Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 06 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес, Жарқайың ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Жарқайың ауданының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын бекіту туралы" Жарқайың аудандық мәслихатының 2014 жылғы 17 наурыздағы № 5С-32/3 (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4094 болып тіркелген, 2014 жылғы 18 сәуірінде "Жарқайың тынысы" және "Целинное знамя" аудандық газеттерінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы |
А.Пугачев |
Аудандық мәслихаттың хатшысы |
Ұ.Ахметова |
"КЕЛІСІЛДІ"
Жарқайың ауданының әкімі | А.Үйсімбаев |
23.12.2016