"Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының 12-бабының 5) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 кыркүйектегі № 1011 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі туралы ереженің 17-тармағының 258) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Халықтың атаулы ақшалай табыстарын есептеу (бағалау) әдістемесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Еңбек және тұрмыс деңгейі статистикасы басқармасы Заң басқармасымен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспасөз басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Еңбек және тұрмыс деңгейі статистикасы басқармасы осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарына жеткізсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының орынбасарына (Қ.К. Орынханов) жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы | |
Ұлттық экономика министрлігі | |
Статистика комитетінің | |
төрағасы | Н. Айдапкелов |
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2016 жылғы 21 қыркүйектегі № 214 бұйрығымен бекітілді |
Халықтың атаулы ақшалай табыстарын есептеу (бағалау) әдістемесі
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Халықтың атаулы ақшалай табыстарын есептеу (бағалау) әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңына сәйкес әзірленді.
2. Әдістеме халықтың атаулы ақшалай табыстарының жалпы көлемін анықтайды.
3. Осы Әдістемені Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті (бұдан әрі - Комитет) және оның аумақтық органдары Қазақстан Республикасы және өңірлер бойынша халықтың атаулы ақшалай табыстарын есептеуді жүргізу кезінде қолданады.
4. Халықтың ақшалай табыстары ұлттық шоттар жүйесінің (бұдан әрі - ҰШЖ) деректерін зерттеу қорытындыларымен салғастыру арқылы макродеңгейдің деректерін пайдаланумен бағаланады.
5. Халықтың атаулы ақшалай табыстарын (бұдан әрі - ХААТ) бағалау жылдың басынан басталған кезең үшін тек қана Қазақстан Республикасы бойынша ай сайын, ал Қазақстан Республикасы және өңірлер бойынша тоқсан және жылдық кезеңге үдемелі қорытындысымен ай сайын жүргізіледі.
6. Осы Әдістемеде Еңбек Статистиктерінің Халықаралық Конференциясында (бұдан әрі - ЕСХК) қабылданған ұғымдар және Халықаралық Еңбек Ұйымының (бұдан әрі - ХЕҰ) ұсынымдары, сондай-ақ келесі анықтамалар қолданылады:
1) жалдамалы жұмыстан түскен табыстар – жалақы, ынталандыру төлемдерінің барлық түрлері, жалақыға үстемеақылар, қаламақылар, сыйлықақылар мен жұмыс орны бойынша жұмысшылардың алатын жәрдемақылары;
2) жалпы өңірлік өнім (ЖӨӨ) – белгілі бір уақыт кезеңі ішінде жеке алынған өңірдің және нарықтық бағалармен есептелетін резиденттік бірлік- өндірушілерінің өндірістік қызметінің соңғы нәтижесі;
3) жұмыскерлердің жалақы қоры (еңбекке ақы төлеу) – қызметкерлердің қаржыландыру көзі мен оларды нақты төлеу мерзіміне қарамастан, салықтар мен басқа да ұстап қалулар (табыс салығы, жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарнасы) ескерілген, ұйым қызметкерлерінің еңбегіне есептелген ақы төлеу үшін есептелген жиынтық ақшалай қаражаттары (лауазымдық айлықақылар (тарифтік мөлшерлемелер), қосымша төлемдер, үстемеақылар, сыйлықақылар, ынталандыру мен өтелімдік сипаттағы төлемдер) жатады;
4) нақты ақшалай табыстар индексі – бағаның базистік кезеңмен салыстырғанда есепті кезеңдегі өзгерісін ескере отырып атаулы ақшалай табысының өзгеруін сипаттайтын салыстырмалы көрсеткіш;
5) өз бетінше жұмыспен қамтылудан түскен табыс – өз бетінше жұмыспен қамтылу негізінде тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді өндіруден алынатын ақшалай және заттай нысандағы табыс;
6) тұтыну бағаларының индексі (ТБИ) – халықтың жеке тұтынуы үшін сатып алынатын тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің бекітілген қоржынына бағалардың орташа деңгейінің уақытқа тәуелді өзгерісін сипаттайтын көрсеткіш;
7) үй шаруашылықтарының табыстары - үй шаруашылығы мүшелерінің жалақы түрінде алған ақшалай қаражаттарының, жеке кәсіпкерлік қызметтен түскен табыстардың, әлеуметтік төлемдердің (зейнетақы, шәкіртақы, жәрдемақылар, заттай түрдегі әлеуметтік трансферттер, алименттер), пайыздардың, дивидендтердің, сақтандыру төлемақылары мен меншіктен түскен басқа да табыстардың және өзге де ақшалай түсімдердің сомасы;
8) халықтың атаулы ақшалай табыстары (бағалау) – халықтың ағымдағы тұтынуға, өндірістік қызметке және жинақтауға бағыттайтын ақшалай қаражаттары.
2-тарау. Халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстарын есептеу
7. Халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстарын есептеу келесі негізгі кезеңдерді қамтиды:
1) жалдану бойынша жұмыстан түскен атаулы ақшалай табыстарды есептеу;
2) еңбек ақыны жасыруға жете есептеу коэффициентін есептеу;
3) өз бетінше жұмыспен қамтылудан түскен атаулы ақшалай табыстарды есептеу;
4) халыққа төленген ағымдағы трансферттерді есептеу;
5) халықтың өзге де ақшалай табыстарын есептеу;
6) жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстарды есептеу;
7) атаулы және нақты ақшалай табыстар индекстерін есептеу.
1-параграф. Жалдамалы жұмыстан түскен атаулы ақшалай табысты есептеу
8. "Жалдамалы жұмыстан түскен ақшалай табыс" көрсеткіші барлық жалдамалы қызметкерлердің жалақы қоры туралы деректерді қамтиды. Жалдамалы жұмыспен қамтылған тұлғалардың жалақы қорын есептеу келесі формуламен жүзеге асырылады:
, (1)
мұндағы:
– жалдамалы жұмыспен қамтылған тұлғалардың жалақы қоры;
– жалдамалы жұмыспен қамтылған тұлғалар саны;
– жалдамалы жұмыспен қамтылған тұлғалардың орташа айлық атаулы жалақысы.
9. Жалдамалы жұмыспен қамтылған тұлғалардың жалпы саны жұмыспен қамту мәселелері бойынша үй шаруашылықтарына іріктемелі зерттеу деректері негізінде анықталады. Жалдамалы жұмыскерлердің санын ай сайын санаттар бойынша есептеу жұмыспен қамту мәселелері бойынша үй шаруашылықтарын зерттеу нәтижелері арқылы жалдамалы жұмыскерлер санының құрылымын қолданумен кәсіпорындарды зерттеу деректері негізінде сараптамалық жолмен жүргізіледі.
10. Еңбекақы төлеу бойынша кәсіпорындарды зерттеу деректері кәсіпкерлік қызметпен айналыспайтын ірі, орта және шағын кәсіпорындарда жұмыспен қамтылғандардың "орташа айлық жалақысы" және "қызметкерлер саны" көрсеткіштері бойынша ақпарат көздері болып табылады. Жоғарыда көрсетілген көрсеткіштерді тоқсанаралық мерзімде айлар бойынша есептеу алдыңғы жылдардағы қолда бар серпінділік қатар негізінде бағалау бойынша жүргізіледі.
11. Шағын кәсіпорындардың қызметі жөніндегі зерттеу деректері кәсіпкерлік қызметпен айналысатын қызметкерлер саны 100 адамнан аз ұйымдарда және шаруа (фермер) қожалықтарында жұмыспен қамтылған тұлғалар үшін "орташа айлық жалақы" көрсеткіші бойынша ақпарат көзі болып табылады.
12. Жеке тұлғаларда жалдамалы жұмыспен қамтылған тұлғалардың орташа айлық жалақысы жөніндегі ақпарат халықтың тұрмыс деңгейі бойынша үй шаруашылықтарын іріктемелі зерттеу деректері бойынша қалыптастырылады.
13. Жалдамалы жұмыстан түскен ақшалай табысты есептеу ірі, орта және шағын кәсіпорындарда, жеке тұлғаларда және шаруа (фермер) қожалықтарында жалдамалы жұмыспен қамтылған тұлғалардың жалақы қорын қосындылау жолымен жүргізіледі.
2-параграф. Еңбекақы төлеуді жасыруға жете есептеу коэффициентін есептеу
14. Еңбекақы төлеу бойынша деректердің толықтығы мен анықтығын қамтамасыз ету үшін ХААТ есептеу кезінде жалақы қорын есепке алмау (жасыру) мәніне жете есептеу жүзеге асырылады.
15. Тұтастай ел бойынша еңбекақы төлеуді жасыруға жете есептеу жыл сайын жалпы ішкі өнімді қалыптастыру кезінде жылдық деректер (есепті жылда өткен жылға) негізінде табыстарды есептеу әдісімен жүзеге асырылады. Еңбекақы төлеуді жасыруға жете есептеу коэффициентін есептеу мақсатында жалдамалы жұмыстан түскен табыс жалақы қоры туралы деректерді қамтитындықтан ұлттық шоттар жүйесі есептеулерінде алынған еңбекақы төлеу жалпы қорының құрылымы және жасырылған еңбекақы төлеу үлесі қолданылады. Алынған жалдамалы қызметкерлердің еңбекақы төлеу қорының құрылымы жыл ішінде өзгеріссіз қалады және келесі жыл бойынша осы ақпаратты есептеу сәтіне дейін қолданылады.
16. Бастапқы рәсім жалпы ел бойынша жалақы қорын жете есептеудің абсолютті шамасын анықтауды көздейді.
, (2)
мұндағы:
– жалпы ел бойынша жалақы қорын жете есептеудің абсолютті шамасы;
– жалдау бойынша жұмыспен қамтылған тұлғалардың жылдық жалақы қоры (есептік деректер бойынша);
– еңбекақы төлеудің жалпы қорында еңбекақы төлеуді жасыруға жете есептеудің пайызбен алынған үлес салмағы (ҰШЖ құрылымы бойынша алынған);
– еңбекақы төлеудің жалпы қорында есептік деректердің пайызбен алынған үлес салмағы (ҰШЖ құрылымы бойынша алынған).
Есептеулер абсолюттік мәнде жүргізіледі.
17. Жете есептеу коэффициентін есептеу 3 кезеңде жүргізіледі:
1) Қазақстан Республикасы бойынша бір адамға келетін жете есептеудің орташа көлемін есептеу Қазақстан Республикасы бойынша жете есептеу сомасының бейресми жұмыспен қамтылған халық санының арақатынасына тең:
, (3)
мұндағы:
– республика бойынша бір бейресми жұмыспен қамтылғанға келетін жете есептеудің орташа көлемі;
- жете есептеу сомасы;
- бейресми жұмыспен қамтылған халық саны.
Еңбекақы төлеуді жасыруға жете есептеу коэффициентін есептеу барысында адамдар өлшем бірлігін теңге өлшем бірлігіне келтіру қажет.
Өңірлер бойынша барлық бейресми жұмыспен қамтылғандарға жете есептеудің жалпы көлемін анықтау бойынша есептеу орташа бір адамға келетін жете есептеуді өңірлердегі бейресми жұмыспен қамтылғандар санына көбейту жолымен анықталады.
, (4)
мұндағы:
– өңірлер бойынша бейресми жұмыспен қамтылғандарды жете есептеу;
- орташа бір адамға жете есептеу;
– өңірлер бойынша бейресми жұмыспен қамтылғандар саны.
Өңірлердің экономикалық ерекшеліктері ескерілмейтіндіктен және бір адамға келетін орташа жете есептеу қолданылатындықтан бейресми жұмыспен қамтылғандар бойынша жете есептеу сомасын есептеу толық фактор болып табылмайды. Бұдан әрі ЖӨӨ-гі өңірлер үлесі пайдаланылады.
Жұмыспен қамту бойынша үй шаруашылықтарының іріктемелі зерттеу деректері өңірлер бөлінісінде бейресми жұмыспен қамтылған халық саны бойынша ақпарат көзі болып табылады.
2) Өңірлер бөлінісінде қажетті есептеулерді жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасы және өңірлер бойынша жете есептеу сомасын Қазақстан Республикасының жалпы өңірлік өніміндегі олардың үлес салмағы жөніндегі деректер негізінде үлестіру қажет:
, (5)
мұндағы:
– ЖӨӨ негізіндегі өңірлер бойынша жете есептеу шамасы;
- ЖӨӨ негізіндегі республика бойынша жете есептеу сомасы;
– ЖӨӨ-дегі өңірлер үлесі.
3) Көрсеткіштердің орташа салмақталған сомасы республика бойынша осы көрсеткіштің сомасына барынша жақындайтын кездегі талдауға негізделе отырып жете есептеу құрылымындағы осы екі фактордың әрқайсысына салмақты анықтаймыз.
, (6)
мұндағы:
– Қазақстан Республикасының өңірлері бойынша жете есептеудің орташа өлшемді сомасы;
– бейресми жұмыспен қамтылғандар саны бойынша есептелген жете есептеу шамасы;
– ЖӨӨ-дегі өңірлердің үлес салмағы бойынша есептелген жете есептеу шамасы.
Еңбекақы төлеуді жасыруға жете есептеу коэффициенті келесі формула бойынша анықталады:
, (7)
мұндағы:
ЕТҚ – жалдамалы жұмыспен қамтылғандардың жылдық еңбекақы төлеу қоры;
– Қазақстан Республикасының өңірлері бойынша жете есептеудің орташа өлшемді сомасы;
Жете есептеудің соңғы коэффициенті жыл бойы өзгеріссіз қалады және келесі жыл бойынша оны есептеу уақытына дейін қолданылады.
Жете есептеудің соңғы коэффициентін алғаннан кейін есептік жылдағы ХААТ бойынша ай сайынғы, тоқсан сайынғы және жылдық деректерді қайта есептеу жүргізіледі.
3-параграф. Өз бетінше жұмыспен қамтылудан түскен ақшалай табыстарды есептеу
18. "Өз бетінше жұмыспен қамтылудан түскен ақшалай табыс" көрсеткіші кәсіпкерлік қызметтен түскен табыстар, жеке тұлғалардың ауыл шаруашылығы өнімдерін сатудан түскен табыстар жөніндегі деректерді қамтиды.
19. Өз бетінше жұмыспен қамтылған тұлғалардың саны жұмыспен қамту бойынша үй шаруашылықтарын іріктемелі зерттеу деректерін және жалдамалы еңбек қызметкерлерінің құрылымын ескеріп, есептік-баланстық әдіспен анықталады.
20. Өз бетінше жұмыспен қамтылған тұлғалардың орташа айлық табысы ай сайын тұрмыс деңгейі бойынша үй шаруашылықтарын іріктемелі зерттеу деректері негізінде есептеледі. Тоқсандық зерттеу деректеріне сүйене отырып, өз бетінше жұмыспен қамтылған тұлғалардың (жұмыс берушілердің, жеке негізде өз ауласында жұмыспен қамтылғандардың, өнеркәсіптік кооператив мүшелерінің және отбасылық кәсіпорындардың ақы төленбейтін қызметкерлердің) барлық санаттары бойынша орташа айлық табысы анықталады.
21. Үй шаруашылықтарын іріктемелі зерттеу деректері қорынан өз бетінше жұмыспен қамтылғандардың орташа айлық табысын анықтау үшін тиісті тоқсандағы барлық жұмыспен қамтылғандардың арасынан өз бетінше жұмыспен қамтылудан түскен табыстар (ауыл шаруашылық қызметтерінен түскен табыстарды қоса отырып) бойынша ақпарат таңдап алынады.
22. Өз бетінше жұмыспен қамтылған халықтың ақшалай табысының жиынтықталған көлемі жұмыспен қамтылған адамдардың көрсетілген санатының санын олардың орташа айлық ақшалай табысына көбейту арқылы анықталады:
, (8)
мұндағы:
– өз бетінше жұмыспен қамтылған халықтың ақшалай табысы;
– өз бетінше жұмыспен қамтылған халық саны;
– өз бетінше жұмыспен қамтылған халықтың орташа айлық ақшалай табысы.
4-параграф. Халыққа төленген ағымдағы трансферттерді есептеу
23. "Халыққа төленген ағымдағы трансферттер" көрсеткіші төленген зейнетақылардың, шәкіртақылардың, атаулы әлеуметтік және тұрғын үй көмегінің, мемлекеттік жәрдемақылардың, өтемақылық төлемдердің сомаларын қамтиды.
5-параграф. Халықтың өзге де ақшалай табыстарын есептеу
24. "Халықтың өзге де ақшалай табыстары" көрсеткіші ақшалай табыстардың келесі: жеке меншіктен, тұрғын үйді жалға беруден, лотереядан, ойынханалардан, викториналардан ұтыстар, мұрагерліктен түскен табыстар және тағы басқа табыстар түрлерін есепке алады. Деректер тұрмыс деңгейі бойынша үй шаруашылықтарын іріктемелі зерттеу негізінде қалыптастырылады.
25. Халықтың өзге де ақшалай табыстарының сомасын есептеу өзге табыстар, сақтандыру төлемдері және халықтың салымдарынан (депозиттерінен) түскен табыстар бойынша деректерді жиынтықтау жолымен жүргізіледі.
6-параграф. Жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстарды есептеу
26. ХААТ жалпы шамасы жалдамалы жұмыстан, өз бетінше жұмыспен қамтылудан түскен табыстарды, ағымдағы төленген трансферттерді және өзге де ақшалай табыстарды жиынтықтау жолымен анықталады.
27. Жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыс мынадай формуламен анықталады:
, (9)
мұндағы:
– есепті кезеңдегі ХААТ-ың жалпы сомасы;
– есепті кезеңдегі елдегі халықтың саны.
28. Алғашқы статистикалық деректерді ұсыну мерзімінің әртүрлілігіне және жиынтық статистикалық деректер (ақпараттар) мен ведомстволық статистикалық байқаулар бойынша алынған деректерді нақтылауға (түзетуге) сәйкес ай, тоқсан мен жыл кезеңдеріне халықтың атаулы және нақты ақшалай табыстарының жалпы мөлшерін алдын ала есептеу (бірінші бағалау) және қайта есептеу (екінші бағалау немесе нақтылау) жүргізіледі.
29. Халықтың атаулы және нақты ақшалай табыстарын алдын ала есептеу жыл басынан бергі кезең үшін есептік кезеңнен кейінгі күнтізбелік 40-шы күні ай сайынғы және тоқсандық жиынтық статистикалық деректер (ақпараттар) және ведомстволық статистикалық байқаулар бойынша алынған деректер негізінде, сондай-ақ сарапшылық бағалау мен есептеу (бағалау) кезінде болмаған статистикалық көрсеткіштерді есептеу негізінде жүзеге асырылады.
30. Халықтың атаулы және нақты ақшалай табыстарын жыл басынан бергі кезеңге және жылға қайта есептеу (нақтыланған бағалау) жылдық жиынтық статистикалық деректер (ақпараттар) және ведомстволық статистикалық байқаулар бойынша алынған жылдық деректер негізінде есепті кезеңнен кейінгі жылдың қыркүйегінде жүзеге асырылады.
3-тарау. Халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табысының индекстерін есептеу
1-параграф. Атаулы ақшалай табыстың индексін есептеу
31. ХААТ серпінін бағалау үшін атаулы ақшалай табыстардың индексі есептеледі.
32. Атаулы ақшалай табыстардың индексі базистік кезеңмен салыстырғанда есепті кезеңдегі атаулы ақшалай табыстардың өзгерісін сипаттайды және мынадай формула бойынша анықталады:
, (10)
мұндағы:
– атаулы ақшалай табыстардың индексі;
- есепті кезеңдегі жан басына шаққандағы орташа атаулы ақшалай табыс;
- базистік кезеңдегі жан басына шаққандағы орташа атаулы ақшалай табыс.
2-параграф. Нақты ақшалай табыстың индексін есептеу
33. Нақты көріністе жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыс көрсеткішін есептеу тұтыну бағалары индексінің көмегімен жүргізіледі.
34. Нақты көріністе жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табысты есептеу ағымдағы көрсеткішті базистік кезеңнің салыстырмалы бағаларына келтіру әдісімен мына формула бойынша жүзеге асырылады:
, (11)
мұндағы:
– нақты ақшалай табыстардың индексі;
– есепті кезеңдегі атаулы ақшалай табыстардың индексі;
– есепті кезеңдегі тұтыну бағаларының индексі.