Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 09.10.2020 № 311 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған "Агроөнеркәсіптік кешен субъектісі инвестициялық салынымдар кезінде жұмсаған шығыстардың бір бөлігінің орнын толтыру бойынша субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Инвестициялық саясат және қаржы құралдары департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі |
А. Мамытбеков |
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
__________________ Е. Досаев
2015 жылғы 30 қараша
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 16 қарашадағы № 9-3/999 бұйрығымен бекітілген |
"Агроөнеркәсіптік кешен субъектісі инвестициялық салынымдар кезінде жұмсаған шығыстардың бір бөлігінің орнын толтыру бойынша субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Ескерту. Стандарт жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 14.02.2019 № 67 (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. "Агроөнеркәсіптік кешен субъектісі инвестициялық салынымдар кезінде жұмсаған шығыстардың бір бөлігінің орнын толтыру бойынша субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінімдерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі - 14 (он төрт) жұмыс күні.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (толық автоматтандырылған).
6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - инвестициялық субсидиялау шартын жасасу не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тарту.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны - электрондық.
Көрсетілетін қызметті алушыға осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1 және 2-қосымшаларға сәйкес электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі туралы хабарлама жолданады. Хабарлама көрсетілетін қызметті алушы субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде тіркелген кезде көрсеткен электрондық почта мекенжайына жолданады.
7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.
8. Порталдың жұмыс кестесі - жөндеу жұмыстарын жүргізумен байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, өтінімдерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін.
9. Пайдалануға берілмеген инвестициялық жобалар бойынша көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша инвестициялық субсидиялауға арналған бірінші кезеңдегі өтінім береді, оған өтінімде көрсетілген қажетті құжаттар "PDF (Portable Document Format)" форматында (көрсетілетін қызметті алушы қол қойған және мөрімен (бар болса) растаған қағаз нұсқаның сканерленген көшірмесі) қоса тіркеледі.
Пайдалануға берілген инвестициялық жобалар бойынша, сондай-ақ нақты сатып алынған техника мен жабдықтар бойынша көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидиялауға арналған бірінші кезеңдегі өтінім береді, оған өтінімде көрсетілген қажетті құжаттар "PDF (Portable Document Format)" форматында (көрсетілетін қызметті алушы қол қойған және мөрімен (бар болса) растаған қағаз нұсқаның сканерленген көшірмесі) қоса тіркеледі, ол екі кезеңді рәсімдерді қолданбастан қаралады.
Екінші кезеңде (жұмыстар аяқталғаннан кейін) көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша инвестициялық субсидиялауға арналған екінші кезеңдегі өтінім береді, оған "PDF (Portable Document Format)" электрондық форматында (көрсетілетін қызметті алушы қол қойған және мөрімен (бар болса) растаған қағаз нұсқаның сканерлеген көшірмесі) мынадай растау, құқық белгілеу және (немесе) тіркеу құжаттары қоса тіркеледі:
1) "Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заң) 73-бабының 2-тармағына сәйкес "Объектіні пайдалануға қабылдау актісінің нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 24 сәуірдегі № 234 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15141 болып тіркелген) бекітілген нысан (бұдан әрі - объектіні пайдалануға қабылдау актісінің нысаны) бойынша инвестициялық жоба объектісін пайдалануға қабылдау актісінің (жаңа өндірістік қуаттылықтар құру немесе жұмыс істеп тұрғандарын кеңейту кезінде) немесе инвестициялық жобаның іске қосу кешенін немесе кезегін пайдалануға беру актісінің (Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 23 шілдедегі № 317 бұйрығымен бекітілген Инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау қағидаларының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17320 болып тіркелген) (бұдан әрі - Қағидалар) 14-тармағында көрсетілген жағдайлар бойынша) көшірмелері;
2) сатып алушы мен жеткізуші арасындағы жабдықтарды пайдалануға беру актісінің көшірмесі (жабдықтар сатып алу кезінде);
3) жаңа өндірістік қуаттылықтар құруға не жұмыс істеп тұрғандарын кеңейтуге арналған инвестициялық салымдарды растайтын, сатып алынған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша сатып алу-сату шарттарының, электрондық шот-фактуралардың, ақы төленгенін растайтын құжаттардың көшірмелері;
4) Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңның 60-бабына және 9-1-тарауына сәйкес жобалар сараптамасының оң қорытындысы бар жобалау-сметалық құжаттаманың көшірмелері (жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес субсидиялау көзделген жобалардың паспорттары бойынша);
5) ауыл шаруашылығы техникасын, арнайы техника мен технологиялық жабдықтарды қабылдап алу-беру актілерінің көшірмелері;
6) қаржы институттарында тартылған қаражат есебінен инвестициялық салымдар жүзеге асырылған жағдайда, қаржы институты растаған кредиттік/лизингтік шарттардың көшірмелері;
7) көрсетілетін қызметті алушы Қағидалардың 18-тармағына сәйкес екінші траншты алуға өтінім берген жағдайда, "PDF (Portable Document Format)" электрондық форматында (қағаз нұсқасының сканерленген көшірмесі) растайтын құжаттарды (бизнес-жоспар, дайын өнімді өткізу бойынша электрондық шот-фактуралар) қоса тіркейді. Бизнес-жоспарда мәлімделген өндірілген өнім көлемін растау үшін мамандар тобы/сараптама ұйымы, дара кәсіпкерлерді қоспағанда, осы тармақшада көрсетілген құжаттардың, сондай-ақ екінші кезеңде инвестордың өтінім берген сәтінің алдындағы тоқсан үшін инвестордың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2017 жылғы 15 қарашадағы № 173 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16060 болып тіркелген) бекітілген "Кәсіпорынның өнім (тауар, қызмет) өндіру және жөнелту туралы есебі" (коды 151103128, индексі 1-П, кезеңділігі тоқсандық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанының негізінде дайындалатын кемінде 30 % өндірілген өнім көлеміне қол жеткізілгені туралы қарап-тексеру актісін жасайды.
Қаржы институтының арнайы шотына аванстық төлем тетігін қолдана отырып, инвестициялық субсидиялауға арналған өтінімді көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша береді және қаржы институтының кредиттік комитетінің оң шешімінің қаржы институты растаған көшірмесін "PDF (Portable Document Format)" электрондық форматында (қаржы институты қол қойған және мөрімен (бар болса) растаған қағаз нұсқаның сканерленген көшірмесі) қоса тіркейді.
Көрсетілетін қызметті алушы дайын жобалардың лизингі кезіндегі инвестициялық субсидиялауға арналған өтінімді осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша береді, оған "PDF (Portable Document Format)" электрондық форматында мынадай растайтын құжаттарды (көрсетілетін қызметті алушы қол қойған және мөрімен (бар болса) растаған қағаз нұсқасының сканерленген көшірмесін) қоса тіркейді:
1) көрсетілетін қызметті алушы, лизинг беруші және объектіні сатушы арасындағы үшжақты келісімнің көшірмесі;
2) сатушы мен лизинг беруші арасында жасалған объектіні сатып алу-сату шартының көшірмесі;
3) қаржы институты растаған объектінің лизинг шарты;
4) Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңның 73-бабының 2-тармағына сәйкес объектіні пайдалануға қабылдау актісінің нысаны бойынша инвестициялық жоба объектісін пайдалануға қабылдау актісінің (жаңа өндірістік қуаттылықтар құру немесе жұмыс істеп тұрғандарын кеңейту кезінде) немесе инвестициялық жобаның іске қосу кешенін немесе кезегін пайдалануға беру актісінің (Қағидалардың 14-тармағында көрсетілген жағдайлар бойынша) көшірмесі;
5) жабдықты және (немесе) инвестициялық объектіні пайдалануға беру актісінің көшірмесі;
6) сатушының инвестициялық жобаны іске асырған кездегі инвестициялық салымдарын растайтын сатып алу-сату шарттарының, шот-фактуралардың көшірмелері;
7) жабдықты қабылдап алу-беру актілерінің көшірмелері;
8) жобаға бизнес-жоспардың көшірмесі;
9) Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңның 60-бабына және 9-1-тарауына сәйкес жобалар сараптамасының оң қорытындысы бар жобалау-сметалық құжаттаманың көшірмесі (жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес субсидиялау көзделген жобалардың паспорттары бойынша).
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны тіркеу туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзы арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Өтінімнің порталда қабылданғанын көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған сұранымның қабылданғаны туралы мәртебенің көрініс табуы растайды.
10. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 19-1-бабында көзделген негіздер бойынша жүзеге асырылады.
3-тарау. Орталық мемлекеттік органдардың, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
11. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым тиісті көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.
Шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша жазбаша нысанда почтамен не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.
Мыналардың:
1) жеке тұлғаның шағымында аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, почталық мекенжайы көрсетіледі;
2) заңды тұлғаның шағымында атауы, почталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі. Арызға көрсетілетін қызметті алушы қол қояды.
Көрсетілетін қызметті берушінің шағымды қабылдағанын шағымды қабылдаған адамның аты-жөні мен тегі, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып, оның тіркелуі (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) растайды.
Сондай-ақ көрсетілетін қызметті беруші жұмыскерінің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8-800-080-7777 телефондары арқылы алуға болады.
Көрсетілетін қызметті алушыға оның шағымының қабылданғанын растау үшін шағымды қабылдаған адам талон береді, онда нөмірі, күні, шағымды қабылдаған адамның тегі, шағымға жауап алу мерзімі және орны, шағымның қаралу барысы туралы ақпарат алуға болатын адамның байланыс деректері көрсетіледі.
Портал арқылы электрондық арыз жолдаған кезде көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинеттен" арыз туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті беруші арызды өңдеуі барысында (шағымның жеткізілгені, тіркелгені, орындалғаны туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) жаңартылып отырады.
Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс. Шағымды қараудың нәтижелері туралы уәжді жауап көрсетілетін қызметті алушыға почтамен жолданады не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол беріледі.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
Мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс.
12. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Заңның 4-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес сотқа жүгінеді.
4-тарау. Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметті көрсетудің ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар
13. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары:
1) тиісті көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында;
2) Министрліктің www.moa.gov.kz интернет-ресурсындағы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінің "Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары" кіші бөлімінде орналасқан.
14. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режімінде Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар.
15. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары порталда көрсетілген. Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8-800-080-7777.
"Агроөнеркәсіптік кешен субъектісі инвестициялық салынымдар кезінде жұмсаған шығыстардың бір бөлігінің орнын толтыру бойынша субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымша Нысан |
Хабарлама
Құрметті __________________________________________________________________
(көрсетілетін қызметті алушы)
Сізді _____________________________________________________________________
(жоба паспортының толық атауы)
жобасының паспорты бойынша жұмыс органының инвестициялық жобаның инвестициялық
субсидиялау қағидаларының шарттарына сәйкестігі/сәйкес еместігі жөніндегі шешімі туралы
хабардар етеміз.
Сұрақтар туындаған жағдайда ________________________________________________
________________________________________________________________________________
(көрсетілетін қызметті беруші) жүгінуіңізді сұраймыз.
Орындаушы: ____________________________________ _____________
(аты, әкесінің аты (бар болса), тегі) (қолы)
Байланыс телефондары: _____________________________________________________
"Агроөнеркәсіптік кешен субъектісі инвестициялық салынымдар кезінде жұмсаған шығыстардың бір бөлігінің орнын толтыру бойынша субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымша Нысан |
Хабарлама
Құрметті __________________________________________________________________
(көрсетілетін қызметті алушы)
Сізді _____________________________________________________________________
(жоба паспортының толық атауы)
жобасының паспорты бойынша жұмыс органының инвестициялық субсидияны
төлеу/төлеуден бас тарту жөніндегі шешімі туралы хабардар етеміз.
________________________________________________________________________________
Бас тарту себебі:
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
Сұрақтар туындаған жағдайда ________________________________________________
________________________________________________________________________________
(көрсетілетін қызметті беруші)
жүгінуіңізді сұраймыз.
Орындаушы: __________________________________________ _________
(аты, әкесінің аты (бар болса), тегі) (қолы)
Байланыс телефондары: _____________________________________________________
"Агроөнеркәсіптік кешен субъектісі инвестициялық салынымдар кезінде жұмсаған шығыстардың бір бөлігінің орнын толтыру бойынша субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымша Нысан |
Инвестициялық субсидиялауға арналған бірінші кезеңдегі өтінім
Кімге: ____________________________________________________________________
(облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың
жергілікті атқарушы органының толық атауы)
Кімнен: ___________________________________________________________________
(заңды тұлғаның толық атауы, жеке тұлғаның аты,
әкесінің аты (бар болса), тегі)
№ _____ "________________________________________________________________"
(жоба паспортының толық атауы)
жобасының паспорты бойынша инвестициялық жобаны Қазақстан Республикасы Ауыл
шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 23 шілдедегі
№ 317 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде
№ 17320 болып тіркелген) бекітілген Инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік
кешен субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау қағидаларына
сәйкестігі/сәйкес еместігі тұрғысынан қарастыруды сұраймын.
1. Көрсетілетін қызметті алушы туралы мәліметтер.
Заңды тұлға/филиал, өкілдік үшін:
атауы _____________________________________________________________________
БСН ______________________________________________________________________
басшының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі ____________________________________
мекенжайы: _______________________________________________________________
телефон (факс) нөмірі: ______________________________________________________
Жеке тұлға үшін:
аты, әкесінің аты (бар болса), тегі _____________________________________________
ЖСН _____________________________________________________________________
жеке басын куәландыратын құжат:
нөмірі ____________________________________________________________________
кім берді __________________________________________________________________
берілген күні ______________________________________________________________
мекенжайы: _______________________________________________________________
телефон (факс) нөмірі: ______________________________________________________
2. Дара кәсіпкер ретінде қызметін бастағаны туралы хабарлама - жеке тұлға үшін:
орналасқан жері ____________________________________________________________
хабардар еткен күн _________________________________________________________
3. Ауыл шаруашылығы кооперативінің мүшелері (көрсетілетін қызметті алушы ауыл
шаруашылығы кооперативі болған жағдайда) туралы мәліметтер:
Р/с | Ауыл шаруашылығы кооперативі мүшесінің атауы | Ауыл шаруашылығы кооперативі мүшесінің БСН-сы/ЖСН-сы |
1 | 2 | 3 |
4. Жер учаскелері туралы мәліметтер (жобаның паспортында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің болуы жөніндегі талаптар болған жағдайда):
Р/с | Кадастрлық нөмірі | Барлық алаң, гектар | оның ішінде егістік | Нысаналы мақсаты | Жер учаскесі иесінің немесе жерді пайдаланушының БСН-сы/ЖСН-сы |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
5. Ауыл шаруашылығы жануарларының болуы туралы мәліметтер (жобаның паспортында ауыл шаруашылығы жануарларының болуы талаптары болған жағдайда):
Р/с | Сәйкестендіру нөмірі | Ауыл шаруашылығы жануарының түрі | Жынысы | Жыныстық жас тобы | Ауыл шаруашылығы жануары иесінің атауы және БСН-сы/ЖСН-сы |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
6. Инвестициялық жоба туралы мәліметтер:
сипаттамасы_______________________________________________________________
инвестициялар сомасы_______________________________________________________
жоба оның есебінен іске асырылатын қаражат көзі _______________________________
субсидиялардың есептік сомасы_______________________________________________
инвестициялық жобаны іске асыру мекенжайы__________________________________
7. Тиесілі субсидияның алдын ала есептемесі ___________________________________
8. Жаңа өндірістік қуаттылықтар құруға немесе жұмыс істеп тұрғандарын кеңейтуге
арналған инвестициялық салымдар және оларды іске асыру мерзімдері, бизнес-жоспар
(өңдеуші өнеркәсіпті дамыту бағыттары бойынша жобаларды іске асыру кезінде ғана талап
етіледі), шарттар немесе коммерциялық ұсыныстар туралы ақпарат
________________________________________________________________________________
9. Көрсетілетін қызметті алушының субсидиялар алу ниеті туралы қаржы
институтының хабарламасы (жобаны тартылған қаражат (кредит/лизинг) есебінен іске асыру
кезінде) _________________________________________________________________________
10. Жобаның толтырылған паспорты қоса беріледі.
Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын, дұрыс емес мәліметтер ұсынғаным
үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік туралы хабардармын
және заңмен қорғалатын құпиядан тұратын мәліметтерді пайдалануға, сондай-ақ дербес
деректерді жинауға, өңдеуге, сақтауға, шығарып алуға және пайдалануға келісім беремін.
Маған/бізге қатысты жою, оңалту немесе банкроттық рәсімдерінің басталмағандығын,
сондай-ақ менің/біздің қызметім(-із) Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес уақытша
тоқтатылмағандығын растаймын.
Тексеру кезінде ұсынылған мәліметтердің сәйкес келмеуі анықталған жағдайда, он
жұмыс күні ішінде заңсыз түрде алынған ақшаны қайтаруды жүргізуге міндеттенемін.
Өтініш беруші 20__ жылғы "__" ________ сағат 00:00-де қол қойып, жіберді:
ЭЦҚ-дан алынған деректер
ЭЦҚ-ның қойылған күні мен уақыты
Өтінімнің қабылданғаны туралы хабарлама:
Жұмыс органы 20__ жылғы "__" _____ сағат 00:00-де қабылдады:
ЭЦҚ-дан алынған деректер
ЭЦҚ-ның қойылған күні мен уақыты
"Агроөнеркәсіптік кешен субъектісі инвестициялық салынымдар кезінде жұмсаған шығыстардың бір бөлігінің орнын толтыру бойынша субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымша Нысан |
Инвестициялық субсидиялауға арналған екінші кезеңдегі өтінім
Кімге: ____________________________________________________________________
(облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың
жергілікті атқарушы органының толық атауы)
Кімнен: ___________________________________________________________________
(заңды тұлғаның толық атауы, жеке тұлғаның аты,
әкесінің аты (бар болса), тегі)
Маған Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін
атқарушының 2018 жылғы 23 шілдедегі № 317 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді
мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17320 болып тіркелген) бекітілген Инвестициялық салымдар
кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша
субсидиялау қағидаларына сәйкес № _________ "__________________________" жобасының
(жоба паспортының толық атауы)
паспорты бойынша ______________________________________________ теңге мөлшеріндегі
(сома санмен және жазбаша)
инвестициялық субсидия сомасын төлеуді сұраймын.
1. Көрсетілетін қызметті алушы туралы мәліметтер.
Заңды тұлға/филиал, өкілдік үшін:
атауы _____________________________________________________________________
БСН ______________________________________________________________________
басшының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі ____________________________________
мекенжайы: _______________________________________________________________
телефон (факс) нөмірі: ______________________________________________________
Жеке тұлға үшін:
аты, әкесінің аты (бар болса), тегі _____________________________________________
ЖСН _____________________________________________________________________
жеке басын куәландыратын құжат:
нөмірі ____________________________________________________________________
кім берді __________________________________________________________________
берілген күні ______________________________________________________________
мекенжайы: _______________________________________________________________
телефон (факс) нөмірі: ______________________________________________________
2. Дара кәсіпкер ретінде қызметін бастағаны туралы хабарлама - жеке тұлға үшін:
орналасқан жері ____________________________________________________________
хабардар еткен күні _________________________________________________________
3. Ауыл шаруашылығы кооперативінің мүшелері (көрсетілетін қызметті алушы ауыл
шаруашылығы кооперативі болған жағдайда) туралы мәліметтер:
Р/с | Ауыл шаруашылығы кооперативі мүшесінің атауы | Ауыл шаруашылығы кооперативі мүшесінің БСН-сы/ЖСН-сы |
1 | 2 | 3 |
4. Жер учаскелері туралы мәліметтер (жобаның паспортында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің болуы жөніндегі талаптар болған жағдайда):
Р/с | Кадастрлық нөмірі | Барлық алаң, гектар | оның ішінде егістік | Нысаналы мақсаты | Жер учаскесі иесінің немесе жерді пайдаланушының БСН-сы/ЖСН-сы |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
5. Ауыл шаруашылығы жануарларының болуы туралы мәліметтер (жобаның паспортында ауыл шаруашылығы жануарларының болуы талаптары болған жағдайда):
Р/с | Сәйкестендіру нөмірі | Ауыл шаруашылығы жануарының түрі | Жынысы | Жыныстық жас тобы | Ауыл шаруашылығы жануары иесінің атауы және БСН-сы/ЖСН-сы |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
6. Инвестициялық жоба туралы мәліметтер:
сипаттамасы _______________________________________________________________
инвестициялар сомасы ______________________________________________________
жоба оның есебінен іске асырылатын қаражат көзі _______________________________
субсидиялардың есептік сомасы ______________________________________________
инвестициялық жобаны іске асыру мекенжайы __________________________________
7. Тиесілі субсидияның алдын ала есептемесі ___________________________________
8. Жұмыс органының инвестициялық жобаның Қағидалардың шарттарына сәйкестігі
туралы шешімі (көрсетілетін қызметті алушы бұдан бұрын бірінші кезеңде өтінім берген
жағдайда) _______________________________________________________________________
9. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес инвестициялық жоба объектісін
пайдалануға қабылдау актісі (жаңа өндірістік қуаттылықтар құру немесе жұмыс істеп
тұрғандарын кеңейту кезінде)
________________________________________________________________________________
10. Сатып алушы мен жеткізуші арасындағы жабдықтарды пайдалануға беру акті
(жабдықтар сатып алу кезінде) _____________________________________________________
11. Жаңа өндірістік қуаттылықтар құруға не жұмыс істеп тұрғандарын кеңейтуге
арналған инвестициялық салымдарды растайтын, сатып алынған тауарлар, жұмыстар,
көрсетілетін қызметтер бойынша сатып алу-сату шарттары, шот-фактуралар, төлемді
растайтын құжаттар ______________________________________________________________
12. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жобалар сараптамасының оң
қорытындысы бар жобалау-сметалық құжаттама
(олар бойынша жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес субсидиялау көзделген
жобалардың паспорттары бойынша) _________________________________________________
13. Ауыл шаруашылығы техникасын, арнайы техника мен технологиялық
жабдықтарды қабылдап алу-беру актілері ____________________________________________
14. Кредиттік/лизингтік шарттар (қаржы институттарында тартылған қаражат есебінен
инвестициялық салымдар жүзеге асырылған жағдайда)
________________________________________________________________________________
15. Растайтын құжаттар: бизнес-жоспар, дайын өнімдерді өткізу туралы электрондық
есеп-фактуралар (екінші транш алуға өтінім берілген жағдайда)
________________________________________________________________________________
16. Жобаның толтырылған паспорты қоса беріледі.
Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын және дұрыс емес мәліметтер
ұсынғаным үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік туралы
хабардармын және заңмен қорғалатын құпиядан тұратын мәліметтерді пайдалануға,
сондай-ақ дербес деректерді жинауға, өңдеуге, сақтауға, шығарып алуға және пайдалануға келісім беремін.
Маған/бізге қатысты жою, оңалту немесе банкроттық рәсімдерінің басталмағандығын,
сондай-ақ менің/біздің қызметім(-із) Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес уақытша
тоқтатылмағандығын растаймын.
Тексеру кезінде ұсынылған мәліметтердің сәйкес келмеуі анықталған жағдайда, он
жұмыс күні ішінде заңсыз түрде алынған ақшаны қайтаруды жүргізуге міндеттенемін.
Өтініш беруші 20__ жылғы "__" ________ сағат 00:00-де қол қойып, жіберді:
ЭЦҚ-дан алынған деректер
ЭЦҚ-ның қойылған күні мен уақыты
Өтінімнің қабылданғаны туралы хабарлама:
Жұмыс органы 20__ жылғы "__" _____ сағат 00:00-де қабылдады:
ЭЦҚ-дан алынған деректер
ЭЦҚ-ның қойылған күні мен уақыты
"Агроөнеркәсіптік кешен субъектісі инвестициялық салынымдар кезінде жұмсаған шығыстардың бір бөлігінің орнын толтыру бойынша субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 5-қосымша Нысан |
Арнайы шотқа аванстық төлем тетігін қолдана отырып, инвестициялық субсидиялауға арналған өтінім
Кімге:____________________________________________________________________
(облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың
жергілікті атқарушы органының толық атауы)
Кімнен: ___________________________________________________________________
(заңды тұлғаның толық атауы, жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)
№ ___ "__________________________________________________________________"
(жоба паспортының толық атауы)
жобасының паспорты бойынша инвестициялық жобаны Қазақстан Республикасы Ауыл
шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 23 шілдедегі
№ 317 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде
№ 17320 болып тіркелген) бекітілген Инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік
кешен субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау қағидаларына
сәйкестігі/сәйкес еместігі тұрғысынан қарастыруды сұраймын.
1. Көрсетілетін қызметті алушы туралы мәліметтер.
Заңды тұлға/филиал, өкілдік үшін:
атауы _____________________________________________________________________
БСН ______________________________________________________________________
басшының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі ____________________________________
мекенжайы: _______________________________________________________________
телефон (факс) нөмірі: ______________________________________________________
Жеке тұлға үшін:
аты, әкесінің аты (бар болса), тегі _____________________________________________
ЖСН _____________________________________________________________________
жеке басын куәландыратын құжат:
нөмірі ____________________________________________________________________
кім берді __________________________________________________________________
берілген күні ______________________________________________________________
мекенжайы: _______________________________________________________________
телефон (факс) нөмірі: ______________________________________________________
2. Дара кәсіпкер ретінде қызметін бастағаны туралы хабарлама - жеке тұлға үшін:
орналасқан жері ____________________________________________________________
хабардар еткен күн _________________________________________________________
3. Ауыл шаруашылығы кооперативінің мүшелері (көрсетілетін қызметті алушы ауыл шаруашылығы кооперативі болған жағдайда) туралы мәліметтер:
Р/с | Ауыл шаруашылығы кооперативі мүшесінің атауы | Ауыл шаруашылығы кооперативі мүшесінің БСН-сы/ЖСН-сы |
1 | 2 | 3 |
4. Жер учаскелері туралы мәліметтер (жобаның паспортында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің болуы жөніндегі талаптар болған жағдайда):
Р/с | Кадастрлық нөмірі | Барлық алаң, гектар | оның ішінде егістік | Нысаналы мақсаты | Жер учаскесі иесінің немесе жерді пайдаланушының БСН-сы/ЖСН-сы |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
5. Ауыл шаруашылығы жануарларының болуы туралы мәліметтер (жобаның паспортында ауыл шаруашылығы жануарларының болуы талаптары болған жағдайда):
Р/с | Сәйкестендіру нөмірі | Ауыл шаруашылығы жануарының түрі | Жынысы | Жыныстық жас тобы | Ауыл шаруашылығы жануары иесінің атауы және БСН-сы/ЖСН-сы |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
6. Инвестициялық жоба туралы мәліметтер:
сипаттамасы_______________________________________________________________
инвестициялар сомасы_______________________________________________________
жоба оның есебінен іске асырылатын қаражат көзі _______________________________
субсидиялардың есептік сомасы_______________________________________________
инвестициялық жобаны іске асыру мекенжайы__________________________________
7. Тиесілі субсидияның алдын ала есептемесі ___________________________________
8. Жаңа өндірістік қуаттылықтар құруға немесе жұмыс істеп тұрғандарын кеңейтуге
арналған инвестициялық салымдар және оларды іске асыру мерзімдері, бизнес-жоспар
(өңдеуші өнеркәсіпті дамыту бағыттары бойынша жобаларды іске асыру кезінде ғана талап
етіледі), шарттар немесе коммерциялық ұсыныстар туралы ақпарат
______________________________
9. Көрсетілетін қызметті алушының субсидиялар алу ниеті туралы қаржы
институтының хабарламасы (жобаны тартылған қаражат (кредит/лизинг) есебінен іске асыру
кезінде) ___________________________________________
10. Қаржы институтының кредиттік комитетінің оң шешімі _______________________
11. Жобаның толтырылған паспорты қоса беріледі.
Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын және дұрыс емес мәліметтер
ұсынғаным үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік туралы
хабардармын және заңмен қорғалатын құпиядан тұратын мәліметтерді пайдалануға,
сондай-ақ дербес деректерді жинауға, өңдеуге, сақтауға, шығарып алуға және пайдалануға келісім беремін.
Маған/бізге қатысты жою, оңалту немесе банкроттық рәсімдерінің басталмағандығын,
сондай-ақ менің/біздің қызметім(-із) Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес уақытша
тоқтатылмағандығын растаймын.
Тексеру кезінде ұсынылған мәліметтердің сәйкес келмеуі анықталған жағдайда, он
жұмыс күні ішінде заңсыз түрде алынған ақшаны қайтаруды жүргізуге міндеттенемін.
Өтініш беруші 20__ жылғы "__" ________ сағат 00:00-де қол қойып, жіберді:
ЭЦҚ-дан алынған деректер
ЭЦҚ-ның қойылған күні мен уақыты
Өтінімнің қабылданғаны туралы хабарлама:
Жұмыс органы 20__ жылғы "__" _____ сағат 00:00-де қабылдады:
ЭЦҚ-дан алынған деректер
ЭЦҚ-ның қойылған күні мен уақыты
"Агроөнеркәсіптік кешен субъектісі инвестициялық салынымдар кезінде жұмсаған шығыстардың бір бөлігінің орнын толтыру бойынша субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 6-қосымша Нысан |
Дайын жобалардың лизингі кезіндегі инвестициялық субсидиялауға арналған өтінім
Кімге:____________________________________________________________________
(облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың
жергілікті атқарушы органының толық атауы)
Кімнен: ___________________________________________________________________
(заңды тұлғаның толық атауы, жеке тұлғаның аты,
әкесінің аты (бар болса), тегі)
Маған Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін
атқарушының 2018 жылғы 23 шілдедегі № 317 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді
мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17320 болып тіркелген) бекітілген Инвестициялық салымдар
кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша
субсидиялау қағидаларына сәйкес
№ ___ "________________________________________________________________________"
(жоба паспортының толық атауы)
жобасының паспорты бойынша _____________________________________ теңге
(сома санмен және жазбаша)
мөлшеріндегі инвестициялық субсидия сомасын төлеуді сұраймын.
1. Көрсетілетін қызметті алушы туралы мәліметтер.
Заңды тұлға үшін:
атауы _____________________________________________________________________
БСН ______________________________________________________________________
басшының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі ____________________________________
мекенжайы: _______________________________________________________________
телефон (факс) нөмірі: ______________________________________________________
Жеке тұлға үшін:
аты, әкесінің аты (бар болса), тегі _____________________________________________
ЖСН _____________________________________________________________________
жеке басын куәландыратын құжат:
нөмірі ____________________________________________________________________
кім берді __________________________________________________________________
берілген күні ______________________________________________________________
мекенжайы: _______________________________________________________________
телефон (факс) нөмірі: ______________________________________________________
2. Дара кәсіпкер ретінде қызметін бастағаны туралы хабарлама - жеке тұлға үшін:
орналасқан жері ____________________________________________________________
хабардар еткен күні _________________________________________________________
3. Ауыл шаруашылығы кооперативінің мүшелері (көрсетілетін қызметті алушы ауыл
шаруашылығы кооперативі болған жағдайда) туралы мәліметтер:
Р/с | Ауыл шаруашылығы кооперативі мүшесінің атауы | Ауыл шаруашылығы кооперативі мүшесінің БСН-сы/ЖСН-сы |
1 | 2 | 3 |
4. Жер учаскелері туралы мәліметтер (жобаның паспортында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің болуы жөніндегі талаптар болған жағдайда):
Р/с | Кадастрлық нөмірі | Барлық алаң, гектар | оның ішінде егістік | Нысаналы мақсаты | Жер учаскесі иесінің немесе жерді пайдаланушының БСН-сы/ЖСН-сы |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
5. Ауыл шаруашылығы жануарларының болуы туралы мәліметтер (жобаның паспортында ауыл шаруашылығы жануарларының болуы талаптары болған жағдайда):
Р/с | Сәйкестендіру нөмірі | Ауыл шаруашылығы жануарының түрі | Жынысы | Жыныстық жас тобы | Ауыл шаруашылығы жануары иесінің атауы және БСН-сы/ЖСН-сы |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
6. Инвестициялық жоба туралы мәліметтер:
сипаттамасы_______________________________________________________________
инвестициялар сомасы_______________________________________________________
жоба оның есебінен іске асырылатын қаражат көзі_______________________________
субсидиялардың есептік сомасы_______________________________________________
инвестициялық жобаны іске асыру мекенжайы__________________________________
7. Тиесілі субсидияның алдын ала есептемесі ___________________________________
8. Көрсетілетін қызметті алушы, лизинг беруші және объект сатушы арасында үшжақты
келісім____________________________________________
9. Сатушы және лизинг беруші арасында жасалған объектіні сатып алу-сату
шарты__________________________________________________________________________
10. Қаржы институты растаған объект лизингі шарты_____________________________
11. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес инвестициялық жоба объектісін
пайдалануға қабылдау актісі (жаңа өндірістік қуаттылықтар құру немесе жұмыс істеп
тұрғандарын кеңейту кезінде)______________________________________________________
12. Жабдықты және/немесе инвестициялық объектіні пайдалануға беру актісі
________________________________________________________________________________
13. Инвестициялық жобаны іске асыру кезіндегі сатушының инвестициялық
салымдарын растайтын сатып алу-сату шарттары төлем құжаттары, электрондық
шот-фактуралар және өзге де құжаттар
________________________________________________________________________________
14. Жабдықты қабылдап алу-беру актілері ______________________________________
15. Жобаға бизнес-жоспар ___________________________________________________
16. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жобалар сараптамасының оң
қорытындысы бар жобалау-сметалық құжаттама (жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес
субсидиялау көзделген жобалардың паспорттары бойынша)
_________________________________
17. Жобаның толтырылған паспорты қоса беріледі.