"Ерейментау ауданының ауылдық елді мекендерінің шекараларын (шектерін) белгілеу туралы" бірлескен Ерейментау ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 27 маусымдағы № а-6/317 қаулысы мен Ерейментау аудандық мәслихатының 2014 жылғы 27 маусымдағы № 5С-28/7-14 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Ақмола облысы Ерейментау ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 26 желтоқсандағы № а-12/551 қаулысы және Ерейментау аудандық мәслихатының 2016 жылғы 26 желтоқсандағы № 6С-10/6-16 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 17 қаңтарда 5713 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, Ерейментау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ерейментау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. "Ерейментау ауданының ауылдық елді мекендерінің шекараларын (шектерін) белгілеу туралы" бірлескен Ерейментау ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 27 маусымдағы № а-6/317 қаулысы мен Ерейментау аудандық мәслихатының 2014 жылғы 27 маусымдағы № 5С-28/7-14 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4297 болып тіркелген, аудандық "Ереймен" газетінде 2014 жылғы 2 тамызында, аудандық "Ерейментау" газетінде 2014 жылғы 2 тамызында жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген бірлескен қаулы мен шешімнің қосымшасындағы "Ақсуат ауылдық округі" сөздері "Ақсуат ауылы" сөздерімен ауыстырылсын;
      көрсетілген бірлескен қаулы мен шешімнің орыс тіліндегі қосымшасындағы мәтініне өзгерістер енгізілген, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгеріссіз қалдырылады.
      2. Осы бірлескен қаулы мен шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Ерейментау ауданының әкімі Е.Нұғыманов
      Ерейментау аудандық
      мәслихатының
      сессия төрағасы А.Айтпаев
      Ерейментау аудандық
      мәслихатының
      Хатшысы Қ.Махметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады