Есіл ауданы ауылдық елді мекендерінің, Есіл қаласының жер учаскелеріне жер салығының мөлшерлемелерін арттыру (азайту) туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Есіл аудандық мәслихатының 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 42/6 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 1 маусымда № 4816 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Есіл аудандық мәслихатының 2021 жылғы 26 қарашадағы № 15/3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Есіл аудандық мәслихатының 26.11.2021 № 15/3 (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      Ескерту. Шешімнің тақырыбында және барлық мәтін бойынша "базалық" сөзі алынып тасталды - Ақмола облысы Есіл аудандық мәслихатының 02.02.2018 № 24/3 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      Ескерту. Шешімнің тақырыбында және барлық мәтін бойынша "жоғарылату", "төмендету", "жоғарылатылсын", "төмендетілсін", "ставкаларын" сөздері "арттыру", "азайту", "арттырылсын", "азайтылсын", "мөлшерлемелерін" сөздеріне ауыстырылды - Ақмола облысы Есіл аудандық мәслихатының 02.02.2018 № 24/3 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 510 бабына сәйкес, Есіл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Ақмола облысы Есіл аудандық мәслихатының 02.02.2018 № 24/3 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      1. Есіл ауданы ауылдық елді мекендерінің, Есіл қаласының жер учаскелеріне жер салығының мөлшерлемелері 1, 2 қосымшаларға сәйкес арттырылсын (азайтылсын).

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Есіл аудандық мәслихатының 14.04.2016 № 2/4 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы
Б.Мұхаметжанов
      Аудандық мәслихат
хатшысы
С.Құдабаев

      КЕЛІСІЛДІ

      Есіл ауданының әкімі А.Қалжанов

      28 сәуір 2015 жыл

      "Есіл ауданы бойынша мемлекеттік
кірістер басқармасы" мемлекеттік
мекемесінің басшысы
М.Смағұлов

      28 сәуір 2015 жыл

  Есіл аудандық мәслихатының
2015 жылғы 28 сәуірдегі № 42/6
шешіміне 1 қосымша

Есіл ауданының Есіл қаласы жер учаскелеріне жер салығының мөлшерлемелерін арттыру (азайту) пайыздары

Аймақтардың нөмірлері

Жер салығының мөлшерлемелерін арттыру (+), азайту (-) пайыздары

I

+40

II

+10

III

+20

IV

+10

V

0

VI

+10

VII

0

VIII

+20

IX

+20

X

+10

XI

+10

XII

-10

  Есіл аудандық мәслихатының
2015 жылғы 28 сәуірдегі № 42/6
шешіміне 2 қосымша

Есіл ауданының ауылдық елді мекендері жер учаскелеріне жер салығының мөлшерлемелерін арттыру (азайту) пайыздары

Аймақтардың нөмірлері

Жер салығының мөлшерлемелерін арттыру (+), азайту (-) пайыздары

І

+50

II

+40

III

+40

IV

+30

V

+20

VI

+20

VII

+20

VIII

+10

IX

+10

X

+10

XI

+10

XII

+10

XIII

+10

XIV

0

XV

0

XVI

0

XVII

0

XVIII

0

XIX

-10

XX

-10

XXI

-10

XXII

-10

XXIII

-10

XXIV

-10

XXV

-20

XXVI

-20

XXVII

-20

XXVIII

-30

XXIX

-40

XXX

-40


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады