыратын заттардың орналасуын біледі;
6) микрожазықтықтың аталған бағыттарында және бір-біріне қатысты заттардың белгілі қалыпта орналастыру дағдылары бар;
7) кеңістіктің қарапайым сызбасы туралы түсініктері бар;
8) сызбада көрсетілген белгі бойынша шынайы кеңістікте заттарды орналастыра біледі.
4-параграф. "Әлеумет" білім беру саласы
242. "Әлеумет" білім беру саласының базалық мазмұны арнайы түзеу оқу қызметінде жүзеге асырылады - әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлай білу.
243. Мақсаты - жақын тұрмыстық және әлеуметтік ортада балалардың өзбетінділігін қамтамасыз ететін біліктер мен дағдыларды қалыптастыру.
244. Міндеттері:
1) тұрмыстық іс-әрекетте өзбетінділікке үйрету;
2) ересектердің еңбегі және оның маңызы туралы түсініктерін дамыту;
3) жақын әлеуметтік ортада ересектермен және қатарластармен өзара қатынастарды орнату ережесі туралы ұғымдарды дамыту;
4) коммуникативті іс-әрекеттің вербальды және вербальды емес тәсілдерін жетілдіру.
5-параграф. 1 - жартыжылдық
245. Әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлау қамтиды: заттық әлем, өзі туралы ұғымдары, жеке гигиена, көшедегі мінез-құлық ережесі, қоғамдық-тұрмыстық мекемелер, ересектердің еңбегі, мінез-құлық және қарым-қатынас мәдениеті.
246. Заттық әлем:
1) көру және сақталған анализаторлардың көмегімен заттардың қасиеттері мен белгілерін ажыратуға арналған жаттығу;
2) жалпылаушы ұғымдар шеңберін кеңейту.
247. Біліктерді үйрету:
1) заттардың бөлшектерін ажырату және атау;
2) түрлері жақын заттарды салыстыру;
3) пішіні, түсі, материалы, қызметі бойынша заттарды топтастыру.
248. Бала және қоршаған адамдар. Ұғымдарды дамыту:
1) өз денесінің негізгі бөліктері мен мүшелерінің функциялары туралы;
2) өз сырт бейнесінің жеке-дара ерекшеліктері туралы.
249. Ұғымдарды қалыптастыру:
1) адамдардың жасы бойынша айырмашылықтары туралы;
2) әртүрлі жастағы балалардың сырт бейнесінің, киімінің, мінез-құлқының сипаттамалық ерекшеліктері туралы.
250. Жеке гигиена. Ұғымдарды қалыптастыру:
1) гигиена ережелерін сақтау мен өз ағзасының жай-күйінің арасындағы өзара байланыс туралы;
2) пайдалы және зиянды әдеттер туралы.
251. Көшедегі мінез-құлық ережесі:
1) "көлік жүретін жол" ұғымын бекіту;
2) көшеден өту ережесімен таныстыру.
252. Қоғамдық-тұрмыстық мекемелер. Балаларды таныстыру:
1) адамның әлеуметтік-тұрмыстық іс-әрекетінің салаларымен;
2) дүкенде, емханадағы мінез-құлық ережелерімен;
3) мекеме қызметкерлеріне сұрақтармен, өтініштермен, рақмет айтумен қаратылған сөз түрлерімен.
253. Ересектердің еңбегі. Кәсіптер туралы еңбектің нәтижелерінің мазмұны мен мәні туралы білімді қалыптастыру.
254. Мінез-құлық және қарым-қатынас мәдениеті:
1) алуан түрлі әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларда балаларды ересектермен және қатарластармен өзара әрекетке түсу білігін үйрету;
2) адам беті мен денесінің сызбасын қабылдау алгоритмін қалыптастыру;
3) адамдардың эмоционалды күйлері (қуаныш, мұң, бірқалыпты күй, қорқыныш) және оларды бет қимылы, ым-ишара, позалар арқылы көрсету тәсілдері туралы ұғымдарды бекіту;
4) адамның эмоционалды күйімен және осы күйді туындататын себептің арасындағы байланысты орнату білігін үйрету.
255. Қабылдауға және қайта жаңғыртуға үйрету:
1) мимика: таңғалу;
2) ым-ишара (ал, басқа жоқ, білмеймін, бермеймін, бұл менікі, төмен, жоғары, ұзын, қысқа);
3) пантомимикалық қимылдар (ішім ауырады, ұйқым келді, сыпырып жатырмын, шаң сүртемін).
256. Күтілетін нәтижелер:
1) түрлері жақын заттарды ажыратады және атайды;
2) пішіні, түсі, материалы, қызметі бойынша заттарды топтастыра біледі;
3) адамдардың жасы бойынша айырмашылығын түсінеді;
4) пайдалы және зиянды әдеттер туралы ұғымдары бар;
5) сатушының, дәрігердің еңбегінің мазмұны мен бағыттылығы туралы ұғымдары бар;
6) қоршаған адамдармен мәдени өзара әрекеттесу формаларын біледі;
7) адамның беті мен денесінің сызбасында бағдарлай алады;
8) адамның эмоционалды күйлерін мимика, ым-ишара, позалар арқылы көрсету тәсілдерін біледі және қайта жаңғыртады;
9) адамның эмоционалды күйлері мен осы күйді туындататын себептің арасындағы өзара байланысты түсінеді.
6-параграф. 2 - жартыжылдық
260. Әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлау қамтиды: заттық әлем, өзі туралы ұғымдары, жеке гигиена, көшедегі мінез-құлық ережесі, қоғамдық-тұрмыстық мекемелер, ересектердің еңбегі, мінез-құлық және қарым-қатынас мәдениеті.
261. Заттық әлем:
1) заттың қызметі мен оның құрылымы, жасалған материал арасындағы өзара байланыс туралы ұғымдарды қалыптастыру;
2) іс-әрекетті жүзеге асыруға арналған заттардың сапасы, қасиеттері, қызметіне сәйкес таңдау білігін үйрету.
262. Бала және қоршаған адамдар. Ұғымдарды дамыту:
1) өз туралы;
2) өз отбасы туралы;
3) балалардың жеке-дара сенсорлы мүмкіндіктері туралы.
263. Жеке гигиена. Таныстыру:
1) көз гигиенасының ережесімен;
2) сырт бейнесін өзіндік бақылау тәсілдерімен.
264. Көшедегі мінез-құлық ережесі:
1) көшеден өту ережесін бекіту;
2) жолаушылар көлігінің аялдамасында мінез-құлық ережесімен таныстыру.
265. Қоғамдық-тұрмыстық мекемелер:
1) дүкендердің алуан түрлері туралы ұғымдарды дамыту;
2) шаштараз туралы ұғымдарды қалыптастыр.
266. Ересектердің еңбегі. Шаштараз кәсібі, еңбек нәтижесінің мазмұны мен маңызы туралы ұғымдарды қалыптастыру.
267. Мінез-құлық және қарым-қатынас мәдениеті:
1) қоғамдық орындарда мінез-құлық ережесімен таныстыру;
2) балаларға нақты әрекеттерге өзіндік қатынасын көрсету білігін үйрету;
3) адам денесі мен бетінің сызбасын қабылдау алгоритмін бекіту.
268. Қабылдау мен қайта жаңғыртуға үйрету:
1) бет қимылы: ашушаңдық;
2) ым-ишара: маған кел, біреуге ұрсу, есік қағу, біраз;
3) пантомимикалық қимылдар: тіс тазалаймын, ыдыс жуамын, шаршадым, суық;
4) сюжетттік бейнелеуде кейіпкерлердің бет қимылы, ым-ишарасы, позаларының маңызын анықтау білігін үйрету.
269. Күтілетін нәтижелер:
1) заттың қызметі мен оның құрылымы, жасалған материалы арасындағы өзара байланысты түсінеді;
2) өз отбасының құрамын біледі, отбасындағы туыстық қатынастарды түсінеді;
3) көз гигиенасын жүзеге асыру тәсілдерін біледі;
4) көшеден өту ережесін біледі;
5) бірқатар қоғамдық-тұрмыстық мекемелер туралы түсініктері бар (дүкен, емхана, шаштараз);
6) қоғамдық орында мінез-құлық ережесі туралы түсініктері бар;
7) орындалатын әрекетті позасы бойынша таниды;
8) сюжеттік бейнедегі кейіпкерлердің эмоционалды күйлерінің көрінісін түсінеді.
5-тарау. Ересектер тобы (5 - 6 жастағы балалар)
1-параграф. "Таным" білім беру саласы
270. "Таным" білім беру саласының мазмұны арнайы коррекциялық оқу іс-әрекетінде жүзеге асырылады - көру арқылы қабылдау (көрмейтін балалармен - түйсіну және ұсақ моторика), кеңістікте бағдарлау.
271. Мақсаты - полисенсорлы негізде қабылдаудың коррекциялық-компенсаторлық тәсілдерін дамыту, оларды балалардың өзіндік танымдық іс-әрекетінде қолдану үшін жағдай құру.
272. Міндеттері:
1) қоршаған әлемнің объектілеріне зерттеу тұғырын қалыптастыру;
2) алгоритмизация негізінде мақсатты бағытталған полисенсорлы қабылдау арқылы қоршаған кеңістіктің объектілері туралы ұғымдарды дамыту;
3) кеңістік және онда орналасқан объектілер туралы алынған полисенсорлы ақпаратты практикалық іс-әрекетте қолдануға үйрету;
4) ойлау операцияларын дамыту (анализ, синтез, салыстыру, жалпылау, жіктеу).
2-параграф. 1 - жартыжылдық
273. Көру арқылы қабылдау қамтиды: көру-ізденістік іс-әрекеті, сенсорлы эталондар (пішіні, көлем, түс), заттар мен заттық бейнелер, сюжеттік бейнелер, кеңістікті қабылдау, көру-моторлы координациялар, адам өміріндегі көру.
274. Көру-ізденістік іс-әрекеті. Қозғалатын көру мотивін іздеуді және көз қырында ұстауды жүзеге асыру білігін дамыту.
275. Сенсорлы эталондар. Біліктіліктерді жетілдіру:
1) көлемі бойынша айырмашылықты бірте-бірте азайтумен ұзындығы, биіктігі, ені, тығыздығы бойынша заттарды салыстыру;
2) бірдей орналасқан көпшілік заттардан көлемнің берілген параметрі бойынша заттарды жинақтап шектеу;
3) көпшіліктен көлемнің берілген параметрі бойынша бірдей заттарды таңдау;
4) ұзындығы, биіктігі, ені, тығыздығы бойынша артуы мен азаюы ретімен үш-бес заттан қатар құру;
5) түрлі-түсті объектілер арасындағы қашықтықты және қабылдау өрісін арттыруда, негізгі түстің 3 реңкін ажырату.
276. Тік төртбұрышты шаршымен салыстыру негізінде, сопақшаны шеңбермен салыстыру негізінде таныстыру. Геометриялық фигураларды (шеңбер, шаршы, үшбұрыш, тік төртбұрыш, сопақша) және көлемді денелерді (шар, куб, цилиндр) ажырату және атау білігіне арнаған жаттығу.
277. Біліктерге үйрету:
1) көпшілік шаршыдан силуэттік және контурлы бейнелеуде тік төртбұрышты шектеу;
2) көпшілік шеңберден силуэттік және контурлы бейнелеуде сопақшаны шектеу;
3) заттарға дейін қашықтықты бірте-бірте арттырумен көлемнің берілген параметрі бойынша үлкен кеңістіктің 2 біртекті объектілерін салыстыру;
4) сұр, көгілдір, күлгін түстерді ажырату және атау;
5) көгілдір-көк, көгілдір-ақ, көгілдір-сұр, күлгін-қара, күлгін-көк түстерді саралау;
6) көгілдір түсті көк-күлгін және сұр-ақ түстерден бөліп шығару; сұр түсті ақ-көгілдір түстен, күлгін түсті қызыл-көк және қара-көк түстерден бөліп шығару;
7) сұр, көгілдір, күлгін түстердің эталондарын қоршаған заттардың түстерімен салыстыру;
8) түстің қанықтылығын көбейту және азайту ретімен түрлі-түсті қатар құру (негізгі түстердің 3 градациясы);
9) қоңыр, күлгін, қызғылт-сары, көгілдір, сұр түстердің ашық және қою реңктерін ажырату;
10) қоңыр, күлгін, қызғылт-сары, көгілдір, сұр түстердің реңктерін жинақтау (2 реңктен).
278. Заттар және заттық бейнелер. Біліктіліктерді үйрету:
1) жоспар-алгоритм бойынша қабылдау объектісін қарау және сипаттау;
2) күрделі кескіндегі заттардың шынайы, силуэттік және контурлы бейнелерімен салыстыру;
3) әртүрлі ракурста заттарды тану (алдынан, артынан, жанынан, жоғарыдан, төменнен);
4) қозғалатын объектілерді тану;
5) күрделі кескіндегі затты және оның бейнесін салыстыру.
279. Сюжеттік бейнелер:
1) екі композициялық жоспары бар сюжеттік бейнені бірізді қабылдау дағдыларын қалыптастыру;
2) сюжетті ашатын информативті белгілер туралы білімді дамыту.
280. Кеңістікті қабылдау:
1) кеңістік тереңдігінің бейнелеуші белгілері туралы ұғымдарды қалыптастыру, қашықтықта орналасқан заттардың көлемін өзгерту; бір объектіні екіншісімен жабу;
2) баланың өзінен бір бағытта орналасқан үш-бес затқа дейін қашықтықты көру арқылы саралауға арналған жаттығу.
281. Көру-моторлы координациялар:
1) контур бойынша бейнелерді айналдырып белгілеу, сызықпен штрихтау дағдыларын жетілдіру;
2) үлгі бойынша графикалық тапсырмаларды орындау.
282. Адам өміріндегі көру. Балалардың көру мүмкіндіктері, көруді сақтау ережесі туралы ұғымдарды дамыту.
283. Күтілетін нәтижелер:
1) геометриялық фигураларды және көлемді денелерді, олардың түстері мен реңктерін, көлемін біледі;
2) біртипті белгілерді саралайды;
3) шынайы заттардың пішінін, түсін, көлемін талдайды;
4) сенсорлы эталондармен әрекет етеді (арақатынасын белгілейді, жинақтайды, жүйелейді);
5) объектіні сызба-алгоритмге сүйеніп қарастырады және сипаттайды;
6) әртүрлі ракурстағы заттарды таниды;
7) сюжетті түсінеді, информативті белгілерді табады;
8) кеңістіктің тереңдігінің бірқатар бейнелеуші белгілері туралы түсініктері бар;
9) үлгі бойынша графикалық тапсырмаларды орындайды.
284. Сипап-сезу және ұсақ моторика қамтиды: объектілерді сипап-сезу арқылы зерттеуге қолдың дайындығы, сипап-сезу арқылы зерттеу тәсілдері, заттық-практикалық іс-әрекет, тифлографика.
285. Объектілерді сипап-сезу арқылы зерттеуге қолдың дайындығы. Дағдыларға үйрету:
1) алақандар мен саусақтарды шиыршық тәрізді сылау тәсілімен қолды өзіндік уқалауды (массаж) орындау;
2) екі қолдың саусақтарымен бір мезгілде әртипті қимылдарды орындау;
3) әртүрлі бағыттарда қолдың білезігімен толқын тәрізді қимылдарды орындау.
286. Сипап-сезу арқылы зерттеу тәсілдері.
287. Сопақшамен, тік төртбұрышпен таныстыру.
288. Біліктерді жетілдіру:
1) сипап-сезу тәсілі арқылы геометриялық фигураларды (шеңбер, шаршы, үшбұрыш, сопақша, тік төртбұрыш) және көлемді денелерді (шар, куб, цилиндр) ажырату және атау;
2) кескіні бірнеше қарапайым формаларды қамтитын заттың бөлшектерінің пішінін анықтау;
3) заттардың сипап-сезу белгілері мен қасиеттерін қолмен сипау, ысқылау, ұрғылау, қысу, мыжғылау, қолмен өлшеу тәсілдерімен ажырату;
4) заттардың жазықтығының, температурасының, салмағының қарама-қарсы және аралық сипап-сезу сипаттамаларын дененің әртүрлі бөліктерімен ажырату;
5) заттардың жазықтығының, температурасының, салмағының сипап-сезу белгілері бойынша заттарды топтастыру.
289. Біліктерді үйрету:
1) алгоритм бойынша заттарды сипап-сезу арқылы зерттеуді орындау;
2) ені, қалыңдығы бойынша біртекті заттарды салыстыру;
3) ені, қалыңдығының артуы және азаюы ретімен үш заттан қатар құру.
290. Заттық-практикалық іс-әрекет. Біліктіліктерді үйрету:
1) берілген жағдайларға сәйкес жекеленген заттарды конструктордың бөлшектерінен жинау;
2) күрделі пішіндегі рельефті сурет салу үшін ермексаздан дайын бөлшектерді іріктеу, ермексазды рельефтің контуры аясында жағу;
3) геометриялық фигуралардан қарапайым өрнектерді фланелеграфта құрастыру;
4) магниттік тақтада таяқшалардан қарапайым өрнектерді құрастыру;
5) қырлары мен бұрыштарын қиылыстырумен қағазды ортасы және диагоналі бойынша бүктеу;
6) түйіндерді байлау және шешу;
7) ілгектердің алуан түрлерімен әрекет етуді орындау.
291. Тифлографика. Рельефті бейнені оқу. Оқу біліктерін жетілдіру:
1) әртүрлі жазықтықта әртүрлі тәсілдермен орындалған пішіні, ұзындығы, ені бойынша әртүрлі рельефті сызықтар;
2) сызықтардан орындалған суреттер;
3) әртүрлі көлемдегі және әртүрлі кеңістіктік қалыптағы геометриялық фигуралардың рельефті бейнелері (шеңбер, сопақша, үшбұрыш, шаршы, тік төртбұрыш);
4) геометриялық фигурасы бар заттардың суреттері;
5) бір жазықтықта 1 мм қашықтықта орналасқан екі, үш нүктелерден құрылған комбинациялар.
292. Рельефті-графикалық іс-әрекет. Біліктерді бекіту:
1) приборды жұмысқа дайындау;
2) трафарет, тіректі нүктелер бойынша әртүрлі сызықтарды жүргізу;
3) трафарет бойынша геометриялық фигуралардың контурын қаламмен қоршау және грифельмен тесу;
4) табиғи материалдан, таяқшалардан жайпақ заттардың контурын құру.
293. Біліктерді үйрету:
1) тіректі аппликацияны қолданып заттардың суретін аяқтау;
2) тіректі нүктелер бойынша бұрышты пішіндегі геометриялық фигуралардың суретін салу.
294. Күтілетін нәтижелер:
1) бірізді әрекеттер алгоритміне негізделген объектілерді сипап-сезу арқылы зерттеу дағдылары бар;
2) сипап-сезу арқылы заттардың жазықтығының пішінін, көлемін, сипаттамасын анықтайды;
3) жазықтықтың пішіні, көлемі, қасиеттері бойынша заттарды салыстыра, топтастыра алады;
4) іс-әрекеттің алуан түрлерінде сипап-сезу ақпаратын қолданады;
5) нұсқау бойынша жетекші және бақылаушы қолды ажырату арқылы рельефті суретті зерттейді;
6) рельефті сызықтарды оқиды, оларды пішіні, ұзындығы, ені, орындау тәсілі бойынша саралайды; сызықтардан күрделі емес суреттерді оқиды;
7) орындалу тәсілі, көлемі және әртүрлі кеңістіктік қалыптағы алуан түрлі геометриялық фигураларды оқиды;
8) табиғи материалдан, таяқшалардан жалпақ заттардың контурын құруды біледі;
9) әртүрлі сызықтардың суретін сала алады, трафарет, тіректі нүктелер бойынша геометриялық фигуралардың суретін сала біледі;
10) педагогтың көмегімен тіректі аппликация бойынша заттың суретін салып аяқтайды.
295. Кеңістікте бағдарлау қамтиды: дененің сызбасында бағдарлау, өзіне және затқа қатысты бағдарлау, заттық-кеңістіктік қатынастарды модельдеу, қозғалыс барысында бағдарлау, сақталған анализаторлардың көмегімен бағдарлау, Жабық және еркін кеңістікте бағдарлау, микрожазықтықта бағдарлау, кеңістіктің жоспары мен сызбаларының көмегімен бағдарлау.
296. Дененің сызбасында бағдарлау. Қарама-қарсы тұрған адамның денесінің жұптық-қарама-қарсы қырларын анықтау, оларды өз денесінің қырларымен салыстыру білігін қалыптастыру.
297. Өзіне және затқа қатысты бағдарлау:
1) позицияны алмастыруда өзіне қатысты кеңістіктің бағыттарында бағдарлау дағдыларын қалыптастыру;
2) заттар тобында әрбір заттың кеңістіктік орналасуын анықтау білігін дамыту;
3) кеңістіктің әртүрлі бағыттарында орналасқан, өзінен 2 затқа дейін қашықтықты (алыс-жақын) көрудің көмегімен анықтау білігін үйрету.
298. Заттық-кеңістіктік қатынастарды модельдеу. Орын алмастырушы заттардың көмегімен заттар арасындағы кеңістіктік қатынастар мен еркін кеңістіктің аумағын модельдеуге үйрету.
299. Қозғалыс барысында бағдарлау. Қозғалыстың бағытын сақтаумен және өзгертумен кез келген бастапқы бағдардан кеңістікте қозғалу дағдыларын дамыту.
300. Сақталған анализаторлардың көмегімен бағытталу:
1) қоршаған кеңістікте кездесетін иістердің түрлерімен таныстыру;
2) иісті оның шығу көзімен салыстыру білігін жетілдіру, кеңістікте иістің шығу көзінің бағытын жинақтау;
3) әртүрлі заттардың бетінің қасиеттерін алақанмен, қол саусақтарымен сипап-сезу арқылы ажырату, бөлмедегі еденнің төсемін немесе аумақтағы грунттың бетін жалаңаяқ және аяқ-киімнің табанымен ажырату білігіне арналған жаттығу;
4) дыбысталатын заттың қашықтығын бағалау білігін үйрету.
301. Жабық және еркін кеңістікте бағдарлау:
1) балабақшаның кеңістігі туралы жалпылама ұғымдарды қалыптастыру;
2) балабақшаның ғимаратында әртүрлі бастапқы нүктелерден бағдарлау дағдысын жетілдіру.
302. Микрожазықтықта бағдарлау:
1) кеңістіктік ұғымдарды бекіту: оң-сол, жоғары-төмен, бұрыш, ортасы, оң жақ-сол жақ, ортасы, жоғары-төмен, орталық;
2) басқа объектілерге қатысты микрожазықтықта объектінің кеңістіктік орналасуын анықтау білігін дамыту (астында, үстінде, алдында, артында, сол жағында, жоғарыда, төменде, оң жағында, арасында, жанында).
303. Кеңістіктің жоспары мен сызбаларының көмегімен бағдарлау. Біліктерді үйрету:
1) кеңістіктің сызбасы мен кеңістіктің жоспарындағы айырмашылықты ажырату;
2) микрокеңістіктің сызбасы жоспарын құрастыру;
3) жоспар бойынша бағдарланып, шынайы микрокеңістікте заттарды табу және орналастыру.
304. Күтілетін нәтижелер:
1) позицияларды алмастыруда өзіне қатысты кеңістіктің бағытында бағдарлау дағдылары бар;
2) заттар тобындағы заттың кеңістіктік орналасуын анықтай алады;
3) орын алмастырушы заттардың көмегімен еркін кеңістіктің аумағын модельдеу дағдылары бар;
4) кез келген бастапқы бағдардан кеңістікте қозғалу дағдылары бар;
5) сақталған анализаторлардың көмегімен қоршаған кеңістікте бағдар болып саналатын заттарды ажырата алады;
6) балабақшаның кеңістігі туралы жалпылама түсініктері бар;
7) басқа объектілерге қатысты микрокеңістікте объектінің кеңістіктегі орналасуын анықтай алады;
8) сызбаның кеңістіктің жоспарынан айырмашылығы туралы түсініктері бар.
3-параграф. 2 - жартыжылдық
305. Көру арқылы қабылдау қамтиды: көру-ізденістік іс-әрекеті, сенсорлы эталондар (пішін, көлем, түс), заттар және заттық бейнелер, сюжеттік бейнелер, кеңістікті қабылдау, көру-моторлы координациялар, адам өміріндегі көру.
306. Көру-ізденістік іс-әрекеті. Қабылдау мен тану өрісінде әртүрлі түстегі, пішіндегі, көлемдегі объектілерді табу дағдыларын дамыту.
307. Сенсорлы эталондар. Біліктерді жетілдіру:
1) контурдың жабылуы, толық емес бейнелеу күрделі жағдайларында жазық геометриялық фигуралардың контурлы бейнесін тану;
2) басқа көпшіліктен әртүрлі кеңістіктік қалыпта ұсынылған геометриялық фигуралар мен денелерді жинақтау;
3) пішіннің белгісі бойынша заттар мен олардың бейнесін топтастыру.
308. Балаларды үйрету:
1) күрделі геометриялық пішінді талдау, оның кескінінде қарапайым құрамдас бөліктерді ажырату білігін;
2) тұтас объектінің бөліктерінің көлемін салыстыру;
3) қозғалатын объектілердің көлемін салыстыру;
4) көлемі бойынша айырмашылықты бірте-бірте азайтумен көлемнің берілген параметрін азайту және арттырумен бес және одан көп заттардан қатар құру;
5) негізгі түстердің 5 реңкін және қоңыр, күлгін, қызғылт-сары, көгілдір, сұр түстердің 3 реңкін ажырату қабілетін;
6) негізгі түстердің қою реңктерін қою түстерден, ашық реңктерді ашық түстерден бөліп жинақтау білігін;
7) қоңыр, күлгін, қызғылт-сары, көгілдір, сұр түстердің реңктерін жинақтау білігін (3 түстен);
8) түстің қанықтығының азаюы немесе артуы ретімен түстер қатарын құру білігін (негізгі түстердің 5 градациясы және қоңыр, күлгін, қызғылт-сары, көгілдір, сұр түстердің 3 градациясы);
9) кемпірқосақтың түстерінің бірізділігін білу.
309. Заттар және заттық бейнелер. Дағдыларды жетілдіру:
1) жоспар-алгоритм бойынша қабылдау объектісін қарау және сипаттау;
2) берілген белгісі бойынша заттарды жалпылау және жіктеу.
310. Біліктерді үйрету:
1) күрделі жағдайларда затты тану (толық емес, "күңгірт" бейнелер);
2) тұтас бейнені бөліктерден құрастыру.
311. Сюжеттік бейнелер:
1) екі композициялық жоспары бар сюжеттік бейнені бірізді қабылдау, информативті белгілерді ажырату дағдыларын бекіту;
2) екі сюжеттік картинада бейнеленген оқиғалардың бірізділігін орнату білігін үйрету.
312. Кеңістікті қабылдау. Кеңістіктің тереңдігінің бейнелеуші белгілері туралы білімді бекіту.
313. Көру-моторлы координациялар. Үлгі және көру есі бойынша графикалық тапсырмаларды орындау білігін дамыту.
314. Адам өміріндегі көру. Оптикалық коррекция құралдары және оның балалардың көру мүмкіндіктерін арттырудағы рөлі туралы ұғымдарды дамыту.
315. Күтілетін нәтижелер:
1) объектілердің белгілерін талдау, біріктіру және жүйелеу үшін сенсорлы эталондарды қолданады;
2) түстің қанықтығының өзгеру ретіне қарай түстер қатарын құрай біледі;
3) басқа белгілердің вариативтілігі жағдайында берілген сенсорлы эталонды іздеуді жүзеге асырады;
4) қабылдау объектілерін қарауда жоспарды ұстанады;
5) күрделі жағдайларда затты таниды;
6) шынайы жағдайда және картинада кеңістіктің тереңдігінің және арақашықтығының белгілерін түсінеді;
7) есте сақтау бойынша графикалық бейнені қайта жаңғыртады;
8) оптикалық коррекция құралдары туралы түсініктері бар.
316. Сипап-сезу және ұсақ моторика қамтиды: объектілерді сипап-сезу арқылы зерттеуге қолдың дайындығы, сипап-сезу арқылы зерттеу тәсілдері, заттық-практикалық іс-әрекет, тифлографика.
317. Қолдың сипап-сезу арқылы объектілерді зерттеуге дайындығы. Біліктерді жетілдіру:
1) алуан түрлі тәсілдерді қолдану арқылы қолды өзіндік уқалауды (массаж) орындау;
2) қолдың білезіктерімен және саусақтарымен статикалық және динамикалық қимылдарды орындау;
3) бір статикалық позадан екіншісіне өтуді орындау.
318. Сипап-сезу арқылы зерттеу тәсілдері:
1) алгоритм бойынша сипап-сезу арқылы зерттеу тәсілдерін бекіту;
2) сипап-сезу тәсілі арқылы шеңбер, шаршы, үшбұрыш, сопақша, тік төртбұрыш геометриялық фигураларды және шар, куб, цилиндр көлемді денелерді ажырату, оларды дұрыс атау білігіне жаттығу;
3) көлемнің берілген параметрі бойынша пішіннің белгісі бойынша заттарды топтастыру білігін жетілдіру;
4) ұзындығы, биіктігі, ені, тығыздығы бойынша біртекті және әртекті заттарды салыстырудың сипап-сезу тәсілдерін бекіту;
5) тұтас заттың бөліктерінің көлемін салыстыру білігін дамыту;
6) жалпы ұзындығы, көлемі, биіктігі, ені, тығыздығының азаюы және артуы ретімен 4-5 заттан қатар құру білігін дамыту;
7) материалды ажырату білігін жаттықтыру (ағаш, шыны, пластмасса, металл, резеңке, қағаздың түрлері, маталар); әртүрлі материалдардан жасалған тұрмыстық заттардың бетін анықтау.
319. Заттық-практикалық іс-әрекет:
1) бөлшектерді қатарға, төртбұрыш, шеңбер бойымен, биіктігі, ұзындығы, ені бойынша орналастырумен құрылыс салуға жаттығу;
2) бірнеше бөліктерден құралатын заттарды илеу білігін жетілдіру;
3) ермексаздан жасалған бөлшек-дайын заттарды күрделі пішіндегі рельефті суретке жапсыру үшін іріктеу білігін дамыту, ермексазды рельефтің контуры аясында жағу білігін дамыту;
4) мозаикадан, таяқшалардан қарапайым өрнектерді құрастыруға арналған жаттығу;
5) қағазбен жұмыс жасау тәсілдерін бекіту (мыжғылау, тегістеу, бүктеу, жырту, қию);
6) бау жіптерді қиылыстырумен және тесіктердің санын арттырумен байлауға үйрету;
7) рельефті-нүктелі шрифтісі бар кітап беттерін басынан аяғына дейін және кері ретте парақтау білігін үйрету.
320. Тифлографика көрмейтін балаларды бедерлі суреттерді және олардың бейнесін тифлографикалық аспаптардың көмегімен оқуға үйретуді қамтиды.
321. Рельефті бейнені оқу:
1) геометриялық пішіні бар заттардың суреттерін оқу білігін жетілдіру;
2) нүктелер мен сызықтар негізінде орындалған өрнектерді оқуға үйрету;
3) екі-үш геометриялық фигуралардан (үйшік, шырша) алуан түрлі комбинацияларды қамтитын заттардың (аппликациялық, контурлы) бейнелерін оқуға үйрету;
4) рельефті бейнені және оның бөліктерін шынайы объектімен (модель) және оның бөліктерімен салыстыру білігін үйрету.
322. Рельефті-графикалық іс-әрекет. Біліктерді үйрету:
1) нүктелер мен сызықтардан қарапайым өрнектердің суретін салу;
2) алгоритм бойынша трафаретте гемоетриялық пішіндегі заттардың суретін салу.
323. Күтілетін нәтижелер:
1) қолдың білезіктері мен саусақтарының үйлестірілген қимылдар орындау дағдылары бар;
2) өзіндік іс-әрекет деңгейінде объектілерді сипап-сезу арқылы зерттеуді орындайды, әрекеттерін сөзбен түсіндіреді;
3) кеңістіктің пішіні, көлемі, құрылымының эталондарына сәйкес заттардың сипап-сезу белгілерін талдайды;
4) кеңістіктің пішіні, көлемі, сипаттамасының берілген белгілері бойынша салыстыру, топтастыру үдерісінде объектілердің тәуелділігін орната біледі;
5) жетекші және бақылаушы қолды айқындаумен, берілген нүктеден заттың контурын қабылдау дағдыларын меңгерген;
6) екі-үш геометриялық фигуралардан құралған комбинацияларды қамтитын заттардың бейнелерін таниды;
7) үлгі бойынша нүктелер мен сызықтардан өрнектің суретін сала алады;
8) алгоритмге сүйеніп, трафаретте жазық геометриялық пішіндегі заттардың суретін сала алады.
324. Кеңістікте бағдарлау қамтиды: дененің сызбасында бағдарлау, өзіне және затқа қатысты бағдарлау, заттық-кеңістіктік қатынастарды модельдеу, қозғалыс барысында бағдарлау, сақталған анализаторлардың көмегімен бағдарлау, Жабық және еркін кеңістікте бағдарлау, микрожазықтықта бағдарлау, кеңістіктің сызбасы мен жоспарларының көмегімен бағдарлау.
325. Дененің сызбасында бағдарлау. Өз денесінің кеңістіктік бағыттарын алдында және қарама-қарсы тұрған адамның бағыттарымен салыстыру біліктерін бекіту.
326. Өзіне және затқа қатысты бағдарлау:
1) позицияны алмастыруда өзі мен қоршаған заттар арасындағы кеңістіктік қатынастарды анықтау білігін бекіту;
2) заттардың орнын алмастыруда заттар тобындағы заттың кеңістіктегі орнын анықтау білігін дамыту;
3) микро және макрокеңістікте өзінен заттарға дейін арақашықтықтың азаюын және артуын көру арқылы анықтау білігін дамыту.
327. Заттық-кеңістіктік қатынастарды модельдеу. Орын алмастырушы заттардың көмегімен Жабық және еркін кеңістіктің аумағын модельдеу дағдыларын жетілдіру.
328. Қозғалыс барысында бағдарлау. Өзіндік қозғалыс, басқа адамдардың және алуан түрлі объектілердің қозғалысы барысында бағытты анықтау білігін дамыту.
329. Сақталған анализаторлардың көмегімен бағдарлау:
1) қоршаған еркін кеңістіктің дыбыстарын тану, олардың бағыттарын жинақтау, еркін кеңістікте дыбыс көзінің қашықтығын бағалау білігін дамыту;
2) балабақшаның бөлмелеріндегі дыбыстардың өзгешелігі туралы ұғымдарды қалыптастыру;
3) еденнің төсемі, сипаттамалық иістер мен дыбыстар бойынша бөлмелерді тану білігін үйрету.
330. Жабық және еркін кеңістікте бағдарлау:
1) балабақшаның аумағы туралы жалпылама ұғымдарды қалыптастыру;
2) балабақшаның аумағында әртүрлі бастапқы нүктелерден бағдарлау дағдыларын жетілдіру.
331. Микрожазықтықта бағдарлау. Есептеу нүктесін алмастыру жағдайында басқа объектілерге қатысты микрожазықтықта объектінің кеңістіктегі орнын анықтау білігін үйрету.
332. Кеңістіктің сызбасы мен жоспарларының көмегімен бағдарлау. Біліктіліктерді үйрету:
1) жабық кеңістіктің сызбасы мен жоспарын құрастыру;
2) жоспар бойынша бағдарланып, шынайы Жабық кеңістікте заттарды табу және орналастыру.
333. Күтілетін нәтижелер:
1) өз денесінің кеңістіктік бағыттарын алдында тұрған және қарама-қарсы тұрған адамның бағыттарымен салыстыра алады;
2) позицияларды алмастыруда өзі және қоршаған заттар арасындағы кеңістіктік қатынастарды анықтайды;
3) көрудің көмегімен өзінен заттарға дейін арақашықтықтың азаюы мен артуын анықтай алады;
4) орын алмастырушы заттардың көмегімен кеңістікті модельдеу дағдылары бар;
5) балабақшаның әртүрлі бөлмелеріндегі дыбыстардың, иістердің, еден төсемінің сипаттамасының өзгешелігі туралы түсініктері бар;
6) негізгі бөлмелерде және балабақшаның аумағында өз бетімен бағдарлау дағдылары бар;
7) есептеу нүктесін алмастыру жағдайында басқа объектілерге қатысты микрожазықтықта объектінің кеңістіктегі орнын анықтай алады;
8) кеңістіктің жоспары бойынша бағдарланып, Жабық кеңістіктің күрделі емес сызбалары мен жоспарларын құрастыра алады.
4-параграф. "Әлеумет" білім беру саласы
334. "Әлеумет" білім беру саласының базалық мазмұны әлеуметтік-тұрмыстық бағдар арнайы түзеу оқу қызметінде жүзеге асырылады.
335. Мақсаты - әртүрлі әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларда қоршаған адамдармен қарым-қатынас мен өзіндік мінез-құлықты ұйымдастырумен байланысты біліктер мен дағдыларды қалыптастыру.
336. Міндеттері:
1) адамның әлеуметтік-тұрмыстық іс-әрекетінің саласы туралы ұғымдарын дамыту;
2) тұрмыстық және әлеуметтік мінез-құлық ережелері мен нормалары саласында балалардың әлеуметтік бағдарларын қалыптастыру.
5-параграф. 1 - жартыжылдық
337. Әлеуметтік-тұрмыстық бағдар келесіні қамтиды: заттық әлем, өзі туралы ұғымдар, жеке гигиена, көшедегі мінез-құлық ережесі, қоғамдық-тұрмыстық мекемелер, ересектердің еңбегі, мінез-құлық және қарым-қатынас мәдениеті.
338. Заттық әлем. Біліктерді жетілдіру:
1) ұқсастығы мен айырмашылығының белгілері бойынша бір түрдегі заттарды салыстыру;
2) пішіні, түсі, материалы, қызметі бойынша заттарды топтастыру;
3) заттың қызметі мен құрылысы, дайындалған материалы арасындағы байланысты орнату.
339. Бала және қоршаған адамдар:
1) адамның жеке-дара сырт бейнесінің ерекшеліктері туралы ұғымдарды жетілдіру;
2) өз мінезінің, қызығушылықтарының белгілері туралы тұлғалық ұғымдарды қалыптастыру.
340. Жеке гигиена. Ұғымдарды дамыту:
1) көз гигиенасының ережелері туралы;
2) көзге пайдалы және зиянды әдеттер туралы.
341. Көшедегі мінез-құлық ережесі:
1) көру және сақталған анализаторларға сүйеніп, көлік құралдарын ажыратуға арналған жаттығу;
2) жолаушылар көлігінің (маршруттар, аялдамалар) қозғалыс тәртібі туралы ұғымдарды қалыптастыру;
3) дыбыстық сипаттамасы бойынша жолаушылар көлігінің аялдамасын, есіктердің ашылуы мен жабылуын ажырату білігін үйрету;
4) жолаушылар көлігінің аялдамасында мінез-құлық ережесін бекіту.
342. Қоғамдық-тұрмыстық мекемелер. Ұғымдарды қалыптастыру:
1) дәріхана, кинотеатр туралы;
2) дәріханада, кинотеатрдағы мінез-құлық ережесі туралы.
343. Ересектердің еңбегі. Автобус жүргізушісінің кәсібі, еңбек нәтижелерінің мазмұны мен маңызы туралы ұғымдарды қалыптастыру.
344. Мінез-құлық және қарым-қатынас мәдениеті. Кикілжіңді жағдайларды шешу тәсілдері туралы ұғымдарды қалыптастыру.
345. Қабылдауға және қайта жаңғыртуға үйрету:
1) бет қимылы: өкпе-реніш, кінә;
2) қол қимылы: кел, татуласайық, көрсетпеймін, бер;
3) пантомимикалық қимылдар: гүлдерді суарамын, шұңқыр қазамын, доп ойнаймын;
4) графикалық бейнелер бойынша эмоционалды күйлерді анықтау, эмоцияның графикалық және шынайы бейнелерін салыстыру біліктері.
346. Күтілетін нәтижелер:
1) бір түрдегі заттардың алуан түрлілігіне бағдарланады, оларды қызметі бойынша жіктейді;
2) өзінің және басқа балалардың сырт бейнесінің ерекшеліктерін салыстырады;
3) жолаушылар көлігінің аялдамасында, қоғамдық орындағы мінез-құлық ережелерін біледі;
4) автобус жүргізушісінің кәсібі, оның еңбегінің бағыттылығы мен мазмұны туралы түсініктері бар;
5) кикілжіңді жағдайларды шешу тәсілдерін біледі;
6) графикалық бейнелер бойынша эмоционалды күйлерді анықтай алады, оларды эмоцияның шынайы бейнелерімен арақатынаста белгілей алады.
6-параграф. 2 - жартыжылдық
347. Әлеуметтік-тұрмыстық бағдар келесіні қамтиды: заттық әлем, өзі туралы ұғымдар, жеке гигиена, көшедегі мінез-құлық ережесі, қоғамдық-тұрмыстық мекемелер, ересектердің еңбегі, мінез-құлық және қарым-қатынас мәдениеті.
348. Заттық әлем. Ұғымдарды қалыптастыру:
1) адамның еңбегін тұрмыста жеңілдететін заттар туралы;
2) адам үшін қауіпті тұрмыстық заттар, оларды қолдану ережесі туралы.
349. Бала және қоршаған адамдар:
1) өз отбасының құрамы, туыстық қатынастар, отбасылық міндеттерді бөлу туралы ұғымдарды дамыту;
2) адамның сырт бейнесінде жыныстық және жас ерекшеліктері, олардың мінез-құлық ерекшеліктерінің көрінуін ажырату білігін үйрету.
350. Жеке гигиена:
1) жеке гигиена мен ұқыптылық ережелерін бекіту;
2) жеке гигиена ережелерін орындауда өзіндік бақылау тәсілдерін үйрету.
351. Көшедегі мінез-құлық ережесі. Дыбыстық сипаттамасы бойынша жолаушылар көлігінің аялдамасын, есіктердің ашылуы мен жабылуын ажырату білігін жетілдіру.
352. Қоғамдық-тұрмыстық мекемелер. Ұғымдарды қалыптастыру:
1) кітапхана, пошта туралы (қызметі, құрылғысы, қызметкерлер);
2) кітапханада, поштадағы мінез-құлық ережесі туралы.
353. Ересектердің еңбегі:
1) ересектердің үй шаруашылығы іс-әрекеті туралы ұғымдарды қалыптастыру;
2) еңбек әрекеттерін имитациялауға жаттығу.
354. Мінез-құлық және қарым-қатынас мәдениеті:
1) әртүрлі өмірлік жағдайларда мінез-құлық және қарым-қатынас ережелері туралы ұғымдарды дамыту;
2) адамдардың эмоционалды күйлері (қызығушылық, ұялу) және оларды мимика, қол қимылы, позалар арқылы көрсету тәсілдерін туралы түсініктерді қалыптастыру;
3) жекеленген айрықша белгілері бойынша эмоцияны тану білігін үйрету;
4) мимикалық және пантомимикалық қимыл дағдысын дамыту.
355. Күтілетін нәтижелер:
1) тұрмыстық техника заттарының қызметін біледі;
2) жеке гигиена ережелерін орындауда өзіндік бақылау тәсілдерін біледі;
3) дыбыстық сипаттамасы бойынша жолаушылар көлігінің аялдамасын, есіктердің ашылуы мен жабылуын ажырата алады;
4) қоғамдық-тұрмыстық мекемелердің бірқатар түрлері туралы түсініктері бар, олардың қызметін біледі;
5) үй еңбегінің бірқатар түрлері мен мазмұнын біледі;
6) нақты жағдайда мінез-құлықтың дұрыс нұсқасын таңдауға қабілетті;
7) эмоцияның айырып-танушы белгілерін біледі;
8) мимикалық және пантомимикалық қимылдарды орындау дағдысын меңгерген.
6-тарау. Мектепалды даярлық сыныбы (6-7 жастағы балалар)
1-параграф. "Таным" білім беру саласы
356. "Таным" білім беру саласының базалық мазмұны арнайы түзеу оқу қызметінде жүзеге асырылады - көру арқылы қабылдау (көрмейтін балалармен - сипап-сезу және ұсақ моторика), кеңістікте бағдарлай білу.
357. Мақсаты: танымдық іс-әрекеттің сенсорлы, перцептивті, психикалық және моторлы компоненттерін дамыту бірлігін қамтамасыз ету; балалардың туындайтын танымдық қажеттіліктерді өз бетімен шешу үшін жағдай жасау.
2-тарау. Көру арқылы қабылдау
358. Мақсаты ретінде балалардың көру мүмкіндіктерін өмір сүру әрекетінде барынша пайдалануға мүмкіндік беретін біліктер мен дағдыларды қалыптастыру болып табылады.
359. Міндеттері:
1) көру әрекетінің бағдарлаушы-ізденістік, ақпараттық-танымдық, реттеуші және бақылаушы функцияларын дамыту;
2) көру ақпаратының негізінде қоршаған әлемнің объектілерімен зерттеу әрекетінің жүйесін дамыту;
3) танымдық және практикалық іс-әрекетте көру арқылы қабылдаудың меңгерген тәсілдерін қолдану білігін жетілдіру.
360. "Көру арқылы қабылдау" коррекциялық сабақтарының мазмұны бөлікшелерден тұратын оқыту бөлімдері бойынша ұйымдастырылған және күтілетін нәтижелер түріндегі коррекциялық оқытудың мақсаттарын қамтиды. Әрбір бөлікшенің ішінде бірізді ұйымдастырылған коррекциялық оқыту мақсаттары, педагогтарға өз жұмысын жоспарлауға, балалардың жетістіктерін бағалауға және коррекциялық әсер етудің тиімділігін бағалауға мүмкіндік береді.
361. Оқу бағдарламасының мазмұны келесі бөлімдерді қамтиды:
1) сенсорлы эталондар;
2) заттық ұғымдар;
3) сюжеттік бейнелер;
4) кеңістікті қабылдау;
5) көру-моторлы координацияар;
6) адам өміріндегі көру.
362. "Сенсорлы эталондар" бөлімі келесі бөлімшелерді қамтиды:
1) пішін;
2) көлем;
3) түс.
363. "Заттық ұғымдар" бөлімі келесі бөлімшелерді қамтиды:
1) заттар;
2) заттық бейнелер.
364. "Сюжеттік бейнелер" бөлімі келесі бөлімшелерді қамтиды:
1) сюжеттік картина;
2) сюжеттік картиналар сериясы.
365. "Кеңістікті қабылдау" бөлімі келесі бөлімшелерді қамтиды:
1) заттар арасындағы кеңістіктік қатынастар;
2) кеңістіктің тереңдігі.
366. "Көру-моторлы координациялар" бөлімі келесі бөлімшелерді қамтиды:
1) сызықтарды қадағалау;
2) графикалық іс-әрекет.
367. "Адам өміріндегі көру" бөлімі келесі бөлімшелерді қамтиды:
1) көруді сақтау;
2) коррекция құралдарын күту.
368. Оқыту мақсаттарының жүйесі. "Сенсорлы эталондар" бөлімі келесі күтілетін нәтижелерді қарастырады:
1) пішін: геометриялық фигуралар мен денелерді ажыратады және атайды, оларды көпшіліктен бөліп алады; белгілерді бұрмалау жағдайында геометриялық фигураларды таниды; күрделі геометриялық фигураларды талдай және қайта жаңғырта біледі;
2) көлем: көлемі бойынша заттарды салыстыру тәсілдерін біледі және қолдана алады; көлемі бойынша салыстыру, бөлу, жүйелеу барысында шағын және үлкен кеңістіктің объектілерінің тәуелділігін орната біледі;
3) түс: түстерді, олардың реңктерін біледі; қоршаған кеңістіктегі қозғалмайтын және қозғалатын заттардың түсін анықтайды; белгілі түстер бірізділігіндегі түстер қатарын жүйелей алады; негізгі түстерді араластыру арқылы құрамдас түстерді қалай алуды біледі; жұмсақ және суық түстер туралы түсініктері бар.
1-кесте
Бөлімше | Оқыту мақсаттары |
1.1 Пішін | 0.1.1.1 шеңбер, сопақша, шаршы, тік төртбұрыш, үшбұрыш геометриялық фигураларды және шар, куб, цилиндр көлемді денелерді ажырату және атау |
0.1.1.2 күрделенген жағдайларда геометриялық фигуралардың силуэттік және контурлы бейнелерін тану (контурдың жабылуы, толық емес, "күңгірт" бейне) | |
0.1.1.3 көпшіліктен әртүрлі кеңістіктік қалыптағы әртүрлі түстегі, көлемдегі геометриялық фигуралар мен денелерді оқшаулау | |
0.1.1.4 заттар мен олардың бөліктерінің пішінін талдау | |
0.1.1.4 күрделі геометриялық пішінді талдау, қарапайым пішіндерден күрделі пішінді құрастыру | |
0.1.1.5 екі қасиеті бойынша геометриялық фигураларды және денелерді топтастыру | |
1.2 Көлем | 0.1.2.1 әртүрлі тәсілдермен ұзындығы, биіктігі, ені, тығыздығы бойынша заттарды салыстыру |
0.1.2.2 заттарға дейін арақашықтықты бірте-бірте арттырумен, көлемнің берілген параметрі бойынша үлкен кеңістіктің біртекті және әртекті объектілерін салыстыру | |
0.1.2.3 қозғалатын объектілердің көлемін салыстыру | |
0.1.2.4 көпшілік бірдей және әртүрлі орналасқан заттардың көлемінің берілген параметрі бойынша заттарды оқшаулау | |
0.1.2.5 заттардың көлемінің артуы және азаюы ретімен қатар құру | |
1.3 Түс | 0.1.3.1 спектрдің түстерін ажырату және атау, қоңыр, сұр, қара, ақ түстерді, түстер реңкін ажырату және атау |
0.1.3.2 қашықтықта орналасқан заттардың түсін ажырату | |
0.1.3.3 қозғалатын объектілердің түсін ажырату | |
0.1.3.4 бірнеше реңктерден түстер реңкін оқшаулау | |
0.1.3.5 кемпірқосақтың түстерінің бірізділігін білу | |
0.1.3.6 бір тондағы түстің артушы және азаюшы қанықтығы, үлгі, нұсқау бойынша түстер қатарын құру | |
0.1.3.7 негізгі түстерді араластыру жолымен құрамдас түстерді алу | |
0.1.3.8 спектрдің жұмсақ және суық түстерін білу |
369. "Заттық ұғымдар" бөлімі келесі күтілетін нәтижелерді қарастырады:
1) заттар: заттарды зерттеуде жоспар-алгоритмді өз бетімен ұстанады; заттарды сипаттайды және оларды сипаттамасы бойынша табады; заттарды салыстыру, жалпылау, жіктеу дағдыларын меңгерген, жалпылаушы ұғымдарды қолданады;
2) заттық бейнелер: бейнелерді қарауда жоспар-алгоритмді өз бетімен ұстанады; күрделі жағдайларда және әртүрлі ракурста затты таниды, тану белгілерін айқындайды; күрделі кескіндегі заттың бейнесін талдайды, тұтасты заттық бейненің бөліктерінен құрастырады; затты және оның бейнесін салыстырады, ұқсастық және айырмашылық белгілерін ажыратады.
2-кесте
Бөлімше | Оқыту мақсаттары |
2.1 Заттар | 0.2.1.1 жоспар-алгоритм бойынша затты (модель) зерттеу және сипаттау |
0.2.1.2 қозғалыс тәртібінде және әртүрлі қашықтықта заттарды тану | |
0.2.1.3 ұқсастық және айырмашылық белгілері бойынша заттарды салыстыру | |
0.2.1.4 берілген белгі бойынша заттарды жалпылау және жіктеу | |
2.2 Заттық бейнелер | 0.2.2.1 жоспар-алгоритм бойынша заттың бейнесін қарау және сипаттау |
0.2.2.2 күрделенген жағдайда контурдың жабылуы, толық емес, "күңгірт", сызбалы бейне сияқты затты әртүрлі ракурста тану | |
0.2.2.3 затты оның бөліктері бойынша тану, заттық бейненің бөліктерінен тұтасты құрастыру | |
0.2.2.4 заттардың шынайы, силуэттік және контурлы бейнелерін салыстыру | |
0.2.2.5 ұқсастық және айырмашылық белгілері бойынша шынайы заттардың және олардың бейнелерін салыстыру |
370. "Сюжеттік бейнелер" бөлімі келесі күтілетін нәтижелерді қарастырады:
1) сюжеттік картина: жоспарды өз бетімен ұстанып, картинаны қарайды; информативті белгілерді ажырату және ұғыну негізінде себепті-салдарлы өзара байланыстарды құрады;
2) сюжеттік картиналар сериясы: сюжеттік картиналар сериясында оқиғалардың бірізділігін орнатады, өзіндік пайымдауын негіздейді.
3-кесте
Бөлімше | Оқыту мақсаттары |
3.1 Сюжеттік картина | 0.3.1.1 сюжеттік картинаны жоспар-алгоритм бойынша екі, үш композициялық жоспармен қарастыру |
0.3.1.2 сюжетті ашатын информативті белгілерді ажырату және түсіну | |
0.3.1.3 себепті-салдарлы өзара байланыстарды орнату | |
0.3.1.4 бір уақытты және әрекет орнын бейнелейтін, алайда оқиғаның сипатымен айрықшаланатын картиналардың айырмашылығын табу; әртүрлі уақыт бөліктеріндегі бір оқиғалар бейнеленген картиналардың айырмашылығын табу | |
3.2 Сюжеттік картиналар сериясы | 0.3.2.1 сюжеттік картина сериясындағы оқиғалардың бірізділігін орнату |
371. "Кеңістікті қабылдау" бөлімі келесі күтілетін нәтижелерді қарастырады:
1) кеңістіктік қатынастар: заттар арасындағы кеңістіктік қатынастарды сөйлеуде анықтайды және көрсетеді;
2) кеңістіктің тереңдігі: кеңістіктің тереңдігінің белгілерін түсінеді; шынайы кеңістікте және суреттегі заттардың арақашықтығын анықтайды.
4-кесте
Бөлімше | Оқыту мақсаттары |
4.1 Заттар арасындағы кеңістіктік қатынастар | 0.4.1.1 микро және макро кеңістіктегі заттар арасындағы кеңістіктік қатынастарды анықтау |
0.4.1.2 екі топтағы заттардың кеңістіктік орналасуын салыстыру | |
4.2 Кеңістіктің тереңдігі | 0.4.2.1 микро және макро кеңістіктің бір және әртүрлі бағыттарында орналасқан өзінен заттарға дейінгі арақашықтықты (алыс-жақын) саралау |
0.4.2.2 үшінші объектіге қатысты екі объектінің қашықтығын анықтау | |
0.4.2.3 кеңістік тереңдігінің бейнелеуші белгілерін түсіну | |
0.4.2.4 фланелеграфта кеңістіктің тереңдігін бейнелеуші құралдармен көрсету |
372. "Көру-моторлы координациялар" бөлімі келесі күтілетін нәтижелерді қарастырады:
1) сызықтарды қадағалау: көру өрісінде көру стимулын ұстап тұрады; қолымен және көздерімен сызықтарды қадағалау дағдыларын меңгерген;
2) графикалық тапсырмалар: жұмыс аумағын талдайды, графикалық элементтерді бөліп көрсетеді; үлгі және нұсқау бойынша графикалық тапсырманы орындайды.
5-кесте
Бөлімше | Оқыту мақсаттары |
5.1 Сызықтарды қадағалау | 0.5.1.1 көру бақылауымен әртүрлі бағыттағы әртүрлі сызықтарды көрсеткіш таяқшамен қадағалау |
0.5.1.2 көру бақылауымен сызықтар жүйесін көрсеткіш таяқшамен қадағалау | |
0.5.1.3 фоннан заттардың контурын бөліп көрсету және оны көру бақылауымен таяқшамен қадағалау | |
5.2 Графикалық іс-әрекет | 0.5.2.1 берілген бастаудан берілген соңына дейін, шекаралар арасында әртүрлі бағыттағы әртүрлі сызықтарды жүргізу |
0.5.2.2 графикалық бейненің көшірмесін жасау | |
0.5.2.3 қарапайым графикалық диктанттарды орындау | |
0.5.2.4 графикалық суретте заңдылықты табу және оны аналогия бойынша жалғастыру |
373. "Адам өміріндегі көру" бөлімі келесі күтілетін нәтижелерді қарастырады:
1) көруді қорғау: көруді қорғау және көру гигиенасының негізгі ережелерін біледі; көрудің шаршауын төмендетуге арналған жаттығуларды орындай біледі;
2) коррекция құралдарын күтім жасау: көзілдірікті күтуге қойылатын гигиеналық талаптарды біледі және орындайды.
6-кесте
Бөлімше | Оқыту мақсаттары |
6.1 Көруді қорғау | 0.6.1.1 адам өміріндегі көрудің рөлін түсіну |
0.6.1.2 өзіндік көру мүмкіндіктері мен қарсы көрсетілімдерді білу | |
0.6.1.3 көз гигиенасының ережесін білу | |
0.6.1.4 оптикалық коррекция құралдарын білу, олардың көру мүмкіндіктерін арттырудағы рөлін түсіну | |
0.6.1.5 көздің шаршау белгілерін және оның алдын алу құралдарын білу, көру шаршауын төмендету бойынша жаттығу орындау | |
6.2 Коррекция құралдарына күтім жасау | 0.6.2.1 көзілдірікті күту ережесін білу |
3-параграф. Сипап-сезу және ұсақ моторика
374. Мақсаты - тактильді-қозғалыс қабылдау негізінде қоршаған әлемнің объектілері және олармен әрекет етудің компенсаторлық тәсілдері туралы ұғымдарды қалыптастыру.
375. Міндеттері:
1) мақсатты бағытталған сипап-сезу арқылы қабылдау дағдыларын қалыптастыру;
2) заттарды тану және олармен әрекет ету барысында талдау, біріктіру, жалпылау, салыстыру, жіктеудің ойлау операцияларын дамыту;
3) практикалық іс-әрекетте сипап-сезу арқылы қабылдау білімдері, біліктері мен дағдыларымен әрекет ету білігін үйрету.
376. "Сипап-сезу және ұсақ моторика" коррекциялық сабақтарының мазмұны бөлікшелерден тұратын оқыту бөлімдері бойынша ұйымдастырылған және күтілетін нәтижелер түріндегі коррекциялық оқытудың мақсаттарын қамтиды. Әрбір бөлікшенің ішінде бірізді ұйымдастырылған коррекциялық оқыту мақсаттары, педагогтарға өз жұмысын жоспарлауға, балалардың жетістіктерін бағалауға және коррекциялық әсер етудің тиімділігін бағалауға мүмкіндік береді.
377. Оқу бағдарламасының мазмұны келесі бөлімдерді қамтиды:
1) объектілерді сипап-сезу арқылы зерттеуге қолдың дайындығы;
2) сипап-сезу арқылы зерттеу тәсілдері;
3) заттық-практкалық іс-әрекет;
4) тифлографика.
378. "Объектілерді сипап-сезу арқылы зерттеуге қолдың дайындығы" бөлімі келесі бөлімшелерді қамтиды:
1) қолды сылау тәсілдері;
2) бұлшық ет тонусын қалыпқа келтіру;
3) қолдың білезіктерінің қозғалысы;
4) затты ұстап тұру тәсілдері;
5) қолдың саусақтары мен білезіктерінің статистикалық координациясы;
6) қолдың саусақтарының қозғалысының динамикалық координациясы;
7) қолдың қимылдарының алмасып қосылуы.
379. "Сипап-сезу арқылы зерттеу тәсілдері" бөлімі келесі бөлімшелерді қамтиды:
1) заттарды зерттеу тәсілдері;
2) пішіннің сенсорлы эталондары;
3) көлемнің сенсорлы эталондары;
4) заттардың сипап-сезуші белгілері мен қасиеттері.
380. "Заттық-практикалық іс-әрекет" бөлімі келесі бөлімшелерді қамтиды:
1) құрастыру;
2) илеу;
3) аппликациялық илеу;
4) аппликация;
5) мозаикамен жұмыс;
6) таяқшалармен жұмыс;
7) ілгектермен жұмыс;
8) жіптермен, бау жіптермен жұмыс;
9) қағазбен жұмыс;
10) кітаппен жұмыс.
381. "Тифлографика" бөлімі келесі бөлімшелерді қамтиды:
1) рельефті бейнелерді оқу;
2) рельефті-графикалық іс-әрекет.
382. Оқыту мақсаттарының жүйесі.
383. "Объектілерді сипап-сезу арқылы зерттеуге қолдың дайындығы" бөлімі келесі күтілетін нәтижелерді қарастырады:
1) қолды сылау тәсілдері: доптар, валиктерді, алуан түрлі тәсілдерді қолданып, қолдың саусақтары мен білезіктерімен уқалауды орындайды;
2) бұлшық ет тонусын қалпына келтіру: серпімді заттарды қолмен қысуда босаңсу мен қысымды кезектестіре біледі;
3) қол білезіктерінің қимылдары: үлгі мен нұсқау бойынша заттармен имитациялық қимылдарды әртүрлі бағытта қолдың білезіктерімен орындайды;
4) затты ұстап алу тәсілдері: әртүрлі пішіндегі және көлемдегі заттармен әрекет ету барысында алақанмен және саусақпен ұстап алудың ұтымды тәсілдерін қолданады;
5) қолдың саусақтары мен білезіктерінің қимылдарын статикалық үйлестіру: статистикалық сынақтан өтеді, қолдың саусақтарының тіркесуі мен қиылысуының алуан түрлерін орындайды, қолдың саусақтары мен білезіктерінен фигураларды құрастырады;
6) қолдың саусақтары мен білезіктерінің қимылдарын динамикалық үйлестіру: оң және сол қолдың саусақтарының бір мезгілде олардың функцияларын шектеумен үйлестірілген қимылдарды орындау дағдылары бар;
7) қолдың қимылдарының алмасып қосылуы: бір статикалық позадан басқа позаға отуді орындайды.
7-кесте
Бөлімше | Оқыту мақсаттары |
1.1 Қолды сылау тәсілдері |
0.1.1.1 сипалау, илеу, сылау, ұрғылау, соққылау, шымшылау тәсілдерімен қолды уқалауды орындау |
1.2 Бұлшық ет тонусын қалыпқа келтіру | 0.1.2.1 босаңсу мен қысымды кезектестіріп, серпімді материалдардан жасалған заттармен (екі қолмен басып-жаншу, бір қолмен қысу) жаттығу орындау |
1.3 Қолдың білезіктерімен қимыл-қозғалыстар | 0.1.3.1 әртүрлі бағытта қол білезіктерімен қимылдар орындау (тік, көлденең, айналмалы, толқын тәрізді, бағытты өзгертетін қимылдар) |
0.1.3.2 қол білезіктерімен заттармен имитациялық қимылдарды орындау | |
1.4 Затты ұстап алу тәсілдері | 0.1.4.1 әртүрлі пішіндегі және көлемдегі заттармен әрекет ету барысында алақандық, саусақты ұстап алудың алуан түрлерінің жиынтығын қолдану |
1.5 Қолдың саусақтары мен білезігінің қимылдарын статистикалық үйлестіру | 0.1.5.1 қол саусақтарының тіркесуі мен қиылысуының алуан түрлерін орындау |
0.1.5.2 жануарларды, құстарды, жиһаз заттарын бейнелейтін пішіндерді қолдың саусақтары мен білезіктерінен құрастыру | |
1.6 Қолдың саусақтарының қимылдарын динамикалық үйлестіру |
0.1.6.1 сығуға, созуға, босаңсытуға арналған қолдың саусақтары мен білезіктерімен қимылдар орындау |
1.7 Қолдың қимылдарының алмасып қосылуы | 0.1.7.1 бір статикалық позадан басқа позаға өтуді орындау |
384. "Сипап-сезу арқылы зерттеу тәсілдері" бөлімі келесі күтілетін нәтижелерді қарастырады:
1) заттарды зерттеу тәсілдері: заттарды сипап-сезу арқылы зерттеу алгоритмін меңгерген, үлкен объектілерді жанама зерттеу тәсілдерін біледі; қабылданатын объектінің ерекшеліктеріне қарай зерттеу тәсілдерін таңдай алады;
2) пішіннің сенсорлы эталондары: көлемді, жазық геометриялық пішіндерді сипап-сезу тәсілімен ажыратады және атайды, ұқсас пішіндерді саралайды; шынайы заттардың негізгі пішінін және бөлшектерінің пішінін анықтайды; пішіннің белгісі бойынша заттарды біріктіреді;
3) көлемнің сенсорлы эталондары: ұзындығы, биіктігі, ені, тығыздығы бойынша заттарды салыстырудың сипап-сезу тәсілдерін біледі және қолданады; көлемнің берілген параметрі бойынша заттарды біріктіреді; көлемнің берілген параметрінің азаюы және артуы ретімен заттарды қатарға жүйелейді;
4) заттардың сипап-сезуші белгілері мен қасиеттері: заттардың сипап-сезуші қасиеттерін ажырату тәсілдерін біледі және қолданады; заттардың жазықтығының, температурасының, икемділігінің, салмағының сипап-сезуші сипаттамаларын ажыратады; берілген сипап-сезу белгісі бойынша салыстыру, топтастыру, арақатынасын белгілеу барысында заттар арасындағы қатынастарды орнатады.
8-кесте
Бөлімше | Оқыту мақсаттары |
2.1 Заттарды зерттеу тәсілдері | 0.2.1.1 заттарды сипап-сезу арқылы зерттеуді үш кезеңде орындау: бағдарлы, аналитикалық, синтетикалық. |
0.2.1.2 қабылданатын объектінің ерекшеліктеріне қарай зерттеу тәсілдерін таңдай білу | |
0.2.1.3 үлкен заттарды жанама зерттеу тәсілдерін білу | |
2.2 Пішіннің сенсорлы эталондары | 0.2.2.1 пішінді ажыратудың сипап-сезу тәсілдерін білу |
0.2.2.2 көлемді (шар, куб, цилиндр, конус) және жазық (шеңбер, сопақша, үшбұрыш, шаршы, тік төртбұрыш) геометриялық фигураларды ажырату және атау | |
0.2.2.3 ұқсас пішіндерді саралау | |
0.2.2.4 пішіннің белгісі бойынша заттарды топтастыру | |
0.2.2.5 шынайы заттардың негізгі пішінін және бөлшектердің пішінін ажыратып көрсету | |
2.3 Көлемнің сенсорлы эталондары | 0.2.3.1 ұзындығы, биіктігі, ені, тығыздығы бойынша заттарды салыстырудың сипап-сезу тәсілдерін білу (басу, қосу, шартты шараларды қолдану) |
0.2.3.2 заттардың көлемін және тұтас заттың бөлшектерін салыстыру | |
0.2.3.3 көлемнің берілген параметрі бойынша заттарды топтастыру | |
0.2.3.4 көлемнің берілген параметрінің азаюы және артуы ретімен заттарды орналастыру | |
2.4 Заттарды сипап-сезу белгілері мен қасиеттері | 0.2.4.1 заттардың жазықтығының, температурасының, икемділігінің, салмағының құрылымын сипап-сезу арқылы зерттеу тәсілдерін білу |
0.2.4.2 заттардың жазықтығының, температурасының, икемділігінің, салмағының сипап-сезуші сипаттамаларын ажырату | |
0.2.4.3 материалдарды ажырату (ағаш, тері, шыны, пластмасса, металл, резеңке, қағаздың алуан түрлері) | |
0.2.4.4 сипап-сезуші белгілері бойынша заттарды салыстыру | |
0.2.4.5 бір немесе бірнеше сипап-сезуші белгілерді ескеріп, заттарды топтарға біріктіру |
385. "Заттық-практикалық іс-әрекет" бөлімі келесі күтілетін нәтижелерді қарастырады:
1) құрастыру: конструктордың бөлшектерін бекітудің алуан түрлі тәсілдерін қолданып, заттарды құрастыра біледі; берілген шарттарға сәйкес конструктивті тапсырманы орындау үшін шешім табады;
2) илеу: әртүрлі тәсілдер мен әдістерді қолдану арқылы заттарды илей алады;
3) аппликациялық илеу: рельефті суреттің бөліктерінің пішініне сәйкес бөлшектерді илеу дағдыларын меңгерген, рельефтің дайын бөлшектерін толтыра біледі;
4) аппликация: үлгі және көрсету бойынша бірнеше бөліктерден заттардың аппликациясын құрастыра біледі;
5) мозаикамен жұмыс: үлгі бойынша қарапайым өрнектер мен заттарды сала алады;
6) таяқшалармен жұмыс: таяқшалардан геометриялық фигуралардың, заттардың контурларын, қарапайым өрнектерді құрастыра алады;
7) ілгектермен жұмыс: ілгектің түрлерін біледі, ілгектердің алуан түрлерімен әрекет ету дағдыларын меңгерген;
8) жіптермен, баулармен жұмыс: жіптерден байлау, тоқу дағдыларын меңгерген;
9) қағазбен жұмыс: қағаздың бірқатар түрлері мен қасиеттерін біледі; қағазбен жұмыс істеудің тәсілдерін біледі, оларды бұйымдарды жасауда қолданады;
10) кітаппен жұмыс: рельефті-нүктелі шрифті бар кітаптың беттерін қайта парақтау дағдылары бар, беттегі мәтіннің басы мен соңын табады.
9-кесте
Бөлімше | Оқыту мақсаттары |
3.1 Құрастыру | 0.3.1.1 конструктордың бөлшектерін бекіту тәсілдерін білу |
0.3.1.2 бөлшектерді бекіту тәсілдерін қолданып, жекеленген заттарды құрастыру және бөлшектеуді орындау | |
0.3.1.3 объектілердің кеңістіктік сипаттамаларын ескеріп құрылыс жасау (биіктігі, ені, ұзындығы) | |
3.2 Илеу | 0.3.2.1 әртүрлі тәсілдерді қолданып, пластикалық, конструктивті және құрамдастырылған әдістермен заттарды илеу |
3.3 Аппликациялық илеу | 0.3.3.1 белгілі пішіндегі дайын бөлшектерді илеу, оларды рельефті суреттің сәйкес бөліктеріне жапсыру, олармен рельефті толтыру |
3.4 Аппликация | 0.3.4.1 геометриялық фигуралардың негізінде бірнеше бөліктерден заттардың аппликациясын құрастыру |
3.5 Мозаикамен жұмыс | 0.3.5.1 үлгі бойынша өрнектерді, жекеленген заттарды салу |
3.6 Таяқшалармен жұмыс | 0.3.6.1 таяқшалардан геометриялық фигураларды, заттарды, өрнектерді құрастыру |
3.7 Ілгектермен жұмыс | 0.3.7.1 ілгектердің түрлерін білу (түймелер, батырмалар, ілгектер, тоғалар, сыдырмалар, жапсырмалар) |
0.3.7.2 ілгектердің алуан түрлерімен тиектеу және ағыту әрекеттерін орындау | |
3.8 Жіптермен, баулармен жұмыс | 0.3.8.1 заттарды бауларға тізбелеу |
0.3.8.2 түйіндерді байлау және шешу | |
0.3.8.3 өрімдердің, байламдардың алуан түрлерін орындау | |
3.9 Қағазбен жұмыс | 0.3.9.1 қағаздың алуан түрлерін және қасиеттерін білу |
0.3.9.2 әртүрлі бағыттар бойынша парақ қағазын бүктеу, бүктеу сызығы, заттардың рельефті суреттерінің контуры бойынша қағазды үзу | |
0.3.9.3 қолдан жасалған бұйымның элементтерін саңылауларға салумен бүктелген сызықты бүктеу және тегістеу тәсілімен қарапайым бұйымдарды жасау | |
3.10 Кітаппен жұмыс | 0.3.10.1 басынан соңына дейін және кері ретте рельефті-нүктелі шрифтісі бар кітаптың беттерін қайта парақтау |
0.3.10.2 парақ бетінде мәтіннің басы мен соңын табу |
386. "Тифлографика" бөлімі келесі күтілетін нәтижелерді қарастырады:
1) рельефті бейнелерді оқу: рельефті сурет туралы түсініктері бар, рельефті бейнелеудің тәсілдері мен суреттің түрлерін біледі; рельефті суретті сипап-сезу арқылы зерттеу алгоритмін меңгерген; диаметрі бойынша әртүрлі және әртүрлі құрамдағы рельефті нүктелерді ажыратады; сызықтар және олардың қасиеттері туралы түсініктері бар; сызықтар негізінде олардың алуан түрлерін және күрделі емес суреттерді оқиды; форма мен контурдың өзара байланысын түсінеді; геометриялық фигуралардың бейнелерін таниды, олардың орындалу әдісін анықтайды; геометриялық пішіні бар және бірнеше геометриялық фигуралардан тұратын заттардың рельефті бейнелерін таниды; рельефті бейнені шынайы объектімен салыстырады; бірнеше бейнелерден тұратын бейнені таниды;
2) рельефті-графикалық іс-әрекет: приборды жұмысқа дайындау дағдылары бар; аспаптармен жұмыс жасау тәсілдерін біледі, грифель мен қаламды дұрыс ұстауды біледі; контурды құру дағдысы бар; жақтауларды нүктелермен түйрей біледі, әртүрлі сызықтардың суретін сала алады; трафаретті қолданып және тіректі нүктелер бойынша геометриялық фигуралардың суретін алгоритм бойынша салады; трафареттің көмегімен тіректі аппликация бойынша жолақта геометриялық фигуралардын өрнектердің суретін сала алады; трафаретті қолданып, тіректі аппликация бойынша күрделі пішіндегі заттардың суретін аяқтап салады.
10-кесте
Бөлімше | Оқыту мақсаттары |
4.1 Рельефті бейнелерді оқу | 0.4.1.1 рельефті сурет туралы ұғымдардың болуы |
0.4.1.2 рельефті суреттердің түрлерін білу (контурлы, аппликациялық, барельефті) | |
0.4.1.3 рельефті бейнелерді оқу тәсілдерін білу | |
0.4.1.4 рельефті бейнелеу тәсілдерін білу (нүктелермен, тұтас сызықтармен, пунктирмен) | |
0.4.1.5 әртүрлі диаметрдегі нүктелерді оқу; 1 мм қашықтықта бөлек орналасқан алты нүктеден тұратын алуан түрлі жиынтықтарды оқу | |
0.4.1.6 пішіні, бағыты, ұзындығы, ені бойынша рельефті сызықтарды жіктеу, оларды әртүрлі жазықтықта оқу | |
0.4.1.7 әртүрлі көлемдегі және әртүрлі кеңістіктік жағдайдағы геометриялық фигуралардың рельефті бейнелерін оқу | |
0.4.1.8 әртүрлі сызықтардан құралған суреттерді оқу | |
0.4.1.9 геометриялық фигуралар негізінде орындалған жолақта өрнектерді оқу | |
0.4.1.10 қарапайым пішіндегі және геометриялық фигуралардың жиынтығын қамтитын заттардың суреттерін оқу | |
0.4.1.11 заттың және оның бөліктерінің рельефті бейнесін шынайы затпен (модель) және оның бөліктерімен салыстыру | |
0.4.1.12 көпшілік бейнелерден заттың бейнесін тану | |
4.2 Рельефті-графикалық іс-әрекет | 0.4.2.1 рельефті сурет салу үшін приборды жұмысқа дайындау |
0.4.2.2 аспаптармен жұмыс жасау тәсілдерін білу | |
0.4.2.3 контурды құру тәсілдерін білу | |
0.4.2.4 қағаздағы жақтауды нүктелермен түйреу | |
0.4.2.5 трафарет, тіректі нүктелер бойынша, өз бетімен әртүрлі сызықтарды жүргізу | |
0.4.2.6 трафарет бойымен қоршау, жетіспейтін бөлшектерді бітіру бойынша әртүрлі сызықтардын қарапайым суреттерді орындау | |
0.4.2.7 трафарет, тіректі нүктелер бойынша геометриялық фигуралардың суретін салу | |
0.4.2.8 трафаретті қолданып геометриялық фигуралардан жолақта өрнектің суретін салу | |
0.4.2.9 алгоритм бойынша трафаретте қарапайым геометриялық пішіндегі заттардың суретін салу | |
0.4.2.10 тіректі аппликация бойынша күрделі пішіндегі заттардың суретін аяқтау |
4-параграф. Кеңістікте бағдарлау
387. Мақсаты - балаларға кеңістікте еркін және өз бетімен бағдарлауға мүмкіндік беретін дағдыларды қалыптастыру.
388. Міндеттері:
1) кеңістікті меңгеруде бұзылған көруді және сақталған анализаторларды кешенді пайдалануға үйрету;
2) практикалық іс-әрекетте кеңістіктік бағдарлау білімдерімен, біліктері және дағдыларымен әрекет ету білігін үйрету.
389. "Кеңістікте бағдарлау" коррекциялық сабақтарының мазмұны бөлікшелерден тұратын оқыту бөлімдері бойынша ұйымдастырылған және күтілетін нәтижелер түріндегі коррекциялық оқытудың мақсаттарын қамтиды. Әрбір бөлікшенің ішінде бірізді ұйымдастырылған коррекциялық оқыту мақсаттары, педагогтарға өз жұмысын жоспарлауға, балалардың жетістіктерін бағалауға және коррекциялық әсер етудің тиімділігін бағалауға мүмкіндік береді.
390. Оқу бағдарламасының мазмұны келесі бөлімдерді қамтиды:
1) дененің сызбасында бағдарлау;
2) өзіне және затқа қатысты бағдарлау;
3) қозғалыс барысында бағдарлау;
4) сақталған анализаторлардың көмегімен бағдарлау;
5) жабық және еркін кеңістікте бағдарлау;
6) микрожазықтықта бағдарлау;
7) кеңістіктік қатынастарды модельдеу;
8) кеңістіктің сызбасы мен жоспары бойынша бағдарлау.
391. "Дененің сызбасында бағдарлау" бөлімі келесі бөлімшелерді қамтиды:
1) өз денесінің қырлары;
2) алдында және қарама-қарсы тұрған адамның денесінің қырлары.
392. "Өзіне және затқа қатысты бағдарлау" бөлімі келесі бөлімшелерді қамтиды:
1) өзіне қатысты кеңістіктің бағыттары;
2) өзі және заттар арасындағы кеңістіктік қатынастар;
3) заттар арасындағы кеңістіктік қатынастар.
393. "Қозғалыс барысында бағдарлау" бөлімі келесі бөлімшелерді қамтиды:
1) берілген бағытта қозғалу;
2) бағдарларды қолданып қозғалу.
394. "Сақталған анализаторлардың көмегімен бағдарлау" бөлімі келесі бөлімшелерді қамтиды:
1) көрудің көмегімен бағдарлау;
2) сипап-сезудің көмегімен бағдарлау;
3) естудің көмегімен бағдарлау;
4) иіс сезудің көмегімен бағдарлау;
5) температуралық сезімталдықтың көмегімен бағдарлау;
6) барлық сенсорлы саланың көмегімен бағдарлау
395. "Жабық және еркін кеңістікте бағдарлау" бөлімі келесі бөлімшелерді қамтиды:
1) жабық кеңістікте бағдарлау;
2) еркін кеңістікте бағдарлау.
396. "Микрожазықтықта бағдарлау" бөлімі келесі бөлімшелерді қамтиды:
1) микрожазықтықтың бағыттары;
2) микрожазықтықта заттардың кеңістіктік орналасуы.
397. "Кеңістіктік қатынастарды модельдеу" бөлімі келесі бөлімшелерді қамтиды:
1) жабық кеңістікті модельдеу;
2) еркін кеңістікті модельдеу.
398. "Кеңістіктің сызбасы мен жоспары бойынша бағдарлау" бөлімі келесі бөлімшелерді қамтиды:
1) кеңістіктің сызбасы және жоспары;
2) қозғалыс маршрутының сызбасы.
399. Оқыту мақсаттарының жүйесі.
400. "Дененің сызбасында бағдарлау" бөлімі келесі күтілетін нәтижелерді қарастырады:
1) өз денесінің қырлары: өз денесінің бағыттарында бағдарланады;
2) алдында және қарама-қарсы тұрған адамның денесінің қырлары: алдында және қарама-қарсы тұрған адамның денесінің қырларын анықтайды, оларды өз денесінің бағыттарымен салыстырады.
11-кесте
Бөлімше | Оқыту мақсаттары |
1.1 Өз денесінің қырлары | 0.1.1.1 өз денесінің қырларын анықтау (алдыңғы, артқы, жоғарғы, төменгі, сол, оң) |
1.2 Алдында және қарама-қарсы тұрған адамның денесінің қырлары | 0.1.2.1 өз денесінің кеңістіктік бағыттарымен алдында және қарама-қарсы тұрған адамның бағыттарымен арақатынасты белгілеу |
401. "Өзіне және затқа қатысты бағдарлау" бөлімі келесі күтілетін нәтижелерді қарастырады:
1) өзіне қатысты кеңістіктің бағыттары: өзіне қатысты кеңістіктің бағыттарында бағдарланады;
2) өзі және заттар арасындағы кеңістіктік қатынастар: есептеудің алуан түрлі жүйесінде кеңістіктік қатынастардың салыстырмалығын түсінеді және есепке алады, өзі және заттар арасындағы кеңістіктік қатынастарды, осы жағдайда объектілердің арасындағы өзінің орнын анықтайды; көрудің көмегімен (көру мүмкіндіктеріне сәйкес) өзімен және басқа объектілермен салыстырмалы тұрғыда кеңістіктің бір және әртүрлі бағыттарында орналасқан объектілердің арақашықтығын анықтайды; заттарға дейін арақашықтықты қадаммен өлшеу тәсілін біледі;
3) заттар арасындағы кеңістіктік қатынастар: берілген есептеу нүктесімен салыстырмалы түрде заттар арасындағы кеңістіктік қатынастарды анықтайды; кеңістікте заттардың орналасуын белгілеу үшін кеңістіктік терминдерді қолданады.
12-кесте
Бөлімше | Оқыту мақсаттары |
2.1 Өзіне қатысты кеңістіктің бағыттары | 0.2.1.1 өзіне қатысты қоршаған кеңістіктің жұпты қарама-қарсы бағыттарын анықтау |
2.2 Өзі мен заттар арасындағы кеңістіктік қатынастар | 0.2.2.1 бағдарлауда өзінің қалпына және есептеу нүктесін алмастыруға қарай кеңістіктік қатынастардың салыстырмалығын түсіну |
0.2.2.2 90° және 180° бұрылуда өзі мен қоршаған заттар арасындағы кеңістіктік қатынастарды анықтау | |
0.2.2.3 көрудің және қадамдарды өлшеу әдісінің көмегімен кеңістіктің бір және әртүрлі бағыттарында орналасқан қашықтықты; объектілердің басқа объектілермен салыстырғандағы арақашықтығын бағалау | |
2.3 Заттар арасындағы кеңістіктік қатынастар | 0.2.3.1 берілген есептеу нүктесімен салыстырғанда заттар арасындағы кеңістіктік қатынастарды орнату (сол, оң, жоғарғы, төменгі, алдында, артында, арасында) |
402. "Қозғалыс барысында бағдарлау" бөлімі келесі күтілетін нәтижелерді қарастырады:
1) берілген бағытта қозғалыс: нұсқау бойынша бағытты және қарқынды сақтап және өзгертіп, кеңістікте қозғалады; өзіндік қозғалысының бағытында бағдарланады;
2) бағдарларды қолданып қозғалыс: қозғалатын бағдардың артынан және рельефтің алуан түрлері бойынша кеңістікте қозғалу дағдылары бар; шектелген кеңістікте қозғалудың алуан түрлерін қолданады.
13-кесте
Бөлімше | Оқыту мақсаттары |
3.1 Берілген бағытта қозғалу | 0.3.1.1 нұсқауларға сәйкес бағытты және қарқынды өзгертумен кеңістікте қозғалу |
0.3.1.2 өзіндік қозғалысының бағыттарын анықтау | |
3.2 Бағдарды қолданып қозғалу | 0.3.2.1 қозғалатын бағдармен қозғалу (көру, есту) |
0.3.1.2 рельефтің алуан түрлері бойынша қозғалу (кедір-бұдырлылық, көтерілу, түсу) | |
0.3.1.3 әртүрлі тәсілдермен шектелген кеңістікте қозғалу (алдымен, қырымен) |
403. "Сақталған анализаторлардың көмегімен бағдарлау" бөлімі келесі күтілетін нәтижелерді қарастырады:
1) көрудің көмегімен бағдарлау: кеңістікте объектілер-бағдарларды көру арқылы жинақтап бөледі; олардың белгілерін бөліп көрсетеді және талдайды;
2) сипап-сезудің көмегімен бағдарлау: қоршаған кеңістіктің объектілерінің сипап-сезуші белгілері мен қасиеттерін алақанмен, қолдың саусақтарымен, жалаңаяқ және аяқ киімнің табандарының көмегімен ажыратады;
3) естудің көмегімен бағдарлау: қоршаған кеңістіктің дыбыстарын таниды, оларды күші бойынша ажыратады; дыбысты оның шығу көзімен салыстырады;
4) иіс сезудің көмегімен бағдарлау: дыбыстарды нақты заттармен бөлмелермен және табиғат құбылыстарымен салыстырады; иістің шығу көзінің бағытын анықтайды;
5) температуралық сезімталдықтың көмегімен бағдарлау: жылудың шығу көзінің орнын қашықтықта анықтайды;
6) барлық сенсорлы саланың көмегімен бағдарлау: кеңістік туралы полисенсорлы ақпаратты адамдардың іс-әрекетімен және нақты объектілермен салыстырады; кеңістіктік бағдарлауда бұзылған көруді және сақталған анализаторларды кешенді қолданады.
14-кесте
Бөлімше | Оқыту мақсаттары |
4.1 Көрудің көмегімен бағдарлау | 0.4.1.1 көру арқылы қабылданатын белгілердің ұқсастығы мен айырмашылығы бойынша қоршаған кеңістіктің объектілерін салыстыру |
0.4.1.2 кез келген жағдайда заттарға тән көру арқылы қабылданатын белгілерді бөліп көрсету | |
0.4.1.3 Жабық және еркін кеңістікте объектілер-бағдарларды көру арқылы жинақтап бөлу | |
4.2 Сипап-сезудің көмегімен бағдарлау | 0.4.2.1 қоршаған кеңістіктің заттарының бетінің қасиеттерін қолдың саусақтарымен және алақанмен сипап-сезудің көмегімен ажырату |
0.4.2.2 аяқпен сипап-сезудің көмегімен еденнің төсемін (ағаш, кафель, кілем, лнолеум, бетон), грунттың (асфальт, құм, шөп, жапырақтар, қар, жыртылған жер, тастар, ағаштың тамыры), рельефті (тегіс, тегіс емес, көлбеу) ажырату | |
4.3 Естудің көмегімен бағдарлау | 0.4.3.1 қоршаған кеңістіктің дыбыстарын тану және жинақтап бөлу (заттар, адамдардың әрекеті, табиғат, көліктердің әрекеті) |
0.4.3.2 дыбыстың қайнар көзінің орналасқан орнының өзгеруін анықтау | |
0.4.3.3 күші бойынша дыбысты ажырату (әлсіз - күшті) | |
4.4 Иіс сезудің көмегімен бағдарлау | 0.4.4.1 қоршаған кеңістіктің иістерін ажырату (тұрмыстық, тағамдар, тірі және өлі табиғат), кеңістікте иістің шығу көзінің бағытын жинақтап бөлу |
4.5 Температуралық сезімталдықтың көмегімен бағдарлау | 0.4.5.1 жылу көздерінің, жылыту приборларының орнын қашықтықта анықтау |
4.6 Барлық сенсорлы саланың көмегімен бағдарлау | 0.4.6.1 кеңістіктің бағдарлауда кешенді бағдарларды анықтау және қолдану |
404. "Жабық және еркін кеңістікте бағдарлау" бөлімі келесі күтілетін нәтижелерді қарастырады:
1) жабық кеңістікте бағдарлау: әртүрлі бастапқы нүктелерден өз бетімен бағдарланады және таныс бөлмелердің кеңістігінде өзінің орналасқан орнын анықтайды;
2) еркін кеңістікте бағдарлау: қоршаған кеңістікте бағдарлар болып саналатын объектілерді ажыратып көрсетеді; әртүрлі бастапқы нүктелерден таныс еркін кеңістікте еркін бағдарланады.
15-кесте
Бөлімше | Оқыту мақсаттары |
5.1 Жабық және еркін кеңістікте бағдарлау | 0.5.1.1 бағдарлар жүйесін қолданумен әртүрлі бастапқы нүктелерден бөлмелердің кеңістігінде бағдарлау, өзінің орнын анықтау |
5.2 Еркін кеңістікте бағдарлау | 0.5.2.1 есептеудің алуан түрлі нүктелерімен салыстырмалы еркін кеңістіктің объектілерінің орналасуын білу, бағдарлар жүйесін қолданумен әртүрлі бастапқы нүктелерде бағдарлау |
405. "Микрожазықтықта бағдарлау" бөлімі келесі күтілетін нәтижелерді қарастырады:
1) микрожазықтықтың бағыттары: микрожазықтықтың бағыттарын ажыратады және атайды (орталығы, қырлары, қырлардың ортасы, бұрыштар);
2) микрожазықтықтағы объектінің кеңістіктік орналасуы: берілген есептеу нүктесімен салыстырмалы түрде кез келген микрожазықтықта бағдарлау дағдыларын меңгерген; кеңістіктік терминдерді қолдану арқылы, микрожазықтықта объектілердің кеңістіктік қатынастарды түсіндіреді.
16-кесте
Бөлімше | Оқыту мақсаттары |
6.1 Микрожазықтықтың бағыттары | 0.6.1.1 микрожазықтықтың бағыттарын ажырату және атау (орталығы, қырлары, қырлардың ортасы, бұрыштар) |
6.2 Микрожазықтықтағы объектінің кеңістіктік орналасуы | 0.6.2.1 заттардың кеңістіктік орналасуын анықтау және оларды берілген есептеу нүктесімен салыстырмалы түрде кез келген микрожазықтықта орналастыру (өзінен бастап, заттан бастап) |
406. "Кеңістіктік қатынастарды модельдеу" бөлімі келесі күтілетін нәтижелерді қарастырады:
1) жабық кеңістікті модельдеу: шынайы кеңістікті және көрсету бойынша тікелей қабылдау негізінде Жабық кеңістікті және маршруттардың үзінділерін модельдейді;
2) еркін кеңістікті модельдеу: шынайы кеңістікті және көрсету бойынша тікелей қабылдау негізінде еркін кеңістікті және маршруттардың үзінділерін модельдейді.
17-кесте
Бөлімше | Оқыту мақсаттары |
7.1 Жабық кеңістікті модельдеу | 0.7.1.1 шынайы кеңістікті және көрсету бойынша тікелей қабылдау негізінде Жабық кеңістікті модельдеу |
0.7.1.2 Жабық кеңістіктегі маршруттардың үзінділерін модельдеу | |
7.2 Еркін кеңістікті модельдеу | 0.7.2.1 еркін кеңістіктің аумақтарын модельдеу |
0.7.2.2 еркін кеңістікте маршруттардың үзінділерін модельдеу |
407. "Кеңістіктің сызбасы мен жоспары бойынша бағдарлау" бөлімі келесі күтілетін нәтижелерді қарастырады:
1) кеңістіктің сызбасы және жоспары: жоспардан сызбаның айырмашылығын түсінеді; шынайы кеңістікті тікелей қабылдау негізінде кеңістіктің күрделі емес сызбалары мен жоспарларын құрастырады; сызбалар мен жоспарлар бойынша бағдарланып, шынайы кеңістіктегі заттарды табады және орналастырады;
2) қозғалыс маршрутының сызбасы: маршрут сызбасындағы шартты белгілерді шынайы бағдарлармен салыстырады; сызба бойынша бағдарланып, маршрутты жүріп өтеді.
18-кесте
Бөлімше | Оқыту мақсаттары |
8.1 Кеңістіктің сызбасы мен жоспары | 0.8.1.1 кеңістіктің сызбасының оның жоспарынан айырмашылығын түсіну |
0.8.1.2 Жабық және еркін кеңістіктің аумақтарының сызбасы мен жоспарларын құрастыру | |
0.8.1.3 кеңістіктің сызбалары мен жоспарлары бойынша бағдарлау | |
8.2 Қозғалыс маршрутының сызбасы | 0.8.2.1 шынайы кеңістікті тікелей қабылдау негізінде еркін кеңістіктің аумақтарында және бөлмелерде қозғалыс маршрутының қарапайым сызбаларын құрастыру |
0.8.2.1 шынайы кеңістіктегі бағдарлардың орналасуын сызбалармен салыстыру, маршруттың сызбасы бойынша бағдарланып кеңістікте қозғалу |
5-параграф. "Әлеумет" білім беру саласы
408. "Әлеумет" білім беру саласының базалық мазмұны әлеуметтік-тұрмыстық бағдар арнайы түзеу оқу қызметінде жүзеге асырылады.
409. Мақсаты - әлеуметтендірудің табысты болуын қамтамасыз ететін және мектепте оқыту жағдайында дербес іс-әрекеттің негізі болып саналатын әлеуметтік-адаптивті біліктер мен дағдыларды қалыптастыру және дамыту.
410. Міндеттері:
1) адамның тұрмыстық және әлеуметтік өмірінің салалары туралы ұғымдарын дамыту;
2) қоғамдық өмірдің нормалары мен ережелері туралы ұғымдарды дамыту;
3) коммуникативті іс-әрекеттің вербальды және вербальды емес құралдарын дамыту;
4) практикалық іс-әрекетте әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлау біліктері мен дағдыларын қолдану үшін жағдай жасау.
411. "Әлеуметтік-тұрмыстық бағдар" коррекциялық сабақтарының мазмұны бөлікшелерден тұратын оқыту бөлімдері бойынша ұйымдастырылған және күтілетін нәтижелер түріндегі коррекциялық оқытудың мақсаттарын қамтиды. Әрбір бөлікшенің ішінде бірізді ұйымдастырылған коррекциялық оқыту мақсаттары, педагогтарға өз жұмысын жоспарлауға, балалардың жетістіктерін бағалауға және коррекциялық әсер етудің тиімділігін бағалауға мүмкіндік береді.
412. Оқу бағдарламасының мазмұны келесі бөлімдерді қамтиды:
1) бала және оның отбасы;
2) жеке гигиена;
3) заттық әлем;
4) мінез-құлық және қарым-қатынас мәдениеті;
5) адамның тұрғын үйі;
6) әлеуметтік-тұрмыстық сфера;
7) ересектердің еңбегі;
8) көшедегі мінез-құлық ережесі.
413. "Бала және оның отбасы" бөлімі келесі бөлімшелерді қамтиды:
1) өзі туралы ұғымдар;
2) отбасы.
414. "Жеке гигиена" бөлімі келесі бөлімшелерді қамтиды:
1) жеке гигиена заттары;
2) гигиеналық процедуралар.
415. "Заттық әлем" бөлімі келесі бөлімшелерді қамтиды:
1) тұрмыстық заттар;
2) заттық-практикалық іс-әрекет.
416. "Мінез-құлық және қарым-қатынас мәдениеті" бөлімі келесі бөлімшелерді қамтиды:
1) мінез-құлық мәдениеті;
2) қарым-қатынастың вербальды емес құралдары.
417. "Адамның тұрғын үйі" бөлімі келесі бөлімшелерді қамтиды:
1) тұрғын үй бөлмелері;
2) тұрғын үй бөлмелерінің гигиенасы.
418. "Әлеуметтік-тұрмыстық сфера" бөлімі келесі бөлімшелерді қамтиды:
1) қоғамдық-тұрмыстық мекемелер;
2) қоғамдық орындағы мінез-құлық ережесі.
419. "Ересектердің еңбегі" бөлімі келесі бөлімшелерді қамтиды:
1) кәсіптер;
2) үй еңбегі.
420. "Көшедегі мінез-құлық ережесі" бөлімі келесі бөлімшелерді қамтиды:
1) жаяу жүргіншілердің қозғалыс ережесі;
2) көлік.
421. Оқыту мақсаттарының жүйесі. "Бала және оның отбасы" бөлімі келесі күтілетін нәтижелерді қарастырады:
1) өзі туралы ұғымдары: өз ағзасының бірқатар ерекшеліктерін біледі, өзінің сенсорлы мүмкіндіктерін түсінеді; сырт бейнесі мен мінезінің белгілері бар тұлға ретінде өзі туралы ұғымдары бар;
2) отбасы: туыстық қатынастарды түсінеді, отбасы мүшелерінің есімдері мен әкесінің атын атайды; олардың отбасындағы міндеттерін біледі.
19-кесте
Бөлімше | Оқыту мақсаттары |
1.1 Өзі туралы түсініктері | 0.1.1.1 өзінің есімін, тегін, әкесінің атын, жасын, жынысын, мекен-жайын білу |
0.1.1.2 өз ағзасы мен денсаулығының бірқатар ерекшеліктерін түсіну | |
0.1.1.3 өзінің сенсорлы мүмкіндіктерін, шынайы және ықтимал жетістіктерін түсіну | |
0.1.1.4 өзінің сырт бейнесінің, мінезінің ерекшеліктерін білу | |
1.2 Отбасы | 0.1.2.1 отбасы мүшелерін атау, туыстық қатынастарды түсіну, отбасылық міндеттердің бөлінуін, ата-аналардың жұмыс орнын, отбасылық дәстүрлерді білу |
422. "Жеке гигиена" бөлімі келесі күтілетін нәтижелерді қарастырады:
1) жеке гигиена заттары: жеке гигиена заттарының қызметін біледі; басқа заттардың арасынан жеке қолданыстағы заттарды таниды;
2) гигиеналық процедуралар: тұрақты гигиеналық дағдылары бар; гигиена ережелерін орындауда өзіндік бақылау тәсілдерін біледі және қолданады.
20-кесте
Бөлімше | Оқыту мақсаттары |
2.1 Жеке гигиена заттары | 0.2.1.1 жеке гигиена заттарын, олардың қызметін және сақтау ережесін білу |
0.2.1.2 көру және сақталған анализаторлардың көмегімен басқа заттардың арасынан сипаттамалық белгілері бойынша жеке қолданыстағы заттарды тану | |
2.2 Гигиеналық процедуралар | 0.2.2.1 жеке гигиенаның маңызын түсіну |
0.2.2.2 гигиеналық процедураларды орындаудың мазмұны мен бірізділігін білу | |
0.2.2.3 гигиеналық процедараларды және өзінің сырт бейнесін күтуде өзіндік бақылауды көрсету |
423. "Заттық әлем" бөлімі келесі күтілетін нәтижелерді қарастырады:
1) тұрмыстық заттар: тұрмыстық заттардың алуан түрлілігінде еркін бағдарланады; заттарды салыстыру, жалпылау, жіктеу дағдылары бар;
2) заттық-практикалық іс-әрекет: таныс заттарды қолдануда заттық-практикалық іс-әрекет тәсілдерін меңгерген; заттармен әрекет етудің меңгерген тәсілдерін жаңа жағдайларға ауыстыруда өзбетінділік танытады.
21-кесте
Бөлімше | Оқыту мақсаттары |
3.1 Тұрмыстық заттар | 0.3.1.1 тұрмыста қажетті заттарды және олардың қызметін білу |
0.3.1.2 полсенсорлы негізде заттардың қасиеттерін ажырату | |
0.3.1.3 заттың қызметі мен құрылысы, жасалған материалы арасындағы байланысты орнату | |
0.3.1.4 сипаттамалық белгілері бойынша заттарды салыстыру және жалпылау | |
0.3.1.5 функционалды қызметі бойынша бір түрдегі заттардың ішінде жіктеу | |
3.2 Заттық-практикалық іс-әрекет | 0.3.2.1 заттардың қызметіне сәйкес олармен әрекет ету тәсілдерін білу және орындау |
0.3.2.2 заттармен әрекет етудің меңгерген тәсілдерін жаңа жағдайларға ауыстыру |
424. "Мінез-құлық және қарым-қатынас мәдениеті" бөлімі келесі күтілетін нәтижелерді қарастырады:
1) мінез-құлық ережесі: мәдени мінез-құлық ережесін біледі; қабылданған нормаларға сәйкес өзінің мінез-құлқын өзіндік бақылау және өзіндік реттеу дағдылары бар;
2) қарым-қатынастың вербальды емес құралдары: адам өміріндегі және бейнелердегі эмоционалды күйлерді ажыратады; олардың мимикасын, қол қимылын, позаларын көрсете біледі.
22-кесте
Бөлімше | Оқыту мақсаттары |
4.1 Мінез-құлық ережесі | 4.1.1.1 әртүрлі жағдайларда ересектермен және қатарластармен қарым-қатынастың және мәдени мінез-құлықтың ережелерін білу |
4.1.1.2 өзінің мінез-құлқында қарапайым өзіндік бақылауда бағдарлану | |
4.2 Қарым-қатынастың вербальды емес құралдары | 4.2.1.1 қарым-қатынастың тілдік емес құралдарының маңызын түсіну |
4.2.1.2 негізгі эмоционалды күйлерді сырттай көрсетудің сипаттамалық ерекшеліктерін түсіну | |
4.2.1.3 адамның өмірдегі, бейнелердің әртүрлі типіндегі (пиктограмма, сурет, фото) эмоционалды күйлерді анықтау | |
4.2.1.4 эмоционалды күйлерді модельдеу | |
4.2.1.5 практикалық іс-әрекетте қарым-қатынастың тілдік емес құралдарын қайта жаңғырту |
425. "Адамның тұрғын үйі" бөлімі келесі күтілетін нәтижелерді қарастырады:
1) тұрғын үйлер: тұрғын үйлер мен олардың кеңістігін толтыратын заттардың функционалды қызметі туралы ұғымдары бар;
2) тұрғын үйлердің гигиенасы: тұрғын үйлерге қойылатын негізгі гигиеналық талаптарды, тазалықты ұстау тәсілдерін біледі.
23-кесте
Бөлімше | Оқыту мақсаттары |
5.1 Тұрғын үйлер | 0.5.1.1 тұрғын үйлердің түрлерін білу |
0.5.1.2 тұрғын үйлердің атауын, функционалды қызметін және затпен толтыруды білу | |
5.2 Тұрғын үйлердің гигиенасы | 0.5.2.1 тұрғын үйде тазалық пен тәртіптің адам үшін маңызын түсіну |
0.5.2.2 бөлмелерде тазалықты ұстау тәсілдерін білу |
426. "Әлеуметтік-тұрмыстық сфера" бөлімі келесі күтілетін нәтижелерді қарастырады:
1) қоғамдық-тұрмыстық мекемелер: қоғамдық-тұрмыстық мекемелердің бірқатар түрлерінің қызметін түсінеді;
2) қоғамдық орындардағы мінез-құлық ережесі: мекеме қызметкерлеріне өтінішпен, мәселелермен мәдени қатынастың формалары мен қоғамдық орындардағы мінез-құлық ережесін біледі.
24-кесте
Бөлімше | Оқыту мақсаттары |
6.1 Қоғамдық-тұрмыстық мекемелер | 0.6.1.1 қоғамдық-тұрмыстық мекемелердің бірқатар түрлерін (дүкен, емхана, дәріхана, пошта, кинотеатр, кітапхана), олардың қызметін білу |
0.6.1.2 адамның социумдағы орнын түсіну (кинотетарда - көрермен, дүкенде - сатып алушы) | |
6.2 Қоғамдық орындағы мінез-құлық ережесі | 0.6.2.1 қоғамдық орындарда мінез-құлық ережесін білу |
0.6.2.1 мекеме қызметкерлерімен мәдени өзара әрекеттестік формаларын білу |
427. "Ересектердің еңбегі" бөлімі келесі күтілетін нәтижелерді қарастырады:
1) кәсіптер: әртүрлі кәсіптегі адамдардың еңбегінің мазмұны туралы ұғымдары бар; олардың еңбегінің маңызын түсінеді;
2) үй еңбегі: үй еңбегінің түрлері, мазмұны және маңызы туралы ұғымдары бар; үй еңбегінің бірқатар түрлерін орындау тәсілдері мен тәртібін біледі.
25-кесте
Бөлімше | Оқыту мақсаттары |
7.1 Кәсіптер | 0.7.1.1 кәсіптердің алуан түрлілігі, әртүрлі кәсіптегі адамдардың еңбегінің мазмұны мен маңызы туралы ұғымдардың болуы |
0.7.1.1 сюжеттік картина бойынша еңбек әрекеттерін тану және сипаттау | |
7.2 Үй еңбегі | 0.7.2.1 ересектердің үй шаруашылық іс-әрекетінің түрлері туралы ұғымдардың болуы |
0.7.2.2 үй еңбегінің маңызын түсіну | |
0.7.2.3 адамның тұрмыстағы еңбегін жеңілдететін заттарды білу | |
0.7.2.4 үй еңбегінің нақты түрлерін орындау тәсілдерін білу (шаң сүрту, еден жуу) |
428. "Көшедегі мінез-құлық ережесі" бөлімі келесі күтілетін нәтижелерді қарастырады:
1) жаяу жүргіншілердің қозғалыс ережесі: көшеден өту ережесін біледі; бірқатар жол белгілерінің маңызын түсінеді;
2) көлік: жолаушылар көлігінің алуан түрлерін біледі, оның адамдар өміріндегі маңызын түсінеді; көлік қозғалысының дыбыстық сипаттамасына бағдарланады; қоғамдық көліктегі мінез-құлық ережесін біледі.
26-кесте
Бөлімше | Оқыту мақсаттары |
8.1 Жаяу жүргіншілердің қозғалыс ережесі | 0.8.1.1 жүргіншілер бөлігі мен тротуарды ажырату |
0.8.1.2 көшеде қауіп көздері туралы ұғымдардың болуы | |
0.8.1.3 көшеден өту ережесін білу | |
0.8.1.4 "жаяу жүргіншілер жолы", "жерасты жолы" жол белгілерінің маңызын түсіну | |
8.2 Көлік | 0.8.2.1 жолаушылар көлігінің түрлерін ажырату және атау |
0.8.2.2 жолаушылар көлігінде қозғалыс ережесін білу (маршруттар, аялдамалар) | |
0.8.2.3 дыбыстық сипаттамасы бойынша көліктің қозғалыс жылдамдығын, оның жақындауы мен алыстауын, аялдаманы, есіктердің ашылуы мен жабылуын ажырату | |
0.8.2.4 қоғамдық көліктегі мінез-құлық ережесін білу |
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 12 тамыздағы № 499 бұйрығына 4-қосымша |
Есту қабілеті бұзылған балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы
Ескерту. Бұйрық 4-қосымшамен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 29.12.2018 № 721 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Түсіндірме жазба
1. Есту қабілеті бұзылғанбалаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5 және 14 - баптарына сәйкес әзірленді.
2. Бағдарлама мақсаты: мектеп жасына дейінгі есту қабілеті бұзылған балалардың типологиялық, жас ерекшеліктері мен жеке мүмкіндіктеріне сәйкес рухани-адамгершілік құндылықтарын,білім, білік, дағдыларын қалыптастыру.
3. Бағдарлама міндеттері:
1) есту қабілеті бұзылған балаларды түзету-дамыту көмегін көрсетуде педагогтарға көмек беру;
2) есту қабілеті бұзылғанбаланың жалпы дамуын жетілдіру;
3) есту қабілеті бұзылған балаларды мектепке даярлау;
4) білім берудің сабақтастығы мен үздіксіздігі ұстанымдарын қамтамасыз ету, баланың зияткерлік, әлеуметтік және тұлғалық дамуы үшін білім беру салаларын кіріктіру,
5) тәрбиелік, дамытушылық және оқыту міндеттерінің бірлестігін, мектеп, балаларды тәрбиелеуде мектепке дейінгі ұйым мен отбасының ынтымақтастығын қамтамасыз ету.
4. Бағдарлама балалардың коммуникативтік дағдыларының қалыптасуына, танымдық және әлеуметтік мотивтерінің көрінуіне, қызығушылығы мен білім алуға деген құштарлығының дамуына ықпал етеді.
5. Әр саладағы күтілетін нәтижелер оқыту мақсаттарының жүйесі арқылы беріледі.
6. Бағдарлама мазмұны балалардың психологиялық-физиологиялық даму кезеңдерін қамтиды:
1) бірінші кіші топ (2 - 3 жастағы балалар);
2) екінші кіші топ (3 - 4 жастағы балалар);
3) ортаңғы топ (4 - жастағы балалар);
4) мектепке дейінгі ұйымдағы ересектер тобы (5 - 6 жастағы балалар);
5) жалпы білім беретін мектептегі, лицейдегі, гимназиядағы мектепалды даярлық сыныбы (6 - 7 жастағы балалар).
2-тарау. Бірінші кіші топ (2-3 жастағы балалар)
1-параграф. "Коммуникация" білім беру саласы
7. "Коммуникация" білім беру саласының базалық мазмұны - тіл дамыту, есту арқылы қабылдау мен айтуды қалыптастыруды дамыту арнайы түзеу оқу қызметінде іске асырылады.
2-параграф. Тіл дамыту
8. "Тіл дамыту" арнайы түзеу оқу қызметінің базалық мазмұны - мектеп жасына дейінгі есту қабілеті бұзылған балалардың сөйлеу тіліндегі бұзылыстарын жеңуге, тәжірибе жүзінде толыққанды қарым-қатынас жасау және қоғамға кіріктіру үшін коммуникациялық дағдыларды қалыптастыруға ықпал етеді.
9. Мақсаты ақыл-ой мен коммуникативті қызметтің негізгі компоненттерінің бірі ретінде сөйлеу тілін дамыту; тілдің базалық құндылықтарын игеру; мәдени-әлеуметтік өзара қатынас және қоршаған ортамен вербальді (ауызша) және вербальді емес (ауызша емес) құралдардың көмегімен қарым-қатынас жасауды қалыптастыруға дайындау болып табылады.
10. Міндеттер:
1) ересектер және құрдастарымен тілдесуде сөйлеу тілінің вербалды және вербалды емес түрлерін дамыту;
2) нақты сөйлеу жағдайында әр түрлі қарым-қатынас құралдарын қолдана білуді дамыту;
3) сөйлеу әрекетінің түрлерін дамыту (айтылым, тыңдалым, оқылым, жазылым, дактилдеу, естіп-көру түйсігі);
4) сөйлеу тілі арқылы өз әрекеті мен мінез-құлқын реттеу біліктерін қалыптастыру;
5) күнделікті қарым-қатынаста және арнайы ұйымдастырылған сабақтарда тіл мәдениетіне тәрбиелеу;
6) тілдік қабілеттерін дамыту:ауызша сөйлеу тілін қабылдаудың сенсорлық негіздері,ересектердің заттық және сөйлеу іс-әрекеттеріне еліктеу,тілдік қатынаста кез келген игерілген сөйлеу әрекеті мен құралдарды қолдана білу,мағынасы белгілі сөздерді ауызша, жазбаша, дактильмен сәйкестендіру,сөйлеу түрлерінің ұқсас тұстарын таңдап қолдана білу.
11. Тіл дамыту бағдарламасы келесі бөлімдерді қамтиды:
1) қатынас;
2) қабылдау /сөйлеу тілін түсіну;
3) айтылым;
4) оқылым.
3-параграф. 1 - жартыжылдық
12. Ұйымдастырылған оқу қызметінің бірінші жартыжылдығында "Тіл дамыту" жұмыстарының негізгі міндеті қоршаған адамдармен өзара қарым-қатынас процесінде, ауызша сөйлеу тілінің мәнін түсіну, әрі қатынас тәсілдерін және оның процесін бақылау біліктерін дамыту болып табылады. Есту қабілеті бұзылған балалар тиісті есту бейнелер негізінде, әртүрлі тілдік бірліктерді бөліп және ажыратуды үйренеді.
13. Қатынас:
1) қарапайым тапсырмаларды орындау;
2) ауызша амандасу, өтініш, тілек білдіру (шамамен);
3) заттарға деген өзінің қатынасын көрсету;
4) қатынасқа түсу мақсатында вокализацияларды,дыбыс тіркесімдерін, дыбыстық еліктеуді, былдыр сөздерді тілдік емес құралдармен сәйкес пайдалану: табиғи ым-ишара, тілдесу бағытына қатысы бар түрлі типтегі көзқарастар, заттарды көрсету, мимикалық экспрессия;
5) заттармен әрекеттерді бақылау;
6) әртүрлі жағдайда қатынас (коммуникация) процесін бақылау;
7) қатынас (коммуникация) процесін бақылау: мимика (бет қимылы), пантомимика, артикуляция аппаратының қозғалысы, көзқарас арқылы білдіру, заттық әрекет, дене қалпын өзгерту;
8) сәлемдесу және қоштасу;
9) еліктеудегі белсенділік, бірлескен әрекет ету барысында тілдесуге деген қызығушылық, ересектермен байланыс жасауға ынталандыру;
10) айналасындағылардың сөйлеу тілін мұқият тыңдау, сөйлеп тұрған адамның жүзіне тұра қарау.
14. Қабылдау /сөйлеу тілін түсіну:
1) енжар сөздік қорын толықтыру, айналасындағы заттарды, дене мүшелері мен адамның бет-келбетін білдіретін сөздерді меңгеру;
2) енжар сөздік қорын толықтыру, қарапайым ойын және тұрмыстық әрекеттерді білдіретін сөздерді меңгеру;
3) дидактикалық ойындарда кестеге тіркелген тиістісөзге қатыстытаныс заттарды табу (есту-көру арқылы);
4) табиғи және арнайы жасалған қатынас жағдайында кестеге тіркелген тиістісөзге қатысты таныс заттарды табу.
15. Айтылым:
1) айналасындағылардың артикуляциясына, мимикасына және пантомимикасына еліктеу;
2) сөздерді шамамен жақын көрсетілген түрде айту;
3) сөздерді шамамен жақын ұштасқан түрде айту;
4) заттардың аттарын айту, адамдардың есімін фонетикалық ырғақпен айту;
5) фотосуреттерден ата-аналары мен жақын туыстарын тану, ым-ишара білдіру;
6) ата-аналары мен туыстарын, үй жануарларын бейнелеп, байланыстырып шамалап айту;
7) таныс заттарды атау (шамамен).
16. Оқылым және жазылым:
1) тиісті затқа байланысты кестелерді (табличкаларды) іріктеу;
2) сөздерді (таңбалық) белгілеуде кестенің атқаратын қызметін түсіну;
3) затты атағанда кестелермен бірге көрсету (қостау).
17. Күтілетін нәтижелер:
1) қарапайым тапсырмаларды орындайды;
2) тілдік қатынасқа түсу мақсатында тілдік құралдарды пайдаланады;
3) заттың қимылын бақылайды;
4) тілдесім (коммуникация) процесін бақылайды;
5) таныс заттарды жәнеіс-әрекеттерді атайды (шамамен);
6) фотосуреттерден ата-аналары мен жақын туыстарын атайды;
7) сөзбен айтылған таныс заттарды көрсетеді;
8) фотосуреттерден жақындарын, туыстарын тауып, ыммен көрсетеді;
9) затқа сәйкес кестелерді іріктеп, таңдап алады;
10) айналасындағылардың мимикасына (бет қимылы), пантомимикасына, артикуляциясына еліктейді;
11) ауызша сәлемдеседі (шамамен);
12) айналасындағылардың сөйлеу тіліне құлақ түріп, тыңдайды;
13) ауызша өтінішін білдіреді (шамамен);
14) сөйлеп тұрған адамның жүзіне тұра қарайды.
4-параграф. 2 - жартыжылдық
18. Екінші жарты жылдықта белсенді сөйлеу тілін дамытуға баса назар аударылады. Есту қабілеті бұзылған балалар айналасындағы адамдармен өзара қарым-қатынас тәсілдерін пайдалануды; қатынас барысында қарапайым сөйлеу тілін қолдана білуді үйренулері керек. Балаларды жазбаша сөйлеу тілімен таныстырады.
19. Қатынас:
1) қатынас процесінің ерекшеліктерін бөліп көрсету:көзқарас арқылы білдіру (көз контактісі);мақұлдап немесе қарсы бас изеу;жымию, бас изеу, қолмен тиісті қимыл жасау;дауыстық реакция, сөйлеу тіліне еліктеу, дыбыс үйлестігі, дыбыс ұқсастығы, аморфты және былдыр сөздер,қарапайым сөздер;
2) ауызша-жазбаша қойылған сұрақтарға жауап беру;
3) заттарды қатыстырмай тапсырмаларды орындау;
4) заттарды қатыстырып тапсырмаларды орындау;
5) қанағаттанғанын, қанағаттанбағанын, қалау-қаламауын мимикамен, ым-ишарамен, сөзбен жеткізу;
6) ауызша амандасу, өтініш, тілек білдіру;
7) ауызша-жазбаша немесе ауызша-дактилді формада өтініш, тілектері туралы хабарлау;
8) келісу-келіспеудімимикамен, ым-ишарамен көрсету, сөзбен жеткізу;
9) қатынасқа түсу барысында дауыс белгілерін, қатысты, қатысы жоқ былдырды, сөздердің кескінін көрсету әрекеттерін қолдану;
10) заттық әрекеттерді бақылау, заттарды атау және оларға деген өзінің қатысын білдіру;
11) түрлі жағдайда тілдесім процесін бақылау;
12) қаратпа сөздерге жауап реакциялары:көзқарас арқылы білдіру (көз контактісі);ым-ишара, пантомимика;заттық әрекет, дене қалпын өзгерту;артикуляциялық аппараттың қозғалысы;дауысты қосу;
13) ауызша және ауызша-жазбаша қойылған сұрақтарға жауап беру;
14) ойын барысында ауызша сөйлеу тілін қолдану;
15) бірлескен әрекет ету барысында тілдесуге деген қызығушылық, ересектермен байланыс жасауға ынталандыру;
16) құрдастарымен тілік қатынас жасауға ынталандыру;
17) айналадағылардың сөйлеу тілін мұқият тыңдау, сөйлеп тұрған адамның жүзіне тұра қарау.
20. Қабылдау /сөйлеу тілін түсіну:
1) енжар сөздік қорын етістіктермен толықтыру, қарапайым ойын, тұрмыстық әрекеттерді және тапсырмаларды білдіретін сөздерді меңгеру;
2) енжар сөздік қорын зат есіммен толықтыру: айналасындағы нысандардың, жануарлардың, дене мүшелерінің, адамның бет-әлпетін білдіретін сөздер;
3) айтқанды түсіну және сұрақтарға жауап беру (ым-ишарамен,дауыс реакцияларымен, сөзбен, суреттінемесе заттарды көрсетумен);
4) сұрақтардың мағынасын түсіну;
5) ұғымдардың мәнін түсіну: дәмді, дәмсіз, болады, болмайды;
6) түрлі дыбыстық сигналдарды естіп, тану;
7) заттардың қасиеттерін білдіретін сөздерді түсіну;
8) ауызша және ауызша-дактилді белгілері бойынша объектілерді табу;
9) тек есту арқылы объектілерді табу;
10) тек жазбаша белгілері(кесте) бойынша объектілерді таба білу.
21. Айтылым:
1) қоршаған ортада заттардың орналуына қатысты бөліп айту;
2) орындайтын іс-әрекеттерді атау;
3) бақыланатын іс-қимылдарды атау;
4) сурет, мультфильмдер, фильмдер көрген кездегі іс-қимылдарды атау;
5) сөздер мен дыбыстық еліктеудің көмегімен жануарларды атау;
6) орындайтын іс-әрекеттерді қысқа сөйлемдермен айту;
7) әңгімелесушілердің артикуляциясына, мимикасына және пантомимикасына еліктеу;
8) сөздер мен сөз тіркестерін шамамен жақын көрсетілген түрде айту;
9) сөздер мен сөз тіркестерін шамамен жақын ұштасқан түрде айту;
10) тұрмыстық іс-әрекеттер мен ойынды сөйлеу тілімен ұштастыру;
11) қоршаған ортадағы іс-әрекеттерді, нысандарды сәйкестендіру білігі, оларды тілдік белгілеріне байланысты атау.
22. Оқылым:
1) танып оқу әртүрлі тақырыптық топтамалардан заттардың атын айту;
2) өз бетінше таңдаған кесте бойынша затты көрсету;
3) 2 заттан біреуін таңдау үшін кестелерді іріктеу;
4) кестеге сәйкес сыңарын табу (екеуі бірдей).
23. Күтілетін нәтижелер:
1) қарапайым тапсырмаларды заттармен, заттарсыз,орындайды;
2) келісу-келіспеуді мимикамен, ым-ишарамен білдіреді;
3) 2-3 заттан біреуін таңдау үшін кестелерді іріктейді;
4) қаратпа сөздерге жауап реакцияларын білдіреді;
5) кейбір сөздердің орнына дыбыстық еліктеуді қолданады;
6) түрлі жағдайда тілдесім процесін бақылайды;
7) заттарды іс-әрекетті атайды;
8) тек ауызша немесе жазбаша белгілері бойынша объектілерді табады;
9) ауызша-жазбаша қойылған сұрақтарға жауап береді;
10) айналасындағылардың мимикасына (бет қимылы), пантомимикасына, артикуляциясына еліктейді;
11) қойылған сұрақтардың мағынасын түсініп, сұрақтарға жауап береді;
12) сөздер мен сөз тіркестерін шамамен жақын көрсетілген және жақын ұштасқан түрде айтады;
13) амандасады;
14) кестені көрсетіп ауызшасұрайды;
15) заттардың сапасын, қасиеттерінбілдіретін сөздерді ажыратады;
16) айналадағылардың сөйлеу тілін тыңдайды, сөйлеп тұрған адамның жүзіне тұра қарайды;
17) қоршаған ортадағы іс-әрекеттерді, нысандарды сәйкестендіреді, оларды тілдік белгілеріне байланысты атайды;
18) ойын, әрекет барысында ауызша сөйлеу тілін қолданады;
19) қоршаған ортадағы түрлі дыбыстық сигналдарды таниды.
5-параграф. Есту арқылы қабылдау мен айтуды қалыптастыруды дамыту
24. Мақсаты есту қабілеті зақымдалған мектеп жасына дейінгі балалардың естіп қабылдау дағдыларын (есту-көру және есту негізінде) және ауызша сөйлеу тілінің айтылу тараптарын дамыту болып табылады.
25. Міндеттері:
1) есту қызметін дамыту (жетілдіру) және қалыптастыру;
2) тілдік және тілдік емес дыбыстардың табиғаты туралы көзқарастарын байыту;
3) ауызша сөйлеу тілін қабылдаудың сенсорлық негіздерін дамыту;
4) есту зейінін (түйсігін) дамыту;
5) анық, нақты табиғи сөйлеуді қалыптастыру;
26. Жартыжылдыққа бағдарламалық талаптардың көлемін баланың естіп қабылдауы мен сөйлеу тілінің даму деңгейіне және түзете оқыту процесідегі жетістіктеріне байланысты сурдопедагог өз бетінше таңдайды. Бағдарламалық талаптар әліпбилік реттілікпен көрсетілген. Олардың мақсатқа сәйкестілігін сурдопедагог дербес орналастырады.
27. Бір жыл бойы балалар күніге дыбыс күшейткіш құралдармен пайдалануды, сабақта сапқа тұруды, серуендеу уақытында дыбыстық, дауыстық белгіге сурдопедагогқа немесе тәрбиешіге жақындауды үйренуі керек.
28. Дыбыстықынталандырулар дыбыс күшейткіштермен және таза есту арқылы қабылдау үшін беріледі. Баланың естіп қабылдауы мен сөйлеу тілінің даму деңгейіне қарай материал естіп-көру, есту, есту арқылы ауызша, ауызша-жазбаша, ауызша-дактилді түрде қабылдау үшін беріледі. 2-3 дыбыстауды айыру заттар мен бейнелері бар суреттерге сүйене отырып, жүзеге асырылады. Тілдік және тілдік емес дыбыстарды қабылдау, дыбыстау көзінен ара қашықтықты тұрақты арттырып отырып жүзеге асырылады.
29. Оқудың бірінші жылында бала дыбыстар әлемімен, қатынас жағдайларымен танысады, жеке қажеттіліктерін қанағаттандыру және қарым-қатынасқа түсу үшін, ауызша сөйлеу тілінің қажеттілігін түсіне бастайды.
6-параграф. 1 - жартыжылдық
30. Тілдік емес дыбыстау:
1) дыбысты оқшаулау және оның көзін, орналасқан жерін сөзбен атау немесе оны сұқ саусағымен ымдап көрсету;
2) ойыншықтардың дыбысталуын есту арқылы ажырату;
3) қарама-қарсы сипаты бойынша ойыншықтардың дыбысталуын есту арқылы ажырату;
4) есту-көру арқылы ұсынылған тілдік емес дыбыстауды ажырату;
5) ара қашықтығы тұрақты арттырылған дыбыстауға деген реакциясы;
6) тілдік емес дыбыстауға деген реакциясы: шу және қоршаған ортағы дыбыстар, музыка, ән шырқау, жануарлар дауыстары;
7) музыкалық ойыншықтармен ұсынылған дыбыстық ынталандыруларға деген реакциясы, ойыншықтардың дыбысталуына тиісті қозғалыстармен дыбыс тіркестерін айту;
8) музыкалық ойыншықтармен ұсынылған дыбыстық ынталандыруларды, ойыншықтардың дыбысталуына тиісті қозғалыс ырғағымен дыбыс тіркестерін дәл айту;
9) тілдік емес дыбыстауға шартты-қозғалыс реакциясы.
31. Тілдік дыбыстау:
1) естіп-көру жәнеесту арқылы ұсынылған қарапайым нұсқаулар мен тапсырмаларды орындау;
2) есту арқылы дауысты, дауыссыз дыбыстарды айыру және дәл айту;
3) дыбысқа еліктеулерді дәл көрсету, естіп-көру жәнеесту арқылы айыру;
4) естужәне естіп-көру арқылы былдыр және толық сөздерді айыру;
5) ара қашықтығы тұрақты арттырылған тілдік дыбыстауға деген реакциясы(дыбыс күшейткішпен және жалаң құлаққа);
6) тілдік дыбыстауға шартты-қозғалыс реакциясы.
32. Ауызша сөйлеу тілін қалыптастыру:
1) дыбыстарды, буындарды және қысқа сөздерді артикуляциялау және қимыл-қоғалыспен қайталау;
2) дыбысқа еліктеулер, былдыр сөздер мен дыбыстарды дәл айту (шамамен, дыбыстық алмастыруларды пайдалану арқылы);
3) дауысты және дауыссыз дыбыстарды қоюда қолдануға болатын фонетикалық ырғақтық қимыл-қозғалыстары пайдалану;
4) дыбыстар мен буындарды қысқа және ұзақ айту;
5) фонетикалық ырғақтықтың көмегімен буындарды айту темпін өзгерту;
6) сөйлеудегі тыныс алуды және ұзақ ауызбен дем шығаруды бақылау;
7) фонетикалық ырғақтықтың көмегімен дауысты және дауыссыз дыбыстарды айту;
8) ауызша сөйлеу (айту) мүмкіндіктерінің деңгейіне қарай ауызша сөйлесу.
33. Күтілетін нәтижелер:
1) дыбыстарды, дыбысқа еліктеуді, былдыр мен толық сөздерді, дәл айтады;
2) естіп-көру жәнеесту арқылы ұсынылған қарапайым нұсқаулар мен тапсырмаларды орындайды;
3) тыңдау реакциясын көрсетеді;
4) фонетикалық ырғақтықтың көмегімен тілдік емес және тілдік дыбыстау темпін өзгертеді;
5) дыбыстау көзін, орналасқан жерін табады;
6) ауызша айту мүмкіндіктерінің деңгейіне қарай ауызша сөйлеседі;
7) дыбысқа еліктеулер, былдыр сөздерді таниды;
8) фонетикалық ырғақтықтың көмегімен дауысты және дауыссыз дыбыстарды айтады;
9) естіп-көру жәнеесту арқылыбылдырды, толық сөздерді айырады, ойыншықтардың дыбысталуын ажыратады;
10) ара қашықтығы тұрақты арттырылған тілдік емес және тілдік дыбыстауларға реакция білдіреді;
11) тұрмыстық дыбыстарды, қалалық және табиғи шуларды таниды.
7-параграф. 2 - жартыжылдық
34. Тілдік емес дыбыстау:
1) дыбысты оқшаулау және оның көзін, орналасқан жерін сөзбен атау немесе оны сұқ саусағымен ымдап көрсету;
2) есту арқылы дыбысталу ұзақтығын ажырату;
3) есту арқылы дыбысталу темпін ажырату;
4) қоршаған ортағы шынайы дыбыстарға деген реакциясы;
5) ара қашықтығы тұрақты арттырылған тілдік емес дыбыстауға деген реакциясы;
6) ұсынылған тілдік емес дыбыстық ынталандыруларға, тиісті қимыл- қозғалыс, дауыссыз және дауыс реакцияларын білдіру;
7) есту арқылы таңдау бойынша 3-4 музыкалық ойыншықтардың дыбысталуын ажырату.
35. Тілдік дыбыстау:
1) ұсынылған тілдік ынталандырулардың сипаттамасын сөздермен, дыбыс тіркестерімен, дауыспен дәл айту, көрсету;
2) дыбысқа еліктеулер, былдыр сөздерді тану;
3) дауыс шыққан жаққа бас немесе денені бұру;
4) былдырды, толық сөздерді, дыбысқа еліктеулерді естіп-көру және есту арқылы айыру;
5) естіп-көру және есту арқылы дауыстың қарқындылығын ажырату;
6) естіп-көру және есту арқылы дауыстың ұзақтығын ажырату;
7) ара қашықтығы тұрақты арттырылған (дербес) тілдік дыбыстауға деген реакциясы;
8) таныстарының, жақындарының дауыстырын тану.
36. Ауызша сөйлеу тілін қалыптастыру:
1) дыбыстарды, буындар мен қысқа сөздерді артикуляциялау және оны қимыл-қоғалыспен қайталау;
2) әртүрлі қарқынмен, түрлі қимылдардың сүйемелдеуімен буындарды айту;
3) толық сөздерді дәл айту (шамамен, дыбыстық алмастыруларды пайдалану арқылы);
4) екі сөзден тұратын сөз тіркестерін дәл айту (толық, толық емес, былдыр, дыбысқа еліктеу);
5) фонетикалық ырғақтықтың көмегімен буындарды айту темпін өзгерту;
6) фонетикалық ырғақтықтың көмегімен дауыс күшін өзгерту;
7) фонетикалық ырғақтықтың көмегімен бір буындық қатардан, екінші буындық қатарды бөліп, айыру;
8) кемінде 3 дауысты дыбысты айту;
9) кемінде 3 дауыссыз дыбысты айту;
10) фонетикалық ырғақтықтың көмегімен буындарды бірге қосып айту.
37. Күтілетін нәтижелер:
1) ұсынылған ынталандырулардың сипаттамасын дәл айтады, көрсетеді;
2) толық сөздерді әр түрлі тәсілдермен дәл айтады;
3) екі сөзден тұратын сөз тіркестерін дәл айтады;
4) фонетикалық ырғақтықтың көмегімен дауыс күшін өзгертеді;
5) фонетикалық ырғақтықтың көмегімен буындарды айту темпін өзгертеді;
6) есту арқылы дыбысқа еліктеулер, былдыр сөздерді таниды;
7) фонетикалық ырғақтықтың көмегімен бір буындық қатарды, екінші буындық қатардан бөліп, айырады;
8) дауыс шыққан жаққа бұрылады;
9) кемінде 3 дауысты, дауыссыз дыбыстарды айтады;
10) есту арқылы дыбысталу ұзақтығын ажыратады;
11) есту арқылы таңдау бойынша 3-4 музыкалық ойыншықтардың дыбысталуын ажыратады;
12) есту арқылы дыбысталу темпін ажыратады;
13) естіп-көру және есту арқылы былдырды, толық сөздерді, дыбысқа еліктеулерді ажыратады;
14) естіп-көру және есту арқылы дауыстың қарқындылығын ажыратады;
15) таныстарының, жақындарының дауыстырын таниды.
3-тарау. Екінші кіші топ (3-4 жастағы балалар)
1-параграф. "Коммуникация" білім беру саласы
38. "Коммуникация" білім беру саласының базалық мазмұны - тіл дамыту, есту арқылы қабылдау мен айтуды қалыптастыруды дамыту арнайы түзеу оқу қызметінде іске асырылады.
2-параграф. Тіл дамыту
39. Екінші оқу жылында, егер балаларды оқытуды 2 жастан бастаса,оларды кестеде жазылған сөздерді танып оқуға, педагогтар айтатын сөздер мен сөйлемшелерді естіп-көріп қабылдауға, нақты сөйлеу жағдайларда ұсынылатын тілдік материалдыөз бетінше шамамен жақын көрсетілген және жақын ұштасқан түрде айтуға үйретеді.Дактиль сөздерді меңгеруге дайындық жұмыстары жүргізіледі.
40. Егер балаларды оқыту 3 жастан басталса,онда бағдарламаның бірінші оқу жылыныңмазмұнынжоспарлау кезінде тіл дамыту жұмыстары жүзеге асырылады және 2-ші оқу жылындабалалардың есту, сөйлеу және интеллектуалды даму деңгейі ескеріледі.
41. Тақырыптық топтамалар бойынша сөздік іс-қимыл, қасиеттері, сапа, кеңістікте орналасқан заттардыңатауларыныңсанын ұлғайту есебіненкеңейеді (сын есім, үстеу, етістіктің түрлері).
3-параграф. 1 - жартыжылдық
42. Қатынас:
1) заттың қимылын бақылау, заттарға деген өзінің қатынасын білдіру;
2) қатынас (коммуникация) процесін бақылау: мимика (бет қимылы), пантомимика, артикуляциялық аппаратының қозғалысы, көзқарас арқылы білдіру, заттық әрекет, дене қалпын өзгерту;
3) "сөйлейтін", "дыбысталатын" ойыншықтарға қызығушылығын ояту, мультфильмдер көрсету, әндер мен әуендерді тыңдау;
4) бірлескен әрекет ету барысында тілдесуге деген қызығушылық, ересектермен байланыс жасауға ынталандыру;
5) құрдастарымен қатынас жасауға ынталандыру, ойын барысында ауызша сөйлеу тілін қолдану;
6) айналадағылардың сөйлеу тілін мұқият тыңдау, сөйлеп тұрған адамның жүзіне тұра қарау;
7) сөйлесу барысында көрсетілетін жауап реакциялары:мақұлдап немесе қарсы бас изеу; қолмен тиісті қимыл жасау;дауыстық реакция, сөйлеу тіліне еліктеу, дауысты дыбыстарды айту, жекелеген дыбыстарды ұштастыру.
43. Қабылдау /сөйлеу тілін түсіну:
1) есту арқылы ауызша, ауызша-жазбаша түрде тапсырмаларды орындау;
2) енжар сөздік қорын зат есімдермен толықтыру, айналасындағы заттарды атау;
3) енжар сөздік қорын етістіктермен сын есімдермен толықтыру;
4) енжар сөздік қорын есімдіктермен толықтыру;
5) үстеудің, септеуліктердің, сын есімдердің мәнін түсіну;
6) уақытты және кеңістіктікті білдіретін сөздердің мәнін түсіну;
7) бүтін сөйлемшелердің мәнін түсіну;
8) сұрақтардың мағынасын түсіну, сұрақтарға жауап беру (қысқаша, толық жауаптар);
9) сұрақтарды түсіну және есту арқылы ауызша, ауызша-жазбаша түрде сұрақтарға жауап беру;
10) сабақта орындалған тапсырмаларды есту арқылы ажырату (балалардың есту мүмкіндіктерін, жеке дара ерекшеліктерін ескеру);
11) есту-көру және есту арқылы таныс сөздер мен қарапайым сөйлемдердіажырату (тапсырма, сұрақтар);
12) есту-көрутүйсігі арқылы тілдік қатынас құралдарын қабылдау;
13) тиісті кестеге сәйкес заттар немесе суреттерді ауызша айту арқылы тану; тек ауызша айту немесе кесте бойынша тану;
14) тек ауызша белгілері бойынша нысанды табу білігі;
15) жекеше және көпше түрдегі зат есімдерді сәйкестендіру, салыстыру.
44. Айтылым:
1) тиісті 2-4 кестеден көрсету арқылы өтініш, тілектері, хабарлама, сұрақтары туралы (шамамен) ауызша жеткізу;
2) сөйлеу тілінде сын есімдер мен үстеуді пайдалану;
3) затты атағанда сөзнемесе қысқа сөз тіркестерібаспа әріптермен жазылған кестелермен бірге көрсетіп айту;
4) заттардың сапасын, қасиеттерін білдіретін сөздерді, іс-әрекеттерді атайды (сын есім, үстеу);
5) сөздерді шамамен жақын көрсетілген түрде фонетикалық ырғақ арқылы айту;
6) айналасындағылардың мимикасына (бет қимылы), пантомимикасына, артикуляциясына еліктеу;
7) сөздер мен сөз тіркестерін шамамен жақын көрсетілген түрде және шамамен жақын ұштасқан түрде айту;
8) тұрмыстық іс-әрекеттерді сөйлеу тілімен сүйемелдеу(ұштастыру);
9) сөздерді шамамен жақын ұштасқан түрде фонетикалық ырғақ арқылы айту;
10) "сөйлейтін" ойыншықтарға қызығушылығын ояту;
11) адамдардың, жануарлардың, заттардың, бейнелерінен тану, айту;
12) саусақтарға арналған жаттығулар орындау (дактилемалардың үйлесімі);
13) кестелердің көмегімен ауызша, ауызша-дактилді заттарды, іс-әрекеттерді атау.
45. Оқылым:
1) үлгі бойынша дактилемаларды еске түсіріп көрсету;
2) қол саусақтары, білезігіне арналған жаттығулар мен заттық әрекеттерді орындау (дактилге дайындау);
3) танып оқу (кестеде жазылған сөздерді танып, көрсету): Әртүрлі тақырыптық топтамалардан заттарды көрсету; іс-әрекет, сұрақтар;
4) қазақ әліппиіндегі әріптермен танысу;
5) заттарға немесе суреттерге қатысты табличкаларды іріктеп, сәйкестендіру, оқу (танып оқу);
6) кітаптағы иллюстрацияларды көрсету;
7) өз бетінше қарапайым фразалар мен сөздерді дактилдеу;
8) үлгі бойынша қима әліппиден сөздер құрастыру;
9) тек ауызша немесе жазбаша белгілері бойынша объектіні (затты) табу білігі (кестеге қарап).
46. Күтілетін нәтижелер:
1) үлгі бойынша сөздерді дактилдің көмегімен көрсетеді;
2) сөйлеу тілін қолдану арқылы ересектермен, құрдастарымен қатынас жасайды;
3) есту арқылы ауызша, ауызша-жазбаша түрде тапсырмаларды орындайды;
4) тиісті 2-4 кестеден көрсету арқылы өтініш, тілектері, хабарлама, сұрақтары туралы (шамамен) ауызша жеткізеді;
5) қазақ әліппиіндегі әріптерді таниды;
6) сөйлеу тілінде сын есімдер мен үстеуді пайдаланады;
7) сөздер мен сөйлемшелерді баспа әріптермен жазылған тиісті кестені көрсету арқылы айтады;
8) үндеуге әртүрлі тәсілдермен жауап береді;
9) айналасындағылардың мимикасына (бет қимылы), пантомимикасына, артикуляциясына еліктейді;
10) қойылған сұрақтардың мағынасын түсініп, сұрақтарға ауызша, ауызша-жазбаша түрде жауап береді;
11) маңызы бар 2-3 сөзден тұратын сөйлемшелердің мағынасын түсінеді;
12) өз бетінше қарапайым фразалар мен сөздерді дактилдейді;
13) тұрмыстық іс-әрекеттерді шынайы, эмоционалды көркемдеп айтады (хабарлама, сұрақ, түрткі);
14) үлгі бойынша қима әліппиден сөздер құрастырады;
15) айналасындағы объекті (затты) бейнесі бойынша таниды, айтады.
4-параграф. 2 -жартыжылдық
47. Қатынас:
1) тілдік қатынасқа деген қажеттілікті сөйлеу тілі арқылы білдіру;
2) сөйлесу барысында көрсетілетін жауап реакциялары: мақұлдап немесе қарсы бас изеу, қолмен тиісті қимыл жасау, дауыстық реакция, сөйлеу тіліне еліктеу, дауысты дыбыстарды айту, жекелеген дыбыстарды ұштастыру;
3) тілдесім (коммуникация) процесін бақылау: мимика (бет қимылы), пантомимика, артикуляциялық аппаратының қозғалысы, көзқарас арқылы білдіру, заттық әрекет, дене қалпын өзгерту;
4) бірлескен әрекет ету барысында тілдесуге деген қызығушылық, ересектермен байланыс жасауға ынталандыру;
5) құрдастарымен тілік қатынас жасауға ынталандыру;
6) ойын барысында ауызша сөйлеу тілін қолдан;
7) айналадағылардың сөйлеу тілін мұқият тыңдау, сөйлеп тұрған адамның жүзіне тұра қарау;
8) сұрақ қою біліктілігі;
9) затпен және заттарды қатыстырмай тапсырмаларды орындау білу;
10) қарапайым тапсырмаларды жеткізе білу.
48. Қабылдау /сөйлеу тілін түсіну:
1) енжар сөздік қорын сан есімдермен үстеу, есімдік, сан есім, септеуліктермен толықтыру;
2) ашық райдағы етістіктерді түсіну;
3) жіктеу есімдігін (мен), тәуелдеу есімдігін (менің) түсіну;
4) жекеше және көпше түрдегі зат есімдердің мағынасын түсіну;
5) жалпылама сөздердің мәнін, заттардың бөлікшетерін білдіретін сөздердің мағынасын түсіну;
6) оқиғалар,қалайтын іс-әрекеттері, отбасы туралы сұрақтардың мағынасын түсіну,сұрақтарға жауап беру;
7) 2-4 сөзден тұратын сөйлемшелердің мәнін түсіну;
8) дыбыс, графема, артикулемалардың байланысын түсіну;
9) есту-көру және есту арқылы таныс сөздер мен сөз тіркестерін ажырату;
10) әуен, ән тыңдауға,мультфильмдер көруге деген қызығушылығын ынталандыру;
11) сөздегі бастапқы дауысты дыбысты табу білігі.
49. Айтылым:
1) тиісті 2-3 кестеден көрсету арқылы өтініш, тілектері, хабарлама, сұрақтары туралы (шамамен) ауызша жеткізеді;
2) заттарды атауларына байланысты топтау (жалпылау);
3) заттардың сапасын, қасиеттерін іс-әрекеттерді білдіретін сөздерді, есімдіктерді,септеуліктерді атайды;
4) сұрақтардың көмегімен заттарды немесе суреттерді суреттеу;
5) кестелердің көмегімен заттарды немесе суреттерді суреттеу;
6) айналасындағылардың артикуляциясына, мимикасына и пантомимикасына еліктеу;
7) шамамен сөздер мен фразаларды байланыстырып, біріктіріп айту;
8) шамамен сөздер мен фразаларды бейнелі көрсетіп айту;
9) тұрмыстық іс-әрекеттерді шынайы, эмоционалды көркемдеп айту;
10) толықтауышы бар жайылма сөйлем құрастыру;
11) сұрақтардың көмегімен сөйлемше құрастыру (кестеде, тақтаға жазылған сөздер арқылы);
12) адамдардың бір-бірімен заттарды, құбылыстарды іс-әрекетерді салыстыру білігі;
13) ауызша белгілері немесе кестелер бойынша заттар мен бейнелерді тану;
14) сұраулы сөйлемдерді қолдану;
15) сөйлеуде бұйрық райда етістіктерді енгізе отырып, жекеше, көпше түрде қолдана білу.
50. Оқылым және жазылым:
1) кітаптағы білетін сөздер мен фразаларды танып оқу;
2) танып оқу (кестеде жазылған сөздерді танып, көрсету): Әртүрлі тақырыптық топтамалардан заттарды көрсету; іс-әрекет, сұрақтар;
3) жазылған суреттерге қарап білетін сөздерді танып оқу;
4) қазақ әліппиіндегі әріптермен танысу;
5) ауада, тақтаға, қағазға баспа әріптермен балалардың аттарын жазу;
6) заттарға немесе суреттерге қатысты табличкаларды іріктеп, сәйкестендіру, оқу (танып оқу);
7) қима әріптерден балалардың аттарын құрастырып жазу;
8) үлгі бойынша қима әріптерден сөздер құрастыру;
9) кестеде берілген сөздерді таңдап суретке сәйкестендіріп құрау;
10) 2-3 қатардағы дауыстылардан бірізділікпен дауысты дыбыстарды атау білігі;
11) қолды жазуға дайындауға арналған жаттығулар;
12) өз бетінше фразалар мен сөздерді ауызша-дактилді формада айту.
51. Күтілетін нәтижелер:
1) сөздің дыбыстық құрылымын талдайды;
2) тиісті 2-3 кестеден көрсету арқылы өтініш, тілектері, хабарлама, сұрақтары туралы (шамамен) ауызша жеткізеді;
3) әртүрлі тақырыптық топтамалардан заттардың атын танып оқиды, іс-әрекетке, суретке қатысты сұрақтар;
4) заттарды атауларына байланысты топтайды (жалпылау);
5) қазақ әліппиіндегі әріптерді таныйды;
6) табличкалар мен сұрақтардың көмегімен заттарды немесе суреттерді суреттейді;
7) қойылған сұраққа жауап береді;
8) тапсырманы айтып жеткізеді;
9) ауада, тақтаға, қағазға баспа әріптермен балалардың аттарын жазады;
10) айналасындағылардың артикуляциясына, мимикасына и пантомимикасына еліктейді;
11) ашық райда етістіктерді енгізе отырып, жекеше, көпше түрде қолдана білуді түсінеді;
12) жекеше және көпше түрдегі зат есімдердің мағынасын түсінеді;
13) есімдік, шылау, заттардың сапасын, қасиеттерін білдіретін сөздерді, іс-әрекеттерді түсініп, қолданады;
14) ауызша белгілері бойынша 2-3 сөзден тұратын сөз тікестері мен фразаларды түсініп айтады;
15) қима әріптерден сөздерді құрастырып жазады;
16) тұрмыстық іс-әрекеттерді шынайы, эмоционалды көркемдеп айтады;
17) сұрақтардың көмегімен сөйлемшелер құрастырады;
18) кестеден 100 сөзге дейін (зат есім, етістік, сын есім, үстеу, сан есім), 20-25 тапсырма, сұрақ, хабарламаны таниды;
19) ауызша белгілері немесе кестелер бойынша заттар мен бейнелерді таниды.
5-параграф. Есту арқылы қабылдау мен айтуды қалыптастыруды дамыту
52. Сөздік екпінді бөлу үшін әр түрлі жаттығулар өткізіледі, оны орындау барысында балалар буындарды айта отырып, шапалақ ұрады, ритмді қағады, дирижерлік етеді.
53. Есту қабілетінің елеулі төмендеуі бар балалардың ауызша сөйлеу тілі бір саздылығымен, ырғақсыздығымен ерекшеленеді, сондықтан оқудың екінші жылында сөйлеу тілінің ырғақ қатарымен жұмысты ең алдымен табиғи, сондай-ақ арнайы ұйымдастырылған жағдайды пайдалана отырып, еліктеу негізінде мақсатты түрде басталады.
6-параграф. 1 - жартыжылдық
54. Тілдік емес дыбыстау:
1) екі буынды ырғақтарды дәл айту;
2) есту және естіп-көру негізінде 3-4 дыбыстаулардың санын анықтау;
3) есту арқылы таңдау бойынша музыкалық ойыншықтардың дыбыстауларын ажырату;
4) есту арқылы дыбысталу темпін ажырату;
5) ара қашықтығы тұрақты арттырылған тілдік емес дыбыстауға деген реакциясы (жалаң құлаққа);
6) баланың немесе педагогтің дауыспен, қимыл - қозғалысымен нені бейнелеп, көрсеткенін табу.
55. Тілдік дыбыстау:
1) дыбыс қатарынан дауысты дыбыстарды бөлу;
2) дыбыс қатарынан дауыссыз дыбыстарды бөлу;
3) есту арқылы тапсырмалар мен нұсқауларды орындау;
4) есту арқылы толық сөздерді тану;
5) есту арқылы сөз тіркестерін тану;
6) есту арқылы дыбысқа еліктеулерді, былдыр сөздерді тану;
7) қарама-қарсылық принципі бойынша дауысты дыбыстарды ажырату;
8) артикуляциялануы бойынша ұқсас дауысты дыбыстарды ажырату;
9) есту арқылыдыбысқа еліктеулерді, былдыр және толық сөздерді айыру (2-3 таңдау бойынша);
10) есту арқылы 2 таңдау бойынша қысқа сөз тіркестерін табу;
11) ашық буында артикуляциялануы бойынша ерекшеленетін дауыссыз дыбыстарды ажырату;
12) дыбыстың шығу орнынан ара қашықтығы тұрақты арттырылған тілдік сигналға деген реакциясы (жалаң құлаққа);
13) буынды бірқатардан бір буынды бөлу.
56. Ауызша сөйлеу тілін қалыптастыру:
1) буындар мен сөздер материалында дауысты дыбыстарды машықтандыру (автоматтандыру);
2) буындар мен сөздер материалында дауыссыз дыбыстарды машықтандыру (автоматтандыру);
3) дыбыстарды, буындарды және қысқа сөздерді артикуляциялау және қимыл-қоғалыспен қайталау;
4) буын, сөз, (сөздің бөлшегі) ұғымдарын меңгеру және осы түсініктерді пайдалану білігі;
5) әр түрлі темпен, түрлі қимылдардың сүйемелдеуімен буындарды айту.
6) буындар мен сөздер материалында дауысты дыбыстарды айыру (дифференциациялау);
7) еліктеу арқылы дауыс биіктігін өзгерту;
8) эмоциялық жай-күйлерді, адамдарға тән мінездерді, жануарлардың қылықтарын ұқсатырып көрсету;
9) әр түрлі сезімдерді тек дауыспен емес, ым-ишаратпен, дене қимылымен, табиғи ым-ишаралармен көрсету;
10) еліктеу арқылы қалыпты, жоғары, төмен дауыс биіктігімен дауысты дыбыстар мен буындарды айту;
11) І концентр бойынша дауысты, дауыссыз дыбыстарды айту;
12) фонетикалық ырғақтықтың көмегімен айту темпін өзгертіп қалыпты, тез және баяу қарқынмен буындарды айту;
13) екі сөзден тұратын сөз тіркестерін айту;
14) фонетикалық ырғақтықтың көмегімен буындарды бірге қосып айту;
15) сөздік екпінді сақтау;
16) көру арқылы екі, үшбуынды ашық буындардан тұратын сөздерге ырғақтық сипаттама беру білігі;
17) берілген дыбысқа сөздер таңдау білігі.
57. Күтілетін нәтижелер:
1) екі буынды ырғақтарды дәл айтады;
2) әртүрлі темпен, түрлі қимылдардың сүйемелдеуімен буындарды айтады;
3) сөздегі екпінді буынды сақтап айтады;
4) есту және естіп-көру арқылы тапсырмалар мен нұсқауларды орындайды;
5) дауыс биіктігін өзгертеді;
6) эмоционалдық жай-күйлерді, адамдарға тән мінездерді, жануарлардың қылықтарын ұқсатып көрсетеді;
7) әртүрлі сезімдерді көрсетеді;
8) қоршаған ортағы дыбыстарды таниды;
9) алаң құлақпен);
10) есту арқылы толық сөздерді, сөз тіркестерін таниды;
11) есту және естіп-көру негізінде шамамен 3дыбыстаудың санын анықтайды;
12) бір дем шығаруда 2-3 толық сөздерден тұратын сөз тіркестерін айтады;
13) есту арқылыдыбысқа еліктеулерді, былдыр және толық сөздерді ажыратады (2-3 таңдау бойынша);
14) есту арқылы 3-4-тен таңдау бойынша музыкалық ойыншықтардың дыбысталуын ажыратады (дыбыс күшейткіш құралмен және жалаң құлақпен);
15) есту арқылы 2-ден таңдау бойынша қысқа сөз тіркестерін ажыратады (дыбыс күшейткіш құралмен және жалаң құлақпен);
16) есту арқылы дыбысталу темпін ажыратады (дыбыс күшейткіш құралмен және жалаң құлақпен);
17) баланың немесе педагогтің дауыспен, қимыл - қозғалысымен нені бейнелеп, көрсеткенін табады.
7-параграф. 2 - жартыжылдық
58. Тілдік емес дыбыстау:
1) дыбыстаудың сипатын айтады;
2) есту және естіп-көру негізінде 4 дыбыстаулардың санын анықтау;
3) жануарлардың дауыстарын ажырату;
4) есту арқылы 4-тен таңдау бойынша музыкалық ойыншықтардың дыбыстауларын ажырату;
5) әртүрлі дыбыстаулардың сипатын ажырату (темпі, биіктігі, ұзақтығы, күші, саны);
6) таныс әндерді тану.
59. Тілдік дыбыстау:
1) есту арқылы тапсырмалар мен нұсқауларды орындау;
2) есту арқылы қысқа сөз тіркестерін тану;
3) есту арқылы толық сөздер мен сөз тіркестерін тану;
4) ересектер мен балалардың дауыстарын тану;
5) дыбыстың шығу орнынан ара қашықтығы тұрақты арттырылған тілдік материалды тану, ажырату (дыбыс күшейткіш құралмен және жалаң құлақпен);
6) есту арқылы 2-ден таңдау бойынша қысқа сөз тіркестерін ажырату;
7) буынды бірқатардан бір буынды бөлу.
60. Ауызша сөйлеу тілін қалыптастыру:
1) буындар мен сөздер материалында дауысты дыбыстарды машықтандыру (автоматтандыру);
2) буындар мен сөздер материалында дауыссыз дыбыстарды машықтандыру (автоматтандыру);
3) жағдаятты, дауысты дыбыстар, қарапайым буындармен қоса дене қимылымен, мимикамен, табиғи ым-ишаралармен көрсету;
4) буындар мен сөздер материалында дауысты дыбыстарды айыру (дифференциациялау);
5) 4-тен кем емес дауысты дыбыстарды айту;
6) 7-ден кем емес дауыссыз дыбыстарды айту;
7) сөздерді айту (толық, жақын және толық емес);
8) сөйлеудегі тыныс алуды және ұзақ ауызбен дем шығаруды бақылау;
9) сөздік екпінді сақтау;
10) көру арқылы бірбуынды сөздерге ырғақтық сипаттама беру білігі.
61. Күтілетін нәтижелер:
1) дыбыстаудың сипатын айтады;
2) есту арқылы нұсқаулар мен тапсырмаларды орындайды;
3) жағдаятты дене қимылымен, мимикамен, табиғи ым-ишаралармен көрсетеді;
4) есту арқылытолық сөздерді, сөз тіркестерін қысқа сөйлемшелерді ажыратады;
5) есту және естіп-көру негізінде 4 дыбыстаулардың санын анықтайды;
6) кемінде 4 дауысты, 7дауыссыз дыбыстарды айтады;
7) сөздерді толық, жақын айтады;
8) ересектердің, балалардың, жануарлардың дауыстарын ажыратады;
9) тұрақты ара қашықтығы арттырылған тілдік дыбыстауларға реакция білдіреді;
10) есту арқылы таңдау бойынша 4-тен музыкалық ойыншықтардың дыбысталуын ажыратады;
11) есту арқылы 2-ден таңдау бойынша қысқа сөз тіркестерін айтады;
12) әртүрлі дыбыстаулардың сипатын ажыратады (қарқыны/темпі, биіктігі, ұзақтығы, күші, саны);
13) сөздегі екпінді сақтап айтады;
14) таныс әндердітаниды.
4-тарау.Ортаңғы топ (4-5 жастағы балалар)
1-параграф. "Коммуникация" білім беру саласы
62. "Коммуникация" білім беру саласының базалық мазмұны - тіл дамыту, есту арқылы қабылдау мен айтуды қалыптастыруды дамыту арнайы түзеу оқу қызметінде іске асырылады.
2-параграф. Тіл дамыту
63. Оқытудың 3-жылында балаларды: кітапта, тақтада, қағазда, кестеде баспа әріптермен жазылған сөздерді дактилді талдап оқуға;меңгерілген тілдік материалдың дыбыстық-әріптік белгілерінің құрамынбекіту үшін ауызша-дактилдеп айтуға;ауызша сөйлеу тілін қолдануғаүйретеді.
64. Нашар еститін балаларға арналған топтарда сөйлеу тілінің дактилді түрі талдап оқуды меңгеру процесіндегі сөздің дыбыстық-әріптік құрамын нақтылау үшін,көмекші құрал ретінде пайдаланылады.
65. Тақырыптық топтамалар бойынша сөздік іс-қимыл, қасиеттері, сапа, кеңістікте орналасқан заттардың атауларының санын ұлғайту есебінен кеңейеді (сын есім, үстеу, етістіктің түрлері). Сөздіктің көлемін ұлғайту жекелеген іс-әрекеттерді нақтылау, талдау есебінен жүргізіледі.
3-параграф. 1 - жартыжылдық
66. Қатынас:
1) әңгімелесушіні мұқият тыңдайды;
2) сөйлеу этикетінің ережелерінбіледі;
3) бейтаныс адамдармен сөйлесу;
4) бейтаныс еститін балалармен тілдесу;
5) заттарды, суреттерді, топтағы құрдастарымен болған оқиғаларды талқылау (табличкалар, педагогтың көмегімен);
6) дербес сәлемдесу және әр түрлі жағдайларда қоштасу;
7) әңгіме барысында кезектілік сақтау немесе сөйлеу үшін төзімділік танытып, өз кезегін күту;
8) ауызша немесе ауызша-дактилді формада жасаған әрекеті туралы хабарлау;
9) ауызша сөйлеу тілі арқылы қатынасқа түсуге тырысады;
10) ойын жағдайын "сөйлету" білігі және осы негізде сөйлеу тілінің коммуникативтік қызметін дамыту;
11) сұрақтарға қысқаша және толық жауап беруді білу, сұрақтар қою, диалог жүргізу, бір-бірін соңына дейін тыңдау;
12) танысу-әңгімеге қатысу.
67. Қабылдау /сөйлеу тілін түсіну:
1) үлгі бойынша етістіктерді қолданып бейнелік, заттық әрекеттерді орындау;
2) ауызша нұсқау бойынша бейнелік, заттық әрекеттерді (бұйрық райда) орындау;
3) тапсырмаларды орындау;
4) заттарды, суреттерді атауы, дыбысталуы бойынша топтастыру;
5) ауызша немесе ауызша-дактилді формадасұрақтарға жауап беру;
6) жалпылама сөздердің мағынасын түсінеді;
7) етістіктерді қарама-қарсы мәні бойынша ажырату;
8) сын есімдерді, қарама-қарсы мәні бойынша ажырату;
9) 3-4 сөзден тұратын сөйлемшелердің мәнін түсіну;
10) сұраулы, мақұлданған, лепті интонацияларды түсіну, ажырату;
11) мәтіндегі себеп-салдарлық байланыстарды түсіну, сұрақтарға жауап беру;
12) етістіктің осы және өткен шақтағы мәндерін ажырату;
13) сөздердің жекеше, көпше түрдегі мәндерін ажырату;
14) ертегілер, әңгімелер, өлеңдер тыңдау;
15) етістіктің жекеше, көпше түрін осы және өткен шақта зат есіммен үйлестіру;
16) жіктеу есімдігін түсіну;
17) тәуелдеу есімдігін түсіну;
18) тәуелдеу есімдіктерді түсіну;
19) септеу сұрақтарын түсіну.
68. Айтылым:
1) жалпы топтан берілген заттар мен олардың суреттерін тауып айтылған орынға орналастыру;
2) жалпылама қолданылатын сөйлеу түрлерінде қарапайым сөздерді және дыбыстық еліктеулерді алмастыру;
3) қысқа мәтінді, өлең шумақтарын жатқа оқу;
4) жіктеу және тәуелдеу есімдігін қолдану;
5) енжар сөздік қорынан заттың атын, іс-әрекетін білдіретін жаңа сөздерді қолдану;
6) тәуелдеу есімдігін қолдану;
7) сөйлемнің әртүрлі типтерін қолдану;
8) тілдік қатынаста өз қалауын білдіру үшін ауызша, ауызша-дактилді, жазбаша сөйлеу тілін қолдану (сұрақтар, түрткі салу, хабарлама, келіспеу);
9) іс-әрекетін, қасиеттері мен сапасын, есімдерін, септеуліктерін, санын білдіретін таныс заттарды атау;
10) заттардың атын оларға кестеде жазылған сөздер мен қысқа фразаларды қою арқылы атау;
11) бірнеше сөйлемді біріктіріп, қысқа әңгіме құрау;
12) сұрақтар бойынша заттар мен суреттерді ересектердің көмегімен суреттеу;
13) заттар мен суреттегі заттардың бейнесін, іс - қимылды суреттеу;
14) сюжетті суреттерді сипаттау;
15) сөйлеуде жеке сөздерге бөлмей толық фразаларды қолданып жауап беру (сұрақ-жауап);
16) тапсырманы орындау туралы есеп беру;
17) таныс заттар мен суреттерге кестені сәйкестендіріп шамалап айту;
18) сөздерді, фразаларды байланыстырып, біріктіріп сөздерді бейнелі көрсетіп шамалап айту;
19) үйде, серуенде, топтағы жағдаяттар туралы әңгімелеу (3-4 сөйлем);
20) тұрмыстық іс-әрекеттерді шынайы, эмоционалды көркемдеп айту (хабарлама, сұрақтар, түрткі салу);
21) суреттер, сұрақтар, іс-әрекеттер бойынша көмекші сөздер (жанында, қасында, астында, үстінде) көмегімен жалаң және жайылма сөйлем құрау;
22) сөйлеуде жалпылама сөздерді қолдану;
23) етістікті ашық райда осы және өткен шақта қолдану;
24) зат есімді жекеше, көпше түрде қолдану.
69. Оқылым және жазылым:
1) фразаларды, сөз тіркестерін, сөздерді талдап (дактилдеп) оқу (кестеде жазылған сөздер);
2) қысқа әңгімелерді драмалау (3-4 сөйлеммен);
3) сөздерді дыбыстық талдау-жинақтау;
4) берілген мәтінге байланысты сұрақтарға жауап беру;
5) өзі туралы мәліметтерді баспа әріптермен жазу;
6) оқылған мәтінге қатысты суреттерді таңдау (3-4 сөйлем);
7) өз бетінше қысқа сөздерді талдап (дактилдеп) оқу;
8) заттық немесе ілеспе суреттерге қарап 2-3 сөйлемнен тұратын мәтін құрау және оқу (кестенің көмегімен берілген сұрақтар бойынша);
9) ілеспе суреттер бойынша (3-4 сөйлем) әңгіме құрау (таныс сөздер беріледі);
10) қима әріптерден сөздер құрастыру;
11) кітаптағы жазылған суреттерге қарап білетін 2-4 сөздерді, фразаларды тану;
12) кітаптан мәтін оқу, оқыған мәтінді драмалау, суреттерді таңдау (3- 4 сөйлем).
70. Күтілетін нәтижелер:
1) бейтаныс ересек адамдармен, балалармен сөйлеседі;
2) мәтіндегі себеп-салдарлық байланыстарды бөліп көрсетеді, сұрақтарға жауап береді;
3) тапсырманы орындайды, есеп береді;
4) үлкендердің көмегімен қысқа әңгімелерді драмалайды (3-4 сөйлеммен);
5) іс-әрекетін, қасиеттері мен сапасын, есімдерін, септеуліктерін, санын білдіретін таныс заттарды атайды;
6) топтағы құрдастарымен болған оқиғаларды талқылайды;
7) сұрақтар бойынша заттар мен суреттерді ересектердің көмегімен сөз тізбесімен суреттейді;
8) сөйлеуде жеке сөздерге бөлмей толық фразаларды қолданып жауап береді;
9) өзі туралы мәліметтерді баспа әріптермен жазады;
10) оқылған мәтінге қатысты суреттерді таңдайды;
11) жалпылама сөздердің, 3-4 сөзден тұратын фразалардың мағынасын түсінеді;
12) сұраулы, мақұлданған, лепті интонацияларды ажыратады;
13) үйде, серуенде, топтағы жағдаяттар туралы әңгімелейді;
14) өз бетінше қысқа сөздерді талдап (дактилдеп) оқиды;
15) дербес сәлемдеседі, қоштасады;
16) ертегі, өлең, әңгімелерді тыңдайды;
17) ауызша немесе дактилді формада жасаған әрекеті туралы хабарлайды;
18) суретке қима әріптерден сөздер құрастырады;
19) заттық немесе ілеспе (сюжетті) суреттерге қарап 2-3 сөйлемнен тұратын мәтін құрайды;
20) сөйлеуде жалпылама сөздерді қолданады;
21) етістікті ашық райда осы және өткен шақта қолданады;
22) зат есімді жекеше, көпше түрде қолданады;
23) танысу-әңгімеге қатысады;
24) қысқа мәтіндерді талдап (дактилдеп) оқиды.
4-параграф. 2 - жартыжылдық
71. Қатынас:
1) екі құрамдас тапсырмаларды орындау (бұйрық райда етістіктерді енгізе отырып);
2) ауызша, ауызша-дактилді, жазбаша сөйлеу түрлерін түрлі коммуникативтік қажеттілік үшін қолдану (сұрақтар, түрткі салу, хабарлама, теріске шығару);
3) бір-біріне тапсырма беру;
4) өзі туралы әңгімелеу;
5) сұрақ қою біліктілігі;
6) ойын жағдайын "сөйлету" білігі және осы негізде сөйлеу тілінің коммуникативтік қызметін дамыту.
72. Қабылдау /сөйлеу тілін түсіну:
1) мазмұны бойынша қысқа әңгімелерді, өлеңдерді қабылдау;
2) жекеше және көпше түрдегі сөздердің мағынасын түсіну;
3) мазмұны бойынша қысқа әңгімелерді, өлеңдерді түсіну;
4) заттардың тәуелді тиістілігіне байланысты түсіну;
5) кішірейту, еркелету сөздерінің мәнін түсіну;
6) жеке-жеке сөздерге бөлмей толық сөйлемшелерді түсіну;
7) кеңістіктік қатынастарды білдіретін үстеу және септеуліктерді түсіну;
8) жекеше және көпше түрдегі зат есімдерді ажырату;
9) өз бетінше оқиғалар, жаңалықтар туралы хабарлау;
10) 3-4 сөйлемшеден тұратын байланыстырып әңгімелеуді естіп-көріп қабылдау (суреттерге сүйеніп, сөздерді таңдау бойынша дактилдеу);
11) шығарма кейіпкелерімен бірге әсерлену, олардың әрекеттеріне қатынасын білдіру;
12) заттарды сипаттау бойынша тану (2-4 сөйлем).
73. Айтылым:
1) зат есімнің көпше түрін қолдану;
2) сөзжасамның кейбір тәсілдерін қолдану;
3) енжар сөздік қорынан заттың атын, іс әрекетін, құрамын, сапасын, санын, есімін, орнын білдіретін жаңа сөздерді қолдану;
4) сөйлемнің әртүрлі типтерін қолдану;
5) тілдік жаттығуларды, дидактикалық ойындарды өткізу барысында тілдік қатынаста өз қалауын білдіру үшін (сұрақтар, түрткі салу, хабарлама, келіспеу) ауызша, ауызша-дактилді, жазбаша сөйлеу тілін қолдану;
6) заттардың атын атау және олардың бейнесін сипаттау, кестемен сәйкестендіру;
7) сюжетті суреттерді 2-3 сөз тізбегімен сипаттау;
8) сұрақтарға 2-3 сөзден тұратын сөз тізбегімен жауап беру;
9) тәжірибеде сөзді өзгерту, сөзжасам, сөйлем құрау үлгілерімен танысу;
10) заттарды, суреттерді толық сипаттау;
11) өз бетімен сұрақ қою;
12) белгілі тақырыпта әңгімелесу барысында қолдау білігі (2-3 тақырыпқа байланысты сұрақтар);
13) зат есім мен етістікті, зат есім мен сын есімді жалғау арқылы тіркестендіру;
14) сұраулы сөйлемдерді әңгімелесу барысында қолдану;
15) сыпайы сөздерді қолдану;
16) сөйлемнің құрылымына мән бермей 1, 2, 3 жақтағы зат есімдерді атау септігінен басқа септіктерде қолдану.
74. Оқылым / жазылым:
1) кітаптан таныс сөздерді, фразаларды талдап оқу;
2) ересектердің өлең, әңгіме оқығанына, ертегі айтқанына, кітаптан көрсеткеніне қызығушылық таныту;
3) ата-анасының, балалардың аты жөнін баспа әріптермен жазу;
4) бір тақырыптық топтамадан заттардың атын жазу. (5-6 сөз);
5) өзі туралы мәліметтерді баспа әріптермен жазу (жасы, тегі, аты, мекен-жайы);
6) ілеспе суреттерге қарап сөйлемдерді (3-4 сөйлем) іріктеу (кестенің көмегімен);
7) қима әріптерден балалардың аттарын құрастырып жазу;
8) үйде, серуенде, топтағы жағдаяттарға байланысты қысқа әңгімелер құрастыру (3-4 сөйлем);
9) тікелей буындарды дауысты әріпке бағыттап түрлі түсті фишкалардан, әріптерден тізбектеп біріктіріп оқу;
10) қысқа әңгіме оқу (танып оқу);
11) кітаптан мәтін оқу, оқыған мәтінді драмалау, суреттерді таңдау (мәтін мөлшері 3-4 сөйлем).
75. Күтілетін нәтижелер:
1) екі құрамдас тапсырмаларды орындайды;
2) өз бетімен сұрақ қояды;
3) ересектердің оқығанын тыңдайды, кітапқа қызығушылық танытады;
4) зат есімнің көпше түрін сын есіммен қиыстырып қолданады;
5) сөйлеу түрлерін түрлі коммуникативтік қажеттілік үшін қолданады;
6) сюжетті суреттерді 2-3 сөз тізбегімен сипаттайды;
7) сұрақтарға 2-3 сөзден тұратын сөз тізбегімен жауап береді;
8) тапсырманы үшінші жаққа жеткізеді;
9) 3-4 ілеспе суреттерге сөйлемшелерді таңдайды (кесте);
10) берілген тақырыптағы әңгімені сұрақ-жауап түрінде жалғастырады;
11) қысқа өлең, әңгімелерде не туралы айтылатынын түсінеді;
12) өзі туралы әңгімелейді;
13) мәтінге қатысты суреттер таңдайды, өзі салады;
14) өз бетінше жағдайды, жаңалықтарды ақпараттандырады, хабарлайды;
15) қима әріптерден балалардың аты-жөнін, тегін, өзінің мекен-жайын, таныс заттардың аттарын құрастырып жазады;
16) шығарма кейіпкелерімен бірге әсерленеді, олардың әрекеттеріне қатынасын білдіреді;
17) үйде, серуенде, топтағы жағдаяттарға байланысты қысқа әңгімелер құрастырады (3-4 сөйлем);
18) заттарды сипаттау бойынша таниды (2-4 сөйлем);
19) өз бетінше оқиға желісін суреттейді, оқығаны бойынша сахыналық қойылымдарға қатысады;
20) қысқа әңгіме оқиды (аналитикалық оқу).
5-параграф. Есту арқылы қабылдау мен айтуды қалыптастыруды дамыту
76. Бір жыл бойы балалар дыбыс күшейткіш жеке есту аппараттарын өз бетімен киіп, шешуді, олары қосып, өшіруді, жұмыс істейтін, істемейтінін тексеруді үйренеді; аппараттарындағы дыбыс реттегіштерін орнатуды; кохлеарлы имплантпен қолдануды үйренеді; есту аппараттары мен кохлеарлы импланттардың нашар естіліп тұрғандығы туралы хабарлайдые.
77. Оқудың үшінші жылында ауызша сөйлеу дағдысын қалыптастыру; сөздің дыбыстық-буындық құрылымын сақтап айту жұмыстары жалғасады; Балаларға сөздерді дәлме-дәл немесе шамалап айту ұсынылады. Балалар 2-4 таныс сөзден құралған сөзді тіркестіреді.
6-параграф. 1 - жартыжылдық
78. Тілдік емес дыбыстау:
1) есту арқылы дыбыс бағытын анықтау;
2) есту және естіп-көру негізінде 5-тен дыбыстаулардың санын анықтау;
3) есту және естіп-көру арқылы үш буынды ырғақтарды дәл айту;
4) жануарлардың дауыстарын ажырату (4-тен таңдау бойынша);
5) есту арқылы үш буынды ырғақтарды тану, дәл айту;
6) ара қашықтығы тұрақты арттырылған тілдік емес дыбыстауға деген реакциясы (жалаң құлақпен).
79. Тілдік дыбыстау:
1) естіп-көру және есту арқылы екі буынды нұсқаулықтар мен тапсырмаларды орындау;
2) есту арқылы сабақты, тұрмыс жағдайын ұйымдастыруға қатысты тілдік материалды тану;
3) есту арқылы үш буынды ырғақтарды дәл айту;
4) есту арқылы сабақты, тұрмыс жағдайын ұйымдастыруға қатысты тілдік материалдыажырату;
5) ара қашықтығы тұрақты арттырылған тілдік дыбыстауға деген реакциясы (жалаң құлақпен);
6) топтағы балалардың дауыстарын тану;
7) екпіні, дауыс ырғағы өзгертілген буындардың тізбегін есте сақтау, айту білігі;
8) еркін ойын және сөйлеу әрекетінде есту арқылы дыбыс, буын, сөз, сөйлемдегі артикуляциялануы бойынша ұқсас дауыссыз дыбыстарды ажырату.
80. Ауызша сөйлеу тілін қалыптастыру:
1) буындар мен сөздер материалында дауысты дыбыстарды машықтандыру (автоматтандыру);
2) буындар мен сөздер материалында дауыссыз дыбыстарды машықтандыру (автоматтандыру);
3) сөздердің дыбыстық-буындық құрамын бұзбай айту;
4) жағдаятты, былдыр, толық сөздермен қоса дене қимылымен, мимикамен, табиғи ым-ишаралармен көрсету;
5) буындар мен сөздер материалында дауыссыз дыбыстарды айыру (дифференциациялау);
6) дауыс биіктігін өзгерту: ақырын, қатты, қаттырақ;
7) қалыпты биіктіктегі дауысты қолдану;
8) өз дауысынының күші мен биіктігін бақылау, қадағалау;
9) сөздермен сөз тіркестерін қалыпты, жоғары, төмен биіктіктегі дауыспен айту;
10) қалыпты, жылдам, баяу темппен әртүрлі дауысты, дауыссыз дыбыстармен буындарды айту;
11) тілдік материалды бірге, айқын екпінмен, артық дыбыссыз, бір қарқынмен, шынайы дыбыстауға жақын айту;
12) 1 - концентр бойынша дауысты, дауыссыз дыбыстарды айту;
13) сөздер мен қысқа сөз тіркестерін қалыпты, баяу, жылдам темппен айту;
14) әртүрлі буындық күрделі сөздерді айту;
15) буындарды біртіндеп жылдамдатып, баяулатып айту;
16) таныс 2-4 сөздің ішінен сөз тіркестерін біріктіріп айту;
17) сөзделогикалық екпінді сақтау;
18) сөйлеуде қалыпты қарқынды сақтау (еліктеу арқылы);
19) жаттығулар, өлеңдер, күлдіргі әңгімеде ересектердің сөздерін, сөз тіркестерін сөйлемдерін аяқтау біледі;
20) екі буынды ашық буындардан тұратын сөздерді бөлу;
21) көру арқылы екі буыннан тұратын сөздердегі дауыссыз дыбыстарға дыбыстық толықтырулар мен ырғақтық сипаттама беру білігі.
81. Күтілетін нәтижелер:
1) сөздердің дыбыстық-буындық құрамын бұзбай айтады;
2) естіп-көру және есту арқылы екібунды нұсқаулықтар мен тапсырмаларды орындайды;
3) жағдаятты, былдыр, толық сөздермен қоса дене қимылымен, мимикамен, табиғи ым-ишаралармен көрсетеді;
4) дауыстың күші, қарқыны, биіктігін өзгертеді;
5) есту арқылы сабақ, балалардың тұрмыс жағдайын ұйымдастыруға қатысты тілдік материалды таниды;
6) есту арқылы 5 дыбыстаулардың санын, дыбыс бағытын анықтайды;
7) қалыпты, жылдам, баяу қарқынмен сөздерді толық, жақын айтады;
8) есту арқылы сабақты, тұрмыс жағдайын ұйымдастыруға қатысты тілдік материалды ажыратады;
9) жануарлардың дауыстарын ажыратады (4-тен таңдау бойынша);
10) есту арқылы үш буынды ырғақты таниды;
11) дыбыстың шығу орнынан ара қашықтығы тұрақты арттырылған тілдік сигналға деген реакциясын білдіреді (жалаң құлаққа);
12) сөйлемшедегі логикалықекпінді сақтайды;
13) топтағы балалардың дауыстарын таниды.
7-параграф. 2 - жартыжылдық
82. Тілдік емес дыбыстау:
1) есту арқылы 5-6 дыбыстаулардың санын анықтау;
2) есту арқылы қоршаған орта дыбыстарын, тұрмыстық шуларды тану;
3) есту арқылы вальс, марш, польканы тану;
4) есту арқылы бірге және үзік-үзік дыбысталуларды тану;
5) дыбыс бағытын анықтау (алдынан - артынан - оң жақта - сол жақта).
83. Тілдік дыбыстау:
1) сөйлеу тіліне деген белсенді ырықты зейін;
2) есту арқылы үш буынды ырғақтарды ажырату;
3) есту арқылы дыбыс бағытын анықтау (оң жақта - сол жақта);
4) сабақты ұйымдастыруға қатысты тілдік материалды тану;
5) дыбыс бағытын анықтау (алдынан - артынан - оң жақта - сол жақта).
84. Ауызша сөйлеу тілін қалыптастыру:
1) буындар мен сөздер материалында дауысты дыбыстарды машықтандыру (автоматтандыру);
2) буындар мен сөздер материалында дауыссыз дыбыстарды машықтандыру (автоматтандыру);
3) айталанатын ырғақты дәл айту;
4) жағдаятты, толық сөздер мен сөз тіркестерімен қоса дене қимылымен, мимикамен, табиғи ым-ишаралармен көрсету;
5) буындар мен сөздер материалында дауысты, дауыссыз дыбыстарды айыру (дифференциациялау);
6) сөйлеу тіл ырғақтылығы мен интонациясын, дауыс модуляциясын бақылау;
7) ырғақ бойынша сөздерді таңдау;
8) дауысты дыбыстарды немесе буындарды айтуда дауысты бірте-бірте күшейту не азайту;
9) өтініш, шаттық, ауырсыну, айыптау, түрткі салу,сұрақ қою ырғағымен дауысты дыбыстарды айту;
10) 14-ден кем емес дауыссыз дыбыстарды айту;
11) 8-тен кем емес дауысты дыбыстарды айту;
12) сөздерді айту (бірге, екпінді қойып, қалыпты қарқынмен, толық, шамалап);
13) сөзде логикалық екпінді бөліп көрсету;
14) суреттегі бейнеленген жағдайды эмоционалды бағалау.
85. Күтілетін нәтижелер:
1) қайталанатын ырғақты дәл айтады;
2) жағдаятты, толық сөздер мен сөз тіркестерімен қоса дене қимылымен, мимикамен, табиғи ым-ишаралармен көрсетеді;
3) есту арқылы (2-3) балаларға таныс тақпақтар мен өлендерді таниды;
4) басқа сабақтардың тілдік материалдарын таниды;
5) есту арқылы дыбыс бағытын анықтайды (алдынан - артынан - оң жақта - сол жақта);
6) ырғақ бойынша сөздерді таниды;
7) өтініш, шаттық, ауырсыну, айыптау, түрткі салу,сұрақ қою ырғағымен айтып жеткізеді;
8) кемінде 14 дауыссыз,кемінде 8 дауысты дыбыстарды айтады;
9) сөздерді екпінді қойып, қалыпты қарқынмен, толық, шамалап бірге айтады;
10) есту арқылы қоршаған орта дыбыстарын, тұрмыстық шуларды таниды, ажыратады;
11) есту арқылы 5-6 дыбыстаулардың санын анықтайды;
12) есту арқылы вальс, марш, польканы ажыратады;
13) есту арқылы бірге және үзік-үзік дыбысталуларды ажыратады;
14) есту арқылы үш буынды ырғақтарды ажыратады;
15) кемінде 8 дауысты,кемінде 14 дауыссыз дыбыстарды айтады;
16) сөйлемшеден логикалық екпінді бөліп көрсетеді.
5-тарау. Ересектер тобы (5-6 жастағы балалар)
1-параграф. "Коммуникация" білім беру саласы
86. "Коммуникация" білім беру саласының базалық мазмұны - тіл дамыту, есту арқылы қабылдау мен айтуды қалыптастыруды дамыту арнайы түзеу оқу қызметінде іске асырылады.
2-параграф. Тіл дамыту
87. Ересектер тобында сөйлеу тілінқалыптастыру жұмыстары, олардың қызмет атқару жағдайына сәйкес түрлі формада жүргізіледі. Оқытудың барлық жылдарында дактилология қосалқы, көмекші құрал ретінде қолданылады (саналы сөйлеу, жазу, оқуды игеру үшін).
88. Тақырыптық топтамалар бойынша сөздік іс-қимыл, қасиеттері, сапа, кеңістікте орналасқан заттардың атауларының санын ұлғайту есебінен кеңейеді (сын есім, үстеу, етістіктің түрлері).
3-параграф. 1 - жартыжылдық
89. Қатынас:
1) тапсырмаға, оқиғаға, ойынға деген қатынасын білдіру;
2) сөйлеуде сұраулы, бұйрық сөйлемдерді қатынас міндеттерімен сәйкес қолдану;
3) өзі, өзінің отбасы, мүдделері, тілектері туралы ақпарат алмасу;
4) ақпаратты нақтылауға бағытталған сұрақтарға жауап беру;
5) балалар жасаған бұйымдарды, тапсырмаларды орындауды бағалау;
6) жағдайға байланысты сөйлеу этикет ережелерін сақтау;
7) болғаніс-әрекет, оқиға. туралы хабарлау.
90. Қабылдау /сөйлеу тілін түсіну:
1) бөлшектелген тапсырмаларды орындау;
2) екі-үш құрамды тапсырмаларды жеткізу, орындау;
3) жұмбақтарды шешу;
4) антонимдердің,септеуліктердіңмәнін түсіну;
5) "дыбыс", "әріп", "сөз", "буын" сөздерінің мәнін түсіну;
6) синонимдердің мәнін түсіну, сөздерді алмастыру;
7) балалардың айналасында орын алып жатқан жағдайды түсініп, бағалау;
8) зат есімнің көпще, жекеше түрде септік жалғауларыныңбарыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес септігінде мәнін түсіну;
9) қалжың сөйлеуді түсіну;
10) өтінішті қайталау, түсіндіру, негіздеу;
11) сөздердің мағыналық реңкін ажырату;
12) жіктеу есімдігінің септіктерін тану;
13) заттарды танып, сипаттау.
91. Айтылым:
1) топтағы балалар алдында хабарлама жасау;
2) өлеңді мәнерлеп оқу;
3) зат есімді септеу;
4) сөйлеуде жалпылама сөздерді қолдану;сөйлеуде жеке сөздерге бөлмей толық фразаларды қолдану;
5) сөзжасам тәсілдерінің кейбірін қолдану;
6) сезімді білдіретін сөздерді қолдану;
7) өткен шақта етістіктің жекеше, көпше түрлерін қолдану;
8) қысқа және толық жауаптар;
9) заттардың бөліктерін, жануарлардың дене мүшелерін атау;
10) қосымшаларды жалғау арқылы сөзжасау;
11) ойын барысында фильм,мультфильм, ертегі кейіпкерлерінің бейнесін көрсету, шығарманың атын айту;
12) есімдіктерді дұрыс қолдану (мен, маған, менде);
13) сөзді өзгерту (түрлендіру), сөзжасам, сөйлем жиілілік моделдерімен тәжірибе жүзінде танысу;
14) фразаны толықтыруды ойластыру;
15) өз бетінше сөйлеу барысында қажетті жағдайға қатысты пікір айту түрлерін қолдану (сұрақтар, түрткі салу, хабарлама, келіспеу);
16) атау септікте зат есімнің жекеше, көпше түрін сын есіммен қиыстырып қолдану;
17) тәуелдеу есімдігін зат есіммен, сөздерді шақ, септіктермен қиыстырып қолдану;
18) сюжетті суреттер (сериясы) бойынша қысқа әңгіме құрастыру;
19) сюжетті суреттерге сипаттама беру(5- 6 сөйлем);
20) кестеде көрсетілген сұрақтар көмегімен берілген тақырып бойынша ілеспе (сюжетті) суреттерге қарап 5- 6 сөйлемнен тұратын әңгіме құрау;
21) берілген тақырып бойынша мәтіндегі шашылған сөздерден әңгіме құрастыру (5-6 сөйлем);
22) адамдардың бір-бірімен заттарды, құбылыстарды іс-әрекетерді салыстыру білігі;
23) сөздердің антонимін табу білігі;
24) сөздердің синонимін табу білігі;
25) "бір" сан есімін атау септігінде жекеше, көпше түрде зат есіммен тіркестіру білігі;
26) атау септігінен басқа септіктерде зат есімдердің мәнін ашатын көмекші сөздерді қолданып берілген конструкциялар құру.
92. Оқылым және жазылым:
1) кітаптан қысқа мәтіндерді талдап (дактильдеп) оқу (жазылған суреттер);
2) тақырыптық топтамалардан суреттерге қатысты жазбаларды қима әріптерден құрастыру;
3) тақырыптық топтамалардан сөздерді сөздікке жазу;
4) мәтіннің мазмұны бойынша сурет салу;
5) өзі туралы мәліметтерді баспа әріптермен жазу (жасы, тегі, аты, мекен-жайы);
6) баспа әріптермен сұрақтарға жауап жазу;
7) оқылған мәтінге қатысты суреттерді таңдау (3- 4 сөйлем);
8) берілген әріпке байланысты сөздерді таңдау;
9) қысқа өлең шумақтарын жатқа оқу (ауызша сөйлеу тіліне қойылатын барлық талаптарға сай);
10) оқылған мәтін бойынша қойылымдарға қатысу (әңгіме, ертегі бойынша).
93. Күтілетін нәтижелер:
1) қима әріптерден сөздер мен сөйлемшелер құрастырады;
2) екі-үш құрамдас тапсырмаларды орындайды;
3) тапсырмаға, оқиғаға, ойынға, адамға және олардың әрекеттеріне деген қатынасын білдіреді;
4) өлеңді мәнерлеп оқиды;
5) сөздікке сөздерді тақырыптық топтама бойынша жазады;
6) зат есімдерді септейді;
7) мәтінді суреттеп, сипаттайды;
8) жалпылау сөздерді қолданады;
9) жеке сөздерге бөлмей толық фразаларды қолданады;
10) заттардың бөлшектерін, бөлімдерін атайды;
11) өзі, өзінің отбасы, мүдделері, тілектері туралы ақпаратпен алмасады;
12) жағдаяттарға байланысты қысқа, толық жауап береді;
13) ақпаратты нақтылауға бағытталған сұрақтарға жауап береді;
14) жұмбақтарды шешеді;
15) өзі туралы мәліметтерді баспа әріптермен жазады;
16) синонимдердің мәнін түсінеді, сөздерді алмастырады;
17) қалжың сөйлегенді түсінеді;
18) фразаны толықтыруды ойластырады;
19) өтінішті қайталауды, түсіндіруді, негіздеуді сұрайды;
20) шығарманың тақырыбын, кейіпкелерін атайды, мультфильм, фильм, ертегі желісін ойнатады;
21) өз бетінше сөйлеу барысында қажетті жағдайға қатысты пікір айтады;
22) жағдайға байланысты сөйлеу этикет ережелерін сақтауды біледі;
23) сөздерді септікте, жекеше, көпше түрде жіктейді;
24) берілген тақырыпта сюжетті суреттер, сюжетті суреттер сериясын суреттейді, әңгіме құрастырады;
25) заттарды, құбылыстарды, іс-әрекеттерді адамдарды бірімен-бірін салыстырады;
26) заттарды сипаттау бойынша таниды;
27) кітаптан, тақтадан, қағаз беттерінен мәтіндерді оқиды (жазылған суреттер).
4-параграф. 2 - жартыжылдық
94. Қатынас:
1) болып жатқан жағдайға өз көзқарасын білдіру;
2) сөйлеу этикетінің ережелерін сақтау;
3) әңгімелесу, сұхбатты қолдау сондай-ақ бейтаныс адамдармен де;
4) мәтінге байланысты сұрақтар қоя білу және жауап беру.
95. Қабылдау /сөйлеу тілін түсіну:
1) өзінің сөзіндегі қателердітүзету;
2) "дыбыс", "әріп", "сөз", "буын", "дауысты дыбыс", "дауыссыз дыбыс" сөздерінің мәнін түсіну;
3) педагогтың белгілі бір тақырып бойынша байланыстырып айтқан әңгімесін түсіну (естіп-көру арқылы);
4) қалжың сөйлегенді түсінеді;
5) заттарды, адамдарды сипаттау бойынша тану;
6) қаратып айтқан сөздерерді түсінеді, сұхбатты жалғастыру, әңгімелесушіні тыңдай білу;
7) зат есімнің көпше түрін меңгеру.
96. Айтылым:
1) есімдіктерді қолдану;
2) айналасындағылармен қарым-қатынас орнату және өтініш білдіру үшін қажетті сөздерді қолдану;
3) объектілер мен заттардың бөлшектерін, мағызды белгілерін білдіретін сөздерді қолдану;
4) заттың сапасын білдіретін сөздерді сипаттауда үстеу, сын есімді қолдану (түсі, пішіні, көлемі, материалы, сапасы);
5) әңгіме, ертегінің мазмұнын айту;
6) кеңістікте орналасуын, қолданылу бағыттарының мәнін ашатын үстеуді қолданып берілген конструкциялар құру;
7) тәжірибе жүзінде сөзді өзгерту (түрлендіру), сөзжасам, сөйлем құрау үлгілерімен танысу;
8) тәжірибеде сөзді өзгерту (жақ, жалғау, септік, шақ);
9) оқиғалар, жаңалықтар туралы әңгімелеу (сұрақтар, тірек сызбалардың көмегімен, өз бетінше);
10) сан есімді зат есіммен қиыстыру білігі (жалғау, септік);
11) қалауынша суретке негізелген ертегі бойынша қысқаша әңгімелеу;
12) өз бетінше оқыған журнал, кітап, көрген телебағдарлама, фильм, мультфильм, серуендеу барысындағы жағдай мен құбылыстардағы таныс заттарды тану, атау;
13) жайылма сөйлемді қолдану білігі;
14) сан есімді зат есіммен қиыстыру білігі;
15) диалог құру білігі;
16) сөйлегенде сұрақтарды қолдану;
17) әртүрлі септікте сөйлем құрамында зат есімнің жекеше, көпше түрін сын есіммен қиыстырып қолдану;
18) зат есімді үстеумен қиыстырып қолдану.
97. Оқылым және жазылым:
1) кітаптан әңгіме кейіпкерін бөле отырып, мәтінді оқу;
2) кітаптан мәтін оқу, оқыған мәтінді драмалау, суреттерді таңдау;
3) таныс сөздер мен сөз тіркестерін педагогтің айтуы бойынша жазу.
98. Күтілетін нәтижелер:
1) заттың сапасын білдіретін сөздерді сипаттауда сын есімді үстеу, сан есімді қолданады;
2) айналасындағылармен қарым-қатынас орнату және өтініш білдіру үшін қажетті сөздерді қолданады;
3) өзінің сөзіндегі қателерді түзетеді;
4) әңгіме, ертегілерді әңгімелейді, мазмұнын айтады;
5) таныс сөздерді педагогтің айтуы бойынша жатқа жазады;
6) әңгімелесушілердің сөзін түсінеді, талқылау тақырыбын бөліп көрсетеді, сөзге қосылады;
7) оқиғалар, жаңалықтар туралы әңгімелейді;
8) сөйлеу этикетінің ережелерінсақтайды;
9) қалауынша суретке негізелген ертегі, әңгіме құрастырады;
10) оқыған журнал, кітап, көрген телебағдарлама, фильм, мультфильм көру, серуендеу барысындағы жағдай мен құбылыстардағы заттарды таниды, сипаттайды, атайды;
11) әңгімені, сұхбатты қолдауды біледі;
12) жіктелген сөздердің мағынасын түсінеді, сөздерді септікте түрлендіріп сөйлеуде қолданады;
13) мәтінді оқиды, оқиға желісін талқылайды, басты кейіпкелерді бөліп көрсетеді, оқыған мәтінді драмалайды, соған сәйкес сурет салады.
5-параграф. Есту арқылы қабылдау мен айтуды қалыптастыруды дамыту
99. Қандай да бір дыбысты үйрету 1-2 апта ішінде жүргізіледі. Егер бұл уақытта дыбыс пайда болмаса, онда келесі дыбысқа көшеді, ал біраз уақыттан кейін балалар әлі айтып үйренбеген дыбысқа қайтадан оралады.
100. Оқудың төртінші жылында сөйлеу тілінің фонетикалық жағы нақтыланады; сөзді дәлме-дәл айту дағдылары қалыптасады; фразалық сөйлеу тілі дамиды.
101. Дыбысталудың сандарын дәл айту тәсілі: тиісті санды саусақтарымен және сандармен көрсету, атау, буындарды айта отырып, шапалақ ұру, дыбысталу санын тарсылдату, дыбысталатын ойыншықтарда ойнау.
6-параграф. 1 - жартыжылдық
102. Тілдік емес дыбыстау:
1) дыбысты оқшаулау және оның көзін, шыққан жерін сөзбен атау (жоғарыда, төменде);
2) есту арқылы 6-7 дыбыстаулардың санын ажыратып, айту;
3) есту арқылы жоғары, төмен дыбыстауларды ажырату;
4) есту арқылы сөйлеу тілін, вокалды, аспаптық музыканы ажырату;
5) есту арқылы ерлер, әйелдер және балалар дауыстарын ажырату;
6) есту арқылы оркестрлік, хормен және жеке орындауды ажырату;
7) дыбыстың шығу орнынан ара қашықтығы тұрақты арттырылған тілдік емес сигналға деген реакциясын білдіру (жалаң құлаққа);
8) 3-4 буындық ырғақты ажыратып, айту;
9) есту арқылы жануарлар мен құстардың дауыстарын ажырату (3-4- тен таңдау кезінде).
103. Тілдік дыбыстау:
1) сөйлеу тіліне деген белсенді ырықты зейіннің болуы, қаратып айтылған сөзді тыңдау, әрі оның мазмұнын түсіну;
2) сөздердің, сөз тіркестерінің, сөйлемшелердің айтылу қарқыны бойынша айту;
3) естіп-көру арқылы үш буынды нұсқаулықтар мен тапсырмаларды орындау;
4) есту арқылы балаларға арналған өлеңдер мен әндерді тану;
5) есту арқылы "Қоршаған ортамен танысу" тақырыптары бойынша тілдік материалды тану;
6) есту арқылы "Тіл дамыту" тақырыптары бойынша тілдік материалды тану;
7) есту арқылы "Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру" тақырыптар бойынша тілдік материалды тану;
8) естіп-көру және есту арқылы ұсынылған сұрақтарға жауап беру;
9) есту арқылы таныс фразаларды ажырату;
10) дыбыстың шығу орнынан ара қашықтығы тұрақты арттырылған тілдік сигналға деген реакциясын білдіреді (жалаң құлаққа).
104. Ауызша сөйлеу тілін қалыптастыру:
1) сөздер мен сөз тіркестерінің қарқыны мен ырғағын өзгерту (үлгі бойынша, сызба бойынша);
2) бір дем шығаруда дауысты бірте-бірте арттыру және төмендету арқылы буындарды айту;
3) қалыпты, тез және баяу қарқынмен таныс сөздердің атауларын айт;
4) сөздер мен сөз тіркестерін әр түрлі күштегі дауыспен айту;
5) тілдік материалды бірге, айқын екпінмен, артық дыбыссыз, орфоэпия нормаларын сақтап, бір қарқынмен, шынайы дыбыстауға жақын айту;
6) суреттегі немесе сюжетті суреттерде бейнеленген сол немесе өзге жағдайға сәйкес түрлі интонациямен сөз тіркестерін айту;
7) сөзде логикалық екпінді бөліп көрсету;
8) сөздік екпінді сақтау білігі;
9) сөйлеуде барлық дауысты және негізгі дауыссыз дыбыстарды қолдану.
105. Күтілетін нәтижелер:
1) сөздерді, сөз тіркестерін, сөйлемшелерді айтылу қарқыны бойынша айтады;
2) естіп-көру арқылы үш буынды нұсқаулықтар мен тапсырмаларды орындайды;
3) қалыпты, тез және баяу қарқынмен таныс сөздердің атауларын айтады;
4) суреттегі немесе сюжетті суреттерде бейнеленген сол немесе өзге жағдайға сәйкес түрлі интонациямен сөз тіркестерін айтады;
5) сөзді айқын екпінмен, артық дыбыссыз, орфоэпия нормаларын сақтап, бір қарқынмен, шынайы дыбыстауға жақын айтады;
6) сөздердің, сөз тіркестерінің айтылу қарқыны мен ырғағын өзгертеді;
7) есту арқылы "Қоршаған ортамен танысу", "Тіл дамыту", "Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру" және т.б. тақырыптар бойынша тілдік материалды таниды;
8) естіп-көру арқылы балаларға арналған өлеңдер мен әндерді таниды;
9) дыбысты оқшаулау және оның шыққан жерін анықтайды (жоғарыда, төменде);
10) естіп-көру және есту арқылы ұсынылған сұрақтарға жауап береді;
11) 3-4 буындық ырғақты ажыратып, айтады;
12) есту арқылы 6-7 дыбыстаулардың санын ажыратады;
13) есту арқылы жоғары, төмен дыбыстауларды ажыратады;
14) есту арқылы жануарлар мен құстардың дауыстарын ажыратады (3-4- тен таңдау кезінде);
15) есту арқылы сөйлеу тілін, вокалды, аспаптық музыканы ажыратады;
16) есту арқылы ерлер, әйелдер және балалар дауыстарын ажыратады;
17) есту арқылы оркестрлік, хормен және жеке орындауды ажыратады;
18) есту арқылы таныс фразаларды ажыратады;
19) дыбыстың шығу орнынан ара қашықтығы тұрақты арттырылған сигналға реакциясын білдіреді (жалаң құлаққа);
20) сөйлеуде сөздік және логикалық екпінді сақтайды;
21) сөйлеуде барлық дауысты және негізгі дауыссыз дыбыстарды қолданады.
7-параграф. 2 -жартыжылдық
106. Тілдік емес дыбыстау:
1) дыбысты оқшаулау және оның көзін, шыққан жерін сөзбен атау (алдыңғы - артқы, алдыңғы - артқы және оң жақ - сол жақта);
2) 3-4 күрделі буындық ырғақты ажыратып, айту;
3) есту арқылы 7-8 дыбыстаулардың санын ажыратып, айту;
4) есту арқылы жоғары, төмен дыбыстауларды ажырату;
5) есту арқылы жануарлар мен құстардың дауыстарын ажырату (4 - тен таңдау кезінде);
6) есту арқылы сөйлеу тілін, вокалды, аспаптық музыканы ажырату;
7) есту арқылы оркестрлік, хормен және жеке орындауды ажырату;
8) есту арқылы қайталанатын екі буынды ырғақты дәл айту;
9) дыбыстың шығу орнынан ара қашықтығы тұрақты арттырылған тілдік емес сигналға деген реакциясын білдіру (жалаң құлаққа).
107. Тілдік дыбыстау:
1) сөйлеу тіліне деген белсенді ырықты зейіннің болуы, қаратып айтылған сөзді тыңдау, әрі оның мазмұнын түсіну, өзінің және өзгелердің сөйлеу тіліндегі қателерді есту;
2) есту арқылы "Қоршаған ортамен танысу" тақырыптары бойынша тілдік материалды тану;
3) есту арқылы "Тіл дамыту" тақырыптары бойынша тілдік материалды тану;
4) есту арқылы "Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру" тақырыптары бойынша тілдік материалды тану;
5) есту арқылы "Мен және менің отбасым" тақырыптар бойынша тілдік материалды тану;
6) есту арқылы ерлер мен әйелдер дауыстарын ажырату;
7) дыбысталуы бойынша ұқсас сөздерді ажырату білігін қалыптастыру.
108. Ауызша сөйлеу тілін қалыптастыру:
1) Г дыбысын В дыбысымен алмастыру;
2) қалыпты, жоғары, төмен дауысты дауыс тембрін өрескел бұрмалаусыз пайдалану;
3) қатаң дауыссыздардың алдында, сөздердің соңындағы ұяң дауыссыздарды бітеу;
4) А - Ә дыбыстарының айырым белгілері, олардың жуан - жіңішке екендігін ажырату;
5) өтініш, шаттық, түрткі салу, сұрақ қою сөздерін ырғағымен айтып жеткізу;
6) қалыпты, тез және баяу қарқынмен таныс сөздерді атау;
7) айта алмайтын (шақырылмаған) дыбыстарды түсіріп айту;
8) сөйлемдерді шынайы дыбыстауға жақын қарқынмен бірге қосып айту, синтагмаларға жіктеу;
9) сөйлеу тілінді орфоэпияның кейбір нормаларын ұстану;
10) сөзде логикалық екпінді бөліп көрсету;
11) дактилдің сүйемелдеуінсіз дауыссыз дыбыстар ағымында артық қоспа дыбыссыз, орфоэпияның кейбір нормаларын сақтап, айқын екпінмен кем дегенде ауызша 200 сөзді бірге қосып айту;
12) сөйлеу барысында кем дегенде 20-дан астам дыбыстарды пайдалану.
109. Күтілетін нәтижелер:
1) сөздік және логикалық екпінді бөліп көрсетеді;
2) қалыпты, тез және баяу қарқынмен таныс сөздерді айтады;
3) сөйлемдерді шынайы дыбыстауға жақын қарқынмен бірге қосып айтады, синтагмаларға жіктейді;
4) дауыс тембрін өрескел бұрмалаусыз дауыстың қалыпты биіктігін, күшін пайдалану;
5) есту арқылы 7-8 дыбыстаулардың санын ажыратып, айтады;
6) өтініш, шаттық, түрткі салу, сұрақ қою сөздерін ырғағымен айтып жеткізеді;
7) 3-4 күрделі буындық ырғақты ажыратып, айтады;
8) есту арқылы жоғары, төмен дыбыстауларды ажыратады;
9) есту арқылы жануарлар мен құстардың дауыстарын ажыратады (4- тен таңдау кезінде);
10) есту арқылы сөйлеу тілін, вокалды, аспаптық музыканы ажыратады;
11) есту арқылы ерлер, әйелдер және балалардың дауыстарын ажыратады;
12) есту арқылы оркестрлік, хормен және жеке орындауды ажыратады;
13) есту арқылы қайталанатын екі буынды ырғақты ажыратады;
14) есту арқылы "Қоршаған ортамен танысу", "Тіл дамыту", "Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру"тақырыптар бойынша тілдік материалды ажыратады;
15) дыбыстың шығу орнынан ара қашықтығы тұрақты арттырылған сигналға реакциясын білдіреді (жалаң құлаққа);
16) орфоэпияның кейбір нормаларын ұстанады;
17) орфоэпия ережелерін сақтайды;
18) сөйлеу барысында кем дегенде 20-дан астам дыбыстарды пайдаланады.
6-тарау. Жапы білім беретін мектептегі, лицейдегі, гимназиядағы мектепалды даярлық сыныбы (6-7жастағы балалар)
1-параграф. "Коммуникация" білім беру саласы
110. "Коммуникация" білім беру саласының базалық мазмұны - тіл дамыту, есту арқылы қабылдау мен айтуды қалыптастыруды дамыту арнайы түзеу оқу қызметінде іске асырылады.
2-параграф. Тіл дамыту
111. Тақырыптық топтамалар бойынша сөздік іс-қимыл, қасиеттері, сапа, кеңістікте орналасқан заттардың атауларының санын ұлғайту есебінен кеңейеді (сын есім, үстеу, етістіктің түрлері).
112. Дактилология қосалқы, көмекші құрал ретінде қолданылады (саналы сөйлеу, жазу, оқуды игеру үшін).
3-параграф. 1 - жартыжылдық
113. Қатынас:
1) ойынға, тапсырмаға, адамға, болып жатқан жағдайға деген қатынасын білдіру;
2) жағдайға, таныстық деңгейіне қатысты сөйлесу стилінің өзгеруі;
3) жақсы меңгерілген сөйлеу материалы негізінде тікелей қарым-қатынаста ауызша сөйлеу тілін пайдалану;
4) ауызша сөйлеу тілінің көмегімен құрдастарымен ақпарат алмасу;
5) ересек адамдар мен бейтаныс адамдарға "сіз" деп сөйлеу;
6) топтағы басқа балалардың орындаған тапсырмаларын бағалау;
7) кіші жастағы балалар мен құрдастарын қолдау, жұбату, мақтау;
8) қатынастық дағдыларды тәжірибеде пайдалану: сәлемдесу; кешіру; жолдау; қолдауды өтіну; көмек сұрау; қолдау; көмек; қызмет көрсету; алғыс айту, қабыл алмау, кешіру;
9) алғыс айтуды білу, ыңғайсыз жағдай үшін кешірім сұрау.
114. Қабылдау /сөйлеу тілін түсіну:
1) сөйлеу барысында өзге тілді таныс емес сөздерді бөлу;
2) "дыбыс", "әріп", "сөз", "буын", "дауысты дыбыс", "дауыссыз дыбыс", "жіңішкелік белгісі", "жуандық белгісі" сөздерінің мәнін түсіну;
3) дыбысталуы бойынша жақын сөздердің мағынасын ажырату;
4) таныс өлеңдер, әуен, ертегілерді бірінші сөйлемінен тану;
5) мақал-мәтелдердің ауыспалы мағынасының түсіну.
115. Айтылым:
1) құрылымы бойынша күрделі жаңа сөздерді айтып қолдануда ауызша-дактилдісөйлеу тілін қалауынша пайдалану;
2) жұмбақ, жаңылтпаштарды, өлең шумақтарын жатқа, мәнерлеп оқу;
3) өлеңді мәнерлеп оқу;
4) сөйлеу тілінің әртүрлі түрлерін қолдану;
5) есімдіктерді қолданып, зат есімдерді септік, жіктік, көптік, тәуелдік жалғауларында түрлендіру;
6) сын есімдерді септік, жіктік, көптікжалғаулармен түрленген зат есімдермен қолдану;
7) айналасындағы заттарды сипаттау (гүлдер, ағаштар, құстар, жануарлар);
8) заттардың және кейіпкелердің реттілігін сақтап, сюжетті суреттерді сипаттау (10 сөйлемге дейін);
9) тәрбиешінің сұрақтарының көмегімен немесе өз бетімен дауыстап оқылған қысқа мәтіндер мен ертегілерді бірізділікпен, кідірмей мазмұндау;
10) заттардың сапасы толық айтылған сөздермен сөзік қорды толықтыру (материалдар, пішін, түстері, көлемі);
11) сөзді өзгерту (түрлендіру), сөзжасам, сөйлем құрау жиілілік моделдерімен тәжірибе жүзінде танысу;
12) жетекші сұрақтардың көмегімен кеңейтілген пікір айту;
13) берілген тақырыпқа сюжетті суреттер бойынша әңгіме құрау (10 сөйлемге дейін);
14) оқиғанын толықтырып, сурет, суреттер топтамасы бойынша;
15) қарапайым жоспарды сақтай отырып, сюжетті суреттерге сипаттама беру;
16) объектілердің елеулі белгілерін тауып, заттарды салыстыру;
17) келеңсіз жағдайда және құрдастарының іс - әркетіне шағымдана білу;
18) бірізділікпен қисынды байланыстырып, өз өміріндегі қарапайым жағдайларды әңгімелеу;
19) зат есімді сын есіммен, есімдікпен әртүрлі септікте, жекеше, көпше түрін қиыстырып қолдану;
20) зат есімді сын есіммен, сан есіммен әртүрлі септікте, жекеше, көпше түрде қиыстырып қолдану және бірыңғай зат есімге қатысты анықтауышты табу;
21) сөздердің белгілі бір грамматикалық формасын қолдану икемділігі (зат есімнің септелуі, жекеше және көпше түрлері);
22) сөз арасында сұрақтар, ниеттер, хабарламалар, терiске шығаруларды қолдану;
23) етістікті өткен, осы, келер шақта қолдану;
24) сөздердің мағналарын олардыңның салыстыру процесінде анықтау.
116. Оқылым және жазылым:
1) жазба нұсқаулық бойынша түрлі тапсырмалар орындау;
2) тақырыптық топтамалардан сөздерді сөздікке жазу;
3) үйде, серуенде, топтағы балалардың өміріндегі жағдаяттарды суреттеу (балама сұрақтар қою, сурет салу, жағдайды көрсету арқылы);
4) өз бетінше журнал, кітап, интернет-ресурстарын оқу;
5) хат және құттықтау қағаздарын жазу;
6) сөзден дауысты (екпінді) дыбысты табу;
7) дағдыларды меңгеру:сөздерді бөлек жазу, адам аттары, жануарлардың лақап аттарын бас әріптен жазу;
8) сөздерді буынға бөлу, бір буынды, екі буынды сөздердің буындық сұлбасын құру;
9) кітаптан мәтін оқу, оқыған мәтінді драмалау, соған сәйкес суреттерді таңдау, мазмұнға сәйкес сурет салу;
10) жіктеу есімдігін зат есіммен алмастырып немесе керісінше мәтінді оқу.
117. Күтілетін нәтижелер:
1) құрылымы бойынша күрделі жаңа сөздерді айтып қолдануда ауызша-дактилді сөйлеу тілін пайдаланады;
2) сөйлеу барысында өзге тілді таныс емес сөздерді ажыратады;
3) тапсырмаға, болып жатқан оқиғаларға, ойынға, адамға деген қатынасын білдіреді;
4) құрдастарының жағымсыз әрекеттеріне шағымданады;
5) жіктеу есімдігін зат есіммен алмастырады немесе керісінше;
6) тақырыптық топтамалар бойынша сөздерді сөздікке жазады;
7) жағдайға, таныстық деңгейіне қатысты сөйлесу стилін өзгертеді;
8) зат есімді сын есіммен әртүрлі септікте, жекеше, көпше түрін қиыстырып қолданады;
9) зат есімді сан есіммен әртүрлі септікте, жекеше, көпше түрін қиыстырып қолданады;
10) кешірім сұрайды, ыңғайсыздық үшін кешірім сұрайды;
11) берілген тақырып бойынша сюжетті суреттерді, үйдегі жағдайды әңгімелейді;
12) өз бетінше хат және құттықтау қағаздарын жазады;
13) өз бетінше журнал, кітап, интернет-ресурстарын оқиды;
14) таныс көркем шығармаларды бірінші сөйлемінен таниды;
15) сөздердің белгілі бір грамматикалық формасын қолданады;
16) мәтінді оқиды, безендіреді, суреттейді, оқыған мәтінді драмалайды.
4-параграф. 2 - жартыжылдық
118. Қатынас:
1) педагогпен ұсынылған іс-әрекет алгоритмін орындау;
2) сөйлеу барысында синонимдер мен антонимдерді пайдалану;
3) қатынастық міндеттерге сәйкес сөйлеудің барлық түрлерінпайдалану;
4) сөйлеу этикет түрлерін пайдалану;
5) өзінің және бөгде біреудің сөйлеу тілінің сапасын бағалау;
6) педагогтың көмегімен, топпен және дербес, әңгіменің жалғасын ойлап табу және оны аяқтау.
119. Айтылым:
1) сөздерді (зат есім, етістік, сын есім, сан есім, есімдік, үстеу, жалғаулық, шылау) алмаспайтын 25 тақырып бойынша қолдану;
2) мультфильм, ертігілер желісін қысқа әңгімелеу;
3) байланыстырып әңгімелеу түрде сұрақтарға жауап беру;
4) бақылаған құбылыстар, ертегілер жөнінде қысқаша мазмұндау;
5) сөзді өзгерту, сөзжасам, сөйлем құрау жиілілік моделдерімен тәжірибе жүзінде танысу;
6) сөздерді септікте, жекеше, көпше түрде қиыстыру;
7) айтатын сөздерінің жоспарын құру;
8) берілген тақырыпқа байланысты далада, үйде, серуенде, топтағы жағдаяттарға байланысты өзінің қалауымен безендірген әңгіме құрастыру;
9) шығарманың мазмұнына қатысты сұраулы, мақұлданған, лепті интонацияларды жеткізу білу;
10) отбасы, тұрмыстық жағдай, ұлттық дәстүр, өз қаласы жайында әңгімелеу (өлкесі, ауылы).
120. Оқылым және жазылым:
1) баспа әріптермен мәтін жазу, сұрақтарға жауап жазу;
2) оқыған мәтіннің мазмұнын түсіндірмелермен айту;
3) болған және болатын жағдаяттарды қосып толық әңгімелеу;
4) өз бетімен кітап оқу;
5) жолақша мен фишкалардан сөздің сұлбасын құру білігі;
6) талдаудан кейін және алдын-ала талдаусыз қима әріптерден 3-4 сөзден тұратын сөйлем құрау білігі;
7) сөз, сөйлемді дұрыс құрау дағдыларын меңгеру: сөзде әріптер қатар жазылады; сөздерді бөлек жазу,сөйлемнің соңында нүкте қойылады,адам аттары, жануарлардың лақап аттарын бас әріптен жазу.
121. Күтілетін нәтижелер:
1) педагог ұсынған іс-әрекет алгоритмін орындайды;
2) өзі өзінің отбасы, достары, өз мүддесіне қатысты, өзінің қаласы (кент, ауылы) туралы ақпаратпен бөліседі;
3) қатынастық міндеттерге сәйкес сөйлеудің барлық түрлерін пайдаланады;
4) сөздіктегі зат есім, етістік, сын есім, сан есім, есімдік, үстеу, жалғаулық, шылаусөздерді алмаспайтын 25 тақырып бойынша қолданады;
5) сөйлеу этикет түрлерін пайдаланады;
6) белсенді және енжар сөздік қорының көлемі шамамен 1200-1500 сөз;
7) байланыстырып әңгімелеу түрде сұрақтарға жауап береді;
8) өзінің және бөгде адамның сөйлеу тілінің сапасын бағалайды;
9) болған және болатын жағдайларды түсініктемесімен қоса отырып, мәтіндердің мазмұнын айтады;
10) педагогтың көмегімен, топпен және дербес, әңгіменің жалғасын ойлап табады, аяқтайды;
11) сөздерді септікте, жекеше, көпше түрде жіктейді;
12) берілген тақырыпқа байланысты далада, үйде, серуенде, топтағы жағдаяттарға байланысты жоспар бойынша және өзінің қалауымен безендірген әңгіме құрастырады.
5-параграф. Есту арқылы қабылдау мен айтуды қалыптастыруды дамыту
122. Оқыту процесінде сөйлеу тілінің үш түрі (ауызша, ауызша-дактилді, жазбаша) пайдаланылады. Ауызша сөйлеу тілі тиянақтымеңгерілген сөйлеу материалы негізінде тікелей қарым-қатынаста қолданылады. Ауызша-дактилді сөйлеу тілі көлемді әңгімелеуде және құрылымы бойынша күрделі сөздерді тұтынуда қолданылады. Жазбаша сөйлеу тілі - жаңа пікірлер мен сөздерді жазу мақсатында, әңгімелерді жазу кезінде қолданылады.
123. Балалардың қабылдауы үшін төмендегідей дыбысталу көздерін ұсынады:дауыс, дабыл, дауылпаз, металлофон, күйсандық, сыбызғы.Балалар келесі тәсілдердің көмегімен жауап береді): дирижерлау, шапалақ ұру, тарсылдату, буындап айта отырып дыбысталатын ойыншықтарда ойнау;дауыстық реакция; геометриялық формалар, фишкалар, қағаздар жолақтардың көмегімен ритмді қою.
124. Оқудың бесінші жылында сөйлеу тілінің фонетикалық жағын нақтылау жалғасады; сөзді дәлме-дәл айту дағдылары жетілдіріледі; фразалық сөйлеу тілі дамиды, өз бетінше ауызша қарым-қатынас жандандырылады.
Параграф 6. 1 -жартыжылдық
125. Тілдік емес дыбыстау:
1) есту арқылы сөйлеу тілін, вокалды, аспаптық музыканы ажырату;
2) оркестрлік, хормен және жеке орындауды ажырату;
3) есту арқылы қазақтың ұлттық әуендерін, әндерін ажырату;
4) есту арқылы қайталанатын 2-3 буынды ырғақты ажырату;
5) жануарлар мен құстардың дауыстарын ажырату (4-5тен таңдау бойынша).
126. Тілдік дыбыстау:
1) сөйлеу тіліне деген белсенді ырықты зейіннің болуы, қаратып айтылған сөзді тыңдау, әрі оның мазмұнын түсіну, өзінің және өзгелердің сөйлеу тіліндегі қателерді есту;
2) есту арқылы екі буынды тапсырмаларды нұсқау бойынша орындау;
3) естіп-көріп қабылдау арқылы екі буынды тапсырмаларды нұсқау бойынша орындау;
4) өлеңдер мен мәтіндерді тану;
5) сабақ, балалардың іс-әрекеті, есепті ұйымдастыруға қатысты тілдік материалды тану;
6) балаларға арналған таныс өлеңдер мен әндерді тану;
7) педагогтің сөйлеу тілінің дыбыс күшін, биіктігін, қарқынын анықтау;
8) мәтіннің мазбұны бойынша сұрақтарға жауап беру;
9) есту арқылы ерлер, әйелдер және балалардың дауыстарын ажырату;
10) сабақ, балалардың іс-әрекеті, есепті ұйымдастыруға қатысты тілдік материалды ажырату;
11) телехабарлар, мультфильмдер көруде, экскурсия барысында сөйлеу материалын тану.
127. Ауызша сөйлеу тілін қалыптастыру:
1) сөздер мен сөз тіркестері материалында дауысты дыбыстарды машықтандыру (автоматтандыру);
2) сөздер мен сөз тіркестері материалында дауыссыз дыбыстарды машықтандыру (автоматтандыру);
3) сөздер мен сөз тіркестері материалында дауысты, дауыссыз дыбыстарды айыру (дифференциациялау);
4) әр түрлі ұйқастағы өлең, тақпақтардың айтылу қарқынын өзгерту;
5) қатты дауысты бірте-бірте сыбдырға дейін әлсірету;
6) сыбдырды бірте-бірте өте қатты дауысқа дейін күшейту;
7) дұрыс айтылатын дыбыстардан тұратын құрылымы бойынша күрделі сөздерді айтудағы қиындықтарды жеңу;
8) жаңылтпаштардың айтылу қарқынын өзгертіп айту;
9) өтініш, шаттық, таң қалу, ауырсыну, айыптау, түрткі салу, сұрақ қоюмен байланысты сөз тіркестерін интонациямен айту;
10) дауысты дыбыстарды, буындарды ақырын, өте ақырын, сыбырлап айту;
11) сөйлеуде диафрагмалды тыныс алуды және ауызбен ұзақ дем шығаруды дербес бақылау;
12) сөзде логикалық екпінді бөліп көрсету;
13) дербес сөйлеу тілінде меңгерілген дағдыларды қолдану білігі;
14) сөздер мен сөз тіркестерін әр түрлі күштегі дауыспен айту.
128. Күтілетін нәтижелер:
1) есту арқылы екі буынды тапсырмаларды нұсқау бойынша орындайды;
2) өтініш, шаттық, таң қалу, ауырсыну, айыптау, түрткі салу, сұрақ қоюмен байланысты сөз тіркестерін интонациямен айтады;
3) айтылу қарқынын, күшін өзгертеді;
4) балаларға арналған таныс өлеңдер мен әндерді таниды;
5) сабақ, балалардың іс-әрекеті, есепті ұйымдастыруға қатысты тілдік материалды таниды;
6) естіп-көру арқылы таныс өлеңдер мен мәтіндерді таниды;
7) сөйлеу тілінің дыбыс күшін, биіктігін, қарқынын таниды;
8) мәтіннің мазбұны бойынша сұрақтарға жауап береді;
9) жаңылтпаштарды айтады;
10) дұрыс айтылатын дыбыстардан тұратын құрылымы бойынша күрделі сөздерді айтады;
11) қайталанатын 2-3 буынды ырғақты ажыратады;
12) жануарлар мен құстардың дауыстарын ажыратады (4-5тен таңдау бойынша);
13) ерлер, әйелдер және балалардың дауыстарын ажыратады;
14) сөйлеу тілін, вокалды, аспаптық музыканы ажыратады;
15) оркестрлік, хормен және жеке орындауды ажыратады;
16) сабақ, балалардың іс-әрекеті, есепті ұйымдастыруға қатысты тілдік материалды ажыратады;
17) сөздік және логикалық екпінді сақтайды.
7-параграф. 2 - жартыжылдық
129. Тілдік емес дыбыстау:
1) есту арқылы жануарлардың дауыстарын ажырату;
2) музыкалық шығармаларды танып, ажырату;
3) есту арқылы күрделі ырғақты, әуеннің ырғағын тану;
4) таныс әндерді тану, қосылып айту.
130. Тілдік дыбыстау:
1) нұсқаулықтар мен тапсырмаларды орындау;
2) "мен және менің отбасым" тақырыбы бойынша тілдік материалды тану;
3) сабақ, балалардың іс-әрекеті, есепті (шот) ұйымдастыруға қатысты тілдік материалды тану;
4) сурет, ертегі, үйдегі оқиғаларға байланысты мәтіндер бойынша сұраққа жауап беру;
5) ерлер, әйелдер және балалардың дауыстарын ажырату;
6) сабақ, балалардың іс-әрекеті, есепті (шот) ұйымдастыруға қатысты тілдік материалды ажырату;
7) таныс өлеңдер мен мәтіндерді тану;
8) есту арқылы таныс мәтіндерді тану;
9) мәтін бойынша сұраққа жауап беру (есту арқылы);
10) есту арқылы таныс өлеңдер мен мәтіндерді тану;
11) есту арқылы 2-3 сөйлемнен тұратын мәтінді ажырату.
131. Ауызша сөйлеу тілін қалыптастыру:
1) сөздер мен сөз тіркестері материалында дыбыстарды машықтандыру (автоматтандыру);
2) сөздер мен сөз тіркестері материалында дауысты, дауыссыз дыбыстарды айыру (дифференциациялау);
3) әртүрлі ұйқастағы өлең, тақпақтардың айтылу қарқынын өзгерту;
4) дауыстың күші, қарқыны, биіктігін өзгерту;
5) сөздер мен сөйлемдерді орфоэпияның нормаларын саптап, шынайы дыбыстауға жақын қарқынмен бірге қосып айту;
6) сөйлеуде сөздік және логикалық екпінді сақтау;
7) дербес сөйлеу тілінде меңгерілген дағдыларды қолдану білігі;
8) сөйлеу тілінде барлық дауысты, дауыссыз дыбыстарды пайдалану (жіңішкелікті және аффрикаттарды қоспағанда), дифтонгтар.
132. Күтілетін нәтижелер:
1) есту арқылы нұсқаулықтар мен тапсырмаларды орындайды;
2) сөздер мен сөйлемдерді орфоэпияның нормаларын сақтап, шынайы дыбыстауға жақын қарқынмен бірге қосып айтады;
3) таныс өлеңдер мен әндерді таниды;
4) есту арқылы таныс өлеңдер мен әндерді таниды;
5) есту арқылы 2-3 сөйлемнен тұратын мәтінді ажыратады;
6) сабақ, балалардың іс-әрекеті, есепті (шот) ұйымдастыруға қатысты тілдік материалды ажыратады;
7) сурет, ертегі, үйдегі оқиғаларға байланысты мәтіндер бойынша сұраққа жауап береді;
8) дауыстың күші, қарқыны, биіктігін өзгертуді біледі;
9) тілдік материалды бірге, айқын екпінмен, артық дыбыссыз, бір қарқынмен, орфоэпияның нормаларын сақтап, шынайы дыбыстауға жақын айтады;
10) ерлер, әйелдер және балалардың дауыстарын ажыратады;
11) жануарлардың дауыстарын таниды, ажыратады;
12) есту арқылы таныс мәтіндерді ажыратады;
13) есту арқылы күрделі ырғақты, әуеннің ырғағын ажыратады;
14) таныс әндерді таниды, қосылып айтады;
15) дербес сөйлеу тілінде меңгерілген дағдыларды еркін қолданады;
16) сөйлеуде барлық дауысты, дауыссыз дыбыстарды қолданады (жіңішкелікті және аффрикаттарды қоспағанда), дифтонгтар.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 12 тамыздағы № 499 бұйрығына 5-қосымша |
Зерде бұзылысы бар балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы
Ескерту. Бұйрық 5-қосымшамен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 29.12.2018 № 721 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Түсіндірме жазба
1. Зерде бұзылған балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5 және 14 - баптарына сәйкес әзірленді.
2. Бағдарлама мақсаты: зерде бұзылысы бар балалардың эмоционалды, зияткерлік және әлеуметтік дамуы үшін жағымды жағдай жасау және олардың тұлғалық оң қасиеттерін қалыптастыру.
3. Бағдарлама міндеттері:
1) бала өмірін қорғауды және денсаулығын нығайтуды қамтамасыз ететін заттық-әрекеттік даму ортасын құру;
2) бала бойында адамдармен және қоршаған орта заттарымен әрекеттесу сияқты әлеуметтік тәжірибені меңгеру тәсілдерін қалыптастыру;
3) балаларда қоршаған орта туралы білім жүйесі мен жалпылама түсініктерін қалыптастыру, танымдық белсенділігін дамыту;
4) әрбір жасерекшелік кезеңге тән балалар іс-әрекетінің барлық түрлерін қалыптастыру;
5) баланың жеке ерекшелігі мен мүмкіндіктерін ескере отырып, мектепте оқуға дайындау.
4. Бағдарлама мектепке дейінгі жастағы баланың дене және психикалық денсаулығын нығайтуға, оқытудың тәрбиелік, түзетушілік және білім беру міндеттерінің тұтастығын қамтамасыз етеді.
5. Оқу бағдарламасында күтілетін нәтижелер оқыту мақсаттарының жүйесі түрінде ұсынылған.
6. Бағдарлама мазмұны балалардың психологиялық-физиологиялық даму кезеңдерін қамтиды:
1) бірінші кіші топ (2 - 3 жастағы балалар);
2) екінші кіші топ (3 - 4 жастағы балалар);
3) ортаңғы топ (4- жастағы балалар);
4) мектепке дейінгі ұйымдағы ересектер тобы (5- 6 жастағы балалар);
5) жалпы білім беретін мектептегі, лицейдегі, гимназиядағы мектепалды даярлық сыныбы(6 - 7 (8) жастағы балалар).
7. Бағдарлама зерде бұзылысы бар балаларға арналған арнайы мектепке дейінгі ұйымдар үшін ұсынылады.
2-тарау. Бірінші кіші топ (2 - 3 жастағы балалар)
1-параграф. "Денсаулық" білім беру саласы
8. "Денсаулық" білім беру саласының базалық мазмұны - дене шынықтыру, мәдени-тазалық дағдылары ұйымдастырылған оқу қызметінде іске асырылады.
9. Мақсаты дененің қалыпты өсуін, баланың жеке типологиялық ерекшеліктеріне қарай омыртқасын және толыққанды денесін дамытатын жағдайлармен қамтамасыз ету, жеке гигиеналық бастапқы дағдыларды қалыптастыру болып табылады.
10. Міндеттер:
1) жалпы қимылдық икемділіктерді, еркін түзімдегі, берілген бағыттағы жүру мен жүгіру дағдыларын қалыптастыру;
2) шапшаң қимылды ойындарға және ойын жаттығуларына қатысуға эмоциялық әсер мен ынтасын шақыру;
3) өзінің қимылын үйлестіруге, әрекеттің бағыты мен сипатын тәрбиешінің сигналы мен командасына сәйкес өзгертуге үйрету;
4) ептілікті дамыту, мүсінді қалыптастыру;
5) тамақтану және қарапайым гигиеналық процедураларға баланың қатысуын ынталандыру(ересек адамның көмегімен);
6) өзіне-өзі қызмет ету барысында қарапайым қарым-қатынас әрекетін қалыптастыру.
2-параграф. 1-жартыжылдық
11. Дене шынықтыру негізгі қимылдарды қамтиды:
1) жүру:тәрбиешінің артынан және тәрбиешіге қарай топ болып жүру; арқан бойымен тәрбиешінің артынан бірінің соңынан бірі және арқанды қолымен ұстап өздігінен жүру, арқаннан жасалған түзу жол бойымен жүру;
2) жүгіру: тәрбиешінің артынан топ болып жүгіру, "аюдан" қашу, "қоянға" қарай жүгіру; бетін залға қаратып қабырға бойы тұрған бастапқы қалыптан зал бойымен қарама-қарсы қабырғаға қарай топтасып жүгіру;
3) секіру: ересекпен бірге тізесін ырғақты бүгуді орындау; педагогтың, бірі бірінің қолынан ұстап аяқтың ұшымен секіру;
4) лақтыру, қағып алу, дәлдеп лақтыру; тұрған және отырған қалыпта допты екі қолымен домалату (0,5-1 метр қашықтықта); допты тәрбиешіге лақтыру; ойыншыққа, бір-біріне лақтыру; допты екі қолымен ұстау, құлап қалған допты көтеру, үлкен, кіші доптарды еңістен домалату;
5) еңбектеу, өрмелеу; ойыншыққа қарай түзу сызық бойымен еңбектеу; еденге салынған (ені 30-35 см.) кілем, тақтайша бойымен еңбектеу; лентаның, доғаның (биіктігі 70 см.) астымен еңбектеп өту; жерде жатқан заттардан (бөренеден) өрмелеп өту;
6) тепе-теңдік сақтау: шектелген кеңістік бойымен, бір ұшы еденнен 15-20 см. биіктікке көтерілген (ұзындығы 1,5-2м., ені 20-25 см.) еңіс тақтай бойымен жүру және онымен төмен түсу; ішінен бүйіріне, арқасына, арқасынан бүйіріне, ішіне қарай аударылу;
7) жалпы дамытушы жаттығулар: жаттығуларды педагогпен бірге орындау: бас қимылы - бұрылу (оңға-солға), алға-артқа шалқаю; қол қимылы - алға, жан-жағына, алға, иыққа, белге қою, кеуде тұсында айқастыру, жанына қарай созу, кеуде тұсында, бастан асыра шапалақтау; бүгу және жазу, саусақтарды жұдырыққа түю және жазу; қолды белге қойып, бір аяқты топылдату; екі аяқты топылдату.
12. Күтілетін нәтижелер:
1) дене жаттығуларын орындауға ынта білдіреді;
2) жаттығуларды педагогтың әрекетіне еліктей отырып орындайды;
3) тәрбиешінің артынан топтасып жүреді;
4) допты лақтырады;
5) жол бойымен және ізін баса жүреді;
6) кілем, тақтай бойымен еңбектейді;
7) арқанның, орындықтың астынан өрмелеп өтеді;
8) ішінен бүйіріне, арқасына, арқасынан бүйіріне, ішіне қарай аударылады.
13. Мәдени-гигиеналық дағдылары:
1) тамақтану дағдыларын қалыптастыру: үстел басында өз орнымен танысу және оны есте сақтау; қажет болған жағдайда тамақтануға арналған арнайы алжапқыштарды киюін үйрету; тостағанды ұстай алу білігін қалыптастыру, арнайы екі тұтқасы бар тостағандар қолданылады; балаларда өздігінен тамақ қабылдауды, өздігінен қасық ұстаудыниеттендіру; тамақ ішіп болған соң үстел басынан тұруды балаларға үйрету;
2) тазалық дағдыларын қалыптастыру: балаларды гигиена заттарымен сабын, орамал, тарақ, бет орамалы және оларды қолдану мүмкіндіктерімен таныстыру; ересек адамның көмегімен қол жууды үйрету (алақанды бір-біріне үйкелеу);
3) ұқыптылық дағдыларын қалыптастыру: өзінің киімін сақтау орнымен, киімге арналған шкафпентанысу; тамақ ішер алдында және дәретханаға барған соң ересектің бақылауында міндетті түрде қол жуу дағдысын қалыптастыру; ересек адамның көмегімен қолды орамалмен сүрте білуін үйрету; баланың түбекке сұрану дағдысын бекіту;
4) киіну және шешіну дағдыларын қалыптастыру: балаларды киіндіру және шешіндіруге қатыса білуін үйрету: қолды алға созу және көтеру, аяқты түсіру және көтеру.
14. Күтілетін нәтижелер:
1) үстел басында өз орнын есте сақтауды;
2) ересектің бақылауымен және жартылай көмегімен үстел басына отыра және шыға алады;
3) гигиенаның негізгі заттарын: сабынды, орамалды, тарақты сәйкестендіре алады;
4) ересек адамның көмегімен қарапайым жуыну әрекеттерін орындайды(алақанды бір-біріне уқалайды);
5) ересектің көмегімен қолды орамалға сүрте алады;
6) тамақтанудың қарапайым әрекетін орындайды: ересектің көмегімен тостағанды ұстайды,қасықты қолдануға тырысады;
7) киіндіруге және шешіндіруге қатысады;
8) қажеттілігі бойынша түбекке сұрана алады.
3-параграф. 2-жартыжылдық
15. Дене шынықтыру негізгі қимылдарды қамтиды:
1) жүру: зал бойымен топтасыпқарама-қарсы қабырғаға дейін жүруге;арқаннан және биік емес заттардан (биіктігі 5 см) аттай жүруге; еденге қойылған арқан бойымен бірінің соңынан бірі жүруге, еденге қойылған баудың бойымен түзу жол бойынша жүруге; еденге жайылған мата (ені 30 см) үстімен жүруге үйрету;
2) жүгіру: зал бойымен қарама-қарсы қабырғаға қарай топтасып жүгіруге; бір-бірінің артынан көрсетілген бағыт бойынша жүгіруге; тәрбиешінің артынан бір-бірден, топтасып жүгіруге үйрету;
3) секіру: педагогтың, бірінің бірі қолынан ұстап, аяқтың ұшымен секіруге үйрету;
4) лақтыру, қағып алу, дәлдеп лақтыру: допты тәрбиешіге, бір-біріне лақтыруға; шарларды (0,5-1 м қашықтықта) бір-біріне сырғытуға; әуе шарын лақтыруға және ұстап алуға; допты екі қолымен шеңберге лақтыруға үйрету;
5) еңбектеу, өрмелеу: гимнастикалық қабырға бойымен еркін тәсілмен өрмелеуге; түсті сызықтар арасындағы жол бойымен кедергілерден өте еңбектеуге; еден бойымен еңбектеуге; арқанның астымен өрмелеп өтуге үйрету;
6) тепе-теңдік сақтау: шектелген кеңістік бойымен, бір ұшы еденнен 15-20 см биіктікке көтерілген (ұзындығы 1,5-2,0 м, ені 20-25 см) еңіс тақтай бойымен жүруге және ересектің көмегімен онымен төмен түсуге; ішінен бүйіріне, арқасына, арқасынан бүйіріне, ішіне қарай аударылуға үйрету;
7) жалпы дамытушы жаттығулар: жаттығуларды педагогпен бірге орындау: бас қимылы - оңға-солға бұру, алға-артқа иілу; қол қимылы - алға, жан-жағына, жоғарыға, иыққа, белге қою, кеуде тұсында айқастыру, жанына қарай созу; кеуде тұсында, бастан асыра шапалақтау; бүгу және жазу; саусақтарды жұдырыққа түю және жазу; қолды белге қойып, бір аяқты топылдату; екі аяқты топылдату.
16. Күтілетін нәтижелер:
1) дене жаттығуларын орындауға ынта білдіреді;
2) жаттығуларды педагогтың әрекетіне еліктей отырып орындайды;
3) тәрбиешінің артынан топтасып жүреді, жүгіреді;
4) бірінің артынан бірі көрсетілген бағыт бойынша жүгіреді;
5) допты лақтырады;
6) жол бойымен және ізін баса жүреді;
7) тақтайдан секіреді;
8) педагогтың қолынан ұстап аяғының ұшымен секіреді;
9) кілем, тақтай бойымен еңбектейді;
10) арқанның, орындықтың астынан өрмелеп өтеді.
17. Мәдени-тазалық дағдылары:
1) тамақтану дағдыларын қалыптастыру: өздігінен орындыққа (өз орнына) отыру және тұра білуін қалыптастыру; тостаған, қасық ұстай алуы дағдысын жетілдіру;
2) тазалық дағдыларын қалыптастыру: санитария және тазалық заттарын тани алуын қалыптастыру; ересек адамның бақылауымен қол жууға ағып жатқан суға қолын тосуға, алақанды бір-біріне үйкелеуге үйрету; ересек адаммен ұсынылған ашылған беторамалына сүртіне алуын үйрету; балада түбекке сұрана алуын, өз түбегінің тұрған орнын білуін, өз түбегіне ғана отыруын бекіту;
3) ұқыптылық дағдыларын қалыптастыру: балаға ересектің көмегімен сурет бойынша өз шкафын таба алуын үйрету; ересектің көмегімен дәретханаға барған соң,тамақтанар алдында және кір болуына қарай қол жуу дағдысын бекіту;
4) киіну және шешіну дағдысын қалыптастыру.
18. Күтілетін нәтижелер:
1) өздігінен және ересектің көмегімен үстел басынан тұрып кете және отыра алады;
2) ересек адамның көмегімен жуынудың қарапайым әрекеттерін орындайды, аққан суға қолын тосады, алақанды бір-біріне үйкелейді;
3) ересектің бақылауымен тостаған мен қасықты ұстай алады;
4) өз түбегінін орнын біледі және тек қана өз түбегіне отырады;
5) ересектің көмегімен сурет бойынша өз шкафын таба алады;
6) ересектің көмегімен киімін шеше алады.
4-параграф. "Коммуникация" білім беру саласы
19. "Коммуникация" білім беру саласының базалық мазмұны сөйлеу тілін дамыту, көркем әдебиет ұйымдастырылған оқу қызметіндеіске асырылады.
20. Мақсаты жақын және таныс адамдармен сөзсіз және сөзбен қарым-қатынас жасауға ынталандыруды қалыптастыру, тыңдау мәдениет дағдыларын, қарапайым ертегілерді және тақпақтарды қабылдауын қалыптастыру, балалар көркем әдебиет шығармаларына және халық ауыз әдебиетіне эмоционалды ілтипатын дамыту.
21. Міндеттері:
1) балалардың сөйлеу тілін дамытуға алдын ала жағдай жасау және тілдік қабілеттіліктерін қалыптастыру;
2) балаларды өзі және жақын ортасы жөнінде қарапайым сұрақтарға жауап беруге үйрету;
3) халық ауыз әдебиетінің түрлерімен: ертегілермен, тақпақтармен, өлеңдерментаныстыру, ертегілерді, тақпақтарды тыңдауға және қабылдауға үйрету;
4) халық ауыз әдебиеті шығармаларының интонациялық мәнерлігін қабылдауын дамыту, сөйлеу тіліне еліктеуін белсендіру;
5) халық ауыз әдебиетіне және көркем шығармаларға қызығушылығын қалыптастыру.
5-параграф. 1-жартыжылдық
22. Сөйлеу тілін дамыту:
1) балаларда сөзсіз қарым-қатынас нысандарын дамыту: серіктестің бетіне көз қырын салу икемі, қарым-қатынас жасау кезінде серіктестің көзіне қарау, көз бен қолдың қимылдарын келістіріп, сілтеу ымын пайдалану;
2) педагогтің нұсқауы бойынша заттарды, ойыншықтарды, дене мүшелерін табу, тану және көрсету білігін үйрету;
3) қарапайым нұсқауларды түсіну және орындау біліктерін қалыптастыру;
4) балаларды "бер", "ал", "бар", "отыр" сөздерін түсіну білігіне үйрету;
5) біржақты диалогты жүргізу икемін бекіту (педагог сюжеттік суреттің мазмұны бойынша сұрақ қояды, ал бала оған ыммен жауап береді);
6) ата-анасын, жақын туыстарын (ана, әке, әже) атау икемін дамыту;
7) сұрақтарға жауап беру икеміне үйрету.
23. Күтілетін нәтижелер:
1) сөзсіз қарым-қатынас нысандарын пайдаланады;
2) ересек адамдардың сөз сөйлеулерін, әңгімелерін, өлеңдерін, тақпақтарын, әндерін тыңдайды және қызығушылық танытады;
3) таныс дауыстарға және былдыр сөздерге еліктеуді жүзеге асырады.
24. Көркем әдебиет:
1) тыңдау және түсіну: мазмұны қолжетімді ертегілерді, өлеңдерді, тақпақтарды тыңдауға, қабылдауға үйрету; оқу кезінде ойыншықтарды, суреттерді (фланелеграфта), үстел үсті театры және саусақ қуыршақтарын қоса көрсету; көркем шығарманың иллюстрацияларымен таныстыру, суреттерді қарауға үйрету;
2) шығарманың интонациялық ырғағын қабылдау: сөйлеу тілінің мәнерлілігін: көркем шығарманың мазмұнына қатысты сұраулы интонацияны қабылдауға үйрету; ертегілердің, ойын-өлеңдердің ырғағына және әуезділігіне қарай эмоциональді әрекет етуге үйрету;
3) әңгімелеу және жаттау:оқу кезінде ақындық шығармаларды кішігірім ойын іс-әрекеттерімен қостау;шығармаларды оқу кезінде еліктеу әрекетін орындауға үйрету, дыбыстық жесттерді қайталауға ынталандыру.
25. Күтілетін нәтижелер:
1) қысқа, қарапайым ертегілерді, тақпақтарды тыңдайды;
2) көркем шығармалардың сұраулы интонациясын қабылдайды;
3) кішігірім ертегілерге, өлеңдерге, тақпақтарға эмоциональді әрекет етеді.
6-параграф. 2-жартыжылдық
26. Сөйлеу тіліндамыту:
1) қаратпа сөйлеу тіліне зейін салып тыңдау икемін дамыту;
2) белгілі заттарды көрсету икеміне үйрету; осы сөздермен алғашқы сөйлемдерді құрастыру икемін қалыптастыру;
3) балаларды "бер", "ал", "бар" сөздерімен фразаларды құрастыру икеміне үйрету; балаларды ойыншықтармен әрекет жасау нәтижелері бойынша сөз сөйлеуге талаптандыру;
4) достарының, қуыршақтардың есімдерін атау икеміне үйрету;
5) дене мүшелердің және киімдердің атауларын түсінуді қалыптастыру;
6) қоршаған әлеммен, таныс тұрмыстық немесе ойын жағдайымен байланысты әрекеттерді көрсету және орындау икемдеріне үйрету;
7) суретте бейнеленген қарапайым әрекеттерді түсіну икемін дамыту.
27. Күтілетін нәтижелер:
1) сөйлеу тілінде айналадағы заттардың атауларын және олармен жасайтын әрекеттерді түсінеді және ажыратады;
2) кейбір дене мүшелері мен киімдердің атауларын түсінеді;
3) ересектердің көмегімен қарапайым сөйлемдерді қолданады;
4) қарапайым сұрақтарға бір сөзбен, ым-ишаратпен немесе дыбыстар кешенімен жауап береді.
28. Көркем әдебиет:
1) тыңдау және түсіну: мазмұны қолжетімді өлеңдерді, тақпақтарды, ертегілерді тыңдауға, қабылдауға үйрету; оқу кезінде ойыншықтарды, үстел үсті театры, саусақ қуыршақтарын, суреттерді (фланелеграфта)қоса көрсету; көркем шығарманың иллюстрацияларымен таныстыру, суреттерді қарауға үйрету;
2) шығарманың интонациялық ырғағын қабылдау: өлең-тақпақтардың интонациясын эмоциональді қабылдауға үйрету, сөйлеу тілінің мәнерлігін: көркем шығарманың мазмұнына қатысты сұраулы интонацияны қабылдауға үйрету; өлеңдердің, тақпақтардың ырғағына және әуезділігіне әрекет ету білігін қалыптастыру; қимыл-қозғалыс пен фонация үйлесімділігінің негізіндеырғақ қатарын құру білігін қалыптастыру;
3) әңгімелеу және жаттау: оқу кезінде кішігірім ақындық шығармаларды ойын әрекеттерімен қостау; шығармаларды оқу кезінде еліктеу әрекетін орындауға үйрету, дыбыстық ым-ишараттарды қайталауға ынталандыру.
29. Күтілетін нәтижелер:
1) қысқа ертегілерді, тақпақтарды тыңдайды;
2) көркем шығармалардың мазмұнындағы сұраулы интонацияны қабылдайды;
3) кішігірім ертегілерге, өлеңдерге, тақпақтарға эмоциональді әрекет етеді.
7-параграф. "Таным" білім беру саласы
30. "Таным" білім беру саласының базалық мазмұны сенсорика, құрастыру ұйымдастырылған оқу қызметінде іске асырылады.
31. Мақсаты заттардың қасиеттері мен сапаларын ойын және өнімді әрекетте қабылдауға жағдай жасау, құрастыру процесіне, құрылыс материалдарымен ойынғаоң қарым-қатынасты және қызығушылықты қалыптастыру болып табылады.
32. Міндеттері:
1) көріп, естіп, тактильдік-қимылдық қабылдауын және зейіндідамыту;
2) перцептивтік әрекеттерді қалыптастыру (қарастыру, сипау, суыру, салу);
3) заттардың оңай ерекшеленетін қасиеттерін көру, тактильді-қимыл, есту және дәм сезу арқылы саралауға үйрету;
4) бағдарлаудың іздеу тәсілдерін қалыптастыру;
5) қолдың көру-қимылдық үйлесімділігін дамыту;
6) еліктеу бойынша әрекеттенудің қарапайым дағдыларына үйрету;
7) құрастыру әрекетіне эмоциональді әсер ету және қызығушылық тудыру;
8) құрастыруға арналған әртүрлі материалдармен таныстыру;
9) ересекпен бірге құрылыс материалынан қарапайым құрылыстарды орындауға; ересектің іс-әрекетіне еліктеу бойынша құрылыстармен ойнауға үйрету.
8-параграф. 1-жартыжылдық
33. Сенсорика:
1) көріп қабылдау мен зейінді дамыту:жеке заттарды қабылдау, оларды ортадан ерекшелеу;шымылдықтың алдымен бір жерінен, содан кейін белгілі бір екі жерінен бірізділікпен пайда болатын қуыршақты күту, зейінді қалыптастыру;ересектің әрекетін алдымен затсыз, содан кейін затпен (ойыншықтармен) шығару;таныс заттарды тану (өзінің ойыншығын табу);
2) естіп қабылдау мен зейінді дамыту:белгілі бір аспаптың дыбысталуына әсерін әрекетпен білдіре отырып, екі музыкалық аспаптың (дағыра-сыбызғы) дыбысталуын ажырату;дыбысқа еліктеуге құлақ түріп, дыбысталудың сәйкес ойыншыққа қатысын анықтау;
3) тактильдік-қимылдық қабылдауды дамыту:геометриялық пішіндерді (шар, текше) сипау арқылы қабылдау;ересектің әрекетіне еліктеу, үлкен заттарды екі қолымен, кіші заттарды бір қолымен алу; өзара байланысты тура және кері әрекеттерді орындауға үйрету (жаю-жинау, алу-салу, бірінен алып, екіншіге қою).
34. Күтілетін нәтижелер:
1) заттарды сезімталдықтың әртүрлі түрлерін тексеруге қатыстыра отырып қарастырады;
2) жақын ортадағы заттарды көру арқылы таниды;
3) геометриялық пішіндерді (шар, текше) сипау арқылы ажыратады;
4) ересектің әрекетін заттармен (ойыншықтармен) шығарады;
5) әрекеттерді ойыншықтармен (жаяды-жинайды, алады-салады, апарып қояды) орындайды;
6) екі музыкалық апспаптың дыбысталуын ажыратады.
35. Құрастыру:
1) балалардың көзінше орындалатын құрастыру әрекеті процесінде ересектің әрекетін бақылауға;балаларды ересек адамның жасаған әртүрлі құрылыстарымен ойнауға;құрылыс материалдардың қасиеттерімен (ағаштан, пластмассадан жасалған конструкторлар, жұмсақ модульдер) және бөліктерімен таныстыруға;көлемді пішінді заттарды екі қолымен зерделеу (заттарды сипап сезу) арқылы қабылдауға; құрылыс материалдармен жұмыстың қарапайым ережелеріне үйрету;
2) құрылыс материалдарынан құрастыру:педагогпен бірлесіп құрылыс конструкторынан қарапайым құрылыстар жасау, оларды ойында пайдалану;конструкцияның құлап қалуына адекватты әсері болу, ойынды жалғастыру үшін оны қалпына келтіругеұмтылу; ойында құрылыс жиынтықтарының элементтеріналмастырушы заттар ретінде қолдану;
3) заттық емес құрастыру:еліктеу бойынша топ бөлмесінің кеңістігінде құрылыс конструкторының бір элементінің орнын ауыстыру;
4) құрамалы-жиналмалы ойыншықтарды құрастыру:2 бөліктен құралатын нысандарды біріктіру және ажырату;
5) конструктор бөліктерін ұстап алу, ұстап тұру, орнын ауыстыру;затты екі қолымен зерделеу (затты сипап сезу)дағдыларын қалыптастыру.
36. Күтілетін нәтижелер:
1) құрылыс конструкторымен ойынға деген әсері жағымды;
2) конструктор бөліктерін ұстап алады, ұстап тұрады, ауыстырып қояды;
3) 2 бөлікті ойыншықтарды біріктіреді және ажыратады;
4) педагогпен бірге құрылыс конструкторынан қарапайым құрылыстар құрастырады.
9-параграф. 2-жартыжылдық
37. Сенсорика:
1) көріп қабылдау мен зейінді дамыту:жеке заттарды қабылдау, оларды ортадан ерекшелеу;шымылдықтың алдымен бір жерінен, содан кейін белгілі бір екі жерінен бірізділікпен пайда болатын қуыршақты күту, зейінді қалыптастыру;ересектің әрекетін алдымен затсыз, содан кейін затпен (ойыншықтармен) шығару;таныс заттарды тану (өзінің ойыншығын табу), педагог атаған ойыншықты ерекшелеу;"осындай", "ондай емес" салыстыру тәсілдерімен түстердің біртектілігі немесе біртекті еместігіне бағдарлай отырып, түстерді ажырату; таныс ойыншықтарды олардың бейнелерімен сәйкестендіру;
2) естіп қабылдау мен зейінді дамыту:есту тітіркендіргіштеріне әсері болуы;белгілі бір аспаптың дыбысталуына әсерін әрекетпен білдіре отырып, екі-үш музыкалық аспаптың дыбысталуын ажырату;дыбысқа еліктеуді ажырату, дыбысталудың сәйкес ойыншыққа қатысын анықтау;дыбыстарды тану және нақты бейнелермен сәйкестендіру;
3) тактильдік-қимылдық қабылдауды дамыту: көлемді пішіндерді (шар, текше) еліктеу бойынша практикалық әрекеттер арқылыажырату;ересектің әрекетіне еліктеу, үлкен заттарды екі қолымен, кіші заттарды бір қолымен алу; заттардың көлемін (үлкен, кіші) ұстау арқылы қабылдау;өзара байланысты тура және кері әрекеттерді орындауға үйрету (жаю-жинау, алу-салу, апарып қою).
38. Күтілетін нәтижелер:
1) түстерді салыстырады;
2) заттардың көлемін (үлкен, кіші) ажыратады;
3) геометриялық пішіндерді (шар, текше) сипау арқылы ажыратады;
4) заттарды сезімталдықтың әртүрлі түрлерін тексеруге қатыстыра отырып қарастырады;
5) жақын ортадағы заттарды көру арқылы таниды;
6) таныс ойыншығының бейнесін затпен сәйкестендіреді;
7) екі-үш музыкалық аспаптардың дыбысталуын ажыратады;
8) ойыншықтармен әрекеттерді (жаяды-жинайды, алады-салады, апарып қояды) орындайды.
39. Құрастыру:
1) балалардың көзінше орындалатын құрастыру әрекеті процесінде ересектің әрекетін бақылауға;еліктеу бойынша практикалық әрекеттер арқылы заттарды көлемі (кіші, үлкен) бойынша салыстыруға;
2) құрылыс материалдарынан құрастыру:педагогпен бірлесіп құрылыс конструкторынан қарапайым құрылыстар жасау, оларды ойында пайдалану;ойында құрылыс жиынтығының элементтерін заттармен алмастырушы ретінде қолдану;
3) заттық емес құрастыру:еліктеу бойынша топ бөлмесінің кеңістігінде құрылыс конструкторының бір элементінің орнын ауыстыру;көрсету бойынша сатымен қозғалу (жоғары-төмен), топ бөлмесі кеңістігінде (орындықта тұру, жерге түсу: жоғарыда-төменде) қозғалу;
4) таяқшалардан құрастыру:таяқшалардан қаланған пішіндерден таныс заттардытану;
5) құрамалы-жиналмалы ойыншықтарды құрастыру: сынған ойыншықты "жөндеу" ынтасын шақыру; ойыншықты жинастыру, бөліктерден бүтін құрау;
6) конструктор бөліктерін ұстап алу, ұстап тұру, орнын ауыстыру; затты екі қолымен зерделеу (затты сипап сезу) дағдыларын қалыптастыру.
40. Күтілетін нәтижелер:
1) құрылыс конструкторымен ойынға жағымды әсері;
2) конструтор бөліктерін ұстап алады, ұстап тұрады, ауыстырып қояды;
3) педагогпен бірлесіп құрылыс конструкторынан қарапайым құрылыстар құрастырады;
4) бөліктерден бүтін құрастырады, ойыншықты жинастырады;
5) еліктеу бойынша құрылыс конструкторының элементтерінің топ бөлмесі кеңістігіндегі орындарын ауыстырады.
10-параграф. "Шығармашылық" білім беру саласы
41. "Шығармашылық" білім беру саласының базалық мазмұны сурет салу, мүсіндеу, аппликация, музыка ұйымдастырылған оқу қызметінде іске асырылады.
42. Мақсаты бейнелеу әрекетіне қызығушылығын қалыптастыру, кез-келген қолжетімді құралдармен сурет салу, мүсіндеу қалауын қалыптастыру болып табылады.
43. Міндеттері:
1)бейнелеу әрекетіне жағымды эмоционалды әсерді туындату;
2) ересек адамның әрекетін бақылауға, еліктеу бойынша орындауға үйрету;
3) қолдың көру-қимыл координациясын дамыту;
4) түсті, мөлшерін, пішінін көру арқылы қабылдауын қалыптастыру;
5) әртүрлі сурет салу, мүсіндеу, жапсыру құралдарыментаныстыру;
6) еліктеу бойынша сурет салудың, мүсіндеудің қарапайым дағдыларынаүйрету;
7) жапсырмалаусыз жапсырма жасауды үйрету;
8) түрлі материалдармен жұмыс істеудің қарапайым ережелерін таныстыру;
9) музыкалық аспаптарға қызығушылықты дамыту және музыкалық туындыларға эмоционалды ықыластықты тәрбиелеу.
11-параграф. 1-жартыжылдық
44. Сурет салу:
1) балаларды ересектің сурет салу процесін бақылауға балаларды үйрету; ересектің сурет салуға деген ұсынысына эмоционалды жағымды жауап беру; ересекпен бірге пішіні әртүрлі заттарды зерделеу (нобайы бойымен жүргізу); қағаздың қасиеттерімен, әртүрлі сурет салу құралдарымен: бояу, қарындаш, фломастер, бор, гуашь танысу танысу;
2) дағдыларды қалыптастыру: сурет салу кезінде үстелде дұрыс отыру; ересек адамның көмегімен қарындашты ұстау және көрінетін із салу мақсатында қарындашпен қағаз бетінде жүргізу; ересек адаммен бірге қағаз бетіне әртүрлі құралдармен (саусақпен, қолмен, мақта таяқшамен, қарындашпен, қылқаламмен) дақ, жағу, сызықтың суретін салу; қағаз сүлгіні пайдалану.
45. Күтілетін нәтижелер:
1) әртүрлі жағындыларды, шимайларды сала алады;
2) сурет салудың әртүрлі құралдары туралы түсінігі болады;
3) сурет салғанда үстелде отырады.
46. Мүсіндеу:
1) балаларды ермексаздан, саздан, түсті қамырдан әртүрлі пішіндерді, ыдыс заттарын, ойыншықтарды мүсіндеу процесіндегі ересектің әрекетін бақылауға үйрету;балаларды ересек адамның жасаған бұйымдарымен ойнату;созылымды материалдың қасиеттерімен таныстыру: илеу, кесектерді үзіп алу, біріктіру, бөліктерін жұлу, тура және айналдыра қимылдау арқылы жаю, жалпайту;мүсіндеу алдында зерделеу (заттарды сипап сезу) арқылы көлемді пішінді заттарды қабылдау;
2) дағдыларды қалыптастыру:сазды, қамырды, ермексазды жұмсарту; саздың, қамырдың, ермексаздың үлкен бөлігінен кіші бөлігін үзіп алу, оларды үлкен кесекке біріктіру;сазды, қамырды, ермексазды алақандар арасында домалақтау;
3) созылымды материалмен жұмыстың қарапайым ережелерімен таныстыру.
47. Күтілетін нәтижелер:
1) педагогпен бірге және еліктеу бойынша созылымды материалдармен әрекеттерді (умаждайды, үлкен кесектен үзіп алады, оларды үлкен кесекке біріктіреді) орындайды;
2) еліктеу бойынша сазды, қамырды, ермексазды алақандар арасында тура қимылдармен жаяды;
3) үстелде жеңін түріп, дұрыс отырады;
4) жұмыс процесінде эмоциясын байқатады.
48. Аппликация:
1) балаларды оқыту:аппликация орындап отырған ересектің әрекеттерін бақылау;таныс ойыншықтарды, заттарды олардың бейнелерімен сәйкестендіру;еліктеу бойынша практикалық іс-әрекет арқылы көлемді пішіндерді (шар, текше) ажырату;еліктеу бойынша практикалық әрекет арқылы заттарды мөлшері (кіші, үлкен) бойынша салыстыру;
2) фланелеграфтағы жұмысдағдыларын қалыптастыру: педагогтың көмегімен қарапайым пішіндерді салу;фланелеграфтағы жұмыс: педагогтың көмегімен қарапайым композияция құрастыру; педагогтың көмегімен қарапайым пішіндерді қағаз бетіне орналастыру.
49. Күтілетін нәтижелер:
1) аппликацияны орындауға берілген ұсынысты жағымды қабылдайды;
2) дайын пішіндерді фланелеграфта, қағаз бетінде орналастырады;
3) орындалған жұмысқа қуанады.
50. Музыка:
1) музыканы тыңдау:әртүрлі сипаттағы (байыпты, көңілді, шапшаң қимылды, сергек) музыкаға деген эмоционалды үн қатуға тәрбиелеу;өлеңнен үзіндіні тыңдай білуді дамыту;
2) ән айту:өлең сөздерін тыңдай білуді қалыптастыру;қосылып айтуды және музыканың сүйемелдеуімен дыбысқа еліктей білуді қалыптастыру;
3) музыкалық-ырғақтық қозғалыстар:музыкаға деген әсерін құлақ түруімен және ырғақты қимылмен білдіру; зал кеңістігінде бағдарлау, музыканың сүйемелдеуімен жүру;ересектердің көрсеткен қарапайым қимыл дағдыларын (қол шапалақтау, аяғын тыпырлату) қалыптастыру;
4) музыкалық-дидактикалық ойындар:музыкалық құралдармен: бубенмен, сылдырмақпен танысу.
51. Күтілетін нәтижелер:
1) музыкалық шығарма сипатын (байыпты және көңілді) ажыратады;
2) өлеңді дыбысқа еліктеу арқылы айтады (ересектермен бірге);
3) ересектер көрсеткен қарапайым қимылдарды орындайды;
4) кейбір музыкалық құралдарды (бубен, сылдырмақ) таниды.
12-параграф. 2-жартыжылдық
52. Сурет салу:
1) балаларды ересектің сурет салу процесін бақылауға үйрету;ересектің сурет салуға деген ұсынысына эмоционалды жағымды жауап беру;ересекпен бірге пішіні әртүрлі заттарды зерделеу, нобайы бойымен жүргізу;қағаздың қасиеттерімен танысу;сурет салудың әртүрлі құралдарымен: қарындаштармен, бояулармен, фломастерлермен, борлармен, гуашьпен танысу;
2) негізгі түстер туралы білімдерін қалыптастыру, негізгі түстерді қызыл, сары сәйкестендіру;заттардың көлемі (үлкен-кіші) туралы;қолдың қарындашпен, қылқаламмен әрекетінің нәтижесі ретіндегі пайда болатын іздерді байқауға үйрету;
3) сурет салу кезінде үстелде дұрыс отырудағдыларын дамыту;қолына қарындашты ұстау және көрінетін ізді алу үшін онымен қағаз бетінде жүргізу; еліктеу бойынша жағындылардың суретін салу, қағаз бетін толтыру үшін оларды бірнеше рет ырғақты қайталау;түзу үзік сызықтардың суретін салу;ересектің көрсетуі бойынша суретте қарапайым заттар мен құбылыстарды (жаңбыр жауады, жылға ағады) жеткізе білу;қағаз сүлгіні пайдалану.
53. Күтілетін нәтижелер:
1) заттардың көлемі (үлкен-кіші) туралы түсініктері бар;
2) негізгі түстер: қызыл, сары туралы түсініктері бар;
3) әртүрлі жағындының, нүктенің, сызықтардың суретін салады;
4) сурет салғанда үстелде дұрыс отырады.
54. Мүсіндеу:
1) балаларды ермексаздан, саздан, түсті қамырдан әртүрлі пішіндерді, ыдыс заттарын, ойыншықтарды мүсіндеу процесіндегі ересектің әрекетін бақылауға үйрету;балаларды ересек адамның жасаған бұйымдарымен ойнату;созылымды материалдың қасиеттерімен таныстыруды жалғастыру: илеу, кесектерді үзіп алу, біріктіру, бөліктерін жұлу, тура және айналдыра қимылдау арқылы жаю, жалпайтуға;мүсіндеу алдында зерделеу (заттарды сипап сезу) арқылы көлемді пішінді заттарды қабылдауға үйрету;
2) дағдыларды дамыту:сазды, қамырды, ермексазды жұмсарту; саздың, қамырдың, ермексаздың үлкен кесегінен кіші кесекті үзіп алу; пішін жасау қимылы - жаю; сазды, қамырды, ермексазды алақандар арасында домалақтау, цилиндр пішінді заттарды: таяқшаны, шұжықты мүсіндеу;
3) созылымды материалмен жұмыстың қарапайым: үстелде дұрыс отыру, жеңді түру, мүсіндеуден кейін қолды жуу ережелерімен таныстыруды жалғастыру.
55. Күтілетін нәтижелер:
1) созылымды материалдармен әрекеттерді (умаждайды, үлкен кесектен үзіп алады, оларды үлкен кесекке біріктіреді) орындайды;
2) пішін жасау қимылын орындайды - педагогпен бірге және еліктеу бойынша жаяды;
3) цилиндр пішінді заттарды (таяқша, шұжық) педагогпен бірге және еліктеу бойынша мүсіндейді;
4) үстелде жеңін түріп, дұрыс отырады, мүсіндегеннен кейін педагогтың көмегімен қолын жуады;
5) жұмыс процесінде эмоциясын байқатады.
56. Аппликация:
1) балаларды аппликация орындап отырған ересектің әрекеттерін бақылауға балаларды үйрету;еліктеу бойынша практикалық әрекет арқылы көлемді пішіндерді (шар,текше) ажырату;таныс ойнышықтарды, заттарды олардың бейнелерімен сәйкестендіру;еліктеу бойынша практикалық әрекет арқылызаттарды мөлшері (кіші, үлкен) бойынша салыстыру;түстерді ажырату (қызыл, сары);жазық геометриялық пішіндермен (дөңгелек, шаршы) танысу; қағаздың мүмкіндігі: жыртылуы, оңай умаждалуы туралы түсінікті қалыптастыру;
2) фланелеграфтағы жұмысдағдыларын қалыптастыру:педагогтың көмегімен қарапайым пішіндерді (шар, доп, текше) салу;педагогтың көмегімен қарапайым композияция ("күн мен шырша", "үй мен дуал") құрастыру; педагогтың көмегімен дайын әртүрлі: қызыл, сары түстегі пішіндерді фланелеграфта орналастыру; педагогтың көмегімен таныс пішіндерді қағаз бетіне орналастыру.
57. Күтілетін нәтижелер:
1) аппликацияны орындауға берілген ұсынысты жағымды қабылдайды;
2) дайын пішіндерді фланелеграфта, қағаз бетінде орналастырады;
3) заттардың мөлшері (кіші, үлкен) туралы түсінігі бар;
4) заттардың негізгі түстері: қызыл, сары туралы түсінігі бар;
5) заттардың пішіні (дөңгелек, шаршы) туралы түсінігі бар;
6) орындалған жұмысқа қуанады.
58. Музыка:
1) музыканы тыңдау:музыканы аяғына дейін тыңдай білуді қалыптастыру;музыкаға деген қызығушылықты тәрбиелеу;
2) ән айту:әнге қосылу және өлең соңында қайталанатын дыбысқа еліктей білуді қалыптастыру;ересек адаммен бірге өлең айтуды дамыту;
3) музыкалық-ырғақтық қозғалыстар: музыканың сүйемелдеуімен қарапайым ырғақты қимылды қалыптастыру; музыканың сүйемелдеуімен зал ішінде жүру және жүгіру дағдыларын жетілдіру; қарапайым қимылдарды музыканың сүйемелдеуімен орындау дағдыларын қалыптастыру;
4) музыкалық-дидактикалық ойындар: музыкалық құралдармен: қоңыраумен, бубенмен, сылдырмақпен танысу.
59. Күтілетін нәтижелер:
1) таныс өлеңдерді таниды;
2) өлеңде қайталанылатын сөздерге қосылады;
3) қарапайым қимылдарды музыканың сүйемелдеуімен орындайды;
4) шеңберде орындалатын қарапайым би қимылдарын музыканың сүйемелдеуімен немесе педагогпен бірлесе орындаған өлеңнің мазмұнына сәйкес қайталайды;
5) музыкалық құралдарды (қоңырау, бубен, сылдырмақ) көрсетеді.
3-тарау. Екінші кіші топ (3-4 жастағы балалар)
1-параграф. "Денсаулық" білім беру саласы
60. "Денсаулық" білім беру саласының базалық мазмұны - дене шынықтыру,мәдени-тазалық дағдылары ұйымдастырылған оқуқызметінде іске асырылады.
61. Мақсаты дененің қалыпты өсуін, баланың жеке типологиялық ерекшеліктеріне қарай омыртқасын дамыту және оның денесін дұрыс қалыптастыру үшін жағымды физиологиялық жағдайлармен қамтамасыз ету, қарапайым мәдени-гигиеналық дағдыларды қалыптастыру болып табылады.
62. Міндеттер:
1) жалпы қимылдық икемділіктерді, еркін түзімдегі, берілген бағыттағы жүру мен жүгіру дағдыларын қалыптастыру;
2) шапшаң қимылды ойындарға және ойын жаттығуларына қатысуға эмоциялық әсер мен ынтасын шақыру;
3) өзінің қимылын үйлестіруге, тәрбиешінің сигналы мен командасына сәйкес іс-әрекет бағыты мен сипатын өзгертуге үйрету;
4) ептілікті дамыту, мүсінді қалыптастыру;
5) балада тамақтану және жуынудың қарапайым дағдыларын дамыту;
6) киіну және шешінудің бастапқы дағдыларын қалыптастыру;
7) өзіне-өзі қызмет ету процесінде құралдармен қарапайым іс-әрекеттерді қалыптастыру.
2-параграф. 1-жартыжылдық
63. Дене шынықтыру төмендегідей негізгі қимылдардықамтиды:
1) жүру:қолдарынан ұстасып, сигнал бойынша тоқтап, шеңбер бойымен жүруге; қол белде, аяқтың ұшымен жүруге; арқаннан жасалған түзу жол бойымен, шеңбер бойымен жүруге; тақтай (ені 30 см, ұзындығы 1,5 м) бойымен жүруге үйрету;
2) жүгіру: зал бойымен қарама-қарсы қабырғаға қарай топтасып жүгіруге; бір-бірінің артынан көрсетілген бағыт бойынша жүгіруге; жол бойымен (ені 30-40 см, ұзындығы 7 м) жүгіруге; тәрбиешінің сигналы бойынша бір-бірден, топтасып жүгіруге үйрету;
3) секіру: педагогтың, бірінің бірі қолынан ұстап секіруге; тәрбиешінің сақтандыруымен және көмегімен тақтайдан (биіктігі 10 см) секіруге үйрету;
4) лақтыру, қағып алу, дәлдеп лақтыру: әрекетті доппен орындау - көлемі мен материалы әртүрлі (үлкен және кіші, үрленген, матадан жасалған, сырты тегіс және бұдыр) доптарды екі қолмен педагогқа, бір-біріне лақтыру; допты екі қолымен тұрған және отырған қалыпта қақпа арқылы (қашықтық - 2 м) домалату;
5) еңбектеу, өрмелеу: ересектің қолдауымен төбешікке шығу және өздігінен түсу; кілем бойымен еңбектеу, бөрене арқылы өрмелеп өту; педагогтың көмегімен гимнастикалық қабырға бойымен өрмелеу және түсу;
6) тепе-теңдік сақтау: шектелген кеңістік бойымен, бір ұшы еденнен 15-20 см биіктікке көтерілген (ұзындығы 1,5-2 м, ені 20-25 см) еңіс тақтай бойымен жүруге және оның бойымен төмен түсуге (ересектің сақтандыруымен және көмегімен орындалады); тәрбиешінің қолынан ұстап ұзын орындық бойымен (биіктігі 20-25 см) жүруге үйрету;
7) сапқа тұру:сапта еркін тұру; арқанды қолымен ұстап тұрып,еденге түзу салынған арқан бойымен тұру;
8) жалпы дамытушы жаттығулар:жаттығуларды педагогпен бірге орындау: бас қимылы - бұру (оңға, солға), алға қарай иілу, артқа қарай шалқаю; қол қимылы - алға, жан-жағына, жоғарыға, иыққа, белге қою, қолдарын кеуде тұсында айқастыру, жанына қарай созу, кеуде тұсында, бастан асыра шапалақтау; бүгу және жазу; саусақтарды жұдырыққа түю және жазу; қолды белге қойып, бір аяқты топылдату; екі аяғын топылдату; тұрған және отырған қалыпта оңға және солға бұрылу, бір-біріне зат беру, алға еңкею және түзулену, қолдаумен тізесін бүгу, секіру.
64. Күтілетін нәтижелер:
1) дене жаттығуларын орындауға ынта білдіреді;
2) жаттығуларды педагогтың әрекетіне еліктей отырып орындайды;
3) тәрбиешінің артынан топтасып жүреді, жүгіреді;
4) жол бойымен және ізінен жүреді;
5) қол ұстасып шеңбер құрап жүреді; қол белде, аяқ ұшымен жүреді;
6) жол бойымен көрсетілген бағытта бірінің артынан бірі жүгіреді;
7) допты екі қолымен лақтырады;
8) тұрған және отырған қалыпта допты екі қолымен ұстап, қақпа арқылы домалатады;
9) тәрбиешінің көмегімен тақтайдан секіреді;
10) педагогтың қолынан ұстап аяғының ұшымен секіреді;
11) кілем, тақтай бойымен еңбектейді;
12) арқанның, орындықтың астынан өрмелеп өтеді.
65. Мәдени-тазалық дағдылары:
1) мәдени-тазалық дағдыларын дамыту білік пен дағдыларды қалыптастыратын ойындар барысында қамтамасыз етіледі: тамақтану дағдыларын қалыптастыру;тамақтану үшін қажет заттар мен азық-түлікті ажырата алуын үйрету;балаларды қасық және тостағанды сәйкестендіре білуін қалыптастыру;асхана аспаптарын ұстау алу дағдысын дамыту (тостаған, қасық);
2) тазалық дағдыларын қалыптастыру: жуыну алдында бірнеше әрекеттер жолымен киімнің жеңін бүктеу керектігін;ересек адамның көмегімен шүмекті ашуға және жабуға;ересектің көмегі арқылы тамақтанар алдында және дәретханадан кейін қол жуу керектігін, алақанымен беттің төменгі бөлігін жуу керектігін үйрету (қолды сулау, алақанды бір-біріне үйкелеу, сабын көбігін сумен шаю); ересек адамның көмегімен қол және бетті сүрте білуін үйрету;ересектердің көмегімен айна алдында шаш тарай ала білуін үйрету; өздігінен шалбарды шешу және түбекке отыру білігін қалыптастыру;балаларға дәретхана қағазын қолдануды үйрету (ересектің бақылауымен);
3) ұқыптылық дағдыларын қалыптастыру: балалардың өзінің киімі тұратын шкафты, үстел басындағы орнын, киімін сақтауға арналған шкафты білуін бекіту (ересектің бақылауымен); тамақ ішіп боған соң "рақмет" айтуды үйрету; дәретхананы дер кезінде қолдана білуін қалыптастыру (ересектің ескертуі және дәретханаға апаруы бойынша);
4) киіну және шешіну дағдыларын қалыптастыру: балаларды сурет бойынша өз шкафын таба алуына үйрету (ересектің көмегімен, көрсету немесе ауызша нұсқаулық бойынша);балаларды киіндіру және шешіндіруге қатыса білуін үйрету: ересекпен (ересектің көмегімен) ағытылған (байланған) киімді шешу, оны орындыққа бүктеп қою.
66. Күтілетін нәтижелер:
1) тамақтану үшін қажетті заттар мен азық-түлікті ажырата алады (жеуге жарамды және жарамсызын);
2) ересек адамның көмегімен шүмекті аша және жаба алады;
3) өзінің киімі тұратын шкафты, үстел басындағы орнын, киімін сақтайтын орынды таниды (ересектің бақылауымен);
4) ересектердің көмегімен айна алдында шаш тарау бойынша бірлескен әрекет жасайды;
5) ересектің ескертуі және дәретханаға апарумен дәретхананы дер кезінде қолданады.
3-параграф. 2-жартыжылдық
67. Дене шынықтыру төмендегідей негізгі қимылдарды қамтиды:
1) жүру:қолдарынан ұстасып, сигнал бойынша тоқтап, шеңбер бойымен жүру; қол белде, аяқтың ұшымен жүру; арқаннан жасалған түзу жол бойымен жүру; бір-бірден, шағын топпен және барлығы түзу бағытта жұптасып, қол ұстасып жүру;
2) жүгіру: зал бойымен қарама-қарсы қабырғаға қарай топтасып жүгіру; бір-бірінің артынан көрсетілген бағыт бойынша жүгіруге; жол бойымен (ені 30-40 см, ұзындығы 7 м) жүгіру; жан-жаққа шашырап жүгіруге, түзу бағытта бір-бірден, топтасып жүгіруге; шеңбер (еденге салынған арқан) бойымен жүгіруге үйрету;
3) секіру: педагогтың, бірінің қолынан біріұстап секіру; тәрбиешінің сақтандыруымен және көмегімен тақтайдан (биіктігі 10 см) секіру; тіректен ұстанып, тұрған орнында секіру дағдыларын қалыптастыру;
4) лақтыру, қағып алу, дәлдеп лақтыру:доптарды (көлемі және фактурасы әртүрлі) екі және бір қолымен шеңберге лақтыру; допты 1,5-2 м қашықтықтағы қақпаға домалату; допты тәрбиешіге 50 см қашықтықтан лақтыру; көлемі кіші матадан тігілген доптарды 50 см қашықтықтан себетке лақтыру;
5) еңбектеу, өрмелеу: ересектің қолдауымен төбешікке шығу және өздігінен түсу; еденде жатқан тақтай (ені 30 см, ұзындығы 1,5 м) бойымен еңбектеу; бөрене арқылы өрмелеп өту; гимнастикалық қабырға бойымен еркін тәсілмен өрмелеу және түсу; көрсету бойынша үлкен шеңберден (түзу) еңбектеп өту;
6) тепе-теңдік сақтау:шектелген кеңістік бойымен, бір ұшы еденнен 15-20 см биіктікке көтерілген (ұзындығы 1,5-2 м, ені 20-25 см) еңіс тақтай бойымен жүру және оның бойымен төмен түсу (ересектің сақтандыруымен және көмегімен); гимнастикалық орындық бойымен жүру және тақтай ұшынан секіру; аяғын дұрыс қоя отырып, бір орнында тұрып айналу;
7) сапқа тұру:сапта еркін тұру; еденге түзу етіп салынған арқан бойымен тұру, арқанды қолымен ұстап тұру; арқанның немесе жіптің бойымен бірінің артынан бірі сапқа тұру;
8) жалпы дамытушы жаттығулар (затпен және затсыз):жаттығуларды педагогпен бірге орындау: бас қимылы - бұру (оңға, солға), алға иілу, артқа шалқаю; қол қимылы - алға, жан-жағына, жоғарыға, иыққа, белге қою, қолдарын кеуде тұсында айқастыру және жанына созу; кеуде тұсында, бастан асыра шапалақтау; бүгу және жазу; саусақтарды жұдырыққа түю және жазу; қолды белге қойып, бір аяқты топылдату; екі аяғын топылдату; тұрған және отырған қалыпта оңға және солға бұрылу, бір-біріне зат беру, алға еңкею және түзулену, қолдаумен тізесін бүгу, секіру;
9) тәрбиешінің әрекетіне еліктеу бойынша шапшаң қимылды ойындар.
68. Күтілетін нәтижелер:
1) дене жаттығуларын орындауға ынта білдіреді;
2) жаттығуларды педагогтың әрекетіне еліктей отырып орындайды;
3) тура бағытта жүреді, жүгіреді;
4) шеңбер бойымен қол ұстасып жүреді; қол белде, аяқ ұшымен жүреді;
5) сигнал бойынша тоқтайды, жол бойымен көрсетілген бағытта бірінің артынан бірі жүгіреді;
6) шеңбер бойымен жүреді, жүгіреді;
7) допты бір және екі қолымен лақтырады;
8) тұрған және отырған қалыпта допты екі қолымен ұстап, қақпа арқылы домалатады;
9) тәрбиешінің көмегімен тақтайдан секіреді;
10) тіректен ұстап бір орнында тұрып секіреді;
11) тақтай бойымен еңбектейді;
12) арқанның, орындықтың астынан өрмелеп өтеді;
13) гимнастикалық қабырғаға шығады және түседі;
14) бір орнында тұрып айналады.
69. Мәдени-тазалық дағдылары:
1) тамақтану дағдыларын қалыптастыру:қасық және тостағанды қолдана отырып, ересектің бақылауымен тамақтана алуды қалыптастыру;балаларды төгіп алмай тостағаннан дұрыс ішуге үйрету;
2) гигиеналық дағдыларды қалыптастыру:ересектің бақылауында шүмекті ашуға және жабуға;ересек адамның көмегімен және көрсету бойынша жуынар алдында жеңінтүру керектігін;сурет бойынша өз орамалын таба білуді балаларға үйрету (ересектің көмегімен, көрсету немесе ауызша нұсқаулық бойынша);санитария және гигиена заттарын (сабын салғыш, тіс щеткасы, тіс пастасы)тани алуын және ажыратуын қалыптастыру;тіс пастасын тіс щеткасына жаға отырып, тіс тазалау, ауыз шаю дағдыларына үйрету (бірлескен әрекет); жуынып болған соң қол және бетті сүрту үшін жайылған орамалмен сүртіну керектігін үйрету;автоматты қол кептіргіш көмегімен қолды кептіру;ересектердің көмегімен айна алдында шаш тарай білуін қалыптастыру (еліктеу бойынша);ересектің көмегімен дәретхана қағазын қолдана білуге үйрету;
3) ұқыптылық дағдыларын қалыптастыру:тамақтан кейін майлықты қолдана білуге,тамақтанып болған соң алғыс білдіруге үйрету;ересектің бақылауымен және көмегімен орындыққа киімді дұрыстап бүктеуді қалыптастыру;дәретханамен дер кезінде қолдану керектігін бекіту (ересектің ескертуі және дәретханаға апаруы бойынша);
4) киіну және шешіну дағдысын қалыптастыру:балаларды сурет бойынша өз шкафын таба алуына үйрету(ересектің көмегі арқылы, көрсету немес ауызша нұсқаулық бойынша);ересектің көмегімен өз киімін сәйкестендіре білуін қалыптастыру; жабысқақ түймелегіштерді (ересектің жартылай көмегімен) шеше алуды қалыптастыру; жабысқақтар көмегімен түймелейтін, ағытатын, біріктіретіндағдыларды қалыптастыру үшін түрлі ойын модульдері бар жаттығулар.
70. Күтілетін нәтижелер:
1) қасық және тостағанмен қолдана отырып, ересектің бақылауымен тамақтана алады;
2) тостағаннан төгіп алмай ішеді;
3) ересектің бірлескен әрекеттерімен ауыз шаю және тіс тазалау процесіне қатысады;
4) автоматты қол кептіргіш көмегімен қолды кептіре алады;
5) ересектің көмегі арқылы өз киімін сәйкестендіре біледі;
6) ересектердің көмегімен айна алдында шаш тарау дағдысына ие болады (еліктеу бойынша);
7) ересектің көмегімен дәретхана қағазын қолдана біледі;
8) жабысқақ түймелегіштерді ересектің жартылай көмегімен шеше алады.
4-параграф. "Коммуникация" білім беру саласы
71. "Коммуникация" білім беру саласының базалық мазмұны - сөйлеуді дамыту, көркем әдебиет ұйымдастырылған оқу қызметінде іске асырылады.
72. Мақсаты балаларда сөйлеу белсенділігін ояту үшін жағдайларды жасау,сөйлеу тілін тыңдау және қабылдау біліктілігін қалыптастыру.
73. Міндеттері:
1) қаратпа сөйлеу тілін зейін салып тыңдау икемін дамыту;
2) балаларға тұрмыста жиі кездесетін заттарды, іс-әрекеттерді, кейбір белгілерді атауды үйрету (ересек адаммен бірлесіп және еліктеу бойынша);
3) сөйлеу тілінің көмегімен өз қажеттіліктерін айта білуін қалыптастыру;
4) балаларды екі-үш сөздерден тұратын қарапайым фразаларды белсенді сөйлеу тілінде қолдануға үйрету;
5) ертегілерді, қарапайым әңгімелерді, өлеңдерді, жұмбақтарды тыңдауға және қабылдауға үйрету;
6) ертегілердің, әңгімелердің, тақпақтардың мазмұнын түсінуге және оқиға барысын қадағалауға үйрету;
7) халық ауыз әдебиет шығармаларындағы мәнерлі интонацияны қабылдау біліктілігін дамыту, сөйлеу тіліне еліктеуін белсендірту.
5-параграф. 1-жартыжылдық
74. Сөйлеу тілін дамыту:
1) суретте бейнеленген іс-әрекеттерді түсіну білігіне үйрету;
2) ойыншықпен әрекет жасау бойынша екі сөзден фразаны құрастыру икемділігін дамыту; өз қажеттіліктерін сөйлеу арқылы білдіру икемділіктеріне үйрету;
3) тұрмыстағы заттарды, әрекеттерді, кейбір белгілерді білдіретін бір, екі, үш буыннан тұратын сөздерді атау икеміне үйрету;
4) балалардың өмірімен және практикалық тәжірибесімен байланысты сұрақтарға жауап беру икеміне үйрету;
5) балалармен тақпақтарды, өлеңдерді, санамақтарды жаттау;
6) бейімделген мәтіндерді тыңдау және олардың суреттерін қарау икемділігіне үйрету.
75. Күтілетін нәтижелер:
1) өз қажеттіліктерін қарапайым сөйлеу тілінде білдіреді;
2) кейіпкерлердің әрекеттерін суреттер бойынша таниды;
3) ересек адамның көмегімен бір немесе екі құрамды сөздердің буындық құрылымын қайталайды;
4) екі сөзден тұратын сөз тіркесін құрастырады;
5) бейімделген мәтіндерді тыңдайды және олардың суреттерін қарайды.
76. Көркем әдебиет:
1) тыңдау және түсіну:ертегілердің, әңгімелердің, тақпақтардың мазмұнын тыңдай және қабылдай білуге үйрету;сөйлеу тілінің мүмкіндіктеріне сәйкес қарапайым сұрақтарға жауап беруге үйрету; кітаптағы суреттерді қарауға баулу, таныс заттарды атауға, педагогтың сұрауы бойынша көрсетуге ынталандыру;
2) шығарманың интонациялық ырғағын қабылдау:ертегі мазмұнындағы сұраулы интонацияны, тақпақтардың, өлеңдердің ырғақтылығын қабылдауға үйрету, "кап-кап", "тық-тық" дыбыстық ымдарды қайталауға ынталандыру;
3) әңгімелеу және жаттау:таныс тақпақтардағы негізгі (қайталанатын) сөздерді қайталауға, таныс өлеңдерді,тақпақтарды оқу кезінде сөздерді жалғастырып айтуға үйрету (сөйлеу тілінің мүмкіндіктеріне қарай);
4) лексикалық тақырыптар бойынша сөздік қорын толықтыру; кейіпкерлердің қимыл-қозғалысын жаңғырту (балапандар жем шоқиды, қоян секіреді).
77. Күтілетін нәтижелер:
1) қысқа ертегілерді, жай әңгімелерді, тақпақтарды, жұмбақтарды тыңдайды және қабылдайды;
2) көркем шығарма мазмұнындағы сұраулы сөйлем интонациясын қабылдайды және түсінеді;
3) ертегі кейіпкерлерінің әрекеттеріне және дыбыстауына еліктейді;
4) шығарма мазмұнын эмоциональді қабылдайды және оған ынтасын байқатады.
6-параграф. 2- жартыжылдық
78. Сөйлеу тілін дамыту:
1) балаларды суреттерге қарап екі сөзден тұратын фразаларды құрастыру икеміне үйрету;
2) қимылдарды көрсету және іс-әрекетті бейнелейтін суреттер бойынша сипаттау икеміне үйрету (ересек адамның көмегімен екі-үш сөзден тұратын фразаны құрастыру);
3) топтағы балалардың өміріндегі шынайы жағдайлар нәтижелері бойынша құрастырылған қарапайым әңгімелерді түсіну икеміне үйрету;
4) ересек адамдардың көмегімен заттардың кеңістіктегі орналасуын анықтаумен байланысты нұсқауларды орындау икеміне үйрету;
5) жіктеу есімдіктерін етістіктермен сәйкестендірудің алғашқы дағдыларын қалыптастыру (мен отырмын, сен отырсың, ол отыр).
79. Күтілетін нәтижелер:
1) ересек адамның көмегімен заттардың кеңістіктегі орналасуын анықтаумен байланысты нұсқауларды орындайды;
2) жіктеу есімдіктерінің етістіктермен сәйкестендірудің алғашқы дағдылары бар;
3) қарапайым сөйлеу нұсқаулары бойынша іс-әрекеттерді орындайды, өзі және жақын ортасы жайында қарапайым сұрақтарға жауап береді.
80. Көркем әдебиет:
1) тыңдау және түсіну:ертегілердің, әңгімелердің, өлеңдердің мазмұнын тыңдай білуге үйрету, ертегілердің мазмұны бойынша қарапайым сұрақтарға жауап беруге үйрету (қуыршақ қолғаптарды, ойыншықтарды қолдана отырып);кітаптағы суреттерді қарауға баулу, таныс заттарды атауға, педагогтың сұрауы бойынша көрсетуге ынталандыру;
2) шығарманың интонациялық ырғағын қабылдау:шығармадағы бұйыру интонациясын қабылдауға үйрету;халық ауыз әдебиетінен өлеңдерді ырғағы мен әуезділігі бойынша тануға үйрету; кейіпкерлердің қимыл-қозғалысына, дыбыстауына еліктеуге үйрету;
3) әңгімелеу және жаттау:таныс тақпақтарды қайталауға, таныс туындыларды айтуға қажетті күрделі емес сөздерді жалғастырып айтуға (сөйлеу тілінің мүмкіндіктерін ескеріп), қысқа өлеңдерді жаттауға үйрету.
81. Күтілетін нәтижелер:
1) ертегілердің, өлеңдердің, тақпақтардың мазмұнын тыңдайды және қабылдайды;
2) кішігірім тақпақтарды, өлеңдерді жатқа біледі;
3) кейіпкерлердің қимылдарына және дыбыстауына еліктейді;
4) шығарма мазмұнына эмоциональді түрде ілтипатын көрсетеді.
7-параграф. "Таным" білім беру саласы
82. "Таным" білім беру саласының базалық мазмұны - математикалық ұғымдарды қалыптастыру, сенсорика, құрастыру, жаратылыстану ұйымдастырылған оқу қызметіндеіске асырылады.
83. Мақсаты заттардың қасиеттері мен сапасын ойын және өнімді әрекетте қабылдауға жағдай жасау, сәйкестендіруге, салыстыруға, әртүрлі көптіктер мен көптіктердің элементтері арасындағы сәйкестікті жасауға үйрету, құрастыру процесіне жағымды қатынасты және қызығушылығын қалыптастыру, қоршаған әлем туралы қарапайым білімдерінқалыптастыру болып табылады.
84. Міндеттері:
1) балалардың әртүрлі көптіктермен практикалық әрекеттер тәжерибесін жинауына жағдай жасау;
2) заттармен және үздіксіз көптіктермен белсенді әрекеттену негізінде қабылдауды (көру, есту, тактильдік-қимылдық) дамыту;
3) қоғамдық тәжірибені (еліктеу бойынша, үлгі бойынша әрекеттер) меңгеру тәсілдерін қалыптастыру;
4) бағдарлаудың практикалық тәсілдерін (байқап көру, өлшеп көру) қалыптастыру;
5) заттарды берілген белгі бойынша ерекшелеуге және топтастыруға үйрету;
6) әртүрлі талдауыштармен санамай-ақ қабылданатынкөптіктердің санын салыстыруға үйрету;
7) геометриялық пішіндер туралы түсініктерді қалыптастыру;
8) заттардың шамасы туралы түсініктерді қалыптастыру;
9) ересектермен бірге және үлгі бойынша құрылыс материалынан қарапайым құрылыстарды орындауға үйрету;
10) тірі және өлі табиғат, табиғаттағы тәртіп ережелері және қарапайым өзара байланыстар туралы білімдерін қалыптастыру;
11) практикалық әрекет процесінде көкөністер мен жемістер туралы түсініктерін қалыптастыру.
8-параграф. 1-жартыжылдық
85. Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру:
1) сандық түсініктерді қалыптастыру:дискретті көптіктермен (заттармен, ойыншықтармен) практикалық әрекеттер;үздіксіз көптіктермен (су, құм, жарма, сусымалы заттар) практикалық әрекеттер;біртекті заттардан көптік құрастыру және көптіктерді жеке заттарға бөлу (педагог "тағы", "көп", "барлығы", сөздерін пайдалана отырып, балалардың әрекеттерін айтып тұрады), еліктеу бойынша топтан "бір және көп"; заттарды бөлу;
2) дискретті және үздіксіз көптіктерді саны бойынша ажырату: "көп - аз";үздіксіз көптіктердің санын "бос-толық" анықтау;
3) сөзбен ("көп", "аз", "біреу") немесе сөзсіз (сәйкес ым-ишараттың көмегімен) жауап бере отырып, "қанша?" сұрағын түсінуге үйрету;
4) екі тең (тең емес) топ заттарын салыстыру;еліктеу бойынша бір текті көптіктен 1, 2 затты ерекшелеу;
5) көлем:заттың көлемін анықтау және бірін біріне салу және жанына қою тәсілдерін пайдаланып көлемі бойынша заттарды салыстыру (үлкен, кіші);
6) геометриялық фигуралар:дөңгелек пішінді заттарды анықтау; заттарды пішініне (шар) қарай топтастыру;
7) кеңістікте бағдарлау:берілген бағыт бойынша:алға, артқа, солға, оңға (ересек адамның көмегімен)қозғалу; нұсқау бойынша заттың орналасу орнын анықтау.
86. Күтілетін нәтижелер:
1) еліктеу немесе үлгі бойынша бір текті немесе әртүрлі элементтерден көптік құрайды;
2) топтан "бір", "көп" заттарды ерекшелейді;
3) үздіксіз көптіктің санын: "бос-толық" анықтайды;
4) дискретті және үздіксіз көптіктерді саны бойынша: "көп - аз" ажыратады;
5) еліктеу бойынша бір текті заттар көптігінен 1, 2 затты ерекшелейді;
6) геометриялық фигураны: дөңгелекті ажыратады;
7) берілген бағыт бойынша: алға, артқа, солға, оңға қозғалады(ересек адамның көмегімен);
8) ересек адамның ұйымдастырушы және бағыттаушы көмегімен жұптық сәйкестікті анықтау тәсілімен элементтерінің саны бойынша тең көптіктерді құрайды.
87. Сенсорика:
1) көріп қабылдау мен зейінді дамыту:ұсынылған 2-3 үлгінің шегінде заттарды олардың бейнелерімен сәйкестендіру;ойын бөлмесінің әртүрлі жерлерінде орналасқан жұп заттарды табу;педагогтың үстеліндегі екі ойыншықтың ішінен таңдау арқылы ойыншықтарды қабылдау; көлемдері бірдей, бірақ пішіндері әртүрлі (дөңгелек, шаршы) қораптарға қақпақтаңдау, байқау арқылы қақпақтың пішінінің қорап пішініне қатысын сәйкестендіру;түстерді (қызыл, сары) ажырату;
2) естіп қабылдау мен зейінді дамыту: еліктеу бойынша әртүрлі музыкалық аспаптардың дыбысталуына (дағараның дыбысы бойынша жүру, бубеннің дыбысына қол шапалақтау) жауап ретінде әртүрлі қимыл реакцияларын шығару; дыбысқа еліктеуді оларға сәйкес 2-3 суреттердің ішінен таңдай отырып, сәйкестендіру арқылы жіктеу; ойыншықты оған сәйкес дыбысқа еліктеумен сәйкестендіру; фонетикалық талдаусыз буын құрамы әртүрлі сөздерді ажырату;
3) тактильдік-қимылдық қабылдауды дамыту:таныс ойыншықтарды үлгісін көрсетпей-ақ сөз бойынша сипап сезіптаңдау, 2 заттан таңдау;көлемді пішіндерді (шар, текше) ажырату, үлгісін көрсете отырып, көру арқылы 2 шардан (үлкен, кіші) таңдау жасау;заттарды сипап сезіп, ажырату (үлкен, кіші), заттар мен нысандарды "дымқыл" - "құрғақ" (сүлгі, ыдыс, шөп, жер) белгілері бойынша жіктеу; заттар мен нысандардың температурасын "ыстық" - "суық" (ыдыс, су, құм) белгілері бойынша ажырату;
4) дәм сезуді дамыту:ыстық және суық тамақ туралы түсінікті қалыптастыру;ыстық және суық сусындарды (шай, шырын) жіктеу.
88. Күтілетін нәтижелер:
1) түстерді (қызыл, сары) сәйкестендіреді;
2) заттардың көлемін (үлкен, кіші) ажыратады;
3) геометриялық пішіндерді (шар, текше) сипап сезу арқылы ажыратады;
4) заттарды сезімталдықтың әртүрлі түрлерін тексеруге қатыстыра отырып қарастырады;
5) жақын ортадағы заттарды көру арқылы таниды;
6) таныс ойыншығының бейнесін затпен сәйкестендіреді;
7) екі-үш музыкалық аспаптардың дыбысталуын ажыратады;
8) ойыншықтарды сәйкес дыбысқа еліктеумен сәйкестендіреді;
9) "ыстық - суық" белгілері бойынша тамақты, сусынды ажыратады;
10) заттарды және нысандарды "дымқыл - құрғақ", "ыстық - суық" белгілері бойынша ажыратады.
89. Құрастыру:
1) балалардың көзінше орындалатын құрастыру әрекеті процесіндегі ересектің әрекетін бақылауға;ересектің көмегімен құрылыс материалынан қарапайым құрылыстарды орындауғаүйрету;ересек адам жасаған әртүрлі құрылыстармен ойнауға;көлемді пішінді заттарды, конструктор бөліктерін екі қолымен сипап сезіп зерделеу арқылы қабылдауға; еліктеу бойынша практикалық әрекеттер арқылы заттарды көлемі (кіші, үлкен) бойынша салыстыруға үйрету;
2) құрылыс материалдарынан құрастыру:құрылыс материалдарының бөліктерімен, оларды құрастыру мүмкіндіктерімен (текше) таныстыру;еліктеу бойынша "Мен сияқты істе" тәсілін пайдалана отырып, 2-3 текшеден мұнара құрастыру;ойында құрылыс жиынтығының элементтерін зат алмастырушысы ретінде пайдалану;
3) заттық емес құрастыру:бөліктерден бүтін құрай отырып,ойыншықты жинастыру;кеңістікте өзінің орналасу жағдайы туралы түсінікті (жоғарыда-төменде) қалыптастыру;еліктеу бойынша топ бөлмесінің кеңістігінде құрылыс конструкторының бір элементінің орнын ауыстыру білігін бекіту ("Мен сияқты қой");
4) таяқшалардан құрастыру:таяқшаларды пішіннің (үй, жалауша) суретінің үстіне қою;
5) құрамалы-жиналмалы ойыншықтарды құрастыру:үлгі бойынша ойыншықты жинастыру, бөліктерден бүтін құрау;қуыршақтың бет-әлпетін және дене мүшелерін көрсету;
6) дағдыларды қалыптастыру:конструктор бөліктерін ұстап алу, ұстап тұру, орнын ауыстыру;бөліктерді бірін біріне орналастыру;затты екі қолымен зерделеу (затты сипау);құрылыс жиынтығының эелементтерін көлемі бойынша (үлкен, кіші) салыстыру.
90. Күтілетін нәтижелер:
1) құрастыру процесіне және нәтижесіне деген әсері жағымды;
2) құрылыс материалынан және таяқшалардан қарапайым құрылыстар құрастырады;
3) ойыншықты жинастырады, бөліктерден бүтін құрастырады;
4) таныс құрылыстарды таниды;
5) бұйымдар мен құрылымдарды әр түрлі бағытта орналастырады;
6) таныс құрылыстарды пайдалана отырып ойнайды.
91. Жаратылыстану:
1) табиғат құбылыстары: қоршаған әлем нысандары мен субъектілеріне деген қызығушылықты қалыптастыру;
2) өсімдіктер әлемі: практикалық әрекет үдерісінде көкөністер (қызанақ) мен жемістер (алма, алмұрт) туралы түсініктерді қалыптастыру;
3) жануарлар әлемі: үй жануарлары (мысық) туралы түсініктерді қалыптастыру; жабайы жануарлар (аю) туралы түсініктерді қалыптастыру.
92. Күтілетін нәтижелер:
1) қоршаған әлем нысандары мен субъектілеріне деген қызығушылығын байқатады;
2) таныс көкөністер мен жемістерді көрсетеді;
3) таныс үй және жабайы жануарларды көрсетеді.
9-параграф. 2- жартыжылдық
93. Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру:
1) сандық түсініктерді қалыптастыру:біртекті заттардан көптік құрау және көптіктерді жеке заттарға бөлу (педагог "тағы", "көп", "барлығы", сөздерін пайдалана отырып, балалардың әрекеттерін айтып тұрады); жазықтықта әртүрлі орналасқан заттық көптіктердің құралуы (тігінен, көлденеңінен, үйме);топтардан біртекті заттарды: "көп", "аз", "біреу" (еліктеу бойынша) ерекшелеу ("көп"затты ерекшелегенде заттарды екі қолмен, ал "аз" заттарды бір қолмен, "біреуді" оң қолдың екі саусағымен алу);
2) қолдың қимылын ілестіріп, қорытынды санды атай отырып, екі сан көлеміндегі заттарды санау;екі заттан құрылған көптікті санамай-ақ тану: "Екі саңырауқұлақ қайда, көрсет";түске, пішінге, көлемге бағдарлай отырып, заттарды әртүрлі көптіктерге біріктіру; "көп",арнайы ұйымдастырылған және қоршаған ортадан 1, 2 затты табу;
3) шама:заттың шамасын анықтау және бірін біріне салу және жанына қою тәсілдерін пайдаланып, көлемі бойынша(үлкен, кіші)салыстыру; заттарды көлемі(үлкен, кіші) бойынша топтастыру;
4) геометриялық фигуралар:дөңгелек, шаршы пішінді заттарды анықтау; заттарды пішіндері бойынша: шар, текше топтастыру;геометриялық пішіндерібойынша: дөңгелек, шаршы ажырату;
5) кеңістікте бағдарлау:берілген бағыт бойынша:алға, артқа, соға, оңға(ересек адамның көмегімен) қозғалу;өз дене мүшелерінде бағдарлау: бас, қолдары, аяқтары, кеудесі.
94. Күтілетін нәтижелер:
1) еліктеу немесе үлгі бойынша бір текті немесе әр түрлі текті элементтерден көптік құрайды;
2) топтан "бір", "көп", 1, 2 заттарды ерекшелейді;
3) 2 көлеміндегі заттарды санайды, қорытынды санды атайды немесе саусақпен көрсетеді;
4) ересек адамның ұйымдастырушы және бағыттаушы көмегімен жұптық сәйкестікті анықтау тәсілімен элементтерінің саны тең көптіктерді құрайды;
5) заттарды көлемі бойынша бірін біріне салу және жанына қою тәсілдерін пайдаланып (үлкен, кіші) салыстырады;
6) геометриялық пішіндерді: дөңгелек, шаршы ажыратады;
7) заттарды пішіндерібойынша: шарларды, текшелерді топтастырады;
8) өз дене мүшелерінде (бас, қолдар, аяқтар, кеуде) бағдарлайды.
95. Сенсорика:
1) көріп қабылдау мен зейінді дамыту:ұсынылған 2-3 үлгінің шамасында заттарды олардың бейнелерімен салыстыру; көлемді геометриялық пішіндерді (текше, шар, кірпіш) қораптың сәйкес келетін ойығына байқап көру тәсілімен итеру;көлемдері бірдей, бірақ пішіндері әртүрлі (дөңгелек, шаршы) қораптарға қақпақ таңдау, байқау арқылы қақпақтың пішінінің қорап пішініне қатысын анықтау;педагогтың әрекетіне еліктеу жағдайында (қуыршаққа киімдерді түсіне қарай таңдау) түстерді (қызыл, сары, жасыл) ажырату;2 бөліктен тұратын кесінді суретті жинастыру;
2) естіп қабылдау мен зейінді дамыту: белгілі бір аспаптардың (дағыра, пианино, бубен үшеуінен таңдау) дыбыстарын жіктей отырып әсерін білдіру; ойыншықты оған сәйкес дыбысқа еліктеумен сәйкестендіру; суретті тірек ете отырып, есту арқылы үш сөздіажырату; фонетикалық талдаусыз буын құрамы әртүрлі сөздерді есту арқылы ажырату;
3) тактильдік-қимылдық қабылдауды дамыту:заттарды сөз бойынша ("Маған үлкен допты бер, кіші допты бер") және сипап сезе отырып, пішіні мен көлемі бойынша таңдау; үлгі бойынша көлемі мен пішіні бойынша таңдау; заттарды пішіні, түсі, көлемі бойынша топтастыру;заттар мен нысандарды "дымқыл" - "құрғақ" (сүлгі, тас) белгілері бойынша жіктеу; заттар мен нысандардың температурасын "ыстық" - "суық" (ыдыс, су, құм) белгілері бойынша ажырату;
4) дәм сезуді дамыту:ыстық және суық тамақ туралы түсінікті қалыптастыру;ыстық және суық сусындарды (шай, шырын) жіктеу;әртүрлі дәмдік сезім "тәтті-ащы" туралы түсініктерін қалыптастыру; тамақты "тәтті-ащы" дәмі бойынша анықтау.
96. Күтілетін нәтижелер:
1) таныс заттарды олардың бейнесімен сәйкестендіреді;
2) түстерді (қызыл, сары, жасыл) сәйкестендіреді;
3) заттардың көлемін (үлкен, кіші) ажыратады;
4) геометриялық пішіндерді (шар, текше, кірпіш) сипап сезіп ажыратады;
5) жақын ортадағы заттарды көру арқылы таниды;
6) 2 бөліктен құралатын заттық кесінді суретті құрастырады;
7) әртүрлі буындардан құралған сөздерді естіп ажыратады;
8) тамақты, сусынды "ыстық-суық", "тәтті-ащы" белгілері бойынша ажыратады;
9) заттарды және нысандарды "дымқыл-құрғақ", "ыстық-суық" белгілері бойынша ажыратады.
97. Құрастыру:
1) балалардың көзінше орындалатын құрастыру әрекеті процесіндегі ересектің әрекетін бақылауға;өзінің жасаған құрылысымен ойнауға;ересектің көмегімен қарапайым құрылыстарды орындауға;көлемді пішінді заттарды, конструктор бөліктерін зерделеу: екі қолымен сипай ұстау, нобайы бойымен қолымен жүргізуарқылы қабылдауға; еліктеу бойынша практикалық әрекеттер арқылы заттарды көлемі бойынша (үлкен, кіші) салыстыруға үйрету;
2) негізгі түстер туралы білімдерін қалыптастыру, түстерді: қызыл, сарысәйкестендіру; заттардың көлемі: үлкен, кіші туралы білімдерін қалыптастыру; заттардың пішіні: текше, кірпіш туралыбілімдерін қалыптастыру;
3) құрылыс материалдарынан құрастыру:құрылыс материалының бөліктерімен, оларды құрастыру мүмкіндіктерімен (текше, кірпіш) таныстыру;үлгі бойынша кезең-кезеңмен құрастыру тәсілін пайдалана отырып, 2-3 текшеден мұнара құрастыру;еліктеу бойынша кірпіштерден мұнара қалау;еліктеу бойынша ені тар ұзын жол салу;ойында құрылыс жиынтығының элементтерін зат алмастырушы ретінде пайдалану;
4) заттық емес құрастыру:ойыншықты жинастыру, бөліктерден бүтін құрау;еліктеу бойынша топ бөлмесінің кеңістігінде құрылыс конструкторының бір элементінің орнын ауыстыру ("Мен сияқты қой");көлемдік үлгілер бойынша кеңістіктік қатынасты үлгілеу (әрекетті көлемді модульдермен орындау) дағдыларына үйрету;
5) таяқшалардан құрастыру:таяқшаларды пішіннің суретінің үстіне қою тәсілімен қарапайым пішіндерді салу;
6) құрамалы-жиналмалы ойыншықтарды құрастыру:еліктеу бойынша ойыншықты жинастыру, бөліктерден бүтін құрау;қуыршақтың бет-әлпетін және дене мүшелерін, ойыншық жануарлардың дене мүшелерін көрсету;
7) дағдыларды қалыптастыру: конструктор бөліктерін ұстап алу, ұстап тұру, орнын ауыстыру;бөліктерді бірін біріне орналастыру;затты екі қолымен зерделеу (затты сипап сезу);құрылыс жиынтығының эелементтерін көлемі бойынша (үлкен, кіші) салыстыру;кірпішті тар қысқа қырынан қою.
98. Күтілетін нәтижелер:
1) құрылыстарды салуға және олармен бірге ойнауға деген қызығушылық танытады;
2) құрылыс материалдарынан және таяқшалардан қарапайым құрылыстар салады;
3) таныс құрылыстарды таниды;
4) үлгі бойынша құрамалы-жиналмалы ойыншықтарды жинастырады;
5) бұйымдар мен құрылымдарды әртүрлі бағытта орналастырады;
6) ойында құрылыстарды пайдаланады.
99. Жаратылыстану:
1) табиғат құбылыстары: қыс және оның қарапайым белгілері (суық, қар) туралы түсініктерді қалыптастыру; жаз және оның қарапайым белгілері (ыстық, күн қыздырады) туралы түсініктерді қалыптастыру;
2) өсімдіктер әлемі: практикалық әрекет процесінде көкөністермен (қияр) және жемістермен(банан) таныстыру; өсімдіктер әлемі: ағаш, шөп туралы түсініктерін қалыптастыру;
3) жануарлар әлемі: үй жануарымен (ит) танысу; тірі табиғат нысандарына деген қайырымдылық сезімін тәрбиелеу.
100. Күтілетін нәтижелер:
1) педагогтың көмегімен иллюстрациялардан қыс пен жазды көрсетеді;
2) таныс көкөністер мен жемістерді көрсетеді;
3) таныс үй жануарларын көрсетеді.
10-параграф. "Шығармашылық" білім беру саласы
101. "Шығармашылық" білім беру саласының базалық мазмұны - сурет салу, мүсіндеу, аппликация, музыка ұйымдастырылған оқу қызметінде іске асырылады.
102. Мақсаты бейнелеу әрекетіне деген қызығушылықты қалыптастыру, шынайы нысандардың бейнесітуралы түсінікті қалыптастыру болып табылады.
103. Міндеттері:
1) бейнелеуге деген қызығушылықты шақыру;
2) қолдың көру-қимыл үйлесімділігін дамыту;
3) түсті, көлемді, пішінді көру арқылы қабылдауды қалыптастыру;
4) бейнелеудің әртүрлі құралдарымен таныстыруды жалғастыру;
5) ересектің әрекетін бақылауға және әрекетті еліктеу бойынша орындауға үйрету;
6) созылымды материалдарды пайдаланудың бастапқы икемділіктерін қалыптастыру және олардан пішіндер құру;
7) еліктеу бойынша қарапайым заттар мен құбылыстардың суретін салуға үйрету;
8) аппликацияны педагогтың көмегімен және үлгі бойынша орындауға үйрету;
9) музыканы мұқият тыңдау икемі арқылы естіп қабылдауын дамыту;
10) балалардың музыкалық-сенсорлық қабілетін дамыту.
11-параграф. 1- жартыжылдық
104. Сурет салу:
1) балаларды ересектің сурет салуға деген ұсынысына эмоционалды жағымды жауап беруге үйрету;ересекпен бірге пішіні әртүрлі заттарды зерделеу, нобайы бойымен жүргізуге үйрету;штрихтар мен сызықтарды қисындыру арқылы әртүрлі заттар мен құбылыстарды бейнелеуге болатындығын түсінуді қалыптастыру;дайын бейненің жетіспейтін жеке бөліктерінің суретін салу;жұмыс процесінде эмоцияны байқату, өзінің шығармашылық әрекетінің нәтижелерін бір-біріне көрсету;
2) негізгі түстер, негізгі түстерді: қызыл, сары, көк сәйкестендіру; заттардың көлемі (үлкен, кіші) туралы; заттардың пішіні: дөңгелек туралы білімдерін қалыптастыру;
3) дағдыларды қалыптастыру: үстелде дұрыс отыру;оң қолмен сурет салу, сол қолмен парақты ұстау;педагогтың көмегімен қарындашты, қылқаламды дұрыс (үш саусақпен) ұстау;педагогтың көмегімен қылқаламды бояуға батыру, құтының шетіне тигізу арқылы артық тамшыны алып тастау;бояумен жіңішке және жуан жолақтарды (қылқаламның ұшымен және жалпағынан) жүргізу;сызықты әртүрлі бағытта жүргізу, бейнені бүкіл парақтың бетіне орналастыру; қағаз сүлгіні пайдалану;
4) ересектің көрсетуі бойынша суретте қарапайым заттар мен құбылыстарды (жаңбыр жауады, жылға ағады) салу.
105. Күтілетін нәтижелер:
1) жағынды сала біледі, әртүрлі сызықтарды жүргізеді;
2) дайын бейненің жетіспейтін жеке бөліктерінің суретін салады;
3) геометриялық пішіндер: дөңгелек туралы түсінігі бар;
4) негізгі түстер: қызыл, сары, көк туралы түсініктері бар;
5) заттардың көлемі (үлкен-кіші) туралы түсініктері бар;
6) педагогтың көмегімен қарындашты, қылқаламды үш саусақпен ұстайды;
7) сурет салғанда үстелде дұрыс отырады.
106. Мүсіндеу:
1) балаларды оқыту: ермексаздан, саздан, түсті қамырдан әртүрлі пішіндерді, ыдыс заттарын, ойыншықтарды мүсіндеу процесіндегі ересектің әрекетін бақылау; балаларды ересек адамның жасаған бұйымдарымен ойнату; созылымды материалдың қасиеттерімен таныстыруды жалғастыру: илеу, кесектерді үзіп алу, біріктіру, бөліктерін жұлу, тура және айналдыра қимылдау арқылы жаю, жалпайту; мүсіндеу алдында зерделе: заттарды сипап сезу, негізгі бөліктерін ерекшелеу арқылы көлемді пішінді заттарды қабылдау; заттың көлемді пішінін ерекшелеу және тану;
2) дағдыларды дамыту:сазды, қамырды, ермексазды жұмсарту; саздың, қамырдың, ермексаздың үлкен кесегінен кіші кесекті үзіп алу;пішін жасау қимылы - жаю;
3) цилиндр пішінді заттарды: таяқшаны, шұжықты мүсіндеу; цилиндр пішінді бөліктерді бір-біріне жабыстыра отырып, біріктіру;
4) сазды (қамырды, ермексазды) алақан арасында домалақтап, жалпайту арқылы дөңгелек пішінді заттарды илеп: шелпек, құймақ жасау;
5) созылымды материалдармен жұмыстың қарапайым ережелерімен (жұмысты арнайы тақтайшада ғана орындау, жеңді түру, сазды (қамырды, ермексазды) шашпау, мүсіндеуден кейін қолды жуу) таныстыруды жалғастыру.
107. Күтілетін нәтижелер:
1) созылымды материалдармен әрекеттерді (умаждайды, үлкен кесектен үзіп алады, оларды үлкен кесекке біріктіреді) орындайды;
2) педагогпен бірге және еліктеу бойынша пішін жасау қимылын орындайды, жаяды;
3) педагогпен бірге және еліктеу бойынша цилиндр пішінді заттарды: таяқшаны, шұжықты мүсіндейді;
4) цилиндр пішінді бөліктерді: сақина, қалаш етіп біріктіреді;
5) сазды (қамырды, ермексазды) алақан арасында домалатып, жалпайту арқылы дөңгелек пішінді заттарды: шелпекті, құймақты илеп жасайды;
6) үстелде жеңін түріп, дұрыс отырады, жұмысты тақтайша үстінде орындайды, мүсіндегеннен кейін педагогтың көмегімен қолын жуады;
7) жұмыс процесінде эмоциясын байқатады.
108. Аппликация:
1) балаларды ересектің аппликацияны орындау процесін бақылауға үйрету;ересектің аппликация құруға деген ұсынысына эмоционалды жағымды жауап беру;ересекпен бірлескен әрекетпен пішіні (нобай бойымен жүргізу) әртүрлі заттарды зерделеу;
2) қағаздың: жырту, умаждау, бүктеумүмкіндіктерінпайдалану; қағазды текстурасы бойынша(барқыт, жылтыр, тегіс) ажыратуға;аппликацияны шынайы нысандармен сәйкестендіруге үйрету;
3) негізгі түстер: қызыл, сары туралы; заттардың мөлшері (үлкен, кіші) туралы; заттардың пішіні: дөңгелек туралыбілімдерін қалыптастыру;
4) дағдыларды қалыптастыру:сабақ уақытында үстелде дұрыс отыру;ересектің көмегімен қылқаламды дұрыс пайдалану; ересектің көмегімен дайындамаға клейстерді жағу, дайындаманы аудару;ересекпен бірге қағаз бетіне бір бөліктен тұратын дайын дайындамаларды (алма, алмұрт, лимон) жапсыру;артық клейстерді алып тастау үшінқағаз сүлгіні пайдалану.
109. Күтілетін нәтижелер:
1) аппликацияны орындауға берілген ұсынысты жағымды қабылдайды;
2) ерсекпен бірге қағаз бетіне аппликацияны жапсырады;
3) заттардың мөлшері (үлкен, кіші) туралы түсінігі бар;
4) негізгі түстер: қызыл, сары туралы түсінігі бар;
5) заттардың пішіні (дөңгелек) туралы түсінігі бар;
6) орындалған жұмысқа қуанады;
7) аппликация жұмысы кезінде үстелде отырады.
110. Музыка:
1) музыканы тыңдау:әртүрлі сипаттағы (байыпты, көңілді, шапшаң қимылды) музыканы тануды қалыптастыру;өлеңді тыңдауын қалыптастыру;
2) ән айту:әнге және дыбысқа, қайталанылатын музыкалық тіркестің интонациясына еліктеуді қалыптастыру;қосылып ән айту дағдысын дамыту;
3) музыкалық-ырғақтық қозғалыстар:музыканың сүйемелдеуімен қарапайым ырғақты қимылдау; зал ішінде жүру және жүгіру, музыкалық сигнал бойынша шашырау және бірге жиналу дағдысын қалыптастыру;музыканың сүйемелдеуімен қарапайым: заттармен ырғақты қимылдарды орындау, алақанын соққылау (тәрбиешінің көмегімен және көрсетуімен), мерекелік ертеңгіліктер мен ойын-сауықтарда ересектермен бірге таныс қимылдарды және әрекеттерді орындауқимылдарын қалыптастыру;
4) музыкалық-дидактикалық ойындар:дыбыс динамикасы (қатты-ақырын) арқылы естіп қабылдауын дамыту;әртүрлі қарқындағы (жылдам, баяу) ойындар арқылы сенсорлық қабылдауын дамыту.
111. Күтілетін нәтижелер:
1) таныс әндерді таниды;
2) ересекпен бірлесіп қарапайым әндерді айтуға ынтасын білдіреді;
3) ересекпен бірлескен әрекеттер арқылы музыканың сүйемелдеуімен қарапайым би қимылдарын орындайды;
4) музыкалық аспаптарда (сылдырмақ, бубен, қоңырау, сыбызғы) ойнаудың қарапайым тәсілдері туралы түсінігі бар.
12-параграф. 2 - жартыжылдық
112. Сурет салу:
1) балаларды ересектің сурет салуға деген ұсынысына эмоционалды жағымды жауап беруге; өз бетінше пішіні әртүрлі заттарды зерделеуге, нобайы бойымен жүргізуге; суретті шынайы затпен сәйкестендіруге үйрету;
2) әртүрлі тік, көлденең, түзу сызықтардың, нүктенің суретін салу; бейнені бүкіл парақтың бетіне толтыра орналастыру; дайын бейненің жетіспейтін жеке бөліктерінің суретін салу; трафаретпен салынған заттардың суретін бояу; жұмыс процесінде эмоцияны байқату, өзінің шығармашылық әрекетінің нәтижелерін бір-біріне көрсету; штрихтар мен сызықтарды қисындыру арқылы әртүрлі заттар мен құбылыстарды бейнелеуге болатындығын түсінуді қалыптастыру;
3) негізгі түстер, негізгі түстерді: қызыл, сары, көк, жасыл сәйкестендіру туралы; заттардың көлемі (үлкен-кіші) туралы; заттардың пішіні: дөңгелек, шаршы туралыбілімдерін қалыптастыру;
4) үстелде дұрыс отыру; оң қолмен сурет салу, сол қолмен парақты ұстау; қарындашты, қылқаламды дұрыс (үш саусақпен) ұстау;қылқаламды бояуға батыру, құтының шетіне тигізу арқылы артық тамшыны алып тастау; майлық қағазды пайдаланудағдыларын қалыптастыру.
113. Күтілетін нәтижелер:
1) затты бейнелемес бұрын оның пішінін зерделейді (нобайы бойынша жүргізеді);
2) әртүрлі тік, көлденең, түзу сызықтардың, нүктенің суретін салады;
3) дайын бейненің жетіспейтін жеке бөліктерінің суретін салады;
4) геометриялық пішіндер: дөңгелек, шаршы туралы түсінігі бар;
5) негізгі түстер: қызыл, сары, көк, жасыл туралы түсініктері бар;
6) заттардың көлемі (үлкен-кіші) туралы түсініктері бар;
7) қарындашты (үш саусақпен) дұрыс ұстайды;
8) қылқаламды дұрыс ұстайды, қылқаламмен бояуды алады, қылқаламды суда жуады;
9) жұмыс процесінде эмоциясын байқатады, өзінің шығармашылық әрекетінің нәтижесін көрсетеді.
114. Мүсіндеу:
1) балаларды ермексаздан, саздан, түсті қамырдан әртүрлі пішіндерді, ыдыс заттарын, ойыншықтарды мүсіндеу процесіндегі ересектің әрекетін бақылауға үйрету;балаларды ересек адамның жасаған бұйымдарымен ойнату;
2) созылымды материалдың қасиеттерімен таныстыруды жалғастыру: илеу, кесектерді үзіп алу, біріктіру, бөліктерін жұлу, тура және айналдыра қимылдау арқылы жаю, жалпайту;
3) мүсіндеу алдында зерделеу: заттарды сипап сезу, негізгі бөліктерін ерекшелеу арқылы көлемді пішінді заттарды қабылдау; заттың көлемді пішінін ерекшелеу және тану; сопақша пішінді заттарды зерделеу;
4) негізгі түстер, негізгі түстерді: қызыл, сарысәйкестендіру туралы;заттардың көлемі (үлкен-кіші) туралы;заттардың пішіні: дөңгелек туралыбілімдерін қалыптастыру;
5) сазды, қамырды, ермексазды жұмсарту; саздың, қамырдың, ермексаздың үлкен кесегінен кіші үзіп алу; пішін жасау қимылы - жаю; сазды, қамырды, ермексазды алақан арасында домалақтау, цилиндр пішінді заттарды: таяқшаны, шұжықты мүсіндеу; цилиндр пішінді бөліктерді бір-біріне жабыстыра отырып, біріктірудағдыларынқалыптастыру;
6) домалақ пішінді заттарды: доп, бауырсақ мүсіндеу; сазды (қамырды, ермексазды) алақан арасында домалақтап, жалпайту арқылы дөңгелек пішінді заттарды: шелпекті, құймақты илеп жасау; басу тәсілін (еліктеу бойынша) пайдалана отырып, домалақ пішінді заттарды: алманы, қызанақты мүсіндеу;
7) созылымды материалмен жұмыстың қарапайым ережелерімен (жұмысты тақтайшада ғана орындау, жеңді түру, сазды (қамырды, ермексазды) шашпау, мүсіндеуден кейін қолды жуу) таныстыруды жалғастыру.
115. Күтілетін нәтижелер:
1) созылымды материалдармен әрекеттерді (умаждайды, үлкен кесектен үзіп алады, оларды үлкен кесекке біріктіреді) орындайды;
2) пішін жасау қимылын орындайды, педагогпен бірге және еліктеу бойынша жаяды;
3) педагогпен бірге және еліктеу бойынша цилиндр пішінді заттарды: таяқшаны, шұжықты мүсіндейді;
4) цилиндр пішінді бөліктерді: сақинаны, қалашты біріктіреді;
5) педагогпен бірге және еліктеу бойынша басу тәсілін пайдалана отырып, домалақ пішінді заттарды мүсіндейді;
6) үстелде дұрыс отырады, жеңін түріп, жұмысты арнайы тақтайша үстінде орындайды, мүсіндегеннен кейін педагогтың көмегімен қолын жуады;
7) жұмыс процесінде эмоциясын байқатады.
116. Аппликация:
1) балаларды ересектің аппликация құрау процесін бақылауға;ересектің аппликация құруға деген ұсынысына эмоционалды жағымды жауап беруге;ересекпен бірлескен әрекетпен пішіні, мөлшері, түсі әртүрлі заттарды зерделеуге үйрету;
2) қағаздың мүмкіндіктерін (жырту, умаждау, бүктеу)пайдалану; қағазды текстурасыбойынша(барқыт, жылтыр, тегіс)ажырату;аппликацияны шынайы нысандармен сәйкестендіруге үйрету;
3) негізгі түстер, негізгі түстерді: қызыл, сары, көк сәйкестендіру туралы; заттардың мөлшері (үлкен, кіші) туралы;заттардың пішіні: дөңгелек, шаршы туралыбілімдерін қалыптастыру;
4) сабақ уақытында үстелде дұрыс отыру; қылқаламды пайдалану; дайындамаға клейстерді жағу, дайындаманы аудару; артық клейстерді алып тастау үшін майлықты пайдалану; қағаз бетіне 1-2 бөліктен тұратын қарапайым дайындамаларды (доп, қызанақ, саңырауқұлақ, үй) жапсырудағдыларын қалыптастыру.
117. Күтілетін нәтижелер:
1) аппликацияны орындауға берілген ұсынысты жағымды қабылдайды;
2) еліктеу бойынша қағаз бетіне 2 бөліктен құралатын дайын пішіндерді жапсырады;
3) заттардың көлемі(үлкен-кіші) туралы түсінігі бар;
4) негізгі түстер: қызыл, сары, көк туралы түсінігі бар;
5) заттардың пішіні (дөңгелек, шаршы) туралы түсінігі бар;
6) қылқаламды пайдаланады, артық клейстерді алып тастау үшін майлықты пайдаланады;
7) орындалған жұмысқа қуанады;
8) аппликация жұмысы кезінде үстелде отырады.
118. Музыка:
1) музыканы тыңдау: әртүрлі сипаттағы (байыпты, көңілді, шапшаң, баяу) музыканы тануды қалыптастыру; әндерді тыңдай білуінқалыптастыру;
2) ән айту: әнге және дыбысқа, қайталанылатын музыкалық тіркестің интонациясына еліктеуді қалыптастыру; қосылып өлең айту дағдысын дамыту;
3) музыкалық-ырғақтық қозғалыстар: музыканың сүйемелдеуімен қарапайым ырғақты қимылдау; зал ішінде жүру және жүгіру, музыкалық сигнал бойынша шашырау және бірге жиналу дағдысын қалыптастыру; музыканың сүйемелдеуімен қарапайым қимылдарды қалыптастыру: заттармен ырғақты қимылдарды орындау, алақанын соққылау (тәрбиешінің көмегімен және көрсетуімен), мерекелік ертеңгіліктер мен ойын-сауықтарда ересектермен бірге таныс қимылдарды және әрекеттерді орындау;
4) музыкалық-дидактикалық ойындар: дыбыс динамикасы (қатты-ақырын) арқылы есту зейінін дамыту; ересек адамға еліктеу бойынша қатты және ақырын дыбыстарды шығару; әртүрлі қарқындағы (жылдам, баяу) ойындар арқылы сенсорлық қабылдауын дамыту; аспаптардың (бубен, сылдырмақ, қоңырау) дыбысталу тембрін байқау.
119. Күтілетін нәтижелер:
1) педагогтың көмегімен музыка сипатын ажыратады;
2) педагогпен бірге шағын фразаларды әндете айтады;
3) бірлескен әрекет арқылы музыканың сүйемелдеуімен қарапайым би қимылдарын орындайды;
4) музыканың сүйемелдеуімен заттарды ұстап қозғала алады;
5) музыкалық аспаптарда (бубен, сылдырмақ, қоңырау, сыбызғы) ойнайды.
4-тарау. Ортаңғы топ (4-5 жастағы балалар)
1-параграф. "Денсаулық" білім беру саласы
120. "Денсаулық" білім беру саласының базалық мазмұны - дене шынықтыру, мәдени-гигиеналық дағдылары ұйымдастырылған оқу қызметінде жүзеге асырылады.
121. Мақсаты - денсаулықсақтау технологиясын қолдана отырып, балалардың қимылдық белсенділігін дамыту және дене жаттығуларын орындауға қызығушылықтарын қалыптастыру.
122. Міндеттер:
1) өзінің әрекетін өзгелердің қимылымен үйлестіру: жаттығуды бір мезгілде бастау және аяқтау, ұсынылған қарқынды сақтау;
2) сигналға жауап беру және соларға сәйкес әрекеттену;
3) қарапайым сапқа тұру мен қайтадан сапқа тұруды орындау;
4) дене жаттығуларын тәрбиешінің нұсқауларына сәйкес орындау;
5) шапшаң қимылды ойындарға қатысуға қызығушылықты қалыптастыру, шапшаң қимылды ойындар ережесіне үйрету;
6) ертеде меңгерілген дағдыларды бекіту және олардың орындалуын жоғарылату;
7) өзіне-өзі қызмет ету барысында қарапайым қарым-қатынас әрекеттерін дамыту;
8) ұқыптылықтың алғашқы дағдыларын баулу.
2-параграф. 1-жартыжылдық
123. Дене шынықтыру төмендегідей негізгі қимылдарды қамтиды:
1) жүру:бір бірінің артынан қолдарына жалауша ұстап жүруге, тар жол бойымен (ені 25 см) жүруге, топтасып залдың қарама-қарсы қабырғасына қарай жүруге; көрсету немесе еліктеу бойынша қолдарын басының артына қойып, жол бойымен жүруге; қол белде, аяқтың ұшымен жүруге; шеңбер бойымен (арқан бойымен) жүруге; қолдарын басының артына қойып,өкшемен жүруге үйрету;
2) жүгіру: қол ұстасып, жұптасып жүгіруге, берілген сигнал бойынша тоқтап бір-бірінің артынан жүгіруге; арқанды ұстап, бірінің артынан бірі жүгіруге; шеңбер (еденге салынған арқан) бойымен жүгіруге үйрету;
3) секіру:бір орнында тұрып секіруге; тәрбиешінің қолынан ұстап арқан, бау арқылы секіруге; тақтай бойымен жүріп, көтерілген ұшынан (биіктігі 10-15 см), тәрбиешінің қолынан ұстап, орындықтан тізесін бүгіп секіруге үйрету;
4) лақтыру, қағып алу, дәлдеп лақтыру:доптарды бір-біріне екі қолымен төменнен лақтыруға; допты нысанаға торлы себетке (50 см) лақтыруға; допты қағып алуға; допты және шарларды еңіс тақтай бойымен домалатуға; допты қақпаға (ені 50-60 см), шеңберге қарай домалатуға үйрету;
5) еңбектеу, өрмелеу:кілемде, орындықта еңбектеуге; қатарлас тұрған (қашықтығы 1,5-2 м) гимнастикалық екі орындықтан өрмелеп өтуге; гимнастикалық қабырға бойымен еркін тәсілмен өрмелеуге; тақтай бойымен (ені 30 см.) еңбектеуге үйрету;
6) тепе-теңдік сақтау:тепе-теңдігін сақтай отырып, (тәрбиешінің көмегімен) көлбеу тақтай бойымен (20-30 см), соңында секіру қажет болатын гимнастикалық орындық бойымен жүруге; қол жағдайын (жоғары көтерілген, белде) өзгерте отырып, бірінің артынан бірі аяғының ұшымен жүруге; басты оңға-солға бұруға, алға июге, артқа шалқайтуға; бір орында тұрып аяғын кезектестіре басып айналуға, дыбыстық сигнал бойынша тізесін бүге айналуға үйрету;
7) сапқа тұру:сапта еркін тұруға; арқан бойымен тұруға, бірінің артынан бірі сапқа және шеңбер құрап тұруға үйрету;
8) жалпы дамытушы жаттығулар (затпен және затсыз):жаттығуларды педагогпен бірге орындау: бас қимылы - бұру (оңға, солға), алға ию, артқа шалқаю; қол қимылы - алға, жан-жағына, алға, иыққа, белге қою, кеуде тұсында айқастыру, жанына қарай созу, кеуде тұсында, бастан асыра шапалақтау; бүгу және жазу; қол белде, аяқ иық ендігінде бастапқы қалыпта денені оңға және солға қарай бұру; қолды еркін жіберіп жүрелеп отыру; қолды жоғары қарай түзулеп жүрелеп отыру; қолдаумен жүрелеп отырып, қол белде, тұрған орнында аяқ ұшымен секіру; қол белде, аяқты дұрыс басып айналу; қол қимылдары: айналдыру, бұлғау, шапалақтау; қол қалпын өзгерте отырып қимылдау (жоғары, алға, жанына); саусақтарды жұдырыққа түю және саусақтарды жазу;
9) тәрбиешінің әрекетіне еліктеу бойынша шапшаң қимылды ойындар;
10) спорттық жаттығулар:биік емес төбеден ересектің көмегімен шанамен сырғанау; ересектердің көмегімен мұзды жолдармен сырғанау.
124. Күтілетін нәтижелер:
1) дене жаттығуларына қимылдық белсенділік пен қызығушылық байқатады;
2) жаттығуларды педагогтың әрекеттеріне еліктей отырып орындайды;
3) шеңбер бойымен, жол бойымен қол ұстасып бірінің артынан бірі жүреді; қол белде, аяқ ұшымен жүреді;
4) жол бойымен, шеңбер бойымен, көрсетілген бағытта бірінің артынан бірі жүгіреді;
5) допты шеңберге лақтырады;
6) тұрған және отырған қалыпта допты екі қолымен ұстап, қақпа арқылы домалатады;
7) тақтайдан секіреді;
8) тіректен ұстап бір орнында тұрып секіреді;
9) тақтай бойымен еңбектейді;
10) арқанның, орындықтың астынан өрмелеп өтеді;
11) гимнастикалық қабырғаға шығады және түседі;
12) педагогтың қолынан ұстап бау арқылы секіреді;
13) аттап өте отырып, бір орнында тұрып айналады.
125. Мәдени-тазалық дағдылары:
1) тамақтану дағдыларын қалыптастыру: тамақ ішу үшін қажетзаттарды сәйкестендіре білуді қалыптастыру (қасық, шанышқы, тәрелке, тостаған, майлық);балаларды ас қасық және шай қасығымен қолдануға үйрету; ұқыпты тамақтанудың қарапайым дағдыларын тәрбиелеу (төгіп-шашпай жеу); балаларды ересектің бақылауында тамақты ұқыпты ішуге үйрету;
2) гигиеналық дағдыларды қалыптастыру:балалардан және ересектен көмек сұрау, бір-біріне көмек көрсету, ересектің ауызша өтініші бойынша және ересек адамның көмегімен жуынар алдында киімнің жеңін түру керектігін бекіту; қажеттілігі бойынша және ересек адамның көмегімен шүмекті аша және жаба білуге үйрету; балаларды бет пен қолдыбірізділікпен жуу қажеттілігіне үйрету; тіс пастасы салынған сықпаны ашу және жабудағдысын қалыптастыру;балаларғатіс пастасын тіс щеткасына жаға отыра, тіс тазалауды, ауыз шаюды үйрету (үлгі бойынша); балаларда қол мен бетті орамалмен құрғатып сүрту дағдысын қалыптастыру; ересектердің көмегімен жуғаннан кейін аяғын сүртуге үйрету;
3) ұқыптылық дағдыларын қалыптастыру:ересектердің бақылауымен тісті таңертен және кешке тазалауға дағдыландыру; дәретханаға дер кезінде бару дағдысын қалыптастыру (ересектің ауызша нұсқаулығы және өзінің қажеттілігі бойынша);өздігінен және ересектің көмегі арқылы мұрнынбет орамалымен сүрте білуін, оны қалтасынан алужәне қайта салу икемділігін қалыптастыру;
4) киіну және шешіну дағдысын қалыптастыру:ересек адамның көмегі арқылы оң және сол жақ аяқ қиімді ажырата білуге үйрету; өздігінен және ересектің жарым-жартылай көмегі арқылы "жабысқақ" және "сыдырма ілгекті" түймелегіштерді ағыта алуын қалыптастыру; ересектің сәл көмегі арқылы "жабысқақ" және "сыдырма ілгекті" түймелегіштерді түймелей алуын қалыптастыру; сыдырма ілгектер көмегімен біріктіретін, түймелейтін, ағытатын дағдыларды қалыптастыруға мүмкіндік беретінтүрлі ойын модульдері бар жаттығулар.
126. Күтілетін нәтижелер:
1) ересек адамның көмегімен киім жеңінін түре алады;
2) қажеттілігі бойынша және ересек адамның көмегімен шүмекті аша және жаба алады;
3) үлгі бойынша тіс пастасын тіс щеткасына жаға отыра, тіс тазалау, ауыз шаю әрекетін орындай алады;
4) ересектердің көмегімен қол мен бетін сүлгімен құрғатып сүртеді;
5) ересектің ауызша нұсқауы және өзінің қажеттілігі бойынша дәретханаға дер кезінде барады;
6) ересек адамның көмегі арқылы оң және сол аяқ киімді ажырата біледі;
7) ересектің жарым-жартылай көмегі арқылы сыдырма ілгекті түймелегіштерді ағыта алады;
8) ересектің жарым-жартылай көмегі арқылы "жабысқыш" және "сыдырма ілгекті" түймелегіштерді түймелеудің қарапайым дағдыларына ие болады.
3-параграф. 2 - жартыжылдық
127. Дене шынықтыру төмендегідей негізгі қимылдарды қамтиды:
1) жүру:бір бірінің артынан қолдарына жалауша ұстап жүру; топтасып залдың қарама-қарсы қабырғасына қарай жүру; көрсету немесе еліктеу бойынша қолды бастан жоғары ұстап, жол бойымен жүру; қол белде аяқтың ұшымен жүру; шеңбер бойымен (арқан бойымен) жүру; қолды жоғары ұстап өкшемен жүру; бөлменің қабырғасының бойымен, алаң шетімен жұптасып жүру; педагогтың сөздік нұсқауы бойынша бағытты өзгерте отырып, бір-бірлеп жүру;
2) жүгіру:қол ұстасып, жұптасып жүгіру, берілген сигнал бойынша тоқтап, бір-бірінің артынан жүру; арқанды ұстап, бірінің артынан бірі жүгіру; сигнал бойынша жүгіру (жеке), бірінің артынан бірі шеңбер (еденде жатқан арқан) бойымен жүгіру;
3) секіру:бір орнында тұрып аяқ ұшымен секіру, алға қарай қозғала отырып, аяқ ұшымен секіру; тәрбиешінің қолынан ұстап арқан, бау арқылы секіру; тақтай бойымен жүріп, көтерілген ұшынан (биіктігі 10-15 см) секіру; орындықтан тізесін бүге секіру;
4) лақтыру, қағып алу, дәлдеп лақтыру:допты қақпаға (ені 50-60 см), шеңберге қарай домалату; допты екі қолымен торлы себетке (50 см) лақтыру; допты бір-біріне екі қолымен төменнен лақтыру; допты және шариктерді еңіс тақтай бойымен домалату; допты лақтыру және қуып жету, оны басынан асыра көтеру, шеңберде тұрып, допты тәрбиешіге лақтыру шеңберді еркін домалату;
5) еңбектеу, өрмелеу: қатарлас тұрған (қашықтығы 1,5 м) гимнастикалық екі орындықтан өрмелеп өту; гимнастикалық қабырға бойымен еркін тәсілмен өрмелеу; тақтай бойымен (ені 30 см) еңбектеу; шеңберден тура және бүйрілеп өрмелеп өту; арқанның астынан (биіктігі 40 см) өрмелеп өту;
6) тепе-теңдік сақтау:тепе-теңдігін сақтай отырып, көлбеу тақтай бойымен (20-30 см), соңында секіру қажет болатын гимнастикалық орындық бойымен жүру; қол жағдайын (жоғары көтерілген, белде) өзгерте отырып, бірінің артынан бірі аяғының ұшымен жүру; басты оңға-солға бұру, алға қарай ию, артқа қарай шалқайту; бір орында тұрып аяғын дұрыс басып айналу, дыбыстық сигнал бойынша тізесін бүге айналу;
7) сапқа тұру: еркін тұру; арқан бойымен тұру, бірінің артынан бірі сапқа және шеңбер құрап тұру; тәрбиешінің артынан сапқа тұру;
8) жалпы дамытушы жаттығулар (затпен және затсыз):жаттығуларды педагогпен бірге орындау: бас қимылы - бұру (оңға, солға), алға ию, артқа шалқаю; қол қимылы - алға, жан-жағына, алға, иыққа, белге қою, кеуде тұсында айқастыру, жанына қарай созу, кеуде тұсында, бастан асыра шапалақтау; бүгу және жазу; қол белде, аяқ иық ендігінде бастапқы қалыпта денені оңға және солға бұру; қолды еркін жіберіп жүрелеп отыру; қолды жоғары қарай түзулеп жүрелеп отыру; қолдаумен жүрелеп отырып, қол белде, тұрған орнында аяқ ұшымен секіру; қол белде, аяқты дұрыс басып айналу; қол қимылдары: айналдыру, бұлғау, шапалақтау; қол қалпын өзгерте отырып қимылдау (жоғары, алға, жанына); саусақтарын жұдырыққа түю және саусақтарды жазу;
9) тәрбиешінің әрекетіне еліктеу бойынша шапшаң қимылды ойындар;
10) спорттық жаттығулар: биік емес төбеден ересектің көмегімен шанамен сырғанау; ересектердің көмегімен мұзды жолда сырғанау.
128. Күтілетін нәтижелер:
1) дене жаттығуларына қимылдық белсенділік пен қызығушылық байқатады;
2) қимыл үйлесімділігінің бастапқы дағдылары бар;
3) жаттығуларды педагогтың әрекетіне еліктей отырып орындайды;
4) шеңбер бойымен, жол бойымен қол ұстасып жүреді; қол белде, аяқ ұшымен жүреді;
5) жол бойымен, шеңбер бойымен, көрсетілген бағытта бірінің артынан бірі жүгіреді;
6) допты шеңберге лақтырады;
7) тұрған және отырған қалыпта допты екі қолымен ұстап, қақпа арқылы домалатады;
8) тақтайдан секіреді;
9) тіректен ұстап бір орнында тұрып секіреді;
10) тақтай бойымен еңбектейді;
11) арқанның, орындықтың астынан өрмелеп өтеді;
12) гимнастикалық қабырғаға шығады және түседі;
13) педагогтың қолынан ұстап бау арқылы секіреді;
14) бір орнында тұрып айналады.
129. Мәдени-тазалық дағдылары:
1) тамақтану дағдыларын қалыптастыру: тамаққа арналған арнайы алжапқыштарды өздігінен (қажеттілік кезінде) киюлерін қалыптастыру, қасыққа қажетті көлемдегі тамақты алуды, тамақтану кезінде және тамақ ішіп болған соң майлықты қолдануды қалыптастыру;
2) гигиеналық дағдыларды қалыптастыру:тіс тазалау барысында тіс щеткасына тіс пастасын жаға білуін қалыптастыру, белгіленген символға бағдарлана отырып, тарақтар тұратын орында өз тарағын таба алуды қалыптастыру, айна алдында жеке тарақпен өздігінен шаш тарауға үйрету; ересектердің көмегі арқылы қағаз орамалдарымен қолдануды үйрету (жырту, қол сүрту, қоқыс салатын себетке тастау); ересек адамның ауызша өтініші және өздігінен шүмекті аша және жаба алуды үйрету; ересектің бақылауымен жуыну барысында жеке гигиена заттарымен (қатты сабын, мөлшерлеуіші бар ыдыстағы сұйық сабын, орамал) қолдана білуді қалыптастыру; ересектің бақылауымен аяқты жууға үйрету; серуендеу алдында, сабақ алдында дәретханаға бару керектігін үйрету (қажеттілігі бойынша), өздігінен және ересектің жарым-жартылай көмегімен беторамалына сіңбіруді, оны қайта қалтаға салуды үйрету;
3) ұқыптылық дағдыларын қалыптастыру: өз шкафын тәртіпте ұстау қажеттігін балаларға үйрету (киімдерді белгілі орындарға қою); ересектің көмегі арқылы сілекей аққан кезде беторамалдарымен, арнайы майлықтармен қолдануды үйрету; балаларды өзінің сырт келбетіне: айнада өзіне, бір-біріне, ересектерге қарауға көңіл бөлуге тарту;
4) киіну және шешіну дағдысын қалыптастыру:сілтеуші ым бойынша, ересектің көмегімен белгілі бірізділікте киіну және шешіну тәртібіне балаларды үйрету;ересектің жартылай көмегімен түймедегі ілгектердің ағыта білуін қалыптастыру;түрлі көлемдегі түймелер көмегімен біріктіретін, түймелейтін, ағытатын дағдыларды қалыптастыруға мүмкіндік беретін,түрлі ойын модульдері бар жаттығулар, киімді атау және көрсете білуді қалыптастыру (өзінің үстіндегі, шкафтағы, орындықтың үстінде бүктелген);ересек адамның көмегімен бауларды шеше алуға үйрету.
130. Күтілетін нәтижелер:
1) ересектің бақылауымен және өздігінен жуыну барысында жеке гигиена заттарымен қолдана алады;
2) қасыққа қажетті көлемдегі тамақты ала алады;
3) тамақтану кезінде және тамақ ішіп болған соң майлықты қолданады;
4) ересектердің көмегімен айна алдында тарақпен шашын тарай алады;
5) ересектердің көмегі арқылы қағаз орамалдарымен қолдана алады;
6) ересектің жартылай көмегімен және өздігінен беторамалымен қолдана алады;
7) ересектің жартылай көмегімен түймедегі ілгектерді ағыта алады;
8) ересектің көмегімен бауларды шеше алады.
4-параграф. "Коммуникация" білім беру саласы
131. "Коммуникация" білім беру саласының базалық мазмұны - сөйлеуді дамыту, көркем әдебиет ұйымдастырылған оқу қызметінде іске асырылады.
132. Мақсаты балаларда ересек адамдар мен құрдастарымен қарым-қатынас жасау кезіндегі сөз сөйлеу қажеттілігін қалыптастыруды; балалардың көркем әдебиет және халық ауыз әдебиет шығармаларына эмоциональді ілтипат білдіруін дамыту болып табылады.
133. Міндеттері:
1) балаларда ересек адамдар мен құрдастарымен қарым-қатынас жасаудың тілдік нысандарын дамыту;
2) балаларда сөз сөйлеуде өздерінің тілектері мен эмоционалды толқуларын таныту қажеттілігін тәрбиелеу;
3) ертегілерді, әңгімелерді тыңдай білуін дамыту,
4) ертегілердің, әңгімелердің, тақпақтардың мазмұнын түсінуге және ондағы оқиға желісін қадағалауға үйрету;
5) мәтін бойынша қойылған қарапайым сұрақтарға жауап беру;
6) көркем шығарма кейіпкерінің эмоциональді қалпын қабылдауға үйрету;
7) көркем әдебиетті оқуға қызығушылығын қалыптастыру.
5-параграф. 1 - жартыжылдық
134. Сөйлеуді дамыту:
1) балаларды тәулік бөлімдерін түсіну және ересек адамның көмегімен атау икеміне үйрету; балаларды суреттер бойынша кейіпкерлердің қарапайым қимыл-әрекеттерін тану және атау икеміне үйрету;
2) балаларда сөйлеу кезінде жіктеу есімдіктерінпайдалану дағдысын қалыптастыру;
3) балаларда ересек адамның бақылауымен заттардың кеңістіктегі орналасуын анықтаумен байланысты сөздерді пайдалану икемін дамыту;
4) балаларды сөйлеуде сапалық сын есімдерін пайдалану дағдысына үйрету;
5) суретте бейнеленген кейіпкерлердің бейнеленуі мен қимыл-әрекеттерін түсіну, көрсеткен суреттер бойынша сұрақтарға жауап беру икеміне үйрету;
6) балаларды сөз жасаудың алғашқы дағдыларына үйрету: кішірейткіш- еркелету мәніндегі зат есімдерді құрастыру;
7) балаларды ересек адамның көмегімен негізгі түстердің атауларын түсіну мен пайдалану икеміне үйрету; сөздердің жалпылау мәнін түсінуді қалыптастыру.
135. Күтілетін нәтижелер:
1) екі-үш сөзден тұратын фразаны құрастырады;
2) ересек адамның бақылауында кішірейткіш-еркелету мәніндегі зат есімдерді құрастыра алады;
3) сөйлеу кезінде сапалық сын есімдерді пайдаланады (ересек адамның бақылауында);
4) ересек адамның бақылауында заттардың кеңістіктегі орналасуымен байланысты сөздерді естуде жіктейді.
136. Көркем әдебиет:
1) тыңдау және түсіну:ертегілерді, әңгімелерді, тақпақтарды мұқият тыңдай білуге және түсінуге, мазмұны бойынша қойылған жай сұрақтарға жауап беруге үйрету, "Бұл кім (не)" сұрағын қоюға дағдыландыру. Көрнекілікке сүйене отырып, сипаттау жұмбақтарын шешуге үйрету;
2) шығарманың интонациялық ырғағын қабылдау: интонацияны қабылдауға үйрету, шығарма кейіпкерлерінің мінез-құлқы мен әрекеттерін талдау арқылы мейірімділікті танып білуге үйрету;
3) әңгімелеу және түсіну:көрнекілікке сүйене отырып, сипаттау жұмбақтарды шешуге, қысқа тақпақтарды жатқа оқуға үйрету; лексикалық тақырыптар бойынша сөздік қорын толықтыру және белсендірту; ойыншықтарды қолдана отырып, күрделі емес сюжеттер бойынша сахналау ойынына қатысуға баулу.
137. Күтілетін нәтижелер:
1) таныс шығармаларды эмоциональді түрде қабылдайды және түсінеді;
2) шығарма мазмұнына эмоциональді түрде әрекет етеді;
3) кішігірім тақпақтарды, өлеңдерді жатқа біледі;
4) шығарма мазмұнына қатысты қарапайым сұрақтарға жауап береді (сөйлеу мүмкіндіктеріне қарай).
6-параграф. 2 - жартыжылдық
138. Сөйлеуді дамыту:
1) етістіктерді зат есімдермен келістіру икемін қалыптастыру;
2) балаларды жекеше және көпше түрдегі етістіктерді пайдалану икеміне үйрету;
3) балаларды сөйлеу кезінде жеке сан есімдерді (бір, екі, көп) пайдалану және ересек адамның көмегімен оларды зат есімдермен келістіру икеміне үйрету;
4) сын есімдерді зат есімдермен келістіру икемін қалыптастыру;
5) топтағы өмірге, табиғаттағы бақылауларға қатысты сұрақтарға жауап беруге үйрету;
6) сөз таптарын, ыдыстардың, киімдердің, жиһаздардың зат атауын және күнделікті өмірде олармен жасайтын әрекеттерді білдіретін сөздерді пайдалану икеміне үйрету;
7) қарапайым сұрақтарға жауап беру икеміне үйрету;
8) жанды-жансыз санаты бойынша заттардың атауларын жіктеу дағдыларына үйрету;
9) сөздерді тілектері мен сезімдерін білдіру үшін пайдалану икемдерін дамыту: ыңғайсыздыққа (шаршадым, ыстық) және құрдастардың іс-әрекеттеріне (ойыншықты бермейді);
10) ересек адамның көмегімен қарапайым геометриялық пішіндердің атауларын пайдалану икемін дамыту.
139. Күтілетін нәтижелер:
1) сөйлеу кезінде жіктеу есімдіктерін пайдаланады;
2) сөйлеу кезінде жеке реттік сан есімдерін пайдаланады;
3) сын есімдерді зат есіммен келістіре алады (ересек адамның көмегімен);
4) топтағы өмірге, табиғаттағы бақылауларға қатысты сұрақтарға жауап бере алады.
140. Көркем әдебиет:
1) тыңдау және түсіну:көрнекілікке сүйене отырып, сипаттау жұмбақтарды шешуге, кейіпкерлердің қарапайым өзара қатынасын анықтауға, оларға жай сипаттама (жақсы-жаман) беруге үйрету; "Бұл кім (не)?", "Не істеді?" сұрақтарын қою біліктілігін дамыту; лексикалық тақырыптар бойынша сөздік қорын толықтыру және белсендірту;
2) шығарманың интонациялық ырғағын қабылдау:интонацияны қабылдауға үйрету, шығарма кейіпкерлерінің мінез-құлқы мен әрекеттерін талдау арқылы мейірімділікті танып білуге үйрету;
3) әңгімелеу және түсіну:қуыршақ қолғаптарын, үстел үсті театрын қолдана отырып, таныс ертегілерді әңгімелеуге, қысқа тақпақтарды жатқа айтуға үйрету (сөйлеу мүмкіндіктеріне қарай); ойыншықтарды, бетперделерді қолдана отырып, күрделі емес сюжеттер бойынша сахналау ойынына қатысуға баулу.
141. Күтілетін нәтижелер:
1) кішігірім тақпақтарды, өлеңдерді жатқа біледі;
2) мазмұны бойынша қарапайым сұрақтарға жауап береді;
3) шығарма мазмұнына эмоциональді түрде әрекет етеді;
4) педагогтың көмегімен шығарма кейіпкерлеріне жай сипаттама (жақсы-жаман) береді.
7-параграф. "Таным" білім беру саласы
142. "Таным" білім беру саласының базалық мазмұны - қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру, сенсорика, құрастыру, жаратылыстану ұйымдастырылған оқу қызметінде іске асырылады.
143. Мақсаты ойын және өнімді әрекет барысында заттардың қасиеттері мен сапасын қабылдау үшін балаларды әртүрлі көптіктер мен көптіктердің элементтерінің арасындағы сәйкестіктерді табуға, салыстыру, сәйкестендіру икемділіктеріне, әртүрлі көптіктер мен көптіктердің элементтері арасындағы сәйкестікті табуға үйрету; құрастыру процесіне, құрылыс материалдарымен ойнауға жағымды қатынас пен қызығушылықты қалыптастыру; қоршаған болмысқа эмоционалдық-танымдық қызығушылықты дамыту болып табылады.
144. Міндеттері:
1) әртүрлі заттармен және үздіксіз көптіктермен балардың тәжірибелік іс-әрекетін ұйымдастыруды жалғастыру;
2) зерттеушілік бағдарлау тәсілдерін қалыптастыру;
3) теңдік немесе теңсіздікті орната отырып, көптіктерді саны бойынша салыстыруға үйрету;
4) көптіктерді салыстыру және түрлендіру үшін салыстырудың практикалық тәсілдерін (үстіне салу, қабаттастырып қою) пайдалануға үйрету;
5) заттарды санауға және үш көлеміндегі көптіктермен әртүрлі операцияларды (салыстыру, біріктіру және ажырату) орындауға үйрету;
6) геометриялық фигуралар туралы түсініктерді қалыптастыру;
7) заттардың көлемі туралы түсініктерді қалыптастыру;
8) кеңістіктік және мезгілдік түсініктерді қалыптастыру;
9) көру, есту, тактильдік-қимылдық қабылдауды дамыту;
10) жеке заттарды жалпы ортадан ерекшелей отырып қабылдауға үйрету;
11) үлгі бойынша қарапайым құрылыстарды орындауды, ересектің әрекетіне еліктеу бойынша құрылыстармен ойнауға үйрету;
12) құрылыстарды тануға және шынайы нысандармен салыстыруға үйрету;
13) табиғатта құбылыстары,жыл мезгілдері туралы түсініктерді қалыптастыру;
14) көкөністер, жемістер, ағаштар, жануарлар, құстар туралы білімдерін қалыптастыру.
8-параграф. 1 - жартыжылдық
145. Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру:
1) сандық түсініктер және санау:дискретті және үздіксіз көптіктермен заттық-практикалық әрекеттерде "көп", "аз", "бос", "толық", 1, 2 саны туралы түсінікті бекіту;элементтерінің сандары 2 көлеміндегі көптікті әрекеттің санымен салыстыру: үстел үстінде неше матрешка болса, алақанды сонша рет шапалақта;
2) үздіксіз көптіктерді саны бойынша салыстыру: "көп"-"аз", "артық"-"кем";үстіне салу және қабаттастырып қою тәсілдерін пайдалана отырып, қандай заттардың артық, кем екенін анықтап, сандары бойынша тең емес екі топты салыстыру;
3) екі көлеміндегі көптіктерді біріктіру және ажырату операцияларын орындау;заттар мен дыбыстарды, заттар мен қимылдарды, дыбыстар мен қимылдарды саны бойынша салыстыру: көп, 1, 2;
4) екі көлеміндегі заттарды санау, заттардың санын саусақтар санымен сәйкестендіру;
5) үздіксіз көптікті саны бойынша салыстыру (үлкен шелекте құм көп, кіші шелекте құм аз); еліктеу бойынша дискретті және үздіксіз көптіктерді түрлендіру (арттыру, кеміту);
6) көлем:заттарды бір-біріне қабаттастыра қою тәсілін пайдалана отырып, биіктігі (биік-аласа) бойынша салыстыру;салыстырылатын екі заттың қайсысының биік (аласа) екенін тану және көрсету;үш заттың арасындағы көлемдік арақатынасты (үлкен-кіші-ең кіші) табу;
7) геометриялық финуралар:геометриялық фигураларды: дөңгелекті, шаршыны, үшбұрышты ажырату;геометриялық фигураларды пішіні, түсі бойынша біріктіру;көлемді геометриялық фигураларды ажырату;
8) кеңістікте бағдарлау:берілген бағыт бойынша: алға, артқа, солға, оңға қозғалу;өз дене мүшелерінде бағдарлау: жоғарыда - бас, мойын, кеуде, төменде - аяқ, алдында - бет, іш, артында - арқа, сол, оң қол;
9) мезгілдік бағдарлау:жыл мезгілдері: күз, қыс;тәулік бөліктері: түн, күн.
146. Күтілетін нәтижелер:
1) дискретті және үздіксіз көптіктермен заттық-практикалық әрекеттерде "көп", "аз", "бос", "толық", 1, 2 саны туралы түсінігі бар;
2) үздіксіз көптіктерді саны бойынша "көп"-"аз", "артық"-"кем" салыстырады;
3) сандары бойынша тең емес екі заттық топты салыстырады;
4) үлгінің негізінде заттарды сандық белгілері бойынша топтастыруды жүзеге асырады;
5) дискретті және үздіксіз көптіктерді түрлендіреді (арттыру, кеміту);
6) 2-3 затты көлемі, биіктігі бойынша салыстырады;
7) геометриялық пішіндерді: дөңгелекті, шаршыны, үшбұрышты ажыратады;
8) көлемді геометриялық пішіндерді ажыратады;
9) берілген бағытта: алға, артқа, солға, оңға қозғалады;
10) өз дене мүшелерінде бағдарлайды;
11) жыл мезгілдері: күз, қыс туралы түсінігі бар;
12) тәулік бөліктері (түн, күн) туралы түсінігі бар.
147. Сенсорика:
1) көріп қабылдау мен зейінді дамыту:суретте бейнеленген әрекеттерді өз әрекеттерімен сәйкестендіру, суреттегі әрекеттерді бейнелеу;ересектің әрекетіне еліктеу бойынша 3 элементтен құрастыру процесінде пішіндерді (шар, текше, үшбұрышты призма) ажырату;ойын барысында практикалық байқап көру тәсілдерін пайдалана отырып, көлемді пішіндерді (текше, шар, кірпіш, үшбұрышты призма) жіктеу;көлемдерді қабылдау: кіші, үлкен, өте үлкен;қызыл, сары, көк, жасыл түстерді салыстыру, түстерді үлгі бойынша ерекшелеу;
2) үшқұрамды пирамиданы көлемін ескере отырып, тәжірибелікөлшеп көру тәсілі арқылы құрастыру;3 бөліктен тұратын кесінді суретті жинастыру;
3) естіп қабылдау мен зейінді дамыту: дыбысталудың белгілі бір әрекетпен өзгеруіне әсерін білдіре отырып, музыкалық үш аспаптың (дағыра, металлофон, сыбызғы) дыбысталуын жіктеу; 2-3 музыкалық аспаптың дыбысталу дәйектілігін анықтау; қандай да бір аспаптың қатты және ақырын дыбысталуын ажырату;
4) тактильдік-қимылдық қабылдауды дамыту: ересектің сөздік тапсырмасы бойынша ойыншықтарды сипай отырып таңдау (үш ойыншықтың ішінен); геометриялық фигураларды (шар, текше, үшбұрышты призма) және заттардың көлемін (үлкен, кіші, өте үлкен) сипай отырып қабылдау; заттарды белгілері бойынша ерекшелей отырып, сипап көру; қатты және жұмсақ нысандарды және 2 көлеміндегі заттарды қабылдау және жіктеу;
5) дәм сезуді дамыту: тамақты температуралық белгісі бойынша (ыстық, суық, жылы) жіктеу; әртүрлі дәмдік сезімдер "тәтті-ащы", "тәтті-қышқыл" туралы түсінікті қалыптастыру; қышқыл дәмі бар тағам өнімдерімен (лимон, қараөрік) таныстыру;тамақты дәмі "тәтті-ащы", "тәтті-қышқыл" бойынша анықтау.
148. Күтілетін нәтижелер:
1) негізгі түстерді (қызыл, сары, жасыл, көк) сәйкестендіреді;
2) көлемді пішіндерді (шар, текше, кірпіш, үшбұрышты призма) ажыратады;
3) берілген сенсорлық белгілері бар нысандарды көптіктің ішінен ерекшелейді;
4) үшқұрамды пирамидканы құрастырады;
5) 3 бөліктен құралатын заттық кесінді суретті құрастырады;
6) геометриялық пішіндерді (шар, текше, үшбұрышты призма) және заттардың көлемін (үлкен, кіші, өте үлкен) сипай отырып жіктейді;
7) сипай отырып заттың жұмсақ, қатты екенін ажыратады;
8) 2-3 музыкалық аспаптың дыбысталу дәйектілігін анықтайды;
9) қандай да бір аспаптың қатты және ақырын дыбысталуын ажыратады.
149. Құрастыру:
1) көлемді пішінді заттарды, конструктор бөліктерін зерделеу: екі қолымен сипай ұстау, нобайы бойымен қолымен жүргізуарқылы қабылдауға; еліктеу бойынша практикалық әрекеттер арқылы заттарды көлемі (кіші, үлкен) бойынша салыстыруға;құрылыстарды шынайы нысандармен және олардың суреттегі бейнелерімен сәйкестендіруге, салған құрылыстарын ойында пайдалануға үйрету;
2) білімді қалыптастыру: негізгі түстертуралы, түстерді: қызыл, сары, көк сәйкестендіру; заттардың көлемі: үлкен, кіші, орташа туралы;заттардың пішіні (текше, кірпіш, пластина) туралы; ағаштан, пластмассадан жасалған құрылыс материалдарының қасиеттері туралы білімдерін қалыптастыру;
3) құрылыс материалдарынан құрастыру: құрылыс материалдарының бөліктерін (текше, кірпіш, пластина) түсі, көлемі, пішіні бойынша ажырату; қандай да бір құрылыс үшін әртүрлі құрылыс материалын пайдалана отырып, үлгі бойынша қарапайым құрылыстарды салу;пішінді үстел жазықтығының жағдайына (тұр, жатыр) тәуелсіз тану; 2-5 текшеден мұнара құрастыру;үлгі бойынша мәшинеге арналған кең жол салу; қарапайым құрылымдарды салу;
4) заттық емес құрастыру: ойыншықты жинастыру, бөліктерден бүтін құрау; "жоғарыда", "төменде" кеңістіктік қатынастарды (сатыдағы, топ бөлмесіндегі жаттығулар) үлгілеу; практикалық әрекеттер барысында өз денесінде бағдарлау: "Ойыншықты сол (оң) қолыңда ұста", "Сол аяғыңды, оң аяғыңды бас";
5) таяқшалардан құрастыру: үлгі бойынша таяқшалардан геометриялық фигураларды салу; үлгі бойынша таяқшалардан қарапайым құрылыстарды (жол, дуал, жалауша) салу;
6) құрамалы-жиналмалы ойыншықтарды құрастыру: заттарды оның бейнесінің сұлбасымен сәйкестендіру; трафареттің сұлбасын саусақпен жүргізу арқылы жазық пішінді ерекшелеу;
7) дағдыларды қалыптастыру:конструктор бөліктерін ұстап алу, ұстап тұру, орнын ауыстыру; затты екі қолымен зерделеу (затты сипау); құрылыс жиынтығының элементтерінің көлемін, пішінін бір-бірінің үстіне қою, қатарластырып қою тәсілдерінің көмегімен салыстыру; кірпішті қысқа қырымен, ұзын қырымен қою.
150. Күтілетін нәтижелер:
1) құрылыстарды салуға және олармен бірге ойнауға деген қызығушылық танытады;
2) құрылыс материалдарынан және таяқшалардан қарапайым құрылыстар салады;
3) таныс құрылыстарды таниды және көрсетеді;
4) үлгі бойынша құрамалы-жиналмалы ойыншықтарды жинастырады;
5) үлгі бойынша таяқшалардан геометриялық пішіндерді салады;
6) затты оның сұлбасымен және бейнесімен салыстырады;
7) кеңістіктік қатынастарды: жоғарыда, төменде ажыратады;
8) ойында құрылыстарды пайдаланады.
151. Жаратылыстану:
1) табиғат құбылыстары: қоршаған әлемде болып жатқан өзгерістер; табиғат құбылыстары (жаңбыр, бұлт және жел); күз бен қыс туралы түсініктерді қалыптастыру; экологиялық мәдениет негіздерін: табиғатқа ұқыптылықпен қарауға тәрбиелеу;
2) өсімдіктер әлемі: көкөністер (пияз, қырыққабат) туралы білімді кеңейту; жемістер (алма, алмұрт, қараөрік) туралы білімдерін кеңейту; ағаштармен (қайың) таныстыру;
3) жануарлар әлемі: жануарлармен (мысық, ит, түлкі) танысу; оларды дауыстары (дыбысқа еліктеу) бойынша тану; жабайы құстармен (торғай) танысу.
152. Күтілетін нәтижелер:
1) педагогтің көмегімен табиғаттағы мезгілдік өзгерістерді анықтайды;
2) иллюстрациядан күз бен қыстың қарапайым белгілерін көрсетеді;
3) кейбір көкөністер мен жемістерді ажыратады;
4) иллюстрациядағы қайыңды атайды немесе көрсетеді;
5) кейбір үй және жабайы жануарларды біледі;
6) иллюстрациядағы торғайды атайды немесе көрсетеді.
9-параграф. 2 - жартыжылдық
153. Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру:
1) сандықтар ұғымдар: теңдік немесе теңсіздікті ажырату арқылы: "тең-тең емес", "соншама-соншама емес"дискретті көптіктерді саны бойынша салыстыру;үш көлеміндегі көптік элементтерін, есту арқылы дыбыстарды, сипау арқылы заттарды, қимылдарды санау;заттар мен дыбыстарды, заттар мен қимылдарды, дыбыстар мен қимылдарды саны бойынша салыстыру: көп, 1, 2, 3; 3 саны көлеміндегі заттарды санау, қорытынды санды атай отырып, таяқшалардың, саусақтардың санымен сәйкестендіру;еліктеу, үлгі және сөздік нұсқау бойынша көптіктен 3 затты ерекшелеу;санауды тексеру тәсілі ретінде пайдалана отырып, 3 затты немесе бейнені санамай-ақ тану; 3 саны көлеміндегі заттар тобын салыстыру: артық немесе кем, артық немесе жетіспейтін элемент;
2) санау: үш көлеміндегі ашық нәтижелі біріктіру және ажырату әрекеттері, нәтижені санау арқылы анықтау; 3 саны көлеміндегі кеңістікте әртүрлі орналасқан, түсі, көлемі әртүрлі заттарды санау;жетіспейтін элементті қосу, артығын алып тастау тәсілімен заттардың екі тобын саны жағынан теңестіру;
3) көлем: заттарды бір-біріне қабаттастыра қою тәсілін пайдалана отырып, биіктігі (биік-аласа) бойынша салыстыру; салыстырылатын екі заттың қайсысының биік (аласа) екенін тану және көрсету; бірінің үстіне бірін қою тәсілімен заттардың енін (енсіз-жалпақ) салыстыру; салыстырылатын екі заттың қайсысының енсіз (жалпақ) екенін тану және көрсету;үш заттың арасындағы көлемдік арақатынасты (үлкен-кіші-ең кіші) табу;
4) геометриялық фигуралар:геометриялық фигураларды:дөңгелекті, шаршыны, үшбұрышты ажыратуға; геометриялық фигураларды пішіні, түсі бойынша біріктіруге; көлемді геометриялық фигураларды ажыратуға; жазық геометриялық фигураларды ажыратуға;үлгі бойынша геометриялық фигураларды белгілі бір дәйектілікпен орналастыруға; геометриялық фигураларды қоршаған заттар сұлбасынан тануға үйрету;
5) кеңістікте бағдарлау:өз дене мүшелерінде бағдарлау: жоғарыда - бас, мойын, кеуде, төменде - аяқ, алдында - бет, іш, артында - арқа, сол, оң қол;педагогтың көрсетуі бойынша заттарды өзіне қатысты орналастыру: алыс-жақын, жанында, онда, мұнда;
6) мезгілдік бағдарлау: жыл мезгілдері (күз, қыс, көктем, жаз); қозғалыс жылдамдығы (жылдам, ақырын); тәулік бөліктері (түн, таңертең, күндіз, кешке).
154. Күтілетін нәтижелер:
1) 3 саны көлеміндегі заттарды санайды, қорытынды санды атайды немесе көрсетеді;
2) үлгі бойынша бір текті және әртүрлі текті көптіктерден 3 көлемінде (1, 2, 3) берілген сандағы заттарды ерекшелейді;
3) үлгінің негізінде заттарды сандық белгілері бойынша топтастыруды жүзеге асырады;
4) дискретті және үздіксіз көптіктерді түрлендіреді (арттырады, кемітеді);
5) үш саны көлеміндегі көптіктерді біріктіру және ажырату әрекеттерін орындайды, нәтижені санау арқылы анықтайды;
6) жетіспейтін элементті қосу, артығын алып тастау тәсілімен заттардың екі тобын саны жағынан теңестіреді;
7) 2-3 затты көлемі, биіктігі бойынша салыстырады;
8) қағаз бетінде (жоғары, төмен, ортасында) бағдарлайды;
9) геометриялық пішіндерді: дөңгелекті, шаршыны, үшбұрышты ажыратады;
10) жыл мезгілдері: күз, қыс, көктем, жаз туралы түсінігі бар;
11) өз дене мүшелерінде бағдарлайды;
12) қозғалыс жылдамдығы (жылдам, ақырын) туралы түсінігі бар;
13) тәулік бөліктері (түн, таңертең, күндіз, кешке) туралы түсінігі бар.
155. Сенсорика:
1) көріп қабылдау мен зейінді дамыту:ересектің әрекетіне еліктеу бойынша 4 элементтен құрастыру процесінде пішіндерді (шар, текше, кірпіш, үшбұрышты призма) ажырату; үлгі бойынша пішіні ерекшеленетін пішінді (дөңгелек, шаршы, тікбұрыш, сопақша) таңдау; бір пішінді басқасына қою тәсілін пайдалана отырып, жазық пішіндерді сәйкестендіру; заттарды берілген бір белгі (пішін, көлем немесе түс) бойынша топтастыру; көлемдерді қабылдауға үйрету: кіші, үлкен, өте үлкен; заттың қолданысынан тыс, пішінді белгі ретінде ерекшелеу ("Қорапқа барлық дөңгелектерді жинаймыз"); заттың қолданысынан тыс, түсті белгі ретінде ерекшелеу ("Жасыл мәшинеге жасыл текшені сал"); практикалық өлшеу тәсілін пайдалана отырып, көлемін ескеріп 3-4 сақиналы пирамидканы, матрешканы жинастыру; 4 бөліктен тұратын кесінді суретті жинастыру; заттар арасындағы кеңістіктік қатынастармен (жоғарыда, төменде) практикалық таныстыру;
2) естіп қабылдау мен зейінді дамыту: дыбысқа еліктеуді 2-3 ұсынылғанның ішінен таңдап жіктеу; дыбысталуы жағынан жақын дыбысқа еліктеулерді жіктеу; суреттерді пайдалана отырып, буындық құрылымы әртүрлі сөздерді жіктеу; қандай да бір аспаптың қатты және ақырын дыбысталуын ажырату;
3) тактильдік-қимылдық қабылдауды дамыту: ересектің сөздік тапсырмасы бойынша ойыншықтарды сипай отырып таңдау (үш ойыншықтың ішінен); заттардың пішіні мен көлемін сипай отырып қабылдау; ересектің сөздік тапсырмасы бойынша заттарды сипай отырып, көлемі бойынша таңдау; заттарды зерделеу, оларға тән белгілерді ерекшелеу; 2 саны көлеміндегі қатты және жұмсақ заттар мен нысандарды қабылдау және жіктеу; материалдың сыртқы беттерінің әртүрлі сапаларымен (темір - суық, ағаш - жылы) таныстыру;
4) дәм сезуді дамыту: тамақты температуралық белгісі бойынша (ыстық, суық, жылы) жіктеу; тамақты әр түрлі дәмдік белгілер ("тәтті-ащы", "тәтті-қышқыл") бойынша жіктеу; тамақты дәмдік белгісі ("тәтті-тұзды") бойынша жіктеу; қышқыл, тәтті, тұзды дәмі бар тағам өнімдерімен таныстыру; тамақты дәмі "тәтті-ащы-қышқыл-тұзды" бойынша анықтау; ұсынылған тамақтардың ішінен тәтті-ащы-қышқыл-тұзды тағамдарды таңдау.
156. Күтілетін нәтижелер:
1) негізгі түстерді (қызыл, сары, жасыл, көк) сәйкестендіреді;
2) көлемді пішіндерді (шар, текше, кірпіш, үшбұрышты призма) ажыратады;
3) берілген сенсорлық белгілері бар нысандарды көптіктің ішінен ерекшелейді;
4) 3-4 құрамды пирамидканы жинастырады;
5) 3-4 бөліктен тұратын матрешканы жинастырады;
6) 4 бөліктен құралатын заттық кесінді суретті құрастырады;
7) заттардың пішіні мен көлемін сипай отырып жіктейді;
8) сипай отырып қатты және жұмсақ нысандарды ажыратады;
9) дыбысталуы жағынан ұқсас дыбысқа еліктеуді жіктейді;
10) музыкалық аспаптың қатты және ақырын дыбысталуын ажыратады;
11) тамақты температуралық белгісі бойынша (ыстық, суық, жылы) жіктейді;
12) тамақтың "тәтті-ащы-қышқыл-тұзды" дәмін анықтайды.
157. Құрастыру:
1) балаларды үлгі бойынша заттарды көлемі, пішіні, түсі бойынша практикалық әрекет арқылы салыстыруға; құрылыстарды шынайы нысандармен және олардың суреттегі бейнелерімен сәйкестендіруге, салған құрылыстарын ойын барысында пайдалануға үйрету;
2) негізгі түстер (қызыл, сары, көк, жасыл) туралы, түстерді сәйкестендіру; заттардың көлемі (үлкен, кіші, бірдей) туралы; заттардың пішіні (текше, кірпіш, пластина, призма) туралы; ағаштан, пластмассадан жасалған құрылыс материалдарының қасиеттері туралыбілімдерін қалыптастыру;
3) құрылыс материалдарынан құрастыру: құрылыс материалдарының бөліктерін (текше, кірпіш, пластина, призма) түсі, көлемі, пішіні бойынша салыстыру; қандай да бір құрылыс үшін әртүрлі құрылыс материалын пайдалана отырып, үлгі бойынша қарапайым құрылыстарды салу; пішінді үстел жазықтығының жағдайына (тұр, жатыр) тәуелсіз тану;үлгі бойынша қуыршақ үшін тар жол, мәшинеге арналған кең жол салу; үлгі бойынша құрылыстарды призманы пайдаланып (үй, шырша, қала көшесі) салу; үлгі бойынша қарапайым құрылымдарды (жиһаз - үстел, орындық, кереует, диван) салу; құрылымдарды әртүрлі жағдайларда (үстелде, еденде) құру;
4) заттық емес құрастыру:ойыншықты жинастыру, бөліктерден бүтін құрау; 2 элементтердің арасындағы өзгеріп тұратын кеңістіктік қатынастарды "жоғарыда-төменде", "алдында-артында" үлгілеу; практикалық әрекеттер барысында өз денесінде бағдарлау: "Ойыншықты сол (оң) қолыңда ұста", "Сол аяғыңды, оң аяғыңды бас";құрылыс жиынтығының элементтерін олардың графикалық бейнелерімен сәйкестендіру;
5) таяқшалардан құрастыру: үлгі бойынша таяқшалардан геометриялық фигураларды салу; үлгі бойынша таяқшалардан қарапайым құрылыстарды (шырша, үй, қайық) салу;
6) құрамалы-жиналмалы ойыншықтарды құрастыру: заттарды оның бейнесінің сұлбасымен салыстыру; трафареттің сұлбасын саусақпен жүргізу арқылы жазық пішінді ерекшелеу; заттың бүтін бейнесін жетіспейтін бөліктерін таңдай отырып толықтыру;
7) дағдыларды қалыптастыру: бірін-бірінің үстіне қою, қатарластырып қою тәсілдерін пайдалану; кірпіштерді жіңішке қырымен қатарластырып бір-біріне тығыздап қою; текшені кірпішке қою; текшені пластинаға қою;екі бөлікті үшіншісімен біріктіріп, қарапайым жабын жасау.
158. Күтілетін нәтижелер:
1) құрылыстарды салуға және олармен бірге ойнауға деген қызығушылық танытады;
2) алған дағдыларды пайдалана отырып, құрылыс материалдарынан және таяқшалардан қарапайым құрылыстар салады;
3) таныс құрылыстарды таниды және көрсетеді;
4) үлгі бойынша құрамалы-жиналмалы ойыншықтарды жинастырады;
5) үлгі бойынша таяқшалардан геометриялық пішіндерді салады;
6) құрылыс жиынтығының элементтерін олардың графикалық бейнесімен салыстырады;
7) кеңістіктік қатынастарды (жоғарыда-төменде, алдында-артында) ажыратады;
8) ойында құрылыстарды пайдаланады.
159. Жаратылыстану:
1) табиғат құбылыстары: жыл мезгілдері (көктем, жаз) туралы түсініктерді қалыптастыру;
2) өсімдіктер әлемі: көкөністер (картоп, сәбіз); жемістер (апельсин, шие, жүзім) туралы білімдерін кеңейту; ағаштармен (шырша) таныстыру; гүлдер (қызғалдақ) туралы түсініктерін қалыптастыру;
3) жануарлар әлемі: жануарлармен (сиыр, жылқы, мысық, ит, түлкі, қоян) және олардың дене құрылысымен танысу; таныс жануарларды, олардың дауыстарын (дыбысқа еліктеу) тану арқылы естіп қабылдауын дамыту; жануарлардың төлдерімен (бұзау, құлын, марғау, күшік, түлкішек, көжек) танысу; үй құстарымен (әтеш, тауық, шөжелер) танысу. жабайы құстармен (қарға) танысу.
160. Күтілетін нәтижелер:
1) педагогтың көмегімен табиғаттағы мезгілдік өзгерістерді анықтайды;
2) иллюстрациядан көктем мен жаздың қарапайым белгілерін көрсетеді;
3) кейбір көкөністер мен жемістерді ажыратады;
4) иллюстрациядағы шыршаны атайды немесе көрсетеді;
5) иллюстрациядағы қызғалдақты атайды немесе көрсетеді;
6) кейбір үй және жабайы жануарларды және олардың төлдерін біледі;
7) жануарлардың дене мүшелерін атайды немесе көрсетеді;
8) үй құстарын атайды немесе көрсетеді;
9) иллюстрациядағы қарғаны атайды немесе көрсетеді.
10-параграф. "Шығармашылық" білім беру саласы
161. "Шығармашылық" білім беру саласыныңбазалық мазмұны ұйымдастырылған оқу қызметінде іске асырылады - сурет салу, мүсіндеу, аппликация, музыка.
162. Мақсаты бейнелеу әрекетіне деген қызығушылықты қалыптастыру, қоршаған заттарды, табиғат нысандарын эстетикалық тұрғыда қабылдауды дамыту болып табылады.
163. Міндеттері:
1) бейнелеу әрекетіне эмоционалдық әсер мен қызығушылық тудыру;
2) қолдың көру-қимыл үйлесімділігін дамыту;
3) қарапайым заттар мен құбылыстардың түсі мен пішінін бере отырып бейнелеу, мүсіндеу дағдысы мен икемділігін қалыптастыру;
4) кеңістіктік түсініктерді қалыптастыру;
5) суреттерді шынайы нысандарымен салыстыруға үйрету;
6) сурет салу, мүсіндеу, аппликация жасау барысында түрлі тәсілдерді қолдану дағдыларын қалыптастыру;
7) өзінің және құрдастарының жұмыстарын бағалай білуге, дайын жұмыстарын үлгімен салыстыра білугеүйрету;
8) музыканы тыңдай білуін дамыту;
9) әншілік интонацияларды қалыптастыру;
10) бейнелі қимылдарды меңгерген кезде қимылдар мен музыканың сәйкестілігін дамыту.
11-параграф. 1 - жартыжылдық
164. Сурет салу:
1) көлем, түс, нысан: заттарды көлемі, пішіні, түсі бойынша салыстыру және жіктеу; түстерді көңіл күйді беру құралы ретінде пайдалану;қағаз бетінде бағдарлау: жоғары, төмен, ортасында;сурет салар алдында заттарды белгілі бір дәйектілікте (ересектің көмегімен) зерделеу;
2) заттық сурет салу: әр түрлі бағыттағы түзу, толқынды және үзік сызықтардың суретін салу, оларды қиыстыру (лента, жолақтар, дуал); қимылды бір бағытта айналдыра жүргізу; алдын ала белдеулеу қимылын пайдалана отырып, дөңгелек пішінді заттардың (шар, доп, алма, қызанақ) суретін салу; бірнеше бөліктен құралатын пішіндері бірдей заттардың (құламайтын ойыншық) суретін салу; суреттердің жетіспейтін элементтерін салып бітіру;
3) сюжеттік сурет салу: күрделі емес сюжеттік композициялардың суретін салу; бейнені бүкіл парақ бетіне орналастыру;
4) сәндік сурет салу: сәндік өрнектерді құрастыру, жолақта қайталанатын элементтерді белгілі бір дәйектілікпен орналастыра отырып, өрнек құрау; қайталану және кезектесу (нүкте, жағынды, дөңгелек, крест, толқынды сызықтар) ырғағын беруге арналған жаттығулар; сәндік ойыншықтарды қарау, қазақ оюларының, хохлома суретінің негізгі элементтерімен таныстыру;
5) негізгі түстер туралы білімді қалыптастыру, негізгі түстерді салыстыру: қызыл, сары, көк, жасыл, қара; заттардың көлемі туралы (үлкен-кіші), заттардың пішіндері (дөңгелек, шаршы, үшбұрыш) туралы білімді қалыптастыру;
6) дағдыларды қалыптастыру: үстелде дұрыс отыру; оң қолмен сурет салу, сол қолмен парақты ұстау; қарындашты, қылқаламды дұрыс (үш саусақпен) ұстау; басу күшін реттеу; қылқаламды бояуға батыру, құтының шетіндегі артық тамшыны сүрту; майлық қағазды пайдалану.
165. Күтілетін нәтижелер:
1) заттың негізгі қасиеттері (түсі, пішіні, көлемі) туралы түсінігі бар;
2) дөңгелек пішінді заттардың суретін салады;
3) суретте заттардың қасиеттері мен сапасын бере біледі: түсі, пішіні, көлемі;
4) педагогтіңкөмегімен қағаз бетінде (жоғары, төмен, ортасында) бағдарлайды;
5) қайталанатын элементтерден сәндік өрнектерді құрастыра біледі;
6) үстелде дұрыс отырады;
7) оң қолмен сурет салады, сол қолмен парақты ұстайды;
8) педагогтің көмегімен қарындашты, қылқаламды дұрыс (үш саусақпен) ұстайды.
166. Мүсіндеу:
1) балаларды ересек адамның жасаған түрлі бұйымдарымен ойнату; мүсіндеу алдында зерделеу арқылы (заттарды сипау, негізгі бөліктерін ерекшелеу) көлемді пішінді заттарды аңғару; домалақ, сопақша пішінді заттарды зерделеу; бұйымды үлгімен салыстыруарқылы(педагогтың көмегімен); кеңістікте бағдарлау: жоғарыда, төменде;
2) негізгі түстер туралы білімді қалыптастыру: негізгі түстерді (қызыл, сары) салыстыру; заттардың көлемі (үлкен-кіші) туралы, заттардың пішіндері (дөңгелек, сопақша) туралы білімді қалыптастыру;
3) дағдыларды дамыту: пішін жасау қимылын - жаю, созу; оқтаумен жұмыс жасау және оны ұқсатып қолдану;
4) созу тәсілін пайдалана отырып, сопақша пішінді заттарды (қияр, қараөрік) мүсіндеу; басу тәсілін (еліктеу бойынша) пайдалана отырып, домалақ пішінді заттарды (алма, қызанақ) мүсіндеу; үлгі бойынша ермексаздың екі кесегімен мүсіндеу (үлкен және кішкенитай доп); үлгі бойынша мөлшері бірдей, домалақ пішінді екі бөліктен тұратын заттарды бір-біріне жапсыру жолымен мүсіндеу (құламайтын ойыншық, моншақ);
5) созылымды материалмен жұмыс жасаудың қарапайым ережелерімен таныстыруды жалғастыру: жұмысты тақтайшада ғана орындау, жеңді түру, пластилинді (қамырды, сазды) шашпау, мүсіндеуден кейін қолды жуу.
167. Күтілетін нәтижелер:
1) көлемді пішіндерді ажыратады: шар, сопақша;
2) заттарды көлемі бойынша ажыратады: үлкен-кіші;
3) негізгі түстерді ажыратады: қызыл, сары;
4) педагогпен бірге және еліктеу бойынша басу тәсілін пайдалана отырып, домалақ пішінді заттарды мүсіндейді;
5) педагогпен бірге және еліктеу бойынша созу тәсілін пайдалана отырып, сопақша пішінді заттарды мүсіндейді;
6) педагогпен бірге және еліктеу бойынша мөлшері бірдей, домалақ пішінді екі бөліктен құралатын заттарды бір-біріне жапсыру жолымен мүсіндейді;
7) педагогпен бірге мүсінделіп жасалған бұйымдармен ойнайды;
8) үстелде дұрыс отырады, жұмысты арнайы тақтайша үстіндежеңін түріп орындайды, мүсіндегеннен кейін педагогтың көмегімен қолын жуады;
9) жұмыс процесінде эмоциясын байқатады.
168. Аппликация:
1) ересектің аппликация құруға деген ұсынысына эмоционалды жағымды жауап беруге балаларды үйрету; пішіні, мөлшері, түсі әр түрлі заттарды зерделеу; қағаздың мүмкіндіктерін пайдалану: жырту, умаждау, бүктеу; қағазды текстурасы бойынша ажырату (барқыт, жылтыр, тегіс); аппликацияны шынайы нысандармен салыстыру; өзінің және басқаның жұмысын дұрыс бағалай білу, үлгімен салыстыру; бір-біріне бөгет жасамай, бірге жұмыс істей білу;
2) негізгі түстер туралы білімді қалыптастыру, негізгі түстерді салыстыру: қызыл, сары, көк, жасыл; заттардың көлемі (үлкен-кіші, орташа) туралы, заттардың пішіндері (дөңгелек, сопақша, тікбұрышты) туралыбілімді қалыптастыру;
3) заттық аппликация: қағаз бетіне қарапайым заттардың (алма, лимон, жапырақ) дайындамаларын орналастыру және желімдеу; қағаз бетіне 2-3 бөліктен құралатын таныс заттардың (машина, шырша) дайындамаларын орналастыру және жапсыру; көрсету бойынша қарапайым заттарды ("Әуе шарлары", "Қуыршақтарға арналған текшелер") қағаз бетінің барлық кеңістігіне орналастыру және жапсыру;
4) сабақ уақытында үстелде дұрыс отыру дағдыларды қалыптастыру; қылқаламды пайдалану; дайындамағажелім жағу, дайындаманы аудару; артық желімді алып тастау үшін майлықты пайдалану; қағаз бетіне дайындамаларды орналастыру және жапсыру.
169. Күтілетін нәтижелер:
1) аппликацияны орындауға берілген ұсынысты жағымды қабылдайды;
2) еліктеу бойынша қағаз бетіне 2-3 бөліктен құралатын дайын пішіндерді жапсырады;
3) көрсету бойынша қарапайым заттарды қағаз бетінің барлық кеңістігіне жапсырады;
4) заттардың мөлшері (кіші, үлкен, орташа) туралы түсінігі бар;
5) негізгі түстер (қызыл, сары, көк, жасыл) туралы түсінігі бар;
6) заттардың пішіні (дөңгелек, шаршы, тікбұрыш) туралы түсінігі бар;
7) қылқаламды пайдаланады, артық желімді алып тастау үшін майлықты қолданады;
8) орындалған жұмысқа қуанады;
9) аппликация жұмысы кезінде үстелде дұрыс отырады.
170. Музыка:
1) музыканы тыңдау: байыпты, көңілді музыканы мұқият тыңдай білуді қалыптастыру;
2) ән айту: таныс дыбысқа еліктеуді пайдалана отырып, ересек адамға қосылып әндету және мүмкіндігіне қарай ән салу; музыканың сүйемелдеуімен ересек адамның интонациясына еліктей, созып, көңілді әндету;
3) музыкалық-ырғақтық қозғалыстар: дағдыларды қалыптастыру: музыканың ерекшеленген ашық сипатына сәйкес қимыл, қимылды музыканың басталуымен бастау және аяқталуына қарай аяқтау; шеңбер бойымен қол ұстасып жүру; музыканың сүймелдеуімен би қимылдарын орындау; өлең және қол ұстасып шеңбер құрап жүру кезіндегі өлең мәтініне сәйкес қимылдау; алақан соғу, аяқтарын кезекпен тыпырлату және бір аяқпен нық басу, жүрелеп отыру, жалғыз және жұптасып тұрған орнында айналу;
4) музыкалық-дидактикалық ойындар: дыбыстардың дыбысталу күшіне қарай өзгеруімен танысу, балаларға арналған музыкалық құралдарды (бубен, сылдырмақ, қоңырау, дағыра) тану; өлеңді оның мәнтініне сәйкес ойын қимылдарын қоса отырып орындай білуді, шеңбер бойымен қол ұстасып жүруді, қимылды педагогпен бірге музыкалық фразаға сәйкес өзгерте білуді қалыптастыру.
171. Күтілетін нәтижелер:
1) таныс өлеңдерді әуені бойынша таниды;
2) ересекке еліктей отырып, өлеңдерді әндете, көңілді айтады;
3) ересекпен бірге қарапайым би қимылдарын орындайды;
4) қимылды және шеңбер бойымен қол ұстасып жүруді ересекпен бірге өлең мәтіні бойынша орындайды;
5) музыкалық аспаптарды (бубен, сылдырмақ, қоңырау, даңғыра) таниды.
12-параграф. 2 - жартыжылдық
172. Сурет салу:
1) балаларды заттарды әртүрлі белгілері бойынша салыстыру және жіктеуге оқыту: түсі, пішіні, көлемі; түстерді бекіту және жіктеу, түсті көңіл күйді беру құралы ретінде пайдалану; сурет салар алдында заттарды белгілі бір дәйектілікте (ересектің көмегімен) зерделеу; қағаз бетінде бағдарлау: жоғары, төмен, ортасында; өзінің және басқаның өнімін дұрыс бағалай білу; бір-біріне бөгет жасамай, қатар отырып жұмыс істей білуге үйрету;
2) заттық сурет салу: қағаз бетін ары қарай аппликацияны немесе суретті орындау үшін жалпақтығы әртүрлі қылқаламдармен, поролоннан жасалған тампонмен, губкамен айналдыра, тік, көлденең қиымылдармен бояу; дөңгелек пішінді заттардың суретін салу;бұрышты пішінді заттардың (жалауша, текше) суретін салу; пішіні бірдей, бірақ көлемі әртүрлі бөліктерден құралған заттардың суретін салу; таныс заттарды алдын ала көру-қимыл тәсілімен зерделеуден кейін оның суретін салу; бояумен "сулау" және қылқаламның ұшын тигізу тәсілдерімен сурет салу;
3) сюжеттік сурет салу: бір заттың бейнесін қайталай отырып ("үлескедегі шыршалар"), күрделі емес сюжеттік композициялардың суретін салу; бейнені бүкіл парақ бетіне орналастыруға үйрету; бір суретте ортақ мазмұнмен біріктірілген бірнеше заттардың бейнелерін біріктіру;
4) сәндік сурет салу: сәндік өрнектерді құрастыру, элементтерін белгілі бір дәйектілікпен жолақта орналастыра отырып, өрнек (қазақ оюы, хохлома суретінің элементтері) құрай білу; дөңгелекке, шаршыда өрнек элементтерін симметриялық орналастыру ережелерімен таныстыру;
5) негізгі түстертуралы, негізгі түстерді (қызыл, сары, көк, жасыл, қара, ақ) салыстыру туралы; заттардың көлемі (үлкен-кіші) туралы; заттардың пішіндері (дөңгелек, шаршы, үшбұрыш, тікбұрыш) туралы білімдерді қалыптастыру;
6) үстелде дұрыс отыру; оң қолмен сурет салу, сол қолмен парақты ұстау; қарындашты, қылқаламды дұрыс (үш саусақпен) ұстау; басу күшін реттеу; қылқаламды бояуға батыру, құтының шетіне тигізу арқылы артық тамшыны сүрту; майлық қағазды пайдаланудағдыларын қалыптастыру.
173. Күтілетін нәтижелер:
1) заттың негізгі қасиеттері туралы түсінігі бар;
2) дөңгелек және бұрышты пішінді заттардың суретін салады;
3) суретте заттардың қасиеттері мен сапасын бере біледі:түсі, пішіні, көлемі;
4) қағаз бетінде бағдарлайды (жоғары, төмен, ортасында);
5) қазақ оюы, хохлома суретінің элементтерін пайдалана отырып, сәндік өрнектерді құрастыра біледі;
6 дөңгелекке, шаршыда) өрнек элементтерін симметриялық орналастыру ережелерін біледі;
7) педагогтың көмегімен өзінің және басқалардың өнімін дұрыс бағалай біледі.
174. Мүсіндеу:
1) балаларды ересек адамның жасаған бұйымдарымен ойнату; мүсіндеу алдында зерделеу (заттарды сипау, негізгі бөліктерін ерекшелеу) арқылы көлемді пішінді заттарды қабылдау;домалақ, сопақша пішінді заттарды зерделеу; педагогтың көмегімен бұйымды үлгімен салыстыруға үйрету; мүсіндегенде заттардың негізгі белгілерін (пішін, көлем, түс) бере білу; мүсінділген заттарды бір қарапайым сюжетке біріктіру; саздан, қамырдан жаслаған бұйымдарды бояу үшін бояу түстерін таңдау; кеңістікте бағдарлау: жоғарыда, төменде, сол жақ, оң жақ;
2) негізгі түстер, негізгі түстерді (қызыл, сары, көк) салыстыру туралы; заттардың көлемі (үлкен-кіші) туралы; заттардың пішіндері (дөңгелек, сопақша, үшбұрыш) туралыбілімді қалыптастыру;
3) пішін жасау қимылы - жаю, созу, басу, жапсыру, тегістеу; оқтаумен жұмыс жасау және оны еліктеу бойынша қолдану дағдыларын дамыту;
4) заттық мүсіндеу: созу тәсілін пайдалана отырып, сопақша пішінді заттарды (жұмыртқа) мүсіндеу; еліктеу бойынша шардың, цилиндрдің ортасын басу арқылы қуыс жасап, домалақ пішінді заттарды мүсіндеу;үлгі бойынша мөлшері бірдей, домалақ пішінді екі бөліктен тұратын заттарды бір-біріне жапсыру жолымен мүсіндеу (аққала); үлгі бойынша бір бөлікті басқасына қыса, саусақтардың көмегімен кейбір бөліктерді соза (құс) отырып бұйым бөліктерін біріктіру; мүсінделген заттардың пішіндерінің үстіңгі жағын саусақпен тегістеу;
5) созылымды материалмен жұмыстың қарапайым ережелерімен таныстыруды жалғастыру: жұмысты тақтайшада ғана орындау, жеңді түру, пластилинді (қамырды, сазды) шашпау, мүсіндеуден кейін қолды жуу.
175. Күтілетін нәтижелер:
1) көлемді пішіндерді (шар, сопақша, үшбұрыш) ажыратады;
2) заттарды көлемі бойынша (үлкен, кіші) ажыратады;
3) негізгі түстерді (қызыл, сары, көк) ажыратады;
4) еліктеу бойынша басу тәсілін пайдалана отырып, домалақ пішінді заттарды мүсіндейді;
5) педагогпен бірге, еліктеу бойынша созу тәсілін пайдалана отырып, сопақша пішінді заттарды мүсіндейді;
6) еліктеу бойынша көлемі әр түрлі, домалақ пішінді екі бөліктен құралатын заттарды бір-біріне жапсыру жолымен мүсіндейді;
7) бүтін кесектен басу тәсілін пайдалана отырып, іші қуыс шар тәріздес және цилиндр пішіндерді мүсіндейді;
8) педагогпен бірге мүсінделіп жасалған бұйымдармен ойнайды;
9) педагогпен бірге бұйымдарды үлгімен салыстырады;
10) үстелде жеңін түріп, дұрыс отырады, жұмысты тақтайша үстінде орындайды, мүсіндегеннен кейін педагогтың көмегімен қолын жуады;
11) жұмыс процесінде эмоциясын байқатады.
176. Аппликация:
1) ересектің аппликация құруға деген ұсынысына эмоционалды жағымды жауап беруге; пішіні, мөлшері, түсі әртүрлі заттарды зерделеуге; қағаздың мүмкіндіктерін пайдалануға; қағазды текстурасы бойынша ажыратуға; аппликацияны шынайы нысандармен салыстыруға; өзінің және басқаның жұмысын дұрыс бағалай білуге, үлгімен салыстыруға; бір-біріне бөгет жасамай, бірге жұмыс істей білуге балаларды үйрету;
2) негізгі түстер (қызыл, сары, көк, жасыл) туралы; заттардың мөлшері (үлкен, кіші, орташа) туралы; заттардың пішіні (дөңгелек, шаршы, тікбұрыш, сопақша) туралы білімдерін қалыптастыру;
3) заттық аппликация: қағаз бетіне қарапайым заттардың (қияр, үлкен және кіші алма) дайындамаларын орналастыру және желімдеу; қағаз бетіне 2-3 бөліктен құралатын таныс заттардың (үш қабатты үй, пирамида) дайындамаларын орналастыру және жапсыру; үлгі бойынша заттарды түсі, пішіні, мөлшері бойынша кезектестіре отырып, өрнек құрау; аппликацияны бейнеленген заттың сұлбасына жапсыру;
4) сюжеттік аппликация: көрсету бойынша заттарды алдын ала дайындалған сюжетке жапсыру; ұжымдық аппликацияны орындау;
5) дағдыларды қалыптастыру: сабақ уақытында үстелде дұрыс отыру; қылқаламды пайдалану; дайындамаға желім жағу, дайындаманы аудару; артық желімді алып тастау үшін майлықты пайдалану; қағаз бетіне дайындамаларды орналастыру және жапсыру.
177. Күтілетін нәтижелер:
1) аппликацияны орындауға берілген ұсынысты жағымды қабылдайды;
2) еліктеу бойынша қағаз бетіне 2-3 бөліктен құралатын дайын пішіндерді жапсырады;
3) көрсету бойынша қарапайым заттарды қағаз бетінің барлық кеңістігіне жапсырады;
4) аппликацияны бейнеленген заттың нобайына жапсырады;
5) көрсету бойынша заттарды алдын ала дайындалған сюжетке жапсырады;
6) ұжымдық аппликацияны орындауға қатысады;
7) заттардың мөлшері (кіші, үлкен, орташа) туралы түсінігі бар;
8) негізгі түстер (қызыл, сары, көк, жасыл) туралы түсінігі бар;
9) заттардың пішіні (дөңгелек, шаршы, тікбұрыш, сопақша) туралы түсінігі бар;
10) қылқаламды пайдаланады, артық клейстерді алып тастау үшін майлықты пайдаланады;
11) аппликация жұмысы кезінде үстелде дұрыс отырады.
178. Музыка:
1) музыканы тыңдау икемділігін қалыптастыру: музыкалық шығарманы аяғына дейін тыңдау; таныс әуендерді жануарлардың бейнесімен (қоян, аю, жылқы) байланыстыру; жоғары және төмен дыбыстарды ажырату;
2) ән салу икемділігін қалыптастыру: таныс дыбысқа еліктеуді пайдалана отырып, ересекпен қосылып әндету; фортепианоның сүйемелдеуімен ересектің интонациясына еліктей көңілді, сергек, еркелей ән салу; оңай өлеңдерді айту, педагогтың көмегімен шағын фразаларды әндете айту;
3) музыкалық-ырғақтық қимылдау дағдыларын қалыптастыру: қарапайым би элементтерін орындау: жеңіл жүгіріс, аяғын тыпырлату, алақан соғу, айналу, еліктеу немесе бірлесе әрекеттену бойынша шеңбер бойымен қол ұстаса жүру; педагогтың көмегімен жұптасып билеу қимылдарын орындау; қимылды және шеңбер бойымен қол ұстасып жүруді ересекпен бірге өлең мәтіні бойынша орындау; зал бойымен бағдарлау икемділігін қалыптастыру;
4) музыкалық-дидактикалық ойындар: музыкалық аспаптарды (бубен, сылдырмақ, қоңырау, дағыра) тани білуді қалыптастыру; музыкалық аспаптарда ойнау арқылы есту зейінін дамыту.
179. Күтілетін нәтижелер:
1) дыбыстардың динамикасын (ақырын-қатты) ажыратады;
2) таныс әуендерді жануарлардың бейнесімен (қоян, аю, жылқы) байланыстырады;
3) педагогтің көмегімен оңай өлеңдерді айтады;
4) педагогтің көмегімен қарапайым би қимылдарын орындайды;
5) музыкалық зал бойымен бағдарлайды;
6) қимылды және шеңбер бойымен қол ұстасып жүруді өлең мәтініне сәйкес еліктеу бойынша немесе педагогпен бірге орындайды;
7) музыкалық аспапты дыбысталу тембрі бойынша таниды.
13-параграф. "Әлеумет" білім беру саласы
180. "Әлеумет" білім беру саласының базалық мазмұны - әлеуметтік дамыту және еңбекке баулу (шаруашылық-тұрмыстық еңбек, қол еңбегі) ұйымдастырылған оқу қызметінде іске асырылады.
181. Мақсаты жеке тұлғаның әлеуметтік дағдыларын жалпы адамзаттық норма мен ережелер негізінде қалыптастыру болып табылады.
182. Міндеттері:
1) ересектердің еңбегі туралы білімді, құрдастырымен және ерсесектермен өзара қатынас ережелері туралы білімді байыту;
2) құрдастарымен өзара достық қарым-қатынасты қалыптастыру;
3) нақты бір жағдайға: орындыққа отыру, сабақта отыру, өзінің төсегіне жату, серуенге шығарда киімін өзінің шкафынан алуға және салуға қатысты барабар тәртіпті қалыптастыру;
4) басқа баланың әрекеттерін және бірнеше құрдастарының ойынын бақылауға үйрету;
5) құрдасына эмоционалды жағымды ниет көрсетіп, онымен бірге әрекеттенуге үйрету;
6) ересектердің еңбектері туралы түсінікті қалыптастыру;
7) ересектердің тапсырмаларын орындауға үйрету;
8) еңбек әрекетіндегі белсенділікті дамыту;
9) ересектердің еңбегін құрметтеу сезімін тәрбиелеу;
10) бұйымдарды өз қолымен жасауға деген қалау мен қызығушылықты дамыту;
11) балалардың ірі, ұсақ қимыл-қозғалыстарын, сөйлеу тілін дамыту.
14-параграф. 1 - жартыжылдық
183. Шаруашылық-тұрмыстық еңбек:
1) шамасы жететін еңбек әрекеттерін орындау; жеке тапсырмаларды орындау дағдыларын қалыптастыру;
2) өзіне-өзі қызмет көрсету (сыдырмалы немесе "жабысқақ" түймелікті салу және шешу); барлық әрекеттерді еліктеу бойынша немесе ересектің жартылай көмегімен орындау; асхана бойынша кезекшілік туралы түсінікті қалыптастыру;
3) ересектердің (тәрбиешінің көмекшісі, аула тазартушы) еңбегін бақылау; ерсектердің еңбегіне құрметпен қарау;
4) өзін әрекеттену субъектісі ретіндегі түсінікті, өзінің эмоцианалды жағдайы туралы, өзінің қажеттілігі, қалауы, қызығушылығы туралы түсініктерді қалыптастыру;
5) нақты бір жағдайға: орындыққа отыру, сабақта отыру, өзінің төсегіне жату, серуенге шығарда киімін өзінің шкафынан алуға және салуға қатысты дағдыны қалыптастыру;
6) қуыршақты жуындыруға, шешіндіру мен киіндіруге, ойыншық ыдыстармен дастарқан дайындауға, қуыршақтың төсегін салуға байланысты ойын әрекеттерінің дәйекті тізбегін орындау дағдыларын қалыптастыру.
184. Күтілетін нәтижелер:
1) ересектің көрсетуі және орындау мысалы бойынша қарапайым еңбек тапсырмаларын (алып кел, жина, орнына қой) орындайды;
2) жай мен ауланы жинау үшін қажетті құралдарды көрсетеді;
3) топ бөлмесіндегі тазалықты сақтай біледі: ойыншықтарды орнына жинайды және жуады, оларды орындарына қояды;
4) асханадағы кезекшілік туралы түсінігі болады;
5) ересектің басшылығымен қуыршақты жуындырады, шешіндіреді және киіндіреді, ойыншық ыдыстармен дастарқан жаяды, қуыршақтың төсегін салады;
6) ересектің жартылай көмегімен сыдырмалы немесе "жабысқақ" түймелікті салады және шешеді;
7) өзінің эмоционалды жағдайын, қалауын, қажеттілігін ым-ишарат, мимика арқылы білдіреді;
8) ересектің жартылай көмегімен орындыққа отырады, сабақта отырады, өзінің төсегіне жатады, серуенге шығарда киімін өзінің шкафынан алады және салады.
185. Қол еңбегі:
1) қағаздың әртүрлі түрлері туралы түсінікті қалыптастыру; қалдық материалдар (сіріңке қораптары, пластик шөлмектер) туралы түсінікті қалыптастыру;
2) ересектің әртүрлі материалдардан бұйым жасаған кездегі еңбегін бақылау; ересектің еңбек әрекетіне, бұйымдарына деген қызығушылықты дамыту;
3) құрлымы әртүрлі қағазды көру-жанасу арқылы қабылдауды дамыту.
186. Күтілетін нәтижелер:
1) қағаздың әртүрлі түрлері туралы, қалдық материалдар (сіріңке қораптары, пластик шөлмектер) туралы түсініктері болады;
2) қағазды, тастайтын материалды ажыратады;
3) ересектің әртүрлі материалдардан бұйым жасауын бақылайды.
15-параграф. 2 - жартыжылдық
187. Шаруашылық-тұрмыстық еңбек:
1) практикалық еңбек дағдыларын қалыптастыру; ұжымдық тапсырмаларды орындау дағдыларын қалыптастыру;
2) еңбек тапсырмаларын орындау, бір-біріне көмектесу дағдыларын қалыптастыру; бастаған ісін аяғына дейін жеткізуге үйрету;
3) ересектердің тапсырмасын (асханадағы кезекшілік) орындау дағдыларын қалыптастыру);
4) ересектің жартылай көмегімен сыдырмалы немесе "жабысқақ" түймелікті салу және шешу икемділігін қалыптастыру;
5) ересектердің (медбикенің) еңбегін бақылау.
188. Күтілетін нәтижелер:
1) еңбектік тапсырмаларды педагогтың сөздік нұсқауы бойынша орындайды;
2) ұжымдық тапсырмаларды орындайды - ойыншықтары бар сөрелердің шаңын сүртеді, қуыршақтың киімін жуады, ересектермен бірге үлескедегі қоқыстарды жинайды, жаппаның ішіндегі ойыншықтарды жинайды;
3) кезекшілердің міндеттерін орындайды - нан салғышты, майлық қағаз салғышты, ас ішетін құралдарды қояды;
4) ересектің жартылай көмегімен сыдырмалы немесе "жабысқақ" түймелікті салады және шешеді;
5) ересектің сөздік нұсқауы бойынша киімдерін шкафтағы өз орындарына салады;
6) педагогтың басшылығымен қарапайым тапсырманы және әрекетті орындайды;
7) денсаулықты күту үшін медбикенің жұмысының маңызы туралы ("Аурухана" сюжеттік-рөлдік ойын арқылы) түсінігі болады.
189. Қол еңбегі:
1) қағаздың әртүрлі түрлері туралы түсінікті қалыптастыру;
2) қалдық материалдар (сіріңке қораптары, пластик шөлмектер) туралы түсінікті қалыптастыру;
3) табиғи материалмен (бүр, емен жаңғағы, жапырақ, тұқым, жаңғақтардың қабығы, жеміс сүйектері) танысу;
4) ересектің әртүрлі материалдардан бұйым жасаған кездегі еңбегін бақылау;
5) құрлымы әртүрлі қағазды көру-жанасу арқылы қабылдауды дамыту;
6) ересектің еңбек әрекетіне, бұйымдарына деген қызығушылықты дамыту.
190. Күтілетін нәтижелер:
1) қағаздың әртүрлі түрлері туралы, қалдық материалдар (сіріңке қораптары, пластик шөлмектер) туралы, табиғи материалдар (бүр, емен жаңғағы, жапырақ, тұқым, жаңғақтардың қабығы, жеміс сүйектері) туралы түсініктері болады;
2) қағазды, қалдық материалды, табиғи материалды ажыратады;
3) ересектің әртүрлі материалдардан бұйым жасауын бақылайды.
5-тарау. Ересектер тобы (5-6 жастағы балалар)
1-параграф. "Денсаулық" білім беру саласы
191. "Денсаулық" білім беру саласының базалық мазмұны - дене шынықтыру, қауіпсіздік мінез-құлық негіздері ұйымдастырылған оқу қызметінде іске асырылады.
192. Мақсаты: денсаулық сақтау технологиясын қолдана отырып, баланың денсаулығын нығайту және сақтау, дене шынықтыруға қызығушылықтарын, қимыл икемділіктері мен дағдыларын қолдануға ұмтылысын дамыту, қауіпсіз тәртіп ережелері мен салауатты өмір салты туралы білімдерін қалыптастыру.
193. Міндеттер:
1) көрсетілімді жаттығуды өздігінен орындауға арналған үлгі деп қабылдауға үйрету;
2) қимыл техникасының негізгі элементтерін дұрыс орындау икемділіктері мен дағдыларын қалыптастыру;
3) жүру мен жүгірістегі, секіру мен лақтырудағы, лақтыру мен қағып алудағы, еңбектеу мен өрмелеудегі қимылдың негізгі түрлерін жетілдіру;
4) дене сапасын, икемділікті, ептілікті, төзімділікті, қимыл тепе-теңдігін сақтауды, үйлесімділікті қалыптастыру;
5) шапшаң қимылды ойындардағы ережелерді сақтай білуді қалыптастыру;
6) құрдастарының қимылын бағалауға және олардың қателерін байқауға үйрету;
7) дене жаттығуларын орындауға деген қызығушылыққа тәрбиелеу;
8) көшедегі, жолдағы, үйдегі, табиғаттағы қарапайым тәртіп ережелерін түсінуге көмектесетін ойын әрекеттеріне үйрету.
2-параграф. 1 - жартыжылдық
194. Дене шынықтыру төмендегідей негізгі қимылдарды қамтиды:
1) жүру:бір-бірінің артынан қолдарына жалауша ұстап, залды айнала жүру; жүруді жүгіріспен кезектестіре отырып, жұптасып бірінің артынан бірі жүру; қолдың қимылын өзгерте отырып (жоғары, жанына қарай созу, белде), бағытты өзгерте аяқтың ұшымен, өкшемен, дыбыстық сигналдардың аяқталғанына қарай тоқтап жүру;
2) жүгіру: бірінің артынан бірі, бағытты өзгерте, әртүрлі кедергілерді айналып өтіп, дыбыстық сигнал бойынша тоқтап, тізе бүге отырып; жүгірісті жүрумен кезектестіре отырып, жан-жаққа шашырай жүгіру;
3) секіру:бір орнында тұрып, қолдарын белде ұстапсекіру; алға қарай жылжи отырып секіру; тақтайдың көтерілген ұшынан (биіктігі 10-15 см), ұзын орындықтан тізесін бүгіп өз бетінше секіру; бір орнында тұрып, арқаннан, гимнастикалық таяқшадан, еденнен 5-10 см биіктікте керілген жіптен секіру; бір орнында тұрып еденде сызылған (ені 20-30 см) "жылға" бау арқылы ұзындыққа секіру;
4) лақтыру, қағып алу, дәлдеп лақтыру:салмағы, көлемі, материалы әртүрлі доптарды лақтыру және қағып алу, допты қабырғаға, енденге соғу, екі қолымен ұстап алу; допты бір-біріне қашықтықтан (1,5-2 м) лақтыру; құм салынған допты нысанаға лақтыру, сақиналарды өзекке лақтыру;
5) еңбектеу, өрмелеу, асып түсу:керілген жіптің астынан (биіктігі 30-35 см) еңбектеп өту; гимнастикалық орындық бойымен еңбектеу; "Маймыл жүгірісі" (табаны мен қолын тірек ете отырып, жылдам қозғалу); еңкіш саты (биіктігі 1,5-2 м) бойымен өрмелеу; швед қабырғасы бойымен аралықтан аралыққа кезектескен қадаммен өрмелеу; еліктеу бойынша биіктіктері әртүрлі заттардың астымен жер бауырлап еңбектеп өту;
6) тепе-теңдік сақтау:тепе-теңдігін сақтай отырып, еңкіш тақтай бойымен жүру (20-30 см), соңында секіру қажет болатын гимнастикалық орындық, бөрене бойымен жүру; қол жағдайын (жоғары көтерілген, белде) өзгерте отырып, бірінің артынан бірі аяғының ұшымен жүру; басты оңға-солға бұру, алға қарай ию, артқа қарай шалқайту; бір орында тұрып аяғын кезектестіре басып айналу, дыбыстық сигнал бойынша тізесін бүге айналу;
7) сапқа тұру:аяқ ұшын теңестіріп, сызық бойымен сапқа тұру; бір-бірден сапқа тұру, үлкен және кіші шеңбер құрап тұру;
8) музыкалық-ырғақтық жаттығулар: музыкалық сүйемелдеуге сәйкес таныс дене жаттығуларын түрлі қарқында орындау;
9) спорттық жаттығулар: биік емес төбеден ересектің көмегімен шанамен сырғанау; ересектердің көмегімен мұзды жолдармен сырғанау; үш дөңгелекті велосипед, самокат тебу; оңға, солға қарай бұрылу;
10) спорттық ойын элементтері:кегль ойындарына үйрету: бастапқы қалыпта дұрыс тұрып, допты лақтыру, 1,5-2 м арақашықтықтан кегльдерді қағып түсіру;
11) жалпы дамытушы жаттығулар (затпен және затсыз): қолды алға, жоғары көтеру, жанына қарай созу, иыққа, белге қою, төмен түсіру; айқастырылған қолды бастан асыра, төмен қарай сермеу; қолдың қимылын бір мезгілде өзгерте отырып, қол басын айналдыру, бұлғау, жұдырық түю, жазу; қолды белде ұстап, денені оңға, солға бұру, алға қарай еңкею, артқа қарай шалқаю; қол жоғары, аяқ иық ендігіндегі бастапқы қалыптан қолды төмен түсіріп, жанына қарай түзулеп көтеріп, басынан асыра шапалақтау; "қайшы" (отырған, қолды артқа қарай тіреген бастапқы қалыптан аяқтың жоғары-төмен кезектестірілген қимылы); етпетінен жатқан бастапқы қалыптан еңкейіп, қолды артқа қарай айқастыру; қол жоғары көтерілген, білезіктен айналдыру; аяқты кезектестіре басып, тізе бүге отырып айнала бұрылу; аяқтың ұшымен айнала отырып секіру.
195. Күтілетін нәтижелер:
1) дене жаттығуларын орындауға қызығушылық байқатады;
2) жаттығуларды көрсету, еліктеу, сөздік нұсқау бойынша орындайды;
3) көлемі үлкен және орташа допты лақтырады және қағып алады;
4) допты бір-біріне береді;
5) затты (құм толтырылған дорба) нысанаға лақтырады;
6) гимнастикалық орындық арқылы еңбектейді, өрмелейді;
7) швед қабырғасы бойымен жоғары-төмен өрмелейді;
8) қолын жан-жағына қарай созған қылыпта, тақтай, орындық бойымен жүреді;
9) алға қарай секіріп жылжиды;
10) шапшаң қимылды ойындардың ережелерін сақтайды;
11) әртүрлі тапсырмаларды орындай отырып сапта бір-бірден жүреді;
12) ересек адамның көмегімен төбеден шанамен сырғанайды;
13) ересек адамның көмегімен үш дөңгелекті велосипед, самокат тебеді.
196. Қауіпсіз мінез-құлық негіздері:
1) үйдегі (балабақшадағы) қауіпсіз тәртіп негіздері:балабақшадағы балалар үшін оңай және қолжетімді тәртіп ережелерімен (ойын кезінде бір-біріне бөгет жасамау, өзіне де басқаларға да ауыртатын әрекет жасамау) таныстыру; тыйым салатын тәртіп ережелерімен (жеуге жарамсыз заттарды аузына салмау, заттарды құлағына, мұрнына тықпау) таныстыру; топ бөлмесіндегі жиһаздардың арасымен ұқыптылықпен жүре білуге, баспалдақтан таянышынан ұстап түсуге жаттықтыру;ыстық судың шүмегін дұрыс пайдалана білу дағдысын қалыптастыру; үшкір заттармен әрекеттің қауіпсіз тәсілдеріне үйрету;
2) көшедегі қауіпсіз тәртіп негіздері: көшеге экскурсия кезінде жүргіншілердің тәртібін, көліктің қозғалысын бақылау; дидактикалық (көлемді) бағдаршаммен таныстыру; бағдаршамның сигналдары туралы бастапқы түсініктерді қалыптастыру; ойын әрекеттерін бағдаршамның сигналы бойынша (ересектің көмегімен) орындау: қолдарынан ұстасып бағдаршамның сигналын күту, көшеден жасыл сигнал бойынша өту, қызыл түсте тұру; көліктердің дыбыстық сигналдарын ажырату; көшеде бейтаныс адамдармен кездесуі мүмкін жағдайлар туралы түсінікті қалыптастыру, осындай жағдайларда өздерін дұрыс ұстауға (бейтаныс адамдармен сөйлеспеу, бейтаныс адамның мәшинесіне отырмау, олардың ұсынған ойыншықтар мен тәттілерді алмау) үйрету;
3) табиғаттағы қауіпсіз тәртіп негіздері: серуен кезінде әртүрлі өсімдіктерді қарап анықтау және қоршаған табиғат үшін қауіпсіз тәртіп ережелерімен (жапырақтарды, гүлдерді жұлмау, бұтақтарды сындырмау) таныстыру; серуен кезінде құстарды бақылау, өзара әрекеттенудің дұрыс тәсілдеріне (зиян келтірмеуге, үркітпеуге) үйрету; серуен кезінде жануарларды (ит, мысық) бақылау, өзара әрекеттенудің дұрыс тәсілдеріне (жануарлармен кездескенде абай болуға, жақын бармауға, ызаландырмауға, зиян келтірмеуге, үркітпеуге) үйрету.
197. Күтілетін нәтижелер:
1) балабақшадағы қарапайым тәртіп ережелері туралы түсінігі бар;
2) өмір мен денсаулық үшін қауіпті, тек ересектер ғана пайдалануға болатын заттарды біледі;
3) топ бөлмесіндегі жиһаздардың арасымен ұқыптылықпен жүре біледі, баспалдақтан таянышынан ұстап түседі;
4) ыстық судың шүмегін дұрыс пайдалана біледі;
5) үшкір заттармен әрекеттің қауіпсіз тәсілдері туралы түсінігі бар;
6) бағдаршамның сигналдары туралы бастапқы түсініктерді бар;
7) табиғаттағы дұрыс тәртіп (жапырақтарды, гүлдерді жұлмау, бұтақтарды сындырмау) туралы түсінігі бар.
3-параграф. 2 -жартыжылдық
198. Дене шынықтыру төмендегідей негізгі қимылдарды қамтиды:
1) жүру: бір-бірінің артынан қолдарына жалауша ұстап, қол созым арақашықтықты сақтап, залды айнала жүру; жүруді жүгіріспен кезектестіре отырып, жұптасып бірінің артынан бірі жүру; қолдың қимылын өзгерте отырып (жоғары, жанына қарай созу, белде), бағытты өзгерте аяқтың ұшымен, өкшемен, дыбыстық сигналдардың аяқталғанына қарай тоқтап жүру; заттарды аттап жүру; жүргізушінің артынан әртүрлі бағытта жүру; заттарды айнала, әртүрлі бағытта жыланша жүру;
2) жүгіру: бірінің артынан бірі, бағытты өзгерте, әртүрлі кедергілерді айналып өтіп,дыбыстық сигнал бойынша тоқтап, тізе бүге отырып жүгіру; жүгірісті жүрумен кезектестіре отырып шашырай жүгіру; бағытын (оңға, солға) өзгерте отырып, баяу және шапшаң қарқынмен жүгіру; бағытын өзгерте отырып, ұстап алу мен қашып құтылу мақсатына арналған шашырай жүгіру;
3) секіру: бір орнында тұрып, қолын белде ұстап секіру; алға қарай жылжи отырып секіру; қолын басынан асыра шапалақтап секіру; тақтай бойымен жүріп, көтерілген ұшынан (биіктігі 10-15 см) тізесін бүгіп өзі секіру; бір орнында тұрып, арқаннан, гимнастикалық таяқшадан, еденнен 5-10 см биіктікте керілген жіптен секіру; бір орнында тұрып еденде сызылған (ені 20-30 см) "жылға" бау арқылы ұзындыққа секіру; орнынан 30-40 см ұзындыққа секіру; шеңберден шеңберге секіру; заттарды айнала қос аяқтап және бір аяқпен секіру; секіртпе арқылы секіру;
4) лақтыру, қағыпалу, дәлдеплақтыру: салмағы, көлемі, материалы әртүрлі доптарды лақтыру және қағып алу, допты қабырғаға, енденге соғу, екі қолымен ұстап алу; допты қашықтықтан (1,5-2 м) бір-біріне лақтыру; құм салынған дорбаны нысанаға лақтыру, сақиналарды өзекке лақтыру; шариктерді қақпаға (биіктігі 10, 15, 20 см) домалату; допты екі қолымен баскетболдың торлы себетіне (төменнен 50 см қашықтықтан 4,5 м биіктікке) лақтыру; допты екі қолымен, бір қолмен еденге ұру; допты орындықтар арасымен (туннель) домалату;
5) еңбектеу, өрмелеу: керілген жіптің астынан (биіктігі 30-35 см.) еңбектеп өту; гимнастикалық орындық бойымен еңбектеу; көлбеу саты бойымен өрмелеу, аралығын тастап кетпей түсу; швед қабырғасы бойымен аралықтан аралыққа кезектескен қадаммен өрмелеу; еліктеу бойынша биіктіктері әртүрлі заттардың астымен жер бауырлап еңбектеп өту; үлкен орындықтың астынан еңбектеп өту; заттар (орындықтар, бөренелер) арқылы өрмелеп өту;
6) тепе-теңдік сақтау: тепе-теңдігін сақтай отырып, көлбеу тақтай бойымен (20-30 см), соңында секіру қажет болатын гимнастикалық орындық, бөрене бойымен кезектескен қадаммен бүйірлей жүру; аяқтың ұшымен сатының аралықтыры арқылы, текшеге басып жүру; қол белде тізе жоғары көтерілген бір-бірінің артынан жүру; аяқты кезектестіре басып бір орнында айналу; дыбыстық сигнал бойынша тізесін бүге айналу; екі қолын жанына қарай созып, бір аяқпен тұрғанда тепе-теңдігін сақтау;
7) сапқа тұру: аяқ ұшын теңестіріп, сызық бойымен сапқа тұру; бір-бірден сапқа, үлкен және кіші шеңбер құрап тұру, тәрбиешінің сигналы бойынша сапты қайтадан құру;
8) музыкалық-ырғақтық жаттығулар: музыкалық сүйемелдеуге сәйкес таныс дене жаттығуларын түрлі қарқында орындау;
9) спорттық жаттығулар:биік емес төбеден ересектің көмегімен шанамен сырғанау;ересектердің көмегімен мұзды жолдармен сырғанау; үш дөңгелекті велосипед, самокат тебу; оңға, солға қарай бұрылу;
10) спорттық ойын элементтері: кегль ойындарына үйрету: бастапқы қалыпта дұрыс тұрып, допты лақтыру, 1,5-2 м арақашықтықтан кегльдерді қағып түсіру; футбол. Берілген бағытта допты домалату; допты бір-біріне домалату; шөптегі хоккей. Берілген бағытта допты таяқпен домалату; допты қақпаға енгізу;
11) жалпы дамытушы жаттығулар (затпен және затсыз):қолды алға, жоғары көтеру, жағына қарай созу, иыққа, белге қою, төмен түсіру; айқастырылған қолды бастан асыра, төмен қарай сермеу; қолдың қимылын бір мезгілде өзгерте отырып, қол басын айналдыру, бұлғау, жұдырық түю, жазу; қолды белде ұстап денемен оңға, солға бұрылу, алға қарай еңкею, артқа қарай шалқаю, қол жоғары, аяқ иық ендігіндегі бастапқы қалыптан қолды төмен түсіріп, жанына қарай түзулеп көтеріп, басынан асыра шапалақтау; "қайшы" (отырған, қолды артқа қарай тіреген бастапқы қалыптан аяқтың жоғары-төмен қимылын кезектестіру); етпетінен жатқан бастапқы қалыптан еңкейіп, қолды артқа қарай айқастыру; қол жоғары көтерілген, білезіктен айналдыру; аяқты кезектестіре басып, тізе бүге отырып айнала бұрылу; аяқтың ұшымен айнала отырып секіру.
199. Күтілетін нәтижелер:
1) дене жаттығуларын орындауға қызығушылық байқатады;
2) жаттығуларды көрсету, еліктеу, сөздік нұсқау бойынша орындайды;
3) көлемі үлкен және орташа допты лақтырады және қағып алады;
4) допты бір-біріне береді;
5) затты (құм толтырылған қалта) нысанаға лақтырады;
6) гимнастикалық орындық арқылы еңбектейді, өрмелейді;
7) швед қабырғасы бойымен жоғары-төмен өрмелейді;
8) қолын жан-жағына созып, тақтай, орындық бойымен жүреді;
9) алға қарай секіріп жылжиды;
10) шапшаң қимылды ойындардың ережелерін сақтайды;
11) әртүрлі тапсырмаларды орындай отырып сапта бір-бірден жүреді;
12) ересек адамның көмегімен төбеден шанамен сырғанайды;
13) ересек адамның көмегімен үш дөңгелекті велосипед, самокат тебеді.
200. Қауіпсіз мінез-құлық негіздері:
1) үйдегі (балабақшадағы) қауіпсіз тәртіп негіздері: топ бөлмесіндегі жиһаздардың арасымен ұқыптылықпен жүре білуге, баспалдақтан таянышынан ұстап түсуге жаттықтыруды жалғастыру;ыстық судың шүмегін дұрыс пайдалана білу дағдысын бекіту;үшкір заттармен әрекеттің қауіпсіз тәсілдеріне үйретуді жалғастыру;өмір мен денсаулық үшін қауіпті тұрмыстық құралдар туралы білімді бекіту, ондай заттармен (үтік, сіріңке, ток шәйнегі) аңғырттық жасау зардаптары туралы түсінік беру;терезеден, балконнан туындайтын қауіптер (тыйымдарды пайдалану) туралы түсінік беру;қауіпті сұйықтар туралы түсінік беру;
2) көшедегі қауіпсіз тәртіп негіздері: мәшинелер жүретін жолмен, жаяужолмен, өтпе жолмен және олардың қолданысымен таныстыру; балалардың көше қозғалысы ережелері туралы түсініктерін кеңейту: жолдағы мәшинелердің екі жақты қозғалысы, адамдар жаяужолмен жүреді, көшеден бағдаршамның рұқсат беру сигналы бойынша өтпе жол арқылы өтеді; балаларға жолда және жол қиылыстарында ойнау қауіпті болады; көшедегі жүргіншілердің тәртіп ережелерімен таныстыру: жаяу жүргінші, жүргіншілердің өтпе жолы; бағдаршамның сигналдары туралы түсініктерді бекіту;ойын әрекеттерін бағдаршамның сигналы бойынша (ересектің көмегімен) орындау: қолдарынан ұстасып бағдаршамның сигналын күту, көшеден жасыл сигнал бойынша өту, қызыл түсте тұру; қала көшелерінде мүмкін болатын қауіпті жағдайлармен таныстыру; көшедегі тәртіп ережелерімен таныстыру; жол қозғалысының қарапайым ережелерімен таныстыру; ауладағы ойындардың қауіпсіздігі туралы (велосипедті қай жерде тебуге, допты қай жерде ойнауға болады) түсінікті қалыптастыру;
3) табиғаттағы қауіпсіз тәртіп негіздері: қоршаған табиғат үшін қауіпсіз тәртіп ережелерімен (жапырақтарды, гүлдерді жұлмау, бұтақтарды сындырмау) таныстыруды жалғастыру; адамның өмірі мен денсаулығына қауіпті нысандармен және табиғат құбылыстарымен (улы саңырауқұлақтар, жидектер, бұралқы иттер, жуылмаған көкөністер мен жемістер, лас су) таныстыру; серуен кезінде жануарларды (ит, мысық) бақылау, өзара әрекеттенудің дұрыс тәсілдеріне (жануарлармен кездескенде абай болуға, жақын бармауға, ызаландырмауға, зиян келтірмеуге, үркітпеуге) үйрету; серуен кезінде құстарды бақылау, өзара әрекеттенудің дұрыс тәсілдеріне (зиян келтірмеуге, үркітпеуге) үйрету.
201. Күтілетін нәтижелер:
1) балабақшадағы қарапайым тәртіп ережелері туралы түсініктері бар;
2) өмір мен денсаулық үшін қауіпті, тек ересектер ғана пайдалануға болатын заттарды біледі;
3) топ бөлмесіндегі жиһаздардың арасымен ұқыптылықпен жүре біледі, баспалдақтан таянышынан ұстап түседі;
4) ыстық судың шүмегін дұрыс пайдалана біледі;
5) үшкір заттармен әрекеттің қауіпсіз тәсілдері туралы түсінігі бар;
6) бағдаршамның сигналдары туралы бастапқы түсініктерді бар;
7) көшедегі қозғалыс ережелері туралы түсінігі бар;
8) адамдардың жаяу жолмен жүретінін, көшеден бағдаршамның рұқсат беретін сигналы бойынша өтетінін біледі;
9) қай жерде велосипед теуіп, доп ойнауға болатынын біледі;
10) табиғаттағы дұрыс тәртіп (жапырақтарды, гүлдерді жұлмау, бұтақтарды сындырмау) туралы түсінігі бар;
11) жануарлармен дұрыс тәртіп туралы түсінігі бар.
4-параграф. "Коммуникация" білім беру саласы
202. "Коммуникация" білім беру саласының базалық мазмұны - сөйлеуді дамыту, көркем әдебиет, сауат ашу негіздері ұйымдастырылған оқу қызметінде іске асырылады.
203. Мақсаты балаларда лексикалық-грамматикалық тіл құралдарын қалыптастыру, түрлі жанрдағы әдеби шығармалардың мазмұнын тыңдай білуін және түсіне білуін дамыту, балалар көркем әдебиет және халық ауыз әдебиет шығармаларына эмоционалды ілтипатын дамыту, оптико-кеңістік бағдарланулар, фонема талдау дағдылары, графикалық-моторлық дағдыларды меңгерту болып табылады.
204. Міндеттері:
1) қарапайым жалаң сөйлемдерді пайдалануды үйрету;
2) балаларға кішігірім әңгімелерді құрастыруды үйрету;
3) зат есімдер мен етістіктердің жеке және көпше сандарын түсіну мен пайдалануды үйрету;
4) ертегілердің, әңгімелердің, тақпақтардың мазмұнын түсінуге және ондағы оқиға желісін қадағалауға үйрету;
5) тақпақтар мен өлеңдерді саналы жаттауға үйрету;
6) таныс ертегілердің сюжет реттілігін қадағалауға, педагогтың көмегімен кейіпкердің мінез-құлқын жеткізуге үйрету;
7) сөйлеу тілінің дыбыстық мәдениетін дамыту;
8) дыбыстық сипаты бойынша заттар мен құбылыстыарды тану біліктілігін қалыптастыру;
9) сөздердің қарапайым дыбыстық талдауын жүргізе алуын қалыптастыру;
10) сөйлемде сөздерді ажырата білуіне оқыту;
11) сөздің буындық құрылымын анықтауға үйрету;
12) ырықты зейіні мен есту арқылы есте сақтауын дамыту.
5-параграф. 1-жартыжылдық
205. Сөйлеуді дамыту:
1) ересек адамның көмегімен модель бойынша қарапайым сөздерді құрастыру дағдысын бекіту ("Кім? Не істеп тұр? Не? Немен?");
2) біртекті бастауыштарды, баяндауыштарды, толықтауыштарды енгізу арқылы жайылма сөйлемдерді пайдалану икеміне үйрету; балаларды ойыншықтарды пайдалана отырып, диалог түрінде шағын әңгімелерді құрастыру икеміне үйрету;
3) сөз сөйлеуде грамматикалық санаттарды пайдалану дағдысын қалыптастыру: зат есімдер мен етістіктердің сандары;
4) балаларды заттардың, жануарлардың, құстардың атауларын оларды сипаттау бойынша танып табу икеміне үйрету;
5) балаларды ересек адамның көмегімен негізгі кеңінен тараған материалдардың атауларын пайдалану икеміне үйрету (ағаш, темір, тас);
6) диалог жүргізудің дағдыларын бекіту: сұрақтарға сәйкес жауап беру және сұрақты жолдасына жолдау икемдері;
7) балаларды сөздерді түрлі тәсілдермен құрастыру икеміне үйрету;
8) балаларды заттардың кеңістіктегі орналасуын анықтаумен байланысты сөздерді пайдалану икеміне үйрету.
206. Күтілетін нәтижелер:
1) ересек адамның көмегімен қарапайым сөйлемдерді құрастырады;
2) ересек адамның көмегімен ойыншықтарды пайдалана отырып, диалог түрінде шағын әңгімелерді құрастырады;
3) сұрақтарға адекватты жауап береді және басқа адамға сұрақты жолдай алады;
4) заттардың, жануарлардың, құстардың атауларын олардың сипаттары бойынша танып таба алады.
207. Көркем әдебиет:
1) тыңдау және түсіну:шығарма мазмұнындағы оқиға желісін қадағалауға, сұрақтарды қоюға және оларға жауап беруге үйрету; шығарма кейіпкерлеріне жай сипаттама (мейірімді-ызақор) беру біліктілігін дамыту; шығарманың интонациялық ырғағын қабылдау:интонацияны қабылдауға үйрету, ертегілердегі, әңгімелердегі, тақпақтардағы бейнелердің кереғарлығын түсінуге үйрету; ертегілерді көркем әдебиеттің басқа жанрларынан ажырата білуге үйрету;
2) әңгімелеу және жаттау: сұрақтарға және көрнекіліктерге сүйене отырып, мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беруге үйрету; кішігірім тақпақтарды жатқа мәнерлеп оқуды үйрету;жақсы таныс шағармалардағы сөздерді/фразаларды жалғастырып айту біліктілігін, ойыншықтарды, үстел үсті театрын қолдана отырып, ертегілердің кішігірім үзіндісін ойнау/сахналау біліктілігін дамыту.
208. Күтілетін нәтижелер:
1) көркем шығармаларды эмоциональді түрде қабылдай біледі;
2) шығарма мазмұнына эмоциональді түрде ілтипатын білдіреді;
3) мәтіннің мазмұны бойынша қарапайым сұрақтарға жауап береді;
4) педагогтың көмегімен шығарма кейіпкерлеріне жай сипаттама (мейірімді-ызақор) береді.
209. Сауат ашу негіздері:
1) естіп қабылдауы: тілдік емес дыбыстарға көңіл аударту; балаларда дыбысқа назар аударуын қалыптастыру; балаларды тұрмыстық шулармен таныстыру (телефон қоңырауы, шаңсорғыш шуы, автокөлік сигналы) және оларды ажырата ала білуге үйрету; есту тітіркендіргіштеріне әрекет ету икемін балаларға оқыту; әртүрлі музыкалық аспаптардың дыбыс шығаруын тани білуін қалыптастыру (балалар күйсандығы, металлофон, дабыл); балаларды дыбыстық сипаттамалары бойынша табиғат құбылыстарын және тұрмыстық шуларды ажырата алуға үйрету(жауын шуы және теңіздің соқпа толқынының дыбысы, құстар сайрауы және желдің гуілдеуі, қосылу тұрған шаңсорғыш дыбысы және кір жуғыш мәшиненің дыбысы); балаларды таныс заттар мен құбылыстарды дыбыстық сипаттамалары бойынша анықтай білуге үйрету ("Мен неде ойнап жатқанымды, тапшы"); бір-біріне жақын және қарама-қарсы тілдік емес дыбыстарды салыстыра білуге үйрету; дыбыс шығып жатқан орынды анықтай білуге үйрету;
2) дыбысқа еліктеу, музыкалық аспаптар, шиқылдайтын ойыншықтарды қолдану арқылы түрлі дауыс қаттылығы(қатты-ақырын), жоғарылағындағы (жоғары-төмен) дыбыстарды қабылдау кезіндегі есту зейінін дамыту; музыкалық аспаптарды қолдану арқылы "ұзын" және "қысқа", "қатты" және "ақырын дауыс шығару" түсініктерін қалыптастыру; балаларды тірі табиғат дыбыстарымен таныстыру (торғайдың шырылдауы, қарғаның қарқылдауы, бұлбұлдың сайрауы; сиырдың мөңіреуі, ешкінің бақылдауы, аттың кісінеуі); қозғалыс арқылы дыбыстың сипатына және оның өзгерісіне балалардың әрекет ете алуын бекіту (марш - маршпен жүреді, би билетін ән - айналып билейді, би күйі - секіреді және билейді); еліктеу бойынша жеңіл ырғақты шапалақтау арқылы жасау; берілген ырғақты (2-3) ересектің көмегімен жүзеге асыруға және есту арқылы оларды бір-бірінен ажырата алуға балаларды үйрету;
3) фонематикалық қабылдау: сөздің дыбыстық қабықшасына деген зейінді дамыту; сөйлеу дыбыстарын тануға, тілдік және тілдік емес дыбыстарды ажырата алуға үйрету; бір сөзді қатты және ақырын айтуға болатыны туралы түсініктерін қалыптастыру;
4) қолды жазуға үйрету: балаларда қолдың аршынды қозғалысын қалыптастыру: солдан оңға, жоғарыдан төмен бағытта тақтадан аршынды қозғалыспен шүберекпен сүрте білу икемділігіне үйрету; қағаз бетінде қолдың буынымен белгілі бір қозғалысты орындай алуға үйрету: қағаз бетінің басынан аяғына дейін жолақша бойынша саусақпен жүргізе алуға үйрету (жолақша кеңдігі 2,5-1-ден 1,5-1 см дейін (еліктеу бойынша, өздігінен); жолақшаның басынан аяғына дейін қарындашпен үздіксіз сызықты сыза алуға балаларды үйрету; балаларды солдан оңға, жоғарыдан төмен белгілі бір нүктеге дейін нүктелі сызықтар бойынша түзу сызықтарды жүргізе алуға үйрету ("Жаңбыр"); қарындашты қолдана отыра саусақпен және білезікпен қозғалысты орындай алуға балаларды үйрету, еліктеу бойынша (үстел үстінде алдымен әр қолмен жеке, кейін екі қолмен бірмезгілде, алақан арасында ойлы-қырлы қарындашты сырғыту, үлкен және сұқ саусақ жастықшалары арасында сырғыту).
210. Күтілетін нәтижелер:
1) айналадағы дыбыстарды тұрмыстық шуларға және табиғат құбылыстарының дыбыстарына ажырата алады;
2) қарапайым заттарды және дыбыстық сипаттамасы бойынша құбылыстарды тани алады;
3) дыбыс шығып жатқан заттың кеңістіктегі орнын таниды және қабылдайды;
4) шиқылдайтын ойыншықтарды қолдану арқылы түрлі қаттылық (қатты-ақырын) және күштіліктегі (жоғары-төмен) дыбыстарды қабылдайды;
5) тілдік және тілдік емес дыбыстарды ажыратады.
6-параграф. 2 - жартыжылдық
211. Сөйлеуді дамыту:
1) балалардың сөздік қорының тұрмыстық электротехника, ұлттық заттардың атауларымен молаюы; балаларды қимыл-әрекетіне қарай зат есімдерді таңдап алу икеміне үйрету (пісіру - көже, тебу - велосипед, ұшу - ұшақ);
2) диалогты пайдалана отырып балаларды шағын әңгіме құрастыру икеміне үйрету;
3) педагогтың бастаған сөйлемін аяқтау икемін қалыптастыру; екі-үш сөзден тұратын фразаны құрастыру икемін бекіту;
4) ересек адамның бақылауында кейбір көбінесе жиі пайдаланатын сөз алды қосымшалы етістіктерді түсіну және пайдалануды үйрету (жеп болды, ішіп болды, ұйықтап болды);
5) зат есімдерді барыс және көмектес септігінде қолдануға үйрету;
6) ересек адамның бақылауымен сөздің жалпылаушы мәнін пайдалану дағдысын дамыту;
7) балалардың сөздік қорының заттар бөліктері мен бөлшектерін, сапасы мен қасиеттерін білдіретін сөздермен молаюы;
8) балаларды ересек адамның бақылауында тамақ өнімдеріне (алма, жүзім), өсімдіктерге (гүлді), түрлі материалдарға (ағаш, резеңке) қатысы барлығына мәні бар қатысты сын есімдерді құрастыру икеміне үйрету.
212. Күтілетін нәтижелер:
1) өзі, отбасы мүшелері, сүйікті ойыншықтары жөнінде сұрақтарға жауап береді;
2) ересек адамның бақылауында кейбір көбінесе жиі пайдаланатын сөз алды қосымшалы етістіктерді түсінеді және пайдаланады;
3) сөз сөйлеуде қатысты сын есімдерді пайдаланады (ересек адамның бақылауында);
4) ересек адамның бақылауында сөздердің жалпылаушы мәнін пайдаланады.
213. Көркем әдебиет:
1) тыңдау және түсіну:шығарма мазмұнындағы оқиға желісін қадағалауға, мазмұны бойынша қойылған қарапайым сұрақтарға жауап беруге үйрету; шығарма кейіпкерлеріне қарапайым мінездеме (мейірімді-ызақор) беру біліктілігін дамыту;
2) шығарманың интонациялық ырғағын қабылдау: интонацияны қабылдауға үйрету, ертегілердегі, әңгімелердегі, тақпақтардағы бейнелердің кереғарлық екенін түсінуге үйрету; ертегілерді көркем әдебиеттің басқа жанрларынан ажырата білуге үйрету;
3) әңгімелеу және жаттау: сұрақтарға және көрнекіліктерге сүйене отырып, қысқа ғана мазмұндауға, мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беруге үйрету; кішігірім тақпақтарды жатқа мәнерлеп оқуды үйрету; жақсы таныс шағармалардағы сөздерді/фразаларды жалғастырып айту біліктілігін, ойыншықтарды, үстел үсті театрын қолдана отырып, ертегілердің кішігірім үзіндісін ойнау/сахналау біліктілігін дамыту.
214. Күтілетін нәтижелер:
1) ертегілердің, әңгімелердің, тақпақтардың мазмұнын тыңдайды және түсінеді;
2) көркем шығарма мазмұнына эмоционалды түрде ілтипатын білдіреді;
3) педагогтің көмегімен шығарма кейіпкерлеріне қарапайым мінездеме (мейірімді-ызақор) береді;
4) мәтіннің мазмұны бойынша қарапайым сұрақтарға жауап береді;
5) шығарманың кішігірім сюжетін сахналауға қатысады.
215. Сауат ашу негіздері:
1) естіп қабылдауы:балалардың дыбыстық ұғымдарын кеңейту (қағаз сыбдырлауы, жапырақтардың сыбдыры; темір кілт немесе тиын, пластмасса ойыншықтың немесе резеңке доптың дыбысы); балаларды дыбыстық сипаттамалары бойынша заттарды және құбылыстарды саралауға үйрету (қағазбен жасалып жатқан әрекетті есту арқылы тану - жырту, бүктеу, жаныштау; табиғаттың үш-төрт дыбысты бірізділігін анықтауға үйрету); ойыншықтармен және тұрмыстық заттармен әрекет ету барысында шыққан, дыбыстар бойынша құрбыластардың әрекетін анықтауға балаларды үйрету; дыбыстың орнын және қарқындылығын анықтау бойынша балалардың икемділігін бекіту (жақын, алыс, жанында; жоғарыда, төменде; оң жақта, сол жақта); екі-үш ырғақтағы сигналдар материалында есту зейінінің және естіп есте сақтауын дамыту; ауызша нұсқау және үлгі бойынша жүзеге асыруда ырғақты қабылдауға және бағалауға үйрету; ауызша нұсқау және үлгі бойынша жүзеге асырудағы, қысқа және ұзын паузамен бөлінген ырғақтық құрылымдарды бағалауға және қабылдауға үйрету; балалар әндерінің ырғағын соғу; ырғақтық және музыкалық-ырғақтық ойындарда ырғақ сезімін дамыту;
2) фонематикалық қабылдауы: сөйлеу дыбысын қабылдауға бағытталған, дыбыстарды тануды жетілдіру; сөйлеу материалын дұрыс естуін және тыңдауын бекіту; дыбыстың нақты есту образын қалыптастыру; берілген сөйлемдегі аталған сөзді таба алуды балаларға үйрету; сөз тіркесінде немесе сөйлемде аталған сөзді ести сала, қимыл-қозғалыспен (шапалақтау, орнынан тұру, қолын көтеру) әсер етуді балаларда қалыптастыру; сөздер бірдей және әртүрлі дыбыстала алатындығын жайлы түсініктерін қалыптастыру; "дос" сөздерді ажырата алу икемділігін балаларға үйрету(жастық-қастық, жапырақ-топырақ, әзір-мәзір, үйшік-күшік); дыбысталуы бойынша жақын сөздерді ажырата алуға үйрету: мысық - қасық, жастық-қастық; балаларды дыбыстың мағыналық қызметімен таныстыру: кейбір сөздер бір-бірінен бір ғана дыбыспен ажыратылатынын түсіндіру (бант-қант, бас-тас, жол-қол) заттар, ойыншықтар және суреттерді қолдана отыра берілген дыбыспен сөздерді топтай алуға балаларды үйрету; сөздегі орнын ескерусіз берілген дыбыспен сөздерді келтіріп айтуға балаларды үйрету (ересектің көмегімен); балаларда аталған сипаты бойынша сөздерді топтауға және атауға икемділігін қалыптастыру (ұзын-қысқа); берілген дыбысты ересектің интонациямен белгілеу көмегімен сөздердегі бірінші екпінді дауысты дыбысты анықтай алуды балаларға үйрету;
3) қолды жазуға үйрету:қағаз бетінен қарындашты үзбей отыра, бірқалыпты үздіксіз сызықты жүргізе алуды балаларда қалыптастыру; балаларды үздіксіз ирек сызықты айналдырып сызуға үйрету (алдымен саусақпен, кейін берілген үлгі бойынша ересектің бақылауымен қарындашпен сызу); иілімін қайталай отыра, үздіксіз сынық сызықты айналдырып сызуға балаларды үйрету (алдымен саусақпен, кейін берілген үлгі бойынша қарындашпен сызу).
216. Күтілетін нәтижелер:
1) ересектің қадағалауымен сөз ағымындағы жеке сөздерді анықтайды;
2) ересектің қадағалауымен жеке сөздердің құрамындағы дыбыстарды анықтап көрсетеді;
3) сөздегі дыбыстың мағыналық рөлі жайлы түсінігіне ие;
4) ересек адамның көмегімен сөздегі бірінші екпінді дауысты дыбысты анықтайды;
5) екі қатар сызық арасында үздіксіз бірқалыпты сызықты саусақпен және қарындашпен жүргізе алады;
6) иілімін қайталай отыра, сынық және ирек сызықты айналдырып сыза алады.
7-параграф. "Таным" білім беру саласы
217. "Таным" білім беру саласының базалық мазмұны - қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру, сенсорика, құрастыру, жаратылыстану ұйымдастырылған оқу қызметінде іске асырылады.
218. Мақсаты сенсорлық эталондар жүйесін меңгерумен қамтамасыз етуге көмектесетін бағдарлау әрекетін, перцептивтік әрекеттерді қалыптастыру; балаларды салыстыру, сәйкестендіру икемділіктеріне, әртүрлі көптіктер мен көптіктердің элементтерімен арасындағы сәйкестікті табуға үйрету; құрастыру процесіне, құрылыс материалдарымен ойынға деген жағымды қатынасты және қызығушылықты қалыптастыру; қоршаған әлеуметтік, заттық және табиғат әлеміне деген танымдық қызығушылықты дамыту болып табылады.
219. Міндеттері:
1) көру, есту, тактильді - қимылдық қабылдауы мен зейінін дамыту;
2) жалпы фоннан жеке заттарды қабылдауға үйрету;
3) саналуан түрлі балалардың әрекетіндегі заттардың таныс қаситтері мен сапасын практикалық тұрғыда пайдалану үшін жағдай тудыру;
4) көрнекілік-бейнелік ойлау қабілетін дамыту;
5) төрт және бес көлеміндегі көптіктерді санау және олармен әртүрлі операцияларды (қайталап санау, салыстыру, түрлендіру) орындауға үйрету;
6) бес көлемінде көрнекілік материалмен арифметикалық есептерді шығаруға үйрету;
7) қарапайым өлшеу: шартты өлшем көмегімен созылмалы, сусымалы және сұйық заттарды өлшеу және салыстыру дағдыларын қалыптастыру;
8) геометриялық пішіндер туралы түсініктерді қалыптастыру;
9) заттардың көлемі туралы түсініктерді қалыптастыру;
10) кеңістіктік және мезгілдік түсініктерді қалыптастыру;
11) үлгі бойынша құрылыс материалынан құрылыстарды және құрылымдарды орындауды үйретуді жалғастыру;
12) ауа райыныңжағдайы туралы түсініктерді қалыптастыру;
13) көкөністер мен жемістер туралы түсініктерді кеңейту.
8-параграф. 1 - жартыжылдық
220. Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру:
1) сандық түсініктер және санау: 4 көлеміндегі заттарды саусақтардың санымен сәйкестендіру, қорытынды санды атай отырып санау; көп заттың ішінен 4-уін еліктеу, үлгісі, сөздік нұсқау бойынша бөлектеп шығару; 4 саны көлеміндегі көптіктермен әрекеттену (арттыру, кеміту, теңестіру), үздіксіз көптікті түрлендіру(тең еместен теңді және керісінше жасау); сандардың түске, көлемге және кеңістікте орналасуына тәуелсіздігі туралы түсінікті қалыптастыру; сұйық және сусымалы денелердің ыдыстардың көлемі мен пішініне тәуелсіздігі; заттарының саны 4 көлеміндегі, қашықтықта тұрған екі топ заттарын саны бойынша салыстыру, тексерудің әртүрлі тәсілдерін пайдалана отырып, қайталап санау негізінде суреттегі бейнеленген заттар тобын салыстыру; 2-4 сандарының жеке бірліктерден және екі кіші саннан құралған құрамы;
2) шама: белгілі бір берілген қасиеттері бар заттардан топ құру;заттарды ұзындығы, биіктігі, жуандығы бойынша салыстыру: ұзын-қысқа, ұзындықтары бірдей: жуан-жіңішке, жуандығы бірдей;
3) геометриялық фигуралар: әртүрлі геометриялық фигураларды ажырату (дөңгелек, шаршы, үшбұрыш, тіктөртбұрыш); геометриялық фигураларды түрлендіру, бөліктерден құру;геометриялық фигураларды жалпы белгілері (дөңгелек, бұрышты) бойынша салыстыру;
4) кеңістікте бағдарлау: қимылды сөздік немесе көру белгісі бойынша өзгерту; қағаз бетіндегі жазықтықта бағдарлау: "жоғарыда", "төменде", "ортасында", "сол жақта", "оң жақта"; кеңістіктік түсініктер: "алда", "артында", "жақын", "алыс", "үстінде", "астында", "жанында";
5) мезгілдік бағдарлау: жыл мезгілдері (күз, қыс, көктем, жаз); мезгілдік түсініктер (жылдам-ақырын; алдымен, содан кейін); тәулік бөліктері (түн, таңертең, күндіз, кешке, бүгін, кеше, ертең).
221. Күтілетін нәтижелер:
1) 4 саны көлеміндегі заттарды санайды, қорытынды санды атайды немесе көрсетеді;
2) бір текті және әртүрлі текті көптіктерден 4 көлемінде берілген сандағы заттарды ерекшелейді, ересектің өтініші бойынша қайтадан санау арқылы тексереді;
3) 4 саны көлеміндегі зат топтарын "артық" және "жетіспейтін" санды тірек ете отырып салыстырады;
4) еліктеу немесе педагогтың тапсырмасы бойынша көптіктерді әртүрлі әрекеттерді (арттырады, кемітеді, теңестіреді) орындайды;
5) ересек адам ынталандырған кезде алған білімін еркін ойында және практикалық әрекетте пайдаланады;
6) қағаз бетінде (жоғары, төмен, оң, сол жақтарын, ортасын) бағдарлайды;
7) геометриялық пішіндерді (дөңгелек, шаршы, үшбұрыш, тікбұрыш) ажыратады;
8) бөліктерден геометриялық пішіндерді құрастырады;
9) заттарды ұзындығы, биіктігі, жуандығы (ұзын-қысқа, ұзындықтары бірдей; биік-аласа, жуан-жіңішке, жуандығы бірдей) бойынша салыстырады;
10) мезгілдік түсініктердімеңгерген: түн, таңертең, күндіз, кешке, бүгін, кеше, ертең.
222. Сенсорика:
1) көріп қабылдау мен зейінді дамыту:үлгі бойынша құрастыру процесінде көлемді пішіндерді (шар, текше, призма, овоид) ажырату; жазық пішіндерді (дөңгелек, шаршы, тікбұрыш, сопақша) жіктеу;көлемді және жазық пішіндерді (шар-дөңгелек, текше-шаршы, кірпіш-тікбұрыш, овоид-сопақша) салыстыру; бағдарлаудың іздеу тәсілдерін (байқап көру, өлшеп көру) қалыптастыру; негізгі түстерді (қызыл, сары, көк, жасыл, ақ, қара) салыстыру, үлгі бойынша таныс түсті ерекшелеу;берілген түстерді қоршаған кеңістіктен табу;заттарды пішіні, көлемі, түсі бойынша топтастыру;заттарды көлемінің кемуі, артуы тәртібінде қатарға жүйелеу; 3-5 құрамды матрешканы практикалық өлшеп көру тәсілі арқылы құрастыру; 5 сақиналы пирамидканы сақиналарының көлемін есепке ала отырып, практикалық өлшеп көру тәсілі арқылы құрастыру; заттардың арасындағы кеңістіктік қатынастармен (жоғарыда, төменде, ортасында) практика жүзінде таныстыру;
2) естіп қабылдау мен зейінді дамыту: тұрмыстық шулармен және табиғат құбылыстарының дыбыстарымен (телефонның қоңырауы, шаңсорғыштың дыбысы, құстардың әні, ағып жатқан судың сылдыры) таныстыру; таныс заттар мен құбылыстарды олардың дыбыстық сипаттары бойынша ерекшелеу; буындық құрылымы жағынан жақын сөздерді жіктеу; дыбыс көзін көру талдауышын тірек етпей анықтау;
3) тактильдік-қимылдық қабылдауды дамыту:педагогтың сөздік нұсқауы бойынша заттардың көлемі мен пішінін сипай отырып қабылдауды жалғастыру; пішіндері әртүрлі заттарды (төртеуінің ішінен таңдау) сипай отырып жіктеу; көлемі әртүрлі заттарды (үшеуінің ішінен таңдау) сипай отырып жіктеу; таныс заттардың сытқы бетін (тікенекті, тегіс, кедір-бұдыр) сипай отырып тану; әртүрлі сусымалы материалдармен және сұйықпен (құм, жарма, су, бояу, май, крем) танысу;
4) дәм сезуді дамыту:ұсынылған тағам өнімдерінің ішінен ащы дәмі бар тамақтарды таңдау; ұсынылған тағам өнімдерінің ішінен қышқыл дәмі бар тамақтарды таңдау; тамақты дәміне (тәтті-ащы-қышқыл) қарай жіктеу; тамақты температуралық белгісі бойынша (ыстық, суық, жылы) жіктеу.
223. Күтілетін нәтижелер:
1) негізгі түстерді (6 түсті) сәйкестендіреді;
2) көлемді пішіндерді (шар, текше, кірпіш, үшбұрышты призма, овоид) ажыратады;
3) жазық пішіндерді (дөңгелек, шаршы, тікбұрыш, сопақша) ажыратады;
4) заттарды берілген сенсорлық белгілері (пішін, көлем, түс) бойынша топтастырады;
5) заттарды көлемінің кемуі мен артуына қарай жүйелейді;
6) 5 сақиналы пирамидканы жинастырады;
7) 3-5 бөліктен құралатын матрешканы жинастырады;
8) 4 бөліктен құралатын заттық кесінді суретті құрастырады;
9) тұрмыстық шулармен және табиғат құбылыстарының дыбыстарын ажыратады;
10) таныс заттар мен құбылыстарды олардың дыбыстық сипаттары бойынша ерекшелейді;
11) буындық құрылымы жағынан жақын сөздерді жіктейді;
12) заттардың көлемі мен пішінін сипай отырып жіктейді;
13) қатты және жұмсақ нысандарды сипай отырып жіктейді;
14) заттарды сыртқы беті (тегіс, кедір-бұдыр) бойынша ажыратады;
15) сусымалы материалдармен және сұйықты ажыратады;
16) тамақты температуралық белгісі бойынша (ыстық, суық, жылы) жіктейді;
17) тамақты дәміне (тәтті-ащы-қышқыл-тұзды) қарай анықтайды.
224. Құрастыру:
1) балаларды үлгі бойынша заттарды көлемі, пішіні, түсі бойынша практикалық әрекет арқылы салыстыруға үйрету; әртүрлі материалдардан құрылыс салу; құрылыстарды шынайы нысандармен және олардың суреттегі бейнелерімен сәйкестендіру;
2) негізгі түстер (қызыл, сары, көк, жасыл, қара) туралы, түстерді салыстыру; заттардың көлемі (үлкен, кіші, бірдей, ұзын, қысқа) туралы; заттардың пішіні (текше, кірпіш, пластина, призма, цилиндр) туралы; ағаштан, пластмассадан жасалған құрылыс материалдарының қасиеттері туралы білімдерді қалыптастыру;
3) құрылыс материалдарынан құрастыру: әртүрлі құрылыс материалын пайдалана отырып, үлгі бойынша қарапайым құрылыстарды құру; үлгі бойынша, еліктеу бойынша құрылыс материалдарының бөліктерінен (жиһаз, үй, орындық, көпір) құрастыру; қандай да бір нысанды (үй, дуал, орындық) әртүрлі етіп құру; көлемге деген қажеттілікті ескере отырып, көлемі әртүрлі құрылыстарды құру (жүк машинасына және жеңіл көлікке арналған гараждар; биік және аласа дуал; ұзын, қысқа жолдар); құрылымдармен ұжымдық немесе жұптық ойындар ұйымдастыру;
4) заттық емес құрастыру: үлгі бойынша қозғалмайтын нысанға қатысты құрылыс жиынтығының 3 элементінің алдымен бір элементінің, содан кейін 2 элементінің орнын (жоғарыда, төменде жанында) ауыстыру; жазық үлгі бойынша заттардың арасындағы кеңістіктік қатынасты (балалар көлемді материалдармен үлгілейді) үлгілеу;
5) таяқшалардан құрастыру: педагогтің атаған пішіні бойынша таяқшалардан геометриялық пішіндерді салу; таяқшалардан елестету бойынша қарапайым құрылыстарды орындау;
6) құрамалы-жиналмалы ойыншықтарды құрастыру: 2-3 бөліктерден құралатын кеспелі заттық суреттерді құрастыру; текшелерден (4 бөліктен) сурет құрастыру;
7) құрылыс материалдарының бөліктерін бірін-бірінің үстіне қою, қатарластырып қою тәсілдерін пайдалану; екі бөлікті үшіншісімен біріктіріп, қарапайым жабын жасау; конструктордың бөліктерін тігінен, қатарынан, көлденеңінен бір-бірінен қандай да бір қашықтықта, бірін-біріне тигізіп қоя отырып, жазықтықта орналастырудағдыларын бекіту.
225. Күтілетін нәтижелер:
1) құрылыстарды салуға және олармен бірге ойнауға деген қызығушылық танытады;
2) алған дағдыларды пайдалана отырып, құрылыс материалдарынан және таяқшалардан қарапайым құрылыстар салады;
3) құрылысты заттардың көлемін ескере отырып салады;
4) қандай да бір нысанның құрылысын әр түрлі нұсқада салады;
5) таныс құрылыстарды таниды және көрсетеді;
6) таяқшалардан геометриялық пішіндерді салады;
7) кеңістіктік қатынастарды (жоғарыда-төменде, алда-артта) ажыратады;
8) 2-3 бөліктен құралатын заттық кесінді суреттерді құрастырады;
9) құрылыстарды ойында пайдаланады.
226. Жаратылыстану:
1) табиғат құбылыстары: өлі табиғат нысандары (құм, саз) туралы білімді қалыптастыру; су туралы білімді қалыптастыру; табиғат құбылыстары (жаңбыр, қар) туралы білімді қалыптастыру; күз бен қыс және олардың қарапайым белгілері туралы түсініктерді қалыптастыру; ауа райы жағдайы (ашық, бұлтты, жаңбырлы, аязды) туралы түсініктерді қалыптастыру; тірі және өлі табиғатқа ұқыпты қарауға тәрбиелеу;
2) өсімдіктер әлемі: көкөністер туралы; жемістер және жидектер туралы білімдерін кеңейту; көкөністер, жемістер мен жидектерден дайындалатын тағамдармен танысу; бөлме өсімдіктері туралы түсініктерді қалыптастыру; жабайы өсетін өсімдіктер туралы түсініктерді қалыптастыру; ағаштармен таныстыру; ағаштардың құрамдас бөліктері (жапырақ, бұтақ, дің) туралы түсініктерді қалыптастыру;
3) жануарлар әлемі: үй жануарларымен және олардың төлдерімен танысу; үй құстарымен және олардың балапандарымен танысу; жәндіктермен танысу.
227. Күтілетін нәтижелер:
1) тірі және өлі табиғатқа ұқыптылықпен қарайды;
2) өлі табиғат нысандары (құм, саз) туралы түсінігі болады;
3) су туралы түсінігі болады;
4) табиғат құбылыстары (жаңбыр, қар) туралы түсінігі болады;
5) суреттерді тірек ете отырып, жыл мезгілдерін (күз, қыс) ажыратады;
6) ауа райы жағдайы туралы туралы түсінігі болады;
7) көкөністер мен жемістерді ажыратады, оларды өсіретін жерлер туралы түсінігі болады;
8) кейбір ағаштар және ағаштардың құрамдық бөліктерін ажыратады;
9) кейбір үй жануарлары мен олардың төлдерін, үй құстары мен олардың балапандарын атайды және көрсетеді;
10) педагогтың көмегімен кейбір жәндіктерді ажыратады.
9-параграф. 2 - жартыжылдық
228. Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру:
1) сандық түсініктер және санау: 1, 2, 3, 4 цифрлармен танысу, әрбір цифрды саусақтардың санымен, көру және жанасу арқылы қабылданатын заттармен, орындалған әрекеттердің дыбыстарының санымен сәйкестендіру; 2 және 3 сандарының бірліктік құрамдары; есте сақтау бойынша атау жаттығулары: киімдердің бөліктерінің саны (көйлектің неше жеңі бар), көліктердің бөліктерінің немесе негізгі бөліктерінің саны, адам мен жануарлардың дене мүшелері; 4 көлеміндегі заттардың санын елестету бойынша салыстыру; 1-4 сан қатарындағы дәйектілік, 4-ке дейінгі реттік санау, "санағанда нешінші?", "барлығы қанша?" сұрақтарына жауап бере білу; 4-тен көрнекі материалды, саусақтарды тірек ете отырып кері ретте санаутоптағы заттар санының түстен, пішіннен, заттардың арасындағы қашықтықтан және санау бағытынан тәуелсіздігі туралы түсінікті қалыптастыру; соңғы санның соңғыға емес, барлық заттар тобына қатысты екенін түсіну; 4 көлеміндегі қорытынды санды атай отырып, заттарды бір-бірлеп санау және қайтадан санау: "барлығы қанша?", "қанша қалды?"; сан мен заттар санын сәйкестендіру;
2) шама: белгілі бір берілген қасиеттері бар заттардан топ құру; заттарды ұзындығы, биіктігі бойынша салыстыру: ұзын-қысқа, ұзындықтары бірдей: жуан-жіңішке, жуандығы бірдей; бір немесе бірнеше параметрлері бойынша ерекшеленетін заттарды салыстыру;
3) геометриялық фигуралар: әртүрлі геометриялық фигураларды (дөңгелек, шаршы, үшбұрыш, тіктөртбұрыш) ажырату; геометриялық фигураларды түрлендіру, бөліктерден құру; геометриялық фигураларды жалпы белгілері (дөңгелек, бұрышты) бойынша салыстыру; геометриялық фигураларды жалпы белгілері (дөңгелек, бұрышты) бойынша ажырат;
4) кеңістікте бағдарлау: қимылды сөздік немесе көру белгісі бойынша өзгерту; қағаз бетіндегі жазықтықта бағдарлау: "жоғарыда", "төменде", "ортасында", "сол жақта", "оң жақта"; кеңістіктік түсініктер: "алға", "артқа", "жақын", "алыс", "үстінде", "астында", "жанында", "артында";
5) мезгілдік бағдарлау: жыл мезгілі (күз, қыс, көктем, жаз); мезгілдік түсініктер(жылдам-ақырын; алдымен, содан кейін); тәулік бөліктері(түн, таңертең, күндіз, кешке, бүгін, кеше, ертең).
229. Күтілетін нәтижелер:
1) 4 саны көлеміндегі заттарды көрсету ишаратын пайдаланып санайды, қорытынды санды атайды немесе көрсетеді;
2) бір текті және әр түрлі текті көптіктерден 4 көлемінде берілген сандағы заттарды ерекшелейді, ересектің өтініші бойынша қайтадан санау арқылы тексереді;
3) 4 саны көлеміндегі зат топтарын "артық" және "жетіспейтін" санды тірек ете отырып салыстырады;
4) еліктеу немесе педагогтың тапсырмасы бойынша көптіктерді әр түрлі әрекеттерді (арттырады, кемітеді, теңестіреді) орындайды;
5) 1, 2, 3, 4 цифрларын, олардың сан қатарындағы орнын біледі, заттарды, дыбыстарды, әрекеттерді сәйкес сандармен сәйкестендіреді;
6) 4 көлемінде тура және кері ретте санайды;
7) ересек адам ынталандырған кезде алған білімін еркін ойында және практикалық әрекетте пайдаланады;
8) альбом бетінде және қағаз бетінде (жоғары, төмен, оң, сол жақтарын, ортасын) бағдарлайды;
9) мезгілдік түсініктерді (түн, таңертең, күндіз, кешке, бүгін, кеше, ертең, алдымен, содан кейін) меңгерген.
230. Сенсорика:
1) көріп қабылдау мен зейінді дамыту: суретте бейнеленген әрекетті шынайы әрекетпен сәйкестендіру; басқа белгілеріне (түс, көлем) назар аудармай, үлгі бойынша берілген пішіндегі заттарды таңдау; көлемді және жазық пішіндерді (шар-дөңгелек, текше-шаршы, кірпіш-тікбұрыш, овоид-сопақша) сәйкестендіру; үлгі бойынша 3 ұсынылған нысандардың ішінен шаманы таңдау, практикалық өлшеп көру тәсілімен тексеру; негізгі түстерді (қызыл, сары, көк, жасыл, ақ, қара, қоңыр) сәйкестендіру, үлгі бойынша таныс түсті ерекшелеу; берілген түстерді қоршаған кеңістіктен табу; заттарды пішіні, көлемі, түсі бойынша топтастыру; заттарды көлемінің кемуі, артуы тәртібі бойынша қатарға жүйелеу; пішінді қиылған 4 бөлікті кесінді заттық суретті жинастыру; бейненің сұлбасын тірек ете отырып бүтінді толықтыру; 5 құрамды матрешканы практикалық өлшеп көру тәсілі арқылы құрастыру; 5-7 сақиналы пирамидканы сақиналарының көлемін есепке ала отырып, практикалық өлшеп көру тәсілі арқылы құрастыру; заттардың арасындағы кеңістіктік қатынастармен (жоғарыда, төменде, ортасында, сол жағында, оң жағында) практика жүзінде таныстыру;
2) естіп қабылдау мен зейінді дамыту: тұрмыстық шулармен және табиғат құбылыстарының дыбыстарын (ашылған есіктің сықыры және жыртылған қағаздың дыбысы, ересек адам мен баланың жүрісінің дыбысы) жіктеу; таныс заттар мен құбылыстарды олардың дыбыстық сипаттары бойынша ерекшелеу; ұсынылған тіркестен берілген сөзді табу; дыбыс көзін көру талдауышын тірек етпей анықтау; берілген ырғақты (2-3) шығару және оларды өзара есту арқылы жіктеу;
3) тактильдік-қимылдық қабылдауды дамыту:заттарды көру-тактильді (ұстап көру) және көру-қимыл (сұлбасы бойымен жүргізу) тәсілдерімен тексеруге үйрету; пішіндері әртүрлі заттарды (төртеуінің ішінен таңдау) сипай отырып жіктеу; сытқы бетінің (тікенекті, тегіс, кедір-бұдыр) сапасы бойынша топтастыру; әртүрлі сусымалы материалдармен және сұйықпен (құм, жарма, су, бояу, май, крем) жіктеу;
4) дәм сезуді дамыту:ұсынылған тағам өнімдерінің ішінен ащы, қышқыл, тәтті, тұзды дәмі бар тамақтарды таңдау; ұсынылған тағам өнімдерінің ішінен тәтті, ащы, қышқыл, тұзды дәмі бар тамақтарды таңдау; тамақ өнімдерін екі түрлі дәмі бойынша сұрыптауға арналған шартты белгіні пайдалану; тамақты температуралық белгісі бойынша (ыстық, суық, жылы) жіктеу.
231. Күтілетін нәтижелер:
1) негізгі түстерді сәйкестендіреді;
2) көлемді пішіндерді (шар, текше, кірпіш, үшбұрышты призма, овоид) ажыратады;
3) жазық пішіндерді (дөңгелек, шаршы, тікбұрыш, сопақша) ажыратады;
4) заттарды берілген сенсорлық белгілері (пішін, көлем, түс) бойынша топтастырады;
5) заттарды көлемінің кемуі мен артуына қарай жүйелейді;
6) 6-7 сақиналы пирамидканы жинастырады;
7) 5 бөліктен құралатын матрешканы жинастырады;
8) 4 бөліктен құралатын заттық кесінді суретті құрастырады;
9) бүтінді бейненің сұлбасын тірек ете отырып толықтырады;
10) сипап ұстай отырып заттардың пішіні мен көлемін жіктейді;
11) таныс тұрмыстық шулармен және табиғат құбылыстарының дыбыстарын ажыратады;
12) дыбыс көзін көру талдауышын тірек етпей анықтайды;
13) берілген ырғақты (2-3) шығарады;
14) заттарды материалы (ағаш-темір) бойынша, сыртқы бетінің (тікенекті, тегіс, кедір-бұдыр) сапасы бойынша ажыратады;
15) сусымалы материалдармен және сұйықты ажыратады;
16) тамақты температуралық белгісі бойынша (ыстық, суық, жылы) жіктейді;
17) тамақты тәтті-ащы-қышқыл-тұзды дәмдеріне қарай таңдайды;
18) тамақты дәмі бойынша анықтайды "тәтті-ащы-қышқыл-тұзды".
232. Құрастыру:
1) балаларға үлгі бойынша заттарды көлемі, пішіні, түсі бойынша практикалық әрекет арқылы салыстыруды; әртүрлі материалдардан құрылыс салуды; құрылыстарды шынайы нысандармен және олардың суреттегі бейнелерімен салыстыруды үйрету;
2) негізгі түстер (қызыл, сары, көк, жасыл, қара, ақ) туралы, түстерді салыстыру; заттардың көлемі (үлкен, кіші, бірдей, ұзын, қысқа) туралы; заттардың пішіні (текше, кірпіш, пластина, призма, цилиндр, брусок) туралы; ағаштан, пластмассадан жасалған құрылыс материалдарының қасиеттері туралы; бөліктердің, заттардың тұрақтылығының әртүрлі деңгейлері туралы білімді қалыптастыру;
3) құрылыс материалдарынан құрастыру: бір құрылыс үшін әртүрлі құрылыс материалын пайдалана отырып, үлгі бойынша қарапайым құрылыстарды құру; заттардың көлемін есепке ала отырып, әртүрлі көлемдегі құрылыстарды құру (үлкен және кіші қуыршақтарға арналған жиһаз), құрылыстарды бірі-бірімен салыстыру (үстел және орындық); таныс құрылымдарды жазық үлгі бойынша құрастыру;сюжеттік ойындарды құруға арналған таныс құрылыстар мен құрылымдарды біріктіру (машинамен ойынға арналған: гараж, жол, қақпа);
4) заттық емес құрастыру: үлгі бойынша қозғалмайтын нысанға қатысты құрылыс жиынтығының 2-4 элементінінің орнын (жоғарыда, төменде, жанында, артында, алдында) ауыстыру; үлгілерді графикалық үлгілер бойынша (3-5 элемент) құрастыру;
5) таяқшалардан құрастыру: педагогтың атаған пішіні бойынша таяқшалардан геометриялық пішіндерді салу; таяқшалардан елестету бойынша қарапайым құрылыстарды орындау;
6) құрамалы-жиналмалы ойыншықтарды құрастыру: 3-5 бөліктерден құралатын кеспелі заттық суреттерді құрастыру; құрастырылған кеспелі суретке сәйкес ойыншықтар мен заттарды таңдау; текшелерден (4 бөліктен) сурет құрастыру;
7) тәсілдерді қолдану дағдыларын бекіту: құрылыс материалдарының бөліктерін бірін-бірінің үстіне қою, қатарластырып қою; екі бөлікті үшіншісімен біріктіріп, қарапайым жабын жасау, кеңістікті тұйықтау; конструктордың бөліктерін тігінен, қатарынан, көлденеңінен бір-бірінен қандай да бір қашықтықта, бірін-біріне тигізіп қоя отырып, жазықтықта орналастыру.
233. Күтілетін нәтижелер:
1) құрылыстарды салуға және олармен бірігіп ойнауға деген қызығушылық танытады;
2) алған дағдыларды пайдалана отырып, құрылыс материалдарынан және таяқшалардан қарапайым құрылыстар салады;
3) құрылысты заттардың көлемін ескере отырып салады;
4) қандай да бір нысанның құрылысын әртүрлі нұсқада салады;
5) таныс құрылыстарды таниды және көрсетеді;
6) таяқшалардан геометриялық пішіндерді, қарапайым құрылыстарды салады;
7) кеңістіктік қатынастарды (жоғарыда-төменде, алда-артта, жанында, артында, алдында) ажыратады;
8) заттық кесінді суреттерді, 4 бөліктен текшелерді құрастырады;
9) құрылыстарды сюжеттік ойын барысында пайдаланады.
234. Жаратылыстану:
1) табиғат құбылыстары: өлі табиғат нысандары (құм, саз, тас) туралы білімді қалыптастыру; судың маңызы туралы білімді қалыптастыру; табиғат құбылыстары (жел, тұман, жаңбыр, қар) туралы білімді қалыптастыру; көктем мен жаз және олардың қарапайым белгілері туралы түсініктерді қалыптастыру; ауа райы жағдайы (ашық, жылы) туралы түсініктерді қалыптастыру; тірі және өлі табиғатқа ұқыпты қарауға тәрбиелеу;
2) өсімдіктер әлемі: гүлдермен (көкнәр, түймедақ) және олардың құрамдас бөліктерімен танысу; бұталармен танысу; ағаштар мен бұталарды жіктеу; көкөністертуралы білімді қалыптастыру; жемістер және жидектер туралы білімді қалыптастыру; көкөністер, жемістер мен жидектерден дайындалатын тағамдар туралы білімді жетілдіру; бақша мен бақ туралы білімдерін жетілдіру;
3) жануарлар әлемі: үй құстарымен және олардың балапандарымен (үйрек, бәпке, қаз, балапан, күркетауық, күркетауықтың балапаны) танысу; үй жануарлары мен жабайы жануарларды жіктеу; жабайы құстармен (ұзақ, қараторғай, қарлығаш) танысу; Қазақстанның фаунасымен (кірпі, тасбақа) танысу; жәндіктермен (шыбын, маса) танысу; табиғаттағы тәртіп ережелері туралы білімді қалыптастыру; "Қызыл кітап" туралы білімді қалыптастыру; өсімдіктер мен жануарлардың күтімі туралы білімді қалыптастыру.
235. Күтілетін нәтижелер:
1) тірек суреттер бойынша жыл мезгілдерін (көктем, жаз) ажыратады;
2) ауа райы жағдайы туралы түсінігі болады;
3) өлі табиғат нысандары (құм, саз, тас) туралы түсінігі болады;
4) судың маңызы (адам үшін, өсімдік үшін, жануарлар үшін) туралы түсінігі болады;
5) табиғат құбылыстары (жел, тұман, жаңбыр) туралы түсінігі болады;
6) кейбір гүлдерді және олардың құрамдас бөліктерін ажыратады;
7) тірек суреттер бойынша бұталарды және олардың құрамдас бөліктерін көрсетеді;
8) ағаштар мен бұталарды жіктейді;
9) көкөністерді, жемістерді, жидектерді атайды және көрсетеді;
10) бақша мен бақта не өсетіндерін сөйлеу тілінің даму мүмкіндігіне қарай атайды және көрсетеді;
11) үй және жабайы жануарларды жіктейді;
12) кейбір жабайы құстарды атайды немесе көрсетеді;
13) педагогтің көмегімен кейбір жәндіктерді ажыратады;
14) табиғаттағы қарапайым тәртіп ережелері (ағаштардың жапырақтарын жұлмау, гүлді жұлмау, көгалды баспау, ұяны бұзбау, қоқысты тастамау) туралы түсініктері болады;
15) топтағы және үлескедегі өсімдіктерді күтеді.
10-параграф. "Шығармашылық" білім беру саласы
236. "Шығармашылық" білім беру саласының базалық мазмұны - сурет салу, мүсіндеу, аппликация, музыка ұйымдастырылған оқу қызметінде іске асырылады.
237. Мақсатыбейнелеу әрекетіне деген қызығушылықты қалыптастыру, қоршаған заттарды, табиғат нысандарын, музыканы эстетикалық тұрғыда қабылдауын дамыту болып табылады.
238. Міндеттері:
1) бейнелеу әрекетіне эмоционалдық әсер мен қызығушылық тудыру;
2) өнер шығармаларын (көркем сурет өнері, графика, сәндік-қолданбалы өнер) қабылдау қабілетін қалыптастыру;
3) кеңістіктік ұғымдарын дамыту;
4) қарапайым заттардың, құбылыстардың ертегі кейіпкерлерінің пішінін, түсін, бөліктерінің орналасуын бере отырып, бейнелеу икемділіктері мен дағдыларын қалыптастыру;
5) мүсіндеу, аппликация, сурет салу барысында түрлі тәсілдерді қолдануды бекіту;
6) өзінің жұмыс нәтижелерін дұрыс бағалай білуге үйрету;
7) тыңдаған музыкалық шығармаларды эмоционалды қабылдау және есте сақтауға үйрету;
8) музыка аспаптарында қарапайым орындаушылық дағдыларын қалыптастыру;
9) ынтымақтастық, ұжымда жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру.
11-параграф. 1 - жартыжылдық
239. Сурет салу:
1) балаларды әртүрлі бейнелеу құралдарын және құрылғыларын пайдалану; түстердің әдемі үйлесуіне эмоционалды әсерін білдіру; әртүрлі пішінді заттарды қарындашпен, бояумен, бормен салу техникасын жетілдіру; өзінің және басқаның өнімін дұрыс бағалай білу; бір-біріне бөгет жасамай, қатарласып жұмыс істей білуге үйрету;
2) заттық сурет салу:қағаз бетін ары қарай аппликацияны немесе суретті орындау үшін жалпақтығы әртүрлі қылқаламдармен, поролоннан жасалған тампонмен, губкамен айналдыра, тік, көлденең бағыттағы қиымылдармен бояу; дөңгелек, бұрышты пішінді заттардың суретін салу;тікбұрышты пішінді заттардың суретін салу; пішіні бірдей, бірақ көлемі әртүрлі бөліктерден құралған заттардың суретін салу;таныс заттарды алдын ала көру-қимыл тәсілімен зерделеуден кейін олардың суретін салу; заттардың жазықтықта әртүрлі орналасуын (тұру, жату) бере білуге үйрету;
3) сюжеттік сурет салу: бір заттың бейнесін қайталай ("үлескедегі шыршалар") және оларға басқаларын (күн, жауған қар) қоса отырып күрделі емес сюжеттік композициялардың суретін салу; бейнені парақтың төменгі жағындағы жолаққа, бүкіл парақ бетіне орналастыруға үйрету;әдеби шығармалар тақырыбына сюжеттік композиция құрастыру - ұжымдық сурет салу; сюжеттегі әр түрлі заттардың көлемі (үйлер үлкен, ағаштар биік және аласа ) бойынша арақатынасына назар аударуға үйрету;
4) сәндік сурет салу:сәндік өрнектерді құрастыру, элементтерін белгілі бір дәйектілікпен жолақта орналастыра отырып, өрнек (қазақ оюы, хохлома суретінің элементтері) құрай білу; өрнек элементтерін дөңгелекке, шаршыда симметриялық орналастыру ережелерімен таныстыру; өрнектің қайталанатын элементтерін (жағынды, нүкте, доға, жолақ) ырғақпен салу дағдыларын; өрнектерді шаршының төрт бұрышына дәйектілікпен құрастырумен таныстыру; ыдысқа сурет салу; қағаз сұлбасына, ойыншықтарға сурет салу;
5) негізгі түстер, негізгі түстерді (қызыл, сары, көк, жасыл, қара, ақ) салыстыру туралы; бейнеленетін заттарға сәйкес түстерді таңдауға үйрету; заттардың көлемі (үлкен, кіші, орташа) туралы; заттардың пішіндері (дөңгелек, шаршы, үшбұрыш, тікбұрыш, сопақша) туралы білімдерін қалыптастыру;
6) дағдыларды қалыптастыру: үстелде дұрыс отыру; оң қолмен сурет салу, сол қолмен парақты ұстау; қарындашты, қылқаламды дұрыс (үш саусақпен) ұстау; басу күшін реттеу, қарындаш ұстаған қол қимылының еркін болуына қол жеткізу; қарындашқа түсетін күшті реттей отырып, түс реңктерін бере білу; қылқаламды бояуға батыру, құтының шетіне тигізу арқылы артық тамшыны алып тастау; басқа түсті бояуға батырмас бұрын, қылқаламды жуу; қылқаламмен әртүрлі тәсілде сурет салу: жалпақ сызықтар - қылқаламды жалпитып басу, жіңішке - қылқаламның ұшымен, қылқаламды қағазға барынша тигізіп жағынды түсіру, қылқаламның ұшымен ұсақ дақтарды салу; майлық қағазды пайдалану.
240. Күтілетін нәтижелер:
1) бояумен және қарындашпен заттың суретін затқа қарап салады;
2) үлгі бойынша ыдысқа, ойыншыққа, қағаз сұлбаларына сурет салады;
3) түстері мен пішіндері әртүрлі заттардың суреттерін салады;
4) қағаз бетінде бағдарлайды, суреттің элементтерін педагогтың сөздік нұсқауына сәйкес орналастырады;
5) затқа қарап салған суреттерде заттардың сыртқы басты белгілерін бере біледі;
6) қарапайым сюжеттік композицияларын құрастырады;
7) сәндік өрнектерді құрайды, элементтерді белгілі бір дәйектілікпен жолаққа, дөңгелекке орналастырады;
8) әрекет нәтижесіне қызығушылық байқатады, өзінің және басқа балалардың суреттерін қарайды.
241. Мүсіндеу:
1) балаларды өзінің жасаған бұйымдарымен (жануар, құс) ойнату; мүсіндеу алдында зерделеу арқылы көлемді пішінді заттарды қабылдау: заттарды сипау, негізгі бөліктерін ерекшелеу, пішінін анықтау, көлемі, кеңістікте орналасуын салыстыру; түсі бойынша салыстыру; педагогтың көмегімен бұйымды үлгімен салыстыру арқылы бағалау;
2) саздан, қамырдан жасалаған бұйымдарды бояу үшін бояу түстерін таңдау; кеңістікте бағдарлау: жоғарыда, төменде, сол жақ, оң жақ;
3) негізгі түстер, негізгі түстерді (қызыл, сары, көк, жасыл) салыстыру туралы; заттардың көлемі (үлкен, кіші, орташа, ұзын, қысқа) туралы; заттардың пішіндері (дөңгелек, сопақша, үшбұрыш, тікбұрыш) туралыбілімдерін қалыптастыру;
4) жаю, созу, басу, жапсыру, тегістеу, шымшу тәсілдерін қолдану дағдыларды дамыту; мүсінделген заттардың, пішіндердің үстіңгі жағын саусақпен тегістеу;
5) доғал, дөңгелек пішіндегі заттардың заттық мүсінделуі, тәсілдерді қолдану: заттарды (көкөністер, жемістер, саңырауқұлақ) жаю, созу, басу, жапсыру тәсілдерін пайдалана отырып, шынайы түрден мүсіндеу; еліктеу бойынша шардың, цилиндрдің ортасын басу арқылы қуыс жасап, домалақ пішінді заттарды (ыдыс) мүсіндеу; үлгі бойынша бір бөлікті басқасына қыса, саусақтардың көмегімен кейбір бөліктерді соза (құс) отырып бұйым бөліктерін біріктіру; құсты, жануардың денелерінің негізгі мүшелерін (бас, дене, аяқ, құйрық, тұмсық) ерекшелей отырып мүсіндеу; заттардың ұсақ бөліктерін (мысықтың құлағы, құстың тұмсығы) шымшу тәсілін пайдалана отырып мүсіндеу;
6) сюжеттік мүсіндеу; заттардың шағын топтарын, пішіндерді қарапайым сюжеттерге (ұжымдық композиция) біріктіру;
7) созылымды материалмен жұмыстың қарапайым ережелерімен таныстыруды жалғастыру (жұмысты тақтайшада ғана орындау, жеңді түру, сазды (қамырды, ермексазды) шашпау, мүсіндеуден кейін қолды жуу).
242. Күтілетін нәтижелер:
1) мүсіндеу алдында затты зерделеу дағдысы бар, пішінін, көлемін және түсін ерекшелейді;
2) мүсіндеу кезінде басу, жалпайту, созу, бөліктерін біріктіру тәсілдерін пайдалана отырып, заттардың басты белгілерін бере біледі;
3) жануарлардың пішіндерін мүсіндейді, таныс ертегілердің сюжеттері бойынша ойнайды;
4) заттардың негізгі бөліктерін (бас, дене, аяқ, құйрық, тұмсық) ерекшелей отырып, заттардың басты белгілерін бере біледі;
5) үлгі бойынша заттарды саздан, қамырдан және ермексаздан құрылымдық тәсілмен мүсіндейді;
6) көлемі әртүрлі 2-3 бөліктен тұратын заттарды мүсіндейді;
7) педагогпен бірге бұйымдарды үлгімен салыстырады;
8) үстелде жеңін түріп, дұрыс отырады, жұмысты арнайы тақтайша үстінде орындайды, мүсіндегеннен кейін педагогтың бақылауымен қолын жуады;
9) жұмыс процесінде эмоциясын байқатады.
243. Аппликация:
1) ересектің аппликация құруға деген ұсынысына эмоционалды жағымды жауап беру; пішіні, мөлшері, түсі әртүрлі заттарды зерделеу;қайшыны дұрыс ұстау және оны пайдалану, қысқа және ұзын түзу сызықтар бойынша қию, жолақтардан әртүрлі заттардың (дуал, ағаш, саты) бейнелерін құрастыру; аппликацияны шынайы нысандармен салыстыру; құрастырылған бейнені үлгі бойынша бағалай білу; бір-біріне бөгет жасамай, қатарласа жұмыс істей білу;
2) негізгі түстер (қызыл, сары, көк, жасыл, қара) туралы; заттардың мөлшері (үлкен, кіші, орташа) туралы; заттардың пішіні (дөңгелек, шаршы, тікбұрыш, сопақша, үшбұрыш) туралы білімдерін қалыптастыру;
3) заттық аппликация: сөздік нұсқау бойынша заттарды түсі, пішіні, мөлшері бойынша кезектестіре отырып жапсыру (шыршаға арналған моншақтар, жалаушалар, үлкен, кіші шыршалар); қағаз бетіне 2-3 бөліктен құралатын таныс заттардың (аққала, аю) дайындамаларын орналастыру және жапсыру; жырту тәсілімен орындалатын заттық аппликация;
4) сәндік аппликация: жолақта дайын пішіндерден сәндік өрнектерді құрастыру және жапсыру; үлгі бойынша элементтердің қағаз бетіндегі кеңістіктік орналасуына (жоғары, төмен, ортасы, оң жағы, сол жағы) бағдарлай отырып, сәнді өрнектерді (сүлгі, орамал, майлық) жапсыру;
5) сюжеттік аппликация:үлгі бойынша заттарды алдын ала дайындалған сюжетке жапсыру; ертегілердің басты кейіпкерлерінің пішіндерін сюжетке сәйкес жапсыру; табиғаттағы бақылау нәтижесі бойынша ұжымдық аппликация құрастыру;
6) дағдыларды қалыптастыру: сабақ уақытында үстелде дұрыс отыру; қайшыны дұрыс ұстау және оны пайдалану, қысқа және ұзын түзу сызықтар бойынша қию; қылқаламды пайдалану; дайындамаға клейстерді жағу, дайындаманы аудару; артық клейстерді алып тастау үшін майлықты пайдалану; қағаз бетіне дайындамаларды орналастыру және жапсыру.
244. Күтілетін нәтижелер:
1) алдын ала заттың өзін талдау немесе зерделеу негізінде таныс заттардың заттық аппликациясын орындайды;
2) заттарды пішіні мен түсі әртүрлі бөліктерден құрастырады;
3) дайын бөліктерден сюжетті аппликация құрастырады;
4) табиғаттағы бақылау нәтижесі бойынша ұжымдық аппликация құрастырады;
5) өрнектерді жолаққа, дөңгелекке жапсырады;
6) үлгі бойынша сәндік аппликацияның өрнектерін құрастырады;
7) жыртық аппликация тәсілдерін меңгерген;
8) ұжымдық аппликацияны орындауға қатысады;
9) заттарды мөлшері (кіші, үлкен, орташа) бойынша ажыратады;
10) негізгі түстерді (қызыл, сары, көк, жасыл) біледі;
11) заттарды пішіні (дөңгелек, шаршы, тікбұрыш, сопақша) бойынша ажыратады;
12) қылқаламды, қайшыны пайдаланады, артық желімді алып тастау үшін майлықты пайдаланады;
13) аппликация жұмысы кезінде үстелде дұрыс отырады;
14) педагогтың көмегімен өзінің және басқаның өніміне баға береді.
245. Музыка:
1) музыканы тыңдау: музыканың эмоционалды мазмұнын, түрін анықтау; музыкалық жадыны дамыту;
2) ән салу: ересекпен бірге ән салу икемділіктерін қалыптастыру, өлеңнің сөздерін айту, байыптылықпен ән салу, ән салған кезде дұрыс тыныс алу, әнді уақытында бастау және аяқтау; ересектің дауысы мен аспаптың дыбысталуына құлақ салу; қарапайым дыбысқа еліктей білу; өлең мен маршты ажырату;
3) музыкалық-ырғақтық қимылдар: жүру (сергек, байыпты), аяқты ересекпен бірге өкшеге, ұшына қою арқылы серпінді жеңіл қимылдармен жүгіру, маршпен жүру; қарапайым қимылдарды өлең мәтінімен үйлестіру; ересектің көмегімен заттармен (жалаушалар, жапырақтар, орамалдар, шарлар, ойыншықтар) әрекеттену; қазақ би элементтері бар қимылдар дағдыларын қалыптастыру;
4) музыкалық-дидактикалық ойындар: шулы құралдардың дыбысталуына қарапайым ырғақтық қимылдарды ересектің көмегімен орындауға ынталандыру; дыбысты аспапты (бубен, сылдырмақ, қоңырау, металлофон, домбыра, фортепиано) тембрі бойынша анықтау;дыбыс динамикасын (ақырын-қатты) ажырату.
246. Күтілетін нәтижелер:
1) өлең мен маршты ажыратады;
2) аяқты ересекпен бірге өкшеге, ұшына қою арқылы серпінді жеңіл қимылмен жүреді (сергек, байыпты), жүгіреді, маршпен жүреді;
3) музыканы сипатына қарай ажыратады;
4) еліктеу бойынша қарапайым әндердіорындайды;
5) ересектің көмегімен қарапайым би қимылдырын орындайды;
6) ересектің көмегімен заттармен әрекет жасайды;
7) өлең мәтініне сәйкес қимылды және шеңбер бойымен қол ұстасып жүруді, еліктеу бойынша немесе педагогпен бірге орындайды;
8) музыкалық аспапты (қоңырау, дағыра, сыбызғы, металлофон) дыбыс тембрі бойынша таниды.
12-параграф. 2 - жартыжылдық
247. Сурет салу:
1) балаларға әртүрлібейнелеу құралдарын және құрылғыларын пайдалануға; түстердің әдемі үйлесуіне эмоционалды әсерін білдіруге; қағаз бетінде (жоғары, төмен, ортасында) бағдарлауға;бейнелерді көлемі бойынша, олардың бір-біріне қатысты орналасуы бойынша салыстыруға; өзінің және басқаның өнімін дұрыс бағалай білуге; бір-біріне бөгет жасамай, қатарласып жұмыс істей білуге үйрету;
2) заттық сурет салу: дөңгелек, бұрышты, тікбұрышты пішінді заттардың суретін салу; сопақша пішінді заттардың суретін салу; әртүрлі бөліктерден құралған заттардың суретін салу;таныс заттарды алдын ала көру-қимыл тәсілімен зерделеуден кейін олардың суретін салу; заттардың жазықтықта әртүрлі орналасуын бере білуге үйрету; адамның, жануарлардың дене құрылыстарының (пішіндердің қимылы) ерекшеліктерін бере білуге үйрету;
3) сюжеттік сурет салу:күрделі емес сюжеттік композициялардың суретін салу; бейнені парақтың төменгі жағындағы (жерді білдіретін) жолаққа, бүкіл парақ бетіне орналастыруға үйрету; әдеби шығармалар тақырыбына сюжеттік композиция құрастыру - ұжымдық сурет салу; балаларды сюжеттегі әртүрлі заттардың көлемі (үйлер үлкен, ағаштар биік және аласа) бойынша арақатынасына назар аударуға үйрету;құрған бейнелерін безендіру тәсілдерімен таныстыру;
4) сәндік сурет салу: сәндік өрнектерді құрастыру, элементтерін белгілі бір дәйектілікпен жолақта орналастыра отырып, өрнек (қазақ оюы, хохлома суретінің элементтері) құрай білу; өрнек элементтерін дөңгелекке, шаршыда симметриялық орналастыру ережелерімен таныстыру; өрнектің қайталанатын элементтерін (жағынды, нүкте, доға, жолақ) ырғақпен салу дағдыларын; өрнектерді шаршының төрт бұрышына, шаршының ортасына дәйектілікпен құрастырумен таныстыру; ыдысқа сурет салу;қағаз сұлбасына, ойыншықтарға сурет салу;
5) негізгі түстер, негізгі түстерді (қызыл, сары, көк, жасыл, қара, ақ) салыстыру туралы; бейнеленетін заттарға сәйкес түстерді таңдауға үйрету; заттардың көлемі (үлкен, кіші, орташа) туралы; заттардың пішіндері (дөңгелек, шаршы, үшбұрыш, тікбұрыш, сопақша) туралы; қазақ оюының, хохлома, дымковтық сурет салудың негізгі элементтері туралы білімді қалыптастыру;
6) үстелде дұрыс отыру; оң қолмен сурет салу, сол қолмен парақты ұстау; қарындашты, қылқаламды дұрыс (үш саусақпен) ұстау; басу күшін реттеу, қарындаш ұстаған қол қимылының еркін болуына қол жеткізу; қарындашқа түсетін күшті реттей отырып, түс реңктерін бере білу; қылқаламды бояуға батыру, құтының шетіне тигізу арқылы артық тамшыны алып тастау; басқа түсті бояуға батырмас бұрын, қылқаламды жуу; қылқаламмен әр түрлі тәсілде сурет салу: жалпақ сызықтар - қылқаламды жалпитып басу, жіңішке - қылқаламның ұшымен, қылқаламды қағазға барынша тигізіп жағынды түсіру, қылқаламның ұшымен ұсақ дақтарды салу; тік және көлденең сызықтардың суретін салудың дұрыс тәсілін; майлық қағазды пайдалану дағдыларын қалыптастыру.
248. Күтілетін нәтижелер:
1) заттың суретін бояумен және қарындашпен затқа қарап салады;
2) үлгі бойынша ыдысқа, ойыншыққа, қағаз сұлбаларына сурет салады;
3) түстері мен ішіндері әр түрлі заттардың суреттерін салады;
4) қағаз бетінде бағдарлайды, суреттің элементтерін педагогтың сөздік нұсқауына сәйкес орналастырады;
5) салған суреттерде заттардың сыртқы басты белгілерін бере біледі;
6) қарапайым сюжеттік композицияларын құрастырады;
7) сәндік өрнектерді құрайды, элементтерді белгілі бір дәйектілікпен жолаққа, дөңгелекке, шаршыға орналастырады;
8) әрекет нәтижесіне қызығушылық байқатады, өзінің және басқа балалардың суреттерін қарайды, үлгімен салыстырады.
249. Мүсіндеу:
1) балаларды өздерінің жасаған бұйымдарымен (жануар, құс) ойнату; мүсіндеу алдында зерделеу арқылы көлемді пішінді заттарды қабылдауға үйрету: заттарды сипау, негізгі бөліктерін ерекшелеу, пішінін анықтау, көлемі, кеңістікте орналасуын салыстыру; түсі бойынша салыстыру; педагогтың көмегімен бұйымды үлгімен салыстыру арқылы бағалау;
2) заттық мүсіндеу: мүсіндегенде заттардың негізгі белгілерін бере білу, денелерінің негізгі мүшелерін: бас, дене, аяқ, құйрық, тұмсық ерекшелей отырып, құсты, жануарды бейнелеу; адам мен жануарлардың қозғалыс кезіндегі фигурасын мүсіндеу; мүсінділген заттарды қарапайым бір сюжетке біріктіру;
3) саздан, қамырдан жасалған бұйымдарды бояу үшін бояу түстерін таңдау; кеңістікте бағдарлау: жоғарыда, төменде, сол жақ, оң жақ;
4) негізгі түстер, негізгі түстерді: қызыл, сары, көк, жасыл, қоңыр сәйкестендіру туралы; заттардың көлемі (үлкен, кіші, орташа, ұзын, қысқа) туралы; заттардың пішіндері (дөңгелек, сопақша, үшбұрыш, тікбұрыш) туралы білімдерін қалыптастыру;
5) дағдыларды дамыту: пішін жасау қимылы - жаю, созу, басу, жапсыру, тегістеу, шымшу; үлгі бойынша сопақша, домалақ пішінді заттарды (көкөністер, жемістер, саңырауқұлақ) жаю, созу, басу, жапсыру тәсілдерін пайдалана отырып, шынайы түрден мүсіндеу; ыдысты тұтас кесек саздан және ермексаздан ленталық тәсілмен мүсіндеу; құсты, жануардың денелерінің негізгі мүшелерін (бас, дене, аяқ, құйрық, тұмсық) ерекшелей отырып мүсіндеу; заттардың ұсақ бөліктеріне (мысықтың құлағы, құстың тұмсығы) шымшу тәсілін пайдалана отырып мүсіндеу; пішіндерді қойғышқа, аяғына орнату; еліктеу бойынша пішіндерді, заттарды қырнауыштың және жапсырудың көмегімен безендіру; мүсінделген заттардың пішіндерінің үстіңгі жағын саусақпен тегістеу;
6) сюжеттік мүсіндеу: заттардың шағын топтарын, пішіндерді қарапайым сюжеттерге (ұжымдық композиция) біріктіру;
7) созылымды материалмен жұмыстың қарапайым ережелерімен (жұмысты арнайы тақтайшада ғана орындау, жеңді түру, сазды (қамырды, ермексазды) шашпау, мүсіндеуден кейін қолды жуу) таныстыруды жалғастыру.
250. Күтілетін нәтижелер:
1) мүсіндеу алдында затты зерделеу дағдысы бар, пішінін, көлемін және түсін ерекшелейді;
2) мүсіндеу кезіндебасу, жалпайту, созу, бөліктерін біріктіру тәсілдерін пайдалана отырып, заттардың басты белгілерін бере біледі;
3) жануарлардың пішіндерін мүсіндейді, таныс ертегілердің сюжеттері бойынша ойнайды;
4) заттардың негізгі бөліктерін (бас, дене, аяқ, құйрық, тұмсық) ерекшелей отырып, заттардың басты белгілерін бере біледі;
5) үлгі бойынша заттарды саздан, қамырдан және ермексаздан құрылымдық тәсілмен мүсіндейді;
6) еліктеу бойынша адамның пішінін мүсіндейді;
7) көлемі әртүрлі 2-3 бөліктен тұратын заттарды мүсіндейді;
8) жұмыста қырнауышты пайдаланады;
9) педагогпен бірге бұйымдарды үлгімен салыстырады;
10) үстелде жеңін түріп, дұрыс отырады, жұмысты арнайы тақтайша үстінде орындайды, мүсіндегеннен кейін педагогтың бақылауымен қолын жуады;
11) жұмыс барысында эмоциясын білдіреді.
251. Аппликация:
1) ересектің аппликация құруға деген ұсынысына эмоционалды жағымды жауап беру; пішіні, мөлшері, түсі әртүрлі заттарды зерделеу; аппликацияны шынайы нысандармен салыстыру; аппликацияны кейбір бөліктер мен дайындамаларды өзі қиып ала отырып құрастырады; қатпарлап бүктелген қағаздан бірдей пішіндерді немесе бөліктерді (гирлянда) қиып алу; ортасынан бүктелген қағаздан симметриялық бейнені кесіп алу (гүл, гүл сауыт); құрастырылған бейнені үлгі бойынша бағалай білу; бір-біріне бөгет жасамай, қатарласып жұмыс істей білу;
2) негізгі түстер (қызыл, сары, көк, жасыл, қара, қоңыр) туралы; негізгі түстерді салыстыру; заттардың мөлшері (үлкен, кіші, орташа) туралы; заттардың пішіні (дөңгелек, шаршы, тікбұрыш, сопақша, үшбұрыш) туралы білімдерін қалыптастыру;
3) заттық аппликация: кейбір бөліктер мен дайындамаларды өзі қиып ала отырып жапсыру (көкністер, жемістер, саңырауқұлақ); қағаз бетіне 3-5 бөліктен тұратын жануарлардың бейнесін (түлкі, қоян, қасқыр), олардың негізгі элементтерін ерекшелей отырып жапсыру; суретті аяқтау тәсілін пайдалана отырып бірнеше бөліктен (тұмсық, көз, аяқ) құралатын құстың (торғай, суықторғай) бейнесін жапсыру; жырту тәсілімен орындалатын заттық аппликация;
4) сәндік аппликация: жолақта дайын пішіндерден сәндік өрнектерді құрастыру және жапсыру; үлгі бойынша сәндік өрнектерді элементтердің қағаз бетіндегі кеңістіктік орналасуына (жоғары, төмен, ортасы, оң жағы, сол жағы) бағдарлай отырып жапсыру;
5) сюжеттік аппликация: бойынша заттарды алдын ала дайындалған сюжетке жапсыру; ертегілердің басты кейіпкерлерінің пішіндерін сюжетке сәйкес жапсыру; табиғаттағы бақылау нәтижесі бойынша ұжымдық аппликация құрастыру;
6) дағдыларды қалыптастыру: сабақ уақытында үстелде дұрыс отыру; қайшыны пайдалану, түзу сызық бойымен, шаршыны қиғаш сызық бойымен кесу, тікбұрыштың бұрыштарын кесу, қиғаштап кесу; екіге бүктелген қағаздан қарапайым пішіндерді қиып алу; қылқаламды пайдалану; дайындамаға клейстерді жағу, дайындаманы аудару; артық желімді алып тастау үшін майлықты пайдалану; қағаз бетіне дайындамаларды орналастыру және жапсыру.
252. Күтілетін нәтижелер:
1) алдын ала заттың өзін талдау немесе зерделеу негізінде таныс заттардың заттық аппликациясын орындайды;
2) дайын бөліктерден сюжетті аппликация құрастырады;
3) табиғаттағы бақылау нәтижесі бойынша ұжымдық аппликация құрастырады;
4) үлгі бойынша өрнектерді, симметриялық өрнектерді жолақта, дөңгелекте, сопақшада құрастырады;
5) заттарды пішіні мен түсі бойынша әртүрлі бөліктерден құрастырады;
6) жануарлардың және ертегі кейіпкерлерінің пішіндерін жапсырады;
7) суретті аяқтау тәсілін пайдалана отырып бірнеше бөліктен (тұмсық, көз, аяқ) құралатын құстың (торғай, суықторғай) бейнесін жапсырады;
8) қайшымен жұмыс істейді (түзу сызық бойымен, шаршыны қиғаш сызық бойымен кеседі, тікбұрыштың бұрыштарын кеседі, қиғаштап кеседі).
253. Музыка:
1) музыканы тыңдау: музыкалық шығарма сипатына эмоциалды әсер білдіру; ересектің көмегімен әуенді есте сақтау және тану;
2) ән салу: ән айту дағдыларын қалыптастыру: қаттылығы бойынша (ақырын-қатты), қарқыны бойынша (жылдам және баяу); әртүрлі сипаттағы әндерді педагогпен бірге орындау;
3) музыкалық-ырғақтық қимылдар, жаттығулар: дағдыларды қалыптастыру: ырғақты тепкілеуді кезектестіру; педагогтың көмегімен қимылдардың бірізділігін орындау; бидегі таныс қимылдарды ("қайық", "серіппе") орындау; дыбысталған музыка сипатындағы қимылдарды орындау; қазақ және орыс билерінің элементтері бар қимылдарды орындау;
4) музыкалық-дидактикалық ойындар: әртүрлі аспаптырды дыбысталу (бубен, сылдырмақ, қоңырау, металлофон, домбыра, фортепиано) тембрі бойынша анықтау; дыбысталу динамикасын (ақырын-қатты) ажырату. 1-2 дыбыстардан құрылған жеңіл әуендерді педагогтың көрсетуі бойынша балаларға арналған музыкалық аспаптарда ырғақты ойнау.
254. Күтілетін нәтижелер:
1) ән мен маршты ажыратады;
2) зал бойымен маршпен жүре алады;
3) әуенді таниды;
4) жақсы таныс әнді қимылды ілестіре отырып, қатты және ақырын, жылдам және баяу орындайды;
5) музыканың сипатына сәйкес қозғала алады;
6) биде "қайық", "серіппе" қимылдарын және аяқпен тебінуді кезектестіре пайдаланады;
7) педагогтің басшылығымен қарапайым би элементтерін меңгереді;
8) музыкалық аспапты (қоңырау, дағыра, сыбызғы, металлофон, домбыра, фортепиано) дыбысталу тембрі бойынша таниды;
9) балаларға арналған музыкалық аспаптарда ойнаудың қарапайым дағдыларын меңгереді.
13-параграф. "Әлеумет" білім беру саласы
255. "Әлеумет" білім беру саласының базалық мазмұны - әлеуметтік дамыту және еңбекке баулу (шаруашылық-тұрмыстық еңбек, қол еңбегі) ұйымдастырылған оқу қызметінде іске асырылады.
256. Мақсаты әлеуметтік дағдыларды қоршаған әлеммен танысу, ерсектермен және құрдастарымен қарым-қатынас негізінде қалыптастыру және дамыту болып табылады.
257. Міндеттері:
1) балаларды дербестікке ұмтылуға ынталандыру және қолдау;
2) қарапайым еңбек дағдыларын дамыту;
3) ересектің аздаған көмегімен киіну және шешіну дағдыларын қалыптастыру;
4) еңбек әрекетіне деген қызығушылықты қалыптастыру;
5) ересектің бақылауымен және көмегімен қарапайым тапсырмаларды (заттарды сөреге қою, қоқысты жинау) орындауға, бір-біріне көмектесуге үйрету;
6) қабылдауды, ойлауды, зейінді, жадты, сөйлеу тілін дамыту;
7) ересектердің кәсіптері туралы түсінікті қалыптастыру;
8) әртүрлі материаладардан бұйым жасау процесінде қарапайым құралдық әрекеттерді қалыптастыру;
9) еңбек мәдениетінің негізін, шаруашылық-тұрмыстық әрекеттер процесінде үнемділікті, ұқыптылықты қалыптастыру;
10) жалпы және қол қимыл-қозғалысын, екі қол қимылының үйлесімділігін, еңбек әрекеті процесіндегі көру-қимыл үйлесімділігін дамыту;
11) бұйымдарды өз қолымен жасауға деген қызығушылық пен ынтаны дамыту;
12) еңбек әрекеттері процесінде өзара көмек көрсетуге, көмек үшін бір-біріне алғыс айта білуге тәрбиелеу;
13) еңбек әрекеттерін орындаған кезде бір-бірімен достық қарым-қатынаста болуға тәрбиелеу.
14-параграф. 1 - жартыжылдық
258. Шаруашылық-тұрмыстық еңбек:
1) дастарқан басындағы тәртіп ережелері туралы білімді қалыптастыру;
2) еңбек етуге деген ынта мен икемділікке тәрбиелеу;
3) икемділіктерді қалыптастыру: топта тәртіпті сақтау; өзінің киіміндегі ретсіздікті байқау; ұсақ заттарды (қол орамал) жуу;ересектің сәл көмегімен киіну және шешіну; кезекшінің міндетін атқару - нан салғышты, майлық қағаз салғышты, ас ішетін құралдарды салады; ересекпен бірге қар күрейді; балалар ұжымында жұмыс істеу;
4) табиғат бұрышындағы жұмысты (гүлдерді суғару, ірі жапырақтарды сүрту) педагогпен бірлесе орындаудағы әрекетті жетілдіру.
259. Күтілетін нәтижелер:
1) ересектің аздаған көмегімен жеке және ұжымыдық тапсырмаларды орындайды;
2) асханадағы және табиғат бұрышындағы кезекшілік міндеттерін орындайды;
3) педагогтың өтініші бойынша ойын бұрышын тәртіпке келтіреді;
4) табиғат бұрышындағы жұмысты педагогпен бірге атқарады;
5) ересекпен бірге қар күрейді;
6) дастарқан басында өзін қалай ұстау керектігін біледі;
7) киім шкафтарын жинастырады;
8) ойыншықтары бар сөрені сүртеді;
9) педагогтың көмегімен ойыншықтарды жуады, еңбек тапсырмаларын орындауда бір-біріне шамалары келгенше көмек көрсетеді;
10) бастаған ісін аяғына дейін жеткізеді.
260. Қол еңбегі:
1) дағдыларды қалыптастыру: қағазбен жұмыс істеу (қағазды ортасынан, түзу сызықпен бүктеу, желімдеу, жырту, мыжғылау), түрлі пішіндегі қағаздарды бүктеу (шаршы, тікбұрышң үшбұрыш, дөңгелек) бүктеу сызығымен саусақпен жүргізу, қырлары мен бұрыштарын сәйкестендіру, ересек адамның көрсетуі мен нұсқауы бойынша ұжымдық жұмыс жасау біліктілігін қалыптастыру;
2) еңбек әрекеттеріне, өзінің бұйымдарына деген қызығушылықты дамыту;
3) сынғыш материалдармен жұмыс дағдысын қалыптастыру - жұмыртқа қабығы (қандай да бір ойыншықты жасау үшін белгілі бір бөліктерді жапсыру);
4) қалдық материалдармен (қораптар, пластик шөлмектер) жұмыс дағдысын қалыптастыру; табиғи материалдармен (бүр, емен жаңғағы, жапырақ, тұқым, жаңғақтардың қабығы, жеміс сүйектері) жұмыс дағдысы мен икемділігін қалыптастыру;
5) жұмысты ұқыпты істей білу, майлық қағазды пайдалану, өзінің жұмыс орнын жинау икемділігін қалыптастыру;
6) бұйымдарды көрсету және бірлесе әрекеттену бойынша әртүрлі материалдардан жасау кезіндегі қарапайым дағдыларды қалыптастыру;
7) педагогтың көмегімен өз жұмысын табу және бағалау икемділігін қалыптастыру.
261. Күтілетін нәтижелер:
1) бұйымдарды еліктеу және бірлесе әрекеттену бойынша жасайды;
2) ересектің басшылығымен әр түрлі табиғи материалдармен (бүр, емен жаңғағы, жапырақ, тұқым, жаңғақтардың қабығы, жеміс сүйектері) жұмыс істейді;
3) сынғыш материалдармен (жұмыртқа қабығы) жұмыс істей біледі;
4) сіріңке қораптарын жапсырады және жиһаз жасай біледі;
5) майлық қағазды және желімді пайдаланады;
6) жұмысты орындауға қызығушылық байқатады;
7) педагогтің сұрақтарына (алдымен не? содан кейін не?) жауап береді;
8) ересектің көмегімен жұмысты талдауға тырысады, қай жұмыстың ұнағаны туралы педагогтің сұрағына жауап береді.
15-параграф. 2 - жартыжылдық
262. Шаруашылық-тұрмыстық еңбек:
1) дастарқан жая білуді (майлық қағаздарды қою, балалардың санына қарай тәрелке, қасықтарды қою) қалыптастыру;
2) педагогтің көмегімен табиғат бұрышындағы жұмыс (гүлдердің топырағын қопсыту, аквариумдегі балықтарды күту) дағдыларын бекіту; еңбек міндеттерін, кезекшілік міндеттерді бөлу, бір-біріне көмектесу;
3) қарды күреу және жолды тазарту икемділігін қалыптастыру;
4) өзіне-өзі қызмет көрсету дағдыларын (мойынорағышты, бауды байлау, түймені және сыдырмалы немесе "жабысқақ" түймелікті салу және шешу), өзінің киімін орындықтың арқалығына ілу, аяқ киімін кереуеттің астына ұқыптылықпен қою дағдыларын қалыптастыру;
5) өзінің шкафын тәртіпке келтіру икемділігі мен дағдысын жетілдіру;
6) ересектің көмегімен ойын бұрышын жинау (әртүрлі ойыншықтарды жуу және сүрту, оларды өз орындарына қою, қуыршақтардың киімін жуу) дағдысын бекіту;
7) үлескені тәртіпте ұстау, ересектің көмегімен жерді қопсыту, суғару, гүлді күту дағдылары мен икемділіктерін бекіту;
8) бір-біріне, өзінің заттарына құныттылықпен қарау мен ұқыптылыққа тәрбиелеу.
263. Күтілетін нәтижелер:
1) еліктеу немесе әрекеттену тәсілін көрсету бойынша киіну және шешіну;
2) үстел басында өзін қалай ұстау керектігін біледі;
3) ересек адамның өтініші немесе сөздік нұсқауы бойынша өз денесін күте біледі;
4) ересек адамның сәл көмегімен киімінің түймелерін (түймені және сыдырмалы немесе "жабысқақ" түймелікті салу және шешу) салуды біледі;
5) құрдасына түймесін салуға мойынорағышты байлауға көмектеседі;
6) шкафының ішін тәртіпке келтіреді;
7) ересектің нұсқауы бойынша заттарын салады;
8) кезекшінің міндетін атқарады;
9) ересектің өтініші бойынша ойыншықты жуады және орнына қояды;
10) ересекпен бірге өсімдіктерді (табиғат бұрышындағы, үлескедегі) күтеді;
11) ересекпен бірге қар күрейді, жолды тазартады.
264. Қол еңбегі:
1) дағдыларды қалыптастыру: қағазбен жұмыс (ортасынан, түзу сызық бойымен бүгу, жапсыру, жырту, умаждау); әртүрлі пішіндегі (шаршы, тіктөртбұрыш, үшбұрыш, дөңгелек) қағазды бүктеу, бұрыштары мен қабырғаларын түйістіріп, бүгу сызығы бойымен саусақпен жүргізу,ересек адамның көрсетуі мен нұсқауы бойынша ұжымдық жұмыс жасау біліктілігін қалыптастыру;
2) баланың сөйлеу тілінің мүмкіндігіне қарай байланыстырылған сөйлеу тілін (сен бізге айт және істе, қалай екенін көрсет және айт) дамыту;
3) табиғи материалмен (бүр, жапырақ, емен жаңғағы) жұмыс дағдысын жетілдіру;
4) қалдық материалмен (сіріңке қораптары, пластик шөлмектер) жұмыс дағдысын қалыптастыру;
5) ұқыптылыққа, материалды үнемдеп ұстауға, әрекетке қызығушылық танытуға тәрбиелеу.
265. Күтілетін нәтижелер:
1) әрекетке қызығушылық танытады;
2) өзінің әрекетін қадағалайды;
3) еліктеу бойынша, әрекеттену тәсілін көрсету бойынша бұйымдар жасайды; ересектің көмегімен үлгіні талдайды;
4) педагогтің сұрақтарына (алдымен не? одан кейін не?) жауап береді;
5) бұйымдарды жасауға арналған құралдарды пайдаланады;
6) әрекетті сөзбен айтып отырады (сөйлеу тілінің мүмкіндігіне қарай);
7) ересек адамның басшылығымен қағазбен, табиғи және қалдық материалдармен жұмыс істей алады;
8) бұйымдарды жасаған кезде құрдастарына шамасы жеткенше көмектеседі;
9) ересекпен бірге ұжымдық жұмысты құрады.
6-тарау. Мектепалды даярлық сыныбы (6 -7 (8) жастағы балалар)
1-параграф. "Денсаулық" білім беру саласы
266. "Денсаулық" білім беру саласының базалық мазмұны - дене шынықтыру, қауіпсіз мінез-құлық негіздері ұйымдастырылған оқу қызметінде іске асырылады.
2-параграф. Денешынықтыру
267. Мақсаты: баланың денсаулығын нығайту және сақтау, дене шынықтыруға қызығушылықтарын, қимыл икемділіктері мен дағдыларын денсаулықты сақтау технологиясын қолдана отырып қолдануға ұмтылысын дамыту.
268. Міндеттері:
1) көрсетілімді жаттығуды өздігінен орындауға арналған үлгі деп қабылдауға үйрету;
2) қимыл техникасының негізгі элементтерін дұрыс орындау икемділіктері мен дағдыларын қалыптастыру;
3) жүру мен жүгірістегі, секіру мен лақтырудағы, лақтыру мен қағып алудағы, еңбектеу мен өрмелеудегі қимылдың негізгі түрлерін жетілдіру;
4) дене сапасын, икемділікті, ептілікті, төзімділікті, қимыл тепе-теңдігін сақтауды, үйлесімділікті қалыптастыру;
5) шапшаң қимылды ойындардағы ережелерді сақтай білуді қалыптастыру;
6) құрдастарының қимылын бағалауға және олардың қателерін байқауға үйрету;
7) дене жаттығуларын орындауға деген қызығушылыққа тәрбиелеу.
269. "Дене шынықтыру" сабағының мазмұны оқыту мақсаты мен күтілетін нәтижені қамтитын бөлімшелерден құралатын оқыту тараулары бойынша ұйымдастырылған. Әрбір бөлімшенің ішінде бірізділікпен ұйымдастырылған оқыту мақсаттары педагогтарға өз жұмыстарын жоспарлауға және балалардың жетістіктерін бағалауға, сондай-ақ оқытудың келесі кезеңдері туралы хабарлауға мүмкіндік береді.
270. Оқу бағдарламасының мазмұны келесі бөлімдерді қамтиды:
1) денсаулық және дене қалпы;
2) қозғала білу және сенімділік.
271. "Денсаулық және дене қалпы" бөлімі келесі бөлімшені қамтиды:
1) денсаулықты нығайту.
272. "Қозғала білу және сенімділік" бөлімі келесі бөлімшелерді қамтиды:
1) қимыл-қозғалыс;
2) дене сапасы.
273. Оқыту мақсаттарының жүйесі:
1-кесте
1-бөлім. Денсаулық және дене қалпы | |
Бөлімше | Оқыту мақсаттары |
1.1 Денсаулықты нығайту | 0.1.1.1 қолға арналған жалпы дамытушы жаттығуларды затсыз орындау |
0.1.1.2 денеге арналған жалпы дамытушы жаттығуларды затсыз орындау | |
0.1.1.3 аяққа арналған жалпы дамытушы жаттығуларды затсыз орындау | |
0.1.1.4 тепе-теңдікке арналған жалпы дамытушы жаттығуларды затсыз орындау | |
0.1.1.5 дұрыс қалыпты қалыптастыруға бағытталған жалпы дамытушы жаттығуларды затсыз орындау | |
0.1.1.6 жалпы дамытушы жаттығуларды затпен орындау |
274. "Денсаулықты нығайту" бөлімшесін іске асыру бойынша күтілетін нәтижелері:
1) жалпы дамытушы жаттығуларды орындайды: қолды көтереді, бүгеді, жазады, айналдырады; қол қимылымен бір мезгілде (жоғары, екі жаққа) отырырып, тұрады; етпетінен жатып қолын екі жаққа, жоғары созады; шалқасынан жатып, екі аяғын көтереді, айқастырады; шалқасынан етпетіне аунап түседі және керісінше, әртүрлі қалпында тұрып солға, оңға, алға, артқа еңкейеді; бір орнында тұрып топылдату, аяқтың ұшымен, өкшемен кезектестіре қадам басады;
2) тепе-теңдікті сақтауды дамытуға арналған жаттығуларды орындайды: тепе-теңдігін сақтай отырып, көлбеу тақтай бойымен (20-30 см), соңында секіру қажет болатын гимнастикалық орындық, бөрене бойымен кезектескен қадаммен бүйірлей жүреді; аяқтың ұшымен сатының аралықтыры арқылы, текшеге басып жүреді; қол белде тізе жоғары көтерілген қалыпта бір-бірінің артынан жүреді; аяқты кезектестіре басып бір орнында айналады; дыбыстық сигнал бойынша тізесін бүге айналады; екі қолын жанына қарай созып, бір аяқпен тұрғанда тепе-теңдігін сақтайды;
3) дұрыс мүсінді сақтауға арналған жаттығуларды орындайды: көлбеу тақтай үстінде етпетінен жатып, қолын тіреп кеудесін көтереді; отырған қалыпта табанымен арқанды домалатады; ішімен жатқан қалыпта допты бір-біріне домалатады; кілем үстінде еңбектейді;
4) заттар, дене шынықтыру снарядтары пайдаланылатын жаттығуларды орындайды: гимнастикалық таяқты ұстап жүреді; шеңберді алдында, басынан асыра ұстайды; кіші допты ұстап қолын бүгеді және жазады; қол басын айналдырады; допты лақтырады және ұстап алады.
2-кесте
2-бөлім. Қозғала білу және сенімділік | |
Бөлімшелер | Оқыту мақсаттары |
2.1 Қимыл-қозғалыс | 0.2.1.1 бір орнындағы және қозғалыстағы қайтадан құру түрлерін орындау |
0.2.1.2 жүріс пен жүгірістің негізгі түрлерін орындау, оларды кезектестіру, қарапайым дене жаттығуларымен үйлестіру | |
0.2.1.3 әртүрлі секіріс түрлерін орындау | |
0.2.1.4 өрмелеу мен еңбектеуді, өрмелеп өтудің әр түрлі түрлерін орындау | |
0.2.1.5 тік және көлденең нысанаға лақтыру | |
0.2.1.6 допты домалату, лақтыру және қағып алу, екі қолмен, оң қолмен еденге ұру, екі қолмен бастан асыра лақтыру және бір қолмен кедергі арқылы лақтыру | |
2.2 Дене сапасы | 0.2.2.1 дене сапасын көрсету: әртүрлі дене әрекетіндегі икемділік, ептілік, тепе-теңдік, үйлесімділік, күш, жылдамдық пен реакция |
0.2.2.2 құрдастарының шағын тобымен таныс ойынды ұйымдастырудағы дербестік пен ынталықты дамыту | |
0.2.2.3 кеңістіктік бағдарлауды, мезгілде бағдарлауды, берілген жағдайлар мен орындық, бөрене бойымен жоғары және төмен жүру кезінде тепе-теңдікті сақтау |
275. "Қимыл-қозғалыс" бөлімшесін іске асыру бойынша күтілетін нәтижелері:
1) бір-бірінің артынан қолдарына жалауша ұстап, қол созым арақашықтықты сақтап, залды айнала жүреді; жүруді жүгіріспен кезектестіреді; қолдың қимылын өзгерте отырып (жоғары, жанына қарай созу, белде), бағытты өзгерте аяқтың ұшымен, өкшемен, дыбыстық сигналдардың аяқталғанына қарай тоқтап жүреді; заттарды аттап жүреді; жүргізушінің артынан әртүрлі бағытта жүреді; жыланша, залдың диагоналы бойымен жүреді;
2) бірінің артынан бірі, бағытты өзгерте, әртүрлі кедергілерді айналып өтіп, жүгіреді; жүгірісті жүрумен кезектестіре отырып шашырай жүгіреді; бағытын (оңға, солға) өзгерте отырып, ұстап алу мен қашып құтылуға арналған тәсілде шашырай жүгіреді;
3) бір орнында тұрып секіру; алға қарай жылжи отырып секіреді; қолын басынан асыра шапалақтап секіреді; тақтай бойымен жүріп, көтерілген ұшынан (биіктігі 10-15 см) тізесін бүгіп өзі секіреді; бір орнында тұрып, арқаннан, гимнастикалық таяқшадан, еденнен 5-10 см биіктікте керілген жіптен секіреді; бір орнында тұрып еденде сызылған (ені 20-30 см) "жылға" бау арқылы ұзындыққа секіреді; шеңберден шеңберге секіреді; заттарды айнала қос аяқтап және бір аяқпен секіреді; секіртпе арқылы секіреді;
4) салмағы, көлемі, материалы әртүрлі доптарды лақтырады және қағып алады, допты қабырғаға, енденге соғады, екі қолымен ұстап алады; допты бір-біріне лақтырады; құм салынған допты нысанаға лақтырады, сақиналарды өзекке лақтырады; шариктерді қақпаға домалатады; допты екі қолымен, бір қолмен еденге ұрады; допты орындықтар арасымен домалатады;
5) гимнастикалық орындық бойымен еңбектейді; көлбеу саты бойымен өрмелейді, аралығын тастап кетпей түседі; швед қабырғасы бойымен аралықтан аралыққа кезектескен қадаммен өрмелейді;биіктіктері әртүрлі заттардың астымен жер бауырлап еңбектеп өтеді; заттардың астынан, заттардың үстінен өрмелеп өтеді;
6) аяқ ұшын теңестіріп, сызық бойымен сапқа тұрады; бір-бірден сапқа, үлкен және кіші шеңбер құрап тұрады, тәрбиешінің сигналы бойынша сапты қайтадан құрайды.
276. "Дене сапасы" бөлімшесін іске асыру бойынша күтілетін нәтижелері:
1) икемділіктерді дамытуға арналған жаттығуларды орындайды: пішіні, фактурасы әртүрлі заттармен орындалатын жаттығулар, қимылдың қарқыны мен ырғағын өзгертеді;
2) күш сапасын дамытуға арналған: арқанды тарту, гантельмен әртүрлі жаттығуларды орындайды;
3) ептілікті дамытуға арналған жаттығулар: еңкею, теңселу, сермеу қимылдарын орындайды;
4) төзімділікті дамытуға арналған: бағытын өзгерте отырып, шеңбер бойымен 5 минут жүгіреді, заттарды тасмалдаумен орындалатын әртүрлі эстафеталарға қатысады, әртүрлі шапшаң қимылды ойындарға қатысады;
5) көзбен шамалауды дамытуға арналған жаттығуларды орындайды: "Нысанаға дәл тигіз", "Асық", кегль.
3-параграф. Қауіпсіздік мінез-құлық негіздері
277. Мақсаты тұрмыстағы, әлеуметтегі, табиғаттағы қолжетімді қауіпсіздік ережелерін қалыптастыру болып табылады.
278. Міндеттері:
1) қолжетімді қауіпсіздік ережелерін түсіну үшін сюжетті қимыл ойындары кезінде үйрету;
2) жаяу жүргінші ретінде және көлік ішіндегі адам ретінде қарапайым жол жүру ережелерімен таныстыру;
3) есту зейінділігін дамыту: дыбыстың шығу көзін анықтау;
4) балалардың көшедегі, табиғаттағы әрекеттерін бейнелейтін жағдаяттарды ойнап көрсетуге үйрету;
5) адам мен қоршаған орта үшін қауіпті жағдаяттарға абай болуға баулу;
6) тұрмыстағы, әлеуметтегі, табиғаттағы қолжетімді қауіпсіздік ережелерін жетілдіру.
279. "Қауіпсіз тәртіп негіздері" сабағының мазмұны оқыту мақсаты мен күтілетін нәтижені қамтитын бөлімшелерден құралатын оқыту тараулары бойынша ұйымдастырылған. Әрбір бөлімшенің ішінде бірізділікпен ұйымдастырылған оқыту мақсаттары педагогтарға өз жұмыстарын жоспарлауға және балалардың жетістіктерін бағалауға, сондай-ақ оқытудың келесі кезеңдері туралы хабарлауға мүмкіндік береді.
280. Оқу бағдарламасының мазмұны келесі бөлімді қамтиды:
1) қауіпсіздік ережелері.
281. "Қауіпсіздік ережелері" бөлімі келесі бөлімшелерді қамтиды:
1) үйдегі (балабақшадағы) қауіпсіздік;
2) көшедегі қауіпсіздік;
3) табиғаттағы қауіпсіздік.
282. Оқыту мақсаттарының жүйесі:
3-кесте
1-бөлім. Қауіпсіздік ережелері | |
Бөлімшелер | Оқыту мақсаттары |
1.1Үйдегі (балабақшадағы) қауіпсіздік | 0.1.1.1 балабақшадағы тәртіп ережелерімен (ойын кезінде бір-біріне бөгет жасамау, өзіне де басқаларға да ауыртатын әрекет жасамау) таныстыру |
0.1.1.2 тыйымға (болмайды, қауіпті) адекватты әсер шақыру, сөйлеу тілімен және сөйлеу тілсіз білдірілетін реакция | |
0.1.1.3 топ бөлмесіндегі жиһаз заттары арасымен жүруге жаттықтыру | |
0.1.1.4 баспалдақтан таянышынан ұстап түсуге жаттықтыру | |
0.1.1.5 үшкір заттармен әрекеттегі қауіпсіз тәсілдерге үйрету | |
0.1.1.6 ересектер ғана пайдалануға болатын тұрмыстық құралдарды (ток шәйнек, үтік) қарастыру, бұл құралдарды неге өздігінен пайдалануға болмайтынын түсіндіру | |
0.1.1.7 өрт шығару қауіпі бар заттармен таныстыру | |
0.1.1.8 өрт қауіпі, тыйым салу және көшіру туралы (шығуды көрсету, ауыз су, отпен пайдалануға тыйым салу) белгілермен таныстыру | |
0.1.1.9 пиктографиялық кодтармен, белгілермен, көрсеткіштермен таныстыру | |
1.2 Көшедегі қауіпсіздік | 0.1.2.1 экскурсия кезінде көліктердің қозғалысын, жүргіншілердің тәртібін бақылау |
0.1.2.2 ойын әрекетін бағдаршамның сигналы бойынша орындау (ересектің көмегімен) | |
0.1.2.3 бағдаршамның түстерін ажырату | |
0.1.2.4 әр түрлі жағдайлар бейнеленген сюжеттік суреттерді қарау: "Ұл бала көшеде нені дұрыс (дұрыс емес) істеді?" | |
0.1.2.5 "жүргіншілердің өтпе жолы" белгісін ерекшелеу | |
0.1.2.6 көлік шуын ажырату: жүріп келе жатқан мәшиненің дыбысы, автомобиль сигналының дыбысы | |
0.1.2.7 қоғамдық көліктегі, көшедегі қарапайым тәртіп ережелері туралы әңгімелерді тыңдау | |
0.1.2.8 жедел сатыны, экскалаторды пайдалануға жаттықтыру | |
0.1.2.9 сюжеттік ойында көшедегі қауіпсіз тәртіп ережесін бейнелейтін әрекеттерді орындау (педагогтың көмегімен) | |
1.3 Табиғаттағы қауіпсіздік | 0.1.3.1 серуен кезінде әртүрлі өсімдіктерді қарау, табиғаттағы тәртіп ережелерін бекіту |
0.1.3.2 табиғат жағдайының (аптап, жаңбыр, қар, жел) өзгеруіне сәйкес қауіпсіздік ережелерін білу | |
0.1.3.3 судағы қауіпсіздік ережесін білу | |
0.1.3.4 жануарларды, құстарды бақылау, жануарлармен қатынастағы қауіпсіздік ережелерін пайдалану | |
0.1.3.5 педагогтің басшылығымен сюжетті ойындарда өсімдіктерге және жидектерге қатысты қауіпсіздік ережелерін пайдалану | |
0.1.3.6 педагогтің басшылығымен сюжетті ойындарда жәндіктерге қатысты қауіпсіздік ережелерін пайдалану | |
0.1.3.7 үй және жабайы жануарлармен әртүрлі қауіпсіз тәртіп ережелері бейнеленген сюжетті суреттерді қарау | |
0.1.3.8 сюжетті ойында табиғаттағы қауіпсіз тәртіпті бейнелейтін әрекеттерді орындау (педагогтің көмегімен) |
283. "Үйдегі (балабақшадағы) қауіпсіздік" бөлімшесін іске асыру бойынша күтілетін нәтижелері:
1) балабақшадағы қарапайым тәртіп ережелері туралы түсінігі бар;
2) топ бөлмесіндегі жиһаз заттары арасымен жүре біледі, баспалдақтан таянышынан ұстап түсе алады;
3) ересектер ғана пайдалануға болатын, өмір мен денсаулық үшін қауіпті заттарды біледі;
4) үшкір заттармен әрекеттегі қауіпсіз тәсілдерді біледі;
5) өрт қауіпі, тыйым салу және көшіру туралы белгілер туралы түсінігі бар.
284. "Көшедегі қауіпсіздік" бөлімшесін іске асыру бойынша күтілетін нәтижелері:
1) көше қозғалысы ережелері түсінігі бар, адамдардың жаяужолмен жүріп, көшеден бағдаршамның рұқсат беретін сигналы бойынша өтетінін біледі;
2) бағдаршамның сигналдарының мағынасын біледі;
3) кез келген жүріп келе жатқан көліктің адамға қауіп төндіретінін біледі;
4) қай жерде велосипед теуіп, қай жерде доп ойнайтынын біледі.
285. "Табиғаттағы қауіпсіздік" бөлімшесін іске асыру бойынша күтілетін нәтижелері:
1) табиғаттағы тәртіп ережелерін (жапырақтарды, гүлдерді жұлмау) біледі;
2) жануарларға қатысты қауіпсіз тәртіп ережелерін біледі;
3) көшедегі, бөтен үйдегі жануарлармен қатынаста сақтық ережелерін сақтайды;
4) жәндіктердің (шыбын, маса, тарақан) зияны, олардың алдын алу шаралары туралы түсінігі бар;
5) табиғаттағы тәртіп ережелерін: ересек адамсыз саңырауқұлақты, жидектерді жеуге болмайтындығын біледі;
6) ауа райы өзгергенде (қар, жаңбыр жауғанда, аптап ыстықта, суықта) өзін қалай ұстау керек екендігін біледі.
4-параграф. "Коммуникация" білім беру саласы
286. "Коммуникация" білім беру саласының базалық мазмұны- сөйлеуді дамыту, көркем әдебиет, сауат ашу ұйымдастырылған оқу қызметінде іске асырылады.
5-параграф. Сөйлеу тілін дамыту
287. Мақсаты: балаларда тілдік дағдыларын, ерікті және қисынды пайдалану дағдысын дамытуды.
288. Міндеттері:
1) балалардың эмоционалды, тұрмыстық, заттық және ойын тәжірибесі мазмұнымен байланысты сөздік қорын кеңейту;
2) сөз жасау және сөз өзгерту дағдыларын дамыту;
3) сөз сөйлеуде түрлі типтегі сөйлемдерді (қарапайым және күрделі) пайдалану дағдысын дамыту;
4) ересек адамдармен және балалармен еркін қарым-қатынас жасау дағдыларын қалыптастыру.
289. "Сөйлеу тілін дамыту" сабағының мазмұны бөлімдерден тұрады және күтілетін нәтижелер түріндегі оқыту мақсаттары бар оқу бөлімшелерінен ұйымдастырылды. Әр бөлімшенің ішінде дәйекті түрде ұйымдастырылған оқыту мақсаттары педагогтарға өз жұмысын жоспарлауға және балалардың жетістіктерін бағалауға, сонымен қатар оқытудың келесі кезеңдері жөнінде ақпараттандыруға мүмкіндік береді.
290. Оқу бағдарламасының мазмұны келесі бөлімдерді қамтиды:
1) лексика;
2) грамматикалық құрылымы;
3) байланыстырып сөйлеу тілі.
291. "Лексика" бөлімі келесі бөлімшелерді қамтиды:
1) сөйлеу тілін түсінуді дамыту;
2) тілдің лексикалық құралдарын дамыту;
292. "Грамматикалық құрылымы" бөлімі келесі бөлімшелерді қамтиды:
1) тілдің грамматикалық құралдарын дамыту;
2) фразалық тілді дамыту.
293. "Байланыстырып сөйлеу тілі" бөлімі келесі бөлімшелерді қамтиды:
1) диалогті сөйлеуді дамыту;
2) монологты сөйлеуді дамыту.
294. Оқытумақсаттарының жүйесі:
4-кесте
1-бөлім. Лексика | |
Бөлімшелер | Оқыту мақсаттары |
1.1 Тілдің түсінуін дамыту | 0.1.1.1 сөздердің лексикалық маңызы мен мәні бар екендігі туралы түсініктің қалыптасуы |
0.1.1.2 күнделікті, жалпылама сөздердің лексикалық мәні мен маңызын түсіну дағдыларының қалыптасуы | |
1.2 Тілдің лексикалық құралдарын дамыту | 0.1.2.1 мағынасы бойынша жақын және қарама-қарсы сөздері жайында түсініктің қалыптасуы. |
0.1.2.2 заттардың тілдік белгісі, олардың сапалары және қызметтік дағдыларының қалыптасуы |
295. "Сөйлеу тілін түсінуді дамыту" бөлімшесін іске асыру бойынша күтілетін нәтижелері:
1) жолданған сөз сөйлеуді тыңдау;
2) күнделікті пайдаланатын, жалпылама, абстрактылы мағынасы бар қарапайым сөздердің (қуаныш, қыс) лексикалық маңызы мен мәнін түсінеді;
3) мағынасы жақын және қарама-қарсы сөздердің мағынасын түсінеді;
4) ауыспалы мағынасы бар сөздерді түсінеді.
296. "Тілдің лексикалық құралдарының дамуы" бөлімшесін іске асыру бойынша күтілетін нәтижелері:
1) тұрмыста жиі кездесетін заттардың атауларын атайды;
2) заттардың қасиеттерін және олармен жасайтын негізгі қимыл-әрекеттерді атай алады;
3) ассоциативті-ситуативті ұстаным бойынша аталған сөзге сөзді таңдай алады (шана-қыс, кеме-теңіз);
4) ересек адамның көмегімен қарама-қарсы мәні бар антонимдерді қолжетімді сөздерді таңдап алады;
5) түсінеді және ересек адамның бақылауында жалпылама сөздерді пайдаланады.
5-кесте
2-бөлім. Грамматикалық құрылымы | |
Бөлімшелер | Оқыту мақсаттары |
2.1 Тілдің грамматикалық құралдарын дамыту | 0.2.1.1 қарапайым грамматикалық санаттар жөнінде түсініктің қалыптасуы |
0.2.1.2 сөз жасау мен сөз өзгертудің қарапайым дағдыларының қалпытасуы | |
2.2 Фразалық сөз сөйлеуді дамыту | 0.2.2.1 қарапайым сөз құрамдары мен сөйлемдерді құрастыру туралы түсініктің қалыптасуы |
0.2.2.2 қарапайым жайылма сөйлемдерді құрастыру дағдыларының қалыптасуы |
297. "Тілдің грамматикалық құралдарының дамуы" бөлімшесін іске асыру бойынша күтілетін нәтижелері:
1) қарапайым грамматикалық санаттарды пайдаланады: зат есімдердің саны және тегі, кейбір қарапайым көмекші сөздер мен септіктер;
2) сөз жасау мен сөз өзгертудің қарапайым дағдылары бар.
298. "Фразалық сөз сөйлеудің дамуы" бөлімшесін іске асыру бойынша күтілетін нәтижелері:
1) қарапайым сөз құрамдары мен сөйлемдерді құрастырады;
2) қарапайым жайылма және одан күрделі сөйлемдерді пайдаланады;
3) айтуы бойынша сөйлемдерді ажырата алады (хабарлы, сұраулы, лепті) және оларды сөйлеу кезінде пайдаланады.
6-кесте
3-бөлім. Байланыстырып сөйлеу тілі | |
Бөлімшелер | Оқыту мақсаттары |
3.1 Диалогті сөйлеудің дамуы | 0.3.1.1 қарым-қатынас жасаудың түрлі жағдайында сөйлеу этикетінің сөздері жөнінде түсініктің қалыптасуы |
0.3.1.2 диалогтік қарым-қатынас жасау дағдыларының қалыптасуы | |
3.2 Монологты сөйлеудің дамуы | 0.3.2.1 байланысқан монологтік сөз сөйлеулердің құрылымы жөнінде түсініктің қалыптасуы |
0.3.2.2 шығармашылық әңгіме айтудың қарапайым дағдыларының қалыптасуы |
299. "Диалогті сөйлеудің дамуы" бөлімшесін іске асыру бойынша күтілетін нәтижелері:
1) адамдар арасындағы мәдени қарым-қатынастың негізгі ережелері жөніндегі түсініктің қалыптасуы;
2) қарапайым өтініштер, жолдаулар арқылы өз қажеттіліктері мен тілектерін білдіреді;
3) ересек адамның бақылауында естіген және көрген жайында сұрақтар қояды;
4) оқылған немесе айтылған мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді.
300. "Монологты сөйлеудің дамуы" бөлімшесін іске асыру бойынша күтілетін нәтижелері:
1) сөйлеу арқылы оқиғалардың бірізділігін жеткізеді;
2) ересек адамның бақылауында тірек суреттер бойынша ертегіні, әңгімені баяндайды;
3) екі-үш сөйлемнен шағын сипаттамалы әңгімелерді құрастырады (педагогтің сұрақтары көмегімен);
4) қарапайым өлеңдерді, санамақтарды, тақпақтарды жаттайды.
6-параграф. Көркем әдебиет
301. Мақсаты балалар көркем әдебиеті мен халық ауыз әдебиет шығармаларын талдау негезінде тұлғаның әлеуметтік қасиеттерін қалыптастыру, кітапқа және оқуға тұрақты қызығушылығын дамыту болып табылады.
302. Міндеттері:
1) түрлі жанрдағы шығармаларды тыңдау қабілетін дамыту;
2) таныс ертегілерді мазмұндау барысында сюжет реттілігін сақтауға, педагогтің көмегімен кейіпкерлердің мінез-құлқын жеткізуге үйрету;
3) көркем әдебиетті оқуға қызығушылығын қалыптастыру.
303. "Көркем әдебиет" сабағының мазмұны бөлімдерден тұрады және күтілетін нәтижелер түріндегі оқыту мақсаттары қамтылған бөлімшелерден ұйымдастырылды. Әр бөлімнің ішінде дәйекті түрде ұйымдастырылған оқыту мақсаттары педагогтерге өз жұмысын жоспарлауға және балалардың жетістіктерін бағалауға, сонымен қатар оқытудың келесі кезеңдері жөнінде ақпараттандыруға мүмкіндік береді.
304. Оқу бағдарламасының мазмұны келесі бөлімдерді қамтиды:
1) тыңдалған/көріп шыққан материалды түсінуі;
2) талдау және интерпретациялау.
305. "Тыңдалған/көріп шыққан материалды түсінуі" бөлімі келесі бөлімшелерді қамтиды:
1) көркем шығарма мазмұнын түсіну;
2) жатқа оқу;
3) педагогтың көмегімен тыңдалған мәтінді мазмұндау;
4) жауаптарды құрастыру.
306. "Талдау және интерпретациялау" бөлімі келесі бөлімшелерді қамтиды:
1) әдеби шығарманың жанрын анықтау;
2) кейіпкерлерді сиппаттау.
307. Оқыту мақсаттарының жүйесі:
7-кесте
1-бөлім. Тыңдалған/көріп шыққан материалды түсінуі | |
Бөлімшелер | Оқыту мақсаттары |
1.1 Көркем шығарма мазмұнын түсіну |
0.1.1.1 кішігірім мәтіндердің, ертегілердің, балалар өлеңдерінің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру; |
1.2 Жатқа айту |
0.1.2.1 кішігірім тақпақтарды жатқа мәерлеп айту; |
1.3 Мазмұндау |
0.1.3.1 иллюстрация бойынша тыңдалған шығарманы мазмұндау; |
1.4 Жауаптарды құрастыру |
0.1.4.1 иллюстрация бойынша сұрақтарды құрастыру; |
308. "Көркем шығарма мазмұнын түсіну" бөлімшесін іске асыру бойынша күтілетін нәтижелері:
1) көркем шығарманың мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді;
2) кейіпкерлердің өзара қарапайым қатынастарын анықтайды;
3) иллюстрация бойынша әңгімелейді және өзінің эмоциональді күйін айта алады.
309. "Жатқа айту" бөлімшесін іске асыру бойынша күтілетін нәтижелері:
1) кішігірім тақпақтарды жатқа мәнерлеп оқиды;
2) естігенін баяндап береді;
3) ертегілердің, әңгімелердің, тақпақтардің мазмұнын тыңдайды, түсінеді,шығарма мазмұнына эмоциональді түрде ілтипатын білдіреді.
310. "Мазмұндау" бөлімшесін іске асыру бойынша күтілетін нәтижелері:
1) иллюстрация бойынша тыңдалған шығарманы мазмұндайды;
2) өзіне таныс ертегілердің оқиға желесінің реттілігін бұзбай мазмұндайды.
311. "Жауаптарды құрастыру" бөлімшесін іске асыру бойынша күтілетін нәтижелері:
1) шығарма мазмұны бойынша қойылған сұрақтарға (сөйлеу мүмкіндіктеріне қарай, суреттерді тірек ете отырып) жауап береді.
8-кесте
2-бөлім. Талдау және интепретациялау | |
Бөлімше | Оқыту мақсаттары |
2.1 Әдеби шығарманың жанрын анықтау | 0.1.2.1 жанрларды ерекшеліктері бойынша (жұмбақ, ертегі, тақпақ): ойдан құрастырылған, сипаттау, ұйқастығын (рифма) тани білу |
2.2 Кейіпкерлерді сипаттау |
0.2.2.1 кейіпкерлердің әрекеттеріне қатынасын білдіру; |
312. "Әдеби шығарманың жанрын анықтау" бөлімшесін іске асыру бойынша күтілетін нәтижелері:
1) ертегіні, жұмбақтарды, тақпақтарды оларға тән ерекшеліктері бойынша тани біледі;
2) суреттері бойынша таныс шығармаларды тани біледі.
313. "Кейіпкерлерді сипаттау" бөлімшесін іске асыру бойынша күтілетін нәтижелері:
1) көркем шығарма кейіпкерлеріне қарапайым сипаттама (жақсы-жаман, мейірімді-ызақор) береді.
7-параграф. Сауат ашу негіздері
314. Мақсаты балаларды кейінгі оқу және жазу дағдыларын меңгеруге дайындау болып табылады.
315. Міндеттері:
1) сөздің дыбысталуын тыңдау икемділігін, ішінен дыбыстық кешендер мен жеке дыбыстарды анықтауды және тануды дамыту;
2) дыбысталуы және айтылуы бойынша жақын дыбыстарды ажырата алуды бекіту;
3) "сөйлем", "сөз", "буын", "дыбыс" түсініктерін дифференциациялауға үйрету;
4) сөйлемдегі сөздерді естуге ажырата алуға үйрету;
5) қарапайым дыбыстық талдау дағдыларын дамыту;
6) сөйлемдегі сөздерді анықтай алуды үйрету;
7) сөздердің буындық құрылымын анықтауға үйрету;
8) қағаз бетіндегі кеңістікте бағдарлануын дамыту;
9) қолды жазуға дайындау;
10) мектептегі оқуға уәждемесін қалыптастыру.
316. Сауат ашу негіздеріне оқыту процесінде келесі шарттар ескеріледі:
1) оқыту дұрыс айтылатын дыбыстар мен сөздерде ғана жүргізіледі;
2) барлық дыбыстарды өту қарқыны біршама баяу;
3) барлық ауызша сөйлеу материалы балаларға таныс;
4) сөйлеу материалын жүйелі қайталау және бекіту жүреді;
5) дыбыстық анализ келесі реттілікте жүзеге асырылады: екі дауысты дыбыс ұйқасында;тұйық буындағы дауыстынын дауыссызбен ұйқасында;ашық буындағы дауыссыздың дауыстымен ұйқасында;дауыссыз-дауысты-дауыссыз түрі бойынша бір буынды сөз; ашық буындардан құралған екі және үш буынды сөздер; ашық және бітеу буыннан құралған екі және үш буынды сөздер.
317. "Сауат ашу" сабағы мазмұны күтілетін нәтижелер түрінде берілген оқыту мақсаттарын қамтылған бөлімшелерден тұратын бөлімдер бойынша ұйымдастырылған. Бөлімшелердің ішінде берілген әр оқыту мақсаттары педагогтың өз жұмысын жоспарлауға және балалардың жетістіктерін бағалауға, сонымен бірге оқытудың келесі кезеңдері туралы ақпараттандыруға мүмкіндік береді.
318. Оқу бағдарламасының мазмұны келесі бөлімдерді қамтиды:
1) фонематикалық есту;
2) жазуға дайындау.
319. "Фонематикалық есту" бөлімі келесі бөлімшелерді қамтиды:
1) сөйлеудің дыбыстық жағында бағдарлау;
2) сөздің буындық құрылымында бағдарлау;
3) сөйлем құрылымында бағдарлау.
320. "Жазуға дайындау" бөлімі келесі бөлімшелерді қамтиды:
1) қолды жазуға дайындау;
2) қағаз бетіндегі кеңістікте бағдарлауын дамыту.
321. Оқыту мақсаттарының жүйесі:
9-кесте
1 - бөлім. Фонематикалық есту | |
Бөлімшелер | Оқыту мақсаттары |
1.1 Сөйлеудің дыбыстық жағында бағдарлау | 0.1.1.1 сөйлеудегі дыбыстарды естуге қабылдау |
0.1.1.2 сөздердегі дыбыстарды анықтау және оларды дауысты және дауыссыздарға дифференцияциалау | |
0.1.1.3 сөздердің және буындардың дыбыстық талдауын жүгізу | |
0.1.1.4 сөздің дыбыстық құрамының модельдерін келтіру | |
1.2 Сөздің буындық құрылымында бағдарлау | 0.1.2.1 сөздерді буындарға бөлу |
0.1.2.2 сөздегі буындардың санын және ретін анықтау | |
1.3 Сөйлем құрылымында бағдарлау |
0.1.3.1 сөйлем ішінде сөздерді естуге ажырата алу; |
322. "Сөйлеу тілінің дыбыстық жағында бағдарлау" бөлімшесін іске асыру бойынша күтілетін нәтижелері:
1) дыбыстың және сөздің ақырын және қатты, жоғары және төмен айтылу ерекшеліктеріне талдау жасай алады;
2) ересек адамның көмегімен сөздегі дыбыстардың орнын анықтай алады;
3) сөздегі дыбысты ересектің дыбысты интонациямен белгілеген жағдайда және бақылау барысында анықтай алады;
4) екпінді дауысты дыбысты сөздің басында анықтай алады;
5) бейтарап түсті текшелерді: ақшыл сары немесе сұр дыбыстың санын және реттілігін белгілеу үшінқатарластырып қояды;
6) ересек адамның көмегімен сөздегі дыбыстардың реттілігін орната алады;
7) сөздердің және сөз тіркестерініңфонематикалық талдауын және жинақтауын ересектің көмегімен жүзеге асыра алады;
8) сыртқы әрекетіне сүйене отыра фонематикалық талдаудың әрекетін орындай алады;
9) "дауысты" және "дауыссыз" дыбыстарды ажырата алады;
10) ересектің көмегімен "дауысты дыбыс" және оның белгіленуі - қызыл текшені қолданады және түсінеді;
11) "дауыссыз" дыбыстар жайлы түсінігі бар.
323. "Сөздің буындық құрылымында бағдарлау" бөлімшесін іске асыру бойынша күтілетін нәтижелері:
1) ересектің интонациямен айтуында екпінді дыбысты естиді және көрсете алады;
2) бір буынды және екі буынды сөздерді ажырата алады;
3) сөздің созылыңқылығын (сөздің буындық құрылымын) шапалақтау, аяқты арқылы анықтайды;
4) сөздерді буынға (бөліктерге) бөле алады, сөздегі буындардың санын анықтай алады;
5) буындық құрамы бойынша сөздерді салыстырады;
6) сызбалар және модельдер бойынша (ересектің көмегімен) сөздерді іріктеп таңдай алады;
7) карточкаға сүйене отыра дыбысталуы бойынша бірдей буындарды және ұқсас дыбысталуы бар буындық қатарларды ажырата алады;
8) жеке буындарды көрнекі бейнелейтін, көмекші құралдарды - ұсақ текшелер, ойыншықтар қолдана алады.
324. "Сөйлем құрылымында бағдарлау" бөлімшесін іске асыру бойынша күтілетін нәтижелері:
1) "сөйлем", "сөз", "дыбыс" терминдері жайлы алғашқы түсініктерге ие;
2) интонация бойынша сөйлемдерді ажыратады;
3) сөйлеу ағымын сөйлемдерге, сөйлемдерді-жеке сөздерге бөле алады;
4) белгілі бір әрекетпен көрсете отыра(шапалақ, жалаушаны көтеру) берілген сөзді ұсынылған сөйлем ішінен ажырата алады;
5) сөйлемдегі сөздердің санын және олардың ретін анықтайды;
6) 3-5 сөзден құралатын сөйлемдерді талдау дағдысын меңгерген;
7) сөйлемдердің құрылымының сызбасын біледі.
10-кесте
2-бөлім. Қолды жазуға дайындау | |
Бөлімшелер | Оқыту мақсатттары |
2.1 Қолды жазуға дайындау | 0.2.1.1 жазу кезінде қарындашты немесе қаламды дұрыс ұстау дағдысының болуы |
0.2.1.2 үзілмейтін сызықтарды сыза алу | |
2.2 Қағаз бетіндегі кеңістікте бағдарлануын дамыту | 0.2.2.1 қағаз бетінде бағдарлану |
0.2.2.2 "жұмыс" жолағында бағдарлану |
325. "Қолды жазуға дайындау" бөлімшесін іске асыру бойынша күтілетін нәтижелері:
1) түрлі заттарды әртүрлі бағытта сызықпен түрлейді (солдан оңға, жоғары-төмен);
2) геометриялық фигураларды және таяқшалардан сызықшаларды құру, бауларды және мозаикаларды құрастырып салу, ауада және ұнтақ жарманың жұқа қабатында сурет салу дағдысы бар; шектеуішке сүйене отыра және оның көмегінсіз трафарет көмегімен сызықшаларды салу дағдысы бар;
3) жұмыс жолына сызықшаларды жаза алады;
4) жазу және сурет салу үшін заттарды дұрыс қолданады (бор, фломастерлер, қалам, парақ қағаз, тақта); жазу кезінде қарындашты дұрыс ұстайды;
5) қағаз бетінен қарындашты үзбей отыра, пішіні бойынша заттарды және салынған қарапайым гоеметриялық фигураларды қоршап сыза алады; нүктелер бойынша біршама ірі геометриялық фигураларды біріктіре алады, трафарет бойынша айналдырып сыза алады; ересектің көмегімен үздіксіз қимылдармен нүкте сызық бойынша заттарды айналдырып сыза алады; нүкте сызық бойынша орамаларды қоршап сызады; қарапайым шиеліністер бойымен үздіксіз сызықтармен жүргізе алады;
6) пішіні бойынша әріптерге ұқсас келетін заттарды: "тамшы", "ілгек", "кірпі" салады.
326. "Қағаз бетіндегі кеңістікте бағдарлануын дамыту" бөлімшесін іске асыру бойынша күтілетін нәтижелері:
1) қағаз бетінде заттарды орналастыра алады (жоғарыда, төменде, жан-жақта);
2) ересектің бақылауында қағаз бетінде бағдарлайды;
3) берілген сызықтарға бағдарлана отыра, қағаз бетінде графикалық бейнелерді дұрыс орналастыра алады;
4) дәптердегі ірі торға бағдарлана алады;
5) торларды айналдырып сыза алады, түрлі графикалық өрнеуліктерді орындай отырып, көлденең және тігінен сызықтарды сыза алады;
6) қағаз бетінін жазықтық бейнесінде заттар арасындағы кеңістіктегі қарым-қатынасын аудару бойынша арнайы жаттығуларды ересектің бақылауында орындай алады;
7) жазу кезінде жол үстіндегі қолдың қимыл-козғалысын үйлестіре алады.
8-параграф. Драма
327. Мақсаты театр өнеріне қызығушылығын тәрбиелеу; ересектермен және құрбыларымен өзара әрекеттесу біліктілігін қалыптастыру; ересектің жетекшілігімен рөлге енуге үйрету; қойылым жасау кезінде дұрыс тәртіп дағдыларын қалыптастыру болып табылады.
328. Міндеттері:
1) театрлардың әртүрлі түрлерін пайдалана отырып, ертегі кейіпкерінің рөліне енуді қалыптастыру;
2) "бала - бала", "бала - ересек" типі бойынша қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыру;
3) дұрыс тыныс алу дағдысын жетілдіру;
4) негізгі психикалық процестер мен сапаларды (қабылдау, жад, зейін, қиялдау) дамыту;
5) кейіпкерлерді интонациясы бойынша тануды, кеңістікте бағдарлай білуді қалыптастыру;
6) дауыс биіктігін ажырату;
7) сөйлеу тілдік интонацияны дамыту; ересек адамның көмегімен ым-ишарат және мимика арқылы тіршілік иелерінің бейнесін құру;
8) сезімдермен таныстыру: сезімдер және қуаныш, күлкі, қорқыныш, жылау эмоционалды жағдайларды ажырату;
9) практикада қарым-қатынастың сөйлеу тілдік емес құралдарын пайдалана білуді және оларды әрекетте пайдалану икемділігін дамыту;
10) тәртіп мәдениеті дағдыларын қалыптастыру;
11) музыкалық сигналды (бубен) және команда (шапалақ) қабылдау арқылы есту зейінін дамыту;
12) таныс ертегілер бойынша қойылымдарды қойған кездегі дұрыс тәртіп дағдыларын қалыптастыру.
329. "Драма" сабағының мазмұны оқыту мақсаты мен күтілетін нәтижені қамтитын бөлімшелерден құралатын оқу бөлімдері бойынша ұйымдастырылған. Әрбір бөлімшенің ішінде бірізділікпен ұйымдастырылған оқыту мақсаттары педагогтарға өз жұмыстарын жоспарлауға және балалардың жетістіктерін бағалауға, сондай-ақ оқытудың келесі кезеңдері туралы хабарлауға мүмкіндік береді.
330. Оқу бағдарламасының мазмұны келесі бөлімдерді қамтиды:
1) артикуляциялық дағдылар;
2) қимыл-қозғалыстыңүйлесімділік дағдылары;
3) коммуникативтік-сөйлеу тілдік және ойын дағдылары.
331. "Артикуляциялық дағдылар" бөлімі келесі бөлімшелерді қамтиды:
1) тыныс алу және артикуляция;
2) интонация.
332. "Қимыл-қозғалыстың үйлесімділік дағдылары" бөлімі келесі бөлімшені қамтиды:
1) қимылдың ырғағы мен үйлесімділігі сезімі.
333. "Коммуникативтік-сөйлеу тілдік және ойын дағдылары" бөлімі келесі бөлімшені қамтиды:
1) өзара әрекеттесу тәсілдері.
334. Оқыту мақсаттарының жүйесі:
11-кесте
1-бөлім. Артикуляциялық дағдылар | |
Бөлімшелер | Оқыту мақсаттары |
1.1 Тыныс алу және артикуляция | 0.1.1.1 тыныс алудың ұзақтығы мен күшін жетілдіру |
0.1.1.2 буындар қатары мен сөздерді бір тыныста айту | |
0.1.1.3 ауыз және мұрын арқылы тыныс алуды жіктеуді жетілдіру | |
1.2. Интонация | 0.1.2.1 интонацияны ажырату (хабарлау және сұрақтық), оларды ересектің көрсетуі бойынша шығару |
0.1.2.2 ересектің көрсетуімен әр түрлі эмоциялар мен сезімдерді білдіру үшін күші әр түрлі дауысты (қатты, ақырын, мейіріммен, қатаң) пайдалану | |
0.1.2.3 дауыстың биіктігін (төмен, жоғары дауыс) ажырату | |
0.1.2.4 ақырын және қатты дауысты пайдаланау икемділігін дамыту |
335. "Тыныс алу және артикуляция" бөлімшесін іске асыру бойынша күтілетін нәтижелері:
1) үрлеуге берілген тыныс алу жаттығуларын, сөйлеу тілдік аппаратты дамытуға арналған артикуляциялық жаттығулардыорындайды;
2) тыныс алғанда ауа ағынын дұрыс пайдалана біледі;
3) дұрыс тыныс алу мен тыныс шығаруды бақылай біледі;
4) буындар қатары мен сөздерді бір тыныста айта алады;
5) ауыздық және мұрындық тыныс алуды жіктей біледі.
336. "Интонация" бөлімшесін іске асыру бойынша күтілетін нәтижелері:
1) ересек адамның мысалында дыбыстарды, сөздерді, сөз тіркестерін дауыстың күші мен қарқынын сақтай отырып, дұрыс айта алады;
2) кейіпкердің эмоционалды жағдайын мимика, ым-ишаратты пайдалана отырып бере біледі;
3) ересектің көрсетуімен сан алуан түрлі эмоционалды жағдайларды (көңілсіз, қуанышты, ызалы, таңданған, аянышты) бейнелейтін интонацияны сақтайды;
4) дауыс күшін (төмен, биік) ажыратады;
5) ақырын және қатты дауысты пайдалана біледі.
12-кесте
2-бөлім. Қимылды үйлестіру дағдылары | |
Бөлімше | Оқыту мақсаттары |
2.1 Ырғақ сезімі мен қимыл үйлесімділігі | 0.2.1.1 дене мүшелерінің кеңістіктік орналасуы туралы түсінікті қалыптастыру: таныс кейіпкерлерді маңызды белгілер бойынша қабылдау және тану |
0.2.1.2 командаға (шапалақ) немесе музыкалық сигналға (ересектің сигналы бойынша: бубенді соғу, дағыра, сылдырмақ) сәйкес әрекеттену | |
0.2.1.3 кеңістікте бағдарлау (музыка залында, топта), ересектің көмегімен әр түрлі қарқында (жылдам, ақырын) қозғалу | |
0.2.1.4 өзінің әрекеттерін серіктесінің әрекеттерімен үйлестіру (ересектің сөздік нұсқау және көрсетуі бойынша) |
337. "Ырғақ сезімі мен қимыл үйлесімділігі" бөлімшесін іске асыру бойынша күтілетін нәтижелері:
1) мәнерлі және ырғақты қимылдау дағдылары бар;
2) педагогтың көмегімен музыканың сүйемелдеуімен өз қимылын басқара алады;
3) қимылын музыкамен сәйкестендіреді, қимылын ырғаққа сәйкес үйлестіреді;
4) педагогтің көрсетуі бойынша өзінің қимылдарын серіктесінің әрекеттерімен сәйкестендіре алады;
5) ым-ишарат, мимика арқылы тіршілік иелері мен заттардың бейнелерін құрайды;
6) топта және музыка залында бағдарлай алады;
7) педагогтың көрсетуі бойынша әртүрлі қарқында қозғалады.
13-кесте
3-бөлім. Коммуникативтік-сөйлеу тілдік және ойын дағдылары | |
Бөлімше | Оқыту мақсаттары |
3.1 Өзара әрекеттену тәсілдері | 0.3.1.1 ересектің көмегімен сюжеттік-рөлдік ойындарға қатысу |
0.3.1.2 ересектің пікіріне құлақ салу | |
0.3.1.3 үлгі бойынша ойыншық заттармен таныс әрекеттерді ойын жағдайына көшіру | |
0.3.1.4 ойыншықтарды, костюмдерді, декорацияларды ұқыптылықпен пайдалану | |
0.3.1.5 сөздік нұсқау бойынша басқа кейіпкерлермен өзара рөлдік әрекеттену | |
0.3.1.6 ересектің басшылығымен мимиканы, интонацияны, ым-ишаратты, ойын атрибуттарын пайдалана отырып, таныс әдеби сюжеттер бойынша кейіпкерлердің бейнесін құру | |
0.3.1.7 эмоционалды жағдайды ым-ишаратты, қалыпты және мәнерлі қимылдарды ілестіре отырып, бет-әлпеттің мимикалық қимылымен беру | |
0.3.1.8 ересектің көмегімен ым-ишарат және мимика арқылы тіршілік иелері мен заттардың бейнесін құру | |
0.3.1.9 сезімдермен таныстыру: сезімдерді және қуаныш, реніш, қорқыныш, ауру, күлкі, жылау сияқты эмоционалды жағдайларды ажырату | |
0.3.1.10 практикада сөйлеу тілдік емес қарым-қатынас құралдарын пайдалана білуді және оларды әрекетте дұрыс шығара білуді қалыптастыру | |
0.3.1.11 тәртіп мәдениеті дағдыларын қалыптастыру |
338. "Өзара әрекеттену тәсілдері" бөлімшесін іске асыру бойынша күтілетін нәтижелері:
1) қойылымда және дарамалауда ересекпен бірге өзінің рөлін ойнайды;
2) кейіпкерлерге тән тәртіп ерекшеліктерін көрсетеді;
3) театр қойылымына қызығушылық танытады;
4) қандай да бір тіркесті немесе ойын өлеңді үлгі бойынша әртүрлі интонациямен айтады;
5) ұжымдық шағын театр қойылымдарына қатысады;
6) мәнерлеу құралдарының көмегімен таныс емес аудиторияда (мерекеде, ересектер отырғанда, басқа топта) көрсетеді;
7) бейнелейтін кейіпкерінің мінезін және оның белгілі бір жағдайдағы әрекеттерін ересектің көмегімен және мәнерлеп айту тәсілдерімен (интонация, мимика, ым-ишарат) бере біледі;
8) кейіпкердің эмоционалды жағдайын ым-ишаратты, қалыпты және мәнерлі қимылдарды ілестіре отырып, бет-әлпеттің мимикалық қимылымен бере біледі;
9) ересектің көмегімен ым-ишарат және мимика арқылы тіршілік иелері мен заттардың бейнесін құрады;
10) сезімдерді және қуаныш, реніш, қорқыныш, ауру, күлкі, жылау сияқты эмоционалды жағдайларды ажырата алады;
11) сөйлеу тілдік емес қарым-қатынас құралдарын пайдалана алады;
12) заттарды, қуыршақтарды, костюмдерді, декорацияны ұқыптылықпен пайдаланады;
13) театрланған ойындарға қызығушылық танытады.
9-параграф. "Таным" білім беру саласы
339. "Таным" білім беру саласының базалық мазмұны - қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру, сенсорика, құрастыру, жаратылыстану ұйымдастырылған оқу қызметінде іске асырылады.
10-параграф. Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру
340. Мақсаты балаларды салыстыру, сәйкестендіру икемділіктеріне, әртүрлі көптіктер мен көптіктердің элементтерімен арасындағы сәйкестікті табуға үйрету.
341. Міндеттері:
1) математикалық түсініктерді әрекеттің басқа түрлерімен (бейнелеу, құрастыру және ойын) өзара әрекетте қалыптастыру;
2) балалардың сабақта алған математикалық білімі мен икемділіктерін өздігінен ойын кезінде және практикалық әрекетте пайдалануы үшін жағдай тудыру;
3) балалардың танымдық қабілеттерін: талдай, жіктей, қорытындылай алуын, салыстыра отырып заңдылықты, байланыс пен қатынасты табуын, алдағы әрекетті жоспарлай білуін дамытуды жалғастыру;
4) арифметикалық есептерді шығарғанда, арифметикалық әрекеттерді орындағанда шартты таңбаларды (цифрларды) пайдалануға үйрету;
5) бес көлеміндегі цифрлармен таныстыру;
6) ауызша онға дейін тура санауға және жетіден кері санауға үйрету;
7) сандардың дәйектілігі мен әрқайсысының сан қатарындағы орны туралы түсінікті қалыптастыру;
8) он саны көлемінде берілген саннан берілген санға дейін санауға үйрету;
9) өлшеу дағдыларын қалыптастыру, құрылымды өлшемдерді пайдаланумен таныстыру.
342. "Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру" сабағының мазмұны оқыту мақсаты мен күтілетін нәтижені қамтитын бөлімшелерден құралатын оқыту бөлімдері бойынша ұйымдастырылған. Әрбір бөлімшенің ішінде бірізділікпен ұйымдастырылған оқыту мақсаттары педагогтарға өз жұмыстарын жоспарлауға және балалардың жетістіктерін бағалауға, сондай-ақ оқытудың келесі кезеңдері туралы хабарлауға мүмкіндік береді.
343. Оқу бағдарламасының мазмұны келесі бөлімдерді қамтиды:
1) кеңістікте бағдарлау;
2) сан мен санау;
3) геометриялық пішіндер.
344. "Кеңістікте бағдарлау" бөлімі келесі бөлімшені қамтиды:
1) заттардың кеңістікте орналасуы.
345. "Сан мен санау" бөлімі келесі бөлімшелерді қамтиды:
1) заттарды санау;
2) көптік;
3) дәйектілік;
4) көлемдер.
346. "Геометриялық фигуралар" бөлімі келесі бөлімшені қамтиды:
1) фигуралар.
347. Оқыту мақсаттарының жүйесі
14-кесте
1-бөлім. Кеңістікте бағдарлау | |
Бөлімше | Оқыту мақсаттары |
1.1 Заттардың кеңістікте орналасуы | 0.1.1.1 қағаз бетінде (жоғары, төмен, оң, сол жақтарын, ортасын) бағдарлау |
0.1.1.2 кеңістікте (сол жақта, оң жақта, жоғарыда, төменде, алда, артта, жақын, алыс, арасында, жанында) бағдарлау | |
0.1.1.3 өз дене мүшелерінде бағдарлау: жоғарыда - бас, мойын, кеуде, төменде - аяқ, алдында - бет, іш, артында - арқа, сол, оң қол; | |
0.1.1.4 педагогтың көрсетуі бойынша заттарды өзіне қатысты (алыс-жақын, жанында, анда, мұнда) орналастыру | |
0.1.1.5 көрсету бойынша, сөздік нұсқау бойынша қозғалыстыөзіне қатысты берілген бағытта (алға-артқа, жанына қарай, жоғары-төмен, оңға-солға) орындау |
348. "Заттардың кеңістікте орналасуы" бөлімшесін іске асыру бойынша күтілетін нәтижелері:
1) қағаз бетінде бағдарлайды, жоғары, төмен, оң, сол жақтарын, ортасын ажыратады;
2) өз дене мүшелерінде бағдарлайды;
3) мағынасы қарама-қайшы жұптық түсініктерді: "оңға-солға", "алға-артқа" ерекшелейді;
4) көрсетілгенбағытта қозғалады, заттарды үлгі бойынша, сөздік нұсқау бойынша орналастырады.
15-кесте
2-бөлім. Сан және санау | |
Бөлімшелер | Оқыту мақсаттары |
2.1 Заттарды санау | 0.2.1.1 5 сан көлеміндегі заттарды санау, қорытынды санды саусақ санымен сәйкестендіру |
0.2.1.2 5 көлемінде реттік санау: "Саны бойынша қайсы?" | |
0.2.1.3 сан қатары, санның сан қатарындағы орны: көрші сандар, түсіп қалған сан, санау нәтижесінің заттардың көлеміне, арасындағы қашықтыққа, олардың кеңістіктік орналасуына және санау бағытына тәуелсіздігі | |
0.2.1.4 көрші сандардың арасындағы қатынасты, көрнекілік үлгілеуді пайдаланып | |
0.2.1.5 4, 5 цифрларымен көру және тактильдік-қимылдық тексеру арқылы таныстыру | |
0.2.1.6 5 көлемінде берілген саннан берілген санға дейін кері тәртіпте санау | |
0.2.1.7 5 көлеміндегі кез-келген саннан бастап, сандардың тура және кері тәртіптегі дәйектілігін шығару | |
0.2.1.8 5 көлеміндегі сандардың жеке бірліктерден және екі кіші саннан құралатын құрамы | |
0.2.1.9 сандарды салыстыру, заттарды қосу және алу тәсілімен топтағы заттардың арасындағы теңдік пен теңсіздікті анықтау | |
2.2 Көптік | 0.2.2.1 еліктеу, үлгі бойынша, педагогтың сөздік нұсқауы бойынша көптіктен бес затты ерекшелеу |
0.2.2.2 5 көлеміндегі көптіктерді (арттыру, кеміту, теңдестіру) түрлендіру | |
0.2.2.3 екі топ заттарын саны бойынша салыстыру | |
0.2.2.4 5 көлеміндегі көптіктен берілген сандағы заттарды санап алу | |
0.2.2.5 шартты өлшем көмегімен созылмалы, сұйық және сусымалы көптіктерді өлшеу | |
0.2.2.6 көптіктегі заттарды белгілі бір қасиеті бойынша біріктіру | |
0.2.2.7 үздіксіз шартты өлшемді пайдалана отырып көптікті өлшеу, салыстыру және түрлендіру | |
2.3 Шамалар | 0.2.3.1 заттарды көлемі (үлкен-кіші, мөлшері бойынша бірдей, ең кіші (үлкен) бойынша ерекшелеу, салыстыру |
0.2.3.2 заттарды биіктігі (биік-аласа, биіктігі бойынша бірдей, ең аласа (биік) бойынша ерекшелеу, салыстыру | |
0.2.3.3 заттарды ұзындығы (ұзын-қысқа, ұзындығы бойынша бірдей, ең қысқа (ұзын) бойынша ерекшелеу, салыстыру | |
0.2.3.4 заттарды жуандығы (жуан-жіңішке, жуандығы бойынша бірдей, ең жіңішке (жуан) бойынша ерекшелеу, салыстыру | |
0.2.3.5 заттарды тереңдігі (терең-таяз, тереңдігі бойынша бірдей, ең таяз (терең) бойынша ерекшелеу, салыстыру | |
0.2.3.6 шартты өлшем көмегімен қоршаған заттардың ұзындығын, енін, биіктігін және жуандығын өлшеу | |
0.2.3.7 шартты өлшем көмегімен сұйық және сусымалы заттардың көлемін анықтау | |
0.2.3.8 зат топтарын берілген қасиеттері бойынша құрау | |
0.2.3.9 ойын, заттық әрекетте заттардың көлемін есепке алу | |
2.4 Мезгілдік түсініктер | 0.2.4.1 жыл мезгілі: күз, қыс, көктем, жаз |
0.2.4.2 мезгілдік түсініктер: бүгін, кеше, ертең. | |
0.2.4.3 тәулік бөліктері: түн, таңертең, күндіз, кешке | |
0.2.4.4 апта, апта күндері, кеше аптаның қай күнінің болғанын, бүгін қай күні екенін, ертең қай күні болатындығын анықтау | |
0.2.4.5 түзімдік сәттердің (алдымен, содан кейін) дәйектілігі |
349. "Заттарды санау" бөлімшесін іске асыру бойынша күтілетін нәтижелері:
1) 5 көлеміндегі заттарды санайды, қорытынды санды саусақ санымен сәйкестендіреді;
2) 5 көлемінде реттік санауды меңгерген, "саны бойынша қайсы?" сұрағына жауап береді;
3) сан қатары, санның сан қатарындағы орны, көрші сандар, түсіп қалған сан туралы түсінігі бар;
4) санау нәтижесінің заттардың көлеміне, арасындағы қашықтыққа, олардың кеңістіктік орналасуына және санау бағытына тәуелсіз екендігі туралы түсінігі бар;
5) 5 көлеміндегі кез-келген саннан бастап, сандардың тура және кері тәртіптегі дәйектілігін шығарады;
6) 1-ден 5-ке дейінгі цифрлар туралы түсінігі бар;
7) заттарды қосу және алу тәсілімен топтағы заттардың арасындағы теңдік пен теңсіздікті анықтайды;
8) 5 көлеміндегі сандардың құрамын біледі.
350. "Көптік" бөлімшесін іске асыру бойынша күтілетін нәтижелері:
1) еліктеу, үлгі бойынша, педагогтың сөздік нұсқауы бойынша көптіктен бес затты ерекшелейді;
2) 5 көлеміндегі көптіктерді (арттыру, кеміту, теңдестіру) түрлендіреді;
3) екі топ заттарын саны бойынша салыстырады, 5 көлеміндегі көптіктен берілген сандағы заттарды санап алады;
4) шартты өлшем көмегімен созылмалы, сұйық және сусымалы көптіктерді өлшейді;
5) үздіксіз шартты өлшемді пайдалана отырып, көптікті өлшейді, салыстырады және түрлендіреді.
351. "Көлемдер" бөлімшесін іске асыру бойынша күтілетін нәтижелері:
1) бірінің үстіне бірін салу, қабаттастырып қою тәсілдерімен заттарды көлемі, ұзындығы, ені, биіктігі, жуандығы бойынша салыстырады;
2) шартты өлшемді пайдалана отырып, қоршаған заттардың көлемін, ұзындығын, енін, биіктігін, жуандығын өлшейді;
3) зат топтарын берілген қасиеттер бойынша құрайды.
352. "Мезгілдік түсініктер" бөлімшесін іске асыру бойынша күтілетін нәтижелері:
1) жыл мезгілдері (күз, қыс, көктем, жаз), тәулік бөліктері (түн, таңертең, күндіз, кешке) туралы түсінігі бар;
2) апта күндері туралы түсінігі бар;
3) мұғалімнің көмегімен кеше аптаның қай күнінің болғанын, бүгін қай күні екенін, ертең қай күні болатындығын анықтайды;
4) балабақшадағы түзімдік сәттердің дәйектілігін біледі.
16-кесте
3-бөлім. Геометриялық фигуралар | |
Бөлімше | Оқыту мақсаттары |
3.1 Пішіндер | 0.3.1.1 геометриялық фигураларды (дөңгелек, шаршы, үшбұрыш, тіктөртбұрыш) ажырату |
0.3.1.2 трафарет, қимаүлгінің көмегімен геометриялық фигуралардың бейнесінің суретін аяқтау | |
0.3.1.3 геометриялық фигуралардың құрылымдық элементтерін (қабырға, бұрыш) ерекшелеу | |
0.3.1.4 геометриялық фигураларды үлгі бойынша құрастыру |
353. "Фигуралар" бөлімшесін іске асыру бойынша күтілетін нәтижелері:
1) геометриялық фигураларды (дөңгелек, шаршы, үшбұрыш, тіктөртбұрыш) ажыратады;
2) трафарет, қимаүлгінің көмегімен геометриялық фигуралардың бейнесінің суретін аяқтайды;
3) геометриялық фигуралардың құрылымдық элементтерін (шаршының қабырғалары, үшбұрыш, тікбұрыштың бұрыштары) ерекшелейді;
4) геометриялық фигураларды үлгі бойынша бөліктерден құрастырады.
11-параграф. Сенсорика
354. Мақсаты сенсорлық эталондар жүйесін меңгерумен қамтамасыз етуге көмектесетін бағдарлау әрекетін, перцептивтік әрекеттерді (қарау, тыңдау, ұстап көру) қалыптастыру болып табылады.
355. Міндеттері:
1) көріп, естіп қабылдау мен зейінді дамыту;
2) тактильдік-қимылдық қабылдауды дамыту;
3) жеке заттарды жалпы ортадан ерекшелей отырып қабылдауға үйрету;
4) практикалық немесе ойын міндеттерін шешу кезінде бағдарлаудың іздеу тәсілдерін (байқап көру, өлшеп көру) қалыптастыру;
5) заттардың бүтін бейнесін, таныс заттар туралы бейнелік түсініктерді, олардың қасиеттері мен сапалары туралы түсініктерді қалыптастыру;
6) заттар туралы тұтас түсінікті қалыптастыру, қандай да бір заттың әртүрлі қасиеттерінің болатындығын түсінуге көмектесу;
7) жазық және көлемді пішіндерді салыстыруға, көлемді пішінді жазық бейне бойынша таңдауға үйрету;
8) заттарды пішіні, көлемі бойынша салыстыруға, таңдаудың дұрыстығын практикалық өлшеу тәсілімен тексеруге үйрету;
9) түстерді жіктеуге және өнімді әрекетте түс туралы түсінікті пайдалануға үйрету;
10) көлемнің қатыстылығы туралы түсінікті қалыптастыру: қандай да бір зат бір затқа қатыстыкіші болады, ал басқа затқа қатысты үлкен (ұзындау-қысқалау, биіктеу-аласалау) болады;
11) өзінің денесінің сызбасында бағдарлауды қалыптастыру, кеңістікте бағдарлауды қалыптастыруды жалғастыру;
12) заттардың көру, тактильді-қимылмен, есту және дәм сезу арқылы оңай жіктеуге болатын қасиеттерін жіктеуге үйрету;
13) қолдың көру-қимылдық үйлесімділігін дамыту;
14) алуан түрлі балалардың әрекетіндегі заттардың таныс қаситтері мен сапасын практикалық тұрғыда пайдалану үшін жағдай тудыру.
356. "Сенсорика" сабағының мазмұны оқыту мақсаты мен күтілетін нәтижені қамтитын бөлімшелерден құралатын оқыту бөлімдері бойынша ұйымдастырылған. Әрбір бөлімшенің ішінде бірізділікпен ұйымдастырылған оқыту мақсаттары педагогтарға өз жұмыстарын жоспарлауға және балалардың жетістіктерін бағалауға, сондай-ақ оқытудың келесі кезеңдері туралы хабарлауға мүмкіндік береді.
357. Оқу бағдарламасының мазмұны келесі бөлімдерді қамтиды:
1) көріп қабылдау және зейін;
2) естіп қабылдау және зейін;
3) тактильдік-қимылдық қабылдау;
4) дәмдік қабылдау.
358. "Көріп қабылдау және зейін" бөлімі келесі бөлімшелерді қамтиды:
1) заттың тұтас бейнесін қабылдау;
2) пішінді қабылдау;
3) көлемді қабылдау;
4) түсті қабылдау;
5) кеңістіктік қатынасты қабылдау.
359. "Естіп қабылдау және зейін" бөлімі келесі бөлімшелерді қамтиды:
1) заттар мен құбылыстардың дыбыстық сипатын қабылдау;
2) фонематикалық қабылдау.
360. "Тактильдік-қимылдық қабылдау" бөлімі келесі бөлімшелерді қамтиды:
1) нысандарды тактильдік-қимылдық тану;
2) температуралық (жылулық) сезіну.
361. "Дәмдік қабылдау" бөлімі келесі бөлімшелерді қамтиды:
1) дәмдік сипаттама;
2) иіс сезуді қабылдау.
362. Оқыту мақсаттарының жүйесі:
17-кесте
1-бөлім. Көріп қабылдау және зейін | |
Бөлімше | Оқыту мақсаттары |
1.1 Заттың тұтас бейнесін қабылдау | 0.1.1.1 педагогтың нұсқауы бойынша ұсынылған суреттер қатарынан алынған суретте бейнеленген белгілі бір әрекетті таңдау |
0.1.1.2 3-4 элементтерден жетіспейтін бөлікті таңдай отырып, заттың тұтас бейнесін құру | |
0.1.1.3 затты "puzzle (пазл)" түріндегі ойылып кесілген суреттерден жинастыру | |
0.1.1.4 өрнектердің, геометриялық пішіндер мен заттардың суреттерін аяқтау | |
0.1.1.5 затты құрамдық бөліктерге бөлу | |
0.1.1.6 затты оның сұлбалық бейнесімен салыстыру | |
1.2 Пішінді қабылдау | 0.1.2.1 көлемді пішіндерді үлгі бойынша құрастыру кезінде жіктеу |
0.1.2.2 парктикалық әрекет барысында көлемді және жазық пішіндерді (шар-дөңгелек, текше- шаршы, кірпіш - тікбұрыш, овоид-сопақша) салыстыру | |
0.1.2.3 кабинеттен оқылып жатқан геометриялық пішінді табу | |
0.1.2.4 көлемді пішінді екі немесе одан да көп бөліктерден құрастыру (мысалы, екі жарты шардан шар құрастыру) | |
0.1.2.5 біртекті заттарды көлемі бойынша топтастыруға, зейінді олардың көлеміне шоғырландыруға үйрету, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын табудың қарапайым тәсілдерін қалыптастыру | |
0.1.2.6 жазық пішінді тірек нүктелер бойынша жаңадан сала отырып, трафарет бойымен жүргізу процессінде қабылдау | |
0.1.2.7 суреттен жазық пішінді тану | |
0.1.2.8 геометриялық пішіндерді заттармен салыстыру (сопақша - жұмыртқа, домалақ - бауырсақ, күн) | |
0.1.2.9 екі геометриялық пішіннен біреу құрау (екі үшбұрыштан шаршы құрау) | |
0.1.2.10 ересектің сөздік нұсқауы бойынша сақиналарды бір-біріне сала отырып 5-6 сақиналы пирамидканы жинастыру | |
0.1.2.11 4-5 құрылымды матрешканы көру арқылы салыстыру немесе матрешканың бөліктерін өлшеп көру арқылы жинастыру | |
1.3 Көлемді қабылдау | 0.1.3.1 қатыстық көлеммен, "артық-кем" анықтамалармен таныстыру |
0.1.3.2 бір текті заттарды көлемі (4 мөлшер - үлкен, кішірек, кіші, ең кіші) бойынша топтастыру | |
0.1.3.3 берілген көлемдегі затты бір текті заттар көптігінен таңдау | |
0.1.3.4 берілген көлемдегі нысанды ерекшелеу (биік, аласа) | |
0.1.3.5 биіктігі әртүрлі 2-5 нысаннан топтамалық қатар (үй, адам және т.б.) құрау | |
0.1.3.6 заттың биіктігін шартты өлшемдермен - таяқшалармен, брусоктармен өлшеу | |
0.1.3.7 жуандығы бойынша қарама-қаршы екі нысанды бір-біріне қою, қатарластырып қою тәсілдерімен салыстыру | |
0.1.3.8 бір-бірінен салмағы бойынша қатты ерекшеленетін екі нысанды алақанға салып өлшеу арқылы салыстыру (ауыр-жеңіл) | |
0.1.3.9 екі заттың массасын салыстыру, массаның көлемге тәуелсіз екендігі туралы түсінікті қалыптастыру | |
1.4 Түсті қабылдау | 0.1.4.1 негізгі түстердіажырату: қызыл, сары, көк, жасыл, ақ, қара, қоңыр, қызғылт сары |
0.1.4.2 қоршаған ортадан таныс түстерді табу | |
0.1.4.3 жазық бейнеден белгілі бір түстегі нысанды ерекшелеу | |
0.1.4.4 түс туралы түсінікті шынайы заттар туралы түсінікпен біріктіру | |
0.1.4.5 берілген түстегі екі нысанды мүмкін болатын төртеуінің ішінен таңдау, әр текті заттарды түсі бойынша салыстыру икемділігін бекіту | |
0.1.4.6 заттарды орналастырғанда түстерді біркелкі етіп кезектестіру (екі, үш, төрт) | |
1.5 Кеңістіктік қатынастарды қабылдау | 0.1.5.1 үлгі бойынша құрастрығанда элементтер арасындағы кеңістіктік қатынаста бағдарлау (төменде, жоғарыда, жанында, ортасында, сол жағында, оң жағында) |
0.1.5.2 үстеу сөздердің "үстінде, астында, жанында" көмегімен кеңістіктік қатынасты шығару | |
0.1.5.3 таныс жай кеңістігінде бағдарлау, оны дәйектілікпен қарау | |
0.1.5.4 өзінің денесіне қатысты кеңістікте бағдарлауға үйрету | |
0.1.5.5 қағаз бетінің кеңістігінде бағдарлау | |
0.1.5.6 өз денесінің сызбасында: сол жақ, оң жақ бағдарлау |
363. "Заттың тұтас бейнесін қабылдау" бөлімшесін іске асыру бойынша күтілетін нәтижелері:
1) педагогтың нұсқауы бойынша ұсынылған суреттер қатарынан алынған суретте бейнеленген белгілі бір әрекетті таңдайды;
2) 3-4 элементтерден жетіспейтін бөлікті таңдай отырып, заттың тұтас бейнесін құрады;
3) затты puzzle (пазл) түріндегі ойылып кесілген суреттерден жинастырады, өрнектердің, геометриялық пішіндер мен заттардың суреттерін аяқтайды, затты құрамдық бөліктерге бөледі;
4) затты оның сұлбалық бейнесімен салыстырады.
364. "Пішінді қабылдау" бөлімшесін іске асыру бойынша күтілетін нәтижелері:
1) көлемді пішіндерді үлгі бойынша құрастыру кезінде жіктейді;
2) практикалық әрекет барысында көлемді және жазық пішіндерді (шар-дөңгелек, текше-шаршы, кірпіш-тікбұрыш,овоид-сопақша) салыстырады;
3) көлемді геометриялық пішіндерді (шар, текше, кірпіш, үшбұрышты призма, овоид) біледі;
4) көлемді пішінді екі немесе одан да көп бөліктерден құрастырады;
5) біртекті заттарды көлемі бойынша топтастырады, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын табады;
6) трафарет бойынша жазық пішін бойымен жүргізеді;
7) геометриялық пішіндердізаттармен сәйкестендіреді;
8) екі басқадан геометриялық пішіндіқұрайды;
9) ересектің сөздік нұсқауы бойынша сақиналарды бір-біріне сала отырып 5-6 сақиналы пирамидканы жинастырады;
10) 4-5 құрылымды матрешканы көру арқылы салыстыру немесе матрешканың бөліктерін өлшеп көру арқылы жинастырады.
365. "Шаманы қабылдау" бөлімшесін іске асыру бойынша күтілетін нәтижелері:
1) қатыстық көлем (артық-кем) туралы түсінігі бар;
2) бір текті заттарды көлемі (4 мөлшер - үлкен, кішірек, кіші, ең кіші) бойынша топтастырады;
3) берілген көлемдегі нысанды (биік, аласа) ерекшелейді;
4) биіктігі әртүрлі 2-5 нысаннан топтамалық қатар (үй, адам) құрайды;
5) заттың биіктігін шартты өлшемдермен - таяқшалармен, брусоктармен өлшейді;
6) жуандығы бойынша қарама-қарсы екі нысанды бір-біріне қою, қатарластырып қою тәсілдерімен салыстырады, заттарды массасы бойынша салыстырады.
366. "Түсті қабылдау" бөлімшесін іске асыру бойынша күтілетін нәтижелері:
1) негізгі түстердіажыратады: қызыл, сары, көк, жасыл, ақ, қара, қоңыр, қызғылт сары;
2) қоршаған ортадан таныс түстерді табады;
3) жазық бейнеден белгілі бір түстегі нысанды ерекшелейді;
4) берілген түстегі екі нысанды мүмкін болатын төртеуінің ішінен таңдайды, әр текті заттарды түсі бойынша салыстырады, заттарды орналастырғанда түстерді (екі, үш, төрт) кезектестіреді.
367. "Кеңістіктік қатынастарды қабылдау" бөлімшесін іске асыру бойынша күтілетін нәтижелері:
1) үлгі бойынша құрастырғанда элементтер арасындағы кеңістіктік қатынаста (төменде, жоғарыда, жанында, ортасында, сол жағында, оң жағында) бағдарлайды;
2) таныс жай кеңістігінде, өзінің денесіне қатысты кеңістікте, қағаз бетінде (жоғары, төмен, оң жағы, сол жағы) бағдарлайды.
18-кесте
2-бөлім. Естіп қабылдау және зейін | |
Бөлімшелер | Оқыту мақсаттары |
2.1 Заттар мен құбылыстардың дыбыстық сипаттамасын қабылдау | 0.2.1.1 әртүрлі дыбыс көздерін: табиғат құбылыстарынң шуын, музыканы (жаңбыр шуы, жел шуы, аяқ астындағы жапырақтардың сыбдыры) қабылдау және ажырату |
0.2.1.2 дыбыстарды тану және нақты бейнелермен (сыбдыр, ысқырық, тасыр, тықыл, музыка) салыстыру | |
0.2.1.3 дыбыстың орналасу орны мен қарқынын (жақын-алыс, жоғарыда, оң жақта, сол жақта) тану | |
0.2.1.4 құрдасының әрекетін тұрмыстық заттармен және ойыншықтармен әрекеттену процесінде (доптың тарсылы, секіріс) шыққан дыбыстар бойынша анықтау | |
2.2 Фонематикалық қабылдау | 0.2.2.1 3-4 сөздің ішінен дыбыстық құрамы жағынан басқалардан (мак-бак-так-банан) ерекшеленетін сөзді анықтау |
0.2.2.2 дыбыс көзінің (бубен, дағыра) дыбысталу ырғағын, жиі және сирек соғысын ажырату | |
0.2.2.3 сөздерді берілген белгі (ұзын-қысқа) бойынша топтастыру | |
0.2.2.4 буындық құрылымы ұқсас сөздерді (ат-от, бала-дала) жіктеу | |
0.2.2.5 сөздерді берілген дыбысқа топтастыру | |
0.2.2.6 берілген сөзді сөз тіркесінен естігенде әрекетпен (алақанын шапалақтау) жауап беру |
368. "Заттар мен құбылыстардың дыбыстық сипаттамасын қабылдау" бөлімшесін іске асыру бойынша күтілетін нәтижелері:
1) әртүрлі дыбыс көздерін: табиғат құбылыстарының шуын, музыканы қабылдайды және ажыратады;
2) дыбыстарды таниды және нақты бейнелермен сәйкестендіреді;
3) дыбыстың орналасу орны мен қарқынын (жақын-алыс, жоғарыда, оң жақта, сол жақта) таниды;
4) құрдасының әрекетін тұрмыстық заттармен және ойыншықтармен әрекеттену процесінде (доптың тарсылы, секіріс) шыққан дыбыстар бойынша анықтайды.
369. "Фонематикалық қабылдау" бөлімшесін іске асыру бойынша күтілетін нәтижелері:
1) 3-4 сөздің ішінен дыбыстық құрамы жағынан басқалардан (мак-бак-так-банан) ерекшеленетін сөзді анықтайды;
2) дыбыс көзінің (бубен, дағыра) дыбысталу ырғағын, жиі және сирек соғысын ажыратады;
3) сөздерді берілген белгі (ұзын-қысқа) бойынша топтастырады;
4) буындық құрылымы ұқсас сөздерді (ат-от, бала-дала) жіктейді;
5) сөздерді берілген дыбысқа топтастырады;
6) берілген сөзді сөз тіркесінен естігенде әрекетпен (алақанын шапалақтау) жауап береді.
19-кесте
3-бөлім. Тактильдік-қимылдық қабылдау | |
Бөлімшелер | Оқыту мақсаттары |
3.1 Заттарды тактильдік-қимылдық тану | 0.3.1.1 тактильдік-қимылдық тексеру процесінде заттардың пішінін, түсін, материалын анықтай отырып, сипап ұстау арқылы заттарды тану |
0.3.1.2 педагогтың сөздік тапсырмасы мен көру үлгісі бойынша пішіні әртүрлі (төртеудің ішінен таңдау) заттарды сипап ұстау арқылы жіктеу | |
0.3.1.3 ересектің сөздік нұсқауы бойынша көлемі әртүрлі (үшеудің ішінен таңдау) заттарды сипап ұстау арқылы жіктеу | |
0.3.1.4 сыртқы беті әр түрлі немесе әр түрлі материалдан жасалған заттарды сипап ұстау арқылы ажырату | |
0.3.1.5 заттарды "дымқыл-құрғақ" белгісі бойынша жіктеу | |
0.3.1.6 үлгі бойынша сипай отырып жұмсақ және қатты заттарды таңдау | |
0.3.1.7 сусымалы материалда тығылған таныс заттарды табу және тану | |
0.3.1.8 заттың тактильдік-қимыл бейнесін көру бейнесімен салыстыру - сипау арқылы анықталған затты атау | |
0.3.1.9 сипай отырып жұп заттарды (дәл осындайды тап) табу | |
0.3.1.10 сипау арқылы қабылданған әр түрдлі заттардың қатарын (текше, қуыршақ, лента, машина) есте сақтау | |
3.2. Температуралық (жылулық) сезіну | 0.3.2.1 суық және ыстық заттарға саусағын тигізе отырып зерделеу және тану |
0.3.2.2 тамақты температуралық белгілері бойынша жіктеу | |
0.3.2.3 заттардың жағдайын температуралық параметрдер (суық шәйнек, жылы шәйнек, ыстық шәйнек) бойынша ажырату | |
0.3.2.4 сыртқы беттегі сапасы әртүрлі материалдармен (темір - суық, ағаш - жылы) таныстыру | |
0.3.2.5 сөздік нұсқау бойынша жылы, суық, ыстық заттарды табу |
370. "Заттарды тактильдік-қимылдық тану" бөлімшесін іске асыру бойынша күтілетін нәтижелері:
1) тактильдік-қимылдық тексеру процесінде заттардың пішінін, түсін, материалын анықтай отырып, сипап ұстау арқылы заттарды таниды;
2) педагогтың сөздік тапсырмасы мен көру үлгісі бойынша пішіні әрүрлі (төртеудің ішінен таңдау) заттарды сипап ұстау арқылы жіктейді;
3) ересектің сөздік нұсқауы бойынша көлемі әртүрлі (үшеудіңішінен таңдау) заттарды сипап ұстау арқылы жіктейді;
4) сыртқы беті әртүрлі немесе әртүрлі материалдан (тегіс, тікенекті, кедір-бұдыр) жасалған заттарды сипап ұстау арқылы ажыратады;
5) заттарды "дымқыл-құрғақ" белгісі бойынша жіктейді;
6) үлгі бойынша сипай отырып жұмсақ және қатты заттарды таңдайды;
7) сусымалы материалда тығылған таныс заттарды табады және таниды;
8) заттың бейнесін тактильдік-қимылдық көру бейнесімен салыстырады, сипау арқылы анықталған затты атайды;
9) сипай отырып жұп заттарды (дәл осындайды тап) табады;
10) сипау арқылы қабылданған әртүрлі заттардың қатарын (текше, қуыршақ, лента, мәшине) есте сақтайды.
371. "Температуралық (жылулық) сезіну" бөлімшесін іске асыру бойынша күтілетін нәтижелері:
1) суық және ыстық заттарға саусағын тигізе отырып зерделейді және таниды;
2) тамақты температуралық белгілері (суық-ыстық-жылы) бойынша жіктейді;
3) заттардың жағдайын температуралық параметрлер (суық шәйнек, жылы шәйнек, ыстық шәйнек) бойынша ажыратады;
4) сыртқы беттегі сапасы әртүрлі материалдар (темір - суық, ағаш - жылы) туралы түсінігі бар;
5) сөздік нұсқау бойынша жылы, суық, ыстық заттарды табады.
20-кесте
4-бөлім. Дәмдік сезіну | |
Бөлімшелер | Оқыту мақсаттары |
4.1 Дәмдік сипаттамалар | 0.4.1.1 тамақты дәмдік белгілер (тәтті-тұзды; тәтті-ащы-тұзды-қышқыл) бойынша жіктеу |
0.4.1.2 тамақты температуралық белгісі (суық-ыстық-жылы) бойынша жіктеу | |
0.4.1.3 тамақты консистенциясы (сұйық-қатты-желе тәрізді) бойынша жіктеу | |
0.4.1.4 тамақ өнімдерін екі дәмдік белгі бойынша топтастыру | |
0.4.1.5 тамақ өнімдерін берілген екі дәмдік сипаттама бойынша сұрыптауға арналған шартты таңбаларды пайдалану (қызыл дөңгелектер - тәті тағамдарға арналған; жасыл дөңгелектер - қышқыл тағамдарға арналған) | |
0.4.1.6 заттарды белгілі бір дәмдік белгі (жеуге болады - жеуге жарамсыз) бойынша топтастыру | |
4.2 Иіс арқылы қабылдау | 0.4.2.1 жағымды және жағымсыз иістерді ерекшелеу |
0.4.2.2 әртүрлі топ иістерін (хош иісті заттектер, тамақ өнімдерінің иістері) жіктеу | |
0.4.2.3 иістің (хош иістің) "қозғалысын" бақылау | |
0.4.2.4 иіске деген өз қатысын білдіру | |
0.4.2.5 иісі бойынша тамақ өнімдерін, жемістерді, хош иісті заттарды анықтау |
372. "Дәмдік сипаттамалар" бөлімшесін іске асыру бойынша күтілетін нәтижелері:
1) тамақты дәмдік белгілер (тәтті-тұзды; тәтті-ащы-тұзды-қышқыл) бойынша жіктейді; тұзды дәмі бар тамақтарды біледі;
2) тамақты температуралық белгісі (суық-ыстық-жылы) бойынша жіктейді;
3) тамақты консистенциясы (сұйық-қатты-желе тәрізді) бойынша жіктейді;
4) тамақ өнімдерін екі дәмдік белгі (тәтті-тұзды; тәтті-ащы; тұзды-қышқыл) бойынша топтастырады;
5) тамақ өнімдерін шартты таңбаларды (қызыл дөңгелектер - тәтті тағамдарға арналған; жасыл дөңгелектер - қышқыл тағамдарға арналған) пайдаланып, берілген екі дәмдік сипаттама бойынша сұрыптайды;
6) жеуге болатын және жеуге жарамсыз тамақ өнімдерін ажыратады.
373. "Иіс арқылы қабылдау" бөлімшесін іске асыру бойынша күтілетін нәтижелері:
1) жағымды және жағымсыз иістерді ажыратады;
2) әртүрлі топ иістерін: хош иісті заттарды (иіссу, крем, дезодорант), тамақ өнімдерін (сарымсақ, пияз, қияр) жіктейді;
3) иіске деген өз қатысын (ұнайды-ұнамайды) білдіреді;
4) иісі бойынша таныс тамақ өнімдерін, жемістерді, хош иісті заттарды анықтай алады.
12-параграф. Құрастыру
374. Мақсаты құрастыру процесіне, құрылыс материалдарымен ойынға деген жағымды қатынасты және қызығушылықты қалыптастыру болып табылады.
1) құрастыру әрекетіне, құрылыс материалдарымен, құрамалы-жиналмалы ойыншықтармен ойынға деген жағымды қатынасты және қызығушылықты қалыптастыру;
2) үлгі бойынша құрылыс материалынан құрылыстарды және құрылымдарды орындауды үйретуді жалғастыру;
3) балалардың құрылыстары мен құрылымдарын сюжеттік ойын мағынасына ендіру үшін жағдай тудыру;
4) құрылыстар мен құрылымдарды жазық бейнесі бойынша орындауға үйрету;
5) конструктордың бөліктерін жазық бейнеге және оларды үлгінің жанына орналастыру тәсілін пайдаланып, құрастыралатын зат туралы түсінікті қалыптастыру;
6) құрастыру әрекетін меңгеруге, құрылыс материалдарының, конструктор бөліктерінің атауымен байланысты сөздік қорын кеңейту;
7) кеңістіктік түсініктерді қалыптастыру;
8) өзінің құрылысын үлгімен салыстыруға үйрету, өзінің құрастыру әрекеті мен құрдастарының құрылысының нәтижелеріне қатысты бағалау қатынасын тәрбиелеу.
376. "Құрастыру" сабағының мазмұны оқыту мақсаты мен күтілетін нәтижені қамтитын бөлімшелерден құралатын оқыту бөлімдері бойынша ұйымдастырылған. Әрбір бөлімшенің ішінде бірізділікпен ұйымдастырылған оқыту мақсаттары педагогтарға өз жұмыстарын жоспарлауға және балалардың жетістіктерін бағалауға, сондай-ақ оқытудың келесі кезеңдері туралы хабарлауға мүмкіндік береді.
377. Оқу бағдарламасының мазмұны келесі бөлімдерді қамтиды:
1) материалдар және қауіпсіздік;
2) құру және жасау.
378. "Материалдар мен қауіпсіздік" бөлімі келесі бөлімшелерді қамтиды:
1) материалдарды зерделеу;
2) қауіпсіздік пен еңбек мәдениеті.
379. "Құру және жасау" бөлімі келесі бөлімшелерді қамтиды:
1) құрастыру техникасы мен тәсілдері;
2) жұмыс кезеңдерін жоспарлау.
380. Оқыту мақсаттарыныңжүйесі:
21-кесте
1-бөлім. Материалдар мен қауіпсіздік | |
Бөлімшелер | Оқыту мақсаттары |
1.1 Материалдарды зерделеу | 0.1.1.1 құрылыс материалдарының түрлерін (ағаштан, пластмассадан, металдан жасалған конструкторлар, көлемді жұмсақ модульдер) |
0.1.1.2 материалдың әр түрлі түрлерін: мозаика, құрамалы-жиналмалы ойыншықтар, кесінді суреттер, пазлдар | |
0.1.1.3 құрылыс материалдарының қасиеттерін ажырату | |
0.1.1.4 заттарды көлемі бойынша топтастыру | |
0.1.1.5 заттарды түсі бойынша топтастыру | |
0.1.1.6 заттарды пішіні бойынша топтастыру | |
1.2 Қауіпсіздік пен еңбек мәдениеті | 0.1.2.1 материалдармен және құралдармен жұмыста қауіпсіздік техникасы ережелерін орындау |
0.1.2.2 құрылыс материалдарын қолданысы бойынша пайдалану | |
0.1.2.3 жұмыс орнын, материалдарды жұмыс барысында тәртіпке келтіру |
381. "Материалдарды зерделеу" бөлімшесін іске асыру бойынша күтілетін нәтижелері:
1) құрастыруға арналған материалдарды ажыратады: құрылыс конструкторлары (ағаштан, пластмассадан жасалған), көлемді жұмсақ модульдер, мозаика, құрамалы-жиналмалы ойыншықтар, кесінді суреттер, пазлдар;
2) заттарды көлемі бойынша топтастырады: үлкен-кіші, артық-кем, биік-аласа, жоғары-төмен, ұзын-қысқа, жуан-жіңішке;
3) заттарды пішіні бойынша топтастырады: дөңгелек, шаршы, тікбұрыш, үшбұрыш, сопақша;
4) көлемді пішіндерді ажыратады: шар, кірпіш, текше, пластина, призма, брусок;
5) заттарды түсі бойынша топтастырады: қызыл, сары, көк, жасыл, қара, ақ.
382. "Қауіпсіздік пен еңбек мәдениеті" бөлімшесін іске асыру бойынша күтілетін нәтижелері:
1) материалдармен және құралдармен жұмыста қауіпсіздік техникасы ережелерін орындайды,материалдарды қолданысы бойынша пайдаланады;
2) құрылыс материалдарын балалардың әрбір бөлікті алуы үшін оңай болатындай бөліктердің әрбір түріне арналған бөлімшелері бар арнайы қорапта сақтайды;
3) балалар өзінің жұмыс орнын тәртіпте ұстауға үйренеді: құрылыс материалын үстелде педагог көрсеткен тәртіпте орналастырады;
4) ойын аяқталғаннан кейін, бөліктерді орындарына салады,еңбекке арналған құралдарды, үшкір заттарды дұрыс пайдаланады.
22-кесте
2-бөлім. Құру және жасау | |
Бөлімшелер | Оқыту мақсаттары |
2.1 Құрастыру техникасы мен тәсілдері | 0.2.1.1 құрастыру түріне сәйкес құрастырудың әр түрлі техникалары мен тәсілдерін пайдалану |
0.2.1.2 құрылымның қарапайым сызбасында бағдарлау | |
2.2 Жұмыс кезеңдерін жоспарлау | 0.2.2.1 еліктеу бойынша, үлгі бойынша, сөздік нұсқау бойынша құрастыру |
0.2.2.2 құрастырудың алдында салыстыру, топтастыру. Бөліктердің дұрыс орналасуын талдау, үлгі бойынша, еліктеу бойынша,, есте сақтау бойынша әрекеттену | |
2.3 Жұмысты бағалау | 0.2.3.1 орындалған құрылыстар мен құрылымдарды педагогтың жетелеу сұрақтары бойынша талдау |
0.2.3.2 салынған құрылысты үлгімен салыстыру |
383. "Құрастыру техникасы мен тәсілдері" бөлімшесін іске асыру бойынша күтілетін нәтижелері:
1) заттарды тексереді; белгілеуге, құрастыруға және құрылымның негізгі бөліктері мен оған тән бөліктерді ерекшелейді;
2) ұсынылған тақырыпқа еліктеу бойынша, сөздік нұсқау бойынша, құрылымды құрады;
3) құрылыс жиынтығының бір элементтерін басқаларымен (іріні ұсаққа, ұзын брусокты екі қысқасына) ауыстырады;
4) шағын жазықтықтарды бір үлкенге біріктіреді;
5) құрылысты мықты етеді, күрделі биік құрылысты бөледі, құрастыру ережесін сақтайды (кіші затты үлкенге салу; бөліктерді біркелкі етіп бөлу арқылы құрылыстың мықтылығын қамтамасыз ету);
6) құрылыс конструкторының бөліктерін графикалық бейнелерімен салыстырады (педагогтың сәл көмегімен);
7) үлгі бойынша, еліктеу бойынша, сөздік нұсқау бойынша, графикалық үлгі бойыншатаныс құрылымдарды (тұрғын үй, жиһаз) құрастырады;
8) құрылыстарды конструктордың әртүрлі түрлерінен әрүрлі жағдайларда (үстелде, еденде) салады;
9) қандай да бір құрылымды көлемі бойынша әртүрлі нұсқада салу икемділігін бекіту; ірі және ұсақ құрылыс материалынан ұжымдық құрылыстарды құрастырады;
10) құрамалы-жиналмалы ойыншықтар бөліктерінен құрастырады ("лего", құрамалы-жиналмалы қағида бойынша жасалаған жиынтықтар); пазлдарды, кесінді суреттерді, текшелерді құрастырады; үлгі бойынша, елестету бойынша таяқшалардан қарапайым құрылыстарды құрастырады.
384. "Жұмыс кезеңдерін жоспарлау" бөлімшесін іске асыру бойынша күтілетін нәтижелері:
1) өз жұмыстарын педагогтың көмегімен жоспарлай біледі;
2) құрылысты салмас бұрын оның қандай болатыны туралы түсінікті қалыптастырады;
3) педагогтың бағыттау көмегімен қажетті материалды таңдайды;
4) бастаған ісін соңына дейін жеткізу икемділігін қалыптастырады.
385. "Жұмысты бағалау" бөлімшесін іске асыру бойынша күтілетін нәтижелері:
1) құрылысты үлгімен салыстыру арқылы бағалайды;
2) педагогтың бағыттау сұрақтары бойынша орындалған құрылыстар мен құрылымдарға талдау жүргізеді.
13-параграф. Жаратылыстану
386. Мақсаты заттар мен табиғат құбылыстары туралы бастапқы түсініктерді, физикалық құбылыстар туралы қарапайым түсініктерді қалыптастыру болып табылады.
387. Міндеттері:
1) оқылатын заттар мен құбылыстарды бақылауды, негізгі белгілерін ерекшелей білуді қалыптастыру;
2) балада қоршаған жақын орта заттары мен құбылыстары туралы түсініктер мен білімді қалыптастыру;
3) сөздік қорын толықтыру;
4) өмірдегі әлеуметтік құбылыстармен, әлемдегі адамның қолымен жасалған заттармен таныстыру.
388. "Жаратылыстану" сабағының мазмұны оқыту мақсаты мен күтілетін нәтижені қамтитын бөлімшелерден құралатын оқыту бөлімдері бойынша ұйымдастырылған. Әрбір бөлімшенің ішінде бірізділікпен ұйымдастырылған оқыту мақсаттары педагогтарға өз жұмыстарын жоспарлауға және балалардың жетістіктерін бағалауға, сондай-ақ оқытудың келесі кезеңдері туралы хабарлауға мүмкіндік береді.
389. Оқу бағдарламасының мазмұны келесі бөлімдерді қамтиды:
1) тірі табиғат;
2) өлі табиғат;
3) табиғатты қорғау.
390. "Тірі табиғат" бөлімі келесі бөлімшелерді қамтиды:
1) әлемді танудың қарапайым тәсілдері;
2) өсімдіктер әлемі;
3) жануарлар әлемі.
391. "Өлі табиғат" бөлімі келесі бөлімшелерді қамтиды:
1) өлі табиғат денелері мен заттары;
2) табиғат құбылыстары.
392. "Табиғатты қорғау" бөлімі келесі бөлімшені қамтиды:
1) табиғат туралы қамқорлық.
393. Оқыту мақсаттарының жүйесі:
23-кесте
1-бөлім. Тірі табиғат | |
Бөлімшелер | Оқыту мақсаттары |
1.1 Әлемді танудың қарапайым тәсілдері | 0.1.1.1 табиғат құбылыстарына бақылау жүргізу |
1.2 Өсімдіктер әлемі | 0.1.2.1 ағаштарды, бұталарды, гүлдерді, көкөністерді, жемістерді, жидектерді ажырату |
0.1.2.2 ағаштарды (үйеңкі, қарағаш, қарағай, емен) атау немесе көрсету | |
0.1.2.3 ағаштардың құрамдас бөліктерін (жапырақ, бұтақ, дің) атау немесе көрсету | |
0.1.2.4сөйлеу тілінің мүмкіндігіне тәуелді көкөністерді, жемістерді, жидектерді атау немесе көрсету | |
0.1.2.5 бөлме және жабайы өсетін өсімдіктерді атау немесе көрсету | |
0.1.2.6 баданалармен көбейетін өсімдіктердің өсуі мен дамуын бақылау | |
1.3. Жануарлар әлемі | 0.1.3.1 үй және жабайы жануарларды, олардың төлдерін атау немесе көрсету |
0.1.3.2 құстармен таныстыру | |
0.1.3.3 теңіз әлемінде мекендейтіндермен (балық) таныстыру | |
0.1.3.4 жәндіктермен таныстыру | |
0.1.3.5 Қазақстан фаунасымен: қар ілбісі, ақбөкенмен таныстыру |
394. "Әлемді танудың қарапайым тәсілдері" бөлімшесін іске асыру бойынша күтілетін нәтижелері:
1) сан алуан түрлі заттар мен табиғат құбылыстары туралы түсініктері болады;
2) ересектің көмегімен табиғаттағы мезгілдік өзгерістерді бақылайды, атайды немесе көрсетеді.
395. "Өсімдіктер әлемі" бөлімшесін іске асыру бойынша күтілетін нәтижелері:
1) өсімдіктер туралы, өсімдіктің өмірі үшін қажетті талаптар туралы түсініктері болады;
2) ересектің көмегімен және сөздік нұсқау бойынша тән белгілеріне қарай ағаштар мен бұталардың бірнеше түрлерін ажыратады;
3) ағаштың (жапырақ, бұтақ, дің) құрамдас бөліктерін атайды немесе көрсетеді; бөлме және жабайы өсетін өсімдіктерді көрсетеді;
4) ересектің көмегімен көкөністерді, жемістерді және жидектерді атайды, ажыратады;
5) табиғатты бақылау күнделігін жүргізеді, педагогпен бірге баданалармен (пияз, бұршақтар) көбейетін өсімдіктердің өсуі мен дамуын бақылайды.
396. "Жануарлар әлемі" бөлімшесін іске асыру бойынша күтілетін нәтижелері:
1) Қазақстанда мекендейтін жабайы жануарлар, қыстап қалатын құстар (қарға, шымшық, торғай, сауысқан) және жыл құстары (қарлығаш, қараторғай, ұзақ) туралы түсінігі болады;
2) жәндіктер (инелік, көбелек, жұлдызқұрт, құмырысқа) және теңізде мекендейтіндер (балық) туралы түсінігі болады.
24-кесте
2-бөлім. Өлі табиғат | |
Бөлімшелер | Оқыту мақсаттары |
2.1 Өлі табиғат денелері мен заттары | 0.2.1.1 өлі табиғат нысандары (құм, саз, тас) туралы түсінігін қалыптастыру |
0.2.1.2 судың қарапайым маңызын түсіндіру | |
2.2 Табиғат құбылыстары | 0.2.2.1 табиғат құбылыстарын (жел, тұман, жаңбыр) сипаттау |
397. "Өлі табиғат денелері мен заттары" бөлімшесін іске асыру бойынша күтілетін нәтижелері:
1) өлі табиғат нысандары: құм, саз, тас (ірі, ұсақ) туралы түсініктері болалды;
2) ересек адамның көмегімен суреттер бойынша өлі табиғат нысандарының қарапайым қасиеттеріжәне қолданысы,судың маңызы туралы түсініктері болады.
398. "Табиғат құбылыстары" бөлімшесін іске асыру бойынша күтілетін нәтижелері:
1) көрнекілікті тірек ете отырып, тірі және өлі табиғаттағы мезгілдік өзгерістер туралы біледі;
2) суреттерді тірек ете отырып, табиғат құбылыстары: жел, жаңбыр, тұман, қар, қырау, сүңгі туралы түсініктері болады.
25-кесте
3-бөлім. Табиғатты қорғау | |
Бөлімше | Оқыту мақсаттары |
3.1 Табиғатты қорғау | 0.3.1.1 табиғаттағы тәртіп ережелері туралы түсіндіру |
0.3.1.2 "Қызыл кітаппен" таныстыру | |
0.3.1.3 өсімдіктерді және жануарларды күту тәсілдері туралы түсіндіру, оларды атай білу |
399. "Табиғатты қорғау" бөлімшесін іске асыру бойынша күтілетін нәтижелері:
1) табиғаттағы қарапайым тәртіп ережелерін (ағаштардың жапырақтарын жұлмау, гүлді жұлмау, көгалды баспау, ұяны бұзбау, қоқысты тастамау) орындайды;
2) "Қызыл кітап" және кейбір олардың өкілдері туралы түсінігі болады; адам жануарлар мен өсімдіктер әлемін қорғауға міндетті екенін біледі.
14-параграф. "Шығармашылық" білім беру саласы
400. "Шығармашылық" білім беру саласының базалық мазмұны - сурет салу, мүсіндеу, аппликация, музыка ұйымдастырылған оқу қызметінде іске асырылады.
15-параграф. Сурет салу
401. Мақсаты балаларды бейнелеу әрекетіне қатыстыру арқылы олардың шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру, қоршаған заттарды, табиғат нысандарын эстетикалық қабылдауды дамыту болып табылады.
402. Міндеттері:
1) сурет салуға эмоционалды әсер мен қызығушылық шақыру;
2)қарапайым заттардың пішінін, түсін, бөліктерінің орналасуын бере отырып бейнелеу икемділіктері мен дағдыларын қалыптастыру;
3) қағаз бетінде бағдарлай білу: жоғарыда, төменде, ортасында, оң жағы мен сол жағы
4) суреттерді шынайы нысандармен сәйкестеуге үйрету;
5) сюжеттік бейнелерді (үлгі бойынша, ойындағысындай) құру;
6) аппликация пен сурет салудың элементтері үйлескен бейнені құру;
7) қазақ халқы мен басқа да халықтардың сәнді-қолданбалы өнер шығармаларымен таныстыруды жалғастыру;
8) үстелде отырып жұмыс істеген кезде дұрыс қалыпты сақтай білуді бекіту, ұқыптылыққа және жұмыс орнынтаза ұстауға үйрету;
9) өзінің жұмысын және құрдастарының жұмыстарын бағалай білуге үйрету;
10) үлкендермен және құрдастарымен ынтымақтастықта болуға үйрету;
11) ұжымда жұмыс істеу икемділіктерін қалыптастыру.
403. "Сурет" сабағының мазмұны оқыту мақсаты мен күтілетін нәтижені қамтитын бөлімшелерден құралатын оқыту бөлімдері бойынша ұйымдастырылған. Әрбір бөлімшенің ішінде бірізділікпен ұйымдастырылған оқыту мақсаттары педагогтарға өз жұмыстарын жоспарлауға және балалардың жетістіктерін бағалауға, сондай-ақ оқытудың келесі кезеңдері туралы хабарлауға мүмкіндік береді.
404. Оқу бағдарламасының мазмұны келесі бөлімдерді қамтиды:
1) сурет негізі;
2) материалдар және құрал-саймандар.
405. "Сурет негізі" бөлімі келесі бөлімшелерді қамтиды:
1) түзулер және түзу түрлері;
2) пішін және пропорция;
3) түс;
4) композиция.
406. "Материалдар және құрал-саймандар" бөлімі келесі бөлімшелерді қамтиды:
1) құрал-саймандармен және көркем материалдармен жұмыс тәсілдері;
2) еңбек гигиенасын, құралдармен жұмыстағы қауіпсіздік техникасын сақтау.
407. Оқыту мақсаттарыныңжүйесі:
26-кесте
1-бөлім. Суреттің негізі | |
Бөлімшелер | Оқыту мақсаттары |
1.1 Сызықтар және түрлері | 0.1.1.1 сызықтардың түрлерін (түзу, қисық, толқынды, тұйық, иір-иір, ирек) пайдалана отырып, қарапайым заттарды мен сұлбалардың суретін салу |
0.1.1.2 әртүрлі сызықтардың көмегімен қарапайым сәндік өрнектерді және қазақ оюының элементтерінің суретін салу | |
1.2 Пішін және пропорция | 0.1.2.1 біртұтас сюжеттік желіден сурет салуға арналған қарапайым заттарды/олардың бөліктерін бейнелеу үшін негізгі геометриялық пішіндерді пайдалану |
0.1.2.2 көлемі бойынша әр түрлі бір текті заттарды, бөліктерді суретте симметриялық орналастыра отырып бейнелеу | |
0.1.2.3 геометриялық пішіндер мен өсімдіктік элементтерді өрнекте 1-2 элементтен кезектестіре отырып ырғақты орналастыру | |
1.3 Түс | 0.1.3.1негізгі түстерді ажырату |
1.4 Композиция | 0.1.4.1 заттардың жерге, суға, аспанға қатысы бойынша, олардың пішінін, пропорциясын, заттарының және олардың бөліктерінің түстерін есепке ала отырып, заттардың кеңістіктік қатынасын бейнелеу |
0.1.4.2 суреттегі бейненің көңіл-күйін жеткізу үшін үлгі бойынша қағаз фонын және түс үйлесімін таңдайды |
408. "Сызықтар және сызық түрлері" бөлімшесін іске асыру бойынша күтілетін нәтижелері:
1) сызықтың түрлерін (түзу, қисық, толқынды, тұйық, иір-иір, ирек) сала біледі;
2) ою элементтерін ажырата алады; түзу сызықтардың түрлі үйлесімімен келтірілген қазақ оюларының элементтерін салады;
3) қарапайым пішіндегі оюларды салады;
4) түзу, қисық, толқынды, тұйық, иір-иір, ирек, жіңішке, жалпақ түзулерді, көлемі әртүрлі дөңгелектерді, жағындыларды, нүктелерді ырғақты орналастырады.
409. "Пішін және пропорция" бөлімшесін іске асыру бойынша күтілетін нәтижелері:
1) негізгі пішіндерді салады, пропорцияларды сақтайды;
2) көлемі әртүрлі біртектізаттар мен бөліктерінің суретін салады;
3) мұғалімнің көмегімен біртұтас сюжет желісімен сурет құрайды;
4) ағаш бұтақтарына, жапырақты бұталарға қарап отырып суретін салады; гүлдердің суретін салады.
410. "Түс" бөлімшесін іске асыру бойынша күтілетін нәтижелері:
1) негізгі түстерді сәйкестендіреді(қызыл, сары, көк, жасыл, қара, ақ);
2) үлгі бойынша қағаз түстігін таңдайды;
3) колоритті беру үшін бояуларды үйлестіреді;
4) негізгі түстерді ажыратады.
411. "Композиция" бөлімшесін іске асыру бойынша күтілетін нәтижелері:
1) мұғалімнің көмегімен заттардың болмысынан суреттер композицияларын құрастырады;
2) үлгі бойынша оюлар мен өрнектер құрастырады;
3) үлгі бойынша бейнелерді қағазда орналастырады;
4) заттардың кеңістіктік қатынасын бере біледі: парақтың төменгі жағындағы бір жолақта, бүкіл парақта.
27-кесте
2-бөлім. Материалдар және құрал-саймандар | |
Бөлімшелер | Оқыту мақсаттары |
2.1 Құралдар-саймандармен және көркем материалдармен жұмыс тәсілдері | 0.2.1.1 қарындашпен, бормен саусақтарды ширықтырмай, қарындашты (борды) сәл еңкейте, жеңіл қимылмен бір бағытта, бейненің нобайынан шықпай, штрихты біркелкі етіп сала отырып сурет салу |
0.2.1.2 жіңішке сызықтарды салғанда қылқаламды қағазға қарай сәл еңкейте, ал нүктені салғанда тік ұстау | |
0.2.1.3 жапырақтардың және гүлдердің суреттерін салғанда қылқаламды қағазға басу тәсілін пайдалану | |
0.2.1.4 суретті қылқаламды бір бағытта, солдан оңға, жоғарыдан төмен жүргізе отырып бояу | |
0.2.1.5 үлгі бойынша сюжетке, композицияға, бейненің мөлшері мен түсіне тәуелді қажетті көркем материалдарды және құралдар-саймандарды таңдау | |
2.2 Құрал-саймандармен жұмыс барысында еңбек гигиенасы мен қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтау | 0.2.2.1 жұмыс процесінде жұмыс орны мен құралдарды тәртіпке келтіру, материалдарды үнемдеп пайдалану |
0.2.2.2 үшкір құралдармен жұмыс кезінде қауіпсіздік техникасын сақтау, жеке бас гигиена ережелерін орындау |
412. "Құралдармен және көркем материалдармен жұмыс тәсілдері" бөлімшесін іске асыру бойынша күтілетін нәтижелері:
1) қарындаштарды (графитті және түрлі түсті), бояуларды (гуашь, акварель), борларды пайдаланады;
2) қарындашпен саусақтарды ширықтырмай ұстап,сәл еңкейте, штрихтарды біркелкі етіп, жеңіл қимылмен бір бағытта, бейненің нобайынан шықпай сурет салады;
3) қылқаламды бояуға жақсылап малу; қылқаламмен жалпақ және жіңішке сызықтарды салады; қылқаламды қағазға қарай қарай еңкейте ұстайды, жіңішке сызықтарды салғанда қылқаламды тік ұстайды;
4) суретті бояғанда қылқаламды еңкейте ұстап бір бағытта солдан оңға жоғарыдан төмен қарай жүргізеді;
5) қылқаламды қағаз бетіне жалпайта басу тәсілін қолданады.
413. "Құрал-саймдармен жұмыс барысында еңбек гигиенасы мен қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтау" бөлімшесін іске асыру бойынша күтілетін нәтижелері:
1) педагогтың нұсқауы бойынша тапсырманы орындаудың дәйектілігін жоспарлайды, қажетті материалдарды дайындайды;
2) жұмыс процесінде жұмыс орны мен құралдарды өздігінен тәртіпке келтіреді: құрал-саймандардарды, қарындаштарды, бояуларды, қағаздарды орнына жинайды.
16-параграф. Мүсіндеу
414. Мақсаты мүсіндеу процесіне қызығушылықты қалыптастыру, бұйымдардың шынайы нысандардың бейнесі екені туралы түсініктерді қалыптастыру болып табылады.
415. Міндеттері:
1) мүсіндеуге эмоционалды әсер және қызығушылық шақыру;
2) ересектің әрекетін бақылауға, әрекетті еліктеу бойынша орындауға үйретуді жалғастыру;
3) мүсіндеу алдында заттарды зерделеу тәсілдерін, заттардың пішінін, көлемін түсін анықтауды қалыптастыру;
4) мүсіндеген кезде заттардың негізгі қасиеттері мен қатысын бере білуге үйрету;
5) кеңістіктік қатынасты қалыптастыруды жалғастыру;
6) цилиндр, домалақ, сопақша пішінді заттарды мүсіндеу дағдысын бекіту;
7) мүсіндеу кезінде әртүрлі тәсілдерді пайдалану дағдысын бекіту: жаю, басу, жалпайту, созу, жабыстыру, тегістеу, шымшу;
8) 2-3 бөліктен тұратын пішіндер мен заттардымүсіндеу дағдысын қалыптастыру;
9) сюжеттік мүсіндеудің қарапайым дағдыларын қалыптастыру;
10) сәндік мүсіндеу туралы түсінікті қалыптастыру;
11) ұжымдық бұйымдарды орындауға үйрету;
12) дайын бұйымды үлгімен салыстыруға үйрету;
13) мүсінделіп жасалған бұйымдармен ойынға деген қызығушылықты қалыптастыру;
14) созылымды материалдармен жұмыстың қарапайым ережелері туралы білімді бекіту;
15) жұмысты ұқыптылықпен орындауға тәрбиелеу.
416. "Мүсіндеу" сабағының мазмұны оқыту мақсаты мен күтілетін нәтижені қамтитын бөлімшелерден құралатын оқыту бөлімдері бойынша ұйымдастырылған. Әрбір бөлімшенің ішінде бірізділікпен ұйымдастырылған оқыту мақсаттары педагогтерге өз жұмыстарын жоспарлауға және балалардың жетістіктерін бағалауға, сондай-ақ оқытудың келесі кезеңдері туралы хабарлауға мүмкіндік береді.
417. Оқу бағдарламасының мазмұны келесі бөлімдерді қамтиды:
1) мүсіндеудің бағыты;
2) еңбек гигиенасын, құралдармен жұмыстағы қауіпсіздік техникасын сақтау.
418. "Мүсіндеудің бағыты" бөлімі келесі бөлімшелерді қамтиды:
1) заттық мүсіндеу;
2) сюжеттік мүсіндеу;
3) сәндік мүсіндеу.
419. "Еңбек гигиенасын, құралдармен жұмыстағы қауіпсіздік техникасын сақтау" бөлімі келесі бөлімшені қамтиды:
1) мүсіндеуге арналған материалдармен және құрал-саймандармен жұмыс.
420. Оқыту мақсаттарының жүйесі:
28-кесте
1-бөлім. Мүсіндеудің бағыты | |
Бөлімшелер | Оқыту мақсаттары |
1.1 Заттық мүсіндеу | 0.1.1.1 қарапайым геометриялық пішіндердің негізінде пішіні, мөлшері, көлемі әртүрлі жемістердің, көкөністердің, жануарлардың, құстардың үлгілерін, басқа да таныс заттарды пластилин мен саздың кесегінен үзіп ала отырып, шынайы түрінен мүсіндеу |
0.1.1.2 қозғалғанадам мен жануардың денелерінің қарапайым пішіндерін пропорцияны есепке ала, пішінге тік немесе көлденең қалыпты бере отырып, пішіндердің бөліктерін бір-біріне жабыстырып біріктіре, біріктірілген орнын қырнауышпен тегістей отырып мүсіндеу | |
0.1.1.3 кейіпкерлерге тән бөліктерді (құлақ, аяқ, қанат) пропорцияны сақтап, қарапайым тәсілдерді (жаю, домалату, қырнауыштың көмегімен басу, жалпайту) пайдаланып, бөліктерін құрамдастырылған тәсілмен біріктіре отырып мүсіндеу | |
1.2 Сюжеттік мүсіндеу | 0.1.2.1 ертегілер мен әңгімелердің сюжеттері бойынша бір текті заттармен бейнелік және сюжеттік композицияны құру(ұжымдық мүсіндеу) |
0.1.2.2 бір тұғырда бірнеше пішіндерді орналастыра отырып, бұйымды тұғырға қою техникасын пайдалану | |
1.3 Сәндік мүсіндеу | 0.1.3.1 Қазақстанның және әлем халықтарының халықтық кәсіптерінің әуені бойынша ойыншықтарды, ыдыстарды мүсіндеу |
0.1.3.2 мүсін бейнесін әлемнің әртүрлі халықтарының халық ойыншықтарының уәждері бойынша шынайы түрден сәндеу тәсілдерін пайдалану (жабыстыру, қырнауышпен кесу немесе тырнау) |
421. "Заттық мүсіндеу" бөлімшесін іске асыру бойынша күтілетін нәтижелері:
1) жемістердің, көкөністердің, жануарлардың, құстардың пішіндерін, таныс заттарды пластилиннің бір кесегінен мүсіндей алады;
2) мүсіндеудің әртүрлі тәсілдері мен қосымша материалды пайдаланады;
3) бөліктерінің шамалық қатысын сақтайды, мүсінделінген пішін бөліктерін біріктіреді, оларды бір-біріне қысып, жабыстырады және біріктірілген жерін тегістейді, пішіннің үстіңгі жағын саусақпен және қырнауышпен тегістейді.
422. "Сюжеттік мүсіндеу" бөлімшесін іске асыру бойынша күтілетін нәтижелері:
1) еліктеу бойынша қоршаған өмір, таныс ертегілер мен әңгімелердің сюжеттерінің тақырыбы бойынша сюжеттік композияция құрастырады;
2) мүсіндеу барысында көлем, түс, пішін қатынастарын береді;
3) қырнауышты пайдалана отырып, пішіннің үстіңгі жағын безендіреді;
4) бұйымды тұғырға орналастыру техникасын пайдаланад;
5) бірнеше пішіндерді бір тұғырға орналастыру арқылы бір текті заттармен сюжет құрайды;
6) ойынға арналған, мерекелік күндері үйді, жаппаны, жайды және үлескені безендіруге арналған жасалымдарды пайдаланады.
423. "Сәндік мүсіндеу" бөлімшесін іске асыру бойынша күтілетін нәтижелері:
1) сәндік мүсіндеу туралы түсінігі бар;
2) заттың пішінін өсімдіктік немесе геометриялық өрнекпен безендіреді;
3) табиғи материалардың сәндік элементтерін пайдаланады.
29-кесте
2-бөлім. Еңбек гигиенасын, құрал-саймандармен жұмыстағы қауіпсіздік техникасын сақтау | |
Бөлімше | Оқыту мақсаттары |
2.1 Мүсіндеуге арналған материалдармен және құрал-саймандармен жұмыс | 0.2.1.1 мүсіндеуге арналған материалды тиімді пайдалану |
0.2.1.2 үшкір және кесетін құралдармен жұмыстағы қауіпсіздік техникасын, сондай-ақ еңбек гигиенасын сақтау | |
0.2.1.3 жұмыс процесінде жұмыс орнын, құрал-саймандарды ретке келтіру |
424. "Мүсіндеуге арналған материалдармен және құралдармен жұмыс" бөлімшесін іске асыру бойынша күтілетін нәтижелері:
1) мүсіндеуге арналған созылымды материалдармен жұмыс істей алады;
2) қырнауышты (ағаштан, пластмассадан жасалған) пайдаланады;
3) көркем және табиғи материалдармен жұмыстағы қарапайым еңбек дағдыларын меңгерген;
4) пайдаланылатын материалдар мен құрал-саймандарға ұқыптылықпен қарайды;
5) жұмыс орнын және құрал-саймандарды ретке келтіреді;
6) жеке бас гигиенасын сақтайды: қолын жуады, жеке сүлгісін пайдаланады, киімін (алжапқыштар) жинайды.
17-параграф. Аппликация
425. Мақсаты аппликацияны орындауға деген жағымды эмоционалды қатынас қалыптастыру, аппликацияның шынайы нысандардың бейнесі екені туралы түсінікті қалыптастыру болып табылады.
426. Міндеттері:
1) аппликацияны орындауға деген жағымды қатынасты және қызығушылықты қалыптастыруды жалғастыру;
2) ересектің әрекетін бақылауға және әрекетті үлгі бойынша орындауға үйретуді жалғастыру;
3) үлгі бойынша аппликацияны түсі, көлемі, пішіні әр түрлі заттарды жапсыру арқылы орындауға үйрету;
4) сюжеттік және сәндік аппликация дағдыларын бекіту;
5) кеңістіктік түсініктерді бекіту: қағаз бетінде бағдарлау(жоғары, төмен, ортасы, оң жағы, сол жағы);
6) көру-қимыл үйлесімділігін дамыту;
7) аппликацияны шынайы нысандармен салыстыруға үйрету;
8) өзінің және құрдастарының жұмысына бағалай қарай білуді қалыптастыру, үлгімен салыстыра білуді қалыптастыру.
427. "Аппликация" сабағының мазмұны оқыту мақсаты мен күтілетін нәтижені қамтитын бөлімшелерден құралатын оқыту бөлімдері бойынша ұйымдастырылған. Әрбір бөлімшенің ішінде бірізділікпен ұйымдастырылған оқыту мақсаттары педагогтарға өз жұмыстарын жоспарлауға және балалардың жетістіктерін бағалауға, сондай-ақ оқытудың келесі кезеңдері туралы хабарлауға мүмкіндік береді.
428. Оқу бағдарламасының мазмұны келесі бөлімдерді қамтиды:
1) аппликация бағыттары;
2) материалдармен және құрал-саймандармен жұмыс тәсілдері және еңбек гигиенасы мен қауіпсіздік техникасы.
429. "Аппликация бағыттары" бөлімі келесі бөлімшелерді қамтиды:
1) заттық аппликация;
2) сюжеттік аппликация;
3) сәндік аппликация.
430. "Материалдармен және құрал-саймандармен жұмыс тәсілдері және еңбек гигиенасы мен қауіпсіздік техникасы" бөлімі келесі бөлімшелерді қамтиды:
1) қайшымен жұмыс тәсілдері;
2) материалдармен және құрал-саймандармен жұмыс тәсілдері.
431. Оқыту мақсаттарының жүйесі:
30-кесте
1-бөлім. Аппликация бағыттары | |
Бөлімшелер | Оқыту мақсаттары |
1.1 Заттық аппликация | 0.1.1.1 үлгі бойынша жырту, кесіп алу тәсілімен қарапайым заттардың аппликациясын орындау |
0.1.1.2 бөліктерді жапсырудың дәйектілігін пайдалана отырып, аппликацияны үлгі бойынша, қима үлгі бойынша құрастыру, заттарды түсі, пішіні, көлемі бойынша салыстыру | |
0.1.1.3 бөліктерді жапсырудың дәйектілігін пайдалана отырып, аппликацияны геометриялық пішіндердің негізінде бірнеше бөліктерден құрастыру | |
0.1.1.4 қағаз бетіне негізгі элементтерін ерекшелей отырып, 3-5 бөліктен құралатын жануарлардың бейнелерін жабыстыру | |
0.1.1.5 суретті аяқтау (тұмсығын, көзін, аяғын) тәсілін пайдалана отырып, бірнеше бөліктен (бас, дене, құйрық) құралатын құстардың бейнесін жабыстыру | |
0.1.1.6 педагогтың сөздік нұсқауы бойынша аппликация элементтерін орналастыру (үй ортасында, шырша сол жағында, оң жағында қайың, жоғарыда күн, төменде шөп) | |
0.1.1.7 орындалған бейнені талдаған кезде бір-біріне сұрақ қоюға үйрету | |
1.2 Сюжеттік аппликация | 0.1.2.1 ұжымдық сюжеттік композиция құрастыру, заттардың кеңістіктік қатынасын, түсін, пішінін, мөлшерін есепке ала отырып, оларды жерге, суға, аспанға қатысы бойынша орналастыру |
0.1.2.2 таныс ертегілер желісі және табиғаттағы бақылау бойынша қарапайым сюжеттік аппликацияны құрастыру | |
1.3Сәндік аппликация | 0.1.3.1 аппликацияның Қазақстан халқының сәндік-қолданбалы өнерінің желісі бойынша геометриялық пішіндер, өсімдік элементтері негізіндегі өрнектерден құрастыру |
0.1.3.2 өрнектерді аппликациядағы өрнектің кеңістіктік қатынасын есепке ала отырып, оюдың пішіндері мен элементтерін кезектестіре отырып, симметриялы, ырғақты орналастыру | |
0.1.3.3 қуыршақтарға арналған бұйымдарды және ойыншықтарды, сондай-ақ бұйымдар мен шырша ойыншықтарын қазақ халқы оюларының желісі негізінде безендіру |
432. "Заттық аппликация" бөлімшесін іске асыру бойынша күтілетін нәтижелері:
1) қағаздан пішіндер кесіп алады;
2) заттарды қағазға желімдейді;
3) қағазды бүгу сызығы бойынша түзу қияды;
4) шаршының, тікбұрыштың, үшбұрыштың ұштарын дөңгелете кесе отырып дөңгелек пішіндерді қияды;
5) бірнеше рет қабаттап бүктелген қағаз бетінен пішіндерді қиып алады;
6) симметриялық қию тәсілдерін пайдаланады (көбелек, бәйшешек, зымыран);
7) ұжымдық аппликацияға қатысады;
8) жасалымдарды ойынға, мереке күндері жайды безендіруге қолданады.
433. "Сюжеттік аппликация" бөлімшесін іске асыру бойынша күтілетін нәтижелері:
1) әртүрлі заттарды тақырыпқа немесе сюжетке сәйкес кесіп алады және желімдейді;
2) заттарды негізге дәйектілікпен жапсырады;
3) нысандардың көлемі, пішіні, түсі бойынша өзара қатынасын есепке алады.
434. "Сәндік аппликация" бөлімшесін іске асыру бойынша күтілетін нәтижелері:
1) безендірудің әртүрлі элементерін(геометриялық, өсімдік тектес пішіндерді) қиып алады және біріктіреді;
2) үлгі бойынша өрнек оюларын құрайды;
3) түстік кеңістігін (жолақты, дөңгелекті, шаршыны) жеке элементтермен біркелкі толтырады.
31-кесте
2-бөлім. Материалдармен және құрал-саймандармен жұмыс ережелері және еңбек гигиенасы мен қауіпсіздік техникасының негіздері | |
Бөлімшелер | Оқыту мақсаттары |
2.1 Қайшымен жұмыс тәсілдері | 0.2.1.1 геометриялық пішіндердің негізінде қарапайым заттарды қиып алу (жолақтардан тікбұрыштарды, шаршыдан үшбұрыштарды қиып алу, шаршының, тікбұрыштың, үшбұрыштың ұштарын дөңгелете кесе отырып дөңгелек және сопақша пішіндерді алу) |
0.2.1.2 симметриялық емес заттарды бейнелеуге арналған сұлбаны суреті бойынша қиып алу | |
0.2.1.3 екіге бүктелген қағаздан әртүрлі симметриялық пішіндерді, қатпарлап бүктелген қағаздан әр түрлі заттарды қиып алу | |
2.2 Материалдармен және құралдармен жұмыс | 0.2.2.1 аппликацияға арналған материалдарды (тығыздығы, түсі, текстурасы әр түрлі қағаз түрлері) пайдалану |
0.2.2.2 бірнеше қабаттап бүктелген қағаздан бірнеше геометриялық сәндік элементтерді қиып алу, геометриялық пішіндерді (шаршы, тікбұрыш, дөңгелек, сопақша) ортасынан және қиғаштап кесу | |
0.2.2.3 екіге бүктелген қағаздан орта мен бұрышты безендіруге арналған симметриялық пішіндерді, қатпарлап бүктелген қағаздан грилянда, шілтер, қаршық, гүл қиып алу | |
0.2.2.4 жұмыс барысында жұмыс орнын, құрал-саймандарды ретке келтіру |
435. "Қайшымен жұмыс тәсілдері" бөлімшесін іске асыру бойынша күтілетін нәтижелері:
1) қиып алудың техникалық тәсілін меңгерген;
2) қайшыны дұрыс пайдаланады.
436. "Материалдармен және құрал-саймандармен жұмыс" бөлімшесін іске асыру бойынша күтілетін нәтижелері:
1) материалды өңдеумен байланысты құралдар (қайшы, желім, қылқалам, майлық) қолдана алады;
2) бүктеу, қиып алу, жапсыру икемділіктерін меңгерген;
3) сабақтарда әртүрлі материалдарды қағаз, ермексаз, мата, кептірілген жапырақтарды пайдаланады;
4) әртүрлі материалдардың қасиеттерін ажыратады;
5) жұмыс орнын тәртіпке келтіреді; жұмыс барысында құрал-саймандарды дұрыс пайдаланады;
6) қайшымен жұмыс істеу қауіпсіздік ережелерін сақтайды.
18-параграф. Музыка
437. Мақсаты баланың музыкалық қабілетін дамыту болып табылады.
438. Міндеттері:
1) балаларды әр түрлі жанрдағы (марш, өлең) музыкалық шығармаларға деген тұрақты қызығушылық пен ықыластылыққа тәрбиелеу;
2) музыкалық әсерді, қарапайым ұжымдық өлеңдерге, билерге, жаттығуларға қатысуды қалыптастыру.
439. "Музыка" сабағының мазмұны оқыту мақсаты мен күтілетін нәтижені қамтитын бөлімшелерден құралатын оқыту бөлімдері бойынша ұйымдастырылған. Әрбір бөлімшенің ішінде бірізділікпен ұйымдастырылған оқыту мақсаттары педагогтарға өз жұмыстарын жоспарлауға және балалардың жетістіктерін бағалауға, сондай-ақ оқытудың келесі кезеңдері туралы хабарлауға мүмкіндік береді.
440. Оқу бағдарламасының мазмұны келесі бөлімдерді қамтиды:
1) музыкалық сауаттылық;
2) ән салу және балаларға арналған музыкалық аспаптарда ойнау;
3) музыкалық шығармашылық.
441. "Музыкалық сауаттылық" бөлімі келесі бөлімшелерді қамтиды:
1) музыкалық мәнерлілік құралдары(әуен, ырғақ, қарқын, динамика);
2) музыкалық жанрлар.
442. "Ән салу және балаларға арналған музыкалық аспаптарда ойнау" бөлімі келесі бөлімшелерді қамтиды:
1) ән салу;
2) аспаптарда ойнау.
443. "Музыкалық шығармашылық" бөлімі келесі бөлімшені қамтиды:
1) музыкалық-ырғақтық қимылдар.
444. Оқыту мақсаттарының жүйесі
32-кесте
1-бөлім. Музыкалық сауаттылық | |
Бөлімшелер | Оқыту мақсаттары |
1.1 Музыкалық мәнерлілік құралдары(әуен, ырғақ, қарқын, динамика) | 0.1.1.1 педагогтың көмегімен таныс өлеңдер мен әндетудің әуенін тану |
0.1.1.2 педагогтың көмегімен өлеңдер мен әндетудің сипатын (көңілді, мұңды, баяу, жылдам) ажырату | |
0.1.1.3 музыкалық дыбысты қаттылығы бойынша (қатты-ақырын), тембрі бойынша (жылдам-баяу) тану | |
0.1.1.4 есту түсінігін, ырғақ сезімін, тембрін, динамикасын қалыптастыру | |
1.2 Музыкалық жанрлар | 0.1.2.1 музыкалық жанрларды ажырату(өлең, марш) |
445."Музыкалық мәнерлілік (әуен, ырғақ, қарқын, динамика, регистр) құралдары" бөлімшесін іске асыру бойынша күтілетін нәтижелері:
1) әуеннің сипатын (көңілді, асықпай, жылдам) ести біледі;
2) музыкалық дыбысты тембрі бойынша (жылдам-баяу), қаттылығы бойынша (қатты, ақырын) таниды.
446. "Музыкалық жанрлар" бөлімшесін іске асыру бойынша күтілетін нәтижелері:
1) музыкалық жанрларды (өлең, марш) ажырата біледі;
2) таныс өлеңдердің, әндетудің әуендерін, тыңдаған музыкалық шығармалардың (өлеңдер, әндетулер, музыкалық ойындар) сипатын ажыратады.
33-кесте
2-бөлім. Ән салу және балаларға арналған музыкалық аспаптарда ойнау | |
Бөлімшелер | Оқыту мақсаттары |
2.1 Ән салу | 0.2.1.1 ересектің басшылығымен оңай әуендерді, таныс әндерді айту |
0.2.1.2 ересектің көмегімен музыкалық шығарманың сипатына (көңілді, қуанышты және мұңды) сәйкес әндету | |
2.2 Аспаптарда ойнау | 0.2.2.1 оңай ырғақтық әуендерді фортепианоның сүйемелдеуінде балаларға арналған музыкалық аспаптармен оркестрде ойнау |
0.2.2.2 кейбір музыкалық аспаптарды (домбыра, фортепиано), сондай-ақ балаларға арналған музыкалық аспаптарды (бубен, дағыра, металлофон, сылдырмақ, қоңырау) дыбысталу тембрі бойынша ажырату |
447. "Ән салу" бөлімшесін іске асыру бойынша күтілетін нәтижелері:
1) таныс өлеңдерді педагогпен бірге айтудың бастапқы дағдылары бар;
2) әндерді ересекпен бірге орындайды.
448. "Аспаптарда ойнау" бөлімшесін іске асыру бойынша күтілетін нәтижелері:
1)музыкалық аспаптарды ажыратады: бубен, дағыра, металлофон, сылдырмақ, қоңырау, домбыра, фортепиано;
2) топтағы жұмыс дағдысы бар, бірін-бірі, музыканы тыңдай біледі;
3) музыканың сипатын таниды;
4) таныс музыкалық аспаптардың дыбысталу тембрі бойынша ажыратады;
5) фортепианоның сүйемелдеуінде балаларға арналған музыкалық аспаптармен оркестрде ойнаудың бастапқы дағдылары бар.
34-кесте
3-бөлім. Музыкалық шығармашылық | |
Бөлімше | Оқыту мақсаттары |
3.1 Музыкалық-ырғақтық қимылдар | 0.3.1.1 музыканың сүйемелдеуімен қарапайым ырғақтық қимылдарды орындау |
0.3.1.2 марштың сипатын жүріспен бере білу | |
0.3.1.3 би музыкасының сипатын қарапайым, ырғақты би қимылдарымен бере білу | |
0.3.1.4 жүрелеп отыруды ("серіппе") орындау | |
0.3.1.5 қарапайым би қимылын ("қайық") орындау | |
0.3.1.6 педагогтың көрсетуі бойынша қазақ, орыс би қимылдарының элементтерін орындау |
449. "Музыкалық-ырғақтық қимылдар" бөлімшесін іске асыру бойынша күтілетін нәтижелері:
1) педагогтың көрсетуі бойынша театрлық қойылымдарда, өлеңдерді сахналағанда әртүрлі бейнелерді бимен орындау дағдыларын байқатады;
2) марш сипатын жүріспен, би музыкасының сипатын қарапайым, ырғақтақ би қимылдарымен бере біледі;
3) жүрелеп отыруды ("серіппе") орындайды, педагогтың үлгісі бойынша қимылын музыкамен үйлестіреді;
4) қарапайым би қимылын - қайық, педагогтің көрсетуі бойынша қазақ, орыс би қимылдарының элементтерін орындайды.
19-параграф. "Әлеумет" білім беру саласы
450. "Әлеумет" білім беру саласының базалық мазмұны - "Әлеуметтік дамыту және еңбекке баулу" (шаруашылық-тұрмыстық, қол еңбегі) ұйымдастырылған оқу қызметінде іске асырылады.
451. Мақсаты балалардың еңбектегі шаруашылық-тұрмыстық дағдыларын және өзіне-өзі қызмет көрсету дағдыларын дамыту; бұйымдарды жасау дағдыларын қалыптастыру болып табылады.
452. "Әлеуметтік дамыту және еңбекке баулу(шаруашылық-тұрмыстық, қол еңбегі)" сабағының мазмұны оқыту мақсаты мен күтілетін нәтижені қамтитын бөлімшелерден құралатын оқыту бөлімдері бойынша ұйымдастырылған. Әрбір бөлімшенің ішінде бірізділікпен ұйымдастырылған оқыту мақсаттары педагогтарға өз жұмыстарын жоспарлауға және балалардың жетістіктерін бағалауға, сондай-ақ оқытудың келесі кезеңдері туралы хабарлауға мүмкіндік береді.
453. Оқу бағдарламасының мазмұны келесі бөлімді қамтиды:
1) әлеуметтік дамыту және еңбекке баулу.
454. "Әлеуметтік дамыту және еңбекке баулу" бөлімі келесі бөлімшелерді қамтиды:
1) мен және қоршаған орта;
2) өзіне-өзі қызмет көрсету;
3) шаруашылық-тұрмыстық еңбек;
4) табиғаттағы еңбек;
5) қол еңбегі.
455. Оқыту мақсаттарының жүйесі:
35-кесте
1-бөлім. Әлеуметтік дамыту және еңбекке баулу | |
Бөлімше | Оқыту мақсаттары |
1.1 Мен және қоршаған орта |
0.1.1.1 сезімі мен толқуын байқату үшін жағдай туғызу: топқа келгендегі қуаныш, жаңа ойыншықтың пайда болғанына шаттану, таныс затты, ойыншықты пайдаланудың жаңа тәсіліне таңдану, жылаған құрдасына жанашырлық байқату; |
1.2 Өзіне-өзі қызмет көрсету |
0.1.2.1 өздігінен киіну және шешіну; |
1.3 Шаруашылық- |
0.1.3.1 кезекшінің міндеттерін орындау; |
1.4 Табиғаттағы еңбек |
0.1.4.1 бөлме өсімдіктерін күту (терезе алдындағы бақша, суғару, топырағын қопсыту, жапырақтарды сүрту); |
1.5 Қол еңбегі |
0.1.5.1 қағаз бен қатырмақағаздан бұйымдар жасау; |
456. "Мен және қоршаған орта" бөлімшесін іске асыру бойынша күтілетін нәтижелері:
1)таныс ересектермен және құрдастарымен кездескенде амандасады, кеткенде қоштасады;
2) тамақ ішкеннен кейін алғысын айтады; таныс және таныс емес жағдайларда өзін сол жағдайларға сәйкес ұстайды, таныс және бейтаныс адамдарға достық ниет білдіреді;
3) өмірлік жағдайларға сәйкес өзінің сезімін - қуанышын, таңдануын, ашулануын білдіре біледі;
4) өзінің істері мен әрекеттерін қарапайым тұрғыда бағалай біледі;
5) айналасындағылардың өзіне қатысты тілектестік және теріс ниетті қарым-қатынастарына сәйкес әсерін білдіреді;
6) жақын ересек адамның көңіл күйін байқайды.
457. "Өзіне-өзі қызмет көрсету" бөлімшесін іске асыру бойынша күтілетін нәтижелері:
1) педагогтың сәл көмегімен киінеді және шешінеді, өзінің киімін тәртіпке келтіреді;
2) түймеліктері әртүрлі (сырма, түйме, батырма, "жабысқақ") киімдерді шешеді және киеді; ересектің сәл көмегімен аяқ киімінің бауын байлайды;
3) өзінің заттарын ұқыптылықпен қаттап салады, өзінің шкафын, үстелін, кереуетін біледі.
458. "Шаруашылық-тұрмыстық еңбек" бөлімшесін іске асыру бойынша күтілетін нәтижелері:
1) асхана бойынша кезекшінің міндетін орындайды: дастарқан жаяды (майлық қағазды, ас ішетін құралдарды, нан салғышты);
2) сабаққа арналған құралдарды қояды; сыныптағы еңбек міндеттемелерін және тапсырмаларды (ойыншықтарды, шкафтарды, орындықтарды жуады, кітаптарды жөндейді) орындайды;
3) үлескедегі шамасы жететін тапсырмаларды орындайды: ойыншықтарды және ұсақ қоқыстарды жинайды, жолды қардан тазартады; ересектің көмегімен қардан әртүрлі заттарды қалайды.
459. "Табиғаттағы еңбек" бөлімшесін іске асыру бойынша күтілетін нәтижелері:
1) бөлме өсімдіктерін күту дағдыларын (ересекпен бірге су құяды, топырағын қопсытады, және бөлме өсімдіктерінің жапырақтарын сүртеді) меңгерген;
2) ересекпен бірге терезе алдына бақша (үрме бұршақ, пияз, бидай) отырғызады;
3) ересекпен бірге үлескеде өсімдіктердің көшетін (гүлдер, көкөністер) отырғызады;
4) үлескедегі өсімдіктерді күтеді (арам шөптерін жұлады, суғарады).
460. "Қол еңбегі" бөлімшесін іске асыру бойынша күтілетін нәтижелері:
1) өз қолымен қағаздан және қатырмақағаздан әртүрлі бұйымдарды жасайды; қағазды ортасынан бүктейді;
2) ересекпен бірге түсі әртүрлі жолақтардан кілемше тоқиды;
3) тірек сызықтар мен тілдік нұсқау бойынша қағаздан бұйымдар(оригами) жасайды;
4) қағаз түтікшелер, шиыршықтар (қарындашқа орайды) жасайды;
5) ересектің көмегімен қалдық материалдардан ұжымдық бұйымдар жасайды;
6) педагогтың көмегімен және үлгі бойынша табиғи материалдардан бұйымдар жасайды;
7) бұйымдардың бөліктерін біріктіреді;
8) өзінің бұйымымен ойнайды;
9) бастаған ісін соңына дейін жеткізеді, жұмыс үстелін ретке келтіреді.
20-параграф. Арнайы түзеу оқу қызметі
461. Бағдарлама мазмұны - ойынға үйрету, ойлауын қалыптастыру, қоршаған ортамен таыстыру арнайы түзету оқу қызметінде іске асырылады.
1-тарау. Бірінші кіші топ (2-3 жастағы балалар)
1-параграф. "Таным" білім беру саласы
462. "Ойынға үйрету" бағдарламасының мазмұны арнайы түзету оқу әрекетінде жүзеге асырылады.
463. Мақсаты балаларда ойыншыққа қызығушылығын және балалардың қарапайым ойын тәжірибесін қалыптастыру болып табылады.
464. Міндеттері:
1) ойыншыққа жағымды қарым-қатынас және қызығушылықты қалыптастыру;
2) балаларға ойын әрекетін орындау үрдісінде функционалдық міндетіне сәйкес, қарапайым ойыншықты қолдануды үйрету;
3) балаларда ересек адамның әрекетті көрсету және еліктеу бойынша заттық-ойын әрекетін орындауға қызығушылығын тәрбиелеу.
2-параграф. 1-жартыжылдық
465. Ойынға үйрету:
1) балаларды ойыншықтармен және олардың әрекетімен таныстыру; ойыншықтарға, заттарға және олармен әрекетке қызығушылықты ынталандыру; қозғалыстағы ойыншыққа (затқа) қөз қарасын тоқтата алуды үйрету, заттың қозғалысын бақылау, қолмен ұстауын қалыптастыру;
2) балаларды ересек адамның заттық-ойын әрекетін бақылауға және ересектің көмегімен оны жүзеге асыра отыра, оның әрекетіне еліктей білуге үйрету; заттың қасиеттерін анықтауға бағытталған, ойыншықтармен ерекше қозғалысқа үйрету;
3) жібінен ұстай отырып, ойыншықтарды сырғытып үйретуді қалыптастыру;
4) жануарларға және автокөлік дыбыстарына тән дыбыс еліктеулерін дамыту;
5) қалақша және күрекшемен дұрыс қолдана білуді (ұстау, қазу), шелекке және қалыпқа құмды (қарды) салуды үйрету; түрлі сындарлы материалмен таныстыру; балаларды затты қорапқа (құтыға, табаққа) салуды, құтыға шарларды салуды, ірі текшелерді қорапқа жинауды үйрету;
6) көлемі және түсі бойынша сәйкестендірмей пирамида негізіне ірі сақиналарды өткізе ала білуін қалыптастыру.
466. Күтілетін нәтижелер:
1) ойыншықтарға, заттарға және олармен әрекетке қызығушылық танытады;
2) қалақша, күрекшені қолданады (ұстайды, қазады);
3) ересектің қадағалауымен шелекке және қалыпқа құмды (қарды) салады;
4) ересек адамның қолдауымен, оның әрекетіне еліктей отыра заттық-ойын әрекетін жүзеге асырады;
5) заттың қасиеттерін анықтауға бағытталған, ойыншықтармен қарапайым ерекше қозғалыстарын меңгереді.
3-параграф. 2 - жартыжылдық
467. Ойынға үйрету:
1) әдемі ойыншықтан, материал сапасынан (үлпілдек, жұмсақ, жылы, тегіс) эмоционалдық қанағаттануды ынталандыру; машина қозғалтқышы үшін тән дыбыстарға еліктеу және көлбеу жазықтықта, еденде, үстел үстінде қолмен машинаны сырғыта алуды дамыту; қалақша және күрекшені дұрыс қолдана білуді бекіту (ұстау, қазу), дымқыл құмнан "шар", "бәліш" жасау алуға үйрету (құмға арналған қалыптарды қолдану);
2) балаларды ересек адаммен бірлесе отыра және түрлі ойыншықтарға еліктеу бойынша бір ойын тапсырмасын орындауға талаптандыру; ойыншықпен дыбысқа еліктеуді сәйкестендіре білуді үйрету, баланың дыбысқа еліктеуді өздігінен айтуын талаптандыру; доп, вагон, машинаны итеру, жібінен тарта отыра ойыншықты ала білуге үйрету;
3) ересек адаммен бірлесе отырып, ұсақ заттарды қысып алуды, пирамида негізінен сақиналарды шеше алуды, қорапшадан заттарды ала білуді дамыту; көз алдында күрделі емес құрастырылымдарды жасау барысында ересек адамның құрастырылымдық әрекетіне балаларда қызығушылық және эмоционалдық реакция тудыру; ересек адамның бақылауында бола отырып, қимыл-қозғалыс ойындарының басқа қатысушыларымен соқтығысып қалмай, кеңістікте қозғала білуін дамыту.
468. Күтілетін нәтижелер:
1) әдемі ойыншықтан, материал сапасынан (үлпілдек, жұмсақ, жылы, тегіс) жағымды эмоция көрсетеді;
2) дымқыл құмнан ересек адамның көмегі арқылы және бірлескен әрекеттер жолымен қарапайым фигураларды жасап шығарады;
3) бір затпен еліктеу бойынша біртекті ойын әрекеттерін орындайды;
4) дыбысқа еліктеумен ойыншықты сәйкестендіре алады.
4-параграф. "Әлеумет" білім беру саласы
469. "Әлеумет" білім беру саласының мазмұны - қоршаған ортамен танысу арнайы түзету оқыту қызметінде іске асырылады.
470. Мақсаты балаларда қоршаған ортаға деген жағымды қатынасы мен мінез-құлқын, эмоциональді ілтипатын,тірі және өлі табиғат туралы түсініктерін қалыптастыру.
471. Міндеттері:
1) жақын айналасындағы заттарды атау немесе көресту біліктілігін қалыптастыру;
2) өзінің денесі, тәулік мезгілдері, азық-түлік туралы білімін қалыптастыру;
3) тұрмыстық заттар туралы қарапайым түсініктерін қалыптастыру;
4) өсімдіктер мен жануарлар туралы білімін қалыптастыру; психикалық үдерістерін дамыту: зейін, ес, ойлау;
5) қарым-қатынастың вербальді емес құралдарын дамыту;
6) отбасына деген махаббатын, үлкендерге құрметін тәрбиелеу.
5-параграф. 1-жартыжылдық
472. Қоршаған ортамен танысу:
1) өзі және туған адамдары туралы түсінігін қалыптастыру;жақын әлеуметтік орта туралы алғашқы түсініктерін қалыптастыру;
2) фотосуретте туған адамдарын: әке, ана; әже, ата тани білуге және көрсете білуге үйрету;
3) өз денесінде бағдарлауын қалыптастыру: қолдары, аяқтары, басы, денесі;
4) балабақшаның іші-жайымен таныстыру: (жатын бөлме, топ), олардың мәні; топтағы ойыншықтармен таныстыру;
5) күнделікті тәжірибе бойынша жақын заттармен таныстыру: киім (көйлек, жейде, шолақ шалбар (шорты), шалбар), ыдыс (қасық, тәрелке);
6) тұрмыс заттарына ұқыпты болуға тәрбиелеу;
7) тұрмыс заттарын суреттен табуға үйрету;
8) өлі табиғат нысаналары (су) мен құбылыстары (жаңбыр);
9) мерекелік күндермен таныстыру: туған күн, Жаңа жыл.
473. Күтілетін нәтижелер:
1) үлкеннің көмегімен өзінің есімі және топтағы құрбыларының есімдері туралы түсінігі бар;
2) үлгі бойынша кейбір дене мүшелері туралы түсінігі бар;
3) педагогтің көмегімен балабақша ішінде бағдарлай алады;
4) таныс ойыншықтарын көрсетеді;
5) киімдердің әне ыдыстардың кейбір түрлерін біледі;
6) табиғаттың кейбір құбылыстары туралы түсінігі бар;
7) мерекелік іс-шараларға эмоционаллдыәсерін білдіреді.
6-параграф. 2-жартыжылдық
474. Қоршаған ортамен танысу:
1) туыстық қатынас туралы білім қалыптастыру: әке, ана, мен;
2) балабақшаның іші-жайымен (әжетхана, шешінетін бөлме),олардың мәнімен таныстыру;
3) балабақша аумағында бағдарлай білуге үйрету (веранда, сырғанау төбешігі, құмсалғыш);
4) беттің негізгі бөліктерімен таныстыру: ауыз, мұрын, көз, құлақ олардың қызметі;
5) азық-түлік түрлерімен таныстыру: нан, сүт, ботқа;
6) ойыншықтармен таныстыруды жалғастыру;
7) тұрмыстық заттар туралы қрапайым түсініктерін қалыптастыру: киім (бөрік, қолғап, тон), аяқ киім (етік, сандалии), ыдыс (бокал, қасық, тәрелке);
8) тұрмыстық заттарға ұқыпты болуға тәрбиелеу;
9) тәулік мезгілдері туралы түсінігін қалыптастыру: күн, түн және олардың қарапайым белгілері;
10) өлі табиғат нысандарымен (құм) және табиғат құбылыстарымен (қар) таныстыруды жалғастыру;
11) мейрамдармен таныстыру: Аналардың мейрамы.
475. Күтілетін нәтижелер:
1) фотосуретте жақын туысқандарын таниды;
2) педагогтің балабақша іші-жайында бағдарлай алады;
3) педагогтің сұрауы бойынша бетінің кейбір бөліктерін көрсетеді;
4) үлгі бойынша таныс азық-түліктерін ажырата алады;
5) таныс ойыншықтарын көрсетеді;
6) педагогтің көмегімен кейбір киімдер мен ыдыстарды ажыратады;
7) тәуілік мезгілдері туралы түсінігі бар: күн және түн, олардың қарапайым белгілерін үлгі бойынша;
8) мерекелік іс-шараларға эмоционаллдыәсерін білдіреді.
2-тарау. Екінші кіші топ (3-4 жастағы балалар)
1-параграф. "Таным" білім беру саласы
476. "Таным" білім беру саласының мазмұны -ойынға үйрету; ойлау қабілетін қалыптастыру арнайы түзету оқыту қызметінде іске асырылады.
477. Мақсаты балаларда қарапайым ойын тәжірибесін қалыптастыру, белгілі бір ойыншыққа немесе ойын жағдайына баланың жеке қызығушылығына негізделген, практикалық және ойын тапсырмаларын орындау процесінде мақсатты бағытталған құралдық әрекетті қалыптастыру болып табылады.
478. Міндеттері:
1) балаларды заттық және заттық-ойын жағдайында қоғамдық тәжірибені меңгерудің бастапқы тәсілдеріне үйрету;
2) балаларды (ересекпен бірлесе және еліктеу бойынша) функционалдық міндеттеріне сәйкес, қарапайым ойыншықтарды сайма-сай қолдана білуге үйрету: машина, қуыршақ, құрылыс заттарын;
3) көмекші құралдар туралы жалпы түсініктерін қалыптастыру;
4) балаларда құрал- заттармен әрекет етуге қызығушылығын ояту;
5) практикалық жәнеойын әрекеттерін орындау кезінде құрал- заттарды және қосымша құралдарды пайдалануға үйрету;
6) мәселелік-практикалық тапсырмаларды шешу барысында байқап көру әдісін қолдануға үйрету.
2-параграф. 1 - жартыжылдық
479. Ойынға үйрету:
1) көрнекілік-әрекеттік ойлау қабілетін дамытуға арналған алғышартты құру; балаларда мақсатты бағытталған заттармен әрекетті қалыптастыру;
2) тұрмыста көмекші құралдарды және құрал заттарды (қасық пен шыныаяқ тамақ ішу үшін, қарындаш, фломастер, бор, қылқалам сурет салу үшін; жіп шарды байлап, оны ұстап жүру үшін) пайдалану туралы түсінік қалыптастыру; әртүрлі заттардың (орындық, табуретка) қандай да бір мақсатқа (затты алу) жету үшін көмектесетіні туралы түсінік қалыптастыру;
3) қолданысы бекітілген заттармен (шыныаяқ, қасық, орындық, қарынлаш, сусепкіш, арқан) әрекеттерді орындауға үйрету; балаларды практикалық және ойын тапсырмаларын орындау барысында заттық құралдарды (ау, таяқ, балға, қасық, тор, күрек) пайдалануға үйрету.
480. Күтілетін нәтижелер:
1) заттық құралдармен әрекетке эмоционалдық қызығушылық байқатады;
2) практикалық жағдайларда қолданысы бекітілген заттық құралдарды пайдаланады;
3) педагогтың көмегімен және оған еліктей отырып заттық-құралдық әрекеттерді (қалақпен құмды пішінге салады, бауынан ұстап мәшинені жүргізеді) орындайды.
481. Ойлауды қалыптастыру:
1) балаларда ұсынылған ойыншықтарға және сюжетті-бейнелік ойыншықтарға эмоционалды-жағымды қарым-қатынасты тәрбиелеу; балаларды қуыршақпен таныстыру, қуыршаққа бала ретінде ерекше қарым-қатынасты қалыптастыру (ойында адамның орнын басатын); балаларға қуыршақпен ойын барысында қажетті заттарды көрсету және түсіндіру (жиһаз, ыдыс-аяқ, киім);
2) ересектің өтініші бойынша ойыншықтарды көрсету және таба білуді қалыптастыру; сюжеттік ойыншықтардың ойнауын бақылауға балаларды үйрету; қуыршақпен қарапайым процессуалды әрекеттерді жүзеге асыруды үйрету (тамақтандыру, қуыршақты ұйқыға жатқызу); мәшинемен ойнай білуді дамыту: бөлмеде жүргізу, қуыршақтарды мәшинемен қыдырту, текшелерді тасу, мәшинеден текшелерді түсіру және тиеу;
3) дидактикалық ойыншықтарға және олармен ойнауға қызығушылықты дамыту (матрешкалар, пирамидалар, қосымша парақтар, түрлі-түсті таяқшалар); балаларды бір заттық парақшаларды басқаларына сала білуге үйрету (кішісін үлкеніне); негізге 3-5 бірдей сақинаны өткізе алуды үйрету; құрылыс материалдарынан таныс заттарды бейнелейтін қарапайым құралыстарды сала білуді үйрету:текшенің үстіне текше қою (мұнара), еліктеу бойынша текшеиктерден қатар құрастыру (пойыз, жол);
4) ойынның операциялық-техникалық жағын қалыптастыру: екі қолмен бірдей әрекет ету (ойыншықты қысып алу, ұстау, жақындату,заттың бөліктерін сәйкестендіру);
5) жануарларға, қуыршақ жылауына, машина дауысы үшін тән дыбыстарға еліктеуін дамыту.
482. Күтілетін нәтижелер:
1) ойыншықтарға және олармен әрекетке эмоционалдық қызығушылық байқатады;
2) қуыршақпен және мәшинемен қолданысына жатпайтын әрекеттерді орындамайды;
3) қуыршаққа жағымды эмоционалды қатынасын білдіреді;
4) ересектің бақылауымен ойыншықтармен таныс ойын әрекеттерін жүзеге асырады;
5) ересектің көмегімен бір затты-парақшаларды басқаларына сала білуге үйренеді (кішісін үлкеніне);
6) ересектің бақылауымен құрылыс материалдарынан қарапайым құрылыстарды сала біледі.
3-параграф. 2 - жартыжылдық
483. Ойынға үйрету:
1) балаларды құрбыластарына эмоционалды жағымды әсер етуге және олармен бірлескен әрекеттерге қатысуға үйрету; өзінің бастапқы байланысқан әрекетін ересектердің әрекетімен ынталандыру; балаларда ересектерге еліктей отыра ойыншықтармен бейнелік әрекет жасауына ынталандыру;
2) ойын әрекетінің қарапайым тізбегін, ойыншықпен процессуалды әрекет етуін, ойыншықпен заттық әрекет жасай алуын қалыптастыру; топтық бөлме кеңістігінде баланың бағдарлану дағдысын дамыту: ойыншықты таба алуға үйрету;
3) ойыншықты заттың суретімен сәйкестендіре алуын, дыбысқа еліктеу немесе былдыр сөздерді қолдана отыра атай алуын үйрету;
4) ойыншықты оның заттық суреттегі бейнесімен сәйкестендіре білуге, дыбысқа елікьтеуді немесе былдыр сөздерді пайдалана отырып оны атауға үйрету; қуыршақпен процессуалды әрекетті күрделендіру; "қуыршақ сезіміне" эмоционалдық қарым-қатынасты тәрбиелеу;
5) домалақ тесіктері бар тақтайшаға шарларды, құтыға таяқшаларды салуды, бір қорапшадан екінші қорапшаға заттарды ауыстырып салуды дамыту;
6) балаларды құрылыс ойындарымен таныстыру; бірлесе отыра құрылыс заттарынан қарапайым құрылыстарды құрастыра алуды балаларға үйрету (қақпа, мәшинені оның астынан өткізе алу; гараж, мәшинені гаражға қоя алу);
7) шапшаң қимылды ойындарға деген қызығушылық тәрбиелеу; ойындарға қатысуға қызығушылығын тәрбиелеу; балаларға ересектердің көмегімен киімнің қосымша заттарын (моншақ, орамал, телпек) және аксессуарларын кигізуге үйрету, оларды қолдану барысында сырт келбетінін өзгерістерін бақылау.
484. Күтілетін нәтижелер:
1) таныс ойындарға және ойыншықтарға жағымды қарым-қатынас және қызығушылық білдіреді;
2) басқаларға бөгет жасамай, құрбыларымен ойнап, еліктеу бойынша заттық-ойын әрекет орындайды;
3) ойын әрекетін жүзеге асыру барысында функционалдық міндеттеріне сәйкес қарапайым ойыншықтарды адекватты қолданады;
4) ересектердің өтініші және бірлескен әрекет бойынша ойыншықтармен таныс ойын әрекетін орындайды;
5) байқап көру және қателесу әдісімен қосымша парақтар түріндегі ойындарлы орындайды.
485. Ойлауды қалыптастыру:
1) балаларды практикалық мәселелік жағдаяттармен, мәселелермен таныстыру; балаларды заттық құралдар арнайы жасалмаған және олармен әрекетті орындау тәсілі қарастырылмаған жағдайда (ойыншық баладан алыста немесе биікте орналасқан) заттың орынбасарларын пайдалануға үйрету; бір құралдың әртүрлі жағдайда және әртүрлі мақсат үшін (түтікте кептеліп қалған затты таяқпен итеруге де, сондай-ақ онымен баладан биік немесе алыс тұрған ойыншықты алуға болады) пайдалануы мүмкін екені туралы түсінікті қалыптастыру;
2) балаларда мәселелік-практикалық міндет жағдайында бағдарлау тәсілдерін қалыптастыру; балаларды сынама тәсілін мәселелік-практикалық міндеттерді шешудің негізгі әдісі ретінде пайдалануға үйрету;
3) балаларда сөйлеу тілінің бекіту атқарымын (орындалған әрекеттер туралы айту) дамыту; балалардың заттық құралдармен өздігінен әрекеттенуге деген эмоционалды қатынасын ынталандыру.
486. Күтілетін нәтижелер:
1) практикалық және ойын міндеттерін орындау кезінде заттық құралдарды пайдаланады;
2) таныс жерде өзіне қатысты биік немесе алыс жатқан заттарды өзіне жақындату үшін көмекші құралдарды немесе заттық құралдарды (торлы дорба, бау, балға, орындық) пайдаланады.
4-параграф. "Әлеумет" білім беру саласы
487. "Әлеумет" білім беру саласының мазмұны - қоршаған ортамен танысу арнайы түзеу оқу қызметінде іске асырылады.
488. Мақсаты балаларда қоршаған ортаға деген жағымды қатынасы мен мінез-құлқын, эмоционалды ілтипатын қалыптастыру; тірі және өлі табиғат туралы, табиғат нысандарының өзара байланысы туралы түсініктерін қалыптастыру болып табылады.
489. Міндеттері:
1) жақын айналасындағы заттарды атау немесе көресту біліктілігін қалыптастыру;
2) балабақша бөлмелеріжәне олардың мәні туралы түсініктерін қалыптастыру;
3) уақыт түсініктерін қалыптастыру; өзі және жақын туысы туралы түсініктерін қалыптастыру;
4) негізгі дене мүшелері туралы түсініктерін қалыптастыру;
5) психикалық үдерістерін дамыту: зейін, ес, ойлау;
6) қарым-қатынастың вербалды емес құралдарын дамыту;
7) отбасына деген махаббатын, үлкендерге құрметін тәрбиелеу.
5-параграф. 1-жартыжылдық
490. Қоршаған ортамен танысу:
1) өзінің және топтағы балалардың есімдерімен таныстыру; өзі және туған адамдары туралы түсінігін қалыптастыру; жақын әлеуметтік орта туралы алғашқы түсініктерін қалыптастыру;
2) өз денесінде бағдарлауын қалыптастыру: қолдары, аяқтары, басы, денесі.
3) балабақшаның іші-жайымен таныстыру: (жатын бөлме, топ), олардың мәні;
4) топтағы ойыншықтармен таныстыру;
5) тұрмыс заттармен таныстыру: киім (көйлек, жейде, шолақ шалбар (шорты), шалбар), ыдыс (қасық, тәрелке).
6) тұрмыс заттарына ұқыпты болуға тәрбиелеу;
7) өлі табиғат нысаналары (су) мен құбылыстары (жаңбыр);
8) мерекелік күндермен таныстыру: туған күн, Жаңа жыл.
491. Күтілетін нәтижелер:
1) өзінің есімі және топтағы құрбыларының есімдері туралы түсінігі бар;
2) үлгі бойынша кейбір дене мүшелері туралы түсінігі бар;
3) педагогтің көмегімен балабақша ішінде бағдарлай алады;
4) таныс ойыншықтарын көрсетеді;
5) киімдердің әне ыдыстардың кейбір түрлерін біледі;
6) табиғаттың кейбір құбылыстары туралы түсінігі бар;
7) мерекелік іс-шараларға эмоционалды әсерін білдіреді.
6-параграф. 2-жартыжылдық
492. Қоршаған ортамен танысу:
1) туыстық қатынас туралы білім қалыптастыру: әке, ана, мен;
2) балабақшаның іші-жайымен таныстыру (әжетхана, шешінетін бөлме), олардың мәні;
3) беттің негізгі бөліктерімен таныстыру: ауыз, мұрын, көз, құлақ олардың қызметі;
4) азық-түлік түрлерімен таныстыру: нан, сүт, ботқа;
5) ойыншықтармен таныстыруды жалғастыру;
6) тұрмыстық заттар туралы қрапайым түсініктерін қалыптастыру: киім (бөрік, қолғап, тон), аяқ киім (етік, сандал), ыдыс (бокал, қасық, тәрелке);
7) тұрмыстық заттарға ұқыпты болуға тәрбиелеу;
8) тәулік мезгілдері туралы түсінігін қалыптастыру: күн, түн және олардың қарапайым белгілері;
9) өлі табиғат нысандарымен (құм) және табиғат құбылыстарымен (қар) таныстыруды жалғастыру;
10) мейрамдармен таныстыру: аналардың мейрамы.
493. Күтілетін нәтижелер:
1) жақын туысқандарын таниды;
2) педагогтің көмегімен балабақша іші-жайында бағдарлай алады;
3) педагогтің сұрауы бойынша бетінің кейбір бөліктерін көрсетеді;
4) таныс азық-түліктерін ажырата алады;
5) таныс ойыншықтарын көрсетеді;
6) педагогтің көмегімен кейбір киімдер мен ыдыстарды ажыратады;
7) тәулік мезгілдеріжәне олардың қарапайым белгілері туралы түсінігі бар: күн және түн;
8) педагогтің көмегімен өлі табиғат нысандарына және табиғат құбылыстарына назар аударады;
9) мерекелік іс-шараларға эмоционалдыәсерін көрсетеді.
3-тарау. Ортаңғы топ (4-5 жастағы балалар)
1-параграф. "Таным" білім беру саласы
494. "Таным" білім беру саласының мазмұны - ойынға үйрету, ойлау қабілетін қалыптастыру арнайы түзеу оқу қызметіндеіске асырылады.
495. Мақсаты қарапайым ойын әрекетін орындай білуін, оларды тұрмыстық, кәсіби жағдайларды бейнелейтін қарапайым сюжетке біріктере білуін қалыптастыру; практикалық міндеттер жағдайындағы бағдарлау және оларды орындау тәсілдерін қалыптастыру, байқап көру тәсілін мәселелік-практикалық міндеттерді шешудің басты тәсілі ретінде пайдалануға үйрету болып табылады.
496. Міндеттері:
1) ойын барысында ересектің әрекетіне еліктеу бойынша қарпайым бейнелік әрекеттерді жасай алуын қалыптастыру;
2) қарым-қатынастың сөздік және сөздік емес құралдарын қолдана отыра, педагогпен, ойын барысында балалармен эмоционалді қарым-қатынас қажеттілігін қалыптастыру;
3) ойын және тұрмыс жағдаятында орынбасу-заттарын қолдану дағдысын қалыптатыру;
4) мәселе-практикалық тапсырмаларды шешудің негізгі әдісі ретінде байқап көру әдісін қолдануға үйрету;
5) көрнекі-бейнелік ойлауын дамыту үшін алғышарттарын құру.
2-параграф. 1 - жартыжылдық
497. Ойынға үйрету:
1) табиғи материалдармен және олардың қаситтерімен таныстыру, сумен, құммен, жапырақпен, жемістермен ойын өткізу; ересектің сөздік өтініші бойынша және оның әрекетінің үлгісі бойынша, ересектің қимыл-қозғалысына еліктеу бойынша ойын идеясына сәйкес шынайы тұрмыстық заттық-құралдарды қолдану алуға үйрету;
2) ойын барысында қарапайым бейнелік әрекеттерді жүзеге асыра алуын қалыптастыру; балаларды ойын барысында ым-ишара, мимика, сөйлеу көмегімен қарым-қатынас етуге ынталандыру; ойын әрекетінің бірізді тізбегін орындау және бірнеше қарапайым операцияларды орындау кезінде кезектілік дағдысын қалыптастыру;
3) құрылыс жинағының негізгі бөлшектерінің атауымен балаларды таныстыру; балалармен және педагогпен ойында қолдану мақсатында, ірі құрылыс материалдарынан балалардын көз алдында күрделі емес құрылыстарды құрастыра отырып, ойынның құрылысты-құрылымдық дағдыларын дамыту;
4) педагог қимыл-қозғалысына еліктеп, екі қолды қолдана отыра, заттармен әрекет ете алуын үйрету;
5) жануар, құстар, адамдардың қарапайым қимыл-қозғалысын ұқсастырып жасай алуға үйрету.
498. Күтілетін нәтижелер:
1) ойын әрекетін орындауға қызығушылық білдіреді;
2) ересектердің көмегімен және көрсету бойынша заттық-ойын әрекетін жүзеге асырады;
3) екі немесе үш бөліктен қарапайым тізбекке жеке заттық-ойын әрекетін біріктіреді;
4) ойын бұрышында құрбыластырымен бірге ойнай алады;
5) ойын барысында түрлі табиғи заттарды және олардың модельдерін қолданады;
6) ересектермен бірге ірі құрылыс материалдарынан түрлі құрылыстарды модельдейді;
7) жануар, құстар, адамдардың қарапайым қимыл-қозғалыстарын ұқсастырып жасай алады.
499. Ойлауды қалыптастыру:
1) балаларда заттық құралдарды практикалық әрекетте пайдалануды қалыптастыру;
2) сан алуан көрнекілік-әрекеттік міндеттерді арнайы құрылған мәселелік жағдайларда шешуге үйрету;
3) балаларда ойын және тұрмыстық жағдайларда заттың орынбасарларын пайдалану икемділіктерін қалыптастыру;
4) балаларды нәтижелік, іздеу сынамасына: мәселелік жағдайға (екеуінің біреуін) сәйкес келетін құралды қолдана білуге үйрету;
5) сөйлеу тілінің бекіту атқарымын қалыптастыру(орындалған әрекеттер туралы айту);
500. Күтілетін нәтижелер:
1) заттық құралдарды ойын және тұрмыстық жағдайларда пайдаланады;
2) мәселелік жағдайда екеудің ішінен таңдай отырып, барынша сәйкес келетін құралды қолданады.
3-параграф. 2- жартыжылдық
501. Ойынға үйрету:
1) сәйкес заттар мен ойыншықтарды өздеріне тән бейнесі, дыбысталуы бойынша табуды және осы ойыншықтарды ойын процесінде пайдалана білу икемділігін қалыптастыру; ойын әрекеттерінің тізбегін құруды, ойынға сюжеттік ойын элементтерін ендіре білуді қалыптастыру; балаларды ойын барысында ыи-ишыратты, сөйлеу тілінің көмегімен қатынасқа түсуге үйрету;
2) ойдағы қарапайым ойын жағдайын құра білуді, өзіне рөл алуды және ересек адамның белсенді көмегімен сол рөлге сәйкес әрекет ерте білуді қалыптастыру;
3) құрылыс жиынтығының негізгі бөліктерін атауы бойынша ерекшелей білуін қалыптастыру, өздігінен атағаны үшін қолпаштау; ересек адаммен бірге немесе еліктеу бойынша ірі және ұсақ құрылыс материалдарынан әртүрлі құрылыстарды үлгілеу және олармен ойнауға үйрету; балаларды құрылыстың бұзылып қалуын дұрыс қабылдауға үйрету, оларды ойынды ары қарай жалғастыру үшін қайтадан қалыпына келтіруге деген ұмтылысын шақыру;
4) балада киім таңдауға, өзін айнадан қарауға қызығушылығын тудыру; өзін жан-жағынан қарауға үйрету; балаларды таныс ертегілер кейіпкерлеріне еліктеуге үйрету.
502. Күтілетін нәтижелер:
1) ойыншықтармен заттық әрекеттерді, процесуалді әрекеттерді, ойын әрекетінің тізбегін, еліктеу бойынша сюжет элементі бар ойынәрекеттерін орындайды;
2) ересектермен бірге ойыншықтарды тақпақ-өлеңдерге сәйкестендіреді;
3) ірі және майда құрылыс материалдарынан құрылыс моделін жасайды, кейін оны ересектің көмегімен ойын барысында қолданады;
4) меңгерген ойын тәсілдерін оқу жағдаятынан еркін ойын іс-әрекетіне ересектің көмегімен ауыстыра алады;
5) жақсы таныс ертегі кейіпкерлерінің бейнелерін еліктеп жасайды.
503. Ойлауын қалыптастыру:
1) сынама тәсілін мәселелік-практикалық міндеттерді шешудің негізгі әдісі ретінде пайдалана білуді, мәселелік жағдайда барынша сәйкес келетін құралды (үшеудің ішінен таңдау) қолдануды қалыптастыру;
2) заттар арасындағы себеп-салдарлық байланысты ерекшелеуге байланысты көрнекілік-әрекеттік тапсырмаларды шеше білуге үйрету; құбылыстың әдеттегі барысының бұзылуының жақсы көрініп тұрған себебін анықтай білуге үйрету;
3) балаларды ілмегі бар таяқшаны, акваримуға арналған торлы дорбаны, қасықты, шанышқыны құрал ретінде пайдалана отырып, сауыттың ішіндегі заттарды алуға үйрету;
4) екі көмекші құралды, сондай-ақ мақсатқа қол жеткізу үшін балаларға қарапайым құралдарды (екі қысқа таяқтан бір ұзын таяқ жасау, бір ұзын жіпті алу үшін екі қысқа жіпті байлау) жасауға тура келетін мәселелік-практикалық мәселелерді шеше білуге үйрету;
5) сөйлеу тілінің бекіту атқарымын (орындалған әрекеттердің дәйектілігі туралы айтуға үйрету) қалыптастыру.
504. Күтілетін нәтижелер:
1) мәселелік-практикалық жағдайларда заттардың орынбасарларын пайдаланады;
2) практикалық және ойын міндеттерін шешу үшін байқап көру тәсілін пайдаланады;
3) мәселелік жағдайда үшеудің ішінен таңдай отырып, барынша сәйкес келетін құралды қолданады.
4-параграф. "Әлеумет" білім беру саласы
505. "Әлеумет" білім беру саласының мазмұны- қоршаған ортамен танысу арнайы түзеу оқу қызметінде іске асырылады.
506. Мақсаты: нормалар мен ережелер негізінде тұлғаның әлеуметтік дағдыларын қалыптастыру; тірі және өлі табиғат туралы білімдерін жетілдіру.
507. Міндеттері:
1) айналадағы нысаналармен, заттармен жинақталған өзара әрекеттесу тәжірибесін қолдана отырып, таныс жерлердегі тәртіп ережелері туралы түсініктерін қалптастыру;
2) ересектердің еңбегі, ересектермен және құрбыларымен қарым-қатынас жасау ережелері туралы білімін толықтыру;
3) мамандықтар туралы білімін қалыптастыру;
4) тұрмыстық заттар туралы түсініктерін қалыптастыру;
5) әлеуметтік өмірдің нысаналары туралы түсінігін қалыптастыру;
6) үй-жай ішінде бағдарлай білуге үйрету;
7) қысқы ойындар туралы түсініктерін қалыптастыру;
8) психикалық үдерістерін дамыту: зейін, ес, ойлау;вербальді және вербальді емес қарым-қатынас құралдарын дамыту;
9) белсенді және енжар сөздік қорын жалпылау ұғымдарымен толықтыру;
10) табиғатқа ұқыпты қарауға тәрбиелеу.
5-параграф. 1-жартыжылдық
508. Қоршаған ортамен танысу:
1) өзінің тегін, жасын айта білуін, жынысы туралы түсінігін қалыптастыру;
2) туыстық қатынастар туралы түсініктерді қалыптастыру;
3) топтағы балаларды есімдерімен атап үйрету;
4) бет бөліктері мен дене мүшелерін көрсетіп, олардың қызметін түсіндіру біліктілігін қалыптастыру;
5) белгілі бір мамандық іс-әрекетінің мәні туралы түсінігін қалыптастыру (тәрбиеші, күтуші, дәрігер, жүргізуші);
6) адамның күнделікті өмірдегі және еңбегіндегі іс-әрекеті мен қылығын бақылау біліктілігін қалыптастыру;
7) балабақшаның іші-жайымен таныстыру (кіреберіс, мейірбеке кабинеті, музыкалық зал);
8) таныс заттарды олардың бейнелерімен сәйкестендіру біліктілігін қалыптастыру (ойыншықтар, ыдыс, жиһаз).
9) қоршаған ортадағы нысаналарды ересектің ауызша нұсқауы бойынша көрсету біліктілігін қалыптастыру (ойыншықтар автобус, жүк машинасы, үй, тұрмыстық заттар).
10) азық-түлік түрлерімен таныстыру: нан, сүт, пешене, кәмпиттер;
11) жүріс-тұрыс мәдениеті: қоршаған ортадағы нысаналармен, заттармен өзара әрекеттесу тәжірибесін қолдана отырып, серуен кезіндегі, үйдегі, топтағы таныс жағдаяттарында мінез-құлық ережелері туралы түсінігін қалыптастыру;
12) мейрамдармен таныстыру: Туған күн, Күз мерекесі, спорт мерекесі.
509. Күтілетін нәтижелер:
1) отбасы мүшелері мен жақын адамдар туралы түсінігі бар;
2) өз жынысын біледі;
3) дене мүшелері мен бет бөліктерін көрсетеді немесе атайды;
4) тұрмыстық заттарды ажыратады;
5) көліктер туралы түсініктері бар;
6) балабақша және балабақша қызметкерлері туралы түсінігі бар;
7) азық-түліктерді ажыратады;
8) қоғамдық жерлердегі қарапайым жүріс-тұрыс ережелері туралы түсінігі бар;
9) мерекелік-іс-шараларға эмоционалды әсерін көрсетеді.
6-параграф. 2-жартыжылдық.
510. Қоршаған ортамен танысу
1) өзінің тегі мен жасын айта білуге үйрету;
2) тұрмыстық заттар туралы түсініктерін қалыптастыру: жиһаз түрлері (үстел, орындық және олардың бөліктері, диван, кресло), аяқ киім (бәтеңке);
3) заттарды топтарға жалпылау біліктілігін қалыптастыру: ойыншықтар, жиһаз;
4) құрал-саймандар туралы түсініктерін қалыптастыру (сыпыртқы, күрек, суқұйғыш);
5) қазақтың ұлттық киімдері (тиқия) мен ыдыстары (кесе, қазан) туралы түсініктерін қалыптастыру;
6) мейрамдармен таныстыруды жалғастыру: жаңа жыл, қыс мерекесі, аналар мейрамы;
7) жыл мезгілдері туралы түсініктерін қалыптастыру;
8) қысқы ермек-ойындар туралы түсініктерін қалыптастыру: қар лақтыру, шанамен сырғанау, аққала жасау;
9) мамандығы әртүрлі адамдардың іс-әрекеті туралы түсініктерін қалыптастыру (сатушы, жүргізуші);
10) әлеуметтік өмірдегі нысаналары туралы білімін қалыптастыру: дүкен, көлік;
11) тәулік мезгілдері туралы түсінігін қалыптастыру: таңертең.
511. Күтілетін нәтижелер:
1) өзінің тегі туралы түсінігі бар;
2) тұрмыстық заттарды көрсетеді және ажыратады;
3) жыл мезгілдері мен қысқы ермек-ойындар туралы түсініктері бар;
4) ұлттық киім (тақия) мен ыдыс (кесе, қазан) туралы қарапайым түсініктері бар;
5) мерекелік іс-шараларға және балалардың ермек-ойындарына эмоциональді әрекет етеді;
6) кейбір мамандықтар туралы түсініктері бар;
7) тәулік мезгілінажыратады - таң.
4-тарау. Ересектер тобы (5-6 жастағы балалар)
1-параграф. "Таным" білім беру саласы
512. "Таным" білім беру саласының оқу мазмұны - ойынға үйрету, ойлауды қалыптастыру арнайы түзеу оқу қызметіндеіске асырылады.
513. Мақсаты балаларға үйрету жағдайынан меңгерілген ойын әрекеттерін еркін ойын әрекетіне көшіру, балаларда көрнекілік-бейнелік ойлауды дамытудың алғышартын құру, өзінің практикалық тәжірибесін тірек ете отырып, сюжеттік суреттерде бейнеленген жағдайды бүтіндей қабылдауын қалыптастыру болып табылады.
514. Міндеттері:
1) белгілі бір рөлмен байланысты, ойын әрекетінің тізбегін қалыптастыру;
2) ересектердің көмегімен сәйкес рөлге байланысты әрекет ету дағдысын дамыту;
3) балаларда ойын міндетін шешу үшін біріге отыра, шағын топтармен бірге ойнау дағдысын қалыптастыру;
4) ойын барысында мәнерлі сипаттағы тұжырымдау сөзді, заттық-орынбасарды қолдануды қалыптастыру;
5) заттық құралдар, олардың қасиеттері мен сапасы, адам әрекетіндегі рөлі туралы жалпы түсініктерді қалыптастыру;
6) балаларды сюжеттік суретте бейнеленген құбылыстың бұзылу барысының болжамды себебін анықтауға үйрету;
7) суретте бейнеленген оқиғалардың дәйектілігін анықтауға үйрету.
2-параграф. 1 - жартыжылдық
515. Ойынға үйрету:
1) балаларда тұрмыстық заттарды, ойыншықтар, сүйікті ойындарды таңдауда қызығушылықтар мен артықшылықтарын қалыптастыру; балаларды бейнелік ойыншықтарды бөлме кеңістігінде, ойын бұрышында, үстел үстінде орналастыруды үйрету (барлық жазықтықта теңестіре отыра; бір қатарға, бірінен кейін бірін қою);
2) балаларға құрбыластарына ойын өтінішімен сұрауды үйрету; ойын барысында ым-ишара, мимика, сөйлеу көмегімен қарым-қатынас етуді дамыту;
3) ойында балалардың отбасы мен балабақшада және ойын барысында ересектермен қарым-қатынасын бейнелейтін ойын әрекетінің логикалық тізбегін құрастыра алуды оқыту;
4) тұрмыстық мазмұны бар орнын басушы заттарды ойында қолдана білуді үйрету (құрылыс материалдарындағы кірпіш);
5) ойында өзгеру техникасымен балаларды таныстыру (түрлендіру); балаларға кейбір жануарлар, құстар, жәндіктер, күннің көзі, әртүрлі көлік қимыл-қозағылысының ұқсастықтарын көрсете білуге үйрету; ойын кейіпкерінің образына сәйкес дауыс және сөйлеу, мимика, қимыл-қозғалысты өзгерте алуды балаларға үйрету (ересек адамның бақылауында); педагог айтып жатқан тақпақтар және өтірік өлеңдер бойынша бір кейіпкерді үнсіз импровизациялы ойындарға қатыса алуды үйрету.
516. Күтілетін нәтижелер:
1) құрбыларына ересектердің өтініші бойынша ойнау қажеттігін сұрай алады;
2) ойын барысында ым-ишара, мимика, сөйлеу көмегімен қарым-қатынас жасайды;
3) белгілі бір рөлдерге тән, бірізді әрекеттер тізбегін ересек адамның бақылауымен жүзеге асыра алады;
4) көлік құралдары, жәндіктер, құстар, жануарлар қимыл-қозғалыстарын ұқсастырып жасай алады;
5) ойында ересектердің көмегімен адамдар арасындағы қарым-қатынасты бейнелейді;
6) ойында тұрмыстық мазмұндағы заттың орынбасарларын қолданады.
517. Ойлауын қалыптастыру:
1) балаларда көрнекілік-бейнелік ойлауды дамытудың алғышартын құру: заттық құралдар, олардың қасиеттері мен сапасы, олардың адамдардың әрекеттеріндегі рөлі туралы жалпы түсініктерді қалыптастыру;
2) сан алуан көрнекілік-әрекеттік міндеттерді арнайы құрылған мәселелік жағдайларда шешуге үйрету; мәселелік жағдайда барынша сәйкес келетін құралды (4-5 заттың ішінен) қолданады;
3) мәселелік-практикалық міндетті сөйлеу тілдік айтылымдарда талдай білуді қалыптастыру;
4) балаларды көрнекілік-бейнелік жоспардағы міндеттерді шешуге үйрету: балаларға олардың өздерінің практикалық тәжірибесінен таныс жағдайлар бейнеленген сюжетті суреттерді ұсыну, оларды жағдайдың мәнін ашып айтуға ынталандыру;
5) балаларда сюжеттік суреттерде бейнеленген жағдайды бүтіндей қабылдауды қалыптастыру;
6) балаларды сюжетті суреттерде бейнеленген нысандар мен құбылыстардың арасындағы себеп-салдарлық байланысты және тәуелділікті таба білуге үйрету.
518. Күтілетін нәтижелер:
1) заттық құралдар, олардың қасиеттері мен сапасы туралы жалпы түсініктері бар;
2) мәселелік-практикалық жағдайларды талдайды;
3) өзінің практикалық тәжірибесін тірек ете отырып, нысандар мен құбылыстардың арасындағы себеп-салдарлық байланысты және тәуелділікті таба отырып, суреттерде бейнеленген жағдайды бүтіндей қабылдайды.
3-параграф. 2-жартыжылдық
519. Ойынға үйрету:
1) күрделі ойыншықтармен, қарапайым үстелүстілік баспа ойындарымен ойын әрекеттеріне қызығушылық шақыру; балаларды ойын талаптарына бағына отырып, бірге, шағын топтармен ойнай білуге үйрету;
2) балаларды қиялдағы заттармен әрекет жасауға үйрету: еліктеу бойынша "өтірік" шаш тарауға, жуынуға, қолын сүлгімен сүртуге;
3) балаларды әртүрлі бейнелі ойыншықтармен ойнауға арналған орындарды ұйымдастыруға (ересектермен бірге) тарту;
4) ересек адамның тікелей қатысуымен ұжымдық құрылыс салу, ересек адамның әрекетіне еліктеу бойынша және қарапайым үлгі бойынша құрылыс салу;
3) түрлі бейнелі ойыншықтармен ойнау (ересекпен бірге) үшін орын ұйымдастыруға балаларды қатыстыру;
4) ересек адамның тікелей қатысуымке құрылыс салу; ересек адаммен бірге немесе еліктеу бойынша ойында әрі қарай қолданумен ірі және ұсақ құрылыс материалдарынан түрлі құрылыстар салу;
5) балаларды рөлдермен таныстыру(мысықтың, иттің, тауықтың), өзіне рөл алуға жәнееліктеу бойынша оған сәйкес өзін қайта атауға үйрету;
6) қарапайым сюжеті бар сахналауға қатысуға үйрету; ересектің көмегімен сахналау үшін костюмдерді қолдана отырып, рөлді сомдауға үйрету.
520. Күтілетін нәтижелер:
1) күрделі ойыншықтармен, қарапайым үстел үстілік баспа ойын әрекеттеріне қызығушылық байқатады;
2) ойын мәселелерін шешу үшін кіші топтық бірлескен ойын дағдыларын меңгерген;
3) қиялындағы заттармен әрекет етеді;
4) ересектің көмегімен рөлге сәйкес әрекет етеді;
5) ересектің басшылығымен ұжымдыққұрылысқа қатысады;
6) таныс ертегілерді сахналауға қатысады.
521. Ойлауын қалыптастыру:
1) балаларды сюжетті суреттерде бейнеленген нысандар мен құбылыстардың арасындағы себеп-салдарлық байланысты таба білуге үйрету;
2) балаларда сюжеттік суретте бейнеленген құбылыстың бұзылу барысының болжамды себебін анықтай білуін, сәйкес келетін заттық суретті (екі-үшеуінің арасынан) таңдауды қалыптастыру; суреттерді оқиға тәртібі бойынша қоя отырып, "басында", "содан кейін" деген сөздерді қолдана отырып, оқиғаның дәйектілігін анықтай білуді қалыптастыру.
522. Күтілетін нәтижелер:
1) сюжеттік суретте бейнеленген құбылыстың бұзылу барысының себебін анықтайды, сәйкес суретті таңдайды;
2) оқиғалардың дәйектілігін анықтайды, суреттерді оқиға ретімен орналастырады.
4-параграф. "Әлеумет" білім беру саласы
523. "Әлеумет" білім беру саласының мазмұны - қоршаған ортамен танысу арнайы түзеу оқу қызметінде іске асырылады.
524. Мақсаты қоршаған ортамен таныстыру негізінде әлеуметтік дағдыларды, ересектермен, құрбыларымен қарым-қатынас жасау дағдыларын қалыптастыру және дамыту болып табылады.
525. Міндеттері:
1) қоршаған орта туралы, тірі және өлі табиғат құбылыстары туралы, қоғамдық өмір туралы түсініктерін кеңейту және тереңдету;
2) балабақша іші-жайында бағдарлай білуін жетілдіру;
3) заттарды олардың қолданысы бойынша жіктеу;
4) өсімдіктер және жануарлар әлемі, табиғаттағы мезгілдік құбылыстар туралы түсініктерін қалыптастыруды жалғастыру;
5) жыл мезгілдерінің ауысуын бақылауға, олардың қарапайым белгілерін білуге, ауа райының қалпын ажыра білуді қалыптастыру;
6) мемлекеттік рәміздер мен мемлекеттік мейрамдар туралы білімін қалыптастыру;
7) ауызша байланыстырылған сөйлеу тілін дамыту;
8) психикалық үдерістерін: зейін, есте сақтау, ойлаудамыту;
9) өсімдіктерге және жануарларға ұқыптылықпен қарауға тәрбиелеу.
5-параграф. 1-жартыжылдық
526. Қоршаған ортамен танысу:
1) отбасы мүшелері туралы білімдерін қалыптастыру: ана, әке, ұл, қыз, әже, ата; ағасының, әпкесінің есімдерімен таныстыру;
2) топ педагогтерін аты-жөнімен атауға үйрету, топтағы балаларды есімдерімен атап үйрету;
3) дене мүшелері мен бет бөліктерін атауға, олардың қызметін түсіндіре білуге үйрету;
4) ересектердің мамандықтары туралы түсініктерін қалыптастыру: мейірбике, дәрігер, сатушы;
5) микроәлеуметтік орта туралы білімін қалыптастыру: дүкен, дәріхана, көлік;
6) қоршаған әлеуметтік және заттық ортаға танымдық қызығушылығын дамыту;
7) қоғамдағы жүріс-тұрыстың қарапайым нормалары туралы түсінігін қалыптастыру;
8) Қазақстан - ел атауымен таныстыру, Қазақстанның мемлекеттік рәміздерімен таныстыру;
9) тұрмыстық заттар туралы түсініктерін кеңейту және тереңдету: ыдыс (шай ыдысы, асханалық), жиһаз (бөліктері);
10) "киім, аяқкиім", "ыдыс-жиһаз" ұғымдарын ажырата білуге үйрету;
11) жыл мезгілдері туралы білімдерін қалыптастыру;
12) өлі табиғат нысандарымен таныстыру: саз балшық, тас, құм;
13) тәулік мезгілдері туралы білімдерін кеңейту: кеш;
14) мейрамдармен: туған күн, күз мерекесі, Қазақстанның туған күнітаныстыруды жалғастыру.
527. Күтілетін нәтижелер:
1) отбасы мүшелерін біледі;
2) дене мүшелері мен бет бөліктерін атайды немесе көрсетеді.
3) ойыншықтарды, автобусты, жүк машинасын, үйді, тұрмыс заттарын атайды;
4) жыл мезгілдері мен олардың қарапайым белгілерін атайды;
5) кейбір мамандықтар туралы түсініктері бар;
6) қоғамда жүріс-тұрыстың қарапайым нормаларын сақтайды;
7) ел атауы туралы түсінігі бар;
8) тұрмыстық заттар туралы түсініктері бар;
9) иллюстрацияға сүйене отырып, тәулік мезгілдерін ажыратады;
10) мейрамдар туралы түсініктері бар.
6-параграф. 2 - жартыжылдық
528. Қоршаған ортамен танысу:
1) отбасындағы туыстық қатынастар туралы және өзінің әлеуметтік рөлітүсініктерін жетілдіру: аға, әпке;
2) мамандықтарментаныстыру: аспаз, тігінші, сатушы;
3) балабақшаның іші-жайыментаныстыруды жалғастыру: асхана, кір жуатын бөлме, медициналық кабинет;
4) тұрмыстық заттартуралы түсініктерін кеңейту: киім, аяқ киім, (жазғы, қысқы және олардың бөліктері);
5) макроәлеуметтік ортатуралы түсініктерін кеңейту: қала, көшелер, көлік, сауда үйі, аурухана;
6) тұрғын үйдің іші-жайыментаныстыру: зал, асхана, кіреберіс, жуынатын бөлме;
7) тұрмыстық заттартүсініктерін қалыптастыру: ине, жіп, түйме, мататуралы;
8) жүру жеріне және қызметіне қарай көліктердің түрлері туралы түсініктерін иллюстрацияларға сүйене отырып қалыптастыру;
9) байланыс құралдары (телефон, компютер,теледидар) туралы түсініктерін қалыптастыру;
10) тәулік мезгілдері, апта күндері туралы түсініктерін кеңейту;
11) жыл мезгілдері және олардың белгілері туралы білімдерін қалыптастыру;
12) мемлекеттік рәміздерімен, әнұранмен таныстыру;
13) қазақтың ұлттық киімдері туралы түсініктерін қалыптастыру;
14) азық-түлік туралы түсініктерін қалыптастыру;
15) серуен, ертеңгілік кезіндегі, топ ішіндегі жүріс-тұрыс ережелері туралы білімдерін қалыптастыру;
16) мейрамдармен таныстыруды жалғастыру: туған күн, наурыз, достық мейрамы;
17) балалардың сөйлеу мүмкіндіктеріне қарай ауызша сөйлеу тілін дамыту;
18) психикалық үдерістерін дамыту: зейін, жад, ойлау.
529. Күтілетін нәтижелер:
1) өзін және отбасы мүшелерін біледі;
2) "Сенің жасың нешеде" сұрағына жауап береді немесе көрсетеді;
3) балабақшаның іші-жайы туралы түсінігі бар;
4) тұрмыстық заттар туралы түсінігі бар;
5) тірек суреттер бойынша пәтердегі тұрғын бөлмелерді ажыратады;
6) жүру жеріне және қызметіне қарай көліктердің түрлері туралы түсініктері бар;
7) иллюстрацияға сүйене отырып, байланыс құралдары туралы түсініктері бар (телефон, компьютер, теледидар);
8) жыл мезгілдерін қарапайым белгілері бойынша ажырата алады;
9) апта күндері туралы түсініктері бар;
10) кейбіразық-түліктерді ажыратады;
11) жүріс-тұрыстың қарапайым ережелерін сақтайды;
12) мейрамдар туралы түсініктері бар.
5-тарау. Мектепалды даярлық сыныбы (6 -7 жастағы балалар)
1-параграф. "Таным" білім беру саласы
530. "Таным" білім беру саласының мазмұны - ойынға үйрету, ойлауды қалыптастыру арнайы түзеу оқу қызметінде іске асырылады.
2-параграф. Ойынға үйрету
531. Мақсаты ойын сюжеті негізінде өзара әрекет етуге және ойында қарапайым тәртіп ережелерін сақтауды тәрбиелеу болып табылады.
532. Міндеттері:
1) ересектермен бірге балалардың ойлап тапқан тұрмыстық және ойын жағдайларының негізінде қуыршақ және басқа да ойыншықтармен балалардың әрекет ету аймағын кеңейту;
2) 2-3 адамнан топтарға біріктіре отыра, басқа балалармен және ересектермен бірге ойнауын мадақтау және ынталандыру;
3) балалардың таныс ойындармен өздігінен ойнауын ынталандыру;
4) жаңа ойында меңгерілген ойын дағдыларын қолдана білуді үйрету.
533. "Ойынға үйрету" сабағының мазмұны, күтілетін нәтижелер түрінде оқытудың мақсатынан және бөлімшелерінен құрайтын, оқытудың бөлімдері бойынша ұйымдастырылған. Әрбір бөлім ішіндегі бірізді ұйымдастырылған оқытудың мақсаты, оқытудың келесі деңгейі туралы ақпараттандыра отыра, педагогтарға өз жұмысын жоспарлауға және балалардың жетістіктерін бағалауға мүмкіндік береді.
534. Оқу бағдарламасының мазмұны келесі бөлімдерді қамтиды:
1) табиғи, қалдық материалдар және маталармен ойындар әлеуметтік дамыту және еңбекке баулу;
2) құрылымдық ойындар;
3) сюжетті-бейнелік ойындар;
4) театрландырылған ойындар.
535. "Табиғи, қалдық материалдар және маталармен ойындар" бөлімі келесі бөлімшелерді қамтиды:
1) табиғи материалдармен ойындар;
2) қалдық материал және маталармен ойындар.
536. "Құрылымдық ойындар" бөлімі келесі бөлімшелерді қамтиды:
1) құрылыс ойындары;
2) кеспелі суреттер және шашпалы - жиналмалы ойыншықтармен ойындар.
537. "Сюжетті-бейнелік ойындар" бөлімі келесі бөлімшелерді қамтиды:
1) адамдардың өмірін және еңбегін бейнелейтін ұжымдық ойындар;
2) қазақ халқының тұрмысын бейнелейтін сюжетті-рөлдік ойындар;
3) мектеп тақырыбындағы ойындар.
538. "Театрландырылған ойындар" бөлімі келесі бөлімшелерді қамтиды:
1) режиссерлік ойындар;
2) драмаландыру ойындары.
539. Оқыту мақсаттарының жүйесі:
36-кесте
1-бөлім. Табиғи, қалдық материалдар және маталармен ойындар | |
Бөлімшелер | Оқыту мақсаттары |
1.1 Табиғи материалдармен ойындар | 0.1.1.1 түрлі табиғи материалдардың табиғи қасиеттері жайлы және олармен ересектердің көмегімен қалай ойнауға болатыны туралы түсінігі бар |
0.1.1.2 табиғи материалдармен ойын әрекетінің белгілі бір дағдылары бар | |
1.2 Қалдық материал және маталармен ойындар | 0.1.2.1 қалдық материалдар ерекшеліктері жайлы түсініктер бар |
0.1.2.2 қалдық материалдармен ойын әрекетінің белгілі бір дағдылары бар |
540. "Табиғи материалдармен ойындар" бөлімшесін іске асыру бойынша күтілетін нәтижелері:
1) табиғи материалмен түрлі әрекетке және ойындарға қызығушылық танытады;
2) ауызша нұсқаубойынша табиғи материалмен ойын әрекетін орындайды;
3) әрі қарай қолдану ойымен, үстел үстілік театр үшін табиғи материалдардан ересектің көмегімен декорация жасайды.
541. "Қалдық материал және маталармен ойындар" бөлімшесін іске асыру бойынша күтілетін нәтижелері:
1) қағаз және мата, қалдық материалмен түрлі әрекетке және ойындарға қызығушылық танытады;
2) ересек адамның көмегімен қағаз, мата және түрлі жарамсыз материалмен ойын әрекетін орындайды;
3) әрі қарай қолдану ойымен, сюжетті-рөлді ойындарға, үстел үстілік театрға, театрланған ойындарға ересектің көмегімен декорация жасайды.
37-кесте
2-бөлім. Құрылымдық ойындар | |
Бөлімшелер | Оқытудың мақсаты |
2.1 Құрылыс ойындары | 0.2.1.1 құрылыс жинағының негізгі бөліктерінің атауын білу |
0.2.1.2 үлгі бойынша құрылыс материалдарынан құрылыс жасауға бағытталған, бірізді әрекеттер тізбегін орындау | |
0.2.1.3 ересектердің қатысуымен ұжымдық құрылысты жасай білу | |
2.2 Кеспелі суреттер және шашпалы - жиналмалы ойыншықтармен ойындар | 0.2.2.1 ересектің көмегімен шашпалы-жиналмалы ойыншықтардың бөліктерін бөлшектей және жинай білу |
0.2.2.2 нұсқаулық бойынша кеспелі суреттерді (үш-төрт бөліктен тұратын) жинай білу | |
0.2.2.3 үлгі бойынша суретті текшелерден біртұтас бейнені құрастыра білу |
542. "Құрылыс ойындары" бөлімшесін іске асыру бойынша күтілетін нәтижелері:
1) құрылымдық әрекетке қызығушылық және эмоционалдық реакция танытады;
2) құрылыс материалдарынан құрастырылым құруға бағытталған, бірізді әрекеттер тізбегін орындайды;
3) "толықтыру", "қосу", құрылысты қайта жасау жолымен құрастырылымды құруға қатысады;
4) үлгі бойынша бейнелік ойындарда заттың орнын басушы ретінде құрастырылымды материалды қолданады;
5) ұжымдық құрылысқа қатысады; үлгі бойынша құрылысты жасай алады.
543. "Кеспелі суреттер және шашпалы - жиналмалы ойыншықтармен ойындар" бөлімшесін іске асыру бойынша күтілетін нәтижелері:
1) үлгі бойынша шашпалы-жиналмалы ойыншықтар бөліктерін бөлшектейді және жинайды;
2) үлгі бойынша дәл осы суреттер бейнеленген кеспелі суреттердің бөліктерін бөлшектейді және жинайды;
3) үлгі бойынша және үлгінін үстінен қою тәсілін қолданумен кеспелі суреттерді (үш-төрт бөліктен тұратын) жинайды;
4) суретті текшелерден (төрт текше) біртұтас бейнені құрастыра алады.
38-кесте
3-бөлім. Сюжетті-бейнелік ойындар | |
Бөлімшелер | Оқыту мақсаттары |
3.1 Адамдардың өмірін және еңбегін бейнелейтін ұжымдық ойындар | 0.3.1.1 адамдар арасындағы қарым-қатынас және тәртіптің негізгі ережелері жайлы түсініктерінің болуы |
0.3.1.2 адамдардың өзара қарым-қатынасын және еңбегін, өмірін бейнелейтін қарапайым сюжетті-тізбектерді ойната білу | |
3.2 Қазақ халқының тұрмысын бейнелейтін сюжетті-рөлдік ойындар | 0.3.2.1 қазақ халқы тұрмысының негізгі заттарын білу |
0.3.2.2 қазақ халқының тұрмысын және дәстүрін бейнелейтін, ойын әрекеті мағынасы бойынша байланысқан қарапайым сюжетті-тізбектерді ойната білу | |
3.3 Мектеп тақырыбындағы ойындар | 0.3.3.1 оқу құралдарын тану |
0.3.3.2 ересек адамның көмегімен мектеп өмірін бейнелейтін, мағынасы бойынша байланысқан қарапайым сюжетті-тізбектерді ойната білу |
544. "Адамдардың өмірін және еңбегін бейнелейтін ойындар" бөлімшесін іске асыру бойынша күтілетін нәтижелері:
1) ойын атрибуттары және бейнелік ойыншықтармен мағынасы бойынша байналысқан қарапайым сюжетті-тізбектерді ойната алады.
545. "Қазақ халқының тұрмысын бейнелейтін сюжетті-рөлдік ойындар" бөлімшесін іске асыру бойынша күтілетін нәтижелері:
1) қазақ халқының тұрмыстық заттарына қызығушылық және эмоционалдық реакция танытады;
2) ересек даманың көмегімен қазақ халқының тұрмысын және дәстүрін бейнелейтін, ойын әрекетінің қарапайым сюжетті-тізбектерді ойната алады.
546. "Мектеп тақырыбындағы ойындар" бөлімшесін іске асыру бойынша күтілетін нәтижелері:
1) мектеп тақырыбындағы ойындарға қызығушылық танытады;
2) ересек адамның көмегімен мектеп өмірін бейнелейтін, мағынасы бойынша байланысқан қарапайым сюжетті-тізбектерді ойната алады.
39-кесте
4-бөлім. Театрланған ойындар | |
Бөлімшелер | Оқыту мақсаттары |
4.1 Режиссерлік ойындар | 0.4.1.1 ертегілерді сахналаудың театрлық құралдары жайлы түсініктері бар |
0.4.1.2 еліктеу бойынша мәнерлілік құралдарын қолдана отырып, ойын кейіпкерінің рөлін жүргізуі | |
4.2 Драмаландыру ойындары | 0.4.2.1 ересектердің көмегімен ойында өзгерудің қарапайым құралдарын меңгеруі |
0.4.2.2 ересек адамның көмегімен мәнерлілік құралдарын қолдана отыра, рөлді қабылдай ала білуі |
547. "Режиссерлік ойындар" бөлімшесін іске асыру бойынша күтілетін нәтижелері:
1) түрлі театр құралдарын қолдана отыра, таныс ертегілерді сахналауға қатысуға қызығушылық танытады (үстел үстілік театр, көлеңке театры, түрлі түсті қолғаптар);
2) ересек адамның нұсқаулығы бойынша шығарма мәтініне сәйкес сахналауға ойыншық таңдайды;
3) интонация және ымдаумен қостай отырып, ересектің көмегімен ойын кейіпкерінің рөлін жүргізеді.
548. "Драмаландыру ойындары" бөлімшесін іске асыру бойынша күтілетін нәтижелері:
1) ойын өзгеруінің қарапайым құралдарын меңгереді;
2) ойдан шығарған заттармен әрекет етеді;
3) ересектің көмегімен костюм бөлшектерін және орнын басушы заттарды қолданады;
4) еліктеу бойынша мәнерлілік құралдары - интонация, ым-ишараны қолдана отырып, рөлді қабылдайды және оны ойнайды.
3-параграф. Ойлауды қалыптастыру
549. Мақсаты мәселелік-практикалық және көрнекілік-бейнелік тапсырмаларды таладай білуді бекіту; логикалық ойлау элементтерін: суреттерде бейнеленген кейіпкерлер мен нысандардың арасындағы байланысты табуды, жіктеуді орындауды қалыптастыру болып табылады.
550. Міндеттері:
1) балаларда олардың практикалық, өмірлік тәжірибесі мен көрнекілік-сезімдік түсініктермен арасындағы тығыз тәуелділікті қалыптастыру, бұл байланысты бұл тәжірибені бекіте және оның нәтижесін қорытындылай отырып, сөйлеу тілінде бейнелеу;
2) балаларда мәселелік-практикалық тапсырма жағдайын талдауды және оны практикалық шешу тәсілдерін табуды бекіту;
3) балаларда көру арқылы бағдарлауды және мәселелік-практикалық міндеттерді шешу процесінде сөйлеу тілінің негізгі атқарымдарын (бекіту, ілесу, жоспарлау) қалыптастыру;
4) көрнекілік-бейнелік жоспарындағы міндеттерді шеше білуді қалыптастыру, оларды жағдайдың мәнін ашып айтуға ынталандыру;
5) суреттерде бейнеленген кейіпкерлер мен нысандардың арасындағы байланысты табуға үйрету;
6) талқылауды, қорытынды жасауды және ойын негіздей білуді қалыптастыру;
7) балаларды жасырын мағыналы сюжеттерді талдауға үйрету;
8) мәтінді сәйкес иллюстрациямен салыстыра білуді қалыптастыру;
9) балаларды суреттерді жіктеуге берілген тапсырмаларды орындауға, "төртінші артық" суретті алып тастауға үйрету.
551. "Ойлауды қалыптастыру" сабағының мазмұны оқыту мақсаты мен күтілетін нәтижені қамтитын бөлімшелерден құралатын оқыту бөлімдері бойынша ұйымдастырылған. Әрбір бөлімшенің ішінде бірізділікпен ұйымдастырылған оқыту мақсаттары педагогтарға өз жұмыстарын жоспарлауға және балалардың жетістіктерін бағалауға, сондай-ақ оқытудың келесі кезеңдері туралы хабарлауға мүмкіндік береді.
552. Оқу бағдарламасының мазмұны келесі бөлімдерді қамтиды:
1) көрнекілік-әрекеттік ойлауды қалыптастыру;
2) көрнекілік-бейнелік ойлауды қалыптастыру;
3) логикалық ойлау элементтерін қалыптастыру.
553. "Көрнекілік-әрекеттік ойлауды қалыптастыру" бөлімі келесі бөлімшені қамтиды:
1) мәселелік-практикалық тапсырма жағдайын талдауды және оны шешу тәсілдерін табуды қалыптастыру.
554. "Көрнекілік-бейнелік ойлауды қалыптастыру" бөлімі келесі бөлімшелерді қамтиды:
1) суретте бейнеленген жағдайды бүтіндей қабылдау;
2) сөз бен бейненің арасында өзара байланысты қалыптастыру.
555. "Логикалық ойлау элементтерін қалыптастыру" бөлімі келесі бөлімшені қамтиды:
1) салыстыру, жіктеу, жалпылау операцияларын орындай білуді қалыптастыру.
556. Оқыту мақсаттарының жүйесі:
40-кесте
1-бөлім. Көрнекілік-әрекеттік ойлауды қалыптастыру | |
Бөлімше | Оқыту мақсаттары |
1.1 Мәселелік-практикалық жағдайды талдауды және оны шешу тәсілдерін табуды қалыптастыру | 0.1.1.1 көмекші құралдар мен құрылғыларды мәселелік-практикалық жағдайда пайдалану туралы түсінік болу |
0.1.1.2 көмекші заттарды (құралдарды) қолдану және жасауды талап ететін мәселелік-практикалық жағдайдың шешуін табу | |
0.1.1.3 мәселелік-практикалық жағдайды шешу үшін сынама тәсілін пайдалану | |
0.1.1.4 орындалған әрекеттер туралы сөздік есепті құрау |
557. "Мәселелік-практикалық жағдайды талдауды және оны шешу тәсілдерін табуды қалыптастыру" бөлімшесін іске асыру бойынша күтілетін нәтижелері:
1) қандай да бір құралды әртүрлі мақсатқа жету үшін пайдалануға болатынын түсінеді;
2) ересектің көмегімен көмекші заттарды (құралдарды) қолдану және жасауды талап ететін мәселелік-практикалық жағдайдың шешуін табады;
3) практикалық және ойын жағдайды шешу үшін сынама тәсілін пайдаланады.
41-кесте
2-бөлім. Көрнекілік-бейнелік ойлауды қалыптастыру | |
Бөлімшелер | Оқыту мақсаттары |
2.1 Суретте бейнеленген жағдайды бүтіндей қабылдауды қалыптастыру | 0.2.1.1 көрнекілік-бейнелік жағдайларды талдау |
0.2.1.2 жағдайдың көрнекі бейнелуінің негізінде заттар мен құбылыстардың арасындағы себеп-салдарлық байланысты табу | |
2.2 Сөз бен бейненің арасында өзара байланысты қалыптастыру | 0.2.2.1 заттардың қасиеттері мен сапалары туралы түсінік болу |
0.2.2.2 ойыншықты немесе затты сөздік сипаттама бойынша табу | |
0.2.2.3 сөздік сипаттама бойынша кейіпкерлердің әрекеттері бейнеленген сәйкес суретті таңдау | |
0.2.2.4 сөздік мәтінді сәйкес иллюстрациямен салыстыру |
558. "Суретте бейнеленген жағдайды бүтіндей қабылдауды қалыптастыру" бөлімшесін іске асыру бойынша күтілетін нәтижелері:
1) өзінің практикалық тәжірибесіне сүйене отырып, суретте бейнеленген жағдайды бүтіндей қабылдайды;
2) педагогтің нақтылау сұрақтарының көмегімен суретте бейнеленген кейіпкерлер мен нысандардың арасындағы байланысты табады;
3) педагогтің көмегімен суреттер топтамасы бойынша әңгіме құрастырады.
559. "Сөз бен бейненің арасында өзара байланысты қалыптастыру" бөлімшесін іске асыру бойынша күтілетін нәтижелері:
1) заттардың қасиеттері мен сапалары туралы түсінігі бар;
2) өнімді және ойын әрекеттері туралы түсініктерін пайдаланады;
3) үлгі бойынша қима суретті 3-4 бөліктен құрастырады; ойыншықты немесе затты сөздік сипаттама бойынша табады;
4) педагогтің сөздік сипаттамасы бойынша кейіпкерлердің әрекеттері бейнеленген сәйкес суретті таңдайды;
5) сөздік мәтінді сәйкес иллюстрациямен сәйкестендіреді.
42-кесте
3-бөлім. Логикалық ойлау элементтерін қалыптастыру | |
Бөлімше | Оқыту мақсаттары |
3.1 Салыстыру, жіктеу, жалпылау операцияларын орындай білуді қалыптастыру | 0.3.1.1 заттарды олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын ерекшелей отырып салыстыру; заттардың негізгі белгісін ерекшелей отырып, белгілі бір тәртіпте орналастыру |
0.3.1.2 заттардың белгілі бір ерекшелігі бойынша жіктеуді орындау, жіктеудің бір қағидасынан басқасына (қасиеттері, сапасы, атқарымдық қолданысы бойынша) көшу және өзінің әрекетін сөйлеу тілдік айтылымда негіздеу | |
0.3.1.3 "төртінші артық" суретті алып тастауға берілген жаттығуды орындау, бұны сөйлеу тілдік айтылымда негіздеу |
560. "Салыстыру, жіктеу, жалпылау операцияларын орындай білуді қалыптастыру" бөлімшесін іске асыру бойынша күтілетін нәтижелері:
1) педагогтың көмегімен заттарды олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын ерекшелей отырып салыстыру;
2) заттарды белгілі бір тәртіпте орналастыру: үлкен матрешка, біршама кіші, орташа, одан да кіші, ең кіші;
3) педагогтың сөздік нұсқауы және үлгі бойынша заттарды жіктеуге берілген тапсырманы орындайды;
4) заттарды үлгіні тірек ете отырып, түсі, көлемі (кіші, үлкен, өте кіші, өте үлкен), пішіні бойынша, топтастыру;
5) педагогтың көмегімен "төртінші артық" тапсырмасындағы суретті алып тастауға берілген тапсырманы орындайды.
4-параграф. "Әлеумет" білім беру саласы
561. "Әлеумет" білім беру саласының мазмұны -қоршаған ортамен танысу арнайы түзеу оқу қызметінде іске асырылады.
562. Мақсаты балалардың қоршаған орта және адамдардың іс-әрекеті туралы түсініктерін кеңейту болып табылады.
563. Міндеттері:
1) мектеп туралы, мұғалім мамандығы туралы түсініктерін қалыптастыру;
2) практикалық және ойын тапсырмаларын орындау кезінде заттық-құралдық іс-әрекетін мақсатқа бағытталған түрде қалыптастыру;
3) табиғаттағы мезгілдік құбылыстар туралы түсініктерін қалыптастыруды жалғастыру;
4) жыл мезгілдерінің ауысуын бақылауға үйрету;
5) жыл мезгілдерінің қарапайым белгілері туралы түсініктерін қалыптастыру, ауа райының қалпын ажырата білуге үйрету;
6) иллюстрацияға сүйене отырып, мамандықтар туралы түсініктерін қалыптастыру: жүргізуші, дәрігер,сатушы, шаштаразшы, пошташы;
7) балаларды сюжетті-рөлдік ойын барысында шынайы өмірдегі жағдаяттарды және ересектердің мамандықтарын көрсете білуге үйрету;
8) ойын барысында адамдардың өзарасындағы қатынастарын жеткізе білу қабілетін қалыптастыру;
9) ойын барысындағы жағдаяттарды тұтастай қабылдауға үйрету;
10) сөйлеу тілі мен оның интонациялық мәнерлігін дамыту;
11) танымдық мүмкіндіктеріне қарай есте сақтауын, зейінін, қабылдауын, сөйлеу тілін дамыту;
12) тиллюстрацияға сүйене отырып, жүру жеріне және қызметіне қарай көліктердің түрлерін ажырата білуге үйрету;
13) иллюстрацияға сүйене отырып, байланыс құралдарын (телефон, компьюттттер, теледидар) ажырата білуге үйрету;
14) мемлекеттік рәміздер мен мемлекеттік мейрамдар туралы түсініктерін қалыптастыруды жалғастыру;
15) киіз үй, ұлттық киім, тағам, ыдыс, салт-дәстүрлер, ұлттық қимыл-қозғалыс ойындары туралы түсініктерін қалыптастыру;
16) Қазақстан (Қазақстанның астанасы, Қазақстанның президенті, Алматы қаласы, Алматы қаласының көрікті жерлері) туралы түсініктерін қалыптастыру;
17) сөйлеу мүмкіндіктеріне қарай ауызша сөйлеу тілін дамыту;
18) психикалық үдерістерді дамыту: зейін, жад, ойлау.
564. "Қоршаған ортамен танысу" сабағының мазмұны, күтілетін нәтижелер түрінде оқытудың мақсатынан және бөлімшелерінен құрайтын, оқытудың бөлімдері бойынша ұйымдастырылған. Әрбір бөлім ішіндегі бірізді ұйымдастырылған оқытудың мақсаты, оқытудың келесі деңгейі туралы ақпараттандыра отыра, педагогтарға өз жұмысын жоспарлауға және балалардың жетістіктерін бағалауға мүмкіндік береді.
565. Оқу бағдарламасының мазмұны келесі бөлімдерді қамтиды:
1) мен және қоғам;
2) менің туған өлкем;
3) тарих беттері.
566. "Мен және қоғам" бөлімі келесі бөлімшелерді қамтиды:
1) менің отбасым;
2) мен - баламын;
3) менің мектебім;
4) мамандықтар;
5) байланыс құралдары және көліктер.
567. "Менің туған өлкем" бөлімі келесі бөлімшені қамтиды:
1) менің Отаным Қазақстан.
568. "Тарих беттері" бөлімі келесі бөлімшелерді қамтиды:
1) өнер және мәдениет;
2) тәуелсіз Қазақстан.
569. Оқыту мақсаттарының жүйесі:
43-кесте
1-бөлім. Мен және қоғам | |
Бөлімшелер | Оқыту мақсаттары |
1.1 Мен және менің отбасым | 0.1.1.1 отбасында тілектестік өзара қарым-қатынас тәрбиелеу |
0.1.1.2 отбасы мүшелерін білу және атау, отбасы мүшелерімен бірлесе күш жетерлік жұмысты атқару | |
0.1.1.3 заттарды білу немесе топтастыру (ойыншықтар, ыдыс, жиһаз, көлік, киім, аяқ киім) | |
0.1.1.4 қоғамдық жерлердегі жүріс-тұрыстың қарапайым ережелері туралы түсініктерін қалыптастыру | |
1.2 Менің мектебім | 0.1.2.1 мұғалім мамандығы туралы түсініктерін қалыптастыру |
0.1.2.2 мектептегі тәртіптің қарапайым ережелері туралы түсініктерінн қалыптастыру | |
0.1.2.3 мектеп құрал-жабдықтары туралы түсініктерін қалыптастыру (портфель, дәптер, кітап, қалам, қарындаш, пенал, альбом, түрлі түсті қарындаштар) | |
0.1.2.4 мектеп құрал-жабдықтарының мәні туралы түсініктерін қалыптастыру (кітап оқу үшін, қалам жазу үшін) | |
0.1.2.5 иллюстрацияға сүйене отырып макроәлеуметтік орта туралы түсініктерін қалыптастыру: мектеп | |
0.1.2.6 мұғалім мамандығына құрмет сезімін қалыптастыру | |
1.3 Мамандықтар | 0.1.3.1 иллюстрацияға сүйене отырып, мамандықтар туралы түсініктерін қалыптастыру: жүргізуші, дәрігер,сатушы, шаштаразшы, пошташы |
0.1.3.2 сюжетті-рөлдік ойындарындағы атрибуттар (ерекше белгілер) туралы білімдерін қалыптастыру: дүкен, аурухана, шаштараз, пошта | |
0.1.3.3 ойын әрекеттерінің ретін жаңғырту, ойынға сюжетті ойын элементтерін еңгізу | |
0.1.3.4 ойын әрекеттерін үлгі бойынша, күрделі емес ауызша тапсырмалар бойынша орындау | |
0.1.3.5 балаларды сюжетті-рөлдік ойын барысында шынайы өмірдегі жағдаяттарды және ересектердің мамандықтарын көрсетуге үйретуді жалғастыру | |
0.1.3.6 ойын барысында адамдардың өзара қатынастарын жеткізе білу қабілетін қалыптастыру | |
0.1.3.7 сюжетті-рөлдік ойындар барысында құрал-сайман заттарын және қосалқы жабдықтарды қолдана білуін қалыптастыру | |
0.1.3.8 сюжетті рөлдік ойындар барысында ойын әрекеттерін сөйлеу тілімен қостауға ынталандыру | |
1.4 Байланыс құралдары және көліктер | 0.1.4.1 иллюстрацияға сүйене отырып, жүру жеріне және қызметіне қарай көліктердің түрлерін ажырата білуге үйрету |
0.1.4.2 иллюстрацияға сүйене отырып, байланыс құралдарын ажыратуға үйрету (телефондар - үй, ұялы, компьютер, теледидар) | |
0.1.4.3 теледидар, компьютер қарау кезінде көру арқылы қабылдауын дамыту | |
0.1.4.4 телефонды қолдану кезінде есту арқылы қабылдауын дамыту |
570. "Мен және менің отбасым" бөлімшесін іске асыру бойынша күтілетін нәтижелері:
1) отбасы мүшелерін біледі және атайды;
2) отбасы мүшелерімен бірлесе күш жетерлік жұмысты атқара алады;
3) заттарды біледі және топтастырады (ойыншықтар, ыдыс, жиһаз, көлік, киім, аяқкиім);
4) қоғамдық жерлердегі қарапайым тәртіп ережелері туралы түсініктері бар.
571. "Менің мектебім" бөлімшесін іске асыру бойынша күтілетін нәтижелері:
1) мұғалім мамандығы туралы; мектептегі тәртіп қарапайым ережелері туралы түсініктері бар;
2) мектеп құрал-жабдықтары (портфель, дәптер, кітап, қалам, қарандаш, пенал, альбом, түрлі-түсті қарандаштар), олардың мәні туралы түсініктері бар.
572. "Мамандықтар" бөлімшесін іске асыру бойынша күтілетін нәтижелері:
1) ересек адамдардың еңбегі туралы; мамандықтары туралы (жүргізуші, дәрігер, сатушы, шаштаразшы, пошташы), олардың еңбек әрекеттері туралы түсініктері бар;
2) үлгі немесе педагогтың ұсынысы бойынша таныс рөлдерді орындайды;
3) ойын сюжетіне бағынады; сюжетті-рөлдік ойындарындағы атрибуттарды ажыратады (аурухана,дүкен, шаштараз, пошта).
573. "Байланыс құралдары мен көліктер" бөлімшесін іске асыру бойынша күтілетін нәтижелері:
1) иллюстрацияға сүйене отырып, көлік түрлері (жердегі, ауадағы, судағы)туралы; арнайы көліктердің түрлері(жедел жәрдем, өрт сөндіру, полиция машинасы) туралы түсініктері бар;
2) телефонның (үй телефоны, ұялы телефон), компьютердің, теледидардың қызметтері туралы түсінігі бар, оларды қолданудың кейбір қарапайым ережелерін біледі.
44-кесте
2-бөлім. Менің туған өлкем | |
Бөлімше | Оқыту мақсаттары |
2.1 Менің Отаным - Қазақстан | 0.2.1.1 иллюстарцияға сүйене отырып немесе педагогтің түсіндіруі бойынша жыл мезгілдерін атау немесе көрсету |
0.2.1.2 бала тұратын жердің табиғат жағдайы туралы түсінігін педагогтің көмегімен қалыптастыру | |
0.2.1.3 жыл мезгілдерінің ауысымдық өзгерістері туралы түсінігін қалыптастыру (күз, қыс, көктем, жаз, олардың белгілері) | |
0.2.1.4 ауа райының қалпы туралы білімдерін жетілдіру (бұлтты, күн шуақты) | |
0.2.1.5 апта күндері туралы білімдерін қалыптастыру | |
0.2.1.6 табиғат құбылыстары туралы білімдерін кеңейту (күннің күркіреуі, найзағай, кемпірқосақ) | |
0.2.1.7 тәулік мезгілдері (таңертең, күндіз, кеш, түн), апта күндері туралы түсініктерін қалыптастыру | |
0.2.1.8 табиғат құбылыстарының дыбыстарын ажырата білу арқылы есту зейінділігін дамыту (жаңбырдың сіркіреуі, желдің соғуы, күннің күркіреуі аудиожазылым) |
574. "Қазақстан - менің Отаным" бөлімшесін іске асыру бойынша күтілетін нәтижелері:
1) иллюстрацияға сүйене отырып немесе педагогтің түсіндіруі бойынша жыл мезгілдерін атайды немесе көрсетеді (баланың сөйлеу мүмкіндіктеріне қарай);
2) жыл мезгілдерінің негізгі белгілерін атайды;
3) табиғат күнтізбесінен жаңбырды, қарды, күн шуақты, бұлтты күндерді көрсетеді және сөйлеу мүмкіндіктеріне қарай атайды;
4) табиғат құбылыстарын ажыратады: күннің күркіреуі, найзағай, кемпірқосақ; тәулік мезгілдерін ажыратады (таңертең, күндіз, кеш, түн), иллюстрацияға сүйене отырып апта күндерін атайды;
5) ауа райының ағымды қалпын анықтайды: күн шуақты, жаңбырлы, бұлтты, суық, жылы;
6) аудиожазылым бойынша жаңбырдың сіркіреуі, желдің соғуы, күннің күркіреуін ажырата біледі.
45-кесте
3-бөлім. Тарих беттері | |
Бөлімшелер | Оқыту мақсаттары |
3.1 Өнер және мәдениет | 0.3.1.1 иллюстрация және ауызша нұсқау бойынша қазақ киіз үйінің құрылымы мен ішкі жабдықталуы туралы бастапқы түсініктерін қалыптастыру |
0.3.1.2 қазақтың ұлттық ыдыс-аяқтары туралы түсініктерін қалыптастыру | |
0.3.1.3 ұлттық киімдер туралытүсініктерін қалыптастыру | |
0.3.1.4 қазақ халқының салт-дәстүрлері туралы түсініктерін қалыптастыру | |
0.3.1.5 ұлттық тағамдартуралы түсініктерін қалыптастыру: бауырсақ бешбармақ, айран, наурыз көже | |
0.3.1.6 қазақтың қимыл-қозғалыс ойындарынойнап үйрету: асық, арқан тарту, орамал тастау, бәйге, теңге алу, көтермек | |
0.3.1.7 Қазақстан Республикасының мейрамдары (Наурыз, Тәуелсіздік күні, Қала күні, 1 мамыр, 9 мамыр) туралы түсініктерін қалыптастыру | |
3.2 Тәуелсіз Қазақстан | 0.3.2.1 мемлекеттік рәміздер туралы білімін қалыптастыру |
0.3.2.2 қолын кеудеге қойып, қатарда түзу тұруды үйрету | |
0.3.2.3 Қазақстанның Әнұранына қосылып әндету арқылы есту қабілетін дамыту | |
0.3.2.4 өз елінің атауы туралы түсініктерін қалыптастыру (Қазақстан) | |
0.3.2.5 Қазақстанның бас қаласы (Астана), Қазақстан Президенті туралы түсініктерін қалыптастыру | |
0.3.2.6 өзі тұратын қаланың атауы туралы түсініктерін қалыптастыру | |
0.3.2.7 иллюстрация бойынша өзі тұратын қаланың көрікті жерлері туралы түсініктерін қалыптастыру (кинотеатлар, театрлар, парктер, мұражайлар) |
575. "Өнер және мәдениет" бөлімшесін іске асыру бойынша күтілетін нәтижелері:
1) қазақ киіз үйінің құрылымы мен ішкі жабдықталуы туралы түсініктері бар; қазақ халқының салт-дәстүрлері туралы түсініктері бар; ұлттық тағамдар туралы түсініктері бар; қазақтың ұлттық ыдыстары туралы түсініктері бар;
2) ересектің қолдауымен қазақтың қимыл-қозғалыс ойындарын ойнауды біледі;
3) үлкендерге және кішілерге сыйластықпен қарайды;
4) Қазақстан Республикасының мейрамдары: Наурыз, Тәуелсіздік күні, Қала күні, 1 мамыр, 9 мамыртуралы түсініктері бар.
576. "Тәуелсіз Қазақстан" бөлімшесін іске асыру бойынша күтілетін нәтижелері:
1) өз елінің атауын біледі;
2) Қазақстанның бас қаласы (Астана) туралы, Алматы - еліміздің ең ірі және өзі тұратын қаласы ретінде түсінігі бар;
3) өзі тұратын қаланың атауын біледі;
4) мемлекеттік рәміздер туралы түсінігі бар; мемлекеттік рәміздерді иллюстрациядан көрсетеді;
5) әнұранды орындайды (сөйлеу тілі мүмкіндіктеріне қарай);
6) иллюстрация бойынша өзі тұратын қаладағы көрікті жерлер(кинотеатрлар, театрлар, саябақтар, мұражайлар) туралы түсініктері бар.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 12 тамыздағы № 499 бұйрығына 6-қосымша |
Тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы
Ескерту. Бұйрық 6-қосымшамен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 29.12.2018 № 721 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Түсіндірме жазба
1. Тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5 және 14 - баптарына сәйкес әзірленді.
2. Бағдарламаның мақсаты тірек-қимыл аппараты бұзылысының (бұдан әрі - ТҚАБ) дәрежесі мен балалар церебральды сал ауруының (бұдан әрі - БЦСА) көріністерін есепке ала отырып, балаларда арнайы түзету-компенсаторлы және қоғамдық-бейімді біліктер мен дағдыларды қалыптастыру; жасына сай қозғалыс дағдыларына үйрету; тірек қимыл аппараты бұзылысының алдын алуды қамтамасыз ету; шынайы өмір жағдайларына сәтті тұрмыстық, ойын және қоғамдық бейімделуіне, олардың қоғамға интеграциясына түзетуші физикалық жаттығулар және арнайы қозғалыс тәртібі көмегімен алғышарттар жасау.
3. Бағдарлама міндеттері:
1) бас, мойын, кеуде және аяқ-қолдың дұрыс бақылауын қамтамасыз ететін бойын түзеу және тепе-теңдік реакцияларын дамыту;
2) қол функциясын және заттық-манипулятивтті қызметін дамыту;
3) көру- моторлы координациясын дамыту;
4) дұрыс емес қалып пен күйді тежеу және жою;
5) екіншілік ақаулы қозғалыс стереотипінің қалыптасуының алдын алу;
6) омыртқа қисаюын тұрақтандыру; сколиоз корсетінің доғасын кішірейту;
7) бұлшық еттердің күш шыдамдылығын жоғарылату; табан мен сан бұлшық еттерін қатайту;
8) табан бірігулерін қалыптастыру;
9) дұрыс және уақытында сүйектенуіне, омыртқа бедерлерінің қалыптасуына әсер ету;
10) тыныс алу бұлшық еттерін қатайту;
11) негізгі гимнастиканың жаттығуларын жасау дағдыларын; негізгі қимылдарды қалыптастыру;
12) сапалы дағдыларды тәрбиелеу: ептілік, жылдамдық, икемділік, күш, шыдамдылық, тепе-теңдік;
13) жеке және қоғамдық гигиенаның алғашқы дағдыларын тәрбиелеу;
14) қозғалыс бағыттары жайлы білімін қалыптастыру;
15) рухани, ерік, тұлғалық қасиеттерді тәрбиелеу.
4. Бағдарлама коммуникативті дағдыларын қалыптасуына, балалардың танымдық және әлеуметтік мотивтерін білдіруге, білім алуға деген қызығушылығы мен құштарлығын дамытуға, балаларға қимыл дағдаларды меңгеруге, енжар-қайталмалыдан белсенді-өзіндік қозғалысқа ауысуын іске асыруға мүмкіндік береді.
5. Күтілетін нәтижелер сабақтар бойынша мақсаттар жүйесінде көрсетілген.
6. Бағдарлама мазмұны 3 жастан 7 жасқа дейінгі балалардың психикалық және физикалық дамуының жас кезеңдерін қамтиды:
1) екінші кіші топ - 3-4 жастағы балалар;
2) ортаңғы топ - 4-5 жастағы балалар;
3) мектепке дейінгі ересектер тобы - 5-6 жастағы балалар;
4) жалпы білім беретін мектептегі, лицейдегі, гимназиядағы мектепалды даярлық сыныбы - 6-7(8) жастағы балалар.
2-тарау. Екінші кіші топ (3-4 жастағы балалар)
1-параграф. "Денсаулық" білім беру саласы
7. "Емдік дене тәрбиесі (суда немесе құрлықта)" бағдарламасының базалық мазмұны арнайы түзеу оқу қызметінде (кіші топтық) іске асырылады:
1) құрғақтағы емдік дене шынықтыру;
2) судағы емдік дене шынықтыру.
8. Мақсат: тірек-қимыл аппараты бұзылысы бар мектепке дейінгі жастағы балалардың қозғалыс мүмкіндіктерін дамыту және түзету болып табылады.
9. Міндеттері:
1) аяқ және қол буындарындағы ерікті қимылды қалыпқа келтіру;
2) тыныс алу фунциясын қалыпқа келтіру;
3) дене мүсінінің дұрыс дағдысын және табанның дұрыс орнатуын қалыптастыру;
4) координациялық бұзылыстарды түзету (білектің ұсақ моторикасы, статикалық және динамикалық тепе-теңдік, қозғалыс ырғақтылығы, кеңістікте бағдарлануы);
5) бұлшық ет-буындық сезімді жаттықтыру;
6) буындық сіресімдерді (контрактураларын) алдын алу және түзету.
2-параграф. 1-жартыжылдық
10. Құрлықтағы емдік дене тәрбиесі:
1) дұрыс емес қалып мен бас және аяқ-қол қалпын, жамбасты көтеруін, белді келтіруді түзету;
2) балаларға бастапқы қалыпта жатып, отырып, тұрып әр түрлі бағытқа басты бұруға үйрету;
3) қолдармен бір уақытта алға, артқа, жан-жаққа, жоғарыға, төменге қозғалыс орындауға үйрету;
4) иық алды және қол білектерін бүгу және ашуға, бір уақытта саусақтарын жұдырыққа түю және қозғалыс темпін өзгертіп ашуға үйрету;
5) көзбен бақылаумен және бақылаусыз балаларға бірінші саусағын басқаларымен қарама-қарсы қоюға үйрету;
6) бастапқы қалыпта арқасымен, ішпен, бүйірмен жатып, кезекпен тік немесе бүгілген аяқты көтеру және бүгу, ашу, сондай-ақ оларды айналдыру білігін қалыптастыру;
7) бүкіл табанын қойып, тіреуіш жанында тұрып отырып тұру білігін қалыптастыру;
8) кеудемен алға, артқа, жан-жаққа иілуге үйрету;
9) үйренген қозғалыстардың қарапайым үйлесімдерін орындау дағдысын қалыптастыру;
10) көзбен бағдарлануын, ойын формасындағы сөздік нұсқауларды (жануарлар қозғалысын салу)қолданып, педагогпен бірге жаттығулар орындауға үйрету.
11. Негізгі қозғалыстар: жүру, жүгіру, секірулер, лақтыру, қағып алу, еңбектеу, өрмелеу, тепе-теңдік, қайта сапқа тұру.
12. Жүру:
1) бастың, кеуденің, аяқ-қолдың қалпын, табан беріктігін қалыптастыру;
2) бас пен кеуденің тігінен орнатуымен жүріп жаттығу, ауырлық күшін тірек аяғына ауыстыру, тірек емес аяғын ауыстыру, табандарын дұрыс қою, әр аяққа тіректе тұру қалпыын сақтау мүмкіндігі, екі табанға дене массасын біркелкі бөлу, қозғалыстың дұрыс бағыты мен ырғағы;
3) жүргенде қолдармен дұрыс қозғалту білігін қалыптастыру.
4) бүйірлік адыммен алға, артқа, брустарды қолдана отырып, тізені жоғарыға көтеріп, сосын байланған арқанға өту, бос арқанға - сосын қабырғада жүру дағдысын қалыптастыру;
5) дұрыс дене мүсінін қалыптастыру; қозғалыс кординациясын, тепе-теңдік сезімін дамыту;
6) кеңістікте бағдарлану білігін қалыптастыру;
7) қозғалу дағдысын, аяқ-қолдың, кеуденің қозғалыс координациясын дамыту;
8) тыныс алу функциясын дамыту.
13. Жүгіру:
1) бас пен кеуде қалпын қалыптастыру: мойын және арқа бұлшық еттері қатаймайды; бас омыртқамен бір сызық бойында, аяқ пен қол сәйкес қимылдары;
2) белгілі бір тапсырмаларды орындаумен жүгіру дағдысын қалыптастыру: бір-бірінің артынан, арақашықтық сақтай отырып, бағытты өзгертіп, шеңбер бойынша, тоқтап, заттардан өтіп, алаңның бір жағынан екінші жағына жүгіру;
3) жеңіл және жылдам, баяу және ауыр қозғалыстар бейнесін жасай алуға үйрету;
4) дұрыс мүсін дағдысын бекіту;
5) көлденең (еңбектеу) және тігінен қалыпта қарапайым қозғалыстар дағдысын дамыту;
6) кеңістікте бағдарлану білігін дамыту.
14. Секірулер:
1) кеудені еңкейту мен түзеумен ырғақты отырып тұру дағдысын Кеудені еңкейту мен тіктеумен ырғақты отырып тұру дағдысынн істеу.Отырып тұру көлемін үлкейту үшін саусақтар астына бір жұмсақ зат салуға болады, бірақ
15 градустан артық емес болады;
2) бір аяқтан екінші аяққа секіру дағдысынқалыптастыру (тірекке сүйеніп тұрып),екі аяқта секіру,тереңдікте (10-15 см биіктіктен);
3) негізгі қозғалыстарды дамыту:жүру, жүгіру, секіру, реакция жылдамдығы;
4) кеңістікте бағдарлану білігін қалыптастыру;
5) қозғалыс үйлесімдігінің дағдыларын, тепе-теңдік сезімін жаттықтыру.
15. Лақтыру, қағып алу:
1) белгілі бір орынға дейін доптарды апару дағдысын, қолдың итеру функциясын, көру-моторлы үйлесімділігін дамыту;
2) отыру қалпында допты бір-біріне (1-1,5 м) лақтыру, (әр түрлі заттар көмегімен (валиктер, құмы бар қапшықтар) әр түрлі құралдар көмегімен аяқтың дұрыс қалпын қабылдау;
3) бастапқы қалыпты дұрыс қабылдау білігін қалыптастыру; үлкен үрленбелі допқа арқасымен сүйеніп, бір балалар отырады, басқаларына аяқтарын дұрыс қалыпта ұстау талап етіледі;
4) доптарды қақпаға апару, кеудесінен екі қолмен допты, екі қолымен жоғарыға, төменге еденге (жерге) лақтыру, допты қағып алу;
5) көлденең нысанаға, алысқа лақтыру, оң және сол қолмен тігінен орналасқан нысанаға лақтыру;
6) қозғалыс координациясын дамыту;
7) доппен ойнауда әр түрлі тәсілдерге үйрету;
8) баланың тігінен және көлденең қалпында түрлі қозғалыстарды жаттықтыру, жан-жақты қозғалыс координациясын дамыту;
9) кеңістікте бағдарлана алу білігін дамыту;
10) тепе-теңдік ұстай алуға үйрету.
16. Еңбектеу, өрмелеу:
1) аяқ пен қолдың үйлесімді қозғалысын түсінуін қалыптастыру;
2) бастың дұрыс қалпын қабылдау білігіне үйрету;
3) алға оң аяғын шығарғанда - сол қолын шығаруды, басын сәл солға бұру білігін дамыту. Алға сол аяғын шығарғанда - оң қолын шығарып, басын сәл оңға бұру;
4) үлкен саусақ қатысымен гимнастикалық қабырғаның кермесін қармау функциясын тәрбиелеу;
5) 2-3 м арақашықтыққа тік бағытта, қойылған заттар арасымен; еденге қойылған тақтай бойынша; биіктігі 50 см арқан астымен; бөрене арқылы, еңіс тақтай бойынша еңбектеу; еңіс баспалдаққа өрмелеу (ТҚАБ балаларға), гимнастикалық қабырғаға міну және түсу (ққолдың қармау функциясы бұзылған балалар жаттығуды нұсқаушы және тәрбиешімен бірге орындайды) дағдыларын қалыптастыру.
17. Тепе-теңдік:
1) әр түрлі бастапқы қалыпта: отырып, еңбектеу қалпында, тұрып, аяқтар табан еніндей; аяқтар қадамда, баспен түрлі қозғалыстарда, сондай-ақ кеуденің иілуімен және бұрылуында тұрақтылығын қалыптастыру;
2) жүріс дағдысын қалыптастыру: тепе-теңдікті жаттықтыру мақсатында екі аяқпен, бір аяқта, аяқ ұшында, жіңішке жолмен, бөренеде, еңіс тақтайда (10-20 см.) тұрғандағы тірек аймағының көлемін біртіндеп азайтады; 8 см арақашықтықта қойылған тақтай бойынша жүру, екі аяқта, бір аяқта, аяқ ұшымен тұру, бір-бірінен арақашықта қойылған тақтайлармен жүру;
3) ірі және ұсақ бұлшық ет топтарындағы қозғалыс жылдамдығын және координациясын дамыту, денені дұрыс қалыпта ұстауын (дұрыс мүсінді) қалыптастыру.
18. Қайта сапқа тұру:
1) кеңістікте бағдарлану білігін қалыптастыру, тежелу реакцияларын жақсарту;
2) шеңбер бойыншааздаған топпен және бүкіл топпен қатарға тұру дағдысынқалыптастыру;
3) негізгі қозғалыстарды дамыту: жүріс, жүгіру, секіру, қатарға тұру элементтері;
4) реакция жылдамдығын, орында бағдарлана алу білігін жаттықтыру;
5) көзбен шамалау дағдыларын, түстерді айыруын дамыту.
19. Спорттық жаттығулар:
1) шанада сырғанау (жеңіл және орташа дәрежедегі БЦСА бар балаларға арналған):қарапайым дағдыларға үйрету: шанаға өзі отыру, биік емес төбешіктен сырғанау, төбешікке шанасыз көтерілу;шанада отыру, артқа шалқая отырып, екі қолмен жіпті ұстап, оны алдынан тарта отыру;
2) велосипедпен жүру (жеңіл және орташа дәрежедегі БЦСА бар балаларға арналған): табан тіреуін, аяқтардағы бұлшық ет күшін дамыту, қолдың қармау функциясын жаттықтыру;
3) бойын тіктеу, тепе-теңдік реакцияларын және қозғалыс координациясын, рөлді ұстауын қалыптастыру, кезекпен біресе бір аяғымен, біресе екінші аяғымен педальды жай басуға үйрету. Гемипарез жағдайында табан және білек бекітіледі.
20. Судағы емдік дене шынықтыру.
1) жүзуге дайындалу;
2) БЦСА бар балалардың бұлшықет тонусы максималды төмендеуі және қозғалыс үйлесімдігін жақсартуға жету үшін +29...32°С су температурасында үйрету;
3) суға кіру және ішінде болу дағдысын қалыптастыру.
21. Күтілетін нәтижелер:
1) бұлшық ет-буындық сезім қалыптасқан;
2) аяқ пен қолдың буындарындағы өзінің қозғалыстарын бөлшектеп басқара алады;
3) жаттығуларды орындау кезінде тыныс алуын басқара алады;
4) дене мүсіні дұрыс және табандарды дұрыс қою дағдысына ие;
5) коордиацияланған білік дағдысына ие: білектің ұсақ моторикасы, статикалық және динамикалық тепе-теңдікті, қозғалыс ырғақтылығын, кеңістікте бағдарлануы;
6) буындық сіресімн түзету мен алдын алуға жаттығулар жасай алады;
7) биік емес төбешіктен сырғанай алады, бір-бірін тербете алады;
8) велосипедте отырып тепе-теңдік сақтай алады және педальдарды жай баса алады.
3-параграф. 2 жартыжылдық
22. Құрлықтағы емдік дене тәрбиесі:
1) бастың және аяқ-қолдың дұрыс емес қалпын түзету, аяқтың қалпының өзгеруі мен табанды көтеруден аулақ болу;
2) қолды жоғарыға көтеру, жан-жаққа жіберу, алдынан, артынан, басынан жоғары, қолдарының бір бірінен затты ауыстыру, алдынан, басынан жоғары, арқасынан шапалақтау;
3) бір-біріне басынан жоғары допты бере алуға артқа және алға, арқасымен жатып велосипедтегі жүріс секілді, екі аяғын жоғарыға бір уақытта көтеруге, тұру қалпында алға, солға, оңға еңкеюге, арқадан іш жағына және керісінше ауысуға үйрету;
4) жартылай отырып тұру (2- 3 рет), қолды алға қойып, қолын тізеге сүйеп отырып тұру білігін қалыптастыру. Егер жамбас буындармен мәселелер болса, терең отырып тұрудан аулақ болу (шығу, таю), тек сан биіктігіне; тізесін бүгіп, аяқтарын кезекпен көтеру.
23. Негізгі қозғалыстар: жүру, жүгіру, секірулер, лақтыру, қағып алу, еңбектеу, өрмелеу, тепе-теңдік, қайта сапқа тұру.
24. Жүру:
1) дұрыс және үнемді қозғалыстарын қалыптастыру;
2) жүрген кезде басын төмен түсірмеу және төменге аяқтарына және сол уақытта оны артқа шалқайтпау білігіне үйрету;
3) белгілі бір тапсырмаларды орындағанда: қатарддан біреуден, жұппен, тізесін жоғарыға көтеріп еркін жүру дағдысын қалыптастыру;
4) интервал сақтай отырып, бағытын өзгертіп, шеңбер бойында, жіпті ұстап, тоқтаумен, отырып тұрумен, бұрылыспен, "жылан" секілді, заттарды айналып өтіп, төбешікке және төбешіктен аяқ пен қолдың қозғалысын үйлестіру білігін дамыту;
5) баяулатып және темпін жылдамдатып қозғалу дағдысына үйрету, ырғақ сезімін, ойын бойынша басқа серіктерімен қозғалыс сәйкестігін дамыту;
6) тежелу реакцияларын жаттықтыру;
7) дұрыс дене мүсінін қалыптастыру;
8) омыртқаның бұлшық еттік корсетін қатайту; тепе-теңдік сезімін, ептілікті дамыту.
25. Жүгіру:
1) бас пен кеуде қалпын мойын және арқа бұлшық еттерінің зорлануынсыз қалыптастыру; бас омыртқамен бір сызық бойында, аяқ пен қол сәйкес қимылдары);
2) жүгіру дағдысын (5 тен - 10 метрге дейін), әртүрлі бағытта, жылдам, үздіксіз баяу темпте (40-50 сек. ішінде) қалыптастыру;
3) орын ауыстырудың қарапайым дағдыларын дамыту;
4) кеуде мен аяқ-қолдың бұлшық еттерін қатайту;
5) кеңістікте бағдарлану білігі;
6) қозғалыс координациясын, ептілікті дамыту.
26. Секіру:
1) қозғалыстар координациясы мен бұлшық еттің сәйкес жұмыстарын дамыту;
2) бір аяқтан екінші аяққа секіру дағдысын қалыптастыру (тірекке сүйеніп),екі аяқта секіру (аяқтар бірге - аяқтар бөлек), тереңге секіру (15- 20 см. биіктігінен);
3) аяқ-қолдың, кеуденің қозғалыс координациясын дамыту;
4) тыныс алу функциясын жақсарту;
5) ептілік, реакция және қозғалыстың жылдамдығын, көру және есту анализаторының координациясы, табандардың байланыс-бұлшық ет аппаратын қатайту;
6) дұрыс дене мүсінін қалыптастыру.
27. Лақтыру, қағып алу:
1) қолдың итеру функциясын, көру-моторлы координациясын дамыту;
2) заттарды дұрыс ұстауын, лақтырудың сапасы мен күшін, бағытын бақылау білігіне үйрету;
3) көлденең нысанаға, алысқа лақтыру, оң және сол қолмен тігінен нысанаға лақтыру, 0,5-1 м арақашықтыққа допты, екі қолмен арқаннан үлкен допты, торды (гемипарез жағдайында нұсқаушы немесе тәрбиеші әлсізденген қолмен жаттығу орындауға көмектеседі), лақтыру дағдысын қалыптастыру;
4) қозғалыс координациясын,оның ішінде білек пен қол саусақтарының, кеңістікте бағдарлану білігін дамыту;
5) доппен ойында түрлі тәсілдерге үйрету;
6) қырағылықты, көзбен шамалауын дамыту.
28. Еңбектеу, өрмелеу:
1) ашық білектер мен тізеге сүйене отырып, қалыпты дұрыс ұстау қабілетін қалыптастыру;
2) тепе-теңдік реакциясын, бір аяққа немесе қолға және басқасына сүйені тұрып, дене салмағын ауыстыра алуын жаттықтыру;
3) бастың дұрыс қалпын қалыптастыру;
4) ауырлық күшін ауыстару білігін, тепе-теңдікті сақтау мен аяқ-қол қозғалысын дамыту.
5) контрротацияны қалыптастыру - бір уақытта иықты бір жаққа, ал жамбасты басқа жаққа бұру;
6) еденде тігінен орналасқан, құрсау шеңберге кіру дағдысын, гимнастикалық қабырғаға міну және одан керісінше түсуін қалыптастыру (үлкен саусақпен қоса (үлкен саусақ қалпын түзету үшін, үлкен саусақты бағыттап тұратын, арнайы шиналар қолданылады), гимнастикалық қабырға таяқашаларын ұстау функцияларын тәрбиелеу);
7) қозғалыс координацияларын дамыту;
8) аяқ пен кеуденің бұлшық ет-байланыс аппартын қатайту;
9) реакция жылдамдығын, жылдамдықты, қозғалыс ептілігін, кеңістікте бағдарлана алу білігін жаттықтыру;
10) көлденең қалыпта қозғалыстарды (еңбектеу, еңбектеп кіру), ептілікті, қозғалыс координациясын дамыту;
11) іштің, арқа, омыртқаның бұлшық ет корсетін, аяқ-қол бұлшық еттерін қатайту.
29. Тепе-теңдік:
1) соның негізінде ерікті қозғалыстарға бақылау қалыптасатын, бұлшық еттік сезімдерін дамыту;
2) тік жолда, таяқта, жіп бойынша жүргенде тепе-теңдік сақтау дағдысын қалыптастыру. Құлау қорқынышының пайда болуына жол бермеу.
30. Қайта қатарға тұру:
1) қатарға тұру, қатарда, шеңберде өзінің орнын табу (көріп бағдарлану бойынша) дағдыларын қалыптастыру;
2) көріп есте сақтау, зейінін дамыту;
3) тежелу реакцияларын жақсарту.
31. Спорттық жаттығулар:
1) шанада сырғанау: қарапайым дағдыларға үйрету: өзі шанаға отыруын, биік емес төбешіктен сырғанау, төбешікке шанамен шығу; шанада отырып, алдынан тарта отырып және сәл артқа шалқая отырып, екі қолмен жіпті ұстау; шанада отырып, алдына сәл тартып және аздап артқа шалқайып екі қолмен жіпті ұстау;
2) велосипедпен жүру:төртбасты бұлшық етті, бел бұлшық еттерін және тобық бұлшық еттерін дамыту, кеуде тепе-теңдігін қалыптандыру;үш дөңгелекті велосипедте жүру дағдысын жақсарту.
32. Судағы емдік дене тәрбиесі:
1) жүзуге дайындалу: судағы өзіне сенім сезімін дамыту;
2) барлық мүмкін бұрылыстарға, арқадағы қалыптан отыру немесе тұру қалпына ауысуды, арқадан бүйірге, ішіне және керісінше бұрылуды үйрету;
3) суға кіру және ішінде болу, суда ойнау дағдыларын қалыптастыру.
33. Өзіндік қозғалыстық белсенділік.
1) әр түрлі қозғалыс дағдыларын бекіту, бұлшық ет күшін, ептілікті, жылдамдықты дамыту;
2) өзіндік қозғалыс қызметіне, дене шынықтыру құралы және жабдығы барын қолдануға қызығушылығын жоғарылату.
34. Күтілетін нәтижелер:
1) нұсқаушының сөздік нұсқауы және белгісі бойынша қозғалыстар жасайды;
2) дұрыс тыныс алу жайлы түсінікке ие болады;
3) жүріс кезінде аяқты дұрыс қоя алады, табан бірігуін қалыптастыратын, табан бұлшық еттер бекіген;
4) негізгі түзету жаттығууларын орындау техникасын ммеңгере алады;
5) биік емес төбешіктен шанамен сырғанайды; басқа балаларды сырғанатады;
6) үш дөңгелекті велосипедте жүріп үйренеді;
7) суға түседі, суда ойнайды.
3-тарау. Орта топ (4-5 жастағы балалар)
1-параграф. "Денсаулық" білім беру саласы
35. Мақсат: түзету физикалық жаттығулар мен арнайы қозғалыс тәртібі көмегімен шынайы өмір жағдайларына ойын, тұрмыстық сәтті бейімделуіне, олардың қоғамдаға араласуына алғышарттар жасау болып табылады.
36. Міндеттер:
1) негізгі қозғалыстарды қалыптастыру үшін бұлшық еттерді қатайту және дамыту;
2) қозғалыста бастапқы кеңістіктік бағдарлануын дамыту;
3) нұсқаушының сөздік нұсқауы немесе белгісі бойынша ерікті қозғалысты бастау мен аяқтауға үйрету;
4) қол білігін, қозғалыс дағдыларын, сенсорлы функцияларды дамыту;
5) өзіндік қозғалыс белсенділігін дамыту;
6) контрактуралардың алдын-алу және түзету;
7) физикалық жаттығуларды орындауға қызығушылығын тәрбиелеу.
2-параграф. 1-жартыжылдық
37. Құрлықтағы емдік дене тәрбиесі:
1) бастың асимметриялы қозғалысын, жамбас және тізелік буындардағы аяқтың бүгілуін, жамбасты көтеру, белді қозғалысқа келтіруін түзету;
2) басты көтеру мен ию дағдыларын қалыптастыру;
3) қолдарды алға, жан- жаққа, жоғарыға көтеру (нұсқаушы жаттығуларды орындауда шынтақ буындарын қолдай отырып көмектеседі);
4) тұру қалпынан , білекте бүгілген, қолдарын арқаға бағыттау;
5) арқада жатып жан- жаққа бұрылулар;
6) аяқтың ұшына саусақты тигізіп, алға еңкею;
7) аяқты кезекпен өкшеге, ұшына қойып, аяқты көтеру. Қолды белге қойып, алға, жан- жаққа жартылай отырып тұру (4-5 рет).
38. Құрлықтағы негізгі қозғалыстар: жүру, жүгіру, секірулер, лақтыру, қағып алу, еңбектеу, өрмелеу, тепе-теңдік, қайта сапқа тұру.
39. Жүру:
1) жұрыс бас қалпымен дұрыс және үнемді қозғалыстарды қалыптастыру (басты түсірмеу және артқа шалқайту);
2) сапта біреуден; жүгірумен кезектестіріп;
3) басқа қозғалыстармен кезектестіріп жүру дағдысын қалыптастыру;
4) өкшеде;
5) қол және аяқ қимыл үйлесімділігін дамыту;
6) табанның ішкі бетінде, аяқ ұшында (диагнозға байланысты жеке мөлшерлеу);
7) ізді жол бойынша;
8) әр түрлі заттарды аттаумен, ойлы-қырлы тақтайшамен;
9) арқанды жолмен;
10) топпен тік бағытта; шеңбер бойынша, қозғалыс бағытын өзгертумен бір-бірден сапта; белгі бойынша тоқтаумен; жүгіруге өту және керісінше; аяқ пен қолдың қозғалыс координациясын дамыту;
11) табандардың байланыс-бұлшық ет аппаратын қатайту;
12) дұрыс дене мүсінін қалыптастыру.
40. Жүгіру:
1) үлкен және ұсақ бұлшық ет топтарындағы қозғалыстың жылдамдығы мен координациясын дамыту;
2) дұрыс дене мүсінін қалыптастыру;
3) зейінді жаттықтыру;
4) көру және есту анализаторының функциясын, олардың кеуде мен аяқ- қол қозғалыстарымен координациясын жақсарту;
5) белгілі бір тапсырмаларды орындауда жүгіру дағдысын қалыптастыру: қарапайым жүгіру, шұлықпен; тізені жоғарыға көтеріп, тар және кең қадамдармен, қатарда біреуден, жұппен, әр түрлі бағытта жүгіру; баяулатқан және жылдамдатқан темппен, жетекшіні ауыстырып жүгіру. Баяу темпте 1-1,5 минут ішінде үздіксіз жүгіру, 30-40 метрге орташа жылдамдықпен жүріспен кезектестіріп жүгіру.
41. Секіру:
1) табанның байланыс- бұлшық ет аппаратын қатайту; оның бірігуін қалыптастыру;
2) ырғақ сезімін дамыту;
3) бұлшық ет және қозғалыс координациясының сай жұмыстарын қалыптастыру;
4) 1-2 метр арақашықтыққа алға жылжып, екі аяқта, екі аяқта секіруді жаттықтыру жүріспен кезектестіріп 5 секіру 2-3 реттен; оңға, солға сақтандырғышпен бұрылумен орында; баланың қолы жететін деңгейде, жоғарыға орнынан затқа тиюмен; ұзындыққа орнынан, 1-2 сызықтан кейін (сызықтардың арақашықтығы 30-40 см), 10-15 см биіктіктен; бір аяқта секіру.
42. Лақтыру, қағып алу:
1) көру моторлы координациясын, қолдың итеру функциясын дамыту;
2) лақтыру сапасын және күшін, бағытты сақтаумен затты дұрыс қармауды қалыптастыру;
3) қозғалыс нақтылығы мен ырғақтылығын, ептілікті дамыту;
4) ұсақ және ірі бұлшық ет топтарындағы қозғалыс координациясын, реакция жылдамдығын дамыту;
5) табиғи қозғалыстардың оңтайлы дағдысын жаттықтыру;
6) допты, құрсау шеңберді бір-біріне заттар арасынан сырғанату; допты бір-біріне астынан лақтыру және оны қағып алу 1,5 м арақашықтықта, оны екі қолмен басынан кедергі арқылы 1 м арақашықтықтан лақтыру дағдысын қалыптастыру;
7) допты жоғарыға лақтыру және оны екі қолмен қағып алу. Ұзаққа заттарды лақтыру. Оң және сол қолмен көлденең нысанаға 1-1,5 м арақашықтықта; 1 м арақашықтықтан тігінен нысанаға нысана орталығының биіктігі 1,5 м лақтыру; кеңістікте бағдарлану білігін дамыту,оппен ойнауда түрлі тәсілдерге үйрету;
8) көзбен шамалауды, қырағылықты дамыту.
43. Еңбектеу, өрмелеу:
1) бастың дұрыс қалпымен, аяқ пен қолдың координацияланған қозғалысына үйрету;
2) үлкен және сұқ саусақтар қатысымен қармау функциясын қалыптастыру.
3) 6 метрге дейінгі арақашықтықта заттар арасында тікелей; көлденең тақтайда, орындықта;
4) түзету жоллағында, алақан мен табанға сүйене отырып, аяқ және қолмен; еңбектеу дағдысын қалыптастыру;
5) оң және сол бүйірмен алға 50 см биіктікке көтерілген, арқан астына еңбектеу. Құрсау шеңберге кіру. Жоғары-төмен кезектескен қадаммен гимнастикалық қабырғада өрмелеу. Қолмен тартылып, ішпен гимнастикалық орындықты еңбектеу. Бөренеден, гимнастикалық орындықтан секіру. Гимнастикалық қабырғаға жоғары-төмен кезектескен қадаммен өрмелеу, оңға, солға аралықтан аралыққа өту.
44. Тепе-теңдік:
1) дененің тұрақты қалпын қалыптастыру;
2) ұсақ және ірі бұлшық ет топтарындағы қозғалыс координациясын дамыту;
3) реакция жылдамдығын жаттықтыру;
4) тепе-теңдік сезімін, кеңістікте бағдарлана алуын дамыту;
5) сызықтар арасындаарақашықтық 20 см, сызық, арқан, тақтай, гимнастикалық орындық, бөрене бойынша жүру;
6) қол жоғарыда, аяқ ұшында тұрып, қол белде, бір аяқта тұрып (нұсқаушы сақтандыруымен), қолдар ерікті (жеке) екі жаққа айналуда тепе-теңдік сақтау;
7) кедір-бұдырлы тақтайда, жоғарыға және төменге еңіс тақтаймен ені 25-30 см, биіктігі 30- 35 см жүру;
8) еденнен 10- 15 см жоғарылатылған, баспалдақ тақтайшасынан; бір-бірінен түрлі қол қалпымен арақашықтықта қойылған, баспа шарлардан аттау.
45. Сапқа тұру, сапқа қайта тұру:
1) кеңістікте бағдарлау білігін қалыптастыру, тежелу реакцияларын жақсарту;
2) қатарға бір-бірден; бөлімдерге екіден, үштен қатарға тұру; бағыт бойынша түзелу дағдыларын қалыптастыру.
46. Музыкалық-ырғақтық жаттығулар:
1) қозғалыстың дұрыс ырғағын жасауға үйрету;
2) берілген ырғақта, отырып немесе жатып, қолмен және аяқпен еркін қозғалыстарды;
3) әр түрлі темпте музыкалық сүйемелдеумен сәйкес таныс физикалық жаттығуларды орындау білігін қалыптастыру.
47. Спорттық жаттығулар:
1) шанада сырғанау: дағдыларға үйрету: төбешіктен сырғанау; бір-бірін сырғанату; шанамен төбешікке көтерілу, одан түсіп келе жатқанда тежелу; мұз жолдармен сырғанау;
2) велосипедпен, өздігінен сырғанайтын құралмен (самокатпен) жүру; табанның байланыс-бұлшық ет аппаратын қатайту; сирақ-табан буындары және табан буындары мен аяқ саусақтарының қозғалыс амплитудасын үлкейту; дұрыс дене мүсінін қалыптастыру; қозғалыс координациясын, тепе-теңдік сезімін дамыту; кеңістікте бағдарлана алу білігі; батылдыққа тәрбиелеу; екі дөңгелекті және үш дөңгелекті велосипедтерде, самокатта (ТҚАБ бар балаларға) жүруге; оңға, солға бұрылыс жасауға үйрету. Гемипарезде табан және білек фиксацияланады.
48. Судағы емдік дене тәрбиесі:
1) жүзуге дайындалу:баланы жауырынынан жеңіл сүйемелдеп арқамен сырғанауға үйрету;
2) гиперкинетикалық БЦСА бар балаларға суда жатып 2-3 минут бұлшық ет тонусын босаңсыту жаттығуларына үйрету;
3) суға кіру және ішінде болу, суда ойнау білігін қалыптастыру, су шашырауына үйрету;
4) суда отырып, аяқтарымен жоғарыға және төменге қозғалтуды;
5) орындау (ТҚАБ балалар үшін), ерікті тәсілмен жүзуге тырысу.
49. Спорттық ойындар элементтері:
1) кегель ойыны: дұрыс қалыпта тұрып, допты лақтыру. 1-1,5 м қашықтықтан кегельді қағып жіберу;
2) футбол: берілген бағытта допты айналдырып жіберу. Бір-біріне аяқпен допты беру білігі.
50. Өзіндік қозғалыстық белсенділік:
1) балалардың доппен ойынын ынталандыру, дене шынықтыру құралдарын, жабдықтарды, спорттық және қозғалмалы ойындарға арналған атрибуттарды қолдануға ниеттендіру;
2) балаларды педагогпен бірге жаттығуларды орындауға жұмылдыру, қозғалыс талап ететін ойындарға қатысу қызығушылығын ояту;
3) ауа райы жағдайын ескере отырып, балалардың ауадағы қозғалыс қызметіне жағдай жасау.
51. Күтілетін нәтижелер:
1) физикалық жаттығуларды орындауға қызығушылық көрсетеді;
2) қимылды ойындардың ережесін орындайды;
3) әр түрлі тапсырмаларды орындаумен бір-бірден сапқа тұра алады;
4) екіден, үштен бөлімдерге қайта тұра алады;
5) спортық ойындар мен спорттық жаттығуларрдың алғашқы техникаға ие болады.
3-параграф. 2-жартыжылдық
52. Құрлықтағы емдік дене тәрбиесі:
1) кеңістікте өзінің денесінің қалпын түсіну;
2) тыныштық кезінде, көлденең, тігінен, ілгері қалыпта денені ұстауды қалыптастыру;
3) шынтақ буындарын бүкпей, саусақтар ашық болғанда, алақанды жоғарыға бұруға үйрету;
4) қолды жан-жаққа жібере және төмен түсіре, оны бас артына қоюға, жоғары жақ арқылы қолды көтеруге;
5) таяқты (құрсау шеңберді) жоғарыға көтеру, иық артына түсіру;қолды жұму және ашуға, қолдың бастапқы қалпынан алдан, жан-жаққа қол білектерін айналдыруға үйрету;
6) отырып тіреумен аяқты көтеру, бүгу және жазу, оларды еденгетүсіру, бір уақытта аяқтарды бүгіп, жазып, тік аяқтарды көтеру және түсіру, қолда жоғарыға қарай затты ұстап, арқадан қарынға бұрылу, ішімен жатып, алға созылған қолды көтеруін қалыптастыру;
7) тізеден бүгілген аяқты көтеруге, еденге аяқ ұшын, өкшесін таяққа тіреп, таяқ бойынша жүру;
8) аяқ саусақтарымен жіпті жинау, бір орыннан екінші орынға құмы бар қапшықты ауыстыру, аяқ өкшесімен айналуға үйрету.
53. Негізгі қозғалыстар:жүру, жүгіру, секірулер, лақтыру, қағып алу, еңбектеу, өрмелеу, тепе-теңдік, қайта сапқа тұру.
54. Жүру:
1) қатар бойынша бір-бірден, екіден; аяқ ұшымен, өкшемен, табанның сыртқы жағымен жүру, тізені жоғарыға көтеріп, кең және тар қадамдармен;
2) қозғалыс бағытын өзгертумен, "жылан сияқты", бет-бетімен, алға, жан-жаққа бүйірлік қадаммен;
3) жүгірумен, секірумен ауыстырып, темпті, бағытты өзгертумен, белгі бойынша тоқтаумен жүру дағдыларын қалыптастыру.
55. Жүгіру:
1) кеуде мен бас қалпын қалыптастыру (иықтар аздап алға иілген, бас омыртқамен бір сызық бойында);
2) тізені жоғарыға көтерімен, аяқ ұшымен, тар және кең қадамдармен, қатарда бір-бірден және жұппен, әр түрлі бағыттарды, бет-бетімен;
3) темпті баяулату мен жылдамдатумен;
4) жетекшіні өзгертумен жүгіруге үйрету;
5) баяу темпте үздіксіз жүгіру, 50- 60 м жүгіру, 5 метрден 3 рет қайталамалы жүгіру;
6) жүгірудің біркелкілік (ырғақтық) сезімін дамыту;
7) әр түрлі бағытта жүгіру, қағып алумен жүгіру.
56. Секіру:
1) қозғалыс координациясын дамыту, аяқтың және жамбастың бұлшық етін қатайту.
2) орында екі аяқпен, алға жылжумен, орында солға, оңға бұрылумен, орында аяқтар бірге, аяқтарды ашып, бір аяқты алға, екіншісін артқа қойып (сақтандырумен) секіруге үйрету;
3) орыннан жоғарыға, баланың қолына жоғарыға ілінген, затқа қолын тигізіп; 2- 3 заттан кезекпен; 20- 25 см, (БЦСА бар балаларға бұл жас кезеңінде секіру жаттығулары жас алмайды, себебі табанның бұлшық ет-байланыстық аппараты тым әлсіз) биіктіктен; ұзындығы 40 сантиметрден кем емес орыннан, 4-5 сызықтан сызықтар арасындағы арақашықтық 40 см, секіруге үйрету, бір аяқта секіру (сүйенішті ұстап), қысқа скакалкамен секіру (ТҚАБ балаларға арналған).
57. Лақтыру, қағып алу:
1) қозғалыс координациясын (оның ішінде ол білектері мен саусақтары), кеңістікте бағадарлана алуындамыту, доппен ойнауда түрлі тәсілдерге үйрету;
2) білектер мен саусақтардың дұрыс қалпына назарын аудара отырып, әр түрлі өлшемдер мен формадағы заттарды алу, оларды ұстап тұру және екі және бір қолмен алып жүру білігіне үйрету;
3) допты, құрсау шеңберді айналдыруға; бір-біріне төменнен допты лақтыру, бас жақтан және оны қағып алу, басынан жоғары екі қолмен допты және бір қолмен кедергіден лақтыру 2 м қашықтықтан, допты жоғарыға, жерге лақтыру және оны екі қолмен қағып алу, допты жерге ұруға үйрету;
4) затты алысқа лақтыру 2 - 3,5 м кем емес;
5) оң және сол қолмен көлденең нысанаға лақтыру2 м. арақашықтықтан, 1,5 м арақашықтықтан тігінен орналасқан нысанаға (нысана ортасының биіктігі 1,5 м) лақтыру білігін қалыптастыру.
58. Еңбектеу, өрмелеу:
1) көлденең және еңіс орындықта еңбектеуге;
2) қолмен тартылып, қарынмен гимнастикалық орындықта еңбектеуге;
3) алақан мен өкшеге сүйене отырып еңбектеуге (қозғалыс бағытын жоғалтатындарға, қол мен қарама- қарсы аяқты алға шығаруда қиналатындарға нұсқаушшы көмектеседі) үйрету;
4) 50 см. биіктікке көтерілген жіп, доға, таяқ астына алға сол және оң бүйірімен кіре алуын;
5) бөренеден, гимнастикалық орындықтан аттауын қалыптастыру;
6) кезектескен қадаммен гимнастикалық қабырғаға жоғары- төмен өрмелеу, аралықтан оң, сол жақ аралыққа өту (қолдың қармау функциясы бұзылған балалар жаттығуды нұсқаушымен және тәрбиешімен бірге орындайды).
59. Тепе- теңдік:
1) сызықтар арасында жүру (арақашықтық 20-25 см), сызықтар, жіп, тақтай бойынша, гимнастикалық орындықта, бөренеді кедір- бұдырлы тақтайда жүру;
2) еңіс тақтайда жоғары және төмен жүру және жүгіру дағдысын қалыптастыру;
3) бір-бірінен түрлі қашықтықта қойылған, 5- 6 баспа доптардан, әр түрлі қол қалпымен, кезекпен аттау;
4) ептілікті, тепе- теңдік сезімін, көру және есту анаализаторларының координациясын, жүйке процесстерінің сергектігін, зейін тұрақтылығын қалыптастыру;
5) тәртіпке тәрбиелеу;
6) табанның бұлшық ет- байланыс аппаратын қатайту;
7) дұрыс мүсінді қалыптастыру.
60. Сапқа тұру, сапқа қайта тұру:
1) ұйымдасқан қозғалыста кеңістік түсініктерін қалыптастыру;
2) бағанда, сапта, шеңберде бір- бірден тұруға үйрету;
3) екіден, үштен бөлімдерге тұру, бағдар бойынша түзелуін; оңға, солға, айналып бұрылулар; ашу және жабу білігін қалыптастыру;
4) көру, есту, моторлы анализаторларын;
5) кеңістікте бағдарлану білігіін дамыту.
61. Музыкалық-ырғақтық жаттығулар:
1) музыкалық сүйемелдеуге сәйкес әр түрлі темпте таныс физикалық жаттығуларды орындау;
2) ырғақ сезімін, икемділікті, қозғалыс координациясын дамыту;
3) аяққа арнайы жаттығуларға үйрету, алдымен отырып сосын сүйеніш жанында тұрып, кейбір балалар өз мүмкіндіктерінше үйренеді және қозғалыстарды меңгеруді сүйенішсіз тұрып орындайды.
62. Спорттық жаттығулар:
1) шанада сырғанау:дағдыларға үйрету: төбешіктен сырғанау, бір- бірін сырғанату, шанамен төбешікке көтерілу, одан түскенде тежеу, мұз жолдарда өзі сырғанау;
2) велосипед, самокат тебу: табанның бұлшық ет- байланыс аппаратын қатайту, табан-сирақ буындарында және табан мен аяқ буындарының қозғалыс амплитудасын үлкейту, дұрыс мүсінді қалыптастыру, қозғалыс координациясын, тепе-теңдік сезімін, кеңістікте бағдарлана алуын дамыту, батылдыққа тәрбиелеу, екі дөңгелекті велосипедте және самокатта жүруді (ТҚАБ балаларға),оңға, солға бұрылыстар жасауға үйрету. Гемипарез жағдайында табан және білектер бекіітіледі.
63. Судағы емдік дене шынықтыру:
1) жүзуге дайындалу. Гиперкинетикалық БЦСА түрі бар балаларға суда жатып белгілі бір уақытта (2-3 минут) бұлшық ет тонусын босаңсыту үшін жаттығулар үйрету;
2) суға кіру және болу, суда ойнау, су шашырауына үйрету;
3) суда отырып, аяғымен жоғарыға және төменге қозғалыстар жасау;
4) суда отырып иекке дейін, көзге дейін кіру, ішінде болу, судан шығу білігін қалыптастыру.
64. Спорттық ойындар элементтері:
1) кегель:әр түрлі жағдайда қойылған кегельдерге, дұрыс бастапқы қалыпта допты лақтыру;
2) футбол:берілген бағытта допты айналдырып жүру, допты қақапаларға кіргізу.
65. Өзіндік қозғалыс белсенділігі:
1) доптармен, құрсау шеңбермен, ойыншықтармен балалардың ойынын көтермелеу, дене шынықтыру құралын, жабдығын, спорттық және қозғалмалы ойындарға арналған атрибуттарды қолдануға қызығушылығын ояту;
2) жаттығуларды педагогпен бірге орындауға, қозғалмалы ойындарға қатысу қызығушылығын ынталандыру.
66. Күтілетін нәтижелер:
1) негізгі қозғалыстарды қалыптастыруға бұлшық еттер қатайған (жүру, өрмелеу және еңбектеу, көріп бақылаумен және үлкен саусақты басқаларына қарама-қарсы қойып затты лақтыру және қармау);
2) қозғалыста бастапқы кеңістіктік бағдарлануға ие;
3) белгі бойынша немесе нұсқаушының сөздік нұсқауы бойынша қозғалыстарды орындайды;
4) әр түрлі ойындарды өзі ойнайды және ойын ережесін сақтайды;
5) спорттық ойындар элементтерін орындайды, шынығу түрлерін меңгерген.
4-тарау. Ересектер тобы (5-6 жастағы балалар)
1-параграф. "Денсаулық" білім беру саласы
67. Мақсат: тірек- қимыл аппараты бұзылған мектепке дейінгі жастағы балалардың қозғалыс мүмкіндіктерін түзету және дамыту.
68. Міндеттер:
1) тірек- қимыл аппаратының ақаулы орнатуын түзету (аяқ- қолдың, омыртқаның);
2) жеке бұлшық ет топтарының әлсіздігін (гипотрофия, атрофия) жою;
3) буындардағы қозғалуды жақсарту, түзетуді жасау және алдыналу;
4) бұлшық ет тонусын қалыптандыру (позотоникалық реакцияларды түзету);
5) бұлшық ет- буындық сезімді (кинестезияны) және сипап сезуді жақсарту;
6) қолдың заттық- манипулятивті қызметін дамыту;
7) қол мен аяқтың түрлі сүйеніш реакцияларын қалыптастыру; жалпы ағзаның және оның жеке бөліктерін босаңсыту;
8) дұрыс мүсінді қалыптастыру;
9) дұрыс емес қалып пен жағдайды тежеу және жою.
2-параграф. 1-жартыжылдық
69. Құрлықтағы емдік дене тәрбиесі:
1) алақанды жоғарыға бұрған кезде, иық алдын бір-біріне жақындатпай, білек буындарында қолды тіктеу, саусақтарды ашық күйде қалдыру;
2) тізені толығымен қолмен ұстауға үйрету;
3) шапалақтауда екі қолдың бірдей қатысуын қалыптастыру. Гемипарезде тәрбиеші зақымдалған қолмен қозғалыстарды орындауға көмектеседі;
4) БЦСА бар балаларды қолмен тізелерін ұстауға үйрету мақсатында, кеуде мен аяқ қозғалысын дамыту;
5) алға- артқа қолды сермеуді, кеуде алдында қолмен айналдыру қозғалыстарын (бір қол екіншісінің айналасында айналады), қолды жан- жаққа сермеу, төменге түсіре алуын қалыптастыру;
6) отыру қалпынла, бөксе сыртқы бұрылыс кезінде (сыртқы ротация) (құмы бар қапшықпен фиксациялау) қалыпты қабылдай алуға үйрету;
7) кезекпен өзіне қарай аяқты тарту білігін қалыптастыру, қажет жағдайда екінші аяқтты құмы бар қапшықпен бекітеді.
70. Негізгі қозғалыстар: жүру, жүгіру, секірулер, лақтыру, қағып алу, еңбектеу, өрмелеу, тепе-теңдік, қайта сапқа тұру.
71. Жүру.
1) дұрыс және үнемді қозғалыстарды;
2) жүріс кезінде басын түсірмеу және артқа шалқаймау, төменге аяққа қарамау, аяғын көтеріп жүру, еденде сүйретпеу, алға қарауын қалыптастыру. Бұл үшін сызықтарды, кубиктар аттаумен арнайы жаттығулар қолданылады;
3) жүріс кезінде қолды еркін қозғаалтуға үйрету;
4) бағанда жалғыз; аяқ ұшымен, өкшемен; бүгілген тізені жоғарыға көтеріп; заттарды аттап өтумен; әр түрлі темпте; қол қалпын өзгертіп; ересектің белгісі бойынша тоқтаумен; қозғалыс бағытын өзгертіп; бет- бетімен; заттар арасымен; алға аяқ кезектескен қадаммен жүру;
5) кезектесуде қайталанатын жүру және жүгіру.
72. Жүгіру:
1) кеуде мен бас қалпын (иықтар аздап алға, бас омыртқамен бір сызық бойында);
2) қол мен аяқ қозғалысының үйлесімділігін (қолды кеудеге жабыстырмау), кеңістікте бағдарлануын өзіндік бақылауын қалыптастыру;
3) бет-бетімен, жұппен, бағанда біреуден, заттарды аттаумен, кедергілерді аттаумен, табиғи жағдайдағы кедергілерді аттаумен, бір сызықта қойылған заттардан "жылан" секілді, әр түрлі жылдамдықпен - баяу, жылдам,орташа темпте үздіксіз 1,5-2 минут жүгіру.
73. Секіру:
1) әр түрлі ойын тәсілдерін және баланың жеке ерекшеліктерін ескере отырып нұсқаушы үлгісі бойынша салу сипатындағы жаттығуларды қолдана отырып, ұзындыққа секіруге үйрету;
2) орында секіру, 3 метр арақашықтыққа алға жылжумен, заттар арасынан екі аяқпен арақашықтық 4 м, заттар арасынан оң және сол аяқпен кезектестіріп, биіктікке орнынан секіру (ТҚАБ балалар үшін);
3) жіптер, сызықтардан аттап секіру, биіктіктен секіру (жерге түскенде аяқ тізеде бүгілген, табандар параллель, тепе- теңдік сақтау), жоғарыға секіру (ТҚАБ балалар үшін).
74. Лақтыру, қағып алу:
1) құрамның сапалы қалыптасуы: траектория, күш, тепе- теңдік;
2) саусақтар мен білектердің дұрыс қалпына назар аудара отырып, әр түрлі өлшем және формадағы заттарды алу, оларды ұстай алу және екі және бір қолмен;
3) әр түрлі өлшемдегі доптарды қолдана отырып алып жүру білігін бекіту: үлкен доптарды - екі қолмен қармау, кішкентайларын — біреуімен;
4) оң және сол қолмен кезектесіп допты жоғарыға;
5) оң және сол қолмен кезектесіп жерге лақтыру;
6) екі қолмен және кезекпен оң және сол қолмен бінеше рет қатарынан қағып алу (мөлшері диагнозға байланысты);
7) бір қолынан екінші қолына лақтыру;
8) шапалақпен лақтыру және қағып алу;
9) допты бір- біріне лақтыру;
10) тордан допты лақтыру;
11) қабырғаға допты лақтыру және оны қағып алу;
12) алысқа лақтыру; көлденең нысанға допты лақтыру;
13) допты сақинаға лақтыру;
14) допты бір қолмен еденге ұрып жүру;
15) допты заттар арасынан алып жүру, қақпаға оң және сол қолмен кезектесіп допты кіргізу (зақымдалған қолға жүктеме көп).
75. Еңбектеу, өрмелеу:
1) жіп, доға, орындық астына еңбектеп кіру;
2) белгілі бір темпте еңбектеу, қол мен аяқ қозғалысының автоматизациясы дағдысын қалыптастыру;
3) тіктену сипатындағы қозғалыстармен еңбектейтін жаттығуларды (еңбектеп жету және тұру), тепе- теңдікке тапсырмамен (тақтай бойынша еңбектеу) үйлестіру;
4) қолын еденге тигізбей, тік және бүйірден жіп астына еңбектеп кіру;
5) гимнастикалық орындықта қарынмен еңбектеу;
6) еңіс баспалдаққа гимнастикалық қабырғаға өтумен міну және ьаяқшаларын жібермей одан түсу (ТҚАБ балаларға арналған);
7) доға астына еңбектеп кіру, доға астына қолындағы доппен еңбектеп кіру, құрсау шеңберге кіру, еңбектеп доға астынан, басымен допты итеріп өту, кедергілерден еңбектеп өту және доға астына еңбектеп кіру, топпен, еденге қолын тигізбей, доғаның жоғары жағына тимей оң және сол бүйірмен құрсау шеңберге еңбектеп кіру.
76. Тепе-теңдік:
1) дененің тұрақты қалпын сақтау білігін қалыптастыру;
2) кенеттен тоқтау және жылдам қозғалыс кезінде орында тұра алуы дағдысына үйрету;
3) заттарды аттаумен;
4) шектелген бетпен аяқ ұшымен, кубиктерді аттап, орындықта адымдау;
5) арқаннан бүйірмен, адымдап (өкше арқанда, аяқ ұшы еденде), орындақта алға алдынан немесе арқасынан әр қадамда бір қолынан екінші қолына допты ауыстырумен, кедір-бұдырлы бетте жүру.
77. Сапқа тұру, сапқа қайтадан тұру:
1) үйрету жұппен, шеңбердешеңбер ортасын белгілеумен болады;
2) кеңістіктік түсініктерін қалыптастыру;
3) нұсқаушының көрсеткен бағдарында белгілі бір бағытта жүру дағдысын бекіту;
4) бағанға біреуден, екіден, үштен сапқа тұр;
5) саптан бағанға біреулен, екіден, үштен қайтадан тұру;
6) орнында оңға, солға қозғалыста бұрылу, қолын алға созып бағанда, сапта, шеңберде қолы жан- жаққа созылған түрде түзелу;
7) оңға, солға бұрылу, аттаумен және секірумен айналу.
78. Музыкалық-ырғақтық жаттығулар:
1) музыкалық сүйемелдеумен сәйкес әр түрлі темпте таныс физикалық жаттығуларды орындау;
2) ырғақ, икемділік сезімін, қозғаллыс координациясын дамыту;
3) аяққа арналған арнайы жаттығуларға үйрету (алдымен отырып, сосын сүйеніш жанында тұрып үйренеді және тек кейбір балалар өз мүмкіндіктерінше қозғалыстарды сүйенішсіз орындайды);
4) музыкаға әдемі, көркем таныс физикалық жаттығуларды орындау;
5) аяқ аяқ ұшына кезекпен қою және таптау;
6) отырып тұрумен адымдау;
7) музыканың қарапайым ырғақтық бейнесіне сәйкес шапалақтар;
8) жұппен шеңбер бойынша қозғалыс.
79. Спорттық жаттығулар:
1) шанада сырғанау:төбешіктен біреуден және екеуден сырғанау, шанамен төбешікке көтерілу, мұз жолдармен өзі, жүгіруден соң сырғанау (ТҚАБ балалар үшін);
2) велосипедпен жүру: басқалардың көмегінсіз қозғалуға үйрету, кеңістікте еркін қозғалуын қалыптастыру; кеңістіктік түсініктерін қалыптастыру,тіке жәешеңбер бойынша үш дөңгелекті велосипедте (педальдарда табанды фиксациялау және бекіту, баланың арқасын ұстап тұратын, қапсырмасы бар белбеу, қорғауыш шлем), екі дөңгелекті велосипедте ТҚАБ балалар үшін жүру, оңға және солға бұрылулар.
80. Судағы емдік дене тәрбиесі:
1) суда жүзу:арқада жан- жаққа тербелу (енжар) арқылы бұлшық ет тонусын босаңсытуға жаттығулар 2-3 минут, су бетінде ішпен жату қалпында қол мен аяқты айналдыру қозғалысы көмегімен гиперкинездерді басуға жаттығулар орындау білігін қалыптастыру(2-3 минут);
2) ұсақ орында суда отырып және жатып, сүйенішті ұстап аяқпен қозғалыс орындау (жоғары және төмен);
3) қолмен түбінде алға және артқа жүру (аяқтар көлденең созылған) (ТҚАБ балалар үшін);
4) суға иекке, көзге дейін кіру, отырып тұру;
5) суға бетін кіргізу, суға үрлеу.
81. Спорттық ойындар элементтері.
1) баскетбол: екі қолмен кеудеден бір- біріне допты лақтыруға, оң және сол қолмен алып жүруге үйрету (диагнозға байланысты жеке);
2) бадминтон: белгілі бір жаққа оны бағыттап, допты ракеткамен ұруға үйрету (ТҚАБ балалар үшін);
3) футбол:берілген бағытта оң және сол аяқпен допты тебу, допты қақпаға кіргізу, допты бірнеше рет қатарынан қабырғаға ұру, жеке.
82. Өзіндік қозғалыс белсенділгі:
1) кеңістікте бағдарлануын қалыптастыру;
2) өзіне қаратылған сөзді түсінуін, зейін, есте сақтау, қызметін реттеуді дамыту, сөйлеу тілімен бірге жүру дағдысын жаттықтыру;
3) құрдастарымен жарыс ұйымдастыру, олардың ережелеріне бағыну дағдыларын қалыптастыру;
4) әр түрлі түзету құралдары мен спорттық жабдықтарға толы қозғалыс ортасын жасау;
5) түзету, көп нұсқалы ойындар үшін кеңістік ұйымдастыру.
83. Күтілетін нәтижелер:
1) тірек- қимыл аппаратын дұрыс орнату дағдысына ие;
2) жеке бұлшықет топтарындағы гипотрофияның көрінуі азайған;
3) буындардағы қимыл жақсарған;
4) бұлшықет тонусы қалыптандырылған;
5) бұлшық ет- байланыс сезімі қалыптасқан;
6) аяқ пен қолдың сүйеніш реакциялары қалыптасқан.
3-параграф. 2-жартыжылдық
84. Құрлықтағы емдік дене тәрбиесі:
1) табанның қимылы мен буындарда, бірігуінде қозмалылықты, қозғалыс нақтылығын қалыптастыру;
2) кеңістікте бағдарлануы мен қозғалыс үйлесімдігін (координациясын) дамыту;
3) алдынан, артынан, басынан жоғары затты бір қолынан екінші қолына ауыстыру;
4) алдынна жәе арқа артынан шапалақ, қол білектерін айналдыру, қол саусақтарын жұму және ашу дағдыларын бекіту;
5) аяғын жоғарыға көтеру, велосипедпен жүрген сияқты аяқтарын қозғалту, арқадан ішке және керісінше ауысу, иығын көтері және төмен түсіру, қолын жан- жаққа жіберу білігін бекіту;
6) арқаннан, гимнастикалық таяқтан, өкше ортасына сүйеніп адымдау;
7) табандарды бүгу, тіктеу, айналдыру.
85. Негізгі қозғалыстар:жүру, жүгіру, секірулер, лақтыру, қағып алу, еңбектеу, өрмелеу, тепе-теңдік, қайта сапқа тұру.
86. Жүру:
1) кеуденің бүйірлік тербелуінен және табандардың алыс қойылуынан шектеуге жаттықтыру;
2) ортопедиялық аяқ киімді қолдану;
3) әр түрлі тәсілдермен жүру білігін бекіту: бағанда біреуден; жұппен; топпен; бөксені жоғары көтерімен; жартылай отырып тұрып; шапалақпен; белгі бойынша қозғалыс бағытын өзгертіп, еңіс тақтайда, бөрнеде.
87. Жүгіру:
1) қол мен аяқтың сәйкес қозғалысымен, кеуде мен бастың дұрыс қалпын (иықтар аздап алда, бас омытрқамен бір сызық бойында), кеңістікте бағдарлануын қалыптастыру;
2) бағанда біреуден; тізелерді жоғары көтеріп, заттарды аттаумен;
3) бағдарсыз жыллан секілді;
4) 2 минутқа дейін заттар арасынан; кегельдер арасынан бет- бетімен; жүрумен кезектестіріп, белгіленген орынға дейін жылдамдыққа (ТҚАБ балалар үшін) үш бағанға сапқа тұрумен (жолда кегельдерді алу), белгіленген жерге дейін жылдамдыққа кесінділерден жүгіру (ұзындығы 20 метр), тіректі аттаумен;
5) үш бағанға қайта тұрумен, жылдамдаусыз жүгіруге көшумен жылдамдыққа (ТҚАБ балалар үшін) жүгіруін бекіту.
88. Секіру:
1) қозғалыс координациясын дамыту, жамбас белдеуінің және аяқтың бұлшық еттерін қатайту;
2) дұрыс мүсінді, табан бірігуін қалыптастыру, омыртқаның бұлшық ет корсетін қатайту;
3) тыныс алу актін қалыптастыру (оның тереңдігін, ырғағын);
4) бір және екі аяқта құрсау шеңберден секіру білігін қалыптастыру; ұзындыққа бастап жүгіруден, ұзындыққа орнынан, оң жақ бүйірімен екі аяқта, сосын секіріп 180° бұрылу және сол жағымен жалғастыру (ТҚАБ балалар үшін) дағдыларын қалыптастыру.
89. Лақтыру, қағып алу:
1)доппен әр түрлі жаттығуларды координациялы орында алуын бекіту;
2) дұрыс мүсінді қалыптастыру;
3) кеуде мен аяқ- қолдың бұлшық еттерін қатайту;
4) қол білегі мен саусақтарының ұсақ бұлшық ет топтарындағы қозғалыс координациясын дамыту;
5) осы буындардағы қозғалыс амплитудасын үлкейту, көру және есту анализаторларының координациясын жақсарту;
6) реакция жылдамдығын дамыту;
7) затты дұрыс қармауын қалыптастыру;
8) иықтан 3 метр қашықтықтан оң және сол қолмен тігінен нысанаға қапшықты лақтыру дағдысын бекіту;
9) бір қолмен допты еденге ұру және екі қолмен қағып алу.
90. Еңбектеу, өрмелеу:
1) баланың тік және көлденең қалпында әр түрлі қозғалыстарды жаттықтыру, дұрыс мүсінді қалыптастыру;
2) қозғалыстың жан- жақты координациясын, кеңістікте бағдарлана алуын дамыту, тепе- теңдікті ұстауын, жүйке процесстерінің қозғалмалығын дамыту;
3) белгілі бір темпте еңбектеу, аяқ пен қол қозғалысының автоматизациясын;
4) құрсау шеңберді айналдыру, оған кіру;
5) жүрумен кезектесіп орындық арқылы еңбектеп өту;
6) 3- 4 доғалар астына еңбектеп кіру;
7) гимнастикалық қабырғада басқа аралыққа өтумен және төмен түсумен өрмелеу;
8) орындықта арқасындағы қапшықппен еңбектеу;
9) баспалдақ бүйіріне қойылған таяқшалар арасынан еңбектеп өту дағдысын бекіту.
91. Тепе- теңдік:
1) ұсақ және ірі бұлшық ет топтарындағы қозғалыс координациясын дамыту;
2) зейін, реакция жылдамдығы, көру зейіні, қозғалыс сәйкестігін дамыту;
3) биік емес заттарға міну және одан түсу білігін;
4) арқанда, жіпте басындағы қапшықпен, бүйірмен, бүйірмен адымдап, баланың екі қадамдық арақашықтығында қойылған, баспа доптардан аттап, гимнастикалық орындықта жүру, қол ұстасып, жұппен айналу білігін бекіту;
5) жоғарылатылған сүйеніште, баспа доптарды аттаумен, көлденең бөрене бойынша жүру мен жүгіру, "Қарлығаш"жаттығуын орындау білігін қалыптастыру.
92. Сапқа тұру, қайта сапқа тұру:
1) кеңістікте бағдарлану, қозғалыс координациясын, белгіге реакция жылдамдық білігін дамыту;
2) алдында үйренген сапқа тұру мен қайта сапқа тұру тәсілдерін қайталау мен бекіту: жұппен және керісінше, бір бағаннан үш бағанға жүру және жүгіру кезінде, бағаннан бірден бағанға үштен, төрттен.
93. Музыкалық-ырғақтық жаттығулар:
1) өзін- өзі бақылау, статикалық бөгеліп қалуын жою, ақыл- ой қызметін белсендендіру, жалпы сауығу дағдыларын қалыптастыру;
2) музыкалық сүйемелдеуге сәйкес әр түрлі темпте қозғалыстарды орындау білігін бекіту, жұппен шеңбер бойынша қимылдар, жұпқа қосылу және бөлінумен қайта сапқа тұру. "Серіппе" отырып тұрумен басты жан- жаққа еңкейтумен, қол қимылдары бірге бүйірлік адымдау, музыкалық сүйемелдеумен сәйкес әр түрлі темпте қозғалыстар орындай алуын бекіту.
94. Спорттық жаттығулар:
1) шанада сырғанау:түсіп келе жатқанда тежелу, бір- бірін сырғанату, шаналармен төбешікке көтерілу, мұз жолдармен өзі, жүгіріп бастаған соң сырғанау (ТҚАБ балалар үшін);
2) велосипед және самокатпен жүру:оң және сол аяғымен итеріліп, самокатпен жүруге үйрету; өзіндік, сенімді қозғала алуын қалыптастыру.
95. Судағы емдік дене шынықтыру:
1) жүзу:жүзу тәсіліне үйрету қозғалыс бұзылысының түріне байланысты. Спастикалық диплегия және айқын көрінетін аяқ пен қол буындарындағы тығыз қозғалуы бар балаларды арқада қолдарына үрленген қанаттар арқылы үйрету. Бастың тұрақты қалпы болмай зорлану қозғалыстарында үрлемелі жүзу жағаларын қолдану. Атаксиясы бар балалар жүзуге арқада крольмен үйрету;
2) басымен суға кіру білігіне үйрету;
3) бассейн қабырғасынан екі аяқпен екпінді итеру;
4) арқамен және кеудемен сырғанау, суда тыныс шығаруын орындау дағдысын бекіту;
5) балаға ыңғайлы кез-келген тәсілмен жүзуге үйрету.
96. Спорттық ойындар элементтері:
1) баскетбол: кеудеден екі қолмен допты лақтыру;
2) бадминтон: белгілі бір жаққа бағыттап, шарды ұру;
3) футбол: жұппен бір- біріне допты беру, бірнеше рет қатарынан қабырғаға ұру.
97. Өзіндік қозғалыс белсенділігі:
1) қозғалмалы ойындарды балалар өздері ұйымдастыруларына жағдай жасау, үйренген бекіту;
2) серуендеу орнын дұрыс жабдықтай білу.
98. Күтілетін нәтижелер:
1) кеңістікте өз денесінің қалпын түсінеді;
2) тыныштық кезінде де, үш негізгі бағытқа (көлденең, тігінен, ілгерілмелі) қозғалу кезінде де дененің тепе- теңдігін сақтай алады;
3) ересектер көмегімен еңіс бет бойынша жүре алады;
4) заттардан аттап жүре алады;
5) белгілі бір темпте еңбектей алады, қол және аяқ қозғалыстары машықтандырылған;
6) еденде отырып (сырғанату, итеру, лақтыру), айналасындағы заттардың орнын ауыстыра алады;
7) кермені қолмен қармайды және жібере алады;
8) педагог нұсқауымен физикалық жаттығуларды орындай алады.
5-тарау. Мектепалды даярлық сыныбы (6-7 (8) жастағы балалар)
1-параграф. "Денсаулық" білім беру саласы
99. Мақсат қозғалысты ерікті тежеу қабілетін дамыту, бұлшық ет гипертонусын төмендету, қозғалыс координациясын жақсарту, буындардағы қозғалыс амплитудасын үлкейту, қозғалыс дағдылары мен біліктерін жақсарту болып табылады.
100. Міндеттер:
1) белгілі бір бұлшық ет топтарында компенсаторлы гипотрофияны қалыптастыру (әлсізденген, салданған функцияны өзіне алатын бұлшықет топтарын дамытуды күшейту);
2) тепе-теңдік және кеңістікте бағдарлануын; вестибулярлы және гравитацияға қарсы реакцияларды қалыптастыру;
3) ақаулы екіншілік қозғалыс стереотипін ескерту;
4) әр түрлі қозғалыстарда, ойындарда, тұрмыста қозғалыс тәжірибесіне байыту;
5) дененің, бастың және аяқ- қолдың дұрыс емес қалпы мен қозғалысын ескерту және түзету;
6) қозғалыс кезектілігінде кеңістікте бағдарлануын қалыптастыру;
7) негізгі қозғалыстарды жақсарту арқылы балалардың қозғалыс тәжірибесін байыту.
101. "Дене шынықтыру" сабағының мазмұны, бөлімшелерден құралған және күтілетін нәтижелер түрінде оқыту мақсаттарынан тұратын, оқыту бөлімдерімен ұйымдастырылған.
102. Әр бөлімшенің ішінде кезекпен ұйымдастырылған, оқыту мақсаттары педагогтарға өзінің жұмыстарын жоспарлауға және балалардың жетістіктерін бағалауға, сондай-ақ оларды оқытудың келесі кезеңдерінде ақпараттандыруға мүмкіндік береді.
103. Оқу бағдарламасының мазмұны келесі бөлімдерді қамтиды:
1) құрлықтағы емдік дене тәрбиесі. Жүру;
2) қозғала алу және сенімділік;
3) серіктестік және басқару;
4) шығармашылық және ойлау.
104. "Құрғақтағы емдік дене тәрбиесі. Жүру" бөлімі келесі бөлімшелерден құралады:
1) денсаулықты нығайту;
2) физикалық форманы жақсарту.
105. "Қозғала алу және сенімділік" бөлімі келесі бөлімшелерден құралады:
1) қозғалыстар;
2) физикалық қасиеттер.
106. "Серіктестік және басқару" бөлімі келесі бөлімшелерден құралады:
1) командада жұмыс;
2) емдік дене тәрбиесіндегі біліктер мен дағдылар.
107. "Шығармашылық және ойлау" бөлімі келесі бөлімшелерден құралады:
1) ойындағы шығармашылық қабілеттер.
108. "Құрғақтағы емдік дене тәрбиесі. Жүру" бөлімінің мазмұны келесіні қарастырады:
1) денсаулықты нығайту:
қолды көтеру дағдысын бекіту: білектер зорланбайды, жұдырықы жұмбайды, бас орташа сызықта; білектер бір- біріне келтірілмейді, бас артқа шалқаймайды. Гемипарез кезінде педагог әлсізденген қолмен жаттыығу орындауда көмектеседі;
тепе- теңдік және тұрақты қалып; кеуде мен аяқ бұрылу (жамбас қозғалмайды); тізелер бүгілмейді, бөксе келтірілмейді (қажет болса аяқтарды құмы бар қапшықтармен фиксациялау) дағдыларын қалыптастыру;
заттармен және оларсыз түзету жаттығуларын орындау білігін бекіту: көтеру, ажырату, бүгу, ию, бір уақытта және әр түрлі темпте кеуде және аяқпен қозғалыс орындаған кезде қолдарды айналдыру;
әр түрлі бастапқы қалыпта кеудені айналдыру;
қолды жан-жаққа жіберіп отырып тұру;
ішпен жатып, бір уақытта (кезекпен) аяқты көтеруімен, аяқты көтерумен, айқастырумен; қарыннан арқаға және керісінше айналу;
иілу; оңға-солға бұрылу, жан-жаққа, алға әр түрлі бастапқы қалыпта еңкею;
алға, артқа, жан- жаққа қолдың әр түрлі қалпымен қозғалыс жасау, орнында, бүйірлік адыммен;
аяқ ұшымен, өкшеде аттау;
2) физикалық форманы жақсарту:
әр түрлі дене бөлігіне, жеке бұлшық ет топтарына, буындарға, байланыстар және жағдайларға (бұлшық еттің босаңсуы, созылуы) түзету жабдығын, заттарды қолданумен физикалық жаттығу орындай алуын жақсарту;
шанада сырғанау:төбешікке шанамен міне алуын; түсіп жатқанда тежелуін; мұз жолда өзі сырғанай алуын жақсарту;
велосипед, самокатпен жүру, оңға және солға бұрылып, тік және шеңбер бойыша екі дөңгелекті велосипедте жүре алуын жақсарту;
суда жүзу: арқада бір жақтан екінші жаққа тербелу (енжар) жолымен бұлшық ет тонусын босаңсытуға жаттығу (2-3 минут), су бетінде ішпен жатып қол мен аяқтың айналдыру қозғалысы көмегімен гиперкинездерді өшіруге жаттығулар (2-3 минут) орындауын жақсарту, суда таяз орында отырып және жатып жаттығу орындау дағдысын, аяқпен қозғалыстарын (жоғарыжәнетөмен), су түбінде қолмен алға және артқа жүру (аяқтар көлденең созылған), отырып тұрып су ішіне иекке, көзге дейін кіру, суға бүкіл бетін кіргізу, суға үрлеу;
таза ауада физикалық жаттығуларды орындау;
ойынның дамуына әсер ететін, әр түрлі жабдықтармен және спорттық құралдарға толы қозғалыстық орта жасау;
көп нұсқалы ойындарға арналған орын ұйымдастыру;
құрдастарымен жарысты ұйымдастыру, олардың ережелеріне бағыну дағдыларын қалыптастыру.
1-кесте
Бөлімше | Оқыту мақсаттары |
1.1 Денсаулықты нығайту | 0.1.1.1 заттармен және затсыз түзету жаттығуларын орындау |
1.2 Физикалық форманы жақсарту | 0.1.2.1 меңгерілген дағдыларды жақсарту және жаттығуын жоғарылату үшін біртіндеп жүктемені өсірумен физикалық жаттығуларды орындау. |
109. "Қозғала алу және сенімділік" бөлімінің мазмұны келесіні қарастырады:
1) қозғалыстар:
алдында үйренген қозғалыстарды қайталау, қозғалыс дағдыларын бекіту және жақсарту;
жүру: табан бірігуін қалыптастыру; омыртқаның бұлшық ет корсетін қатайту; дұрыс мүсінді қалыптастыру, қозғалыс координациясын жаттықтыру; кеңістікте бағдарлана алуы, денені артық зорлаудан, жасқанудан босату; табиғи қозғалыстардың оңтайлы дағдыларына тәрбиелеу, аяқ ұшымен, қарапайым адыммен, түрлі қол қалпымен; жартылай отырумен; отырып тұрумен; арқамен; жартылай отырып тұрумен; шектеуллі бетімен; белгілі бір қалыпта тоқтаумен , жабық көздерімен жүру дағдысын бекіту;
жүгіру: кеуде мен бас қалпын (иықтар сәл алда, бас омыртқамен бір сызық бойында), қол мен аяқ үйлесімділігін (қолды кеудеге жабыстырмау), кеңістіктікте бағдарлануын өзіндік бақылауын бекіту,қарапайым орын ауыстыру дағдыларын бекіту; кеуде мен аяқ- қол бұлшық еттерін қатайту; мүсінді, тыныс алу функциясын, қан айналымын жақсарту; психикалық және қозғалыс процесстерінің жан- жақты координациясы. Аяқ ұшымен; аяқты артқа бүгіп, тік аяқты алға лақтырып, тізені жоғары көтерумен, тар және кең адымдармен жүгіруды бекіту. Әр түрлі бастапқы қалыпта (ТҚАБ балалар үшін), бағанда біреуден, екеуден, түрлі бағытта, әр түрлі тапсырмаларды орындаумен, заттарды аттаумен; айналып тұрған скакалка астымен; 2-3 мин. дейін үздіксіз, орташа жылдамдықпен (2-4 рет жүрумен кезектестіріп) жүгіру; қайталамалы жүгіріс, жарыса жүгіру;
секіру:қозғалыс координациясын, тепе- теңдік сезімін дамыту; аяқтың байланыс- бұлшық ет аппаратын қатайту; табанның рессорлы функциясын жақсарту. Орында секіру, шеңбермен айналып; аяқ арасында зат қысып, алға жылжумен; қатты отырып тұрудан жоғарыға; орында және бала қолынан 25-30 см жоғары ілінген затқа жету мақсатымен; орнынан ұзындыққа; жүгіріп биіктікке; скакалкадан (ТҚАБ балалар үшін); құрсау шеңбер арқылы; сызықтан, жіптерден бір аяғымен (алға, артқа, жан-жаққа алға жылжумен (ТҚАБ балалар үшін) секіру білігін бекіту;
еңбектеу, өрмелеу: координация сезімін жаттықтыру және көлденең жағдайда еңбектеу кезінде қозғалыс ептілігін дамыту, еңбектеуге жаттығулар тіктену сипатындаы қозғалыстармен үнемі үйлеседі.Гимнастикалық орындықта еңбектеуін бекіту: аяқ және қолмен (гемипарезі бар балаларға жеке, білекті фиксациялауға арналған аарнайы құралдарды қолданумен), ішпен және арқада, қолмен тартылып және аяқпенитеріп, заттар арасымен "жылан секілді". Заттар астына еңбектеп кіру, қатарынан бірнеше рет олардың арасынан бірнеше тәсілдермен өту (заттар биіктігі 45- 50 см);
лақтыру, қағып алу: ептілікті, қырағылықты, көз мөлшерін, қозғалыс координациясын дамыту; қолдың, иық белдеуінің, кеуде бұлшық еттерін қатайту; түрлі бастапқы қалыптан допты алға, жоғарыға, жерге лақтыруын, екі қолмен, бір қолмен, бастан жоғары қағып алуын бекіту. Допты заттар арасынан айналдырып өткізу. Допты бір- біріне отырып төменнен; тодан лаақтыру. 5-15 м кем емес қашықтыққа лақтыру;
тепе- теңдікке жаттығу: тепе- теңдік сезімін, қозғалыс координациясы мен жылдамдығын дамыту. Арнайы сызық бойында, әр түрлі қол қалпымен жүргендетепе- теңдік сақтай алу; гимнастикалық орындықта бүйірлік адымдап жүру; отырып тұруды орындау; айналып бұрыла алу және гимнастикалық орындықта жүруды жалғастыру; аяқты жоғарыға көтеріп және шапалақтай отырып жүру; еңіс тақтайда (ені 10-15 см, биіктігі 40 см) әр түрлі қол қалпымен тік және бүйірмен жүру білігін жақсарту;
сапқа тұру, сапқа қайта тұру: кеңістіктік түсініктерін бекіту. Нұсқаушы көрсетккен бағдарда белгілі бір бағытта жүру дағдысын жақсарту; бағанға, сапқа, шеңберге біреуден өзіндік тұруын; бір қатардан екіншісіне өтуін бекіту; бағанға, бір шеңберден бірнешеуіне (2-3) екіден, үштен, төрттен жүріп қайта тұру;
2) физикалық қасиеттер:
ептілікті дамыту үшін: әрлі форма, фактура, салмақтағы заттармен жаттығулар, бірнеше қатысушының үйлескен қимылдарымен орындалатын, қозғалыстың темпі мен ырғағының өзгерісі;
күш қасиетін дамыту үшін:негізгі бұлшық ет топтарын: арқа, кеуде, иық белдеуі, қарын және аяқтарды қатайтуға жаттығулар;
икемділікті дамыту үшін: бұлшық ет топтарын созуға жаттығулар. Буынды созып алғанда тұрақтандыру. Егер жаттығу тіктену немесе бүгілуді қосса, бұрылу және айналу қозғалыстарын қосуғаболмайды;
шыдамдылықты дамыту үшін: кеудені жерден көтеру, тартылу, отырып тұру, айналдыру, жүгіру, жүзу;
көз мөлшерін дамыту үшін. Қандай да бір құралсыз көзбен арақашықтықты анықтай алуын қалыптастыратын жаттығулар.
2-кесте
Бөлімше | Оқыту мақсаттары |
2.1 Қозғалыстар | 0.2.1.1 орында және қозғалыста орын ауыстыру түрін орындау |
0.2.1.2 жүру және жүгірудің негізгі түрлерін орындау, оларды кезектестіру, қарапайым физикалық жаттығулармен үйлестіру | |
0.2.1.3 гимнастикалық орындықта, еңіс тақтайда жүргенде тепе- теңдік сақтау | |
0.2.1.4 әр түрлі секірулерді, өзгерген жағдайдағы секіруді орындау | |
0.2.1.5 өрмелеу, қайта өрмелеу, еңбектеу түрлерін орындау | |
0.2.1.6 алысқа, көлденең және тігінен нысанаға лақтыру | |
0.2.1.7 допты айналдырып жүру, допты лақтыру және қағып алу, еденге сол және оң қолмен ұру, бастан жоғары екі қолмен және кедергіден бір қолмен лақтыру | |
2.2 Физикалық қасиеттер | 0.2.2.1 физикалық қасиеттерді көрсету: ептілік, күш, әр жылдамдық пен реакция |
0.2.2.2 құрдастарының аздаған тобымен таныс ойындарды ұйымдастырғанда тәуелсіздік пен қызығушылығын дамыту | |
0.2.2.3 кеңістікте бағдарлануын, уақытпен бағдарлануын, берілген қалыпта және жүру кезінде, жоғарыға және төменге орындықта, бөренеде жүргенде тепе- теңдік сақтай алуын дамыту |
110. "Серіктестік және басқару" бөлімінің мазмұны келесіні қарастырады:
1) командада жұмыс:
командалық спорттық ойындар элементтері;
баскетбол: көзмөлшерін, қырағылықты, ірі және ұсақ бұлшық ет топтарындағы қозғалыс координациясын, реакция жылдамдығын дамыту; табиғи қозғалыстардың оңтайлы дағдыларын жаттықтыру;
бір-біріне допты беру дағдысынбекіту; жүгіріп және қадамдап, оң және сол қолмен допты алып жүру (ТҚАБ бар балаларға арналған), допты себетке лақтыру;
футбол: қозғалыс координациясын дамыту;аяқтың және кеуденің бұлшық ет-байланыс аппаратын бекіту;қырағылықты, реакция жалдамдағын жаттықтыру; белгі бойынша тату әрекеттену білігін дамыту (тежелу реакциялары), оң және сол аяқпен футбол добын айналдыруды; орында және қозғалыста жұппен бір-біріне допты беру; оны заттардың айналасынан алып жүруін; допты тоқтатуын; қақпаға кіргізуін бекіту;
2) емдік дене тәрбиесіндегі біліктер мен дағдылар:
түзету жаттығуларын затпен және затсыз; дененің әр бөліктеріне; бұлшық ет топтарына, буындарға, байланыстар мен жағдайларға (бұлшық еттің босаңсуы, тартылуы); түзету жабдығын қолданумен орындай алады;
жаңа қозғалыс әркеттерін орындайды, оларды көмекпен орындай алады, қозғалысты өзіндік орындауға қызығушылық танытады.
3-кесте
Бөлімше | Оқыту мақсаттары |
3.1 Командада жұмыс | 0.3.1.1 командалық ойынның тәсілдері мен рөлдерін қолдану |
0.3.1.2 әділ ойын мен әділ соттың белгілерін анықтау | |
3.2 Емдік дене тәрбиесіндегі біліктер мен дағдылар | 0.3.2.1 түзету жаттығуларын затпен және затсыз; дененің әр бөліктеріне; бұлшық ет топтарына, буындарға, байланыстар мен жағдайларға, түзету жабдығын қолданумен орындай алады. |
111. "Шығармашылық және ойлау" бөлімінің мазмұны келесіні қарастырады:
1) ойындағы шығармашылық қабілеттер:
таныс қозғалмалы ойындарды ұйымдастыра алады;
берілген сюжеттерге педагог көмегімен ойындар ойластырады;
эстафета ойындары, көңіл көтеретін ойын, аттракциондарды ұйымдастыру арқылы шығармашылық қабілеттерін көрсетеді.
4-кесте
Бөлімше | Оқыту мақсаты |
4.1 Ойындағы шығармашылық қабілеттер | 0.4.1.1 ойындарда шығармашылық қабілеттерді дамыту, ойын нұсқаларын ойлап табу, қозғалыстарды үйлестіру |
0.4.1.2 таныс қозғалмалы ойындар мен жаттығуларды өзі өткізу |
112. Күтілетін нәтиже:
1) тепе-теңдік дағдысы қалыптасқан және қалып тұрақтандырылған;
2) кеңістікте бағдарлана алады, денені артық зорланудан, бөгеліп қалудан босата алады;
3) омыртқа бұлшық еттері қатайған;
4) бас және кеуде қалпын бақылай алады;
5) табаның рессорлы функциясы жақсарған;
6) бұлшық ет жүйесін қалыпты тонусқа келтіру, дамымаған және әлсізденген бұлшық етті қатайту;
7) буындардағы қозғалыстарды жақсарту;
8) координацияланған функциялар дағдысы, тепе-теңдік ұстай алу білігі қалыптасқан;
9) дене қалпын өзі өзгерте алады (тұру, отыру, қозғалу);
10) қозғалыс белсенділігінің өзіндік дағдысы қалыптасқан (қозғалмалы ойындар, реакцияларды дамыту);
11) спорттық ойындар мен жаттығулар элементтеріне ие;
12) қозғалмалы ойындарда ойын ережесін сақтайды;
13) меңгерген біліктер мен дағдыларды күнделікті өмірде қолданады.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 12 тамыздағы № 499 бұйрығына 7-қосымша |
Дамуында күрделі бұзылыстары бар балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы
Ескерту. Бұйрық 7-қосымшамен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 29.12.2018 № 721 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Түсіндірме жазба
1. Дамуында күрделі бұзылыстары бар балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5 және 14 - баптарына сәйкес әзірленді.
2. Бағдарламаның мақсаты - баланың жас ерекшелігіне, мүмкіндігі мен қабілеттілігіне сәйкес арнайы түзете-компенсаторлық және әлеуметтік ортаға бейімделу біліктілігі мен дағдыларын қалыптастыру, әртүрлі оқу әрекеті, ойын, тұрмыстық әрекетке өздігімен қатысуға, әлеуметтік жағдайларға бейімделуге даярлау.
3. Бағдарламаның міндеттері:
1) өзінің органикалық қажеттіліктерін қанағаттандыру бойынша өз-өзіне қызмет ету дағдыларын, әлеуметтік ортаға тән мінез-құлық пен дұрыс қарым-қатынас орнатуға үйрету;
2) әртүрлі формадағы коммуникативті дағдыларды қалыптастыру және дамыту (қалдық есту бар балалар үшін ауызша сөйлеу тілі, заттар-белгілер арқылы, дактильді-байланысты сөйлеу, ым-ишараттық сөйлеу);вербалды және вербалды емес құралдармен қарым-қатынас жасау қабілетін қалыптастыру;
3) сезіну тәжірибесін, қоршаған орта туралы білімдерін молайту, шынайы өмірге сәйкес бейнені қалыптастыру; кеңістікте бағдарлана алу; қимыл-қозғалыс, ұсақ моторика және сипап сезуді дамыту;
4) жеке гигиена дағдыларын қалыптастыру; баланың қимыл белсенділігімен байланысты қоршаған ортаны белсенді тану процесіне баланы қосу;
5) заттарды кезең бойынша зерттеу жолы арқылы шығармашылық әрекет процесінде шынайы әлемнің бейнесін қалыптастыру; заттық түсініктерін жалпылау және нақтылау, дәйіктілігін айқындау.
4. Бағдарлама дамуында күрделі кемістігі бар баланың спецификалық ерекшеліктері мен жалпы даму заңнамасын есепке ала отырып құрастырылған және психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттері, оңалту орталықтары, әлеуметтік үйлер, арнайы мектепке дейінгі мекемелер, үй жағдайында оқытуды ұйымдастыру және жеке дамыту бағдарламасын (бұдан әрі - ЖДБ) құрастыру барысында қолдануға болады.
5. Бағдарламаның мазмұны дамуында күрделі бұзылыстары бар баланың дене және психикалық дамуының жас ерекшелік кезеңдерін есепке алады:
1) 1-деңгей - 2 - 4 жас;
2) 2-деңгей - 4 - 6 жас;
3) 3-деңгей - 6 - 7 (8) жас.
6. Жоғарыда берілген даму деңгейлері баланың нақты жасымен шектелмейді, ол маманнан кеңес алу сәтінен бастап даму деңгейінебайланысты болады.
2-тарау. 1-деңгей (2 - 4 жас)
1-параграф. "Денсаулық" білім беру саласы
7. "Денсаулық" білім беру саласының базалық мазмұны дене шынықтыру ұйымдастырылған оқу қызметіарқылы жүзеге асырылады.
8. Мақсаты - дене дамуындағы жетіспеушілігін түзеу; қоршаған ортаны тану мүмкіндігіне сай белсенді қоршаған ортаны тану процесіне қосу; кеңістікте қозғалу барысындағы қорқынышты жеңуге, теріс қимыл дағдыларына жол бермеу; сақталған анализаторлардың негізінде қажетті білік пен дағдыны қалыптастыру; дене дамуындағы ауытқушылықты түзету және компенсациялау.
9. Міндеттері:
1) моторлық мүмкіндіктерін айқындау, оны жаттықтыру, нығайту және ынталандыру;
2) сақталған анализаторлар қызметтерінің негізінде қимыл сфераларын түзеу, қажетті білік пен дағдыны дамыту және қалыптастыру;
3) қимыл стереотип пен кеңістікте қозғалу барысындағы қорқынышты жеңу бойынша жұмыс жасау.
2-тарау. 1-жартыжылдық
10. Дене шынықтыру.
11. Моторлық мүмкіндіктерін айқындау, оны жаттықтыру, нығайту және ынталандыру:
1) ұсынылатын сүйеніштердің көмегімен отыру қалпында тепе-теңдікті сақтауға үйрету;
2) отыру қалпынан өздігімен еденнен тұрып, жиһазды (әртүрлі пішіндегі) айналып өтуге, қол және тіземен еңбектеуге үйрету;
3) сүйеніш ретінде жиһаздар заттарын қолдануға үйрету;
4) әртүрлі биіктіктегі сүйеніштермен қозғалуға үйрету;
5) сатыға немесе төмен баспалдақтарға еңбектеп түсуге және көтерілуге үйрету;
6) биік емес заттарға шығу және түсуге, отырып-тұруға, еңкеюге, үйрету;
7) секіргіш креслода ересек адам баланы тізесіне отырғызып тербеткенде,ересек адаммен бірге отыру қалпында секіру барысында өз сезімдерін дамытуға ынталандыру;
8) баланың моторлық мүмкіндіктерін айқындау, қимыл мен қалыптың стереотиптік патологияның танылуына қарсы әрекеттер жасау.
12. Моторлық дағдыларын қайта қалпына келтіру, өз денесін саналы түрде түсіну мен қабылдауын дамыту үшін "базалды ынталандыру" әдісін қолдану:
1) вибрациялық базалды ынталандыру тәсілін қолдану: "базалды ынталандыру" - бұл балаға жеке денесін сезінуге көмектесу мақсатында қарқынды тітіркендіргіштермен кешенді педагогикалық ықпал ету әдісі. Пайдаланылатын тітіркендіргіштер өте қарапайым болады және минимумға дейін қысқартылады: тактильді (жанасу, құшақтау); вестибулярлық (дененің бөлек бір бөліктерін шайқау және аудару, жоғары-төмен қимылдау, кейбір қимылдарды жылдамдату-азайту); дірілдік (тербелу, қысым жасау);
2) дірілдейтін жастықтар, ойыншықтар, камертондар көмегімен ауаның қозғалысын сезуін дамыту. Вибрациялық ынталандыру қатты жазықтықта "арқасымен жату" қалпында орындалады. Мөлшері әрбіріне жеке болуы. Вибрациялық жүйені сүйек жүйесіндегі мына органдарға қолданады: саусақ бүйлері, білектік және шынтақтық сүйектер, қолдың шынтақтық, сәулелік және иықтық сүйектері; зеңдік, зеңалды, сандық, балтырлық аяқ сүйектері: қабырғалық доғалар.
13. Сақталған анализаторлар негізінде қимыл-қозғалыс саласын түзетуге бағытталған әрекеттер:
1) қалыпты жағдайдан ауытқуы бар мінез-құлық стереотиптері әдетке айналмай тұрғанда, қалыпты сенсомоторлы дағдыларды дамыту;
2) баланың жауап реакциясын күту;
3) баланың белсенділігін жоғарлату мақсатында басшылық жасауды біртіндеп азайту;
4) белсенді автоматтық қимыл реакцияларын ынталандыру;
5) тепе-теңдікті сақтауға үйрету, басын дұрыс ұстау арқылы тұру дағдысын меңгерту.
14. Үйретілетін біліктер:
1) баланы отырғызу және оның кеудесін отыру қалпында ұстау: кереуетте, үстел басында, аяқтарын төмен түсіріп орындықта отырғызу;
2) бірнеше амалдар арқылы кілемнің үстіне отырғызу;
3) аяғында дұрыс тұру;
4) баланы сүйеп жүргізу;
5) тіреп жүргізу (коляскаға, жүргізгішке);
6) тегіс және еңкіс жазықтықтарда жеке жүруін жаттықтыру (кілем, жол, еден, еңкіс тақтайлар үстінде);
7) табиғи кедергілерден өтуді үйрету: төбе, ор;
8) еденде жатқан заттар арқылы адымдап жүруді үйрету (арқан, таяқ, құрсау шеңбер).
15. Қимыл-қозғалыс саласын, сақталған анализаторлар негізінде қажетті білік пен дағдыны қалыптастыру және дамыту:
1) қалыпты жағдайдан ауытқуы бар мінез-құлық стереотиптері әдетке айналмай тұрғанда, қалыпты сенсомоторлы дағдыларды дамыту;
2) баланың жауапты реакциясын күту;
3) баланың белсенділігін жоғарлату мақсатында басшылық жасауды біртіндеп азайту;
4) белсенді автоматтық қимыл реакцияларын ынталандыру;
5) тепе-теңдікті сақтауға үйрету, басын дұрыс ұстау арқылы тұру дағдысын меңгерту.
16. Күтілетін нәтижелер:
1) жуыну процесіне, өз бетін және қолын жуу және сүрту процесіне қатысу;
2) кеңістікте өз дене бөліктерін саналы түрде түсінеді;
3) өз дене мүшелерін ажыратады және оның қызметін біледі;
4) тыныш қалпында тепе-теңдікті сақтай біледі (балалардың церебралды сал ауруы(бұдан әрі - БЦСА) болғанда мүмкіндігінше);
5) ұсынылатын сүйеніштердің (тұтқаны, орындық, доп) көмегімен отыру қалпында тепе-теңдікті сақтауға үйрету;
6) отыру қалпынан өздігімен еденнен тұрып, жиһазды (алуантүрлі пішіндегі) айналып өтуге, қол және тіземен еңбектеуге үйрету;
7) әртүрлі биіктітегі сүйеніштермен қозғалуға үйрету;
8) сатыға немесе төмен баспалдақтарға еңбектеп түсуге және көтерілуге үйрету;
9) биік емес заттарға шығу және түсуге, отырып-тұруға, еңкеюге үйрету;
10) секіргіш креслода ересек адам баланы тізесіне отырғызып тербеткенде, ересек адаммен бірге отырған қалпында секіру барысында өз сезімдерін дамытуға ынталандыру.
3-параграф. 2-жартыжылдық
17. Дене шынықтыру.
18. Моторлық мүмкіндіктерін анықтау, жаттықтыру, нығайту, ынталандыру:
1) екі аяқпен секіруге, баспалдақтан атап өтуге, сырғанақтан сырғанауға;
2) тұру қалпында тепе-теңдікті сақтауға үйрету;
3) шынтаққа сүйеніп ішпен жату қалпында сурет салуға үйренеді;
4) биік емес заттардан шығу және түсуге, отырып-тұруға, еңкеюге үйрету;
5) баспалдақ бойынша әрбір баспалдықты басып түсу, кедергілерден айналып түсуге үйрету;
6) сүйенішпен бір аяқпен (оң және сол жақ), екі аяқпен тұру қалпында қимылдың үйлесімділігін дамыту;
7) саусақтардың ұштарымен (көмегімен) жүру білігін үйрету.
19. Қимыл-қозғалыс саласын түзету, сақталған анализаторлар негізінде қажетті білік пен дағдыны қалыптастыру және дамыту:
1) қалыпты жағдайдан ауытқуы бар мінез-құлық стереотиптері әдетке айналмай тұрғанда, дұрыс сенсомоторлы дағдыларды дамыту;
2) баланың белсенділігін жоғарлатуды жалғастыру, белсенді автоматтық (жылдам) қимыл реакцияларын ынталандыруын жалғастыру;
3) жеке денесін қабылдау мен сезінуін дамытуға, моторлық дағдыларын қалыптастыруға арналған "базальді ынталандыру" әдісін пайдалану;
4) соматикалық базальды ынталандыру тәсілін әрі қарай қолдану;
5) вестибулярлы базальды ынталандыру тәсілін әрі қарай қолдану;
6) дененің тұрған қалпындағы және көлденең жазықтықтағы дене қозғалысы (оңға-солға); тік жазықтықтағы қозғалыс (жоғары-төмен); кіру-қайту қозғалыстар (алға-артқа) қозғалыстағы үш бағытта тепе-теңдікті сақтауды дамыту. Вестибулярлық ынталандыру денені және оның кейбір бөліктерін тербету көмегімен жүзеге асырылады. Бала басының айналуы, жүрегі айнуы, қайта қозуын алдын алу үшін бала денесінің өзгерісі барысында сүйеніштерді пайдаланып, айналмалы қозғалыстардан аулақ болады. Жаттығулардың ұзақтығы жеке анықталады, сондай-ақ сабақтың үштен бір бөлігі демалуға арналады.
20. Қолданылатын жаттығулар:жәй бұрылулар және басын ию; эмбрион қалпында тербелту;денесін жанына қарай бұру;арқадан ішке қарай бұр;денені жан-жағына қарай бұру; қолын және аяғын сілкілеу;қол буындарын және табанын сылап-сипау;денені көлденең қалыпқа түсіру;тізеде, гимнастикалық допта, гамакта тербелу.
21. "Базальды ынталандыру" әдісін қолдану: вибрациялық базальды ынталандыру амалдарын пайдалана отырып, дірілдейтін жастықтар, ойыншықтар, камертондар көмегімен ауаның қозғалысын сезуін дамыту.Дірілдік ықпалдар омыртқаға және бас сүйектеріне жасалмайды.
22. Үйретілетін біліктер:
1) қалыпты жағдайдан ауытқуы бар мінез-құлық стереотиптері әдетке айналмай тұрғанда, дұрыс сенсомоторлы дағдыларды дамытуды жалғастыру;
2) статикалық кеңістікте баланың әрекетін ұйымдастыру;
3) күнде баланың қолын, бетін жуу, шашын тарау;
4) бірлескен әрекеттермен кранды ашып, жабу, қолын жууда жеңін қайыру, қолдарын су астында ұстау, қолын кепкенше сүрту, қолын жуып болған соң жеңін түсіру;
5) баланы отырғызу және оның денесін отырған қалыпта ұстау: кереуетте, үстел басында, орындықтан аяғын түсіріп;
6) басын дұрыс ұстап тұруға дағдыландыру, қалпын сақтауға үйрету.
7) қалыпты сақтау үшін ықпал ететін табандар арасына білікше орналастырады, мұнда қолдар тепе-теңдікті сақтау үшін пайдалану.
8) тербелетін тақталарда жаттығулар: баланы арт жағынан демейді;
9) желке бұлшық еттерін бекіту: басын тіктеу және мойнын қатайту үшін кеуде тұсына білікше қоя отырып, баланы ішіне жатқызады, қолдары алдына жіберіледі;
10) креслоға пенопласттан жасалған блокты орналастырады, оған баланың бетін өзіне қаратып отырғызады, өзінің қолдарымен баланың тізе буындарын, оларды есепке ала отырып құшақтайды; балаға жағымды ырғақпен оның тізелерін оңға, солға ауыстырады;
11) табандардың көмегімен ойыншық автомобильде қозғалуды жаттықтыру;
12) білікшеде (валикте) тұру және онда тербелу.
23. Күтілетін нәтижелер:
1) дене мүшелерінің әр бөліктерінің қызметтері туралы біледі;
2) өзбетінше тұра алады, кеудесін ұстап, отыра алады, өзбетінше еңбектей алады (БЦСА бар балалар мүмкіндігінше);
3) екі аяқпен секіруге, баспалдақтан атап өтуге, сырғанақтан сырғанаай алады;
4) биік емес заттарға шығады, түседі, отырып-тұра алады, еңкейіп өте алады;
5) бір аяқпен (оң және сол жақ), екі аяқпен тұру қалпында қимылдың үйлесімділігін сақтай алады;
6) аяқтың ұшымен жүруге ынталанады (көмекпен);
7) аяғына тұра алады;
8) сүйенішпен өздігінен жүре алады.
4-параграф. "Коммуникация" білім беру саласы
24. "Коммуникация" білім беру саласының базалық мазмұны баланың әр түрлі күн тәртібі сәттерін игеру процесінде кездестіретін қоршаған орта заттары туралы елестерін қалыптастыру мақсатында жағдаяттарды ыммен немесе сөзбен айту арқылы жүргізілетін бала мен ересектердің біріккен заттық-тәжірибелік оқу іс-әрекетін ұйымдастыру. Күнтізбе - коммуникацияның белгілік жүйесін қолдану.
25. Мақсаты - вербальды және вербальды емес қолжетімді құралдар арқылы қоршаған әлеммен қарым-қатынас жасау қабілеттілігін қалыптастыру; әртүрлі формада балалардың мүмкіндіктеріне байланысты коммуникативті дағдыларын дамыту мен қалыптастыру: ым-ишаратпен сөйлеу, көру мен есту қабілетінің бұзылыстары ұштасқан балалар үшін дактильді-қатынас сөйлеу тілін, сөйлеу тілі мүлдем шықпаған балалар үшін зат-белгілер көмегімен, қалдық естуі бар балалар үшін ауызша сөйлеу тілін.
26. Міндеттер:
1) коммуникативті мінез-құлықтың салдарын, коммуникацияның қажеттілігін түсінуін қалыптастыру;
2) өзіне, басқа адамдардың көңілін аударту үшін әртүрлі қарым-қатынас жағдайларында қолдана алу қабілеттілігінжәне коммуникативті дағдыларын қалыптастыру.
5-параграф. 1 - жартыжылдық
27. Ым-ишарат, дактильді-қатынас сөйлеу тілін қалыптастыру (көру мен есту қабілеті бұзылыстарыныңүйлесуі кезінде):
1) нақты тактильды қоздырғыштарға зейінін тұрақтандыруға үйрету (қыдықтау, ақырын шапалақтау); контрасты тактильды қоздырғыштар (ыстық - суық, жұмсақ- қатты);
2) шынайы ым-ишаратты қолдану арқылы баланы күнтәртіп реттілігіне қосу (күнтәртіп сәттерін белгілейтін ым-ишараттарды таңдап алу);
3) баланың зат немесе адаммен дене мүшелерінің байланысын орнататын позицияны табуға үйрету;
4) күтпеген жағдайда нәтиже беретін ("Хандз әдісін" қолдана отырып, шаршыны шаршының үстіне қою; шаршылар құлайды) қоршаған ортамен дене арқылы өзараәрекеттесуіне үйрету;
5) балаға көмекті ұйымдастыра отырып таныс адамның заттарын (қол, сағат, сақина, дауыс) тактильді, көру және есту арқылы тануға үйрету;
6) бала ойыншықты еденге лақтырғанда ересек адамның "болмайды!" деп айтқаны мен ыммен көрсетуі барысында орындауға үйрету;
7) күнтәртіп сәттерін орындау кезінде сәйкес ым-ишаратты қолдану: тамақ жеу, су ішу, отыру, серуендеу;
8) баланың әдейі немесееріксіз қарым-қатынас жасау әрекетіне үнемі жауап қайтару. Егер бала өзінің қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында ересек адамның қолын тартып көрсетсе, оның сұраныстарында белгі, ым-ишарат немесе сөздерді қолдануға үйрету;
9) баладан педагог ұсынған белгілі бір іс-әрекетті орындауды ыммен немесе сөзбен айтуды талап ету;
10) баламен жағымды қарым-қатынастық өзара әрекетті пайдалану (құшақтау, өзіне тарту, басынан сипалау);
11) өз дене бөліктеріне қызығушылығын ояту;
12) ересек адаммен бірлескен іс-әрекетті орындау барысында оңды қарым-қатынас орнатуды қалыптастыру: "қолымен көзді жабу" (тығылу), "алақанға қолды жұмып соғу", "басынан жоғары қолын көтеру", "алақандарымен шапалақтау", "қол бұлғау";
13) мимикаға (көзді жабу, жыпылықтау, жалау, тілді шығару, ерінді бір-біріне тигізіп шөпілдету); дауыс интонациясына (үшкіру, жөтелу, күлу), дауыс интонацияларына: "түшкіру", "жөтелу", "күлу", "пысқыру"; дыбысқа еліктеуге үйрету.
28. Үйретілетін біліктер:
1) жүріс-тұрыс реакциясына бақылау жасау: агрессия, өзін-өзі жаралау, бет жүзінің қалпы, күлу, айқайлау, бірнеше ым-ишараттың үйлесімі, айқай, жылау, қозғыштық, адамға жақындау, эхолалия, дене тонусын өзгерту, жыпылықтау;
2) жүріс-тұрысы қарым-қатынас жасау әрекеті ме екенін анықтау;
3) бала ұсынған коммуникацияның белгілік емес құралдарын тану:
заттардың талаптарын (шырыны бар шыныға қолын созады немесе күлшесі бар қорапты көрсетеді);
қарсылық білдіру, қабылдамау (затты итереді, адамнан немесе іс-әрекеттен кері бұрылады, өзіне-өзі агрессия танытады, заттарды лақтырады);
таңдау жасау (заттарға қарайды, заттарға қолын тигізеді, адамға көз тастайды, іс-әрекет, қалаған затына қарай қозғалады);
"маған тағы керек" деп талап ету (бос тәрелкеде тағам алуды жалғастырады, кесесін кері береді);
көмек сұрау (ашқысы келетін ыдысты беріп қолын созады, жүрмей қалған сырмаға үлкеннің қолын қояды);
іс-әрекетін реттеу (үлкеннің қолын жылдам немесе баяу қимылдатуға тырысады);
назар аударуды талап ету (үстелді ұрады, дыбыстар шығарады);
4) баланы жағымды іс-әрекетпен айналыстыру;
5) баланың берген белгілеріне әсер ету: бала белгі берген кезде тоқтау, содан соң іс-әрекетті қайта жаңғырту.
29. Көру мен есту қабілеті бұзылыстарыныңүйлесуі кезінде ым-ишарат дактильді сөйлеу тілін қалыптастыру бойыншакүтілетін нәтижелер:
1) күнтізбе ішіндегі зат-белгілерді қолдана отырып, күн тәртіп реттілігін сақтауға тырысады;
2) балаға көмекті ұйымдастыра отырып таныс адамның заттарын (қол, сағат, сақина, дауысын) тактильды, көру және есту арқылы тануға үйрету;
3) "болмайды!" деген ым-ишараға жауап қайтаруға тырысады;
4) күн тәртіп сәттерін орындау кезінде сәйкес ымды қолдану: тамақ жеу, су ішу, отыру, серуендеу;
5) қажетті жағдайда белгі, ым-ишара немесе сөздерді қолдану;
6) өз дене бөліктеріне қызығушылық танытады;
7) бала педагог ұсынған белгілі бір ым-ишарат немесе сөз бойынша орындайды.
30. Сөйлеу тілі жоқ балалар үшін "күнтізбе" - коммуникацияның белгілік жүйесін қолдану: бұл бала коммуникациясының әр түрлі құралдарын дамытуға негіз болатын және ересек адам мен баланың диалогы үшін тақырыпты өзара түсінуді қамтамасыз ететін күнделікті оқиғалардың реттілігі мен әр түрлі іс-әрекеттерге қосу мақсатында баланы күні бойы іс-әрекеттің негізгі түрлерін көрсету үшін белгілер немесе заттар пайдаланылады.
31. Коммуникациялық "күнтізбелер" баланың интеллектуалды, сенсорлық, сөйлеу тілі мен қимыл-қозғалыс мүмкіндіктеріне қарай таңдалып, келесі түрде болады:
1) заттық күнтізбе - бұл белгілер ретінде шынайы, кішігірім сызбаланған заттар және барельефті, рельефті, контурлыбейнелері қолданылатын күнтізбе. Күнтізбенің бұл түрі тактильді қабылдауға негізделген біріктірілген қораптар немесе терең емес бөлімшелері бар ағаштан жасалған бір қорап түріндегі контейнер немесе шкаф ретінде болғандықтан көру қабілеті терең зақымдалған балаларға қолжетімді;
2) суретті күнтізбе - бұл қандай да бір заттың, әрекет түрі немесе оны жүзеге асырудың орны бейнеленген сурет. Бұл күнтізбенің түрі көру қабілеті сақталған балаларды коммуникацияға (қарым-қатынасқа) үйрету үшін енгізіледі;
3) сөзбен толықтырылған бейнесі бар күнтізбе.
32. Зат-белгілерді, суреттерді/ "күнтізбені" қолданумен байланысты дағдыларды қалыптастыру(сөйлеу тілі жоқ балалар үшін):
1) зат-белгілер қызметтерін, қандай әрекетке бағытталғанын түсіну (қасық-тамақтану, сабын-жуыну, дабыл-жаттығу, қасық-таңғы ас, есту аппараты-сабақ, қалам-жазу, есептеуші таяқша-математика, фигуралар қорабы-құрастырғыштар, кесе- екінші таңертеңгі ас, қалпақ-серуен, жастық-ұйықтау);
2) коммуникацияны кеңейту мен әрекетті жоспарлау мақсатында күнтізбеге зат-белгілерді енгізу;
3) балаға белгілі бір іс-әрекетті орындар алдында күнтізбеден зат-белгілерді көрсету.
33. Коммуникацияның белгілік жүйесін меңгеру бойынша күтілетін нәтижелер:
1) қандай да бір әрекетті көрсететін зат-белгілердің қызметін түсіну;
2) өз ниеттерін білдіру үшін зат-белгілерін қолдану арқылы әрекетті жоспарлауға ынталану.
34. Сөйлеу тілін дамыту (ауызша сөйлей алатын баланың ауызша сөйлеу тілін дамыту және қалыптастыру):
1) тыныс алу, дауысты дамытуға әртүрлі жаттығуларды орындау;
2) жасайтын іс-әрекеттерді сөзбен жетелеуді ұйымдастыру;
3) баланың жауап реакциясын күту;
4) сөйлеу дағдысын дамыту және қалыптастыру;
5) ұзақ бір дауыстан, әр түрлібуындардан құралған дауыстарға еліктеуін белсендіру, өз былдырлау дыбыстарын және ересек адамның айтқан буындарын қайталау;
6) әнді айтуға қатысу, ересек адамның ым-ишараттық әрекетіне еліктеу, кейбіреуіне женілдетілген (былдырлау) сөздер;
7) баланың ауызша сөйлеуін ынталандыру.
35. Үйретілетін біліктер:
1) баламен қарым-қатынас жасауда дұрыс қалыпты ұстау;
2) ересек адамның аузын көре алатындай өз тізеңізге немесе қарама-қарсы отырғызу;
3) бала басын артқа қарай шалқайтпауын қадағалау, қажет жағдайда баланың иығы мен қолын ұстау;
4) баланы былдырлауға үйрету үшін тілдің, еріннің қимылын дамыту үшін ойын кезінде ауызды бақылау;
5) баладан күтетін дыбыстардың үйлесімділігі мен қимылдарды көрсету;
6) баланың аузын жабық ұстауға үйрету;
7) тыныс алу, дауыс, артикуляциялық қимылдарды дамытуға әртүрлі жаттығуларды орындау.
36. Дыбыстық сөйлеу тілін меңгеру бойынша күтілетін нәтижелер:
1) тыныс алу, дауысты дамытуға арналған күрделі емес жаттығуларды орындауға ынталану;
2) ересек адамның артынан қайталау арқылы бір дыбысты, екі буыннан тұратын дыбыстарға еліктеу;
3) әнді айтуға қатысу, ым-ишараттық әрекетке еліктеу, сөздік былдырларды қайталайды.
6-параграф. 2 - жартыжылдық
37. Ым-ишараттық, дактильді-қатынас сөйлеу тілін қалыптастыру (көру және есту қабілеттерінің қатар бұзылыстарыболған кезде):
1) ересек адаммен жеке іскерлік қарым-қатынас жасау шеңберінде өз дене бөліктеріне қызығушылығын оятуын жалғастыру;
2) заттық қарым-қатынас шеңберінде заттар мен ойыншықтарға қызығушылық ояту;
3) балаға күтім жасау жағдайындағы күнделікті ересек адамның қатаң тағайындалған әрекетінің ретілігіне көңіл бөлу және түсінуге мүмкіндік жасау: қолды жуу, тісті ысу, серуенге киіну;
4) қарапайым себеп-салдық байланыстарды тануға ықпал ету;
5) "байланыс репликасын" түсінуіне ықпал ету;
6) ересек адамның көтеріңкі дауысына және жағымды және жағымсыз мимикасын ажыратуға және адекватты жауап қайтаруға (бет жүзін, дене қалпын өзгерту, ән айту) үйрету;
7) ауырсынуын, қарнын ашқанын, шаршағанын немесе керсінше жақсы сезінетінін, оған ұнайтынын білдіретін өзінің денсаулық күйін хабарлай алу білігін қалыптастыру;
8) заттық (ішу, жуыну, сурет салу, телефонмен сөйлесу), сәйкес келетін (қораптан ойыншықты алу, алақанға тығып алу, қораптың қақпағын жабу, фигураларға жырық салу), ересек адамның заттық-ойын әрекетті ("Баспалдақпен аю жүреді", "Жануарларды серуендету") қайталауға үйрету;
9) қарым-қатынас жасау барысында ым-ишараттық формадағы жаңа сөздерді енгізу: адамдарды, ойыншықтарды, аяқ киімді, киімдерді, тамақ өнімдерін белгілеу; етістіктер;
10) әрекеттің реттілігін түсінуін қалыптастыру; ойын барысындағы реттілікті сақтай білуге үйрету;
11) өзіндік коммуникациялық репертуарынан қандай да бір әрекетті ересек адаммен кезектілікпен орындауға демеулік беру;
12) ойындағы кезектілікті сақтауды (ересек адам өз кезектілігімен орындау барысында күту) дәлелдейтін коммуникативті сигналдарды белсендіру;
13) есту және көру қабілеті зақымдалуының үйлесуі кезінде қарым-қатынас жасау барысында дактильды байланыс формасындағы жеке сөздерді қосу; жиі және білетін ымдармен қатар дактильді сөздерді қолдану;
14) сөйлеу қарым-қатынасына жылы-суық, үлкен-кішкентай ұғымдарын білдіретін ымдар-бейнелерді, бейнелі сөздерді қосу;
15) іс-әрекет түрлерін кеңейту, күн тәртібіне қуыршақпен ойнау, дене жаттығулары, сабақтарды қосу.
38. Көру және есту қабілеттерінің қатар бұзылыстары болған кездегі сөйлеу тілінің ым-ишараттық-дактильді формасын меңгеру бойынша күтілетін нәтижелер:
1) ересек адаммен жеке іскерлік қарым-қатынас жасау шеңберінде өз дене бөліктеріне қызығушылығын оятуын жалғастыру;
2) заттық қарым-қатынас шеңберінде заттар мен ойыншықтарға қызығушылық ояту;
3) балаға күтім жасау жағдайындағы күнделікті ересек адамның қатаң тағайындалған әрекетінің ретілігіне көңіл бөлу және түсінуге мүмкіндік жасау: қолды жуу, тісті ысу, серуенге киіну;
4) қарапайым себеп-салдар байланыстарды тану;
5) өзінің денсаулық күйін хабарлауға ынталану;
6) заттық (ішу, жуыну, сурет салу, телефонмен сөйлесу), сәйкес келетін (қораптан ойыншықты алу, алақанға тығып алу, қораптың қақпағын жабу, фигураларға жырық салу), ересек адамның заттық-ойын әрекетті ("Баспалдақпен аю жүреді", "Жануарларды серуендету") қайталау;
7) әрекеттің реттілігін түсінеді; ойында кезектілікті сақтайды.
39. Зат-белгілер, суреттерді қолдануға байланысты дағдыларды қалыптастыру:
1) өз ниеттерін білдіру үшін зат-белгілерді қолдануын жалғастыру;
2) коммуникацияны кеңейту мен әрекетті жоспарлау мақсатында күнтізбеге үш немесе одан да көп зат-белгілерді енгізу;
3) балаға белгілі бір іс-әрекетті орындар алдында күнтізбеден зат-белгіні көрсету;
4) баладан көрсету құралы тұрғысынан зат-белгілерді көрсетуін біртіндеп талап ету; егер үлкендерді далаға шығуға қарай сүйрейтін болса немесе тамақ ішуін қаласа күнтізбенің ішінен осы әрекетке сәйкес келетін зат-белгіні көрсетуін талап ету;
5) жасайтын іс-әрекеттерді сөзбен жетелеуді ұйымдастыру, бұл баланың сөздік қорын кеңейтуге және іс-әрекеттерді жоспарлаудан оларды жүзеге асыруға дейінгі іс-әрекетін қадағалау арқылы оның ойлауының дамуына ықпал етеді.
40. Коммуникацияның белгілік жүйесін меңгеру бойынша күтілетін нәтижелер:
1) өз ниеттерін білдіру үшін зат-белгілерді қолданады;
2) коммуникацияны кеңейту мен әрекетті жоспарлау мақсатында күнтізбеге үш немесе одан да көп зат-белгілерді қолданады;
3) баладан көрсету құралы тұрғысынан зат-белгілерді көрсетуге ынталанады.
41. Сөйлеу тілін дамыту (баланың ауызша сөйлеу тілін дамыту және қалыптастыру):
1) тыныс алу, дауысты дамытуға әртүрлі жаттығуларды орындауын жалғастыру;
2) қарапайым артикуляциялық қимылдарға еліктеуіне көмектесу;
3) әртүрлі дыбыстағы, ырғақты және дауыстың жоғарлығына қарай біркелкі буыннан туратын дыбыстарға еліктеуін белсендіру;
4) оқиғаларға ересек адамның эмоциялық қатынасын, көтеріңкі, қуанышты дауыстарғаеліктеуге үйрету;
5) ересек адаммен жеңілдетілген былдырлау сөздерін қайталауын белсендіру;
6) ересек адамнан кейін бір буынды сөздерді қайталауын белсендіру;
7) ересек адамнан кейін екі буынды сөздерді ("мама", "папа") қайталауын белсендіру.
42. Үйретілетін біліктер:
1) үстел үстіндегі гофрленген қағаздың ұсақ үзіктерін үрлеу;
2) үстел үстіндегі мақта үзіктерін үрлеу;
3) жіпке байланған мақтаны үрлеу;
4) түсті қарындаштарға үрлеу;
5) бала затты еркін,ешқандай қысымсыз үрлеуін қадағалау;
6) тыныс алу жаттығуларына Ф дыбысын қосу;
7) А, О, У дыбыстарын жеке айтуда, олардың қойылу мүмкіндігіне қарай дауысты қосу.
43. Сөйлеу тілінің дыбыстық жағын меңгеру бойынша күтілетін нәтижелер:
1) тыныс алу, дауыстың жоғарлығы мен күшін дамытуға әртүрлі жаттығуларды орындау;
2) қарапайым артикуляциялық қимылдарға еліктеуге ынталанады;
3) әртүрлі дауыстағы бірдей буындарды дыбыстауға еліктейді;
4) оқиғаларға ересек адамның эмоциялық қатынасын, көтеріңкі, қуанышты дауыстарға еліктеуге үйрету;
5) ересек адаммен жеңілдетілген былдырлау сөздерін қайталауға тырысады;
6) ересек адамнан кейін бір буынды сөздерді қайталауға тырысады;
7) ересек адамнан кейін екі буынды сөздерді ("мама", "папа") қайталауға тырысады.
44. 1- деңгейдегі пассивті сөздік:
1) негізгі режимдік сәттер: тұр, дәретханаға бар, жуын, же, іш, дайындалуға бар, серуендеуге бар, ұйқыға жат;
2) өзіне-өзі қызмет көрсетудегі нақты дағдылар: тұр, отыр, киін, шашыңды тара, шешін, аяқ киіміңді ки, суды аш, тісіңді тазала (қолыңды, аяғыңды) жу, (қолыңды, аяғыңды) сүрт, аузыңды сүрт, орындықты итер, алғыс білдір, қалпақ (пальто, шарф, қолғап) ки, пальтоны (сүлгі) іл, жейдені (көйлекті, шалбарды) орындықтың арқасына іл, аяқ киімді орындықтың астына қой, душта (ваннада) жуын;
3) әр түрлі сабақтар мен ойындар: дайындаламыз, бер, жина, қой, ал, аш, жап, жабыстыр, секір, алақан соқ, бар, жүгір, аузыңды аш, болмайды, жақсы, жаман, дұрыс, дұрыс емес, иә, жоқ, соңы, кешіріңіз, жылайды, ауырып тұр;
4) айналасындағылармен танысу.Адамдар: апа, әке, әже, ата, педагог, дәрігер. Ойыншықтар: доп, матрешка, юла, машина, кубиктер, қуыршақ, пирамида, үрленген шар, күрек, шелек. Киім:қалпақ, шарф, пальто, қолғап, бас орамал, колготки, шалбар, жейде, көйлек, алжапқыш. Аяқ киім: бәтеңке, етік, туфли. Ыдыс-аяқ:кесе, тәрелке, қасық, пышақ, шәйнек, табақ. Жиһаз:үстел, орындық, шкаф. Төсек-орындар: жастық, көрпе.Азық-түліктер:сары май, нан, шәй, кәмпит, алма, мандарин (апельсин), жүзім. Жеке гигиеналық заттар:тарақ, сүлгі, сабын, бет орамал, тіс щеткасы. Етістіктер: бер, ұйықта жабыстыру, серуендеу, тамақтану, қолды жуу, киіну, шешіну, жуыну, сүрту (қолды, ауызды, үстелді), сабақ беру. Серуенге арналған заттар:шана, тербелме, құрсау.
45. 1-деңгейдегі белсенді сөздік:
1) адамдар: апа, әке (бала жиі қарым-қатынаста болатын жақын туыстары);
2) ойыншықтар;
3) аяқ киім;
4) жеке гигиеналық заттар;
5) ыдыс-аяқ;
6) жиһаз;
7) азық-түліктер;
8) етістіктер: бер, ұйықта жабыстыру, серуендеу, тамақтану, қолды жуу, киіну, шешіну, жуыну, сүрту (қолды, ауызды, үстелді), сабақ беру, ойнау, тұр,отыр,жүр, алақанмен шапалақта, жылайды, ауырады.
7-параграф. "Таным" білім беру саласы
46. "Таным" білім беру саласының базалық мазмұны ұйымдастырылған оқу әрекетінде жүзеге асырылады: сенсорика; кеңістікте бағдарлай білу; жаратылыстану; қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру.
47. Мақсаты- қоршаған орта туралы сезімдік тәжірибесін, білімдерін және өмірдегі шынайы бейнелерін жинақтау; кеңістікте бағдарлауын қалыптастыру; сезім түйсігі мен ұсақ моторикасын дамыту.
48. Міндеттері:
1) сенсорлық функцияларын дамыту, түстер, пішін, көлемнің сенсорлық эталондарын қалыптастыру;
2) қол білезіктері мен саусақтарының функционалдық мүмкіндіктері мен көру- моторикалық үйлесімділігін дамыту;
3) қоршаған ортамен ойын және заттық әрекет өзара байланысын, сөйлеу тілі, эмоцияның дамуымен байланысты ауытқушылықтарды түзеу кеңістік және уақыт түсініктерін қалыптастыру.
8-параграф. 1- жартыжылдық
49. Сенсорикаға иіс және дәм түйсігін дамыту, тактильды қабылдауын, қалдық көру арқылы қабылдауын, есту арқылы қабылдауын, вестибулярлы аппаратын дамыту кіреді.
50. Дәм түйсігін дамыту:
1) тағамның әр түрлі дәміне, құрамына, қою-сұйықтығына, фактурасына қарай көлемін біртіндеп көбейту: тәтті, қышқыл, тұзды, ащы, сұйық, пюре тәрізді, қатты, тегіс, бұдырлы, жабысқақ;
2) тамақтану барысында дәм сезінуінің дамуын ынталандыру (әр тағамның өз дәмін сақтау үшін араластырмау);
3) ұсынылған ішінен тәтті дәмді ажыратуға үйрету (тәтті-қышқыл).
51. Балалардың дәмдік қорын құруға қажетті материалдар үш негізгі топшаға бөлінеді:
1) негізгі дәмдік сезімдер тобы (тұзды, тәтті, қышқыл, ащы);
2) қосымша дәмдік сезімдер тобы (ащы, жеміс дәмдері, құрғақ жемістер, дәрілік өсімдіктер);
3) әр түрлі консистенциядағы азық-түліктер тобы (кремдер, сұйықтықтар, пюре, жабысқақ азықтар, қатты және сұйық азықтар).
52. Иіс түйсігін дамыту:
1) мұрынның шырышты қабатын қоздырмайтын хош иісті заттарды баланың кезектеп (жалбыз тамшылары, қылқан, дәмдеуіштер, өзіндік иістері бар заттар), хош иісті ауыстырып,иіс өткірлігін төмендетеотырып (өткір хош иістерді қолданбау) иіскей білуін қалыптастыру;
2) иіске деген қатынасын ыммен, эмоция және мимиканы дыбыстай отырып танытуға үйрету;
3) тұрмыстық және тағам иістерін ажыратуға үйрету.
53. Ванна мен душ қабылдауда пайдаланылатын материалдарға хош иісті тұздар, ваннаға арналған әр түрлі көбіктер, дәрі шөптер, денеге арналған гельдер, шашқа арналған шампунь және бальзамдар жатқызылады.
54. Тактильді қабылдауды дамыту:
1) нақты тактильді қоздырғыштарға зейінін тұрақтандыруға ынталандыру (қыдықтау, шапалақтау); контрасты тактильді қоздырғыштар (ыстық - суық, жұмсақ - қатты, тікенек - тегіс);
2) дене бөліктерін тактильді қабылдауын ынталандыру: бет (маңдайды, қасты, ауызды, құлақты, жақты сипау), екі қолымен ортадан периферияға қарайкезекпен қол, іш, аяқ, арқаны сипау арқылы жеңіл қысу;
3) қол білезіктерін, саусақ ұштарын сезінуін дамытуға ынталандыру (шымшып алынатын объектінің әр бөліктерін сезіну үшін заттарды әр саусақпен ұстап көру; крандағы және шарадағы судың температурасын тану);
4) сипау, қыдықтауға эмоциялық жауап қайтаруға ынталандыру;
5) ересек адам баланың қол білегіне, ішіне, иығына тигізетін және қоятын формасы, салмағы, пішіні бойынша заттарды алуға үйрету;
6) жұмсақ, қатты, ағашты, пластмассалы, бөртпелі, қырлары дөңгелектелген - әртүрлі тегістіктен заттарды алақанмен ұстауға ынталандыру;
7) тактильды қабылдау үшін әртүрлі фен, вентилятор, массажерлер, вибраторларды қолдану.
55. Үйретілетін тактильді біліктер:
1) қораптағы бұршақ, макаронды саусақтармен теріп алу, төгу;
2) екі қолын түзу ұстау арқылы қораптың оң жағына, сол жағына бұршақты қазу (бала мүмкіндігінше ересек адамның қимыл бағытына бақылау жасау);
3) саусақтарына бояу жағу және сурет салу;
4) сумен ойнау және жаттығу жасау: суға қолын салу, шариктерді жару, "кір жуу";
5) құммен ойнау және жаттығу жасау: шашу, араластыру.
56. Қалдық көру арқылы қабылдауын дамыту (көру қабілеті бұзылған жағдайда):
1) жарқын жарық көздеріне, жақсы құрастырылған және контрасты картинкаларға, ашық заттарға бақылау жасау мен көз тоқтатуына ынталандыру. Айқын жарығы бар қол-фонаригі мен фонариктің, жалтыраған заттар, өшіп-жанатын ойыншықтар, контрастылы суреттері (ақ-қара суреттер ең контрастты болып келеді) бар заттар көмегімен баланың көңілін аудару;
2) жарық көзіне (қажетті жағдайда дыбыс арқылы затқа бала көңілін аударту: заттарды ұру, сылдырмақ, дабыл) басын және көзін қысқа мерзімге бұрып, қызығушылық танытуға ынталандыру;
3) көзін алмайбаяу қозғалып бара жатқан затқа бақылау жасау (көзден арақашықтығы 0,5-1 метр). Бастапқыда көзін алмай қарап, кейіннен басын бұру арқылы бақылау жасау. Көз арқылы бақылауын төменнен жоғары, оңнан солға және шеңбер бойынша алмастыру;
4) әртүрлі қалыпта баланың көру реакциясын дамыту: арқасымен, ішімен, түзу жату барысында;
5) баланы ересек адамның келбетіне, кейіннен баланың көру аумағындағы затқа көз тоқтатуын ынталандыру;
6) сөйлеп тұрған немесе ыммен қарым-қатынас жасап тұрған ересек адамның аузына,көзіне, қолына көру арқылы байланысын ұстап тұруға, бақылау орнатуға және бақылау жасауға ынталандыру. Таныс (таныс емес) заттарға, ересек адамдарға эмоциялық реакция таныту үшін жағдай құру;
7) қолына ойыншық алуға және 1-2 минут қарауға ниет білдіру. Заттарға көңілін аударту: ойыншық шығаратын дыбыстарға қызығушылық таныту, еліктеу, өз пікірін білдіру;
8)таныс заттарды негізгі белгілері бойынша түрлі ойыншықтардың арасынан ажыратуға үйрету;
9) заттардың ішінен дөңгелек заттарды ажыратып алуға үйрету;
10) заттардың пішінін ажыратуға үйрету (дөңгелек доп-төртбұрышты шаршы);
11) екі көлемде бағдарлана алуға үйрету (үлкен-кіші);
12) түс белгілері бойынша қоршаған ортадағы заттарды табуға үйрету;
13) екі түстегі (қызыл және көк түс) объектілерді салыстыру негізінде нақты түстегі (алдымен қызыл) заттарды анықтауға үйрету;
14) түс бойынша (екі түсте бағдарлану: ақ-қара) заттарды сәйкестендіруге үйрету;
15) баланың бойынан төмен және жоғары заттарды зерттеуге үйрету;
16) түзу кеңістікте орналасу (жоғары, төмен) туралы түсініктерін қалыптастыру;
17) кеңістікте заттардың орналасуы (жақын-алыста, анды-мында) туралы түсініктерін қалыптастыру;
18) өзіне зейін аударуға үйрету: айнадан өзінің бейнесін тану;
19) шынайы өмірде объектілерді тұтастай қабылдауын ұйымдастырып, оларды дифференциациялауға үйрету (тамақ, киім, ойыншық).
57. Есту арқылы қабылдауының дамуы:
1) басын бұру, кейінен арқа, ішпен жату қалпында; отыру, тұру (дыбыс шыққан жаққа басын бұру үшін тактильді нығайтуды қолдануға болады) қалпында дыбыс шыққан жаққа басын бұруға ынталандыру;
2) күнделікті бір орында тұрған затты атау арқылы басын немесе басын бұруға үйрету;
3) тактильді сүйенішсіз дыбыс дереккөзін анықтауға үйрету;
4) дыбыс дереккөзін бағыттап көрсететін (бастапқыда бала бірінші өз алдында тұрған, кейінен оң-сол жақтағы, басының үстінен бағыттауды) дұрыс ымды қолдануға үйрету;
5) сөздік емес дыбыстарды ажырату біліктілігін қалыптастыру: барабан, бубен, үрме;
6) өмірәрекет барысында сөйлеу стимулдарға жауап беруге үйрету: ересек адамға жақында, жүруді бастау;
7) "сөйлейтін" ойыншықтарға (қуыршақ, сиыр, ит) қызығушылық таныту қалыптастыру;
8) ойыншықтар мен заттардың дыбыстарын ажырату мақсатында лақтыру, ұру, зат пен ойыншықты басуға ниет білдіруіне ынталандыру;
9) ересек адамның даусын, музыкалы ойыншықтың, құралдардың дыбыстарын тыңдауға үйрету;
10) музыка сипатына қарай эмоциялық жауап қайтаруға үйрету;
11) әртүрлі амалдармен музыкалық ойыншықтармен әрекет жасауға (ересек адаммен бірге, оған еліктеп, өз жасап көру арқылы)үйрену;
12) қатты және жай дыбыстарды алу үшін жұдырықпен ұру күшімен өлшеуге үйрету;
13) өз атына реакция білдіру, ересек адамды табуға, басын бұруға үйрету.
58. Вестибулярлы аппаратының дамуы:
1) ересек адамның көмегімен ұйымдастырылған пассивті қимылды ынталандырубаланы қолға алу немесе арнайы сөмкеге ("кенгуру") салу, егер бала сіздің жүруіңізге қарсылық білдірмесе, сабақ болып жатқан бөлмеде жүру;
2) "эмбрион" қалыпта тербету: ересек адам баланың кеудесіне бүгілген қолын және ішіне қарай тартылған аяғын бір қолымен (егер балада гиперкинез болмаса) ұстайды, ал екінші қолымен желкені ұстау арқылы басын тік ұстау. Мұндай қалыпта баланы әртүрлі бағытта тербету: алдыға-артқа, оң-солға, шеңбер бойымен;
3) ішпен жатқызу қалпында басын көтеруге және ересек адамға немесе алдында жатқан ойыншыққа басын көтеруге ынталандыру; басын бірінші бір жаққа, кейінен басқа жаққа; басын бір жаққа, кейінен екінші жаққа еңкейту;
4) қолын денесінің ортаңғы жағына қоя білу және ойнау; аяғымен ойнау;
5) баланың жату қалпында (дыбыс шығарушы ойыншықтарды іліп қою: ішінде сылдырмағы бар допты баланың аяғына салып қою, қандай бір әрекет жасау арқылы баланың ілініп тұрған ойыншықты қозғату үшін төмен қарай ілу немесе ойыншықты қолына салып қою) аяқ пен қолдың белсенді қимыл жасауын ынталандыру;
6) затқа қарай бағытталу бойынша (баланың кеуде жағына тігінен, қиғашынан орналастырылған ілгішті баланың денесінің орта бөлігіне орналастыру, ал қозғалғыш ойыншықтар формасы, мөлшері бойынша әртүрлі болуы) іздеу әрекетін жасауға ынталандыру;
7) тербегіш атта тербелуге (алға-артқа), фитболда (жоғары-төмен, оң-сол) тебелуге қызығушылығын ояту, теребелудің жалғасуына қызуғышылығы мен ниет білдіруге қолдау көрсету;
8) басын баяу оң-солға, алдыға-артқа бұруға, сағат тілімен және сағат тіліне қарсы айналдыруға (бастапқыда жаттығу ересек адамның көмегімен, кейіннен өзбетінше орындайды)ниеттерін білдіру;
9) баланы ересек адамның аяғында, әткеншекте, айналғыш орындықта, баяу қозғалатын крелада тербету арқылы вестибулярлы аппаратын дамытуға ынталандыру;
10) бастапқыда көзін ашып тұрып, тепе-теңдікті дамытуға ынталандыру;
11) би элементтерін қолдану арқылы музыканың көмегімен айналу қимылдарын оырндауға үйрету;
12) ұсынылған сүйеніштің көмегімен отыру қалпында тепе-теңдікті сақтауға үйрету;
13) отыру қалпынан өздігімен еденнен тұрып, жиһазды (алуантүрлі пішіндегі) айналып өтуге, қол және тіземен еңбектеуге үйрету;
14) сүйеніш ретінде жиһаздар заттарын қолдануға үйрету;
15) әртүрлі биіктіктегі сүйеніштермен қозғалуға үйрету;
16) сатыға немесе төмен баспалдақтарға еңбектеп түсуге және көтерілуге үйрету;
17) биік емес заттарға шығып, түсуге, отырып-тұруға, еңкеюге, үйрету;
18) креслоға пенопласттан жасалған блокты орналастырады, оған баланы жүзін өзіне қаратып отырғызады, өзінің қолдарымен баланың тізе буындарын, оларды есепке ала отырып құшақтайды; балаға жағымды ырғақпен оның тізелерін оңға, солға ауыстырады;
19) көру мен кеңістіктің үйлесімділігін дамытуға ынталандыру (допты лақтыру және сырғыту, басқа затты);
20) ересек адамның көмегімен затты бір қолынан екінші қолына алмастыруға үйрету.
59. Сенсорлық даму бойынша күтілетін нәтижелер:
1) тағамның әр түрлі дәміне, құрамына, қою-сұйықтығына, фактурасы бойынша ажыратуға ынталанады;
2) иіске сәйкес дыбысталумен бірге иіске деген қатынасын ыммен, эмоция және мимиканы танытады;
3) нақты тактильды қоздырғыштарға зейінің тұрақтандыруға ынталандыру (қыдықтау); контрасты тактильді қоздырғыштар (ыстық - суық, жұмсақ - қатты, тікенек - тегіс);
4) шымшып алынатын объектінің әр бөліктерін сезіну үшін заттарды әр саусақпен ұстап көру; крандағы және шарадағы судың температурасын тану;
5) ересек адам баланың ішін, иығын, қол білегіне тигізетін және қоятын формасы, салмағы, пішіні бойынша заттарды алуға үйрету;
6) жұмсақ, қатты, ағашты, пластмассалы, бұрмаланған әртүрлі тегістіктен заттарды алақанмен алуға ынталандыру;
7) жарқын жарық көздеріне, жақсы құрастырылған және контрасты картинкаларға, ашық заттарға бақылау жасау мен көз тоқтатуына тырысады;
8) әртүрлі қалыпта баланың көру реакциясын танытуға ынталанады: арқасымен, ішімен, түзу жату барысында;
9) сөйлеп тұрған немесе ыммен қарым-қатынас жасап тұрған ересек адамның аузына, көзіне, қолына көру арқылы байланысын ұстап тұруға, бақылау орнатуға және бақылау жасауға талпынады;
10) таныс заттарды негізгі белгілері бойынша басқа ойыншықтардан ажыратуға үйрету;
11) заттардың формасын ажыратуға талпынады (дөңгелек доп - төртұрышты шаршы);
12) екі көлемде бағдарлана алуға талпынады (үлкен-кіші);
13) түс белгілері бойынша қоршаған ортадағы заттарды табады;
14) баланың бойынан төмен және жоғары заттарды зерттейді;
15) кеңістікте заттардың орналасуы (жақын-алыста, анды-мында) туралы түсініктері қалыптасқан;
16) шынайы өмірде объектілерді тұтастай қабылдайды, оларды дифференциациялайды (тамақ, киім, ойыншық);
17) арқа, ішпен жату; отыру, тұру қалпында дыбыс шыққан жаққа көзін, кейінен басын бұруға талпынады;
18) ойыншықтар мен заттардың дыбыстарын ажырату мақсатында лақтыру, ұру, зат пен ойыншықты басуға ниеттерін білдіреді;
19) ересек адамның даусын, музыкалы ойыншықтың, құралдардың дыбыстарын тыңдауға үйрету;
20) әртүрлі амалдармен музыкалық ойыншықтармен әрекет жасайды (ересек адаммен бірге, оған еліктеп, өз жасап көру арқылы);
21) қимылдайтын ойыншықпен жату қалпында аяқ және қолдың белсенді қимылдарын жасауға талпынады;
22) ішпен жатқызу қалпында басын көтеруге және ересек адамға немесе алдында жатқан ойыншыққа басын көтеруге ынталандыру; басын бірінші бір жаққа, кейінен басқа жаққа; басын бір жаққа, кейінен екінші жаққа еңкейту;
23) қолын денесінің ортаңғы жағына қоя білу және ойнау; аяғымен ойнау;
24) затқа қарай бағытталу бойынша (баланың кеуде жағына тігінен, қиғашынан орналастырылған ілгішті баланың денесінің орта бөлігіне орналастыру, ал қозғалғыш ойыншықтар формасы, мөлшері бойынша әртүрлі болуы) іздеу әрекетін жасауға талпынады;
25) бастапқыда көзін ашып тұрып, тепе-теңдікті дамытуға талпынады;
26) би элементтерін қолдану арқылы музыканың көмегімен айналу қимылдарын орындауға талпынады;
27) ұсынылған сүйеніштің көмегімен (мысалы, доп) отыру қалпында тепе-теңдікті сақтауға талпынады;
28) отыру қалпынан өздігімен еденнен тұрып, жиһазды (алуантүрлі пішіндегі) айналып өтуге, қол және тіземен еңбектеуге талпынады;
29) әртүрлі биіктіктегі сүйеніштермен қозғалады;
30) сатыға немесе төмен баспалдақтарға еңбектеп түседі және көтеріледі;
31) қозғалып бара жатқан затқа көз тоқтатып бақылау жасауға талпынады;
32) ересек адамның көмегімен затты бір қолынан екінші қолына алмастырады.
60. Кеңістікте бағдарлай білу:
1) "Хандз әдісін" пайдаланумен бала өзінің дене бөліктерінде бағдарлану, денесін көру-сезіну арқылы зерттеуге үйрету;
2) өзінің дене бөліктерін табуға үйрету;
3) баланың өзінің дене бөліктерін үлкендердің денесімен салыстыру амалдарын үйрету;
4) дененің тұрған қалпындағы және үш бағыттағы қозғалыстағы: көлденең жазықтықтағы дене қозғалысы (оңға-солға); тік жазықтықтағы қозғалыс (жоғары-төмен); кіру-қайту қозғалыстар (алға-артқа).
5) баланы қоршаған заттар орналасуының қатаң өзгерістері барысында бағдарын біртіндеп кеңейте отырып, жақын айналаға бағдарлауды үйрету;
6) арнайы сүйеніштердің көмегімен таныс бөлме ішінде еркін қозғалу мен бағдарлана алуға үйрету;
7) балаларды жүрудің, жүру барысында қол, аяғы қимылдарының дұрыс амалдарына үйрету;
8) ойыншықтарының орналасқан жерін олардың дыбысталу сипаттамасына қарай (музыка, дауыс, вокалдық) табуға үйрету;
9) әр түрлі жазықтықтарда (кілемдерде, линолеум, ламинат, плитка) аяқпен, шұлықпен, жалаңаяқ жүріп үйрету.
61. Кеңістікте бағдарлай білу бойынша күтілетін нәтижелер:
1) практикалық тұрғыда "өз" дене бөліктері мен келбетінде бағдарлана алады;
2) қоршаған заттар орналасуының қатаң өзгерістері барысында бағдарын біртіндеп кеңейте отырып, жақын айналаға бағдарлана алады;
3) арнайы сүйеніштердің көмегімен таныс бөлме ішінде еркін қозғалу мен бағдарлана алады.
62. Қоршаған ортамен танысу:
1) қоршаған ортаның әр түрлі заттарын зерттеуге беру. Олардың ішкі белгілерімен, формасымен, материалымен танысу;
2) үлкендермен бірлесіп заттық-тәжірибелік іс-әрекеттерде сол затты қолдану тәсілдерін меңгеру;
3) белглі бір заттардың әр түрлерімен танысу;
4) шынайы қоршаған орта туралы түсініктерін жинақтау және тереңдету.
63. Қоршаған ортамен танысудан күтілетін нәтижелер:
1) қоршаған ортаның әр түрлі заттардың ішкі белгілерімен, формасымен, материалын зерттеуге талпынады;
2) үлкендермен бірлесіп заттық-тәжірибелік іс-әрекеттерде сол затты қолдану тәсілдерін меңгеруге талпынады.
64. Қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру:
1) баламен бірлесіп қасықпен, кесемен, табақпен сусымалы материалдарды салу;
2) бірлескен іс-әрекетте кесенің, ожаудың көмегімен суды әр түрлі ыдыстарға құю;
3) "Хандз әдісін" пайдалану арқылы үстелдің үстінде заттардың қасында тұрған заттарды қасықпен ұрғылау.
65. Қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру бойынша күтілетін нәтиже:
1) әртүрлі көлемдегі заттармен сусымалы және сұйық материалдарды төгуге және салуға болатынын түсінеді және ажыратады.
9-параграф. 2-жартыжылдық
66. Сенсорлық даму ішіне иіс және дәм түйсігі, тактильды қабылдауының дамуы, қалдық көру арқылы қабылдауын, есту арқылы қабылдауын, вестибулярлы аппаратының дамуы кіреді.
67. Иіс және дәм түйсігінің дамуы:
1) тірі және өлі объектілері мен заттардың шынайы жеке иістерімен таныстыру;
2) айқын белгілері бар азық-түліктің дәмі мен иістері бойынша ажыратуға үйрету;
3) дәмдік рецепторлардың көмегімен заттардың дәмін зерттеуге үйрету;
4) сұйықтық температурасын ажыратуға үйрету;
5) тұрмыстық және азық-түліктің иістерін дифференциациялауға үйретуді жалғастыру;
6) азық-түліктен сезетін әртүрлі сезімдерін, дәмдік рецепторларын дамыту: жұмсақ және қатты, ыстық және суық, қышқыл немесе тәтті.
68. Тактильды қабылдауының дамуы:
1) дене бөліктерін тактильды қабылдауына талпынуын жалғастыру: сипау арқылы арқасын, бетін, қолын, ішін, аяғын ақырын қысу, басу;
2) алуантүрлі жазық беттерін қолдану арқылы жеңіл массаж қимылының көмегімен баланың сезімін дамыту;
3) қолынан алшақ орналасқан заттарды қолмен қағып алуға талпындыру;
4) форма мен көлемі бойынша әртүрлі заттарды қағып алу біліктілігін бекіту;
5) қол білезіктерін, саусақ ұштарының сезімдерін дамытуды жалғастыру;
6) қысып алынатын объектілердің жеке элементтерін біруақытта сезіну үшін затты әр саусақпен қысуға үйрету;
7) тегіс беттері әртүрі заттарды алақанымен, саусағымен алу амалы арқылы зерттеу біліктілігін қалыптастыру;
8) тактильды байланысқа эмоциялық реакцияны білдіруді жетілдіру;
9) тегіс беттерінің құрылымымен ажыратылатын табиғи материалдар мен заттарды қолдану арқылы тактильды қабылдауын дамытуды жалғастыру;
10) сұйықтықтың және басқа заттардың температурасын ажырату қабілеттілігін дамыту.
69. Қалдық көру арқылы қабылдауын дамыту (көру қабілеті бұзылған кезде):
1) бала көз алдындағы заттарға, ересек адамның бетіне көз тоқтатуына ынталандыру;
2) қозғалып бара жатқан заттарға басын бұру арқылы көзбен бақылау жасауына (ішпен және тігінен жату қалпында) ынталандыру;
3) сөйлеп тұрған немесе ыммен қарым-қатынас жасап тұрған ересек адамға көз тоқтату және қарап тұруға ат салысу;
4) баланың төменгі, жоғарғы, бүйір жағында тұрған ойыншықты алуға, қарауға, қысуға және әртүрлі әрекет жасауға үйрету;
5) ойыншықты картинкадағы бейнесімен салыстыруға үйрету;
6) көз алдында тұрған затты тығып қою арқылы жоғалған затты іздеуге қызығушылығын ояту;
7) таныс затты әртүрлі жерден табуға үйрету және сұраққа жауап беру: "Қайда?" - оның күнделікті тұратын орнына байланысты емес;
8) ересек адамның өтініші немесе үлгісі бойынша ойыншықпен күнделікті істейтін іс-әрекетін орындауға үйрету: алу, салу, жабу, ашу;
9) баланың барлық саусағымен, үлкен және сұқ саусағымен ала алатын әртүрлі көлемдегі заттармен әрекет жасауға үйрету;
10) басқа заттардың ортасынан дөңгелек (шар), төртбұрыш (шаршыны) ерекшелеуге үйрету;
11) заттардың формасын ажыратуға (дөңгелек-төртбұрыш) үйрету;
12) сөздік нұсқау, түс үлгісі бойынша қоршаған ортадан заттарды табуға үйрету: "Түсі бойынша дәл осындайды берші"немесе "Барлық қызыл түсті затты әкеп берші";
13) екі түсті (қызыл және көк) объектіні қою негізінде нақты түстегі (қызыл және көк) заттарды ерекшелеуге үйрету;
14) түс бойынша сәйкес заттарды сәйкестендіруге үйрету (төрт түсте бағдарлана алу: ақ-қара, қызыл-көк);
15) түсі, көлемі, формасы (бір белгісі)бойынша бірдей заттарды топтастыру біліктілігін қалыптастыру;
16) 2-3 сақинадан тұратын пирамиданы жинауға үйрету;
17) еліктеу және үлгі бойынша екі бөліктен тұратын үзік картинканы қосуға үйрету;
18) баладан жоғары және төмен тұрған заттарды зерттеуді үйретуге жалғастыру;
19) түзу кеңістікте орналасу (жоғары, төмен) туралы түсініктерін қалыптастыру;
20) кеңістікте заттардың орналасуы (жақын-алыста, анда-мында) туралы түсініктерін қалыптастыруды жалғастыру;
21) өз дене бөліктерін ерекшелеуге және мүмкіндігінше (симметриялы органдарға ерекше көңіл бөлінеді: қол, аяқ, көз, құлақ) атауға үйрету.
70. Есту арқылы қабылдауының дамуы:
1) шыққан дыбыс жаққа көзін және басын бұруға ынталандыруды жалғастыру;
2) кеңістікте дыбыстарды локализациялау біліктілігін қалыптастыру, өз атына қарау реакциясын бекіту (бұрылып, ересек адамды іздейді);
3) әртүрлі дыбыстық қоздырғыштардың (сылдырмақ, дыбыс кұші мен жоғарлығы бойынша құстың дауысы) көмегімен дыбыстар мен дауыстарға акустиканы құруды дамытуға ықпал ету;
4) баланың адекваты эмоциясын (күлу, қобалжу) таныта отырып, музыканы қаттыдан жай дауысқа дауыс күшін өзгерту арқылы есту дифференциациясын қалыптастыру;
5) көру немесе көру-қимыл сүйеніштерін (бала қандай да бір ерекше дыбыс шықаратын затты көру) қолдану арқылы сөздік емес дыбыстарды ажыратуға үйрету;
6) әртүрлі амалдар арқылы заттардан өзбетінше дыбыс шығартуға үйрету;
7) шумен қарапайым музыкалық дыбыстарды ажыратуға үйрету;
8) қатал және нәзік (мейірімді) интонацияны ажырату, әуен дыбыстарын тыңдауға үйрету;
9) музыканың бітуімен ойынды тоқтатуға үйрету;
10) әртүрлі әрекет амалдарымен музыкалық ойыншықтарды қолдануға үйретуді жалғастыру;
11) қатты және жай дыбыстарды алу үшін жұдырықпен ұру күшімен өлшеуге үйретуді жалғастыру;
12) дыбыс шығарушы ойыншыққа қолын созу ниетін ояту.
71. Вестибулярлы аппаратының дамуы:
1) баланы ересек адамның аяғында, әткеншекте, айналғыш орындықта тербету арқылы вестибулярлы аппаратын дамыту;
2) басын баяу оң-солға, алдыға-артқа бұруға, сағат тілімен және сағат тіліне қарсы айналдыруға (бастапқыда жаттығу ересек адамның көмегімен, кейіннен өзбетінше орындайды) үйрету;
3) екі аяқпен бірге секіруге, баспалда бойынша өтуге сырғанақтан сырғанауға үйрету;
4) отыру қалпында тепе-теңдікті дамытуға мүмкіндік беру;
5) шынтаққа сүйеніп, ішпен жату қалпында сурет салуға үйрету;
6) биік емес заттарға шығып, түсуге, отырып-тұруға, еңкеюге, үйрету;
7) әрбір сатыны басу арқылы баспалдақтан түсу, тосқауылдардан айналып өтуге үйрету;
8) екі аяқпен бірдей тұру, кейінен сүйеніштің көмегімен бір аяқпен кезекпен (оңмен, солмен) тұру қалпында қимыл үйлесімділігін дамыту;
9) аяғының ұшымен жүру біліктілігіне үйрету (ересек адамның көмегімен);
10) өздігімен затты бір қолынан екінші қолға алмастыруға үйрету.
72. Сенсорика бойынша күтілетін нәтижелер:
1) тірі және өлі табиғаттың (мысалы, пияз, шұжық, дәрі, гүлдің иістері) объектілері мен заттардың шынайы жеке иістерімен таныстыру;
2) айқын белгілері бар азық-түліктің дәмі мен иістері бойынша ажырата алады;
3) дәмдік рецепторлардың көмегімен заттардың дәмін зерттеуге талпынады;
4) сұйықтық температурасын (жылы чай, суық су) ажыратуға талыпнады;
5) қолынан алшақ орналасқан заттарды қолмен қағып алуға талпынады;
6) тегіс беттері әртүрі заттарды алақанымен, саусағымен алу амалы арқылы зерттейді;
7) сұйықтықтың және басқа заттардың температурасына жауап қайтарады;
8) бала көз алдындағы заттарға, ересек адамның бетіне көз тоқтатады;
9) қозғалып бара жатқан заттарға басын бұру арқылы көзбен бақылау жасайды (ішпен және тігінен жату қалпында);
10) сөйлеп тұрған немесе ыммен қарым-қатынас жасап тұрған ересек адамға көз тоқтату және қарап тұруға ат салысуға талпынады;
11) баланың төменгі, жоғарғы, бүйір жағында тұрған ойыншықты алуға, қарауға, қысуға және әртүрлі әрекет жасауға талпынады;
12) ойыншықты картинкадағы бейнесімен сәйкестендіруге талпынады;
13) таныс затты әртүрлі жерден табуға талпынады: "Қайда?" - оның күнделікті тұратын орнына байланысты емес;
14) ересек адамның өтініші немесе үлгісі бойынша ойыншықпен күнделікті істейтін іс-әрекетін орындайды: алу, салу, жабу, ашу;
15) баланың барлық саусағымен, үлкен және сұқ саусағымен ала алатын әртүрлі көлемдегі заттармен әрекет жасауға талпынады;
16) заттардың формасын ажыратады (дөңгелек-төртбұрыш);
17) сөздік нұсқау, түс үлгісі бойынша қоршаған ортадан заттарды табады: "Түсі бойынша дәл осындайды берші" немесе "Барлық қызыл түсті затты әкеп берші";
18) түс бойынша сәйкес заттарды сәйкестендіреді (төрт түсте бағдарлана алу: ақ-қара, қызыл-көк);
19) түсі, көлемі, формасы (бір белгісі) бойынша бірдей заттарды топтастырады;
20) 2-3 сақинадан тұратын пирамиданы жинайды;
21) еліктеу және үлгі бойынша екі бөліктен тұратын үзік картинканы қосу;
22) өз дене бөліктерін ерекшелеу және мүмкіндігінше (симметриялы органдарға ерекше көңіл бөлінеді: қол, аяқ, көз, құлақ) атайды;
23) кеңістікте дыбыстарды локализациялауға, өз атына қарауға талпынады (бұрылып, ересек адамды іздейді);
24) әртүрлі дыбыстық қоздырғыштардың (сылдырмақ, дыбыс кұші мен жоғарлығы бойынша құстың дауысы) көмегімен дыбыстар мен дауыстарға жауап қайтарады;
25) көру немесе көру-қимыл сүйеніштерін қолдану арқылы сөздік емес дыбыстарды ажыратады;
26) қатал және нәзік (мейірімді) интонацияны ажыратады, әуен дыбыстарын тыңдайды;
27) музыканың бітуімен ойынды тоқтатуға талпынады;
28) әртүрлі әрекет амалдарымен музыкалық ойыншықтарды қолдануды жалғастырады;
29) қатты және жай дыбыстарды алу үшін жұдырықпен ұру күшімен өлшейді;
30) өздігімен дыбыс шығарушы ойыншыққа қолын созуға талпынады;
31) басын баяу оң-солға, алдыға-артқа бұруға, сағат тілімен және сағат тіліне қарсы айналдыруға (бастапқыда жаттығу ересек адамның көмегімен, кейіннен өзбетінше орындайды) орындайды;
32) ересек адамның қолдауымен екі аяқпен бірге секіруге, баспалдақ бойынша өтуге сырғанақтан сырғанайды;
33) биік емес заттарға шығып, түсуге, отырып-тұруға, еңкеюге талпынады;
34) әрбір сатыны басу арқылы баспалдақтан түсуге, тосқауылдардан айналып өтуге талпынады;
35) екі аяқпен бірдей тұру, кейінен сүйеніштің көмегімен бір аяқпен кезекпен (оңмен, солмен) тұру қалпында қимыл үйлесімділігін сақтауға талпынады;
36) өздігімен затты бір қолынан екінші қолына салады.
73. Кеңістікте бағдарлай білу:
1) балалардың жүру барысында қол, аяқ қимылдарының дұрыс жүру амалдарына үйретуді жалғастыру;
2) ойыншықтарының орналасқан жерін олардың дыбысталу сипаттамасына қарай (музыка, дауыс, вокалдық) табуға үйретуді жалғастыру;
3) әр түрлі жазықтықтарда (кілемдерде, линолеум, ламинат, плитка) аяқпен, шұлықпен, жалаңаяқ жүріп үйретуді жалғастыру.
74. Кеңістікте бағдарлау бойынша күтілетін нәтиже:
1) патологиялық қалыпты болдырмай дұрыс жүруге талпындыру;
2) ойыншықтардың дыбысталу сипатына қарай орналасқан орнын біледі;
3) әр түрлі жазықтықтарда аяқпен, шұлықпен, жалаңаяқ жүреді.
75. Жаратылыстану:
1) басқа заттардың ортасынан дөңгелек (шар), төртбұрыш (шаршыны) ерекшелеуге үйрету;
2) заттардың формасын ажыратуға (дөңгелек-төртбұрыш) үйрету;
3) көлемдерде бағдарлана алуға үйрету (үлкен-кіші);
4) сөздік нұсқау, түс үлгісі бойынша қоршаған ортадан заттарды табуға үйрету: "Түсі бойынша дәл осындайды берші" немесе "Барлық қызыл түсті затты әкеп берші";
5) екі түсті (қызыл және көк) объектіні қою негізінде нақты түстегі (қызыл және көк) заттарды ерекшелеуге үйрету;
6) түс бойынша сәйкес заттарды сәйкестендіруге үйрету (төрт түсте бағдарлана алу: ақ-қара, қызыл-көк);
7) түсі, көлемі, формасы (бір белгісі) бойынша бірдей заттарды топтастыру біліктілігін қалыптастыру.
76. Жаратылыстану бойынша күтілетін нәтижелер:
1) басқа заттардың ортасынан дөңгелек (шар), төртбұрыш (шаршыны) ерекшелейді;
2) заттардың формасын ажыратады (дөңгелек-төртбұрыш);
3) көлемдерде бағдарлана алады (үлкен-кіші);
4) сөздік нұсқау, түс үлгісі бойынша қоршаған ортадан заттарды табады: "Түсі бойынша дәл осындайды берші" немесе "Барлық қызыл түсті затты әкеп берші";
5) түсі, көлемі, формасы (бір белгісі) бойынша бірдей заттарды топтастырады.
77. Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру:
1) қарама-қарсы және бірдей өлшемдегі таныс заттарды зерттеу және салыстыру - ұзындығы бойынша (ұзын-қысқа), ені (кең-тар), биіктігі (биік-аласа), көлемі (үлкен-кіші).
78. Үйретілетін біліктер:
1) заттармен танысу барысында формасы, материалы, фактурасы бойынша бірдей болуы;
2) арасындағы айырмашылықтары тек қана көлемі, тек қана биіктігі немесе тек қана ұзындығы бойынша болуы;
3) сипап көруге арналған мынадай заттарды ұсыну: шар, дөңгелек, квадрат, үшбұрыш, тікбұрыш.
79. Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру бойынша күтілетін нәтижелер:
1) көлемді геометриялық фигураларды зерттей алады.
10-параграф. "Шығармашылық" білім беру саласы
80. "Шығармашылық" білім беру саласының базалықкелесі ұйымдастырылған оқу қызметінде жүзеге асырылады: сурет салу, мүсіндеу, музыка.
81. Мақсаты: заттарды кезеңдермен зерттеу жолымен шығармашылық іс-әрекет процесінде шынайы өмір образдарын қалыптастыру; заттық түсініктерін анықтау, нақтылау және жинақтау.
82. Міндеттер:
1) бейнелеуші құралдар мен материалдарды ерекшелей білуін қалыптастыру;
2) бейнелеуші құралдар және материалдармен түрлі әрекет жасауын қалыптастыру;
3) бейнелеуші материалдармен түрлі іс-әрекеттер жасау үшін орта құру, бейнелеуші әрекетке қызығушылығын қалыптастыру;
4) бейнелеу әрекетіне және оның өнімдеріне оңды эмоционалды қатынасын қалыптастыру.
11-параграф. 1-жартыжылдық
83. Сурет салу:
1) сұйық материалдармен, жуан, дөңгелек, тегіс және жалпақ қылқаламмен, штамп және басқа құралдармен әрекет жасау біліктілігін қалыптастыру;
2) бояумен іс-әрекет жасау біліктілігін қалыптастыру:бояуды қолына жағу, қағу, қысу;
3) барлық алақанымен (жұдырыққа) қылқаламды ұстау білігін қалыптастыру;
4) штамптарды қолдануға үйрету (ересек адамның көмегімен қағазға жабыстыру);
5) құрғақ қылқаламен іс-әрекет жасауға үйрету (қағазды түкті қысу және басу, қылқаламды жоғарыдан-төменге, оңнан-солға);
6) таңдалған бояуды қылқаламен іс-әрекет жасау біліктілігін қалыптастыру;
7) барлық қағазға бояу дақтарын жағуға үйрету;
8) қылқаламен әрекет жасау нәтижесінде эмоционалды жауабын қалыптастыру.
84. Күтілетін нәтижелер:
1) бояумен іс-әрекет жасау біліктілігін қалыптастыру:бояуды қолына жағу, қағу, қысуға талпынады;
2) бояуды қолына жағып қағаз бетіне жағу, қағу, қысу;
3) барлық алақанымен (жұдырыққа) қылқаламды ұстауға талпынады;
4) штамптарды қолдануға талпынады (ересек адамның көмегімен қағазға жабыстыру);
5) құрғақ қылқаламен іс-әрекет жасауға талпынады (қағазды түкті қысу және басу, қылқаламды жоғарыдан-төменге, оңнан-солға);
6) таңдалған бояуды қылқаламен іс-әрекет жасауға талпынады;
7) барлық қағазға бояу дақтарын жаға алады;
8) әрекеті жасауға қатысады, қылқаламен әрекет жасау нәтижесінде эмоционалды жауап қайтарады.
85. Мүсіндеу:
1) мүсіндеу кезінде пластилин, пішін шығарушылармен таныстыру;
2) ересек адаммен бірлесіп жұмыс жасауда пластилинді қолдануға үйрету: біріккен практикалық әрекетте пластилинді илеу;
3) "Хандз әдісін" пайдалану арқылы пластилиннің үзігінен үстел үстінде шар, шұжық илеу;
3) біркелкі іс-әрекетте пластилин үзіктерін алақанда созып, пайда болған форманы бұрап сақина бейнесіне келтіреді;
4) жабыстыру барысында баланың дұрыс отыруын қалыптастыру;
5) ересек адамдармен бірлескен-тәжірибелік іс-әрекетте жабыстыру құралы тұрғысынан қамырмен таныстыру.
86. Үйретілетін біліктер:
1) жұмыс процесі алгоритм бойынша жүргізіледі: баланы жұмыс орнына алып келу, алжапқышын кигізу, үстел басына отырғызу, қолына бір үзік қамыр беру, "жабыстыр" белгісін беру, бірлескен іс-әрекетті бастау;
2) ересек адамдар баламен серіктес болып, өзіне жетекші рөлді иеленеді: бастапқыда бала ересек адамның іс-әрекетін бақылайды, кейін алдын ала дайындалған пластилинмен ересек адам баланың қолынан ұстап жабыстырады, кейінен бала ересек адамның көмегімен немесе басқаруымен бала жабыстыру әрекет орындауға тырысады, соңында өзі жабыстырады;
3) ересек адам баламен серіктес бола отырып, өзіне жетекші рөлді иеленеді: біртіндеп баланың жекелігіне "рөлдері" мүмкіндік бере бастайды.Бала осылайша рөлдердің алмасу жағдайында бірлескен іс-әрекетте жауапкершілігі артады.
87. Мүсіндеуге үйретуде қолданылатын тәсілдер:
1) жұмсақ түйірлер,қопарып алу;
2) жұлып,оны картонға жабыстыру;
3) кесектер мен түйірлерді бір-біріне жабыстыру;
4) дөңгелек картонға (төртбұрыш, үшбұрыш) формаларды кесектерге үймелеу;
5) картонға түйірлерді жағу (пішіні мен түстері әртүрлі);
6) түрлі-түсті түйірлерді бір-біріне жабыстыру;
7) барлық картонға түрлі-түсті түйірлерді орналастырады;
8) шыршаны түсті түйірлермен безендіреміз (шыршаның дайын силуэті);
9) алақанмен үлкен, жұмсақ қамырды (саз,пластилин) басу;
10) жұмсақ қамыр кесегіне (саз, пластилин) қатты затпен (шаршы, үшбұрыш) басамыз.
88. Мүсіндеу бойынша күтілетін нәтижелер:
1) ересек адамның көмегімен пластилинмен жұмыс жасауға талпынады;
2) ересек адаммен біріккен практикалық әрекетте пластилинді илей алады;
3) "Хандз әдісін" пайдалану арқылы пластилиннің үзігінен үстел үстінде шар, шұжықты илеуге талпынады;
4) біркелкі іс-әрекетте пластилин үзіктерін алақанда созып, пайда болған форманы бұрап сақина бейнесіне келтіреді;
5) жабыстыру барысында баланың дұрыс отыруға талпынады;
6) ересек адамдармен бірлескен-тәжірибелік іс-әрекетте жабыстыру құралы тұрғысынан қамырмен жұмыс жасайды.
89. Музыка:
1) музыкалық дыбысталу, ересек адамның даусына эмоционалды күйін және есту қабілетін тұрақтандыруын дамыту;
2) музыка кезінде баланың өзіндік дене мүшелерін - қол, аяқ, бас, дене бөліктерін көрсетуге ынталандыру және көрсету;
3) музыкалық қолдау көрсетумен тығылмаш ойындарға балаларды тарту.
90. Музыкаға үйретуде қолданылатын амалдар:
1) баланың жалпы жандануын қолдау: қуанышты күлкі, белсенді қозғалысы, дауыс шығару, ауызын жыбырлату, аузын ашу және жабу;
2) баланың дауыс реакциясын қолдау. Қарапайым вокализация шығарту, ересек адамның дыбыстары мен буындарын, музыкалық қолдау көрсету мен шум кезінде өзіндік бұлдырлауын қайталау;
3) дауысты дыбыстарды айтуын белсендіру ("у-у-у", "а-а-а"), бірдей буындарды ("да-да-да", "ма-ма-ма").
91. Күтілетін нәтижелер:
1) музыкалық дыбысталу, ересек адамның даусына эмоционалды жақсы күйін танытады және тұрақтандырады;
2) музыкалық қолдау көрсетумен тығылмаш ойындарға қатысуға талпынады.
12-параграф. 2-жартыжылдық
92. Сурет салу:
1) түс қағаздарын әртүрлі құралдар (губка, қылқалам) және форма, көлем, түс дақтарын қолдану арқылы толтыру біліктілігін қалыптастыру;
2) табиғаттың әртүрлі болмыстарын жеткізу үшін қатты қылқаламмен жұмыс жасау және жағу амалын қолдануға үйрету;
3) бояуды орындауға үйрету.
93. Күтілетін нәтижелер:
1) түс қағаздарын әртүрлі құралдар және форма, көлем, түс дақтарын қолдану арқылы толтыруға талпынады;
2) табиғаттың әртүрлі болмыстарын жеткізу үшін қатты қылқаламмен жұмыс жасау және жағу амалын қолдану;
3) бояуды орындау.
94. Мүсіндеу:
1) бүтін кесектен пластилин түйінің қысу, үзіп алуға үйрету;
2) дөңгелек формадағы заттар туралы (шарлар, жаңғақтар, апельсиндер, мандариндер, ақшақар, шарлардан жасалынған пирамида) түсініктерін бір уақытта бекітумен қатар, үзіп алған түйінді шеңберлеу әрекетімен иелеуі амалын үйрету.
95. Күтілетін нәтиже:
1) бүтін кесектен пластилин түйінің қысу, илеуге талпынады;
2) дөңгелек формадағы заттар туралы (шарлар, жаңғақтар, апельсиндер, мандариндер, ақшақар, шарлардан жасалынған пирамида) түсініктерін бір уақытта бекітумен қатар, үзіп алған түйінді шеңберлеу әрекетімен иелеуге талпынады.
96. Музыка (қалдық естуі бар балалар үшін):
1) музыкаға сәйкес сипау, шапалақтау, тербеу қарапайым әрекеттерді орындауға үйрету;
2) дыбыс дереккөзін анықтауға ынталандыру, музыкаға зейінін тұрақтандыру, есту зейінін дамыту;
3) сабақ басында "сәлем" ымды қолдану арқылы (шынтағын бүгіп, ашық алақанымен оң жақ-сол жаққа қимылдату арқылы немесе балаға қолжетімді ыммен) музыкалық сүйемелдеумен ересек адамды қарсы алуға ынталандыру;
4) баланың өзінің немесе құрдасының дене мүшелерін - қол, аяқ, бас, дене бөліктерін көрсетуге ынталандыру.
97. Күтілетін нәтижелер:
1) музыкаға сәйкес сипау, шапалақтау, тербеу қарапайым әрекеттерді орындайды;
2) дыбыс дереккөзін анықтауға ынталандыру, музыкаға зейінін тұрақтандыру;
3) сабақ басында "сәлем" ымды қолдану арқылы (шынтағын бүгіп, ашық алақанымен оң жақ-сол жаққа қимылдату арқылы немесе балаға қолжетімді ыммен) музыкалық сүйемелдеумен ересек адамды қарсы алуға талпынады.
13-параграф. "Әлеумет" білім беру саласы
98. "Әлеумет" білім беру саласының базалық мазмұныәлеуметтік дамыту және еңбекке баулу ұйымдастырылған оқу қызметінде жүзеге асырылады.
99. Мақсаты күрделі кемістігі барбалаларды әлеуметтік ортадағы органикалық қажеттілігін, мінез-құлқы мен қарым-қатынастарын қанағаттандыру бойынша өзіне-өзі қызмет ету дағдыларына үйрету; баланы әлеуметтік және тұрмыстық ортаға ендіру, оны әр түрлі әлеуметтік мәдени дағдылармен қаруландыру.
100. Міндеттері:
1) жақын ортадағы заттар мен болмыстар туралы түсініктерін қалыптастыру;
2) қарапайым әлеуметтік-тұрмыстық әрекеттер мен жағдаяттар туралы түсініктерін қалыптастыру;
3) қарапайым әлеуметтік-тұрмыстық жүріс-тұрыстың дағдыларын қалыптастыру.
14-параграф. 1-жартыжылдық
101. Әлеуметтік дамыту және еңбекке баулу:
1) көру қабілетінің зақымдалуы мен сақталған анализаторлардың негізінде күнделікті өмірде балалар жиі әрекет жасайтын заттардың қызметі, сапасы және қасиеті туралы түсініктерін қалыптастыру;
2) заттарды қызметіне сәйкес әрекет жасау амалдарына үйрету;
3) өзі туралы түсініктерін қалыптастыру;
4) өз дене мүшелері мен оның қызметі туралы түсініктерін қалыптастыру;
5) жеке қолданылатын заттар мен қызметтері туралы түсініктерін қалыптастыру;
6) өзінің сыртқы келбетін күту, жуыну жеке гигиеналық процедураларды орындаумен байланысты әрекеттер туралы түсініктерін қалыптастыру;
7) қоршаған адамдармен өзарақарым-қатынас жасаудың қарапайым ережелері туралы түсініктерін қалыптастыру;
8) балаларды сәлемдесу және қоштасудың вербалды формасымен таныстыру; қарым-қатынастың вербальды емес құралдарымен (ыммен)таныстыру.
102. Біліктерді қалыптастыру:
1) ым-ишараттық қимылдың ("иә", "жоқ", "сау бол","тыныш", "анда", "бер") мәнін анықтау;
2) үлгі бойынша ым-ишараттық әрекетті жасау;
3) адамдардың айқын байқалған эмоциялық күйі мен оның мимикасында (қуану, мұнаю) байқалғанын түсіну.
103. Күтілетін нәтижелер:
1) көру қабілетінің зақымдалуы мен сақталған анализаторлардың негізінде күнделікті өмірде балалар жиі әрекет жасайтын заттардың қызметі, сапасы және қасиеті туралы түсініктері бар;
2) өзі туралы түсініктері бар;
3) өз дене мүшелері мен оның қызметі туралы түсініктері бар;
4) жеке қолданылатын заттар мен қызметтері туралы түсініктері қалыптасқан;
5) өзінің сыртқы келбетін күту, жуыну жеке гигиеналық процедураларды орындаумен байланысты әрекеттер туралы түсініктері қалыптасқан;
6) қоршаған адамдармен өзарақарым-қатынас жасаудың қарапайым ережелері туралы түсініктері бар.
15-параграф. 2-жартыжылдық
104. Әлеуметтік дамыту және еңбекке баулу:
1) жақын ортадағы заттарды ажырата білуін дамыту;
2) жалпылаушы түсініктерін (ойыншықтар, киімдер, аяқ киімдер, ыдыс-аяқ) қалыптастыру;
3) өз атын атай алуын бекіту;
4) өз дене мүшелері мен негізгі бөліктерінің қызметтері туралы түсініктерін қалыптастыру;
5) өз отбасының мүшелерін атауға үйрету;
6) жеке гигиенаның маңыздылығы туралы түсініктерін қалыптастыру және дамыту;
7) жеке гигиена заттары мен олардың қызметтері туралы түсініктерін қалыптастыру және дамыту;
8) гигиеналық процедура мен тазалықты сақтауға байланысты әрекеттер туралы түсініктерін қалыптастыру және дамыту;
9) үлкендердің еңбектері туралы түсініктерін қалыптастыру.
105. Үйретілетін біліктер:
1) әрекеті тану, оны орындау реттілігін ерекшелеу;
2) сәлемдесу, қоштасу, өтініш, кешірім сұрау, рахмет айту секілді вербалды форма туралы түсініктерін қалыптастыру және дамыту;
3) суреттегі адамның динамикалық (келе жатыр, жүгіріп барады, билейді, секіреді) және статистикалық (тұр, отыр, жатыр) қалпын тану біліктілігін қалыптастыру;
4) қарым-қатынастың вербалды және вербалды емес құралдарын көрсетуге жаттықтыру.
106. Күтілетін нәтижелер:
1) жақын ортадағы заттарды ажыратады;
2) жалпылаушы түсініктерді (ойыншықтар, киімдер, аяқ киімдер, ыдыс-аяқ) біледі;
3) өз атын атауға талпынады;
4) өз дене мүшелері мен негізгі бөліктерінің қызметтері туралы түсініктері бар;
5) өз отбасының мүшелерін атауға талпынады;
6) жеке гигиенаның маңыздылығы туралы түсініктері бар;
7) жеке гигиена заттары мен олардың қызметтері туралы түсініктері бар;
8) гигиеналық процедура мен тазалықты сақтауға байланысты әрекеттер туралы түсініктері бар;
9) үлкендердің еңбектері туралы түсініктері бар.
16-параграф. Арнайы түзеу оқу қызметі
107. Арнайы түзеу оқу қызметінің мазмұны үстел үстінде және тамақтану барысына байланысты дағдыларды қалыптастыру; киіну және киімді күту дағдыларын қалыптастыру; үй жағдайында және басқа жағдаяттарда мінез-құлықтарына байланысты дағдыларды қалыптастыру бойынша оқу қызметінде жүзеге асырылады.
108. Мақсаты - күрделі кемістігі бар балаларды өз-өзіне қызмет көрсету дағдысын дамыту, балаларды әлеуметтік және тұрмыстық ортаға қосу болып табылады.
109. Міндеттері:
1) үстел үстінде тамақтану мен мінез-құлыққа байланысты дағдыларды қалыптастыру;
2) киіну және киімге күтім жасау дағдысын қалыптастыру;
3) үй жағдайында және басқа жағдаяттағы мінез-құлыққа байланысты дағдыны қалыптастыру.
110. Дамуындағы күрделі бұзылыстарбаланың қоршаған орта туралы түсініктерін шектейді, олардың әлеуметтік және еңбек бейімділігін қиындатады. Сондықтан да осы саланы ендіру мерзімдері мен әдістемесі баланың өзіне-өзі қызмет ету, оның жеке еңбектену практикалық қажеттілігімен алдын ала анықтайды, өйткені мектепке бару барысында баланың өзбетінше еңбектену мүмкіндігіне даярлай отырып,бұл жұмыс жалғастырылады.
111. Оқытудың мазмұнына бірінші кезекте практикалық өмірге қажетті білімдер, біліктер мен дағдылар енеді.
112. Бірінші кезеңде әлеуметтік-тұрмыстық дағдыларды қалыптастыру дағдылары біріккен іс-әрекеттерде жүргізіледі. Бірлескен іс-әрекеттер арқасында бала педагогпен бірге бір жұмысты істеп жатқандығын жақсы сезіне бастайды:
1) педагог баланы қолынан ұстайды, оның кеудесінен, кейін өзінің кеудесінен қағып тұрып "Сен және мен, белгілі бір әрекеттерді бірге орындаймыз";
2) тәрбиеші сәйкес келетін қимылдарды баламен бірігіп, "Хандз әдісін" орындайды, мысалы: "Сен және мен бірге барабан соғамыз" немесе "Сен және мен бірге тамақтанамыз";
3) педагог баламен қатар немесе онымен бірге сәйкес келетін іс-әрекеттерді орындайды;
4) педагог сол сәтте тікелей модельдейтін бірлескен іс-әрекеттерге орай баланың кең қозғалыс-қимылдары пайда болады;
5) біріккен іс-әрекетінде белсенділікті көрсете отырып, педагог пен бала бірге жуынады, педагог баланың аузына стақанды тақауға немесе шұлығын киюге көмектеседі. Біргеліктегі іс-әрекеттер балаға сенімділік береді және кедергілерді азайтады;
6) көру қабілеті зақымдалған бала үшін киімдер қиын меңгерілетін заттар болып табылады және ол оның бірқатар кедергілерге тап болуына әкеп соғады. Сондықтан да біріккен іс-әрекеттер жақсы нәтижелер береді;
7) ағылшын әдебиетінде бұл әдіс "Хандз әдіс" атымен танымал болған, өйткені педагог өзінің қолын баланың қолының үстіне қойып, оны қимылдарын басқарады. Барлық уақыттағы тәрбиедегідей, мұнда да "балаға қаншалықты көмек қажет болса, сонша көмек беру" қағидасы негізге алынады;
8) педагогтың "баланың қолынан өзінің қолын алу" барысын ерекше атап өту. Бұл процесс аса абайлылықты қажет етеді, өйткені оның негізіне баланың өзінің педагогына деген сенімділігі жатады.
113. Екінші кезеңдебасты міндет имитациялық жаттығулар болып табылады:
1) мұндағы маңыздылық тек қана біріккен қимылдар емес "алдымен сен қозғаласың, содан кейін мен қозғаламын", "алдымен сен бір үзім же, содан кейін - мен" сұлбасымен орындалатын әрекеттерге ие болады. Мұнда алдыңғы жаттығулармен байланыстар өте көп болады, бірақ кейбір "ара қашықтық" сақталады;
2) нақты имитацияны бала белгілі бір іс-әрекетті бақылай алатын болғанда (бұл қалған көруінің немесе сезімінің көмегімен жүзеге асырылуы мүмкін) ғана қолдануға болады, оны тұтас меңгеріп болғаннан кейін осы іс-әрекетті қайталауына болады;
3) БЦСА бар балаларды оқыту барысында "Бобат-терапия" кеңінен қолданылуы мүмкін. "Бобат-терапия" баланың "түйінді нүктелеріне" (бас, дене, иықтық бел, бел) ықпал ете отырып, оның жағдайын және теңсалмағын, тепе-теңдігін сақтауға реакциясын дамытуды білдіреді. Осылайша автоматты түрде қалаған реакцияларының пайда болуын ынталандыруға және қалыпты емес қозғалыс стереотиптерін бақылауға мүмкіндік туады.
114. Оқытудың үшінші кезеңінің міндеті баланы рөлдермен алмасуға үйрету:
1) әңгімелесудің мәнді элементі саналатын "үзіліспен рөлдерді алмасуды" бастан кешіреді. Бір немесе бірнеше балаларға арналған әр түрлі заттарды пайдалану арқылы немесе заттарсыз көптеген жақсы, мәнді имитациялық жаттығуларды қолдану;
2) егер бала қуыршақпен жаттығу түрлерін орындайтын болса, онда ол белгілі бір уақытқа дейін осы шақтағы және орындағы нақты дүниеден белгілі бір дәрежеде қол үзеді.
17-параграф. 1-жартыжылдық
115. Тамақтану және үстел басындағы мінез-құлыққа байланысты дағдыларды қалыптастыру:
1) азық-түліктің иісі, дәмімен қоса, дене бөліктерінің қызметімен таныстыру;
2) қасықты ұстап ерінімен су ішуге үйрету;
3) ерінімен қасықтағы тамақты алу, пюре тәріздес тамақты қабылдау және жұтубіліктілігін қалыптастыру;
4) жартылай өткзіліген тамақты шайнау және жұтуға үйрету;
5) жұмсартылған тамақты жеуге, қолына берілген тамақты ұстап тұруға үйрету;
6) баланың қолына беретін тамақты тістеу және жеуге үйрету;
7) үстел үстінен тамақ үзігін өздігімен алу біліктілігін қалыптастыру;
8) қолымен алуға болатын кесек кесек бөлікке бөлінген тамақты (жеміс, көкініс, нан) қолымен алып жеу біліктілігін қалыптастыру;
9) кесемен баланы таныстыру;
10) ересек адам ұстап тұрған кеседен дұрыс ішу біліктілігін қалыптастыру.
116. Күтілетін нәтижелер:
1) сору және жұту үйлесімді жүргізеді;
2) өткізілген барлық тағамдарды жейді;
3) қатты тағам кесегін қолында ұстайды;
4) тамақты тістейді, шайнайды және жұтады;
5) алуантүрлі сұйық тағамдарды жейді;
6) нақты уақытылы күніне үш рет тамақтанады;
7) толыққанды тамақтануға қажетті алуантүрлі тағамдарды қолданады;
8) үстел үстінде бейімдеуіш орындықта отыра алады.
117. Киіну және киімді күту дағдыларын қалыптастыру:
1) жеке дене мүшелерінің қызметтерімен таныстыру;
2) киіну және шешіну процесіне баланы ынталандыру;
3) қалпақты шешуге, ересек адам жартылай шешкен жейде, шұлық, шалбарды шешу біліктілігін қалыптастыру.
118. Күтілетін нәтижелер:
1) жеке дене мүшелерінің қызметін біледі;
2) киіну және шешіну процесіне қатысуына талпынады;
3) қалпақты шешуге, ересек адам жартылай шешкен жейде, шұлық, шалбарды шешуге талпынады.
119. Басқа жағдайларда мінез-құлыққа байланысты дағдыларды қалыптастыру және үй еңбегі.
120. Үйретілетін біліктер:
1) столдың үстелге жақындату;
2) тамақ алдында қасық, салфетканы қою;
3) ойыншықты жуу, оны құрақ орамалмен сүрту;
4) қуыршақты жуындыру;
5) ойыншықты серуенге алып шығуға көмектесу.
121. Күтілетін нәтижелер:
1) ересек адамға көмектесуге тырысады;
2) өз-өзіне қызмет көрсету бойынша ересек адамның өтінішін орындайды.
18-параграф. 2-жартыжылдық
122. Тамақтану және үстел басындағы мінез-құлыққа байланысты дағдыларды қалыптастыру:
1) азық-түліктің дәмі мен иісі туралы білімдерін бекіту;
2) қолымен алуға болатын кесек-кесек бөлікке бөлінген тамақты (жеміс, көкініс, нан) қолымен үзіп жеу білігін қалыптастыру;
3) кесемен баланы таныстыруды жалғастыру;
4) ересек адам ұстап тұрған ұстамасы жоқ кеседен (пластмассалы стакан) дұрыс ішу білігін қалыптастыру;
5) баланы қасықпен таныстыру;
6) қасықты дұрыс ұстау, көмекпен қасыққа тамақ алып аузына апару біліктілігін қалыптастыру;
7) үстел басында орындықта дұрыс отыруға үйрету;
8) майлықпен қолдануды үйрету;
9) ересек адамның көмегімен тарелканы өзінен итеруге, жинауға үйрету.
123. Күтілетін нәтижелер:
1) ересек адам ұстап тұрған ұстамасы жоқ кеседен (пластмассалы стакан) дұрыс ішу;
2) қасықты дұрыс ұстау, көмекпен қасыққа тамақ алып аузына апару;
3) үстел басында орындықта дұрыс отыру;
4) майлықты қолдану;
5) ересек адамның көмегімен тарелканы өзінен итеруге, жинау.
124. Киіну және киімді күту дағдыларын қалыптастыру:
1) жеке дене мүшелерінің қызметтері туралы білімдерін бекіту;
2) киімді сақтау орны мен атауын білдіретін графикалық белгілермен таныстыру;
3) қалпақты шешуге, ересек адам жартылай шешкен жейде, шұлық, шалбарды, аяқ киімді шешу дағдысын бекіту;
4) шапканы кию біліктілігін қалыптастыру; шұлықты тарту, етікке аяғын салу, шалбарды тізеден беліне дейін тарту (аяқ ұшынан беліне дейін), ересек адамның көмегімен жартылай киілген жемпірді немесе блузканы кию;
5) "сыдырма" ілгекті негізгісіне дейін ашуға үйрету;
6) жабысқыштағы қарсы ілгегін ашуға үйрету.
125. Күтілетін нәтижелер:
1) жеке дене мүшелерінің қызметтері;
2) киімді сақтау орны мен атауын білдіретін графикалық белгілерін таниды;
3) ересек адам шешіндіру әрекетін жалғастырады.
4) "сыдырма" ілгекті негізгісіне дейін ашады;
5) жабысқыштағы қарсы ілгегін ашады.
126. Басқа жағдайларда мінез-құлыққа байланысты дағдыларды қалыптастыру және үй еңбегі.
127. Үйретілетін біліктер:
1) серуеннен кейін ылғалды қолғаптарын кептіру үшін жайып қою;
2) ұйықтар алдында үлкендердің көмектесуімен төсек даярлау; жастықты алу, жамылғыны алу, төсекті ашу, жастықты қою;
3) ұйқыдан тұрған соң үлкеннің көмегімен төсегін жинау: ақжайманы қағу, оны төсеу, ақжайманың шетін матрастың астынан жіберу, көрпені жаю, үстіне жастықты қою;
4) қоқыстарды қоқыс кәрзеңкесіне салу.
128. Күтілетін нәтиже:
1) өз артынан жинайды;
2) өз-өзіне қызмет көрсету бойынша ересек адамның өтінішін орындайды.
3-тарау. 2-деңгей (4-6 жас)
1-параграф. "Денсаулық" білім беру саласы
129. Білім беру саласының базалық мазмұны дене дамуындағы ауытқушылықты түзету мен екінші ауытқушылықтың пайда болуын алдын алуға бағытталған күрделі кемістігі бар балаларды жүйелі мақсатты бағдарлау арқылы дене шынықтыру, қауіпсіз жүріс-тұрыс негіздері ұйымдастырылған оқу қызметінде жүзеге асырылады.
130. Мақсаты - баланың қимыл белсенділігіне байланысты қоршаған ортаны белсенді тану процесіне қосу, қоғамдағы негізгі әлеуметтік және қауіпсіздік мінез-құлық ережелеріне үйрету.
131. Міндеттер:
1) баланың дене дамуы;
2) денсаулықты сақтау мен нығайту.
2-параграф. 1-жартыжылдық
132. Дене шынықтыру:
1) баланы стереотипті қимылды қайталамауға үйрету;
2) баланың баспалдақтан және сатыдан еңбектеп түсуге үйрету;
3) ересек адамның қолынан баспалдақ таянышын ұстап, баспалдақтан түсуге үйрету;
4) сатының соңғы қатарынан үлкеннің қолына сүйеніп, сүйеніштен ұстап секіріп түсуді үйрету (БЦСА бар балалар мүмкіндігінше);
5) баламен бірге екі аяқтап секіру, біртіндеп баланың өзі жасауына мүмкіндік беру;
6) қол ұстасып айналып жүруді үйрету;
7) баланы аяқ ұшымен жүргізу;
8) қолдардың синхрондық қимылдарын үйлестіру (допты қағу, оны итеру, өзіне құрсау кию, қағазды жырту);
9) педагогтың нұсқауы бойынша қимыл жаттығулары мен тапсырмаларын орындауды бақылау;
10) жүру, жүгіру барысында қолдар мен аяқтар қимылдарын үйлестіруді үйрету;
11) баладан денесін дұрыс ұстауды талап ету;
12) педагогтың белгі беруі бойынша қимыл бағыттарын ауыстыруды үйрету;
13) әр түрлі жаттығулар арқылы жүруге, сырғанауға жаттықтыру.
133. Үйретілетін біліктер:
1) қолды алдыға, қолды жан-жаққа;
2) қолды үстіге, артқа;
3) қолды жан-жаққа, шынтақ буындарын бүгу, қолды төмен түсіру, жоғары көтеру;
4) қолды алдыға, жоғары, жан-жаққа, төмен түсіру;
5) қолды басының артына қою, қолды түсіру, қолды басына қою, қолды төмен қарай түсіру;
6) аяқ қимылы: алдыға- артқа, жан-жаққа; бүгілген аяғын көтеру;
7) кеудені төмен қарай еңкейту: алдыға- артқа, оңға,солға;
8) басты еңкейту: алдыға- артқа, оңға,солға. Басты бұру. Шеңбермен басты айналдыру;
9) отырып тұру: аяқтар бірге, аяқтар ашық, қолдарыя белде.
10) тіректеп отыру: тіректер отыру - солға, оң аяқ артқа, тірек отыру - солға, оң аяқ жанына қарай;
11) қолдар мен дененің, қолдар мен аяқтардың, дене мен аяқтар қимылының қарапайым үйлесуі (белдікте қолдар, отырып-тұру, тікею, қолдарды түсіру. Қолдар алға, оң аяқты жанына, екінші аяқты қою, қолдарды төмен түсіру).
134. Күтілетін нәтижелер:
1) өзін-өзі стереотипті қимылдардан ұстай алады;
2) еңбектеп баспалдақтан және сатыдан түсуге талпынады;
3) ересек адамның қолынан баспалдақ таянышын ұстап, баспалдақтан түсуге талпынады;
4) сатының соңғы қатарынан үлкеннің қолына сүйеніп, сүйеніштен ұстап секіріп түсуге талпынады (БЦСА бар балалар мүмкіндігінше);
5) бір орында екі аяқтап секіруге талпынады;
6) педагогтың немесе баланың қол ұстап айналып жүреді;
7) баланы аяқ ұшымен жүруге талпынады;
8) қолдардың синхрондық қимылдарын үйлестіре алады (допты қағу, оны итеру, өзіне құрсау кию, қағазды жырту);
9) педагогтың нұсқауы бойынша қимыл жаттығулары мен тапсырмаларын орындауға талпынады;
10) жүру, жүгіру барысында қол мен аяқты үйлестіре алады;
11) денесін дұрыс ұстауға талпынады;
12) педагогтың белгі беруі бойынша қимыл бағыттарын ауыстырады.
135. Қауіпсіз жүріс-тұрыс негіздері:
1) көру қабілетінің зақымдалуы барысында ересек адаммен жұп қозғалуға үйрету;
2) сақталған анализаторлардың көмегімен (қалдық көру қабілеті арқылы кеңістіктегі таныс заттарды тану, соның бағыты бойынша жүру: дауысы бойынша таныс адамдарджы ажырату, қозғалмай тұрған жерден шыққан дыбысты локализациялау, сол бағытта жүру) бағдарлана алуға үйрету;
3) сақталған анализаторлар арқылы (топтық бөлмеде орналасқан: кеңістікті топпен толықтырылған заттар) оңашаланған кеңістікте бағдарлана алу;
4) топтық бөлмедегі заттар арасында қозғала алу, баспалдақ таянышынан ұстап баспалдақтан түсуге үйрету;
5) бөлмедегі өзінің қауіпсіз жүру (терезені ашуға болмайды, ашық терезеге жақындауға болмайды, кіре беріс есікті ашуға және ересек адамсыз сыртқа шығуға болмайды, тоққа жақындауға болмайды, өткір және кескіш заттарға, газ және электр плитаға жақындауға болмайды) біліктілігін қалыптастыру;
6) көшеде өзін қауіпсіз жүріс-тұрыс (далада өзін байсалды ұстау, ересек адамның немесе жанындағы жүрген адамның қолынан ұстап жүру, танцыс емес адамдарға бармау, жердегі жатқан затты алып аузына салмау) біліктілігін қалыптастыру;
7) табиғатта өзін қауіпсіз жүріс-тұрыс (құмды, тасты аузына салуға болмайды, көзге шашуға, лақтыруға болмайды) дағдыларын қалыптастыру;
8) өсімдіктерге қауіпсіз қарым-қатынас (аузына гүл, жапырақты салуға, көзге апаруғаболмайды, жуылмаған жемістер мен көкіністерді жеуге болмайды) дағдыларын қалыптастыру.
136. Күтілетін нәтижелер:
1) кеңістікте бағдарлануда таныс заттарды бағдарлаудың бағыты ретінде қолданады;
2) таныс адамдардың даусын ажыратады, дауыс бойынша бағыты анықтайды;
3) топ бөлмесінде бағдарлана алады;
4) бөлмедегі қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелерімен таныс;
5) көшедегі қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелерімен таныс;
6) табиғатта өзін қауіпсіз жүріс-тұрыс дағдыларын меңгерген;
7) өсімдіктермен қауіпсіз қатынас жасау дағдыларын меңгерген.
3-параграф. 2-жартыжылдық
137. Дене шынықтыру:
1) баланың дербестігін ұлғайта отырып, денені шынықтыру процедурасын орындау;
2) үш бағытта қозғалу мен тыныштық күйде тепе-теңдікті сақтау сезімін дамытуды жалғастыру;
3) тұрақты және өзгертілген кеңістікте еркін бағдарлана алу дағдыларын шығару;
4) белгі беру арқылы балаларды қатарға қою, көрсетілген бағыт бойынша жеке қимылдауға үйрету, қимыл тарсымаларының сериясын орындау;
5) қимыл жаттығулары уақтысында қолдары мен аяқтарының қимылдарын үйлестіруді жаттықтыру;
6) жалпы дамыту жаттығуларын, гимнастикалық жаттығуларды, денені тік ұстап жүруге арналған жаттығуларды, заттармен жаттығуларды көрсету.
138. Үйретілетін біліктер:
1) қабырғадағы жаттығулар: қабырғаға желкемен, иықпен, жамбаспен, өкшемен жанаса арқамен тұру. Шегіну, дене қалыбын сақтап қабырғаға қайта келу. Қабырғаға желкемен және денемен жанаса отырып-тұру. Қабырғаға арқамен тұрып, қолдарын жан-жағына және жоғары көтеру;
2) басқа жүк ұстаумен жаттығулар (кубик, құммен қалташа, 150-200 гр салмақ): аяқтың ұшымен көтерілу, табанмен түсу, қолдар белде. Үлкен емес қашықтықтан өту (3м-ге дейін). Скамейкаға тұру, одан түсу, қолдардың әр түрлі бастапқы жағдайы;
3) еденде жатқан тақта үстімен жүру;
4) гимнастикалық таяқша бойынша қосымша адымдармен жанымен жүру;
5) гимнастикалық таяқшаның төменгі тақтайы бойынша қосымша адымдармен жанымен жүру;
6) қанат үстінде аяқтарын кезе-кезек топырлату (басу);
7) қанат бойымен қосымша адымдармен жанымен жүру;
8) кедір-бүдір тақта үстімен жүру;
9) отырып, аяқтың өкшесімен канатамен сырғанау;
10) скамейкада жатып қолдарын тарту;
11) еңкіс тақтада жатып қолдары арқылы тартылу (көтеріңкі биіктігінің жиегі 25-30 см).
139. Жүруді орындаудың түрлері:
1) орнында жәй жүру;
2) орнында жылдам жүру;
3) жай және жылдам жүруді орнында ауыстыру;
4) жүрістің аяқтардың қимылына сәйкестігі;
5) қолдардың әр түрлі жағдайында аяқтың ұшымен жүру;
6) қолдардың әр түрлі жағдайында өкшемен жүру;
7) қол ұстасып бір колоннада, бір айналымда жүру;
8) дірілдік және дауыстық сигналына сәйкес қимылдың жәй және жылдам темпімен жүру;
9) белгі бойынша жүрістен жүгіруге көшу;
10) бағыттарын өзгерту жүрісі: тәрбиешінің соңынан, "жыланша", арқан қиылысымен;
11) дірілдік және дауыстық белгілердің шыққан жеріне қарай жүру.
140. Күтілетін нәтижелер:
1) үш бағытта қозғалу мен тыныштық күйде тепе-теңдікті сақтауға талпынады;
2) тұрақты және өзгертілген кеңістікте еркін бағдарлана алуға талпынады;
3) белгі беру арқылы балаларды қатарға қою, көрсетілген бағыт бойынша жеке қимылдауға үйрету, қимыл тарсымаларының сериясын орындауға талпынады;
4) қимыл жаттығулары уақтысында қолдары мен аяқтарының қимылдарын үйлестіруге талпынды.
141. Сөздік. Заттар: доп, жалауша, таяқша, саты, арқан, скамейка, бөрене, шаңғы, барабан, мат, кілем, тақта, доп (үлкен, орта, кішкентай). Іс-әрекеттер:жүру - тура, алға, орындық үстімен, бөренемен, кілем үстімен. Отыру - орындыққа, еденге, матқа, кілемге. Жүгір - жылдам, баяу, алға. Еңбекте - орындық үстімен, кілем, мат үстімен, жылдам - баяу. Секір - жоғары, орындық, кілем үстімен, жіп арқылы, арқан арқылы. Кір - жоғары, жылдам, баяу. Өт - орындық арқылы, бөрене арқылы. Допты лақтыр - кәрзеңкеге, жоғары. Сөз тіркестері:қолдарыңды жоғары, жан-жағыңа көтер. Қолдарыңды төмен түсір. Тіке, қабырғаның, арқанның, орындықтыңқасында тұр. Орындыққа, бөренеге, кілемге тұр. Жылдам, баяу жүр. Орындық, кілем үстімен еңбекте. Бір аяқпен, екі аяқпен секір. Оң және сол аяқпен секір. Жіп, арқан, таяқ арқылы секір. Сатымен жоғары шық. Допты, таяқты, жалаушаны беріп жібер. Мен жүгірдім. Мен шаршадым.
142. Қауіпсіз мінез-құлық негіздері:
1) ересек адамның қолынан баспалдақ таянышын ұстап, баспалдақтан түсу дағдысын қалыптастыру;
2) сақталған анализаторлардың көмегімен (кеңістікте бағдарлану үшін әртүрлі түс, форма, көлемдегі заттарды қолдану: қозғалмай тұрған жерден шыққан дыбысты локализациялау, сол бағытта жүру) бағдарлана алуға үйрету;
3) топтық бөлмедегі заттар арасында қозғала алу, баспалдақ таянышынан ұстап баспалдақтан түсуге үйренуді жалғастыру;
4) ашық және оңашаланған кеңістікте бағдарлана алуға үйретуді жалғастыру;
5) бөлмедегі өзінің қауіпсіз жүру (терезені ашуға болмайды, ашық терезеге жақындауға болмайды, кіре беріс есікті ашуға және ересек адамсыз сыртқа шығуға болмайды, тоққа жақындауға болмайды, өткір және кескіш заттарға, газ және электр плитаға жақындауға болмайды) біліктілігін бекіту;
6) көшеде өзін қауіпсіз жүріс-тұрыс (далада өзін байсалды ұстау, ересек адамның немесе жанындағы жүрген адамның қолынан ұстап жүру, танцыс емес адамдарға бармау, жердегі жатқан затты алып аузына салмау) біліктілігін бекіту;
7) тұрмыстық заттарды (үтік, сіріңке, тоқ шайнигі) дұрыс қолданбаудың салдары туралы түсінік беру;
8) табиғатта өзіндік қауіпсіз жүріс-тұрыс (құмды, тасты аузына салуға болмайды, көзге шашуға, лақтыруға болмайды) дағдыларын бекіту;
9) өсімдіктерге қауіпсіз қарым-қатынас (аузына гүл, жапырақты салуға, көзге апаруға болмайды, жуылмаған жемістер мен көкіністерді жеуге болмайды) дағдыларын бекіту.
143. Күтілетін нәтижелер:
1) кеңістікте бағдарлану үшін әртүрлі түс, форма, көлемдегі заттарды қолдана алады;
2) қозғалмай тұрған жерден шыққан дыбысқа қарай жүреді, дыбысы бойынша ойыншықтарды таниды;
3) серуендеуге арналған алаңда бағдарлана алады;
4) бөлмедегі қауіпсіз жүрыс-тұрыс ережелерімен біледі;
5) көшедегі қауіпсіз жүрыс-тұрыс ережелерімен біледі;
6) тұрмыстық заттарды (үтік, сіріңке, тоқ шайнигі) дұрыс қолданбаудың салдары туралы түсінігі бар;
7) табиғаттағы қауіпсіз жүрыс-тұрыс ережелерімен таныс;
8) өсімдіктерге қауіпсіз қарым-қатынас ережелерін біледі.
4-параграф. "Коммуникация" білім беру саласы
144. "Коммуникация" білім беру саласының базалық мазмұны ұйымдастырылған оқу қызметінде ыммен, дактильды-қатынастық сөйлеу тілін (көру және есіту қабілеттерінің қатар бұзылыстары болған кезде) қалыптастыру; заттық белгілерді (сөйлемейтін балалар үшін) қолданумен байланысты дағдыларын; сөйлеу тілін қалыптастыруды жүзеге асырады.
145. Мақсаты ауытқушылықтың түріне қарай (ым-ишараттық сөйлеу, дактильді-қатынас сөйлеу, зат-белгілердің көмегімен ауызша сөйлеу: қалдық естуі бар бала үшін) әртүрлі формада коммуникативті дағдыларын дамыту және қалыптастыру; вербальды және вербальды емес құралдар арқылы қоршаған ортамен қарым-қатынас жасау қабілетін қалыптастыруболып табылады.
146. Міндеттері:
1) коммуникативті мінез-құлықтың салдарын, коммуникацияның қажеттілігін түсінуін қалыптастыру;
2) өзіне, басқа адамдардың көңілін аударту үшін әртүрлі қарым-қатынас жағдайларында қолдана алу қабілеттілігін және коммуникативті дағдыларын қалыптастыру.
5-параграф. 1-жартыжылдық
147. Көру және есту қабілеттерінің қатар бұзылыстары болған кездегі ым-ишараттық, дактильді-қатынас сөйлеуді қалыптастыру:
1) заттық-жағдаятты қарым-қатынастың жаңа формасын енгізу;
2) дактильді-қатынас формасындағы сөздер қорын кеңейту, оның мәнін түсіну, өздігімен қолдануды үйретуге жалғастыру;
3) балалардың көзқарасын кеңейте отырып айналасындағы адамдармен және қоршаған ортамен жанасу өзара әрекеттерін ұйымдастыру.
4) нақты ұғымдағы (мысалы, әрекет, күнтәртібіндегі оқиғалар) тактильды қабылданатын белгілерді сәйкестендіруге үйретуді жалғастыру;
5) жағымды іс-әрекеттер көлемін шектеуді ұсыну, қалаған нәтижесіне қол жеткізу барысында тосқаулдар туғызу (сүйікті ойыншығын таңдап алу және баланың сөйлеу қарым-қатынасына қол жеткізу үшін оны қолдау);
6) ересек адам қолына ұстап тұрған ойыншықққа баланың көңіл бөліп қалайтын ойыншығын алғанға дейін ұстап тұру;
7) тактильды қабылданатын затқа, оның кішігірім көшірмесіне баланың көру қабілетін тұрақтандыру;
8) дұрыс және бұрыс таңдаудың шынайы салдарын түсінуге мүмкіндік беру;
9) тактильды қабылданатын белгілерді, сонын ішінде "сөйлеуші батырма" бекітілген қолжетімді амалмен "көрсету" үйретуді жалғастыру;
10) "үстел үстінде" нақты жағдаяттарда белгілерді затқа алмастыру білігін; қарама-қарсы отырған ересек адаммен көру байланысын құруға үйрету, өзі қалайтын затты өздігімен немесе түрту, қағып алу, ыммен сұрау біліктілігін қалыптастыру;
11) тактильді қабылданатын белгілердің көпсалалығын түсінуін қалыптастыру;
12) нақты әрекет шеңберінде реттілікке "бірінші-кейін" үйрету;
13) "үстел басында" жағдайында коммуникативті серіктесіне сәйкес объектіге қолды немесе сұқ саусақпен көрсету жолы арқылы ым-ишараттық қарым-қатынасқа жауап ретінде "Не қалайсың?"тактильды қабылданатын белгілер арқылы қалайтын және қаламайтын заттарды таңдауды жүзеге асыру біліктілігін қалыптастыру;
14) 3-5 объект ішінен таңдауды жүзеге асыруға қатысу;
15) тактильды қабылданатын белгілерді қолжетімді амалдармен таңдауды үйрету (қолына алу және әңгімелесушіге беру; қолмен көрсету немесе саусағымен ұстау; коммуникатордың сәйкес басқышын басу);
16) қиын жағдайда ересек адамнан көмек сұрауға үйрету.
148. Күтілетін нәтижелер (көру және есту қабілеттерінің қатар бұзылыстары болған кездегі):
1) қарым-қатынаста ым/немесе сөздер тіркесін белсенді қолданады;
2) кейбір объектілердің мәні дактильды формада берілетін түсінеді;
3) қарым-қатынаста дактильды-байланыстыру формасын қолданады; дактильды сөздер алғашқы ыммен жұп қолданады;
4) дактильды қабылданатын белгілердің мазмұнын (мысалы, "кесе" бұл зат және су ішуді қалау) түсінеді;
5) нақты әрекет шеңберінде (мысалы, "Жуыну" үшін "сабын"-"тіс щеткасы", "стақан"-"бет орамал") реттілікті "бірінші-кейін" біледі;
6) қиын жағдайда ересек адамнан көмек сұрайды.
149. Зат-белгілерін, суреттерді пайдаланумен байланысты дағдыларды қалыптастыру:
1) коммункацияға деген бала қажеттілігін құруды жалғастыру;
2) зат-белгілер, сурет сиволдар көлемін кеңейту;
3) графикалық суреттерге (фота, картинка, пиктограмма, коммункациялық сурет белгілер) көз тоқтатуын іске асыру;
4) графикалық сиволдарды тануға мүмкіндік беру;
5) қарапайым сюжеті бар, заттық бейнелерді, кітап, фотоальбом, "сөйлейтін фотоальбом", "Жағдайлар күнделігі" қарауға қызығушылығын ояту;
6) суреттегі бейне мен шынайы ортадағы заттарды сәйкестендіруге үйрету;
7) суреттегі бейнені өзіне тән белгісі бойынша заттарды ерекшелеуге үйрету;
8) қызметтік белгілеріне сәйкес заттар ішінен 4-6 затты таңдауға үйрету;
9) қарапайым сюжеттік суреттер бойынша екі әрекет ішінен біреуін таңдауға үйрету;
10) суреттегі 15 және одан да көп таныс заттарды атаулары бойынша іздеуді жүзеге асыруды үйрету;
11) "Ойыншық", "Киім", "Тамақ" жалпылау түсініктерін қалыптастыру;
12) коммуникативті кітап, тақта ішінен графикалық белгілерді ерекшелеп, коммуникативті серіктесіне жақындау және графикалық белгіні беруге үйрету;
13) графикалық белгіге сәйкес нұсқаумен "Бер", "Ал" қолжетімді формада ымның көмегімен ойыншық, затты ұсыну/сұрау біліктілігін қалыптастыру;
14) "Кешіктірілген көмек" стратегиясымен ым арқылы адамға немесе басқа біреуге көмек көрсетуді сұрау біліктілігін қалыптастыру;
15) әрекетті орындау туралы өтінішке жауап қайтару біліктілігін қалыптастыру; сұрақ, ұсынылатын жауап "Иә"/ "Жоқ";
16) бірлесіп кітапты көру барысында ересек адаммен ақпарат алмасу біліктілігін қалыптастыру;
17) өзінің "күн тәртібін", "Мен-графикалық бейнемін", "Менің қалауларымның бейнесі", "сөйлейтін фотоальбомды" ересек адаммен бірлесіп құруға қатысудыбелсендіру;
18) "Бұл не?", "Бұл кім?" сұрағына жауап беру ретінде затты немесе адамды атау біліктілігін қалыптастыру; "Не істеп жатыр?" сұрағына жауап беру ретінде хабарлау; "Қайда?" сұрағына жауап беру ретінде зат немесе адамның орналасқан орнын сипаттау;
19) адам, әрекет, орналасқан орны (көзбен ересек адамға немесе күтілетін жауап орнына қарау) туралы сұрау біліктілігін қалыптастыру;
20) "сөйлеуші батырманың" көмегімен сөздік хабарлама, сөз немесе ым арқылы бөлме ішіндегі отбасы мүшелері, жақын таныстарымен сәлемдесуге, қоштасуға үйрету;
21) баланың қоршаған ортадағы адамдарға уайымдайтынын, мейірімділік танытуын көрсететін мінез-құлықты белсендіру: ересек адамның қамын ойлайды, оған көмектеседі, мінедетті түрде кезектілігі бар әрекетті жасайды.
150. Коммуникацияның белгілер жүйесін меңгеру бойынша күтілетін нәтижелер:
1) қоршаған ортаны графикалық белгілермен белгілеуге болатынын түсінеді;
2) қызметтік белгілеріне сәйкес заттар ішінен 4-6 затты таңдайды;
3) қарым-қатынас жасауда белгілік коммункацияларды белсенді қолданады;
4) графикалық белгілерді таниды;
5) коммуникативті кітап, тақта ішінен графикалық белгілерді ерекшелеп, коммуникативті серіктесіне жақындау және графикалық белгіні береді;
6) әрекетті орындау туралы өтінішке жауап қайтарады; сұрақ, ұсынылатын жауап "Иә"/ "Жоқ";
7) бірлесіп кітапты көру барысында ересек адаммен ақпаратпен алмасады;
8) өзінің "күн тәртібін" құруға қатысады;
9) "Бұл не?", "Бұл кім?" сұрағына жауап беру ретінде затты немесе адамды атайды және көрсетеді; "Не істеп жатыр?" сұрағына жауап беру ретінде хабарлау; "Қайда?" сұрағына жауап беру ретінде зат немесе адамның орналасқан орнын сипаттайды;
10) адам, әрекет, орналасқан орны (көзбен ересек адамға немесе күтілетін жауап орнына қарау) туралы сұрайды;
11) "сөйлеуші батырманың" көмегімен сөздік хабарлама, сөз немесе ым арқылы бөлме ішіндегі отбасы мүшелері, жақын таныстарымен сәлемдеседі, қоштасады;
12) баланың қоршаған ортадағы адамдарға уайымдайды, мейірімділік танытады: ересек адамның қамын ойлайды, оған көмектеседі, міндетті түрде кезектілігі бар әрекетті жасайды.
151. Сөйлеуді дамыту (баланың ауызша (дыбыстық) сөйлеу тілін қалыптастыру және дамыту):
1) педагогтың сөйлеу және заттық әрекетіне еліктеуге үйрету: дыбысқа еліктеуді айту, дидактикалық ойын, заттармен әрекет жасау барысында толық сөздік қорын қолдана білу;
2) ойыншықтарды, заттарды, әрекеттерді атау (дидактикалық ойын жүргізу, пиктограмма қою арқылы ауызша айту жолы арқылы) талпынысын ынталандыру;
3) ауызша сөйлеу тіліне былдырлау, толық сөздер, қысқа сөз тізбектерді қолдануға рұқсат беріледі;
4) ересек адам мен балаға (педагогқа еліктеу бойынша) өтініш "бер,берші допты" білдіруге үйрету;
5) педагогқа еліктеу бойынша саусақтың (саусақ гимнастикасы) әртүрлі қалпын орындауға, бұлдырлау мен толық формада жануарлардың атауымен саусақ қалпын сәйкестендіруге үйрету.
152. Үлгі ретіндегі сабақ тақырыптары: үлкендер мен балалардың есімдері; отбасы; ойыншықтар;жемістер;көкіністер;киім және аяқ киім;азық-түлік;мейрам; жануарлар.
153. Сөйлеуді дамыту (баланың ауызша (дыбыстық) сөйлеу тілін қалыптастыру және дамыту) бойынша күтілетін нәтижелер:
1) сабақта және тұрмыстық жағдайда қолданылатын сөздер мен сөз тіркесінің мәнін түсінеді;
2) сабақта және тұрмыстық жағдайда қолданылатын сөз тіркесінің мәнін түсінеді.
154. Сөйлеу материалдары баланың мүмкіндігіне қарай таңдалынып алынады.
6-параграф. 2-жартыжылдық
155. Көру және есту қабілеттерінің қатар бұзылыстары болған кездегі ым-ишараттық, дактильді-қатынас сөйлеуді қалыптастыру:
1) "күн тәртібі" құрамындағы тактильды қабылданатын белгілерді түзу (көлдеңнен) реттілігінде тұрақтануға жәрдемдесу;
2) коммуникативті кітапта "таңдау тақтасынан" ұқсас белгілерді тануға үйрету;
3) соңғы ақпаратты ересек адамнан балаға немесе керісінше жеткізу кезінде ересек адам мен тактильды қабылданатын ымдар арасындағы зейінді анықтауға үйретуді жалғастыру;
4) кеңістіктегі шарттарды күрделендіру кезеңін де дактильды формада ым/сөздерге сәйкес коммуникативті серіктесінің қолындағы қалаған заттар арасына зейін қоюды анықтауға үйретуді жалғастыру;
5) тактильды қабылданатын ымның маңыздылығын түсінуіне жәрдемдесу: нақты заттар мен жағдаяттарда ("тісті ысу"): "тіс пастасының түтігі" "тіс щеткасы"оларды сәйкес жағдаяттарға сәйкестендіру ( "тісті жуу");
6) шынайы өмірдің заттары мен нақты түсініктеріне сай тактильды қабылданатын ымды сәйкестендіруге үйрету;
7) қарама-қарсы мәні бар (үлкен-кіші, таза-кір) белгілерді түсінуге жәрдемдесу;
8) болып жатқан оқиғаның орнына және басқа да орынға орналастырылған тактильды қабылданатын белгілер арасында байланыс орнатуға үйрету;
9) өзінің ниетін нақтылауға келісу/келіспеу немесе бас тарту/ келісімін бермеуін қарапайым "сөз тіркесімен" айтуға жәрдемдесу: мысалы, аюға көрсету-ым "Иә" - "Мен аюмен ойнағым келеді";
10) әңгімелесушінің сөзінен келістім/келіспедімді айтуға үйрену;
11) коммуникативті кітаптағы "басынан-содан соң" жағдайында, күн тәртібін "Бастапқы да не істейміз?" құру кезінде "таңдау тақтасындағы" тактильды қабылдау белгілерін таңдау жағдайындағы ересек адамның қатынасына сәйкес нақты және жалпылауыш талаптарды "қалыптастыру" біліктілігн қалыптастыру;
12) сөйлеу тілінің ым-ишараттық-байланыс формасынан, дактильды байланыс формасына көшу бойынша жұмыс дағдысын қалыптастыру;
13) "Кешіктірілген көмек" стратегиясымен ым арқылы адамға немесе басқа біреуге көмек көрсетуді сұрау біліктілігін қалыптастыру;
14) коммуникативті кітапта ересек адамның ым-ишараттық/немесе сөздік қатынасына жауап ретінде "тақта таңдауынан" кеңейтілген көрнекілікті таңдауда жағдайында тактильды қабылданатын белгілерді таңдауға үйрету.
156. Көру және есту қабілеттерінің қатар бұзылыстары болған кездегі ым-ишараттық, дактильді-қатынас сөйлеуді қалыптастыру бойынша күтілетін нәтиже:
1) "күн тәртібі" құрамындағы тактильды қабылданатын белгілерді түзу (көлдеңнен) реттілігінде тұрақтандырады;
2) коммуникативті кітапта, "таңдау тақтасынан" ұқсас белгілерді біледі;
3) тактильді қабылданатын ымның маңыздылығын түсінеді: нақты заттар мен жағдаяттарда ("тісті ысу"): "тіс пастасының түтігі" "тіс щеткасы" оларды сәйкес жағдаяттарға сәйкестендіру ( "тісті жуу");
4) қарама-қарсы мәні бар (мысалы, үлкен-кіші, таза-кір) белгілерді түсінеді;
5) болып жатқан оқиғаның орнына және басқа да орынға орналастырылған тактильды қабылданатын белгілер арасында байланыс орнатады;
6) келіседі/келіспейтінін айтады;
7) "коммуникативті кітаптағы "басынан-содан соң" жағдайында, күн тәртібін "Бастапқыда не істейміз?" құру кезінде "таңдау тақтасындағы" тактильді қабылдау белгілерін таңдау жағдайындағы ересек адамның қатынасына сәйкес нақты және жалпылауыш талаптарды қалыптастырады;
8) "Тежелуге байланысты көмек" стратегиясын іске асыруда ым-ишарат арқылы қызмет (көмек) көрсету туралы сұрайды;
9) коммуникативті кітапта ересек адамның ым-ишараттық/немесе сөздік қатынасына жауап ретінде "тақта таңдауынан" кеңейтілген көрнекілікті таңдауда жағдайында тактильды қабылданатын белгілерді таңдайды.
157. Зат-белгілерін, суреттерді пайдалануымен байланысты дағдыларды қалыптастыру:
1) тұрмыстық және заттық әрекеттерді, құрдастаы мен ересек адамның мимикасы мен интонациясына еліктеуге; артикуляциялық қимылдарға еліктеу; иллюстрациялық әрекеттерге еліктеуге үйретуді жалғастыру;
2) музыка мен есептеу бойынша таныс қимылды қайталауға үйрету;
3) ойын барысында өз кезегін күту, кезектілікті сақтау біліктілігін бекіту;
4) ересек адамның балаға қарасты айтылған ым және ым-ишараттық сындарын имитациялауға жәрдемдесу;
5) әрекетін реттілігі, оны орындаудың басталуы мен аяқталуына қарасты ересек адамның сөздік және ым-ишараттық сынын түсінуге ынталандыру;
6) келбеті мен дене бөлігінің, ойыншықтың, азық-түліктің,киімдер, аяқ киімдер, ыдыс-аяқ, жиһаз, көліктер қызметтері; заттарды, әрекеттерді, белгілерді, іздеу құрамы бар оқиғаларды ым-ишараттық, сөздік белгілеу (Қайда? Қашан? Қандай?), нақты көрнекі таңдалған жағдаятта (2-12 суреттен, 2-7 заттар ішінен) ересек адамның өтініші мен репродуктивті сұрақтар ("Бер,әкел көрсет") туралы түсініктерін қалыптастыру;
7) сөздік қатынас және нұсқаушы ым негізінде ересек адамның өтінішін орындауға үйрету: "Маған бер.....және " (бөлмеде бар 4 заттан 2 затты табу);
8) бір затқа қарасты ("Қуыршақты ал, тамақтандыр, төсекке жатқыз"); үш затқа байланысты екі сатылы нұсқау ("Қуыршақты төсекке жатқыз және бөтелке бер") үш сатылы нұсқауды түсіну және орындауға жәрдемдесу;
9) заттардың күйі, белгісіне қарасты нұсқауды орындау біліктілігін қалыптастыру: екі заттан - кіші және үлкен - оның ішінен үлкен, кішіні таңдау; ым-ишараттық және сөздік өтініш бойынша затты басқа затқа салу; топтан бірдей затты таңдау: "осындай", "ондай емес";
10) ым-ишараттық-сөздік тұрғыдағы мақтау мен мадақтауды түсіндіруді жалғастыру; таныс, қайталанатын оқиғаларды қарапайым түрде айтып бере алу;
11) бір-екі фигура түріндегі сюжеттік картинканы түсінуге жәрдемдесу: "сен және мен серуенге шығуға киінеміз";
12) келбеті мен дене бөлігін, ойыншықтарды, азық-түлікті,киімдер, аяқ киімдер, көліктер, жануарлар, адамдардың кәсібін, ауа райының негізгі күйін; ересек адамның сұрағына жауап беру кезінде тұрмыстық жағдаяттарды, әрекеттерді, кейбір белгілер мен күйлерді ым-ишараттық (сурет немесе сөйлеу тілі) белгілеуге жәрдемдесу;
13) "Сәлеметсіз бе", "Рахмет", "Сау болыңыз" әлеуметтік маңызы бар түсініктерді меңгеруге жәрдемдесу;
14) "Қалын қалай?", "Үйде не істедің?", "Кім сені әкелді?", "Сен қуыршақпен ойнайсын ба?", "Не қалайсын?"; деген қатынасқа ½ ым-ишараттық және сөзбен жауап беруге көмектесу;
15) "Мен", "Сен", "Ол"; "Менікі", "Сенікі", "Маған", "Саған" деген сөзді түсіну және әрі қарай ым-ишарат (сөзді) дифференциациялауға жәрдемдесу.
158. Коммуникацияның белгілер жүйесін меңгеру бойынша күтілетін нәтижелер:
1) коммуникацияны белгілік құралдарын қатынаста белсенді қолдану;
2) қайда? қашан? қандай? деген сұраққа заттардың (адамдардың) бағытын, қасиетін орналасқан орнын сипатай алады;
3) "Иә"/"Жоқ", мысалы, "Қуыршақты алуға бола ма?" жауабын талап ететін сұраққа әрекетті, орналасқан орны туралы сұрақтарды қолданады;
4) "сөйлеуші батырманың" көмегімен сөздік хабарлама, сөз немесе ым арқылы бөлме ішіндегі отбасы мүшелері, жақын таныстарымен сәлемдеседі, қоштаса алады;
5) сөздік қатынас және нұсқаушы ым негізінде ересек адамның өтінішін орындайды: "Маған бер.....және " (бөлмеде бар 4 заттан 2 затты табу);
6) бір затқа қарасты ("Қуыршақты ал, тамақтандыр, төсекке жатқыз"); үш затқа байланысты екі сатылы нұсқау ( "Қуыршақты төсекке жатқыз және бөтелке бер") үш сатылы нұсқауды түсінеді және орындайды;
7) заттардың күйі, белгісіне қарасты нұсқауды түсінеді және орындайды: екі заттан - кіші және үлкен - оның ішінен үлкен, кішіні таңдау; ым-ишараттық және сөздік өтініш бойынша затты басқа затқа салу; топтан бірдей затты таңдау: "осындай", "ондай емес";
8) ым-ишараттық-сөздік тұрғыдағы мақтау мен мадақтауды түсіндіруді жалғастыру; таныс, қайталанатын оқиғаларды қарапайым түрде айтып береді;
9) бір-екі фигура түріндегі сюжеттік картинканы түсінеді: "Ваня және Таня серуенге шығу үшін киініп жатыр";
10) келбеті мен дене бөлігін, ойыншықтарды, азық-түлікті,киімдер, аяқ киімдер, көліктер, жануарлар, адамдардың кәсібін, ауа райының негізгі күйін; ересек адамның сұрағына жауап беру кезінде тұрмыстық жағдаяттарды, әрекеттерді, кейбір белгілер мен күйлерді ым-ишараттық (сурет немесе сөйлеу тілі) белгілеуге талпынады;
11) "Қалың қалай?", "Үйде не істедін?", "Кім сені әкелді?", "Сен қуыршақпен ойнайсын ба?", "Не қалайсын?"; деген қатынасқа ½ ым-ишараттық және сөзбен жауап береді;
12) "Мен", "Сен", "Ол", "Менікі", "Сенікі", "Маған", "Саған"сияқты ым-ишарат/сөздерді түсінеді және ажыратады;
13) қажетті коммуникациялық құралдармен диалогқа түседі және аяқтайды.
159. Сөйлеуді дамыту(баланың ауызша сөйлеу тілін дамыту және қалыптастыру):
1) сөздік материалды (педагогпен бірге, педагогтан кейін) бейнелейтін-ілесетін сөздермен айтып беру дағдыларын қалыптастыруды жалғастыру;
2) баланы барлық сабақтарда, тұрмыста бейнелейтін-ілесімді сөздер мен сөз тіркесін айтуға үйрету;
3) баланы сабақта және тұрмыста ауызша сөздерді (бер, ал, көрсет, көмектес) айтуға үйрету;
4) сабақ пен тұрмыстық жағдайды (жуу, қолды сүрт, дәретханаға барыңыз) ұйымдастырумен байланысты нұсқаулықтарды түсінуге және орындауға үйрету;
5) көру-есту арқылы қабылдау кезінде таныс сөздер мен сөз тіркесін жақсы ажыратуға үйрету;
6) күнтәртіп сәттерін және сабақ процесінде педагогтың көмегімен "Бұл не? Мұнда не бар?" сұрағын қолдануға (ауызша және карточка бойынша), заттардың атын айқындау;
7) қысқа сөз тіркестерін және сөздерді бейнелі айтуын немесе өздігімен әрекеттенуін қалыптастыру ;
8) ауызша нұсқаулықтарды (бұйрық райдағы етістікті қолдану) түсінуге және орындауға үйрету: "Бер, берд оп (алма…), басты көрсет (аяқ,қол), шаршыны ал (қуыршақты )";
9) ашық райдағы етістікті қолдануы бар сөйлемді түсіну және ажыратуға үйрету: "Аю құлады","Бала жүгіріп барады". Суреттегі бейнеленген әрекетті көрсету.
160. Сөздік материал (сабақтар мен тұрмыста қолданылады): жуу, сүрт, маған кел, бар серуенде, ал, көрсет, қой, сөйле, жабыстыр, сурет сал, жүгіреді, жейді, ішеді, жүріп келеді, отыр; апа, (атай), ата, аға, ұл, қыз; сүт, компот; қияр, қызанақ; апельсин; пальто, тон, қалпақ, қолғап, орамал, шұлық; етік, пима; бас, қол, аяқ, көз, құлақ, ауыз, мұрын; сиыр, ат, үйрек, әтеш, қоян, түлкі, қасқыр, көбелек, қоңыз; кесе, тәрелке, қасық; үстел, шкаф, орындық, төсек; қыс, суық, қар (жаңбыр) жауды, көктем, күн жарқырап тұр, жел соғым тұр, жылы, шөп,гүл, жапырақ, үлкен, кіші, таза, кір, қызыл,жасыл, көк, сары, тәтті, дәмді. Қайда? Қандай? Не бар? Жуу (сүрт) қолыңды (аяғыңды..). Тәте (мама),бер (ал) доп (қуыршақ, қоян). Аяғыңды көрсет (көз, құлақ, ауыз). Қасықты қой (қалпақты…). Ұл ( қыз) жүгіреді (отыр, құлады).
161. Үйретілетін біліктер:
1) дауыс ырғақ күшін өзгертіп (қатты-жай) сөздер буындарды айту;
2) сөйлеу мүшелерінің қимылын және ірі қимылдардағы ырғақ сезіміне тәрбиелеу, ырғақпен жұмыс: айтылған сөздің қолмен үйлесімділігі (шапалақтау);
3) жүрумен сөздің үйлесімділігі;
4) әуен мен сөйлеу тілін ажырату;
5) дем алу мен дауысты дамыту үшін дауссыз дыбысы жоқ күрделі сөз қолданылады.
162. Күтілетін нәтижелер:
1) бейнелеуші ілеспелі айта алады;
2) барлық сабақтарда, тұрмыста сөздер мен сөйлемдерді айта алады;
3) сөздер айтады (бер, ал, көмектес, көрсет);
4) сабақ пен тұрмыстық жағдайды (жуу, қолды сүрт, дәретханаға барыңыз) ұйымдастырумен байланысты нұсқаулықтарды түсінеді және орындайды;
5) көру-есту арқылы қабылдау кезінде таныс сөздер мен сөз тіркесін жақсы ажыратады.
7-параграф. "Таным" білім беру саласы
163. "Таным" білім беру саласының базалық мазмұны келесі ұйымдастырылған оқу қызметтерінде жүзеге асырылады: сенсорика, кеңістікте бағдарлай білу, жаратылыстану, қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру, құрастыру.
164. Мақсаты - сенсорлық емес психикалық функциялармен бірге сақталған анализаторлардың негізінде баланың танымдық қабілетін дамыту және түзету.
165. Міндеттері:
1) озаттардың мәнді белгілерін ерекшелеу, салыстыру, бақылау біліктілігін қалыптастыру негізінде танымдық тәжірибесін молайту;
2) түсінік қалыптастыру мақсатында заттар туралы білімдерін жалпылау және топтастыру амалдарын үйрету;
3) перцептивті әрекетті қалыптастырудың негізі ретінде заттық-тәжірибелік әрекетті дамыту;
4) кеңістікте бағдарлану дағдыларын дамыту.
8-параграф. 1-жартыжылдық
166. Сенсорика.
167. Иіс пен дәм сезуді дамыту:
1) қарапайым иістерді ажыратуға үйрету;
2) қолданылатын тамақтар әртүрлі дәмде болатыны туралы білімдерін бекіту (тәтті кәмпит, қышқыл алма);
3) ас азық-түлікке тән иістерді ажыратуға үйрету;
4) бірнеше иістерден бірдей иістерді табуға ынталандыру;
5) тірі және өлі табиғат объектілері мен заттардың шынайы иістерімен таныстыру;
6) тұрмыстық және тамақ иістерін ажыратуға үйрету;
7) қоршаған кеңістіктегі иісті заттармен сәкестендіруге үйрету.
168. Тактильды қабылдауының дамуы:
1) нақты және контрастылы тактильды қоздырғыштарға зейіндерін тұрақтандыруға үйрету;
2) заттың көлемі мен формасын ескере отырып, затты алу біліктілігін бекіту;
3) беткі жамылғысының құрылымымен ерекшеленетін табиғи матриалдарды қолдану арқылы тактилды қабылдауын дамытуды жалғастыру;
4) ашық көзімен беткі жамылғысы әртүрлі заттарды қолмен қысуға үйрету;
5) арнайы қозғалғыш қимылмен зерттеуге үйрету;
6) алақан, қол, саусақтарымен заттарды зерттеу біліктілігін қалыптастыру;
7) өз-өзіне қолына және массаж жасау арқылы тактильды қабылдауын дамытуға жәрдемдесу; масаж щеткасының көмегімен арқаға массаж жасау.
169. Қалдық көру арқылы қабылдауының дамуы:
1) қолмен қағып алуды қалыптастыру, қол мен көз қимылын бақылау, затқа көз тоқтатуға үйрету;
2) ересек адаммен қарым-қатынас жасау шенберінде заттар мен ойыншықтарға қызығушылығын дамытуды жалғастыру;
3) диалог бойынша серіктесіне зейінін тұрақтандыруға жәрдемдесу;
4) тактильды қабылданатын графикалық белгілер (фота, сурет) және ойыншықтарға, оның бөліктеріне,заттарға көз тоқтатуына ынтасын шақыру ;
5) кеңістікте орналасуына қарай заттардың бі-біріне қатынасына қарай зататрдың бөліктерін орналастыруға үйрету;
6) заттарды формасы бойынша (дөңгелек, төртбұрыш, тіктөртбұрыш) түсі бойынша (көк,қызыл, сары), мөлшері бойынша (үлкен-кіші) дифференцациялауға үйрету;
7) сандық белгіге (біреу-көп)бағдарланауға үйрету;
8) есептеуші таяқшаның көмегімен ересек адамның әрекетіне еліктеу арқылы құрастыру элементтерін кеңістікте орналастыруға үйрету;
9) еліктеу бойынша қарапайым құрылыс құру біліктілігін бекіту;
10) еңкею тегістігінде баланың бормен сурет салуға ынталандыру;
11) форма және көлемі бойынша бірдей заттарды сәйкестендіру біліктілігін бекіту;
12) көлемі бойынша үш зат арасындағы (үлкен,кіші-ең кіші) сәйкесті туралы түсініктерін қалыптастыру;
13) үш мүмкіндіктен берілген сенсорлық қасиеті бойынша затты таңдауға үйрету.
170. Есту қабілетін дамыту:
1) сөздік емес дыбыстарға қызығушылығын ояту, оған жауап қайтаруын дамыту;
2) сөздік емес дыбыстарды дифференциациялау біліктілігін дамыту;
3) әртүрлі қашықтықта (жақын-алыс) дыбыс дереккөзін табуға үйрету;
4) бағытты дұрыс табуға, қайдан дыбыс шығып жатқанын, өз орналасқан жерін анықтау, қимыл бағытын анықтауға үйрету;
5) шулы ортада ересек адамның даусын тыңдауға үйрету;
6) заттың дыбысталуы бойынша (ойыншық, сылдырмақ, музыкалық ойыншық) дұрыс дыбысталған ойыншықты табуға үйрету;
7) еліктеу бойынша дұрыс дыбысталған ойыншықты табуға, өздігімен дыбысқа еліктеуді жасауға үйрету;
8) ақырын және қатты дауысты шығару үшін дыбыс күшін өлшеуге үйретуді жалғастыру;
9) шум сипаты бойынша ажырату, оларға эмоционалды жауап қайтаруға үйрену: қуанышты дыбысқа қуанышты мимика, сәйкес қимылғаестуін тұрақтандыру.
171. Вестибулярлы аппаратын дамыту:
1) шынтаққа тіреліп, ішпен жату қалпында (ойнау, сурет салу) жұмыс жасауға баланы үйрету;
2) алдындағы ойыншықты итеру арқылы тосқауылдан айналып қозғалуға үйрену;
3) аяқтың ұшында жүруді бекіту;
4) тізқатар тұруға үйрету;
5) аяқтың кезектілігімен баспалдақ бойынша түсуге үйрету;
6) сүйенішпен бір аяқта тұру қалпында қимыл үйлесімділігінің дамуына жәрдемдесуді жалғастыру (оң және солға бөлек);
7) допты аяқпен тебуге үйрету;
8) допты екі қолымен ұстап көлдеңнен лақтыруға үйрету;
9) екі қолымен допты ұстап алуға үйрету;
10) таяқша арқылы атап өтуге үйрету; зат астына еңбектеу;
11) ересектің көмегімен гимнастикалық таяқша бойынша жүруге үйрету;
12) гимнастикалық таяқшадан атап өтуге үйрету;
13) тік және көлдеңнен жазықтықта сурет салуға үйретуді жалғастыру.
172. Күтілетін нәтижелер:
1) қарапайым иістерді ажырату;
2) қолданылатын тамақтар әртүрлі дәмде болатыны туралы біледі (тәтті кәмпит, қышқыл алма);
3) азық-түліктерге тән иістерді ажыратады;
4) бірнеше иістерден бірдей иістерді табады;
5) тұрмыстық және тамақ иістерін ажыратады;
6) қоршаған кеңістіктегі иісті заттармен сәкестендіруге үйрету;
7) нақты және контрастылы тактильды қоздырғыштарға зейіндерін тұрақтандырады;
8) заттың көлемі мен формасын ескере отырып, затты алады
9) ашық көзімен беткі жамылғысы әртүрлі заттарды қолмен қысады;
10) арнайы қозғалғыш қимылмен зерттеуді қолданады;
11) алақан, қол, саусақтарымен заттарды зерттейді;
12) қолмен қағып алуды қалыптастыру, қол мен көз қимылын бақылау, затқа көз тоқтатады;
13) ересек адаммен қарым-қатынас жасау шенберінде заттар мен ойыншықтарға қызығушылық танытады;
14) диаолог бойынша серіктесіне зейінін тұрақтандырады;
15) тактильды қабылданатын графикалық белгілер (фота, сурет) және ойыншықтарға, оның бөліктеріне,заттарға көз тоқтатады;
16) кеңістікте орналасуына қарай заттардың бір-біріне қатынасына қарай заттардың бөліктерін орналастырады;
17) заттарды формасы бойынша (дөңгелек, төртбұрыш, тіктөртбұрыш) түсі бойынша (көк,қызыл, сары), мөлшері бойынша (үлкен-кіші) дифференцациялайды;
18) сандық белгіге (біреу-көп)бағдарланады;
19) есептеуші таяқшаның көмегімен ересек адамның әрекетіне еліктеу арқылы құрастыру элементтерін кеңістікте орналастырады;
20) еліктеу бойынша қарапайым құрылыс құрады;
21) еңкею тегістігінде баланың бормен сурет салуға талпынады;
22) форма және көлемі бойынша бірдей заттарды сәйкестендіреді;
23) көлемі бойынша үш зат арасындағы (үлкен,кіші-ең кіші) сәйкестіндіруге талпынады;
24) үш мүмкіндіктен берілген сенсорлық қасиеті бойынша затты таңдайды.
25) сөздік емес дыбыстарға қызығушылығын ояту, оған жауап қайтарады;
26) сөздік емес дыбыстарды дифференциациялайды;
27) әртүрлі қашықтықта (жақын-алыс) дыбыс дереккөзін табады;
28) бағытты дұрыс табуға, қайдан дыбыс шығып жатқанын, өз орналасқан жерін анықтау, қимыл бағытын анықтайды;
29) шулы ортада ересек адамның даусын тыңдайды;
30) заттың дыбысталуы бойынша (ойыншық, сылдырмақ, музыкалық ойыншық) дұрыс дыбысталған ойыншықты табады;
31) еліктеу бойынша дұрыс дыбысталған ойыншықты табуға, өздігімен дыбысқа еліктейді;
32) ақырын және қатты дауысты шығару үшін дыбыс күшін өлшейді;
33) шуды сипаты бойынша ажыратып, оларға эмоционалды жауап қайтарады: қуанышты дыбысқа қуанышты мимика, сәйкес қимылға естуін тұрақтандырады;
34) шынтаққа тіреліп, ішпен жату қалпында (ойнау, сурет салу) жұмыс жасайды;
35) алдындағы ойыншықты итеру арқылы тосқауылдан айналып өтеді;
36) аяқтың ұшында жүруге талпынады;
37) тізқатар тұруға талпынады;
38) аяқтың кезектілігімен баспалдақ бойынша түседі;
39) сүйенішпен бір аяқта тұру қалпында қимыл үйлесімділігіне талпынады (оң және солға бөлек);
40) допты аяқпен тебуге талпынады;
41) допты екі қолымен ұстап көлдеңнен лақтырады;
42) екі қолымен допты ұстап алады;
43) таяқша арқылы атап өтеді; зат астынан еңбектейді;
44) ересектің көмегімен гимнастикалық таяқша бойынша жүреді;
45) гимнастикалық таяқшадан аттап өтеді;
46) тік және көлдеңнен жазықтықта сурет салады.
173. Кеңістікте бағдарлай білу:
1) балаға қоршаған кеңістікте қозғалу үшін өз денесінен қарай жүру нүктесі екенін санасына жеткізу;
2) кеңістікте бағдарлану үшін қалдық көруін қолдану дағдысын қалыптастыру;
3) өз дене бөлігін ересек адамның, қуыршақтың дене бөлігімен сәйкестендіруге үйрету ;
4) дене бөліктерінің кеңістікте орналасу туралы түсініктерін қалыптастыруды (бас-жоғары, аяқ-төмен, сол қол, оң қол) дамыту;
5) үй, бөлме ішінен шығу негізінде жақын ортада бағдарлана алуын жалғастыру;
6) баланы бөлме кеңістігінде және заттардың кеңістікте орналасуына (анда, мында), қоршаған орта, сурет салу, жапыстыру, құрастыру, заттық-ойын әрекетіне бағдарлана алуға үйрету;
7) топ кеңістігінде бағдарлана алуға үйрету, ұйықтан тұруды түсіну: дәретханаға бар, топқа бар; пиктограмманы қолдану;
8) бөлмеден және балбақшадан тыс кеңістікте бағдарлануға үйрету;
9) жүру амалын, жүру кезінде қол мен аяқтың үйлесімділігін сақтауын жалғастыру;
10) баспалдаққа дұрыс түму мен шығу біліктілігін дамыту (өз әрекетін дактильды-ым-ишараттық немесе сөздік (қалдық естуі бар кезде) формада тұтқадан ұстау, бір аяғын қою, бір аяғын баспалдаққа қою: "Мен жоғарыдамын. Мен төменге түсемін";
11) баланы ауыспалы кеңістікпен таныстыру, мысалы, үстелге жету үшін алдындағы ойыншықты алу.
174. Күтілетін нәтижелер:
1) балаға қоршаған кеңістікте қозғалу үшін өз денесінен қарай жүру нүктесі екенін біледі;
2) кеңістікте бағдарлану үшін қалдық көруін қолданады;
3) өз дене бөлігін ересек адамның, қуыршақтың дене бөлігімен сәйкестендіреді;
4) дене бөліктерінің кеңістікте орналасу туралы түсініктері бар;
5) үй, бөлме ішінен шығу негізінде жақын ортада бағдарлана алуға талпынады;
6) жүру амалын, жүру кезінде қол мен аяқтың үйлесімділігін ұштастырады;
7) баспалдаққа дұрыс түсуді, шығады (өз әрекетін дактильды-ым-ишараттық немесе сөздік (қалдық естуі бар кезде) формада тұтқадан ұстау, бір аяғын қою, бір аяғын баспалдаққа қою: "Мен жоғарыдамын. Мен төменге түсемін";
8) баланы ауыспалы кеңістікпен таныс, мысалы, үстелге жету үшін алдындағы ойыншықты алу;
9) баланы бөлме кеңістігінде және заттардың кеңістікте орналасуына (анда, мында), қоршаған орта, сурет салу, жапыстыру, құрастыру, заттық-ойын әрекетіне бағдарланады;
10) топ кеңістігінде бағдарлана алады, ұйықтан тұруды түсінеді: дәретханаға бар, топқа бар; пиктограмманы қолдану;
175. Жаратылыстану.
176. Мен және қоршаған орта:
1) топ педагогын тану, атымен сәйкестендіре алу біліктілігін қалыптастыру;
2) топ балаларын тану, атымен сәйкестендіре алу біліктілігін қалыптастыру;
3) таныс және таныс емес адамдарды тану біліктілігін қалыптастыру.
177. Мен және табиғат.
178. Тәулік бөліктері:
1) бала орындайтын тәжірибелік әрекет негізінде тәулік (күн-түн) бөліктері туралы білімдерін қалыптастыру;
2) күн мен түннің белгілері туралы білімдерін қалыптастыру (күндіз-жарық, күн шығады, түнде-қараңғы);
3) тәулік бөлігімен (күндіз-ойнайды, тамақ ішеді; түнде-ұйықтайды) күн тәртібінде нақты әрекетті сәйкестендіру біліктілігін қалыптастыру;
4) графикалық бейнелерді қолдану арқылы тәулік бөлігін (сөйлеу мүмкіндігі бар балаға сәйкес) атауға, күн мен түнді ажырату біліктілігін қалыптастыру.
179. Жыл мезгілдері:
1) бала орындайтын (жазда-құмда ойнаймыз, қыста-қармен ойнаймыз) тәжірибелік әрекет негізінде жыл мезгілдері (жаз-қыс) туралы білімдерін қалыптастыру;
2) жаз-қыс мезгілінің белгілері туралы (жазда-жылоы, ағаштарда жасыл жапырақтар; қыста-суық, қар бар) білімдерін қалыптастыру;
180. Өлі табиғаттың объектілері:
1) тірі емес табиғат объектілері туралы білімдерін қалыптастыру (құм, тас);
2) тәжірибелік әрекетте (құм-құрғақ, дымқыл) құмның қасиеті мен ерекшеленетін белгілері туралы білімдерін қалыптастыру;
3) құммен (себу, салу, қазу, жапыстыру) әрекет жасау біліктілігін қалыптастыру;
4) таспен таныстыру: кішкентай тастар- балабақша алаңында, аквариумде; үлкен тастар-далада. Кішкентайлар- жеңіл, үлкендер-ауыр;
181. Өсімдіктер:
1) жақын ортадағы өсімдіктеріне (ағаш, шөп, бөлме гүлдері) қызығушылығын ояту;
2) жемістер (алма, алмұрт) және көкіністер (қияр, қырыққабат) туралы білімдерін қалыптастыру;
3) көкініс пен жемісті сыртқы келбеті мен дәмінен тану біліктілігін қалыптастыру;
4) өсімдіктерге (шыбықтарды сындыруға, гүлдерді үзуге болмайды: өсімдіктерге күтім жасау) мейірімділік қатынас жасау біліктілігін қалыптастыру;
5) графикалық бейнелердің көмегімен өсімдіктерді көрсету мен атау (сөйлеу тілінде мүмкіндігі бар балаға) біліктілігін қалыптастыру.
182. Күтілетін нәтижелер:
1) топ педагогын таниды, атымен сәйкестендіреді;
2) топ балаларын таниды, атымен сәйкестендіреді;
3) таныс және таныс емес адамдарды таниды;
4) бала орындайтын тәжірибелік әрекет негізінде тәулік (күн-түн) бөліктері туралы білімдері бар
5) күн мен түннің белгілері туралы білімдері бар (күндіз-жарық, күн шығады, түнде-қараңғы);
6) тәулік бөлігімен (күндіз-ойнайды, тамақ ішеді; түнде-ұйықтайды) күн тәртібінде нақты әрекетті сәйкестендіреді;
7) графикалық бейнелерді қолдану арқылы тәулік бөлігін (сөйлеу мүмкіндігі бар балаға сәйкес) атауға, күн мен түнді ажыратады;
8) бала орындайтын (жазда-құмда ойнаймыз, қыста-қармен ойнаймыз) тәжірибелік әрекет негізінде жыл мезгілдері (жаз-қыс)туралы білімдері бар;
9) жаз-қыс мезгілінің белгілері туралы (жазда-жылы, ағаштарда жасыл жапырақтар; қыста-суық, қар бар) білімдері бар;
10) өлі табиғат объектілерін біледі (құм, тас);
11) тәжірибелік әрекетте (құм-құрғақ, дымқыл) құмның қасиеті мен ерекшеленетін белгілері туралы біледі;
12) құммен (себу, салу, қазу, жапыстыру) әрекет жасайды;
13) тастың қасиеттерімен таныс: кішкентай тастар- балабақша алаңында, аквариумде; үлкен тастар-далада. Кішкентайлар- жеңіл, үлкендер-ауыр;
14) жақын ортадағы өсімдіктеріне (ағаш, шөп, бөлме гүлдері) қызығушылығы бар;
15) жемістер және көкіністер туралы білімдері бар;
16) көкініс пен жемісті сыртқы келбеті мен дәмінен таниды;
17) өсімдіктерге (шыбықтарды сындыруға, гүлдерді үзуге болмайды: өсімдіктерге күтім жасау) мейірімділік қатынас жасайды;
18) графикалық бейнелердің көмегімен өсімдіктерді көрсетеді,атайды (сөйлеу тілінің мүмкіндігі бар балаға).
183. Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру:
1) ұзындықтары әр түрлі таяқшаларды, қағаз жолақтарын бір-біріне қою барысында ұштарын сәйкестендіруге үйрету;
2) мынадай заттарды сипап көруге беру: куб, цилиндр, конус, параллелелипед;
3) өздікті қолдану (сөз және/немесе ым): тең-тең емес (саны бойынша), жоғары-төмен, ұзын-қысқа, жуан-жіңішке (белгілі жағдаяттарда), шар, куб, цилиндр, конус. Үшке дейінгі есеппен таныстыру;
4) үшке дейінгі есеппен таныстыру;
5) еліктеу, үлгі, сөз бойынша бірдей заттар ішінен біреу және көпті ерекшелеуге үйрету;
6) "біреу", "көп" сөзімен таныстыру;
7) үш сан шамасында сөздік сипатсыз көптікті тәжірибелік салыстыруға үйрету;
8) саусақтың санымен заттарды сәйкестендіруге қолдану;
9) ойын және тұрмыста сан бойынша көптіктен бір немесе екі затты сәйкестендіріп, таңдауды жүзеге асыруға үйрету;
10) күнделікті біріктірілетін заттарды сәйкестендіру;
11) ойын жағдайында (қуыршақ үлкен-төсек кішкентай, кішкентай үй-аю үлкен, қақпа кішкентай-машина үлкен) заттарды көлемі бойынша сәйкестендіруге үйрету;
12) "кішкентай", "үлкен" сөзімен таныстыру;
13) көлемі бойынша бірдей заттарды сәйкестендіруге үйрету (сабақта және тұрмыста);
14) бір біріне қою және салу арқылы көлем бойынша заттарды сәйкестендіру;
15) нақты кезектілікпен (үлгі бойынша) тізбекке 3-4 (4-6) пирамида сақиналырын салу, үй жасау және тізбекті толтыру;
16) 2-3 дидактикалық ойыншықтан таңдау жұмысы кезінде шар және шаршыны ажыратуға және формасын ескеруді үйрету;
17) "шар", "текше" сөздерімен таныстыру;
18) "Дәл осындай бер" нұсқауы мен еліктеу бойынша көлемді формаларды ажырату.
184. Күтілетін нәтижелер:
1) ұзындықтары әр түрлі таяқшаларды, қағаз жолақтарын бір-біріне қою барысында ұштарын сәйкестендіреді;
2) өздікті қолдану (сөз және/немесе ым): тең-тең емес (саны бойынша), жоғары-төмен, ұзын-қысқа, жуан-жіңішке (белгілі жағдаяттарда), шар, куб, цилиндр, конус. Үшке дейінгі есеппен таныс.
3) еліктеу, үлгі, сөз бойынша бірдей заттар ішінен біреу және көпті ерекшелейді;
4) "біреу", "көп" сөзімен таныс;
5) үш сан шамасында сөздік сипатсыз көптікті тәжірибелік салыстырады;
6) саусақтың санымен заттарды сәйкестендіреді;
7) ойын және тұрмыста сан бойынша көптіктен бір немесе екі затты сәйкестендіріп, таңдайды;
8) күнделікті біріктірілетін заттарды сәйкестендіреді (кесе - ыдыс, тарелка - қасықтар, қорап - қақпақ, 2-3 бөліктен тұратын матрешка);
9) ойын жағдайында заттарды көлемі бойынша сәйкестендіреді;
10) "кішкентай", "үлкен" сөзімен таныс;
11) көлемі бойынша бірдей заттарды сәйкестендіреді (сабақта және тұрмыста);
12) бір біріне қою және салу арқылы көлем бойынша заттарды сәйкестендіру;
13) нақты кезектілікпен (үлгі бойынша) тізбекке 3-4 (4-6) пирамида сақиналырн салу, үй жасау және тізбекті толтырады;
14) 2-3 дидактикалық ойыншықтан таңдау жұмысы кезінде шар және шаршыны ажыратады және формасын ескереді (игры "Не домалайды, не домаламайды", "Терезені тап"-коропка қиығына әртүрлі геометриялық фигураларды салу);
15) "шар", "шаршы" сөзімен таныс;
16) "Дәл осындай бер" нұсқауы мен еліктеу бойынша көлемді формаларды ажыратады.
185. Құрастыру:
1) құрастыру материалдармен жұмыс жасау ниеттерін ояту;
2) ұзақ мерзімді емес ойынды қолнау мақсатында (қуыршаққа, машинаға жиһаз; машинаға гараж, қақпа құру; қуыршаққа үй) баланың көз алдында күрделі емес құрастыруларды құрастыру;
3) басқа балалармен құрастырулар құруға үйрету;
4) объектілердің кеңістік қасиеттерін (форма, көлем, орналасуы) қабылдауын дамытуға жаттығулар мен арнайы дидактикалық ойындар жүргізу;
5) үлгі бойынша құрастыруға қажетті элементтер жинағын фоннан ерекшелеу (мынандай қайда?);
6) тегіс (графикалық) үлгілерді қолдану;
7) "толықтыру" амалын амалын қолдану;
8) графикалық, үлгі және ересек адамға еліктеу бойынша құрастыруды құруға үйрету;
9) сабақтан тыс, заттық-құрылыс ойындар барысында құрастыру бойынша дағдыларын бекіту.
186. Күтілетін нәтижелер:
1) құрастыру материалдармен жұмыс жасайды;
2) басқа балалармен құрастырулар құрастырады;
3) үлгі бойынша құрастыруға қажетті элементтер жинағын фоннан ерекшелейді (мынандай қайда?);
4) тегіс (графикалық) үлгілерді қолданады;
5) "толықтыру" амалын (үйге есік пен терезені бекіту), сонымен қатар "қосу" амалын қолданады;
6) графикалық, үлгі және ересек адамға еліктеу бойынша құрастыруды құрады;
7) сабақтан тыс, заттық-құрылыс ойындар барысында құрастыру бойынша меңгерген дағдыларын қолданады.
9-параграф. 2 - жартыжылдық
187. Сенсорлық даму ішіне иіс және дәм түйсігі, тактильды қабылдауының дамуы, қалдық көру арқылы қабылдауын, есту арқылы қабылдауын, вестибулярлы аппаратының дамуы кіреді.
188. Дәм мен иістің дамуы:
1) қышқыл, тәтті дәмді ажыратуға үйрету;
2) қолданылатын тамақтың бірдей және әртүрлі дәмі болатыны туралы білімдерін бекіту;
3) күрделі иістерді дифференциациялауға үйрету;
4) қоршаған кеңістіктегі иісі бар заттарды сәйкестендіруге үйретуді жалғасытру;
5) иіс бойынша кеңістікте орналасу орнын (асхана, кір жуу бөлмесі, дәрігер бөлмесі) анықтауға үйрету.
189. Тактильды қабылдауының дамуы:
1) өзіне массаж жасауды қолдану арқылы тактильды қабылдауын дамыту;
2) форма мен көлемді ескере отырып, затты қолмен алу біліктілігін бекіту;
3) оң және сол қолын ауыстыру арқылы қысып көрумен таныс затты тануға үйрету;
4) қысып көру арқылы көлемді (шар, шаршы), тегіс (төртбұрыш, дөңгелек, үшбұрыш), геометриялық фигураларды атауға үйрету;
5) алақанның сыртқы және ішкі жағымен, саусағымен сұйық және басқа заттардың температурасын анықтауын дамытуын жалғастыру;
6) әртүрлі ауырлықтағы заттарды ажыратуға үйрету;
7) салмақты әрекет арқылы бағалауға үйрету: бір қолмен, екі қолмен көтеріп көру; бір немесе екі алақанда "өлшеп" көру; қолынан затты түсіріп, оның баяу және тез құлағанын бақылау;
8) көлдеңнен кеңістікте алақанмен "сурет салуға" үйрету.
190. Қалдық көру арқылы қабылдауының дамуы:
1) қоршаған ортадағы заттарға, олардың түстерін, формаларын байқауға көру реакйиясын дамыту, заттармен әрекет жасауын қалыптастыру, қоршаған ортаға қызығушылығын оятуға тәрбиелеу;
2) көру амалы арқылы заттарды зерттеуді қалыптастыру: геометриялық фигуралардың формаларын атауға және ажыратуға (дөңгелек, төртбұрыш, үшбұрыш) және тегіс бейнелердің формаларымен және геометриялық денемен сәйкестендіруге, шынайы көлемді заттардан формаларымен сәйкестендіру;
3) қоршаған ортадан геометриялық фигураның нақты көлем, түс, формасы бойынша заттарды табуға үйрету;
4) қозғалып бара жатқан объектіні табуға үйрету (доп домалап барады, құс ұшып барады; машина жүріп барады);
5) негізгі түстерді (қызыл, сары, жасыл, көк) атауға және ажыратуға, түстердің сенсорлық эталондарын шынайы заттардың түстерімен сәйкестендіру;
6) заттың көлемін салыстыру және ерекшелеу, ажырату (үлкен-кіші) қою және салу жолы арқылы заттардың көлемін көзбен салыстыру; үлкен және кіші заттарды табу;
7) геометриялық фигуралар бейнесі бар қиындыны (дөңгелек, төртбұрыш, үшбұрыш) өлшем, түсіне сәйкес толтыруға үйрету;
8) үстіне қою және салу амалы арқылы екі затты өлшеу біліктілігін бекіту;
9) көзбен өлшеуін дамыту;
10) заттар тобынан ең үлкен және ең кіші затты таңдауға, бір сенсорлық белгісі бойынша (форма, көлем, түс) бірдей заттарды топтастыруға үйрету;
11) суреттегі бейнелердегі заттарды атау және ажыратуға, реттілікпен негізгі белгілерін атауға үйрету;
12) еліктеу бойынша күрделі емес құрастыруларды құру біліктілігін бекіту;
13) қолмен жасалытн әрекетті көзбен бақылау жасауға үйрету;
14) түзу және көлдеңнен кеңістік және фронталды кеңістікте орналасу (алдында, артында, алыста, жақында) туралы түсініктерін қалыптастыру;
15) әрекетке бағдарлана отырып, уақыт тәулігі туралы түсініктерін қалыптастыру: танертен - жуынамыз, күндіз - түстенеміз, кешке -ұйықтаймыз;
16) табиғаттың мезгіл уақыттарымен танысу шамасына қарай жыл мезгілдері туралы түсініктерін қалыптастыру.
190. Есту арқылы қабылдауын дамыту:
1) бірден шыққан екі түрлі музыкалық аспаптың даусын ажыратуға үйрету (барабан, баян);
2) шулы ортада естілген дыбысты ажыратуға үйрету;
3) сөздік және сөздік емес дыбыстарды дифференциациялауға үйрету;
4) ырғақ сезімін қалыптастыруға жәрдемдесу;
5) дыбыстың жоқтығы мен бар болуына реакциясын көрсете отырып, сөздік емес дыбыстарды шығаруын дамыту;
6) әртүрлі аспаптардың дыбыстарының әртүрлігін азыратуға және әрекет жасауға, оның әртүрлілігіне (барабан-адымдау, топырлату; баян-секіру, шапалақтау) үйрету;
7) сөздік дыбыстарды тыңдауға, оларды заттармен сәйкестендіруге үйрету;
8) дыбысқа еліктеуге үйрету;
9) адамның даусын тыңдау, таныс адамның дауысын ажыратуға үйрету;
10) дыбыс күшін өлшеу арқылы баяу және қатты дауыстарды ажыратуға үйретуді жалғастыру.
191. Вестибулярлы аппартын дамыту:
1) отыру қалпында, кейінен тұру қалпында баяу тербелуге үйрету (алдыға-артқа, солдан оңға қарай);
2) үстел, барабанды алақанмен немесе екі қолымен соғуға үйрету;
3) еңкейтілген және көлдеңнен кеңістікте қол құралдарымен сурет салуға үйретуді жалғастыру;
4) көлдеңнен бағытта екі қолымен допты лақтыруға үйрету;
5) допты екі қолымен қағып алуға үйрету;
6) аяғымен допты ұруға үйрету;
7) нақты реттілікпен қимылды орындауға үйрету;
8) қимыл бағытын өзгертуге үйрету (солға қарай адымда, бұрылды, оңға қарай адымдады);
9) қарапайым әрекеттерді (кезектілікпен қимылдау) қол саусақтарымен, аяқ өкшесімен дұрыс қайталауға үйрету;
10) әртүрлі темпіде қимылдарды орындауға үйрету;
11) тосқауылды айналып өтуге үйрету;
12) нақты кеңістікте заттар бөліктерін бір-біріне сәйкестендіруге үйрету;
13) бауды байлауға үйрету.
192.Сенсорлық дамуы бойынша күтілетін нәтиже:
1) қышқыл, тәтті дәмді ажыратады;
2) қолданылатын тамақтың бірдей және әртүрлі дәмі болатыны туралы біледі;
3) күрделі иістерді дифференциациялайды;
4) қоршаған кеңістіктегі иісі бар заттарды сәйкестендіреді;
5) иіс бойынша кеңістікте орналасу орнын (асхана, кір жуу бөлмесі, дәрігер бөлмесі) анықтайды.
6) форма мен көлемін ескере отырып заттарды ұстайды;
7) оң және сол қолы ауыстыру арқылы ұстап көру арқылы таниды;
8) қысып көру арқылы көлемді (шар, шаршы), тегіс (төртбұрыш, дөңгелек, үшбұрыш), геометриялық фигураларды таниды;
9) алақаның сыртқы және ішкі жағымен, саусағымен сұйық және басқа заттардың температурасын анықтайды;
10) әртүрлі ауырлықтағы заттарды ажыратады (бастапқыды өте контрастылы: қанат, алма);
11) салмақты әрекет арқылы бағалайды: бір қолмен, екі қолмен көтеріп көру; бір немесе екі алақанда "өлшеп" көреді; қолынан затты түсіріп, оның баяу және тез құлағанын бақылайды;
12) көлдеңнен кеңістікте алақанмен "сурет салуға" салады.
13) қоршаған ортадағы заттарға, олардың түстерін, формаларын байқауға көру реакиясын дамытады, заттармен әрекет жасайды, қоршаған ортаға қызығушылығын оятады;
14) көру амалы арқылы заттарды зерттейді: геометриялық фигуралардың формаларын атауға және ажыратуға (дөңгелек, төртбұрыш, үшбұрыш) және тегіс бейнелердің формаларымен және геометриялық денемен сәйкестендіруге, шынайы көлемді заттардан формаларымен сәйкестендіру;
15) қоршаған ортадан геометриялық фигураның нақты көлем, түс, формасы бойынша заттарды табады;
16) қозғалып бара жатқан объектіні табады(доп домалап барады, құс ұшып барады; машина жүріп барады);
17) негізгі түстерді (қызыл, сары, жасыл, көк) атайды және ажыратады, түстердің сенсорлық эталондарын шынайы заттардың түстерімен сәйкестендіреді;
18) заттың көлемін салыстырады және ерекшелейді, ажыратады (үлкен-кіші) қою және салу жолы арқылы заттардың көлемін көзбен салыстырады; үлкен және кіші заттарды табады (ойыншықтар, жиһаздар, киімдер);
19) геометриялық фигуралар бейнесі бар қиындыны (дөңгелек, төртбұрыш, үшбұрыш) өлшем, түсіне сәйкес толтырады;
20) үстіне қою және салу амалы арқылы екі затты өлшейді;
21) заттар тобынан ең үлкен және ең кіші затты таңдайды, бір сенсорлық белгісі бойынша (форма, көлем, түс) бірдей заттарды топтастырады;
22) суреттегі бейнелердегі заттарды атау және ажыратуға, реттілікпен негізгі белгілерін атайды;
23) еліктеу бойынша күрделі емес құрастыруларды құрады;
24) қолмен жасалатын әрекетті көзбен бақылау жасайды;
25) түзу және көлдеңнен кеңістік және фронталды кеңістікте орналасу (алдында, артында, алыста, жақында) туралы түсініктері бар;
26) әрекетке бағдарланады, уақыт тәулігі туралы түсініктерін қалыптастыру: танертен - жуынамыз, күндіз - түстенеміз, кешке - ұйықтаймыз;
27) табиғаттың мезгіл уақыттарымен танысу шамасына қарай жыл мезгілдері туралы түсініктері бар;
28) бірден шыққан екі түрлі музыкалық аспаптың даусын ажыратады (барабан, баян);
29) шулы ортада естілген дыбысты ажыратады;
30) сөздік және сөздік емес дыбыстарды дифференциациялайды;
31) дыбыстың жоқтығы мен бар болуына реакциясын көрсете отырып, сөздік емес дыбыстарды айтады;
32) әртүрлі аспаптардың дыбыстарының әртүрлігін ажыратады және әрекет жасайды, оның әртүрлілігіне (барабан-адымдау, топырлату; баян-секіру, шапалақтау);
33) сөздік дыбыстарды тыңдайды, оларды заттармен сәйкестендіреді;
34) дыбысқа еліктеуге үйрету;
35) адамның даусын тыңдайды, таныс адамның дауысын ажыратады;
36) дыбыс күшін өлшеу арқылы баяу және қатты дауыстарды ажыратады;
37) отыру қалпында, кейінен тұру қалпында баяу тербеледі (алдыға-артқа, солдан оңға қарай);
38) үстел, барабанды алақанмен немесе екі қолымен соғады;
39) еңкейтілген және көлдеңнен кеңістікте қол құралдарымен сурет салады;
40) көлдеңнен бағытта екі қолымен допты лақтырады;
41) допты екі қолымен қағып алады;
42) аяғымен допты ұрады;
43) нақты реттілікпен қимылды орындайды;
44) қимыл бағытын өзгертеді (солға қарай адымда, бұрылды, оңға қарай адымдады);
45) қарапайым әрекеттерді (кезектілікпен қимылдау) қол саусақтарымен, аяқ өкшесімен дұрыс орындайды;
46) әртүрлі темпіде қимылдарды орындайды;
47) тосқауылды айналып өтуге үйрету;
48) нақты кеңістікте заттар бөліктерін бір-біріне сәйкестендіреді;
49) бауды байлайды.
193. Кеңістікте бағдарлай білу:
1) балабақша мен бөлмеде бағдарлана алу біліктілігін бекіту;
2) басқарушы қолымен оңға солға әріптерді, сандарды орналастыруға үйрету;
3) қимыл бағытын шартты белгілерді (сызық), заттардың орналасуын (пиктограмма) қолдану;
4) адамның схема түріндегі бейнеленген қалпын түсінуге үйрету (пиктограмма, сызба бойынша қалыпты орындау);
5) заттар-ойыншықтардың қарапайым схема-сызбада орналасуын қолдану (Қуыршаққа жиһазды орналастыру);
6) қағаз бетіндегі жоғарыда-төменде бағдарлана алуын түсінуге, бұл қатынасты көлемде (ойын, тұрмыста), жазықтықта (сурет салу, аппликация, жоспар-схемада) қолдануға үйрету;
7) әрекетті темпіде орындауын түсіну: баяу, тез;
8) ойыншықтар, заттар, басқа адамның (өзіне қарай жақын, әлде алыс) орналасқан орнын анықтау біліктілігін қалыптастыру;
9) қоршаған заттардың қызметі (жиһаздар, топтық бөлменің құралдары) туралы түсініктерін қалыптастыру;
10) баладан біртіндеп көру және сипап сезу арқылы таныс заттарды (3 және одан көп) табуды талап ету;
11) микрооратада бағдарлана алу дағдыларын қалыптастыру (қағаз бетінде).
194. Күтілетін нәтижелер:
1) балабақша мен бөлмеде бағдарлана алады;
2) басқарушы қолымен оңға солға әріптерді, сандарды орналастырады;
3) қимыл бағытын шартты белгілерді (сызық), заттардың орналасуын (пиктограмма) қолданады;
4) адамның схема түріндегі бейнеленген қалпын түсінеді (пиктограмма, сызба бойынша қалыпты орындау);
5) заттар-ойыншықтардың қарапайым схема-сызбада орналасуын қолданады (Қуыршаққа жиһазды орналстыр);
6) қағаз бетіндегі жоғарыда-төменде бағдарлана алуын түсінеді, бұл қатынасты көлемде (ойын, тұрмыста), жазықтықта (сурет салу, аппликация, жоспар-схемада) қолданады;
7) қоршаған заттардың қызметі (жиһаздар, топтық бөлменің құралдары) туралы түсініктері бар;
8) баладан біртіндеп көру және сипап сезу арқылы таныс заттарды (3 және одан көп) табады;
9) микрооратада бағдарлана алу алғашқы дағдылары бар (қағаз бетінде).
195. Жаратылыстану.
196. Мен және қоршаған орта.
1) топтағы педагогтардың, балалардың аттары туралы түсініктерін қалыптастыруды жалғастыру;
2) таныс және таныс емес адамдарды тануға үйретуді жалғастыру.
197. Мекен жайы:
1) мекен жайы ретінде үй туралы түсініктерін қалыпастыру;
2) үйдегі бөлменің қызметтері мен түрелі туралы білімдерін қалыптастыру;
3) үйдегі заттармен олардың функцианалды қызметтері туралы білімдерін қалыптастыру;
4) үйде орындалатын әрекеттер туралы түсініктерін қалыптастыру;
5) ересек адамның көмегімен баланы қоршаған заттарды қызметтері бойынша адекваты қолдану біліктілігін қалыптастыру.
198. Оқу орны:
1) балабақша бөлмелерінің қызметтері мен түрелі туралы білімдерін қалыптастыру;
2) алаң территориясы туралы білімдерін қалыптастыру;
3) ересек адамның көмегімен баланы қоршаған заттардың қызметтері бойынша адекваты қолдану біліктілігін қалыптастыру.
199. Тәулік бөліктері:
1) бала орындайтын тәжірибелік әрекет негізінде тәулік бөліктері (күн-түн) туралы білімдерін бекіту;
2) күн мен түннің белгілері туралы білімдерін(күндіз - жарық, күн жарқырайды, түнде-қараңғы) бекіту;
3) графикалық бейнелерді қолдану арқылы тәулік бөлігін (сөйлеу мүмкіндігі бар балаға сәйкес) атауға, күн мен түнді ажырату біліктілігін қалыптастыру.
200. Жыл мезгілдері:
1) бала орындайтын (жазда-құмда ойнаймыз, қыста-қармен ойнаймыз) тәжірибелік әрекет негізінде жыл мезгілдері (жаз-қыс)туралы білімдерін бекіту;
2) графикалық бейнелерді қолдану арқылы жыл мезгілдерін (қыс-жаз) ажыратуға, жыл мезгілдерін (сөйлеу мүмкіндігі бар балаға сәйкес) атау біліктілігін қалыптастыру.
201. Өлі табиғаттың объектілері:
1) құммен әрекет жасау (себу, салу, қазу, жапыстыру) біліктілігін қалыптастыруды жалғастыру;
2) өлі табиғатың объектілері туралы білімдерін қалыптастыру (су, қар);
3)сумен, оның қызметімен таныстыру (ішу, жуыну, өсімдікті суғару үшін);
4) судың температурасын анықтау біліктілігін қалыптастыру (жылы-суық);
5) тәжірибелік әрекетте қардың қасиеті мен ерекшеленетін белгісі туралы білімдерін қалыптастыру;қармен әрекет жасау (қарды тазалау, ақшақар жасау) біліктілігін қалыптастыру.
202. Өсімдіктер:
1) жақын ортадағы өсімдіктеріне (ағаш, шөп, бөлме гүлдері) қызығушылығын оятуды жалғастыру;
2) жемістер және көкіністер туралы білімдерін бекіту;
203. Күтілетін нәтиже:
1) жақын ортадағы адамды таниды;
2) өзі тұратын жерді біледі;
3) үй жағдайындағы заттардың қызметтерін біледі;
4) үйде орындалатын әрекеттер туралы түсініктері бар;
5) ересек адамның көмегімен баланы қоршаған заттарды қызметтері бойынша адекваты қолданады;
6) бала бақша бөлмелерінің мақсаты туралы түсініктері бар;
7) ересек адамның көмегімен баланы қоршаған заттардың қызметтері бойынша қолданады;
8) графикалық бейнелерді қолдану арқылы тәулік бөлігін (сөйлеу мүмкіндігі бар балаға сәйкес) атауға, күн мен түнді ажыратады;
9) бала орындайтын практикалық әрекеттер (жазда құммен, қыста қармен ойнаймыз)негізінде жыл мезгілдері (жаз-қыс) туралы біледі;
10) өлі табиғат объектілері (су, қар) туралы түсінігі бар;
11) судың қызметі туралы біледі (ішу, жуыну, шомылу, гүлдерді суару үшін);
12) практикалық әрекет процесінде қардың айқын, ерекше қасиеттері туралы біледі (қар - суық, таза);
13) қармен жұмыс істей алады (қар жинау, қар кесегін жасау);
14) жемістер мен көкөністер туралы біледі.
204. Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру:
1) саусақ санына (үш шамасында) сәйкес қосу және алу амалымен сан жағынан кіретін заттарды топпен салыстыру;
2) "қанша", "тең" (бірдей), "көп", "аз" сөзін қолдануға үйрету;
3) сөз (ауызша және кестелік түрде), сан, үлгі, еліктеу, бойынша көптіктің ішінен 1,2,3 затты ерекшелеуге үйрету;
4) үш саны шамасында санау арқылы саусақ санына сәйкестендіру;
5) сан бұл түс, форма, көлем, кеңістікте орналасқан орнына тәуелді еместігін түсінуге үйрету;
6) заттардың тек біртүрлі емес, алуан түрлі топтары бойынша салыстыру;
7) 1 саны және цифрімен таныстыру (1 цифрі және "бір" сөзі жазылған кесте);
8) 2 саны және цифрімен таныстыру;
9) 3 саны және цифрімен таныстыру;
10) 2 және 3 санын құрамын түсінуге жеткізу;
11) 3 шамасындағы заттарды ашу және жабу арқылы заттарды қосу және алуға үйрету;
12) сан, нұсқау, еліктеу, форма, көлем, өлшем бойынша әртүрлі 2-3 заттан бірнешеу құруды үйрету;
13) көлемі бойынша бірдей және котрастылы заттарды салыстыруға үйрету;
14) ойында көлемді ескере оытырп, тәжірибелік әрекетте заттарды салыстыруға үйрету;
15) баланы "бірдей" сөзімен таныстыру;
16) көлемді және жазық формаларды сәйкестендіруге үйрету;
17) "дөңгелек", "төртбұрыш" сөзін қолдануға үйрету;
18) заттарды салыстыру кезінде үстіне қою, алу, көру және тактильды қимылдар арқылы зерттеу;
19) мерзім ұзартуды таңдаумен (5-7 сек.дейін) үлгі бойынша форманы есте сақтауға үйрету;
20) бір формадағы фигураның түсі, көлемі, жасалған материалы әртүрлі болатыны туралы түсініктерін қалыптастыру;
21) қоршаған ортадағы ойыншық пен заттың формасын ерекшелеуге үйрету;
22) қорап қиығына геометриялық фигураны кіргізуге үйрету.
205. Күтілетін нәтижелер:
1) саусақ санына (үш шамасында) сәйкес қосу және алу амалымен қол саусақтарының көмегімен заттарды топпен салыстырады;
2) "қанша", "тең" (бірдей), "көп", "аз" сөзін қолданады;
3) сөз (ауызша және кестелік түрде), сан, үлгі, еліктеу, бойынша көптіктің ішінен 1, 2, 3 затты ерекшелейді;
4) саусақпен санау арқылы үш санын сәйкестендіреді;
5) сан бұл түс, форма, көлем, кеңістікте орналасқан орнына тәуелді еместігін түсінеді;
6) сан құрамын түсінеді;
7) көлемі бойынша бірдей және котрастылы заттарды салыстыруады;
8) ойында көлемді ескере оытырп, тәжірибелік әрекетте заттарды салыстырады;
9) көлемді және жазық формаларды сәйкестендіреді;
10) "дөңгелек", "төртбұрыш" сөзін қолданады;
11) заттарды салыстыру кезінде үстіне қою, алу, көру және тактильды қимылдар арқылы зерттейді;
12) мерзім ұзартуды таңдаумен (5-7 сек.дейін) үлгі бойынша форманы есте сақтайды;
13) бір формадағы фигураның түсі, көлемі, жасалған материалы әртүрлі болатыны туралы түсініктері бар;
14) қоршаған ортадағы ойыншық пен заттың формасын ерекшелейді;
15) қорап қиығына геометриялық фигураны кіргізеді.
206. Құрастыру
1) объектілердің кеңістіктегі қатынасы мен өлшемі, формасын айту мен қабылдауын дамыту үшін арнайы жаттығулар мен ойындар жүргізу;
2) еліктеу және қарапайым үлгі бойынша құрылыс үстел жұмысының жинағын (қуыршаққа жиһаз, қақпасы бар үй, жануарларға арналған қоршаулар, сырғанақ, көпір) жасауға үйрету;
3) бір объектіні құрудың бірнеше амалдарымен таныстыру;
4) ересектің көмегімен үлгіні талдауға үйрету (бөліктерін ерекшелеу, орналасқан орнын анықтау, жұмыстың реттілігін белгілеу);
5) 5 элементке дейін үлгіні күрделендіру (дәл сол объектіні қолдану);
6) таныс тапсырмаларды орындау үшін алуантүрлі құрылыс материалдарын қолдану;
7) жазық үлгі бойынша құрастырғыштармен таныстыру (объектіні құрайтын элементері бар фронтальды тегіс бетін көрсететін);
8) нәтижені бағалау үшін заттар мен құрастырғышты сәйкестендіруге үйрету;
9) құрастыруды ойын әрекетіне қосу.
207. Күтілетін нәтижелер:
1) еліктеу және қарапайым үлгі бойынша құрылыс үстел жұмысының жинағын (қуыршаққа жиһаз, қақпасы бар үй, жануарларға арналған қоршаулар, сырғанақ, көпір) жасайды;
2) ересектің көмегімен үлгіні талдайды (бөліктерін ерекшелеу, орналасқан орнын анықтау, жұмыстың реттілігін белгілеу);
3) таныс тапсырмаларды орындау үшін алуантүрлі құрылыс материалдарын қолданады;
4) нәтижені бағалау үшін заттар мен құрастырғышты сәйкестендіреді;
5) құрастыруды ойын әрекетіне қосады.
10-параграф. "Шығармашылық" білім беру саласы
208. "Шығармашылық" білім беру саласының мазмұны сурет салу, мүсіндеу, музыка,тифлографика (біріншілік көру қабілетінің бұзылысы бар балалар үшін)ұйымдастырылған оқу қызметтерінде жүзеге асырылады.
209. Мақсаты - заттарды кезеңмен зерттеу жолы арқылы шығармашылық әрекет процесінде шынайы әлемнің бейнесін қалыптастыру; заттық түсініктерін нақтылау және жалпылау.
210. Міндеттері:
1) бейнелеуші құралдар мен материалдарды ерекшелеу біліктілігін қалыптастыру;
2) бейнелеуші құралдар және материалдармен әртүрлі әрекеттер жасауын қалыптастыру;
3) бейнелеуші материалдармен әрекеттер жасау үшін жағдай құру, бейнелеуші әрекетке қызығушылығын қалыптастыру;
4) бейнелеуші әрекет пен оның өнімдеріне оңды эмоционалды қатынас қалыптастыру.
11-параграф. 1-жартыжылдық
211. Сурет салу:
1) "Дәл осындай қайда?" үлгісі бойынша қарапайым мазмұны бар бейнені (заттар, жануарлар, адамдар) ерекшелеуге, тануын дамыту;
2) бейненің статистикалық мазмұнымен бірге динамикамен бейнеленген фигураны (жұбын табу) сәйкестендіруге үйрету;
3) тығыздығы, түсі бойынша, көлемін үстіне қою және алу бойынша заттарды салыстыруға үйрету ("қолымен көрсету");
4) баланы өздігімен бейнелеуші әрекетке ынталануына жәрдемдесу;
5) баланы сурет салуға назарын аудару, баланың қолымен бірге сурет салу, оның нәтижесін қабылдау барысындағы ортақ қуанышын білдіру (салған сапасына қарамастан);
6) бейнелеуші әркеттің құрадарымен таныстыру;
7) бет кеңістігін толықтыруға ынталандыратындай үлкен кеңістікте (тақта бормен салу, үлкен парақта қалын қылқаламен салу) сурет салу;
8) баланы нұсқаушы ым немесе былдыр сөздер жолымен "объектілерді" бейнелеуге бағыттау;
9) ассоциативті үлгіде балалармен бірге қуану;
10) баланы өз жетістігіне қуануға, басқа жұмыстардан өзінің жұмысын ерекшелеуге, оны ересек адамдар мен балаларға көрсетуге үйрету;
11) "жағу" және "жанасу" амалымен таныстыру.
212. Күтілетін нәтижелер:
1) бейненің статистикалық мазмұнымен бірге динамикамен бейнеленген фигураны (жұбын табу) сәйкестендіреді;
2) тығыздығы, түсі бойынша, көлемін үстіне қою және алу бойынша заттарды салыстырады ("қолымен көрсету");
3) өздігімен бейнелеуші әрекетке ынталанады; бейнелеуші әркеттің құрадарымен таныс;
4) бет кеңістігін толықтыруға ынталандыратындай үлкен кеңістікте (тақта бормен салу, үлкен парақта қалын қылқаламен салу) сурет салады;
5) баланы нұсқаушы ым немесе былдыр сөздерді атайды.
213. Мүсіндеу:
1) пластикалық материалдарда жеңіл орындалатын, қарапайым объектілерді зерттеу және ерекшелеу біліктілігін қалыптастыру;
2) пластилинді үзіп сырғанақ формасын жасау;
3) пластикалық матреиалдардың (кімге шар керек, шарды домалақтаймыз) формасын өзгерту процесінде жапыстыруға қызығушылығын қалыптастыру;
4) геометриялық фигура бейнесін алу үшін қажетті формаларды зерттеу біліктілігін қалыптастыру;
5) геометриялық фигура бейнесін алу үшін қажетті формалармен жұмыс жасау біліктілігін қалыптастыру;
6) түс, көлем бойынша шарларды сырғыту және пластилин үзігімен салыстыру.
214. Күтілетін нәтижелер:
1) пластикалық материалдарда жеңіл орындалатын, қарапайым объектілерді зерттеу және ерекшелейді;
2) пластилинді үзіп сырғанақ формасын жасайды;
3) пластикалық матреиалдардың (кімге шар керек, шарды домалақтаймыз) формасын өзгерту процесінде жапыстыруға қызығушылығық танытады;
4) геометриялық фигура бейнесін алу үшін қажетті формаларды зерттейді;
5) геометриялық фигура бейнесін алу үшін қажетті формалармен жұмыс жасайды;
6) түс, көлем бойынша шарларды сырғыту және пластилин үзігімен салыстырады.
215. Музыка:
1) адамның ән айтуын, музыкалық аспапты есту арқылы ажырату біліктілігін қалыптастыру;
2) темпі бойынша әртүрлі әуендерді көрсетеді (баяу, жылдам).
216. Күтілетін нәтиже:
1) музыкалық дыбысталу дереккөзін (адамның ән айтуын, музыкалық аспапты) ажыратады;
2) музыкалық шығармалар темпін ажыратады.
217. Тифлографика (біріншілік көру бұзылыстары бар балалар үшін).
218. Рельефті бейнелерді оқу;
1) қағаз бетінде бағдарлана алу дағдысын қалыптастыру;
2) рельефті суретті зерттеу амалымен таныстыру;
3) нақты заттардың амалының нүктесі туралы түсініктерін қалыптастыру (бисер, дән);
4) бейнелеуші жазықтықтың әртүрлі бөліктерінде орналсақан, бірдей және әртүрлі диаметрдегі рельфтік нүктелерді оқуға үйрету;
219. Рельефті-графикалық әрекет:
1) рельефті сурет салу үшін құралдармен, құралдармен жұмыс жасаудың қарапайым амалдарымен таныстыру;
2) приборлар тұрған жұмыс үстелінде бағдарлануға үйрету;
3) приборларды жұмысқа даярлау дағдысын қалыптастыру;
4) нүктені тесуге үйрету.
220. Күтілетін нәтиже:
1) қол саусақтарының атын және орналасуын біледі;
2) екі қолмен екі затты ұстайды және ұстап тұра алады;
3) сипап сезудің көмегімен геометриялық фигураларды ажыратады (дөңгелек, төртбұрыш, үшбұрыш);
4) жазықтықтың құрылымы, көлемі бойынша заттарды салыстыру үшін сипап сезу амалын қолдана алады;
5) тану деңгейінде сипап сезуін саралайды;
6) бейнелеуші жазықтықта рельефті бейнелік нүктені табады;
7) қолында грифельды ұстай алады;
8) тифлопедагогпен бірге нүктені теседі (басады).
12-параграф. 2-жартыжылдық
221. Сурет салу:
1) сенсорлық қабылдау бойынша (форма, мөлшері, түсі, үлгі және атауы бойынша затты таңдайды) арнайы ойындар мен жаттығулар жүргізеді;
2) затты контуры бойынша (форманы көру-қимылдаумен пішіндеу) қарындашпен, саусағымен жүргізу арқылы анықтауға үйренеді;
3) көмекші құрал ретінде үстінен басып жүргізуді пайдаланып, орындаушы және жүргізу қимылын байланыстыруға үйрету;
4) сурет салуды аяқтау (мысалы, бала ағаштың суретін салды, ересек адам ағаштың астына баланың суретін бейнелейді немесе бірнеше баланы) арқылы балалар сурет салу мазмұнын кеңейтеді.
222.Күтілетін нәтижелер:
1) арнайы ойындар мен жаттығу барысында форма, мөлшері, түсі, үлгі және атауы бойынша затты таңдайды;
2) затты контуры бойынша (форманы көру-қимылдаумен пішіндеу) қарындашпен, саусағымен жүргізеді.
223. Мүсіндеу:
1) көлемді формалар мен пластикалық материалдар қасиеттерін салыстыру (қамыр жұмсақ, сондықтан түсті қылуға болады; үзіктерін алмастыру арқылы түсті пластилин алуға болады; кепкеткеннен кейін бояуға болады) процесінде жапыстыруға қызығушылығын қалыптастыру;
2) арнайы формаларды қолданумен (үшбұрыш, дөңгелек, төртбұрыш) алуантүрлі тегіс бейнелерді алу біліктілігін қалыптастыру;
3) нақты сурет алу үшін тегіс бейненің бұрыштарын, саусағымен ортасын басу тегіс бейнені өзгерту біліктілігін қалыптастыру;
4) тегіс бейнелерді мәні бойынша таңдалған композициядан құру;
5) жұққа пластилинге ересек адаммен бірге пластикалық материалды жаю;
6) шар тәріздес формадағы заттарды жапыстыру; бейнеленген заттардың қосымша бөліктерін, ерекшеленіп тұрған шарларды жасау;
7) бірнеше бөлінген бұйымды, жіппен (моншақ) бұйым жасауға үйрету;
8) басқа бейнелерді алу үшін кесілген шар амалын қолдана алу біліктілігін қалыптастыру;
9) бірнеше кесілген шарлардан (торт, күлше) жапыстыру жұмыстарын құруға үйрету;
10) кесілген шарды табиғи материалдармен безендіруге, жаңартуға үйрету;
11) бағанаға пластикалық материалдардан түйін жаюға үйрету;
12) басқа формадағы (сақина) бағананы құруға үйрету;
13) көлемі бойынша (ағаш, бұлт, күн, қақпақ) әртүрлі үрленген және қатарланған рельефті бейнелерді құру біліктілігін қалыптастыру.
224. Күтілетін нәтижелер:
1) көлемді формалар мен иілгіш материалдардың қасиеттерін салыстыру (қамыр жұмсақ, сондықтан түсті қылуға болады; үзіктерін алмастыру арқылы түсті ермексаз алуға болады; кепкеннен кейін бояуға болады) процесінде жабыстыруға қызығушылық танытады, біледі;
2) арнайы формаларды қолданумен (үшбұрыш, дөңгелек, төртбұрыш) алуантүрлі тегіс бейнелерді алуды біледі;
3) жұқа ермексазға ересек адаммен бірге иілгіш материалды жаяды;
4) шар тәріздес формадағы заттарды жапыстыру; бейнеленген заттардың қосымша бөліктерін, ерекшеленіп тұрған шарларды жасайды;
5) бірнеше бөлінген бұйымды, жіппен (моншақ) бұйым жасайды;
6) басқа бейнелерді алу үшін кесілген шар амалын қолдана алады;
7) бірнеше кесілген шарлардан (торт, күлше) жапыстыру жұмыстарын құрады;
8) кесілген шарды табиғи материалдармен безендіреді, жаңартады;
9) бағанаға пластикалық материалдардан түйінін жаяды;
10) басқа формадағы (сақина) бағананы құрады;
11) көлемі бойынша (ағаш, бұлт, күн, қақпақ) әртүрлі үрленген және қатарланған рельефті бейнелерді құрады.
225. Музыка:
1) марш, вальс, ән ырғақтарын есту арқылы ажырату;
226. Күтілетін нәтижелер:
1) марш, вальс, ән ырғақтарын есту арқылы ажыратады.
227. Тифлографика (біріншілік көруінде бұзылысы бар балалар үшін).
228. Рельефті бейнені оқу:
1) "сызық" ұғымын қалыптастыру;
2) рельефті суреттер түрімен таныстыру (аппликация, контурлы);
3) сызықты (нүкте, түзу сызық) бейнелеу амалымен таныстыру;
4) түзу және көлдеңнен сызық туралы түсініктерін қалыптастыру;
5) әртүрлі материалдарда (қағаз, лавсандық пленка) әртүрлі амалдармен орындалатын түзу және көлдеңнен сызықтарды оқуға үйрету;
229. Рельефті-графикалық әрекет:
1) жұмысқа приборларды дайындау біліктілігін дамыту;
2) геометриялық фигуралар трафаретінің ішіне нүктені басуға үйрету;
3) трафарет бойынша түзу және көлдеңнен сызықты жүргізу дағдысын қалыптастыру.
230. Күтілетін нәтижелер:
1) нұқсаулық және үлгі бойынша қол саусақтары және қылқаламмен әрекетті орындай алады;
2) заттардың формасы мен көлемін ескере отырып, затқа сәйкес ұстай алады;
3) үлгі бойынша заттарды сипап сезу арқылы зерттейді;
4) сипап сезу белгісі бойынша объектілердің ұқсастығы мен айырмашылығын құрады;
5) өлшемнің ұлғаю ретілігінде үш объектіні қатарға құрай алады;
6) үлгі және нұсқау бойынша әртүрлі заттық-тәжірибелік түрлерін орындайды;
7) тифлопедагогтың көмегімен прибор жұмыс жасауға дайындайды;
8) өз еркімен нүкте баса алады;
9) әртүрлі материалдарда (қағаз, лавсандық пленка) әртүрлі амалдармен орындалатын түзу және көлдеңнен сызықтарды саралайды.
13-параграф. "Әлеумет" білім беру саласы
231. "Әлеумет" білім беру саласының базалық мазмұны әлеуметтік дамыту және еңбекке баулу ұйымдастырылған оқу әрекетінде жүзеге асырылады.
232. Мақсаты - күрделі кемістігі барбалаларды әлеуметтік ортадағы мінез-құлқы мен қарым-қатынастарын қанағаттандыру бойынша өзіне-өзі қызмет ету дағдыларына үйрету.
233. Міндеттері:
1) жақын ортадағы заттар туралы түсініктерін қалыптастыру;
2) қарапайым әлеуметтік-тұрмыстық жағдаяттар туралы түсініктерін қалыптастыру;
3) қарапайым әлеуметтік-тұрмыстық мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру.
14-параграф. 1-жартыжылдық
234. Әлеуметтік дамыту мен еңбекке баулу:
1) тұрмыста, сонымен қатар дидактикалық ойын барысындағы сабақтарда өз-өзіне қызмет көрсету дағдыларын, суреттерді зейін қойып қарап, нұсқауды орындауын қалыптастыру;
2) баланың әртүрлі тұрмыстық жағдайда үстел басында өзінің орнын табуға, тамақтанған кейін үстелін жылжытып қоюға үйрету;
3) ойыншықтарды, құрылыс материалдарын, кітаптарын өз орнына қоюға үйрету;
4) қарапайым нұсқауды орындауға үйрету: алаңдағы құлаған жапырақты нақты орынға жинау, гүл суғару, қар тазалау, топқа ойыншықты жинау, орындықтарды үстелге жақындатып қою;
5) ересек адамның еңбегіне қатысуға үйрету.
235. Күтілетін нәтижелер:
1) баланың әртүрлі тұрмыстық жағдайда үстел басында өзінің орнын табуға, тамақтанған кейін үстелін жылжытып қояды;
2) ойыншықтарды, құрылыс материалдарын, кітаптарын өз орнына қою;
3) қарапайым нұсқауды орындайды: алаңдағы құлаған жапырақты нақты орынға жинау, гүл суғару, қар тазалау, топқа ойыншықты жинау, орындықтарды үстелге жақындатып қояды;
4) ересек адамның еңбегіне қатысады.
15-параграф. 2-жартыжылдық
236. Әлеуметтік дамыту мен еңбекке баулу:
1) тәрбиешінің әрекетіне еліктеп, үстел даярлауға үйрету;
2) топтық бөлмені тазалауына ат салысуға үйрету;
3) бөлме өсімдігі, балыққа күтім жасауға , шан сүртуге үйрету;
4) тәрбиешіге топтағы ойыншықты жинауға, сөреге салу, ойын бұрышын ретке келтіруге көмектесу;
5) тұрмыста мінез-құлық дағдыларын - ұжымда өзін ұстауын қалыптастыру: басқа балалармен мейірімділік қатынаста болу; оларға кедергі келтірмей, көмек қажет болған жағдайда тұрмыстық әеркеттерді орындау (киіну, шешіну, ойыншықты жинау);
6) нақты әрекетті орындау барысында сөздер мен сөздік немесе ым-ишараттық, дактильді формада жеткізуге үйрету: тамақтану, шұлықты кию, шалбарды шешу, шығу есігінен далаға шығу, кәмпит қабығын ашу, таныс заттармен сәлемдесу, қоштасу, сұраққа жауап беру;
7) нақты әрекетті орындауға және оны сәйкес ым, ауызша белгілеуге үйрету: түсіну және айта білу.
237. Күтілетін нәтижелер:
1) ересек адамның әрекетіне еліктеп, үстел даярлайды;
2) топтық бөлмені тазалауына қатысады;
3) бөлме өсімдігі, балыққа күтім жасайды , шан сүртеді;
4) ересек адамға ойыншықты жинауға, сөреге салуға, ойын бұрышын реттеуге көмектеседі;
5) тұрмыстық әрекеттерді орындауға (киіну, шешіну, ойыншықты жинау) көмектеседі;
6) нақты әрекетті орындау барысында сөздер мен сөздік немесе ым-ишараттық, дактильді формада жеткізеді: тамақтану, шұлықты кию, шалбарды шешу, шығу есігінен далаға шығады, кәмпит қабығын ашады, таныс заттармен сәлемдесуеді, қоштасады, сұраққа жауап береді;
7) нақты әрекетті орындайды және оны сәйкес ым, ауызша белгілейді: түсінеді және айтады.
16-параграф. Арнайы түзеу оқу қызметі
238. Арнайы түзете оқу әрекетінің мазмұны үстел үстінде және тамақтану барысына байланысты дағдыларды қалыптастыру; киіну және киімді күту дағдыларын қалыптастыру; үй жағдайында және басқа жағдаяттарда мінез-құлықтарына байланысты дағдыларды қалыптастыру бойынша жұмыстарын жүзеге асыру.
239. Мақсаты - күрделі кемістігі бар балаларды өз-өзіне қызмет көрсету дағдысын дамыту, балаларды әлеуметтік және тұрмыстық ортаға қосу болып табылады.
240. Міндеттері:
1) үстел үстінде тамақтану мен мінез-құлыққа байланысты дағдыларды қалыптастыру;
2) киіну және киімге күтім жасау дағдысын қалыптастыру:
3) үй жағдайында және басқа жағдаяттағы мінез-құлыққа байланысты дағдыны қалыптастыру.
17-параграф. 1-жартыжылдық
241. Үстел үстінде мінез-құлық ережесі мен тамақтану дағдыларын қалыптастыру.
242. Тамақтану:
1) азық-түліктің иісі, дәмімен қоса, дене бөліктерінің қызметі туралы білімдерін бекіту;
2) әртүрлі көлемдегі және формадағы кесемен таныстыруды жалғастыру;
3)әртүрлі көлемдегі қасықтармен таныстыруды жалғастыру;
4) кеседен дұрыс ішуге (екі қолымен ұстап, аузына апару, кесені бүгіп ішу, қайтадан кесені үстелге қою) біліктілігн қалыптастыру;
5) қасықпен дұрыс әрекет жасау біліктілігін қалыптастыру (қасықты алу, қолына ұстау, тамақты алу, тамағы бар қасықты аузына апару);
6) алуантүрлі тамақты қасықпен жеуге үйрету;
7) жемісті және сүтті шырынды түтіктен ішу біліктілігін бекіту;
8) күрделі емес орауларды (кәмпит, печенье, шоколад) буып-тию біліктілігін бекіту;
9) жемістерді тазалау біліктілігін бекіту (банан, мандарин);
10) тәтті және тәтті емес объектілерді ажырату біліктілігін бекіту;
11) бұзылыстың түріне қарай жиі қолданылатын ыдыс-аяқ заттарын ым/графикалық белгілер/сөздермен сәйкестендіре алу біліктілігін қалыптастыру; ( сөйлеу мүмкіндігіне сәйкес балаларға арналған - ыдыс-аяқ заттарын белгілейтін белсенді сөздік қорын кіргізу);
12) бұзылыстың түріне қарай жиі қолданылатын азық-түлікті ым/графикалық белгілер/сөздермен сәйкестендіре алу біліктілігін қалыптастыру; (сөйлеу мүмкіндігіне сәйкес балаларға арналған - азық-түлікті белгілейтін белсенді сөздік қорын кіргізу).
243. Күтілетін нәтижелер:
1) азық-түліктің иісі мен дәмі туралы біледі;
2) кеседен дұрыс ішуге (екі қолымен ұстап, аузына апару, кесені бүгіп ішу, қайтадан кесені үстелге қою) талпынады;
3) қасықпен дұрыс әрекет жасауға талпынады (қасықты алу, қолына ұстау, тамақты алу, тамағы бар қасықты аузына апару);
4) алуантүрлі тамақты қасықпен тырысады;
5) жемісті және сүтті шырынды түтіктен ішуге талпынады;
6) күрделі емес орауларды (кәмпит, печенье, шоколад) буады;
7) жемістерді тазалауға талпынады (банан, мандарин);
8) тәтті және тәтті емес объектілерді ажыратады.
244. Киімді кию мен күту дағдыларын қалыптастыру.
245. Киіну және шешіну:
1) жеке дене мүшелерінің қызметтері туралы білімдерін бекіту, киімді сақтау орны мен атауын білдіретін графикалық белгілермен атау;
2) киіну барысында өз киімдерін әкелу біліктілігін қалыптастыру, оның қызметін білу;
3) қалпақты шешуге, ересек адам жартылай шешкен жейде, шұлық, шалбарды, аяқ киімді шешу дағдысын бекіту;
4) "сыдырма" ілгекті негізгісіне дейін ашу, жабу (сыдырма тілін тауап жоғары және төмен қарай түсіреді);
5) үлкен түймелерді ағыту біліктілігін қалыптастыру.
246. Күтілетін нәтижелер:
1) жеке дене мүшелерінің қызметтерін,киімді сақтау орны мен атауын білдіретін графикалық белгілерді біледі;
2) өз киімдерін әкеледі, оның қызметтерін біледі;
3) қалпақты шешеді, ересек адам жартылай шешкен жейде, шұлық, шалбарды, аяқ киімді шеше алады
4) "сыдырма" ілгекті негізгісіне дейін ашады, жабады (сыдырма тілін тауап жоғары және төмен қарай түсіреді);
5) үлкен түймелерді ағытуға тырысады.
6) өз киімін қалыпқа келіп, таза ұстайды.
247. Үй және басқа да жағдаяттарда мінез-құлқына байланысты дағдыны қалыптастыру:
1) ересек адамның қарапайым нұсқаулықтарын орындауға үйретуді жалғастыру;
2) сәлемдесу және қоштасуға тән сөздер (ымды) пайдалануға үйрету;
3) "Мынаны сен қалайсың ба?" деген сұраққа жауап ретінде "жоқ, иә" деп сөзбен/ыммен айтуға үйрету;
4) ересек адамның көмегімен төсекті салу кезіне қатысуға үйрету;
5) ересек адамға өз төсек орнын салу кезіне қатысуға үйрету;
6) жиі кездестіретін адамдарды сәлемдесуге үйрету.
248. Күтілетін нәтижелер:
1) ересек адамның қарапайым нұсқаулықтарын орындайды;
2) сәлемдесу және қоштасуға тән сөздер (ымды) пайдаланады;
3) "Мынаны сен қалайсын ба?" деген сұраққа жауап ретінде "жоқ, иә" деп сөзбен/ыммен айтады;
4) ересек адамның көмегімен төсекті салуға қатысады;
5) ересек адамға өз төсек орнын салуға қатысады;
6) жиі кездестіретін адамдарды сәлемдеседі.
18-параграф. 2-жартыжылдық
249. Үстел үстінде мінез-құлық ережесі мен тамақтану дағдыларын қалыптастыру.
250. Тамақтану:
1) кеседен дұрыс ішуге (екі қолымен ұстап, аузына апару, кесені бүгіп ішу, қайтадан кесені үстелге қою) біліктілігін бекіту;
2) бұзылыстың түріне қарай жиі қолданылатын ыдыс-аяқ заттарын ым/графикалық белгілер/сөздермен сәйкестендіре алу біліктілігін бекіту (сөйлеу мүмкіндігіне сәйкес балаларға арналған - ыдыс-аяқ заттарын белгілейтін белсенді сөздік қорын кіргізу);
3) бұзылыстың түріне қарай жиі қолданылатын азық-түлікті ым/графикалық белгілер/сөздермен сәйкестендіре алу біліктілігін бекіту; (сөйлеу мүмкіндігіне сәйкес балаларға арналған - азық-түлікті белгілейтін белсенді сөздік қорын кіргізу).
251. Күтілетін нәтижелер:
1) кеседен дұрыс ішеді (екі қолымен ұстап, аузына апару, кесені бүгіп ішу, қайтадан кесені үстелге қою);
2) бұзылыстың түріне қарай жиі қолданылатын ыдыс-аяқ заттарын ым/графикалық белгілер/сөздермен сәйкестендіреді; ( сөйлеу мүмкіндігіне сәйкес балаларға арналған - ыдыс-аяқ заттарын белгілейтін белсенді сөздік қорын кіргізу);
3) бұзылыстың түріне қарай жиі қолданылатын азық-түлікті ым/графикалық белгілер/сөздермен сәйкестендіреді; (сөйлеу мүмкіндігіне сәйкес балаларға арналған - азық-түлікті белгілейтін белсенді сөздік қорын кіргізу).
252. Киіну және киімді күтудағдыларын қалыптастыру:
1) шапканы кию біліктілігін бекіту; шұлықты тарту, етікке аяғын салу, шалбарды тізеден беліне дейін тарту (аяқ ұшынан беліне дейін), ересек адамның көмегімен жартылай киілген жемпірді немесе блузканы кию;
2) "сыдырма" ілгекті негізгісіне дейін ашу, жабуды бекіту (сыдырма тілін тауап жоғары және төмен қарай түсіреді);
3) үлкен түймелерді ағыту біліктілігін бекіту;
4) қолданылатын киім заттарын пиктограммамен сәйкестендіру; (сөйлеу мүмкіндігіне сәйкес балаларға арналған - киімді белгілейтін белсенді сөздік қорын кіргізу);
5) ересек адамның көмегімен аяқ киімді кию және шешу біліктілігін қалыптастыру;
6) ересек адамның көмегімен дала мен бөлме үшін аяқ киім және киімді таңдау біліктілігін қалыптастыру;
7) ересек адамның көмегімен киімдерін ілгішке ілуге үйрету.
253. Күтілетін нәтижелер:
1) қалпақ, шұлық, аяқ киімді шеше алады;
2) ересек адамның көмегімен жартылай киіне алады;
3) негізігі сіне дейін "сыдырманы" ашады және жабады;
4) үлкен түймелерді шешеді;
5) қолданылатын киім заттарын пиктограммамен сәйкестендіреді (сөйлеу мүмкіндігіне сәйкес балаларға арналған - киімді белгілейтін белсенді сөздік қорын кіргізу);
6) ересек адамның көмегімен аяқ киімді киеді және шешеді;
7) ересек адамның көмегімен дала мен бөлме үшін аяқ киім және киімді таңдайды;
8) ересек адамның көмегімен киімдерін ілгішке іледі.
254. Үй және басқа да жағдаяттарда мінез-құлқына байланысты дағдыны қалыптастыру:
1) өз киімдерін қолмен жуу барысында ересек адамға көмектесуге үйрету;
2) үй тұрмысында мінез құлық дағдыларын қалыптастыру; тұрмыстық әрекеттерді орындауға көмектесу (киіну, шешіну, ойыншықты жинау).
255. Күтілетін нәтижелер:
1) өз киімдерін қолмен жуу барысында ересек адамға көмектесу;
2) тұрмыстық әрекеттерді орындауға көмектесу.