"Жарқайың ауданының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын бекіту туралы" Жарқайың аудандық мәслихатының 2014 жылғы 17 наурыздағы № 5С-32/3 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақмола облысы Жарқайың аудандық мәслихатының 2016 жылғы 23 желтоқсандағы № 6С-7/10 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 6 қаңтарда № 5672 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 06 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес, Жарқайың ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. "Жарқайың ауданының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын бекіту туралы" Жарқайың аудандық мәслихатының 2014 жылғы 17 наурыздағы № 5С-32/3 (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4094 болып тіркелген, 2014 жылғы 18 сәуірінде "Жарқайың тынысы" және "Целинное знамя" аудандық газеттерінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы
А.Пугачев
      Аудандық мәслихаттың
хатшысы
Ұ.Ахметова

      "КЕЛІСІЛДІ"
      Жарқайың ауданының әкімі А.Үйсімбаев

      23.12.2016

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады