Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Есіл аудандық мәслихатының 26.11.2021 № 15/3 (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 9 бабына, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы кодексінің 387 бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына сәйкес, Есіл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Есіл аудандық мәслихатының "Есіл ауданы ауылдық елді мекендерінің, Есіл қаласының жер учаскелеріне жер салығының базалық мөлшерлемелерін жоғарылату (төмендету) туралы" 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 42/6 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4816 тіркелген, 2015 жылғы 15 маусымда "Жаңа Есіл" аудандық газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1 тармағы жаңа редакцияда баяндалсын:
"1. Есіл ауданы ауылдық елді мекендерінің, Есіл қаласының жер учаскелеріне жер салығының базалық мөлшерлемелері 1, 2 қосымшаларға сәйкес жоғарылатылсын (төмендетілсін).".
2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат сессиясының төрайымы |
Г.Кәрімова |
Аудандық мәслихат хатшысы | С.Ағымбаева |
"КЕЛІСІЛДІ"
Есіл ауданының әкімі | А.Қалжанов |
14 сәуір 2016 жыл
"Есіл ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы |
М.Смағұлов |
14 сәуір 2016 жыл