Ескерту. Күші жойылды - ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 18.11.2016 № 60 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік статистика туралы» Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына және Қазақстан Республикасы «Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 152 Жарлығымен бекітілген» Мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану қағидаларының 71-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Мына:
1) осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес, мемлекеттік органдардың тәртіптік комиссиялары жұмысы туралы әкімшілік мәліметтерді жинақтау үшін есеп нысаны бекітілсін.
2. Осы бұйрықтың 1-тармағы 1-тармақшасында көрсетілген мәліметтер:
1) орталық мемлекеттік органдармен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігіне (бұдан әрі – Министрлік) тоқсан сайын, есептік кезеңнен кейінгі айдың 5-күніне дейінгі мерзімде;
2) жергілікті атқарушы органдармен, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының мәслихат аппараттары және ревизиялық комиссияларымен Министрліктің тиісті аумақтық бөлімшелеріне тоқсан сайын, есептік кезеңнен кейінгі айдың 5-күніне дейінгі мерзімде ұсынылады деп анықталсын.
3. Министрліктің аумақтық органдарымен, жергілікті атқарушы органдардың, жергілікті бюджеттен қаржыландыратын атқарушы органдардың, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының мәслихат аппараттары және ревизиялық комиссияларының осы бұйрықтың 1-тармағының 1-тармақшасында көрсетілген мәліметтер, тоқсан сайын, есептік кезеңнен кейінгі айдың 10-күніне дейінгі мерзімде, Министрлікке қорытынды түрде ұсынылады.
4. Министрліктің мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасымен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуі;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оның мерзімдік баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жолдануы;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін бес жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдануы;
4) осы бұйрықтың Министрліктің ресми интернет-ресурсына жүктелуі қамтамасыз етілсін.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері вице-министрі А.А. Шайымоваға жүктелсін.
6. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет істері Министрі Т. Донақов
«Келісілді»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Статистика комитеті төрағасының м.а.
______________ Б. Иманәлиев
Мемлекеттік органдардың тәртіптік
комиссиялары жұмысы
жөніндегі есеп нысанын бекіту
туралы 2016 жылғы 3 наурыздағы № 52
бұйрығына қосымша
Есеп
Мемлекеттік органдардың тәртіптік комиссиялары
жұмысы туралы әкімшілік мәліметтерді жинақтау
үшін есеп нысаны
Есепті кезең 20___ жылғы ___тоқсан
Индекс: 1-тк
Кезеңділігі: тоқсан сайын
Ұсынатын тұлғалар тобы: орталық мемлекеттік органдар, жергілікті атқарушы органдар, жергілікті бюджеттен қаржыландыратын атқарушы органдар, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының мәслихат аппараттары мен ревизиялық комиссиялары
Нысан қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігі және оның облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша аумақтық бөлімшелері
Тапсыру мерзімі – тоқсанда бір рет, есептік кезеңнен кейінгі айдың 5-ші күнінен кешіктірмей
№ п/п |
Көрсеткіштер |
1 тоқсан |
2 тоқсан |
3 тоқсан |
4 тоқсан |
Барлығы |
1. |
Мемлекеттік қызметшінің заңсыз іс-әрекеттері жөнінде түскен мәліметтер саны |
|||||
2. |
Тәртіптік комиссия отырысында қарамай тәртіптік жауаптылыққа тартылған қызметшілер саны (елеулі емес терiс қылық жасағаны үшін және мемлекеттік қызметші кінәсімен келіскен жағдайда), оның ішінде: |
|||||
2.1. |
қолданылған тәртіптік жазалар саны түрлері бойынша: |
|||||
2.1.1. |
ескерту |
|||||
2.1.2. |
сөгіс |
|||||
2.1.3. |
қатаң сөгіс |
|||||
2.2. |
тәртіптік жаза қолданылған мемлекеттік қызметшілер саны: |
|||||
2.2.1. |
басшы лауазым атқаратын |
|||||
2.2.2. |
өзге мемлекеттік лауазым атқаратын |
|||||
3. |
Жүргізілген қызметтік тергеп-тексерулер саны |
|||||
4. |
Тәртіптік комиссия қараған материалдар саны, оның ішінде: |
|||||
4.1. |
мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік терiс қылық жасау фактісі бойынша |
|||||
4.2. |
қызметтік әдеп нормаларын бұзу фактісі бойынша |
|||||
4.3. |
қызметтік тәртіпті бұзу фактісі бойынша |
|||||
4.4. |
өзге заңнама нормаларын бұзу фактісі бойынша |
|||||
5. |
Тәртіптік комиссия шығарған ұсынымдар саны, оның ішінде: |
|||||
5.1. |
тиісті тәртіптік жаза қолдану ұсынылды |
|||||
5.2. |
тәртіптік жаза қолдану үшін негіз жоқ |
|||||
5.3. |
тұлғаны қылмыстық немесе әкімшілік жауаптылыққа тарту мәселесін шешу үшін құжаттар құқық қорғау органдарының не өзге уәкілетті органдардың қарауына жолданды |
|||||
6. |
Қосымша тергеп-тексеруге жолданған тәртіптік комиссия ұсыныстарының саны |
|||||
7. |
Қосымша тергеп-тексеру нәтижесі бойынша тәртіптік комиссияның өзге құрамда шығарған ұсынымдар саны, оның ішінде: |
|||||
7.1. |
тиісті тәртіптік жаза қолдану ұсынылды |
|||||
7.2. |
тәртіптік жаза қолдану үшін негіз жоқ |
|||||
7.3. |
тұлғаны қылмыстық немесе әкімішілік жауаптылыққа тарту мәселесін шешу үшін құжаттар құқық қорғау органдарының не өзге уәкілетті органдардың қарауына жолданды |
|||||
8. |
Қарау үшін жолданған материалдар саны, оның ішінде: |
|||||
8.1. |
Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Кадр саясаты бойынша ұлттық комиссиясына |
|||||
8.2. |
мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның әдеп жөніндегі комиссиясына |
|||||
8.3. |
мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның әдеп жөніндегі кеңесіне |
|||||
8.4. |
өңірлік кадр комиссиясына |
|||||
9. |
Тәртіптік комиссия және өзге уәкілетті органдар ұсынысымен тәртіптік жазалар қолданылды, оның ішінде: |
|||||
9.1. |
қызметтік әдеп нормаларын бұзғаны үшін: |
|||||
9.1.1. |
ескерту |
|||||
9.1.2. |
сөгіс |
|||||
9.1.3 |
қатаң сөгіс |
|||||
9.1.4. |
қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту |
|||||
9.1.5. |
лауазымын төмендету |
|||||
9.1.6. |
атқаратын лауазымынан босату |
|||||
9.2. |
мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік терiс қылық жасағаны үшін: |
|||||
9.2.1. |
қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту |
|||||
9.2.2. |
қызметінен төмендету |
|||||
9.2..3. |
атқаратын қызметінен босату |
|||||
9.3. |
өзге заңнама нормаларын бұзғаны үшін: |
|||||
9.3.1. |
ескерту |
|||||
9.3.2. |
сөгіс |
|||||
9.3.3. |
қатаң сөгіс |
|||||
9.3.4. |
қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту |
|||||
9.3.5. |
лауазымын төмендету |
|||||
9.3.6. |
атқаратын лауазымынан босату |
|||||
9.4. |
тәртіптік жаза қолданылған мемлекеттік қызметшілер саны: |
|||||
9.4.1. |
басшы мемлекеттік лауазым атқаратын |
|||||
9.4.2. |
басшы емес мемлекеттік лауазым атқаратын |
|||||
9.5. |
ұсыным бойынша: |
|||||
9.5.1. |
Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Кадр саясаты бойынша ұлттық комиссиясының |
|||||
9.5.2. |
мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның әдеп жөніндегі комиссиясының |
|||||
9.5.3. |
мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның әдеп жөніндегі кеңесінің |
|||||
9.5.4. |
өңірлік кадр комиссиясының |
|||||
9.5.5. |
тәртіптік комиссияның |
|||||
10. |
Мерзімінен бұрын алынған тәртіптік жазалар саны, оның ішінде: |
|||||
10.1. |
мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік терiс қылық жасағаны үшін қолданылған |
|||||
10.2. |
қызметтік әдеп нормаларын бұзғаны үшін қолданылған |
|||||
10.3. |
өзге де бұзушылықтар үшін қолданылған |
|||||
11. |
Шағым жасалған тәртіптік жазалар саны, оның ішінде: |
|||||
11.1. |
мемлекеттік қызметші жұмыс істейтін мемлекеттік органға немесе жоғары тұрған мемлекеттік органға |
|||||
11.2. |
мемлекеттік қызмет жөніндегі уәкілетті органға |
|||||
11.3. |
сот тәртібімен |
|||||
11.3.1. |
күші жойылды |
|||||
11.3.2. |
өзгертілді |
|||||
11.3.3. |
күшінде қалдырылды |
Мемлекеттік органның атауы: Мекенжайы:
__________________________ ________________________________
Басшы (Т.А.Ә.А. (болған жағдайда) қолы)
__________________________ ________________________________
Орындаушының аты-жөні және телефоны: Қабылдаушының телефоны:
__________________________ ________________________________
20 жылғы « » _____________ мөр орны
Мемлекеттік органдардың тәртіптік комиссиялары жұмысы туралы әкімшілік мәліметтерді жинақтау үшін есеп нысанын толтыру жөніндегі түсіндірме
1. Жалпы ережелер
1. Осы түсіндірме «Мемлекеттік органдардың тәртіптік комиссиялары жұмысы туралы» есеп нысанын (бұдан әрі – Есеп нысаны) толтырудың бірыңғай талаптарын анықтайды және мемлекеттік органдардың тәртіптік комиссиялары жұмысының нәтижелерін айқындайды.
2. Есеп нысаны бастапқы есепке алу деректерінің негізінде есепті ұсыну кезіндегі нақты жағдайы бойынша толтырылып, орталық мемлекеттік органдар Министрлікке, жергілікті атқарушы органдар, жергілікті бюджеттен қаржыландыратын атқарушы органдар, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының мәслихат аппараттары мен ревизиялық комиссиялары Министрліктің аумақтық департаменттеріне тоқсан сайын есептік кезеңнен кейін ұсынылады.
3. Есеп нысанына мемлекеттік органның басшысы, ал ол болмаған жағдайда оның міндеттерін атқаратын адам қол қояды.
4. Министрлікке ұсынылған есеп деректердің дұрыстылығына мемлекеттік органдар мен Министрліктің аумақтық департаменттердің басшылары жеке жауапты болады.
2. Есеп нысанын толтыру бойынша түсініктеме
5. 1-жолда мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілерінің заңсыз іс-әрекеттері жөнінде түскен мәліметтер саны көрсетіледі.
6. 2-жолда тәртіптік комиссия отырысында қаралмай тәртіптік жауаптылыққа тартылған қызметшілер саны (елеулі емес терiс қылық жасағаны үшін және осы деректермен мемлекеттік қызметші келіскен жағдайда).
2-жол бойынша есепке қоса ұсынылған түсіндірме жазбада жауаптылыққа тартылған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне қатысты мәліметтерді көрсету қажет (Т.А.Ә.А. (болған жағдайда), лауазымы, олармен бұзылған заңнама нормалары көрсетілген тәртіптік өндірістің фабуласы, тәртіптік жаза қолдану туралы акті).
7. 2.1.1 - 2.1.3 жолдарында қолданылған тәртіптік жазалар саны түрлері бойынша көрсетіледі.
8. 2.2.1 - 2.2.2 жолдарында тәртіптік жаза қолданылған мемлекеттік қызметшілер саны көрсетіледі.
9. 3-жолда жүргізілген қызметтік тергеп-тексерулер саны көрсетіледі.
10. 4-жолда тәртіптік комиссия қараған материалдар саны көрсетіледі.
11. 4.1-жолда тәртіптік комиссия мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік терiс қылық жасау фактісі бойынша қараған материалдар саны көрсетіледі.
12. 4.2-жолда тәртіптік комиссия қызметтік әдеп нормаларын бұзу фактісі бойынша қараған материалдар саны көрсетіледі.
13. 4.3-жолда тәртіптік комиссия қызметтік тәртіпті бұзу фактісі бойынша қараған материалдар саны көрсетіледі.
14. 4.4-жолда тәртіптік комиссия өзге заңнама нормаларын бұзу фактісі бойынша қараған материалдар саны көрсетіледі.
15. 5-жолда тәртіптік комиссия шығарған ұсыныстар саны көрсетіледі.
16. 5.1-жолда тиісті тәртіптік жаза қолдану туралы ұсыныстар саны көрсетіледі.
17. 5.2-жолда тәртіптік жаза қолдану үшін негіз болмауына байланысты шығарылған ұсыныстар саны көрсетіледі.
18. 5.3-жолда адамды қылмыстық немесе әкімшілік жауаптылыққа тарту мәселесін шешу үшін құқық қорғау органдарының не өзге уәкілетті органдардың қарауына жолданған материалдар саны көрсетіледі.
19. 6-жолда қосымша тергеп-тексеруге жолданған тәртіптік комиссия ұсыныстарының саны көрсетіледі.
20. 7-жолда қосымша тергеп-тексеру нәтижесі бойынша тәртіптік комиссия өзге құрамда шығарған ұсынымдар саны көрсетіледі.
21. 7.1-жолда тиісті тәртіптік жаза қолдану туралы ұсыныстар саны көрсетіледі.
22. 7.2-жолда тәртіптік жаза қолдану үшін негіз болмауына байланысты шығарылған ұсыныстар саны көрсетіледі.
23. 7.3-жолда адамды қылмыстық немесе әкімшілік жауаптылыққа тарту мәселесін шешу үшін құқық қорғау органдарының не өзге уәкілетті органдардың қарауына жолданған материалдар саны көрсетіледі.
24. 8-жолда Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Кадр саясаты бойынша ұлттық комиссиясына, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның әдеп жөніндегі комиссиясына, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның әдеп жөніндегі кеңесіне, өңірлік кадр комиссиясына қарау үшін жолданған материалдар саны көрсетіледі.
25. 8.1-жолда Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Кадр саясаты бойынша ұлттық комиссиясына қарау үшін жолданған материалдар саны көрсетіледі.
26. 8.2-жолда мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның әдеп жөніндегі комиссиясына қарау үшін жолданған материалдар саны көрсетіледі.
27. 8.3-жолда мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның әдеп жөніндегі кеңесіне қарау үшін жолданған материалдар саны көрсетіледі.
28. 8.4-жолда өңірлік кадр комиссиясына қарау үшін жолданған материалдар саны көрсетіледі.
29. 9-жолда тәртіптік комиссияның және өзге де уәкілетті органдардың ұсынымы бойынша мемлекеттік қызметшілерге қолданылған тәртіптік жазалар тәртіптік жауаптылыққа тартудың әрбір негізі бойынша жеке көрсетіледі.
30. 9.1 және 9.1.1 - 9.1.6-жолдарда қызметтік әдеп нормаларын бұзғаны үшін мемлекеттік қызметшілерге қолданылған тәртіптік жазалардың саны көрсетіледі.
31. 9.2 және 9.2.1 - 9.2.3-жолдарда мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік терiс қылық жасағаны үшін мемлекеттік қызметшілерге қолданылған тәртіптік жазалардың саны көрсетіледі.
32. 9.3 және 9.3.1 - 9.3.6-жолдарда өзге заңнама нормаларын бұзғаны үшін мемлекеттік қызметшілерге қолданылған тәртіптік жазалардың саны көрсетіледі.
33. 9.4 және 9.4.1 - 9.4.2-жолдарда тәртіптік жаза қолданылған мемлекеттік қызметшілер саны көрсетіледі.
34. 9.5.1 - 9.5.5-жолдарда тәртіптік комиссияның, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Кадр саясаты бойынша ұлттық комиссиясының, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның әдеп жөніндегі комиссиясының, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның әдеп жөніндегі кеңесінің, өңірлік кадр комиссиясының ұсынымы бойынша мемлекеттік қызметшілерге қолданылған тәртіптік жазалардың саны көрсетіледі.
35. 10-жолда мемлекеттік қызметшілерден мерзімінен бұрын алып тасталған тәртіптік жазалардың саны көрсетіледі.
36. 10.1-жолда мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік терiс қылық жасағаны үшін мемлекеттік қызметшілерге қолданылған мерзімінен бұрын алып тасталған тәртіптік жазалардың саны көрсетіледі.
37. 10.2-жолда қызметтік әдеп нормаларын бұзғаны үшін мемлекеттік қызметшілерге қолданылған мерзімінен бұрын алып тасталған тәртіптік жазалардың саны көрсетіледі.
38. 10.3-жолда өзге заңнама нормаларын бұзғаны үшін мемлекеттік қызметшілерге қолданылған мерзімінен бұрын алып тасталған тәртіптік жазалардың саны көрсетіледі.
39. 11-жолда мемлекеттік қызметшілер шағым жасаған тәртіптік жазалардың саны көрсетіледі.
40. 11.1-жолда мемлекеттік қызметші жұмыс істейтін мемлкеттік органға немесе жоғары тұрған мемлекеттік органға шағым жасаған тәртіптік жазалардың саны көрсетіледі.
41. 11.2-жолда мемлекеттік қызметші мемлекеттік қызмет жөніндегі уәкілетті органға шағым жасаған тәртіптік жазалардың саны көрсетіледі.
42. 11.3-жолда мемлекеттік қызметші сот тәртібінде шағым жасаған тәртіптік жазалардың саны көрсетіледі.
43. 11.3.1-жолда мемлекеттік қызметші шағым жасау нәтижесінде күші жойылған тәртіптік жазалардың саны көрсетіледі.
44. 11.3.2-жолда мемлекеттік қызметші шағым жасау нәтижесінде өзгертілген тәртіптік жазалардың саны көрсетіледі.
45. 11.3.3-жолда мемлекеттік қызметші шағым жасау нәтижесінде күшінде қалдырылған тәртіптік жазалардың саны көрсетіледі.