Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің м.а. 2016 жылғы 14 желтоқсандағы № 533 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 2 ақпанда № 14760 болып тіркелді.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Жаңартылатын энергия көздері жөніндегі департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
міндетін атқарушы
М. Досмұхамбетов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      ____________ Т. Сүлейменов

      2016 жылғы 29 желтоқсан

  Қазақстан Республикасы
Энергетика Министрінің
міндетін атқарушының
2016 жылғы 14 желтоқсандағы . № 533 бұйрығына қосымша

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. "Электр желілік қағидаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 18 желтоқсандағы № 210 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10899 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 23 маусымда жарияланған):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Электр желілік қағидаларда:

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Техникалық шарттар талаптары орындалғаннан кейін, қуатты қосу және беру схемасына сәйкес іске асырылған электр станциясының кешенді сынаулары жүргізіледі.";

      43-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "43. Қазақстанның Бірыңғай электр энергетикасы жүйесінде қуат теңгерімін басқару тәуліктік кестелер негізінде ұйымдастырылады. Электр станциялары жүктеме мен айналатын резервтің берілген тәуліктік кестесін орындайды. Электр энергиясы желісін пайдаланушылар өздері мәлімдеген активті қуатты тұтынудың сағаттық кестесін асырмайды.".

      2. "Жаңартылатын энергия көздерін қолдауға арналған тарифті айқындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 118 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10622 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 16 сәуірде жарияланған):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жаңартылатын энергия көздерін қолдауға арналған тарифті айқындау қағидаларында:

      қағидаларында мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) газ – шикі, тауарлық, сұйытылған мұнай және сұйытылған табиғи газ;

      2) жаңартылатын энергия көздерінен алынатын электр энергиясын шартты тұтынушылар (бұдан әрі – шартты тұтынушылар) – көмірді, газды, құрамында күкірт бар шикізатты, мұнай өнімдері мен ядролық отынды пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар; Қазақстан Республикасынан тысқары жерден электр энергиясын сатып алатын электр энергиясы нарығының субъектілері; 2016 жылғы 1 қаңтардан кейін пайдалануға берілгендерді қоспағанда, жиынтық қуаты отыз бес мегаваттан асатын, бір гидроторапта орналасқан қондырғылары бар гидроэлектр станциялары;

      3) жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығы (бұдан әрі – қаржы-есеп айырысу орталығы) – жүйелік оператор құратын және уәкілетті орган айқындайтын, жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері өндірген және Қазақстан Республикасының бірыңғай электр энергетикасы жүйесінің электр желілеріне берілген электр энергиясын Заңда көзделген тәртіппен орталықтандырылған сатып алуды және сатуды жүзеге асыратын заңды тұлға;

      4) жаңартылатын энергия көздерін қолдауға арналған тариф – осы Қағидаларға сәйкес қаржы-есеп айырысу орталығы өздігінен белгілейтін жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері өндірген электр энергиясын қаржы-есеп айырысу орталығының сатуына арналған тариф;

      5) жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдауға жұмсалатын шығындар – қаржы-есеп айырысу орталығының жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері өндірген электр энергиясын сатып алуға жұмсалатын шығындары, электр энергиясын өндіру-тұтынуды теңгерімдеуді ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерге жұмсалатын шығындар, резервтік қорды қалыптастыруға жұмсалатын шығындар және оның қызметін жүзеге асыруға байланысты шығындар;

      6) жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйым – жаңартылатын энергия көздерін пайдалана отырып, электр және (немесе) жылу энергиясын өндіруді жүзеге асыратын заңды тұлға;

      7) операциялық шығындар – қаржы-есеп айырысу орталығының қызметін жүзеге асыруға байланысты шығындар;

      8) техникалық экономикалық негіздемедегі тариф (бұдан әрі – ТЭН-дегі тариф) – уәкілетті немесе жергілікті атқарушы органмен келісілген және бекітілген жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектіcін салу жобасының техникалық-экономикалық негіздемесінде белгіленген босату бағасы деңгейінен аспайтын тариф;

      9) тіркелген тариф – жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері өндірген электр энергиясын Заңда белгіленген тәртіппен қаржы-есеп айырысу орталығының сатып алуына арналған тариф;

      10) уәкілетті орган – жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      11) электр энергиясын тұтыну аймағы – жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектісі өндірген электр энергиясын тұтынуға кедергі келтіретін техникалық сипаттағы шектеулері жоқ Қазақстан Республикасының бірыңғай электр энергетикасы жүйесінің бір бөлігі;

      12) резервтік қор – жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығы қалыптастыратын қор, оның ақшасы арнайы банктік шотта сақталады және кассалық алшақтықтарды және қаржы-есеп айырысу орталығының жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіретін ұйымдар алдындағы, жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері өндірген, шартты тұтынушыларға берілген электр энергиясы үшін олардың тарапынан төлем жасалмау немесе төлемді кідірту салдарынан туындайтын берешекті жабуға ғана пайдаланылады.";

      8 және 9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Қаржы-есеп айырысу орталығы болжамдалған жылдың он бесінші қаңтарынан кешіктірмей жаңартылатын энергия көздерінің барлық түрлерінен өндірілген және Қазақстан Республикасының бірыңғай электр энергетикасы жүйесіне берілген электр энергиясының бір киловат-сағатына шаққандағы жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдауға жұмсалатын шығындар туралы ақпаратты, сондай-ақ есепті жылға арналған электр энергиясын тұтыну аймақтары бойынша жаңартылатын энергия көздерін қолдауға арналған тарифті жариялайды.

      9. Тұтыну аймағына байланысты болжамдалған жылға арналған жаңартылатын энергия көздерін қолдау тарифі Қағидалардың 7-тармағында көзделген есептерге сәйкес мынадай формула бойынша айқындалады:

      ТZi = (ОЗҚЕОбал+ ЗРҚтір)/Vжиынт , мұндағы:

      TZi – Zi тұтыну аймағы үшін есептелген жаңартылатын энергия көздерін қолдау тарифі;

      ОЗҚЕО – Zi тұтыну аймағына жататын қаржы-есеп айырысу орталығының операциялық шығындары;

      Збал – Zi тұтыну аймағына жататын, электр энергиясын өндіру-тұтыну теңгерімін ұйымдастыру жөніндегі көрсетілетін қызметтерге жұмсалатын шығындар;

      ЗРҚ – Zi тұтыну аймағына жататын, Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 29 шілдедегі № 361 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14210 болып тіркелген) бекітілген Резервтік қорды қалыптастыру және пайдалану қағидаларына сәйкес анықталатын, резервтік қорды қалыптастыруға жұмсалатын шығындар;

      Zi – тұтыну аймағы;

      Зтір – Zi тұтыну аймағында жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері өндіретін электр энергиясын сатып алуға жұмсалатын қаржы-есеп айырысу орталығының жылдық шығындары, ол былайша қалыптастырылады:

      уәкілетті немесе жергілікті атқарушы органмен келісілген жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектісін салу жобасының техникалық-экономикалық негіздемесінде бекітілген босату тарифі жоқ жаңадан іске қосылатын жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымның тіркелген тарифі бойынша немесе (не);

      уәкілетті немесе жергілікті атқарушы органмен келісілген және бекітілген жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектісін салу жобасының техникалық-экономикалық негіздемесінде босату тарифі бар жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымның ТЭН-дегі тарифі бойынша;

      Зтір=(Зтір.гидро*Vп+1+…+Зтір.гидро*Vп+Nтір.жел*Vп+1+…+Зтір.жел*Vп+Nтір.күн*Vп+1+…+Зтір.күн*Vп+Nтір.био*Vп+1+…+Зтір.био*Vп+N)+(З.тэн.гидро1*Vп+1+…+З.тэн.гидроN*Vп+Nтэо.жел1*Vп+1+…+Зтэн.желN*Vп+Nтэо.күн1*Vп+1+…+Зтэн.күнN*Vп+Nтэо.биогаз1*Vп+1+…+ Зтэн.биогазN*Vп+N), мұндағы:

      Зтір гидро – шағын ГЭС үшін тіркелген тариф;

      Зтір.жел – жел электр станциялары үшін тіркелген тариф;

      Зтір.күн– күн электр станциялары үшін тіркелген тариф;

      Зтір.био – биогазды электр станциялары үшін тіркелген тариф;

      Зтэн.гидро1 – 1-ші шағын ГЭС үшін ТЭН-дегі тариф;

      Зтэн.гидроN – N-ші шағын ГЭС үшін ТЭН-дегі тариф;

      Зтэн.жел1 – 1-ші жел электр станциясы үшін ТЭН-дегі тариф;

      Зтэн.желN – N-ші жел электр станциясы үшін ТЭН-дегі тариф;

      Зтэн.күн1 – 1-ші күн электр станциясы үшін ТЭН-дегі тариф;

      Зтэн.күнN – N-ші күн электр станциясы үшін ТЭН-дегі тариф;

      Зтэн.био1 – 1-ші биогазды электр станциясы үшін ТЭН-дегі тариф;

      Зтэн.биоN – N-ші биогазды электр станциясы үшін ТЭН-дегі тариф;

      Vп+1 – жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын 1-ші объекті өндірген және босатқан электр энергиясының көлемі;

      Vп+N – жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын N-ші объекті өндірген және босатқан электр энергиясының көлемі;

      Vп – жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын әрбір объекті өндірген және босатқан электр энергиясының көлемі;

      Vжиынт – Zi тұтыну аймағындағы шартты тұтынушыларға сатылатын жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері өндірген электр энергиясының жылдық жиынтық көлемі.";

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар ай сайын қаржы-есеп айырысу орталығына электр энергиясы берілген айға дейін күнтізбелік он күн бұрын, алдағы айға арналған және ағымдағы жылдың соңына дейін айларға бөлінген оны шығарудың, желілерге жіберудің болжамды көлемдері туралы ақпарат береді.";

      14 және 15-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Жаңартылатын энергия көздерін қолдауға арналған тарифті анықтау кезінде өзіндік құнында мынадай шығындар есепке алынады:

      1) қаржы-есеп айырысу орталығының жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері өндірген электр энергиясын сатып алу шығындары;

      2) электр энергиясын өндіру-тұтыну теңгерімін ұйымдастыру жөніндегі қызметтерге жұмсалған шығындар;

      3) қаржы-есеп айырысу орталығының операциялық шығындары;

      4) резервтік қорды қалыптастыруға жұмсалатын шығындар.

      15. Қаржы-есеп айырысу орталығының операциялық шығындары жыл сайын есептеледі және оны қаржы-есеп айырысу орталығы ағымдағы жылдың жиырмасыншы желтоқсанына дейінгі мерзімде алдағы жылға бекітеді.".

      3. Күші жойылды – ҚР Энергетика министрінің 28.11.2017 № 480 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. "Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері өндірген электр энергиясын қаржы-есеп айырысу орталығының орталықтандырылған сатып алу және сату қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 2 наурыздағы № 164 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10662 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 18 тамызда жарияланған):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері өндірген электр энергиясын қаржы-есеп айырысу орталығының орталықтандырылған сатып алу және сату қағидаларында:

      1-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) жаңартылатын энергия көздерінен алынатын электр энергиясын шартты тұтынушылар (бұдан әрі – шартты тұтынушылар) – көмірді, газды, құрамында күкірт бар шикізатты, мұнай өнімдері мен ядролық отынды пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар; Қазақстан Республикасынан тысқары жерден электр энергиясын сатып алатын электр энергиясы нарығының субъектілері; 2016 жылғы 1 қаңтардан кейін пайдалануға берілгендерді қоспағанда, жиынтық қуаты отыз бес мегаваттан асатын, бір гидроторапта орналасқан қондырғылары бар гидроэлектр станциялары;";

      4-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) 2016 жылғы 1 қаңтардан кейін пайдалануға енгізілген гидроэлектрстанцияларды есепке алмағанда, жиынтық қуаты отыз бес мегаваттан асатын, бір гидроторапта орналасқан қондырғылары бар және (немесе) реттеудің тәуліктік көлемінен астамын қамтамасыз ететін су қоймалары бар гидроэлектрстанциялары.

      Гидроэлектрстанциясының су қоймасының сыйымдылығы су қоймасына құйылатын өзен ағысының есептік қамтамасыз етілуінің тәуліктік көлемінен асып түсетін болса, ол реттеудің тәуліктік көлемінен астам көлемді қамтамасыз етеді деп есептеледі.";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. ЖЭК пайдаланатын барлық энергия өндіруші ұйымдарда өзінің ЖЭК пайдалану объектісінде коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесі бар. Коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесінде деректерді өңірлік диспетчерлік орталықтарға қашықтықтан беру мүмкіндігі болуға тиіс.

      Электр энергиясын шоғырландыруға арналған құрылғылармен, дербес қоректендіру көздерімен, сондай-ақ резервтік қоректендіруші электр желілерімен жабдықталған ЖЭК пайдалану объектілерінде электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесі аталған құрылғылар босататын және (немесе) тұтынатын электр энергиясын коммерциялық есепке алуды қамтамасыз етеді.

      ЖЭК пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар ЖЭК пайдалану объектісінде ЖЭК әртүрлі түрлерін пайдалана отырып, электр энергиясы өндірісіне арналған техникалық құрылғыларды пайдаланған жағдайда немесе ЖЭК бір түрін пайдаланатын, бірақ қаржы-есеп айырысу орталығы әртүрлі тіркелген тарифтер бойынша сатып алуы тиіс, электр энергиясы өндірісіне арналған техникалық құрылғыларды пайдаланған жағдайда, ЖЭК-ті пайдалану объектісін коммерциялық есепке алу аспаптарымен, өндірілген электр энергиясының жеке түрде есепке алынуы қамтамасыз етілетіндей жабдықтайды.";

      10 және 11-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Қаржы-есеп айырысу орталығы Өтінімді және ұсынылған құжаттарды алған сәттен бастап 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзім ішінде қарастырады. Өтініш беруші Заңның 7-1 бабының 7-тармағында көзделген құжаттардың қайсыбірін ұсынбаған жағдайда немесе құжаттарды толық көлемде ұсынбаған жағдайда, қаржы-есеп айырысу орталығы аталған құжаттар келіп түскен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде себептерін көрсетіп, Өтінімді қайтарады. Өтініш беруші Өтінімді және қоса берілген құжаттарды осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келтіру мақсатында Өтінім қайтарылған күннен бастап күнтізбелік 15 күн ішінде Өтінімді жетіспейтін құжаттармен толықтырады және/немесе Қаржы-есеп айырысу орталығының ескертулерін жояды.

      11. Қаржы-есеп айырысу орталығы мына талаптар орындалған кезде:

      1) өтініш беруші Заңның 7-1-бабы 7-тармағында көзделген құжаттарды тапсырса;

      2) ЖЭК пайдалану объектісі мен Өтініш беруші тізбеге енгізілсе;

      3) қаржы-есеп айырысу орталығы мен Өтініш беруші арасында Өтінімде көрсетілген ЖЭК пайдалану объектісінде өндірілген электр энергиясын сатып алудың қолданыстағы шарты болмаса;

      4) өтініш беруші өндірілген электр энергиясын сатуды Заңның 9-бабының 1-тармағына сәйкес таңдаса;

      5) өтініш беруші Қағидалардың 8, 10 және 14-тармақтарының талаптарын орындаса Өтініш берушімен электр энергиясын сатып алу шартын жасасады.";

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Өтініш беруші қаржы-есеп айырысу орталығынан сатып алу шартының екі данасын алғаннан кейін 10 (он) жұмыс күннен аспайтын мерзімде оларға қол қояды және қаржы-есеп айырысу орталығына жібереді.";

      16-тармақта:

      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы заңнамасына сәйкес бекітілген, оған қатысты сатып алу шарты жасалатын ЖЭК пайдалану объектісін пайдалануға қабылдау актінің көшірмесі - сатып алу шартына қол қойылған күннен бастап 36 (отыз алты) ай ішінде;";

      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) оған қатысты сатып алу шарты жасалатын ЖЭК пайдалану объектісі үшін энергия беруші ұйым мен Өтініш беруші арасында қол қойылған, ЖЭК пайдалану объектісінде коммерциялық және техникалық есепке алу аспаптарын орналастыру схемасын қамтитын электр энергиясын коммерциялық есепке алу схемасын қабылдап алу актісінің көшірмесі - электр энергиясын коммерциялық есепке алу схемасын қабылдап алу актісіне қол қойылған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде және ЖЭК пайдалану объектісін кешенді сынау басталғанға дейін;";

      22, 23 және 24-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "22. Егер пайдалануға берілген ЖЭК пайдалану объектісінің іс жүзіндегі параметрлері сатып алу шартында көрсетілген параметрлерден өзгеше болса, қаржы-есеп айырысу орталығы мен өтініш беруші ЖЭК пайдалану объектісінің сипаттамасын іс жүзіндегі мән-жайлармен сәйкес келтіру үшін ЖЭК пайдалану объектісін пайдалануға қабылдау бекітілген актісінің көшірмесі қаржы-есеп айырысу орталығына ұсынылған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде сатып алу шартына тиісті қосымша келісім жасайды.

      23. ЖЭК пайдалану объектісінің электр қондырғыларын кешенді сынау аяқталғаннан кейін сатып алу шартын жасаған өтініш беруші қаржы-есеп айырысу орталығына мынадай ақпаратты:

      1) электр энергиясын өндірудің, желіге босатудың болжамды көлемі, электр энергиясын жеткізудің алдағы жеткізу айына арналған бір айлық тәуліктік сағаттық кестелері - ай сайын, жеткізу айына дейін күнтізбелік он күн қалғанда;

      2) электр энергиясын өндірудің, желіге босатудың алдағы бір жылға арналған, айларға бөлінген болжамды көлемі - жыл сайын, жиырмасыншы желтоқсанға қарай;

      3) электр энергиясын жеткізудің алдағы тәулікке арналған тәуліктік болжамды кестелері - күн сайын, Астана уақыты бойынша 11 сағат 00 минутқа дейін;

      4) электр энергиясын желіге босатудың іс жүзіндегі бір айлық көлемі - жеткізу айынан кейінгі айдың бесінші күнінен кешіктірмей;

      5) электр энергиясын желіге босатудың іс жүзіндегі тәулік сайынғы сағаттық көлемі – күн сайын Астана уақыты бойынша 10 сағат 00 минутқа дейін үнемі жіберіп тұрады.

      24. ЖЭК пайдалану объектісінің электр қондырғыларын кешенді сынау аяқталғаннан кейін сатып алу шартын жасаған Өтініш беруші өңірлік электр желілік компаниясына және жүйелік операторға электр энергиясын желіге жеткізудің тәуліктік (алдағы тәулікке арнап Астана уақыты бойынша 11 сағат 00 минутқа дейін) және айлық (ай басталғанға дейін күнтізбелік он күн бұрын) кестесін үнемі жіберіп тұрады.";

      28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "28. Өтініш беруші электр энергиясын өндірудің тәуліктік кестелерінің сақталуын қамтамасыз етеді. ЖЭК пайдалану объектілерінен алынатын электр энергиясының теңгерімсіздіктерін қаржылық реттеуді қаржы-есеп айырысу орталығы электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының жұмыс істеу қағидаларына сәйкес ЖЭК қолдауға арналған тариф бойынша жүзеге асырады.";

      30-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "30. Қаржы-есеп айырысу орталығы, жүйелік оператор мен энергия беруші ұйымның уәкілетті жұмыскерлері тиісті өтініш берушіде қолданылатын қауіпсіздік техникасына қойылатын талаптарды сақтаған және ЖЭК объектісіне бару уақыты мен күні өтініш берушімен келісілген жағдайда, сатып алу шартын жасаған өтініш беруші олардың ЖЭК пайдалану объектісі қосылған электр желілеріне, ЖЭК пайдалану объектісіне, сондай-ақ электр энергиясын коммерциялық есепке алу аспаптарына қол жеткізуін қамтамасыз етеді.";

      33-тармақ алып тасталсын;

      60-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "60. Шартты тұтынушылар:

      1) ай сайын жеткізу айына дейін күнтізбелік 10 (он) күн қалғанда қаржы-есеп айырысу орталығына электр энергиясын шығарудың, желіге жіберудің, энергия беруші ұйымдар мен тұтынушыларға жеткізудің немесе Қазақстан Республикасынан тыс жерлерден қабылданатын болжамды айлық көлемдері туралы ақпаратты жібереді;

      2) жыл сайын жиырмасыншы желтоқсанға дейін қаржы-есеп айырысу орталығына алдағы жылы электр энергиясын шығарудың, желіге жіберудің, энергия беруші ұйымдар мен тұтынушыларға жеткізудің болжамды көлемдері туралы ақпаратты жібереді;

      3) ай сайын, ЖЭК объектілерінен алынатын электр энергиясын жеткізудің есепті айынан кейінгі айдың бесіне дейін қаржы-есеп айырысу орталығына электр энергиясының шығарылуының, электр энергиясының Қазақстан Республикасы шегінен тыс желіге босатылуының немесе қабылдануының іс жүзіндегі көлемдері туралы ақпаратты ұсынады.";

      мынадай мазмұндағы 61-1 тармақпен толықтырылсын:

      "61-1. ЖЭК пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар өндіретін, желіге босатылатын электр энергиясы көлемінің нақты мәні және шартты тұтынушылардың желіге босататын электр энергиясының көлемдері (электр энергиясының импортын қоса алғанда) есепті айда жүйелік оператор қалыптастыратын, Қазақстан Республикасының электр энергиясының көтерме нарығындағы электр энергиясын өндіру-тұтынудың нақты теңгерімімен анықталады.";

      71 және 72-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "71. Егер осы Заңның 7-1-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес ЖЭК электр энергиясын сатудан қаржы-есеп айырысу орталығы алған ақша сомасы ағымдағы тоқсанда ЖЭК пайдалануды қолдауға жұмсалатын шығындарды өтеу үшiн қажеттi шамадан кем болса немесе асып кетсе, қаржы-есеп айырысу орталығы қайта есептеудi жүргiзедi және келесi тоқсанға электр энергиясын шартты тұтынушылар арасында шығындарды қайта бөледi.

      72. Шартты тұтынушының нарықтан шығуы, таратылуы себебі бойынша одан ақша толық алынбаған жағдайда, қаржы-есеп айырысу орталығы жоғарыда көрсетілген тұтынушыға есептелген электр энергиясының тиісті үлесін барлық шартты тұтынушыларға Қазақстан Республикасында электр энергиясын тұтынудың жалпы көлеміне қатысты олардың тұтыну көлеміне пропорционалды түрде бөледі.".

О внесении изменений и дополнений в некоторые приказы Министра энергетики Республики Казахстан

Приказ и.о. Министра энергетики Республики Казахстан от 14 декабря 2016 года № 533. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 2 февраля 2017 года № 14760.

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить перечень некоторых приказов Министра энергетики Республики Казахстан, в которые вносятся изменения и дополнения, согласно приложению к настоящему приказу.

      2. Департаменту по возобновляемым источникам энергии Министерства энергетики Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) направление копии настоящего приказа в течение десяти календарных дней со дня его государственной регистрации на официальное опубликование в периодические печатные издания и в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) размещение настоящего приказа на официальном интернет-ресурсе Министерства энергетики Республики Казахстан и интранет-портале государственных органов;

      4) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Департамент юридической службы Министерства энергетики Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 2) и 3) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра энергетики Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

     
      Исполняющий обязанности
Министра энергетики
Республики Казахстан
М. Досмухамбетов

      "СОГЛАСОВАН"
Министр национальной экономики
Республики Казахстан
__________________ Т.Сулейменов
29 декабря 2016 года

  Приложение
к приказу исполняющего
обязанности Министра
энергетики Республики Казахстан
  от 14 декабря 2016 года № 533

Перечень некоторых приказов Министра энергетики Республики Казахстан, в которые вносятся изменения и дополнения

      1. В приказе Министра энергетики Республики Казахстан от 18 декабря 2014 года № 210 "Об утверждении Электросетевых правил" (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 10899, опубликованный 23 июня 2015 года в информационно-правовой системе "Әділет"):

      в Электросетевых правилах, утвержденных указанным приказом:

      пункт 9 изложить в следующей редакции:

      "9. После выполнения требований технических условий проводятся комплексные испытания электростанции, реализованные в соответствии со схемой подключения и выдачи мощности.";

      пункт 43 изложить в следующей редакции:

      "43. Управление баланса мощности в ЕЭС Казахстана организуется на основании суточных графиков. Электростанции выполняют заданный суточный график нагрузки и вращающегося резерва. Пользователи сети не превышают свой заявленный почасовой график потребления активной мощности.".

      2. В приказе Министра энергетики Республики Казахстан от 20 февраля 2015 года № 118 "Об утверждении Правил определения тарифа на поддержку возобновляемых источников энергии" (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 10622, опубликованный 16 апреля 2015 года в информационно-правовой системе "Әділет"):

      в Правилах определения тарифа на поддержку возобновляемых источников энергии, утвержденных указанным приказом:

      пункт 2 изложить в следующей редакции:

      "2. В настоящих Правилах используются следующие основные понятия:

      1) газ – сырой, товарный, сжиженный нефтяной и сжиженный природный газ;

      2) условные потребители электрической энергии от возобновляемых источников энергии (далее – условные потребители) – энергопроизводящие организации, использующие уголь, газ, серосодержащее сырье, нефтепродукты и ядерное топливо; субъекты рынка электрической энергии, приобретающие электрическую энергию из-за пределов Республики Казахстан; гидроэлектростанции с установками, расположенными в одном гидроузле, суммарной мощностью свыше тридцати пяти мегаватт, за исключением введенных в эксплуатацию после 1 января 2016 года;

      3) расчетно-финансовый центр по поддержке возобновляемых источников энергии (далее – расчетно-финансовый центр) – юридическое лицо, создаваемое системным оператором и определяемое уполномоченным органом, осуществляющее в порядке, предусмотренном Законом, централизованную покупку и продажу электрической энергии, произведенной объектами по использованию возобновляемых источников энергии и поставленной в электрические сети единой электроэнергетической системы Республики Казахстан;

      4) тариф на поддержку возобновляемых источников энергии – тариф на продажу расчетно-финансовым центром электрической энергии, произведенной объектами по использованию возобновляемых источников энергии, устанавливаемый расчетно-финансовым центром самостоятельно в соответствии с настоящими Правилами;

      5) затраты на поддержку использования возобновляемых источников энергии – затраты расчетно-финансового центра на покупку электрической энергии, произведенной объектами по использованию возобновляемых источников энергии, затраты на услуги по организации балансирования производства-потребления электрической энергии, затраты на формирование резервного фонда и затраты, связанные с осуществлением его деятельности;

      6) энергопроизводящая организация, использующая возобновляемые источники энергии – юридическое лицо, осуществляющее производство электрической и (или) тепловой энергии с использованием возобновляемых источников энергии;

      7) операционные затраты – затраты, связанные с осуществлением деятельности расчетно-финансового центра;

      8) тариф в технико-экономическом обосновании (далее – тариф в ТЭО) – тариф, не превышающий уровня отпускной цены, установленного в утвержденном и согласованном с уполномоченным или местным исполнительным органом технико-экономическом обосновании проекта строительства объекта по использованию возобновляемых источников энергии;

      9) фиксированный тариф – тариф на покупку расчетно-финансовым центром в порядке, установленном Законом, электрической энергии, производимой объектами по использованию возобновляемых источников энергии;

      10) уполномоченный орган – центральный исполнительный орган, осуществляющий руководство и межотраслевую координацию в области поддержки использования возобновляемых источников энергии;

      11) зона потребления электрической энергии – часть единой электроэнергетической системы Республики Казахстан, в которой отсутствуют ограничения технического характера, препятствующие потреблению электрической энергии, произведенной объектом по использованию возобновляемых источников энергии;

      12) резервный фонд – фонд, формируемый расчетно-финансовым центром по поддержке возобновляемых источников энергии, деньги которого хранятся на специальном банковском счете и используются только на покрытие кассовых разрывов и задолженности расчетно-финансового центра перед энергопроизводящими организациями, использующими возобновляемые источники энергии, возникающих вследствие неоплаты или задержки оплаты со стороны условных потребителей за поставленную им электроэнергию, произведенную объектами по использованию возобновляемых источников энергии.";

      пункты 8 и 9 изложить в следующей редакции:

      "8. Расчетно-финансовый центр не позднее пятнадцатого января прогнозируемого года публикует информацию о затратах на поддержку использования возобновляемых источников энергии в расчете на один киловатт-час электрической энергии, произведенной из всех видов возобновляемых источников энергии и поставленной в единую электроэнергетическую систему Республики Казахстан, а также тариф на поддержку возобновляемых источников энергии по зонам потребления электрической энергии на расчетный год.

      9. Тариф на поддержку возобновляемых источников энергии на прогнозируемый год в зависимости от зоны потребления, определяется в соответствии с расчетами, предусмотренными в пункте 7 Правил по формуле:

      ТZi = (ОЗРФЦбал+ ЗРФфикс)/Vсп где:

      TZi – тариф на поддержку возобновляемых источников энергии, рассчитанный для зоны потребления Zi;

      ОЗРФЦ – операционные затраты расчетно-финансового центра, относящихся к зоне потребления Zi;

      Збал – затраты на услуги по организации балансирования производства-потребления электрической энергии, относящиеся к зоне потребления Zi;

      ЗРФ – затраты на формирование резервного фонда, относящиеся к зоне потребления Zi, определяемые в соответствии с Правилами формирования и использования резервного фонда, утвержденными приказом исполняющего обязанности Министра энергетики Республики Казахстан от 29 июля 2016 года № 361 (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 14210);

      Zi – зона потребления;

      Зфикс – годовые затраты расчетно-финансового центра на покупку электрической энергии, производимой объектами по использованию возобновляемых источников энергии в зоне потребления Zi, которые формируются:

      по фиксированным тарифам у вновь вводимых энергопроизводящих организаций, использующих возобновляемые источники энергии, не имеющих утвержденного отпускного тарифа в согласованном с уполномоченным или местным исполнительным органом технико-экономическом обосновании проекта строительства объекта по использованию возобновляемых источников энергии или (либо);

      по тарифам в ТЭО у энергопроизводящих организаций, использующих возобновляемые источники энергии, имеющих отпускной тариф, утвержденный и согласованный с уполномоченным или местным исполнительным органом в технико-экономическом обосновании проекта строительства объекта по использованию возобновляемых источников энергии;

      Зфиксфикс.гидро*Vп+1+…+Зфикс.гидро*Vп+Nфикс.ветро*Vп+1+…+Зфикс.ветро*Vп+Nфикс.солнце*Vп+1+…+Зфикс.солнце*Vп+N+Зфикс.био*Vп+1+…+Зфикс.био*Vп+N)+(З.тэо.гидро1*Vп+1+…+З.тэо.гидроN*Vп+Nтэо.ветро1*Vп+1+…
тэо.ветроN*Vп+Nтэо.cолнце1*Vп+1+…+Зтэо.cолнцеN*Vп+Nтэо.биогаз1*Vп+1+…+ Зтэо.биогазN*Vп+N), где:

      Зфикс.гидро – фиксированный тариф для малых ГЭС;

      Зфикс.ветро – фиксированный тариф для ветроэлектростанций;

      Зфикс.солнце – фиксированный тариф для солнечных электростанций;

      Зфикс.био – фиксированный тариф для биогазовых электростанций;

      Зтэо.гидро1 – тариф в ТЭО для 1-ой малой ГЭС;

      Зтэо.гидроN – тариф в ТЭО для N-ной малой ГЭС;

      Зтэо.ветро1 – тариф в ТЭО для 1-ой ветроэлектростанции;

      Зтэо.ветроN – тариф в ТЭО для N-ной ветроэлектростанции;

      Зтэо.солнце1 – тариф в ТЭО для 1-ой солнечной электростанции;

      Зтэо.солнцеN – тариф в ТЭО для N-ной солнечной электростанции;

      Зтэо.био1 – тариф в ТЭО для 1-ой биогазовой электростанции;

      Зтэо.биоN – тариф в ТЭО для N-ной биогазовой электростанции;

      Vп+1 – объем электроэнергии, произведенной и отпущенной 1-ым объектом, использующим возобновляемые источники энергии;

      Vп+N – объем электроэнергии, произведенной и отпущенной N-ным объектом, использующим возобновляемые источники энергии;

      Vп – объем электроэнергии, произведенной и отпущенной каждым объектом, использующим возобновляемые источники энергии;

      Vсп – совокупный годовой объем электрической энергии, производимой объектами по использованию возобновляемых источников энергии, реализуемой условным потребителям зоны потребления Zi.";

      пункт 12 изложить в следующей редакции:

      "12. Энергопроизводящие организации, использующие возобновляемые источники энергии, ежемесячно предоставляют расчетно-финансовому центру информацию о прогнозных объемах выработки, отпуска в сети электрической энергии на предстоящий месяц и до конца текущего года с разбивкой по месяцам, за десять календарных дней до месяца поставки.";

      пункты 14 и 15 изложить в следующей редакции:

      "14. При определении тарифа на поддержку возобновляемых источников энергии в себестоимости учитываются следующие затраты:

      1) затраты расчетно-финансового центра на покупку электрической энергии, произведенной объектами по использованию возобновляемых источников энергии;

      2) затраты на услуги по организации балансирования производства-потребления электрической энергии;

      3) операционные затраты расчетно-финансового центра;

      4) затраты на формирование резервного фонда.

      15. Операционные затраты расчетно-финансового центра ежегодно рассчитываются и утверждаются расчетно-финансовым центром в срок до двадцатого декабря текущего года на предстоящий год.".

      3. Утратил силу приказом Министра энергетики РК от 28.12.2017 № 480 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      4. В приказе Министра энергетики Республики Казахстан от 2 марта 2015 года № 164 "Об утверждении Правил централизованной покупки и продажи расчетно-финансовым центром электрической энергии, произведенной объектами по использованию возобновляемых источников энергии" (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 10662, опубликованный 18 августа 2015 года в информационно-правовой системе "Әділет"):

      в Правилах централизованной покупки и продажи расчетно-финансовым центром электрической энергии, произведенной объектами по использованию возобновляемых источников энергии, утвержденных указанным приказом:

      подпункт 5) пункта 2 изложить в следующей редакции:

      "5) условные потребители электрической энергии от возобновляемых источников энергии (далее – условные потребители):

      энергопроизводящие организации, использующие уголь, газ, серосодержащее сырье, нефтепродукты и ядерное топливо;

      субъекты рынка электрической энергии, приобретающие электрическую энергию из-за пределов Республики Казахстан;

      гидроэлектростанции с установками, расположенными в одном гидроузле, суммарной мощностью свыше тридцати пяти мегаватт, за исключением введенных в эксплуатацию после 1 января 2016 года;";

      подпункт 2) пункта 4 изложить в следующей редакции:

      "2) гидроэлектростанции с установками, расположенными в одном гидроузле, суммарной мощностью свыше тридцати пяти мегаватт и (или) с водохранилищами, обеспечивающими более чем суточный срок регулирования, за исключением введенных в эксплуатацию после 1 января 2016 года.

      Водохранилище гидроэлектростанции считается обеспечивающим более чем суточный срок регулирования, если его емкость превышает суточный объем стока реки расчетной обеспеченности, впадающей в водохранилище.";

      пункт 6 изложить в следующей редакции:

      "6. Все энергопроизводящие организации, использующие ВИЭ, имеют автоматизированную систему коммерческого учета на своем объекте по использованию ВИЭ. Автоматизированная система коммерческого учета должна иметь возможность дистанционной передачи данных в региональные диспетчерские центры.

      Автоматизированная система коммерческого учета электрической энергии на объектах по использованию ВИЭ, оснащенных устройствами, предназначенными для аккумулирования электрической энергии, автономными источниками питания, а также резервными питающими электрическими сетями, обеспечивает коммерческий учет электрической энергии, отпускаемой и (или) потребляемой данными устройствами.

      Энергопроизводящие организации, использующие ВИЭ, в случае использования на объекте по использованию ВИЭ технических устройств, предназначенных для производства электрической энергии с использованием различных видов ВИЭ либо технических устройств, предназначенных для производства электрической энергии от использования одного вида ВИЭ, но подлежащей покупке расчетно-финансовому центру по различным фиксированным тарифам, оснащают объект по использованию ВИЭ приборами коммерческого учета таким образом, чтобы обеспечить раздельный учет произведенной электроэнергии.";

      пункты 10 и 11 изложить в следующей редакции:

      "10. Расчетно-финансовый центр рассматривает Заявку и представленные документы в срок не более 10 (десяти) рабочих дней с момента их получения. В случае непредставления Заявителем документов предусмотренных пунктом 7 статьи 7-1 Закона в полном объеме, расчетно-финансовый центр в течение 5 (пяти) рабочих дней со дня их поступления возвращает Заявку с указанием причин возврата. Заявитель в течение 15 календарных дней с даты возврата Заявки дополняет Заявку недостающими документами и/или устраняет замечания Расчетно-финансового центра в целях приведения Заявки и прилагаемых документов в соответствие с требованиями настоящих Правил.

      11. Расчетно-финансовый центр заключает с Заявителем договор покупки электрической энергии при выполнении следующих условий:

      1) заявитель представил документы, предусмотренные пунктом 7 статьи 7-1 Закона;

      2) объект по использованию ВИЭ и Заявитель включены в перечень;

      3) между расчетно-финансовым центром и Заявителем нет действующего договора покупки электрической энергии, произведенной на объекте по использованию ВИЭ, указанном в Заявке;

      4) заявитель выбирает реализацию производимой электрической энергии, согласно пункту 1 статьи 9 Закона;

      5) заявителем выполнены требования пунктов 8, 10 и 14 Правил.";

      пункт 14 изложить в следующей редакции:

      "14. Заявитель в срок не более 10 (десяти) рабочих дней после получения от расчетно-финансового центра двух экземпляров договора покупки подписывает их и направляет расчетно-финансовому центру.";

      в пункте 16:

      подпункт 2) изложить в следующей редакции:

      "2) копию акта приемки объекта в эксплуатацию по использованию ВИЭ, утвержденного в соответствии с законодательством Республики Казахстан в сфере архитектурной, градостроительной и строительной деятельности, в отношении которого заключается договор покупки - в течение 36 (тридцати шести) месяцев с даты подписания договора покупки;";

      подпункт 4) изложить в следующей редакции:

      "4) копию акта приемки схемы коммерческого учета электрической энергии, включающего схему размещения приборов коммерческого и технического учета на объекте по использованию ВИЭ, подписанного между энергопередающей организацией и Заявителем для объекта по использованию ВИЭ, в отношении которого заключается договор покупки, в течение 10 (десяти) рабочих дней с даты подписания акта приемки схемы коммерческого учета электрической энергии и до начала комплексных испытаний объекта по использованию ВИЭ;";

      пункты 22, 23 и 24 изложить в следующей редакции:

      "22. Если фактические параметры объекта по использованию ВИЭ, введенного в эксплуатацию, отличаются от параметров, указанных в договоре покупки, расчетно-финансовый центр и Заявитель составляют соответствующее дополнительное соглашение к договору покупки для приведения описания объекта по использованию ВИЭ в соответствие с фактическими обстоятельствами в течение 30 (тридцати) календарных дней с даты представления расчетно-финансовому центру копии утвержденного акта приемки объекта в эксплуатацию по использованию ВИЭ.

      23. Заявитель, заключивший договор покупки, после завершения комплексного испытания электроустановок объекта по использованию ВИЭ регулярно направляет расчетно-финансовому центру следующую информацию:

      1) прогнозные объемы выработки, отпуска в сети электрической энергии, месячные посуточные часовые графики поставки электрической энергии на предстоящий месяц поставки - ежемесячно за десять календарных дней до месяца поставки;

      2) прогнозный объем выработки, отпуска в сети электрической энергии на предстоящий год с разбивкой по месяцам - ежегодно к двадцатому декабря;

      3) прогнозные суточные графики поставки электрической энергии на предстоящие сутки - ежедневно до 11 часов 00 минут по астанинскому времени;

      4) фактический месячный объем отпуска в сети электрической энергии - не позднее пятого числа месяца, следующего за месяцем поставки;

      5) фактический суточный почасовой объем отпуска в сети электрической энергии – ежедневно до 10 часов 00 минут по астанинскому времени.

      24. Заявитель, заключивший договор покупки, после завершения комплексного испытания электроустановок объекта по использованию ВИЭ регулярно направляет региональной электросетевой компании и системному оператору суточные (ежедневно до 11 часов 00 минут по астанинскому времени на предстоящие сутки) и месячные (за десять календарных дней до начала месяца) графики поставки электрической энергии в сеть.";

      пункт 28 изложить в следующей редакции:

      "28. Заявитель обеспечивает соблюдение суточных графиков производства электрической энергии. Финансовое урегулирование дисбалансов электрической энергии от объектов по использованию ВИЭ осуществляется расчетно-финансовым центром по тарифу на поддержку ВИЭ в соответствии с правилами функционирования балансирующего рынка электрической энергии.";

      пункт 30 изложить в следующей редакции:

      "30. Заявитель, заключивший договор покупки, не препятствует в рабочее время доступу уполномоченных работников расчетно-финансового центра, системного оператора и энергопередающей организации, к электрическим сетям которой подключен объект по использованию ВИЭ, к объекту по использованию ВИЭ и приборам коммерческого учета электрической энергии для снятия показаний приборов коммерческого учета и проверки схемы их присоединения при условии соблюдения соответствующими работниками требований к технике безопасности, действующих у соответствующего Заявителя, и согласования даты и времени посещения объекта ВИЭ с Заявителем.";

      пункт 33 исключить;

      пункт 60 изложить в следующей редакции:

      "60. Условные потребители:

      1) ежемесячно за 10 (десять) календарных дней до месяца поставки направляют расчетно-финансовому центру информацию о прогнозных месячных объемах выработки, отпуска в сети, поставки энергопередающим организациям и потребителям или приеме из-за пределов Республики Казахстан электрической энергии;

      2) ежегодно до двадцатого декабря направляют расчетно-финансовому центру информацию о прогнозных объемах выработки, отпуска в сети, поставки энергопередающим организациям и потребителям электрической энергии на предстоящий год;

      3) ежемесячно до пятого числа месяца, следующего за расчетным месяцем поставки электрической энергии от объектов ВИЭ предоставляют расчетно-финансовому центру информацию о фактических объемах выработки, отпуска в сети электроэнергии или приеме из-за пределов Республики Казахстан электрической энергии.";

      дополнить пунктом 61-1 следующего содержания:

      "61-1. Фактические значения объема отпуска в сеть электрической энергии, произведенной энергопроизводящими организациями, использующими возобновляемые источники энергии и объемы отпуска в сеть электроэнергии условными потребителями (включая импорт электроэнергии) определяются фактическим балансом производства-потребления электрической энергии на оптовом рынке электрической энергии Республики Казахстан, формируемым системным оператором за расчетный месяц.";

      пункты 71 и 72 изложить в следующей редакции:

      "71. В случае, если сумма денег, полученная расчетно-финансовым центром от продажи электрической энергии от ВИЭ в соответствии с подпунктом 2) пункта 3 статьи 7-1 настоящего Закона, окажется меньше или превысит величину, необходимую для возмещения затрат на поддержку использования ВИЭ в текущем квартале, расчетно-финансовый центр производит перерасчет и перераспределяет затраты между условными потребителями электрической энергии на следующий квартал.

      72. В случае недополучения денег от условного потребителя по причине его выхода из рынка, ликвидации расчетно-финансовый центр распределяет соответствующую долю электроэнергии, которая была рассчитана на вышеуказанного потребителя, на всех условных потребителей пропорционально их объему потребления по отношению к общему объему потребления электрической энергии в Республике Казахстан.".