РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес, Атбасар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Атбасар аудандық мәслихатының "Атбасар ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2015 жылғы 30 қыркүйектегі № 5С 18/2 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3857 тіркелген, 2013 жылғы 1 қарашадағы "Атбасар", "Простор" газеттерінде жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген, Атбасар ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларындағы:
2 тармақтың 8) тармақшасындағы "Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы" сөздері "Әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталығы" сөздерімен ауыстырылсын.
2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат сессиясының төрайымы |
Ақсеитова С.К. |
Атбасар аудандық мәслихатының хатшысы |
Борұмбаев Б.А. |
"КЕЛІСІЛДІ"
Атбасар ауданының әкімі | А.Н.Никишов |
14 қыркүйек 2016 жыл