"Агроөнеркәсіптік кешен субъектісі инвестициялық салынымдар кезінде жұмсаған шығыстардың бір бөлігінің орнын толтыру бойынша субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы

Ақтөбе облысының әкімдігінің 2016 жылғы 11 мамырдағы № 191 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 9 маусымда № 4948 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы әкімдігінің 2020 жылғы 3 наурыздағы № 81 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы әкімдігінің 03.03.2020 № 81 қаулысымен (алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңы 16-бабының 3-тармағына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 16 қарашадағы № 9-3/999 "Агроөнеркәсіптік кешен субъектісі инвестициялық салынымдар кезінде жұмсаған шығыстардың бір бөлігінің орнын толтыру бойынша субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 12520 тіркелген) бұйрығына сәйкес Ақтөбе облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған "Агроөнеркәсіптік кешен субъектісі инвестициялық салынымдар кезінде жұмсаған шығыстардың бір бөлігінің орнын толтыру бойынша субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.
      2. "Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыны мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары М.С.Жұмағазиевке жүктелсін.
      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ақтөбе облысының әкімі Б. Сапарбаев

  Ақтөбе облысы әкімдігінің
2016 жылғы 11 мамырдағы
№ 191 қаулысымен
БЕКІТІЛГЕН

"Агроөнеркәсіптік кешен субъектісі инвестициялық салынымдар кезінде жұмсаған шығыстардың бір бөлігінің орнын толтыру бойынша субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. "Агроөнеркәсіптік кешен субъектісі инвестициялық салынымдар кезінде жұмсаған шығыстардың бір бөлігінің орнын толтыру бойынша субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) "Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – басқарма) көрсетіледі.
      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру "Қазагромаркетинг" акционерлік қоғамымен (бұдан әрі – оператор) жүзеге асырылады.
      2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны – қағаз түрінде.
      3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – инвестициялық субсидиялау мәселелері бойынша облыс әкімі орынбасарының төрағалығымен өткен, комиссия хатшысының қолы қойылған және мөрімен расталған комиссия отырысы хаттамасынан үзінді.
      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны – қағаз түрінде.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-әрекетінің тәртібін сипаттау

      4. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 16 қарашадағы № 9-3/999 "Агроөнеркәсіптік кешен субъектісі инвестициялық салынымдар кезінде жұмсаған шығыстардың бір бөлігінің орнын толтыру бойынша субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" бұйрығымен бекітілген "Агроөнеркәсіптік кешен субъектісі инвестициялық салынымдар кезінде жұмсаған шығыстардың бір бөлігінің орнын толтыру бойынша субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандартының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 12520 тіркелген) (бұдан әрі – Стандарт) 9-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті алушымен (бұдан әрі – инвестор) ұсынылған құжаттар, мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі рәсімдерді (іс-әрекеттерді) бастау үшін негіздеме болып табылады.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-әрекеттің) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:
      1) оператор:
      инвесторлардан құжаттарды алғаннан кейін олардың толықтығын тексереді және басқарма басшысы орынбасарының лауазымынан төмен емес қызмет атқаратын басқарма өкілінің төрағалық етуімен және басқарма өкілдерінен тұратын басқарма тарапынан құрылған сараптамалық комиссия (бұдан әрі – сараптамалық комиссия) отырысын шақыру туралы жазбаша хабарламаны оның мүшелеріне жібереді.
      Құжаттар топтамасын толықтай ұсынбаған жағдайда, оператор инвесторды қажетті құжаттардың жоқ екендігі туралы жазбаша нысанда хабардар етеді – 7 (жеті) жұмыс күні.
      Жетіспейтін құжаттарды беру мерзімі аяқталғаннан кейін, өтінімді қарайды және құжаттар топтамасы толық емес екендігі туралы ақпаратпен бірге сараптамалық комиссияның қарауына жолдайды – 7 (жеті) жұмыс күні.
      Нәтижесі – құжаттардың бары/жоғы туралы ақпараты бар өтінімдер;
      2) сараптамалық комиссия оператордан келіп түскен өтініштерді қарайды, Стандарттың 9-тармағына сәйкестігін тексереді, субсидиялар есептемелерін жасайды және жобаның инвестициялық субсидиялауға сәйкестігі/сәйкес еместігі туралы сараптамалық комиссияның қорытындысын дайындайды – 7 (жеті) жұмыс күні.
      Нәтижесі - жобаның инвестициялық субсидиялауға және ұсынылған субсидия соммасына сәйкестігі/сәйкес еместігі туралы сараптамалық комиссияның қорытындысы;
      3) оператор:
      сараптамалық комиссия өтінімдерді қарағаннан кейін комиссия отырысының өткізілетін орнын, уақытын және күнін комиссия төрағасымен келісе отырып белгілейді – 3 (үш) жұмыс күні.
      Сараптамалық комиссия отырысын шақыру туралы жазбаша хабарламаны барлық материалдарды электрондық тасығышта қоса бере отырып, оның мүшелеріне жолдайды – 5 (бес) жұмыс күні.
      Нәтижесі - комиссия отырысын шақыру туралы хабарлама;
      4) комиссия отырыс кезінде келіп түскен құжаттарды қарайды және өтінімді мақұлдау немесе мақұлдаудан бас тарту не болмаса инвестордың қойылған шарттарға сәйкестігі/сәйкес еместігі туралы шешім қабылдайды.
      Қажет болған жағдайда, комиссия даулы мәселелер болған кезде қосымша құжаттарды сұратады және операторға ауыл шаруашылығы саласындағы тиісті мамандарды не тәуелсіз сарапшыларды тартуды тапсырады – 7 (жеті) жұмыс күні.
      Нәтижесі – комиссияның хаттамалық шешімі;
      5) басқарма:
      комиссия өтінімді мақұлдау немесе мақұлдаудан бас тарту не болмаса инвестордың қойылған шарттарға сәйкестігі/сәйкес еместігі туралы шешім қабылдағаннан кейін хаттама құрастырады – 1 (бір) жұмыс күні;
      комиссия мүшелерінің қолдарын жинайды және комиссия отырысының хаттамасын хаттамаларды тіркейтін тиісті журналға тіркейді – 3 (үш) жұмыс күні;
      комиссия отырысы хаттамасынан үзінді дайындайды және операторға жолдайды – 2 (екі) жұмыс күні.
      Нәтижесі – комиссия отырысы хаттамасынан үзінді-көшірме;
      6) оператор инвесторларға комиссия отырысы хаттамасынан үзінді жолдайды – 1 (бір) жұмыс күні.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлердің) өзара іс-әрекетінің тәртібін сипаттау

      6. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне қатысатын құрылымдық бөлімшелердің (қызметкерлердің) тізбесі:
      1) оператор;
      2) сараптамалық комиссия;
      3) комиссия;
      4) басқарма;
      7. Әрбір рәсімнің (іс-әрекеттің) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелердің (қызметкерлердің) арасындағы өзара (іс-әрекеттің) реттілігін сипаттау:
      1) оператор:
      инвесторлардан құжаттарды алғаннан кейін олардың толықтығын тексереді және сараптамалық комиссия отырысын шақыру туралы жазбаша хабарламаны оның мүшелеріне жібереді. Құжаттар топтамасын толықтай ұсынбаған жағдайда, оператор инвесторды қажетті құжаттардың жоқ екендігі туралы жазбаша нысанда хабардар етеді – 7 (жеті) жұмыс күні;
      инвестор жетіспейтін құжаттарды бермеген жағдайда, өтінімді қарайды және құжаттар топтамасы толық емес екендігі туралы ақпаратпен бірге сараптамалық комиссияның қарауына жолдайды – 7 (жеті) жұмыс күні;
      2) сараптамалық комиссия оператордан келіп түскен өтініштерді қарайды, инвестор ұсынған құжаттардың толықтығын және сәйкестігін тексереді, субсидиялар есептемелерін жасайды және жобаның инвестициялық субсидиялауға сәйкестігі/сәйкес еместігі туралы сараптамалық комиссияның қорытындысын дайындайды – 7 (жеті) жұмыс күні;
      3) оператор:
      сараптамалық комиссия өтінімдерді қарағаннан кейін комиссия отырысының өткізілу орнын, уақытын және күнін комиссия төрағасының келісімімен белгілейді – 3 (үш) жұмыс күні.
      Сараптамалық комиссия отырысын шақыру туралы жазбаша хабарламаны барлық материалдарды электрондық тасығышта қоса бере отырып, оның мүшелеріне жолдайды – 5 (бес) жұмыс күні;
      4) комиссия отырыс кезінде келіп түскен құжаттарды қарайды және өтінімді мақұлдау немесе мақұлдаудан бас тарту не болмаса инвестордың қойылған шарттарға сәйкестігі/сәйкес еместігі туралы шешім қабылдайды. Қажет болған жағдайда, комиссия даулы мәселелер болған кезде қосымша құжаттарды сұратады және операторға ауыл шаруашылығы саласындағы тиісті мамандарды не тәуелсіз сарапшыларды тартуды тапсырады – 7 (жеті) жұмыс күні;
      5) басқарма:
      комиссия өтінімді мақұлдау немесе мақұлдаудан бас тарту не болмаса инвестордың қойылған шарттарға сәйкестігі/сәйкес еместігі туралы шешім қабылдағаннан кейін хаттама құрастырады – 1 (бір) жұмыс күні.
      комиссия мүшелерінің қолдарын жинайды және комиссия отырысының хаттамасын хаттамаларды тіркейтін тиісті журналға тіркейді – 3 (үш) жұмыс күні.
      комиссия отырысы хаттамасынан үзінді дайындайды және операторға жолдайды – 2 (екі) жұмыс күні;
      6) оператор инвесторларға комиссия отырысы хаттамасынан үзінді -көшірмесін жолдайды – 1 (бір) жұмыс күні;
      8. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) рәсімдерінің (іс-әрекеттерінің) өзара іс-әрекеттерінің реттілігінің толық сипаттамасы, сондай-ақ өзге көрсетілген қызметті берушілермен өзара іс-әрекет тәртібінің сипаттамасы осы регламентке қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес - үдерістерінің анықтамалығында көрсетіледі.
      Мемлекеттік қызметті көрсетудің бизнес-үдерістерінің анықтамалығы көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында орналастырылады.

  "Агроөнеркәсіптік кешен
субъектісі инвестициялық
салынымдар кезінде жұмсаған
шығыстардың бір бөлігінің
орнын толтыру бойынша
субсидиялау" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
регламентіне қосымша

"Агроөнеркәсіптік кешен субъектісі инвестициялық салынымдар кезінде жұмсаған шығыстардың бір бөлігінің орнын толтыру бойынша субсидиялау" мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-үдерістерінің анықтамалығы



Об утверждении регламента государственной услуги "Субсидирование по возмещению части расходов, понесенных субъектом агропромышленного комплекса при инвестиционных вложениях"

Постановление акимата Актюбинской области от 11 мая 2016 года № 191. Зарегистрировано Департаментом юстиции Актюбинской области 9 июня 2016 года № 4948. Утратило силу постановлением акимата Актюбинской области от 3 марта 2020 года № 81

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Актюбинской области от 03.03.2020 № 81 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      В соответствии со статьей 27 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", пунктом 3 статьи 16 Закона Республики Казахстан от 15 апреля 2013 года "О государственных услугах", приказом Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 16 ноября 2015 года № 9-3/999. "Об утверждении стандарта государственной услуги "Субсидирование по возмещению части расходов, понесенных субъектом агропромышленного комплекса при инвестиционных вложениях" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 12520) акимат Актюбинской области ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить прилагаемый регламент государственной услуги "Субсидирование по возмещению части расходов, понесенных субъектом агропромышленного комплекса при инвестиционных вложениях".
      2. Государственному учреждению "Управление сельского хозяйства Актюбинской области" обеспечить направление настоящего постановления на официальное опубликование в периодических печатных изданиях и информационно-правовой системе "Әділет".
      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима Актюбинской области Джумагазиева М.С.
      4. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким Актюбинской области Б.Сапарбаев

  УТВЕРЖДЕН
постановлением акимата
Актюбинской области
от 11 мая 2016 года № 191

Регламент государственной услуги "Субсидирование по возмещению части расходов, понесенных субъектом агропромышленного комплекса при инвестиционных вложениях"

1. Общие положения

      1. Государственная услуга "Субсидирование по возмещению части расходов, понесенных субъектом агропромышленного комплекса при инвестиционных вложениях" (далее - государственная услуга) оказывается государственным учреждением "Управление сельского хозяйства Актюбинской области" (далее - управление).
      Прием заявлений и выдача результата оказания государственной услуги осуществляется акционерным обществом "Казагромаркетинг" (далее - оператор).
      2. Форма оказания государственной услуги - бумажная.
      3. Результат оказания государственной услуги - выписка из протокола заседания комиссии под председательством заместителя акима области по вопросам инвестиционного субсидирования с подписью секретаря комиссии и заверенная печатью.
      Форма предоставления результата оказания государственной услуги - бумажная.

2. Описание порядка действий структурных подразделений (работников) услугодателя в процессе оказания государственной услуги

      4. Основанием для начала процедуры (действия) по оказанию государственной услуги являются документы, предоставленные услугополучателем (далее – инвестор) оператору согласно пункта 9 Стандарта государственной услуги "Субсидирование по возмещению части расходов, понесенных субъектом агропромышленного комплекса при инвестиционных вложениях", утвержденного приказом Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 16 ноября 2015 года № 9-3/999 "Об утверждении стандарта государственной услуги "Субсидирование по возмещению части расходов, понесенных субъектом агропромышленного комплекса при инвестиционных вложениях" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 12520) (далее – Стандарт).
      5. Содержание каждой процедуры (действия), входящей в состав процесса оказания государственной услуги, длительность его выполнения:
      1) оператор:
      после получения документов от инвестора проверяет их на полноту и направляет письменное уведомление о созыве заседания членам экспертной комиссии созданной управлением под председательством представителя управления занимающего должность не ниже заместителя руководителя управления и представителей управления (далее – экспертная комиссия).
      В случае представления неполного пакета документов, оператор уведомляет инвестора в письменной форме об отсутствии необходимых документов – 7 (семь) рабочих дней.
      После истечение срока представления недостающих документов инвестором, рассматривает заявку и направляет на рассмотрение экспертной комиссии с информацией о неполном пакете документов – 7 (семь) рабочих дней.
      Результат – заявки с информациями о наличии/отсутствии документов;
      2) экспертная комиссия рассматривает заявки, поступившие от оператора, проверяет их на соответствие пункта 9 Стандарта, производит расчет субсидий и готовит заключение экспертной комиссии о соответствии/несоответствии проекта инвестиционному субсидированию – 7 (семь) рабочих дней.
      Результат – заключение экспертной комиссии о соответствии/ несоответствии проекта инвестиционному субсидированию и рекомендуемой сумме субсидий;
      3) оператор:
      после рассмотрения заявок экспертной комиссией определяет место, время и дату проведения заседания комиссии по согласованию с председателем комиссии – 3 (три) рабочих дня.
      Направляет письменное уведомление о созыве заседания комиссии ее членам с приложением всех материалов на электронном носителе – 5 (пять) рабочих дней.
      Результат – уведомление о созыве заседания комиссии;
      4) комиссия на заседании рассматривает поступившие документы и принимает решение об одобрении или отклонении заявки, либо о соответствии/несоответствии инвестора условиям.
      В случае необходимости при наличии спорных вопросов комиссия запрашивает дополнительные документы и поручает оператору привлечь соответствующих специалистов в области сельского хозяйства либо независимых экспертов – 7 (семь) рабочих дней.
      Результат – протокольное решение комиссии;
      5) управление:
      после принятия комиссией решения об одобрении или отклонении заявки, либо о соответствии/несоответствии инвестора условиям составляет протокол – 1 (один) рабочий день.
      Собирает подписи членов комиссии и регистрирует протокол заседания комиссии в соответствующем журнале регистрации протоколов – 3 (три) рабочих дня.
      Подготавливает выписки из протокола заседания комиссии и направляет оператору – 2 (два) рабочих дня.
      Результат – выписка из протокола заседания комиссии;
      6) оператор направляет инвесторам выписки из протокола заседания комиссии – 1 (один) рабочий день.

3. Описание порядка взаимодействия структурных подразделений (работников) услугодателя в процессе оказания государственной услуги

      6. Перечень структурных подразделений (работников) услугодателя, которые участвуют в процессе оказания государственной услуги:
      1) оператор;
      2) экспертная комиссия;
      2) комиссия;
      3) управление;
      7. Описание последовательности процедур (действий) между структурными подразделениями (работниками) с указанием длительности каждой процедуры (действия):
      1) оператор:
      после получения документов от инвестора проверяет их на полноту и направляет письменное уведомление о созыве заседания членам экспертной комиссии. В случае представления неполного пакета документов, оператор уведомляет инвестора в письменной форме об отсутствии необходимых документов – 7 (семь) рабочих дней.
      В случае непредставления недостающих документов инвестором, рассматривает заявку и направляет на рассмотрение экспертной комиссии с информацией о неполном пакете документов – 7 (семь) рабочих дней;
      2) экспертная комиссия рассматривает заявки, поступившие от оператора, проверяет на полноту и соответствие представленные инвестором документы, производит расчет субсидии и готовит заключение экспертной комиссии о соответствии/несоответствии проекта инвестиционному субсидированию – 7 (семь) рабочих дней;
      3) оператор:
      после рассмотрения заявок экспертной комиссией определяет место, время и дату проведения заседания комиссии по согласованию с председателем комиссии – 3 (три) рабочих дня.
      Направляет письменное уведомление о созыве заседания комиссии ее членам с приложением всех материалов на электронном носителе – 5 (пять) рабочих дней;
      4) комиссия на заседании рассматривает поступившие документы и принимает решение об одобрении или отклонении заявки либо о соответствии/несоответствии инвестора условиям. В случае необходимости при наличии спорных вопросов комиссия запрашивает дополнительные документы и поручает оператору привлечь соответствующих специалистов в области сельского хозяйства либо независимых экспертов - 7 (семь) рабочих дней;
      5) управление:
      после принятия комиссией решения об одобрении или отклонении заявки либо о соответствии/ несоответствии инвестора условиям составляет протокол – 1 (один) рабочий день.
      Собирает подписи членов комиссии и регистрирует протокол заседания комиссии в соответствующем журнале регистрации протоколов – 3 (три) рабочих дня.
      Подготавливает выписки из протокола заседания комиссии и направляет оператору – 2 (два) рабочих дня;
      6) оператор направляет инвесторам выписки из протокола заседания комиссии – 1 (один) рабочий день;
      8. Подробное описание последовательности процедур (действий), взаимодействий структурных подразделений (работников) услугодателя в процессе оказания государственной услуги, а также описание порядка взаимодействия с иными услугодателями отражается в справочнике бизнес-процессов оказания государственной услуги согласно приложению к настоящему регламенту.
      Справочник бизнес-процессов оказания государственной услуги размещается на интернет-ресурсе услугодателя.

  Приложение к регламенту
государственной услуги
"Субсидирование по
возмещению части расходов,
понесенных субъектом
агропромышленного
комплекса при инвестиционных
вложениях"

Справочник бизнес-процессов оказания государственной услуги "Субсидирование по возмещению части расходов, понесенных субъектом агропромышленного комплекса при инвестиционных вложениях"