Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Бұланды аудандық мәслихатының 05.02.2018 № 6С-19/6 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңнының 6 бабы, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) кодексінің 386, 444 бабтарына сәйкес, Бұланды аудандық маслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Бұланды аудандық маслихаттың 2015 жылғы 10 сәурдегі № 5С-37/1 "Бұланды ауданының шекараларында пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге бірыңғай жер салығын және жер салығының мөлшерлемесін жоғарылату туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4793 тіркелген, 2015 жылғы 29 мамырда "Бұланды таңы" газетінде және 2015 жылғы 29 мамырда "Вести Бұланды жаршысы" газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
акт атауы жана редакцияда баяндалсын:
"Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес Бұланды ауданының пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлеріне жер салығының базалық мөлшерлемесін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемесін жоғарылату туралы";
1 тармақ жана редакцияда баяндалсын:
"1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес Бұланды ауданының пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлеріне жер салығының базалық мөлшерлемесін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелесі он есеге жоғарылатылсын.".
2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Кезектен тыс 7 – сессияның төрайымы |
Қ.Тәшімова |
Аудандық мәслихаттың хатшысы |
Ш.Құсайынов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Бұланды ауданының әкімі | Қ.Испергенов |
5 желтоқсан 2016 жылы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитеті Ақмола облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің Бұланды ауданы бойынша мемлекеттік кіріс басқармасы РММ-нің басшысы |
И.Рзаев |
5 желтоқсан 2016 жылы