2016 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы

Жаңа

Ақмола облысы Шортанды ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 5 сәуірдегі № А-3/76 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 12 мамырда № 5345 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы Заңына, "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған 2016 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері бекітілсін.
      2. Осы қаулы 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е.Қ.Мұхамединге жүктелсін.
      4. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Г.Сәдуақасова

  Шортанды ауданы әкімдігінің
2016 жылғы 5 сәуірдегі
№ А-3/76 қаулысымен
бекітілген

2016 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері

Мектепке дейінгі білім ұйымның түрі

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының тәрбиеленушілер саны

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының бір айға арналған жан басына шаққандағы қаржыландыру мөлшері (теңге)

мемлекеттік

жекеменшік

мемлекеттік

жекеменшік

Балабақша

810

45

21591,8

27146

Балалар толық күн болатын шағын орталық

167

0

13638,0

0

Балалар жарты күн болатын шағын орталық

559

0

6762

0

      кестенің жалғасы:

Бір тәрбиеленушіге айына жұмсалатын шығындардың орташа құны (теңге)

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының бір айға арналған ата-ананың ақы төлеу мөлшері (теңге)

мемлекеттік

жекеменшік

мемлекеттік

жекеменшік

21591,8

27146

8000

15000

13638,0

0

8000

0

6762

0

0

0

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады