Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Жақсы аудандық мәслихатының 11.05.2017 № 6C-14-3 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабындағы 2-3 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысымен бекітілген әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Үлгілік қағидаларына сәйкес, Жақсы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Қоса беріліп отырған Жақсы ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары бекітілсін.
2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы |
Б.Жанәділов |
Жақсы аудандық мәслихаттың хатшысы |
Б.Жанәділов |
КЕЛІСІЛДІ
Жақсы ауданының әкімі | Қ.Сүйіндіков |
Жақсы аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 26 тамыздағы № 5С-19-3 шешімімен БЕКІТІЛГЕН |
Жақсы ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары
1. Осы Жақсы ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына, "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) сәйкес әзірленді және әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік тәртібін белгілейді.
1. Жалпы ережелер
2. Осы қағидаларда пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:
1) атаулы күндер – жалпы халықтық тарихи, рухани, мәдени маңызы бар және Қазақстан Республикасы тарихының барысына ықпал еткен оқиғалар;
2) арнайы комиссия - өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша аудан әкімінің шешімімен құрылған комиссия;
3) ең төменгі күнкөріс деңгейі – ең төменгі тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға қажетті ең төмен ақшалай кіріс;
4) мереке күндері – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;
5) отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы – отбасының жиынтық табысының әрбір мүшесіне келетін үлесі;
6) орталық атқарушы орган – халықты әлеуметтік қорғау саласында мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ететін мемлекеттік орган;
7) өмірлік қиын жағдай – азаматтың тыныс-тіршілігін объективті түрде бұзатын, ол оны өз бетінше еңсере алмайтын ахуал;
8) уәкілетті орган – жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын, әлеуметтік көмек көрсетуді жүзеге асыратын ауданның халықты әлеуметтік қорғау саласындағы атқарушы орган;
9) уәкілетті ұйым - "Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорация" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Ақмола облысы бойынша орталығы - "Әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталығы" Департаменті Жақсы аудандық бөлімшесі;10) учаскелік комиссия - әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу және қорытындылар дайындау үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімдерінің шешімімен құрылатын комиссия;
11) шекті шама - әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері.
Ескерту. 2-тармаққа өзгерістер енгізілді - Ақмола облысы Жақсы аудандық мәслихатының 28.04.2016 № 6ВС-3-2 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 06.10.2016 № 6ВС-7-6 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.3. Осы Қағида Жақсы ауданының аумағында тұрақты тұратын адамдарға таратылады.
4. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін әлеуметтік көмек ретінде жергілікті атқарушы органмен мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі - алушылар) өмірлік қиын жағдай туындаған жағдайда, сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндеріне ақшалай нысанда көрсетілетін көмек түсініледі.
5. "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" 1995 жылғы 28 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 20 бабында және "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" 2005 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 16 бабында көрсетілген адамдарға әлеуметтік көмек осы Қағидаларда көзделген тәртіппен көрсетіледі.
6. Әлеуметтік көмек екінші деңгейдегі банк немесе банкілік операция түрлеріне лицензиясы бар ұйымдар ақшалай нысанда алушының есеп-шотына аудару арқылы көрсетіледі.
7. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мерзімді (ай сайын, тоқсан сайын, жылына 1 рет) көрсетіледі.
2. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесін айқындау және әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу тәртібі
8. Алушылар санатының тізбесін, әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлерін, сонымен қатар табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмекке өтініш білдіру мерзімдерін жергілікті атқарушы органмен белгіленеді және жергілікті өкілді органдардың шешімімен бекітіледі.
Бұл ретте азаматтарды өмірлік қиын жағдай туындаған кезде мұқтаждар санатына жатқызу үшін мыналар:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негіздемелер немесе жан басына шаққандағы табысы статистика органдарымен есептелген ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспайтын болуы;
2) Табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтіру не әлеуметтік мәні бар аурулардың болуы.
Арнайы комиссия әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарған кезде жергілікті өкілді органдар бекіткен азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу үшін негіздемелер тізбесін және осы тармақты басшылыққа алады.
9. Алушылардың жекелеген санаттары үшін атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмектің мөлшері облыстың жергілікті атқарушы органдардың келісімі бойынша бірыңғай мөлшерде белгіленеді.
10. Әрбір жекелеген жағдайда көрсетілетін әлеуметтік көмек мөлшерлерін арнайы комиссия айқындайды және оны әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындыда көрсетеді.
3. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі
11. Атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмек алушылардан өтініштер талап етілмей Зейнетақы және жәрдемақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың ұсынымы бойынша жергілікті атқарушы органның бекітетін тізім бойынша көрсетіледі:
1) 9 мамыр (Жеңіс Күні):
Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен;
фашистік лагерьдегі жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындарына;
Чернобыль атом электр станциясына қатысушыларға;
Ауғаныстанның әскери-интернационалистеріне;
қаза болған әскери қызметшілердің отбасыларына;
қайтыс болған Ұлы Отан соғысы мүгедектерінің әйелдеріне (күйеулеріне);
жалпы аурудың салдарынан мүгедек деп танылып қайтыс болған Ұлы Отан соғысына қатысушылардың әйелдеріне (күйеулеріне);
тыл еңбеккерлеріне.
2) 1 қазан (Қарт адамдар, мүгедектер күніне):
қарт адамдарға (ең төменгі зейнетақы алатын, жасы ұлғайған бойынша төленетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақысымен);
барлық мүгедектердің санаттарына;
3) коммуналдық қызметтер үшін шығындарға әлеуметтік көмек Жақсы ауданы ауыл және ауылдық округтері әкімдері ұсынылған тізімдердің негізінде:
ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне 100 (жүз) пайыз мөлшерінде;
қаза тапқан әскери қызметшілердің әйелдеріне (күйеулеріне), жалпы аурудың салдарынан мүгедек деп танылған Ұлы Отан соғысының қатысушыларының әйелдеріне (күйеулеріне) ай сайын 2 (екі) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.
Ескерту. 11-тармаққа өзгерістер енгізілді - Ақмола облысы Жақсы аудандық мәслихатының 07.02.2014 № 5С-26-4 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі); 20.08.2014 № 5С-30-3 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.12. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек келесі санаттағы азаматтарға көрсетіледі:
1) Отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы табысын есепке алмастан белгілі бір жағдайларға байланысты шұғыл әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасыларға (азаматтарға) өтініші бойынша жылына бір рет;
"Жақсы аудандық орталық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынымен ұсынылған тізімнің негізінде есепте тұрған онкологиялық ауруымен ауыратындарға 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
"Жақсы аудандық орталық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынымен ұсынылған тізімнің негізінде денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрған туберкулез ауруымен ауыратындарға 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
белгілі бір жағдайларға байланысты шұғыл әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасыларға (азаматтарға), айрықша жағдайда мыналар, өрт, су басу және басқа табиғи және техногенді сипаттағы төтенше апатта 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
колледждерде ақылы негізде күндізгі бөлімінде оқитын ауылдық елді мекендердегі аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан студенттерге жылына бір рет жылдық оқу ақысын оқу орнымен келісім-шарт негізінде, оқу орнынан алған және көп балалы отбасы мәртебесін анықтайтын нотариалдық куәландырылған анықтама негізінде өтініш берушіге мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсетіледі;
оқу орнымен келісім-шарт арқылы нотариуспен белгіленген оқу орнынан анықтамасы, немесе мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек бойынша мүгедектігі жөнінде анықтама бойынша оқудың күндізгі нысанында оқитын мүгедек студенттерге оқытуға жылына бір рет оқыту бағасының көлемінде көрсетіледі;
ақылы түрде жоғары медициналық оқу орнының күндізгі бөлімінде оқитын ауылдық елді мекендердегі аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан студенттерге, жылына бір рет жылдық оқу ақысы көлемінде, оқу орнымен жасалған келісім шарттың нотариуспен куәландырылған көшірмесі негізінде, оқу орнынан анықтама және осы категорияны анықтайтын анықтама, аудан әкімімен, жұмыс беруші мен студент арасындағы нотариуспен куәландырылған келісімшарт негізінде көмек көрсетіледі;2) жылына бір рет арнайы комиссияның белгілеген мөлшерінде кірісі бір адамға шаққанда ең төменгі күнкөріс деңгейіндегі жанұяларға, бірақ он бес айлық есептік көрсеткіштен аспайтын:
кәмелеттік жасқа толмаған балаларды жерлеуге қайтыс болуы туралы анықтама бойынша;
медициналық мекеменің эпикризі бойынша оталық емделуге;
дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау Министрлігінің 2011 жылғы 4 қарашадағы № 786 бұйрығымен бекітілген тізбеге енбеген дәрі-дәрмектерді алуға өтініші бойынша материалдық көмек.
Ескерту. 12-тармаққа өзгерістер енгізілді - Ақмола облысы Жақсы аудандық мәслихатының 07.02.2014 № 5С-26-4 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі); 28.04.2016 № 6ВС-3-2 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 06.10.2016 № 6ВС-7-6 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.13. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан уәкілетті органға немесе ауыл, ауылдық округ әкіміне өтінішке қоса мынадай құжаттарды:
1) жеке басын куәландыратын құжатты;
2) мекенжай анықтамасы;
3) Үлгілік қағидалардың 1 қосымшасына келісімді адамның (отбасының) құрамы туралы мәліметтерді;
4) адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтерді;
5) өмірлік қиын жағдайдың туындағанын растайтын актіні және/немесе құжатты ұсынады.
Ескерту. 13-тармаққа өзгерістер енгізілді - Ақмола облысы Жақсы аудандық мәслихатының 07.02.2014 № 5С-26-4 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі); 28.04.2016 № 6ВС-3-2 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.14. Құжаттар салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларда және көшірмелерде ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.
15. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш келіп түскен кезде уәкілетті орган немесе ауыл, ауылдық округтің әкімі бір жұмыс күн ішінде өтініш берушінің құжаттарын адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізу үшін учаскелік комиссияға жібереді.
16. Учаскелік комиссия құжаттарды алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өтініш берушіге тексеру жүргізеді, оның нәтижелері бойынша адамның (отбасының) материалдық жағдайы туралы акті жасайды, адамның (отбасының) әлеуметтік көмекке мұқтаждығы туралы қорытынды дайындайды және оларды уәкілетті органға немесе ауыл, ауылдық округ әкіміне жібереді.
17. Әлеуметтік көмек көрсету үшін құжаттар жетіспеген жағдайда уәкілетті орган әлеуметтік көмек көрсетуге ұсынылған құжаттарды қарау үшін қажетті мәліметтерді тиісті органдардан сұратады.
18. Өтініш берушінің қажетті құжаттарды олардың бүлінуіне, жоғалуына байланысты ұсынуға мүмкіндігі болмаған жағдайда уәкілетті орган тиісті мәліметтерді қамтитын өзге уәкілетті органдар мен ұйымдардың деректері негізінде әлеуметтік көмек тағайындау туралы шешім қабылдайды.
19. Уәкілетті орган учаскелік комиссиядан немесе ауыл, ауылдық округ әкімінен құжаттар келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысын есептеуді жүргізеді және құжаттардың толық пакетін арнайы комиссияның қарауына ұсынады.
20. Арнайы комиссия құжаттар келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарады, оң қорытынды болған кезде әлеуметтік көмектің мөлшерін көрсетеді.
21. Уәкілетті орган өтініш берушінің әлеуметтік көмек алуға қажетті құжаттарын тіркеген күннен бастап сегіз жұмыс күні ішінде қабылданған құжаттар мен арнайы комиссияның әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындысының негізінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Осы қағидалардың 17 және 18 тармақтарында көрсетілген жағдайларда уәкілетті орган өтініш берушіден құжаттарды қабылдаған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
22. Уәкілетті орган шешім қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қабылданған шешім туралы (бас тартқан жағдайда – негіздемесін көрсете отырып) өтініш берушіні жазбаша хабардар етеді.
23. Алынып тасталды - Ақмола облысы Жақсы аудандық мәслихатының 28.04.2016 № 6ВС-3-2 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.24. Әлеуметтік көмек көрсетуден бас тарту:
1) өтініш беруші ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған;
2) өтініш беруші адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізуден бас тартқан, жалтарған;
3) адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы әлеуметтік көмек көрсету үшін белгілеген шектен артқан жағдайларда жүзеге асырылады.
25. Әлеуметтік көмек ұсынуға шығыстарды қаржыландыру Ақмола облысының жергілікті бюджетінде көзделген ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегінде жүзеге асырылады.
4. Көрсетілетін әлеуметтік көмекті тоқтату және қайтару үшін негіздемелер
26. Әлеуметтік көмек:
1) алушы қайтыс болған;
2) алушы Жақсы ауданының шегінен тыс тұрақты тұруға кеткен;
3) алушыны мемлекеттік медициналық - әлеуметтік мекемелерге тұруға жіберген;
4) алушы ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған жағдайларда тоқтатылады.
Әлеуметтік көмекті төлеу көрсетілген жағдаяттар туындаған айдан бастап тоқтатылады.
27. Артық төленген сомалар ерікті немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзгеше тәртіппен қайтаруға жатады.
5. Қорытынды ереже
28. Әлеуметтік көмек көрсету мониторингі мен есепке алуды уәкілетті орган "Е-собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқорын пайдалана отырып жүргізеді.