1. Құмқұдық селолық округі әкімінің 2011 жылғы 2 қыркүйектегі № 8 "Құмқұдық селосының көшелерге атау беру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-2-111 тіркелген, 2011 жылғы 22 қыркүйектегі аудандық "Жаңалық жаршысы" газетінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген мемлекеттік тіліндегі шешімнің деректемелерінде атауында және бүкіл мәтіні бойынша "селосының", "селолық", "село" сөздері тиісінше "ауылының", "ауылдық", "ауыл" сөздерімен ауыстырылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Құмқұдық ауылдық | |
округінің әкімі | М.Алибаев |