Ескерту. Күші жойылды – ҚР Әділет министрінің 26.06.2019 № 349 (01.07.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. "Заңды тұлғаларды, филиалдар мен өкілдіктерді тіркеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 233 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11384 болып тіркелген, "Әділет" құқықтық-ақпараттық жүйесінде 2015 жылғы 9 шілдеде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу" мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын (бұдан әрі - Стандарт) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.".
9, 10 және 11-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Көрсетілетін қызметті алушы (не оның сенімхат арқылы өкіліне) Мемлекеттік корпорацияға және Министрлікке жүгінген кезде мемлекеттік көрсетілетін қызметті үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
1) заңды тұлғалар үшін:
осы стандартқа 5, 6, 7 және 8-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша өтініштер (әрі қарай - өтініш);
қызметінің мәні қаржылық қызметтер көрсету болып табылатын заңды тұлғалар үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің рұқсаты қосымша ұсынылады;
тиісті тауар нарығында үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектісіне жататын заңды тұлғалар, сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорындарды, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және өз қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын, олармен аффилиирленген тұлғалар үшін, мұндай құру 2015 жылдың 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 172-бабындағы тікелей көзделген жағдайларды қоспағанда, монополияға қарсы органның алдын ала келісімімен тіркеуші орган жүзеге асырады;
орта және ірі кәсiпкерлiк субъектiсіне жататын заңды тұлғаларды мемлекеттiк тіркеу үшін өтiнiшке "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы" 1995 жылдың 17 сәуіріндегі Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда нотариаттық тәртiппен куәландырылған құрылтай құжаттарын қоса бере отырып, құрылтайшы немесе құрылтайшылардың бiрi не жалғыз құрылтайшы не құрылтайшылардың бірі шетелдiк жеке немесе заңды тұлға болған жағдайларда құрылтайшы уәкілеттік берген адам қол қояды және тіркеуші органға, Қазақстан Республикасының Үкiметiне немесе мемлекеттiк органдарға не Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне береді;
жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу үшін өтінішке "Акционерлік қоғамдар туралы" 2003 жылдың 13 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабында, "Сақтандыру қызметі туралы" 2000 жылдың 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабында және "Қазақстан Республикасының банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылдың 31 тамыздағы Республикасы Заңының 25-бабында көзделген жағдайларда, нотариаттық тәртiппен куәландырылған құрылтай құжаттарын қоса бере отырып, құрылтайшы (құрылтайшылар) не осыған уәкілеттік берілген адам қол қояды және оны тіркеуші органға береді.
Мемлекеттік және орыс тілдерінде жасалған құрылтай құжаттары тігілген және нөмірленген түрінде, үш данада ұсынылады.
Көрсетілетін қызметті алушы (құрылтайшы, қатысушы) мемлекеттік қызметті көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, бар заңмен қорғалатын құпиясы бар мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісім береді.
Мемлекеттік корпорацияда дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға беруді Мемлекеттік корпорацияның қызметкері қабылдау туралы қолхат негізінде, жеке басын куәландыратын құжатты (не сенімхатты) көрсеткен кезде жүзеге асырады.
Мемлекеттік корпорация нәтижені бір ай бойы сақтауды қамтамасыз етеді, содан кейін оларды көрсетілетін қызметті берушіге одан әрі сақтау үшін береді. Көрсетілетін қызметті алушы бір ай ішінде жүгінген жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік корпорацияның сұрау салуы бойынша бір жұмыс күні ішінде дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін Мемлекеттік корпорацияға жолдайды;
порталда:
шағын кәсіпкерлік субъектісіне жататын заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу үшін құрылтайшы (құрылтайшылар) осы стандартқа 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың басталғаны туралы хабарлама береді;
орта және ірі кәсіпкерлік субъектісіне жататын заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу үшін құрылтайшы (құрылтайшылар) өтініш береді.
Портал арқылы жүгінген жағдайда ЭЦҚ куәландырған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі алынған күні мен уақыт көрсетіле отырып хабарлама жіберіледі;
қайта ұйымдастыру жолымен құрылатын заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу үшін тіркеуші органға:
өтініш;
заңды тұлға мүлкi меншiк иесінiң немесе меншiк иесi уәкiлеттік берген органның, құрылтайшылардың (қатысушылардың) шешiмi, заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында уәкiлеттік берiлген органның шешiмi немесе 2015 жылдың 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 231-бабы және 1994 жылдың 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 45-бабының 3-тармақшасында көзделген жағдайларда сот шешiмi;
заңды тұлға мүлкінің меншік иесі немесе заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру туралы шешім қабылдаған орган бекіткен, қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның міндеттемелері бойынша құқықтық мирасқорлық туралы ережелері көрсетіле отырып, бірігу, қосылу, қайта құрылу кезінде – тапсыру актісі, бөліну, бөлініп шығу кезінде – бөліну балансы және заңды тұлға уәкілетті органының тапсыру актісі мен бөліну балансын бекіту туралы шешімі;
заңды тұлғаның қайта ұйымдастырылғаны туралы кредиторлардың жазбаша хабардар етілгенін растайтын құжат;
қайта ұйымдастырылған заңды тұлға қызметінің тоқтатылғаны үшін бюджетке тіркеу алымы төленгенін растайтын түбіртек немесе өзге де құжат беріледі.
акционерлiк қоғам:
жарғы, өз қызметін үлгі жарғы негізінде жүзеге асыратын акционерлік қоғамдарды қоспағанда;
құрылтай жиналысының хаттамасы не жалғыз қатысушының шешімі;
шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды қоспағанда, заңды тұлғаларды мемлекеттік тiркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу үшiн бюджетке алым төленгенiн растайтын түбiртек немесе өзге құжат.
Егер заңды тұлға тиісті тауар нарығында үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектісіне жататын болса, сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғаларды және өз қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын олармен аффилиирленген тұлғалар "Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы" 1998 жылдың 9 шілдедегі және "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылдың 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңдарында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, тіркеуші орган монополияға қарсы органның алдын ала келісімімен жүзеге асырады.
мемлекеттiк кәсiпорын:
жарғы;
Қазақстан Республикасы Үкiметiнің немесе жергiлiктi атқарушы органының кәсiпорынды құру туралы шешiмi;
заңды тұлғаларды мемлекеттік тiркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу үшiн бюджетке алым төленгенiн растайтын түбiртек немесе құжат.
Республикалық мемлекеттік кәсіпорындар Қазақстан Республикасы Үкіметінің, ал коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар - жергiлiктi атқарушы органының шешімімен құрылады.
мемлекеттік мекеме:
мемлекеттiк мекеменi құру туралы шешiм;
ереже (жарғы);
заңды тұлғаларды мемлекеттік тiркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу үшiн бюджетке алым төленгенiн растайтын түбiртек немесе өзге құжат.
тұрғын үй-құрылыс кооперативi және тұрғын үй кооперативi:
жарғы;
заңды тұлғаларды мемлекеттік тiркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу үшiн бюджетке алым төленгенiн растайтын түбiртек немесе өзге құжат.
Тұрғын үй және тұрғын үй-құрылыс кооперативтерi осы кооперативтер мүшелерiнiң тегі, аты, әкесiнің аты, туған жылы және тұрған жерi мен ЖСН көрсетілген тiзiмдi де береді.
сенім серiктестiгі:
шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды қоспағанда, заңды тұлғаларды мемлекеттік тiркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу үшiн бюджетке алым төленгенiн растайтын түбiртек немесе өзге құжат;
үй (пәтер) иелерiнiң кооперативi:
кондоминиум объектiсiндегi үй-жай (пәтер) меншік иелерi құрылтай жиналысының хаттамасы немесе дауыс беру парақтары қосылған жазбаша түрдегі пікір сұрау нәтижесінің хаттамасы;
жарғы;
кондоминимум объектісін тіркеу немесе қайта тіркеу туралы мемлекеттік акт не кондоминимум объектісінің мемлекеттік тіркеуін растайтын тіркеу органның мөртабаны басылған құжат;
заңды тұлғаларды мемлекеттік тiркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу үшiн бюджетке алым төленгенiн растайтын түбiртек немесе өзге құжат;
заңды тұлғаның тұрған жерін куәландыратын құжат;
адвокаттар алқасы:
адвокаттар алқасы мүшелерiнiң жалпы жиналысымен (конференциямен) бекiтiлген жарғы;
жарғысы бекітілгендігі туралы уәкілетті органның шешімі;
заңды тұлғаларды мемлекеттік тiркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу үшiн бюджетке алым төленгенiн растайтын түбiртек немесе өзге құжат;
нотариалдық палата:
құрылтай жиналысымен бекітілген жарғы;
жарғысы бекітілгендігі туралы уәкілетті органның шешімі;
заңды тұлғаларды мемлекеттік тiркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу үшiн бюджетке алым төленгенiн растайтын түбiртек немесе өзге құжат;
қор:
жарғы;
құрылтай шарт (құрылтайшысы бiр адамнан көп болғанда);
жарғысы бекітілгендігі туралы уәкілетті органның шешімі;
алқалық органның (қамқоршылық кеңестің) атқарушы органы тағайындалғаны туралы шешімі;
заңды тұлғаларды мемлекеттік тiркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу үшiн бюджетке алым төленгенiн растайтын түбiртек немесе өзге құжат;
қоғамдық бiрлестiк:
құрылтай съезiнде (конференцияда, жиналысында) қабылданған жарғы;
жарғыны қабылдаған құрылтай съезiнiң (конференциясының, жиналысының) оған төрағасы және съезд (конференция, жиналыс) хатшы қол қойылған хаттамасы;
тегi, аты, әкесiнің аты, туған күнi, айы, жылы, ЖСН, тұрғылықты жері, үй және қызмет телефоны, жеке қолтаңбасы көрсетiлген қоғамдық бiрлестiктің бастамашы-азаматтарының тiзiмi;
заңды тұлғаларды мемлекеттік тiркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу үшiн бюджетке алым төленгенiн растайтын түбiртек немесе өзге құжат;
тұрған жерін растайтын құжаттар;
Саяси партияларды тiркеу кезінде қосымша ұсынылады:
партия бағдарламасы;
партия мүшелерiнiң тiзiмi, құрамында олардың әрқайсысында тегiн, атын, әкесiнiң атын, туған айы мен жылын, ЖСН, тұрған жерiнiң мекен-жайын көрсете отырып, барлық облыстардағы, республикалық мәнi бар қаладағы және астанадағы кемiнде алты жүз мүшесi бар құрылымдық бөлiмшелерді (филиалдар мен өкiлдiктердi) білдіретін кемінде қырық мың партия мүшесi болуға тиіс;
заңды тұлғалардың қауымдастық (одақ) нысанындағы бiрлестiгі, дара кәсіпкерлердің және заңды тұлғалардың бірлестігі, дара кәсіпкерлердің бірлестігі:
жарғы;
бiрлестiктiң барлық құрылтайшылары қол қойған құрылтай шарты;
заңды тұлғаны құру туралы уәкілетті органның шешімі;
заңды тұлғаларды мемлекеттік тiркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу үшiн бюджетке алым төленгенiн растайтын түбiртек немесе өзге құжат;
ауылдық тұтыну кооперативі:
құрылтай жиналысының хаттамасы;
жарғы;
заңды тұлғаларды мемлекеттік тiркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу үшiн бюджетке алым төленгенiн растайтын түбiртек немесе өзге құжат;
азаматтар үшін - тегі, аты, әкесінің аты, мекенжайы және ЖСН және заңды тұлғалар үшін - атауы, тұрған жері, БСН туралы мәліметтер көрсетілген пай салушылардың тізімі.
Су пайдаланушылардың ауылдық тұтыну кооперативтерін тіркеу кезінде қосымша:
тегі, аты, әкесінің аты, тұратын жері және ЖСН, сондай-ақ заңды тұлғалардың атауы мен тұрған жері көрсетілген кооператив мүшелерінің тізімі, сондай-ақ кооператив мүшелерінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы суармалы жерлердің суын пайдаланушылардың болуы туралы мәліметтер ұсынылады.
аудиторлар палатасы:
жарғы;
заңды тұлғаны құру туралы уәкілетті органның шешімі;
заңды тұлғаларды мемлекеттік тiркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу үшiн бюджетке алым төленгенiн растайтын түбiртек немесе өзге құжат;
толық серiктестiк:
шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды қоспағанда, заңды тұлғаларды мемлекеттік тiркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу үшiн бюджетке алым төленгенiн растайтын түбiртек немесе өзге құжат;
өндiрiстiк кооператив:
тегі, аты, әкесінің аты, мекенжайы және азаматтың жеке басын куәландыратын құжаттың деректері көрсетілген өндірістік кооператив мүшелерінің тізімі, сондай-ақ, егер өндірістік кооператив мүшесі заңды тұлға болып табылса ұйымның атауы, тұрған жері және банктік деректемелері;
шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды қоспағанда, заңды тұлғаларды мемлекеттік тiркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу үшiн бюджетке алым төленгенiн растайтын түбiртек немесе өзге құжат;
тұтыну кооперативi:
жарғы;
заңды тұлғаларды мемлекеттік тiркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу үшiн бюджетке алым төленгенiн растайтын түбiртек немесе өзге құжат.
Тұтыну кооперативi азаматтар үшiн – осы кооператив мүшелерiнiң тегі, аты, әкесiнiң аты, туған жылы, ЖСН және тұратын жерi, заңды тұлға үшiн - тұрған жерi, банк деректемелері және БСН туралы мәлiметтер көрсетілген тiзiм ұсынылады.
дiни бiрлестiк:
діни бірлестіктің басшысының қолы қойылған діни бірлестіктің жарғысы;
құрылтай жиналысының (съезд, конференция) хаттамасы;
стандартқа 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық және қағаз жеткізгіштерде діни бiрлестiктi құрған бастамашы-азаматтардың тiзiмi;
діни оқудың пайда болу тарихы мен негіздерін ашатын және оған тиісті діни қызметтер туралы мәліметтерді қамтитын діни баспа материалдары;
заңды тұлғаларды мемлекеттік тiркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу үшiн бюджетке алым төленгенiн растайтын түбiртек немесе өзге құжат;
діни бiрлестiктің басшысын сайлау туралы шешім не басшысын шетел діни орталығы тағайындаған жағдайда уәкілетті органмен келісім жасалғандығын растайтын құжат.
Өңірлік діни бірлестігін тіркеу үшін қосымша, өңірлік діни бірлестікті құруға бастамашы болған әрбір жергілікті діни бірлестіктер мүшелерінің, тіркеуші орган белгілеген нысан бойынша тізім, сондай-ақ және нотариалды түрде куәландырылған жергілікті діни бірлестіктердің жарғылары ұсынылады.
Республикадан тыс жерде басқарушы орталығы бар дiни бiрлестiк қосымша ұсынады:
мемлекеттік және орыс тiлдерiнде нотариалды куәландырылған аудармасымен шетел орталығы жарғысының көшiрмесi;
дiни орталық өз елiнiң заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатындығын куәландыратын мемлекеттік және орыс тiлдерінде нотариалды куәландырылған аудармасымен тiзiлiмнен көшiрме немесе басқа құжат;
Дiни басқармалар (орталықтар) негiзiн салған рухани (дiни) оқу мекемелерiнiң, мешiттерiнiң, монастырьлардың және өзге де дiни бiрлестiктердiң жарғыларын (ережелерiн) осы дiни басқармалар (орталықтар) бекiтедi.
Тiркеу үшiн оларды құру туралы дiни басқарманың (орталықтың) уәкілетті органының шешiмi ұсынылады;
жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк:
шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды қоспағанда, заңды тұлғаларды мемлекеттік тiркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу үшiн бюджетке алым төленгенiн растайтын түбiртек немесе өзге құжат;
қосымша жауапкершілігі бар серiктестiк:
шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды қоспағанда, заңды тұлғаларды мемлекеттік тiркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу үшiн бюджетке алым төленгенiн растайтын түбiртек немесе өзге құжат;
мекеме:
мекеменi құру туралы меншiк иесiнің шешiмi;
ереже (жарғы);
құрылтай шарты немесе басқа да келiсiм (меншік иелері (құрылтайшылары) бiрден көп болған кезде);
заңды тұлғаларды мемлекеттік тiркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу үшiн бюджетке алым төленгенiн растайтын түбiртек немесе өзге құжат;
бағалаушылар палатасы:
жарғы;
заңды тұлғаны құру туралы уәкілетті органның шешімі;
заңды тұлғаларды мемлекеттік тiркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу үшiн бюджетке алым төленгенiн растайтын түбiртек немесе өзге құжат.
2) филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу үшін:
филиалдар (өкілдіктер) үшін:
өтінішке филиалды (өкілдікті) құратын заңды тұлға уәкілеттік берген адам қол қояды және ол заңды тұлғаның мөрімен (бар болған жағдайда) бекітіледі;
филиалды (өкілдікті) есептік тіркеу үшін бюджетке тіркеу алымының төленгендігін растайтын түбіртек немесе өзге де құжат;
филиал (өкілдiк) басшысына заңды тұлға органы берген сенiмхат;
заңды тұлға жарғысының (ережесiнiң) көшiрмесi немесе өз қызметін Үлгі жарғы негізінде жүзеге асыратын заңды тұлғаның тіркеу (қайта тіркеу) туралы өтінішінің көшірмесі;
Өтінішке филиалды (өкілдікті) құратын заңды тұлға уәкілеттік берген адам қол қояды және заңды тұлғаның мөрімен бекітіледі.
Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жатпайтын заңды тұлғалардың филиалдары (өкілдіктері), сондай-ақ акционерлік қоғамдықтар үшін заңды тұлға бекіткен мемлекеттік және орыс тілдерінде үш данада филиал (өкілдік) туралы ереже, жарғының (ереженің) көшірмесі және филиалдың (өкілдіктің) басшысына берілген заңды тұлғаның (қоғамдық және діни бірлестіктерді қоспағанда) сенімхаты қосымша ұсынылады.
Заңды тұлғаның басшысы филиал (өкілдiк) басшысы болған жағдайда, тіркеуші органына сенімхат табыс етілмейді;
Мемлекеттік кәсіпорынның филиалы (өкілдiгі) құрылған кезде, филиал (өкілдiк) құру үшін Ұлттық банктен не мемлекеттік мүлікті басқару бойынша (жергілікті атқарушы органның) уәкілетті органының келісімін растайтын құжат қосымша ұсынылады.
шетелдiк заңды тұлғалардың филиалдарын (өкiлдiктерiн) есептік тiркеу үшін:
өтініш;
заңды тұлға органы бекiткен филиал (өкiлдiк) туралы ереже;
филиал немесе өкілдiк басшысына заңды тұлға берген сенімхат, мемлекеттік және орыс тiлдерінде нотариалды куәландырылған аудармасымен;
филиал (өкілдік) құру үшін заңды тұлғаның шешімі мемлекеттік және орыс тiлдерінде нотариалды куәландырылған аудармасымен;
шетелдік заңды тұлғаның сауда тізілімінен заңдастырылған үзінді көшірмесі, құрылтай құжаттары немесе басқа да заңдастырылған құжат, филиал (өкілдік) құратын шетелдік заңды тұлғаның шет мемлекеттің заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатынын растайтын, сондай-ақ салықтық тіркеу нөмірі (немесе оның аналогы) көрсетіле отырып, шетелдік заңды тұлғаның инкорпорация еліндегі салықтық тіркелуін растайтын құжат;
заңды тұлғаның құрылтай құжаттарының мемлекеттік және орыс тiлдерінде нотариалды куәландырылған аудармасымен көшірмесі;
филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу үшiн бюджетке алым төленгенiн растайтын түбiртек немесе өзге құжат ұсынылады.
10. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін:
1) 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінің 45 бабында және "Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы" 1998 жылғы 22 сәуірдегі Заңының VI тарауында белгіленген заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тiркеу және қайта ұйымдастыру тәртiбінің бұзылуы, құрылтай құжаттарының "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы" 1995 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес келмеуі;
2) тапсыру актiсiн немесе бөліну балансын ұсынбау не оларда қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның құқық мирасқоры туралы ережелердің болмауы;
3) егер заңды тұлға немесе заңды тұлғаның жалғыз құрылтайшысы (қатысушысы) әрекет етпейтiн заңды тұлға болып табылуы;
4) егер заңды тұлғаның құрылтайшысы (қатысушысы) және (немесе) басшысы болып табылатын жеке тұлғаның әрекет етпейтiн заңды тұлғалардың жалғыз құрылтайшысы (қатысушысы) және (немесе) басшысы болып табылса және (немесе) әрекетке қабiлетсiз немесе әрекет қабiлетi шектеулі деп танылған және (немесе) хабар-ошарсыз кеткен деп танылуы, және (немесе) қайтыс болды деп жариялануы, және (немесе) оның Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 215, 237, 238 және 240-баптары бойынша қылмыстары үшін өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар болуы, сондай-ақ, мерзімді төлемдерін өндіру туралы атқырушылық іс жүргізу бойынша борышкер болып табылатын және үш айдан аса мерзімді өндіріп алу туралы атқарушылық іс жүргізу бойынша берешегі жоқ тұлғаларды қоспағанда, құрылтайшы (жеке тұлға және (немесе) заңды тұлға), заңды тұлғаның басшысы, құрылтайшы және (немесе) заңды тұлға құрған заңды тұлғаның басшысы атқарушылық құжат бойынша борышкер болып табылуы;
4-1) егер заңды тұлғаның құрылтайшысы (қатысушысы) және (немесе) басшысы болып табылатын жеке тұлға терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне Қазақстан Республикасының "Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы" 2011 жылғы 11 қазандағы Заңына сәйкес енгізілген болса;
5) жоғалған және (немесе) жеке басты куәландыратын жарамсыз құжаттарды ұсынуы;
6) сот актілерінің және сот орындаушылары мен құқық қорғау органдары қаулыларының (тыйым салу, қамаққа алу) болуы;
7) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігінің белгілі болуы;
8) уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажет келісімі туралы сұрау салуға берілген теріс жауап, сондай-ақ сараптаманың, зерттеудің не тексерудің теріс қорытындысы;
9) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;
10) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады;
Діни бірлестіктерді мемлекеттік тіркеуден және қайта тіркеуден бас тартудың қосымша негіздері "Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы" 2011 жылғы 11 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленеді.
Филиалды (өкілдікті) есептік тіркеуден бас тарту "Коммерциялық емес ұйымдар туралы" 2001 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 24-бабында, 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінің 43-баптары бұзылған жағдайда, сондай-ақ, филиалды (өкілдікті) құру тәртібінде есептік тіркеуге ұсынылған құжаттарының 1995 жылғы 17 сәуірдегі "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес келмеуі кезінде жүргізіледі.
11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) оның қызметкерлерінің мемлекеттік көрсетілетін қызмет мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсiздiгiне) шағымдану:
1) шағым осы стандарттың 14-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.
Көрсетілетін қызметті алушының шағымында оның тегі, аты-жөні (бар болған жағдайда), пошталық мекенжайы, заңды тұлғаның атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі және күні көрсетіледі. Шағымға өтініш иесі қол қояды.
Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы, "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жұмыс күндері қолма-қол қабылданады.
Шағымды көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алатын мерзімі мен орыны көрсетіле отырып тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
2) Мемлекеттік корпорация қызметкерінің әрекетіне (әрекетсiздiгiне) шағым Мемлекеттік корпорацияның басшысына осы мемлекеттік қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжайлар арқылы не: 1414, 8 800 080 7777 бірыңғай байланыс-орталығы арқылы жіберіледі.
Қолма-қол, сол сияқты пошта арқылы келіп түскен шағымның Мемлекеттік корпорацияда тіркелуі (мөртабан, кіріс нөмірі мен тіркеу күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады) оның қабылданғанын растау болып табылады.
Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Мемлекеттік корпорацияның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы ол тіркелген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта арқылы, "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол беріледі.
Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты алу мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселелері жөніндегі 1414, 8 800 080 7777 бірыңғай байланыс телефоны арқылы жүзеге асырылады.
Көрсетілетін қызметті алушыға шағымды "жеке кабинетінтен" портал арқылы жіберген кезде өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті берушінің өтінішін өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгі қою, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылады.
Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағым жасай алады.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Осы бұйрыққа 1 қосымшаға сәйкес Стандартқа 10 қосымшамен толықтыру.".
2) көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Заңды тұлғаларды мемлекеттік қайта тіркеу, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік қайта тіркеу" мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартында:
10 және 11-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер:
1) 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 45-бабында және "Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы" 1998 жылғы 22 сәуірдегі Заңның VI тарауында белгіленген заңды тұлғаны қайта тiркеу және қайта ұйымдастыру тәртiбінің бұзылуы, құрылтай құжаттарының "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы" 1995 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес келмеуі;
2) тапсыру актiсiн немесе бөліну балансын ұсынбауы не оларда қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның құқық мирасқорлығы туралы ережелердің болмаған;
3) заңды тұлғаның немесе заңды тұлғаның жалғыз құрылтайшысының (қатысушысы) әрекет етпейтін заңды тұлға болып табылуы;
4) егер заңды тұлғаның құрылтайшысы (қатысушысы) және (немесе) басшысы болып табылатын жеке тұлғаның әрекет етпейтiн заңды тұлғалардың жалғыз құрылтайшысы (қатысушысы) және (немесе) басшысы болып табылса және (немесе) әрекетке қабiлетсiз немесе әрекет қабiлетi шектеулі деп танылған және (немесе) хабар-ошарсыз кеткен деп танылуы, және (немесе) қайтыс болды деп жариялануы, және (немесе) оның Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 215, 237, 238 және 240-баптары бойынша қылмыстары үшін өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар болуы, сондай-ақ, мерзімді төлемдерін өндіру туралы атқырушылық іс жүргізу бойынша борышкер болып табылатын және үш айдан аса мерзімді өндіріп алу туралы атқарушылық іс жүргізу бойынша берешегі жоқ тұлғаларды қоспағанда, құрылтайшы (жеке тұлға және (немесе) заңды тұлға), заңды тұлғаның басшысы, құрылтайшы және (немесе) заңды тұлға құрған заңды тұлғаның басшысы атқарушылық құжат бойынша борышкер болып табылуы;
5) жоғалған және (немесе) жеке басты куәландыратын жарамсыз құжаттарды ұсыну;
6) сот актілерінің және сот орындаушылары мен құқық қорғау органдары қаулыларының (тыйым салу, қамаққа алу) болуы;
7) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігінің белгілі болуы;
8) уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажет келісімі туралы сұрау салуға берілген теріс жауап, сондай-ақ сараптаманың, зерттеудің не тексерудің теріс қорытындысы;
9) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;
10) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады;
11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорация және (немесе) оның қызметкерлерінің мемлекеттік көрсетілетін қызмет мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсiздiгiне) шағымдану:
1) шағым осы стандарттың 14-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына беріледі.
Көрсетілетін қызметті алушының шағымында оның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), заңды тұлғаның пошталық мекенжайы, оның атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі және күні көрсетіледі. Шағымға өтініш иесі қол қояды.
Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы, "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы немесе көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жұмыс күндері қолма-қол қабылданады.
Шағымды көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымның жауабын алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
2) Мемлекеттік корпорация қызметкерінің әрекетіне (әрекетсiздiгiне) шағым Мемлекеттік корпорацияның басшысына осы мемлекеттік қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжайлар және телефондар арқылы не 1414, 8 800 080 7777 бірыңғай байланыс-орталығы арқылы жіберіледі.
Қолма-қол, сол сияқты пошта арқылы келіп түскен шағымның Мемлекеттік корпорацияда тіркелуі (мөртабан, кіріс нөмірі мен тіркеу күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады) оның қабылданғанын растау болып табылады.
Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Мемлекеттік корпорацияның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы ол тіркелген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы пошта арқылы жіберіледі, не көрсетілетін қызметті берушінің немесе қызмет берушінің кеңсесінде қолма-қол беріледі.
Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты алу Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі 1414, 8 800 080 7777 бірыңғай байланыс орталығының телефоны арқылы жүзеге асырылады.
Көрсетілетін қызметті алушыға шағымды "жеке кабинетінен" портал арқылы жіберген кезде өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті берушінің өтінішін өңдеу (жеткізу, тіркеу туралы белгі жасау, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылады.
Көрсетілетін қызметті алушыға көрсетілген қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағым жасай алады.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
3) көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Заңды тұлғаларды тіркеу (қайта тіркеу) туралы, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама беру" мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартында:
Стандарттың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Заңды тұлғаларды тіркеу (қайта тіркеу) туралы, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама беру";
Мынадай мазмұнда 9-1 тармақпен толықтырылсын:
"9-1. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер:
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігінің белгілі болуы;
2) уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажет келісімі туралы сұрау салуға берілген теріс жауап, сондай-ақ сараптаманың, зерттеудің не тексерудің теріс қорытындысы;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады.
"4. Көрсетілетін қызметті берушілер және (немесе) олардың лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) олардың қызметкерлерінің мемлекеттік көрсетілетін қызмет мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану тәртiбi" тарауының атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Көрсетілетін қызметті берушілер және (немесе) олардың лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) олардың қызметкерлерінің мемлекеттік көрсетілетін қызмет мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану тәртiбi";
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
10. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) оның қызметкерлерінің мемлекеттік көрсетілетін қызметнің мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсiздiгiне) шағымдану:
1) шағым осы стандарттың 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына беріледі.
Көрсетілетін қызметті алушының шағымында оның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), заңды тұлғаның пошталық мекенжайы, атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі және күні көрсетіледі. Шағымға өтініш беруші қол қоюға тиіс.
Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы, "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы немесе көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жұмыс күндері қолма-қол қабылданады.
Шағымды көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін, берілген шағымның жауабын алу мерзімі мен орнын көрсетіле отырып тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі мен күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
2) Мемлекеттік корпорация қызметкерінің әрекетіне (әрекетсiздiгiне) шағым осы стандарттың 13-тармағында көрсетілген мекенжайлар және телефондар арқылы Мемлекеттік корпорацияның басшысына не: 1414, 8 800 080 7777 бірыңғай байланыс-орталығына жүгіну арқылы жіберіледі.
Қолма-қол, сол сияқты пошта арқылы келіп түскен шағым оның тіркелуі (мөртабан, кіріс нөмірі мен тіркеу күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады) Мемлекеттік корпорацияда қабылдағанын растау болып табылады. Тіркелгеннен кейін шағым жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шараларды қолдану үшін Мемлекеттік корпорацияның басшысына жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Мемлекеттік корпорацияның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы ол тіркелген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға поштасы арқылы "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы жіберіледі, не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол беріледі.
Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты алу Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефоны арқылы жүзеге асырылады.
Шағымда көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінен" портал арқылы жіберген кезде өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті берушінің өтінішін өңдеу (жеткізу, тіркеу туралы белгі жасау, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылады.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.".
4) көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлғаның, сондай-ақ акционерлік қоғамның құрылтай құжаттарына, олардың филиалдары (өкілдіктері) туралы ережелерге енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды мемлекеттік тіркеу" мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес:
10 және 11-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Мемлекеттік қызметтер көрсетуден бас тарту үшін:
1) заңды тұлғаның құрылтай құжаттарына, олардың филиалы (өкілдігі) туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібінің бұзылуы, құрылтай құжаттарының (ережелерінің) "Коммерциялық емес ұйымдар туралы" 2001 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабына сәйкес келмеуі;
2) сот актілерінің және сот орындаушылары мен құқық қорғау органдары қаулыларының (тыйым салулардың, қамаққа алулардың) болуы.
3) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін анықтау;
4) уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін келісімі туралы сұрау салуға берілген теріс жауабы, сондай-ақ сараптаманың, зерттеудің не тексерудің теріс қорытындысы;
5) егер көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;
6) егер көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы негіз болып табылады;
"2. Көрсетілетін қызметті берушілер және (немесе) олардың лауазымды тұлғаларының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) оның қызметкерлерінің мемлекеттік көрсетілетін қызмет мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану тәртiбi" деген бөлімнің мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) олардың қызметкерлерінің мемлекеттік көрсетілетін қызмет мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану тәртiбi";
11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) оның қызметкерлерінің мемлекеттік көрсетілетін қызмет мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсiздiгiне) шағымдану:
1) шағым осы стандарттың 14-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілген қызметті беруші басшысының атына беріледі.
Көрсетілетін қызметті алушының шағымында оның тегі, аты-жөні (бар болса), пошталық мекенжайы, заңды тұлғаның атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі және күні көрсетіледі. Шағымға өтініш иесі қол қояды.
Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы, "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жұмыс күндері қолма-қол қабылданады.
Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып, оның тіркелуі (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
2) Мемлекеттік корпорация қызметкерінің әрекетіне (әрекетсiздiгiне) шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша Мемлекеттік копрорация басшысына не 1414, 8 800 080 7777 бірыңғай байланыс-орталығы арқылы жіберіледі.
Қолма-қол, сол сияқты пошта арқылы келіп түскен шағымның Мемлекеттік корпорацияда қабылдануын растау оның тіркелуі (мөртабан, кіріс нөмірі мен тіркеу күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады) болып табылады.
Көрсетілетін қызмет берушінің немесе Мемлекеттік корпорацияның атына келіп түскен көрсетілетін қызметі алушының шағымы ол тіркелген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта арқылы "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол беріледі.
Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты алу Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі 1414, 8 800 080 7777 бірыңғай байланыс-орталығы арқылы жүзеге асырылады.
Көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінен" портал арқылы шағым жіберген кезде өтініш туралы ақпаратқа қолжетімді болады, оны көрсетілетін қызметті беруші өтінішті өңдеу (жеткізу, тіркеу орындау туралы белгі қою, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартады.
Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгінуге құқылы.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.";
5) көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлға, сондай-ақ акционерлік қоғам, олардың филиалдары мен өкілдіктері жарғысының (ережесінің) телнұсқасын беру" мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартында:
Мынадай мазмұндағы 9-1-тармақпен толықтырылсын:
"9-1. Мемлекеттік қызметтер көрсетуден бас тарту үшін:
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін анықтау;
2) уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін келісімі туралы сұрау салуға берілген теріс жауабы, сондай-ақ сараптаманың, зерттеудің не тексерудің теріс қорытындысы;
3) егер көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;
4) егер көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы негіз болып табылады.
Порталға жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат нысанында, мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алудың күні мен уақыты көрсетіле отырып, сұрау салуды қабылдау туралы хабарлама жіберіледі.
Егер "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі және "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" 2013 жылғы 21 мамырдағы Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде көрсетілетін қызметті берушіге ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісім береді.
Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттарды талап етуге жол берілмейді.
Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес толық құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған кезде, Мемлекеттік корпорацияның қызметкері осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
"6. Көрсетілетін қызметті берушілер және (немесе) олардың лауазымды тұлғаларының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) оның қызметкерлерінің мемлекеттік көрсетілетін қызмет мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану тәртiбi" деген бөлімнің атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) олардың қызметкерлерінің мемлекеттік көрсетілетін қызмет мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану тәртiбi";
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) олардың қызметкерлерінің мемлекеттік көрсетілетін қызмет мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсiздiгiне) шағымдану:
1) шағым осы стандарттың 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.
Көрсетілетін қызметті алушының шағымында оның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), пошталық мекенжайы, заңды тұлғаның шағымында - оның атауы пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі. Шағымға өтініш беруші қол қоюға тиіс.
Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы, "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жұмыс күндері қолма-қол қабылданады.
Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып, оның тіркелуі (мөртабан, кіріс нөмірі мен күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
2) Мемлекеттік корпорация қызметкерінің әрекетіне (әрекетсiздiгiне) шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13–тармағында көрсетілген мекенжайлар және телефондар арқылы Мемлекеттік корпорацияның басшысына не 1414, 8 800 080 7777 Бірыңғай байланыс-орталығына жүгіну арқылы жіберіледі.
Қолма-қол, сол сияқты пошта арқылы келіп түскен шағымның Мемлекеттік корпорацияда қабылдануын растау оның тіркелуі (мөртабан, кіріс нөмірі мен тіркеу күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады) болып табылады.
Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Мемлекеттік корпорацияның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы ол тіркелген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушының поштасына жіберіледі, "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол беріледі.
Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты алу Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі 1414, 8 800 080 7777 бірыңғай байланыс орталығының телефоны арқылы жүзеге асырылады.
Көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінен" портал арқылы шағым жіберген кезде өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады, оны көрсетілетін қызметті беруші өтінішті өңдеу (жеткізу, тіркеу орындау туралы белгі қою, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартады.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілген қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдануға құқылы."
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.";
6) көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Заңды тұлға қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркеу, филиал мен өкілдікті есептік тіркеуден шығару" мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартында:
10 және 11-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін:
1) заңды тұлғаны (филиалды немесе өкілдікті) тарату тәртібін бұзу, сондай-ақ таратылатын заңды тұлғаның есептік тіркеуден шығарылмаған филиалдары (өкілдіктері) болған жағдайлар;
2) салық берешегі, міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешегі болған не мемлекеттік кіріс органдарының мұндай заңды тұлғаның (шетелдік заңды тұлғаның филиалы немесе өкілдігі) Қазақстан Республикасының Салық кодексінде белгіленген тәртіппен салық міндеттемесін орындамаған жағдайда, берешек туралы аталған мәліметтерді беруден бас тартуы;
3) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін анықтау;
4) уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін келісімі туралы сұрау салуға берілген теріс жауабы, сондай-ақ сараптаманың, зерттеудің не тексерудің теріс қорытындысы;
5) егер көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;
6) егер көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы негіз болып табылады.
11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорация және (немесе) оның қызметкерлерінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсiздiгiне) шағымдану:
1) шағым осы стандарттың 14-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына беріледі.
Көрсетілетін қызметті алушының шағымында оның тегі, аты, сондай-ақ қалауы бойынша әкесінің аты, пошталық мекенжайы, заңды тұлғаның оның атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі. Өтінішке шағым беруші қол қоюға тиіс.
Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы, "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жұмыс күндері қолма-қол қабылданады.
Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып, оның тіркелуі (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
2) Мемлекеттік корпорация қызметкерінің әрекетіне (әрекетсiздiгiне) шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша не 1414, 8 800 080 7777 бірыңғай байланыс орталығы арқылы жүгіну жолымен Мемлекеттік корпорация басшысына жіберіледі.
Қолма-қол, сол сияқты пошта арқылы келіп түскен шағымның Мемлекеттік корпорацияда қабылдануын растау оның тіркелуі (мөртабан, кіріс нөмірі мен тіркеу күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады) болып табылады.
Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Мемлекеттік корпорацияның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы ол тіркелген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта арқылы "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде қолма-қол беріледі.
Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты алу мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі 1414, 8 800 080 7777 бірыңғай байланыс орталығының телефоны арқылы жүзеге асырылады.
Көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінен" портал арқылы шағым жіберген кезде өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады, оны көрсетілетін қызметті беруші өтінішті өңдеу (жеткізу, тіркеу орындау туралы белгі қою, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартады.
Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдануға құкылы.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.";
7) көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Заңды тұлғалар" мемлекеттік деректер қорынан анықтама беру" мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартында:
Мынадай мазмұндағы 9-1-тармақпен толықтырылсын:
"9-1. Мемлекеттік қызметтер көрсетуден бас тарту үшін:
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін анықтау;
2) уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін келісімі туралы сұрау салуға берілген теріс жауабы, сондай-ақ сараптаманың, зерттеудің не тексерудің теріс қорытындысы;
3) егер көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;
4) егер көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы негіз болып табылады.
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
10. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) оның қызметкерлерінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсiздiгiне) шағымдану:
1) шағым осы стандарттың 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына беріледі.
Көрсетілетін қызметті алушының шағымында оның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), пошталық мекенжайы, заңды тұлғаның оның атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні корсетіледі. Өтінішке шағым беруші қол қоюға тиіс.
Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы, "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жұмыс күндері қолма-қол қабылданады.
Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып, оның тіркелуі (мөртабан, кіріс нөмірі мен күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
2) Мемлекеттік корпорация қызметкерінің әрекетіне (әрекетсiздiгiне) шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13–тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша Мемлекеттік корпорацияның басшысына не Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі 1414, 8 800 080 7777 бірыңғай байланыс орталығы арқылы жүгіну жолымен жіберіледі.
Қолма-қол, сол сияқты пошта арқылы келіп түскен шағымның Мемлекеттік корпорацияда қабылдануын растау оның тіркелуі (мөртабан, кіріс нөмірі мен тіркеу күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады) болып табылады.
Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Мемлекеттік корпорацияның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы ол тіркелген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта арқылы, "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы жіберіледі, не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде қолма-қол беріледі.
Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты алу Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы арқылы жүзеге асырылады.
Көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінен" портал арқылы шағым жіберген кезде өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады, оны ақпарат көрсетілетін қызметті беруші өтінішті өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгі қою, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартады.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілген қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгінуге құқылы.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.".
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет Министрінің орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Әділет Министрі | М. Бекетаев |
КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ақпарат және
коммуникациялар министрі
Д. Абаев
____________________________
2016 жылғы 3 қараша"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
Қ. Бишімбаев
__________________________
2016 жылғы 14 қараша
Діни бірлестіктерді құратын
бастамашы-азаматтардың тізімі
_____________________________________________________________________
діни бірлестіктердің атауы
_____________________________________________________________________
облысы, Астана және Алматы қалалары
№ р/с | Тегі, аты, әкесінің аты | Туылған күні, айы және жылы | Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтер, ЖСН | Тұрғылықты мекен-жайы, үйдің және қызметтік телефондарының нөмірі | Жеке қолы |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |