РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2 тармағына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5, 7 баптарына сәйкес, Жақсы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "2016 жылға арналған Жақсы ауданының аумағында тұратын халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың қосымша тізбесін белгілеу туралы" Жақсы ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 27 қарашадағы № а-11/307 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5136 болып тіркелген, 2015 жылғы 28 желтоқсандағы "Жақсы жаршысы" газетінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
1-тармақтың 2) тармақшасы алынып тасталынсын.
2. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Қ.Сүйіндіков |