Бурабай ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Бурабай аудандық мәслихатының 2013 жылғы 26 тамыздағы № 5С-20/7 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 26 қыркүйекте № 3816 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Бурабай аудандық мәслихатының 2018 жылғы 28 ақпандағы № 6С-25/3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Бурабай аудандық мәслихатының 28.02.2018 № 6С-25/3 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабынының 2-3 тармағына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 43 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысымен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларына сәйкес, Бурабай аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Ақмола облысы Бурабай аудандық мәслихатының 12.05.2016 № 6С-2/3 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      1. Қоса беріліп отырған Бурабай ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары бекітілсін.

      2. Осы Бурабай ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларының 9 тармағының 5) тармақшасының күші 2013 жылғы 1 тамызынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таралады.

      3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың
ХХ сессиясының төрайымы
Г.Прохорова
      Аудандық мәслихаттың
хатшысы
Ө.Бейсенов

      КЕЛІСІЛДІ

      Бурабай ауданының әкімі Н.Нұркенов

  Бурабай аудандық мәслихаттың
2013 жылғы 26 тамыздағы
№ 5С-20/7 шешімімен
БЕКІТІЛГЕН

Бурабай ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің
және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың
қағидалары

      1. Осы Бурабай ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабы 2-3 тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысымен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларына (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) сәйкес әзірленді.

1. Жалпы ережелер

      2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:

      1) атаулы күндер – жалпы халықтық тарихи, рухани, мәдени маңызы бар және Қазақстан Республикасы тарихының барысына ықпал еткен оқиғалар;

      2) арнайы комиссия – өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша Бурабай ауданы әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;

      3) ең төмен күнкөріс деңгейі – Ақмола облысының статистикалық органдар есептейтін мөлшері бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға қажетті ең төмен ақшалай кіріс;

      4) мереке күндері – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;

      5) отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы – отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі;

      6) өмірлік қиын жағдай – азаматтың тыныс-тіршілігін объективті түрде бұзатын, ол оны өз бетінше еңсере алмайтын ахуал;

      7) уәкілетті орган – "Бурабай аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі;

      8) уәкілетті ұйым – "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Ақмола облысы бойынша филиалы "Әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталығы" департаментінің Бурабай аудандық бөлімшесі – Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштер қабылдау бойынша жұмысты ұйымдастыру және оның нәтижесін қызмет алушыға "жалғыз терезе" қағидаты бойынша беру, сондай-ақ, мемлекеттік қызметтер көрсетуді электрондық түрде қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен құрылған заңды тұлға;

      9) учаскелік комиссия – әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу және қорытындылар дайындау үшін Бурабай ауданының қала, кент, ауылдық округтер әкімдерінің шешімімен құрылатын комиссия;

      10) шекті шама – әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгерістер енгізілді - Ақмола облысы Бурабай аудандық мәслихатының 03.03.2015 № 5С-40/2 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 12.05.2016 № 6С-2/3 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 27.07.2016 № 6С-6/3 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.

      3. Осы Қағидалар Бурабай ауданының аумағында тұрақты тұратын тұлғаларға таралады.

      4. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін әлеуметтік көмек ретінде уәкілетті орган мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі – алушылар) өмірлік қиын жағдай туындаған жағдайда, сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндеріне ақшалай нысанда көрсететін көмек түсініледі.

      5. "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" 1995 жылғы 28 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 20 бабында және "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" 2005 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 16 бабында көрсетілген адамдарға әлеуметтік көмек осы Қағидаларда көзделген тәртіппен көрсетіледі.

      6. Әлеуметтік көмек екінші деңгейдегі банктер немесе сәйкес келетін банктік операциялар жасауға лицензиялары бар ұйымдармен ақшалай түрде, алушылардың есеп шоттарына аудару арқылы ұсынылады.

      7. Әлеуметтік көмек көрсетілетін атаулы және мереке күндерінің тізбесі:

      1) Жеңіс күні – 9 мамыр;

      2) Қарт адамдар күні – 1 қазан.

2. Санаттар тізбесі және әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлері

      8. Әлеуметтік көмек алушылардың келесі санаттарына беріледі:

      Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне;

      Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген тұлғаларға;

      Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген басқа тұлғалардың санаттарына;

      ең төмен зейнетақы алатын және жасы бойынша мемлекеттік жәрдемақыны алатын зейнеткерлерге;

      анықталған жағдайларға байланысты, жедел әлеуметтік қолдауға мұқтаж отбасыларға (азаматтарға) өрт, басқа да табиғи және техногендік сипаттағы айрықша жағдайларда;

      әлеуметтік мәні бар аурулармен ауыратын тұлғаларға (туберкулезбен, онкологиялық аурулармен);

      оқытудың күндізгі оқыту түрі бойынша колледждерде ақы төлеу негізінде оқитын аз қамтылған және халықтың әлеуметтік тұрғыдан әлсіз топтарынан (отбасылардан) болған студенттерге;

      Бурабай ауданының мемлекеттік медициналық мекемелерімен оқуды аяқтағанынан кейін жұмысқа орналасу туралы шарт жасаған, жоғарғы медициналық оқу орындарында оқитын аз қамтылған және көп балалы отбасылардың студенттеріне;

      Ауғанстандағы ұрыс қимылдарының қатысушыларына;

      Бұл ретте азаматтарды өмірлік қиын жағдай туындаған кезде мұқтаждар санатына жатқызу үшін мыналар негіз болады:

      1) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген негіздемелер;

      2) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан, азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтіру немесе әлеуметтік мәні бар аурулардың болуы;

      3) ең төмен күнкөріс деңгейіне еселік қатынаста белгілейтін шектен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың бар болуы.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Бурабай аудандық мәслихатының 28.03.2017 № 6С-13/3 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      9. Әлеуметтік көмек келесілерге көрсетіледі:

      1) 9 мамыр - Жеңіс Күніне:

      Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне;

      Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген тұлғаларға;

      Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген тұлғалардың басқа да санаттарына;

      2) қарт адамдар күніне:

      ең төмен зейнетақыны алатын зейнеткерлерге және жасы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыны алатын тұлғаларға;

      3) анықталған жағдайларға байланысты, жедел әлеуметтік қолдауға мұқтаж отбасыларға (азаматтарға) өмірлік қиын жағдай туындаған сәттен үш айдан кешіктірмей өтініш берілгенде, кірісіне қарамастан, жылына бір рет:

      онкологиялық аурулармен ауыратын, онкологиялық стационар жағдайда арнайы ем қабылдаудағы тұлғаларға он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      туберкулезбен ауыратындарға амбулаторлық емделу мерзіміне он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      анықталған жағдайларға байланысты, жедел әлеуметтік қолдауға мұқтаж отбасыларға (азаматтарға) өрт, басқа да табиғи және техногендік сипаттағы айрықша жағдайларда отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      4) облыстық бюджеттен бөлінетін нысаналы трансфертер есебінен оқытудың күндізгі оқыту түрі бойынша колледждерде ақы төлеу негізінде оқитын аз қамтылған және халықтың әлеуметтік тұрғыдан әлсіз топтарынан (отбасылардан) болған студенттерге, білім беру мекемесімен жасасқан келісім шарттың нотариалды куәландырылған көшірмесі, оқу орнынан анықтаманың және өтініш берушінің (отбасының) аз қамтылған немесе халықтың әлеуметтік тұрғыдан әлсіз тобына жататындығын растайтын анықтама негізінде, жылына бір рет жылдық оқуын жүз пайыз мөлшерінде төлеуге арналған біржолғы көмек;

      5) коммуналдық қызмет шығындары үшін өтініш берусіз уәкілетті ұйыммен ұсынылған тізімдерінің негізінде:

      Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне ай сайын облыстық бюджеттен бөлінетін нысаналы трансферттер есебінен 100 пайыз мөлшерінде:

      сумен, канализация, жылумен, қоқыстарды жою, электр қуатымен қамтамасыз ету қызметтерін көрсеткендері үшін қызмет көрсетушілері берген тізілімдеріне сай алушының өтініші бойынша қызмет көрсетушілердің шоттарына;

      байланыс қызметтері (абоненттік төлемақы), газбен қамтамасыз ету алушылардың жеке шоттарына.

      Әлеуметтік көмекті алушының қалауы бойынша қатты отынға жұмсалған шығындар жылу беру мерзімінде Ұлы Отан соғысы қатысушының немесе мүгедектің нақты тұрып жатқан жері бойынша тұрғын үйдің алып жатқан алаңына сай 1 шаршы метр алаңын жылытуға қажетті көмірдің шығынын есептегенде тұрғын үй ғимараттарының 1-2 қабатты құрылыстары үшін 49,75 килограмм мөлшерінде алушылардың жеке шотына немесе қатты отынды сатып алғаны жөнінде ұсынылған түбіртектеріне сай өтеледі.

      Ұлы Отан соғысына қатысушы пайдаланып жүрген жеңілдіктер, оның пайдалану мерзімі кезеңі ішінде онымен бірге тұратын немесе тіркелген жандарға да осы әлеуметтік көмек түрі көрсетіледі.

      6) Бурабай ауданының мемлекеттік медициналық мекемелерімен оқуды аяқтағанынан кейін жұмысқа орналасу туралы шарт жасаған, жоғарғы медициналық оқу орындарында оқитын аз қамтылған және көп балалы отбасылардың студенттеріне, көп балалы отбасы санатын растайтын анықтаманың немесе өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға жататынын растайтын анықтама негізінде облыстық бюджеттен бөлінетін нысаналы трансферттер есебінен оқуы үшін 100 % мөлшерінде төлеуге;

      7) ағымдағы қаржы жылына қарастырылған сомалар шегінде, мемлекеттік сатып алу өткізу арқылы сатып алынатын Ауғанстандағы ұрыс қимылдарының қатысушыларына санаторлық-курорттық емдеуге жолдамалар түрінде.

      Санаторлық-курорттық емдеуден өту мерзімі 10 күнді құрайды. Санаторлық-курорттық емделуге құқық өтініш берген күніне сәйкес кезектілік тәртібінде күнтiзбелiк жылда бір реттен аспайтындай беріледі. Санаторлық-курорттық емдеуден өту орнына дейiнгi және керi қайту жолақысының құнын төлеу санаторлық-курорттық емдеуді алушының жеке қаражаты есебiнен жүргiзiледi. Өтiнiш берушi санаторлық-курорттық емдеуден өз қалауы бойынша бас тартқан жағдайда, жолдама уәкілетті органға қайтаруға және кезектілікке сәйкес басқа өтiнішкерге беруге жатады;

      8) мүгедектігі жоқ, қайтыс болған Ауғанстандағы ұрыс қимылдарының қатысушыларын жерлеуге 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде бір жолғы жәрдемақы.

      Ескерту. 9-тармаққа өзгерістер енгізілді - Ақмола облысы Бурабай аудандық мәслихатының 03.03.2015 № 5С-40/2 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 29.10.2015 № 5С-47/2 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 28.03.2016 № 6С-1/8 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 28.03.2017 № 6С-13/3 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.

3. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі

      10. Атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмек алушылардан өтініштер талап етілмей уәкілетті ұйымның ұсынымы бойынша Бурабай ауданының әкімдігі бекітетін тізім бойынша көрсетіледі.

      11. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан уәкілетті органға немесе кент, ауылдық округтің әкіміне өтінішке қоса мынадай құжаттарды:

      1) жеке басын куәландыратын құжатты;

      2) тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжатты;

      3) бекітілген нысанға сәйкес адамның (отбасының) құрамы туралы мәліметтерді;

      4) адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтерді;

      5) өмірлік қиын жағдайдың туындағанын растайтын актіні және/немесе құжатты ұсынады.

      12. Құжаттар салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларда және көшірмелерде ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.

      13. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш келіп түскен кезде уәкілетті орган немесе кент, ауылдық округтің әкімі бір жұмыс күні ішінде өтініш берушінің құжаттарын адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізу үшін учаскелік комиссияға жібереді.

      14. Учаскелік комиссия құжаттарды алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өтініш берушіге тексеру жүргізеді, оның нәтижелері бойынша Үлгілік қағидаларының 2, 3 қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша адамның (отбасының) материалдық жағдайы туралы акті жасайды, адамның (отбасының) әлеуметтік көмекке мұқтаждығы туралы қорытынды дайындайды және оларды уәкілетті органға немесе кент, ауылдық округ әкіміне жібереді.

      Кент, ауылдық округ әкімі учаскелік комиссияның актісі мен қорытындысын алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оларды қоса берілген құжаттармен уәкілетті органға жібереді.

      15. Әлеуметтік көмек көрсету үшін құжаттар жетіспеген жағдайда уәкілетті орган әлеуметтік көмек көрсетуге ұсынылған құжаттарды қарау үшін қажетті мәліметтерді тиісті органдардан сұратады.

      16. Өтініш берушінің қажетті құжаттарды олардың бүлінуіне, жоғалуына байланысты ұсынуға мүмкіндігі болмаған жағдайда уәкілетті орган тиісті мәліметтерді қамтитын өзге уәкілетті органдар мен ұйымдардың деректері негізінде әлеуметтік көмек тағайындау туралы шешім қабылдайды.

      17. Уәкілетті орган учаскелік комиссиядан немесе кент, ауылдық округ әкімінен құжаттар келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысын есептеуді жүргізеді және құжаттардың толық пакетін арнайы комиссияның қарауына ұсынады.

      18. Арнайы комиссия құжаттар келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарады, оң қорытынды болған кезде әлеуметтік көмектің мөлшерін көрсетеді.

      19. Уәкілетті орган өтініш берушінің әлеуметтік көмек алуға қажетті құжаттарын тіркеген күннен бастап сегіз жұмыс күні ішінде қабылданған құжаттар мен арнайы комиссияның әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындысының негізінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      Осы Қағидалардың 15 және 16 тармақтарында көрсетілген жағдайларда уәкілетті орган өтініш берушіден немесе кент, ауылдық округтің әкімінен құжаттарды қабылдаған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      20. Уәкілетті орган шешім қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қабылданған шешім туралы (бас тартқан жағдайда – негіздемесін көрсете отырып) өтініш берушіні жазбаша хабардар етеді.

      21. Алынып тасталды - Ақмола облысы Бурабай аудандық мәслихатының 12.05.2016 № 6С-2/3 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      22. Әлеуметтік көмек көрсетуден келесі жағдайларда бас тартылады:

      1) өтініш беруші ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталғанда;

      2) өтініш беруші адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізуден бас тартқанда, жалтарғанда;

      3) адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы әлеуметтік көмек көрсету үшін шектен артқан жағдайларда жүзеге асырылады.

      23. Әлеуметтік көмек ұсынуға шығыстарды қаржыландыру Бурабай ауданының бюджетінде көзделген ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегінде жүзеге асырылады.

4. Көрсетілетін әлеуметтік көмекті тоқтату және қайтару үшін негіздемелер

      24. Әлеуметтік көмек:

      1) алушы қайтыс болғанда;

      2) алушы Бурабай ауданының шегінен тыс тұрақты тұруға кеткен;

      3) алушыны мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерге тұруға жіберген;

      4) алушы ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған жағдайларда тоқтатылады.

      Әлеуметтік көмекті төлеу көрсетілген жағдаяттар туындаған айдан бастап тоқтатылады.

      25. Артық төленген сомалар ерікті немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзгеше тәртіппен қайтаруға жатады.

5. Қорытынды ереже

      26. Әлеуметтік көмек көрсету мониторингі мен есепке алуды уәкілетті орган "Е-Собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқорын пайдалана отырып жүргізеді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады