Әйке ауылдық округінің көшелеріне атау беру туралы

Жаңартылған

Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы Әйке ауылдық округі әкімінің 2011 жылғы 26 тамыздағы № 14 шешімі. Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық Әділет басқармасында 2011 жылғы 20 қыркүйекте № 3-2-112 тіркелді

      Ескерту. Шешімнің деректемелерінде атауында және бүкіл мәтіні бойынша "селолық", "селосының", "село", сөздері тиісінше "ауылдық", "ауылының", "ауыл" сөздерімен ауыстырылды Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы Әйке ауылдық округі әкімінің 26.08.2016 № 22 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабы 2-тармағына Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы № 4200 "Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабы 4) тармақшасына, халқының пікірін ескере отырып, Әйке ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Әйке ауылдық округінің Әйке ауылының көшелеріне келесі атаулары берілсін:
      1) "Абай"
      2) "Әйке"
      3) "С.Сейфуллин"
      2. Әйке ауылдық округінің Тереңсай ауылының көшелеріне келесі атаулары берілсін:
      1) "Т. Жүргенов"
      2) "Тұрар.Рысқұлов"
      3) "Ы. Алтынсарин"
      4) "Б. Майлин"
      5) "Әбілхайырхан"
      6) "Әліби Жангелдин"
      7) "Ғ. Мұратбаев"
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау ауыл әкімі аппаратының бас маманы Г.З.Туринаға жүктелсін.
      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Әйке ауылдық округі әкімі
міндетін атқарушы:
М.С.Алмаганбетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады