Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Біржан сал ауданы мәслихатының 29.03.2018 № С-22/5 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексінің 386, 444 баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына сәйкес Еңбекшілдер аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес Еңбекшілдер ауданы шекарасындағы пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы
жерлерге жер салығының мөлшерлемесі он есе жоғарылатылсын.
2. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес Еңбекшілдер ауданы шекарасындағы пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы
жерлерге бірыңғай жер салығының мөлшерлемесі он есе жоғарылатылсын.
3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат сессиясының төрайымы |
Г.Күртәбиева |
Аудандық мәслихаттың хатшысы |
С.Шәуенов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Еңбекшілдер ауданының әкімі | А.Қиықов |
"28" сәуір 2016 жыл
"Ақмола облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің Еңбекшілдер ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесінің басшысы |
Ж.Тубеков |
"28" сәуір 2016 жыл