Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, Ерейментау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ерейментау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Ерейментау ауданының ауылдық елді мекендерінің шекараларын (шектерін) белгілеу туралы" бірлескен Ерейментау ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 27 маусымдағы № а-6/317 қаулысы мен Ерейментау аудандық мәслихатының 2014 жылғы 27 маусымдағы № 5С-28/7-14 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4297 болып тіркелген, аудандық "Ереймен" газетінде 2014 жылғы 2 тамызында, аудандық "Ерейментау" газетінде 2014 жылғы 2 тамызында жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бірлескен қаулы мен шешімнің қосымшасындағы "Ақсуат ауылдық округі" сөздері "Ақсуат ауылы" сөздерімен ауыстырылсын;
көрсетілген бірлескен қаулы мен шешімнің орыс тіліндегі қосымшасындағы мәтініне өзгерістер енгізілген, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгеріссіз қалдырылады.
2. Осы бірлескен қаулы мен шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ерейментау ауданының әкімі | Е.Нұғыманов |
Ерейментау аудандық | |
мәслихатының | |
сессия төрағасы | А.Айтпаев |
Ерейментау аудандық | |
мәслихатының | |
Хатшысы | Қ.Махметов |