Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Зеренді ауданы Ақкөл ауылдық округінің әкімінің 2016 жылғы 25 шілдедегі № 1 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 2 тамызда № 5487 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Зеренді ауданы Ақкөл ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 25 шілдедегі № 3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Зеренді ауданы Ақкөл ауылдық округі әкімінің 25.07.2017 № 3 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7 тармақшасына сәйкес және "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Зеренді аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық бас инспекторының 2016 жылғы 07 шілдедегі № 230 ұсынысы негізінде Ақкөл ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Зеренді ауданы Ақкөл ауылдық округі Молодежный селосының аумағында ұсақ қара мал арасында бруцеллез ауруының пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. Осы шешім Ақмола облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақкөл ауылдық округінің
әкімі
Т.Мұхамадиев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
Ветеринариялық бақылау және
қадағалау комитетінің Зеренді
аудандық аумақтық инспекциясы"
мемлекеттік мекемесінің басшысы
К.Аманов
      "Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
тұтынушылардың құқықтарын
қорғау комитетінің Ақмола облысы
тұтынушылардың құқықтарын
қорғау департаментінің Зеренді аудандық
тұтынушылардың құқықтарын
қорғау басқармасы" республикалық
мемлекеттік мекемесінің басшысы
Ж.Мақанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады