Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы Заңына, "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған 2016 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері бекітілсін.
2. Осы қаулы 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е.Қ.Мұхамединге жүктелсін.
4. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Г.Сәдуақасова |
Шортанды ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 5 сәуірдегі № А-3/76 қаулысымен бекітілген |
2016 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері
Мектепке дейінгі білім ұйымның түрі | Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының тәрбиеленушілер саны | Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының бір айға арналған жан басына шаққандағы қаржыландыру мөлшері (теңге) | ||
мемлекеттік | жекеменшік | мемлекеттік | жекеменшік | |
Балабақша | 810 | 45 | 21591,8 | 27146 |
Балалар толық күн болатын шағын орталық | 167 | 0 | 13638,0 | 0 |
Балалар жарты күн болатын шағын орталық | 559 | 0 | 6762 | 0 |
Бір тәрбиеленушіге айына жұмсалатын шығындардың орташа құны (теңге) | Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының бір айға арналған ата-ананың ақы төлеу мөлшері (теңге) | ||
мемлекеттік | жекеменшік | мемлекеттік | жекеменшік |
21591,8 | 27146 | 8000 | 15000 |
13638,0 | 0 | 8000 | 0 |
6762 | 0 | 0 | 0 |