Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл органдарының қызметкерлеріне қызметтік куәлігін беру қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасының 2016 жылғы 14 желтоқсандағы № 86 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 5 қаңтарда № 14649 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2021 жылғы 24 маусымдағы № 105 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 24.06.2021 № 105 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 30-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл органдарының қызметкерлеріне қызметтік куәлігін беру қағидалары және оның сипаттамасы бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Персоналды басқару қызметі:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеу күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығының" шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік қызмет істері және
сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігінің төрағасы
Қ. Қожамжаров

  Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет істері және
сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігі Төрағасының
2016 жылғы 14 желтоқсандағы
№ 86 бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл органдарының қызметкерлеріне қызметтік куәлігін беру қағидалары және оның сипаттамасы

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл органдарының қызметкерлеріне қызметтік куәлігін беру қағидалары және оның сипаттамасы (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл органдарына қызметтік куәліктерін беру тәртібін және оның сипаттамасын анықтайды.

      Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл органдарының қызметкерлеріне Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік), Агенттіктің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі) (бұдан әрі – Ұлттық бюро) және оның аумақтық органдарының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері жатады.

      2. Қызметкердің қызметтік куәлігі (бұдан әрі –қызметтік куәлік) оның мемлекеттік лауазымын растайтын құжат болып табылады.

      3. Агенттіктің және аумақтық органдары қызметкерлерінің қызметтік куәлігі осы Қағидалардың 1-қосымшасындағы сипаттамаға сәйкес және Ұлттық бюро мен оның аумақтық органдары қызметкерлерінің қызметтік куәлігі осы Қағидалардың 2-қосымшасындағы сипаттамаға сәйкес.

      4. Сипаттамаға сәйкес келмейтін, жарамдылық мерзімі өткен, түзетілген және тазартылған қызметтік куәлік жарамсыз болып саналады.

2-тарау. Қызметтік куәлікті беру тәртібі

      5. Қызметтік куәлік:

      1) Агенттіктің орталық аппараттының қызметкерлеріне, Агенттіктің аумақтық органдарының басшыларына және басшыларының орынбасарларына – Агенттік Төрағасының ;

      2) Ұлттық бюроның мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне – Ұлттық бюро басшысының;

      3) Агенттіктің аумақтық органдарының қызметкерлеріне – Агенттіктің аумақтық органы басшысының;

      4) Ұлттық бюроның аумақтық органдарының мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне – Ұлттық бюроның аумақтық органы басшысының қолы қойылып беріледі.

      6. Қызметтік куәлік қызметкерлерге лауазымға тағайындалған, лауазымы ауысқан, тегін ауыстырған, мерзімі өткен, жоғалтқан кезде, сондай-ақ бұрын берілген қызметтік куәлік бүлінген жағдайда беріледі.

      7. Қызметтік куәліктерді беру және қайтаруды есепке алу осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысанда, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметтік куәлігін беру және қайтаруды есепке алу журналында жүзеге асырылады.

      Қызметтік куәлік қызметкерге қолы қойыла отырып беріледі.

      8. Қызметтік куәліктерді беру және қайтару журналдары Агенттіктің, Ұлттық бюроның және олардың аумақтық органдарының кадр қызметтерінде (бұдан әрі – кадр қызметі) сақталады.

      9. Кадр қызметтері қызметтік куәліктерді тапсырған кезде барлық қызметкерлерге оларды пайдалану бойынша ауызша түсіндіру жүргізеді.

      Лауазымы ауысқан, тегін ауыстырған жағдайларда, қызметтік куәлікті ауыстыру кезінде бұдан бұрын берілген қызметтік куәлікті кадр қызметінің қызметкерлері қайтарып алады.

      10. Қызметтік куәліктерді толтыру, ресімдеу, есепке алу, беру, сақтау және жою тәртібін жалпы бақылауды тиісті кадр қызметтерінің басшылары жүзеге асырады.

      11. Қызметтік куәлік жоғалған жағдайда, қызметкер үш жұмыс күні ішінде жазбаша (еркін) нысанда тиісті кадр қызметіне хабарландыру береді.

      12. Қызметтік куәлікті жоғалтқан адам жоғалған қызметтік куәліктің жарамсыздығы туралы ақпаратты үш жұмыс күні ішінде жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарына жариялауға жібереді.

      13. Қызметтік куәлікті дұрыс сақтамау нәтижесінде болған жоғалту, бүлдіру, сондай-ақ қызметтік куәлікті басқа адамдарға беру, қызметтік куәлікті жеке басы үшін қызметтен тыс мақсаттарда пайдаланудың әрбір фактісі бойынша тиісті кадр қызметі белгіленген тәртіппен қызметтік тергеп – тексеру жүргізу туралы бұйрық дайындайды.

      Кадр қызметі тиісті бұйрық шыққан күннен бастап он жұмыс күні ішінде қызметтік тергеп – тексеру жүргізеді.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген себептер бойынша мемлекеттік қызметшінің қызметтік куәлікті жоғалту фактісі расталған жағдайда, Агенттіктің, Ұлттық бюроның немесе олардың аумақтық органдарының тәртіптік комиссиясы Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 152 Жарлығымен бекітілген Мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану қағидаларына сәйкес мемлекеттік қызметшіні тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы шешім қабылдайды.

      14. Жоғалғанның, бүлінгеннің орнына жаңа қызметтік куәлікті қызметтік тергеп – тексеру жүргізілгеннен кейін кадр қызметі береді.

      15. Қызметкер жұмыстан шыққан, жаңа лауазымға тағайындалған кезде қызметтік куәлік тиісті бұйрық шығарылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде кадр қызметіне тапсырылады.

      Қызметтік куәлікті тапсырған кезде кету парағына қызметтік куәлікті беруге және есепке алуға жауапты адамның қолы қойылады.

      16. Қызметкерлер жұмыстан шыққан, жаңа лауазымға тағайындалған, не мерзімі өткен, бүлінген кезде тапсырған қызметтік куәліктер еркін нысандағы тиісті жою туралы акт жасала отырып, комиссиямен жойылуға жатады. Қызметтік куәлікті жою туралы комиссия құрамы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл органдарының қызметтік куәліктерді беруге және есепке алуға жауапты қызметкерін, қаржы-шаруашылық қызметінің қызметкерін және өзге құрылымдық бөлімшелердің қызметкерлерін қосқанда кемінде үш адамнан құралады.

  Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік қызмет істері және
сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл органдарының
қызметкерлеріне қызметтік
куәлігін беру қағидалары және
оның сипаттамасына
1-қосымша

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі және оның аумақтық органдары қызметкерлерінің қызметтік куәлігінің сипаттамасы

      1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (бұдан әрі - Агенттік) және оның аумақтық органдары қызметкерлерінің қызметтік куәлігінің мұқабасы қою қызыл түсті жоғары сапалы былғарыдан көлемі 6,5х19 см ашық түрінде дайындалады.

      2. Қызметтік куәліктің сыртқы бетінің ортасында алтын түсті Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының бейнесі орналасқан, одан төмен "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІ" деген типографиялық қаріппен жазба жазылған.

      3. Қызметтік куәліктің ішкі сол және оң жақ бөліктері белгіленген үлгіде көгілдір түсте тангир торы реңкінде күн астында қалықтап бара жатқан қыранның бейнесімен орындалған.

      4. Қызметтік куәліктің ішкі сол жақ бөлігінде:

      1) жоғарғы бөлігінде "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІ" деген жазу қара түсте орындалған, одан төмен "Қазақстан Республикасы" деген қызыл түсте шағын мәтін орналасқан;

      2) Агенттіктің аумақтық органдарында шағын мәтін астында тиісті органның атауы қара түсте орналастырылады;

      3) сол жақ бұрышында Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттарына сәйкес Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген, оның астында "ҚАЗАҚСТАН" деген жазу қара түсте орналастырылған және қара түсте қызметтік куәлік бланкісінің нөмірі көрсетілген;

      4) ортасында ""№ __ КУӘЛІК" деген жазу қызыл түспен орналастырылған, оның астында қазақ тілінде қара түспен қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) және атқаратын лауазымы көрсетіледі;

      5) төменгі бөлігінде қызметтік куәліктің жарамдылық мерзімі көрсетіледі.

      5. Қызметтік куәліктің ішкі оң жақ бөлігінде:

      1) жоғарғы бөлігінде "АГЕНТСТВО РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН ПО ДЕЛАМ ГОСУДАРСТВЕННОЙ СЛУЖБЫ И ПРОТИВОДЕЙСТВИЮ КОРРУПЦИИ" деген жазу қара түсте орындалған, одан төмен "Қазақстан Республикасы" деген қызыл түсте шағын мәтін орналасқан;

      2) Агенттіктің аумақтық органдарында шағын мәтін астында тиісті органның атауы қара түсте орналастырылады;

      3) сол жақ бұрышында 3х4 см көлемінде қызметкердің түрлі түсті фотосуреті (анфас) орналастырылады. Қызметкерлер фотосуретке ақ түсті реңде іскерлік стильдегі киіммен бас киімсіз түседі;

      4) ортасында "УДОСТОВЕРЕНИЕ № __" деген жазу қызыл түспен орналастырылған, оның астында орыс тілінде қара түспен қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) және атқаратын лауазымы көрсетіледі.

      6. Осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген адамдар Агенттіктің және оның аумақтық органдарының қызметтік куәліктеріне қол қояды және Агенттіктің немесе оның аумақтық органдарының елтаңбалы мөрлерімен бекітіледі.

  Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік қызмет істері және
  сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл органдарының
қызметкерлеріне қызметтік
куәлігін беру қағидалары және
оның сипаттамасына
2-қосымша

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі) және оның аумақтық органдары қызметкерлерінің қызметтік куәлігінің сипаттамасы

      1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі) (бұдан әрі - Ұлттық бюро) және оның аумақтық органдары қызметкерлерінің қызметтік куәлігінің мұқабасы қою қызыл түсті жоғары сапалы былғарыдан көлемі 6,5х19 см ашық түрінде дайындалады.

      2. Қызметтік куәліктің сыртқы бетінің ортасында алтын түсті Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының бейнесі орналасқан, одан төмен "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТІ" деген типографиялық қаріппен жазба жазылған.

      3. Қызметтік куәліктің ішкі сол және оң жақ бөліктері белгіленген үлгіде көгілдір түсте тангир торы реңкінде күн астында қалықтап бара жатқан қыранның бейнесімен орындалған.

      4. Қызметтік куәліктің ішкі сол жақ бөлігінде:

      1) жоғарғы бөлігінде "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІНІҢ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ҰЛТТЫҚ БЮРОСЫ (СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ)" деген жазу қара түсте орындалған, одан төмен "Қазақстан Республикасы" деген қызыл түсте шағын мәтін орналасқан;

      2) Ұлттық бюроның аумақтық органдарында шағын мәтін астында тиісті органның атауы қара түсте орналастырылады;

      3) сол жақ бұрышында Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттарына сәйкес Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген, оның астында "ҚАЗАҚСТАН" деген жазу қара түсте орналастырылған және қара түсте қызметтік куәлік бланкісінің нөмірі көрсетілген;

      4) ортасында "№ __ КУӘЛІК" деген жазу қызыл түспен орналастырылған, оның астында қазақ тілінде қара түспен қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) және атқаратын лауазымы көрсетіледі;

      5) төменгі бөлігінде қызметтік куәліктің жарамдылық мерзімі көрсетіледі.

      5. Қызметтік куәліктің ішкі оң жақ бөлігінде:

      1) жоғарғы бөлігінде "НАЦИОНАЛЬНОЕ БЮРО ПО ПРОТИВОДЕЙСТВИЮ КОРРУПЦИИ (АНТИКОРРУПЦИОННАЯ СЛУЖБА) АГЕНТСТВА РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН ПО ДЕЛАМ ГОСУДАРСТВЕННОЙ СЛУЖБЫ И ПРОТИВОДЕЙСТВИЮ КОРРУПЦИИ" деген жазу қара түсте орындалған, одан төмен "Қазақстан Республикасы" деген қызыл түсте шағын мәтін орналасқан;

      2) Ұлттық бюроның аумақтық органдарында шағын мәтін астында тиісті органның атауы қара түсте орналастырылады;

      3) сол жақ бұрышында 3х4 см көлемінде қызметкердің түрлі түсті фотосуреті (анфас) орналастырылады. Қызметкерлер фотосуретке ақ түсті реңде іскерлік стильдегі киіммен бас киімсіз түседі;

      4) ортасында "УДОСТОВЕРЕНИЕ № __" деген жазу қызыл түспен орналастырылған, оның астында орыс тілінде қара түспен қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) және атқаратын лауазымы көрсетіледі.

      6. Осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген адамдар Ұлттық бюроның және оның аумақтық органдарының қызметтік куәліктеріне қол қояды және Ұлттық бюроның немесе оның аумақтық органдарының елтаңбалық мөрлерімен бекітіледі.

  Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік қызмет істері жнәе
сыбайлас демқорлыққа қарсы
іс-қимыл органдарының
қызметкерлеріне қызметтік
куәлігін беру қағидалары және
оның сипаттамасына
3-қосымша
  Нысан

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметтік куәлігін беру және қайтаруды есепке алу журналы

Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

Атқаратын лауазымы

Қызметтік куәліктің нөмірі

Беру күні

Қызметтік куәлік берілген қызметкердің қолы

Тапсырған күні

Қызметтік куәлікті тапсырған қызметкердің қолы










      Ескерту: журнал тігілген, нөмірленген, мөрмен бекітілген болуы тиіс.

On approval of the Rules for issuing official ID cards to employees of civil service and anti-corruption bodies of the Republic of Kazakhstan, and their description

Order No. 86 of the Chairman of the Agency for Civil Service Affairs and Anti-Corruption of the Republic of Kazakhstan as of December 14, 2016. Registered with the Ministry of Justice of the Republic of Kazakhstan on January 5, 2017, No. 14649. Abolished by Order of the Chairman of the Agency of the Republic of Kazakhstan for Civil Service Affairs No. 105 dated June 24, 2021.

      Unofficial translation

      Footnote. Abolished by Order of the Chairman of the Agency of the Republic of Kazakhstan for Civil Service Affairs No. 105 dated 06/24/2021 (effective from the date of its first official publication).

      In accordance with paragraph 4 of Article 30 of the Law of the Republic of Kazakhstan “On the Civil Service of the Republic of Kazakhstan” as of November 23, 2015, I hereby ORDER:

      1. To approve the Rules for issuing official ID cards to employees of civil service and anti-corruption bodies of the Republic of Kazakhstan, and their description.

      2. The personnel management service of the Agency for Civil Service Affairs and Anti-Corruption of the Republic of Kazakhstan shall:

      1) ensure state registration of this order with the Ministry of Justice of the Republic of Kazakhstan;

      2) within ten calendar days of the state registration of this order, send it to the Republican State Enterprise with the Right of Economic Management “Republican Center of Legal Information” of the Ministry of Justice of the Republic of Kazakhstan for its inclusion into the Reference Control Bank of Regulatory Legal Acts of the Republic of Kazakhstan;

      3) place this order on the website of the Agency for Civil Service Affairs and Anti-Corruption of the Republic of Kazakhstan.

      3. I reserve the right to control the execution of this order.

      4. The order shall take effect ten calendar days after its first official publication.

      Chairman of the Agency
for Civil Service and Anti-Corruption
K.Kozhamzharov
      of the Republic of Kazakhstan

  Approved
by Order № 86 of the
Chairman of the Agency for Civil
Service Affairs and Anti-Corruption
of the Republic of Kazakhstan as of
December 14, 2016

Rules for issuing official ID cards to employees of civil service and anti-corruption bodies of the Republic of Kazakhstan, and their description

Chapter 1. General provisions

      1. These Rules for issuing official ID cards to employees of civil service and anti-corruption bodies of the Republic of Kazakhstan, and their description (hereinafter referred to as the Rules) establish the procedure for issuing official ID cards to employees of civil service and anti-corruption bodies of the Republic of Kazakhstan, and give their description.

      Employees of civil service and anti-corruption bodies of the Republic of Kazakhstan are administrative civil servants of the Agency for Civil Service Affairs and Anti-Corruption of the Republic of Kazakhstan (hereinafter referred to as the Agency), the National Anti-Corruption Bureau (Anti-Corruption Service) of the Agency (hereinafter referred to as the National Bureau) and their territorial bodies.

      2. An employee’s official ID card (hereinafter referred to as the official ID card) is a document confirming his/her official position.

      3. The official ID card of employees of the Agency and its territorial bodies shall match its description in Appendix 1 to these Rules, and the official ID card of employees of the National Bureau and its territorial bodies shall match its description in Appendix 2 to these Rules.

      4. The official ID card failing to match the description, with expired validity, blots and erasures is considered invalid.

Chapter 2. The procedure for issuing the official ID card

      5. The issued official ID card shall be signed by:

      1) the Agency’s Chairman – if issued to employees of the central office of the Agency, heads and deputy heads of territorial bodies of the Agency;

      2) the head of the National Bureau – if issued to administrative civil servants of the National Bureau;

      3) the head of a territorial body of the Agency – if issued to employees of territorial bodies of the Agency;

      4) the head of a territorial body of the National Bureau – if issued to administrative civil servants of territorial bodies of the National Bureau.

      6. Official ID cards are issued to employees upon their appointment, change of position, change of surname, in case of expiration, loss of or damage to an earlier issued official ID card.

      7. The issuance and return of official ID cards is registered in the register for issuing and surrendering official ID cards of the Agency for Civil Service Affairs and Anti-Corruption of the Republic of Kazakhstan in accordance with the form in Appendix 3 to these Rules.

      Employees receive their official ID cards against signature.

      8. Registers for issuing and surrendering official ID cards are stored by the personnel management services of the Agency, the National Bureau and their territorial bodies (hereinafter referred to as the personnel management service).

      9. When handing official ID cards, personnel management services orally explain to all employees how to use them.

      When replacing the official ID card because of changed position, changed surname, a personnel officer shall receive the earlier issued ID card.

      10. General supervision of the procedure for filling, executing, registering, issuing, storing and destroying official ID cards is carried out by heads of appropriate personnel management services.

      11. In the event of loss of his/her official ID card, an employee shall notify appropriate personnel management service thereof in writing (in arbitrary form) within three working days.

      12. A person who has lost his/her official ID card shall send an announcement about the invalidity of the lost official ID card to local mass media within three working days.

      13. Each fact of loss of, damage to an official ID card that occurred as a result of its negligent storage, and also of its transfer to other persons, its use for personal out-of-service purposes shall be subject to internal investigation pursuant to a relevant order issued by the personnel management service.

      The personnel management service shall conduct internal investigation within ten working days of issuance of the relevant order.

      In case of confirmation of the fact that the civil servant lost his/her official ID card for the reasons specified in part one of this paragraph, the disciplinary commission of the Agency, the National Bureau or their territorial bodies makes a decision on bringing the civil servant to disciplinary liability in accordance with the Rules for imposing a disciplinary sanction on civil servants, which are approved by Decree No. 152 of the President of the Republic of Kazakhstan as of December 29, 2015.

      14. The personnel management service issues a new official ID card in exchange for the lost, damaged one after official investigation.

      15. In case of the employee’s dismissal, appointment to a new position, he/she shall surrender his/her official ID card to the personnel management service within three working days of issuance of the relevant order.

      A person responsible for registering and issuing an official ID card shall put his/her signature in an employee exit form upon the surrender of the official ID card.

      16. Official ID cards surrendered by employees because of their dismissal, appointment to a new position, cards’ damage or expiration shall be destroyed by a commission, and a relevant destruction act in any form shall be drawn up. The commission for destroying official ID cards shall consist of at least three people, including a responsible employee for registering and issuing official ID cards, an employee of the financial and economic service, and employees of other structural units of the bodies for civil service affairs and anti-corruption of the Republic of Kazakhstan.

  Appendix 1
to the Rules for issuing
official ID cards to employees of
civil service and anti-corruption
bodies of the Republic of
Kazakhstan, and their description

Description of
the official ID card of employees of the Agency for Civil Service Affairs and Anti-Corruption of the Republic of Kazakhstan and its territorial bodies

      1. The cover of the official ID card of employees of the Agency for Civil Service Affairs and Anti-Corruption of the Republic of Kazakhstan (hereinafter referred to as the Agency) and its territorial bodies is made of high-quality dark red leather, the size of 6.5x19 cm in expanded form.

      2. On the front side, in the center of the official ID card, there is a golden image of the State Emblem of the Republic of Kazakhstan, below is the printing-type inscription “KAZAKSTAN RESPUBLIKASYNYN MEMLEKETTIK KYZMET ISTERI ZHENE SYBAILAS ZHEMKORLYKKA KARSY ІS-KIMYL AGENTTIGI”.

      3. The left and right internal parts of the official ID card are blue and bear the image of a soaring eagle under the sun against the benday background of a standard pattern.

      4. The left inside of the official ID card contains:

      1) in the upper part the black inscription “KAZAKSTAN RESPUBLICASYNYN MEMLEKETTIK KYZMET ISTERI ZHENE SYBAILAS ZHEMKORLYKKA KARSY IS-KIMYL AGENTTIGI”, under which there is a red micro-text “Kazakstan Respublikasy”;

      2) the Agency’s territorial bodies put the name of the relevant body in black color under the micro-text;

      3) in the left corner the State Emblem of the Republic of Kazakhstan made in accordance with the state standard of the Republic of Kazakhstan, under which there is black inscription “KAZAKSTAN” and the number of the form of the official ID card in black color;

      4) in the center the inscription “No. __ KUELIK” in red color, under which the surname, name, patronymic (if any) and the position of the employee in the Kazakh language are indicated in black;

      5) the validity period of the official ID card indicated at the bottom.

      5. The right inside of the official ID card contains:

      1) in the upper part the inscription “THE AGENCY FOR CIVIL SERVICE AFFAIRS AND ANTI-CORRUPTION OF THE REPUBLIC OF KAZAKHSTAN” in black color, under which there is a red micro-text “Kazakstan Respublikasy”;

      2) the Agency’s territorial bodies put the name of the relevant body in black color under the micro-text;

      3) in the left corner a 3x4 cm color photo (full face) of an employee. The employee is photographed in a business style of clothing against a white background without a headdress;

      4) in the center a red inscription “ID CARD No. __”, under which the surname, name, patronymic (if any) and the position of the employee in Russian are indicated in black.

      6. Official ID cards of the Agency and its territorial bodies shall be signed by the persons specified in paragraph 5 of these Rules and sealed with the official stamps of the Agency or its territorial bodies.

  Appendix 2
to the Rules for issuing
official ID cards to employees
of civil service and
anti-corruption bodies of the
Republic of Kazakhstan,
and their description

Description of
official ID cards of employees of the National Anti-Corruption Bureau (Anti-Corruption Service) of the Agency for Civil Service Affairs and Anti-Corruption of the Republic of Kazakhstan and its territorial bodies

      1. The cover of the service certificate of employees of the National Anti-Corruption Bureau (Anti-Corruption Service) of the Agency for Civil Service Affairs and Anti-Corruption of the Republic of Kazakhstan (hereinafter referred to as the National Bureau) and its territorial bodies is made of high-quality dark red leather, the size of 6.5x19 cm in expanded form.

      2. On the front side, in the center of the official ID card, there is a golden image of the State Emblem of the Republic of Kazakhstan, below is the printing-type inscription “KAZAKSTAN RESPUBLIKASYNYN SYBAILAS ZHEMKORLYKKA KARSY”.

      3. The left and right internal parts of the official ID card are blue and bear the image of a soaring eagle under the sun against the benday background of a standard pattern.

      4. The left inside of the official ID card contains:

      1) in the upper part the black inscription “KAZAKSTAN RESPUBLICASYNYN MEMLEKETTIK KYZMET ISTERI ZHENE SYBAILAS ZHEMKORLYKKA KARSY IS-KIMYL AGENTTIGININ SYBAILAS ZHEMKORLYKKA KARSY IS-KIMYL ULTYK BYUROSY (SYBAILAS ZHEMKORLYKKA KARSY KYZMET)”, under which there is a red micro-text “Kazakstan Respublikasy”;

      2) the National Bureau’s territorial bodies put the name of the relevant body in black color under the micro-text;

      3) in the left corner the State Emblem of the Republic of Kazakhstan made in accordance with the state standard of the Republic of Kazakhstan, under which there is black inscription “KAZAKSTAN” and the number of the form of the official ID card in black color;

      4) in the center the inscription “No. __ KUELIK” in red color, under which the surname, name, patronymic (if any) and the position of the employee in the Kazakh language are indicated in black;

      5) the validity period of the official ID card indicated at the bottom.

      5. The right inside of the official ID card contains:

      1) in the upper part the inscription “NATIONAL ANTI-CORRUPTION BUREAU (ANTI-CORRUPTION SERVICE) OF THE AGENCY FOR CIVIL SERVICE AFFAIRS AND ANTI-CORRUPTION OF THE REPUBLIC OF KAZAKHSTAN”, made in black color, under which there is a red micro-text “Kazakstan Respublikasy”;

      2) the National Bureau’s territorial bodies put the name of the relevant body in black color under the micro-text;

      3) in the left corner a 3x4 cm color photo (full face) of an employee. The employee is photographed in a business style of clothing against a white background without a headdress;

      4) in the center a red inscription “ID CARD No. __”, under which the surname, name, patronymic (if any) and the position of the employee in Russian are indicated in black.

      6. Official ID cards of the National Bureau and its territorial bodies shall be signed by the persons specified in paragraph 5 of these Rules and sealed with the official stamps of the National Bureau or its territorial bodies.

  Appendix 3
to the Rules for issuing
official ID cards to employees
of civil service and anti-corruption
bodies of the Republic of
Kazakhstan, and their description
  Form

Register for
issuing and surrendering official ID cards of the Agency for Civil Service Affairs and Anti-Corruption of the Republic of Kazakhstan

Surname, name, patronymic (if any)

Current position

Number of the official ID card

Issued on

Signature of the employee whom the official ID card is issued

Surrendered on

Signature of the employee that received the official ID card









      Note: the register shall be bound, numbered, sealed.