Жаңартылатын энергия көздерін қолдауға арналған тарифті айқындау қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 118 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 3 сәуірде № 10622 тіркелді.

      ""Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 1-бабының 4-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 29.11.2024 № 433 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Жаңартылатын энергия көздерін қолдауға арналған тарифті айқындау қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Жаңартылатын энергия көздері департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;

      2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықты мерзімді баспасөз басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдануын;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруын;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Энергетика министрі

В. Школьник

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрi

      Е. Досаев ______________

      2015 жылғы 23 ақпан

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2015 жылғы 20 ақпандағы
№ 118 бұйрығымен бекітілген

Жаңартылатын энергия көздерін қолдауға арналған тарифті айқындау қағидалары

      Ескерту. Қағидалар жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 29.11.2024 № 433 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Жаңартылатын энергия көздерін қолдауға арналған тарифті айқындау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 1-бабының 4-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және жаңартылатын энергия көздерін қолдауға арналған тарифті айқындау тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) аукциондық баға – жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектісі, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектісі өндіретін электр энергиясын электр энергиясын бірыңғай сатып алушының сатып алуына арналған, аукциондық сауда-саттық қорытындысы бойынша айқындалған және тиісті шекті аукциондық баға деңгейінен аспайтын баға;

      2) басым тұтынушылар –құрамына тікелей тұтынушылар және (немесе) өнеркәсіптік кешендер, электр энергиясын өндіру үшін қазба отындарын пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар кіретін тұлға немесе тұлғалар тобы және (немесе) өндіріп шығарған электр энергиясын осы тұлға немесе тұлғалар тобы толық көлемде тұтынатын не электр энергиясын бірыңғай сатып алушыға орталықтандырылған сауда-саттықта өткізетін, жұмыс істеп тұрған (2018 жылғы 1 қаңтардан кейін пайдалануға берілген және уәкілетті орган жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар тізбесіне енгізбеген) жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін және (немесе) жұмыс істеп тұрған (2021 жылғы 1 қаңтардан кейін, оның ішінде алдағы жеті жылдық кезеңге арналған электр энергиясы мен қуатының бекітілген болжамды балансында есепке алынбаған, істен шыққан электр қуаттарын реконструкциялаудан кейін пайдалануға берілген) қайталама энергетикалық ресурстарды пайдалану объектілерін меншік құқығымен немесе өзге де заңды негізде иеленетін энергия өндіруші ұйымдар;

      3) гибридті топ – электр энергиясын өндіру кезінде кезінде жаңартылатын энергия көздерін пайдаланудың жиынтық үлесі кемінде жиырма бес пайыз болатын, бір энергия торабында орналасқан және "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 70-49) тармақшасында көзделген тәртіппен гибридті топтар тізбесіне енгізілген электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілерінің тобы;

      4) гибридті топтың әкімшісі – гибридті топқа кіретін энергия өндіруші ұйымдардан электр энергиясын осы гибридті топ ішінде және (немесе) электр энергиясының теңгерімдеуші нарығында кейінен тұтынушыларға өткізу (сату) мақсатында сатып алуды (сатып алуды) жүзеге асыратын, гибридті топқа кіретін, сондай-ақ гибридті топқа кіретін энергия өндіруші ұйымдар мен электр энергиясын тұтынушылар үшін теңгерім провайдері болып табылатын заңды тұлға;

      5) гибридті топ тұтынушысы – электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектісі болып табылатын және гибридті топтардың тізбесіне енгізілген тұтынушы;

      6) жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығы (бұдан әрі – қаржы-есеп айырысу орталығы) – уәкілетті орган айқындаған, "Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) қолданысқа енгізілгенге дейін қолданыста болған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, жаңартылатын энергия көздерін пайдалану жөніндегі объектілер және қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату жөніндегі объектілер өндіретін электр энергиясын сатып алу-сату шарттарының тарапы болып табылатын заңды тұлға;

      7) жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдауға жұмсалатын шығындар – Заңның 1-бабының 6) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган белгілеген тәртіппен айқындалатын, жасыл энергияны тұтынушыларға тиесілі шығындарды шегергенде, жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектілері өндірген электр энергиясын сатып алуға арналған бірыңғай сатып алушының шығындары, электр энергиясын өндіру-тұтынуды теңгерімдеуді ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерге жұмсалатын тиісті шығындар, электр энергиясының теңгерімдеуші нарығында жұмсалған шығындар (кірістерді шегергенде), резервтік қорды қалыптастыруға арналған шығындар және оның қызметін жүзеге асыруға байланысты шығындар;

      8) жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйым – нетто-тұтынушыларды қоспағанда, жаңартылатын энергия көздерін пайдалана отырып, электр және (немесе) жылу энергиясын өндіруді жүзеге асыратын заңды тұлға;

      9) жасыл тариф – осы Қағидаларға сәйкес электр энергиясын бірыңғай сатып алушы белгілейтін, жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері өндіретін электр энергиясын бірыңғай сатып алушының сатуына арналған тариф;

      10) жасыл тариф – уәкілетті орган бекіткен жаңартылатын энергия көздерін қолдауға арналған тарифті айқындау қағидаларына сәйкес электр энергиясын бірыңғай сатып алушы белгілейтін жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері өндіретін электр энергиясын бірыңғай сатып алушының сатуына арналған тариф;

      11) қайталама энергетикалық ресурстар – электр энергиясын өндіру үшін пайдаланылатын ферроқорытпа, кокс және доменді газдарды пайдалану бөлігінде өнеркәсіптік өндіріс процесінде жанама өнім ретінде түзілетін энергетикалық ресурстар;

      12) қайталама энергетикалық ресурстарды пайдаланатын энергия өндіруші ұйым – қайталама энергетикалық ресурстарды пайдалана отырып, электр энергиясын өндіруді жүзеге асыратын заңды тұлға;

      13) қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату жөніндегі объект – қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуға арналған техникалық құрылғылар мен қондырғылардың және қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату үшін технологиялық жағынан қажетті, олармен өзара байланысты құрылыстар мен инфрақұрылымның жиынтығы;

      14) қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды пайдаланатын энергия өндіруші ұйым – қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратудан алынатын энергияны өндіруді жүзеге асыратын заңды тұлға;

      15) операциялық шығындар – электр энергиясын бірыңғай сатып алушының қызметін жүзеге асыруға байланысты шығындар;

      16) өнеркәсіптік кешен – өздерінің құрамындағы меншік, жалға алу немесе өзге де заттық құқықтағы генерациялайтын көздерден электр энергиясымен қамтамасыз етілетін көтерме тұтынушылар;

      17) резервтік қор – электр энергиясын бірыңғай сатып алушы қалыптастыратын қор, оның ақшасы арнаулы банк шотында сақталады және электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілері тарапынан төлем жасалмау немесе төлемді кідірту салдарынан туындайтын кассалық алшақтықтар мен электр энергиясын бірыңғай сатып алушының жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар алдындағы берешегін жабуға ғана пайдаланылады;

      18) тікелей тұтынушылар – жасалған екіжақты шарттарға сәйкес өздерімен бір тұлғалар тобына кіретін энергия өндіруші ұйымдардан электр энергиясымен қамтамасыз етілетін көтерме тұтынушылар;

      19) уәкілетті орган – жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      20) шартты тұтынушы – өзімен бірге бір тұлғалар тобына кіретін энергия өндіруші ұйымдардан электр энергиясын сатып алатын көтерме тұтынушы, Заңға сәйкес айқындалатын өнеркәсіптік кешен және басым тұтынушы;

      21) бірыңғай сатып алушы – "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңда көзделген тәртіппен электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті орталықтандырылған сатып алуды және электр қуатының жүктеме көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша орталықтандырылған қызмет көрсетуді жүзеге асыратын, уәкілетті орган айқындайтын заңды тұлға;

      22) электр энергиясын тұтыну аймағы – жаңартылатын энергия көздерін және қайталама энергетикалық ресурстарды пайдалану объектісі, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектісі өндірген электр энергиясын тұтынуға кедергі келтіретін техникалық сипаттағы шектеулері жоқ Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесінің бір бөлігі;

      Осы Қағидаларда пайдаланылатын өзге де терминдер мен анықтамалар Қазақстан Республикасының жаңартылатын энергия көздері және электр энергетикасы саласындағы заңнамасына сәйкес қолданылады.

2-тарау. Электр энергиясын бірыңғай сатып алушының электр энергиясын сатуға жаңартылатын энергия көздерін қолдауға арналған нақтытарифті тәуліктің нақты сағатына есептеу тәртібі

      3. Есептік кезең (күнтізбелік ай) тәулігінің тиісті сағаты үшін жаңартылатын энергия көздерін қолдауға арналған тарифтің нақты мәні мынадай формула бойынша айқындалады:




– есептік кезең (күнтізбелік ай) тәулігінің тиісті сағаты үшін жаңартылатын энергия көздерін қолдауға арналған тариф теңгемен/кВт * сағ (он мыңдыққа дейін дөңгелектенеді);

– Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 29 шілдедегі № 361 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14210 болып тіркелген) бекітілген Резервтік қорды қалыптастыру және пайдалану қағидаларына (бұдан әрі – Резервтік қор қағидалары) сәйкес айқындалатын, жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын және қаржы-есеп айырысу орталығымен және (немесе) электр энергиясын бірыңғай сатып алушы жасалған электр энергиясын сатып алу-сату ұзақ мерзімді шарты бар энергия өндіруші ұйымдардан электр энергиясын сатып алғаны үшін тиісті есептік кезең үшін резервтік қорды қалыптастыруға арналған электр энергиясын бірыңғай сатып алушының жоспарлы шығындары, ҚҚС-сыз, теңгемен;

– электр энергиясын бірыңғай сатып алушымен жасалған жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын (қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату) i-інші энергия өндіруші ұйымның электр энергиясын ұзақ мерзімді сатып алу шартының бағасы, ҚҚС-сыз, теңгемен/кВт*сағ (жүзге дейін дөңгелектенеді);

– жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын (қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды) i-інші энергия өндіруші ұйым электр энергиясын бірыңғай сатып алушымен жасалған электр энергиясын ұзақ мерзімді сатып алу-сату шарты шеңберінде тәуліктің осы сағатына электр энергиясын бірыңғай сатып алушыға сатқан электр энергиясының көлемі, теңгемен/кВт*сағ (бүтінге дейін дөңгелектенеді);

– қаржы есеп-айырысу орталығымен жасалған жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын (қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату) i-інші энергия өндіруші ұйымның электр энергиясын сатып алу-сату ұзақ мерзімді шартының бағасы, ҚҚС-сыз, теңгемен/кВт*сағ (жүзге дейін дөңгелектенеді);

– қаржы есеп-айырысу орталығымен жасалған электр энергиясын ұзақ мерзімді сатып алу-сату шарты шеңберінде электр энергиясының көтерме сауда нарығында өндіру-тұтынудың нақты теңгеріміне сәйкес тәуліктің осы сағатына жататын, есеп айырысу жылы үшін (күнтізбелік ай) электр энергиясын бірыңғай сатып алушыға жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын (қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату) i-інші энергия өндіруші ұйым сатқан электр энергия көлемі, кВт*сағ (бүтінге дейін дөңгелектенеді);

– электр энергиясын бірыңғай сатып алушының тиісті есептік кезеңде (күнтізбелік ай) электр энергиясын өндіру-тұтынуды теңгерімдеуді ұйымдастыру жөніндегі көрсетілетін қызметтерге арналған нақты шығындары ҚҚС-сыз, теңгемен (жүзге дейін дөңгелектенеді), мынадай формула бойынша айқындалады:

, мұндағы

– тиісті есептік кезеңде (күнтізбелік ай) электр энергиясын өндіру-тұтынуды теңгерімдеуді ұйымдастыру жөніндегі көрсетілетін қызметтерге жүйелік оператордың тарифі, ҚҚС-сыз теңгемен/кВт*сағ;

– тиісті есептік кезеңде (күнтізбелік ай) жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын (қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату) және электр энергиясын бірыңғай сатып алушымен және (немесе) есеп айырысу-қаржы орталығымен жасалған, электр энергиясын сатып алу-сатудың ұзақ мерзімді шарты бар энергия өндіруші ұйымдар өндірген электр энергиясының нақты көлемі теңгемен/кВт*сағ (бүтінге дейін дөңгелектенеді);

– электр энергиясын бірыңғай сатып алушының тиісті есептік кезең (күнтізбелік ай) үшін электр энергиясының теңгерімдеуші нарығында (кірістерді шегергенде) шеккен нақты шығындары, ҚҚС-сыз, теңгемен (жүзге дейін дөңгелектенеді);

– электр энергиясын бірыңғай сатып алушының тиісті есептік кезең (күнтізбелік ай) үшін қызметін жүзеге асыруға байланысты нақты шығындары, ҚҚС-сыз, теңгемен;

; мұндағы

– Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 1 ақпандағы № 36 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №14778 болып тіркелген) бекітілген Қоғамдық маңызы бар нарықтарда баға белгілеу қағидаларына (бұдан әрі – Баға белгілеу қағидалары) сәйкес белгіленген электр энергиясын орталықтандырылған сатып алу және сату бағасы, теңгемен, 1 кВт*сағ;

–цифрлық майнинг бойынша қызметті жүзеге асыратын электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілерін, атаулы қолдау алушылар тізіміне енгізілген электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілерін қоспағанда, электр энергиясының көтерме сауда нарығының і-субъектісі тәуліктің тиісті сағатына электр энергиясын бірыңғай сатып алушыдан сатып алған электр энергиясының көлемі, теңгемен (бүтінге дейін дөңгелектенеді);

– Баға белгілеу қағидаларына сәйкес белгіленетін (жүзге дейін дөңгелектенеді), электр энергиясын орталықтандырылған сатып алу-сату бағасын қалыптастыру кезінде ескерілетін, электр энергиясын бірыңғай сатып алушының өз қызметін жүзеге асыруға байланысты нақты шығындары мен электр энергиясын бірыңғай сатып алушының өз қызметін күнтізбелік жылы жүзеге асыруына байланысты шығындарының айырмашылығы айырма күнтізбелік жылдың қорытындылары бойынша жылына бір рет мынадай формула бойынша есептеледі:

, мұндағы

– Баға белгілеу қағидаларына сәйкес белгіленген электр энергиясын орталықтандырылған сатып алу-сату бағасын қалыптастыру кезінде ескерілетін электр энергиясын бірыңғай сатып алушының күнтізбелік жылдағы қызметін жүзеге асыруға байланысты шығындары, теңгемен (жүзге дейін дөңгелектенеді);



– алдағы күнтізбелік жылда электр энергиясын бірыңғай сатып алушының Баға белгілеу қағидаларына сәйкес қалыптастырылған электр энергиясының бір киловатт-сағатына шаққандағы есебінен электр энергиясын орталықтандырылған сатып алу және сату жөніндегі қызметін жүзеге асыруға байланысты негізделген шығындары, теңгемен (онға дейін дөңгелектенеді);

– реттік нөмір 1-ден r-ге дейін өзгеретін i бойынша қосынды;

      r – тәуліктің тиісті сағатында электр энергиясын бірыңғай сатып алушыдан электр энергиясын сатып алған электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілерінің жалпы саны.


– есепті кезең (күнтізбелік ай) тәулігінің тиісті сағаты үшін жасыл тариф, теңге/кВт*сағ (жүзден біріне дейін дөңгелектенеді);

– жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын (қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды) i-інші энергия өндіруші ұйым электр энергиясын бірыңғай сатып алушымен жасалған электр энергиясын ұзақ мерзімді сатып алу-сату шарты шеңберінде тәуліктің осы сағатына электр энергиясын бірыңғай сатып алушыға сатқан электр энергиясының жоспарлы көлемі, кВт*сағ (бүтінге дейін дөңгелектенеді);

– жүйелік оператор бекіткен электр энергиясын өндіру-тұтынудың тиісті тәуліктік кестесіне енгізілген (түзетулерді ескере отырып) жасыл энергияның i-ші тұтынушысы электр энергиясын бірыңғай сатып алушыдан тәуліктің осы сағатына сатып алған электр энергиясының көлемі, кВт*сағ (бүтінге дейін дөңгелектенеді).

3-тарау. Электр энергиясын бірыңғай сатып алушының тәуліктің нақты сағатына электр энергиясын сатуға арналған нақты жасыл тарифін есептеу тәртібі

      4. Есептік кезең (күнтізбелік ай) тәулігінің тиісті сағаты үшін жасыл тарифтің нақты мәні мынадай формула бойынша айқындалады:




– есепті кезең (күнтізбелік ай) тәулігінің тиісті сағаты үшін жасыл тариф, теңгемен/кВт*сағ (он мыңға дейін дөңгелектенеді);

– қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратудыдан басқа жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын i энергия өндіруші ұйым электр энергиясын бірыңғай сатып алушымен және (немесе) қаржы-есеп айырысу орталығымен жасалған электр энергиясын сатып алу-сатудың ұзақ мерзімді шарты шеңберінде тәуліктің осы сағатына электр энергиясын бірыңғай сатып алушыға есептік кезеңде (күнтізбелік айда) сатқан электр энергиясының жоспарлы көлемі, кВт*сағ (бүтінге дейін дөңгелектенеді);

– Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 29 шілдедегі № 361 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14210 болып тіркелген) бекітілген Резервтік қорды қалыптастыру және пайдалану қағидаларына (бұдан әрі – Резервтік қор қағидалары) сәйкес айқындалатын электр энергиясын бірыңғай сатып алушының жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын және электр энергиясын қаржы-есеп айырысу орталығымен және (немесе) бірыңғай сатып алушымен жасалған, электр энергиясын сатып алу-сатудың ұзақ мерзімді шарты бар энергия өндіруші ұйымдардан электр энергиясын сатып алу үшін тиісті есептік кезең үшін резервтік қорды қалыптастыруға арналған жоспарлы шығындары, теңгемен, ҚҚС-сыз;

– электр энергиясын бірыңғай сатып алушымен жасалған жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын i-ші энергия өндіруші ұйымның электр энергиясын сатып алу-сату ұзақ мерзімді шартының бағасы, ҚҚС-сыз, теңгемен/кВт*сағ (жүзден біріне дейін дөңгелектенеді);

– қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратудыдан басқа жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын i-ші энергия өндіруші ұйым электр энергиясын бірыңғай сатып алушымен жасалған электр энергиясын сатып алу-сатудың ұзақ мерзімді шарты шеңберінде тәуліктің осы сағатына электр энергиясын бірыңғай сатып алушыға есептік кезеңде (күнтізбелік айда) сатқан электр энергиясының көлемі кВт*сағ (бүтінге дейін дөңгелектенеді);

– есеп айырысу-қаржы орталығымен жасалған жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын i-ші энергия өндіруші ұйымның электр энергиясын сатып алу-сатудың ұзақ мерзімді шартының бағасы, ҚҚС-сыз, теңгемен/кВт*сағ (жүзден біріне дейін дөңгелектенеді);

– қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратудыдан басқа, жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын i-ші энергия өндіруші ұйым электр энергиясын көтерме сауда нарығында өндірудің-тұтынудың нақты теңгеріміне сәйкес есеп айырысу-қаржы орталығымен жасалған электр энергиясын сатып алудың ұзақ мерзімді шарты шеңберінде есептік кезең (күнтізбелік ай) үшін электр энергиясын бірыңғай сатып алушыға сатқан электр энергиясының көлемі, кВт*сағ (бүтінге дейін дөңгелектенеді);

– электр энергиясын бірыңғай сатып алушының тиісті есептік кезең үшін (күнтізбелік ай) электр энергиясын өндіруді-тұтынуды теңгерімдеуді ұйымдастыру жөніндегі көрсетілетін қызметтерге нақты шығындары теңгемен, ҚҚС-сыз (жүзден біріне дейін дөңгелектенеді), мынадай формула бойынша айқындалады:

, мұндағы

– тиісті есептік кезең үшін (күнтізбелік ай) электр энергиясын өндіру-тұтынуды теңгерімдеуді ұйымдастыру жөніндегі көрсетілетін қызметтерге жүйелік оператордың тарифі, ҚҚС-сыз, теңгемен/кВт*сағ;

– тиісті есептік кезеңде (күнтізбелік айда) қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратудыдан басқа жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын және есеп айырысу-қаржы орталығымен және (немесе) электр энергиясын бірыңғай сатып алушымен жасалған электр энергиясын сатып алу-сатудың ұзақ мерзімді шарты бар энергия өндіруші ұйымдар (бүтінге дейін дөңгелектенеді) өндірген электр энергиясының нақты көлемі, кВт*сағ;

– электр энергиясының теңгерімдеуші нарығында (кірістерді шегергенде), тиісті есеп айырысу кезеңі (күнтізбелік ай) үшін (қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратудыдан басқа) жұмсалған электр энергиясын бірыңғай сатып алушының нақты шығындары, ҚҚС-сыз, теңгемен (жүзден біріне дейін дөңгелектенеді);

– электр энергиясын бірыңғай сатып алушының өз қызметін тиісті есептік кезеңде (күнтізбелік айға) жүзеге асыруына байланысты нақты шығындары, ҚҚС-сыз, теңгемен;

; мұндағы

– Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 1 ақпандағы № 36 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14778 болып тіркелген) бекітілген Қоғамдық маңызы бар нарықтарда баға белгілеу қағидаларына (бұдан әрі – Баға белгілеу қағидалары) сәйкес белгіленген электр энергиясын орталықтандырылған сатып алу және сату бағасы, 1 кВтсағ-қа теңгемен;

– цифрлық майнинг бойынша қызметті жүзеге асыратын электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілерін, атаулы қолдауды алушылар тізіміне енгізілген электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілерін қоспағанда, электр энергиясының көтерме сауда нарығының i-ші субъектісі электр энергиясын бірыңғай сатып алушыдан тәуліктің тиісті сағатында сатып алған электр энергиясының көлемі теңге (бүтінге дейін дөңгелектенеді);

– электр энергиясын бірыңғай сатып алушының өз қызметін жүзеге асыруға байланысты нақты шығындарының баға белгілеу қағидаларына сәйкес теңгемен (жүзден біріне дейін дөңгелектенеді) электр энергиясын бірыңғай сатып алушының электр энергиясын орталықтандырылған сатып алу және сату қызметін жүзеге асыруға байланысты нақты шығындарының айырмашылығы, күнтізбелік жылдың қорытындысы бойынша жылына бір рет келесі формаула бойынша есептеледі:

, мұндағы

– Баға белгілеу қағидаларына сәйкес белгіленетін электр энергиясын орталықтандырылған сатып алу және сату бағасын қалыптастыру кезінде ескерілген, электр энергиясын бірыңғай сатып алушының күнтізбелік жылы өз қызметін жүзеге асыруға байланысты шығындары, теңгемен (жүзден біріне дейін дөңгелектенеді);



– Баға белгілеу қағидаларына сәйкес қалыптастырылған электр энергиясының бір киловатт-сағатына шаққандағы есебінен алдағы күнтізбелік жылы электр энергиясын бірыңғай сатып алушының электр энергиясын орталықтандырылған сатып алу және сату жөніндегі қызметін жүзеге асыруға байланысты негізделген шығындары теңгемен (оннан онға дейін дөңгелектенеді);

– i бойынша қосынды;

      i – 1-ден r-ге дейін өзгеретін реттік нөмір;

      r – электр энергиясын бірыңғай сатып алушыдан тәуліктің тиісті сағатында электр энергиясын сатып алған электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілерінің жалпы саны.

      5. Жаңартылатын энергия көздерін қолдау шығындары мыналарды қамтиды:

      1) Заңның 1-бабының 6) тармақшасына сәйкес жасыл энергияны тұтынушыларға кететін шығындарды шегергендегі электр энергиясын бірыңғай сатып алушының жаңартылатын энергия көздерін пайдалану және қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектілері өндірген электр энергиясын сатып алуға арналған шығындары;

      2) электр энергиясын өндіру-тұтынуды теңгерімдеуді ұйымдастыру жөніндегі көрсетілетін қызметтерге арналған шығындар, электр энергиясының теңгерімдеуші нарығында жұмсалған шығындар (кірістерді шегергенде);

      3) Резервтік қор Қағидаларда белгіленген тәртіппен айқындалатын резервтік қорды қалыптастыруға арналған шығындар;

      4) Электр энергиясын бірыңғай сатып алушының Баға белгілеу қағидаларында белгіленген тәртіппен айқындалатын операциялық шығындары;

      5) Электр энергиясын бірыңғай сатып алушының электр энергиясының теңгерімдеуші нарығында шеккен шығындары (кірістерді шегергенде).

      6. Электр энергиясын бірыңғай сатып алушының операциялық шығындары жыл сайын Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 1 ақпандағы № 36 Қоғамдық маңызы бар нарықтарда баға белгілеу қағидалары бұйрығына сәйкес есептеледі және бекітіледі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14778 болып тіркелген).

  Жаңартылатын энергия көздерін
қолдауға арналған тарифті
айқындау қағидаларына
қосымша

      1-нысан

      202__ жылға арналған _____________________________________________________________ электр

      (Энергия өндіруші ұйымның және заңды тұлғаның атауы) энергиясын өндірудің, желілерге жіберудің болжамды көлемдері

Р/c

ЭӨҰ атауы

қаңтар

ақпан

наурыз

сәуір

мамыр

маусым

шілде

тамыз

қыркүйек

қазан

қараша

желтоқсан

Жыл

1






























Барлығы:














      Бірінші басшы _________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы)

      2-нысан

      202__ жылға арналған ________________________________________________________ электр тұтынушылар болып табылатын электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілерін қоспағанда, электр энергиясын тұтынушының атауы) электр энергиясын тұтынудың болжамды көлемдері

Р/с

Тұтынушының атауы

қаңтар

ақпан

наурыз

сәуір

мамыр

маусым

шілде

тамыз

қыркүйек

қазан

қараша

желтоқсан

Жыл

1















      Бірінші басшы _________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы)

      3-нысан

      202___ жылға арналған

      (Тікелей тұтынушы болып табылатын шартты тұтынушының атауы)

      электр энергиясын тұтынудың болжамды көлемдері

Р/с

Тікелей тұтынушы болып табылатын шартты тұтынушының атауы

Электр энергиясын тұтынудың болжамды көлемдері

қаңтар

ақпан

наурыз

сәуір

мамыр

маусым

шілде

тамыз

қыркүйек

қазан

қараша

желтоқсан

Жыл

1
















ЭӨҰ атауы

Электр энергиясын желілерге жіберудің болжамды көлемдері


қаңтар

ақпан

наурыз

сәуір

мамыр

маусым

шілде

тамыз

қыркүйек

қазан

қараша

желтоқсан

Жыл
































Тұтынушының атауы

ЭӨҰ–нан электр энергиясын тұтынудың болжамды көлемдері

қаңтар

ақпан

наурыз

сәуір

мамыр

маусым

шілде

тамыз

қыркүйек

қазан

қараша

желтоқсан

Жыл

1






























Жиыны:














      Электр энергиясын тікелей тұтынушы болып табылатын шартты тұтынушының бірінші басшысы ___________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы)

      Энергия өндіруші ұйымныңбірінші басшысы ________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы)

      4-нысан

      202__ жылға арналған ________________________ (Өндірістік кешен болып табылатын шартты тұтынушының атауы) электр энергиясын тұтынудың болжамды көлемдері

Р/с№

Өндірістік кешен болып табылатын шартты тұтынушының атауы

Электр энергиясын тұтынудың болжамды көлемдері

қаңтар

ақпан

наурыз

сәуір

мамыр

маусым

шілде

тамыз

қыркүйек

қазан

қараша

желтоқсан

Жыл

1

















Электр энергиясын желілерге жіберудің болжамды көлемдері



қаңтар

ақпан

наурыз

сәуір

мамыр

маусым

шілде

тамыз

қыркүйек

қазан

қараша

желтоқсан

Жыл

1















      Өндірістік кешен болып табылатын шартты тұтынушының бірінші басшысы

      _________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы)

      5-нысан

      202__ жылға арналған электр _________________________________

      (Басым тұтынушы болып табылатын шартты тұтынушының атауы) энергиясын тұтынудың болжамды көлемдері

Р/н№

Басым тұтынушы болып табылатын шартты тұтынушының атауы

Электр энергиясын тұтынудың болжамды көлемдері

қаңтар

ақпан

наурыз

сәуір

мамыр

маусым

шілде

тамыз

қыркүйек

қазан

қараша

желтоқсан

Жыл















ЭӨҰ атауы

Электр энергиясын өндірудің болжамды көлемдері

қаңтар

ақпан

наурыз

сәуір

мамыр

маусым

шілде

тамыз

қыркүйек

қазан

қараша

желтоқсан

Жыл

1































ЖЭК объектісінің атауы

Электр энергиясын желілерге жіберудің болжамды көлемдері


қаңтар

ақпан

наурыз

сәуір

мамыр

маусым

шілде

тамыз

қыркүйек

қазан

қараша

желтоқсан

Жыл

 
1































Тұтынушының атауы

ЭӨҰ–дан электр энергиясын тұтынудың болжамды көлемдері



қаңтар

ақпан

наурыз

сәуір

мамыр

маусым

шілде

тамыз

қыркүйек

қазан

қараша

желтоқсан

Жыл

1






























Жиыны:














      Басым тұтынушы болып табылатын шартты тұтынушысының бірінші басшысы

      ________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы)

      Энергия өндіруші ұйымның бірінші басшысы ________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы)

      ЖЭК пайдаланатын энергия өндіруші ұйымның бірінші басшысы

      ______________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы)


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады