Ескерту. Күші жойылды - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 14.09.2021 № 373 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Сот шешімімен республикалық меншікке түсті деп танылған иесіз қауіпті қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 229 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11475 болып тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінде 2016 жылғы 16 шілдеде № 135 (28863) жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сот шешімімен республикалық меншікке түсті деп танылған иесіз қауіпті қалдықтарды басқару қағидаларында (бұдан әрі – Қағидалар):
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Қалдықтарды республикалық меншікке беру үшін облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органы немесе қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) немесе оның аумақтық бөлімшесі комиссия (бұдан әрі – комиссия) құрады, оның құрамына уәкілетті органның немесе оның аумақтық бөлімшелерінің, жергілікті атқарушы органның, уәкілетті органның, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы ведомстволық органның және ведомстволық бағынысты ұйымының (бұдан әрі – ұйым) өкілдері кіреді.";
мынадай мазмұндағы 6-1 және 6-2-тармақтарымен толықтырылсын:
"6-1. Сот шешімімен республикалық меншікке түсті деп танылған радиоактивті қалдықтарға оларды есепке алу, бағалау, әрі қарай пайдалану және сату бойынша осы Қағидалардың нормалары қолданылмайды. Радиоактивті қалдықтар көмілуге жатады.
6-2. Осы Қағидалардың 6 және 6-1-тармақтарында көрсетілген қалдықтардан басқа сот шешімімен республикалық меншікке түсті деп танылған қауіпті қалдықтар бойынша осы Қағидалардың 7-тармағында көрсетілген рәсімдерді жүргізу қорытындылары бойынша уәкілетті органның шешімімен "Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы" 2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес немесе осы Қағидаларға сәйкес әрі қарай оларды сату және қолдану тәсілі анықталады.";
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Егер Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы қолданыстағы заңнамасына сәйкес қалдықтардың қорытынды құны нөлге тең деп анықталса, онда мұндай қалдықтар осы Қағидаларда көзделген тәртіппен әлеуетті сатып алушы мәлімдеген бағамен сатылады.";
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"Конкурсты өткізу шарттарын уәкілетті орган анықтайды.";
13-тармақ мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
"5) шарттары уәкілетті органмен келісілетін Қауіпті қалдықтарды сату туралы келісімшарт жобасы (бұдан әрі – Келісімшарт).";
14-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Конкурсты өткізу мерзімін ұйым конкурс жарияланып отырған қалдықтар объектісінің ерекшелігіне қарай, бірақ конкурсқа қатысуға конкурстық ұсыныстарды қабылдау аяқталғанға дейін күнтізбелік жиырма күннен кешіктірмей анықтайды. Хабарландырулар уәкілетті органның және ұйымның интернет-ресурсында бір мезгілде орналастырылады.";
20-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) өтінімде өтінім берушінің қалдықтарды қауіпсіз кәдеге жарату (қайта өңдеу) үшін, сондай-ақ конкурстың және Келісімшарттың шарттарын орындау үшін техникалық, басқарушылық және қаржы мүмкіндіктері (Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 29 желтоқсандағы № 622 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5446 болып тіркелген) нысан бойынша салық, міндетті зейнетақы жарнасы, міндетті кәсіби зейнетақы жарналары мен әлеуметтік салымдар бойынша берешектiң (бар) жоқ екендiгi туралы анықтама, қаржы мүмкіндіктерін растайтын құжат) бар екені туралы құжат түрінде растаманың болмауы.";
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"5) конкурсқа қатысу құқығына төленген жарна төлемін растайтын құжат;";
7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"7) жобаны іске асыру технологияларды қолдануға, қаржылық мүмкіндіктерге, 2007 жылдың 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) және "Өндіріс және тұтыну қалдықтарын жинауға, пайдалануға, қолдануға, залалсыздандыруға, тасымалдауға, сақтауға және көмуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 ақпандағы № 176 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10936 тіркелген) (бұдан әрі – Санитариялық қағидалар) талаптарының сәйкестігіне бағытталуы тиіс бағдарлама.";
29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
29. Конкурс жеңімпазын конкурстық комиссия мынадай негізгі өлшемшарттар жиынтығы негізінде анықтайды:
1) бағдарламаның іс-шаралары жобаны іске асыруды, технологияларды қолдануды, қаржылық мүмкіндіктерді Кодекстің және Санитариялық қағидалардың сәйкестігін қамтамасыз етуі тиіс;
2) ең жоғары баға.";
34-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"34. Конкурс жеңімпазымен Келісімшарт жасалады. Келісімшарт қауіпті қалдықтармен жұмыс істеу кезінде Кодекстің және Санитариялық қағидалардың талаптарын сақтау және жалпы қауіпсіз жұмыс жүргізу бойынша, сондай-ақ конкурс жеңімпазының ұйым бекіткен үлгісімен орындаған жұмыстары туралы есеп беруі бойынша міндеттемелерді қарастырады.";
35-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"35. Конкурс екі рет өткізілген жоқ деп танылған жағдайда, ұйым осы Қағидаларда көзделген тәртіппен әлеуетті сатып алушылар мәлімдеген баға бойынша қалдықтарды сату үшін конкурс өткізеді.";
37-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"37. Әлеуетті сатып алушылар мәлімдеген бағамен қалдықтарды сату бойынша конкурс өткізілген жоқ деп танылған кезде қалдықтар талап етілмеген деп саналады.
Ұйым талап етілмеген қалдықтарды қауіпсіз кәдеге жарату және жоюды Кодекске және Санитариялық қағидаларға сәйкес республикалық бюджет қаражатының есебінен жүзеге асырады.";
Қағидаларға 2-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Қалдықтарды басқару департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы | |
Энергетика министрі | Қ. Бозымбаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрі
Б. Сұлтанов _____________
20 қазан 2016 жыл
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
Қ. Бишімбаев _____________
25 қазан 2016 жыл
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 18 қазандағы № 451 бұйрығына қосымша |
|
Сот шешімімен республикалық меншікке түсті деп танылған иесіз қауіпті қалдықтарды басқару қағидаларына 2-қосымша |
Нысан
Қалдықтарды сату жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінім
1. __________________________________________________________________
өтініш берушінің атауы
2. __________________________________________________________________
өтініш берушінің заңды мекенжайы және негізгі
қызмет орнының мекенжайы
3. __________________________________________________________________
мемлекеттік тиістілігі (заңды тұлғалар үшін), азаматтылығы
(жеке тұлғалар үшін)
4. __________________________________________________________________
заңды тұлғалардың иелері немесе басшылары және өтініш берушінің
мүддесін білдіретін адамдар туралы деректер
5. конкурстың және Келісімшарттың шарттарын орындауға қажетті өтініш
берушінің мүмкіндіктері туралы құжатпен расталған деректер қоса
беріледі:
5.1. техникалық мүмкіндіктер (ҚР аумағында қалдықтарды қайта өңдеудің
ұсынылған технологиясы бойынша жабдықтың ҚР заңнамасына сәйкес
пайдалануға рұқсат құжатымен болуы);
5.2. басқарушылық мүмкіндіктер (тиісті растайтын құжаттары бар
білікті персоналдың, еңбек, ресурстарының болуы);
5.3. қаржылық мүмкіндіктер (салықтық берешектiң жоқ екендiгi туралы
анықтама, ақшалай қаражаттың болуы туралы банк анықтамасы).
_______________________ _______
(ұйымның атауы) (қолы)
(Т.А.Ә.)