Атбасар ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Атбасар аудандық мәслихатының 2013 жылғы 30 қыркүйектегі № 5С 18/2 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 25 қазанда № 3857 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Атбасар аудандық мәслихатының 2017 жылғы 22 ақпандағы № 6С 9/10 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Атбасар аудандық мәслихатының 22.02.2017 № 6С 9/10 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабының 2-3 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысымен бекітілген әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларына сәйкес, Атбасар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Қоса беріліп отырған Атбасар ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары бекітілсін.
      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы
Сәдуақасов М.Н.
      Атбасар аудандық
мәслихатының хатшысы
Борұмбаев Б.А.

      "КЕЛІСІЛДІ"
      Атбасар ауданының әкімі Нұркенов Ж.Ж.

  Атбасар аудандық мәслихаттың
2013 жылғы 30 қыркүйектегі
№ 5С 18/2 шешімімен
бекітілген

Атбасар ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары

      1. Осы Атбасар ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 2-3 тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысымен бекітілген, Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларына (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) сәйкес әзірленді.

1. Жалпы ережелер

      2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:
      1) атаулы күндер - жалпы халықтық тарихи, рухани, мәдени маңызы бар және Қазақстан Республикасы тарихының барысына ықпал еткен оқиғалар;
      2) арнайы комиссия - өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша Атбасар ауданы әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;
      3) ең төмен күнкөріс деңгейі – Ақмола облысының статистикалық органдар есептейтін мөлшері бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға қажетті ең төмен ақшалай кіріс;
      4) мереке күндері - Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;
      5) отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы - отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі;
      6) өмірлік қиын жағдай - азаматтың тыныс-тіршілігін объективті түрде бұзатын, ол оны өз бетінше еңсере алмайтын ахуал;
      7) уәкілетті орган – "Атбасар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
      8) уәкілетті ұйым – "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Ақмола облысы бойынша филиалы – "Әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталығы" департаменті Атбасар аудандық бөлімшесі;
      9) учаскелік комиссия - әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу және қорытындылар дайындау үшін, Атбасар ауданының қала, ауыл, ауылдық округтер әкімдерінің шешімімен құрылатын комиссия;
      10) шекті шама – әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгерістер енгізілді - Ақмола облысы Атбасар аудандық мәслихатының 27.04.2016 № 6С 2/4 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі); 14.09.2016 № 6С 5/3 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.
      3. Осы Қағидалар Атбасар ауданының аумағында тұрақты тұратын тұлғаларға таралады.
      4. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін әлеуметтік көмек ретінде уәкілетті орган мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі - алушылар) өмірлік қиын жағдай туындаған жағдайда, сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндеріне көрсететін көмек түсініледі.
      5. "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" 1995 жылғы 28 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабында және "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" 2005 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабында көрсетілген адамдарға әлеуметтік көмек осы Қағидаларда көзделген тәртіппен көрсетіледі.
      6. Әлеуметтік көмек екінші деңгейдегі банктер немесе тиісті банктік операциялар жасауға лицензиялары бар ұйымдар ақшалай түрде, алушының есеп шоттарына аудару арқылы ұсынылады.
      7. Әлеуметтік көмек көрсетілетін атаулы және мереке күндерінің тізбесі:
      1) Жеңіс күні – 9 мамыр;
      2) Қарт адамдар күні – 1 қазан;
      3) Мүгедектер күні – қазанның екінші жексенбісі.

2. Санаттар тізбесі және әлеуметтік көмектің мөлшерлері

      8. Әлеуметтік көмек алушылардың келесі санаттарына беріледі:
      Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне;
      Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген тұлғаларға;
      Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген басқа тұлғалардың санаттарына;
      ең төмен зейнетақыны алатын зейнеткерлерге және жасы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыны алатын тұлғаларға;
      барлық санаттағы мүгедектерге;
      табиғи апат немесе өрттің салдарынан зардап шеккен азаматтарға (отбасыларға);
      әлеуметтік мәні бар аурулармен ауыратын тұлғаларға (туберкулезбен, онкологиялық аурулармен және адамның иммундық тапшылық вируспен);
      ауылдық елді мекендерде тұратын, аз қамтылған және көп балалы отбасылардың, колледждерде ақы төлеу негізінде күндізгі оқу формасы бойынша оқитын студенттерге;
      жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейі отбасыларына (азаматтарға).
      Бұл ретте азаматтарды өмірлік қиын жағдай туындаған кезде мұқтаждар санатына жатқызу үшін мыналар негіз болады:
      1) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен қарастырылған негіздер;
      2) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан, азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтіру;
      3) әлеуметтік мәні бар аурулардың болуы;
      4) ең төмен күнкөріс деңгейіне еселік қатынаста белгіленбейтін шектен аспайтын жан басына шаққандағы, орташа табыстың бар болуы;
      5) аз қамтылған және көп балалы отбасы.
      9. Әлеуметтік көмек көрсетіледі:
      1) 9 мамыр - Жеңіс Күніне:
      Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне;
      Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген тұлғаларға;
      Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген тұлғалардың басқа да санаттарына;
      2) Қарт адамдар күніне:
      ең төмен зейнетақыны алатын зейнеткерлерге және жасы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыны алатын тұлғаларға;
      3) Мүгедектер күніне:
      барлық санаттағы мүгедектерге.
      4) отбасына (азаматтарға) қиын тіршілік жағдайы туындағаннан кейін, он екі айдан кешіктірмей берген өтініштері бойынша отбасының (азаматтың) кірісіне байланыссыз бір жолғы көмек:
      азаматқа (отбасына) табиғи зілзала немесе өрттен салдары келген жағдайда "Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар бойынша министрлігі Ақмола облысының төтенше жағдайлар департаменті Атбасар ауданының төтенше жағдайлар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің анықтамасы негізінде жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      әлеуметтік мәні бар аурулармен ауыратын тұлғаларға (туберкулезбен, онкологиялық аурулармен және адамның иммундық тапшылық вируспен), денсаулық сақтау органдарында тіркеуде тұратыны туралы медициналық мекеменің анықтамасының негізінде, жылына бір рет, он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      ауылдық елді мекендерде тұратын, аз қамтылған және көп балалы отбасылардың колледждерде ақы төлеу негізінде күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын студенттерге оқуын төлеуге, білім беру мекемесімен жасасқан келісім шарттың көшірмесі негізінде жылына бір рет облыстық бюджеттен бөлінетін нысаналы трансферттер есебінен, жылдық оқу құнының 100 (жүз) пайыздық мөлшерінде;
      5) ай сайын, коммуналдық қызмет шығындары үшін өтініш берусіз уәкілетті ұйыммен ұсынылған тізімдерінің негізінде:
      Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне облыстық бюджеттен бөлінетін нысаналы трансферттер есебінен 100 пайыз мөлшерінде, сумен, газбен, жылумен, электр қуатымен қамтамасыз ету, канализация, қоқыстарды жою қызметтерін көрсеткендері үшін, телефон байланыс қызметтері үшін, абоненттік төлемақылары үшін, ұсынылған түбіртектерге сәйкес алушының шотына аудару жолымен.
      Әлеуметтік көмек бірге тұрып жатқан және онымен бірге тіркелген отбасы мүшелеріне де көрсетіледі, оларға жеңілдік Ұлы Отан соғысының қатысушысы немесе мүгедегі пайдаланғанға дейін таратылады;
      екiншi дүниежүзiлiк соғыс кезiнде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердiң, геттолардың және басқа да ерiксiз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындарына, бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      6) ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен орташа кірісі болған жағдайда, отбасына (азаматқа), біржолғы он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде:
      жұмыссыздарды жерлеуге, қайтыс болған кезінде жұмыссыз ретінде уәкілетті органда тіркелгендерге;
      медициналық мекемеден эпикриз қорытындысының көшірмесі негізінде шұғыл емделуіне байланысты;
      "Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде амбулаториялық деңгейде белгілі бір аурулары (жай-күйі) бар халықты тегін қамтамасыз ету үшін дәрілік заттардың және медициналық мақсаттағы бұйымдардың және мамандандырылған емдік өнімдердің тізбесін бекіту туралы" Денсаулықты сақтау министрі м.а. 2011 жылғы 4 қарашадағы № 786 бұйрығымен бекітілген тізілімге енгізілмеген дәрі-дәрмектерді сатып алғандары үшін, Дәрігерлік-кеңестік комиссиясының қорытындысы бойынша.

3. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі

      10. Атаулы күндер мен мереке күндеріне, әлеуметтік көмек алушылардан өтініштер талап етілмей, уәкілетті ұйымның ұсынымы бойынша, Атбасар ауданының әкімдігі бекітетін тізім бойынша көрсетіледі.
      11. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде, әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан уәкілетті органға немесе қала, ауыл, ауылдық округ әкіміне өтінішке қоса мынадай құжаттарды:
      1) жеке басын куәландыратын құжатты;
      2) тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжатты;
      3) Үлгілік қағидалардың 1 қосымшасына сәйкес, отбасының құрамы туралы мәліметтерді;
      4) адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтерді;
      5) өмірлік қиын жағдайдың туындағанын растайтын, актіні және/немесе құжатты ұсынады.
      12. Құжаттар салыстырып, тексеру үшін түпнұсқаларда және көшірмелерде ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.
      13. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде, әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш келіп түскен кезде, уәкілетті орган немесе қала, ауыл, ауылдық округтің әкімі бір жұмыс күні ішінде өтініш берушінің құжаттарын адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізу үшін, учаскелік комиссияға жібереді.
      14. Учаскелік комиссия, құжаттарды алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өтініш берушіге тексеру жүргізеді, оның нәтижелері бойынша Үлгілік қағидаларының 2, 3-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша адамның (отбасының) материалдық жағдайы туралы акті жасайды, адамның (отбасының) әлеуметтік көмекке мұқтаждығы туралы қорытынды дайындайды және оларды уәкілетті органға немесе қала, ауыл, ауылдық округ әкіміне жібереді.
      Қала, ауыл, ауылдық округ әкімі учаскелік комиссияның актісі мен қорытындысын алған күннен бастап, екі жұмыс күні ішінде оларды қоса берілген құжаттармен уәкілетті органға жібереді.
      15. Әлеуметтік көмек көрсету үшін, құжаттар жетіспеген жағдайда, уәкілетті орган әлеуметтік көмек көрсетуге ұсынылған құжаттарды қарау үшін, қажетті мәліметтерді тиісті органдардан сұратады.
      16. Өтініш берушінің қажетті құжаттарды олардың бүлінуіне, жоғалуына байланысты ұсынуға мүмкіндігі болмаған жағдайда, уәкілетті орган тиісті мәліметтерді қамтитын өзге уәкілетті органдар мен ұйымдардың деректері негізінде әлеуметтік көмек тағайындау туралы шешім қабылдайды.
      17. Уәкілетті орган учаскелік комиссиядан немесе қала, ауыл, ауылдық округ әкімінен құжаттар келіп түскен күннен бастап, бір жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысын есептеуді жүргізеді және арнайы комиссияның қарауына ұсынады.
      18. Арнайы комиссия, құжаттар келіп түскен күннен бастап, екі жұмыс күні ішінде, әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарады, оң қорытынды болған кезде, әлеуметтік көмектің мөлшерін көрсетеді.
      19. Уәкілетті орган, өтініш берушінің әлеуметтік көмек алуға қажетті құжаттарын тіркеген күннен бастап сегіз жұмыс күні ішінде қабылданған құжаттар мен арнайы комиссияның әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындысының негізінде, әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
      Осы қағидалардың 15 және 16 тармақтарында көрсетілген жағдайларда уәкілетті орган өтініш берушіден немесе қала, ауыл, ауылдық округ әкімінен құжаттарды қабылдаған күннен бастап, жиырма жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
      20. Уәкілетті орган шешім қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қабылданған шешім туралы (бас тартқан жағдайда - негіздемесін көрсете отырып) өтініш берушіні жазбаша хабардар етеді.
      21. Алынып тасталды - Ақмола облысы Атбасар аудандық мәслихатының 27.04.2016 № 6С 2/4 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      22. Әлеуметтік көмек көрсетуден бас тарту:
      1) өтініш беруші ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған;
      2) өтініш беруші адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізуден бас тартқан, жалтарған;
      3) адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы әлеуметтік көмек көрсету үшін, шектен артқан жағдайларда жүзеге асырылады;
      23. Әлеуметтік көмек ұсынуға шығыстарды қаржыландыру Атбасар ауданының бюджетінде көзделген ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегінде жүзеге асырылады.

4. Көрсетілетін әлеуметтік көмекті тоқтату және қайтару үшін негіздемелер

      24. Әлеуметтік көмек:
      1) алушы қайтыс болғанда;
      2) алушы Атбасар ауданының шегінен тыс тұрақты тұруға кеткенде;
      3) алушыны мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерге тұруға жібергенде;
      4) алушы ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған жағдайларда тоқтатылады.
      Әлеуметтік көмекті төлеу көрсетілген жағдайлар туындаған айдан бастап тоқтатылады.
      25. Артық төленген сомалар ерікті немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзгеше тәртіппен қайтаруға жатады.

5. Қорытынды ереже

      26. Әлеуметтік көмек көрсету мониторингі мен есепке алуды уәкілетті орган "Е-Собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқорын пайдалана отырып жүргізеді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады