Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы "Мемлекеттік статистика туралы" Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына және Қазақстан Республикасы "Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 152 Жарлығымен бекітілген" Мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану қағидаларының 71-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес, мемлекеттік органдардың тәртіптік комиссияларының жұмысы туралы есеп нысаны бекітілсін.
2. Осы бұйрықтың 1-тармағында көрсетілген мәліметтер:
1) орталық мемлекеттік органдармен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігіне (бұдан әрі – Агенттік) тоқсан сайын, есептік кезеңнен кейінгі айдың 5-күніне дейінгі мерзімде;
2) жергілікті атқарушы органдармен, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының мәслихат аппараттары және ревизиялық комиссияларымен Агенттіктің тиісті аумақтық органдарына тоқсан сайын, есептік кезеңнен кейінгі айдың 5-күніне дейінгі мерзімде ұсынылады деп анықталсын.
3. Агенттіктің аумақтық органдарымен, жергілікті атқарушы органдардың, жергілікті бюджеттен қаржыландыратын атқарушы органдардың, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының мәслихат аппараттары және ревизиялық комиссияларының осы бұйрықтың 1-тармағының 1-тармақшасында көрсетілген мәліметтер, тоқсан сайын, есептік кезеңнен кейінгі айдың 10-күніне дейінгі мерзімде, Агентікке қорытынды түрде ұсынылады.
4. "Мемлекеттік органдардың тәртіптік комиссияларының жұмысы туралы есеп нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2016 жылғы 3 наурыздағы № 52 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 13569 тіркелді, 2016 жылғы 15 сәуірде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды) күші жойылды деп танылсын.
5. Агенттіктің Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау департаментімен заңнамада көрсетілген тәртіпте:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуі;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оның мерзімдік баспа басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жолдануы;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдануы;
4) осы бұйрықтың Агенттіктің ресми интернет-ресурсына жүктелуі қамтамасыз етілсін.
6. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Агенттік төрағасының орынбасары А.Ж. Шпекбаевқа жүктелсін.
7. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы |
Қ. Қожамжаров |
"Келісілді" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің төрағасы ______________ Н. Айдапкелов 2016 жылғы 24 қараша |
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 18 қарашадағы № 60 бұйрығымен бекітілген |
Есеп
Мемлекеттік органдардың тәртіптік комиссияларының
жұмысы туралы есеп нысаны
Есепті кезең 20___ жылғы ___тоқсан
Индекс: 1-тк
Кезеңділігі: тоқсан сайын
Ұсынатын тұлғалар тобы: орталық мемлекеттік органдар, жергілікті атқарушы органдар, жергілікті бюджеттен қаржыландыратын атқарушы органдар, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының мәслихат және ревизиялық комиссияларының аппараттары.
Нысан қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне (бұдан әрі – Агенттік) және оның аумақтық органдарына.
Тапсыру мерзімі: орталық мемлекеттік органдар, жергілікті атқарушы органдар, жергілікті бюджеттен қаржыландыратын атқарушы органдар, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының мәслихат және ревизиялық комиссияларының аппараттары тоқсанда бір рет, есептік кезеңнен кейінгі айдың 5-ші күнінен кешіктірмей, Агенттіктің аумақтық органдары тоқсанда бір рет, есептік кезеңнен кейінгі айдың 10-шы күнінен кешіктірмей.
№ п/п | Көрсеткіштер | 1 тоқсан | 2 тоқсан | 3 тоқсан | 4 тоқсан | Барлығы |
1. | Мемлекеттік қызметшінің заңсыз іс-әрекеттері жөнінде түскен мәліметтер саны | |||||
2. | Тәртіптік комиссия отырысында қарамай тәртіптік жауаптылыққа тартылған қызметшілер саны (елеулі емес терiс қылық жасағаны үшін және мемлекеттік қызметші кінәсімен келіскен жағдайда), оның ішінде: | |||||
2.1. | қолданылған тәртіптік жазалар саны түрлері бойынша: | |||||
2.1.1. | ескерту | |||||
2.1.2. | сөгіс | |||||
2.1.3. | қатаң сөгіс | |||||
2.2. | тәртіптік жаза қолданылған мемлекеттік қызметшілер саны: | |||||
2.2.1. | басшы лауазым атқаратын | |||||
2.2.2. | өзге мемлекеттік лауазым атқаратын | |||||
2.3. | мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік терiс қылық жасау фактісі бойынша | |||||
2.4. | қызметтік әдеп нормаларын бұзу фактісі бойынша | |||||
2.5. | қызметтік тәртіпті бұзу фактісі бойынша | |||||
2.6. | өзге Қазақстан Республикасы заңнама нормаларын бұзу фактісі бойынша | |||||
3. | Жүргізілген қызметтік тергеп-тексерулер саны | |||||
4. | Тәртіптік комиссия қараған материалдар саны, оның ішінде: | |||||
4.1. | мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік терiс қылық жасау фактісі бойынша | |||||
4.2. | қызметтік әдеп нормаларын бұзу фактісі бойынша | |||||
4.3. | қызметтік тәртіпті бұзу фактісі бойынша | |||||
4.4. | өзге Қазақстан Республикасы заңнама нормаларын бұзу фактісі бойынша | |||||
5. | Тәртіптік комиссия шығарған ұсынымдар саны, оның ішінде: | |||||
5.1. | тиісті тәртіптік жаза қолдану ұсынылды | |||||
5.2. | тәртіптік жаза қолдану үшін негіз жоқ | |||||
5.3. | тұлғаны қылмыстық немесе әкімшілік жауаптылыққа тарту мәселесін шешу үшін құжаттар құқық қорғау органдарының не өзге уәкілетті органдардың қарауына жолданды | |||||
6. | Қосымша тергеп-тексеруге жолданған тәртіптік комиссия ұсыныстарының саны | |||||
7. | Қосымша тергеп-тексеру нәтижесі бойынша тәртіптік комиссияның өзге құрамда шығарған ұсынымдар саны, оның ішінде: | |||||
7.1. | тиісті тәртіптік жаза қолдану ұсынылды | |||||
7.2. | тәртіптік жаза қолдану үшін негіз жоқ | |||||
7.3. | тұлғаны қылмыстық немесе әкімішілік жауаптылыққа тарту мәселесін шешу үшін құжаттар құқық қорғау органдарының не өзге уәкілетті органдардың қарауына жолданды | |||||
8. | Қарау үшін жолданған материалдар саны, оның ішінде: | |||||
8.1. | Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Кадр саясаты бойынша ұлттық комиссиясына | |||||
8.2. | мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның әдеп жөніндегі комиссиясына | |||||
8.3. | мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның әдеп жөніндегі кеңесіне | |||||
8.4. | өңірлік кадр комиссиясына | |||||
9. | Тәртіптік комиссия және өзге уәкілетті органдар ұсынысымен тәртіптік жазалар қолданылды, оның ішінде: | |||||
9.1. | қызметтік әдеп нормаларын бұзғаны үшін: | |||||
9.1.1. | ескерту | |||||
9.1.2. | сөгіс | |||||
9.1.3 | қатаң сөгіс | |||||
9.1.4. | қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту | |||||
9.1.5. | лауазымын төмендету | |||||
9.1.6. | атқаратын лауазымынан босату | |||||
9.2. | мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік терiс қылық жасағаны үшін: | |||||
9.2.1. | қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту | |||||
9.2.2. | қызметінен төмендету | |||||
9.2..3. | атқаратын қызметінен босату | |||||
9.3. | өзге Қазақстан Республикасы заңнама нормаларын бұзғаны үшін: | |||||
9.3.1. | ескерту | |||||
9.3.2. | сөгіс | |||||
9.3.3. | қатаң сөгіс | |||||
9.3.4. | қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту | |||||
9.3.5. | лауазымын төмендету | |||||
9.3.6. | атқаратын лауазымынан босату | |||||
9.4. | тәртіптік жаза қолданылған мемлекеттік қызметшілер саны: | |||||
9.4.1. | басшы мемлекеттік лауазым атқаратын | |||||
9.4.2. | басшы емес мемлекеттік лауазым атқаратын | |||||
9.5. | ұсыным бойынша: | |||||
9.5.1. | Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Кадр саясаты бойынша ұлттық комиссиясының | |||||
9.5.2. | мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның әдеп жөніндегі комиссиясының | |||||
9.5.3. | мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның әдеп жөніндегі кеңесінің | |||||
9.5.4. | өңірлік кадр комиссиясының | |||||
9.5.5. | тәртіптік комиссияның | |||||
10. | Мерзімінен бұрын алынған тәртіптік жазалар саны, оның ішінде: | |||||
10.1. | мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік терiс қылық жасағаны үшін қолданылған | |||||
10.2. | қызметтік әдеп нормаларын бұзғаны үшін қолданылған | |||||
10.3. | өзге де бұзушылықтар үшін қолданылған | |||||
11. | Шағым жасалған тәртіптік жазалар саны, оның ішінде: | |||||
11.1. | мемлекеттік қызметші жұмыс істейтін мемлекеттік органға немесе жоғары тұрған мемлекеттік органға | |||||
11.2. | мемлекеттік қызмет жөніндегі уәкілетті органға | |||||
11.3. | сот тәртібімен | |||||
11.3.1. | күші жойылды | |||||
11.3.2. | өзгертілді | |||||
11.3.3. | күшінде қалдырылды |
Мемлекеттік органның атауы: |
Мекенжайы: |
Басшы |
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) қолы) |
Орындаушының аты-жөні және телефоны: |
Қабылдаушының телефоны: |
20 жылғы " " _____________ | мөр орны |
Мемлекеттік органдардың тәртіптік комиссияларының
жұмысы туралы есеп нысанын толтыру жөніндегі түсіндірме
1. Жалпы ережелер
1. Осы түсіндірме "Мемлекеттік органдардың тәртіптік комиссиялары жұмысы туралы" есеп нысанын (бұдан әрі – Есеп нысаны) толтырудың бірыңғай талаптарын анықтайды және мемлекеттік органдардың тәртіптік комиссиялары жұмысының нәтижелерін айқындайды.
2. Есеп нысаны бастапқы есепке алу деректерінің негізінде есепті ұсыну кезіндегі нақты жағдайы бойынша толтырылып, орталық мемлекеттік органдар Агентікке, жергілікті атқарушы органдар, жергілікті бюджеттен қаржыландыратын атқарушы органдар, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының мәслихат аппараттары мен ревизиялық комиссиялары Агенттіктің аумақтық департаменттеріне тоқсан сайын есептік кезеңнен кейін ұсынылады.
3. Агентікке ұсынылған есеп деректердің дұрыстылығына мемлекеттік органдар мен Агенттіктің аумақтық органдардың басшылары жеке жауапты болады.
2. Есеп нысанын толтыру бойынша түсініктеме
4. 1 - жолда мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілерінің заңсыз іс-әрекеттері жөнінде түскен мәліметтер саны көрсетіледі.
5. 2 - жолда тәртіптік комиссия отырысында қаралмай тәртіптік жауаптылыққа тартылған қызметшілер саны (елеулі емес терiс қылық жасағаны үшін және осы деректермен мемлекеттік қызметші келіскен жағдайда).
6. 2.1.1 - 2.1.3 жолдарында қолданылған тәртіптік жазалар саны түрлері бойынша көрсетіледі.
7. 2.2.1 - 2.2.2 жолдарында тәртіптік жаза қолданылған мемлекеттік қызметшілер саны көрсетіледі.
8. 2.3 – жолда тәртіптік комиссия отырысында қарамай мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік терiс қылық жасау фактісі бойынша тәртіптік жауаптылыққа тартылған қызметшілер саны көрсетіледі.
9. 2.4 – жолда тәртіптік комиссия отырысында қарамай қызметтік әдеп нормаларын бұзу фактісі бойынша тәртіптік жауаптылыққа тартылған қызметшілер саны көрсетіледі.
10. 2.5 - жолда тәртіптік комиссия отырысында қарамай қызметтік тәртіпті бұзу фактісі бойынша тәртіптік жауаптылыққа тартылған қызметшілер саны көрсетіледі.
11. жолда тәртіптік комиссия отырысында қарамай өзге Қазақстан Республикасы заңнама нормаларын бұзу фактісі бойынша тәртіптік жауаптылыққа тартылған қызметшілер саны көрсетіледі.
12. 3 - жолда жүргізілген қызметтік тергеп-тексерулер саны көрсетіледі.
13. 4 - жолда тәртіптік комиссия қараған материалдар саны көрсетіледі.
14. 4.1 - жолда тәртіптік комиссия мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік терiс қылық жасау фактісі бойынша қараған материалдар саны көрсетіледі.
15. 4.2 - жолда тәртіптік комиссия қызметтік әдеп нормаларын бұзу фактісі бойынша қараған материалдар саны көрсетіледі.
16. 4.3 - жолда тәртіптік комиссия қызметтік тәртіпті бұзу фактісі бойынша қараған материалдар саны көрсетіледі.
17. 4.4 - жолда тәртіптік комиссия өзге Қазақстан Республикасы заңнама нормаларын бұзу фактісі бойынша қараған материалдар саны көрсетіледі.
18. 5 - жолда тәртіптік комиссия шығарған ұсыныстар саны көрсетіледі.
19. 5.1 - жолда тиісті тәртіптік жаза қолдану туралы ұсыныстар саны көрсетіледі.
20. 5.2 - жолда тәртіптік жаза қолдану үшін негіз болмауына байланысты шығарылған ұсыныстар саны көрсетіледі.
21. 5.3 - жолда адамды қылмыстық немесе әкімшілік жауаптылыққа тарту мәселесін шешу үшін құқық қорғау органдарының не өзге уәкілетті органдардың қарауына жолданған материалдар саны көрсетіледі.
22. 6 - жолда қосымша тергеп-тексеруге жолданған тәртіптік комиссия ұсыныстарының саны көрсетіледі.
23. 7 - жолда қосымша тергеп-тексеру нәтижесі бойынша тәртіптік комиссия өзге құрамда шығарған ұсынымдар саны көрсетіледі.
24. 7.1 - жолда тиісті тәртіптік жаза қолдану туралы ұсыныстар саны көрсетіледі.
25. 7.2 - жолда тәртіптік жаза қолдану үшін негіз болмауына байланысты шығарылған ұсыныстар саны көрсетіледі.
26. 7.3 - жолда адамды қылмыстық немесе әкімшілік жауаптылыққа тарту мәселесін шешу үшін құқық қорғау органдарының не өзге уәкілетті органдардың қарауына жолданған материалдар саны көрсетіледі.
27. 8 - жолда Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Кадр саясаты бойынша ұлттық комиссиясына, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның әдеп жөніндегі комиссиясына, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның әдеп жөніндегі кеңесіне, өңірлік кадр комиссиясына қарау үшін жолданған материалдар саны көрсетіледі.
28. 8.1 - жолда Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Кадр саясаты бойынша ұлттық комиссиясына қарау үшін жолданған материалдар саны көрсетіледі.
29. 8.2 - жолда мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның әдеп жөніндегі комиссиясына қарау үшін жолданған материалдар саны көрсетіледі.
30. 8.3 - жолда мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның әдеп жөніндегі кеңесіне қарау үшін жолданған материалдар саны көрсетіледі.
31. 8.4 - жолда өңірлік кадр комиссиясына қарау үшін жолданған материалдар саны көрсетіледі.
32. 9 - жолда тәртіптік комиссияның және өзге де уәкілетті органдардың ұсынымы бойынша мемлекеттік қызметшілерге қолданылған тәртіптік жазалар тәртіптік жауаптылыққа тартудың әрбір негізі бойынша жеке көрсетіледі.
33. 9.1 және 9.1.1 - 9.1.6 - жолдарда қызметтік әдеп нормаларын бұзғаны үшін мемлекеттік қызметшілерге қолданылған тәртіптік жазалардың саны көрсетіледі.
34. 9.2 және 9.2.1 - 9.2.3 - жолдарда мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік терiс қылық жасағаны үшін мемлекеттік қызметшілерге қолданылған тәртіптік жазалардың саны көрсетіледі.
35. 9.3 және 9.3.1 - 9.3.6 - жолдарда өзге Қазақстан Республикасы заңнама нормаларын бұзғаны үшін мемлекеттік қызметшілерге қолданылған тәртіптік жазалардың саны көрсетіледі.
36. 9.4 және 9.4.1 - 9.4.2 - жолдарда тәртіптік жаза қолданылған мемлекеттік қызметшілер саны көрсетіледі.
37. 9.5.1 - 9.5.5 - жолдарда тәртіптік комиссияның, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Кадр саясаты бойынша ұлттық комиссиясының, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның әдеп жөніндегі комиссиясының, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның әдеп жөніндегі кеңесінің, өңірлік кадр комиссиясының ұсынымы бойынша мемлекеттік қызметшілерге қолданылған тәртіптік жазалардың саны көрсетіледі.
38. 10 - жолда мемлекеттік қызметшілерден мерзімінен бұрын алып тасталған тәртіптік жазалардың саны көрсетіледі.
39. 10.1 - жолда мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік терiс қылық жасағаны үшін мемлекеттік қызметшілерге қолданылған мерзімінен бұрын алып тасталған тәртіптік жазалардың саны көрсетіледі.
40. 10.2 - жолда қызметтік әдеп нормаларын бұзғаны үшін мемлекеттік қызметшілерге қолданылған мерзімінен бұрын алып тасталған тәртіптік жазалардың саны көрсетіледі.
41. 10.3 - жолда өзге де бұзушылықтар үшін мемлекеттік қызметшілерге қолданылған мерзімінен бұрын алып тасталған тәртіптік жазалардың саны көрсетіледі.
42. 11 - жолда мемлекеттік қызметшілер шағым жасаған тәртіптік жазалардың саны көрсетіледі.
43. 11.1 - жолда мемлекеттік қызметші жұмыс істейтін мемлкеттік органға немесе жоғары тұрған мемлекеттік органға шағым жасаған тәртіптік жазалардың саны көрсетіледі.
44. 11.2 - жолда мемлекеттік қызметші мемлекеттік қызмет жөніндегі уәкілетті органға шағым жасаған тәртіптік жазалардың саны көрсетіледі.
45. 11.3 - жолда мемлекеттік қызметші сот тәртібінде шағым жасаған тәртіптік жазалардың саны көрсетіледі.
46. 11.3.1 - жолда мемлекеттік қызметші шағым жасау нәтижесінде күші жойылған тәртіптік жазалардың саны көрсетіледі.
47. 11.3.2 - жолда мемлекеттік қызметші шағым жасау нәтижесінде өзгертілген тәртіптік жазалардың саны көрсетіледі.
48. 11.3.3 - жолда мемлекеттік қызметші шағым жасау нәтижесінде күшінде қалдырылған тәртіптік жазалардың саны көрсетіледі.