"Өндіріс және тұтыну қалдықтарын жинауға, пайдалануға, қолдануға, залалсыздандыруға, тасымалдауға, сақтауға және көмуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 ақпандағы № 176 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 5 мамырда № 10936 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2018 жылғы 23 сәуірдегі № 187 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 23.04.2018 № 187 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 144-бабының 6-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған "Өндіріс және тұтыну қалдықтарын жинауға, пайдалануға, қолдануға, залалсыздандыруға, тасымалдауға, сақтауға және көмуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидалар бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Казахстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспасөз басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Ұлттық экономика министрі

Е. Досаев

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Денсаулық сақтау және

      әлеуметтік даму министрі

      _____________ Т. Дүйсенова

      2015 жылғы 30 наурыз

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Энергетика министрі

      _____________ В. Школьник

      2015 жылғы 31 наурыз



  Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 28 ақпандағы
№ 176 бұйрығымен
бекітілген

"Өндіріс және тұтыну қалдықтарын жинауға, пайдалануға, қолдануға, залалсыздандыруға, тасымалдауға, сақтауға және көмуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидалар
1. Негізгі ережелер

      1. Осы "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 144-бабының 6-тармағына сәйкес әзірленген санитариялық қағидалар Өндірістік объектілердегі өндіріс және тұтыну қалдықтарын, қатты тұрмыстық қалдықтар мен медициналық қалдықтарды жинауға, пайдалануға, қолдануға, жиналуына, айналымына, залалсыздандыруға, тасымалдауға, сақтауға және көмуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды (бұдан әрі - Санитариялық қағидалар) айқындайды.

      2. Осы Санитариялық қағидаларда мынадай анықтамалар пайдаланылды:

      1) ағызу станциялары – елді мекендердің кәріз тартылмаған аудандарынан сұйық қалдықтарды кәріз желілеріне жинауға және ағызуға арналған құрылыстар;

      2) ассенизациялау алқабы, жер жырту алқабы - елді мекеннің шегінен тыс сұйық қалдықтарды жинау және залалсыздандыру үшін арнайы бөлінген аумақ;

      3) жоспарлы-тұрақты тазарту - қалдықтарды белгіленген жиілікпен жинау және жою бойынша іс-шаралар жүйесі;

      4) жерді рекультивациялау – белгілі мақсатта пайдалану үшін бұзылған жерлерді, оның ішінде бұзылған жерлердің кері әсері нәтижесінде өз құндылығын толық немесе ішінара жоғалтқан жер телімдерін қалпына келтіруге, сондай-ақ қоршаған орта жағдайын жақсартуға бағытталған іс-шаралар кешені;

      5) коммуналдық қалдықтар – елді мекендерде, оның ішінде адамның тіршілік етуінің нәтижесінде қалыптасқан тұтыну қалдықтары, сондай-ақ құрамы мен қалыптасу сипаты бойынша оларға жақын өндіріс қалдықтары;

      6) қалдық сақтау қоймасы – радиоактивті, уытты және қалдық деп аталатын, басқа да пайдалы қазбалардың төгілген қалдықтарын сақтауға немесе көмуге арналған арнайы ғимараттар мен жабдықтар кешені.

      7) қалдықтар сыныптауышы - қалдықтарды сыныптау нәтижелері қамтылған, қолданбалы сипаттағы ақпараттық-анықтамалық құжат;

      8) қалдықтарды есепке алу – қалдықтардың сандық және сапалық сипаттамасы мен оларды қолдану әдістері туралы ақпарат жинау және ұсыну жүйесі;

      9) қалдықтарды жою – қалдықтарды көму және жою бойынша операциялар;

      10) қалдықтарды жинау - қалдықтарды одан әрі кәдеге жарату немесе жою мақсатында оларды сұрыптауды қамтитын қалдықтарды арнайы бөлінген орындарға немесе объектілерге шығаруға, жинауға және орналастыруға байланысты қызмет;

      11) қалдықтарды залалсыздандыру - механикалық, физикалық-химиялық немесе биологиялық өңдеу жолымен қалдықтардың қауіпті қасиеттерін азайту немесе жою;

      12) қалдықтарды кәдеге жарату - қалдықтарды қайталама материалдық немесе энергетикалық ресурстар ретінде қолдану;

      13) қалдықтарды көму - қалдықтарды шектеусіз мерзім бойы оларды қауіпсіз сақтау үшін арнайы белгіленген орындарда қалдықтарды жинау;

      14) қалдықтарды қайта өңдеу – қалдықтардан шикізаттарды және (немесе) одан әрі тауарларды немесе басқа өнімдер өндірісінде (дайындауда) пайдалыналынатын басқа материалдарды алуға, сондай-ақ олармен жұмыс істеуді жеңілдету, көлемін азайту немесе қауіпті қасиеттерін азайту мақсатында қасиеттерін өзгертуге бағытталған, сұрыптауды қоса алғандағы физикалық, химиялық немесе биологиялық процесстер;

      15) қалдықтарды орналастыру - өндірістік және тұрмыстық қалдықтарды сақтау немесе көму;

      16) қалдықтарды сақтау - қалдықтарды кейіннен кәдеге жарату, қайта өңдеу және (немесе) жою үшін арнайы бөлінген орындарда жинау;

      17) қалдықтарды тасымалдау - қалдықтарды олардың пайда болған немесе сақталған жерінен өңдеу, кәдеге жарату немесе жою орындарына немесе объектілеріне тасымалдау;

      18) қалдықтардың қауіптілік сыныбы – бұл олардың түрі мен қауіптілігін (уыттылығын) анықтайтын қалдықтардың сандық сипаттамасы;

      19) қалдықтардың сыныптамасы - оларды қоршаған орта мен адамның денсаулығы үшін қауіптілігіне сәйкес қалдықтардың деңгейлерге жатқызу тәртібі;

      20) қалдықтардың түрі – шығу тегіне, қасиеттеріне және қалдықтардың сыныптауышы негізінде анықталған жұмыс істеу технологияларына сәйкес жалпы белгілері бар қалдықтар жиынтығы;

      21) қалдықтармен жұмыс істеу - қалдықтардың пайда болуының алдын алуға және азайтуға, есепке алу мен бақылауды қоса алғанда, сондай-ақ қалдықтарды жинауға, өңдеуге, кәдеге жаратуға, залалсыздандыруға, тасымалдауға, сақтауға (жинақтауға) және жоюға байланысты іс-қимылдар;

      22) қалдықтармен жұмыс істеу шаруашылығын консервациялау - қалдықтарды тасымалдау мен олардың қалдықтарды сақтау орындарына орналастыру жұмыстарын уақытша тоқтату. Бұл кезде қалдықтармен жұмыс істеу шаруашылығы мен қалдықтарды сақтау орындарының имараттарын қоршаған ортаға теріс әсерін болдырмау үшін оқшау орналастырады;

      23) қалдықтармен жұмыс істеу шаруашылығын жою (көму) – қалдықтарды тасымалдау мен олардың қалдықтарды сақтау орындарына орналастыру жұмыстарын тоқтату. Бұл кезде қалдықтармен айналысатын шаруашылықтың барлық ғимараттары мен имараттарын жою қажет, ал қалдықтарды сақтау орны қоршаған ортаға әсер етпейтіндей оқшаулануы қажет.

      24) қалдықтармен жұмыс істеу объектілері - қалдықтарды жинау, сақтау, өңдеу, кәдеге жарату, жою, залалсыздандыру және көму үшін пайдаланылатын орындар немесе объектілер;

      25) қатты тұрмыстық қалдықтар – қатты түрдегі тұрмыстық қалдықтар;

      26) қатты тұрмыстық қалдықтарға арналған полигондар - қатты тұрмыстық қалдықтарды оқшаулауға және залалсыздандыруға арналған арнайы құрылыстар;

      27) қауіпсіз қалдықтар – қауіпті қасиеттері жоқ қалдықтар;

      28) қауіпті қалдықтар – құрамында бір немесе бірнеше қауіпті қасиеттерге (уыттылық, жарылу қауіпті, радиоактивтілік, өрт қауіпті, реакциялық қабілеті жоғары) ие зиянды заттар бар және дербес немесе басқа заттармен байланысқа түскен кезде қоршаған ортаға және адам денсаулығына тікелей немесе әлеуетті қауіп тудыруы мүмкін қалдықтар;

      29) қауіпті химиялық заттар - дербес немесе басқа заттармен байланысқа түскен кезде қоршаған ортаға және адам денсаулығына тікелей немесе әлеуетті қауіп тудыра алатын қасиеттерге ие заттар;

      30) қоныстану аумағы - тұрғын үй, қоғамдық (қоғамдық-іскерлік) және рекреациялық аймақтарды, сондай-ақ инженерлік және көлік инфрақұрылымдарының жекелеген бөліктерін, басқа да орналастырылуы мен қызметі арнаулы санитариялық-қорғаныш аймақтарын талап ететіндей әсер етпейтін басқа да объектілерді орналастыруға арналған елді мекен аумағының бір бөлігі;

      31) мамандандырылған кәсіпорындар - қалдықтарды жинауды, пайдалануды, қолдануды, залалсыздандыруды, тасымалдауды, сақтауды және көмуді жүзеге асыратын ұйымдар;

      32) медициналық қалдықтар - медициналық қызметтерді көрсету және медициналық манипуляциялар жүргізу процесінде пайда болатын қалдықтар;

      33) медициналық қалдықтарды көму - зиянды заттардың қоршаған ортаға түсуінің алдын алуға бағытталған және осы медициналық қалдықтарды пайдалану мүмкіндігін болдырмайтын, залалсыздандырылған медициналық қалдықтарды кейін қайта алу ниетінсіз оларды топыраққа қауіпсіз орналастыру;

      34) өлген малды көметін орын - арам өлген не шарасыздықтан сойғаннан кейін малдардың өлекселерін залалсыздандыруға және көмуге арналған құрылыс;

      35) өндіріс қалдықтары - өндіріс процесінде пайда болған және өздерінің тұтынушылық қасиеттерін толық немесе ішінара жоғалтқан шикізаттың, материалдардың, өзге де бұйымдар мен өнімдердің қалдықтары;

      36) өндірістік объект - адамның тіршілік ету ортасына және денсаулығына әсер ету көздері болып табылатын процестерді, жабдықты және технологияны пайдалана отырып, жүзеге асырылатын өнімді шығарумен, жұмыстарды орындаумен және қызмет көрсетумен байланысты шаруашылық қызмет объектісі;

      37) радиоактивті қалдықтар – құрамында саны мен қоюлығы жағынан атомдық энергияны пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген радиоактивті заттар үшін регламенттелген мәндерден артық радиоактивті заттары бар қалдықтар;

      38) сарқынды сулар - өндірістік немесе тұрмыстық қажеттілікке пайдаланылған және олардың бастапқы құрамын немесе физикалық қасиеттерін өзгерткен қосымша қоспалары (ластанулары) бар сулар. Елді мекендер мен өндірістік кәсіпорындар аумақтарынан атмосфералық қалдықтар түскенде, көшелерді суарғанда немесе олардан кейін аққан сулар, пайдалы қазбаларды қазу кезінде түзілген сулар да сарқынды сулар болып табылады.

      39) санитариялық-қорғаныш аймағы (бұдан әрі - СҚА) - арнаулы мақсаттағы аймақтарды, сондай-ақ елді мекендегі өнеркәсіп ұйымдары мен басқа да өндірістік, коммуналдық және қоймалық объектілерді жақын маңдағы қоныстану аумақтарынан, тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстардан оларға қолайсыз факторлардың әсер етуін азайту мақсатында бөліп тұратын аумақ;

      40) санитариялық тазарту – елді мекенде халықтың тіршілік әрекеті нәтижесінде пайда болатын қалдықтарды жинау, жою және залалсыздандыру мақсатындағы іс-шаралар жүйесі;

      41) сұйық қалдықтар – сарқынды суларды қоспағанда, кез келген сұйық күйдегі қалдықтар;

      42) тұтыну қалдықтары - тұтыну немесе пайдалану процесінде пайда болған азық-түліктердің, бұйымдардың және өзге де заттардың қалдықтары, сондай-ақ өздерінің тұтынушылық қасиеттерін толық немесе ішінара жоғалтқан тауарлар (өнімдер);

2. Өндірістік объектілердегі қалдықтарды жинауға, пайдалануға,
қолдануға, залалсыздандыруға, тасымалдауға, сақтауға және
көмуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

      3. Өндірістік объектілерде өндіріс қалдықтарын жинау және уақытша сақтау (орналастыру) қалдықтардың қауіптілік деңгейіне (уыттылық дәрежесіне) сәйкес келетін арнайы өнеркәсіптік алаңдарда өткізіледі. Қалдықтардың жиналуына қарай, олардың қауіптілік сыныбына (уыттылық дәрежесіне) сәйкес әрбір қалдықтар топтарына арналған ыдысқа жинайды.

      Жеке және заңды тұлғалар қалдықтармен жұмыс істеумен байланысты кәсіпорындарды, ғимараттарды, құрылыстарды, имараттарды және басқа да объектілерді пайдалану кезінде қоршаған ортаға, денсаулыққа, жеке және/немесе заңды тұлғалардың мүлкіне зиян келтіретін немесе зиян келтіру қаупі бар қалдықтармен жұмыс істеуге байланысты апаттар туындағанда немесе қауіп болғанда, дереу халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшесіне хабарлауға міндетті.

      4. Қалдықтарды сақтау орнынан (өндірістік алаң) тұрғын аумаққа дейін, коммуналды және өндірістік нысандарға дейінгі СҚА өлшемдері Кодекстің 144-бабының 6-тармағына сәйкес бекітілетін санитариялық қағидаларға сәйкес айқындалады.

      5. Өндіріс қалдықтары қауіптілік дәрежесі бойынша мынадай 5 қауіптілік сыныбына бөлінеді:

      1-сынып - төтенше қауіпті;

      2-сынып - қауіптілігі жоғары;

      3-сынып - қауіптілігі орташа;

      4-сынып - қауіптілігі аз;

      5-сынып - қауіпсіз.

      6. 1-қауіптілік сыныбының қалдықтары тұмшаланған ыдыста (болат бөшкелер, контейнерлер) сақталады. Толуына қарай қалдықтар салынған ыдысты болат қақпақпен жабады, қажеті болған кезде электрлі газбен дәнекерлейді және қауіпті қасиеттерін көрсете отырып, қауіпті қалдықтары бар ораулардың таңбалауын қамтамасыз етеді.

      7. 2-қауіптілік сыныбының өндіріс қалдықтары агрегаттық күйіне сәйкес полиэтилен қаптарда, пакеттерде, бөшкелерде және зиянды заттардың (ингридиенттердің) таралуына кедергі болатын ыдыстардың басқа да түрлерінде сақталады.

      8. 3-қауіптілік сыныбының өндіріс қалдықтары жайылтпай сақтауды қамтамасыз ететін, тиеу-түсіру жұмыстарын орындауға мүмкіндік беретін және зиянды заттардың таралуын болдырмайтын ыдыста сақталады.

      9. 4-қауіптілік сыныбының өндіріс қалдықтары өнеркәсіптік алаңдарда конус тәрізді үйінді түрінде ашық сақталады, сол жақтан олар автотиегішпен автокөлікке тиеледі және кәдеге жарату және көму орындарына жеткізіледі. 4-қауіптілік сыныбының өндіріс қалдықтарын тұтыну қалдықтарымен бірге соңғысын көметін жерлерде біріктіруге немесе оқшауланатын материал немесе аумақтағы жоспарлы жұмыстар ретінде пайдалануға жол беріледі.

      10. Сұйық және газ түріндегі қалдықтар тұмшаланған ыдыста сақталады және кәсіпорын аумағынан бір тәулік ішінде шығарылады немесе оны залалсыздандыруды өнеркәсіптік объектіде жүргізеді.

      11. Қатты, оның ішінде сусымалы қалдықтар контейнерлерде, пластик, қағаз пакеттерде немесе қаптарда сақталады және олардың жиналуы бойынша шығарылады.

      12. Қалдықтарды уақытша сақтауға арналған өнеркәсіптік алаңды кәсіпорынның аумағында ық жағына орналастырады. Алаңды қатты және уытты (қалдықтарды) заттарды өткізбейтін материалмен жабады, тазарту құрылыстары жағына қарай құйылыс құрылғысы және еңісі бар төсеніш төсейді. Алаң бетінде жиналған суларды жалпы жауын-шашын бұрғышына бағыттауға жол берілмейді. Алаң бетінде жиналған сулар үшін уытты заттармен жұмыс істеуді, тазалауды және оларды залалсыздандыруды қамтамасыз ететін арнайы тазарту құрылыстары көзделеді. Алаңда қалдықтарды атмосфералық жауын-шашынның және желдің әсерінен қорғау көзделеді.

      13. Өндіріс қалдықтарын сақтайтын орындарда стационарлық немесе жылжымалы тиеу-түсіру механизмдері қарастырылады.

      14. Өнеркәсіптік алаң аумағындағы қалдықтардың жол берілетін мөлшерін кәсіпорын қауіптілік деңгейі бойынша қалдықтарды сыныптау негізінде айқындайды.

      15. Қалдықтарды сақтайтын алаңдардағы қоршаған ортаның жағдайын бақылау өндірістік объектінің өндірістік зертханасында аккредиттелген зертхананы тарта отырып, жүзеге асырылады.

      16. Өндірістік объектілер алаңдарында қалдықтарды жинау мен сақтау жағдайлары қалдықтарды орналастыру нормативтерінің жобаларымен айқындалады.

      Ерекшелік ретінде мынадай жағдайларда:

      1) оларды толық кәдеге жарату мақсатында қалдықтарды кейін технологиялық циклде пайдалану кезінде;

      2) қалдықтарды кәдеге жаратуға жіберу кезінде;

      3) қалдықтарды шығаратын көлік құралдары уақытша жоқ болғанда арнайы табиғатты пайдалану объектісі болып табылмайтын қалдықтарды үш айдан артық мерзімде жинау мен уақытша сақтауға жол беріледі.

      17. Өнеркәсіп алаңдарын қалдықтарды арнайы салынған шлам, шлак, күл жинағыштар, қалдықтарды уақытша жинауға және сақтауға арналған алаңдар мен үйінділер болған жағдайда, қалдықтарды жинауға және сақтауға жол беріледі.

      18. 1 және 2 қауіптілік сыныбының өндіріс қалдықтарын халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қолданыстағы заңнамаларға сәйкес халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшесінің көлікке санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысы бар болғанда, осы үшін арнайы жабдықталған көлік құралдарында тасымалданады.

      19. Тасымалданатын қалдықтардың мөлшері көліктің жүк көлеміне сәйкес келеді. Өндіріс қалдықтарын тасымалдау кезінде оларды толтыру, тасымалдау, тиеу және түсіру орындарында қоршаған ортаны ластауға жол берілмейді.

      20. 1-ден 3-дейін қауіптілік сыныбының қалдықтарын тиеуге, тасымалдауға және түсіруге байланысты барлық процестер механикаландырылады. Жартылай сұйық (паста тәрізді) қалдықтарды тасымалдауға арналған көлік ағызуға арналған шлангы құрылғысымен жабдықталады.

      21. Қатты және шаң тәрізді қалдықтарды тасымалдаған кезде көлік қорғаныш қабықшамен немесе жабын материалымен жабдықталады.

      22. Шаң тәрізді қалдықтарды барлық кезеңде: тиеу, тасымалдау, түсіру кездерінде ылғалдайды.

      23. 1 және 2-қауіптілік сыныбының өндіріс қалдықтарын тасымалдау кезінде кәсіпорынның көлікті басқарушы адамынан және жүкке жауапты персоналынан басқа бөтен адамдардың болуына жол берілмейді.

      24. Қалдықтарды шикізат ретінде қолданатын кәсіпорындарда технологиялық үдерістерді автоматтандыруды және механикаландыруды қамтамасыз етеді.

      25. Кәдеге жарату алдында қауіпті қалдықтар қалдықтардың уыттылық деңгейіне байланысты залалсыздандыруға жатады.

      26. Өндіріс қалдықтарын (3 және 4-қауіптілік сыныбы) залалсыздандыру үшін өндіріс қалдықтарының бір бөлігін тиісті кәсіпорындарда тұтыну қалдықтарымен бірге өңдеу және өндіріс қалдықтарының бір бөлігін ҚТҚ полигонында жинақтау тәсілдері қолданылады. Уытты өндіріс қалдықтарын (1 және 2-қауіптілік сыныбы) залалсыздандыруды уытты өндіріс қалдықтарын көму полигондарында жүзеге асырады.

      27. Суда ерімейтін уытты ингредиенттері бар 2 және 3-қауіпсіздік сыныбының қатты және шаң тәрізді қалдықтарын көмуді өндіріс қалдықтары полигондарында жүзеге асырады. Қазаншұңқырларда қалдықтарды төгуді қабаттап тығыздау арқылы жүргізеді. Қазаншұңқырлардағы қалдықтардың ең жоғары деңгейі жоспарланған белгіден төмен, қазаншұңқырлар аумағына іргелес кемінде 2 метр (бұдан әрі - м) болуы көзделеді.

      Қазаншұңқырларды жабдықтау кезінде қазаншұңқырларға іргелес аумақ енінің кемінде 8 м болуы көзделеді. Топырақтың сүзгілеу коэффициенті тәулігіне 6-10 метрден (бұдан әрі - м/тәу) аспағанда көмуге рұқсат етіледі.

      28. Шаң тәрізді қалдықтарды көмуді осы қалдықтардың желмен таралуын болдырмауға кепілдік беретін іс-шараларды ескере отырып, қазаншұңқырларда жүргізеді. Көмудің тәуліктік жұмыс алаңы ең аз болуы тиіс. Қазаншұңқырларға шаң тәрізді қалдықтарды әрбір тиегеннен кейін оларды қалыңдығы кемінде 20 сантиметр (бұдан әрі - см) топырақпен оқшаулайды.

      29. Суда еритін уытты заттары бар 2-3-қауіптілік сыныбының қатты және паста тәрізді қалдықтарын көмуді түбі мен бүйір қабырғаларын қалыңдығы 1 м балшық қабатымен тығыздалған және полиэтилен қабықшадан жасалған қорғаныш қалқамен оқшауланған қазаншұңқырларда жүзеге асырылады.

      30. Қазаншұңқырдың көмілген учаскесін топырақтың тығыздалған қабатымен жабады, оның үстінен қазаншұңқырдың қалған бөлігін толтыру үшін қалдықтарды тасымалдау жүзеге асырылады. Қалдықтарды топырақтың тығыздалған қабатымен тасымалдағанда оны бұзбауы тиіс.

      31. Нашар еритін уытты заттары бар бірінші қауіптілік сыныбының қалдықтарын көмген кезде олардың топыраққа және жер асты суларына көшуін болдырмау бойынша мынадай шаралар қолданады:

      1) қазаншұңқырлардың түбі мен бүйір қабырғаларын сүзгілеу коэффициенті 10 м/тәу аспайтын кемінде бір метр балшық қабатымен қымтау;

      2) қосылған жерлерді битум, гудрон немесе басқа да су өткізбейтін материалдар құю арқылы қазаншұңқырлардың түбіне бетон плиталар төсеу және қабырғаларын бекіту.

      32. Бірінші қауіптілік сыныбына жататын, суда еритін қалдықтарды көму қазаншұнқырларда болат контейнерлерде немесе бетон қораптарға салынатын, оларды толтырғанға дейін және одан кейін тұмшалануын екі рет бақылай отырып, қабырғаларының қалыңдығы кемінде 10 миллиметр (бұдан әрі - мм) баллондарда жүргізеді.

      33. Қалдықтармен толтырылған қазаншұңқырларды қалыңдығы 2 м тығыздалған топырақ қабатымен оқшаулайды, содан кейін гудроннан, тез қатаятын шайырдан, цементті гудроннан жасалған су өткізбейтін жабынмен жабады.

      34. Су өткізбейтін жабындар және тығыздалған қабаттар қазаншұңқырларға іргелес аумақтардан шығып тұрады. Су өткізбейтін жабындар қазаншұңқырлардың габаритінен 2-2,5 м шығып тұрады және көрші тұрған қазаншұңқырлар жабындарымен түйістіріледі. Түйіскен жерлер қазаншұңқырлар бетіндегі жауын-шашын және еріген суларды арнайы буландыратын алаңға жинауға және шығаруға мүмкіндік беретіндей етіп жасалады.

      35. Қазаншұңқырлардың оқшаулайтын жабындарын, су бұратын арналарын жабдықтау бойынша жұмыстарды ұйымдастыруды, оларды толтыру тәсілін әр нақты жағдайда учаскенің бедері мен гидрогеологиялық жағдайлардың болуын ескере отырып шешеді.

      36. Жағуға жататын өндіріс қалдықтарын жою кезінде жұмыс режимі 1000-1200 градус Цельсий температурада (бұдан әрі - 0С) жұмыс істейтін пештерді пайдаланады. Полигонға ауыр металдар мен заттарды алудың тиімді әдістері әзірленген өндіріс қалдықтарын, өңдеуге жататын радиоактивті қалдықтарды, мұнай өнімдерін қабылдауға жол берілмейді.

      37. 1-3 - қауіптілік сыныбының сұйық қалдықтарын полигонға шығару алдында паста тәрізді қоюға айналдырады. Қалдықтарды сұйық күйінде көмуге жол берілмейді.

      38. Санитариялық-қорғау аймағын ескере отырып, кең байыту кәсіпорынның өзінде де (бірыңғай өнеркәсіп алаңдарында), сол сияқты одан әртүрлі қашықтықта орналасқан түрлі дербес аймақтарда (шеттетілген) қалдық сақтау қоймаларын орналастырылады.

      39. Қалдық қоймасы орналасқан ауданда оның айналасына қажетті көлемдегі санитариялық қорғаныш аймағын ұйымдастыру мүмкіндігін көздейді. Оның орналасатын орнын ауданды және кәсіпорынды дамытудың перспективалық жоспарымен ұштастыру қажет.

      40. Қалдық сақтау қоймаларын халық шаруашылығында мәні бар ірі өзен мен көлдерге (1000 м кем) тікелей жакын жерде сумен жабдықтау көзі болып табылатын сулы қабаттардың беткі жайылу орындарында, сондай-ақ келешекте даму перспективасымен 50 мыңнан аса тұрғыны бар қалаларда (Санитариялық қорғаныш аймақтың өлшеміне сәйкес) орналастыруға жол берілмейді.

      41. Қалдық сақтау қоймасы кәсіпорын аумағында орналастырылған кезде оның өндірістік, әкімшілік және кәсіпорынның тұрмыстық ғимаратының санитариялық қорғау аймақтары өлшемінің тең жартысы болатын, бірақ 500 м ден жақын емес арақашықтықта орналастырылады.

      42. Қалдық сақтау қоймасын:

      - ауыз су бас тоғанынан және балық аулау шаруашылығынан төмен;

      - жиналатын қалдықтардың төменгі деңгейінен 2 м кем емес деңгейде жерасты суларының көтерілуі кезінде су сіңбей жатып қалатын (қалдық сақтау қоймасын пайдалануға берген кезде судың көтерілуін ескере отырып) сүзгіштігі төмен (саз, саздақ, тақтатас) жер телімдерінде орналастырылады. Таңдалған жердің гидрогеологиялық жағдайы қолайсыз болған жағдайда жерасты суларының деңгейін төмендететін іс-шараларды қарастыру керек.

      43. Қалдық сақтау қоймасын көму алдында оны жер жұмысына қажетті техниканы пайдалануға болатындай жағдайға дейін құрғату шаралары жүргізіледі.

      44. Жұмысы өтелген қалдық сақтау қоймасы аймағын кез келген халық шаруашылығы мақсатында пайдалануға жол берілмейді. СҚА аумағында тұрғын үй, балалар мекемелері, әлеуметтік-мәдени және тұрмыстық қызмет көрсету объектілері құрылысын жүргізуге, сондай-ақ дем алу, спортпен айналысу орындарын орналастыруға жол берілмейді.

      45. Егер көмілген қалдық сақтау қоймасы елді мекеннен, өндірістік кәсіпорындардан немесе жер алқаптарынан 2 км дейін қашықтықта орналастырылса, онда биіктіктігі 2 м кем емес темірбетонды жиынтықтан жасалған қоршау көзделеді. Қоршау табиғи жағдайда топырақ беті мен тоған бойындағы гамма сәулелену қуаты сағатына 0,3 микро Зиверт аспаған жағдайда, қалдық қоймасынан 30 м қашықтықта орналасуы тиіс. Егер қалдық сақтау қоймасы елді мекеннен 2 км астам қашықтықта орналасса, қоршау темірбетонды бағанаға екі қатар тікенекті сымды орау арқылы құрастырылады. Елді мекеннен және көлік жолдарынан 5 км астам қашықтықта, халық шаруашылығына жарамсыз жерлерде (таулы аймақ, шөлейт және т.б.) орналасқан қалдық сақтау қоймасы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының келісімімен қоршалмайды. Қалдық сақтау қоймасының маңайында тиісті ескертпелер мен тыйым салынған жазулар қойылады.

      46. Көмілген қалдық сақтау қоймасына паспорт толтырылады, онда көмудің аяқталу уақыты, көму бойынша іс-шаралардың қысқаша сипаттамасы, жобаны орындаған ұйым, көмуді жүзеге асырған кәсіпорын, көмілген объектіні қадағалауға алған ұйым, жұмыстың аяқталғаны бойынша санитариялық-дозиметриялық бақылау деректері және де көмілген объекті мен іргелес аумаққа салынған шектеулер көрсетіледі.

3. Қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, пайдалануға, қолдануға,
залалсыздандыруға, тасымалдауға, сақтауға және көмуге қойылатын
санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

      47. Елді мекен аумағында қалдықтарды жинау, пайдалану, қолдану, залалсыздандыру, тасымалдау, сақтау және көмуді арнайы кәсіпорындар жүзеге асырады. Шағын елді мекендерде ҚТҚ жинайтын, шығаратын және көму орындарын қадағалайтын арнайы кәсіпорындар болмаған жағдайда жергілікті атқарушы органдары қызметінің бақылауымен және қызмет етуімен қалдықтарды өз бетімен шығаратын орындар ұйымдастырылады.

      48. Инфекциялық стационарларды қоспағанда, оның ішінде туберкулезге қарсы, тері-венерологиялық, қоғамдық тамақтану, сауда, жалпы білім беру, санаторийлік-курорт ұйымдары объектілердің тағам қалдықтары қақпағы бар ыдыстарға жиналады, салқындатылатын үй-жайларда немесе тоңазытқыш камераларда сақталады. Инфекциялық стационарлардың, оның ішінде туберкулезге қарсы, тері-венерологиялық, тағам қалдықтарын қоспағанда, тағам қалдықтарын малға азық ретінде пайдалануға жол беріледі.

      49. Елді мекендерде (иеліктегі үйлердің, ұйымдардың, мәдени-бұқаралық мекемелердің, демалыс аймақтары аумақтарында) көлік кіретін жерлері бар, қалдықтарды жинауға арналған контейнерлерді орналастыру үшін арнайы алаңдар бөлінеді. Алаңға қатты жабын жабылады және үш жағынан 1,5 м кем емес биіктіктегі қоршау орнатылады.

      50. ҚТҚ жинауға арналған контейнерлерді қақпақпен жабдықтайды. Елді мекендерде, уақытша қоныстарды (вахталық поселкелер, стационарлық емес объектілер мен имараттар) қоспағанда, контейнер алаңдарын тұрғын және қоғамдық ғимараттардан, ұйымдардан, спорт алаңдары мен халық демалатын орындардан 25 м аспайтын қашықтықта орналастырады.

      51. Контейнерлердің есептелген мөлшері қалдықтардың нақты жиналуына сәйкес келуі тиіс.

      Орнатылатын контейнерлердің санын есептеу контейнерлерді пайдаланатын халықтың саны, қалдықтардың жиналу нормасы, олардың сақталу мерзімі ескеріле отырып жүргізіледі.

      Контейнерлерде қалдықтарды сақтау мерзімін 0 0С температурада және одан төмен болғанда, 3 тәуліктен, температура плюс болғанда 1 тәуліктен асыруға жол берілмейді.

      52. ҚТҚ жинау үшін абаттандырылған тұрғын үй қорында контейнерлерді, жеке меншік үй иелігінде қақпағы бар еркін құрылымдағы ыдыстарды пайдалануға жол беріледі.

      53. Орталықтандырылған сумен жабдықтау және кәріз жүйелеріне қосылған тұрғын объектілердің, ұйымдар мен кәсіпорындардың аумағында қоқыс жинауға арналған аулалық қондырғыларды, қоқыс төгуге арналған шұңқырлар мен алаңдарды салуға және қайтадан жабдықтауға жол берілмейді.

      54. Сұйық тұтыну қалдықтарын жинау су өткізбейтін орны және жер беті бөлігінде нәжісті бөлуге арналған қақпағы мен торы бар қоқыс төгетін шұңқырларда жүзеге асырылады. Аулалық дәретхана бар жерлерде қоқыс төгетін шұңқырлардың ортақ болуына жол беріледі.

      55. Кәрізі жоқ аулалық және қоғамдық дәретханаларды тұрғын мен қоғамдық ғимараттардан, балалар ойнайтын алаңдардан және дем алатын орындардан кем дегенде 25 м қашықтыққа, құдықтан, бұлақ көзінен кем дегенде 50 м қашықтыққа алшақтатады.

      56. Көп қабатты тұрғын үй құрылысы аудандарындағы ҚТҚ алаңының шетінен 1,5 м радиустағы контейнер алаңына іргелес аумақта қажеттілігіне қарай жоспарлы-тұрақты тазарту жүргізеді.

      57. Қалдықтарды тасымалдауға арналған көліктердің санын салынып жатқан учаскенің іс жүзінде дамуын және нақты елді мекеннің жергілікті жағдайларын ескере отырып анықтайды.

      58. Көлік құралдарын жууға арналған алаңды шаруашылық аймағынан тыс жерде орналастырады. Алаңда салқын су тартылған жуу бөлімшесі қарастырылады. Таза және лас контейнерлердің және полигонға келетін қоқыс тасымалдайтын көліктердің көлік ағындылары жекешелендіріледі және бірікпеуі тиіс.

      59. Су құбыры суы жоқ болғанда контейнерлерді жуу сыртқы ауа температурасының плюс 50С-ден жоғары болғанда су себетін машиналармен жүзеге асырылады.

      60. Контейнерлер мен көлік құралдарын жуған шайынды сулар булану үшін карталарға жіберіледі немесе ҚТҚ-ды ылғалдандыру үшін пайдаланылады.

      61. Полигоннан шығатын жерде қоқыс тасымалдайтын көліктердің дөңгелектерін залалсыздандыруға арналған дезинфекциялайтын бетон ванна орнатады. Ваннаның ұзындығы кемінде 8 м, ені 3 м, тереңдігі 0,3 м болуы қарастырылады.

      62. Полигонның барлық аумағының периметрі бойынша жеңіл қоршау, тереңдігі 2 м астам кептіретін траншея немесе биіктігі 2 м аспайтын топырақ үйінділерін орнатады.

4. Медициналық қалдықтарды жинауға, пайдалануға, қолдануға,
залалсыздандыруға, тасымалдауға, сақтауға және көмуге қойылатын
санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

      63. Медициналық қалдықтар (бұдан әрі - МҚ) қауіптілік дәрежесі бойынша мынадай 5 қауіптілік сыныбына бөлінеді:

      А сыныбы - ҚТҚ ұқсас қауіпті емес медициналық қалдықтар;

      Б сыныбы - қауіпті (эпидемиологиялық) медициналық қалдықтар;

      В сыныбы - төтенше (эпидемиологиялық) қауіпті медициналық қалдықтар;

      Г сыныбы - құрамы бойынша өнеркәсіп қалдықтарына ұқсас токсикологиялық қауіпті медициналық қалдықтар;

      Д сыныбы - радиоактивті медициналық қалдықтар;

      64. Денсаулық сақтау объектілерінде медициналық қалдықтарды сорттау және уақытша сақтау үшін пайдаланылатын үй-жайлар Кодекстің 144-бабының 6-тармағына сәйкес бекітетін "Денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларына сәйкес көзделеді.

      65. Медициналық қалдықтарды тасымалдауды жүзеге асыратын адамдар оларды көлік құралына тиеген сәттен бастап белгіленген орында қабылдағанға дейін олармен қауіпсіз жұмыс істеу шараларын сақтаулары қажет.

      Медициналық қалдықтарды жинау, қабылдау және тасымалдау бір рет қолданылатын пакеттерде, ыдыстарда, қауіпсіз кәдеге жарату қораптарында (бұдан әрі - ҚКЖҚ), контейнерлерде жүзеге асырылады. Медициналық қалдықтардың әр сыныбы үшін контейнерлер, ыдыстар мен пакеттер әртүрлі бояумен таңбаланады. Контейнерлердің құрылымы су өткізбейтін болуы керек, бөтен адамдардың олардың ішіндегісімен жанасуларын болдырмау қажет.

      66. Медициналық қалдықтарды қолмен нығыздауға және медициналық қалдықтарды жинауды, сұрыптауды жеке қорғаныш құралынсыз жүзеге асыруға жол берілмейді.

      67. Б сыныбындағы медициналық қалдықтар арнайы қондырғыларда: газбен тазалағыштары бар жағу қондырғыларында (инсинераторларда) немесе залалсыздандыру қондырғыларында (автоклавтарда) залалсыздандырылады. Медициналық қалдықтардың жағу өнімдері мен залалсыздандырылған қалдықтар А сыныбының медициналық қалдықтарына айналып, ҚТҚ ретінде көміледі.

      68. Пайдаланылған шанышқылы және басқа да өткір заттар (инелер, қауырсын тәрізді құралдар, ұстаралар, ампулалар) алдын ала сұрыпталмастан кәдеге жаратылатын ҚКЖҚ-на қабылданады.

      69. Жұқпалы емес науқастардың операциялық бөлімшелерінің органикалық қалдықтары (ағзалар, тіндер) Кодекстің 144-бабының 6-тармағына сәйкес бекітетін "Коммуналдық объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларына сәйкес бейіттердің арнайы бөлінген орындарында көмуге жатады.

      70. Пайдаланылған люминесцентті шамдар, құрамында сынабы бар аспаптар мен жабдықтар сақтау мен тасымалдау кезінде сынуын болдырмайтын тығыз жабылатын ыдыстарда тасымалданады және сақталады.

      71. Г сыныбының медициналық қалдықтарын көму қауіпті қалдықтарға арналған полигондарда, олар залалсыздандырылған жағдайда ҚТҚ полигондарында жүзеге асырылады.

      72. Медициналық қалдықтарды тасымалдауға су өткізбейтін жабық кузовпен жабдықталған, дезинфекциялық оңай өңделетін көлік құралында көлікке халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қолданыстағы заңнамаларға сәйкес халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшесінің санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысы бар болғанда жол беріледі.

      73. Медициналық қалдықтарды түсіргеннен кейін көлік құралы жуылады, дезинфекцияланады және таза күйінде ұсталады.

      74. Медициналық қалдықтарды Кодекстің 144-бабының 6-тармағына сәйкес бекітетін СҚА белгілеу бойынша Санитариялық қағидаларына сәйкес СҚА мөлшері есебімен орналасқан арнайы қондырғыларда (залалсыздандырылмаған "Б" сыныбындағы МҚ және "В" сыныбындағы барлық МҚ) жағу көзделеді. Арнайы қондырғылары жоқ объектілер мен елді мекендер аумағында медициналық қалдықтарды жағуға тыйым салынады.

      75. Медициналық қалдықтарды термиялық тәсілмен залалсыздандыру (жағу) медициналық қалдықтарға термиялық әсер ету жолымен 800-10000С төмен емес температурада жүргізіледі.

      76. Медициналық қалдықтарды залалсыздандыруға қалдықтардың сыныбы мен көлемі көрсетілген, денсаулық сақтау объектісінің жауапты тұлғасы қол қойған ілеспе актісі бар болғанда қабылданады.

      77. Медициналық қалдықтарды қабылдау қапталған күйде, арнайы журналда сапалық және сандық есепке алуды жүргізе отырып жүзеге асырылады.

      78. Медициналық қалдықтарды залалсыздандыруға арналған арнайы қондырғыны дайындаушының техникалық құжаттамасына сәйкес орналастырылады және пайдаланылады.

      79. Медициналық қалдықтарды көму мен кәдеге жарату объектілеріндегі сұрыптауға және уақытша сақтауға арналған бөлменің алаңы 12 шаршы метрден (бұдан әрі - м2) кем болмауы тиіс және ішке сору-сыртқа шығару желдеткішімен, биологиялық қалдықтарды сақтауға арналған тоңазытқыш жабдығымен, жекелеген стеллаждармен, медициналық қалдықтар бар пакеттерді жинауға арналған контейнерлермен, таразымен, ыстық және суық су келтірілген раковинамен, бактерицидті шаммен жабдықталады. Әр үй-жайда ыдыстарды жууға, сақтауға және залалсыздандыруға арналған жағдайлар жасалады. Қызмет көрсететін персонал үшін жеке арнайы киім бөлінеді.

      80. Медициналық қалдықтарды уақытша сақтауға арналған үй-жайдың едені, қабырғасы, төбесі жуу және дезинфекциялау құралдарына төзімді материалдардан жасалады.

      81. Негізгі үй-жайлардан басқа персонал үшін алаңы кемінде 6 м2 үй-жайлар, жинау мүкаммалына, жуу және дезинфекциялау құралдарына, жуатын айналым ыдысына арналған ауданы кемінде 4 м2 қойма бөлінеді.

      82. Жуу бөлмесі ағынды салқын және ыстық су келтірілген ваннамен немесе еденге түсетін кранмен жабдықталады. Персоналдың жеке гигиена қағидаларын сақтауы үшін қолды жууға және кептіруге арналған құралдармен жарақталған, салқын және ыстық су келтірілген раковина бөлінеді.

      83. Медициналық қалдықтарды жинау, залалсыздандыру, тасымалдау, сақтау және көмумен айналысатын жұмысшылар Кодекстің 155-бабының 4-тармағына сәйкес бекітетін "Міндетті медициналық тексеріп-қарау өткізілетін зиянды өндірістік факторлардың, кәсіптердің тізбесіне" және "Міндетті медициналық тексеріп-қарауды өткізу қағидаларына" сәйкес алдын ала (жұмысқа түсер алдында) және кезеңдік медициналық тексерілуден өтеді.

      84. Медициналық қалдықтарды көму орындарында мынадай жеке гигиена талаптары сақталады:

      1) жұмыс қорғаныш бетпердесімен, экрандармен, бір рет пайдаланылатын резеңке немесе латекс қолғаптармен жүзеге асырылады;

      2) жұмыс орнында темекі шегуге және тамақ ішуге жол берілмейді;

      3) жұмыс арнайы киімде жүзеге асырылады;

      4) шкафтарда жеке және арнайы киімдер бөлек сақталады.

5. Полигондардың құрылысына, күтіп-ұстауға және пайдалануға
қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

      85. Өндіріс қалдықтарын көмуге арналған полигон үшін учаскенің көлемі қалдықтардың 20-25 жыл бойы жиналу мерзіміне қарай белгіленеді.

      86. Полигонға арналған орындарды бөлек, құрылыстан бос, желденетін, жауын-шашын, еріген және тасқын сулар баспайтын, инженерлік шешімдердің орындалуына жол беретін, елді мекендердің және жаппай демалу, шаруашылық сумен жабдықтау, минералды көздер, ашық су қоймалары және жер асты сулары орналасқан аймақтардың ықтимал ластануын болдырмайтын аумақтарда көзделеді.

      87. Полигонды: басым бағыттағы желді ескере отырып, елді мекендердің ық жағында, өзен ағысы бойынша шаруашылық-ауыз сумен жабдықтаудың су алу орындарынан төмен, ашық су қоймаларының су алу аймақтарынан, қыстау орларынан, балықтардың жаппай уылдырық шашу және семірту орындарынан төмен және шекарасынан тыс орналастырады.

      88. Полигонды жер асты сулары 20 м артық тереңдікте жатқан және сүзгілеу коэффициенті 10 м/тәул жоғары емес өткізгіштігі аз жыныстармен жабылған учаскелерде орналастырады. Полигон түбінің негізін жер асты суларының ең жоғары негізгі тұрағынан кемінде 4 м орналастырады. Қабырғалары мен түбі сумен оқшаулау арқылы орнатылады.

      89. ҚТҚ полигондарының СҚА көлемі мен көгалдандыру Кодекстің 144-бабының 6-тармағына сәйкес бекітетін "Өндірістік объектілердің санитариялық-қорғаныш аймағын анықтау бойынша санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

      90. Полигонды тұрғын үй құрылысының резервті, өндірістік объектілерді кеңейту аумақтарында, рекреациялық аймақтарда, өзендер алқабында, жыраларда, топырағы шөккен учаскелерде, карст процестері дамитын жерлерде, пайдалы қазбалар жатқан аумақтарда, жер асты ауыз су көздерінің қоректену аймағында орналастыруға жол берілмейді.

      91. Полигон аумағының елді мекендер, өнеркәсіптік кәсіпорындар, ауыл шаруашылығы алқаптары мен су ағысы бағытына қарай еңісі 1,5 %-дан аспауы тиіс.

      92. Полигонның СҚА көлемі елді мекендерге және ашық су қоймаларына дейін, сондай-ақ рекреациялық мақсатта қолданылатын объектілерге дейін кемінде 1000 м-ді құрайды.

      93. 4-қауіптілік сыныбының өндіріс қалдықтары шектеусіз қабылданады және оқшаулағыш материал ретінде пайдаланылады. Бұл қалдықтар сулы сығындыда ҚТҚ-дың сүзгі деңгейінде уытты заттардың (1 килограмм қалдыққа 1 литр су) болуымен, оттегіге биохимиялық қажеттілік (бұдан әрі – ОБҚ толық) көрсеткішімен және 1 литрге 300 миллиграмнан (бұдан әрі - мг/л) артық емес оттегіге химиялық қажеттілік (бұдан әрі - ОХҚ) көрсеткішімен сипатталады, фракцияларының көлемі 250 мм аспайтын біркелкі құрылымы болуы тиіс.

      ҚТҚ полигонына шектеусіз қабылданатын және оқшаулағыш материал ретінде пайдаланылатын 4-қауіптілік сыныбының өндіріс қалдықтарының тізбесі осы Санитариялық қағидалардың 1-қосымшасында келтірілген.

      Полигонға шектеулі қабылданатын және бірге сақталатын 3-4 қауіптілік сыныбының өндіріс қалдықтарының тізбесі (ҚТҚ 1000 м3 арналған норматив) осы Санитариялық қағидалардың 2-қосымшасында келтірілген.

      Шектеулі мөлшерде қабылданатын және ерекше жағдайларды сақтай отырып жиналатын 3-4 қауіптілік сыныбының өндіріс қалдықтарының тізбесі осы Санитариялық қағидалардың 3-қосымшасында келтірілген.

      94. Полигон аумағы екі аймаққа бөлінеді: ҚТҚ жинау аймағы және шаруашылық-тұрмыстық объектілерді орналастыру аймағы.

      Жинау аймағын полигон әкімшілігі жасаған пайдалану картасының кестесіне сай, кезекпен қалдықтармен толтырылатын бөлек учаскелерге (карталарға) бөледі.

      95. Полигон персоналы үшін тұрмыстық үй-жайлар қарастырылады. Тұрмыстық үй-жайлар құрамына тамақтануға арналған бөлме және арнайы киімдерді сақтауға арналған бөлме, ыстық және салқын су келтірілген санитариялық торап және себезгі бөлмесі көзделеді.

      96. Өндіріс және тұтыну қалдықтарымен айналысатын жұмысшылар арнайы киім мен арнайы аяқ киіммен, жеке қорғаныш құралдарымен жұмыс істейді.

      97. Қатты және сұйық қалдықтарды жинаумен, кәдеге жаратумен, тиісті құрылыстарды пайдаланумен айналысатын персонал Кодекстің 155-бабының 4-тармағына сәйкес бекітетін "Міндетті медициналық тексеріп-қарау өткізілетін зиянды өндірістік факторлардың, кәсіптердің тізбесіне" және "Міндетті медициналық тексеріп-қарауды өткізіу қағидаларына" сәйкес жұмысқа түсер алдында алдын ала және кезеңдік медициналық тексерулерден өтеді.

      98. ҚТҚ полигонын ол толғаннан кейін қалпына келтіру/жою жобасына сәйкес жүргізіледі.

      99. Полигонда түсетін қалдықтардың құрамына бақылау және есепке алу, қалдықтарды полигонның жұмыс істеп тұрған бөлігіне бөлу, қалдықтарды оқшаулау бойынша технологиялық цикл қамтамасыз етіледі.

      100. ҚТҚ полигонына тұтыну қалдықтары мен өндіріс қалдықтарының кейбір түрлері (3 және 4-қауіптілік сыныбы), сондай-ақ сыныбы тәжірибелік әдістермен анықталатын қауіпсіз қалдықтар қабылданады.

      101. ҚТҚ бірге жинау үшін ылғалдылығы 85% аспайтын жарылысқа қауіпті емес және өздігінен тұтанбайтын өндіріс қалдықтары қабылданады. Сұйық және паста тәрізді қалдықтар ҚТҚ полигонына қабылданбайды.

      102. Полигонда қалдықтар мен олардың мөлшері көрсетілген, қызмет көрсетілетін ұйымдардың тізімі (тізбесі) болады.

      103. 3 және 4 қауіптілік сыныбының өндіріс қалдықтары шектеулі мөлшерде қабылданады (қатты тұрмыстық қалдықтар массасының 30 %-нан асырмай) және сулы сығындыда ҚТҚ-ның сүзгі деңгейінде уытты заттардың болуымен және оттегінің ОБҚ20 және ОХҚ 400-5000 мг/л мәндерімен сипатталатын тұрмыстық қалдықтармен бірге жиналады.

      104. Полигонға шығарылатын қалдықтардың әрбір партиясына өндірістік объектінің басшылығы осы Санитариялық қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес анықтама түрінде ресімдейді.

      105. ҚТҚ полигондарына химиялық қалдықтар мен эпидемиялық қауіп тудыратын, арнайы құрылыстарда залалсыздандырылмаған қалдықтарды қабылдауға жол берілмейді. Радиоактивтілігі бар қатты, сұйық және паста тәрізді қалдықтарды залалсыздандыру мен көмуді арнайы полигондарда жүзеге асырады.

      106. Өлген малдың, конфискаттардың, ет комбинаттарының өлекселерін ҚТҚ полигондарына қабылдауға жол берілмейді, оларды залалсыздандыру мал өлекселерін көмуге арналған орындарда немесе кәдеге жарату зауыттарында жүргізіледі.

      107. Полигонда қалдықтарды залалсыздандыру үшін бурттарда далалық компостау әдісі пайдаланылады, жылына 120000 м3 ҚТҚ қабылдайтын полигондар үшін ҚТҚ-ды жинаудың траншея схемасын қолданады. Траншеялардың тереңдігі 3-6 м және ал жоғарғы жағының ені 6-12 м болады. Траншеялар желдің жиі соғатын бағытына перпендикуляр орналастырылады.

      108. Траншеяларды қазу барысында алынған топырақ ҚТҚ толтырылғаннан кейін оларды жабуға пайдаланылады.

      109. Бір траншеяның ұзындығын оны толтырудың мынадай уақытын есепке ала отырып:

      1) температура 00С жоғары болған кезеңде 1-2 ай бойы;

      2) температура 00С-ден төмен болған кезеңде - топырақтың барлық тоңазу кезеңіне орнатады.

      110. ҚТҚ-ды батпақты жердегі суларға және тасқын су басып кететін учаскелерге тікелей жинауға жол берілмейді. Мұндай учаскелерді ҚТҚ полигонына пайдаланғанға дейін оны жер беті немесе тасқын судың ең үлкен деңгейінен 1 м асатын биіктікке инертті материалдармен үйіп қояды. Үйген кезде су өткізбейтін экран жасайды. 1 м төмен тереңдікте жер асты суы болған жағдайда, жердің бетіне топырақты алдын ала кептіре отырып, оқшаулағыш қабат жасайды

      111. Полигонның жасыл аймағында (периметрі бойынша) ҚТҚ-ның жер асты суларына әсерін есептеу үшін бақылау ұңғымалары орнатылады, олардың бірі жер асты суларының ағысы бойынша полигоннан жоғары, 1-2 ұңғыма полигоннан төмен жерде орналастырылады.

      112. Полигонға жеткізілетін ҚТҚ мөлшерін есепке алуды осы арнайы журналда осы Санитариялық қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес пішін бойынша жүргізеді.

      113. ҚТҚ-ды жинау кезінде жұмыс картасында қалдықтардың тығыздалған қабатын қалыңдығы 2,0 м топырақпен немесе басқа инертті материалмен аралық немесе түпкілікті оқшаулау жүзеге асырылады. Жазық полигондарда қалдықтарды оқшаулауды жаз мезгілінде күн сайын, температура плюс 50С-тан төмен болғанда жинаған сәттен бастап 3 тәуліктен кешіктірмей жүргізеді.

      114. Оқшаулау материалы ретінде шлактар мен/немесе мынадай өндіріс қалдықтарын: әк, бор, сода, гипс, графит, асбоцемент, шифер қолданылады.

      115. ҚТҚ-ды қоқыс тасымалдағыштардан түсіргенде және жинағанда қалдықтардың жеңіл фракцияларын жұмыс істеу үшін желдің басым бағытына перпендикуляр жылжымалы торлы қоршау орнатады. Ауысымына бір реттен сиретпей жылжымалы қалқаншалармен ұсталатын қалдықтар жиналады және жұмыс картасының бетіне орналастырылады, үстіңгі жағынан топырақпен оқшаулайтын қабатпен тығыздалады

      116. Жер асты және жерүсті жиналған ағындарды су қоймаларына бұратын айналма арналар жүйелі түрде қоқыстан тазартылып отырады.

      117. Полигонның аумағында ҚТҚ-ды жағуға жол берілмейді, ал олар өздігінен жанған жағдайда полигон персоналы өз күшімен сөндіреді.

      118. Полигонды жабуды оны жобада көзделген биіктікте топырақпен жапқаннан кейін жүзеге асырады. Пайдалану мерзімі 5 жылдан кем полигондарда кейінгі қондыруды ескере отырып, көзделген тік белгіден 10 %-ға асыру процесінде жабуға жол беріледі.

      119. Полигонды жабу алдында қалдықтардың соңғы қабатын топырақтың сыртқы оқшаулау қабатымен соңғы рет жабылады.

      120. Сыртқы оқшалау қабатын түпкілікті жоспарлаған кезде полигонның шеттеріне қарай су ағатын еңістіктер орнатылады.

      121. Полигонның сыртқы еңістерін бекіту полигонды пайдаланудың басынан бастап және биіктігінің ұлғаюына қарай жүргізіледі. Полигонның сыртқы еңістеріне арналған материал ретінде топырақ пайдаланылады.

      122. Полигонның жоғарғы оқшалау қабатын қондыру полигон жабылғаннан кейін көзделген оны пайдалану шарттарымен анықталады. Жабық полигонды орман-саябақ кешенін, шаңғы спортына арналған төбе немесе төңіректі көзбен шолуға арналған қарау алаңын салу үшін пайдаланған кезде сыртқы оқшалау қабатының қалыңдығы кемінде 0,6 м болуы көзделеді.

      123. Полигон еңістерінің топырағын желмен ұшып кетуден немесе шайылудан қорғау үшін сыртқы оқшалау қабаты салынғаннан кейін оларды терраса түрінде көгалдандырады.

      124. Қалпына келтірілетін полигонның аумағын күрделі құрылысқа пайдалануға жол берілмейді.

      125. Істен шыққан карьерлер, жасанды жасалған қуыстар ластанған жауын-шашын және ағынды сулар жиналатын орын болып табылады. Осы аумақты шаруашылықта пайдалануға жарамды күйге келтіру үшін оны қалпына келтіру жүргізіледі.

      126. Карьерлерді және басқа да жасанды жасалған қуыстарды, ҚТҚ-ды және 3 және 4-қауіптілік сыныбы қалдықтарын пайдалана отырып, жабуға жол беріледі. Сондай-ақ, көму үшін Кодекстің 144-бабының 6-тармағына сәйкес бекітетін "Өндірістік объектілердің санитариялық қорғау аймақтарын белгілеу бойынша санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларға сәйкес есептелген СҚА анықтай отырып, белгіленген жерлерде пайдалануға жол беріледі. Қалдықтардың кез келген түрлерін пайдалану кезінде олардың морфологиялық және физикалық-химиялық құрамын анықтайды. Тамақ қалдықтарының, өсімдік өнімдері қалдықтарының жалпы мөлшері 15 %-дан аспауы тиіс. Қалдықтарды орналастыруға арналған негіз қатты тұрмыстық қалдықтарға арналған полигонды жобалау, пайдалану және қалпына келтіру бойынша белгіленген тәртіп талаптарын қанағаттандыруы тиіс.

      127. Қалпына келтірілетін карьерге арналған СҚА-ның мөлшерін ҚТҚ-дың қоқыс тиеу станцияларына арналған СҚА-ның мөлшеріне тең мөлшерде қабылдайды және жақын орналасқан тұрғын үй құрылысынан кемінде 100 м құрайды. Қалпына келтірілетін карьердің қоршауы және жұмысты орындауды қамтамасыз етуге арналған уақытша шаруашылық-тұрмыстық объектілері болады.

      128. ҚТҚ полигоны мен өндіріс қалдықтарын көму полигонында технологиялық бақылауды кәсіпорын - полигон иесі немесе аккредиттелген зертхана өткізеді. Зертхана атмосфералық ауаның, ашық су қоймалары суының, полигонның жұмыс аймағындағы және СҚА шекарасындағы жер асты суларының ластану жағдайына бақылауды қамтамасыз етеді.

      129. Өндірістік (зертханалық) бақылауды жер асты сулары ағысы бойынша полигоннан жоғары және төмен, сондай-ақ полигоннан жоғары жер асты су көздерінде және полигоннан төмен су бұру арналарында жүзеге асырылады.

      130. Полигонның істен шыққан учаскелері үстіндегі және СҚА шекарасындағы атмосфералық ауа сынамаларын қоспалардың болуына талдауларды тоқсан сайын жүргізеді. Анықталатын көрсеткіштердің көлемі мен сынамалар көлемі кезеңділігін полигонды өндірістік бақылау жобасында негіздейді. Атмосфералық ауа сынамаларын талдау кезінде метан, күкіртті сутегі, аммиак, көміртегі тотығы, бензол, үш хлорметан, төрт хлорлы көміртек, хлорбензол анықталады.

      131. Өндіріс қалдықтарын көму полигонында қалдықтардағы бақыланатын зиянды заттар тізбесі қалдықтар құрамына байланысты болады.

      132. СҚА шекарасында атмосфераның РЕШШ-дан артық ластануы және жұмыс аймағында РЕШШ-дан артық екені анықталғанда ластану деңгейін төмендету бойынша шаралар қабылданады.

      133. Өндірістік бақылау жүйесі полигонның ықтимал әсер ету аймағындағы топырақтың жағдайына бақылауды қамтиды. Топырақтың сапасын химиялық (ауыр металдар, нитриттер, нитраттар, гидрокарбонаттар, органикалық көміртегі, рН, цианидтер, қорғасын, сынап, күшәланың болуы), микробиологиялық (жалпы бактериологиялық сан, коли-титр, протей титрі), паразитологиялық (гельминт жұмыртқалары) және радиологиялық көрсеткіштер бойынша бақылайды.

      134. СҚА мен ағызу станцияларының СҮ көлемі Кодекстің 144-бабының 6-тармағына сәйкес бекітетін "Өндірістік объектілердің санитариялық-қорғаныш аймағын анықтау бойынша санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларына сәйкес белгіленеді.

      135. Радиоактивті қалдықтармен жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу кезінде Кодекстің 144-бабының 6-тармағына сәйкес бекітетін "Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларының талаптары басшылыққа алынуы тиіс. Ағызу станциясына арналған учаскені тұрғын және қоғамдық ғимараттар мен құрылыстарға қатысты желдің ық жағына орналастырады. Жер учаскесінің көлемі 1 м3 су ағынының 0,2 гектар есебінен анықталады.

      136. Вакууммен толтырылған автоцистернадан сұйық қалдықтарды төгуді қабылдау құрылғыларына алу тармақтары арқылы жүргізеді.

      137. Сұйық қалдықтарға су 1:1 есебінен қосылады, қатты қоспаларды қоқыс үгітетін қондырғыларда ұсатып кәрізге жібереді, ал олар болмаған жағдайда ҚТҚ-ды залалсыздандыру үшін бөлінген орындарға күнделікті шығарады.

      138. Кәріздері жоқ елді мекендерде қатты және сұйық қалдықтар бөлек жиналады. Сұйық қалдықтар су өткізбейтін шұңқырларға жиналады және ассенизация алқаптарына немесе жер жырту алқаптарына ассенизациялау көлігімен шығарылады.

      139. Ассенизация алқаптарын ыңғайлы кіретін жолдары бар қоныстану аймағының шекараларынан кемінде 1000 м арақашықтықта орнатады.

      140. Алқаптарды жазғы және қысқы аумақтарға, бөлек учаскелерге (карталарға) бөледі. Сұйық қалдықтарды жер жыртылған беттерге төгеді және жерді 20 см тереңдікте жыртады. Қысқы учаскелерді күзден бастап жыртады және қыста төгеді, ал көктемде учаске кепкеннен кейін қайта жыртады.

      141. Ассенизация алқаптарында техникалық дақылдарды себуге жол беріледі және оларды көкөніс дақылдарын себуге пайдалануға жол берілмейді.

      142. Жер жырту мен ассенизация алқаптары қоршалады, көлік жууға арналған алаңдарды белгілейді. Жұмысшыларға арналған үй-жай жарықпен және сумен қамтамасыз етіледі.

  "Өндіріс және тұтыну қалдықтарын
жинауға, пайдалануға, қолдануға,
залалсыздандыруға, тасымалдауға,
сақтауға және көмуге қойылатын
санитариялық-эпидемиологиялық талаптар"
санитариялық қағидаларға
1-қосымша

Қатты тұрмыстық қалдықтар полигонына шектеусіз қабылданатын
және оқшаулау материалы ретінде пайдаланылатын 4-қауіптілік
сыныбының (уыттылық дәрежесі бойынша) өндіріс қалдықтарының
Тізбесі

№ р/с

Қалдықтар түрі

1

Алюминий силикатты шлам СБ-Г-43-6

2

Асбестцемент сынықтары

3

Асбестцемент ұнтағы

4

Бентонит қалдықтары

5

Кальций карбидін өндірудің істен шыққан графиті

6

В-6 витаминін өндірудің құрамында гипсі бар қалдықтары

7

Қайнайтын әк, әктас, сөнгеннен кейінгі шлам

8

Химиялық тұндырылған бордың қатты қалдықтары

9

Істен шыққан брикеттер түріндегі алюминий тотығы

10

Кремний тотығы (ПВХ және AlCl3 өндіргенде)

11

Паратит қалдықтар

12

Натрий сульфаты тұздарының қоспасы

13

Селикагель (уытты емес газдарды кептіру адсорберлерінен)

14

Сүзгі престердің шламдары селикагель өндірісі

15

Соданың түйіршіктелген шламы

16

CaSO4 түрінде дистилденген сода-цемент өндірісінің қалдығы

17

Құрамында ауыр металдар жоқ қалыптағы өзекті қоспалар

18

Химиялық суды тазалау және суды жұмсарту шламдары

19

Ағынды сулардың хлорлы-натрий тұнбалары

20

Стандартты емес хлорлы әк

21

Шифер өндірісінің қатты қалдықтары

22

ЖЭО, көмірмен, шымтезекпен, тақта таспен немесе тұрмыстық қалдықтармен жұмыс істейтін қазандықтар шлактары

23

Тегістеу материалдары

24

Құрылыс қалдықтары: құрылыс топырағы, бетонның, ерітінділердің қалдықтары, ПГС, сынған кірпіштер, керамикалық бұйымдардың, саманның, саздың қалдықтары және т.б.

  "Өндіріс және тұтыну қалдықтарын
жинауға, пайдалануға, қолдануға,
залалсыздандыруға, тасымалдауға,
сақтауға және көмуге қойылатын
санитариялық-эпидемиологиялық талаптар"
санитариялық қағидаларға
2-қосымша

Полигонға шектеулі қабылданатын және қатты тұрмыстық
қалдықтармен бірге сақталатын 3 және 4 қауіптілік сыныбының
(уыттылық дәрежесі бойынша) өндіріс қалдықтарының тізбесі
(қатты тұрмыстық қалдықтардың 1000 м3 арналған нормативтер)

р/с

Қалдықтар түрі

Қатты тұрмыстық қалдықтардың 1000 м3-не тоннамен алғандағы өндіріс қалдықтарының шекті мөлшері

1

2

3

1

Сірке ангидриді өндірісінің текше қалдықтары

3

2

Резит қалдықтары (қатты формальдегид шайыры)

3

3

Көпіретін полистирол пластиктері өндірісінің қатты қалдықтары

10

р/с

Қалдықтар түрі

Қатты тұрмыстық қалдықтардың 1000 м3-не тоннамен алғандағы өндіріс қалдықтарының шекті мөлшері

Электрмен оқшаулау материалдары өндірісі кезіндегі қалдықтар:

1

Электротехникалық парақты гетиннакс Ш-8,0

10

2

Жабысқақ таспа ЛСНПЛ-0,17

3

3

ПНП полиэтилен түтікше

10

4

Шыны лакты мата ЛСЭ-5

3

5

Шыны мата Э2-62

3

6

Электротехникалық парақты текстолит Б-16,0

10

7

Фенопласт 03-010-02

10

Суспензиялық, эмульсиялық өндірістің қатты қалдықтары:

1

Акрилнитрол немесе метилметал крилат бар стирол сополимерлері

3

2

Полистирол пластиктері

3

3

Акрилонитрилбутадиенстирол пластиктері

10

4

Полистиролдар

3

  "Өндіріс және тұтыну қалдықтарын
жинауға, пайдалануға, қолдануға,
залалсыздандыруға, тасымалдауға,
сақтауға және көмуге қойылатын
санитариялық-эпидемиологиялық талаптар"
санитариялық қағидаларға
3-қосымша

Шекті мөлшерде қабылданатын және ерекше жағдайларды сақтай
отырып жиналатын 3 және 4 қауіптілік сыныбының (уыттылық
дәрежесі бойынша) өндіріс қалдықтарының тізбесі

р/с

Қалдықтар түрі

Өнеркәсіп қалдықтарының шекті мөлшері (1000 м3 қатты тұрмыстық қалдықтар тоннасына)

Полигонда жинаудың немесе өнеркәсіптік кәсіпорындарда дайындаудың ерекше жағдайы

1

2

3

4

1

В-6 витамині өндірісінің белсендірілген көмірі

3

0,2 м аспайтын қабатпен салу

2

Ацетобутилатцеллюлоза қалдықтары

3

ылғалданған жағдайда 0,3 х 0,3 х 0,3 м аспайтын мөлшерде бумамен сығымдау

3

Ағаш және үгінді жаңқалы қалдықтар

10

Өндірістік үй-жайларда едендерге төсеуге кететін үгінділер болмауы тиіс

4

Хром құрағы

3

0,2 м дейінгі қабатпен салу

5

Қайтарылмайтын ағаш және қағаз ыдыстар

10

майға шыланған қағаздар болмауы тиіс

6

Теріні алмастыратын қиындылар

3

0,2 м аспайтын қабатпен салу

7

Ағартылған жер

3

0,2 м аспайтын қабатпен салу

8

Фаолит шаңы

3

Ылғалды түрде қаптарға салу

  "Өндіріс және тұтыну қалдықтарын
жинауға, пайдалануға, қолдануға,
залалсыздандыруға, тасымалдауға,
сақтауға және көмуге қойылатын
санитариялық-эпидемиологиялық талаптар"
санитариялық қағидаларға
4-қосымша

      Нысан

Полигонға жіберілетін өндірістік қалдықтар туралы анықтама

      Тіркеу № _______________

      Қалдықтарды тапсырған кәсіпорынның атауы

      ____________________________________________________________________

      Жіберілген күні_______________ машина №

      ____________________________________________________________________

      Арнайы көлік шаруашылығымен немесе полигонмен шарт № _________

      ____________________________________________________________________

      Қалдық түрлерінің атауы

      ____________________________________________________________________

      Мөлшері: тоннамен__________________________________________ м3

      Қолдары:

      Қалдықтарды тиеді

      ____________________________________________________________________

      Қалдықтарды полигонға тапсырды

      ____________________________________________________________________

      Қалдықтарды қабылдады

      ____________________________________________________________________

      Қабылданған күні 20__ жылғы "_____"

      ____________________________________________________________________

      Қабылданбады (себебін көрсету)

      ____________________________________________________________________

      Анықтамаға бақылау талоны

      (қалдықтарды тапсыратын кәсіпорынға беріледі)

      ____________________________________________________________________

      Қалдықтарды тапсырған кәсіпорынның атауы

      ____________________________________________________________________

      Қабылданған күні _____________________________________________

      автомашина № _________________________________________________

      Қалдықтардың түрі _________________________ мөлшері т., м3____

      Қалдықтарды қабылдаған адам

      ____________________________________________________________________

      Қалдықтарды тапсырған адам

      ____________________________________________________________________

  "Өндіріс және тұтыну қалдықтарын
жинауға, пайдалануға, қолдануға,
залалсыздандыруға, тасымалдауға,
сақтауға және көмуге қойылатын
санитариялық-эпидемиологиялық талаптар"
санитариялық қағидаларға
5-қосымша

      Нысан

Қатты тұрмыстық қалдықтардың мөлшерін есепке алу журналы

Күні

Ұйым анықтамасының тіркеу нөмірі

Қалдықтарды тиеп жіберген ұйымның атауы

Қалдықтардың түрі

Қалдықтардың мөлшері

Картаның нөмірі

тонна

м3

1

2

3

4

5

6



















































Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады