Ақкөл ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Ақкөл аудандық мәслихатының 2013 жылғы 21 тамыздағы № С 23-3 шешімі. Ақмола облысының Әділет Департаментінде 2013 жылғы 17 қыркүйекте № 3805 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Ақкөл аудандық мәслихатының 2018 жылғы 6 сәуірдегі № С 20-2 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Ақкөл аудандық мәслихатының 06.04.2018 № С 20-2 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабының 2-3 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысымен бекітілген әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Үлгілік қағидаларына сәйкес, Ақкөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Қоса көрсетіліп отырған Ақкөл ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидалары бекітілсін.

      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақкөл аудандық мәслихат
сессиясының төрайымы
Н.Мизина
      Ақкөл аудандық
мәслихаттың хатшысы
Ж.Салыбекова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Ақкөл ауданының әкімі Т.Едігенов

  Ақкөл аудандық мәслихаттың
2013 жылғы 21 тамыздағы
№ С 23-3 шешімімен
БЕКІТІЛГЕН

Ақкөл ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің,
оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың
жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары

      1. Осы Ақкөл ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабы 2-3 тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысымен бекітілген, әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Үлгілік қағидаларына (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) сәйкес әзірленді.

1. Жалпы ережелер

      2. Осы қағидаларда пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:

      1) атаулы күндер - жалпы халықтық тарихи, рухани, мәдени маңызы бар және Қазақстан Республикасы тарихының барысына ықпал еткен оқиғалар;

      2) арнайы комиссия - өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша аудан әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;

      3) ең төмен күнкөріс деңгейі – Ақмола облысының статистикалық органдар есептейтін мөлшері бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға қажетті ең төмен ақшалай кіріс;

      4) мереке күндері - Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;

      5) отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы - отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі;

      6) өмірлік қиын жағдай - азаматтың тыныс-тіршілігін объективті түрде бұзатын, ол оны өз бетінше еңсере алмайтын ахуал;

      7) уәкілетті орган – "Ақкөл аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі;

      8) уәкілетті ұйым - "Азаматтарға арналған үкімет" мемелекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Ақмола облысы бойынша филиалы – "Әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталығы" департаментінің Ақкөл аудандық бөлімшесі;

      9) учаскелік комиссия - әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу және қорытындылар дайындау үшін аудан әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;

      10) шекті шама – әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгерістер енгізілді - Ақмола облысы Ақкөл аудандық мәслихатының 27.05.2016 № С 4-1 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 28.03.2017 № С 10-4 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.

      3. Осы Қағидалар Ақкөл ауданының аумағында тұрақты тұратын тұлғаларға таралады.

      4. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін әлеуметтік көмек ретінде уәкілетті орган мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі - алушылар) өмірлік қиын жағдай туындаған жағдайда, сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндеріне ақшалай нысанда көрсететін көмек түсіндіріледі.

      5. "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" 1995 жылғы 28 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабында және "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" 2005 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабында көрсетілген адамдарға әлеуметтік көмек осы Үлгілік қағидаларда көзделген тәртіппен көрсетіледі.

      6. Әлеуметтік көмек екінші дәрежелі банктер немесе сәйкес келетін банктік операциялар жасауға лицензиялары бар ұйымдармен ақшалай түрде, алушылардың есеп шоттарына аудару арқылы ұсынылады.

      7. Әлеуметтік көмек көрсетілетін атаулы және мереке күндерінің тізілімдемесі:

      1) Жеңіс күні – 9 мамыр;

      2) Қарт адамдар күні – 1 қазан;

      3) Мүгедектер күні – қазан айының екінші жексенбісі.

2. Санаттар тізбесі және әлеуметтік көмектің мөлшерлері

      8. Әлеуметтік көмек алушылардың келесі санаттарына беріледі:

      Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне;

      Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген тұлғаларға;

      Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестірілген тұлғаларға;

      Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген тұлғалардың басқа да санаттарына;

      ең төмен зейнетақыны алатын зейнеткерлерге және жасы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыны алатын тұлғаларға;

      барлық санаттағы мүгедектерге;

      әлеуметтік мәні бар аурулармен ауыратын тұлғаларға (туберкулезбен, онкологиялық аурулармен және АИВ жұқтырылғандар);

      селолық елді мекендерде тұратын аз қамтылған және көп балалы отбасылардың колледждерде ақы төлеу негізінде күндізгі оқу формасы бойынша оқитын студенттеріне;

      жан басына шаққандағы табысы күнкөріс деңгейінен төмен болған жағдайда отбасыларға (азаматтарға);

      аз қамтылған, халықтың (отбасылардың) әлеуметтік-әлсіз тобына жататын, жоғарғы медициналық оқу мекемелерінде оқитын студенттеріне;

      Бұл ретте азаматтарды өмірлік қиын жағдай туындаған кезде мұқтаждар санатына жатқызу үшін мыналар:

      1) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негіздемелер;

      2) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтіру;

      3) әлеуметтік мәні бар аурулардың болуы;

      4) жергілікті өкілді органдар ең төмен күнкөріс деңгейіне еселік қатынаста белгілейтін шектен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың бар болуы;

      5) аз қамтылған және көп балалы отбасы.

      Ескерту. 8-тармаққа өзгеріс енгізілді - Ақмола облысы Ақкөл аудандық мәслихатының 01.07.2015 № С 48-3 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      9. Әлеуметтік көмек келесілерге көрсетіледі:

      1) 9 мамыр - Жеңіс Күніне:

      Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне;

      Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген тұлғаларға;

      Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестірілген тұлғаларға;

      Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген тұлғалардың басқа да санаттарына;

      Қарт адамдар күніне:

      ең төменгі зейнетақыны алатын зейнеткерлерге және жасы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыны алатын тұлғаларға;

      Мүгедектер күніне:

      барлық санаттағы мүгедектерге.

      2) біржолғы көмек өмірлік қиын жағдайда отбасыларға (азаматтарға) болған оқиғадан кейін үш айдан кешіктірмей өтініш берген отбасыларға:

      отбасы (азаматтың) кірісіне қарамастан:

      табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) зиян келтірілген жағдайда "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар Министрлігі Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаменті Ақкөл ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің анықтамасы негізінде, елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      әлеуметтік мәні бар аурулармен ауыратын тұлғаларға (туберкулезбен, онкологиялық аурулармен ауыратын және АИТВ – жұқтырғандарға) денсаулық сақтау органдарында тіркеуде тұратыны туралы медициналық мекеменің дәлелдемесі негізінде жылына бір рет он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      ауылдық елді мекендерде тұратын аз қамтылған және көп балалы отбасылардың колледждерде ақы төлеу негізінде күндізгі оқу формасы бойынша оқитын студенттеріне оқуын төлеуге арналған біржолғы көмек білім беру мекемесімен жасасқан келісім шарттың нотариалды куәландырылған көшірмесі, оқу орнынан берілген анықтаманың және көп балалы отбасы санатын растайтын анықтаманың немесе өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға жататынын растайтын анықтама негізінде жылына бір рет облыстық бюджеттен бөлінетін нысаналы трансферттер есебінен оқу құнының 100 (жүз) пайыз мөлшерінде;

      Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне растайтын құжаттарды ұсыну барысында тістерді протездеуге;

      Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген тұлғаларға және Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестірілген тұлғаларға, Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген тұлғалардың басқа да санаттарына, тылда 1941 жылғы 22 маусымы мен 1945 жылғы 9 мамырына дейінгі мерзім ішінде белгіленген жұмыс өтілі 6 айдан кем емес еңбек еткен тұлғаларға және еңбек ардагерлеріне, "Ветеран труда" немесе "Еңбек ардагері" медальдарымен марапатталғаны туралы растау құжаттарының негізінде, үш жылда бір рет санаторлық-курорттық жолдама құнының 50 (елу) пайызы өтеледі;     

      коммуналдық қызмет шығындары өтініш берусіз уәкілетті ұйыммен ұсынылған тізімдерінің негізінде:

      Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне ай сайын 100 пайыз мөлшерінде:

      сумен, газбен, жылумен, электр қуатымен қамтамасыз ету, канализация, қоқыстарды жою қызметтерін көрсеткендері үшін, телефон байланысы қызметтері үшін абоненттік төлемақылары үшін қызмет көрсетушілері берген тізілімдеріне сай алушының өтініші бойынша қызмет көрсетушілердің шотына немесе алушылардың шотына.

      Әлеуметтік көмекті алушының қалауы бойынша көмірге жұмсалған шығындар жылу беру мерзімінде Ұлы Отан соғысы қатысушының немесе мүгедектің нақты тұрып жатқан жері бойынша тұрғын үйдің алып жатқан алаңына сай 1 шаршы метр алаңын жылытуға қажетті көмірдің шығынын есептегенде тұрғын үй ғимараттарының 1-2 қабатты құрылыстары үшін облыстық статистика басқармасының мәліметтері бойынша өткен тоқсандағы көмірдің орташаландырылған бағасы бойынша 161 кг мөлшерінде алушылардың жеке шотына немесе отынды сатып алғаны жөнінде ұсынылған түбіртектеріне сай өтеледі.

      жан басына шаққандағы табысы күнкөріс деңгейінен төмен болған жағдайда отбасыларға (азаматтарға) жылына бір рет, комиссия айқындаған мөлшерінде, бірақ он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен артық емес:

      кәмелеттік жасқа толмаған балаларды жерлеуге қайтыс болған баланың қайтыс болуы туралы анықтамасының негізінде;

      жедел түрде ем алуына байланысты медициналық мекемеден сырқаты туралы кітапшасынан алынған көшірмесі негізінде;

      "Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде дәрілік заттармен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен, оның ішінде белгілі бір аурулары (жай-күйлері) бар азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық деңгейде тегін немесе жеңілдікпен берілетін дәрілік заттармен және мамандандырылған емдік өнімдердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 4 қарашадағы № 786 бұйрығымен бекітілген тізілімге енгізілмеген дәрі-дәрімектерді сатып алғандары үшін Дәрігерлік-кеңестік комиссиясының қорытындысы бойынша;

      жоғарғы медициналық оқу мекемелерінде оқитын студенттерге оқуды аяқтағаннан кейін Ақкөл ауданында бес жыл мерзімінде жұмыспен өтеу есебімен. Төлем білім беру мекемесімен жасасқан келісім шарттың көшірмесі, аудан әкімі, студент және жұмыс беруші арасында жасалған келісім шарттың, оқу орнынан берілген анықтаманың және өтініш берушінің (отбасының) аз қамтылған азаматтар (отбасылар) қатарына жататынын немесе халықтың әлеуметтік-әлсіз тобына жататынын растайтын анықтама негізінде аудандық бюджет есебінен жүргізіледі.

      Ауғанстанда қызметін өтеген, қайтыс болған интернационалист-жауынгерлерді жерлеуге он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінің есебінде табылған азаматтарға, заңнамада көрсетілген өмірлік қиын жағдай туындаған кезде он бес айлық есептік көрсеткіші мөлшерінде.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Ақкөл аудандық мәслихатының 21.08.2014 № С 39-6 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен; өзгерістер енгізілді - Ақмола облысы Ақкөл аудандық мәслихатының 01.07.2015 № С 48-3 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі); 28.03.2017 № С 10-4 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.

3. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі

      10. Атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмек алушылардан өтініштер талап етілмей уәкілетті ұйымның не өзге де ұйымдардың ұсынымы бойынша Ақкөл ауданының әкімдігі бекітетін тізім бойынша көрсетіледі.

      11. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан уәкілетті органға немесе село, селолық округтың әкіміне өтінішке қоса мынадай:

      1) жеке басын куәландыратын құжатты;

      2) тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжатты;

      3) бекітілген нысанға сәйкес адамның (отбасының) құрамы туралы мәліметтерді;

      4) адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтерді;

      5) өмірлік қиын жағдайдың туындағанын растайтын актіні және/немесе құжатты ұсынады.

      12. Құжаттар салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларда және көшірмелерде ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.

      13. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш келіп түскен кезде уәкілетті орган немесе кент, ауыл, ауылдық округтің әкімі бір жұмыс күні ішінде өтініш берушінің құжаттарын адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізу үшін учаскелік комиссияға жібереді.

      14. Учаскелік комиссия құжаттарды алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өтініш берушіге тексеру жүргізеді, оның нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысымен бекітілген, әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Үлгілік қағидаларының 2, 3-қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша адамның (отбасының) материалдық жағдайы туралы акті жасайды, адамның (отбасының) әлеуметтік көмекке мұқтаждығы туралы қорытынды дайындайды және оларды уәкілетті органға немесе село, селолық округ әкіміне жібереді.

      Село, селолық округ әкімі учаскелік комиссияның актісі мен қорытындысын алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оларды қоса берілген құжаттармен уәкілетті органға жібереді.

      15. Әлеуметтік көмек көрсету үшін құжаттар жетіспеген жағдайда уәкілетті орган әлеуметтік көмек көрсетуге ұсынылған құжаттарды қарау үшін қажетті мәліметтерді тиісті органдардан сұратады.

      16. Өтініш берушінің қажетті құжаттарды олардың бүлінуіне, жоғалуына байланысты ұсынуға мүмкіндігі болмаған жағдайда уәкілетті орган тиісті мәліметтерді қамтитын өзге уәкілетті органдар мен ұйымдардың деректері негізінде әлеуметтік көмек тағайындау туралы шешім қабылдайды.

      17. Уәкілетті орган учаскелік комиссиядан немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкімінен құжаттар келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысын есептеуді жүргізеді және құжаттардың толық пакетін арнайы комиссияның қарауына ұсынады.

      18. Арнайы комиссия құжаттар келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарады, оң қорытынды болған кезде әлеуметтік көмектің мөлшерін көрсетеді.

      19. Уәкілетті орган өтініш берушінің әлеуметтік көмек алуға қажетті құжаттарын тіркеген күннен бастап сегіз жұмыс күні ішінде қабылданған құжаттар мен арнайы комиссияның әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындысының негізінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      Осы қағидалардың 15 және 16-тармақтарында көрсетілген жағдайларда уәкілетті орган өтініш берушіден немесе село, селолық округтің әкімінен құжаттарды қабылдаған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      20. Уәкілетті орган шешім қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қабылданған шешім туралы (бас тартқан жағдайда - негіздемесін көрсете отырып) өтініш берушіні жазбаша хабардар етеді.

      21. Алынып тасталды - Ақмола облысы Ақкөл аудандық мәслихатының 27.05.2016 № С 4-1 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      22. Әлеуметтік көмек көрсетуден келесі жағдайларда бас тартылады:

      1) өтініш беруші ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталғанда;

      2) өтініш беруші адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізуден бас тартқанда, жалтарғанда;

      3) адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы әлеуметтік көмек көрсету үшін жергілікті өкілді органдар белгілеген шектен артқан жағдайларда жүзеге асырылады.

      23. Әлеуметтік көмек ұсынуға шығыстарды қаржыландыру Ақкөл ауданының бюджетінде көзделген ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегінде жүзеге асырылады.

4. Көрсетілетін әлеуметтік көмекті тоқтату
және қайтару үшін негіздемелер

      24. Әлеуметтік көмек:

      1) алушы қайтыс болғанда;

      2) алушы Ақкөл ауданының шегінен тыс тұрақты тұруға кеткенде;

      3) алушыны мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерге тұруға жібергенде;

      4) алушы ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған жағдайларда тоқтатылады.

      Әлеуметтік көмекті төлеу көрсетілген жағдаяттар туындаған айдан бастап тоқтатылады.

      25. Артық төленген сомалар ерікті немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзгеше тәртіппен қайтаруға жатады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады