Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Ақкөл аудандық мәслихатының 06.04.2018 № С 20-2 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Ақкөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Ақкөл ауданы мәслихатының "Ақкөл ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" 2013 жылғы 21 тамыздағы № С 23-3 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3805 тіркелген, 2013 жылғы 20 қыркүйекте аудандық "Ақкөл өмірі" және "Знамя Родины KZ" газеттерінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
Ақкөл ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларындағы:
2 тармақтың 8) тармақшасы жаңа редакцияда баяндалсын:
"8) уәкілетті ұйым – "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Ақмола облысы бойынша филиалы - "Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы" департаменті;";
21 тармақ – алып тасталынсын.
2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ақкөл аудандық мәслихат сессиясының төрайымы |
А.Мананбаева |
Ақкөл аудандық мәслихаты хатшысының м.а. |
А.Мананбаева |
"КЕЛІСІЛДІ"
Ақкөл ауданының әкімі | Т.Қ. Едігенов |
27 мамыр 2016 жыл