1. Әйке ауылдық округі әкімінің 2011 жылғы 26 тамыздағы № 14 "Әйке селолық округінің көшелеріне атау беру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-2-112 тіркелген, 2011 жылғы 13 қазандағы аудандық "Жаңалық жаршысы" газетінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:
мемлекеттік тіліндегі көрсетілген шешімнің деректемелерінде атауында және бүкіл мәтіні бойынша "селолық", "селосының", "село", сөздері тиісінше "ауылдық", "ауылының", "ауыл" сөздерімен ауыстырылсын;
орыс тіліндегі 2 тармағының 3) тармақшасындағы "Алтынсарина" сөзі "И.Алтынсарина" сөздерімен ауыстырылсын;
орыс тіліндегі 2 тармағынның 6) тармақшасыдағы "А.Жангелдина" сөзі "Алиби Жангелдина" сөздерімен ауыстырылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әйке ауылдық округінің әкімі |
Н.Алипбаев |