"Құмқұдық селосының көшелерге атау беру туралы" 2011 жылғы 2 қыркүйектегі № 8 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы Құмқұдық ауылдық округінің әкімінің 2016 жылғы 06 маусымдағы № 16 шешімі. Ақтөбе облысы Әділет департаментінде 2016 жылғы 05 шілдеде № 4980 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 3 шілдедегі "Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әр түрлі заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Конституциялық Заңына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына сәйкес, Құмқұдық ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Құмқұдық селолық округі әкімінің 2011 жылғы 2 қыркүйектегі № 8 "Құмқұдық селосының көшелерге атау беру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-2-111 тіркелген, 2011 жылғы 22 қыркүйектегі аудандық "Жаңалық жаршысы" газетінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген мемлекеттік тіліндегі шешімнің деректемелерінде атауында және бүкіл мәтіні бойынша "селосының", "селолық", "село" сөздері тиісінше "ауылының", "ауылдық", "ауыл" сөздерімен ауыстырылсын.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Құмқұдық ауылдық
      округінің әкімі М.Алибаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады