РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңына сәйкес, Біржан сал ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Еңбекшілдер аудандық мәслихатының 2016 жылғы 28 сәуірдегі № С-2/5 "Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес Еңбекшілдер ауданы шекарасындағы пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығы және бірыңғай жер салығы мөлшерлемесін жоғарылату туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5404 тіркелген, 2016 жылғы 3 маусымда "Жаңа дәуір - Сельская Новь" аудандық газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы |
И.Магерко |
Аудандық мәслихат хатшысы |
С.Шәуенов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Ақмола облысы Біржан сал ауданы әкімінің міндетін атқарушы |
Е.Сабыров |
"29" наурыз 2018 жыл
"Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Еңбекшілдер ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесінің басшысы |
Д.Әділбеков |
"29" наурыз 2018 жыл