2016 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы

Жаңартылған

Ақмола облысы Көкшетау қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 27 маусымдағы № А-6/1502 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 28 шілдеде № 5481 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына, "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6-бабы 4-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, Көкшетау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса берілген 2016 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары А.Б. Әміреноваға жүктелсін.
      3. Осы қаулы 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.
      4. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі Е.Маржықпаев

  Көкшетау қаласы әкімдігінің
2016 жылғы "27" маусымдағы
№ А-6/1502 қаулысымен
бекітілген

2016 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Ақмола облысы Көкшетау қаласы әкімдігінің 09.12.2016 № А-12/2977 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Елді мекеннің атауы

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарындағы тәрбиеленушілердің саны

Мектепке дейінгі ұйымдардағы жан басына шаққандағы бір айға қаржыландыру мөлшері (теңге)

Балабақша

Күндіз толық қатынайтын шағын орталық

Балабақша

Күндіз толық қатынайтын шағын орталық

Мемлекеттік

Жеке меншік

Мемлекеттік

Жеке меншік

Мемлекеттік

Жеке меншік

Мемлекеттік

Жеке меншік

Көкшетау қаласы

2224

1005

180

0

25 481

25 481

18 532,9

0

      кестенің жалғасы

Айына бір тәрбиеленушіге жұмсалатын шығындардың орташа құны (теңге)

Мектепке дейінгі ұйымдардағы ата-аналардың бір айлық төлемінің мөлшері (теңге)

Балабақша

Күндіз толық қатынайтын шағын орталық

Балабақша

Күндіз толық қатынайтын шағын орталық

Мемлекеттік

Жеке меншік

Мемлекеттік

Жеке меншік

Мемлекеттік

Жеке мешік

Мемлекеттік

Жеке меншік

25 481

25 481

18 532,9

0

10391,4

17697,4

10391,4

0


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады