Иесіз қауіпті қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі № 373 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 18 қыркүйекте № 24430 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 2 қаңтардағы Экология кодексінің 340-бабының 5 және 6-тармақтарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Иесіз қалдықтарды басқару қағидалары бекітілсін.

      2. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Қалдықтарды басқару саласындағы мемлекеттік саясат департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2021 жылғы 1 шілдеден бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

      Қазақстан Республикасы
Экология, геология және
табиғи ресурстар министрі
С. Брекешев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

  бұйрығымен бекітілген/
бірлескен қаулысы мен
шешіміне қосымша/
бірлескен қаулысы мен
шешімімен бекітілген

Иесіз қалдықтарды басқару қағидалары

      Ескерту. Қағидалар жаңа редакцияда - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 22.05.2025 № 135 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Иесіз қалдықтарды басқару қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Экология кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 340-бабының 5 және 6-тармақтарына сәйкес әзірленді және:

      сот шешімімен коммуналдық меншікке түсті деп танылған иесіз қауіпті емес қалдықтарды;

      сот шешімімен мемлекеттік меншікке (республикалық немесе коммуналдық) түсті деп танылған иесіз қауіпті қалдықтарды басқару тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) аумақтық орган – қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық органы;

      2) аумақтық бөлімше – халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі;

      3) әлеуетті өнім беруші – "Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасуға үмiткер кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке тұлға, заңды тұлға (егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгiленбесе, мемлекеттiк мекемелердi қоспағанда), заңды тұлғалардың уақытша бiрлестiгi (консорциум), сондай-ақ кәсiпкерлiк қызмет субъектiсi болып табылмайтын жеке тұлға;

      4) қауіпті емес қалдықтар – сот шешімімен коммуналдық меншікке түсті деп танылған иесіз қауіпті емес қалдықтар;

      5) қауіпті қалдықтар – сот шешімімен мемлекеттік меншікке (республикалық немесе коммуналдық) келіп түсті деп танылған қауіпті қалдықтар;

      6) қауіпті қалдықтарды зерттеу – сот шешімімен мемлекеттік меншікке түсті деп танылған қауіпті қалдықтарды басқару жөніндегі іс-шара: қауіпті қалдықтарды зертханалық зерттеу, қауіпті қалдықтардың қасиеттерін зерделеу, қауіпті қалдықтардың қоршаған ортаға әсерін айқындау, қауіпті қалдықтардың санын (көлемін) айқындау, Кодекстің 343-бабына сәйкес қауіпті қалдықтардың паспортын жасау;

      7) қауіпті қалдықтар туралы есеп – қауіпті қалдықтарды зертханалық зерттеу хаттамаларын қоса бере отырып, қауіпті қалдықтардың қауіпті қасиеттері туралы, қауіпті қалдықтардың қоршаған ортаға әсері туралы, қауіпті қалдықтардың сандық сипаттамалары туралы ақпаратты (мәліметтерді) қамтитын қауіпті қалдықтарды зерттеу нәтижелері бойынша уәкілетті заңды тұлғалар қалыптастырған жазбаша құжат;

      8) қауіпті қалдықтарды кәдеге жарату және (немесе) жою:

      қалдықтарды көмуге немесе жоюға дайындау жөніндегі (оның ішінде оларды сұрыптау, өңдеу, залалсыздандыру жөніндегі) қосалқы операцияларды қоса алғанда, қалдықтарды көму немесе жою жөніндегі кез келген, қалпына келтіру болып табылмайтын операция;

      қалдықтарды қайта пайдалануды, оның ішінде қалдықтарды тікелей мақсаты бойынша қайта пайдалануды (қайта өңдеу), оларды тиісті дайындықтан кейін өндірістік циклге қайтаруды қоса алғанда, тауарларды (өнімдерді) өндіру, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету үшін қалдықтарды пайдалану деп түсінілетін қауіпті қалдықтарды кәдеге жарату жөніндегі рәсімдерді жүзеге асыруды көздейтін сот шешімімен мемлекеттік меншікке түсті деп танылған қауіпті қалдықтарды басқару жөніндегі іс-шаралар;

      9) қауіпті қалдықтардың орналасқан жері – сот шешімімен иесіз және мемлекеттік (республикалық немесе коммуналдық) меншікке түсті деп танылған қауіпті қалдықтарды сақтау немесе өтеусіз сақтау жүзеге асырылатын аумақ, алаң, ғимарат немесе құрылысжай;

      10) мемлекеттік сатып алу туралы шарт – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 9 қазандағы № 687 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35328 болып тіркелген) бекітілген мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында (бұдан әрі – Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидалары) көзделген жағдайларды қоспағанда, тапсырыс беруші мен өнім беруші арасында веб-портал арқылы жасалған, электрондық цифрлық қолтаңбалар арқылы куәландырылған азаматтық-құқықтық шарт;

      11) негізгі шарт – сот шешімімен иесіз және республикалық меншікке түсті деп танылған қауіпті қалдықтарды басқару жөніндегі іс-шараларды ұйымның жүзеге асыруы шеңберінде уәкілетті орган мен ұйым арасында Заңның талаптарына сәйкес жасалған мемлекеттік сатып алу туралы шарт;

      12) облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органының қауіпті қалдықтарды басқаруы – сот шешімімен иесіз деп және коммуналдық меншікке түсті деп танылған облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органы жүзеге асыратын қауіпті қалдықтарды басқару жөніндегі іс-шаралар.

      13) тарихи анықтама – қауіпті қалдықтарды басқару шеңберінде қалыптастырылатын, қауіпті қалдықтардың орналасқан жері, оларды мемлекеттік меншікке бергенге дейінгі қауіпті қалдықтардың пайда болу тарихы туралы мәліметтерді және өзге де ілеспе ақпаратты қамтитын құжат;

      14) ұйым – сот шешімімен республикалық меншікке түсті деп танылған қауіпті қалдықтарды басқару жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыратын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның ведомстволық бағынысты ұйымы;

      15) уәкілетті орган – қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган;

      16) ұйымның қауіпті қалдықтарды басқаруы – сот шешімімен иесіз және республикалық меншікке түсті деп танылған қауіпті қалдықтарды басқару жөніндегі ұйым жүзеге асыратын іс-шаралар;

      Өзге ұғымдар мен қысқартулар осы Қағидаларда Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасында айқындалған мағынада пайдаланылады.

2-тарау. Қауіпті қалдықтарды басқару тәртібі

      3. Иесіз қауіпті емес қалдықтарды есепке алу, сақтау, бағалау, одан әрі пайдалану "Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алудың, сақтаудың, бағалаудың және одан әрi пайдаланудың кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 шілдедегі № 833 қаулысымен бекітілген Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (түскен) мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрі пайдалану қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

      4. Қауіпті емес қалдықтарды кәдеге жаратқаннан және (немесе) жойғаннан кейін қауіпті емес қалдықтар объектілері орналастырылған аумақтарды рекультивациялауды Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылар жүргізеді.

3-тарау. Қауіпті қалдықтарды басқару тәртібі

      5. Кодекстің 340-бабының 3-тармағына сәйкес аумақтық орган немесе облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органы (бұдан әрі – ЖАО) өз аумағындағы иесіз қалдықтарды анықтайды.

      6. Иесіз қалдықтар анықталғаннан кейін ЖАО немесе аумақтық орган 7 (жеті) күнтізбелік күн ішінде уәкілетті органды хабардар етеді.

      7. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-331/2020 бұйрығымен бекітілген "Өндіріс және тұтыну қалдықтарын жинауға, пайдалануға, қолдануға, залалсыздандыруға, тасымалдауға, сақтауға және көмуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларының 8-тармағына сәйкес ЖАО немесе аумақтық орган иесіз қалдықтар анықталғаннан кейін күнтізбелік 30 күн ішінде қалдықтардың көлемі мен қауіптілік сыныбын көрсете отырып, қауіпті қалдықтарды иесіз деп тану және оларды республикалық және коммуналдық меншікке беру туралы талаппен сотқа жүгінеді (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21934 болып тіркелген).

      8. Аумақтық органдар және (немесе) ЖАО осындай қауіпті қалдықтарды иесіз деп тану және мемлекеттік (республикалық немесе коммуналдық) меншікке беру туралы соттың отырыстарына қатысады.

      9. Мұндай қауіпті қалдықтарды иесіз деп тану және мемлекеттік (республикалық немесе коммуналдық) меншікке беру туралы мәселені сотта қарау кезінде ЖАО немесе аумақтық орган қауіпті қалдықтарды 1, 2, 3-қауіптілік сыныбына республикалық меншікке беру, қауіпті қалдықтарды 4-қауіптілік сыныбына коммуналдық меншікке беру туралы сот алдында өтініш жасайды, республикалық меншікке беру жөніндегі түпкілікті шешім немесе істің нақты мән-жайларын ескере отырып, сот коммуналдық меншікті қабылдайды.

      10. Қауіпті қалдықтарды иесіз деп тану және мемлекеттік (республикалық немесе коммуналдық) меншікке беру туралы сот шешімі күшіне енген күннен бастап 15 (он бес) күнтізбелік күн ішінде ЖАО құрамына уәкілетті органның немесе оның аумақтық органының, ЖАО және аумақтық бөлімшенің өкілдері кіретін комиссия құрылады.

      ЖАО шешімі жарияланған күннен бастап 7 (жеті) күнтізбелік күннен кешіктірмей комиссия мүшелері ЖАО шешіміне сәйкес комиссия құрамына енгізілгені туралы хабардар етіледі. Комиссия мүшелері комиссия құрамына енгізу туралы хабарлама жасалған күннен бастап 7 (жеті) күнтізбелік күннен кешіктірмей жұмысқа кіріседі.

      Комиссияның жұмысы басталған күннен бастап 15 (он бес) күнтізбелік күн ішінде комиссия қауіпті қалдықтар анықталған жерге баруды жүзеге асырады және сот шешімімен иесіз деп танылған және осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік (республикалық немесе коммуналдық) меншікке түскен иесіз қауіпті қалдықтарды қабылдау актісін жасайды.

      Комиссия республикалық немесе коммуналдық меншікке жауапты сақтауға қабылданған қауіпті қалдықтарды беруді сот шешімімен иесіз деп танылған және осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік (республикалық немесе коммуналдық) меншікке келіп түскен қауіпті қалдықтарды жауапты сақтауға беру туралы акт жасау арқылы жүзеге асырады.

      11. Қауіпті қалдықтарды өтеусіз сақтауды кәдеге жарату және (немесе) жою күніне дейін оларды республикалық немесе коммуналдық меншікке қабылдаған күннен бастап ЖАО қамтамасыз етеді.

      ЖАО-ның уәкілетті өкілдері жыл сайын, 1 қыркүйектен кешіктірілмейтін мерзімде қауіпті қалдықтардың орналасқан жерлеріне шығуды жүзеге асырады, қауіпті қалдықтарды видеожазбамен көзбен шолып қарауды жүргізеді, оның қорытындысы бойынша сот шешімімен иесіз деп танылған және коммуналдық меншікке түскен қауіпті қалдықтарды қарау актісін осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасайды.

      12. Ұйымның қауіпті қалдықтарды басқаруы мынадай:

      1) тарихи анықтаманы қалыптастыру;

      2) қауіпті қалдықтарды зерттеу;

      3) қауіпті қалдықтарды кәдеге жарату және (немесе) жою;

      4) қауіпті қалдықтарды басқару жөніндегі есепті қалыптастыру және уәкілетті органға ұсыну шараларын қамтиды.

      13. Ұйымның қауіпті қалдықтарды басқаруы Қағидалардың 12-тармағында көрсетілген іс-шаралар шеңберінде республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Уәкілетті орган мен ұйымның өзара қарым-қатынасы тиісті қаржы жылының 31 наурызынан кешіктірілмей жасалатын негізгі шартпен регламенттеледі.

      14. Ұйым қауіпті қалдықтарды басқаруды негізгі шартқа техникалық ерекшелікке сәйкес жүзеге асырады.

      15. Ұйым негізгі шарт шеңберінде уәкілетті органға:

      тарихи анықтаманы дайындау;

      қауіпті қалдықтарды тексеру, қауіпті қалдықтарды кәдеге жарату және (немесе) жою жөніндегі үшінші тұлғалардан көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу;

      Өнім берушінің көрсетілетін қызметтер процесін әкімшілендіру және нәтижелерін қарау жөніндегі қызметтерді көрсетеді.

      16. Егер негізгі шарт тарихи анықтама дайындауды көздесе, ұйым негізгі шарт жасалған күннен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде мынадай әрекеттерді:

      1) Ұйымның корпоративтік интернет-ресурсында қауіпті қалдықтар туралы ақпарат жинау туралы хабарландыруды орналастыру;

      2) ресми жалпыға қолжетімді көздерден қауіпті қалдықтар туралы ақпаратты, оның ішінде мемлекеттік органдардың, заңды тұлғалардың интернет-ресурстарында, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты интернет-ресурсының "Сот кабинеті" сервисінде, мерзімді баспа немесе электрондық басылымдарда және өзге де бұқаралық ақпарат құралдарында орналастырылған мәліметтер мен құжаттарды жинау және талдау;

      3) қауіпті қалдықтар, олардың шығу тегі, орын ауыстыруы және тарихи анықтаманы қалыптастыру үшін маңызы бар өзге де мән-жайлар туралы қажетті ақпараттың әлеуетті иелері болып табылатын мемлекеттік органдар мен заңды тұлғалардың атына жазбаша сұрау салулар жіберуді жүзеге асырады.

      Тиісті жазбаша сұрау салуды әлеуетті ақпарат иелері келіп түскен күннен бастап 15 күнтізбелік күннен кешіктірілмейтін мерзімде қарайды. Көрсетілген қарау мерзімі жазбаша сұрау салу келіп түскен күннен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күнді құрауы мүмкін, егер:

      сұрау салуды алған күннен бастап 10 (он) күнтізбелік күннен кешіктірмей ұйымның жазбаша сұрау салуды қарауға қосымша уақыт қажет екендігі туралы жазбаша хабарламаса;

      қауіпті қалдықтар бойынша белгілі бір ақпараттың болуы және (немесе) ақпаратқа және (немесе) құжаттарға қосымша зерделеу немесе тексеру жүргізу қажет болса.

      Ақпараттың әлеуетті иелері (жергілікті атқарушы органдар, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері, мұрағат саласындағы мемлекеттік органдар) ұйымға растайтын құжаттардың қосымшаларымен (бар болса) жауаптарды уақтылы жібереді.

      Осы тармақтың бірінші бөлігіне сәйкес алынған ақпаратты алғаннан кейін ұйым алынған ақпаратты талдауды және өңдеуді, тарихи анықтаманы қалыптастыруды жүзеге асырады.

      Ұйым, тарихи анықтаманы мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өнім беруші көрсеткен қызметтер процесін әкімшілендіру жөніндегі есеппен бірге негізгі шартқа техникалық ерекшелікте көрсетілген мерзімдерден кешіктірмей мемлекеттік сатып алу веб-порталында орналастыруға тиіс.

      17. Бұл жағдайда негізгі шарт қауіпті қалдықтарды зерттеп-қарауды және (немесе) қауіпті қалдықтарды тәуелсіз бағалауды және (немесе) қауіпті қалдықтарды кәдеге жаратуды және (немесе) жоюды көздесе, онда ұйым мынадай іс-шараларды жүзеге асырады:

      1) негізгі шартқа техникалық ерекшелік негізінде ұйым негізгі шарт жасалған күннен бастап 20 (жиырма) күнтізбелік күн ішінде үшінші тұлғалардан сатып алынатын қызметтерге қойылатын техникалық ерекшелік пен біліктілік талаптарының жобасын әзірлеуді жүзеге асырады. Ұйым техникалық ерекшелікте мемлекеттік сатып алуды ұйымның негізгі шарт бойынша өз міндеттемелерін орындауы шеңберінде жүзеге асыратыны туралы талаптардың болуын қамтамасыз етеді.

      2) Ұйым әзірленген күннен бастап 3 (үш) күнтізбелік күн ішінде дайындалған құжаттардың жобаларын (техникалық ерекшелікті, біліктілік талаптарын) уәкілетті органға жібереді. Уәкілетті орган 5 (бес) күнтізбелік күннен кешіктірмей дайындалған құжаттарды келіседі немесе ескертулерді және (немесе) ұсыныстарды көрсете отырып, пысықтауға қайтарады.

      Ұйым уәкілетті органның ескертулерін және (немесе) ұсыныстарын алған күннен бастап күнтізбелік 3 (үш) күн ішінде пысықтауды жүзеге асырады және осы тармақшаның бірінші бөлігінде көрсетілген құжаттарды уәкілетті органға қайта жібереді. Уәкілетті орган ұйым пысықтаған құжаттарды енгізген күннен бастап 5 (бес) күнтізбелік күннен кешіктірмей оларды қайта қарауды және келісуді жүзеге асырады.

      3) әлеуетті өнім берушіні іріктеп алғаннан және шарт жасасқаннан кейін, ұйым процесті әкімшілендіруді және шарт шеңберінде өнім беруші көрсететін қызметтердің нәтижелерін қарауды жүзеге асырады.

      18. Қауіпті қалдықтарды тексеру және (немесе) қауіпті қалдықтарды тәуелсіз бағалау бойынша қызметтер көрсетуді көздейтін шарт жасалған күннен бастап 3 (үш) күнтізбелік күн ішінде ұйым өнім берушінің шартта көрсетілген электрондық пошта мекенжайына мынадай құжаттардың:

      қауіпті қалдықтарды тексеру кезінде – қауіпті қалдықтарды иесіз және мемлекеттік (республикалық немесе коммуналдық) меншікке түсті деп тану туралы соттың, қауіпті қалдықтарды мемлекеттік (республикалық немесе коммуналдық) меншікке қабылдау туралы комиссияның заңды күшіне енген шешімінің көшірмелерін жібереді;

      19. Қауіпті қалдықтарды тексеру және (немесе) қауіпті қалдықтарды тәуелсіз бағалау жөніндегі қызметтер көрсетуді көздейтін шарт жасалған күннен бастап 10 күнтізбелік күн ішінде ұйымның уәкілетті өкілдері уәкілетті органның және өнім берушінің өкілдерімен бірлесіп осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қауіпті қалдықтарды тексеру және (немесе) қауіпті қалдықтарға тәуелсіз бағалау жүргізу үшін сот шешімімен республикалық меншікке түскен деп танылған қауіпті қалдықтарға қол жеткізу туралы акт жасай отырып, қауіпті қалдықтардың орналасқан жеріне шығуды жүзеге асырады.

      20. Қауіпті қалдықтарды кәдеге жарату және (немесе) жою жөнінде қызметтер көрсетуді көздейтін шарт жасалған күннен бастап 3 (үш) күнтізбелік күн ішінде ұйым шартта көрсетілген өнім берушінің электрондық пошта мекенжайына қауіпті қалдықтар туралы есептің және қауіпті қалдықтар паспортының көшірмелерін жібереді.

      21. Қауіпті қалдықтарды кәдеге жарату және (немесе) жою жөніндегі қызметтер көрсетуді көздейтін шарт бойынша өнім берушінің көрсетілетін қызметтерін әкімшілендіру барысында ұйымның уәкілетті өкілдері уәкілетті органның және өнім берушінің өкілдерімен бірлесіп 10 (он) күнтізбелік күн ішінде:

      қызмет көрсету алдында қауіпті қалдықтарды кәдеге жарату және (немесе) жою жөніндегі қызметтері көрсетілетін қолданып отырған жабдықты (қондырғыны) және (немесе) полигонды көзбен шолып қарау үшін осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жабдықты (қондырғыны) немесе полигонды көзбен шолып қарау актісін жасай отырып, жабдықтың (қондырғының) және (немесе) полигонның техникалық және біліктілік ерекшелігіне сәйкестігін тексеру үшін қауіпті қалдықтарды кәдеге жаратуды және (немесе) жоюды жүзеге асыру орнына;

      қызмет көрсету алдында қауіпті қалдықтарды өнім берушіге беру үшін осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қауіпті қалдықтарды кәдеге жаратуға және (немесе) жоюға қабылдау-беру актісін жасай отырып, қауіпті қалдықтар орналасқан жерге;

      Осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қауіпті қалдықтарды кәдеге жарату және (немесе) жою кезеңдерінің бірінде болу актісін жасай отырып, өнім берушінің жабдығында (қондырғысында) және (немесе) полигонында қауіпті қалдықтарды кәдеге жарату және (немесе) жою кезеңдерінің бірінде болу үшін;

      қауіпті қалдықтарды кәдеге жарату және (немесе) жою орнына әкету аяқталғаннан кейін осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қауіпті қалдықтардың бұрынғы орналасқан жерін көзбен шолып тексеру актісін жасай отырып, қауіпті қалдықтардың болуы немесе болмауы тұрғысынан көзбен шолып қарау үшін шығуды жүзеге асырады.

      Ұйым шығу жүзеге асырылғанға дейін 3 (үш) күнтізбелік күн бұрын аумағында қауіпті қалдықтарды өтеусіз жауапты сақтау жүзеге асырылатын тұлғаға қауіпті қалдықтарға рұқсат ұсыну қажет өнім берушінің уәкілетті өкілдерінің деректерін көрсете отырып хабарлама жібереді.

      22. Өнім беруші қауіпті қалдықтарды зерттеу және (немесе) қауіпті қалдықтарды тәуелсіз бағалау және (немесе) кәдеге жарату және (немесе) қауіпті қалдықтарды жою жөніндегі ұйымның қызметтерін көрсету процесінде қауіпті қалдықтардың орналасқан жерлеріне кез келген күні (қауіпті қалдықтардың орналасқан жері иесінің келісімі бойынша) сағат 9:00-ден 18:00-ғе дейін кедергісіз баруды жүзеге асырады.

      23. Өнім беруші көрсетілген қызметтердің қорытындылары бойынша Мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы ұйымдарға көрсетілген қызметтердің актісін мынадай құжаттарды:

      қауіпті қалдықтарды зерттеген жағдайда-қауіпті қалдықтар туралы есеп және қауіпті қалдықтардың паспортын;

      қауіпті қалдықтарды кәдеге жарату және (немесе) жою жағдайында – қауіпті қалдықтарды кәдеге жарату және (немесе) жою бойынша көрсетілген қызметтер туралы есепті қоса бере жібереді.

      24. Шарт жасасу және оны орындау Заңға, Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

      25. Көрсетілген қызметтердің қорытындысы бойынша ұйым уәкілетті органға көрсетілген қызметтердің актісіне:

      тарихи анықтаманы;

      қауіпті қалдықтарды зерттеу және (немесе) кәдеге жарату және (немесе) жою бойынша мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу, процесті әкімшілендіру және көрсетілген қызметтердің нәтижелерін қарау жөніндегі есепті;

      қауіпті қалдықтарды зерттеу және (немесе) кәдеге жарату және (немесе) жою есептері мен құжаттарын қоса ұсынады.

      26. Мемлекеттік сатып алу заңда көзделген негіздер бойынша өтпеген деп бірнеше рет (3 реттен артық) танылған немесе ұйым шарт бойынша өнім берушінің көрсетілген қызметтерінің актілерін қабылдаудан негізді бас тартқан жағдайда, ұйым тиісті қаржы жылының 10 желтоқсанынан кешіктірмей қосымша келісімге қол қою арқылы негізгі шарттың сомасын өзгерту жөніндегі негізгі шартқа өзгерістер енгізуге бастамашылық жасайды.

      27. Ұйым жыл сайын, есепті жылдан кейінгі жылдың 1 ақпанына дейін уәкілетті органға Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша республикалық меншікке түскен қауіпті қалдықтар:

      қауіпті қалдықтардың көлемі мен түрлері туралы;

      қауіпті қалдықтардың орналасқан жерлері туралы;

      қауіпті қалдықтардың жай-күйі туралы;

      қауіпті қалдықтарды басқару бойынша қабылданатын шаралар туралы ақпаратты береді.

      28. Ұйымның уәкілетті өкілдері аумақтық органның уәкілетті өкілдерінің қатысуымен (келісім бойынша) жыл сайын 1 қыркүйектен кешіктірілмейтін мерзімде қауіпті қалдықтардың орналасқан жеріне шығуды жүзеге асырады, қауіпті қалдықтарды видеожазбаға түсіре отырып, көзбен шолу арқылы тексеру жүргізеді және оның қорытындысы бойынша осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес акт жасайды және 3 (үш) күнтізбелік күн ішінде уәкілетті органға жібереді.

      29. ЖАО Заңға сәйкес коммуналдық меншікке берілген қауіпті қалдықтарды кәдеге жаратуды және (немесе) жоюды жүзеге асырады.

      30. Республикалық немесе коммуналдық меншікке олар кәдеге жаратылғаннан және (немесе) жойылғаннан кейін берілген қауіпті қалдықтар орналастырылған аумақтарды рекультивациялауды жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылар Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес жүргізеді.

  Иесіз қалдықтарды
басқару қағидаларына
1-қосымша
  Нысан

Сот шешімімен иесіз және мемлекеттік (республикалық немесе коммуналдық) меншікке түсті деп танылған қауіпті қалдықтарды қабылдау актісі

      20____ ж. "___" ___________                   _______________ (актіні жасау орны)

      Комиссия құрамында:

      _______________________________________________________________________

      (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

      _______________________________________________________________________

      (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

      _______________________________________________________________________

                  (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

      сот шешімімен иесіз және мемлекеттік (республикалық немесе коммуналдық) меншікке түсті деп танылған қауіпті қалдықтарды қабылдау актісін жасады, ол және соттың заңды күшіне енген шешіміне (ұйғарымына) сәйкес

      ________________________________________________________________________

      (соттың атауы, азаматтық істің нөмірі, шешімнің күні (ұйғарымдары))

      ___________________________ меншікке келесі қауіпті қалдықтар қабылданды:

      (республикалық немесе коммуналдық)


р / с

Қауіпті қалдықтардың атауы

Сот актісіне сәйкес қауіпті қалдықтардың шамамен саны (массасы немесе көлемі)

Қабылдау күніне қалдықтардың орналасқан жері

Қауіпті қалдықтардың жай-күйінің сипаттамасы (сұйық немесе қатты)

Қауіпті қалдықтардың ыдысының, қаптамасының сипаттамасы (түрі, саны, жай-күйі)

Комиссияның пікірі бойынша сипаттауға жататын қауіпті қалдықтардың өзге де сипаттамалары








      Комиссия мүшелері:

      ____________________________                   _________________

      (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))                   (қолы)

      ____________________________                   _________________

      (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))                   (қолы)

      ____________________________                   _________________

      (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))                   (қолы)

  Иесіз қалдықтарды
басқару қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

Сот шешімімен иесіз және мемлекеттік (республикалық немесе коммуналдық) меншікке түсті деп танылған қауіпті қалдықтарды өтеусіз сақтауға беру актісі

      20____ ж. "___" ___________                   _______________ (актіні жасау орны)

      Комиссия, тұлға атынан

      __________________________________________________________________

      (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

      сенімхат негізінде әрекет етеді

      __________________________________________________________________

      (сенімхаттың күні мен нөмірі)

      тапсырды, _______________________________________________________,

      атынан                   (жеке немесе заңды тұлға)

      __________________________________________________________________

      (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

      сенімхат негізінде әрекет ететін ______________________________________

      (сенімхаттың күні мен нөмірі)

      __________________________________________________________________

                        (республикалық немесе коммуналдық)

      20____ ж. "___" _____________ №__________ сот шешімі бойынша иесіз және мемлекеттік (республикалық немесе коммуналдық) меншікке келіп түсті деп танылған қауіпті қалдықтарды өтеусіз сақтауға қабылдайды


р / с

Қауіпті қалдықтардың атауы

Сот актісіне сәйкес қауіпті қалдықтардың шамамен саны (массасы немесе көлемі)

Қабылдау күніне қалдықтардың орналасқан жері

Қалдықтардың жай-күйінің сипаттамасы (сұйық немесе қатты)

Қауіпті қалдықтардың ыдысының, қаптамасының сипаттамасы (түрі, саны, жай-күйі)

Комиссияның пікірі бойынша сипаттауға жататын қауіпті қалдықтардың өзге де сипаттамалары








      Тапсырды:______________________________________             ________

      (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))             (қолы)

      Қабылдады:_____________________________________             ________

      (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))             (қолы)

  Иесіз қалдықтарды
басқару қағидаларына
3-қосымша
  Нысан

Сот шешімімен иесіз және мемлекеттік (республикалық немесе коммуналдық) меншікке түсті деп танылған қауіпті қалдықтарды қарау актісі

      20____ ж. "___" ______________                   _______________ (актіні жасау орны)

      Біз, төменде қол қойғандар, сот шешімімен (ұйғарымымен) қауіпті және мемлекеттік (республикалық немесе коммуналдық) меншікке түсті деп танылған қалдықтарды тексердік

      ____________________________________________________________________

      (соттың атауы, азаматтық істің нөмірі, шешімнің күні (ұйғарымдары))

      ____________________________________________________________________

                  (республикалық немесе коммуналдық)

      қарау актісін жасады.


р / с

Қауіпті қалдықтардың атауы

Қабылдау күніне қалдықтардың орналасқан жері

Қалдықтардың жай-күйінің сипаттамасы (сұйық немесе қатты)

Қауіпті қалдықтардың ыдысының, қаптамасының сипаттамасы (түрі, саны, жай-күйі)

Комиссияның пікірі бойынша сипаттауға жататын қауіпті қалдықтардың өзге де сипаттамалары







      Қатысқандар:_

      ________________________________________________             ________

      (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))                   (қолы)

      ________________________________________________             ________

      (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))                   (қолы)

      ________________________________________________             ________

      (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))                   (қолы)

  Иесіз қалдықтарды
басқару қағидаларына
4-қосымша
  Нысан

Қауіпті қалдықтарды тексеру және (немесе) қауіпті қалдықтарға тәуелсіз бағалау жүргізу үшін сот шешімімен иесіз және республикалық меншікке түсті деп танылған қауіпті қалдықтарға қолжетімділік беру туралы акт

      20____ ж. "___" ___________                   _______________ (актіні жасау орны)

      Біз, төменде қол қойғандар, 20___ ж. "___" ____________ № ____ сот шешімімен иесіз және республикалық меншікке түсті деп танылған қауіпті қалдықтарға өнім берушінің өкілдеріне қауіпті қалдықтарды тексеру және (немесе) бағалау жүргізу үшін қолжетімділік беру туралы осы актіні жасадық

      _________________________________________________________________

      (қауіпті қалдықтардың сынамаларын алу үшін көрсету)


р / с

Қауіпті қалдықтардың атауы

Сот актісіне сәйкес қауіпті қалдықтардың саны (массасы немесе көлемі)

Қабылдау күніне қалдықтардың орналасқан жері

Қалдықтардың жай-күйінің сипаттамасы (сұйық немесе қатты)

Қауіпті қалдықтардың ыдысының, қаптамасының сипаттамасы (түрі, саны, жай-күйі)

Комиссияның пікірі бойынша сипаттауға жататын қауіпті қалдықтардың өзге де сипаттамалары








      Қатысқандар:

      ______________________________________             ________

      (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))                   (қолы)

      ______________________________________             ________

      (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))                   (қолы)

      ______________________________________             ________

      (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))                   (қолы)

  Иесіз қалдықтарды
басқару қағидаларына
5-қосымша
  Нысан

Жабдықты (қондырғыны) немесе полигонды визуалды тексеру актісі

      20____ ж. "___" ___________                   _______________ (актіні жасау орны)

      Біз, төменде қол қойғандар, жабдықты (қондырғыны) немесе полигонды көзбен шолып тексеру актісін жасадық

      __________________________________________________________________

      (өнім берушінің біліктілік талаптарына сәйкес келмейтінін немесе сәйкес

      келмейтінін көрсету, біліктілік талаптарына сәйкес келмеген жағдайда

      негіздемесін/себептерін көрсету).


р / с

Қауіпті қалдықтардың атауы

Қауіпті қалдықтардың саны (массасы немесе көлемі)

Қалдықтар сыныптауышы бойынша қалдықтың коды

Қауіпті қабылдау күніне қалдықтардың орналасқан жері

Қауіпті қалдықтардың жай-күйінің сипаттамасы (сұйық немесе қатты)

Қауіпті қалдықтардың ыдысының, қаптамасының сипаттамасы (түрі, саны, жай-күйі)

Комиссияның пікірі бойынша сипаттауға жататын қауіпті қалдықтардың өзге де сипаттамалары









      Қатысқандар:

      ______________________________________                   ________

      (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))                   (қолы)

      ______________________________________                   ________

      (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))                   (қолы)

      ______________________________________                   ________

      (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))                   (қолы)

  Иесіз қалдықтарды
басқару қағидаларына
6-қосымша
  Нысан

Қауіпті қалдықтарды кәдеге жаратуға және (немесе) жоюға қабылдау-беру актісі

      20____ ж. "___" ___________                   _______________ (актіні жасау орны)

      Біз, төменде қол қойғандар, _____________________________________________

      (қауіпті қалдықтардың орналасқан жерін көрсету)

      ______________________________________ орналасқан және соттың 20___ ж.

      "___" ________________ № ________ шешімімен республикалық меншікке түсті

      деп танылған қауіпті қалдықтарды кәдеге жаратуға және (немесе) жоюға

      қабылдау-беру актісін жасадық


р / с

Қауіпті қалдықтардың атауы

Қауіпті қалдықтардың саны (массасы немесе көлемі)

Қалдықтар сыныптауышы бойынша қалдықтың коды

Қауіпті қабылдау күніне қалдықтардың орналасқан жері

Қауіпті қалдықтардың жай-күйінің сипаттамасы (сұйық немесе қатты)

Қауіпті қалдықтардың ыдысының, қаптамасының сипаттамасы (түрі, саны, жай-күйі)

Комиссияның пікірі бойынша сипаттауға жататын қауіпті қалдықтардың өзге де сипаттамалары









      Осы Акт қауіпті қалдықтарды кәдеге жарату және (немесе) жою қызметтері бойынша ұйым мен өнім беруші арасында жасалған мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындау шеңберінде иесіз қауіпті қалдықтарды кәдеге жаратуға және (немесе) жоюға беру мақсатында жасалды.

      ____________________________________________________________________

                              (шарттың нөмірі, күні)

      Ұйымнан тапсырды:

      ______________________________________             ________

      (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))             (қолы)

      ______________________________________             ________

      (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))             (қолы)

      Өнім берушіден қабылдады:

      ______________________________________             ________

      (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))             (қолы)

      Қатысқандар:

      _________________________________________             ________

      (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))             (қолы)

      _________________________________________             ________

      (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))             (қолы)

  Иесіз қалдықтарды
басқару қағидаларына
7-қосымша
  Нысан

Кәдеге жарату кезеңдерінің бірінде болу және (немесе) қауіпті қалдықтарды жою актісі

      20____ ж. "___" ___________                   _______________ (актіні жасау орны)

      Біз, төменде қол қойғандар, соттың күшіне енген шешімімен (ұйғарымымен) берілген қауіпті қалдықтарды кәдеге жарату және (немесе) жою кезеңдерінің бірінде болудың осы актісін жасадық

      _________________________________________________________________________

      (соттың атауы, азаматтық істің нөмірі, шешімнің күні (ұйғарымдары))

      ___________________________________________________________ меншікке.

                  (республикалық немесе коммуналдық)

      Жоюдың және (немесе) кәдеге жаратудың көрсетілген кезеңі____________ №_________ Мемлекеттік сатып алу туралы шарттың қосымшалары мен ажырамас бөліктері болып табылатын техникалық ерекшелікке және біліктілік талаптарына сәйкес өткізілді

      Қатысқандар:

      Ұйымның атынан:

      ______________________________________             ______________

      (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))                   (қолы)

      ______________________________________            ______________

      (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))                   (қолы)

      Өнім берушіден:

      ______________________________________             _______________

      (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))                   (қолы)

  Иесіз қалдықтарды
басқару қағидаларына
8-қосымша
  Нысан

Қауіпті қалдықтардың бұрынғы орналасқан жерін визуалды тексеру актісі

      20____ ж. "___" ___________                   _______________ (актіні жасау орны)

      Біз, ұйымның және өнім берушінің төменде қол қойған уәкілетті өкілдері

      _____________________________________________________________________

      (соттың атауы, азаматтық істің нөмірі, шешімнің күні (ұйғарымдары))

      соттың күшіне енген шешімімен (ұйғарымымен) қауіпті қалдықтардың бұрынғы орналасқан жерін визуалды тексеру актісін жасадық

      __________________________________________________________ меншікте.

                  (республикалық немесе коммуналдық)

      Ұйым мен өнім берушінің уәкілетті өкілдері жоғарыда көрсетілген қауіпті

      қалдықтардың бұрынғы орналасқан жерін визуалды тексерді және оларды

      растады _____________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (қауіпті қалдықтардың толық немесе ішінара жоқтығын немесе болуын көрсету)

      Қатысқандар:

      Ұйымның атынан:

      ______________________________________             ______________

      (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))                   (қолы)

      ______________________________________            ______________

      (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))                   (қолы)

      ______________________________________             ______________

      (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))                   (қолы)

      Өнім берушіден:

      ______________________________________             _______________

      (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))                   (қолы)

  Иесіз қалдықтарды
басқару қағидаларына
9-қосымша
  Нысан

Сот шешімімен республикалық меншікке түсті деп танылған қауіпті қалдықтарды басқару бойынша ақпарат

№ р/с

Қауіпті қалдықтардың орналасқан жері

Сот шешімі

Қауіпті қалдықтардың түрі, көлемі

Қауіпті қалдықтардың жай-күйі

Қауіпті қалдықтарды басқару бойынша қабылданатын шаралар







      ________________________________             _____________

      (Ұйымның уәкілетті өкілі)                         (қолы)

  бұйрыққа
қосымша

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің күші жойылған кейбір бұйрықтар тізімі

      1. "Сот шешімімен республикалық меншікке түсті деп танылған иесіз қауіпті қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 229 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11475 болып тіркелген)

      2. "Сот шешімімен республикалық меншікке түсті деп танылған иесіз қауіпті қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 229 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 18 қазандағы № 451 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14400 болып тіркелген).

      3. "Сот шешімімен республикалық меншікке түсті деп танылған иесіз қауіпті қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 229 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 28 сәуірдегі № 156 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17014 болып тіркелген).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады