Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Бурабай аудандық мәслихатының 28.02.2018 № 6С-25/3 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 2-3 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысымен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларына сәйкес, Бурабай аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. "Бурабай ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2013 жылғы 26 тамыздағы № 5С-20/7 Бурабай аудандық мәслихаттың шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3816 болып тіркелген, 2013 жылдың 10 қазанында аудандық "Бурабай" және "Луч" газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
2 бөлімнің 8 тармағының 8 азат жолы жаңа редакцияда баяндалсын:
"оқытудың күндізгі оқыту түрі бойынша колледждерде ақы төлеу негізінде оқитын аз қамтылған және халықтың әлеуметтік тұрғыдан әлсіз топтарынан (отбасылардан) болған студенттерге;";
2 бөлімінің 9 тармағының 4) тармақшасы жаңа редакцияда баяндалсын:
"4) облыстық бюджеттен бөлінетін нысаналы трансфертер есебінен оқытудың күндізгі оқыту түрі бойынша колледждерде ақы төлеу негізінде оқитын аз қамтылған және халықтың әлеуметтік тұрғыдан әлсіз топтарынан (отбасылардан) болған студенттерге, білім беру мекемесімен жасасқан келісім шарттың нотариалды куәландырылған көшірмесі, оқу орнынан анықтаманың және өтініш берушінің (отбасының) аз қамтылған немесе халықтың әлеуметтік тұрғыдан әлсіз тобына жататындығын растайтын анықтама негізінде, жылына бір рет жылдық оқуын жүз пайыз мөлшерінде төлеуге арналған біржолғы көмек;".
2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың I сессиясының төрағасы | Қ.Шаяхметов |
Аудандық мәслихаттың хатшысы | Ө.Бейсенов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Бурабай ауданы әкімінің міндеттерін атқарушы |
С.Бейсимбаев |
28 наурыз 2016 жыл |