Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Жақсы аудандық мәслихатының 11.05.2017 № 6C-14-3 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжатты мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабының 2-3 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысымен бекітілген, әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Үлгілік қағидаларына сәйкес, Жақсы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Жақсы аудандық мәслихатының "Жақсы ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2013 жылғы 26 тамыздағы № 5С-19-3 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3809 тіркелген, 2013 жылдың 4 қазандағы аудандық "Жақсы жаршысы" газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
осы аталған шешіммен бекітілген, Жақсы ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасында:
1 бөлімдегі 2 тармақтың 9 тармақшасы жаңа редакцияда баяндалсын:
"уәкілетті ұйым - "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекетік корпорациясы" Коммерциялық емес акционерлік қоғамының Ақмола облысы бойынша филиалы – Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы" Департаментінің Жақсы аудандық бөлімшесі;
3 бөлімдегі 12 тармақтың 1 тармақшасы келесі мазмұндағы азат жолымен толықтырылсын:
"ақылы түрде жоғары медициналық оқу орнының күндізгі бөлімінде оқитын ауылдық елді мекендердегі аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан студенттерге, жылына бір рет жылдық оқу ақысы көлемінде, оқу орнымен жасалған келісім шарттың нотариуспен куәландырылған көшірмесі негізінде, оқу орнынан анықтама және осы категорияны анықтайтын анықтама, аудан әкімімен, жұмыс беруші мен студент арасындағы нотариуспен куәландырылған келісімшарт негізінде көмек көрсетіледі";
3 бөлімдегі 13 тармақтың 3) тармақшасы жаңа редакцияда баяндалсын:
"Үлгілік қағидалардың 1 қосымшасына келісімді адамның (отбасының) құрамы туралы мәліметтерді";
3 бөлімдегі 13 тармақтың 4) тармақшасы жаңа редакцияда баяндалсын:
"адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтерді";
23 тармақ алынып тасталсын.
2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Жақсы аудандық мәслихатының кезектен тыс сессиясының төрағасы |
Б.Жанәділов |
Жақсы аудандық мәслихатының хатшысы |
Б.Жанәділов |
"КЕЛІСІЛГЕН"
Жақсы ауданының әкімі | Қ.Сүйіндіков |
2016 жыл "28" 04