Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Зеренді ауданы Ақкөл ауылдық округі әкімінің 25.07.2017 № 3 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7 тармақшасына сәйкес және "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Зеренді аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық бас инспекторының 2016 жылғы 07 шілдедегі № 230 ұсынысы негізінде Ақкөл ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Зеренді ауданы Ақкөл ауылдық округі Молодежный селосының аумағында ұсақ қара мал арасында бруцеллез ауруының пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Осы шешім Ақмола облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ақкөл ауылдық округінің әкімі |
Т.Мұхамадиев |
"КЕЛІСІЛДІ"
"Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Зеренді аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің басшысы |
К.Аманов |
"Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Ақмола облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің Зеренді аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесінің басшысы |
Ж.Мақанов |