РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына, "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6-бабы 4-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, Көкшетау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса берілген 2016 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары А.Б. Әміреноваға жүктелсін.
3. Осы қаулы 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.
4. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі | Е.Маржықпаев |
Көкшетау қаласы әкімдігінің 2016 жылғы "27" маусымдағы № А-6/1502 қаулысымен бекітілген |
2016 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Ақмола облысы Көкшетау қаласы әкімдігінің 09.12.2016 № А-12/2977 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Елді мекеннің атауы | Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарындағы тәрбиеленушілердің саны | Мектепке дейінгі ұйымдардағы жан басына шаққандағы бір айға қаржыландыру мөлшері (теңге) | ||||||
Балабақша | Күндіз толық қатынайтын шағын орталық | Балабақша | Күндіз толық қатынайтын шағын орталық | |||||
Мемлекеттік | Жеке меншік | Мемлекеттік | Жеке меншік | Мемлекеттік | Жеке меншік | Мемлекеттік | Жеке меншік | |
Көкшетау қаласы | 2224 | 1005 | 180 | 0 | 25 481 | 25 481 | 18 532,9 | 0 |
Айына бір тәрбиеленушіге жұмсалатын шығындардың орташа құны (теңге) | Мектепке дейінгі ұйымдардағы ата-аналардың бір айлық төлемінің мөлшері (теңге) | ||||||
Балабақша | Күндіз толық қатынайтын шағын орталық | Балабақша | Күндіз толық қатынайтын шағын орталық | ||||
Мемлекеттік | Жеке меншік | Мемлекеттік | Жеке меншік | Мемлекеттік | Жеке мешік | Мемлекеттік | Жеке меншік |
25 481 | 25 481 | 18 532,9 | 0 | 10391,4 | 17697,4 | 10391,4 | 0 |