Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Бұланды аудандық мәслихатының 05.02.2018 № 6С-19/6 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Ескерту. Шешімнің атауы жаңа редакцияда – Ақмола облысы Бұланды аудандық мәслихатының 05.12.2016 № 6С-7/8 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабы, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міңдетті төлемдер туралы" (Салық кодексі)" кодексінің 386, 444 бабтарына сәйкес, Бұланды аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
Ескерту. Кіріспеге өзгеріс енгізілді - Ақмола облысы Бұланды аудандық мәслихатының 19.04.2016 № 6С-2/3 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес Бұланды ауданының пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлеріне жер салығының базалық мөлшерлемесін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелесі он есеге жоғарылатылсын.
Ескерту. 1 тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Бұланды аудандық мәслихатының 05.12.2016 № 6С-7/8 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Кезектен тыс 37-сессияның төрағасы | Е.Қапезов |
Аудандық мәслихаттың хатшысы | Ш.Құсайынов |
КЕЛІСІЛДІ
Бұланды ауданының әкімі | Қ.Испергенов |
10 сәуір 2015 жыл
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитеті Ақмола облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің Бұланды ауданы бойынша мемлекеттік кірік басқармасы РММ-нің басшысы |
Д.Әділбеков |
10 сәуір 2015 жыл