Ақкөл ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Ақкөл аудандық мәслихатының 2018 жылғы 6 сәуірдегі № С 20-2 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 25 сәуірде № 6583 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Ақкөл аудандық мәслихатының 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № С 64-2 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Ақкөл аудандық мәслихатының 24.12.2020 № С 64-2 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Ақкөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қоса көрсетіліп отырған Ақкөл ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары бекітілсін.

      2. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Ақкөл аудандық мәслихаттың кейбір шешімдері жойылсын.

      3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақкөл аудандық
мәслихат сессиясының
төрағасы
Ө.Бертлеуов
      Ақкөл аудандық
мәслихатының хатшысы
Ж.Салыбекова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Аудан әкімінің м.а. В.В.Елисеев

      6 сәуір 2018 жыл

  Ақкөл аудандық мәслихатының
2018 жылғы 6 сәуірдегі
№ С 20 - 2 шешімімен
бекітілді

Ақкөл ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары

      1. Беріліп отырған Ақкөл ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары (бұдан әрі – қағидалар) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) негізінде әзірленді және Ақкөл ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың тәртібін белгілейді.

1. Жалпы ережелер

      2. Осы қағидаларда пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:

      1) атаулы күндер - жалпы халықтық тарихи, рухани, мәдени маңызы бар және Қазақстан Республикасы тарихының барысына ықпал еткен оқиғалар;

      2) арнайы комиссия - өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша аудан әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;

      3) ең төмен күнкөріс деңгейі – Ақмола облысының статистикалық органы есептейтін мөлшері бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға қажетті ең төмен ақшалай кіріс;

      4) мереке күндері - Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;

      5) отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы - отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі;

      6) өмірлік қиын жағдай - азаматтың тыныс-тіршілігін объективті түрде бұзатын, ол оны өз бетінше еңсере алмайтын ахуал;

      7) уәкілетті орган – "Ақкөл аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі;

      8) учаскелік комиссия - әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген отбасылардың (азаматтардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу және қорытындылар дайындау үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімдерінің шешімімен құрылатын комиссия;

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - Ақмола облысы Ақкөл аудандық мәслихатының 19.07.2019 № С 42-1 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      3. Осы қағидалар Ақкөл ауданының аумағында тұрақты тұратын тұлғаларға таралады.

      4. Осы қағидалардың мақсаттары үшін әлеуметтік көмек ретінде уәкілетті орган мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі - алушылар) өмірлік қиын жағдай туындаған жағдайда, сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндеріне ақшалай немесе заттай нысанда көрсететін көмек түсіндіріледі.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Ақкөл аудандық мәслихатының 19.07.2019 № С 42-1 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      5. "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" 1995 жылғы 28 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабында және "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" 2005 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабында көрсетілген адамдарға әлеуметтік көмек осы Үлгілік қағидаларда көзделген тәртіппен көрсетіледі.

      6. Әлеуметтік көмек екінші дәрежелі банктер немесе сәйкес келетін банктік операциялар жасауға лицензиялары бар ұйымдармен ақшалай түрде, алушылардың есеп шоттарына аудару арқылы ұсынылады.

      7. Әлеуметтік көмек көрсетілетін атаулы және мереке күндерінің тізілімдемесі:

      1) Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күні – 15 ақпан;

      2) Жеңіс күні – 9 мамыр;

      3) Қарттар күні – 1 қазан;

      4) Мүгедектер күні – қазан айының екінші жексенбісі.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Ақкөл аудандық мәслихатының 19.07.2019 № С 42-1 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

2. Санаттар тізбесі және әлеуметтік көмектің мөлшерлері

      8. Әлеуметтік көмек алушылардың келесі санаттарына беріледі:

      Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне;

      Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген тұлғаларға;

      Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестірілген тұлғаларға;

      Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген тұлғалардың басқа да санаттарына;

      барлық санаттағы мүгедектерге;

      табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан отбасына (азаматқа) зиян келтірілген жағдайда әлеуметтік мәні бар аурулармен ауыратын тұлғаларға (туберкулезбен, онкологиялық аурулармен және АИВ жұқтырылғандар);

      ауылдық елді мекендерде тұратын аз қамтылған және көп балалы отбасылардың колледждерде ақы төлеу негізінде күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын студенттерге;

      жан басына шаққандағы орташа табысы күнкөріс деңгейінен төмен болған жағдайда отбасыларға (азаматтарға);

      аз қамтылған, көпбалалы және халықтың әлеуметтік тұрғыдан әлсіз топтарынан (отбасылар) қатарынан, жоғарғы медициналық оқу мекемелерінде оқитын студенттерге;

      Ауғанстанда қызметін өтеген, қайтыс болған интернационалист-жауынгерлер отбасыларына;

      бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтарға;

      Ауғанстандағы ұрыс қимылдарының қатысушыларына;

      көпбалалы аналарға және олардың 18 жасқа дейінгі балаларына;

      табысы күнкөріс деңгейінен аспайтын көпбалалы отбасыларға.

      Бұл ретте азаматтарды өмірлік қиын жағдай туындаған кезде мұқтаждар санатына жатқызу үшін мыналар:

      1) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негіздемелер;

      2) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан отбасына (азаматқа) не оның мүлкіне зиян келтіру;

      3) әлеуметтік мәні бар аурулардың болуы;

      4) ең төмен күнкөріс деңгейіне еселік қатынаста белгілейтін шектен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың бар болуы;

      5) аз қамтылған және көп балалы отбасы.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Ақкөл аудандық мәслихатының 19.07.2019 № С 42-1 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      9. Әлеуметтік көмек келесілерге көрсетіледі:

      1) 15 ақпан – Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығару күніне:

      Ауғанстандағы ұрыс қимылдарының қатысушыларына;

      2) 9 мамыр - Жеңіс Күніне:

      Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне;

      Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген тұлғаларға;

      Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестірілген тұлғаларға;

      Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген тұлғалардың басқа да санаттарына;

      3) Мүгедектер күніне:

      барлық санаттағы мүгедектерге.

      4) біржолғы көмек өмірлік қиын жағдайда отбасыларға (азаматтарға) үш айдан кешіктірмей өтініш берген отбасыларға, отбасы (азаматтың) кірісіне қарамастан:

      табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан отбасына (азаматқа) зиян келтірілген жағдайда "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар Министрлігі Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаменті Ақкөл ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің анықтамасы негізінде, елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      әлеуметтік мәні бар аурулармен ауыратын тұлғаларға (туберкулезбен, онкологиялық аурулармен ауыратын және АИТВ жұқтырғандарға) денсаулық сақтау органдарында тіркеуде тұратыны туралы медициналық мекеменің дәлелдемесі негізінде жылына бір рет он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      5) ауылдық елді мекендерде тұратын аз қамтылған және көп балалы отбасылардың колледждерде ақы төлеу негізінде күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын студенттеріне оқуын төлеуге арналған біржолғы көмек білім беру мекемесімен жасасқан келісім шарттың нотариалды куәландырылған көшірмесі, оқу орнынан берілген анықтаманың және көп балалы отбасы санатын растайтын анықтаманың немесе өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға жататынын растайтын анықтама негізінде жылына бір рет оқу құнының 100 (жүз) пайыз мөлшерінде;

      жоғарғы медициналық оқу мекемелерінде оқитын студенттерге оқуды аяқтағаннан кейін Ақкөл ауданында бес жыл мерзімінде жұмыспен өтеу есебімен. Төлем оқу орнымен нотариалды расталған келісім-шарттың көшірмесі, Ақкөл ауданының әкімі, студент және мемлекеттік медициналық мекемелер арасындағы жұмысқа орналастыру туралы келісім-шарт, оқу орнынан анықтама және облыстық бюджеттен бөлінетін нысаналы трансферттер есебінен атаулы әлеуметтік көмек алушыларға өтініш берушінің (отбасының) тиесілігін растайтын анықтама негізінде жүргізіледі;

      6) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген тұлғаларға және Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестірілген тұлғаларға, Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген тұлғалардың басқа да санаттарына, тылда 1941 жылғы 22 маусымы мен 1945 жылғы 9 мамырына дейінгі мерзім ішінде белгіленген жұмыс өтілі 6 айдан кем емес еңбек еткен тұлғаларға және еңбек ардагерлеріне, "Ветеран труда" немесе "Еңбек ардагері" медальдарымен марапатталғаны туралы растау құжаттарының негізінде, үш жылда бір рет санаторлық-курорттық жолдама құнының 50 (елу) пайызы өтеледі;

      7) коммуналдық қызмет шығындары өтініш берусіз уәкілетті ұйыммен ұсынылған тізімдерінің негізінде:

      Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне ай сайын 100 пайыз мөлшерінде:

      сумен, газбен, жылумен, электр қуатымен қамтамасыз ету, канализация, қоқыстарды жою қызметтерін көрсеткендері үшін, телефон байланысы қызметтері үшін абоненттік төлемақылары үшін қызмет көрсетушілері берген тізілімдеріне сай алушының өтініші бойынша қызмет көрсетушілердің шотына немесе алушылардың шотына.

      Әлеуметтік көмекті алушының қалауы бойынша көмірге жұмсалған шығындар жылу беру мерзімінде Ұлы Отан соғысы қатысушының немесе мүгедектің нақты тұрып жатқан жері бойынша тұрғын үйдің алып жатқан алаңына сай 1 шаршы метр алаңын жылытуға қажетті көмірдің шығынын есептегенде тұрғын үй ғимараттарының 1-2 қабатты құрылыстары үшін облыстық статистика басқармасының мәліметтері бойынша өткен тоқсандағы көмірдің орташаландырылған бағасы бойынша 161 кг мөлшерінде алушылардың жеке шотына немесе отынды сатып алғаны жөнінде ұсынылған түбіртектеріне сай өтеледі;

      8) жан басына шаққандағы табысы күнкөріс деңгейінен төмен болған жағдайда отбасыларға (азаматтарға) жылына бір рет, он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде:

      кәмелеттік жасқа толмаған балаларды жерлеуге қайтыс болған баланың қайтыс болуы туралы анықтамасының негізінде;

      9) Ауғанстанда қызметін өтеген, қайтыс болған интернационалист-жауынгерлерді жерлеуге отбасыларына он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      10) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінің есебінде табылған азаматтарға, заңнамада көрсетілген өмірлік қиын жағдай туындаған кезде он бес айлық есептік көрсеткіші мөлшерінде;

      11) бірге тұратын, ортақ шаруашылықты жүргізетін, 4 және одан да көп кәмелетке толмаған балалары бар көпбалалы отбасыларға он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде бір жолғы көмек;

      12) көпбалалы аналарға және олардың 18 жасқа дейінгі балаларына заттай түрінде тоқсан сайынғы көмек (тоқсанына 1 адамға 126 дана мөлшерінде жол жүру талондары).

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Ақкөл аудандық мәслихатының 19.07.2019 № С 42-1 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      10. Алушылардың жекелеген санаттары үшiн атаулы күндер мен мереке күндерiне әлеуметтiк көмектiң мөлшерi облыстық жергілікті атқарушы органның келiсiмi бойынша бiрыңғай мөлшерде белгiленедi.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Ақкөл аудандық мәслихатының 19.07.2019 № С 42-1 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

3. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі

      11. Атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмек алушылардан өтініштер талап етілмей уәкілетті ұйымның не өзге де ұйымдардың ұсынымы бойынша жергілікті атқарушы орган бекітетін тізім бойынша көрсетіледі.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Ақкөл аудандық мәслихатының 19.07.2019 № С 42-1 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      12. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан уәкілетті органға немесе қала, ауыл, ауылдық округтің әкіміне өтінішке қоса мынадай:

      1) жеке басын куәландыратын құжатты;

      2) тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжатты;

      3) бекітілген нысанға сәйкес отбасының (азаматтың) құрамы туралы мәліметтерді;

      4) отбасы мүшелерінің (азаматтың) табыстары туралы мәліметтерді;

      5) өмірлік қиын жағдайдың туындағанын растайтын актіні және/немесе құжатты ұсынады.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Ақкөл аудандық мәслихатының 19.07.2019 № С 42-1 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      13. Құжаттар салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларда және көшірмелерде ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.

      14. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш келіп түскен кезде уәкілетті орган немесе қала, ауыл, ауылдық округтің әкімі бір жұмыс күні ішінде өтініш берушінің құжаттарын отбасының (азаматтың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу үшін учаскелік комиссияға жібереді.

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Ақкөл аудандық мәслихатының 19.07.2019 № С 42-1 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      15. Учаскелік комиссия құжаттарды алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өтініш берушіге тексеру жүргізеді, оның нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысымен бекітілген, әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Үлгілік қағидаларының 2, 3-қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша отбасының (азаматтың) материалдық жағдайы туралы акті жасайды, отбасының (азаматтың) әлеуметтік көмекке мұқтаждығы туралы қорытынды дайындайды және оларды уәкілетті органға немесе ауыл, ауылдық округ әкіміне жібереді.

      Қала, ауыл, ауылдық округ әкімі учаскелік комиссияның актісі мен қорытындысын алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оларды қоса берілген құжаттармен уәкілетті органға жібереді.

      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Ақкөл аудандық мәслихатының 19.07.2019 № С 42-1 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      16. Әлеуметтік көмек көрсету үшін құжаттар жетіспеген жағдайда уәкілетті орган әлеуметтік көмек көрсетуге ұсынылған құжаттарды қарау үшін қажетті мәліметтерді тиісті органдардан сұратады.

      17. Өтініш берушінің қажетті құжаттарды олардың бүлінуіне, жоғалуына байланысты ұсынуға мүмкіндігі болмаған жағдайда уәкілетті орган тиісті мәліметтерді қамтитын өзге уәкілетті органдар мен ұйымдардың деректері негізінде әлеуметтік көмек тағайындау туралы шешім қабылдайды.

      18. Уәкілетті орган учаскелік комиссиядан немесе қала, ауыл, ауылдық округ әкімінен құжаттар келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысын есептеуді жүргізеді және құжаттардың толық пакетін арнайы комиссияның қарауына ұсынады.

      Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Ақкөл аудандық мәслихатының 19.07.2019 № С 42-1 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      19. Арнайы комиссия құжаттар келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарады, оң қорытынды болған кезде әлеуметтік көмектің мөлшерін көрсетеді.

      20. Уәкілетті орган өтініш берушінің әлеуметтік көмек алуға қажетті құжаттарын тіркеген күннен бастап сегіз жұмыс күні ішінде қабылданған құжаттар мен арнайы комиссияның әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындысының негізінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      Осы қағидалардың 15 және 16-тармақтарында көрсетілген жағдайларда уәкілетті орган өтініш берушіден немесе қала, ауыл, ауылдық округтің әкімінен құжаттарды қабылдаған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Ақкөл аудандық мәслихатының 19.07.2019 № С 42-1 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      21. Уәкілетті орган шешім қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қабылданған шешім туралы (бас тартқан жағдайда - негіздемесін көрсете отырып) өтініш берушіні жазбаша хабардар етеді.

      22. Әлеуметтік көмек көрсетуден келесі жағдайларда бас тартылады:

      1) өтініш беруші ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталғанда;

      2) өтініш беруші адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізуден бас тартқанда, жалтарғанда;

      3) адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы әлеуметтік көмек көрсету үшін жергілікті өкілді органдар белгілеген шектен артқан жағдайларда жүзеге асырылады.

      23. Әлеуметтік көмек ұсынуға шығыстарды қаржыландыру Ақкөл ауданының бюджетінде көзделген ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегінде жүзеге асырылады.

4. Көрсетілетін әлеуметтік көмекті тоқтату және қайтару үшін негіздемелер

      24. Әлеуметтік көмек:

      1) алушы қайтыс болғанда;

      2) алушы Ақкөл ауданының шегінен тыс тұрақты тұруға кеткенде;

      3) алушыны мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерге тұруға жібергенде;

      4) алушы ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған жағдайларда тоқтатылады.

      Әлеуметтік көмекті төлеу көрсетілген жағдаяттар туындаған айдан бастап тоқтатылады.

      25. Артық төленген сомалар ерікті немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзгеше тәртіппен қайтаруға жатады.

5. Қорытынды ереже

      26. Әлеуметтік көмек көрсету мониторингі мен есепке алуды уәкілетті орган "Е-собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқорын пайдалана отырып жүргізеді.

 
  Ақкөл аудандық мәслихатының
2018 жылғы 6 сәуірдегі
№ С 20 - 2 шешіміне
қосымша

Ақкөл аудандық мәслихатының күші жойылды деп танылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. "Ақкөл ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" Ақкөл аудандық мәслихатының 2013 жылғы 21 тамыздағы № С 23-3 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3805 болып тіркелген, 2013 жылғы 17 қыркүйекте "Знамя Родины KZ", "Ақкөл өмірі" аудандық газеттерінде жарияланған).

      2. "Ақкөл ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" Ақкөл аудандық мәслихатының 2013 жылғы 21 тамыздағы № 23-3 шешіміне толықтырулар мен өзгеріс енгізу туралы" Ақкөл аудандық мәслихатының 2014 жылғы 21 тамыздағы № С 39-6 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4351 болып тіркелген, 2014 жылғы 26 қыркүйекте "Знамя Родины KZ", "Ақкөл өмірі" аудандық газеттерінде жарияланған).

      3. "Ақкөл ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" Ақкөл аудандық мәслихатының 2013 жылғы 21 тамыздағы № 23-3 шешіміне толықтырулар мен өзгеріс енгізу туралы" Ақкөл аудандық мәслихатының 2015 жылғы 1 шілдедегі № С 48-3 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4898 болып тіркелген, 2015 жылғы 31 шілдеде "Знамя Родины KZ", "Ақкөл өмірі" аудандық газеттерінде жарияланған).

      4. "Ақкөл ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" Ақкөл аудандық мәслихатының 2013 жылғы 21 тамыздағы № 23-3 шешіміне толықтырулар мен өзгеріс енгізу туралы" Ақкөл аудандық мәслихатының 2016 жылғы 27 мамырдағы № С 4-1 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5426 болып тіркелген, 2016 жылғы 1 шілдеде "Знамя Родины KZ", "Ақкөл өмірі" аудандық газеттерінде жарияланған).

      5. "Ақкөл ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" Ақкөл аудандық мәслихатының 2013 жылғы 21 тамыздағы № 23-3 шешіміне толықтырулар мен өзгеріс енгізу туралы" Ақкөл аудандық мәслихатының 2017 жылғы 28 наурыздағы № С 10-4 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5890 болып тіркелген, 2017 жылғы 28 сәуірде "Знамя Родины KZ", "Ақкөл өмірі" аудандық газеттерінде жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады