Құмқұдық ауылының көшелерге атау беру туралы

Жаңартылған

Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы Құмқұдық ауылдық округі әкімінің 2011 жылғы 2 қыркүйектегі № 8 шешімі. Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық Әділет басқармасында 2011 жылғы 13 қыркүйекте № 3-2-111 тіркелді

      Ескерту. Шешімнің деректемелерінде атауында және бүкіл мәтіні бойынша "селосының", "селолық", "село" сөздері тиісінше "ауылының", "ауылдық", "ауыл" сөздерімен ауыстырылды - Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы Құмқұдық ауылдық округінің әкімінің 06.06.2016 № 16 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы № 4200 "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабы 4) тармақшасына, халқының пiкiрiн ескере отырып, Құмқұдық ауыллық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Схемалық картаға сәйкес Құмқұдық ауыллық көшелеріне келесі атауларды берсін, қосымшаға сәйкес:
      1) Төлеген ата
      2) Шоқан Уәлиханов
      3) Темірбек Жүргенов
      4) Байтаза Бисембаев
      5) Мұхамбетқали Басжанов
      6) Әлия Молдағұлова
      7) Тел Жаманмұрынов
      8) Абай
      9) Өтебай Қанахин
      10) Әзірбай ата
      11) Жәкібай жырау
      12) Қарашатау
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау ауыл әкімі аппаратының жетекші маманы Е.Амитоваға жүктелсін.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Құмқұдық ауыллық округінің әкімі: М. Кулумбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады